ТҮСІНДІРМЕ
ЖАЗБА
«Таза және аса таза
қосылыстардың химиясы мен технологиясы» пәні 050720 –
Бейорганикалық заттар химиялық технологиясы
мамандығының негізгі жоғары білім беру стандартына
сәйкес келеді. Пән осы мамандықтың барлық
студенттері оқитын профильдік пәндердің цикліне кіретін
негізгі пәндердің бірі болып есептеледі. Ол таза және аса
таза қосылыстарды өндірудің химиясы мен технологиясының
жалпы заңдылықтарын оқып үйренуді қарастырады.
Пәнді оқытудың мақсатына
студенттерге таза және ерекше таза қосылыстарды өндірудегі
негізгі өнімдер, онда пайдаланылатын шикізат түрлері, өндірістік
әдістер туралы көзқарас қалыптастыру жатады.
Пәнді оқу нәтижесінде студент таза және аса таза
қосылыстар технологиясының негізгі ғылыми-техникалық
проблемалары мен даму перспективаларын түсінуі, таза және аса таза
бейорганикалық заттарды өндірумен байланысты негізгі
құбылыстар мен процестерді, бастапқы материалдар мен реакция
өнімдерінің сапасының қасиеттері мен
көрсеткіштерін, кеңінен таралған процестерді
жүргізудің жалпы принциптері мен технологиясын білуі, таза
және аса таза қосылыстар өндірістерінде материалдық
және жылулық ағындарды есептей білуі қажет.
Пәнді бейорганикалық,
аналитикалық, физикалық химия, жалпы химиялық технология,
бейорганикалық заттардың химиялық технологиясының
теориялық негіздері, бейорганикалық заттар технологиясы өнімдерінің
сапасын бақылау, бейорганикалық қышқылдар мен
негіздердің химиясы мен технологиясы, минералды
тұздар мен тыңайтқыштардың химиялық технологиясы
пәндерін оқу барысында алынған білімсіз меңгеру
мүмкін емес.
Пән өндірісті ұйымдастыру
және менеджмент, химия өнеркәсібінде еңбек
қорғау, жобалау негіздері және жабдықтау, мамандану
пәндерін оқу, сондай-ақ кәсіптік іс-тәжірибе
өту кездерінде базалық болып табылады.
Бұл курсты оқу үшін оқу
жоспары бойынша аудиториялық және аудиториядан тыс оқу
формалары қарастырылған. Аудиториялық оқыту
лекцияларда, практикалық сабақтарда, оқытушылардың
жетекшілігімен студенттердің өз бетінше дайындайтын
жұмыстарында жүргізіледі.
Студенттердің өз бетінше жұмысы
аудиториядан тыс уақытта лекциялық материалдарды (лекциялар
конспектісі, оқулықтар, журналдар,
инновациялық-информациялық технологиялар, Интернет бойынша)
оқу, курстың жекелеген бөлімдерін өз бетінше
оқуды қарастырады.
Студенттердің білімі мен дағдыларын
тексеру тест-рейтингті жүйе көмегімен бүкіл триместр
ағымы кезінде өткізіледі. Пәнді меңгерудің шешуші
бақылауын емтихан түрінде өткізу ұсынылады.
«Таза және аса таза
қосылыстардың химиясы мен технологиясы» пәнінен
ұсынылатын бағдарлама 050720 – Бейорганикалық заттар
химиялық технологиясы мамандығы үшін типтік болып есептеледі.
ПӘННІҢ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Пәннің мақсаты мен міндетері.
Жоғары таза заттарды алудың қазіргі кездегі жағдайы мен
проблемалары. Аса таза заттардың классификациясы. Заттарды терең
тазалау әдістерінің классификациясы. Заттарды терең тазалау
процестеріне сыртқы қоршаған ортаның ластануының
әсері. Атмосфераның химиялық құрамы және
оның ластануы.
1 бөлім.
Жоғары таза заттарды алу әдістері
Заттарды терең тазалаудың
химиялық әдістері. Заттарды терең тазалаудың
химиялық әдістерінің сипаттамалары. Заттарды терең
тазалаудың химиялық және физика-химиялық
әдістерінің салыстырмалы сипаттамалары.
Дистилляциялық әдістер. Дистилляция
жүргізу әдістерін классиикациялау. Кристалдау әдістері.
Кристалдау процесінің сипаттамалары. Кристаллизация жүргізу
әдістерінің классификациясы. Басқа әдістер.
2 бөлім.
Таза және аса таза қышқылдардың
химиясы мен
технологиясы
«Т» және «АҮТ» ортофосфор
қышқылын өндіру. Физика-химиялық қасиеттері.
Өндіру әдісі. Технологиялық үлгі. Қолдану саласы.
Өндіріс қалдықтары. Негізгі жабдықтар. Өндіріс
орындарында еңбекті қорғау. «ХТ» ортофосфор
қышқылын өндіру: қасиеттері, қолдану саласы,
қоспалардан тазалау. Өндірудің физика-зимиялық
негіздері. Технологиялық үлгі. Мета-, және пирофосфор
қышқылдарын өндіру. Фосфорлы қышқылды алу
технологиясы. Фосфорлылау қышқылын алу технологиясы. Жоғары
тазалықты фосфор қышқылын өндіру. Технологиялық
процестің ерекшеліктері.
3 бөлім.
Таза және аса таза тұздардың
химиясы мен
технологиясы
Реактивті бір-, екі-, үшорынды фосфор
қышқылды натрий тұзын өндіру. Физика-химиялық
қасиеттері. Қолдану аймағы. Шикізат. Реактивті таза натрий
пирофосфатын өндіру. Монофосфор қышқыл калий тұзын
өндіру. Пирофосфор қышқыл калий тұзын өндіру.
Үшорынды фосфор қышқыл аммоний тұзын өндіру.
Натрий монофторфосфатын өндіру. Өндіру әдістері.
Технологиялық үлгі. Натрий метафосфатын өндіру. Өндіру
әдістері. Технологиялық үлгі. Мыс дифосфатын өндіру.
Практикалық
сабақтардың тақырыптары
Оқытушының
жетекшілігімен студенттердің өз бетінше жұмысы мен
студенттердің өз бетінше жұмыстарының тізімі
Ұсынылған
әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1. Девятых Г.Г., Еллиев Ю.Е. Глубокая очистка веществ. М.: Высшая школа, 1974. -160 с.
2. Девятых Г.Г., Еллиев Ю.Е. Введение в теорию глубокой очистки веществ. М.: Наука, 1981. -320 с.
3. Степин Б.Д. и др. Методы получения особо чистых неорганических веществ. Изд. «Химия», Ленинградское отд., 1969. -480 с.
4. Жекеев М.К., Молдабеков Ш.М., Жекеева Н.Б. Физико-химические основы и технология получения чистых и особо чистых фосфорсодержащих веществ. Алматы: Гылым, 2000. -184 с.
5. Реактивы и особо чистые вещества./Труды ИРЕА. Вып.37. М., 1975. -291 с.
Қосымша әдебиеттер
1. Расчеты по технологии неорганических веществ. / Под ред. П.В.Дыбиной. –М.: Химия, 1973.
2. Расчеты по технологии неорганических веществ. Учебное пособие для вузов /Под ред. М.Е.Позина. –Л.: Химия, 1977.
3. Мельник Б.Д. Инженерный справочник по технологии неорганических веществ. Графики, номограммы. Изд. 2-ое, переработ. и дополненное –М.: Химия, 1975.
4. Корякин Ю.В., Ангелов И.И. Чистые химические вещества. М.: Наука, 1974.-408 с.
5. Руководство к практическим занятиям по технологии неорганических веществ: Учебное пособие для Вузов/ Под ред. Проф. М.Е.Позина.-Л.: Химия,1980.
6. Практическое руководство по неорганическому анализу. /Под ред. Ю.В.Лурье.-Л.: Химия, 1980.
7. Химическая технология неорганических веществ./Под ред. Ахметова Т.Г. -М.: Химия, 1998.
8. Реферативные журналы по химии (РЖХ)
9. Журнал «Химия и химическая технология»
10. Интернет – источники