№1 БАРИЙ ТОТЫҒЫН АЛУ
Жұмыстың мақсаты - барий тотығын жоғары температурада
азот қышқылды барийден күйдіру арқылы алу жағдайын
үйрену.
Барий тотығын алудың ілімдік негізі.
Барий тотығын азотқышқылды
барийды тигельді немесе муфельді пештерде күйдіру арқылы алады:
2Ba(NO3)2 =
2 BaO +4NO2+ O2
Реакция 1000-10050С –қа дейін қыздырғанда өтеді.Бірнеше
сағат күйдіргеннен кейін 96% -дан жоғары құрамды
ВаО алынады. Бөлінген азот тотығын сілті ерітінділерімен ұстайды.
Ba(NO3)2 болат тигельдерде (биіктігі 0,5м, диаметрі
0,4-0,5м конус формалы )күйдіргенде тигельдердің сыртқы және ішкі беттерін
тигельді газ шығатын тесігі бар қақпақпен жабады. Газдың
бірден қатты бөлініп материалдарды шығын өтпеу үшін
тигельді қыздыруды 30-35 сағат
өткізеді. Процесс біткенде 10-12 сағат суытады да тигельдерді
пештен шығарады. Қосымша суытқаннан кейін барий тотығын
жақсы жабылатын болат жәшіктерде сақтайды, өйткені ол
ауадан көміртегі тотығын өзіне сіңіреді.
ВаСО3 9000С жоғары
температурада барий оксиді мен көмір қышқыл газына ыдырайды.
Толық ыдырау үшін барий карбанатын 14000С-қа дейін
қыздыру қажет. Пеште температураны төмендеткен жағдайда
кері процесс өтіп, алынған өнімнен қайта барий
карбонаты түзіледі. Күйдіру кезінде материал бетінде аздаған
балқу өтетін жағдайда процестің өтуі өте қиын
болады. Бұл қиындықтарды жою үшін барий карбонатын көмір
қоспасымен күйдіреді. Нәтижесінде көміртегі СО2-ден
СО-ға дейін тотықсыздандырып, реакция төмендегідей өтеді:
BaCO3 +C = BaO
+2CO
Газ жүйесінде СО2 болмауы кері
реакцияның жүруіне мүмкіндік бермейді, нәтижесінде 12000С-тан
төмен температурада жүргізіп, материалдың балқуына жол
бермейді.Бұл процеске карборунттан жасалған аппарат қолдануды
ұсынған.
BaO қасиеті.
Көкшіл-ақ, жеңіл ұнтақталған
ұнтақ.Кейдемикрокристалды куб формалы алынады. Тығыздығы
5,72-5,8г/см3, балқу температурасы 19200С. Варий
тотығы ауадан ылғал мен СО2 қатты сіңіреді.
Соңғы уақыттарда ВаО газдарды кептіру үшін қолданылады,кептіру
процесіне қолданатын CaO. CaCI2 немесе алюмогелден артықшылығы
өте жоғары, ВаО бар түтіктен өткен ылғал ауада
8,5.106мг/л H2O қалады.
Жұмыстың орыдалу тәртібі
1.Азот қышқылды барий күйдіру арқылы
барий тотығын алу:
2Ba(NO3)2
= 2 BaO +4 NO2 + O2
Сыйымдылығы 70 мл тигельге
Шығуы 30-35г. Алынған таза өнімге
сәйкес келу керек.
2.99,9% ВаО өнімді барий қос тотығын термиялық
ыдыратуды вакуумде өткізіп алады:
2BaO2 =2 BaO +O2
Құрамы 95-97% ВаО2 реактивті
2000С-та 8-10 сағат кептіредіде никельді қайықшаға
салып кварцты түтікке қояды. Түтікті түтікті пешке салады және шлифтер
күшімен вакуум жүйесіне қосады.
0,03-0,05мм.сын.бағ. қысымға дейін вакуумдағаннан кейін
4000С-қа дейін қыздырады, бұл температурада
оттегінің қатты бөлінуі тоқтағанға дейін жүргізеді.
Сонан кейін температураны 500-6000С-қа
дейін қыздырады, бұл температурада қысым 0,03-0,05мм.сын. бағ.көрсеткенге
дейін ұстайды. Қысым тұрақталғаннан кейін 900-9500С
жоғарлатып, қайтадан қысымның тұрақталуын күтеді,
мұнан кейін күйдіру 5-6 сағат өткізіледі.Сонан соң
түтікті вакуумда бөлме температурасына дейін суытады. Өнімдегі
қоспа құрамы бастапқы ВаО2 тазалығына
байланысты.

1-Трубкалы пеш; 2-Электрлі қыздырғыш;
3-Термопара; 4-Фарфоровая трубка; 5-стальді тигель; 6-миливольтметр 7-РНО -250
регулятор
Талдаулардың әдістемеcі
1 Барийды анықтау
Комплексометриялық әдіс
Әдіс барийді барий сульфаты түрінде тұнбаға түсіруге
негізделген.
BaO + H2SO4
=BaSO4 + H2O
Алынған тұнбаны күйдіреді және өлшейді.
Реактивтер:
Тұз қышқылы, тығыздығы 1,19
Тұз қышқылы, ерітіндісі 1:1
Азот қышқылы , тығыздығы 1,40
Күкірт қышқылы, тығыздығы 1,84
Күкірт қышқылы, ерітінділері 1:1 және 1:2
Аммоний хлориді
Натрий көмір қышқылы, сусыз
Күміс нитраты, 1%-тік ерітінді.
Талдау жолы
1г өнімді 250 мл көлемді конусты колбаға
салып сумен шаяды, 10-12 мл тұз қышқылын құйып қыздырады
және 15мин қыздырады және 10-15мин қайнатады.5мл азот қышқылын
құяды және кепкенше буландырады. Құрғақ
қалдыққа 20мл тұз қышқылын (1:1) және
100мл су құяды.
Ерітіндіні тұнбамен қайнатады да, ыстық
сумен шаяды, шаюды тұз қышқылымен қорғасын теріс
реакцияға дейін қышқылдандырып өткізеді (күкірт
натриймен тексеру).
Шайылған тұнба фильтрмен бірге
платинді тигелге салып төмен қыздыруға қояды. Сонан соң
тұнбаға 5г сусыз содамен балқытады.
Балқыманы 100 мл сумен шаймалап салады.
Барий карбонатының тұнбасын сүзеді және филтрьлі
2-% тік сода ерітіндісімен сульфат ионға теріс реакцияға дейін
(барий хлоридімкен тексеру). Шаймалауды өткізген стаканға
фильтрдегі тұнбаны шайып түсіреді де 10мл тұз қышқылымен
ерітеді. Ерітіндіні қайнауға дейін қыздырады және барий
карбонаты түзілген фильтрде сүзіледі. Фильтрді 2-3 рет ыстық
сумен шаяды. Фильтратты 300-350 мл-ге дейін су құяды, қайнауға
дейін қыздырады, 5-10 мл күкірт қышқылын(1:2) қосады
және 5-10 мин қайнатады.
Тұнбаны 2-3 сағ тұндыруға
қояды және тығыз қағаз фильтрі арқылы сүзеді.
Фильтрдегі тұнбаны ыстық сумен хлор ионына теріс реакцияға дейін шаяды(күміс
нитратымен тексеру). Фильтрді тұнбасымен
фарфор тигельге салып кептіреді және 900-10000С-та күйдіреді.
(тұрақты салмаққа дейін).
Варий құрамын
төмендегі формуламен есептейді:
Ba = (Ba 0.5885 100)/ a
Мұндағы В- барий
сульфаты салмағы,г
А- бастапқы
талдауға алынған салмақ, г
0,5885 –барий
есептеу асны.
Тексеру сұрақтары:
1.ВаО алуға қандай шикізаттар қолданады.
2.ВаО алуға қандай әдістер қолданады, әр әдістегі
ВаО алудың температуралық тәртібі.
3.Бұл әдістердің артықшылықтары мен
кмешіліктері қандай.
4.Жұмысты жүргізу тәртіптері.
5.Талдау әдістері.
№ 2
ТЕМІР ТОТЫҒЫН АЛУ
Жұмыстың мақсаты – Темір тотығын алудың түрлі әдістерімен
танысу және өндірістегі технологиялық тәртібін үйрену.
Темір тотығын алу процесінің химиялық негізі.
Қызыл темір тотығын екі әдіспен
алуға болады:
1.Темір сульфатын (темір купоросы) күйдіру немесе құрамында темірі бар қалдықтарды 700-8000С-та
күйдіру арқылы алады.
Қызыл темір тотығын
бірінші әдіспен алу темір сульфатын 6500С жоғары
температурада темір тотығы мен газ түріндегі күкірт тотықтарына
ыдыратуға негізделген:
FeSO4 = Fe2O3
+ SO2 + SO3
Темір тотығының негізгі тұзының түзілуі алыстырмалы
төмен температурада(1000С) FeSO4 H2O- тің
нәтижесінде өтеді:
6FeSO4 H2O + 1.5 O2
= 6 Fe(SO4)(6H) + 3H2O
4250С-тан бастап, сусыз ҒеSO4 тұзының
тотығуы жылдамдайды:
6 FeSO4 + 1,5 О2
= 2 Fe2(SO4)3 + Fe2O3
5000С-та бұл процеске негіздік тұздың
сусыздануы қосылады:
6 Fe(SO4) (OH) = 2 Fe2(SO4)3 +Fe2O3 + 3 H2O
Іс жүзінде темір
купоросының ыдырауы температурасы 680-7000С. Қызыл темір
тотығын алу үшін бай темір рудасын күкірт қышқылымен
өңдеу арқылы алған Fe2(SO3) қолданып та алады. Fe(SO4)3 H2O 10000С-та жартысын, ал 1800С-та
толық сусызданады, ал 700-8000С ыдырайды:
Fe2(SO4)3 =Fe2O3 + 3SO3
Темір тотығын тұнбаланған темір тотығы гидратынан күйдіру
арқылы алу жоғары температурада оңай диссоциялануына
негізделген:
Fe2O3
nH2O = Fe2O3 nH2O
Темір тотығының гидраты толық 3000С-та
сусызданады. Бірақ бұл температурада түзілген темір тотығы
қажетті қасиеттерге ие болмайды.
Сонымен қатар қызыл темір тотығын тек 600-7000С-та
күйдіргенде ие болады. Сонымен қатар қызыл темір тотығын
салыстырмалы төмен температурада FeO Fe2O3 тотықтыру
арқылы (275-3000) мына реакция бойырша алады:
2(FeO Fe2O3)
+ 0.5 O2 = 3Fe2O3
Бірақ бұл жағдайда анық қызыл түсті
болып жоғары температурада (600-700) түзіледі.
Технологиялық
процесс
Қызыл темір тотығын келесі әдістермен алады:
1.Темір сульфатын күйдіру.
2.Темір тотығы гидратын және FeO Fe2O3 күйдіру.
3.Колчеданнан алынған огарокты кластарға бөлу.
4.Темір пентокаобонилін жағу арқылы:
Темір тотығы
гидратын және Ғе3О4 күйдіру.
Темір тотығы гидратын әр түрлі
жолдармен алуға болады, мысалы темір тотығының
негіздермен тұндыру, темір тотығының
тұздарын гидролиздеу арқылы. Негізінен темір сульфатын содамен, темір хлоридін әкпен
өңдеу арқылы алынады, түзілген тұнбаны тотықтыру
арқылы алады. Бұл процестерді төмендегі реакциялармен көрсетуге
болады:
Тұндыру:
2FeSO4 +2
NaSO4 =2 FeCO3 +Na2SO4
2FeCI2 + 2CaCO3
=2FeCO3 +2 CaCI2
2FeCI2+ 2Ca(OH)2 =2Fe(OH)2
+2CaCI2
Тұндыру:
2FeSO4 H2O + 0.5 O2 =2FeO2 H2O
+ 2CO2
2 Fe (OH)2
H2O + 0.5 O2 = Fe2O3 H2O
+2 H2O
Тотықтыру ауа құрамындағы оттегімен өткізеді,
яғни ауаны материал арқылы белгіленген жылдамдықпен өткізеді.
Темір пентокорбонильді жағу.
Темір пентокорбонил Fe2(CO)5
түссіз ерітінді. Қыздырғанда темір пентокорбонил жанады. Жану
нәтижесінде темір тотығы және көміртегі газы бөлінеді:
4Fe2(CO)5 + 13O2
=2Fe2O3 +20CO2
Қызыл темір пигменті келесі талаптарды қанағаттандыруы
тиіс:
Темір құрамы (Fe2O3-ке есептегенде), %,
кем емес 92
Темір қос тотығы (ҒеО-ға есептегенде), %, кем емес
Суда еритін тұздар, %, көп емес 1,0
Ылғал құрамы, %, көп емес 0,5
Електе қалатын қалдық, % ,көп емес 1,5
Судағы көрсеткіші-бейтарап
Ғе2О3 қасиеті.
Алыну әдісіне байланысты Ғе2О3
немесе жылтыр қызыл ұнтақ,тығыздығы 5,24г/см3
(L-модификациялы Ғе2О3 тығыздығы
4,7г/см3).Балқу температурасы 15650С .Айдау
температурасы 20000С шамасында.Темір тотығы қышқылдарда
өте аз ериді,ал 16 есе артық алынған 8бөл.H2SO4және
3 бөл. Н2О ерітіндісінде жақсы ериді.
Жұмыстың орындалу тәртібі
Темір тотығын темір нитратын күйдіру арқылы
алады:
4Fe(NO3)3
= 2Fe2O3 + 12NO2 +3O2
Үлкен фарфор тигельге салынған 100г Fe(NO3)3
9H2O тұзы электр пешінде балқыма түзеді.Ол 1210С-та
қайнап,азот қышқылын және азот тотығын бөледі.
Қыздыру процесінде ерітінді қоюланады,оның шашырап қайнамауы
үшін 1300С-тан бастап,фарфор таяқшамен араластырып
отырады.Осы жағдайда ол қоюланады және паста түрінде
болады(ерітіндіні араластырған жағдайда қатты масса түзеді).1320С-та
паста бірден ұнтаққа
айналады, бұл кезде де азот қышқылы және азот
тотықтарының бүлінуі тоқтамайды.Араластыруды тоқтатпай
қыздыруды (20-25мин) толық кепкенге дейін жүргізеді. Шығуы
10г(98,5%).
Темір тотығын Мора тұзынанда
алуға болады.Бұл үшін қымыз қышқылды
темірді тұнбаға түсіреді және оны ауа қатысында күйдіреді.
(NH4)2SO4 .FeSO4 6H2O
+ H2C2O4 =FeC2O4 +H2O
2FeC2O4 =Fe2O3
+CO +CO2
150г мор тұзының ыстық ерітіндісін 200мл суға
жайлап құяды.Оның үстіне қатты араластырып
80-90мл ыстық қаныққан қымыз қышқылының
ерітіндісін құяды. Түскен тұнбаны Бюхнер воронкасында сүзіп
алады,тұнбаны ыстық сумен сульфат ионына теріс реакцияға
дейін шаяды. Тұнбаны 100-1100С-та кептіреді және аздаған
мөлшерден фарфор ыдыста 400-5000С үздіксіз араластырып күйдіреді.
Шығуы 30г.
Спектрлі таза Ғе2О3
алу үшін жоғары квалификациялы реактив қолданылады, ал су екі
рет айдалған ( бидистиллят) болуы қажет.
Химиялық таза 100г темір
(3)тотығын бидистиллят суда ерітеді.Ерітіндіні тағы да ерітеді,сүзеді,
тығыздығы 1,55(200С-та) дейін буландырады және
азот қышқылды темірді кристалдандырады. Алынған Fe(NO3)3
9H2O тұзын бидистилляттан екі рет кристалдандырады, кристал бөлінген
ерітіндіні тастайды және бірінші бөлінген
кристалдар ғана алынады. Жергілікті таза затты бидистиллятта ерітеді,сүзеді
және саз түріндегі аммиакпен қанықтырады, КОН
ерітіндісімен және сумен шаяды. Түзілген тұнба Бюхнер
воронкасында сүзіп жуады,кептіреді, 5000С-та кептіріп ұнтақтайды.
Шығуы 25г,99,8-99,96% Ғе2О3.
Темірді анықтау әдісі
Калометриялық әдіс.
Үш валентті темір ионы сульфасалицил қышқылымен
араластыру арқылы алынады,комплекс түрі,құрамы
ерітіндінің рН-на байланысты болады.Қышқыл ерітіндіде
(рН=1.8-2.5) моносалицит Fe(Sal)+ түзіледі.Бейтарап ерітіндіде
(рН=4-8) дисалицит (Fe(Sal)2)- түзіледі, ал әлсіз
сілтіде трисалцит Fe(Sal)33 сары түс түзеді.
Реактивтер:
Сульфасалицил қышқылы, 10%-тік ерітінді.
Сутек қос тотығы, 30%-тік ерітінді.
Темірдің типтік ерітіндісі:
А ерітіндісі: 0,84г темір- аммонийлі кварцты 5мл күкірт қышқылы
(1,84) бар 1л суда ерітіледі, 1мл А
ерітіндісінде 0,1мг темір бар .
Б ерітіндісі: 10мл А ерітіндісін колбаға өлшеп құяды,сумен
белгіге дейін жеткізеді, 1мл Б ерітіндісінде 0,01мг темір бар.
Цинк сульфатын(х.Т) 287,56г өлшеуіш
колбада(500мл )ерітеді.1мл ерітіндіде 0,13г цинк бар.
Талдау жолы.
1мл зерттелетін ерітіндіні конусты колбаға
(100мл)құяды, 15-20мл 5%-тік тұз қышқылының
ерітіндісін құяды, 1-2 тамшы сутегі қос тотығын қосады
және 1-2мин темірдің тотығуы үшін қайнатады.
Сонан соң колбаны суытадыда өлшемдік колбаға ауыстырады. 10мл
10%-тік сульфасалицил қышқылын құяды жәнет
аммиакпен бейтараптандыруды күлгін түстен сары түске өткенге
дейін жүргізеді, 2-3мл артық құйылады. Ерітіндіні
суытады,сумен белгіге жеткізеді және фотокалориметрде ФЭК Н-57 анықтайды(светофильтр
2, кювета 30-50мл).
Калибрлік қисығын тұрғызу.
Б ерітіндісінен әр колбаға 1, 2, 3,
5мл алынады. Әр қайсысына 10-15мл 5%-тік тұз қышқылын,
1мл күкірттік цинк, бір тамшы сутегі қос тотығын құяды
және қайнатады. Ерітіндіні суытады, 50мл өлшемдік колбаға
ауыстырады. Әр қайсысына 10мл 10%-тік сульфосалицил қышқылын
қосамыз, аммиакпен бейтараптандыруды сары түске өткенге дейін
жүргіземіз. Сонан соң жоғарыдағыдай талдау өткізеді.
Темірдің құрамын
төмендегі формуламен есептейді:
%. Fe = m/a V1/V2 100/1000
Мұндағы, m- график арқылы
табылған масса,мг
a- талдауға алынған зат салмағы,г
V1- өлшемдік колба көлемі.
V2-
талданатын ерітінді көлемі.
Комплексометриялық әдіс
Әдіс үш валентті темірдің трилон
Б-мен комплекс түсуіне негізделген. Индикатор ретінде сульфасалицил қышқылын
қолданады. Темір бұл қышқылмен қүшті
комплекс түзеді, қызыл –көкшіл түсті ерітіндіге
боялады. Эквиваленттік нүктеде
темір комплексі толық бұзылады да үш валентті темір
трилон Б-мен комплекс түзеді, оның түсі сары.
Титрленетін ерітіндіні 60-700С-та
қыздырады, өйткені төмен температурада үш валентті
темір трилон Б-мен өте жай түзеді. Ерітіндінің рН= 1-1,5
болуы керек.рН-тың бұл мәнінде басқа металдар трилон
Б-мен тұрақты комплекс түзбейді.
Реактивтер:
Тұз қышқылы,тығыздығы 1,19
Күкірт қышқылы,тығыздығы 1,84.
Азот қышқылы ,тығыздығы 1,4.
Аммиак,25%-тік ерітінді.
Трилон Б ,0,05Н ерітінді.
Сульфосалицил қышқылы,20%-тік ерітінді
Буферлі ерітінді,рН=1-2 және 15%-тік ерітіндісі.
Сірке қышқылды аммоний,құрамында 90мл тұз қышқылы
1л ерітіндіде еріген.
Талдау жолы
0,5г сынаманы өлшеп,100-150мл-лік конусты
колбаға бірнеше тамшы сумен шаямыз,10 мл тұз қышқылын құйып,
5-10 минут қайнатады. 5-10 минут қайнағаннан кейін 3-5 мл
азот қышқылын құямыз.Ерітіндіні кепкенше қайнатамыз,
бірақ күйдірмейміз.Ыдыратқаннан кейін қалған затқа
7-10 мл тұз қышқылын құйып, қайта кепкенше қайнатамыз.Салқындауын
күтеміз. 50 мл тұз қышқылын (1:1), 1г натрий хлоридін қосып,
5мин тұз толық ерігенше ысытамыз. Ерітінді бөлме
температурасына дейін суытамыз. 10мл аммоний хлоридін қосады, сонан соң
25%-тік аммиак ерітіндісімен бейтараптандырамыз, темір гидрооксиді толық
бөлінуі үшін артық мөлшерде аммиак ерітіндісін қосамыз.
Ерітіндіні 100 мл өлшемді колбаға ауыстырамыз. Ыдырату өткізген
конусты колбаға таза шайып, оны да колбаға құямыз.Өлшемді
колбаны белгісіне дейін сумен толтырамыз, жақсылап араластырамыз.Тұнбаны
коагуляциялау үшін қайнатады.Ыстық күйінде тығыз
емес филтрден сүземіз, филтрдегі тұнбаны 1-2 рет ыстық аммиак
суымен шаямыз.
Филтрдегі тұнбаны темір гидрооксидін тұнбаға
түсірген колбаға ыстық сумен шая отырып ауыстырамыз, 2-5 мл күкірт
қышқылын қосады, сумен ерітіндіні 80-100 мл жеткізеді.Аммиак қоса
отырып қайта темір гидрооксидін тұнбаға түсіреміз.
Темірді қайта тұнбаға
түсіруді мырыш пен мыстың толық бөлінуі үшін
орындайды. Тұнбаны қайтадан пайдаланылған фильтр арқылы
сүзеді.3-4 рет ыстық сумен шаяды, әр шайғанда фильтрден
шайынды судың толық сүзілуін күтеміз. Шайылған тұнбаны
ыстық тұз қышқылымен (1:1) ерітеміз, фильтрді ыстық
сумен хлор ионына теріс реакцияға дейін өткізеді.Алынған
ерітіндінің көлемі 200-250 мл болуы тиіс.
Ерітіндіні 70-80 0С-қа
дейін қыздырамыз, бюреткадан аммиакпен (1:1) бейтараптандырады.
Бейтараптандыруды сары түстен (темір хлориді) ашық түске өзгергенше
тамшылатып қосады.Сонан соң 10 мл буфер ерітіндісін , 2 тамшы
сульфасалицил қышқылының ерітіндісін қосып,трилон Б-мен
қызыл көкшіл түстен сары түске өткенше
титрлейміз.
Темір құрамын төмендегі
формуламен есептейміз:
%.Fe = (V T 100)/a
Мұндағы, V -титрлеуге кеткен трилон Б-ның мм-лік
саны.
T -трилон
Б-ның темір бойынша титр , г/мл
а- сынама салмағы.
Темірді жылдамдату әдісімен анықтау
Әдіс өнімді азот
қышқылымен толық ыдыратпай және қоспа
элементтерді бөлмей анықтауға негізделген.
Реактивтер:
Азот қышқылы, тығыздығы 1,4
Аммиак,25%-тік ерітінді.
Тұз қышқылы,1:2 ерітіндісі
Сульфасалицил қышқылы, 20%-тік ерітіндісі
Трилон Б 0,05Н ерітіндісі.
Талдау жолы
Салмағы
№3 МЫРЫШ ТОТЫҒЫН АЛУ
Жұмыс мақсаты - мырыш
тотығын алу әдістерімен танысу, технологиялық процесті
лабораториялық жағдайда өткізу.
Мырыш тотығын өндірісте алу әдістері мен процестің
ілімдік негізі.
Өндірістік құрғақ әдіс.
Мырыш тотығын
құрғақ әдіспен алу үшін мырышты бу күйіне
айналдырады, мырыш буын тотықтырады және түзілген мырыш тотығын
ауаадағы суспензиясынан бөледі. Өндірістік құрғақ
әдіс өз кезегінде екі топқа бөлінеді.
1.Муфельді әдіс.
Муфельдік әдіспен мырыш тотығын алуға металдық
мырыш қызмет етеді.Олекі сатыдан тұрады:
-металдық мырышты буландыру
-алынған буды тотықтыру және ауадағы суспензиядан бөліп
алу.
Мырыш буын тотықтыру реакциясы экзотермиялық:
Zn + 0.5 O2 = ZnO +85.4 ккал
Металдық мырыштың қоспалары болып табылатын кадмий мен қорғасын
да буланып тотығады:
Cd + 0.5 O2 =
CdO+60ккал
Pb +0.5 O2
= PbO + 52.9ккал
Мырыш тотығында кадмий мен қорғасын тотықтарының
бар болуы мырыш тотығын күкірт сутекке сезімтал етеді.
ZnO + H2S =H2O
+Zn (ақ түсті)
CdO + H2S = H2O
+Cd (сары түсті)
PbO + H2S
= H2O + Pb (қара түсті)
2. Ветерилл әдісі
Ветерилл әдісі шикізат ретінде күйдірген мырыш концентраты қолданылады.
Құрамында қорғасыны жоқ тотыққан
мырыш рудалары және де мырыш құрамдас қалдықтар,
мысалы мырыш тотықтары қолданылады.
Күйдірілген мырыш
концентраттары мырыш тотығын алуда негізгі шикізат болғандықтан
күкіртті руданы күйдіру арқылы алады:
2Zn + 3O2 = 2ZnO
+ 2SO3 +227ккал
Күйдіру нәтижесінде алынған өнім құрамында
мырыш 70%-ке дейін болады.Мырыш тотығын алуға мырыш құрамдас
қалдықтармен бірге құрамындағы мырыш карбонаты түрінде
болатын тотыққан мырыш рудасын да (смитсонит) қолдануға
болады. Ветирилл пешінде смитсонит 3000С-та мырыш тотығын түзіп
ыдырайды:
ZnCO3 = ZnO + CO2
-12.1ккал
Пешке өткізілген немесе пеште смитсонитті ыдырату кезінде түзілген
мырыш тотығы 13000С шамасында металдық мырышқа
дейін тотықсызданады,ол бұл температурада тек бу күйінде
болады, себебі ол 9500С-та қайнайды. Ауаның артық
шығынының нәтижесінде немесе көмір қышқылгазы
бар болуы әсерінен мырыш буы пештің жоғарғы бөлігінде
мырыш тотығына тотықсызданады.
Вентирилл пешінде өтетін
про цестерді келесі теңдіктермен көрсетуге болады:
ZnO +CO = Zn( бу) +CO2 -17.7ккал
CO2 + C = 2CO + 38.7ккал
Zn(бу) + CO+ O2 = ZnO + CO2 +
153.1ккал
------------------------------------------------------
C + O2 = CO2 + 96.7ккал
Аралық өнім ретінде түзілген көмір қышқыл
газы бу күйіндегі металдық мыршпен тотығып мырыш тотығына
өтеді:
Zn + CO2 =ZnO + CO +17.7ккал.
Вентерилл процесі рудадан 80-90% мырыш бөліп алуға мүмкіндік
береді.
Өндірістік ылғал әдіс.
Мырыш тотығын ылғал әдіспен мырыш тұзының
судағы ерітінділерінен тұнбаланып алынған, оңай
диссоцацияланатын мырыш қоспаларын күцдіру арқылы алады.
Зерттеулердің мәліметтері
бойынша мырыш тотығын мырыш карбонатының негізгі тұзын
мырыштың аммиакты ерітіндісінен тұндырып,оны күйдіру арқылы
алады.Мырыштың аммиакты ерітіндісін мырыш шикізатын аммиакпен өңдеу
арқылы алады. Аммиак ерітіндісіне анықталған аммоний карбонат
мөлшерін қосса мчырыштың еруін жылдамдатады және оның
ерігіштігін арттырады. 800С-қа қыздырылған ауаны
мырыштың аммиакты ерітіндісі арқылы үрлесе аммиак
айдалынадыда тұнбаға құрамы m ZnCO3 nZn(OH)2
негіздік мырыш карбонаты түседі.Тұнбаға түскен негіздік
карбонат тұзы сүзіліп және кептіріліп болғаннан кейін
10000С-та 1сағат күйдіріліп, мырыш тотығына
айналады.
M ZnCO3 nZn(OH)2 = (m+n)
ZnO + nCO2 + nH2O
Басқа әдісте мырыштың негіздік карбонатын тазаланған
мырыш сульфатын содамен әрекеттестіріп алуға болады.Мырыш сульфатын
алу үшін мырыш шикізатын күкірт қышқылымен өңдейді.
Алынған мырыш сульфатын еримейтін қоспалардан бөлу үшін
сүзеді, сонан соң алынған мөлдір ерітіндіні темірмен
ауыр металдардан тазалау үшін химиялық тазартуға береді.
Мырыш сульфатының
ерітіндісіне натрий бикарбонатымен әсер еткенде тұнбаға мырыш
карбонаты түседі:
ZnSO4 + 2
NaHCO3 = ZnCO3 + Na2SO4 +H2O
+CO2
Ал натрий карбонатымен араластырса мырыштың негіздік карбонат тұзы
анықталмаған құрамда түзіледі. Мырыштың негіздік карбонат тұзын 10000С-та
1 сағат күйдіріп мырыш тотығын алады.
Жоғары сапалы мырыш
тотығын алу үшін мырыш сульфатын аммиакпен тұндырып ,мырыш
гидрооксидін алу қажет:
ZnSO4 + 2NH4OH = Zn (OH)2 +(NH4)2SO4
Тұнбаға түскен мырыш гидрооксидін 2-3рет ыстық
сумен шаю қажет,нәтижесінде аммоний сульфатының негізгі салмағы
жуылады және мырыш гирооксиді біртіндеп дегидротацияға түседі.
Сұйықтан бөлініп кептірілген тұнба күйдіру
кезінде мырыш тотығына өтеді.
(NH4)2SO4
=2NH3 + H2SO4
Сусыз мырыш сульфатынан хлорлы тұздардың
қатынасының кезінде де ақ түсті өнім алынады.9900С
–қа дейін күйдіру температурасын көтерсе мырыш тотығының
сапасы төмендейді,оның сіңіргіштігі мен интенсивтілігі төмендеп,
мырыш тотығы қатты болады. 8500с-та мырыш сульфатының
диссацациялануы мырыш сульфатына қарағанда
өте аз,сондықтан
ZnSO4 = ZnO + SO3
Процесі өтпейді.Тотықсыздандырғыштың
қатысуында алдымен мырыш сульфатының мырыш сульфитіне тотықсыздануы
өтеді.
ZnSO4 + C = ZnSO3 +CO
Түзілген мырыш сульфитінің
диссацациялануы 8500С мырыш сульфатының диссацациялануынан өте
жоғары, сондықтан диссоцациялану процесі жақсы өтеді:
Бұл әдіспен алынған мырыш тотығы
мырыштың негіздік карбонатынан алынған мырыш тотығынан қасиеті
жағынан кем түспейді.
Қасиеті.
Молекулярлық салмағы 81,37. Сарғыш
–ақ ұнтақ тығыздығы
5,606г/см3.Қыздырғанда шыдамды, қыздырғанда
лимонды-сары түсте болады,суытқанда бастапқы түске қайта
келеді.18000С-та айдалады.Іс жүзінде суда ерімейді(2,640-4%
260С-та ). Сутегімен тотықсызданбайды.
Жұмыстың орындалу тәртібі.
«Күкіртсіз» таза өнім техникалық өнімнен (мырыш
тотығы )алынады.Фарфор стаканға (сыйымдылығы 1л) 140г (NH4)2CO3
(т.а.т.),200-250мл су және 50мл NH4OH(т.а.т.) тығыздығы
0,91 саламыз. Астына араластырғыш қосып,біртіндеп 50г ZnO(техн.)
салынады. Ерігеннен кейін (20-40мин.кейін) ерітіндіге қорғасын қопасын
тұнбаға түсіру үшін 20г мырыш түйіршіктерін қосамыз,
толық бөлінген жағдайда сынамаға күкірт сутек
суын қосқанда күңгірт түске боялмауы тиіс.
Ерітіндіні тұндырғаннан кейін 10%-тік NH4OH батырылған
2фильтр арқылы сүзеді. Фильтратты фарфор табақшасына құйып
алады, 1/3 көлемге дейін буландырады, бұл кезде аммиак және көмір
қышқыл газы бөлініп мырыштың негіздік карбонаты
кристалл күйінде тұнбаға түседі. Ыстық сұйықтықты
фильтр арқылы сүзеді. Кристалды 3-4рет сумен шайып, жұқа
қабатты етіп фарфор табағына салады да 100-1250С –та
кептіреді, сонан соң 4000С-та қышқыл суда көмір
қышқыл газы көбіктеніп бөлінуі тоқтағанша күйдіреді.
Аса таза мырыш оксиді (
люминофор үшін)алуға шикізат ретінде құрамында 0,001SO4
бар Zn(SO3)2 алынады.
100г Zn(NO3)2
6H2Oзатты 30мл суда ерітіп, 5мл (NH4)2S қосамыз,
ара-арасында араластырады. 1тәуліктен кейін сүзеді, қажет жағдайда
бірдей көлемде су және араластыра тұрып NH4OH(т.т.а.,тығыздығы
0,93)құяды.Құюды
Zn(OH)2 түскенше жүргізеді(шамамен 50мл ). Тұнбаны
Бюхнер воронкасында сүзеді, 8010рет әр кез 50-60мл сумен жуады. Ылғал
Zn(OH)2 жұқа қабатты етіп фарфор табақшасына
салып, 100-1200С-та кептіреді, кептіруді араластырып жүргізеді,
сонан соң 3-4сағат 500-5500С-та күйдіреді. Шығуы-20г(~70%).
Мырышты талдау әдісі.
Комплексометриялық әдіс.
Әдіс рН=5-6 кезінде ацетатты буфер
ерітндісінде ксиленовый-оранжевый қатысында комплексометриялық
титрлеуге негізделген. Қалайының әсерінен сутек қос
тотығы қатысында фторид ионымен белгілейді,жасау жолымен жояды. Мыс
ионын калий иодидімен әлсіз қышқыл
ерітіндісінде калий иодымен тұндырады. Бөлінген бос иод аскорбин қышқылымен
түссізденгенше тотықсыздандырылады. Бұл кезде түзілген
сүт түсті ақ тұнба(мыстың 1 валентті иоды )
трилон Б-да ерімейді,абсорбциялық қасиеттерге ие емес және
эквивалент нүктесін анықтау мүмкіндігінше арттырады.
Реактивтер:
Тұз қышқылы,тығыздығы 1,19
Күкірт қышқылы,тығыздығы 1,84
Азот қышқылы,тығыздығы 1,40
Аммиак ерітіндісі,25%-тік ерітіндісі
Иодты калий,10%-тік ерітіндісі
Фторлы натрий,4%-тік ерітіндісі
Ксилиловый-сарғыш ерітіндісі
Аскорбин қышқылы, кристалл
рН =5,8-6 буфер ерітіндісі-150г аммоний ацетатын 1л суда ерітіп рН = 5,8-6
дейін 5-12мл шоғырлы тұз қышқылын қосады.
Трилон Б-титрлейтін ерітінді.
Сутегі қос тотығы -15%-тік ерітінді.
Талдау тәртібі.
0,1-0,5г сынаманы темірді талдау әдісіндегідей
ыдыратады. Қорғасынмен темірді бөлгеннен кейін ерітіндіні
80-100мл-ге дейін буландырады, 1:1 тұз қышқылымен қышқыл
реакцияға дейін («конго» қағазы бойынша ), 2-3 тамшы 15%-тік
сутегі қос тотығын, 10мл 4%-ті натрий фториді ерітіндісін, 25мл
10%-тік калий иодын (мыс болған жағдайда тұнбаға түседі)
және аздаған аскорбин қышқылын түссізденгенше қосады.
Одан әрі ерітіндіге 5-10мл ксиленді-сарғыш ерітіндісін қосады,
1:1 аммиакпен ерітінді сары түстен сарғыш түске ауысқанша
бейтараптандырады, 10мл ацетатты буфер ерітіндісін(рН=5,8-6) қосып,
трилон Б-мен титрлейді.
Мырыш құрамын
мына формуламен есептейді:
%,Zn = (V T 100)/a
Мұндағы, V - трилон Б-ның кеткен мөлшері,мл
Т- трилон Б-ның мырыш бойынша титрі,г/мл
а-сынама салмағы,г.
Тексеру сұрақтары.
1.ZnO өндірістік әдістері менпроцестердің химиялық
негіздері.
2.Құрғақ және ылғал әдістердің
артықшылықтарымен кемшіліктері.
3.ZnO қасиеттері.
4.Жұмыстың орындалу тәртібі.
5.мырыштың талдау әдісі.
№ 4 АЛЮМИНИЙ ТОТЫҒЫН АЛУ
Жұмыстың мақсаты - алюминий тотығын алу жағдайын үйрену
және оның сапасын тексеруде жаңа әдістерді қолдану
жолын үйрену.
Алюминий тотығын алудың ілімдік негіздерін үйрену.
Сусыз алюминий тотығын әртүрлі
модефикациялы ,олар бір-бірінен кристалдық торының құрылысымен,
яғни осының нәтижесіндегі химиялық қасиеттерімен
ерекшелінеді. Технологтар үшін ең қасиеттісі
γ- Al2O3(α- глиназем) және -Al2O3( -
глиназем).
-
Al2O3 корунд деген атпен танымал, ол табиғатта
кездеседі немесе жасанды жолмен алынады. Корунд механикалық жылдамдылығымен
және химиялық тұрақтылығымен ерекшелінеді; ол ылғал сіңіргіш
емес, тығыздығы 3900-4000 кг/м3.
-Al2O3
табиғатта кездеспейді, ол гидраргиллитті және билитті 400-9500С-та
күйдіру нәтижесінде алынған өнім. -Al2O3
Байер бойынша сілтілік ( ылғал) әдіспен алу.
Байер әдісі 1869-1892 жылы ашылды. Кари Иосив Байер бұл әдісте
екі негізді қолданды: боксит құрамындағы глназемды
ерітіндіге күйдіргіш натрмен руданы өңдеу арқылы өткізеді:
Al2O3
n H2O =Na2O + Al2O3 + (n+1) H2O
Және алюминикатты ерітіндіні өздігінен гидролизге түсіру,
яғни Al(OH)3 тұнбаға түсіру:
Na2O Al2O3
4H2O =2Al(OH)3 + 2NaOH
Алюминий гидрооксидін күйдіріп өнім алынады.2250С
–та алюминий гидроксиді біртіндеп сусызданып , бемит түзіледі.
2 Al(OH)3 = Al2O3
H2O + 2H2O
Гидраргеллит бемит
AI2O3 қасиеті.
Молекулалық
салмағы 101,95 тең, ақ ұнтақ, тығыздығы
3,5-4,1г/см3 (кристалдық формасына байланысты). Балқу
температурасы 29800С тең. Суды өзіне қатты сіңіреді.
AI2O3 салынған түтік арқылы өткен
ылғал ауа 200С-та 0,003мг/л H2O құрайды.
Алюминий тотығының қышқылдағы ерігіштігі алыну
температурасына байланысты. қатты күйдірілген алюминий оксиді
бейорганикалық қышқылдарда іс жүзінде ерімейді.
Ерітіндіге майдаланып, балқыма түрінде калий гидрооксидімен өтуі
мүмкін.
Жұмыстың
орындалу тәртібі.
Алюминий тотығын
жоғары температурада алюмо аммоний кварцтарын ыдырату арқылы алады:
2NH4Al(SO4)2
=Al2O3+ 2NH3 +4SO3 +H2O
Алюмоаммоний кварц (т.т.а.) фарфор табақшасында 100-2000С-та
кристалдық судан ажырату үшін қыздырады.Алынған затты
майдалайды, тигельге салып алдымен 8000С-та сонан соң 4 сағат
1250-13000С-та күйдіреді. Ең жақсысы түтікшелі
электр пешінде күйдіруді өткізу. Шығуы: берілген салмақтың
10%-ін құрайды.
Қажетті жағдайды тура
орындаған жағдайда т.т.а. квалификациялы реактив алуға
болады.
Егер күйдіруді 10000С-та
өткізсе, таза емес зат алынады. Оның құрамында 2-2,5%
SO4-2 ионы кездеседі. Алюминий оксиді сонымен қатар
алюминий (III) гидрооксиді реактивин 850-9000С-та 3 сағат
ішінде алынады. 8500С-та Al(SO3)3 9H2O
су буының атмосферасында күйдірілсе
жоғары дисперсті - модификациялы Al2O3 (гексогональды жүйе) алынады, ал 10000С-та
гексогональді жүйеден кубты жүйеге -Al2O3 өтеді.
Алюминийді
талдау
Комплексометриялық
әдіс.
Әдіс алюминийді жанама талдауға негізделген. Кедергі
келтіретін қоспаларды трилон Б артық мөлшерде қосу арқылы
жояды, мырыш тұзының ерітіндісімен кері титрлеп артық қосылған
трилон Б ерітіндісін жояды. Бұл ерітіндіге натрий фторидін қосса
алюминий комплекстен бөлініп 11NaF 4AlF3 трилон Б түрінде
тұнбаға түседі, бұл қосылыс алюминий құрамына
эквивалентті бөлінеді, екінші рет мырыш тұзымен рН =5,2-5,8 кезінде
титрлейді.Титрлеуге кеткен цинк тұзының ерітінді мөлшері
бойынша алюминий құрамын анықтайды.
Реактивтер:
Азот қышқылы,
тығыздығы 1,40
Фтор сутек қышқылы
Күкірт қышқылы
, тығыздығы 1,84
Күкірт қышқылы,
1:1 ерітіндісі
Тұз қышқылы
, 1:1 ерітіндісі
Аммоний нитраты
Натрий фториді
Фенолфталейн, 0,1%
ерітіндісі
Трилон Б , 0,05М
ерітіндісі
рН =5,2-5,8 буфер
ерітіндісі (15%-тік натрий ацетаты
ерітіндісін 17 мл тұз қышқылы
Ксиленді-сарғыш
индикатор,ерітінді
Мырыш нитраты, 0,05М
ерітіндісі
Алюминий тұзының
типтік ерітіндісі: 2г алюминийді 50-60 мл тұз қышқылында (1:1
) ерітеді. Ерітіндіні 1мл-лік өлшемді колбаға ауыстырып, белгіге
дейін сумен толтырады.1мл ерітінді құрамында 2мг алюминий болады.
Талдау
жолы.
Бейтараптандырудан кейін 20-30 мл
рН=5,2-5,8 тең буфер ерітіндісін қосады, 2-3 мин қайнатып, ағынды
суда тез суытады, 10мл ксиленді сарғыш қосып , 0,05М трилон Б артық
мөлшерін мырыш тұзының ерітіндісімен сары түстен көкшіл
түске өткенше титрлейді. Сонан соң 2г натрий фторидін қосып,
2-3 мин қайнатады. Бұл жағдайда ақ криолит тұнбаға
түседі, ерітінді қайта сарғыш түс алады. Ерітіндіні тез
суытады, босаған трилон Б-ны мырыш тұзының ерітіндісімен көкшіл
түске дейін титрлейді.
Алюминий құрамын мырыш нитраты
бойынша , екінші титр бойынша анықтайды:
%. Al2O3
= (V T 100 1.89 )/a
Мұндағы,
Т- мырыш ерітіндісінің алюминий бойынша титрі,
V- 0,05М мырыш ерітіндісін титрлеуге кеткен мөлшері,
мл
а-сынама салмағы , г
1,89- алюминий есептеу
саны.
№ 5 МАРГАНЕЦ ҚОС ТОТЫҒЫН АЛУ
Жұмыс мақсаты – ілім жүзінде және іс жүзінде марганец қос тотығын
әр түрлі жолмен алу жағдайын үйрену.
Марганец қос тотығын алудың ілімдік
негізі.
1.Активті қос тотығын термиялық әдіспен алу .
Бұл әдіс химиялық әдіске экономикалық жағынан
тиімді және жеңіл. Бұл әдісте 275-3000С-та
20-30мин марганит рудаларын тікелей тотықтыру қажет
Mn2O3
H2O +0.5 O2 = 2MnO2 + H2O
Тотықтыру жылдамдығымен тотыққан өнім
активтілігі руданың қасиеттеріне, оның құрамындағы
марганец пен қоспалардың мөлшеріне байланысты. Соңғысы
марганец тотықтарын тотықтыруды жылдамдататын катализатор болып
табылады. Марганец рудасына қарағанда марганец тотығы катализатор
қатысынсыз өте жай өтеді,бірақ оған 4-6%натрий
гидрооксиді немесе калий гидрооксидін қосып
4000с-та 2сағат ұстса тотығу дәрежесі 85-90%
құрайды. Процестің интенсивтілігі Mn2O3
дайындау жағдайына байланысты.
Реактивті таза марганец қос
тотығын алу үшін тұнбаға түсірілген марганец
карбонаты затын термиялық ыдыратып,түзілген марганец оксидін ауамен
тотықтыру қажет. Тотықтыруды марганец оксиді
диссоцацияланбауы үшін азот қышқылының қатысында өткізеді.
Центрифугада сүзілген тұнба құрамында 70% марганец
карбонаты бар, оны 400-5000С-та кептіріп, азот қышқылымен
шайып тотықтыру үшін 450-5000С-та азот тотықтары
толық бөлінгенше күйдіреді.
Құнарсыз рудалардан
активті марганец қос тотығын алу.
Марганец қос тотығын төмен сортты
марганец рудаынан тұз қышқылы әдісімен алуға
болады.8000С-та күйдірілген марганец рудасын шоғырлы тұз
қышқылымен 20мин. алынады.36,6% марганец және 30,4% темір құрамды
рудадан 70%-ке жақын марганец ерітіндісіне өтеді ал қалдықта
55,54% темір және 9,25% марганец құрайды. Алынған
марганец хлориді ерітіндісі 10есе сумен еріткенде, өнім тұнбасын
85% MnO2 құрайды, іс жүзінде темір болмайды.
Құрғақ
батареялардағы деполязаторларға қажетті марганец қос
тотығын табиғи пиролюзотты тотықсыздандырудан алынған
затты тұз қышқылымен өңдеп,5-25% марганец қос тотығы хлорид және
0,5-5% бос тұз қышқылды
құрамды күйінде алады.марганец қос тотығы
тұнбасын бөлгенде қоспа Рн= 2-5 болуы тиіс. Тұнбаны
жуып,ұзақ уақыт суда ұстайды.
MnSO4—ті MnCI2
–мен өңдеу үшін кальций хлоридін қосып, тұнбаға
кальций сульфаты түсіріледі.Ерітіндіні марганец хлориді үлкен мөлшерде
Ca(OH)2өңдейді.Алынған Mn(OH)2 және
Ca(OH)2 мөлшерлі суспензияны CaCl2 ерітіндісінде
ауа өткізу (оттегі) арқылы Mn2+-ден Mn4+-ке өткізеді.Тотығудың
толық өтуі үшін суспензияны хлорлап, түзілген марганец қос
тотығын CaCl2 ерітіндісінен бөліп отырады.
6000С-та су буының қатысында қатты марганец
хлориді тотық түзіп гидролизднеді.
2 MnCl2 +3 H2O =Mn2O3
+ 4 HCl + H2
2MnCl2 + 4 H2O
= Mn2O3 + 4 HCl +H2
Немесе жоғары жылдамдықпен ауа-бу қоспасының қатысында:
4MnCl2
+ 4H2O +O2 = Mn2O3 +8HCl
6 MnCl2
+ 6 H2O + O2 =2Mn2O3 + 12 HCl
MnO қасиеті.
Молекулярлық салмағы 70,94, жасыл –көк ұнтақ,тығыздығы
5,43 -5,46 г/см3. Балқу температурасы 17850С.Ауада
күйдіргенде Mn3O4 –ке өтеді. Реактив суда
ерімейді, қышқылда жақсы ериді.
MnO2 қасиеті.
Молекулярлық салмағы 86, 94, сусыз реактив-қара кристалды
немесе аморфты ұнтақ, тығыздығы 5,025г/см3.Суда
ерімейді. 5350С-танжоғарыда күйдіргенде Mn3O4-ке
өтеді. Қышқыл ортада және қыздырғанда күшті
тотықтырғыш.
Сулы марганец қос тотығы
(маргонцоватты қышқыл) MnO(OH )2 немесе H2MnO3
(молекулалық салмағы 104,96)қара немесе қара-коңыр
ұнтақ.
Жұмыстың орындалу тәртібі.
Марганец карбонатын атмосферада күйдіріп
марганец оксидін алуға болады:
MnCO3 =MnO +CO2
Фарфор түтікке 200г марганец карбонаты
(т.т.а.) енгізеді, ауаны сутегі тотығымен шығарады да,3000С-та сутегі тотығында 4сағат қыздырады.
Түтікті сутегі тотығында суытады, негізгі көкшіл-жасыл затты
банкага ауыстырады (түтіктің айналасындағы қара өнімді
тастайды).
Сусыз MnO2 (т.т.а.
квалификациялы) марганец нитратын күйдіріп алуға болады:
Mn(NO3)2 = MnO2
+ 2 NO2
Фарфор табақшасында (сарғыш астында)
Mn(NO3)2 6 H2O(т.т.а.) 1000С-та қыздырады,біртіндеп
1600С жеткізіледі. Қара ұнтақ зат пайда болады.Өнімді
суытады,азот қышқылымен (т.т.а. тығыздығы1,34г/см3)
сұйықтау зат пайда болғанша араластырылады, қайтадан
1600С қыздырады. Алынған затты қайта суытқаннан
кейін бар воронкада сүзеді.2рет азот қышқылымен жуады,қайта
екірет 1600С-та қыздырады. Сонан соң Бюхнер воронкасында
сүзіп,2-4рет азот қышқылымен жуып, 1500С-та
кептіреді.MnO2 шығуы 100 % .100г MnO2 алу үшін
400мл шамасында азот қышқылы (тығыздығы1,34) жұмсалады.
Марганецті талдау жолы
Марганецті бұл әдіспен анықтау қос
валентті марганецті персульфатпен күкірт қышқыл ерітіндісінде
тотықтыруға негізделген.Алынған марганец қос тотығын
сүзіп,Мор тұзымен өңдейді:
MnO2 + 2FeSO4 (NH4)2
SO4 + H2SO4 = Fe2(SO4)3
+ 2 (NH4)2 SO4 +MnSO4 +H2O
Мор тұзын марганец қос тотығын толық ыдырату үшін
артығымен береді Реакцияға түспеген мор тұзын калий
перманганатымен титрлейді:
10FeSO4(NH4)2SO + 2KMnO4 +8 H2SO4
= 5Fe2(SO4)3 +2MnSO4 + (NH4)2SO4
+ K2SO4 + 8H2O
Сонымен,қосылған және калий перманганатымен
титрлеген мор тұзының
айырмашылығымен марганец қос тотығымен реакцияға түскен
мор тұзының мөлшерін анықтайды,осыдан марганец құрамы
анықталады.
Талдау жолы
100мл колбаға 0,5г сынаманы өлшеп
салады,10-20мл қосады,реакция аяқталғаннан кейін ыстық
плитаға қойып, қайнатады, 5мл –ге дейін буландырып,суытады.
10мл тұз қышқылын,50-60мл-ге
дейін ыстық сумен жеткізеді ерімейтін тұнбаны воронка арқылы
сүзеді.Воронкаға мақта салып, үстіне сүзгіш қағаз
қойып сүзеді. Фильтрдегі тұнбаны ыстық тұз қышқылымен(1:4)теріс
реакцияға дейін шаяды(Na2S) анықтайды.
Фильтратты 10мл –ге дейін
буландырады, 7-8 мл күкірт қышқылын қосады,күкірт
ангидридінің қою ақ буы бөлінгенге дейін буландырады.
Суытады,колба қабырғасын шая отырып аздаған су қосады.
Егер сумен шайғанда қарқынды азот тотықтары бөлінсе
10мл су қосып,қайта буландырады, бұл жағдайда азот қышқылы
толық бөлінуі тиіс. Ол күкірт қышқылымен нитрозил
күкірт қышқылын түзеді. Кейде күкірт ангидридінің
буына дейін 2рет буландырғаннан
кейін де азот тотығы толық бөлінбегендіктен операцияны 3рет қайталайды.
Қорғасын
сульфатының тұнбасын тығыз фильтр қағазымен сүзеді.Тұнбаны
алдымен күкірт қышқылымен қышқылдандырылған
салқын сумен 2рет, сонан соң таза сумен SO2-ионына
теріс реакцияға дейін( барий хлоридімен тексеру)шаяды.Қорғасыны
бөлінген,қышқылдығы шамамен күкірт қышқылы
бойынша 2% фильтратқа 3г аммоний персульфатын қосып,марганец қос
тотығы бөлінгенге дейін қайнатады.Ыстық ерітінді сүзіледі,
күкірт қышқылымен қышқылданған ыстық
сумен 3-4рет шайылады.Марганецтің толық тұнбаға түскенін
тексеру үшін фильтратқа бірнеше аммоний персульфатының
кристалдарын қосады. Егер ерітінді персульфат әсерәнен қызғылт
түске боялса, оны қайта қайнатуды жалғастырады,түскен
тұнбаны алдыңғы фильтр қағазы арқылы сүзе
береді.Тұнбаны фильтр қағазымен тұнбалау жүргізген
колбаға салады,50мл мор тұзын қосып,тұнбаны толық
ерігенге дейін араластырады. Ерітіндіні салқын сумен 150-200мл-*ге дейін
жеткізеді де, калий перманганатымен жойылмайтын әлсіз қызғылт
түске дейін титрлейді.
Есептеуді төмендегі
формуламен жүргізеді:
%.Mn = (B-B1)Т
100/а
Мұндағы: В-50мл мор
тұзына сәйкес келетін калий перманганат мөлшері(эксперт жүзінде
анықталады),мл
В1-сынамаға мор тұзының ерітіндісін қосқаннан
кейін титрлеуге кеткен калий перманганатының мөлшері,мл
Т- марганец бойынша перманганат титрі, г/мл
А-сынама салмағы,г
Тексеру сұрақтары.
1.Марганец қос тотығын алу әдістрі.
2.Өніммен шикізатқа
сипаттама.
3.Марганец қос тотығын алу технологиясы.
4.Жұмыс орындау тәртібі.
5.Талдау жасау әдісі.
№ 6 МАГНИЙ ТОТЫҒЫН АЛУ.
Жұмыстың мақсаты – магний тотығын магний сульфаты мен магний
хлоридінен алу әдістерімен танысу.
Магний тотығын алудың ілімдік негізі.
Магний сульфатын темиялық ыдырату.
MgSO4 термиялық ыдырату 1100-12000
с-та жылдам және жеткілікті толық өтеді. Төменірек
температурада тотықсыздандырғыш және катализдік әсері
бар тотықтар,мысалы,Fe2O3 бар кезінде магний тотығы
SO2 және О2 құрамды газбен сульфаттануы
өтеді.9% Fe2O3
бар кезінде, 6000С-та ,30мин уақытта 5% SO2 бар газбен MgO MgSO4 –қа
50% өтеді. C, S, H, CO, CH4,
тоықсыздандырғыштар қатысында MgO4 ыдырату
температурасы 6500С-та дейін, ал MgO қатысында 5000С
дейін төмендейді. MgSO4
көмірмен тотықсыздандыруды іс жүзінде 700-9000С
аралығында өткізеді.Негізгі реакция:
2MgSO4 +C = 2
MgO + 2SO2 +CO2
Қосымша реакциялардың нәтижесінде,әсіресе
көмірдің артық шығынында О2 1 бөлігі күкіртке
дейін,ал MgSO4 MgS дейін тотықсызданады. MgO шекті шығуы
MgSO4: C = 1:1молярлық қатысында жетеді. Бұл жағдайда
8000с-та MgO шығуы 99%, ал күкірттің SO2 өтуі -81%, күкіртке өтуі-16,5%, MgS-қа 2% өтеді, алMgSO4 түрінде
-0,3%қалады. MgO жоғарғы көрсеткішіне
тотықтыру аймағының атмосферасын 900-9500С-қа
көтерген жағдайда жетеді. Оттегінің артық шығынында
сульфиттен бос магний тотығы алынады.
Магний тотығын көмірмен тотықсыздандыруды
механикалық пеште өткізеді(колчеданды күйдіруге арналған
пеш). Барабанды және басқада
пештер қолданылуы мүмкін. Магний тотығының құрамы
тотықсыздандырғыштың құрамына байланысты.
MgSO4
тотықсыздануы табиғи газбен өткенде:
4MgSO4 + CH4 = 4MgO +4SO2 + CO2
+ 2H2O
0,2-0,6 өлшемді сусыз магний сульфаты және
құрамында 97,8% СН4
табиғи газы тотықсыздандырғыш ретінде қолданғанда,
тотықсыздану 700-7200С-та басталып MgSO4 MgO толық
өтуі 750-9500 С-та жүзеге асырылады. Реакцияның
газды өнімінде SO2 мен СО2 қатар S,H2S
және SC2 бар,олардың құрамы температурамен
газ жылдамдығына байланысты
MgSO4
тотықсыздандыруды үздіксіз құрамында Н2 немесе
H2S бар айналмалы газбен жүргізу ұсынылған,жылу
тасымалдағыш ретінде де қолданылады. Реакция сутегімен күкіртсутектің
артық шығынында өтеді. Бірінші жағдайда айналмалы
газдан күкіртсутек шығарылады, ал екіншісінде бөлінген күкірт
бөлінеді.Қатты магний сульфатын тотықсыздандыруды газ ағынында
шашаырату жағдайында да алуға болады. Белгілі жағдайда магний
сульфаты мен калий хлориді(немесе натрий хлориді) су буы қатысында алмасу
реакциясы өтеді:
MgSO4 +2KCl +H2O
= MgO +K2SO4 +2HCl
Реакция 8000С-та өтеді.Бұл
калий хлоридінен хлорсыз калий тыңайтқышын алу өндірісінде қолданылады.
Қатты өнімді сумен K2SO4, MgO –ға бөлуге
болады. Бірақ бұл жағдайда 1тонна K2O-ға
есптегенде 6,8 тонна 27%-тік қышқыл
алынады. Мұндай үлкен мөлшерде қышқыл алу калий өндірісі
орналасқан ауданда қолданыс табуы өте қиын.
Магний тотығын MgCl2 гидролиздеу
арқылы алуға болады:
MgCl2 +H2O = MgO +2HCl
Алты сулы магний хлоридін 5000 С-та қыздырғанда,алдымен
біртіндеп сусызданып MgCl 2MgCl 2H2O түзіледі, кейін
Mg(OH)Cl-гидрооксихлорлы магний түзіледі:
MgCl2+ H2O
= Mg(OH)Cl +HCl
500-5100С-тан жоғары
температурада Mg(OH)Cl ыдырайды:
Mg(OH)Cl = MgO + HCl
Егер инертті газ тоғында MgCl2 қыздырылса
бөлінгент хлорлы сутек бөлініп алынады,магний хлориді толық
магнезияға өтеді.Магний хлоридін гидролиздеу процесінде өз
кристал суында балқуы болмауы үшін шикізат ретінде Сорельдің
магнезиалды цементін қолданады. 500-6000С,1 сағатта
гидролиздеу дәрежесі 95-98%. Бұл
жолмен 600-6500С-та алынған магний тотығы каустикалық
магнезит талаптарын қанағаттандырады,ал 10000С-та алынған
магний тотығы отқа шыдамды металлургиялық ұнтақ
талабын қанағаттандырады.АҚШ-та MgO MgCl2 –ден
гидролиздеу әдісі өте кең қолданылады.Бұл
процесті шоғырлы магний хлориді ерітіндісін ыстық газ ағынында шашыратып өткізу іске асырылады.
MgCl2
гидролиздеу процесінде MgCl(Cl,OH) қатты ерітіндісі түзіледі. 5000С-та
гидрооксилхлоридінің бетіндегі тұз қышқылы қысымы
1атм. жетеді және оның ыдырауы шекті жылдамдықпен өтеді.Бөлінген
тұз қышқылының бір бөлігі Mg(OH)Cl әрекеттесіп,Mg(OH)Cl
ішінде MgCl2 қатты ерітіндісі пайда болады. Бұл процесс
Mg(OH)Cl тұрақты температурасынан (5100) 40-450С
жоғары температурада өтеді. Mg(OH)Cl жойылғаннан кейін
температура MgO түзілгеннен жоғарлайды.
Магнийоксихлорид кристоллогидраттарынан термиялық
ыдыратуда (2Mg(OH)2 MgCl2 5H2O,3Mg(OH)2
MgCl2 8H2O, 5Mg(OH)2 8H2O, 9Mg(OH)2
MgCl2 H2O) алдымен суын біртіндеп жоғалтады, сонан
соң процесс төмендегіше өтеді:
2Mg(OH)2MgCl2
=H2O +(n-1) H2O n MgO +MgCl2
MgCl2 +H2O
= MgO +2 HCl
Магний гидролиздеу нәтижесінде алынған
магний тотығы өте жай гидраттанады. Сорель цементін гидролиздеу нәтижесінде
алынған магний тотығы 150С-та,48 сағатта 5%,850С –та 11 сағатта 90% гидраттанады. Балқыған магний хлоридін оттегімен тотықтыру
мына реакциямен өтеді:
MgCl2 + 0.5O2
= MgO + Cl2
MgO қасиеті.
Молекулалық салмағы 40,31. Ақ, жұмсақ ұнтақ.
Тығыздығы 3,19-3,71 г/см3 ( тотықты күйдіру
температурасына байланысты). Балқу температурасы 28000С, қайнау
температурасы 36000С. Магний тотығы суда ерімейді (8,4 10-4% 180С-та ). Ауада біртіндеп ылғал
мен көмір қышқыл газын тартады. MgO үстінде, 250С-та
кептірілген ауа құрамында 0,008 мг/л су болады. 10-12 бөлшек
сумен араластырылған MgO аздаған уақыттан кейін Mg(OH)2
өтеді.
Жұмыс
орындау тәртібі.
Әдіс алдымен магний карбанатын, алып күйдіруге
негізделген:
2MgCl2 +
2Na2CO3 + H2O = Mg2(OH)2CO3
+ 4NaCl+CO2
Mg2(OH)2CO3 = 2MgO
+ CO2 + H2O
150г MgCl2 6H2O 300 мл суда ерітеді, 1г магний оксидін қосады, 1-2 сағат 70-760С
–та араластырады. Алынған затты тұндырып, сүзеді. Фильтратты
80-850С-қа қыздырады, 250г Na2CO3
10H2O (т.т.а.) ерітіндісі 700 мл сумен фильтрт әлсіз сілтілік
реакцияға өткенше құяды( фенолфталейнмен тексереді).
Сонан соң ерітіндіні 30 мин қыздырады және магнийдің
негіздік карбонатын 400мл ыстық сумен араластырады және суды, тұнбаны
Бюхнер воронкасында сүзеді, тұнбаны қайта тұнбалау өткізген
ыдысқа салып 20 мин ыстық
су құйып , шаюды 8-9 рет өткізеді( алғашқы 4 рет
шаюды өте жылдам өткізу қажет, өйткені тұнбада SO42-
қоспасынан тазалау қиындайды, алынған зат құрамында
0,01%-ін кем алу мүмкіншілігі жойылады).
Тұнбаны Бюхнер воронкасында сүзеді, тағы да 200мл ыстық
сумен шайып, 110-1200С-та ара-арасында араластыра отырып кептіреді.
Алынған тұзды (110-100г )шамот тигельде 660-7500С-та 4-5
сағат күйдіреді. Суытылған өнімді майдалап 2-3 рет
сумен (300мл-ден) жуады. Тұнбаны бюхнер воронкасында сүзеді, 100мл
сумен шаяды, 4 сағат 120-1500С-та кептіреді .
Шығуы 25-
Магнийді талдау әдісі.
Калориметриялық әдіс.
Калориметриялауды титанды сарымен өткізеді.
Талдауға сілтілік металдардыан басқа барлық металдар кедергі
келтіреді, сондықтан барлық металдарды бөлу қажет.
Al,Fe, Mn, аммиакпен тұнбаға түсіреді,
тұнбаны бөліп тастайды. Мырыш, мыс және басқа металдар
аммиакпен ерітіндіде аммиакты комплексті түзеді, оны тиоацетамид көмегімен
сульфид түрінде тұнбаға түсіреді.
Магнийді
калориметриялауды крахмал мен глицерин ерітіндісінің коллоидты - қоспасы қатысында 530 мк-да өткізеді.
Мұндай ерітінділер ұзақ уақытқа шыдамды.
Реактивтер:
Тиоацетамид , 2%-тік ерітінді
Титанды сары , 0,1%-тік ерітінді
Аммоний хлориді
Бром
Талдау жолы.
Алынған тұнбаны
ыдыратқаннан кейін 100мл-лік колбаға (конусты) 50 мл өлшеп құяды,
Барлық фильтраттарды қосып,
аммиакты ұшыру үшін қыздырады, бірнеше тамшы тұз қышқылымен
қышқылдандырып 2 мл 2%-тік
тиоацетамид қосады, сонан соң әлсіз аммиак иісі шыққанша
аммиак ерітіндісін тамшылатып қосады. Ерітіндіні 2-3 мин қайнатады
және коагуляцияланған тұнбаны сүзеді. Колбаны 2-3 рет
тиоацетамиді бар сумен шаяды. Магнийді анықтауға кедергі келтіретін
аммоний хлоридін бұзу үшін фильтратқа 20 мл азот қышқылын
қосады, аздаған көлемге шейін буландырады, сонан соң
термостатта кепкенше буландырады. Кепкен қалдыққа 10мл азот қышқылын
қосып буландыруды қайталайды. Сонан соң 10 мл тұз қышқылын
қосып, қайта буландырады. Тұз қышқылын
буландыруды 2 рет жүргізеді. Тұнбаны 10 мл 1%-тік тұз қышқылымен ерітіп, SiO2
фильтр қағазынан жасалған тампон арқылы сүзеді.Сыйымдылығы
50 мл өлшемді колбаға тұнбаны 1%-тік тұз қышқылымен 3-4 рет
шайып барлық фильтратты жинайды.
Ерітіндіге 5мл 1%-тік крахмал ерітіндісін, 5мл глицерин және
5мл 0,1%-тік титан сарысының судағы
ерітіндісін қосып, араластырады.10мл 2 Н NaOH, өлшемге дейін су қосып
араластырады. Оптикалық тығыздығын 30 мин кейін
фотокалориметрде өлшейді. Өлшеуді 530 ммк –да өткізеді.
Нольдік ерітіндіні калибрлік қисық
тұрғызғандағы ерітінді секілді дайындайды. Бірақ
оған магний сульфатының типтік ерітіндісін қоспайды.
Калибрлік қисық тұрғызу
үшін темір тигельде
Алынған ерітіндіні 5 рет 50 мл-ден 150 мл-лік конусты колбаға өлшеп
ауыстырады. 1мл-ден темір- аммиак квас түріндегі ерітіндіні қосады.Темір
гидрооксидін аммиакпен бөліп алады да, ары қарай талдау жасау жүргізеді.
Магний қос тотығы жиналған
фильтраттарға магний сульфатының типтік ерітіндісінен 0,1, 0,25
0,5, 0,75, және 1мг магний оксидін қосып , калорметрлеуге ерітінді
дайындайды, жоғарыда көрсетілгендей.Алынған мәндерді
калибрлік қисық тұрғызуға пайдаланады.
Тексеру сұрақтары.
1. Магний оксидін алу әдістері.
2. Магний сульфатын термиялық ыдыратуда
тотықсыздандырғыштардың әсері.
3. Магний сульфатын тотықсыздандыруды қандай
пештерде жүргізеді.
4. Магний оксидін және магний хлоридін
алатын, негізгі реакциялар.
5. Температураның өнім шығысына
әсері
6. Магний оксидінің қасиеті мен құрамы
7. Жұмысты орындау тәртібі
8. Магнийді талдау жолы
№ 7 Титан қос тотығын алу
Жұмыстың мақсаты- әр түрлі титан құрамында
минералдардан титан қос тотығын алу жағдайымен танысу.
Титан қос тотығын алудың
ілімдік негізі.
Титан қос тотығын
негізінен метатитан қышқылын күйдіру арқылы алады:
Н2ТіО3
=ТіО2 + Н2О
Соңғы жылдарда
титан қос тотығын 4 хлорлы титанды оттегі ортасында жағу
жолымен алу мән ала бастады.
ТіСІ4 + О2
= ТіО2 + 2СІ2
Титан қос тотығының
кристалдық құрылысы (анатаз немесе рутил ) бастапқы
шикізатты құрамының, метатитан қышқылының бөліну
жағдайына және күйдіру температурасына байланысты.
Титан, сульфатын күйдіріп оны
гидролиздеуден алынған метатитан қышқылы алдымен анатаз
формасында кристалданады, сонан соң температураны қатты көтеріп,
ұзақ уақыт күйдіргенде рутилге өтеді.
Рентгеноталдау мәндері бойынша
кристал торлар 4800С-та түзіле бастайды (оған SO3 бөлінуі
әсер етеді), 650-8000С-тағы барлық өнімнің
спектрлік мәні анотазға сәйкес, ал 915-9500С-та
рутилге сәйкес келеді.
Күйдіру уақытының әсерін
мынадан көруге болады: 6000С-та 100 сағатта өнім төмен
кристалданады, ал 9000С-та анотаздың толық спектрі 1 сағатта
түзіледі.Рутилге өтуі 8000С –та 4 сағат ішінде ал
900-9500С-та 0,7 сағатта өтеді.
4 хлорлы титанның судағы
ерітіндісі гидролиздегенде метатитан қышқылы түзіледі. Бұл
қышқыл төмен температурада рутилге өтеді, мысалы 4900С-та
10 сағатта өтеді. Сонымен қатар ТіСІ4 буын су
буымен 4500С-та гидролизегенде
де рутилге өтеді. Газды ортада бөлінген тұз қышқылын
тез бөліп алу арқылы да ТіСІ4-тен анатаз алуға
болады. Мысалы, камерада ТіСІ4 ерітіндісін (300г/л) буландырғанда
және камера арқылы 400-5000С-қа қыздырылған
ауаны өткізгенде алынады.
ТіСІ4 шикізат ретінде қолданылған
жағдайда ТіО2 өндірісінде гидролиздеу және күйдіру
процестері біріктіріледі, газ күйіндегі ТіСІ4 жоғары
температурада су буымен әрекеттеседі, бұл жағдайда
гидролизденуден кейін гидраты бөлініп, тотыққа өту
процесі жүреді.титан қос тотығын соныиен қатар күкірттің қос
тұзын күйдіру, ыдырату арқылы алады, өндірістік
ерітіндіден титианды сілтілік металдардың сульфаты көмегімен тұндырады:
2ТіОSO4
2K2SO4 5H2O күйдіру = TiO2 + 2 SO3
2K2SO4 + 5H2O
TiOSO4 2(NH4)2SO4H2O
күйдіру = TiO2 +2 NH3 +2SO4 +2H2O
Калий және титан қос
тұзын күйдіргенде түзілген калий сулфатын шаю арқылы бөледі.
Титан кең таралған
элементке жатады, оның жер қабатындағы құрамы
0,6%, яғни көміртегіден, күкірттен, хлордан, марганецтен көп.
Титан қос тотығы түрінде
құрамды 60-тан астам минералдар белгілі. Олар – титанаттар,
титансиликаттар, титанонибаттар, ал ең кең тараған минералдар
қатарына – рутил, ильминит, титаномагнетит, сфен, перовскит, лопарит
жатады.
Рутил құрамында
темір қос тотығы ( 10%-ке дейін) кейде ильминит бар титанның қос
тотығы. Қоспа ретінде кейде ванадий, ниобий, тантал да кездеседі.
Ильменит – негізінен
метатитанды темірді – FeTiO3 құрайды, TiO2 құрамы
– 52,62%. Ұзақ уақыт желдеткенде екі валентті темірдің үш
валентті темірге өтіп, оны шығару нәтижесінде ильменит титанға
байды (лейкосенизация деп аталады), ильмениттегі TiO2 60-65%-ке жоғарылайды.
Таза күйінде ильменит өте
аз кездеседі, оның құрамында темір, магний, марганец,
ванадий, хром, алюминий тотықтары жәнеде басқа қоспалар
болады, қоспалардың үлкен бөлігі FeTiO3 пен
изоморф күйінде болады.
Титаномагнетит – ильмениттің
магнетитпен (FeTiO3 - Fe3O4 ) қоспасы.
Гемотитоильменит – ильменит пен гемотит (FeTiO3 – Fe2O3)
қоспасы. Спен немесе титани – титансиликат қоспасы : CaOTiOTiO2SiO2
немесе CaTiSiO5. Сфенді
байытса 75-80% сфеннен, 8-10%эгериннен, 1,5-3% апатиттен және аздаған
мөлшердегі басқа минералдардан тұратын зат алынады. Оның
химиялық құрамы, % : TiO2 – 30-33, SiO2
-27-29, Al2O3 -1.5-2.5, FeO – 2-4, P2O5
-1-1.62, K2O+Na2O -1-2, MgO-1, ZnO2 -0.4,
элементтер – 0,8-2 .
Перовскид – CaTiO2 немесе CaTiO3 – кальций титано. Перовскит оңай байтылады,
нәтижесінде төмендегі құрамды зат алынады ( %-пен ) :
TiO2 – 44.48, SiO2 -5.7-7.8, Al2O3
-0.9, Fe2O3 – 4.5-6, K2O+Na2O -1,
MgO-2.5, CaO -34.6-36.8.
Лопарит – титанониабаттың
үлкен тобындағы минералдың бірі, құрамында
титанмен қатар ниобин және тантал кездеседі. Концентрат құрамы,
%
TiO2 – 39,2, SiO2
-0,2-0,7, K2O -0,2-0,7, Na2O-7,8-9,9, Nb2O5
-11, CeO2 -16-19, CaO – 4.2-5.2, ThO2 -0.5 -0.6, V
-0.03-0.05.
Титан қос тотығы
өндірісінде шикізат ретінде ильменит және титано магнетит
концентраттарын және де титанды шлактар қолданылады.
Титан сульфатынан
титан қос тотығын алу әдісі.
TiO2 алу
технологиясы үш негізді процеске топталған бірнеше операциялардан тұрады.
Титан сульфатының ерітіндісін алу.
Ильменитті ыдырату кезінде қатты қыздырудың
қажеті жоқ,өйткені титан және темір сульфаттары түзілу
реакциялары жылу бөлу арқылы жүреді:
TiO2 + H2SO4
= TiOSO4 + H2O +5.84 ккал
FeO + H2SO4
= FeSO4 + H2O +29 ккал
Fe2O3
+ H2SO4 = Fe2(SO4)3 + 3H2O
+33.8 ккал
Ыдырату процесі төмендегідей өтеді.Реакторға
шоғырлы күкірт қышқылын (92-94% H2SO4),коллектор арқылы
сығылған ауа және араластыра отырып ильменит салады.Сонан соң
20-30мин бойы қышқылды 125-1350С дейін қыздырады. Қыздыру
кезінде ауа берілмейді, Қыздырып болғаннан кейін ,бу беруді тоқтатып,
қайта сығылған ауа беріледі.
125-1350С-та
экзотермиялық реакция жүреді,температура бірнеше минутта 180-2000с-қа
дейін көтеріледі және қарқынды ыдырау жүріп, үлкен
көлемде бу және газ бөлінеді,қатты көбіктеніп,заттың
көлемі үлкейеді.
Қарқынды реакция аяқталғаннан
кейін,ауаны және суды өзінен оңай өткізетін ұлпа
зат алу үшін,қату кезінде ауаның үлкен ағынын
жіберу керек. Қатқаннан кейін ауа беруді тоқтатып,2-3 сағат
жетілуі және салқындауы үшін қалдырады. Концентраттың
ыдырау дәрежесі 96-97%, оның
85-87% негізгі уақытта, яғни реакция
кезінде, ал 8-10 % -і жетілдіру кезінде
ыдырайды.
Ыдыратудан кейінгі алынған
балқыманың негізгі құрамында титаносульфат, темір
сульфаты және аздаған мөлшерде күкірт қышқылы
болады.
Балқыма 90-1100С-қа
салқындағаннан кейін түзілген сульфат тұздарын сумен
шаймалайды. Суды алдымен балқыма қабаты арқылы конусқа,
сонан соң реактор қақпағындағы құбыр
арқылы беріп, сығылған ауамен араластырады. Шаймалау кезінде ерітіндінің температурасы 55-650С болуы шарт,өйткені
температура төмендесе шаймалау жылдамдығы азаяды,ал температура жоғарласа
ерітіндінің тұрақтылығы артып,суда ерімецді, шаймалау
уақыты 3-4сағат.
Ильменитті ыдыратуда үздіксіз
ыдырату әдісін қолдануға болады. Бұл әдісте жұқа майдаланған ильменит қолдану
қажет .
Метатитан қышқылын алу
Метатитан қышқылын
титан сульфаты ерітіндісін гидролиздеу жолымен алады. Мұнда 200 г/л TiO2,
400 г/л активті күкірт қышқылы және (3-5 г/л ) үш
валентті титанның ( TiO2
–ге есептегенде ) аздаған мөлшері бар ерітінді қолданылады.
Гидролиз процесін келесі теңдікпен көрсетуге
болады:
TiOSO4+ 2H2O
= TiO2 3H2O +
H2SO4
Гидролиз кезінде титан сульфатының
құрамы, яғни ондағы титан мен активті қышқыл
құрамы және оның тұрақтылығы үлкен
әсер етеді. Сонымен қатар ерітіндідегі қоспалар, құрамы
мен енгізу жағдайы да әсер етеді .
Жұқа дисперсті
титан қос тотығын алу үшін титанның шоғыры TiO2-ге
есептегенде 180-200 г/л болуы тиіс. Мұндай шоғырлы титанның өзінде
ерітіндінің қышқылдық факторы 2-ден асса, яғни
активті күкірт қышқылы 400-500 г/л көп болса, сонымен қатар
ерітінді жеткілікті тұрақты болса жұқа дисперсті титан қос
тотығы ала алмайды. Дайындау әдісіне байланысты, оны екі әдіспен
гидролиздейді және ерітеді.
Метатитан қышқылын күйдіру.
Күйдіруді метатитан қышқылынан
адсорбцияланған қоспаларды сумен және күкірт қышқыл
тобымен байланысқан , сонымен қатар титан қос тотығы бөлшектерінің
кристалдарын бөлу үшін жүргізеді. Күйдіру нәтижесінде
белгіленген құрамды пигмент, яғни жоғары
молярлы-техникалық қасиетке
және әлсіз химиялық активті зат алынады. Метатитан қышқылынан
суды 200-300 0 С –та , ал күкірт қышқыл тобын
500-8000 С-та бөледі.
Титан қос тотығын төртхлорлы титаннан алу.
Төртхлорлы титан TiСІ4
жоғары температурада (8000 С) байытылған концентраттан тотықсыздандырғыш
қатысында хлорлап алады.
TiСІ4 суға
енгізгенде қарқынды реакция жүріп , көлемді тұнба
тізіледі және үлкен мөлшерде жылу бөлінеді. Яғни
алдымен TiСІ4 5Н2О
және TiСІ4 2Н2О , сонан соң гидролиз өтеді, бұл кезде
гидроксил тобын ысырып хлор атомдары басады. Реакция келесі схемамен өтеді:
TiСІ4 5Н2О = TiСІ3(OH)4 Н2О= TiСІ2(OH)2 3Н2О= TiСІ(OH)3 2Н2О = Ti(OH)4 Н2О
Қыздырғанда
гидролиз процесі тез өтеді, ал салқын жағдайда аралық өнім
бөлінеді .
Төрт хлорлы титан өндірісте
кең қолданылады, өйткені ол титан қосылысының кең
тараған және айдау жолымен оңай тазаланатын түрі.
TiO2-н TiСІ4-тен алудың үш әдісі
белгілі:
1.Судағы ерітіндісін гидролиздеу .
2.Бу фазасында гидролиздеу .
3.Жандыру.
Судағы ерітіндіні гидролиздеу.
Бұл әдісті қолданғанда
тазаланбаған TiСІ4 пайдалануға болады. Процестің
негізгі сатылары: гидролиз және метатитан қышқылын күйдіру.Гидролиз
рН= 2-3 кезінде TiСІ4 –тен еріту немесе бейтараптандыру жолымен алынған
қатысында өтеді.
Бұл
әдіспен алынған титан қос тотығы төмен пигментті қасиеттерге
ие. Қасиетін жоғарылату үшін TiСІ4 ерітіндісіне күкірт
қышқылын немесе натрий сульфатын TiO2 салмағынан
20-30 % есептеп қосады.
Бу фазасында гидролиздеу әдісі.
Бұл
әдісте гидролиздеу және күйдіру операйиялары біріктірілген және
реакциялық камерада 4000 С шамасында өткізіледі.Таза
TiСІ4 буы және су буы қажет емес төмен
температуралы реакция жүрмеуі үшін қыздырылады да реакциялық
камераға бағытталады. Онда гидролиз және күйдіру өтеді.
СІ- дан бос , ақ түсті, жақсы пигменттік қасиеттерге ие
пигмент түзіледі. Температураны 3000 С-қа түсіргенде СІ- дан бос, бірақ
сары түсті зат алынады.
Бұл
әдістің кемшілігі жоғары температурада күкірт қышқылының
буына шыдамды материалды камера қажет.
Жандыру әдісі.
TiСІ4 буы бірдей көлемдегі
азотпен араластырылады, алынған қоспаны қыздырылған
ауамен бірге цилиндрлі реакциялық түтік арқылы өткізеді.
Түтіктің сыртқы беті 11000 С –қа дейін қыздырылады.
Түтікте
10000 С шамасында титан қос тотығы төмендегі
реакция бойынша түзіледі:
TiСІ4
+ О2 = TiO2 +2СІ2
Бөлінген
газды суспензияны шаң камерасына бағыттайды, онда қатты және
газ фазаларына бөлінеді. Фазаларды бөлуде қапшықты
фильтрде немесе котрел аппаратында өткізуге болады.
Әдетте
Бұл
әдіспен жұмыс істегенде реакция өнімінің ұзақ
уақыт түтіктің ыстық
қабырғасымен жанасуына жол
бермеу керек , өйткені қабырғаға жабысып, өнімнің
пигментті қасиеті төмендейді.
Бұл
үшін газ күйіндегі өнімдік
қоспаны алдын-ала реакция
температурасына дейін қыздырады, нәтижесінде реакция тез өтеді және алынған TiO2
тез реакциялық аймақтан шығарылады. Қабырғаға
өнімнің жабысуы түтік қабырғасына титан қос
тотығынан түзілген
«шуба» көмегімен жойылып реакция өнімі
ыстық қабырғамен жанасудан қорғалады.
Кейбір мәліметтерге сүйенсек, титан қос тотығы бұл
әдіс бойынша
TiСІ4 буы тазартылған генератор газымен араластырылып,
ауада жандырады.
Титан қос тотығына техникалық талаптар төмендегідей:
1-Кесте
Титан қос тотығының пигментті сорты.
|
Аталуы |
Анатаз |
Рутил |
|
TiO2 құрамы,
%-тен, кем емес |
98 |
96 |
|
Суда еритін тұздар құрамы,
%-пен, көп емес |
0,6 |
0,6 |
|
Ылғал құрамы, % -пен,
көп емес |
0,5 |
0,6 |
|
4900 тесік г/см2 електегі қалдық,
%-пен, көп емес |
0,5 |
0,5 |
|
Судағы рН |
6,5-7,5 |
6,5-7,5 |
|
Жапқыштығы г/см2,
көп емес Түсі |
50 |
50 Эталон бойынша |
2-Кесте- Титан қос
тотығының пигментті емес сорты.
|
Аталуы |
Конденсаторларға
арналған сорты |
Қатты балқымаға
арналған сорты |
|
ТіО2
құрамы,%-тен
кем емес |
98,0 |
99,5 |
|
Қоспалар,%-тен көп емес |
0,1 |
0,1 |
|
Темір тотығы %-тен ,көп емес |
0,1 |
0,1 |
|
Күкірт,SO3-ке есептегенде |
0,4 |
0,25 |
|
Фосфор,P2O5-ке есептегенде |
0,05 |
0,06 |
|
Ауыр металдар
Pb,Zn,Cr,B. |
- |
іздер |
Қасиеті
ТіО2,молекулалық
салмағы 79,9 аппақ қардай аморфты ұнтақ,тығыздығы
4,17-4,26г/см3. Балқу температурасы 1500-18550С
аралығында (модификация түріне қарай). Суда ерімейді,күйдіргеннен
кейін әлсіз күкірт қышқылында да ерімейді, қайнатқан
жағдайда да ерімейді.
Жұмысты орындау тәртібі.
Өте
таза затты тұнбаға түскен титан қышқылын күйдіру
арқылы алуға болады:
TiCl4
+ 4 NH4OH = Ti(OH)4 + 4 NH4Cl
Ti(OH)4
= TiO2 + 2 H2O
TiCl4
әлсіз қышқылды ерітіндісін немесе Ti(SO4)2
–ні 70-800С дейін қыздырып, Ti(OH)4 тұнбаға
түскенге дейін NH4OH қосады. Бюхнер воронкасында сүзіп,ыстық сумен шаяды. Кептіреді де,600-7000С-та
күйдіреді.Шығуы 100%
Темірден бос зат алу үшін, титан қышқылының
пастасын күйдіргенге дейін ионит мембранасы МК-40 және МА-40
электролиализге өткізеді.
Титанды талдау әдістері.
Титанды көлемдік әдіспен
талдау.
Титан қос
тотығын көлемдік әдіспен талдау 4 валентті титанды 3 валентті
формасына цинкпен өткізуге негізделген.
Тотықсыздандыру реакциясы мына теңдікпен
өтеді:
Ti4 + Zn = 2Ti3+ +Zn2+
Түзілген 3 валентті титан тұзын темір
аммонийлік кваспен титрлейді:
Ti3+ Fe3+ = Ti4+ + Fe3+
Индикатор
ретінде роданид аммониі қолданылады, 3 валентті темірдің артық
шығыны ашық қызыл түске боялады.
Түзілген
3 валентті титан ауадағы оттегімен тотықпауын қамтамасыз ету
керек. Сондықтан 3 валентті титанды жинайтын қабылдағыштан көмірқышқыл
газы тоғымен ауаны шығарады. Теңдіктк көрсетілгендей, бұл
әдісте титанды темірден бөлмей –ақ анықтауға
болады.
Реактивтер:
Екі валентті хром хлориді -20г калий бихроматы
ерітіндісін фарфор ыдыста 15мл тұз қышқылымен (p= 1,19) 6
валентті хромға тотықсызданғанға дейін қыздырады.
Алынған ерітіндіні хром толық бөлінгенге дейін қайнатады,
суытады, клбаға ауыстырып, майда кесілген цинк салады. Колбаны резинамен жауып,
ерітінді ашық көк түс алғанға дейін қыздырады.
Цинк
алдын-ала 5%-тік күкірт қышқыл ерітіндісімен,сонан соң
сумен жуылған 750-800г майдаланған цинк стаканға салынады да
400мл 2%-тік сынап нитратының ерітіндісімен өңделеді. Цинк
толық араластырылады(10 мин),ерітіндіні бөліп алады да бірнеше мәрте
сумен жуады.4 валентті титан Джонс редукторында тотықсызданады. Қабылдағыш
ретінде сыйымдылығы 500мл конусты колба қолданады. Колбаны 3 тесігі
бар тығынмен жабады. Бір тесігінен редуктордың шығару тесігі өтеді,қалған
екеуіне 2 тік бұрышты иілген шыны түтіктер өтеді,біреуінен көмір
қышқыл газы беріледі,ол түтік колба түбіне 50-60мм
жеткізбей аяқталады, ал екіншісінен газ шығарылады.
Көмірқышқыл
газы КИП аппаратынан немесе баллоннан беріледі. Оттегі іздерінен тазалау үшін
газды алдымен Тищенконың 4
өткізеді:оның 1-сінде мыс сульфатының
ерітіндісі,екінші мен үшінші ыдыста екі валентті хром хлоридінің
ерітіндісі,төртіншісінде су.
Талдау жолы.
Сынаманы
калий пиросульфатымен балқытуынан алынған ерітіндіден 50немесе
100мл аликвот алынып,стаканға ауыстырылады.Стаканға алдын-ала 50-600С-қа
қыздырылған 150мл 20%-тік натрий гидрооксиді құйылады.
Тұнба
коагуляцияланғанға дейін әлсіз пеште жай қыздырып қояды,тығыз
емес фильтрде сүзеді және
ыстық 2%-тік натрий гидрооксидімен шаяды.Фильтрдегі темір және
титан гидрооксидінің тұнбасын тұнбаға процесін жүргізген
стаканға қыздырылған күкірт қышқылымен(ерітінді
1:9) шая отырып,ауыстырады,фильтрді осы қышқылмен толық түссізденгенше
шаяды. Стакандағы ерітіндіні тұнба толық ерігенше қыздырады
және қышқылмен көлемін 70-75мл-ге жеткізеді. Стаканды
сағат әйнегімен жауып,аздаған мөлшерден амалгаммалы
мырышты ерітінді ашық көк түс алғанша қосады.Бұл
үш валентті титанды сипаттайды.
Сонымен қатар тотықсызданған титан ерітіндісін
жинайтын қабылдағыштан ауаны тазаланған көмірқышқыл
газ ағынымен 10-15мин бойы секундына 2-3 көбікше жылдамдықпен
ығыстырады. Сонан соң жоғарыда
көрсетілгендей сыналатын ерітіндіні редукторға ауыстырады да, шығару
тесігін ашып,оны қабылдағышқа минутына 20-25мл жылдамдықпен
өткізеді.
Колба
мен редукторды күкірт қышқылының 5%-тік ерітіндісімен
20мл-ден 5рет жуады. Сыналатын ерітіндінің шашырамауы үшін (сутегі
бөліну нәтижесінде) редуктордың жоғарғы
тесіктерін редукторды бірінші жуған ерітіндімен шайылған сағат
әйнегімен жабады. Тотықсыздандыру аяқталғаннан кейін қабылдағыш
тығынындағы редуктордың шығару түтігін шығарады,қайнатып
оттегісі шығарылған сумен шаяды, сонан соң көмірқышқыл
ағынын тоқтатпай ,тығының ортасындағы тесіктен
воронка көмегімен колбаға 20%-тік 10 мл радонид аммониінің ерітіндісін құяды.Воронканы
алып,тесікке бюретканың ұшын кіргізеді. 0,05Н темір аммоний квасының
ерітіндісімен титрлейді,титрлеуді коңыр қызыл түс пайда болғанша
жүргізеді, ол түс 3 мин ішінде жойылмауы тиіс. Соңғы
тамшылары өтежай реакцияға түседі, сондықтан 1-2 мин күту
керек. Бояудың жойылғанына көз жеткізгеннен кейін келесі
тамшыны қосады, солай ары қарай жүргізеді.Титрлеу 20-250с-та
өтуі тиіс. Жоғары температурада төмен нәтижелік мән
береді, ал 200С-тан төмен жағдайда реакция өте жай
өтеді. Температураны дұрыс ұстау үшін 250С-қа жылытылған суы бар ыдысқа салу қажет.
Тура нәтиже
алу үшін титан ерітіндісіне ауаның өтуінен сақтау
керек, өйткені ол үш валентті титанғаоңай тотықсызданады.
Титан қос тотығының құрамы:
А Т
ТiO2 =
..................... . 100
Н
Мұндағы:
А-0,05 темір аммоний
квас ерітіндісінің кеткен милиметрлік көлемі.
Т- темір-аммоний квас
ерітіндісінің титрі.
Н- талдауға алынған
аликвот бөлігіне сәйкес келетін сынама саалмағы:
0,05 Н темір-аммоний
квас ерітіндісін дайындау және титр мәнін есептеу .
Калий бихроматы ерітіндісі
бойынша 25мл темір –аммоний квас өлшеніп алынады,құрамындағы
темір бихромат әдісімен кремнемолибденді және фенилантранил қышқылдарын
индикатор ретінде қолданып анықтайды.Титрлеуді 2-3 рет өткізіп,
орташа мәнін алады.
Темір –аммоний квас ерітіндісінің титрлік мәні төмендегі
формуламен анықталады:
Тж =
Мұндағы:
К-
калий бихромат ерітіндісінің нормальдык мәні.
А-темір-аммоний квас ерітіндісін титрлеуге кеткен көлем.
Б-
темір-аммоний квасц ерітіндісін титрлеуге алынған мөлшері.
79,9- тиан қос тотығының эквиваленттік салмағы.
Тексеру сұрақтары.
1.ТiO2 алуға қандай
минералдар қолданады.
2.ТiO2 кристалдық торы неге тәуелді
өзгереді.
3 Күйдіруге температура мен уақыт әсері.
4.Титан қос тотығын алу әдістері.
5.ТiO2 құрамы.
6.Титан сульфатынан ТiO2 алудың
негізгі процестері.
7.ТіСІ4 –нан ТiO2 алудың
негізгі әдістері.
8.ТiO2
қасиеті.
9.Жұмыс орындау тәртібі.
10.Титанды талдау әдісі.
Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р
1.Позин М.Е. Технология минералных солей.4-е изд.Л.:Химия,1974,155с.
2. Чебеткин В.Н. Физическая химия твердого тела. –М.: Химия, 1982; 320с.
3.Белиньский Е.Ф.,Рискин И.В. Химия и технология пигментов. –Л:5 Химия,
1970, 756с.
4.Ормент Б.Ф. Введение в физическую
химию и кристаллохимию полупроводников. –М.: Химия, 1980 ,300 с.
5.Справочник. Чистые химические вещества. –М.: Химия, 1982,408с.
6.Методичкское указание к лабораторным работам по технологийи
неорганических веществ 25.02. Гильманова Г.Б. и др. КазХТИ: Чимкент, 1991, 55с.
7.Руководство по анализу в производстве фосфора, фосфорной кислоты и
удобрений. Под. ред. Мейжес.-Л.: Химия, 1973.
8.Методы анализа фосфатного сырья,фосфорных икомплексных удобрений. –Л.:
Химия, 1975.