«390240 және 050720-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттеріне

«Қатты заттардың химиялық технологиясы»

пәнінен СОӨЖ және СӨЖ орындауға арналған

 

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

 

Кіріспе

Жоғары деңгейдегі маман даярлау процесі студенттердің  оқулықтарды, анықтамаларды, ғылыми журналдарды және  әдістемелік нұсқауларды өздеріне оқуына   және  үйренуіне  көп байланысты. Әрбір пәндер бойынша  оқу жоспарында  студенттердің  өздік  жұмысына  (СӨЖ)  арнайы сағат  белгіленген.

Пәннен сабақ беретін оқытушы  студенттердің  өздік  жұмыстарын дұрыс  ұйымдастыру арқылы  олардың лекциялық,  практикалық, зертханалық және есептеу-сызу  жұмыстарын, үйге  берілген  тапсырмалардың, бақыдау-коллоквиумдық сұрақтарын, курстық және дипломдық  жобаларын (жұмыстарын) арнайы  жасалған кесте арқылы бақылау қажет.

            Оқытушы  фирмалық стандарт  бойынша студенттердің өздік  жұмыстарын  ұйымдастырады және  жетекшілік етуі керек.

Студенттердің  жұмысы –бұл  белгілі  берілген  тақырыптар (тапсырмалар)  бойынша  студенттердің  мамандықты  оқуы және  үйренуі   болғандықтан, кафедрада  әрбір пәндер бойынша  жетекшілікті   сонда оқу-әдістемелік  әдебиеттер, нұсқаулар, тестілік бақылау және коллоквиумдық сұрақтар, рефераттар, есептеу-сызу жұмыстарының курстық және дипломдық жобаларды орындауға керек әдістемеліктер, практикалық есептер болуы керек.

 

            Студенттердің өздік  жұмыстарының бағыттары:

-ғылыми және техникалық әдебиеттермен  жұмыс  істеуді үйрену,  библиотекалық фондардан  ақпаратты  өзінше іздеу, зерттеуші және жасампаздық қабілеттілігін жетілдіру;

-өзінің  жұмыс оқу  уақытын жоспарлауды және ұйымдастыруды үйрену;

-өздік  жұмыс істеуіне берілген тапсырмаларды (үйге  берілген, колоквиумға және  лабораториялық  жұмысқа дайындалу, курстық (дипломдық)  жоабаларды т.б. )  орындауда ізденушілікті (жаңалықты ұсыну) көрсету.

Оқытушы студенттерге  өздік  жұмыстарын орындауға  керек  уақытын  жоспарлауға  жәрдемдесуі керек, яғни  студенттерге  сабақтан  бос уақытты  жоспарлау үшін   төмендегі  жағдайларды  ескеру керектігін үйретеді:

-сабақтан бос уақытты оқуға, спортқа,  жеке басының мәдени  дамуына т.б.   жағдайларға жоспарлау;

-әрбір  пәндер  бойынша  өздік  жұмыстарды  орындауға  берген уақыт  мөлшерін анықтауға көмектеседі;

-әрбір  өздік жұмыстарды  тапсыру уақытын  белгілейді (пәндер тапсырмаларын бақылау графиктері бойынша (ГКЗ)).

-пәндердің өздік тапсырмаларын  орындаудың   күрделілігін ескеру.

Әрбір пәндер бойынша  берілетін өздік  тапсырмалардың  көлемі  мемлекеттік білім стандарты және  оқу жоспары  бойынша анықталуы тиіс.

Бұл өздік жұмыстар (СӨЖ және ОСӨЖ) көлемі әобір пәннің оқу -әдістемелік  комплекісінде (силлабус)  және  оқытушының жұмыс жоспарында  көрсетілуі керек.

Студенттердің өздік жұмысының көлемі және құрамы жылда ғылым және  техника  жетістіктеріне  және стандарттағы (оқу  жоспарындағы) өзгерістерге байланысты толықтырылуы өзгеруі мүмкін.

 

Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

-Студенттердің  білімін  тексеретін кесте бойынша әрбір пәндер бойынша  ОСӨЖ және СӨЖ  жоспарлау оны  студенттер мен  оқытушылардың орындауын қаматамасыз ету (жылдық жоспарларда пәндер тізімін кафедрада  белгіленуі тиіс);

-кафедра жыл сайын  студенттердің   өздік  жұмыстарына қажетті  (есептеу-сызу  жұмыстары, курстық, дипломдық жобалар, лабораториялық ) және ғылыми-зерттеулер т.б.

 оқу-әдістемелік құралдарды даярлауды қамтамасыз  етеді;

-студенттердің оқу жұмыстарына керек  реактивтер, құрал-жабдықтар  жеткілікті  болуы керек;

-студенттердің  библиотека залдарында  оқуына , ЭЕМ пайдалану  мүмкіндігіне жағдай жасайды;

-студенттердің өздік  жұмыстарының нәтижелері болуына барлық мүмкіндіктерді қарастырады.

 

Студенттердің оқу  уақыты үш  бөлімнен тұрады:

-міндетті түрдегі аудиториялық  сабақтар;

-оқытуыш  жетекшілігімен аудиторияда оқу  кестесі бойынша  жүретін студенттердің өздік  жұмысы (ОСӨЖ және СӨЖ);

-аудиториядан тыс (сабақтан бос уақытта) кезіндегі студенттердің өздік  жұмысы  (оқу , үйрену, зерттеу, жоба жасау және т.б.) пәндер бойынша  берліген тапсырмаларды  орындауға және  ізденіс  арқылы өз бетінше  білімін жетілдіруге  арналуы қажет.

Уақытын үшке бөлуге болады:

-1/3-міндетті түрдегіаудиториялық оқу уақыты;

-1/3-міндетті түрдегі аудиториялық оқытушы жетекшілігімен жүретін студенттердің өзіндік жұмысына  бөлінген уақыты;

-1/3- студенттердің аудиториядан тыс кездегі оқуына  үйренуіне, ізденіске керек уақыт.

            Студенттердің болашақта жетік маман болуына ақпараттық ағындарды ғылыми журналдардағы мәліметтерді дұрыс және тиімді  пайдалануы көп әсерін тигізеді.

            Қазіргі уақытта аудиториялық сабақтар студенттерге болашақ  мамандығына квалификациялық білім және бағыт беруге арналған.

            Студент өздік жұмысын кезінде аудиториялық сабақтардан алған біліміне қосымша  теориялық және  практикалық  материалдар  іздеу арқылы өзінің ғылыми және  біліктілігіне керек деректерді  жинау арқылы  болашақтағы  жұмысына , жаңа технология техника жасауына даярланады.

            Студент өздік жұмыстарын нәтижелі  орнындау үшін аудиториялық, лекциялық , практикалық және  зертханалық сабақтарда  жеткілікті  білім алуы керек.

            Студент  праткиалық және лабораториялық  сабақтар, коллоквиумға,  ағынды бақылауға, курстық жұмысты  орындауға дайындау үшін аудиториялық сабақтардан және өздік жұмыстардан алған  білімін тиімді  пайдалана білуі керек.

Болашақ мамадығының  күрделілігіне, көлеміне  және жасампаздықты  керек ететіне байланысты студент оқытушының жетекшілігін пайдаланып, өзінің білімін жетілдіруді  қарастырғаны дұрыс.

Болашақ  маман-инженер үлкен мәдениетті, еңбекқор және білімді адам болуы керек.

            Аталған жағдайларды іске  асыру оқытушы  төмендегілерді ескеруі қажет.

            -студенттердің өздік  жұмысын нәтижелі етудің барлық жолдарын және әдістерін пайдалану;

-студенттердің өздік  жұмыстарының орындауын қатал бақылау;

-студенттердің өздік  жұмсыстарды орындауға психоллогиялық және методологиялық даярлығы;

-студенттердің өздік жұмысын орындауға керек материалдың және техникалық заттардың жетекшілігі;

-студенттердің бұрын оқыған пәндерден алған базалық білімдерінің деңгейі;

Оқытушы  студенттердің  міндетті өздік  жұмыстарының (мемлекеттік  стандартта және  оқу жоспарында белгіленген) орындалуын  бақылау үшін арнайы кесте  (тестілік-рейтингілік жүйе бойынша) жасайды.

Оқытушы  бұл кестені жасау  кезінде пәнге берілген  сағат, пәннің  қажеттілігін және күрделілігін ескеруі керек уақыт коэффициенттері:

-лекциялық  конспектісін өайталау-0,5

-практиалық сабаққа дайныдалу-1,3

-зертханалық сабаққа дайындалу және ол бойынша есеп жасау-0,8

-курстық және есеп-сызу жұмыстарын орындау-1,2

-курстық жобаны жасау-2

 

Студенттердің өздік  жұмыстарын белсендіру жолдары

 

Университетте өздік жұмыстарды белсендірудің  формасына және  әдістеріне арналған әдістемеліктер бар.

Сабақты және  кеңес жүргізу кезінде студенттерге берілетін мәліметтер:

-оқылатын пәннің ғылыми заңдылықтары туралы нақты білім;

-студенттерге  алған білімдерін талдауды  және  өзінше білімін жетілдіруді үйрету;

-студенттерге  оқулықпен, анықтамалықтармен, ғылыми  журналдармен, патенттер фондымен, интернетте жұмыс  істеуді үйрету;

-нарықтқа және  тауарларды өндірудегі жетістіктер және болашқатағы даму жолдары.

Студенттерге өздік жұмысын дұрыс ұйымдастыру және нәижелі ізденісті үйрету арқылы студентті жеке мамандандыруға болады.

Оқытушы лекциялық, практиалық және лабораториялық сабақтар кезінде  студенттерді ынталандыра, қызықтыра және  белсендіре білсе, онда студенттер өздік  жұмыстарын дұрыс орындай алады деуге болады. Мұндай  жағдайларда  студенттер ситуациялық технологияны, кейбір мәселелерді өздерінше  түсіндіруге, жаңа ұсыныстар жасауға ұмтылады. Аталған студенттерді ғылыми  жұмысқа  дипломдық жұмысқа магистратураға, аспирантураға шақыру керек.

Студенттің өздік  жұмысын уақытында орындауды ұйымдастыру үшін оқытушы әр сабақтан кейін келесі  сабақтың тақырыбын және керек  әдебиеттер тізімін беруі керек. Студенттердің сабаққа  алдын ала даярланып клгенін  тексеріп тұру қажет. Егер сабақты  өткізу аталған әдіспен жүргізілсе, онда оқытушы қаралатын тақырып бойынша  технологияның  теориялық негізіне және  болашағына  көбірек  тоқталуына керек. Мұндай  жағдайда студенттердің аталған  пәнге  қызығушылығы артады. Практиалық және зертханалық сабақтар кезнде студенттердің жеке  жұмыс  істеуін  қадағалау қажет. Оқытушы әрбір студентпен бірге  практиалық және зертханалық  нәтижелереді  талдауды, қорытындылауды ұйымдастырғаны пайдалы. Келесі сабаққа әрбір  студентке жеке тапсырма беру керек  және оған дайындалуды ескерту қажет.

Практиалық және зертханалық сабақтарда бір студент есепті шығаруы, ал қалғаны көшіріп отыруына жол бермеу керек.

Курстық жобаны (жұмысты) жасау-өздік жұмыстың аса бағалы түрі, сондықтан оның орындалуын «студенттердің білімін тексеру графигі» жасау арқылы  бақылайды.

Дипломдық  жобаны (жұмысты) жасауды  бақылау үшін арнайы «графикте» жобаны әрбір  бөлімдерінің орындалу мерзімі көрсетілуі тиіс.

Студенттің өзіндік жұмыстары

 

№

Модуль бойынша     СӨЖ-дің тақырыбы

СӨЖ тапсырмалары

Ұсынылған әдебиет

Бақылау түрi

1

2

3

4

5

 

Ìîäóëü 1. Титан және алюминий  тотығы  өндірісі

1Пигменттердің қасиеті мен қолдану саласы

1-3

реферат

2Сұр және қара пигменттер

1-3

реферат

3Сары табиғи пигменттер

1-3

доклад

4Титан тотығының алыну әдістері

1-3

реферат

5Литопон өндірісі

1-3

реферат

6Ақ пигментер

1-3

Доклад

Ìîäóëü 2 Түрлі түсті металдар негізінде тотықтар өндірісі

7Металды  ұнтақтар

1-3

Доклад

8Алюминий пудрпасы

1-3

Доклад

9 Топырақ оның қолданылуы, қасиеті

1-3

 Доклад

10Мырышты шаң

1-3

реферат

11Албминий пудрасының алыну технологиясы

1-3

реферат

12Қорғасын кронасының әр түрлілігі

1-3

реферат

Модуль 3 Сілтілік жер металдары мен жартылай өткізгіштер  өндірсі

13Қорғасынның қызғыш кроны

1-3

кроссворд

14Қорғасынның қызыл кроны

1-3

реферат

15Сынапты киноварь 16оның қолданылуы

1-3

реферат

16Қызыл табиғи пигменттер

1-3

реферат

17Қоңыр табиғи пигменттер

1-3

реферат

 

18Хромды ригменттер

1-3

реферат

19Кобальтты пигменттер

1-3

реферат

20Аралас жасыл пигменттер

1-3

Реферат

21Пигментті бояғыштар

1-4

кроссворд

22 Краскалы лактар

1-4

Реферат

23Краплаки

1-4

Реферат

24 Маргенец пигменттері

1-4

кроссворд

Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға   арналған әдістемелік  нұсқаулар  (оқытушылар таңдауы).

 

СӨЖ – тақырыптарына немесе тарауларына:

  1. Тақырыпта  немесе тарауында кездесетін анықтамаларды айқындау, қысқаша (0,5 беттен аспайтын) эссе жазу.
  2. Тақырып бойынша әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде қысқаша түсiнiктеме жазу (1-2 бет).
  3. Глоссарий жазу – ағымдар мен терминдер анықтамасын  түсiндiрiп жазу.
  4. Айқындап жағдайды үйрену  нақты жағдайларда қойылатын сұрақарға өз ойынша жауап беру немесе жауаптарды өзінше жобалау.
  5. Жеке жоба    маңызды  және өзге қызық ғылыми зерттеулер нәтижелерi, жетістіктерді қамтитын баяндамалар білім деңгейi жоғары студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады.
  6. Тақырып бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтарына ауызша жауап беру (10-15 минут). Жауапттар  тақырып қалай ашылғандығына (айқындағанына)  және басқаларды қалай қызықтырғанына байланысты бағаланады.
  7.  Жазба жұмыстары. модуль бойынша рейтинг бақылау сұрақтарына жазба түрде жауап жазу.
  8. Тесттер тақырып соңында студенттердің білім деңгейiн анықтау үшін 5 минутта өткізілетін тест сұрақтары.
  9.  Рефераттар мен баяндамалар. Студент  немесе студенттер таңдауы бойынша пән  тараулары тақырыптарын оқып үйреніп, талдау жасап, өзінше қорытындысын шығару.
  10. Пікір студенттер бір-бірлерініє рефераттарын талдау жасап, өз пікірлерін жазуы.
  11.  Есеп шығару әрбір студенттің есептеу сызба жұмыстары, типтік есептері, есептеу жобалау жұмыстары жазба түрде тапсырылады.
  12.  Есептер қарастыру   лекциялық тақырыпқа есептер ойлап тауып, оларды шығарып жазба түрде тапсыру.

Студенттердің білім деєгейiне байланысты тапсырмаларды жеңiлдету немесе күрделi ету жоспарлану қажет. Мәселен, барлық студенттерге кейсті талдау тапсырылса,  дайындығы жоғары (1 немес 2) студентке кейс жазуды тапсыруға болады.

            Барлық СӨЖ тапсырмалары уақытылы тапсырылуы қажет; уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмендетiп бағаланады (әрбір тапсырмадан кешіккен кѕнiне 0,1 балл алып тастау).

            СӨЖ ұйымдастыру үшін:

-         СӨЖ тапсырмаларын семестр басында студентке беру;

-         Ағымды және межелі бақылау түрлерiн дайындау;

-         СӨЖ консультациясының уақытын белгілеу.

Студенттерден

 а) СӨЖ тапсырмасын уақытылы орындауды;

б) белгіленген уақытта тапсыруды;

в) СӨЖ-ге үлкен жауапкершілікпен қарауды талап ету қажет.

     СӨЖ-ді  іске асыруға арналған жоғарыда ұсыныстар мен интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің білім деңгейiн көтеруге болады.

Интерактивті әдістер студенттің:

-         Тыңдау және  өзара  қарым-қатынасын;

-         Басқаға жанашырлық таныту,  жанкүйерлiк қабілетін дамытуды;

-         Көзқарасын дамытуды және түсiнудi;

-         Белгісіз сұрақтарға жауап тауып, белгілі мәселелердi шешуді;

-         Аналитикалық  ойлау және өз ойын талқылауды қалыптастырады.

  1. Қойылатын талаптар және жалпы  күтiлетiн  нәтижелер (курсты өту барысында қойылатын талаптар мен күтiлетiн нәтижелерге байланысты оқытушы арқылы толықтырылады ), мысалы:

-         Барлық тапсырмалар  өз уақытында орындалу тиіс  және оларға дайындық кезінде оқулықтардан және лекциялардан алынған принциптер  мен концепциялар  пайдалануы тиіс.

-         Сабаққа берілген материалды талқылау нақты сұраұ қою мақсатында алдын-ала дайындалып келуі қажет.

-         Бүкiл курс бойынша өзіміздің жақсы білім алуымызға  жауапкершілікпен қарауысыз қажет.

 

Ұсынылған әдебиттер:

9.1              Негізгілері.

1. Чеботин В.Н. Физическая химия твердого тела. –М.: Химия, 1982.

1.      Ормонт Б.Ф. Введение в физическую химию и кристаллохимию полупроводников. –М.: Химия, 1980.

2.      Лазерев Б.В., Соболев В.В. и др. Химические и физические свойства простых оксидов металлов. –М.: Химия, 1983.

3.      Беленкий Е.Ф. и др. Химия и технология пигментов. –Л.: Химия, 1970.

4.      Справочник  «Чистые химические вещества». –М.: Химия, 1982.

5.      Горшата В.А. и др. Металлургия титана. –М.: Металлургия, 1968.

 

 

9.2               Қосымша әдебиеттер

6.      Хазан Л.Г. Двуокись титана. –Л.: Химия, 1970.

7.      Лакерник М.М. Электротермия в металлургии меди, цинка, свинца. –М.: Металлургия.

8.      Беляев А.И. и др. Металлургия чистых металлов и элементарных проводников. –М.: Металлургия, 1968.

9.      Самсонов Г.В. Свойства окислов. –М.: Металлургия, 1969.

10.  Самсонов Г.В., Дроздова С.В. Сульфиды. –М.: Металлургия, 1972.

11.   Лакерник М.М., Похомова Т.А. Металлургия цинка и кадмия. –М.: Металлургия, 1973.

12.  Абдеев М.А., Колесников А.В. и др. Вельцевание цинк-свинецсодержащих материалов. –М.: Металлургия, 1985.