Лекция №9.
Тақырыбы: Ақпарат көздері.
Ақпараттың тасымалдау схемасы. Адам өміріндегі
ақпараттың мағынасы.Ақпаратты тасушылардың
міндеті. Ақпаратты өңдеуді ұйымдастыру
Сабақ өтудің түрі: проблемалық
Жоспар:
1.Ақпаратты
ұсыну тәсілдері.
2. Ақпаратты
ұсыну тәсілдері. Іздеу, сақтау, ақпаратты беруді
өңдеу технологиясы.
3. Ақпаратты
өңдеуді ұйымдастыру.
Дидактикада
оқыту мақсаты білім беру мен тәрбиелеу, дамытудың
бірлігі ретінде қарастырылады. Информатика ғылымы практикаға,
яғни компьютерлік қоғамға тән маман дайындау
мәселеміне ерекше назар аударады.
Жалпы білім берідің негізі –
оқушылардың ғылыми дүниетанымдық
көзқарасын қалыптастыру; компьютердің
мүмкіндіктерін, оны қолдану аймақтарын білу болып табылады.
Оқушылар
мыналарды білуі қажет:
1)
компьютер
жұмыс принциптерін түсіну
2)
бағдарламаушы қызметінің
маңызын ұғыну
3)
ақпарат түрлері және оларды
өңдеу тәсілдері жөніндегі білімі
4)
алгоритм
туралы түсінік
5)
ойлауды
автоматтандыру мүмкіндіктері жайлы білім.
Бұл
білімдердің жалпы ғылымилық мәні ерекше, өйткені
әлемнің ғылыми келбетін қалыптастырады.
Оқушылардың өзінің ойлау қабылетіне,
деңгейіне «бақылау» жүргізіп, «компьютерде мен не істегім
келді-не істедім-нәтижеде не шықты және неге бұлай?»
деген сұраққа жауап беретін болады. Сонымен бірге компьютер
оқушыларға өз ойын іске асыруға мүмкіндік береді.
Мектеп, жоғары оқу орнын
т.б. білім беруді жүйелеу үшін:
1)Компьютер
көмегімен оқытудың бағдарламалық жүйесін
жасау керек;
2)мектеп пен
университетте берілетін компьютерлік – пәндік байланыс жүйесін
жасау қажет.
3)пәнді
оқытуды компьютерді көрнекі құрал ретінде
қолданудың жүйесін жасау тиіс;
Компьютерлік
сауаттылыққа ЭЕМ-де есептеу жүргізу,оқу, жазу, сурет
салу, ақпаратты іздей білу т.б. жатады. Жоғары сауаттылық
белгісі ретінде компьютерде өзбетінше жұмыс істей білу және
оны тиімді қолдану болып табылады.
Қазіргі
кезде сауаттылық мағынасын кеңейтетін «жүйелік
сауаттылық» термині қолданылады. Бұны «компьютерлік
білімділік» деп атаған орынды. Оның негізгі белгілері:
1)басқа
мамандық иесі болған күнде де, компьютерлік кітаптарды,
әдебиеттерді үзбей оқу
2)соңғы
жаңа бағдарламалар мен компьютерлік мүмкіндік туралы
кең мағлұматқа ие болу;
3)жұмыс
істеу үшін нақты бағдарламалық қамтамасыздандыру
құралдарды таңдай білу
4)бағдарламалық
құралдардың сапасы жөнінде жеткілікті білім
қорына негізделген жеке пікір айта білетіндей қабілетті болу керек
және т.б.
Мектеп осы
аталған мәселелерді жүзыге асыруы тиіс.
Ақпараттық
мәдениет.
Ақпараттық мәдениет қоғам даму мен жеке
тұлғаның ойлау деңгейіне тығыз байланыста
қарастырылады. Бұл ең алдымен компьютерді қолдану
этикасы:
1)басқаның
ақпаратын өшірмеу деген сөз;
2)басқаның
бағдарламалары мен берілгендерін рұқсатсыз пайдаланбау:
3)басқаның
жасаған бағдарламасын иемденбеу;
4)компьютерде
жұмыс істеуді үйрену
5)коспьютердің
жадысындағы ескі файлдармен көшірмелерін уақтылы жою, жадыныы
босату;
6)эстетикалық
мәдениет- компьютердің экрандық мүмкіндігін толық
пайдалана отырып, график, кесте т.с.с. жұмыстардыөте көрнекті
түрде орындау.
Демек,
практикалық білім беру
компьютерлік сауаттылықты қалыптастырады; жалпы білім беру мен
ойлау қабылетін дамыту компьютерлік білімділікке байланысты, ал
тәрбиелеу мақсаты ақпараттық мәдениетті
қалыптастыруға септігін тигізеді.
Бақылыу сұрақтары:
1.Адам
өиіріне ақпараттың пайдасы тиімді ме?
2.
Ақпараттық мәдение
дегеніміз не?
3.Ақпарат
көздерін ата?
Пайдаланылған әдебиеттер
1Л.Искакова,
Ә Беркутов. Информатиканы оқытудың теориялық негіздері
мен әдістемесі. Шымкент.2003.
2.М.Медетбеков, Р.Медетбекова, Ә.Беркутов.-Компьютерлік
технология негіздері. Шымкент.1998.
3. Ә
Беркутов, Г.Жетпісбаева.-Информатика және есептеуіш техника негіздерін
оқыту әдістемесі. Шымкент. 2002
4.Ермеков Н.Т., Ноғайбаланова С.Ж. 2-4
сыныптарда информатиканы оқыту әдістемесі,, - Алматы, «Алматыкітап», 2004.
Лекция №10.
Тақырыбы: Ақпараттармен жұмыс: іздеу,
таңдау, түрлендіру, сақтау, ұсыну, қолдану.
Ақпараттық технология құралдары.
Сабақ өтудің түрі: проблемалық
Жоспар:
1. Нұсқау
бойынша батырмалы құрылғыларды басқару.
2. Ақпаратты іздеу және ұйымдастыру: мазмұны,
көрсеткіштер, каталогтар, анықтамалар, жазба кітаптары
Оқу
мақсатын анықтау үшін, адамның компьютермен жұмыс
істеу деңгейлкрін қарастырайық.
Белсенділігі төмен қолданушы.ЭЕМ-де тікелей жұмыс
істемей-ақ оның мүмкіндіктерін. Қызметін пайдаланады.
Мысалы, ЭЕМ көмегімен әуе билеттерін, айлық жалақысын
т.б. алады. Компьютер жайлы мәліметті ақпарат құралдары
арқылы біледі. ЭЕМ-мен жұмыс істеп дағдыланбаған.
Белсенді қолданушы. Дайын бағдарламаға
өзіне қажетті өзгерістер енгізе алады. Атап айтқан,
функция графигін салу, кеңістік фигураны бейнелеу үшін дайын
бағдарламаға өзінің формуласын енгізеді.
Сондай-ақ электрондық кестеде кейбір есеп бағдарламаларын
құрады., дайын бағдарлама болмаған жағдайда
өзі жасайды, нәтижеге жете алады.
Бағдарламаушы. Ол жоғары деңгейлі тілдермен,
берілгендер базасын басқару жүйесі тілдерімен, электрондық
кестелермен жұмыс істейді. Дайын бағдарламаларды нақты
қолдануды біледі. Сондай-ақ берілгендер базасы, электрондық
кесте сияқты бағдарламаларды қолданушы
мұқтаждығын өтейтіндей жағдайға келтіре
алады. Мұғалім де өзі оқытатын бөлімде дайын
қабықтарды қолданатын болса, онда мұғалімді де
осы топқа кіргізуге болады.
Аса бағдарламаушы. Бұл қолданушылар
және т.б. үшін бағдарламалар жасайды. Жоғары
деңгейлі Паскаль, СИ т.с.с. тілдермен жұмыс істейді.
Жүйелік бағдарламаушы. Алдыңғы деңгейдегі
келтірілген жұмыстардың барлығының тиімділігін
қамтамасыз етеді.
Сонымен
мектеп информатика курсын оқыту барысында қазіргі заман талабына
лайық, дайын бағдарламалармен жұмыс істей алатын, оның
өзінің күнделікті қызметіне пайдалана алатын-
параметрлі қолданушы дайындауымыз қажет.
Word редакторы мәзірлерінің көптеген пункттерін және т.б командаларды іске қосуды жеңілдету үшін редактор терезесіне Аспаптар, Форматтау панельдері енгізілген және онда көлденең сызғыш та бар. Редактор сызғышы көлденең және тік орналасқан екі сызғыштан тұрады. Оның біріншісі түрлі абзац шегіністерін орнатады.
Құжатты теру және оны редакциялау алдында түрлі параметрлерді орнатып қойған жөн. Мысалы;
- Аспаптар және Форматтау панельдерін экранға шығару
- Көлденең сызғышты, тік сызғышты, қалып- күй жолын және т.б. ағымдық ету.
Word- та құжатты теру, абзацты теруді аяқтау, форматтау, символдарды масштабтау, үзіндіні кірістіру не алып тастау ситяқты редакциялау әдістері Windows – тың басқа қосымшаларымен жұмысында қолданатын әдістерден айырмашылығы көп емес.
Абзацтың бас жолын теру алдында не оны редакциялау кезінде абзац шегінісін орнату үшін, Бос орын пернесін емес, ТАВ пернесін басқан дұрыс. Бос орын пернесі арқылы туралау құжатты басып шығару кезінде дұрыс нәьтиже бере бермейді. Ал, құжатты теру кезінде Енг пернесін басу – абзацты аяқтау белгісі.
Сөздерді тасымалдау. Редактор жол соңына сыймаған сөзді буындарға бөліп баса алмайды да, сөзді автоматты түрде келесі жолдың басына орналастырып кетеді. Соңғы сөзді буындарға бөліп, біріншісін алғашқы жолға көшіру үшін буын соңына курсорды орналастырып,Ctrl+ «-« пернелерін пайдалану мүмкін не кіші пернетақтаның «-« пернесін басса болғаны.
Құжат мазмұнын теруде пайдаланылатын ерекше символдардың көпшілігі Word құрамындағы Формулалар редакторына енгізіліп қойылған. Күрделі математикалық өрнектерді құжатқа кірістіру қажет болса, осы редакторды пайдалану қажет. Оның терезесін ашу үшін Кірістіру- Обьект- Microsoft теңдеуі 3.0 командасын беріп, экранда көрінген терезенің « Мәтіннің жоғарғы жағынан» ауыстырып қосқышының орнатылуын алып тастау керек.
Егер « Обьект» пунктінің тізімінде Формулалар редакторы жоқ болса, онда оны басқару панелінен орнатуға болады. Соңғы терезеде « Формулалар редакторы» қатарына қосқанат белгісі орнатылып, ОК түймесі шертілуі тиіс. Оның алдындағы терезе қайта көрінеді. Оның Одан әрі түймесін шертсе болғаны.
Графикалық редактор-графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер арқылы салынады, ал нүктелердің әр қайсысы түрлі түске бояла алады.
Paint ( Paintbrush)- Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор.Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профиссионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болады.
Paint редакторы аспаптарының көмегімен белгілі бір қалыңдықпен берілген түзу сызықтар мен доғаларды сызуға болады. Paint редакторында тіктөртбұрыштар, эллбистер және көп бұрышты тұйық сызық сызатын арнайы аспаптар бар. Барлық фигуралардың контуры берілген қалыңдықтағы негізгі түстегі сызықтармен салынады.
MS WORD- мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы. Ол- мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.
Қазіргі компютерлік технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді.Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті басқа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал- макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкіндіктері де толық қамтылған.
Бақылыу сұрақтары:
1.Ақпарат
құралдарын ата?
2.Графикалық
редактор дегеніміз не?
3. Windows – тың
қосымшаларын ата?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Аштаева Т.Б., Вьюшкова Е.А. 2-4
сыныптарда информатиканы оқыту
әдістемесі,. -А.,
"Атамұра", 2004.
2.Горячев А.В., Горина К.И., Суворова
Н.И. Информатика в играх и задачах. 1,2,3 класс- М., "БАЛАСС", 2002.
3.Балапанов Е., Кабулова Г., Мұхаметжанова С, Айтбакина Б., Мамырбек
Г. Основы информақионной культуры (в 4 тетрадях) 1-4 классы. - А., ТОО
"Аруна" ЛТД, 2004.
4.Мир информатики. 1-2 год
обучении.Учебная книга СО. Продукция компании КИРИЛЛ и МЕФОДИЙ.