Лекция №3.
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда
информатика пәнін жоспарлау. Информатика сабағында
ынтымақтастықты ұйымдастыру.
Сабақ өтудің түрі: проблемалық
Жоспар:
1. Тақырып бойынша сабақ кезеңдерін дайындау,
құрастыру, жүргізу және талдау.
2. Сабақ кезеңдерін тақырыпқа,
оқушылардың жас ерекшелігіне
байланысты дайындай отырып, жүргізу және олардың
қабілеттерін арттыру.
Бастауыш сыныптарда информатика пәнін
оқытудың мақсаты – оқушыларға ақпаратты
өңдеу, жеткізу және оны пайдалану туралы білімдерді
меңгерте отырып, ақпараттық технологияны оқу
үрдісінде өзіндік даму мен оны іске асыру құралы
ретінде саналы да тиімді түрде қолдану дағдыларын
қалыптастыру болып табылады.
Бастауыш сыныптарда
информатика пәнін оқытуға негіз болатын басты факторлар
мыналар:
- бастауыш мектеп
оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
- ерте жастан
балалардың ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
- бастауыш мектеп
оқушыларының ақпараттық
мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік
ақпараттық білім кеңістігіне даярлау;
Бүгінгі күні республика
көлемінде бастауыш сыныптарға арналған бірнеше информатика
пәнінің вариативті оқулықтары мен оқу
құралдары жасақталып, эксперимент жүзінде
қолданылуда. Солардың бірі ТМД елдерінің зерттеулері мен тәжірибелерін
негізге ала отырып, С.Т. Мұхамбетжанова, Ж. Ы. Сардарова, Ш. К
Нұрманбетовалардың авторлығымен жасақталған
әдістемелік құрал.
Жасақталған оқу
құралы мұғалімдерге бастауыш сыныптарда информатика
пәнін оқыту әдістерін қарастыруға негізделген
әдістемелік құрал болып табылады. Бұл құралда
информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың мазмұны ашылып,
оның толықтылығы мен әдістемелік құрылымы
айқындалады.
Әдістемелік
құрал екі бөлімнен тұрады.
1бөлімде информатиканы екінші сыныпта
оқытудың оқу бағдарламасымен күнтізбелік –
тақырыптық жоспарлау үлгілері келтірілген.
2бөлімде күнтізбелік –
тақырыптық жоспарлауға сәйкес сабақты жоспарлау
мазмұндалады. Сабақтың мақсаттары мен міндеттер
теориялық материалдарды баянадау бойынша әдістемелік
нұсқаулар, жұмыс дәптеріндегі берілген тапсырмаларды
орындау реті мен жауаптары келтірілген. Бұл құрал
мұғалімнің түрлі әдістерді қолданып,
сабақты түсіндіруге әрі оны қызықты
өткізуіне мүмкіндік береді.
Сыныптағы
оқушының білім деңгейіне сәйкес мұғалім
күнтізбелік-тақырыптық жоспарда берілген оқу
материалдарының сағаттарын қысқартып, не сағат
сандарын көбейтуіне, сонымен бірге өзінің
шығармашылық деңгейіне сәйкес әдістерді де
түрлендіріп өткізуіне мүмкіндігі бар. Инорматиканы
оқытудың эргономикалық талаптарына сәйкес
оқушыларды компьютерде 10-15 минут жұмыс жасайтындығы
ескеріле отырып, негізгі тапсырмалардың басым көпшілігі жұмыс
дәптерінде орындалатындай етіп берілген.
2-сыныпта Информатиканы оқыту бағдарламасы
2-сыныпта Информатиканы оқыту барысында төмендегідей
мазмұндық желілер қарастырылады:
- ақпарат және
оның түрлері;
- компьютер және
оның құрылымы;
- графиктік
ақпарттарды өңдеу;
- мәтіндік
ақпарттарды өңдеу;
- сандық
ақпарттарды өңдеу;
- дыбыстық
ақпарттарды өңдеу;
- нысан және
оның қасиеттері;
- жиын және олармен
жұмыс жасау әрекеттері;
- логикалық
тұжырымның мәні.
3 сыныпта Информатиканы
оқыту бағдарламасы.
3-сыныпта Информатиканы оқыту барысында төмендегідей
мазмұндық желілер қарастырылады:
- әрекет және
кері әрекеттер;
- алгоритм және
оның қасиеттерін;
- алгоритм және
оның түрлерін;
- компьютер және
оның құрылымы;
- алгоритм графиктік
түрде бейнелеуді;
- сызықтық
алгоритмнің мәні мен мағынасы;
- тармақталу
алгоритмнің мәні мен мағынасы;
- қайталану
алгоритмнің мәні мен мағынасы;
- алгоритм
түрлерінің графиктік түрде бейнелеуді;
- графиктік
ақпарттардың мүмкіндіктерін алгоритмтді өңдеуге
қолдану;
- мәтіндік
ақпарттардың мүмкіндіктерін алгоритмтді өңдеуге
қолдану;
- жиын және олармен
жұмыс жасау әрекеттері;
- логикалық
тұжырымның мәні.
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар:
ұсынылып отырған мазмұндық желілер
оқушыларды төмендегідей мүмкіндіктермен қамтамасыз
етеді:
- әлемнің
ақпараттық бейнесі мен инорматиканың ғылым ретіндегі
түсініктері туралы мағлұматты беру;
- ақпаратты сезім
мүшелері арқылы қабылдау туралы мағлұматты беру;
- компьютердің
қызметін ұйымдастыру, оның негізгі бөліктерінің жұмыс
жасау принциптерімен оның қосымша құрылғалары
туралы мағлұматты беру;
- графиктік, мәтіндік
және дыбыстық ақпараттарды компьютерде өңдеу
туралы мағлұматты беру;
- графиктік
редоктордың қызметі туралы мағлұматты беру;
- мәтіндік
редоктордың қызметі туралы мағлұматты беру;
- калькулятордың
сандық ақпараттарды өңдеудегі қызметі туралы
мағлұматты беру;
- мультимедиялық
программаның дыбыстық ақпараттарды өңдеудегі
қызметі туралы мағлұматты беру;
- нысанның және
оның қасиеттерінің күнделікті өмірмен байланыс
қызметі туралы мағлұматты беру;
- жиын және оның
элементтерінің информатикадағы орны туралы мағлұматты
беру;
- логикалық
тұжырымның ақпараттармен жұмыс жасаудағы
қызметті туралы мағлұматты беру;
- алгоритм
қасиеттерінің күнделікті өмірдегі ролі мен мәнін;
- алгоритмді графиктік
түрде бейнелеудің практикалық мәнін ашу;
- алгоритм түрлері
туралы жалпы мағлұмат беру;
- сызықтық
алгоритмді құра білуге үйрету;
- сызықтық
алгоритмді графиктік түрде бейнелеуге үйрету;
- тармақталу
алгоритмін қызметші сөздерін пайдалану арқылы
құра білуге үйрету;
- тармақталу
алгоритмін графиктік түрде бейнелеуге үйрету;
- сызықтық
алгоритммен тармақталу алгоритмі арасындағы өзара байланысты
айқындайтын мысалдарды келтіре білуге үйрету;
- компьютердің
графиктік және мәтіндік мүмкіндіктерін алгоритмді
түрлендіруге қолдана білу туралы мағлұмат беру;
- графиктік редокторды
алгоритмнің графиктік түрлерін бейнелеудегі қызметі туралы
мағлұматты беру;
- мәтіндік
редоктордың алгоритм түрлерінің қызметші сөздерін
жаза білу туралы мағлұматты беру;
- информатиканың
пән аралық байланысындағы алгоритмнің ролін мысалдар
келтіру арқылы аша білуге үйрету;
- калькулятордың
сандық ақпараттарды өңдеудегі қызметі туралы
мағлұматты беру;
- нысанның және
оның қаиеттерінің күнделікті өмірмен байланыс
қызметтері туралы мағлұматты беру;
- жиын және оның
элементтерінің инорматикадағы орны туралы мағлұматты
беру;
- логикалық
тұжырымның ақпараттарымен жұмыс жасаудағы
қызметі туралы мағлұматты беру.
Оқушы нені білу
керек:
- информатиканың
ақпараттық процестерді компьютерде өңдеу
әрекеттері зерттейтін ғылыми пән ретіндегі мәнін;
- ақпарат
информатиканың іргелі ұғымы ретіндегі мәнін;
- сезім мүшелері
арқылы қабылданатын ақпарат түрлерінің
мәнін;
- компьютер ақпаратты
өңдеу құралы ретіндегі мәнін;
- компьютер
құрылғылары және олардың ақпаратты
өңдеудегі қызметтерінің мәнін;
- пернетақта
және оның негізгі бөліктерінің мәнін;
- компьютерлік сыныпта
тәртіпті сақтау ережелерін;
- графиктік редоктор мен
оның мүмкіндіктерін;
- мәтіндік редоктор
мен оның мүмкіндіктерін;
- калькулятор мен оның
мүмкіндіктерін;
- мультимедиялық
программа мен оның мүмкіндіктерін;
- нысан ұғымы
мен оның қасиеттерінің мәнін;
- жиын және оның
элементтерінің мәнін;
- логикалық
тұжырым мен оның мәнін;
- алгоритм
информатиканың іргелі ұғымы ретіндігі мәнін;
- алгоритм қасиеттері
мен түрлерінің мәнін;
- алгоритм
түрлерінің жазудағы қызметші сөздердің
мәнін;
- графиктік редоктор мен
оның алгоритмді түрлендірудегі мүмкіндіктерін;
- мәтіндік редоктор
мен оның алгоритмді түрлендірудегі мүмкіндіктерін;
- калькулятор мен оның
алгоритмді түрлендірудегі мүмкіндіктерін.
2-сыныпта. Информатиканы оқытудың
күнтізбелік-тақырыптық жоспары
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
|
Сабақ
нөмірі |
Тақырыптар мазмұны |
Сағат саны |
|
1 |
Информатика пәнімен танысу |
1 |
|
2 |
Қоршаған әлемдегі және
табиғаттағы ақпарат. Дыбыстық және көру
ақпарат түрлері. |
1 |
|
3 |
Сипап сезу, иіс сезу және дәм сезу ақпарат
түрлері |
1 |
|
4 |
Компьютерлік сыныпта тәртіп сақтау ережелері. Техника
қауіпсіздігі. Көз жаттығулары. |
1 |
|
5 |
Компьютер және оның бөліктері. Жүйелік блок.
Монитор |
1 |
|
6 |
Пернетақта. Тышқан |
1 |
|
7 |
№1 бақылау жұмысы |
1 |
|
8 |
Paint графикалық редокторы. Іске қосу мен оның
жұмысын аяқтау әрекеттері. терезе
құрылымы.сурет салу құралдарына сипаттама. |
1 |
|
9 |
Шеңбер және тіктөртбұрыш
құралдары |
1 |
|
10-11 |
Қарындаш,құю,бүріккіш және мәтін
енгізу құралдары.компьютер сурет сабағында. |
2 |
|
12 |
Word pad мәтіндік редакторы. |
1 |
|
13-14 |
Мәтінді теру әрекеттері. |
2 |
|
15-16 |
Компьютер қазақ тілі сабағында |
2 |
|
17 |
№2 бақылау жұмысы |
1 |
|
18 |
Геометриялық фигуралардан заттар құрастыру. |
1 |
|
19-20 |
Нысан және оның қасиеттері. |
2 |
|
21 |
Графиктік және мәтіндік редокторлар арқылы
нысандармен жұмыс жасау әрекеттері |
1 |
|
22 |
Жиын және оның элементтері |
1 |
|
23-24 |
Жиындардың бірігуі мен қиылысуы |
2 |
|
25-28 |
Логикалық тұжырым |
4 |
|
29 |
№3 бақылау жұмысы |
1 |
|
30-31 |
Калькулятор программасы арқылы сандық ақпараттарды
өңдеу әрекеттері |
2 |
|
32 |
Мультимедиялық программа арқылы дыбыстық
ақпараттарды өңдеу әрекеттері |
2 |
|
33 |
№4 бақылау жұмысы |
1 |
|
34 |
Қайталау |
1 |
|
|
Барлығы |
34 |
3-сыныпта. Информатиканы оқытудың
күнтізбелік-тақырыптық жоспары
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
|
Сабақ
нөмірі |
Тақырыптар мазмұны |
Сағат саны |
|
1 |
Компьютерлік сыныпта тәртіп сақтау ережелері. Техника
қауіпсіздігі. Көз жаттығулары. |
1 |
|
2 |
Компьютердің даму тарихи |
1 |
|
3 |
Әрекеттер |
1 |
|
4 |
Кері әрекеттер |
1 |
|
5 |
Алгоритмдер |
1 |
|
6-7 |
Алгоритм қасиеттері |
1 |
|
8 |
Алгоритм түрлері |
1 |
|
9 |
№1 бақылау жұмысы |
1 |
|
10 |
Алгоритм графикалық түрде – блок – сызба түрінде
бейнелеу |
1 |
|
11-12 |
Сызықтық алгоритм |
2 |
|
13-16 |
Тармақталу алгоритмі |
4 |
|
17 |
№2 бақылау жұмысы |
1 |
|
18-21 |
Қайталану алгоритмі |
4 |
|
22-23 |
Жиындар |
2 |
|
24-26 |
Жиындарды салыстыру топтау |
3 |
|
27 |
Ішкі жиындар |
1 |
|
28 |
№3 бақылау жұмысы |
1 |
|
29 |
Жиындар арасындағы қатынастар |
1 |
|
30-32 |
Терістеу ұғымы. Ақиқат және
жалған |
3 |
|
33 |
№4 бақылау жұмысы |
1 |
|
34 |
Қайталау |
1 |
|
|
Барлығы |
34 |
Пайдаланылған
әдебиеттер.
1. Информатиканы
оқыту әдістемесі Атамұра 2004
2. “Бастауыш
мектеп” журналы №10-11, 2007
3. “Бастауыш
мектеп” журналы №1, 2009
Лекция №4.
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда
информатиканы оқытудың құралдары. Бастауыш сыныптарда
информатиканы оқытудың әдістері.
Сабақ өтудің түрі: Ақпараттық
Жоспар:
1. Бастауыш мектеп үшін информатикадан оқу
құралдарын талдау.
2. Информатиканың бастауыш курсын программамен қамту
құрамы және сипаттамасы.
Редактордың құрал- саймандары.
Microsoft Word for Windows ( Word) 97 - дүние жүзі елдеріне кең тараған мол мүмкіндікті мәтіндік редактор. Word арқылы мәтінді теру, редакциялау, құжатта түрлі кестелер дайындау және қарапайым геометриялық фигуралар салуға болады. Құжатта Windows- тың басқа қосымшаларында дайындалған түрлі мәліметтік үзінділерді, суреттерді де кірістіру қиын емес. Осы сияқты редакторларды мәтіндік процессор деп те атайды. Редактордың алғашқы нұсқасы Winword 2.0 атауы бойынша тоқсаныншы жылдырдың бас кездерінде жарыққа шыққан болатын. Соңғы жылдары оның Word 6.0, Word 97, Word 2000 атаулы нұсқалары пайда болды. Көп жағдайларда Word 6.0- мен жұмыс істеу жеткілікті, тіпті оның көптеген мүмкіндіктері пайдалана берілмейді де. Бірақ Word 97 редакторымен жұмыс істеу жолы одан да ықшамды. Мұнда құжаттың абзацтарын, беттерін форматтау, кесте сызу және құжатты басып шығару әдістері жетілдірілген. Оның баспа жүйелерінде бірнеше бағандық материалдарды дайындау форматын құру мүмкіндігі де бар. Редактор құрамына графикалық кескіндер салуға, қателерді автоматты түрде жөндеуге, математикалық және т.б. пернетақтада жоқ символдарды құжатқа енгізуге арналған қосымша программалар да енгізілген.
Word 97 программасы үлкен көлемді. Ол үшін винчестерде кемінде 20 Мб, ал ішкі жадта 4 Мб орын керек. Онымен 386 DХ4, 486 не олардан да жоғары типті компьютерлер ғана істей алады.
Word- көп терезелі редактор. Word іске қосылған кезде оның негізгі терезесінің үстіне мәтінмен жұмыс істеуге арналған «Құжат 1» атаулы ішкі терезе орналастырылып қойылады. Негізгі терезенің үстінде оның келесі терезесін ашу үшін редактордың « Файл» мәзірінің « Құру» пунктін таңдау жеткілікті. Бұл кезде экранға шығатын сұхбаттық терезенің әдеттегідей түймесі шертілсе, экранға « Құжат 2» атаулы жаңа терезе шығады, т. с.с. Қажет кезінде редактордың Терезе мәзірін ашып, олардың бірінен екіншісіне өту қиын емес.
Word 2000 мәтіндік редакторының Word 97- мен салыстырғанда көп айырмашылығы жоқ, негізгі айырмашылығы- интернетпен байланыс күшейтілген.
Word редакторының негізгі мәзірінің жеке мәзірлеріне енгізілген пункттік командаларының іс- әрекеттерімен толығырақ танысу үшін курсорды басқару пернелері арқылы әрқайсысының үстіне әкеліп, F1 пернесін басу керек. Ол редактордың анықтамалық жүйесін шығарады.
Word редакторы мәзірлерінің көптеген пункттерін және т.б командаларды іске қосуды жеңілдету үшін редактор терезесіне Аспаптар, Форматтау панельдері енгізілген және онда көлденең сызғыш та бар. Редактор сызғышы көлденең және тік орналасқан екі сызғыштан тұрады. Оның біріншісі түрлі абзац шегіністерін орнатады.
Құжатты теру және оны редакциялау алдында түрлі параметрлерді орнатып қойған жөн. Мысалы;
- Аспаптар және Форматтау панельдерін экранға шығару
- Көлденең сызғышты, тік сызғышты, қалып- күй жолын және т.б. ағымдық ету.
Word- та құжатты теру, абзацты теруді аяқтау, форматтау, символдарды масштабтау, үзіндіні кірістіру не алып тастау ситяқты редакциялау әдістері Windows – тың басқа қосымшаларымен жұмысында қолданатын әдістерден айырмашылығы көп емес.
Абзацтың бас жолын теру алдында не оны редакциялау кезінде абзац шегінісін орнату үшін, Бос орын пернесін емес, ТАВ пернесін басқан дұрыс. Бос орын пернесі арқылы туралау құжатты басып шығару кезінде дұрыс нәьтиже бере бермейді. Ал, құжатты теру кезінде Енг пернесін басу – абзацты аяқтау белгісі.
Сөздерді тасымалдау. Редактор жол соңына сыймаған сөзді буындарға бөліп баса алмайды да, сөзді автоматты түрде келесі жолдың басына орналастырып кетеді. Соңғы сөзді буындарға бөліп, біріншісін алғашқы жолға көшіру үшін буын соңына курсорды орналастырып,Ctrl+ «-« пернелерін пайдалану мүмкін не кіші пернетақтаның «-« пернесін басса болғаны.
Құжат мазмұнын теруде пайдаланылатын ерекше символдардың көпшілігі Word құрамындағы Формулалар редакторына енгізіліп қойылған. Күрделі математикалық өрнектерді құжатқа кірістіру қажет болса, осы редакторды пайдалану қажет. Оның терезесін ашу үшін Кірістіру- Обьект- Microsoft теңдеуі 3.0 командасын беріп, экранда көрінген терезенің « Мәтіннің жоғарғы жағынан» ауыстырып қосқышының орнатылуын алып тастау керек.
Егер « Обьект» пунктінің тізімінде Формулалар редакторы жоқ болса, онда оны басқару панелінен орнатуға болады. Соңғы терезеде « Формулалар редакторы» қатарына қосқанат белгісі орнатылып, ОК түймесі шертілуі тиіс. Оның алдындағы терезе қайта көрінеді. Оның Одан әрі түймесін шертсе болғаны.
Графикалық редактор-графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер арқылы салынады, ал нүктелердің әр қайсысы түрлі түске бояла алады.
Paint ( Paintbrush)- Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор.Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профиссионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болады.
Paint редакторы аспаптарының көмегімен белгілі бір қалыңдықпен берілген түзу сызықтар мен доғаларды сызуға болады. Paint редакторында тіктөртбұрыштар, эллбистер және көп бұрышты тұйық сызық сызатын арнайы аспаптар бар. Барлық фигуралардың контуры берілген қалыңдықтағы негізгі түстегі сызықтармен салынады.
MS WORD- мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы. Ол- мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.
Қазіргі компютерлік технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортадат жүзеге асырыла береді.Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті басқа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал- макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкіндіктері де толық қамтылған.
WORD –н жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық дискеттерден немесе компакт- дискіден компютерде жазып орналастыру қажет.
Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырылады:
1 Басқару тақтасындағы іске қосу менюінің орындау командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.
2 Программалардың Microcoft Office тобындағы WORD шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.
3 Windows жүйесінің сілтеуіш терезесін пайдалану арқылы.
4 WORD редакторына дайындалған құжаттың шарт белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б.
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі. WORD программасындағы формулалар редакторының көмегімен құжат мәтініне матеметикалық формулалар мен символдарды орналастыруға болады.Математикалық символдар мен шаблондар көптеген кең спектрлі мүмкіндіктерді қамтиды.
Формулалар редакторының көмегімен жазылады. Обьектілерде интегралдар, матрицалар, бөлшектер, түбірлер, көп мүшеліктер т.б жатады және олардың экран бетіндегі сырт бейнелері принтермен басып шығарылатын көшірмесімен бірдей болады.
Формулаларды форматтау барысында пайдаланылатын әріптер мен олардың сызылымы принтер қабылдайтын қаріптерге байланысты өзгертілуі мүмкін.
WORD ортасынан формулалар редакторын іске қосу үшін, енгізу курсорын құжаттың формула кірістірілетін жеріне орналастырып, Кірістіру→Обьект →Microsft Equation меньюі операцияларын орындау керек. Сонда теңдеулер редакторының терезесі пайда болады.Сол терезеге керекті формуланы енгізу қажет.
Егер обьектілер типі тізімінде формулалар редакторы жоқ болса, онда келесі әрекеттерді орындау қажет:
- Microsoft Word Folder бумасында орналасқан Word Commands ішкі бумасын ашу;
- Формулалар редакторын бейнелейтін суретте тышқанды екі рет шерту;
- Формулалар редакторы терезесін одан шықпай ақ жабу;
- Word- тан формулалар редакторын шақыру.
Формулалар редакторы жүктелгеннен кейін оның қолданбалы терезесі ашылады. Ол терезе өзінің құрылымы жағынан Word терезесіне ұқсас.
Математикалық символдар пиктаграммалары бар теңдеулер редакторы терезесіндегі жоғарғы жол негізінен символдар формуласына енгізуге арналған меню болып табылады; Мысалы, шексіздік белгісі, вектор символы т.с.с таңбалар жиыны. Олардың ішінен қажетті символдарды таңдауға және оларды формула ретінде еншгізуге болады.
Редакторда даярланған формула мәтінге формулалар редакторы терезесі жабылған соң ғана кірістіріледі.
Теңдеулерді теру формулалар редакторын шақырғанда пайда болатын кадрда жүзеге асырылады. Формулалар редакторының менюінен тиісті таңбаны таңдап алған соң, оны жіңішке пункттерімен шектелген тіктөртбұрышты енгізу ұясына орналастырамыз.Бұны осы шаблон арқылы енгізілетін символдардың ұясы деп те атауға болады.
Формулалар редакторының программасы формулаларды дайындауға арналған стильдерді пайдаланады. Нақты стильді қолдану енгізілетін формуланың типіне байланысты автоматты түрде анықталады. Формуланың сыртқы түрін өзгерту үшін теңдеудегі кейбір символдар үшін өзге стиль сипаты енгізіледі немесе оларға басқа стиль тағайындалады.
Формулалармен жұмыс істеу барысында:
- Ерекшеленген обьектіге басқа типтегі стильді тағайындауға болады.
- Жалпы типтік стиль сипаты өзгерту керек. Бұдан басқа формуладағы символдар арасындағы бос орын енін де реттеуге мүмкіндік бар;
- Жеке дайындау тәсілін қолдану, ол үшін алдымен символдарды алдын ала ерекшелейді де, Стиль →басқа командасын орындайды.
Мәтінге енгізілген формуланы ерекшелеп алып жоюға немесе басқа жолға орын ауыстыруға болады. Ал оны түгелдей үлкейту (кішірейту) қажет болса , онда белгіленген формула аумағында тышқанды екі рет шерту арқылы автоматты түрде формула редакторын шақырамыз. Содан кейін формуланың түгелдей ерекшелеп алып, Өлшем →басқа командасымен қажетті қаріп мөлшерін енгізіп, формула редакторынан шығамыз. Ол үшін формуладан тысқары аумақта тышқанды шертсе болғаны.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Аштаева Т.Б., Вьюшкова Е.А. 2-4
сыныптарда информатиканы оқыту
әдістемесі,. -А.,
"Атамұра", 2004.
2.Горячев А.В., Горина К.И., Суворова
Н.И. Информатика в играх и задачах. 1,2,3 класс- М., "БАЛАСС", 2002.
3.Балапанов Е., Кабулова Г., Мұхаметжанова С, Айтбакина Б., Мамырбек
Г. Основы информақионной культуры (в 4 тетрадях) 1-4 классы. - А., ТОО
"Аруна" ЛТД, 2004.
4.Мир информатики. 1-2 год обучении.Учебная
книга СО. Продукция компании КИРИЛЛ и МЕФОДИЙ.