« Қатты заттардың химиялық технологиясы» пәнінен
БАҒДАРЛАМА
ТҮСІНДІРМЕ
ЖАЗБА
«Қатты
заттардың химиялық технологиясы» пәні өндірісте шығарылатын
қатты заттарды – тотықтар, жартылай және жоғары өткізгіштер
және пигменттер технологиясын қамтиды.
«Қатты заттардың химиялық
технологиясы» пәні студенттерге металл тотықтары және өткізгіштер
туралы толық мәліметтер алуда, өнделетін шикізатты өндіріс
қалдықтарын тиімді өнімдер алуда экологиялық және
экономикалық мәселелерді шешуде көмек көрсетеді.
Пәннің мақсаты –
студенттердің қатты заттардың химиялық технологиясында,
онда қолданылатын шикізаттар, өндіріс қалдықтарын
тиімді пайдалану туралы ой-өрісін арттыру және түсіндіру
болып саналады.
Пәннің шарты бойынша студенттер
бейорганикалық қатты заттардың технологиялық негізін, ғылымның
соңғы жетістіктерін пайдаланып, қалдықсыз және
энергия үнемдегіш күрделі технология құрастыра білу қажет.
Курсты оқу, студенттердің
жалпы, бейорганикалық, органикалық, аналитикалық, физикалық,
коллоидтық химия, жалпы химиялық технология, минералды тұздар,
қышқыл технологиясының теориялық негізі, процесстер және
химиялық технология аппараттары бойынша алған білімдеріне сүйенеді.
Бұл пәнді толық білу үшін
күнделікті оқулықтар мен лекциялық материалдармен жұмыс
істеу практикалық және лабораториялық сабақтарда
негізгі көрсеткіштерді, өндірістерде материалдық және
жылу ағындарды, өзбетінше тапсырмаларды орындау, практиканы толық
өту қажет.
Қорытынды бақылау пән
бойынша емтихан алу арқылы жүргізіледі.
ПӘННІҢ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Дайындайтын
сала бойынша қолданылатын шикізатты кластарға бөлу, қосымша
өнімдерді және негізгі шикізатты сипаттау. Қатты заттар
технологиясында өндіріс қалдықтарын қосымша шикізат
ретінде қолдану. Жартылай және жоғары өткізгіштер,
металл тотықтары, пигменттердің түрлері және оған
сипаттама.
1 - БӨЛІМ.
МЫРЫШ, ТЕМІР ТОТЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ОЛАРДАН ПИГМЕНТТЕР АЛУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Мырыш тотығын өндірісте алу тәсілдері. Мырыш
тотығының қасиеті, қолданылуы
және шикізат түрлері. Шикізатқа сипаттама, мырыш құрамдас өнеркәсіп қалдықтарьн
өңдеу. Мырыш тотығы мен мырыш бояуын алу процессінің физика-химиялық
негізі. Вельц және Ветевил
пешінде құрғақ және ылғалды әдіспен
мырыш тотығын өңдеу. Өндірістік
технологиялык схемасы мен техникалық көрсеткіштері. Өндіріс қалдықтары және сұйық,
қатты қалдықтарды тиімді өңдеу.
Темір тотығын және темір тотықты
пигменттерді өңдеу технологиясы, Олардың құрамы,
қасиеті және қолдану саласы. Сары, қызыл, қара, қоңыр және т.б. темір тотықтары.
Темір тотықтарын алу әдістері.
Тотықтар және темір тотықты пигменттерді алу процесінің
физика-химиялық негізі. Табиғи
және жасанды темір тотықты пигменттер. Темір тотығы
мен темір тотықты пигменттер технологиясы. Технологиялық көрсеткіштері. Өндіріс қалдықтарын
өңдеу.
2- БӨЛІМ. ҚОРҒАСЫН
ЖӘНЕ ТИТАН ТОТЫҚТАРЫНЫҢ ПИГМЕНТТЕР АЛУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Корғасын, титан тотықтарының орны және
өндірісте шығару мөлшері.
Тотықтардың қасиеті. Құрамы және қолдану
саласы. Шикізат және басқа
да қорғасын мен титан құрамдас өнімдер. Қорғасын
және титан тотықтарын алу процесінің физика-химиялық
негізі. Қорғасын суригі
және қорғасын бояғышы мен пигменттерін өңдеу
әдістері. Сары, қызғыш, қызыл түсті
қорғасын пигменттерін алу.
Титан тотығын алу өндірісінде колданылатын
шикізат. Тұздар титан хлоридтерін өңдеу.
Өндіріс технологиялық схемасы, көрсеткіштері мен өлшеу әдістері. Өндіріс технологиялық
схемасы, көрсеткіштері мен өлшеу
әдістері. Өндіріс қалдықтары және оны өңдеу.
3- БӨЛІМ. АЛЮМИНИЙ ҰНТАҒЫ, СТРОНЦИЙ ЖӘНЕ БАРИЙ ТҰЗДАРЫН
ЖӘНЕ ПИГМЕНТ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Алюминий ұнтағы,
стронций, барий қосылыстарына сипаттама. Олардың қасиеті, құрамы және қолдану
саласы. Алюминий ұнтағы өндірісінің
технологиясы. Қолданылатын шикізат түрі. Өндірістің
физика-химиялық негізі. Пигмент алу технологиясы.
Стронций
және барий қосылыстарының өндірістік технологиясы. Қасиеті
және құрамы, қолдану саласы. Негізгі көрсеткіштері
мен пигменттерді, технологиялық өңдеу жолдары.
4- БӨЛІМ. МЫС ТОТЫҒЫ МЕН СУЛЬФИДІ,
МАРГАНЕЦ, ХРОМ
ҚОСЫЛЫСТАРЫЛЫҢ
ЖӘНЕ ПИГМЕНТТЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Мыс
тотығы мен сульфидінің өндірістік технологиясы. Құрамы,
касиеті және
қолдану саласы. Өндірістің физика-химиялық негізі. Хром косылыстарының өндірістік технологиясы, колдану саласы. Технологиялық процесстер және өндірістің
химиялық негізі.
Марганец
қосылыстарының өндірістік химиялық технологиясы. Құрамы,
қасиеті, қолдану саласы. Көк, жасыл т.б. түсті марганец
қосылыстарының технологиялық процестері.
5-
БӨЛІМ. КОБАЛЬТ ТОТЫҒЫ, ЖАРТЫЛАЙ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ ӨТКІЗГІШТЕР ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Кобальт тотығы,
пигменттер өндірісінің технологиясы, құрамы, қасиеті және қолдану саласы.
Өндірістің
физика-химиялық негізі. Аралас көк түсті пигменттер технологиясы, құрамы, қолдану
саласы.
Жартылай өткізгіштер
өндірісінің технологиясы. Қолдану саласы, құрамы, қасиеті. Химиялық
негізі. Жоғары өткізгіштер өндірісінің технологиясы. Өткізгіштер құрамы,
шикізат түрлері. Өңдеу әдістері, өндірістің
технологиялық көрсеткіштері.
ҰСЫНЫЛАТЫН
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ
1. Магний тотығын алу
2.
Темір тотығын өңдеу
3.
Барий тотығын алу
4.
Мырыш тотығьн алу
5.Қорғасын сутегі
мен тотығын алу
6.
Титан тотығын алу
7.
Марганец тотығын алу
8.
Кобальт, кремний тотықтарын алу
9.
Алюминий тотығын алу
10. Жартылай
және жоғары өткізгіштер алу
ҰСЫНЫЛАТЫН СӨЖ және
СОӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1. Титан тотығы өндірісі. Алыну әдістері
2. Мырыш тотығы өндірісі. Әр түрлі әдістері.
3. Қызыл, қызғылт және сары қорғасын пигментінің алыну технологиясы
4. Қорғасын тотығының өндірісі
5. Сынап сульфидінің және тотығын алу технологиясы
6. Алюминий
тотығының алу технологиясы? Технология получения оксида алюминия.
7. Стронций қосылысының алу технологиясы
8. Барий
технологиясының алу технологиясы
9. Жартылай
өткізгіштік материалдардың
технологиялық өндірісі
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиеттер
1.
Девятых Г.Г., Елдиев Ю.Е. Введеиие в
теорию глубокой очистки веществ
- М: Наука, 1981. - 320 с.
2.
Степени В.Д., Горштейн И.Г., Блюм Г.З. и
др. Методы получения особо
чистых неорганических веществ. Л.: Химия, 1969. - 480 с.
3.
Расчеты по технологии неорганических
веществ. Уч. пособие для вузов.
Под ред. проф. М.Е.Позииа - Л: Химия, 1966 и 1977,- 496 с.
4.
Расчеты по
технологии неорганических веществ.
Под ред. П.В.Дыбиной - М.: Химия, 1973.- 436 с.
5.
Кармышев В.Ф. Химическая переработка
фосфоритов. М.: Химия, 1983. -304 с.
6.
Миркина Л.И., Стародубова Г.Г.
Материальные и тепловые расчеты
в производстве реактивных фосфорных солей кальция Чимкент,
КазХТИ, 1979. - 25 с.
7.
Шакиров Б.С., Гильманова Г.Б.
Технологические расчеты контактного
отделения производства серной
кислоты на ЭВМ. Методические
указания - Чимкент: КазХТИ, 1987. - 58 с.
8.
Гильманова Г.Б., Бугенов Е.С., Горбунов
Ю.Л. Расчет материальных потоков в
производстве монокальцийфосфата. Методические указания -
Чимкент: КазХТИ, 1989. - 24 с.
Қосымша
әдебиеттер
9.
Попова Г.Я., Миркина Л.И., Шапиро
Л.Д. Производство натрия фосфорнокислого пиро. Методические указания - Чимкент: КазХТИ, 1990.-10 с.
10.
Методические указания к выполнению
лабораторных работ по технологии неорганических веществ. ч.1 –
55 с, ч.2 - 54 с. - Чимкент: КазХТИ,
1990.-52 с.
11.
Мельник
Б.Д.
Инженерный
справочник по техиологии неорганических веществ.
Графики, номограммы. Изд. 2-е перераб. и доп. М.: Химия, 1975.-360 с.
12.
Свойства
неорганических соединений. Справочник под ред. Ефимова А.И.
и др. - Л.: Химия, 1988. - 392 с.