Лекция №5.
Тақырыбы: Бастауыш сыныптағы
қазіргі заманғы информатика сабақтарына қойылатын
талаптар. Информатика сабағына дайындалу және әдістемелік
тұрғыдан талдау
Сабақ өтудің түрі: проблемалық
Жоспар:
1. Мектеп информатика пәні.
2. Іздеу және бағыт алу қажеттілігі.
Информатика пәнін оқытуда дидактиканың бірізділік
принципі, мазмұнның баяндалу реті толық сақталынады.
Сабақта қажеттілік болмаған жағдайда, оқуға
деген қызығушылық та болмайтындығы белгілі.Қажеттіліктің
негізгі мынандай түрлері бар: биогендік қажеттілік;
психофизиологиялық қажеттілік; әлеуметтік қажеттілік;
жоғары қажеттілік.
Биогендік
қажеттілік.Оқушылар компьютерде жұмыс істей
отырып, еріксіз түрде өзінің ақпараттарын сақтау
қажеттігі туындайды. Мысалы компьтердің ішкі жадысында өз
есімімен каталог ашып, өз файлдарын сақтап қояды.
Оқушыларға белгілі бір компьютерде отыру тапсырылды, яғни
оқушының өз жұмыс орны болады. Бұл оның
техникаға ұқыпты қарауға деген жауапкершілігін
арттырады. Сондай-ақ вирустардан қорғаудағы ролі
ерекше.
Іздеу және
бағыт алу қажеттілігі. Іздеу қажеттілігі қауіпсіз және еркін түрде
қоршаған ортаны танып білуінде. Мысалы, нәрестенің
өзі айналадағысын ұстап, көріп танитындығы
сияқты, компьютерлік түймелердің қызметін оқушы
"еркін" отырып танысқаны дұрыс. Ол үшін оған
"ана түймені баспа" деп шектемеу керек. Алдын-ала
бағдарламалар мен берілгендерді жойып жіберуден қорғап
қою қажет.
Қажеттіліктің мұндай
іздеу түрі оқушыға қызық көрінуі
мүмкін. Мысалы, ол жаңа бір текстік редакторға енген
соң (жүктеген соң) ешбір көмексіз өз бетінше
іздей отырып, оң басқару нұсқаларын табуға
тырысады.
Бағыт алу
қажеттілігі.
Бұл оқушының қай
бағдарламада жұмыс істеп отырғанында белгілі бір бағыт
алуы, не ойында модель құруы. Көп жағдайда таныс емес
бағдарламада жұмыс істеп отырғанда техникалық
ақау немесе т.б. пайда болса, олар не істерін білмей
сасқалақтап, тапырақтап қалуы мүмкін.
Психофизиологиялық
қажеттілік.
Компьютерде істелген жұмыс нәтижесінен ләззат алу жолдары
көп: күрделі есепті өз бетінше ьшығару, ойында
жеңімпаз болу, экрандағы әдемі бейнеленген ою-өрнек,
қағазы алынған әдемі көрінетін жұмыстар
т.б.
Әлеуметтік
қажеттілік.
Өзіндік тұжырымдаушы.Бұл да қажеттілік. Компьютерлік
әлем оқушы үшін жаңалық ашуға талпындырады.
Бірақ, компьтерлік хакерлікке жол берілмеуі тиіс.Өйткені
мұндай іс-әрекеттер қоғамға едәуір зиян
тигізеді. Сол себепті, ұғалім "вирусты жасау",
"фанатизм" т.с.с. заң орындары арқылы жауапқа
тартылатындығын ескеру керек.
Жоғары
қажеттіліктер.
Эстетика және ЭЕМ. Информатикада эстетикалық қажеттілік
кең ұғым. Өйткені бұл қажеттілік
экрандағыны көру,құру
және қабылдау арқылы іске асады.
Информатиканы оқыту әдістемесі
және білім беруді информатикаландыру тұжырымдамасы.
Тұжырымдамада бағыттары(мақсаттары) информатикаға
қатысты жаңа білім аймақтарын оқып үйрену;
компьтерлік технологияны қолдану дағдыларын қалыптастыру;
арнай әдістер көмегімен оқушылардың қабылеттерін
ояту және оны дамыту. Компьютермен тығыз байланыста бола отырып,
информатика оқыту әдістемесі адамның компьютерді
меңгеру тәжірибелерін шыңдай отырып, білім беруді
информатикаландыру тек техника дамуына ғана байланысты
емес.Соңғы жылдардағы тәжірибе нәтижесі
көрсеткеніндей компьютерде жұмыс істеу үшін, біз әрбір
қолданушыны ең алдымен психологиялық тұрғыдан
дайындай алуымыз басты назарда болған жөн. Сондықтан да білім
беру жүйесін қуатты компьютерлермен, бағдарламалармен
толық қамтамасыздандыру білім беруді информатикаландыруды
автоматтандыруға жатпайды. Баска пәндерді компьютерлендіруді іске
асырған соң, информатиканы оқыту тәжірибесі
сәйкес әдістемелерді меңгеру арқылы жүргізілуі
мүмкін немесе бұл төменнен оқушылардың информаика
сабағында дербес компьтерді құрал ретінде меңгеруі
арқылы іске аса жатар.
Бақылау сұрақтары:
1.
Информатиканы оқытудың дидактикалық принциптер және
әдістері.
2.Студенттердің
ғылыми ойлау қабылетін оятып, зерттеушілік қызметін іске
асыру.
3.Информатиканы
оқытудағы көрнекілік принципі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Горячев А.В., Горина К.И., Суворова Н.И.
Информатика в играх и задачах. 1,2,3 класс- М., "БАЛАСС", 2002.
2.Балапанов Е., Кабулова Г., Мұхаметжанова С, Айтбакина Б., Мамырбек
Г. Основы информақионной культуры (в 4 тетрадях) 1-4 классы. - А., ТОО
"Аруна" ЛТД, 2004.
3.Мир информатики. 1-2 год обучении.Учебная
книга СО. Продукция компании КИРИЛЛ и МЕФОДИЙ.
Лекция №6.
Тақырыбы: Информаканы оқытудың
нәтижелерін бақылау мен диагностикалаудың түрлері.
Сабақ өтудің түрі: информациялық
Жоспар:
1. Бастауыш
мектепте информатикадан оқушылардың жетістіктерін бағалау
жүйесі.
2.Бақылау түрлері және математиканы оқыту
нәтижелерін диагностикалау.
Бүгінгі ақпараттық қоғам
жағдайында өскелең
ұрпақтың
ақпараттық
мәдиниетін
қалыптастырудың
негізі болып табылатын «Информатика» пәніне жете мән берілуде. Соған
сәйкес орта білім беру жүйесіндегі оның рөлі қазіргі
әлемдегі
ақпараттық білім
мен техналогияның мән – мағынасына сәйкес артып отыр.
Бастауыш сыныптарда Информатика
пәнін
оқытудың
мақсаты -
оқушыларға ақпаратты өңдеу,
жеткізу және оны пайдалану
туралды білімдерді
меңгерте отырып ,
ақпараттық технологияны
оқу үрдісінде
өзіндік даму мен оны іске
асыру құралы ретінде саналы да тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру
болып табылады.
Информатиканы 2-12 сыныптарда пән
ретінде оқытудың мазмұны мемлекеттік
білім стандарты
деңгейінде
қарастырылған. Бастауыш сыныптарда оның жаңа пән ретінде пайда болуы
орта білім беру жүйесін
ақпараттандырудың
мемлекеттік
бағдарламасын жүзеге
асырумен байланысты . Сондай – ақ
бастауыш сыныптарда информатика
пәнін оқытуға
негіз болатын басты факторлар мыналар:
- бастауыш мектеп
оқушысын ақпараттық
қоғамға бейімдеу;
- 2 бөлімді күнтізбелік – тақырыптық
жоспарлауға сәйкес
сабақты жоспарлау мазмұндалады.
Сабақтың мақсаттары
мен міндеттері , теориялық
материалдарды баяндау бойынша
әдістемелік нұсқаулар, жұмыс
дәптеріндегі берілген
тапсырмаларды орындау реті мен жауаптары келтірілген. Бұл
құрал
мұғалімнің
түрлі әдістерді
қолданып , сабақты түсіндіруге , әрі оны
қызықты өткізуіне
мүмкіндік береді.
Сыныптағы оқушының білім
деңгейіне сәйкес
мұғалім күнтізбелік –
тақырыптық жоспарда
берілген оқу
мтериалдарының сағаттарын
қысқартып , не сағат сандарын
көбейтуіне , сонымен бірге өзінің шығармашылық деңгейіне
сәйкес әдістерді де
түрлендіріп өткізуіне
мүмкіндігі бар. Информатиканы
оқытудың эргономиалық талаптарына сәйкес оқушларды конпьютерде 10-15 минут жұмыс жасайтындығы
ескеріле отырып , негізгі тапсырмалардың басым көпшілігі жұмыс дәптерінде орындалатындай етіп берілген.
Бағалау нормасы:
Оқушылардың информатикадан алған білімдері,
машықтары мен дағдылары
күнделікті ауызша сұрау мен қорытынды бақылау
жұмыстары арқылы тексеріліп
бағаланады.
1.
Ауызша жауаптарын бағалау.
«5»
деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады:
-
қойылған
сұрақтарға толық және дұрыс жауап берсе;
-
есептерді
дұрыс және барынша тез орындаса;
-
есеп
шығаруда өз бетімен жоспар
құра алса немесе шығара алса.
-
Практикалық
жұмыстарды дұрыс орындас.
Егер
оқушының жауабы
негізінен «5» деген
баға үшін
тағайындалған талаптарға сәйкес болып, мына төмендегі жағдайлар орындалса ,
«4» деген
баға қойылады:
- жауап
берген кездегі
тұжырымдауларда
жекелеген дәлсіздіктер
(мағынасын бұзбайтын)
жіберсе;
- есептер
берген кездегі жекелеген ұсақ қателер жіберген болса
және оны түзетуге шамалары жететін болса;
- есептерді
шығарған кезде дәлдігі жеткіліксіз (шешу жолы
дұрыс)түсініктемелер болса;
- өлшеулер
мен сызуларды орындаған кезде
дәлсіздік жіберілген болса;
Мұғалім аздап көмектесе , оқушы бұл кемшіліктердің барлығын да оп
–оңай түзете алады.
«3» деген баға оқушыға
мынадай жағдайларды
қойылады:
- есептеулерде
жекелеген өрескел қателер жіберсе , бірақ оларды
мұғалімнің
көмегімен түзете алса;
- есепті
мұғалімнің
көмегімен ғана
шығара алса;
Егер оқушы өздеріне қойылған сұрақтардың көпшілігіне
жауап бере алса, есептерді тіпті
мұғалімнің
көмегімен де шығара
білмесе және есептеулерді
жүргізе алмаса,
онда «2» деген баға
қойылады.
Егер оқушы бағдарламалық материалды түгелімен білмейтін болса, онда «1» деген баға
қойылады.
1.
Жазбаша бақылау жұмыстары
бойынша бағалау.
Информатикадан жазбаша бақылау жұмысын
бағалауда өрескел және
өрескел емес қателер кездеседі.
Өрескел қателер мыналар жатады:
- есепті
немесе мысалды есептеуден жіберілген қате;
- есептің
шешуін дұрыс орындамау;
- есепті
немесе мысалды есептеуде аяқтамау;
- орындалмаған
жұмыстар.
- өрескел
емес қателерге мыналар жатады:
- есептеп
шығару тәсілі орынды болмау.
- есепті
шығаруда амалдарға қойылған сұрақ дұрыс болмау.
Жұмысты тексеруге
қатысқан кісі
есептеу дағдыларына баға
қоюына болады:
-
егер
жұмыс қатесіз орындалса,
«5», ал жұмыста 1
өрескел және
1-2 және өрескел емес
қате жіберілсе, «4» деген баға қойылады;
- егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел , 1-2
өрескел емес қате жіберілсе, «3»
, ал өрескел қате 3-
тең, өрескел емес қате 2- ден артса, «2» қойылады.
- Барлық
тапсырма қате орындалса , «1» деген баға қойылады..
Үлгерімді бағалау «балл» есебінде
көрсетіледі:
мектептерде үлгерімді
бағалау жүйесі бес балды
болып қабылданған:
«5» бағасы – оқу материалын толық, дәл логикалық бір
ізділікпен айтылған жауапқа қойылады:
«4»
бағасы – материалды
толық біледі , бірақ болар – болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады.
«3» бағасы – жауабы негізінен
дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;
«2» бағасы – оқушы жауабында
қателіктер , білімінде елеулік
кемшіліктер бар»;
«1» бағасы – тексерілген
оқу метериалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел
қателері үшін
қойылады.
Бақылыу сұрақтары:
1.Ауызша
бағалау түрлері.
2.Өрескел
емес қателер.
3.Жазбаша
бақылау жұмысы.
4.Оқушылардың
жетістіктерін бағалау жүйесі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. 12 жылдық
орта білім берудің мемлекеттік стандарты (бірінші саты), -Астана, 2006.
2. 12 жылдык
мектептің 1-5 сыныптарынын оқу
бағдарламалары.-Алматы, 2006.
3.Ермеков
Н.Т., Ноғайбаланова С.Ж. Информатика. 12 жылдық мектептің 2-4 сыныптарына
арналған оқулыктар. - Алматы, «Алматыкітап», 2004.
4.Ермеков Н.Т., Ноғайбаланова С.Ж. 2-4 сыныптарда
информатиканы оқыту әдістемесі,, -
Алматы, «Алматыкітап», 2004.