Кіріспе
Іс-тәжірбиелік жұмыс лекциялық материалдарды, тереңірек,
материалдардың қасиетін толығымен және шығармашылық ой
тізбегін жетілдіру үшін қажет.
Іс-тәжірбиелік сабақ
лекциядан жеке өз алдына жүргізіледі. Iс-тәжірбиелік
сабақты орындау үшін студент үй тапсырмасының сұрақтарымен танысу қажет. Үй тапсырмасының барлық сұрақтарына
лекцияны, әдебиеттерді пайдаланып
жауап беру қажет.
Бұл әдістемелік
нұсқауда студенттерге қажетті өндірістердің теориялық негіздері, үй
тапсырмалары және арнаулы іс-тәжірбиелік сабаққа арналған
есептерден тұрады.
Испанияда Альтемир үнгірінен
табылған көп түсті жардағы суреттер ежелгі адамдардың
пигменттердің бояу ретінде қолданғаны байқалған.
Осыған қарағанда ежелгі адамдардың көмір мен бор
және түсті топырақ пен жұмыс істегендері көрінеді.
Бұл органикалық
пигменттер ассортиментті аз белгілі еді, бірақта осы кезде бұл
пигменттер белгілі болатын. Ежелгі Египет мүсіндерін зерттей келе мұнда
біздің заманға дейінгі 2000 жыл бұрын 3 түрлі
пигментпен жұмыс істегені белгілі болған.
Мұндағы
қызыл түсті пигменттің 3 түрі табылған. Бұлар
шығыс елдерінде өндірілген киноварь, охра және органикалық
негіздегі қызыл пигменттер.
Бұларды зерттей
келе олардың пурпур болғаны анықталған.Қызыл түсті
пигменттен басқада түстері Египетте белгілі болған: бұлар
жасыл-көк мыс силикиттар негізінде. Бұл пигменттерді зерттей келе жұқа
мыс шынылары, олардың түсті пигмент екені анқталды. Пигменттің
негізбен қышқылға төзімділігі байқалған. Бұл
пигментке анализ жасай келе құрамында 70 пайыз кремний қышқылы
және 9 пайыз кальций оксидімен 15 пайыз мыс оксиді табылған.
Жасыл пигмент
негізінде мыс, ал көк түсті пигмент – глазурь сол кездегі құрамында
кобальт оксиді табылған. Біздің заманымызға дейінгі 2000 жыл
бұрын өндіріс тәсілі ашылған.
Сол кездегі пигменттерді емдеуге және
косметикаға пайдаланған. Мұны біздің эрамызға
дейінгі IV ғасырда өмір сүрген Диоскоридан жазған. Бұл
өндіру тәсілін дәрігер Диоскоридан (грек) қорғасын
мен сірке қышқылынан алынғанын жазған. Біздің
заманымыздың басында қорғасынмен ақ пигмент өндіру
үлкен көлемде жалғасын тапты , мұны пигмент ретінде
пайдаланды.
Біздің заманымыздың
бірінші ғасырында өмір сүрген Римдік натуралист Плилини,
Пирсия гаваны қоймасындағы өрттің болғанын жазғанда,
қорғасын ағартқышы бар бөлшектердің жанғаны
және мұндағы температураның жоғарлауына
байланысты қорғасынның ағартқыш сурикке айналғаны
туралы жазған.
Басқа Римдік натуралист
–Витурий сол екзде мыс өндірісінің көп мөлшерде дамығанын
жазған. Ол жазғандай мыс өндірісі сияқты қорғасын
өндірісі де дамыған, бірақта
қорғасын қабықшасы орнына мысты пайдаланғанын жазған.
Ежелгі мүсіндер мен жазуларды
XI ғасырдағы орыс шеберлерінің пигмент пен түсті
бояулар мен жұмыс істегені белгілі болды. Ежелгі Остамирова мен Святослав
мүсіндерінің жазуындағы әріптердің пигментпен
жазылғаны зерттей келе киноварь, сурик т.б. органикалық пигмент
негізіне қолданған.
XIII-XVII ғасырдағы
заң жазушыларында пигмент бояуының өндірісі, қолдану
аймағы жазылған XV ғасыр қолжазбасында жасанды сурикті
алу технологиясы, ал XVII ғасыр қолжазбаларында сурикті алу тәсілі
жазылған.
Бұл қолжазбалар
авторларына пигменттің құрамы мен қолдану аймағы
белгілі болған. Бұл қолжазбаларда киноварь бояуының күн
сәулесі түскенде қара түске өзгеретіні жазылған.
Сол кездегі орыс шеберлерінің
мүсіндері ең жақсы да, сапалы жазылғаны белгілі болған.
Пигмент класстары және
анықтамасы.
Пигмент дегеніміз- түрлі- түсті
дисперсті заттар, бұлар өздігінен ерімейді және зат бетінде жұқа
қабықша түзе алады.
Пигменттер
бейорганикалық және органикалық болып бөлінеді, пигмент
ретінде металдың ұнтақтарын да пайдаланады.
Бейорганикалық
пигменттерді көптеген салаларда пайдаланады, бұлар техникада, құрылыс
заттарында көп функциялар атқарады.
Органикалық
пигменттерді материалдарға белгілі бір түс беру үшін
пайдаланады. Пигменттің бояу қасиеті
жоғары болғандықтан пластмасса, құрылыс заттарын
да, талшықтарда, қағаз өндірісінде көп қолданады.
Кейбір пигменттер реакцияға түсу қасиеті болғандықтан
оны аккумульятор өндірісінде бұлар үлкен роль атқарады,
мұнда күйе мне түсті
пигменттер қолданады.
Көп мөлшерде
қолданатын өндірістің бірі бұл бояу шығарушы өндірістер,
мұнда негізгі компонент бояу болса, ал қалған бөлігі түсті
пигменттер.
Пигмент класстары: Бейорганикалық
пигменттерді классификациялау үшін олардың екі қасиетін
ескереді. Бұндай классификациялық пигменттерді түсінен
негізгі екі топқа бөлінеді – ахроматтық және хроматтық.
Ахроматтық
топқа кіретін пигменттер бұлар ақ, қара түсті
пигменттер. Ахроматтық топқа кіретін пигменттер барлық түсті
пигменттер.
Бұл пигмент
топтары негізгі топшаларға бөлінеді. Топшалар ішінен пигменттер
химиялық жағынан бөлінеді, олар хролоформ, атом немесе атом
топшаларына және т.б. Неорганикалық пигменттер осы классификация
бойынша былай орналасады.
Ахроматтық пигменттер
Ақ
пигменттер
Қара пигменттер
Цинкті
Күйе және сия
Титан оксиді Сұр
пигменттер
Липотон Цинкті шан
Қорғасын
ағартқышы
Алюминді пудра
Хромды пигменттер
Сары, қызыл және қоңыр
пигменттер. Крон-хроматы, Хромоформды пигменттер кронасы, Қорғасын-малибдаты
кронасы, цинкті крона, стронций крона, және т.б. Кадмий және сынапты
пигменттер сульфидті және селенидті хромаформды S2- және
Se2- (сары кадмий, қызыл
кадмий, киновраь). Темір оксидті пигменттер хромоформды Cr3+(хром
оксиді, изумрудты жасыл), Хромоформды кобальдті пигменттер Co2+(Жасыл,
көк, көкшіл кобальт және т.б.хромоформды марганецті
пигменттері Mn3+ ,Mn5+ және Mn6+.
Араластырылған жасыл пигментер (қорғасын жасылы, цинкт
жасыл))
Хромоформды темірлі лазурь [Fe(CN)6]4-
ультрамарин. Бұнымен қатар пигменттер қолдану жағынан бөлінеді.
Жылу сезгіш бояуға пайдаланадын пигменттер. Жарық немесе сәуле
шығарғыш пигменттер болып бөлінеді.
Коррозиядан сақтау қабықшаларының
пигменттері.
Қазіргі уақытта
конструкциялық материалдарға пайдаланатын металдар сыртқы
ортаның әсерінен бұзылады немесе тоттнады. Осыған орай метал
беттерін бояу қабықшалары әсерінен бұл металдар көп
уақыт сақталады. Мұның негізгі тоттықпауына үлкен
роль атқаратын бояу құрамындағы пигмент басып саналады.
Тотығу процессіне қарай пигменттер үш топқа бөлінеді:
1.Ингибтивтік (тотығуға
қарсы)
Амамин пудрасы
Цинк шауы
Хром цинкі
Негізгі қорғасын хроматы
Қорғасын, сурик және т.б.
2.Орташа тотығу
Барит
Қорғасын хроматы
Кейбір қышқылдар
Темір
Қорғасын ағартқышы және
т.б.
3.Стимуляторлар
Графит, күйе т.б.
Ингибитивтік пигменттер қабықшаларынын
қасиеті металды бұзылған жағдайда оны сақтай
алады. Пигмент қабықшалары бұл орташа сақтайтын қасиеті
бар. Ал стимуляторлы пигменттер метал бұзылған жағдайда бұл
керісінше тотығуы процессін жоғарлатады. Тотығу процессінің
жоғарлауы. Тотығу процессінің 2 түрі бар- химиялық және электрохимиялық тотығуы.
Химиялық тотығуы бұл төмен электр жоғын өткізетін
ортада, металмен тотығуы (газ, органикалық заттар мен) металмен
тотығады. Негізінде қыздырғанда және үлкен
температурада метал бетінде тотығуы байқалады. Химиялық тотығуы
Wхим , тотығатын зат Р уақытта L төмендей Аррениус
формуласымен түсіндіріледі:
К-сыртуы және ішкі диффузия
константасы.
DVg және DVp- энергия
активациясы.
R-универсальды газ.
Е- температура.
DV- бұл
химиялық тотығу шақырушы табиғи реагентпен анықталады.
DV және К метал бетіндені табиғи реагентттерге қарай.
Ал метал беті сақталмаған
жағдайда DV®0 коррозияға
ұшырайды. Егер метал беті коррозиядан сақталған жағдайда
К константа төмендейді, ал DVg жоғарлайды
да тотығу процессін төмендететі. Фронтальды диффузия пигмент қабықшалары араларына жаймен өтеді. Пигмент қабықшасымен
сақталмаған жағдайда тотығуы тез жүреді. Сонымен қатар
кейбір пигменттер адсорбцияға түседі немесе химиялық байланысқа
түсіп, (H2S, SO2 ,SO3 ,Cl2
т.б.) газдардың немесе табиғи реагенттердің метал бетіне түскенде
кедергі жасайды. Активті адсорбенттер бұлар күйе және сия, ағартқыш
және титан 2 оксиді, көп органикалық пигменттер. Қорғасын
ағартқышы ауаның аз мөлшерін өзіне тартып қара
түске айналады.
ÁÀÐÈÉ
ÒÎÒÛҒÛÍ ÀËÓ
ÒÅÕÍÎËÎÃÈßÑÛ
Барий тотығын азотқышқылды
барийды тигельді немесе муфельді пештерде күйдіру арқылы алады:
2Ba(NO3)2 =
2 BaO +4NO2+ O2
Реакция 1000-10050С –қа дейін қыздырғанда өтеді.Бірнеше
сағат күйдіргеннен кейін 96% -дан жоғары құрамды
ВаО алынады. Бөлінген азот тотығын сілті ерітінділерімен ұстайды.
Ba(NO3)2 болат тигельдерде (биіктігі 0,5м, диаметрі
0,4-0,5м конус формалы )күйдіргенде тигельдердің сыртқы және ішкі беттерін
тигельді газ шығатын тесігі бар қақпақпен жабады. Газдың
бірден қатты бөлініп материалдарды шығын өтпеу үшін
тигельді қыздыруды 30-35 сағат
өткізеді. Процесс біткенде 10-12 сағат суытады да тигельдерді
пештен шығарады. Қосымша суытқаннан кейін барий тотығын
жақсы жабылатын болат жәшіктерде сақтайды, өйткені ол
ауадан көміртегі тотығын өзіне сіңіреді.
ВаСО3 9000С жоғары
температурада барий оксиді мен көмір қышқыл газына ыдырайды.
Толық ыдырау үшін барий карбанатын 14000С-қа дейін
қыздыру қажет. Пеште температураны төмендеткен жағдайда
кері процесс өтіп,алынған өнімнен қайта барий карбонаты
түзіледі. Күйдіру кезінде материал бетінде аздаған балқу
өтетін жағдайда процестің өтуі өте қиын
болады. Бұл қиындықтарды жою үшін барий карбонатын көмір
қоспасымен күйдіреді. Нәтижесінде көміртегі СО2-ден
СО-ға дейін тотықсыздандырып , реакция төмендегідей өтеді:
BaCO3 +C = BaO
+2CO
Газ жүйесінде СО2 болмауы кері
реакцияның жүруіне мүмкіндік бермейді, нәтижесінде 12000С-тан
төмен температурада жүргізіп, материалдың балқуына жол
бермейді.Бұл процеске карборунттан жасалған аппарат қолдануды
ұсынған.
BaO қасиеті.
Көкшіл-ақ, жеңіл ұнтақталған
ұнтақ.Кейдемикрокристалды куб формалы алынады. Тығыздығы
5,72-5,8г/см3, балқу температурасы 19200С.Варий
тотығы ауадан ылғал мен СО2 қатты сіңіреді.
Соңғы уақыттарда ВаО газдарды кептіру үшін қолданылады,кептіру
процесіне қолданатын CaO.CaCI2 немесе алюмогелден артықшылығы
өте жоғары ,ВаО бар түтіктен өткен ылғал ауада
8,5.106мг/л H2O қалады.
ТЕМІР ТОТЫҒЫН АЛУ ӨНДІРІСІ
Темір тотығын алу процесінің химиялық негізі.
Қызыл темір тотығын екі әдіспен
алуға болады:
1.Темір сульфатын (темір купоросы) күйдіру немесе құрамында темірі бар қалдықтарды 700-8000С-та
күйдіру арқылы алады.
Қызыл темір тотығын
бірінші әдіспен алу темір сульфатын 6500С жоғары
температурада темір тотығы мен газ
түріндегі күкірт тотықтарына ыдыратуға
негізделген:
FeSO4 = Fe2O3
+ SO2 + SO3
Темір тотығының негізгі тұзының түзілуі
алыстырмалы төмен температурада(1000С) FeSO4 H2O-
тің нәтижесінде өтеді:
6FeSO4 H2O + 1.5 O2
= 6 Fe(SO4)(6H) + 3H2O
4250С-тан бастап, сусыз ҒеSO4 тұзының
тотығуы жылдамдайды:
6 FeSO4 + 1,5 О2 = 2 Fe2(SO4)3
+ Fe2O3
5000С-та бұл процеске негіздік тұздың
сусыздануы қосылады:
6 Fe(SO4) (OH) = 2 Fe2(SO4)3 +Fe2O3 + 3 H2O
Іс жүзінде темір купоросының
ыдырауы температурасы 680-7000С . Қызыл темір тотығын
алу үшін бай темір рудасын күкірт қышқылымен өңдеу
арқылы алған Fe2(SO3) қолданып та алады. Fe(SO4)3 H2O 10000С-та жартысын, ал 1800С-та
толық сусызданады, ал 700-8000С ыдырайды:
Fe2(SO4)3
=Fe2O3 + 3SO3
Темір тотығын тұнбаланған
темір тотығы гидратынан күйдіру арқылы алу жоғары
температурада оңай диссоциялануына негізделген:
Fe2O3 nH2O
= Fe2O3 nH2O
Темір тотығының гидраты толық 3000С-та
сусызданады. Бірақ бұл температурада түзілген темір тотығы
қажетті қасиеттерге ие болмайды.
Сонымен қатар қызыл темір тотығын тек 600-7000С-та
күйдіргенде ие болады. Сонымен қатар қызыл темір тотығын
салыстырмалы төмен температурада FeO Fe2O3 тотықтыру
арқылы (275-3000) мына реакция бойырша алады:
2(FeO Fe2O3) + 0.5 O2 = 3Fe2O3
Бірақ бұл жағдайда анық қызыл түсті
болып жоғары температурада (600-700) түзіледі.
Технологиялық процесс
Қызыл темір тотығын келесі әдістермен алады:
1. Темір сульфатын күйдіру.
2. Темір тотығы гидратын және FeO Fe2O3 күйдіру.
3. Колчеданнан алынған огарокты кластарға бөлу.
4. Темір пентокаобонилін жағу арқылы:
Темір тотығы гидратын және Ғе3О4
күйдіру.
Темір тотығы гидратын әр түрлі
жолдармен алуға болады, мысалы темір тотығының негіздермен тұндыру,
темір тотығының тұздарын гидролиздеу арқылы.
Негізінен темір сульфатын содамен, темір
хлоридін әкпен өңдеу арқылы алынады, түзілген тұнбаны
тотықтыру арқылы алады. Бұл процестерді төмендегі
реакциялармен көрсетуге болады:
Тұндыру:
2FeSO4 +2
NaSO4 =2 FeCO3 +Na2SO4
2FeCI2 + 2CaCO3
=2FeCO3 +2 CaCI2
2FeCI2+ 2Ca(OH)2 =2Fe(OH)2 +2CaCI2
Тұндыру:
2FeSO4 H2O + 0.5 O2 =2FeO2 H2O
+ 2CO2
2 Fe (OH)2 H2O +
0.5 O2 = Fe2O3 H2O +2 H2O
Тотықтыру ауа құрамындағы оттегімен өткізеді,яғни
ауаны материал арқылы белгіленген жылдамдықпен өткізеді.
Темір пентокорбонильді жағу.
Темір пентокорбонил Fe2(CO)5
түссіз ерітінді. Қыздырғанда темір пентокорбонил жанады. Жану
нәтижесінде темір тотығы және көміртегі газы бөлінеді:
4Fe2(CO)5 + 13O2
=2Fe2O3 +20CO2
Қызыл темір пигменті келесі талаптарды қанағаттандыруы
тиіс:
Темір құрамы (Fe2O3-ке есептегенде),%,кем
емес 92
Темір қос тотығы (ҒеО-ға есептегенде),%,кем емес
Суда еритін тұздар,%,көп емес 1,0
Ылғал құрамы,%,көп емес 0,5
Електе қалатын қалдық,%,көп емес 1,5
Судағы көрсеткіші-бейтарап
Ғе2О3 қасиеті.
Алыну әдісіне байланысты Ғе2О3
немесе жылтыр қызыл ұнтақ, тығыздығы 5,24г/см3
(L-модификациялы Ғе2О3 тығыздығы
4,7г/см3). Балқу температурасы 15650С. Айдау
температурасы 20000С шамасында. Темір тотығы қышқылдарда
өте аз ериді,ал 16 есе артық алынған 8бөл. H2SO4және
3 бөл. Н2О ерітіндісінде жақсы ериді.
МЫРЫШ ТОТЫҒЫН АЛУ ӨНДІРІСІ
Мырыш тотығын өндірісте алу әдістері мен процестің
ілімдік негізі.
Өндірістік құрғақ әдіс.
Мырыш тотығын
құрғақ әдіспен алу үшін мырышты бу күйіне
айналдырады, мырыш буын тотықтырады және түзілген мырыш тотығын
ауаадағы суспензиясынан бөледі. Өндірістік құрғақ
әдіс өз кезегінде екі топқа бөлінеді.
1.Муфельді әдіс.
Муфельдік әдіспен мырыш тотығын алуға металдық
мырыш қызмет етеді. Ол екі сатыдан тұрады:
-металдық мырышты буландыру
-алынған буды тотықтыру және ауадағы суспензиядан бөліп
алу.
Мырыш буын тотықтыру реакциясы экзотермиялық:
Zn + 0.5 O2 = ZnO
+85.4 ккал
Металдық мырыштың қоспалары болып табылатын кадмий мен қорғасын
да буланып тотығады:
Cd + 0.5 O2
= CdO+60ккал
Pb +0.5 O2
= PbO + 52.9ккал
Мырыш тотығында кадмий мен қорғасын тотықтарының
бар болуы мырыш тотығын күкірт сутекке сезімтал етеді.
ZnO + H2S =H2O
+Zn (ақ түсті)
CdO + H2S = H2O
+Cd (сары түсті)
PbO + H2S
= H2O + Pb (қара түсті)
2.Ветерилл әдісі
Ветерилл әдісі шикізат ретінде күйдірген мырыш концентраты қолданылады.
Құрамында қорғасыны жоқ тотыққан
мырыш рудалары және де мырыш құрамдас қалдықтар,
мысалы мырыш тотықтары қолданылады.
Күйдірілген мырыш
концентраттары мырыш тотығын алуда негізгі шикізат болғандықтан
күкіртті руданы күйдіру арқылы алады:
2ZnS + 3O2 = 2ZnO
+ 2SO3 +227ккал
Күйдіру нәтижесінде алынған өнім құрамында
мырыш 70%-ке дейін болады. Мырыш тотығын алуға мырыш құрамдас
қалдықтармен бірге құрамындағы мырыш карбонаты түрінде
болатын тотыққан мырыш рудасын да (смитсонит) қолдануға
болады. Ветирилл пешінде смитсонит 3000С-та мырыш тотығын түзіп
ыдырайды:
ZnCO3 = ZnO +
CO2 -12.1ккал
Пешке өткізілген немесе пеште смитсонитті ыдырату кезінде түзілген
мырыш тотығы 13000С шамасында металдық мырышқа
дейін тотықсызданады, ол бұл температурада тек бу күйінде
болады, себебі ол 9500С-та қайнайды. Ауаның артық
шығынының нәтижесінде немесе көмір қышқылгазы
бар болуы әсерінен мырыш буы пештің жоғарғы бөлігінде
мырыш тотығына тотықсызданады.
Вентирилл пешінде өтетін
процестерді келесі теңдіктермен көрсетуге болады:
ZnO +CO = Zn( бу) +CO2 -17.7ккал
CO2 + C = 2CO + 38.7ккал
Zn(бу) + CO+ O2 = ZnO + CO2
+ 153.1ккал
------------------------------------------------------
C + O2 = CO2
+ 96.7ккал
Аралық өнім ретінде түзілген көмір қышқыл
газы бу күйіндегі металдық мыршпен тотығып мырыш тотығына
өтеді:
Zn + CO2 =ZnO + CO
+17.7ккал.
Вентерилл процесі рудадан 80-90% мырыш бөліп алуға мүмкіндік
береді.
Өндірістік ылғал әдіс.
Мырыш тотығын ылғал әдіспен мырыш тұзының
судағы ерітінділерінен тұнбаланып алынған, оңай
диссоцацияланатын мырыш қоспаларын күцдіру арқылы алады.
Зерттеулердің мәліметтері
бойынша мырыш тотығын мырыш карбонатының негізгі тұзын
мырыштың аммиакты ерітіндісінен тұндырып,оны күйдіру арқылы
алады. Мырыштың аммиакты ерітіндісін мырыш шикізатын аммиакпен өңдеу
арқылы алады. Аммиак ерітіндісіне анықталған аммоний карбонат
мөлшерін қосса мырыштың еруін жылдамдатады және оның
ерігіштігін арттырады. 800С-қа қыздырылған ауаны
мырыштың аммиакты ерітіндісі арқылы үрлесе аммиак
айдалынадыда тұнбаға құрамы m ZnCO3 nZn(OH)2
негіздік мырыш карбонаты түседі.Тұнбаға түскен негіздік
карбонат тұзы сүзіліп және кептіріліп болғаннан кейін
10000С-та 1сағат күйдіріліп, мырыш тотығына
айналады.
M ZnCO3 nZn(OH)2
= (m+n) ZnO + nCO2 + nH2O
Басқа әдісте мырыштың негіздік карбонатын тазаланған
мырыш сульфатын содамен әрекеттестіріп алуға болады.Мырыш сульфатын
алу үшін мырыш шикізатын күкірт қышқылымен өңдейді.Алынған
мырыш сульфатын еримейтін қоспалардан бөлу үшін сүзеді,сонан
соң алынған мөлдір ерітіндіні темірмен ауыр металдардан
тазалау үшін химиялық тазартуға береді.
Мырыш сульфатының
ерітіндісіне натрий бикарбонатымен әсер еткенде тұнбаға мырыш
карбонаты түседі:
ZnSO4 + 2 NaHCO3
= ZnCO3 + Na2SO4 +H2O +CO2
Ал натрий карбонатымен араластырса мырыштың негіздік карбонат тұзы
анықталмаған құрамда түзіледі. Мырыштың негіздік карбонат тұзын 10000С-та
1 сағат күйдіріп мырыш тотығын алады.
Жоғары сапалы мырыш
тотығын алу үшін мырыш сульфатын аммиакпен тұндырып ,мырыш
гидрооксидін алу қажет:
ZnSO4 + 2NH4OH = Zn
(OH)2 +(NH4)2SO4
Тұнбаға түскен мырыш гидрооксидін 2-3рет ыстық
сумен шаю қажет,нәтижесінде аммоний сульфатының негізгі салмағы
жуылады және мырыш гирооксиді біртіндеп дегидротацияға түседі.Сұйықтан
бөлініп кептірілген тұнба күйдіру кезінде мырыш тотығына
өтеді.
(NH4)2SO4
=2NH3 + H2SO4
Сусыз мырыш сульфатынан хлорлы тұздардың
қатынасының кезінде де ақ түсті өнім алынады.9900С
–қа дейін күйдіру температурасын көтерсе мырыш тотығының
сапасы төмендейді,оның сіңіргіштігі мен интенсивтілігі төмендеп,мрыш
тотығы қатты болады.8500с-та мырыш сульфатының
диссацациялануы мырыш сульфатына қарағанда
өте аз,сондықтан
ZnSO4
= ZnO + SO3
Процесі өтпейді.Тотықсыздандырғыштың
қатысуында алдымен мырыш сульфатының мырыш сульфитіне тотықсыздануы
өтеді.
ZnSO4 + C = ZnSO3 +CO
Түзілген мырыш сульфитінің
диссацациялануы 8500С мырыш сульфатының диссацациялануынан өте
жоғары, сондықтан диссоцациялану процесі жақсы өтеді:
Бұл әдіспен алынған мырыш тотығы
мырыштың негіздік карбонатынан алынған мырыш тотығынан қасиеті
жағынан кем түспейді.
Қасиеті.
Молекулярлық салмағы 81,37. Сарғыш
–ақ ұнтақ тығыздығы
5,606г/см3. Қыздырғанда шыдамды, қыздырғанда
лимонды-сары түсте болады,суытқанда бастапқы түске қайта
келеді.18000С-та айдалады. Іс жүзінде суда ерімейді(2,640-4%
260С-та ).Сутегімен тотықсызданбайды.
Жұмыстың орындалу тәртібі.
«Күкіртсіз» таза өнім техникалық өнімнен (мырыш
тотығы )алынады. Фарфор стаканға (сыйымдылығы 1л) 140г (NH4)2CO3
(т.а.т.),200-250мл су және 50мл NH4OH(т.а.т.) тығыздығы
0,91 саламыз. Астына араластырғыш қосып, біртіндеп 50г ZnO(техн.)
салынады. Ерігеннен кейін (20-40мин.кейін) ерітіндіге қорғасын қопасын
тұнбаға түсіру үшін 20г мырыш түйіршіктерін қосамыз,толық
бөлінген жағдайда сынамаға күкірт сутек суын қосқанда
күңгірт түске боялмауы тиіс. Ерітіндіні тұндырғаннан
кейін 10%-тік NH4OH батырылған 2 фильтр арқылы сүзеді.Фильтратты
фарфор табақшасына құйып алады, 1/3 көлемге дейін
буландырады,бұл кезде аммиак және көмір қышқыл
газы бөлініп мырыштың негіздік карбонаты кристалл күйінде тұнбаға
түседі. Ыстық сұйықтықты фильтр арқылы сүзеді.
Кристалды 3-4рет сумен шайып, жұқа қабатты етіп фарфор табағына
салады да 100-1250С –та кептіреді,сонан соң 4000С-та
қышқыл суда көмір қышқыл газы көбіктеніп бөлінуі
тоқтағанша күйдіреді.
Аса таза мырыш оксиді (
люминофор үшін)алуға шикізат ретінде құрамында 0,001SO4
бар Zn(SO3)2 алынады.
100г Zn(NO3)2
6H2O затты 30мл суда ерітіп, 5мл (NH4)2S қосамыз,
ара-арасында араластырады. 1тәуліктен кейін сүзеді, қажет жағдайда
бірдей көлемде су және араластыра тұрып NH4OH(т.т.а.,тығыздығы
0,93)құяды.Құюды
Zn(OH)2 түскенше жүргізеді(шамамен 50мл ). Тұнбаны
Бюхнер воронкасында сүзеді, 8010рет әр кез 50-60мл сумен жуады. Ылғал
Zn(OH)2жұқа қабатты етіп фарфор табақшасына
салып, 100-1200С-та кептіреді, кептіруді араластырып жүргізеді,
сонан соң 3-4сағат 500-5500С-та күйдіреді.Шығуы-20г(~70%).
АЛЮМИНИЙ ТОТЫҒЫН АЛУ ӨНДІРІСІ
Теориялық негізі
Сусыз алюминий тотығын әртүрлі
модефикациялы, олар бір-бірінен кристалдық торының құрылысымен,
яғни осының нәтижесіндегі химиялық қасиеттерімен
ерекшелінеді. Технологтар үшін ең қасиеттісі
γ- Al2O3(α- глиназем) және
-Al2O3(
-
глиназем).
- Al2O3
корунд деген атпен танымал, ол табиғатта кездеседі немесе жасанды жолмен
алынады. Корунд механикалық жылдамдылығымен және химиялық
тұрақтылығымен
ерекшелінеді; ол ылғал сіңіргіш емес, тығыздығы
3900-4000 кг/м3.
-Al2O3
табиғатта кездеспейді, ол гидраргиллитті және билитті 400-9500С-та
күйдіру нәтижесінде алынған өнім.
-Al2O3
-Al2O3-rt
–өтеді. Модификация ылғал сіңіргіштігімен ерекшелінеді және
қышқылдарда, сілтілерде оңай ериді.
-Al2O3
тығыздығы 3500-3700 кг/м3.
Байер бойынша сілтілік ( ылғал) әдіспен алу.
Байер әдісі 1869-1892 жылы ашылды. Кари Иосив Байер бұл әдісте
екі негізді қолданды: боксит құрамындағы глназемды
ерітіндіге күйдіргіш натрмен руданы өңдеу арқылы өткізеді:
Al2O3
n H2O =Na2O + Al2O3 + (n+1) H2O
Және алюминикатты ерітіндіні өздігінен гидролизге түсіру
, яғни Al(OH)3
тұнбаға түсіру:
Na2O Al2O3
4H2O =2Al(OH)3 + 2NaOH
Алюминий гидрооксидін күйдіріп өнім алынады.2250С
–та алюминий гидроксиді біртіндеп сусызданып , бемит түзіледі.
2 Al(OH)3 = Al2O3
H2O + 2H2O
Гидраргеллит бемит
-Al2O3-ке
өтеді, ал 12000С қа дейін күйдіргенде
-формаға
өтеді. 12000С
-AI2O3
-AI2O3-ке
300-4000С-та өтіп қояды, мұның өзі өнімнің
ылғал сіңірмеуіне мүмкіндік береді.
AI2O3 қасиеті.
Молекулалық
салмағы 101,95 тең, ақ ұнтақ, тығыздығы
3,5-4,1г/см3 (кристалдық формасына байланысты). Балқу
температурасы 29800С тең.Суды өзіне қатты сіңіреді.
AI2O3 салынған түтік арқылы өткен
ылғал ауа 200С-та 0,003мг/л H2O құрайды.
Алюминий тотығының қышқылдағы ерігіштігі алыну
температурасына байланысты. қатты күйдірілген алюминий оксиді
бейорганикалық қышқылдарда іс жүзінде ерімейді.
Ерітіндіге майдаланып, балқыма түрінде калий гидрооксидімен өтуі
мүмкін.
Жұмыстың
орындалу тәртібі.
Алюминий тотығын
жоғары температурада алюмо аммоний кварцтарын ыдырату арқылы алады:
2NH4Al(SO4)2
=Al2O3+ 2NH3 +4SO3 +H2O
Алюмоаммоний кварц
(т.т.а.) фарфор табақшасында 100-2000С-та кристалдық
судан ажырату үшін қыздырады. Алынған затты майдалайды,
тигельге салып алдымен 8000С-та сонан соң 4 сағат
1250-13000С-та күйдіреді. Ең жақсысы түтікшелі
электр пешінде күйдіруді өткізу. Шығуы: берілген салмақтың
10%-ін құрайды.
Қажетті жағдайды тура
орындаған жағдайда т.т.а. квалификациялы реактив алуға
болады.
Егер күйдіруді 10000С-та
өткізсе , таза емес зат алынады.Оның құрамында 2-2,5%
SO4-2 ионы кездеседі. Алюминий оксиді сонымен қатар алюминий (III)
гидрооксиді реактивин 850-9000С-та 3 сағат ішінде алынады. 8500С-та
Al(SO3)3 9H2O су буының атмосферасында күйдірілсе жоғары
дисперсті
- модификациялы Al2O3 (гексогональды жүйе) алынады, ал 10000С-та
гексогональді жүйеден кубты жүйеге
-Al2O3 өтеді.
МАРГАНЕЦ ҚОС ТОТЫҒЫН АЛУ ӨНДІРІСІ
Марганец қос тотығын
алудың ілімдік негізі.
1.Активті қос тотығын термиялық әдіспен
алу .
Бұл әдіс химиялық әдіске экономикалық жағынан
тиімді және жеңіл. Бұл әдісте 275-3000С-та
20-30мин марганит рудаларын тікелей тотықтыру қажет
Mn2O3
H2O +0.5 O2 = 2MnO2 + H2O
Тотықтыру жылдамдығымен тотыққан өнім
активтілігі руданың қасиеттеріне,оның құрамындағы
марганец пен қоспалардың мөлшеріне байланысты.Соңғысы
марганец тотықтарын тотықтыруды жылдамдататын катализатор болып
табылады. Марганец рудасына қарағанда марганец тотығы
катализатор қатысынсыз өте жай өтеді,бірақ оған
4-6%натрий гидрооксиді немесе калий
гидрооксидін қосып 4000с-та 2сағат ұстса
тотығу дәрежесі 85-90% құрайды. Процестің
интенсивтілігі Mn2O3 дайындау жағдайына байланысты.
Реактивті таза марганец қос
тотығын алу үшін тұнбаға түсірілген марганец
карбонаты затын термиялық ыдыратып, түзілген марганец оксидін
ауамен тотықтыру қажет. Тотықтыруды марганец оксиді
диссоцацияланбауы үшін азот қышқылының қатысында өткізеді.
Центрифугада сүзілген тұнба құрамында 70% марганец
карбонаты бар,оны 400-5000С-та кептіріп, азот қышқылымен
шайып тотықтыру үшін 450-5000С-та азот тотықтары
толық бөлінгенше күйдіреді.
Құнарсыз рудалардан
активті марганец қос тотығын алу.
Марганец қос тотығын төмен
сортты марганец рудаынан тұз қышқылы әдісімен алуға
болады.8000С-та күйдірілген марганец рудасын шоғырлы тұз
қышқылымен 20мин. алынады.36,6% марганец және 30,4% темір құрамды
рудадан 70%-ке жақын марганец ерітіндісіне өтеді ал қалдықта
55,54% темір және 9,25% марганец құрайды. Алынған
марганец хлориді ерітіндісі 10есе сумен еріткенде, өнім тұнбасын
85% MnO2 құрайды, іс жүзінде темір болмайды.
Құрғақ
батареялардағы деполязаторларға қажетті марганец қос
тотығын табиғи пиролюзотты тотықсыздандырудан алынған
затты тұз қышқылымен өңдеп,5-25% марганец қос тотығы хлорид және
0,5-5% бос тұз қышқылды
құрамды күйінде алады. марганец қос тотығы
тұнбасын бөлгенде қоспа Рн= 2-5 болуы тиіс. Тұнбаны
жуып, ұзақ уақыт суда ұстайды.
MnSO4—ті MnCI2
–мен өңдеу үшін кальций хлоридін қосып,тұнбаға
кальций сульфаты түсіріледі. Ерітіндіні марганец хлориді үлкен мөлшерде
Ca(OH)2 өңдейді. Алынған Mn(OH)2және
Ca(OH)2 мөлшерлі суспензияны CaCl2 ерітіндісінде
ауа өткізу (оттегі) арқылы Mn2+-ден Mn4+-ке өткізеді.
Тотығудың толық өтуі үшін суспензияны хлорлап, түзілген
марганец қос тотығын CaCl2 ерітіндісінен бөліп
отырады.
6000С-та су буының қатысында қатты марганец
хлориді тотық түзіп гидролизднеді.
2 MnCl2
+3 H2O =Mn2O3 + 4 HCl + H2
2MnCl2 +
4 H2O = Mn2O3 + 4 HCl +H2
Немесе жоғары жылдамдықпен ауа-бу қоспасының қатысында:
4MnCl2 + 4H2O
+O2 = Mn2O3 +8HCl
6 MnCl2
+ 6 H2O + O2 =2Mn2O3 + 12 HCl
MnO қасиеті.
Молекулярлық салмағы 70,94, жасыл –көк ұнтақ,
тығыздығы 5,43 -5,46 г/см3. Балқу температурасы
17850С. Ауада күйдіргенде Mn3O4 –ке өтеді.
Реактив суда ерімейді, қышқылда жақсы ериді.
MnO2 қасиеті.
Молекулярлық салмағы 86,94 сусыз реактив-қара кристалды
немесе аморфты ұнтақ, тығыздығы 5,025г/см3.
Суда ерімейді. 5350С-танжоғарыда күйдіргенде Mn3O4-ке
өтеді. Қышқыл ортада және қыздырғанда күшті
тотықтырғыш.
Сулы марганец қос тотығы
(маргонцоватты қышқыл) MnO(OH )2 немесе H2MnO3
(молекулалық салмағы 104,96)қара немесе қара-коңыр
ұнтақ.
МАГНИЙ ТОТЫҒЫН АЛУ.
Магний тотығын алудың ілімдік негізі.
Магний сульфатын темиялық ыдырату.
MgSO4 термиялық ыдырату 1100-12000
с-та жылдам және жеткілікті толық өтеді. Төменірек
температурада тотықсыздандырғыш және катализдік әсері
бар тотықтар, мысалы, Fe2O3 бар кезінде магний тотығы
SO2 және О2 құрамды газбен сульфаттануы
өтеді. 9% Fe2O3
бар кезінде, 6000С-та, 30мин уақытта 5% SO2 бар газбен MgO MgSO4 –қа
50% өтеді. C, S, H, CO, CH4,
тоықсыздандырғыштар қатысында MgO4 ыдырату
температурасы 6500С-та дейін, ал MgO қатысында 5000С
дейін төмендейді. MgSO4
көмірмен тотықсыздандыруды іс жүзінде 700-9000С
аралығында өткізеді.Негізгі реакция:
2MgSO4 +C = 2
MgO + 2SO2 +CO2
Қосымша реакциялардың нәтижесінде,әсіресе
көмірдің артық шығынында О2 1 бөлігі күкіртке
дейін, ал MgSO4 MgS дейін тотықсызданады. MgO шекті шығуы
MgSO4: C = 1:1молярлық қатысында жетеді. Бұл жағдайда
8000с-та MgO шығуы 99%, ал күкірттің SO2 өтуі -81%, күкіртке өтуі-16,5%, MgS-қа 2% өтеді, алMgSO4 түрінде
-0,3%қалады. MgO жоғарғы көрсеткішіне
тотықтыру аймағының атмосферасын 900-9500С-қа
көтерген жағдайда жетеді. Оттегінің артық шығынында
сульфиттен бос магний тотығы алынады.
Магний тотығын көмірмен тотықсыздандыруды
механикалық пеште өткізеді(колчеданды күйдіруге арналған
пеш). Барабанды және басқада
пештер қолданылуы мүмкін. Магний тотығының құрамы
тотықсыздандырғыштың құрамына байланысты.
MgSO4
тотықсыздануы табиғи газбен өткенде:
4MgSO4 + CH4 = 4MgO +4SO2
+ CO2 + 2H2O
0,2-0,6 өлшемді сусыз магний сульфаты және
құрамында 97,8% СН4
табиғи газы тотықсыздандырғыш ретінде қолданғанда,
тотықсыздану 700-7200С-та басталып MgSO4 MgO толық
өтуі 750-9500 С-та жүзеге асырылады. Реакцияның
газды өнімінде SO2 мен СО2 қатар S,H2S
және SC2 бар, олардың құрамы температурамен
газ жылдамдығына байланысты
MgSO4
тотықсыздандыруды үздіксіз құрамында Н2 немесе
H2S бар айналмалы газбен жүргізу ұсынылған, жылу
тасымалдағыш ретінде де қолданылады.Реакция сутегімен күкіртсутектің
артық шығынында өтеді. Бірінші жағдайда айналмалы
газдан күкіртсутек шығарылады, ал екіншісінде бөлінген күкірт
бөлінеді. Қатты магний сульфатын тотықсыздандыруды газ ағынында
шашаырату жағдайында да алуға болады. Белгілі жағдайда магний
сульфаты мен калий хлориді(немесе натрий хлориді) су буы қатысында алмасу
реакциясы өтеді:
MgSO4 +2KCl +H2O =
MgO +K2SO4 +2HCl
Реакция 8000С-та өтеді. Бұл
калий хлоридінен хлорсыз калий тыңайтқышын алу өндірісінде қолданылады.Қатты
өнімді сумен K2SO4, MgO –ға бөлуге
болады.Бірақ бұл жағдайда 1тонна K2O-ға
есптегенде 6,8 тонна 27%-тік қышқыл
алынады. Мұндай үлкен мөлшерде қышқыл алу калий өндірісі
орналасқан ауданда қолданыс табуы өте қиын.
Магний тотығын MgCl2 гидролиздеу
арқылы алуға болады:
MgCl2
+H2O = MgO +2HCl
Алты сулы магний хлоридін 5000 С-та қыздырғанда,алдымен
біртіндеп сусызданып MgCl 2MgCl 2H2O түзіледі,кейін
Mg(OH)Cl-гидрооксихлорлы магний түзіледі:
MgCl2+ H2O
= Mg(OH)Cl +HCl
500-5100С-тан жоғары
температурада Mg(OH)Cl ыдырайды:
Mg(OH)Cl = MgO + HCl
Егер инертті газ тоғында MgCl2 қыздырылса
бөлінгент хлорлы сутек бөлініп алынады,магний хлориді толық
магнезияға өтеді. Магний хлоридін гидролиздеу процесінде өз
кристал суында балқуы болмауы үшін шикізат ретінде Сорельдің
магнезиалды цементін қолданады. 500-6000С,1 сағатта
гидролиздеу дәрежесі 95-98%.Бұл
жолмен 600-6500С-та алынған магний тотығы каустикалық
магнезит талаптарын қанағаттандырады, ал 10000С-та алынған
магний тотығы отқа шыдамды металлургиялық ұнтақ
талабын қанағаттандырады. АҚШ-та MgO MgCl2 –ден
гидролиздеу әдісі өте кең қолданылады.Бұл
процесті шоғырлы магний хлориді ерітіндісін ыстық газ ағынында шашыратып өткізу іске асырылады.
MgCl2
гидролиздеу процесіндеMgCl(Cl,OH) қатты ерітіндісі түзіледі. 5000С-та
гидрооксилхлоридінің бетіндегі тұз қышқылы қысымы
1атм. жетеді және оның ыдырауы шекті жылдамдықпен өтеді.
Бөлінген тұз қышқылының бір бөлігі Mg(OH)Cl
әрекеттесіп,Mg(OH)Cl ішінде MgCl2 қатты ерітіндісі пайда
болады. Бұл процесс Mg(OH)Cl тұрақты температурасынан (5100)
40-450С жоғары температурада өтеді. Mg(OH)Cl жойылғаннан
кейін температура MgO түзілгеннен жоғарлайды.
Магнийоксихлорид кристоллогидраттарынан термиялық
ыдыратуда (2Mg(OH)2 MgCl2 5H2O, 3Mg(OH)2
MgCl2 8H2O, 5Mg(OH)2 8H2O, 9Mg(OH)2
MgCl2 H2O) алдымен суын біртіндеп жоғалтады, сонан
соң процесс төмендегіше өтеді:
2Mg(OH)2MgCl2
=H2O +(n-1) H2O n MgO +MgCl2
MgCl2 +H2O
= MgO +2 HCl
Магний гидролиздеу нәтижесінде алынған
магний тотығы өте жай гидраттанады. Сорель цементін гидролиздеу нәтижесінде
алынған магний тотығы 150С-та,48 сағатта 5%,850С –та 11 сағатта 90% гидраттанады. Балқыған магний хлоридін оттегімен тотықтыру
мына реакциямен өтеді:
MgCl2 + 0.5O2
= MgO + Cl2
MgO қасиеті.
Молекулалық салмағы 40,31. Ақ, жұмсақ ұнтақ.
Тығыздығы 3,19-3,71 г/см3 ( тотықты күйдіру
температурасына байланысты). Балқу температурасы 28000С , қайнау
температурасы 36000С.Магний тотығы суда ерімейді (8,4 10-4% 180С-та ). Ауада біртіндеп ылғал
мен көмір қышқыл газын тартады. MgO үстінде, 250С-та
кептірілген ауа құрамында 0,008 мг/л су болады. 10-12 бөлшек
сумен араластырылған MgO аздаған уақыттан кейін Mg(OH)2
өтеді.
ТИТАН ҚОС ТОТЫҒЫН АЛУ ӨНДІРІСІ
Титан қос тотығын алудың ілімдік негізі.
Титан қос тотығын
негізінен метатитан қышқылын күйдіру арқылы алады:
Н2ТіО3
=ТіО2 + Н2О
Соңғы жылдарда
титан қос тотығын 4 хлорлы титанды оттегі ортасында жағу жолымен
алу мән ала бастады.
ТіСІ4 + О2 =
ТіО2 + 2СІ2
Титан қос тотығының
кристалдық құрылысы (анатаз немесе рутил) бастапқы
шикізатты құрамының, метатитан қышқылының бөліну
жағдайына және күйдіру температурасына байланысты.
Титан, сульфатын күйдіріп оны
гидролиздеуден алынған метатитан қышқылы алдымен анатаз
формасында кристалданады, сонан соң температураны қатты көтеріп,
ұзақ уақыт күйдіргенде рутилге өтеді.
Рентгеноталдау мәндері бойынша
кристал торлар 4800С-та түзіле бастайды( оған SO3 бөлінуі
әсер етеді), 650-8000С-тағы барлық өнімнің
спектрлік мәні анотазға сәйкес, ал 915-9500С-та
рутилге сәйкес келеді.
Күйдіру уақытының әсерін
мынадан көруге болады: 6000С-та 100 сағатта өнім төмен
кристалданады, ал 9000С-та анотаздың толық спектрі 1 сағатта
түзіледі.Рутилге өтуі 8000С –та 4 сағат ішінде ал
900-9500С-та 0,7 сағатта өтеді.
4 хлорлы титанның судағы
ерітіндісі гидролиздегенде метатитан қышқылы түзіледі.Бұл
қышқыл төмен температурада рутилге өтеді, мысалы 4900С-та
10 сағатта өтеді. Сонымен қатар ТіСІ4 буын су
буымен 4500С-та гидролизегенде
де рутилге өтеді. Газды ортада бөлінген тұз қышқылын
тез бөліп алу арқылы да ТіСІ4-тен анатаз алуға
болады. Мысалы, камерада ТіСІ4 ерітіндісін (300г/л) буландырғанда
және камера арқылы 400-5000С-қа қыздырылған
ауаны өткізгенде алынады.
ТіСІ4 шикізат ретінде қолданылған
жағдайда ТіО2 өндірісінде гидролиздеу және күйдіру
процестері біріктіріледі, газ күйіндегі ТіСІ4 жоғары
температурада су буымен әрекеттеседі, бұл жағдайда
гидролизденуден кейін гидраты бөлініп, тотыққа өту
процесі жүреді. титан қос тотығын соныиен қатар күкірттің қос
тұзын күйдіру, ыдырату арқылы алады, өндірістік
ерітіндіден титианды сілтілік металдардың сульфаты көмегімен тұндырады:
2ТіОSO4
2K2SO4 5H2O күйдіру = TiO2 + 2 SO3
2K2SO4 + 5H2O
TiOSO4 2(NH4)2SO4H2O
күйдіру = TiO2 +2 NH3 +2SO4 +2H2O
Калий және титан қос
тұзын күйдіргенде түзілген калий сулфатын шаю арқылы бөледі.
Титан кең таралған
элементке жатады, оның жер қабатындағы құрамы
0,6%, яғни көміртегіден, күкірттен, хлордан, марганецтен көп.
Титан қос тотығы түрінде
құрамды 60-тан астам минералдар белгілі. Олар – титанаттар,
титансиликаттар, титанонибаттар, ал ең кең тараған минералдар
қатарына – рутил, ильминит, титаномагнетит, сфен, перовскит, лопарит
жатады.
Рутил құрамында
темір қос тотығы ( 10%-ке дейін) кейде ильминит бар титанның қос
тотығы. Қоспа ретінде кейде ванадий, ниобий, тантал да кездеседі.
Ильменит – негізінен
метатитанды темірді – FeTiO3 құрайды, TiO2 құрамы
– 52,62%. Ұзақ уақыт желдеткенде екі валентті темірдің үш
валентті темірге өтіп, оны шығару нәтижесінде ильменит титанға
байды (лейкосенизация деп аталады), ильмениттегі TiO2 60-65%-ке жоғарылайды.
Таза күйінде ильменит өте
аз кездеседі, оның құрамында темір, магний, марганец,
ванадий, хром, алюминий тотықтары жәнеде басқа қоспалар
болады, қоспалардың үлкен бөлігі FeTiO3 пен
изоморф күйінде болады.
Титаномагнетит – ильмениттің
магнетитпен (FeTiO3 - Fe3O4 ) қоспасы.
Гемотитоильменит – ильменит пен гемотит (FeTiO3 – Fe2O3)
қоспасы. Спен немесе титани – титансиликат қоспасы : CaOTiOTiO2SiO2
немесе CaTiSiO5. Сфенді
байытса 75-80% сфеннен, 8-10%эгериннен, 1,5-3% апатиттен және аздаған
мөлшердегі басқа минералдардан тұратын зат алынады. Оның
химиялық құрамы, % : TiO2 – 30-33, SiO2
-27-29, Al2O3 -1.5-2.5, FeO – 2-4, P2O5
-1-1.62, K2O+Na2O -1-2, MgO-1, ZnO2 -0.4,
элементтер – 0,8-2 .
Перовскид – CaTiO2 немесе CaTiO3 – кальций титано. Перовскит оңай байтылады,
нәтижесінде төмендегі құрамды зат алынады ( %-пен ) :
TiO2 – 44.48, SiO2 -5.7-7.8, Al2O3
-0.9, Fe2O3 – 4.5-6, K2O+Na2O -1,
MgO-2.5, CaO -34.6-36.8.
Лопарит – титанониабаттың
үлкен тобындағы минералдың бірі, құрамында
титанмен қатар ниобин және тантал кездеседі. Концентрат құрамы,
%
TiO2 – 39,2, SiO2
-0,2-0,7, K2O -0,2-0,7, Na2O-7,8-9,9, Nb2O5
-11, CeO2 -16-19, CaO – 4.2-5.2, ThO2 -0.5 -0.6, V
-0.03-0.05.
Титан қос тотығы
өндірісінде шикізат ретінде ильменит және титано магнетит
концентраттарын және де титанды шлактар қолданылады.
Титан
сульфатынан титан қос тотығын алу әдісі.
TiO2 алу
технологиясы үш негізді процеске топталған бірнеше операциялардан тұрады.
Титан сульфатының ерітіндісін алу.
Ильменитті ыдырату кезінде қатты қыздырудың
қажеті жоқ, өйткені титан және темір сульфаттары түзілу
реакциялары жылу бөлу арқылы жүреді:
TiO2 + H2SO4
= TiOSO4 + H2O +5.84 ккал
FeO + H2SO4 = FeSO4
+ H2O +29 ккал
Fe2O3 + H2SO4
= Fe2(SO4)3 + 3H2O +33.8 ккал
Ыдырату процесі төмендегідей өтеді.Реакторға
шоғырлы күкірт қышқылын (92-94% H2SO4),коллектор арқылы
сығылған ауа және араластыра отырып ильменит салады.Сонан соң
20-30мин бойы қышқылды 125-1350С дейін қыздырады. Қыздыру
кезінде ауа берілмейді, Қыздырып болғаннан кейін, бу беруді тоқтатып,қайта
сығылған ауа беріледі.
125-1350С-та
экзотермиялық реакция жүреді,температура бірнеше минутта 180-2000с-қа
дейін көтеріледі және қарқынды ыдырау жүріп, үлкен
көлемде бу және газ бөлінеді,қатты көбіктеніп,заттың
көлемі үлкейеді.
Қарқынды реакция аяқталғаннан
кейін,ауаны және суды өзінен оңай өткізетін ұлпа
зат алу үшін,қату кезінде ауаның үлкен ағынын
жіберу керек. Қатқаннан кейін ауа беруді тоқтатып,2-3 сағат
жетілуі және салқындауы үшін қалдырады. Концентраттың
ыдырау дәрежесі 96-97%, оның
85-87% негізгі уақытта, яғни реакция
кезінде, ал 8-10 % -і жетілдіру кезінде
ыдырайды.
Ыдыратудан кейінгі алынған
балқыманың негізгі құрамында титаносульфат, темір
сульфаты және аздаған мөлшерде күкірт қышқылы
болады.
Балқыма 90-1100С-қа
салқындағаннан кейін түзілген сульфат тұздарын сумен
шаймалайды.Суды алдымен балқыма қабаты арқылы конусқа,
сонан соң реактор қақпағындағы құбыр
арқылы беріп, сығылған ауамен араластырады.Шаймалау кезінде ерітіндінің температурасы 55-650С болуы шарт,өйткені
температура төмендесе шаймалау жылдамдығы азаяды,ал температура жоғарласа
ерітіндінің тұрақтылығы артып ,суда ерімецді,шаймалау
уақыты 3-4сағат.
Ильменитті ыдыратуда үздіксіз
ыдырату әдісін қолдануға болады. Бұл әдісте жұқа майдаланған ильменит қолдану
қажет .
Метатитан қышқылын алу
Метатитан қышқылын
титан сульфаты ерітіндісін гидролиздеу жолымен алады. Мұнда 200 г/л TiO2,
400 г/л активті күкірт қышқылы және (3-5 г/л ) үш
валентті титанның ( TiO2
–ге есептегенде ) аздаған мөлшері бар ерітінді қолданылады.
Гидролиз процесін келесі теңдікпен көрсетуге
болады:
TiOSO4+ 2H2O
= TiO2 3H2O +
H2SO4
Гидролиз кезінде титан сульфатының
құрамы , яғни ондағы титан мен активті қышқыл
құрамы және оның тұрақтылығы үлкен
әсер етеді. Сонымен қатар ерітіндідегі қоспалар , құрамы
мен енгізу жағдайы да әсер етеді .
Жұқа дисперсті
титан қос тотығын алу үшін титанның шоғыры TiO2-ге
есептегенде 180-200 г/л болуы тиіс. Мұндай шоғырлы титанның өзінде
ерітіндінің қышқылдық факторы 2-ден асса, яғни
активті күкірт қышқылы 400-500 г/л көп болса, сонымен қатар
ерітінді жеткілікті тұрақты болса жұқа дисперсті титан қос
тотығы ала алмайды. Дайындау әдісіне байланысты, оны екі әдіспен
гидролиздейді және ерітеді.
Метатитан қышқылын күйдіру.
Күйдіруді метатитан қышқылынан
адсорбцияланған қоспаларды сумен және күкірт қышқыл
тобымен байланысқан, сонымен қатар титан қос тотығы бөлшектерінің
кристалдарын бөлу үшін жүргізеді. Күйдіру нәтижесінде
белгіленген құрамды пигмент, яғни жоғары
молярлы-техникалық қасиетке
және әлсіз химиялық активті зат алынады. Метатитан қышқылынан
суды 200-300 0 С –та , ал күкірт қышқыл тобын
500-8000 С-та бөледі.
Титан қос тотығын төртхлорлы титаннан алу.
Төртхлорлы титан TiСІ4
жоғары температурада (8000 С) байытылған концентраттан
тотықсыздандырғыш қатысында хлорлап алады.
TiСІ4 суға енгізгенде
қарқынды реакция жүріп, көлемді тұнба тізіледі және
үлкен мөлшерде жылу бөлінеді. Яғни алдымен TiСІ4 5Н2О және
TiСІ4 2Н2О , сонан соң гидролиз өтеді, бұл кезде
гидроксил тобын ысырып хлор атомдары басады. Реакция келесі схемамен өтеді:
TiСІ4 5Н2О = TiСІ3(OH)4 Н2О= TiСІ2(OH)2 3Н2О= TiСІ(OH)3 2Н2О = Ti(OH)4 Н2О
Қыздырғанда
гидролиз процесі тез өтеді , ал салқын жағдайда аралық өнім
бөлінеді .
Төрт хлорлы титан өндірісте
кең қолданылады, өйткені ол титан қосылысының кең
тараған және айдау жолымен оңай тазаланатын түрі.
TiO2-н TiСІ4-тен алудың үш әдісі
белгілі:
1. Судағы ерітіндісін гидролиздеу .
2. Бу фазасында гидролиздеу .
3. Жандыру.
Судағы ерітіндіні гидролиздеу.
Бұл әдісті қолданғанда
тазаланбаған TiСІ4 пайдалануға болады. Процестің
негізгі сатылары: гидролиз және метатитан қышқылын күйдіру.
Гидролиз рН= 2-3 кезінде TiСІ4 –тен еріту немесе бейтараптандыру
жолымен алынған қатысында өтеді.
Бұл
әдіспен алынған титан қос тотығы төмен пигментті қасиеттерге
ие. Қасиетін жоғарылату үшін TiСІ4 ерітіндісіне күкірт
қышқылын немесе натрий сульфатын TiO2 салмағынан
20-30 % есептеп қосады.
Бу фазасында гидролиздеу әдісі.
Бұл
әдісте гидролиздеу және күйдіру операйиялары біріктірілген және
реакциялық камерада 4000 С шамасында өткізіледі.Таза
TiСІ4 буы және су буы қажет емес төмен
температуралы реакция жүрмеуі үшін қыздырылады да реакциялық
камераға бағытталады. Онда гидролиз және күйдіру өтеді.
СІ- дан бос, ақ түсті, жақсы пигменттік қасиеттерге ие
пигмент түзіледі. Температураны 3000 С-қа түсіргенде СІ- дан бос, бірақ
сары түсті зат алынады.
Бұл
әдістің кемшілігі жоғары температурада күкірт қышқылының
буына шыдамды материалды камера қажет.
Жандыру әдісі.
TiСІ4 буы бірдей көлемдегі азотпен
араластырылады, алынған қоспаны қыздырылған ауамен
бірге цилиндрлі реакциялық түтік арқылы өткізеді. Түтіктің
сыртқы беті 11000 С –қа дейін қыздырылады.
Түтікте
10000 С шамасында титан қос тотығы төмендегі
реакция бойынша түзіледі:
TiСІ4
+ О2 = TiO2 +2СІ2
Бөлінген
газды суспензияны шаң камерасына бағыттайды, онда қатты және
газ фазаларына бөлінеді. Фазаларды бөлуде қапшықты
фильтрде немесе котрел аппаратында өткізуге болады.
Әдетте
Бұл
әдіспен жұмыс істегенде реакция өнімінің ұзақ
уақыт түтіктің ыстық
қабырғасымен жанасуына жол
бермеу керек, өйткені қабырғаға жабысып, өнімнің
пигментті қасиеті төмендейді.
Бұл
үшін газ күйіндегі өнімдік
қоспаны алдын-ала реакция
температурасына дейін қыздырады, нәтижесінде реакция тез өтеді және алынған TiO2
тез реакциялық аймақтан шығарылады. Қабырғаға
өнімнің жабысуы түтік қабырғасына титан қос
тотығынан түзілген
«шуба» көмегімен жойылып, реакция өнімі
ыстық қабырғамен жанасудан қорғалады.
Кейбір мәліметтерге сүйенсек, титан қос тотығы бұл
әдіс бойынша
TiСІ4 буы тазартылған генератор газымен араластырылып,
ауада жандырады.
Титан қос тотығына техникалық талаптар төмендегідей:
1-Кесте
Титан қос тотығының пигментті сорты.
|
Аталуы |
Анатаз |
Рутил |
|
TiO2 құрамы,
%-тен, кем емес |
98 |
96 |
|
Суда еритін тұздар құрамы,
%-пен, көп емес |
0,6 |
0,6 |
|
Ылғал құрамы, % -пен,
көп емес |
0,5 |
0,6 |
|
4900 тесік г/см2 електегі қалдық,
%-пен, көп емес |
0,5 |
0,5 |
|
Судағы рН |
6,5-7,5 |
6,5-7,5 |
|
Жапқыштығы г/см2,
көп емес Түсі |
50 |
50 Эталон бойынша |
2-Кесте- Титан қос
тотығының пигментті емес сорты.
|
Аталуы |
Конденсаторларға
арналған сорты |
Қатты балқымаға
арналған сорты |
|
ТіО2
құрамы,%-тен
кем емес |
98,0 |
99,5 |
|
Қоспалар,%-тен көп емес |
0,1 |
0,1 |
|
Темір тотығы %-тен ,көп емес |
0,1 |
0,1 |
|
Күкірт,SO3-ке есептегенде |
0,4 |
0,25 |
|
Фосфор,P2O5-ке есептегенде |
0,05 |
0,06 |
|
Ауыр металдар
Pb,Zn,Cr,B. |
- |
іздер |
Қасиеті
ТіО2,молекулалық
салмағы 79,9, аппақ қардай аморфты ұнтақ, тығыздығы
4,17-4,26г/см3. Балқу температурасы 1500-18550С
аралығында (модификация түріне қарай). Суда ерімейді,күйдіргеннен
кейін әлсіз күкірт қышқылында да ерімейді, қайнатқан
жағдайда да ерімейді.
1- Тапсырма
1.ВаО алуға қандай шикізаттар қолданады.
2.ВаО алуға қандай әдістер қолданады, әр әдістегі
ВаО алудың температуралық тәртібі.
3.Бұл әдістердің артықшылықтары мен
кмешіліктері қандай.
4. Өндірістің
технологиялық параметрлері
5. Өндірістегі пайдаланылатын аппараттар оларды есептеу жолдары
6..Азот қышқылды барий күйдіру арқылы
барий тотығын алу реакциясына
2Ba(NO3)2
= 2 BaO +4 NO2 + O2 термодинамикалық есептеулер жүргізу.
2-Тапсырма
1.
Темір
тотығының қасиеті, қолдану саласы
2.
Алыну
жолдары
3.
Өндірістің
физико-химиялық негізі
4.
FeSO4
= Fe2O3 + SO2 + SO3
реакциясына термодинамикалық
есептеулер жүргізу
5.
Технологиялық
схеманы сызу
6.
Өндірістің
технологиялық параметрлері
7.
Темір
тотығын алу әдістерінің
ерекшеліктері
3-Тапсырма
1.ZnO өндірістік әдістері мен процестердің химиялық
негіздері.
2.Құрғақ және ылғал әдістердің
артықшылықтарымен кемшіліктері.
3.ZnO қасиеттері.
4.Жұмыстың орындалу тәртібі.
5.Мырыштың талдау әдісі.
6. Өндірістің параметрлері
7.Zn + 0.5 O2 = ZnO және ZnCO3 = ZnO + CO2
реакцияларына термодинамикалық есептеулер жүргізу
4-Тапсырма
1.
Өндірістің
физико-химиялық негізі
2.
Алу әдісінің
артықшылығымен кемшілігі
3.
Алюминий
тотығының қасиеті
4. Al2O3
n H2O =Na2O + Al2O3 + (n+1) H2O
реакциясына термодинамикалық есептеу жүргізу
5. Өндіріс
сатылары мен технологиялық параметрлері
5-Тапсырма
1.Марганец қос тотығын алу әдістрі.
2.Өніммен шикізатқа
сипаттама.
3.Марганец қос тотығын алу технологиясы.
4.Өндірістің технологиялық параметрлері
5. Mn2O3
H2O +0.5 O2 = 2MnO2 + H2O
2 MnCl2 +3
H2O =Mn2O3 + 4 HCl + H2
6 MnCl2 + 6
H2O + O2 =2Mn2O3 + 12 HCl реакцияларына термодинамикалық
есептеулер жүргізу
6-Тапсырма
1.
Магний
оксидін алу әдістері.
2.
Магний
сульфатын термиялық ыдыратуда тотықсыздандырғыштардың әсері.
3.
Магний
сульфатын тотықсыздандыруды қандай пештерде жүргізеді.
4.
Магний
оксидін және магний хлоридін алатын, негізгі реакциялар.
5.
Температураның
өнім шығысына әсері
6.
Магний
оксидінің қасиеті мен құрамы
7.
2MgSO4
+C = 2 MgO + 2SO2 +CO2
4MgSO4 + CH4
= 4MgO +4SO2 + CO2 + 2H2O реакцияларына
термодинамикалық есептеулер жүргізу
7-Тапсырма
1.ТiO2 алуға қандай
минералдар қолданады.
2.ТiO2 кристалдық торы неге тәуелді
өзгереді.
3 Күйдіруге температура мен уақыт әсері.
4.Титан қос тотығын алу әдістері.
5.ТiO2 құрамы.
6.Титан сульфатынан ТiO2 алудың
негізгі процестері.
7.ТіСІ4 –нан ТiO2 алудың
негізгі әдістері.
8.ТiO2
қасиеті.
Н2ТіО3 =ТіО2
+ Н2О және ТіСІ4
+ О2 = ТіО2
+ 2СІ2
Реакцияларына термодинамикалық есептеулер жүргізу.
Термодинамикалық
есептеулерге қажетті теңдеулер
Термодинамикалық параметрлерге энтальпия,
энтропия, Гиббс энергиясы, жылу
сыйымдылық жатады.
Энтальпия DH кДЖ/моль*К
DH298=(ΣDH)сон-(ΣΔΗ)бас
Эньтопия DS2 Дж/моль
DS298= (Σ DS)сон – (Σ DS)бас
Гиббс энергиясы
DG298= DH298-ТDS298 кДж /моль*К
Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р
1.Позин М.Е. Технология минералных солей.4-е изд.Л.:Химия,1974,155с.
2. Чебеткин В.Н. Физическая химия твердого тела. –М.: Химия, 1982; 320с.
3.Белиньский Е.Ф., Рискин И.В. Химия и технология пигментов. –Л:5 Химия,
1970, 756с.
4.Ормент Б.Ф. Введение в физическую
химию и кристаллохимию полупроводников. –М.: Химия, 1980 ,300 с.
5.Справочник. Чистые химические вещества. –М.: Химия, 1982,408с.
6.Методичкское указание к лабораторным работам по технологийи
неорганических веществ 25.02. Гильманова Г.Б. и др. КазХТИ: Чимкент, 1991, 55с.
7.Руководство по анализу в производстве фосфора, фосфорной кислоты и
удобрений. Под. ред. Мейжес.-Л.: Химия, 1973.
8.Методы анализа фосфатного сырья,фосфорных икомплексных удобрений. –Л.:
Химия, 1975.