Лекция №1.

 

Тақырыбы: Бастауыш мектепте  информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.  

Сабақ өтудің түрі: Кіріспе.

Жоспар:

1. Информатика  курсының жалпы білімділік және жалпымәдениеттілік мағынасы.

2. Бастауыш сыныптардағы информатика курсының базалық мазмұнына сипаттама

 

1. Бастауыш мектепте  информатиканы оқытып-үйретудің мақсаты болашақ мұғалімдерде бастауыш мектепте информатиканы оқытуды ұйымдастыру барысында қажет болатын білім, білік және дағдыларды калыптастыру.

Бастауыш мектепте  информатиканы оқытып-үйретудің міндеттері:

-кіші жастагы мектеп оқушыларына информатиканы оқыту барысын
ұйымдастырумен байланысты кәсіби білім мен біліктер
калыптастыру;

-оқушылардың ақпараттык мәдениетін және алгоритмдік ойлауын
қалыптастырудың барысы мен оның нәтижелерін зерттеу.

Информатиканы оқытып-үйретудің негізгі міндеті қоғамның қазіргі даму кезеңінің әлеуметтік сұранысына сай бастауыш сыныптар мұғалімінің кәсіби даярлығының сапалық деңгейін көтеру болып табылады.

Информатиканы оқытудың теориясы мен технологиясы пәні бастауыш мектеп педагогикасы, психология, жаңа педагогикалық технологиялар, педагогикалык зерттеулердің әдістемесі, информатика, математика, бастауыш мектеп пәндерін оқытудың теориясы мен технологиясы пәндерімен тығыз байланыста оқытып - үйретіледі.

Бұл пәнді оқытып - үйрету барысында информатика пәнінің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, оның жалпы теориялық қағидаларын нақтылай түсу жүзеге асырылады.

Бұл пәнді оқыту 12 жылдық мектептің бастауыш буынының оқу жоспарына 2-сыныптан бастап информатика пәнінің енгізілуіне байланысты
Қазақстанда тұңғыш рет қолға алынып отыр.12 жылдық орта білім
стандарты бастауыш буынға (1-5 сыныптар) «Математика және информатика»
кіріктірілген курсын ендіруді қарастырады. 4 сыныптан бастап информатика курсы жеке оқытылып үйретіледі. Қазіргі уақытта Қазақстан
Республикасында
бастауыш мектеп үшін информатикадан бірнеше оқу- әдістемелік топтамалар жасалған. 12 жылдық мектептің бастауыш буынына
арналған оқу-әдістемелік топтамалар авторлары: Аштаева Т.Б., Вьюшкова Е.А, Ермеков Н.Т., Ноғайбаланова С. Қазіргі кезде жалпы білім беретін
мектептің
2-4 сыныптарына арналған "Ақпараттық мәдениет негіздері" курсы (авторлары: Е.Балапанов, Г.Кабулова, С.Мұхаметжанова,
Б.Айтбакина,     Г.Мамырбек)     құрастырылган       және     ол     Қазақстан Республикасы білім және гылым министрлігі тарапынан лицейлер мен  гимназияларда пайдалануға ұсынылған.

  Бастауыш сыныптарда Информатика пәнін оқытудың мақсаты – оқушыларға ақпаратты өңдеу, жеткізу және оны пайдалану туралы білімдерді меңгерте отырып, ақпараттық технологияны оқу үрдісінде өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде саналы да тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

         Бастауыш сыныптарда информатика пәнін оқытуға негіз болатын басты факторлар мыналар:

-         бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;

-         ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;

-         бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық  мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау;

Бүгінгі күні республика көлемінде бастауыш сыныптарға арналған бірнеше информатика пәнінің вариативті оқулықтары мен оқу құралдары жасақталып, эксперимент жүзінде қолданылуда.

        

Бақылау сұрақтары:

1.Бастауыш сыныпта информатиканы оқып –үйренудің мүмкіндіктері мен болашағы.

2.Қазіргі заманғы ақпараттық технологияны пайдаланудың мүмкіндіктері.

3.Информатика пәнінің өзіндік ерекшелігі.

4.Бастауыш сыныптарда ақпараттық оқытуды ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. 12 жылдық орта білім берудің мемлекеттік стандарты (бірінші саты), -Астана, 2006.

2. 12 жылдык мектептің 1-5 сыныптарынын оқу бағдарламалары.-Алматы, 2006.

3.Ермеков Н.Т., Ноғайбаланова С.Ж. Информатика. 12 жылдық мектептің 2-4 сыныптарына арналған оқулыктар. - Алматы, «Алматыкітап», 2004.

4.Ермеков Н.Т., Ноғайбаланова С.Ж. 2-4 сыныптарда информатиканы оқыту әдістемесі,, - Алматы, «Алматыкітап», 2004.

 

 

 

Лекция №2.

 

Тақырыбы: Информатиканың бастауыш сыныптарда оқытылатын басқа

пәндермен байланысы.

Сабақ өтудің түрі: Проблемалық.

Жоспар:

1. Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудағы пәнішілік және пәнаралық байланыстар.

2. Оқушылардың информатикадан білім, білік, дағды компетенттілігіне қойылатын талаптар.

 

Жаппай компьютеризациялау дәуірінде  өмір  сүруімізге  қарамастан, осы  күнге  дейін – толық шешімін  таба алмай  келген  негізгі  мәселелердің  бірі – информатика  пәннің нешінші  сыныптан  бастап енгізілуі.

Әрине,  бұл пән  алғаш  рет  9 – 10 сыныптардан  бастап  енгізілді. Содан  соң,  информатика  пәнін  оқыту  барысында жинақталған  көптеген  тәжірибелерге  сүйене  отырып,  бұ пәнді  төменгі  сыныптардан бастап оқыта  беруге болатындығы  практика  жүзінде  дәлелденді  де, информатика  пәнін 5-6 сыныптардан  бастап оқытыла бастады. Оқушылар информатика  пәнін жеңіл  және тез  меңгеруде, олардың  қазіргі өмір ағымына  деген  көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына  байланысты, енді информатика  пәнін тіпті 1 сыныптан бастап енгізуге  болады деген  пікірлер  ұсынылуда. Мұндай пікірлер қазіргі өмір талабына сай. Өйткені компьютерлік  сауаттылықты  жылдам дамыта  отырып, педагогикалық-психологиялық  әдістемелік  бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша,  балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сондықтан  бастауыш білім жүйесінің де көздеген мақсаты әрбір оқушыны  информатика ғылымының  алғашқы  фундаментальды  білім негіздерімен таныстыру. Сонымен  қатар, оларды информатика пәнін мектепте оқытылатын басқа пәндермен (математика, мектеп педагогикасы, психология) үйлестіре отырып түпкілікті  және саналы түрде меңгеруге қажетті  дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.

Информатика пәні 1 сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әр түрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген  бала қызығушылығын  арттыратын  түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына  информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық  және  практикалық  жағынан байыта түсу – бүгінгі күннің  өзекті мәселесі. Осы мәселелерді шешудің бір жолын  мектептегі 2 және 3 сынып оқушыларына информатика пәнін жүргізу әдістерінен бастадық.

Бұл жұмысты жасаудағы негізгі көзделген мақсат:

- 2 және 3 сынып оқушыларына информатика пәні бойынша программа жасау.

- жасалған программа бойынша жүргізілетін әрбір сабақтың жобасын жасап, оны талдау.

- балаларды өз бетінше компьютерлік ойынға, қарапайым есептер шығаруға сонымен қатар, оларға текстік және СРЕN – графиктік редакторлардың қарапайым мүмкіншіліктерін үйрету.

- жасалған жұмысты мектеп өміріне енгізу.

- осы сабақты жүргізетін бастауыш сынып мұғалімдерін дайындап шығару.

- ол үшін арнаулы курстар ұйымдастыру.

- оқушыларға арнап әдістемелік оқу құралын дайындау.

Жоғарыдағы көзделген мақсаттарға көз жеткізу үшін, біз  2 және 3 сынып оқушыларына информатика пәнін оқыту  әдістерін жан-жақты қарастыру тиіс. Ол үшін алдымен бастауыш сынып мектептерге арналған әртүрлі басылымдағы педагогикалық-психологиялық  теорияға негізделген көзқарастарды 2 және 3 сынып оқушыларына информатика пәні бойынша жүргізілетін сабақтың жылдық күнтізбелік – тақырыптық жоспарын жасау керек.

Күнтізбелік  – тақырыптық жоспар бойынша әрбір сыныпқа сабақ аптасына 1 рет, ал жыл бойына  34  сағаттан жүргізіледі.  Жоғарыда аталған күнтізбелік – тақырыптық жоспардың мазмұны төменде келтірілген.

ІІ сынып мектеп оқушыларына арналған күнтізбелік – тақырыптық жоспар

(сабақтың тақырыбы, сағат саны)

І  ТАРАУ. КОМПЬЮТЕРМЕН ТАНЫСУ – 14 сағат

1. Компьютер  және  оның жұмыс  жасау мүмкіндігі. Оқушыларды  «техника қауіпсіздігі»  ережесімен таныстыру – 2.

2. Клавиатурамен таныстыру. Демонстрациялық  ойын, – 2.

3. Компьютердің  құрамдас  бөліктері, - 2.

4. Оқушылар мен компьютер арасындағы диалог, - 2.

5. Компьютерді калькулятор режимінде қолдану, - 2.

6. Компьютер көмегімен арифметикалық есептер шешу, - 2.

7. «Ойын» есептерін шешу, - 2.

ІІ  ТАРАУ. КОМПЬЮТЕР ПРАКТИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІК ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ – 14 сағат.

1.     Текстік редактормен танысу. Демонстрациялық  ойын, – 2.

2.     Компьютердің көмегімен оқушылар өздігінен өлең шығару, - 4.

3.     Оқушылар өздігінен  әңгіме құрастыру, - 4.

4.     Графиктік редактордың қарапайым мүмкіндіктері, - 4.

ІІІ  ТАРАУ. КОМПЬЮТЕР баланың шығармашылық ЖАҒЫНАН ЖЕТІЛУ  ОРТАСЫ –  6 сағат.

1. Ертегі және әңгімелерді   компьютер  көмегімен бейнелеп  көрсету, - 2.

Балалармен бірге ата-аналарға арналған  сабақ. – 4.

 

Бастауыш сынып оқушылары  үшін компьютер  ұзақ  жұмыс істеуге болмайдытындығына байланысты, сабақтың 1-ші жартысында,  оқушылар  теориялық  материалдармен  таныстырылады  да келесі жартысында компьютермен  жұмыс   жасайды.

ІІІ СЫНЫП   ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН  КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

(сабақтың тақырыбы, сағат саны)

1.     «Техника қауіпсіздігі»  ережесімен  танысу – 2.

2.     Компьютердің  құрамдас  бөліктері және атқаратын  қызметтерімен  танысу - 4.  а) клавиатураны меңгеру;  б) монитор, жүйелік блок және басылымға беру құрылғылары;

3.     СРЕN – графиктік редакторы . «МЕНЮ»  командаларымен      танысу -6;

а) бұйрықтар; б) кітапхана; в) блоктар.

4. Бақылау жұмысы - 2.

5. Фондық түстер таңдау – 2.

6. «Тышқанды пайдаланып әртүрлі кескіндер  салу -2.

7. Геометриялық фигураларды кескіндеу – 2.

8. Өздік жұмыс – 2.

9.  Бенелерді салу және редакторлау – 2.

10. Дөңгелектерді  және тіктөртбұрыштарды экранда бейнелеу – 2.

11. Өтілген  тақырыптарға  байланысты творчестволық сабақ – 4.

12. Ластиктермен жұмыс жасау, текстерді экранға шығару – 2.

13.  Қорытынды сабақ – 2.

 

ІІ және ІІІ  сыныпқа  арналған күнтізбелік – тақырыптық жоспардың алғашқы бөлімдерінде оқушылар «Қауіпсіздік техникасы»  ережесімен  таныстырылады.

Бастауыш сыныптарда жүргізілетін  «Қауіпсіздік техникасы»  ережесінің ерекшелігі: оқушылар  жылдам  оқи  және жаза алмайтын  болғандықтан, олар суреттеме бейнелер арқылы көрсетіліп,  түсіндіріледі.

Бастауыш сыныптарға арналған  бұл программаларда оқушылар компьютермен танысып, олар өзара қарым – қатынаста болады, компьютер көмегімен арифметикалық есептерді және бірнеше  «Ойын» есептерін шешеді.

Сонымен қатар оқушылар өздігінен өлең және әңгіме құрастырады, СРЕN – графиктік редакторымен толық танысып, әртүрлі бейнелер салады.

Жазылған әрбір программаны әрі оқыту, әрі тексеру программасы ретінде де қолдануға болады, өйткені ол әрбір сабақтан кейін, оқушылардың білімін тексеріп, олар қандай деңгейде тапсырманы орындағанын  бағалап отырады.

Мектепте алғаш рет компьютермен танысып отырған оқушыларға, сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып алмауға көп көңіл бөлінеді. Ол үшін әрбір тақырыпқа талдау жасалады. Сабақ ортасында сергіту сабақтарын қоса оқыту әдістері қарастырылады.

Келешектегі мақсат: 1) осы жасалған жобаны толықтыру;

2) жасалған бағдарлама бойынша жұмыс жасау үшін,  бастауыш  мектеп  мұғалімдеріне арнаулы курс ұйымдастыру;

3) оқушыларға арнап, әдістемелік оқу құралын дайындау;

 

Бақылау сұрақтары

 

1.Графиктік редакторлардың қарапайым мүмкіншіліктерін үйрету.

2. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін  «Қауіпсіздік техникасы»  ережесінің ерекшелігі.

3.Жалпы теориялық қағидаларды нақтылай түсу.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Аштаева Т.Б., Вьюшкова Е.А. 2-4 сыныптарда информатиканы оқыту әдістемесі,. -А., "Атамұра", 2004.

2.Горячев А.В., Горина К.И., Суворова Н.И. Информатика в играх и задачах. 1,2,3 класс- М., "БАЛАСС", 2002.

3.Балапанов Е., Кабулова Г., Мұхаметжанова С, Айтбакина Б., Мамырбек Г. Основы информақионной культуры (в 4 тетрадях) 1-4 классы. - А., ТОО "Аруна" ЛТД, 2004.

4.Мир информатики. 1-2 год обучении.Учебная книга СО. Продукция компании КИРИЛЛ и МЕФОДИЙ.