«Қышқылдар мен негіздердің технологиясы мен химиясы» пәні бойынша «Күкірт қышқылы технологиясы» тақырыбы бойынша

 

КЕЙС-САТЫ

 

Сабақтың мақсаты: активті және интерактивті әдіс бойынша, ТИ-05-1к1 тобының студенттерінің материалды игеру барысында, ойлау қабілетін арттыру, ойлаған ойын жеткізу, топпен жұмыла жұмыс істеу, өзін-өзі бағалау және ой-пікір  таластыру сияқты қасиеттерді ояту.

 

         Кейс-стадияны жүргізу негізі.

 

1.Тақырып бойынша түрткі болатын бөлімдер мен негіздерін қорытындылау.

2.Топты үш топшаға бөліп, өзара бәсекеге салу.

3.Тақырыптың негізгі бағытында топшаларды ой пікір таластыру.

4.Топшалардағы студенттер жағдайды талқылап, қорытынды шығарады.

5.Топшалардағы белсенділер өз тобындағы студенттердің көзқарасын қорғайды.

6.Мұғалім жауаптарын сараптап қорытынды шығарады.

 

Ұйымдастыру: Студенттерді ұйымдастырып  үш топқа бөледі. (5 мин.)

 

1- әдіс. «Пайдалы шпаргалкалар»

Тақырыптың белгілі бір сұрақтары бойынша, үш топқа шпаргалка жасау тапсырмалары беріледі. (20 мин . уақыт беріледі.)

 

1- топ.

Күкірт қышқылы өндірісінің шаю бөлімінде тұманның түзілуі неліктен

 

2-топ.

Күкірт қышқылы өндірісінде қос контакты әдіс бойынша істейтін контакты бөлімнің схемасын түсіндір.

 

3-топ.

Күкірт қышқылы өндірісіндегі қалдықтар және оны пайдаға асыру жолдары.

 

Бұл әдісте «Ең жақсы шпаргалка» конкурсы жүреді. Кімнің шпаргалкасы қысқа, сұрақтарға нақты жауап жазылған болса, сол команда жеңімпаз аталады.

Сонан соң, «Шпаргалка бойынша ең жақсы түсіндіруші» конкурсы болады.

 Баллдар қойылады.

 

2- әдіс. «Оқу дискуссиясы»

Үш топқа бір ғана мәселелік сұрақ беріледі.

 

Күкірт қышқылы өндірісіндегі қатты қалдық пиритті огарокты пайдаға асыру

жолдары.

 

Әр топ  5 мин. уақыт өз-ара ақылдасып,өздерінің мәселені шешу жолдарын айтады. Қалған топтар жауапты толықтыру үшін алдымен сұрақтар береді, қанағаттанбаса өздері толықтырады. Ойында студенттер ізденушілік, ғылыми жаңалықтар ашуы мүмкін .(Толық жауап 5 балл немесе толықтырған топшамен бөліседі.)

Ой-пікір таразылау қорытындыларын алған балдарына қарай кестеге енгізіледі.

 

Ой пікірді таразылау кестесі.

 

Топшалар

 

1- әдіс

 

2-әдіс

 

Жалпы балл

 

№ 1 топша

   4 балл

   4 балл

(8) 4 = 45

№ 2 топша

   3 балл

   2 балл

(5) 4 = 37

№ 3 топша

   2 балл

   1 балл

(2) 3 = 40

  

Бұл ойында студенттердің өз білімдерін толық қолданып, меңгеруіне, материалды қабылдауы көрінеді. Студент жауаптың шешімінің дұрыс екенін дәлелдеп береді. Топтық дискуссия студенттердің күрделі материалды өңдеуде дұрыс шешім қабылдай алуға үйретеді.

Қойылған мәселелер: басты мәселе материалды ұғыну, коллектив алдында жауапкершілікті сезіну, өзгеге көмек беру, ой толғамын жеткізе білу, студенттердің активтілігін арттыру және бәсекеге шыңдалу.

 

Қорытынды жасау.

 

 

Дайындаған:                                     Жұлдызбаева С.Е.

аға оқытушы   

 

Кафедра меңгерушісі :                    Бестереков Ү.Б.

т.ғ.д.,профессор