Лекция №7.

 

Тақырыбы: Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың әртүрлі жолдары. Шетел мектептерінің бастауыш сыныптарында информатиканы оқыту.

Сабақ өтудің түрі: проблемалық

Жоспар:

1. Негізгі бағыттар мен даму перспективасы.

2. Шетел мектептерінің бастауыш сыныптарында информатиканы оқыту.

Бастауыш мектеп информатиканы оқыту ұйымдастыру формалары

Лекция.«Лекция» терминінің екі мағынасы бар: бұл әрі форма, әрі әдіс. Егер компьютер кабинеті жақсы жабдықталса, онда лекцияны осында өткізуге болады.мұғалім лекция оқиды, ал оқушылар конспект жазады.

Семинар. Семинар сабағында машинаға дайындық жүргізіледі. Оқушылар алгоритм құрып үйренеді. Олардың компьютерге дейінгі дағдылары мен ебдейліктерін қалыптастыру керек. Оқушылар семинарларда мынадай жұмыс нәтижелерін тапсыруы тиіс:

1)Компьютерге енгізуге дайындаған алгоритм мәтіні;

2)Компьютердің көмегінсіз құрылған алгоритм орындау кестесі;

3)Бағдарламамен диалог жасау үлгісі;

4)Нұсқаудағы сұрақтарға жауап;

5)Өзінің не басқаның бағдарламасына нұсқау дайындау;

6) Өзінің не басқаның бағдарламасына түсініктеме дайындау;

7)Бағдарламаның орындалуы мен нәтижесіне түсініктеме беру;

8)Өтілген материалдар бойынша сұрақтарға жауап.

Зертханалық жұмыс. Зертханалық жұмыс компьютер сабағындағы ең негізгі оқыту формасы болып табылады. Мұнда мұғалімге алдын-ала зертханалық жұмысқа арнайы дайындаған нұсқаулары көмек береді. Сабақ басталарда оқушылардың әзірлігін тексеріп алып, дайындықсыз компьютерге отыруға болмайтындығын ескерту керек.

Жеке практика сабағы. Жеке практика сабағында оқушыларға күрделілігі мен деңгейі әртүрлі жеке тапсырма беріледі. Тапсырма ретінде жаңа бағдарламаға нұсқау, түсініктеме жаздыруға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1Л.Искакова, Ә Беркутов. Информатиканы оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесі. Шымкент.2003.

 2.М.Медетбеков, Р.Медетбекова, Ә.Беркутов.-Компьютерлік технология негіздері. Шымкент.1998.

3. Ә Беркутов, Г.Жетпісбаева.-Информатика және есептеуіш техника негіздерін оқыту әдістемесі. Шымкент. 2002

 

 

Лекция №8.

 

Тақырыбы: Ақпараттық технологиялар курсына оқытудың технологиясы: Ақпараттың формасы мен қасиеттері

Сабақ өтудің түрі: проблемалық

Жоспар:

1. Ақпарат және оның түрлері.

2. Ақпараттың формасы мен қасиеттері

Курсты оқыту барысындағы ақпараттық құралдар- оқулық. Егер информатика оқулығы машинаға тәуелділік жағын қарастырған болса, онда ол дербес компьютердің бағдарламалық құралдарын қамсыздандыру мәселелері және олармен жұмыс істеуге арналған нұсқаулар жөніндегі мазмұнмен беріледі. Бірақ оқулықта бағдарламамен сұхбаттық түрде жұмыс істеу әрекеті емес, ол бағдарламаларды басқару, қолдану жөнінде мәліметтер жазылады. Информатика оқулығы оқушылардың білімін жүйелеу, нақты білімдерін жалпылау мәселелерін қамтиды.Оқулық құрылымы білімді бекіту қызметін де атқарады.

Нұсқау. Оқулықтан ЭЕМ-ге жұмыс істеуге өту үшін арнайы дайындалған нұсқаулар беріледі.

         Алғашқы сабақтарда әрбір оқушыны жеке-жеке компьютер алдына отырғызып, олармен жұмыс істеу мұғалімге ауыр соғуы мүмкін немесе көбінесе мұғалім әрқайсысына барып түсіндіріп, көрсетіп болғанша едәуір уақытты талап етеді, яғни мұғалім физикалық үлгере алмауы да мүмкін. Сондықтан өтілетін тақырыпқа байланысты бұйрықтарды орындау барысын егжей-тегжейлі алдын-ала кезең-кезеңге бөліп, нұсқаулар тізбегін жасаған дұрыс. Мұндай дайын нұсқаулар тізбегін жасаған дұрыс. Мұндай дайын нұсқаулар оқушының тез түсініп, оны ЭЕМ-ге өзбетінше енгізуіне үлкен жәрдем етеді. Нұсқауларды дискетке немесе қағазға жазған жөн.Дегенмен қағаздағасы өте пайдалы.Нұсқауды дайындағанда жұмыс мақсатында көрсету керек. Нұсқауда ұғымға тоқталмай, бірден іс-әрекетті орындау кезеңдеріберіледі. Арнайы компьтерлік және техникалық жазғыштар ролін педагог атқарады. Өйткені бұл да бірқатар әдістерді білуді керек етеді. Нұсқау үш бағаннан тұрады: 1-ші бағанда экран көрінісі, 2-ші бағанда орындалған бұйрық, 3-ші бағанда атқарылатын іс-әрекет мағынасы жазылады.

Плакат. Кабинет қабырғасындағы плакттарға: техника қауіпсіздігі ережелері, операциялық жүйе бұйрықтары, файлдардың есімін жазу ережелері мен үлгілері, түймелер қызметі, ЭЕМ құрылысы, санау жүйелері және т.б. күрделі де маңызды мәліметтер жазылуы тиіс.Өйткені бұлар оқушылардың үнемі көз алдында тұрып, еріксіз түрде жатталып,(көру—қабылдау—түсінік) түсінік пайда болады. Бұл материалды өтем дегенше оқушы тесінде әбден сіңіріледі.

Оқу киносы мен теледидар. Компьютер шыққалы бері оқу киносының динамикалық көрнекі құрал ретіндегі ролі төмендеп кетті., өйткені ЭЕМ оқушыға оқу барысында өтіліп жатқан үрдіске қатысуға мүмкіндік береді.Егер бейне және компьютерлік техниканы қосып пайдаланар болсақ, онда жақсы нәтижеге жетер едік. Мұғалім жұмыс экранындағыны оқушыларға үлкен үлкен теледидар экраны көмегімен көрнекі етіп көрсетуге болады. Сөйтіп, мұғалім жаңа тақырып үлгісін оқушыға экран арқылы түсіндіре алады.

Теледидар. Сабақтың тиімді де әсерлі өтілгендігі оқушылардың ақыл-ой дамуынан, ойлаудың формалары мен ережелерін меңгеруінен, компьютерлік мәдениетті дағдыларын игеруінен, эмоциялық сферасының баюынан, идеялары мен талап-тілектерінің дұрыс қалыптасуында көрінеді.

Мультимедия. Оқу үрдісінде ақпаратты экранда бейнелеудің түрлі формаларын: график, қозғалыс, мәтін, дыбысты қолдану « мультимедия» идеясын туғызады. Оның көмегі арқылы оқытушы бағдарламаларды пайдалануды жүзеге асыруға болады. Мысалы, математиканы, ағылшын тілін, не информатиканы оқытуда компьютер мұғалім ролін атқарады.

Жоғарыда келтірілген құралдардың әрқайсысының өзінің оқу үрдісінде қолданылатын ерекшеліктері мен орындары, функциялары бар. Енді оларды біріктіріп, кешен жасап қолдансақ, онда жұмысымыз өнімді де тиімді, нәтижелі болмақ.

         Кәдімгі информатика оқулығы білімді жалпылауды, ойлау үрдісін реттеуде, материалды сапалы меңгеруде компьютерсіз не оған дейін қолданылуы мүмкін. Арнайы дайындалған нұсқаулар оқушының ЭЕМ-мен өздігінше жұмыс істеуіне бағыт беріп, мұғалім жұмысын едәуір жнңілдетеді. Барлық ұғымдар, түсініктер оқулықта беріледі, Плакатқа жазылған ақпарат(формула, бұйрық және т.б.) еріксіз есте сақтауға арналған. Оқу киносы ЭЕМ-де динамикалық қоғалыс жасауда қолданылады. Үлкен экранда теледидар ЭЕМ экранына қарағанда жаппай түсіндіру барысында көрнекі құрал орнын толтырады.Ал, « мультимедия» құралы бұл құралдардың мүмкіндігін кеңейтіп интеграциялай түседі. Өздік таным компьютерлік өзінің қызметін ойлау арқылы рефлексті түрде қалыптасады.

Қызмет тәсілдерін тәжірибелеу. Бұл тәсіл нұсқау, мұғалімнің қызметін үлгі ретінде көруі бойынша қалыптасады. Бірақ компьютер әлемінің үнемі жаңарып отыратындығын, оқушының өзінің ізденушілік белсенділігін ескеру керек. Информатикадағы тәжірибе ескіретіндіктен, тәжірибені мектепте, одан кейін де шыңдап отыру керек.

Шығармашылық қызмет тәжірибесі. Шығармашылық қызмет тәжірибесі проблемалық жағдайларды шешу,операциялық жүйені меңгеру, модельдеу арқылы қалыптасады.

Эмоциялық қатынас тәжірибесі. Эмоциялық қатынас тәжірибесі оқушылардың бір-бірімен, мұғаліммен сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасау нәтижесінде пайда болады және беріледі. Оқыту барысында жауапкершілікке тәрбиелеуге болады.

 

Бақылыу сұрақтары:

1.Оқытуды ұйымдастыру формалары.

2.Курсты оқыту барысындағы ақпараттық құралдар.

3. «Мультимедия» арқылы қандай бағдарламаларды жүзеге асыруға болады?

4.Нұсқау неше бағаннан тұрады?

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1Л.Искакова, Ә Беркутов. Информатиканы оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесі. Шымкент.2003.

 2.М.Медетбеков, Р.Медетбекова, Ә.Беркутов.-Компьютерлік технология негіздері. Шымкент.1998.

3. Ә Беркутов, Г.Жетпісбаева.-Информатика және есептеуіш техника негіздерін оқыту әдістемесі. Шымкент. 2002