Негізгі бейорганикалық қышқылдар мен негіздер.

 

     Негізгі бейорганикалық қышқылдарға: N, S, Si, P, тұз, F т.б. жатады.Алыну технологиясына және де шикізаттардың құрамына байланысты қышқылдардың шоғыры әртүрлі болады. Дегенмен, алынған қышқылдарды шоғырландырып, оларды өте жоғарғы шоғырлы қышқылдарға жеткізуге болады. Мысалы: НNO3 өндірісінде біріншіден, оны 63-66 % алсақ, кейіннен қақтап қайнату арқылы 100%-ға жеткізуге болады. Н2SO4 алу кезінде түрлі техникалық үрдістерді пайдалана отырып, оны да 100%-ға жеткізуге болады.

     Тұз қышқылының ең жоғарғы шоғыры- 38%. Бейорганикалық қышқылдардың көбі күшті қышқылдар болып табылады. Сондықтан, бұл қышқылдарды қолданбайтын сала жоқ десек те болады. Мысалы, химия өнеркәсібінде, мед. саласында, металлургияда, тыңайтқыштар, түрлі реактивтер, таза ерітінділер, таза заттар алуда және де тамақ өнеркәсібінде, ауыл-шаруашылығында, қажетті заттар алуда кеңінен қолданылады. Мысалы, Н2SO4  хроматтар, фосфаттар, броматтар, сульфаттар, жарылғыш заттар, талшықтар, спирттер, эфирлер, органикалық заттар, поташ, глюкоза, органикалық бояғыштар, минералды пигменттер, металдар, минералды тыңайтқыштар алуда қолданылады.

     Бейорганикалық негіздерге: Na, K, Ba, Ca, Cr, Fe және т.б. металдардың гидрооксидтері. Бейорганикалық негіздерде қышқылдар секілді қолданбайтын сала жоқ. Олар: тұздар, тыңайтқыштар, химикаттар, дәрілер алуда, сол сияқты, металдарда, ауыл-шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, медицинада т.б. салаларда қолданылады.

     Бейорганикалық қышқылдар мен негіздер адамзат дамуымен бірге олардың пайдалану саласы да артып келеді. Оларды алу технологиясы да күннен-күнге жетіліп келеді. Дегенмен, қышқылдар мен негіздерді алу шикізаттарға тікелей байланысты. Қышқылдарды және негіздерді қазба байлықтардан, рудалардан өндіріп алады, яғни қатты шикізаттардан алады. Ал кейбір қышқылдарды алуда атмосфералық ауаны пайдаланылады. Қышқылдар мен негіздерді су шикізаттарынан да алуға болады. Яғни, шикізаттарды агрегаттық күйге байланысты: қатты, газ, сұйық болып бөледі.

    Қазба байлықтар арқылы фосфор қышқылдарын, күкірт қышқылдарын алуға болады. Шикізат ретінде апатит, фосфорит, колчедан, мыс купоросын қолданамыз. Қазба шикізаттарын: кен минералдық, кен емес минералдық, жанғыш органикалық деп бөлуге болады.

     Кен минералдық қазба байлықтарға тау жыныстары жатады: Al2SO3, CaO, MgO, FeS, даломит, колчедан т.б.

     Кен емес минералдарға: лай, құм, асбест, т.б. жатады.

     Жанғыш қазба байлықтар: мұнай, газ, көмір, т.б. жатады.

     Кен минералдық қазба байлықтардан шоғыры жоғары қышқылдар алуға болады.Кен емес минералдардан: сульфаттар, фосфаттар, яғни тұздар алуға болады. Жанғыш органикалық қазба байлықтардан энергетикалық отындар алуға болады. 300-ге жуық зат алуға болады. Қазба байлықтардан алынатын шикізат басқа шикізат көздеріне қарағанда қымбаттау. Себебі оны өндіру, жер астынан шығару, байыту және сол сияқты үрдістерді пайдалану шығындарды қажет етеді. Ал ауа мен су шикізаты бізге тегін.

     Ауа арқылы: НNO3, NH3, метан, т.б.

     NO +О2 = NО2

     NО2 + Н2О = НNO3

     Су арқылы: НСl, NaOH, карбонаттар.

Азот қышқылдарын алу технологиясы.

     2NO + O2 = 2 NO2

     3NO2 + H2O =HNO3 + NO

     Азот қышқылдарын ең бірінші доғалы әдіспен алынған. Бұл әдісті Норвегияда 1905 жылы Берклиан және Эдил ашқан болатын. 1925 жылы бұл әдіс арқылы 39000 т азот өндіріледі.

     N2 + O2 = 2NO

     Доғалы әдіс арқылы алу өте көп энергияны қажет етеді. Сондықтан бұл әдіс кейіннен қолданбайтын болды. Оның орнына  ---- амидті әдіс пайдаланылды. Ол әдіс доғалы әдіске қарағанда экономикалық жағынан тиімді.

     CaC2 + N2 = CaCN2 + C

     CaCN2 + 3H2O = CaCO3 + NH3

     Осы әдіс арқылы азотты алу жүзеге асырылады. Дегенмен, бұл әдіс арқылы алу да электр энергиясы шығыны жоғарырақ болды. Мысалы, 1т азотқа 10000 кВ/сағ керек. 1913жылы Габер және Бош аммиак синтезі әдісін ойлап тапты.

     3H2 + N2 = 2NH3

      Бұл әдіс уақыт өте келе дамып, өндірістік салаларда жүзеге асырылды. Аммиак синтезі үрдісі қазіргі кезде 3 сатыдан тұрады:

     1.Бастапқы газды алу

     2.Газды қалдықтардан тазалау

     3.Аммиакты синтездеді катализаторда жүргізу

C + H2O = CO + H2

CH4 + H2O = CO + 3H2

CH4 + H2O = CO + 3H2 – 206,4 kДж

CH4 + CO2 = 2CO + 2H2 – 284,3 kДж

CH4 + 0.5O2 = CO + 2H2 + 35,6 kДж

CO + H2O = CO2 + H2 + 41,0 kДж

CnHm + nH2O = nCO + (2n+m/2) H2 + Q

     Аммиакты алу үшін құрамында сутегі бар өндірістік қалдықты газдарды пайдаланылады. Метаннан су буын, көміртегі оксидін, оттегіні қолданып сутегіні аламыз.

              Рсо · Рн2³        Р²х3х2³

Кр = ----------------- = ---------   

             Рсн4· Рн2о       Х1· Х4

          Р²со · Р²н2³               Р²х3²х2³

Кр2 = ----------------- = -------------   

          Рсн4· Рсо2               Х1· Х5

 

          Рсо · Р²н2               Р1,5Х3Х22

Кр3 = ----------------- = -------------   

          Рсн4· Ро20,5                     Х1· Х60,5

 

             Рсо2 · Рн2           Х5·Х2

Кр4 = ----------------- = ---------   

             Рсо· Рн2о           Х1· Х4

 

      Рсо, Рн2о, Рн2,  Рсн4, Ро2 – құрамдастардың парциалды қысымы.

     Х1, Х2, Х3, Х4, Х5 – газдың және сулы будың реакциясының тепе-теңдік кезіндегі шоғыры.

      Метанды конверсиялау өндірістік жағдайда 1-3 мПа қысымда жүреді. Бұл қондырғылар мен коммуникация көлемін азайтады, газдарды қысымдауда энергияны азайтады. Алайда қысым жоғарылаған сайын реакция сол бағытқа қарай жүруі мүмкін.                                                                                                                

 Кр – 5,058 ·10-7                     Кр – 1,428 · 104    

                                                                                                                       

Кр2 – 1,068 ·10-3                       Кр2 – 2,626 · 104    

                                                                                                                        

Кр3 – 2,69 · 1012                        Кр3  - 1,652 · 1011

   

Кр4 – 27,08                               Кр4 – 0,5435  

 

Т = 328ºС                                Т =  1027 ºС

     Жоғары алифатты көмірсутекті конверсиялау.

                                          2n+m

СnHm+nH2O = m CO + --------- · H2 

                                              2              

T = 327 ºC              Kp = 3,805 · 10-7

                                                        

T = 427 ºC               Kp = 1,467 · 10-2

 

 C2H6 + 2H2O = 2CO + 5H2 -347 кДж

     Метанды су буымен конверсиялау нәтижесінде сутегі және көміртегі тотығын аламыз.

     Табиғи газ: метан және оның гомологтары- 95-98; олефиндер- 0-0,4; СО2 – 0,1-2; N2- 1-4%. 

     Ацетилен газында: метан және оның гомологтары- 5-8; Н2- 55-63; СО2 – 3-5; СО – 27-30; N2 – 1,5-2%.

     Кокс газында: метан және оның гомологтары- 24-28; олефиндер- 1,5-3; Н2- 55-62; СО2-2-3; СО- 5-8; N2-3-5%.

     Газификациядан кейін: метан және оның гомологтары- 0,2-0,3; Н2- 43-47; СО2 – 3- ; СО- 37-45; N2- 0,2-0,3% ;

     Мұнай өндіру кезіндегі қалдықтары: метан және оның гомологтары- 54-63;олефиндер- 22-32; N2- 12-13%.

                 9840                                                                                   

lg  Kp = -----------  + 8,343 · lg T – 2,059 · 10-3+ 0,178 · 10-6Т2-11,96

                    T

                2217,5                                                                                            

lg Kp = ------------  + 0,297 · lg T +0,3525 · 10-3Т-0,0508 · 10-6- 3,26

 

CO + H2O = CO2 + H2

 

     Аммиакты оттегімен конверсиялау 650-730ºC аралығында жүреді. Метанды конверсиялау кезінде алынған газ құрамы көлемдік пайызбен 900ºC-та; СО2- 2,8; СО- 31,8; Н2- 62,4; СН4- 0,2; N2- 2,8%. 1000ºC-та: СО2- 1,8; СО- 31,8; Н2- 63,4; СН4- 0,2; N2- 2,8%.

                  4m+n

CmHn + ------------  O2 = mCO2 + n/2 H2O + Q

                      4

 

CmHn + m/2 O2 = mCO + n/2 H2 + Q

                                          

                                          2m + n                    

CmHn +mH2O = mCO +----------- H2 + Q

                                                2

CmHn = mC + n/2 H2 – Q

 

Азотты алу.

     Азот қышқылына  қажетті азотты өндіру атмосфералық ауаны терең салқындату арқылы алуға болады. Бұл үрдіс- 170ºC-тан 190ºC-қа дейін жүргізеді. Ауаны бөлуге арналған қазіргі қондырғылар 3 топқа бөлінеді:

1.Техникалық оттегіні ( 99,2-99,5% ) және техникалық оттегіні 

( 94-97% ) оттегіні өндіруге арналған оттекті қондырғы.

2.Азотты оттекті және азотты қондырғылар.

3.Сирек газдарды алуға арналған қондырғылар.

     Азотты оттекті және азотты қондырғылар азот және азот қышқылдарын өндіруде қолданады. Қондырғылар түрі БГ-6, БГ-9 –деп аталады. Бұл қондырғылар өнімділігі 65-158 мың м³сағ жетеді. Ауаның құрамы келесідей: N2 -78,08%, О2 -20,45%, СО2-0,03%, аргентум және т.б. газдар- 0,93%.

     Өндірістік орындары көп аймақтарда СО2 газыбіршама көп болуы мүмкін. Сонымен қатар атмосфералық ауа ылғалдылығы да географиялық координаттарға байланысты өзгеріп отырады. Ауаны ажырату үшін, яғни таза азот және оттегіні алу үшін ректификациялық коллоналар қолданылады.

     Ауа құрамының негізгі физикалық тұрақтысы.

     Қайнау температурасы: азот-77,35%, оттегі-90,19%

     Критикалық  температура:  азот-126,1%, оттегі-154,4%

     Критикалық қысым: азот-34,6 атм.,оттегі-51,3атм.

     Критикалық температура дегеніміз- зат сол температурадан артқанда тек газ тәрізді болады.

     Критикалық қысым дегеніміз- критикалық температура кезіндегі қаныққан газ тәрізді заттың қысымы.

 

Аммиакты синтездеу ( құрау ).

 

     Аммиак түссіз газ, тұншықтыратын иісті, қалыпты температурадағы тығыздығы – 0,771 кг/м³,  -33,4ºC-та салқындат-қанда сұйылтады, - 78ºC-та салқындатқанда куб тәрізді кристалда-нып қатады. Аммиакты қырау негізінде 1 моль азот молекулалары, 3 моль сутегі молекулалары, 2 моль аммиак алынады.

         N2+H2→NH3

     Температураның төмендеуімен және қысымның жоғарлауымен реакция Ле-Шателье принципі бойынша реакция оңға жүреді. Реакцияның тепе-теңдік тұрақтысы Кр4

           Р²NH3

Кр = -----------

          Р³Н2·РN2     

    Әдеби кітаптарда константа тұрақтысы  √KP – деп белгілейді.

 

NH3= 1/2N2+1·1/2H2

        

         P ½·N½·PH2½

Kp = ------------------

            PNH3

                                                                    

lg Kp = 2074/T-2.494lgT+BT+1.85664·10-7Т2+С

 

     Мұндағы: Т-температура Кельвинмен

                       В,С-қысымға қатысты тұрақты сандар

    

     N2 пен Н2 арасындағы реакция тек катализатор қатысымен жүзеге асырылады. Бұл үрдісті жүргізу кезінде азот пен сутегі белгілі. N2 пен Н2 аммиакқа айналу дәрежесі үрдістің жағдайына байланысты ( Т,Р,контактілеу уақытына және т.б. ) көбінше ол 15-30 % арасында болады. Өндірістік жағдайда NH3 алу үшін N2, Н2-лі қоспаны қолдану дәрежесін көбейту мақсатында циклдік газды бірнеше мәрте қайталанады. Айналымда NH3 жүріп отырады. Азотты сутекті қоспадағы NH3-ң тепе-теңдігін өте белсенді катализатор көмегімен ұстап тұру үшін ұзақ уақыт қажет. Газ артқан сайын реакция жылдамдығы артады. Бірақ газдағы аммиак құрамының тепе-теңдігі төмендейді. Сондықтан өндірісте реакцияның тепе-теңдік қалпын ұстауға көңіл бөлінбейді. Аммиакты уақыт бірлігіне шаққанда, көп мөлшерін алатын оптималды жағдайды таңдау жобаға алынған.

     Катализатор. Аммиакты алу үшін қолданылатын катализа-торлар: Fe, Al, W. Реакцияның белсенділігін жоғарылататын катализаторларға қосатын заттарды прагматорлар, активаторлар деп атайды. NH3 синтезінде Fе катализаторларына қосатын қоспалар Al2O3, К2О, СаО, SiO2, кей-кезде MgO. Катализаторлар ГГК-1, ГГК-2 маркалы сорттарын шығарады. ГГК-2 маркалы катализатордың құрамы:

      Құрамдастар                                           Масса , %

    FeO                                                           29-36

    Al2O3                                                         3-4

    SiO2                                                                     0,9-1,6

    K2O                                                           0,8-1,2

    CaO                                                           2,5-3,5

    MgO                                                          0,5-ке дейін

    SO3                                                                  0,02

    P2O5                                                                                                                      0,02

    MgO                                                          0,05

    NiO                                                            0,05

    Cr2O3                                                                                                                   0,05

    CuO                                                           0,1

    Fe2O3                                                              қалғаны

 

Аммиакты контактілі тотықтыру

 

     NH3 тотықтыру үрдісі катализатор қатысуымен жүзеге асады. Негізінен платина және оның қоспалары катализатор қолданылады. Катализатордың қатысуымен NO газын ( 600мыңºC ) 4 · 10-4реакция уақытысында 94% алуға болады. Праматорлар ретінде кобальт, ванадий, хром, молибден, магний, вольфрам, титан, мырыш, қолданылады. NO газын алу үшін О2  және NH3 қатынасы 1,6-2 дейін болады. Бұл кезде О2 артықша мөлшері 30%-дан кем болма-уы керек. Қысымның жоғарылауы NH3-тың тотығу жылдамдығын арттырады және контактілі қондырғының өнімділігін жоғарыла-тады. NH3-ті ауалы қоспа NH3 пен ауаның белгілі бір қатынасында жарылу қауіпті NH3-ті ауалы қоспаның төменгі жарылу шегі кез-келген температурада 12%-дан кіші емес.

     Азот тотығын тотықтыру:

         2NO2 + H2O = HNO3 + HNO2 + Q

         2NO2 = N2O4

         NO + O2 = N2O3

     Ле-Шателье принципі бойынша температураның төмендеуі мен қысымның жоғарылауына байланысты реакция оң бағытқа жүреді. Сондықтан үрдісті 3,9 атм.қысымда және 20-35ºC  температурада жүргізеді. Бастапқы газда NO және О2 газдардың шоғыры болуы тиіс.

    

Азот қос тотығынан азот қышқылын алу.

 

     NО2-ң сумен немесе  NH3-ң сулы ерітіндісімен әрекеттесуінің реакциясы төмендегідей:

2NO2 + H2O = HNO3 + HNO2 + Q

2N2O4 + H2O = HNO3 + HNO2 + Q

N2O3 + H2O = 2HNO2

    

     HNO2 тұрақсыз. Ол HNO3-ке және NO-ға ажырап кетеді:

            3HNO2 = HNO3 + 2NO + H2O

            3NO2 + H2O = 2HNO3 + NO

    

     Өндірістік қондырғылар 3 топқа бөлінеді:

1.Атмосфералық қысымда жұмыс істейтін қондырғылар.

2.Жоғары қысымда жұмыс істейтін қондырғылар ( 3-8 атм.қысым )

3. NH3 атмосфералық қысымда тотығатын, ал азот тотығы қышқылға айналуы жоғары қысымда жүретін конбинерленген қысымдар.

     Атмосфералық қысымда жұмыс істейтін қондырғылар көмегімен абсорбция дәрежесін 92%-ға өнімдік қышқылдың шоғырын 45-49% ға жеткізуге болады. Жоғарғы қысымда жүретін үрдісте абсорбция дәрежесін 97,5-98%-ға дейін алынатын НNО3 қышқылын 56-58%-ға жеткізу мүмкін.

 

Фосфор қышқылының технологиясы. ТФҚ. ЭФҚ.

 

     Фосфор қышқылының қасиеттері. Фосфор қышқылын қысқаша ортофосфор қышқылы д.а.( Н3РО4 ) . Сусыз фосфор қышқылы түссіз, призмалы кристалды кристалданған болады, 42,35ºC-та балқиды, ауада жеңіл балқиды, 284ºC-та және 1 атм. қысымда ортофосфор қышқылы дегидратацияланады, яғни пиро-фосфор (Н4Р2О7 ) және метафосфорға ( НРО3 ) айналады. Сусыз ортофосфор қышқылы ( НРО4 ) 72,4% Р2О5-ті құрайды. Оның тер-миялық дегидротациясында немесе фосфор ангидридімен әрекет-тесу кезінде полифосфорлы қышқыл пайда болады. Яғни Р2О5 72,4% және әртүрлі фосфор қышқылының орто, пиро( Н4РО7 ),  триполи ( Н5Р3О10 ), тетраполи ( Н6Р4О13 ) , мета ( НРО3 ), полимета-фосфор қоспаларынан тұрады. Бұл қышқылдардың арасындағы қатынас жалпы шоғырдағы Р2О5 құрамына тәуелді. Ал егер поли-мерлі метафосфор қышқылының мөлшері болатын болса ( НРО3 )n

алу әдісінің уақыт ұзақтығына тәуелді. Бұл метафосфор қышқылы-ның гидратация және дегидратация жағдайына байланысты. Р2О5 құрамы қышқылдың 70-80% шоғырын құрайтын болса ( 96-110% Н3РО4 ) бұл қышқыл суперфосфор қышқылы д.а. пиро және три-поли 110-114% сәйкесінде Н3РО4-ке тең. Суперфосфор қышқылы 75,6 % шоғыры, 49% Р2О5 түрінде, 42% пирофосфор түрінде, 8% триполифосфор түрінде, 1% тетраполифосфор қышқылы түрінде болады. Суперфосфор қышқылын гидратациялағанда, яғни сұйы-тылғанда ортофосфор қышқылына дейін сұйылтады. Суперфосфор қышқылының тығыздығы 1,92-2 г/см³ аралығында. Ол өте жоғары тұтқырлыққа ие. 66ºC-та 400 мың сантипуазға тең (с.п.) және металдармен балқымаларға белсенділігі төмен ортофосфор қышқылымен салыстырғанда фосфор қышқылының сулы ортада ионизациялануы жоғары. Ионизациялану константасы:

                        

К1 = 7,52 · 10-3    25ºC – та

                    

К2= 6,31· 10-8      25ºC – та

                   

К3= 2,2 · 10-13      18ºC – та

 

     1м фосфор қышқылының еру жылуы 1м суда 1,741; 20м-де 4,998; 100м-де 5,269 кал/г моль.

      1 кал – 4,19 Дж

      Фосфор қышқылының сулы ерітіндісі орташа жылу сыйымдылығы 20-100ºC аралығында ( 0-60% ).

      С = 1,0109 – 0,00709

 Мұндағы: х-фосфор қышқылының шоғыры %-бен

 

Фосфор қышқылының қолданылуы.

 

     Фосфор қышқылын көбінше тыңайтқыштар, фосфор құрамды тұздар, минералды күрделі тыңайтқыштар және т.б. салаларда қолданылады. Тыңайтқыштар алуда көбінше экстракциялық фосфор қышқылын пайдаланыламыз. Себебі термиялық фосфор қышқылы таза және қымбат, ал экстракциялық фосфор қышқылы арзанырақ. Апатиттен күкірт қышқылын негізінен алынған экстракциялық фосфор қышқылының 25-32 % Р2О5 ; 0,5-1 % Fe2O3 ; 0,2-0,4%  Al2O3 ; 1,5-1,8 % F ; 1,8-2,8 % SO3 ; 0,1-1% Fe2O3 құрайды.

     Полугидратты тәсілмен ( СаSO4·0,5Н2О ) алғанда Са шоғырлан-ған экстракциялық фосфор қышқылын алуға болады. Бұл 47-48 % Р2О5 ; 0,9-1 %-ға дейін R2О3, 0,2-0,4%  SO4 ; 0,7-0,8% F ; 0,1-0,2% СаО құралған. Бұл қышқылдарды жемдік фосфаттар мен тыңайтқыштар алуда көп қолданады.

 

Экстракциялық фосфор қышқылын күкірт қышқылы негізінде алу.

 

     Фосфаттарды фосфоритті күкірт қышқылымен өңдегенде жоғары температурада фосфориттерді фосфор қышқылмен өңдеу нәтижесінде фосфор қышқылының ерітіндісі п.б.

     Ca5(PO4)3F + 5H2SO4 = 5CaSO4 + 3H3PO4 + HF

     Күкірт қышқылы мен фосфориттің әрекеттесуін жеңілдетуге, сонымен қатар аталған қоспаларды араластыруға, қозғалдыруға байланысты сұйық және қатты фазаның арақатынасын 2,5-1;3,5-1 аралықта ұстайды. Бұл үшін Н2SO4 немесе фосфатты экстракциялық фосфор қышқылын жуу кезінде пайда болған сұйықтықпен сұйылдырып отырады. Үрдісті мына реакция арқылы сипаттауға болады:

Ca5(PO4)3f + 5H2SO4 + nH3PO4 = (n + 3)H3PO4 + 5CaSO4·nH2O + HF

     Бұл үрдіс кезінде 2 саты пайда болуы мүмкін:

1.Ca5(PO4)3F + nH3PO4 = Ca(H2PO4)2 + (n-7)H3PO4 + HF

2.Ca(H2PO4)2 + H2SO4 = 2H3PO4 + CaSO4

CaCO3 + H2SO4 + nH3PO4 = CaSO4·nH2O + CO2 + nH3PO4

SiO2 + 4HF = SiF4 + 2H2O

SiF4 + 2H2F = SiF6 + 2H2

     Бұл ерітіндіде негіздермен әрекеттесетін өздігінен еритін кремнийфторлы натрий және калий түзеді. Фосфор қышқылын қайнату кезінде кремнийфторлысутекті қышқыл SiF4 және НF айырылып, 75% F ерітіндіге өтеді және 10% ұшып кетеді. Темір және алюминий тотықтары фосфор қышқылымен әрекеттесіп фосфаттар түзеді:

     R2O3 + 2H3PO4= 2RPO4 + 3H2O

     Фосфор қышқылын өндіруде H2SO4 шығыны стехиометриялық мөлшермен анықталады. Бұл мөлшер Са мен К әрекеттесуіне жұмсалады.

   Күкірт қышқылы әдісімен ЭФҚ-ын алуда 3 тәсіл қолданылады:

  1. Ангидридтік
  2. Полуангидридтік
  3. Дигидратты

   Сонымен қатар ЭФҚ-ын алуда шикізат құрамындағы мөлшеріне Р2О5, қоспа заттар (F,Ca,Mg,Al,Fe) байланысты құрамында Р2О5 көп болған сайын алынатын фосфор қышқылы соғұрлым концентрлі болады. Фосфорит пен апатит құрамында фтордың болуы алынатын фосфор қышқылының сапасын төмендетеді. Сондықтан фосфоритті фторсыздандырады. Сонымен қатар шикізаттың фосфо-рит пен апатитті агломерациялау арқылы шикізаттың құрамын ба-йытады. Бұдан басқа үрдістердің жүруіне ( оңға ) температура әсер етеді. Сонымен қатар жүйеде: СаО, Н2О, SO3, Р2О5 құрамдастардың еруі әсер етеді. Жүйені зерттей келе ерітіндіде кальций фосфаты-ның және күкірт қышқылы қалыпты температурада болуы мүмкін емес. Осыған орай фосфор қышқылын алу реакциясы солдан оңға жүреді. Үрдіске сұйықтық пен қатты заттардың ара қатынасы әсер етеді.

СаSО4-ң кристалдануы. СаО, Н2О, SO3, Р2О5 жүйесінде СаSО4 қатты күйде 3 формада болады: ангидрид (CaSO4), полугидрат (CaSO4 · 0,5Н2О), дигидрат немесе гипс (CaSO4 ·2Н2О). Гипс пен ангидридтің ерігіштігі қышқылдың шоғыры артуы әсерінен жоға-рылайды, ал кейіннен төмендейді. Температураға байланысты СаSО4 п.б. Үрдісті жүргізудің жағдайына байланысты фосфор қышқылын экстракциялаудың 3 режимін айтуға болады: полугид-ратты, гидратты, ангидридті. Әр режимнің мәнісі фосфаттарды толық ыдырату, алынған қоймалжың затты бөлу және фосфор қышқылын тұнбалардан жуу. Фосфор қышқылын тұнбадан жуу операциясы кристалданудың жеңіл жуылуына және қондырғының тез сүзілуіне байланысты. Бұл қондырғының сүзгілену өнімділігін жоғарылатуға және фосфор қышқылының шоғырын максималды алынуға негіз болады. Сонымен қатар фосфор қышқылын жууда аз мөлшерде суды пайдалануын да ескеру керек. Қазіргі кезде ең көп тараған әдіс дигидратты. Бұл үрдістің дамуымен бүгінгі күнде Р2О5 шоғыры 28-32%-ға дейін 65-80ºC-тан фосфор қышқылын алуда. Бұрынырақ бұл әдіспен Н3РО4 шоғырын 20-27% алған. Ангидридті және полугидратты әдіспен фосфор қышқылын алу жоғары температурада жүргендіктен қондырғының қышқылмен әрекетте-сіп, коррозияға ұшырайды. Сондықтан бұл әдістер қышқылға төзімді, жоғары температурада берік болады. Тиісті фосфор қыш-қылын күкірт қышқылмен алу әдісінің тәсілдерін зерттеу әлгі күнге жалғасуда.

 

ЭФҚ-ның дигидратты тәсілмен өндірісі.

 

     Дигидратты үрдістің схемасын қоймалжың заттың айналымға еңгізудің болуы және болмау түрінің 2 үрдісі бар. Фосфор қышқылының дигидратты әдіспен өндірудегі негізгі мақсат алынған өндірістегі қоймалжың затты СаSO4 кристалдану болып табылады. Қаратау фосфоритінен алынған фосфор қышқылының шоғыры 25-27% Р2О5. Бұл үрдістің сызбасы Қазақстан техно-логиясы бойынша жүреді.

     Дигидратты әдіс арқылы фосфор қышқылын алуда құрамында 0,8-1,5% фтор Н2SiF6 түрінде болады. Бұл фторды тұндыру үшін Na, K, Ba тұздарын пайдаланады.

     H2SiF6 + 2NaCl = NaSiF6 + 2HCl

     Бұдан басқа, Мg қосылыстарын қышқылды 80-90ºC-қа дейін қайнату арқылы алады. Фосфаттарды өндіруде тұз немесе азот қышқылын пайдалану арқылы шикізат құрамындағы сирек кездесетін элементтерді ажырату ( 70%-ға ) жүзеге асады. Фосфор қышқылында V2О5 1%-ға дейін, Fе сенеродисті ерітіндімен тұндырады. Фосфор қышқылын алуда пайда болған гипс құрамына 0,3-0,5% фосфор қышқылы пайда болады. Сондықтан бұл алынған фосфогипс тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар фосфогипс сульфат ион алудың шикізат көзі болып табылады.

 

Шоғырланған фосфор қышқылы.

 

     Күрделі тыңайтқыштарды алу үшін шоғырланған ( Р2О5-ң құрамы 37-55% ) фосфор қышқылы қажет. Н2SO4 әдісімен ЭФҚ алуда 27-38% Р2О5 аламыз. Сондықтан алынған фосфор қышқылының шоғырлануы қажет. Шоғырланған фосфор қышқылын қайнату арқылы алуға болады. Алайда фосфор қышқылының құрамындағы қалдық заттар температура артуымен қоюланып қалады. Мысалы, МgSiF6 температура 80ºC-тан жоғарылағанда SiF4 + MgF2-ге айналады. Фосфор қышқылын шоғырландыру сызбасы төменде көрсетілген. Технологиялық схема бойынша Р2О5 құрамы 54%-ға дейін алуға болады.

 

Термиялық фосфор қышқылдарының қосылыстары және оның қасиеттері.

 

     Фосфор бірнеше модификациялық түрде болады. Негізгісі ақ (α , β), қара және күлгін. Табиғи фосфаттардан электрдің көмегімен алынатын ақ фосфор – улы, ауада өздігінен тұтанады. Рентгенді аморфты масса түріндегі шаң тәрізді фосфор, қара-қоңыр, әлсіз зат, тығыздығы-2,26г/см3. Ақ фосфордың тығыздығы-1,8г/см3; 44,1ºC-та балқиды; 280,5ºC-та қайнайды; балқу жылуы-0,156 ккал/г.атом; булану жылуы - 4 ккал/г.атом; жылу сыйымдылығы-25ºC-та 5,53 ккал/моль·град; -77ºC-тан температура төмендегенде α модифика-циялы ақ фосфор β модификациялы фосфорға айналады. Сұйық және бу тәрізді күйінде 800ºC-та Р4 болады. Осы температура жоғарылағанда 2 атомға ыдырайды. 100ºC-та балқыған фосфор тығыздығы 1,7г/см3, ал қайнау температурасында 1,5г/см3. Ақ фос-фордың өзіне тән иісі бар, қараңғыда жанады, суда ерімейді. Күкірт көміртегісінде, бензолда, толуолда және т.б. жақсы ериді. Жарықтың әсерінен сары-қоңыр түске боялады. Сондықтан техни-када сары фосфор деп аталады. Ауаның қатысуынсыз 270-300ºC-та қыздырғанда ақ фосфор қызыл фосфорға айналады. Ақ фосфор ауада өздігінен жануына байланысты оны суда сақтайды. Фос-форды өртегенде 5 тотықты фосфор ангидриді Р2О5 п.б. Фосфордың оттегімен әрекеттесуі кезіндегі реакция жылуы 360 ккал/г·моль. Номерлық жылу сыйымдылығы 24,1ккал/моль·град. Фосфор ангидриді қалыпты жағдайда ақ кристалданған зат. Ол гидроскопиялық 359ºC-та қайнайды. Фосфор ангидридінің буы димерленеді Р4О10. Фосфор ангидриді бірнеше модификация-ланады: ұшатын Р4О10 құрылымды димері, ұшпайтын координа-циялық құрылымды. Модификацияның түрлемдері тығыздығы-2,28-3,05 г/см3. Фосфор қышқылының гидратациялану кезінде фос-фор қышқылы түзіледі:

   1.Фосфор ангидриді тетраметафосфор қышқылы ( Н4Р4О13 )

   2.Тетраполифосфор қышқылы ( Н6Р4О13 )

   3.Ортофосфор ( Н3РО4 ) және триполифосфор ( Н5Р3О10 ) қыш-қылдары түзіледі.

     Триполифосфор қышқылы ары қарай гидратациялану нәтиже-сінде Н3РО4 ортофосфор қышқылын бөле отырып пирофосфор қышқылына ( Н4Р2О7 ) өтеді. Бұл сумен әрекеттесіп ортофосфор қышқылын береді. Яғни фосфор ангидриді гидратациялау кезіндегі соңғы өнім болып табылады. 284ºC-тан бастап ортофосфор қышқылы дигидратациялау басталады. Бұлар пирофосфор қышқылына және метафосфорға ( НРО3 )  айналады. Р2О5 метафосфор қышқылы аралық өнім болып табылады. Фосфорды фосфор қышқылдарын алуда қолданылады. Сонымен қатар таза фосфорды электроникадан жартылай өткізгіштер жасау үшін: бор, алюминий және сирек металдардың фосфориттер алуда қолданылады. Қызыл фосфорды сіріңке өндірісінде қолданылады. Одан басқа дәнекерлеу құралдарын алу үшін алюминий және мыс фосфориттерін қолданылады. Фосфор ангидриді фосфор қышқы-лын алудағы жартылай өнімнен басқа кептіруге арналған құралдар ретінде пайдаланады. Фосфор ангидридінен термиялық әдіс арқылы алынған фосфор қышқылын 100%-ды Р2О5 түрінде алады. Бұл алынған қышқыл фосфат алудағы фосфор қышқылды тұздар алуда және шоғырланған тыңайтқыштар алуда пайдаланады. Сонымен қатар термиялық фосфор қышқылын тағам, қант, керамика, шыны, текстиль т.б. Өндірістік салаларда қолданылады. Тағамдық өндірістерде: ішімдіктерге қышқылдық дәм беру үшін, қант рафинатты өндірісте қантты сироптардан тазалау үшін пайдала-нады. Тағамдық өндірісте қолданған фосфор қышқылындағы фосфордың адамға маңызды. Бұдан басқа тіс цементтен, фосфатты цементтен алуда пайдаланыды.

     Ортофосфаттар три және динатрийфосфаттар суды жұмсарту үшін жылу қазандықтарында қолданылады, формацевтика, фото-графия, өндірістерінде қолданылады.

 

Фосфордан фосфор қышқылын алудың ілімдік негізі және технологиясы.

 

    Фосфорды алу үшін шикізат ретінде Са3( РО4 )2 пайдаланылады.

Са3( РО4 )2 – нан фосфорды алу көміртегімен тотықсыздану арқылы жүзеге асады:

 Са3( РО4 )2 + 5С = Р2 + 5СО + 3СаО

     Реакция 1100ºC-тан басталып 1400ºC-та анықталады. Көміртегі мөлшерінің көбеюіне байланысты Са3( РО4 )2 тотықсыздануы өседі. Жоғары температурада 1500-1550ºC-та көміртегінің артық мөлшері әсері онша байқалынбайды, көміртегінің табиғаты көп әсер етеді. Графиттің кристалдары майда болған сайын оның химиялық белсенділігі жоғары болады. Көміртегі материалдарының тотықсыздандыру қабілеттілігіне байланысты мұнайлы кокс, графит, антрацит, металлургиялық кокс, ағашты көмір. Фосфорды алу үшін шихтаға флюс ретінде кремнезем қосады.

                        Са3( РО4 )2 + 2SiО2 = Р2 + 5СО + Са3Si2О7

     Бұдан басқа кремнеземмен бірге алюминий силикатын қолда-нылады.

 Са3( РО4 )2 + 3Аl2О3 = Р2 + 5СО + 3( Аl2О3СаО)

     Реакцияға кренеземнің қатысуы температураны төмендетуге алып келеді. 1000ºС шамасында болады.

 

Фосфаттан фосфор алу.

 

     1 сатылы тотықтыру кезінде фосфордан басқа көмертегі тотығы да тотығады.

                        Р4 + 10СО + 10О2 = Р4О10 + 10СО2

Жоғары температурадағы газды сумен әрекеттестіру нәти-жесінде 800 мың градус аралығында метафосфор қышқылы п.б. Яғни,

                        Р4О10 + 2Н2О = 4НРО3

            Соңынан гидратациялану нәтижесінде тұман тәрізді орто-фосфор қышқылы п.б. Яғни,

                        НРО3 + Н2О = Н3РО4

            Фосфордың басқа төменгі тотықтары сумен әрекеттесу кезінде фосфорлы және фосфорлық қышқылдардың түзілуін болдырмас үшін ауаны 2 есе артық алады. Ауа мен судың түрлі мөлшерінің және де температураның өзгеруіне байланысты суперфосфор қышқылын алуға болады. Бұл кезде платина, паладий, титан, және т.б. катализаторларды қолдану арқылы жетуге болады. Мысалы, 500-800ºС арасында үрдісті жүргізу арқылы сутегіні де алуға болады:

     Р4 + 10Н2О = Р4О10 + 10Н2

     Ол кезде су буының фосфорға қатынасы18/1 

 

Хлорлы сутегі және тұз қышқылының алыну технологиясы.

 

     Хлорлы сутегінің және тұз қышқылының физикалық-химиялық қасиеттері. Хлорлы сутегі молекула салмағы 36,461 қалыпты жағдайда 20ºС 1·105 Па, өткір иісті, түссіз газ. Атморсфералық қысымда-85,1ºС түссіз, жеңіл қозғаланын сұйық түрінде конденсацияланады. Сұйық хлорлы сутек – 114,22ºС қатты күйге өтеді. Қатты хлорлы сутек 2 модификациялы түрде болады: ромбты-174,75ºС және одан төмен температурада тұрақты және текшелі. Хлорлы сутектің тығыздығы қалыпты жағдайда-1,6391·103 кг/м3. сыну көрсеткіші қалыпты жағдайда газ тәріздес хлорлы сутек- 1,0004456, сұйық хлорлы сутек-1,256. критикалық тұрақты шамалары-1,4ºС, қысымы-82,58·103 Па, тығыздығы- 0,42·103 кг/м3 , қайнау температурасы қалыпты атмосфералық қысымда-15,1ºС, балқу температурасы-114,22ºС, балқу жылуы-1,993·107 Дж/к·моль, бу түзілу жылуы-16,19·107 Дж/к·моль, сублимация жылуы-1,908·107 Дж/к·моль.

     Хлорлы сутегінің суда ерігіштігі өте жоғары және газ қоспаларында НСl-ң ерігіштігі температурамен парциал қысымға өте тәуелді. НСl сумен әрекеттесіп құрамы қайнау температура мен қысымға тәуелді азеотропты қоспа түзеді. 105 Па қысымдағы 110ºС температурадағы қайнайтын азеотропты қоспада 20,24 масса пайыз НСl, 75,92°С 22,15%, 19,09ºС 24,6%  НСl.

     НСl, Н2О жүйесінде 2 эвтетикалық қоспа бар: 74,7ºС-та 23%  НСl , 73ºС-та 26,5% НСl бар. Бұл 2 эвтетикалық қоспа арасында 70ºС-та коогурентті балқитын гексогидрат  НСl·6Н2О болады. Метатұрақты эвтетикалық қоспа тұз НСl·4Н2О 87,5ºС-та п.б. және құрамында 24,8% НСl болады.Тұз қышқылының мынадай кристаллогидраттары белгілі:НСl·8Н2О, НСl·4Н2О, НСl·3Н2О балқу температуралары 24,4ºС; НСl·2Н2О балқу температурасы 17,7°С; НСl·Н2О балқу температурасы 15,35°С.

     Тұз қышқылының тығыздығы 22,01% массалық НСl 1100кг/м3-қа тең, 35,38% массалық НСl 1180кг/м3, 20°С-ғы НСl-ң тұтқырлығы 20% массалық НСl 1360кг/м3; 1,95% массалық НСl 1779 кг/м3. Өнеркәсіпте техникалық, синтетикалық реактивте аса таза абгазды НСl шығарады. Хлорлы органикалық өндірістерде абгаздардан тұз қышқылының келесі маркалары мен сорттарын шығарады:

   А маркасы тамақ өнеркәсібі үшін.

   Б маркасы жоғары және 1-ші сортты абгазды тұз қышқылы тазаланады. 2-ші сорттар тазаланбаған абгазды қышқылдар.

     Тұз қышқылының барлық сорттарында техникадан бастап айрықша тазасына дейін НСl-ң, Н2SО4-ң, сонымен қатар темірдің және мышьяктың мазмұнымен анықталады. Абгазды тұз қышқылдарына қойылатын талап А маркасы үшін НСl 35,5%-дан кем емес, темір-0,003% артық емес, мышьяк-0,015% артық емес. Б маркасы үшін жоғары сорты 31,5% кем емес, темір-0,5%, мышьяк-0,05%-дан артық емес. 1 сорт үшін  НСl 30% кем емес, темір-0,015, мышбяк-0,1%-дан артық емес. 2 сорт үшін НСl-27,5% кем емес, темір-0,02% артық емес, мышьяк анықталынбайды.

     Хлорлы сутек және тұз қышқылы халық шаруашылығында, соның ішінде түрлі салаларда хлор алу үшін құрамдас шикізат ретінде әртүрлі органикалық және бейорганикалық өнімдер алынған кезде реагент ретінде техникалық үрдістің катализаторлары ретінде пайдаланылады.

        

Тұз қышқылын, хлор сутегін өндіру әдістері.

 

1.Хлорлы сутектің сульфат әдісімен алынуы. Сульфат әдісі хлотлы сутекті алудың ең көне әдісі (1934). Ол сульфат натрийға немесе калийға сұраныс болған кезде және табиғи сульфаттың болмағанда ғана қолданылады. Сульфат әдісі NaCl шоғырлы күкірт қышқы-лымен әрекеттесумен негізделген:

                        NaCl + H2SO4 = NaHSO4 + HCl

                        NaCl + NaHSO4 = Na2SO4 + HCl

                                    немесе

                        2NaCl + H2SO4 = Na2SO4 + HCl – 40,25 кДж

            Реакция эндотермиялық , сондықтан процеске жылу қажет. Температураға тәуелділікке байланысты пайда болған  реакцияның салмақ түгелімен сұйық күйде қалуы немесе біртіндеп кристалдана бастауы мүмкін. Яғни қышқыл тұздарға: 2Na2SO4 · 9H2SO4 ; Na2SO4·H2SO4; Na2SO4·2H2SO4;3Na2SO4·H2SO4.

            Реакция салмағы жылдам қатаймауы үшін температупа өте жоғары болуы керек. Температура 500-550ºС КСl-мен әрекеттескен кезде 700-750ºС температура қажет. Бұл үрдісті механикалық пеште жүргізеді. Ал 50-65%-ға НСl бар хлорлы сутек газы 700-800ºС-тан пештен шығады. Құрамында күкірт қышқылының сульфат шаңы, шикізаттың құрамына байланысты басқа да заттар болуы мүмкін. Бұдан басқа Жапонияда горизонталь пеші ойлап табылады. Бұл пештің ерекшелігі горизонталь цилиндр тәрізді реактор пайдаланы-лады.

            Хлор сутекті алу үшін H2SO4 орнына SO2, O2 қоспасын пайдалануға болады.

            2. Синтетикалық хлорлы сутектің алынуы. Тікелей синтез негізінде хлордың сутекпен әрекеттесу реакциясы жатады.

                        H2 + Cl2 = 2HCl + 184.7 кДж

            Бұл әдісте реакция экзотермиялық болғандықтан қышқылды суытуға жұмсалатын су шығыны көп болады. Егер хлор қажетті мөлшерде өндіріліп, ал сутегі жеткіліксіз өндірілсе немесе өндірілмесе сутегі құрамдас қосылыстың сутегі көзі ретінде пйдалануға болады. Мысалы, су хлормен өте жоғары темпера-турада 1000-1600ºС әрекеттесіп, хлор түзеді. Бұл кезде реакцияға көміртегі, метан, күкірттің қос тотығы сияқты тотықсыздан-дырғыштарды пайдалануға болады. Хлор мен сутек буының қоспасы кеуекті ыстық көмір қабаты арқылы өткізіледі.

                        2HCl + 2H2O + C = 4HCl + CO2 + 288.9 кДж

            Реакцияның температурасы көмірдің сортына және оның құра-мындағы катализатор бола алатын қоспаларға байланысты (Fe2O3). Құрамында темір тотығы бар әрекеттестіргіш көмірмен жүрген реакция 400-450ºС температурада болуы керек. Түзілген газ құра-мында 65-78%-ға дейін НСl, 15-18% СО2, 2-4%-ға дейін СО болады.               3. Хлорлы      сутекті тұз қышқылынан десорбциялау. Хлорлы сутектің десорбциясы қышқылдарды қондырмалы бағанада қайтару кезінде п.б. Яғни, хлор сутегіні алу үшін сұйытылған тұз қышқы-лын қайнату арқылы аламыз.

            4. Хлор органикалық қалдықтарда өртеу кезінде хлорлы сутектің алынуы. Хлорлы-органикалық еріткіштер: хлор-метан, перохлорэтилен, үшхлорэтилен, венилохлорид, этилен, пропилен тотықтары, жасанды глицирин, этиленглинколь және т.б. өндірі-сіндегі хлор органикалық қалдықтарды өңдеу маңызды мәселе болып табылады. Хлор органикалық қалдықтарды өңдеу үшін жоғары температурадағы 1100-1800ºС және каталитикалық 300-400ºС өртеу процестері қолданылады. Бұл кезде хлор органикалық қоспалар толығымен Cl2, HCl, CO, H2O, N2-ге айналады.

            5. Тұз қышқылдарын алу әдістері. Хлорлы сутектерді сумен абсорбциялап, қажетті мөлшердегі және қажетті шоғырдағы тұз қышқылын алуға негізделген.

 

Фторсутек және фтор қышқылын алу.

 

            Фтор және фтор қышқылының физика-химиялық қасиеті. Бос фтор түссіз газ, қалыпты жағдайда тығыздығы-1,696г/мл. Фтордың балқу температурасы-219,6ºС, қайнау температурасы= -188,1ºС.

            Фтор ең электр терістілігі жоғары элемент. Фтор басқа эле-менттердің бәрімен химиялық байланысқа түседі, көмірдің тотығымен, қос тотығымен әрекеттеседі. Суда айрылады:

                        F2 + H2O = 2HF + 1/2O2

            Фтордың судағы қосылысы қалыпты температурада суды Н2О2-ге тотықтырады және өзі фтор тотығына айналады. Фтор то-тығы өте улы, түссіз газ.

            Фторсутек-түссіз, қалыпты жағдайда 19,9ºС температурада қайнайды, -83,1ºС-да балқиды, тығыздығы-0,29±0,3г/см3. Сұйық фторсутек энергиялы еріткіш. Онда сілтілік металдар, сілтілік жер металдар және т.б. металдар жақсы ериді. Су фторсутек затында еріп, күшті электролит болады:

                        Н2О + 2НF = Н3О+ + НF2-

            Сусыз фторсутек күшті қышқыл, дессоцияцияланады, яғни, НF = Н+ +F- және  F- + НF = НF2-. Фторидтер мен сілтілік металдар кристалданған қосылыстар түзеді: nF·mHF. Фторсутек суда жақсы ериді және оны фторсутекті немесе плорикті қышқыл деп атайды.

            Қолданылуы: Бос фтор фторидтерді алуда көбінше қолданады және фторсутек қышқылын алуда пайдаланады. Сұйық фтор қышқылы полимеризацая, изомеризация және т.б. үрдістер үшін спирттерді, альдегидтерді, эфирлерді, катализаторларды еріту ретінде кеңінен пайдаланады. Сусыз газ тәрізді және сұйық фтор қышқылын кейбір кездерде фторы бар органикалық қосылыстарды, мысалы, фторкөміртегі алуда қолданады. Сонымен қатар фторо-пластар, яғни, термиялық, химиялық беріктігі жоғары пластикалық заттарды алуда қолданылады. Хлор құрамдас фторкөміртегін тоңа-зытқыш машиналарда пайдаланады. Фтордың тұздарын метал-лургия саласында пайдаланады. Плорикті қышқылдарды шойын мен болаттарды тазалауда кеңінен пайдаланады. 

            Фтордың қосылыстары – құрылыс материалдарында, керами-калық өндірістерде пайдаланады. Техникалық МЕСТ бойынша құрамында НF 40%-дан аз емес және Н2SiF6 0,1% және күкірт қыш-қылы 0,5% көп болмайтын түрде шығады.

            Күкірттісутек қышқылын алуда негізінен шикізат ретінде плорикті аспат кеңінен пайдаланады. Ол таза түрде түссіз, кварц, кальцит, хлорид, сульфид, қорғасын, мырыш және т.б. ауыр метал-дарда қоспа түрінде болады.

            Шикізат ретінде пайдалану алдында оны өңдейді және байытады. Фторсутек қышқылын фтордан алуға болады. Алайда фтордың жер шарындағы қоры аз ( 0,08% ). Дегенмен, химиялық өндірістерден шыққан қалдықты газдардың құрамындағы фтор алуға жарайды.

            Фторсутек плавикті қышқыл алу. Плавикті қышқыл алу үшін плавикті шпат кенін пайдаланылады. Сондықтан, бұл қышқылдарды плавикті қышқыл деп  атайды. Плавикті шпатты 90-92% күкірт қышқылымен өңдеп алады.

                        CaF2 + H2SO4 = 2HF + CaSO4

            Төменгі температурада реакциядан кейін CaSO4·3H2SO4 кристаллогидраты түзіледі. Бұл кристаллогидрат 80ºС-тан бастап CaSO4·H2SO4 кристалдана балқиды. Бұл кристаллогидрат 200ºС-тан бастап CaSO4 затына дейін балқиды. Сондықтан үрдісті 220-280ºС-та жүргізіледі. Бұл үрдісте қосымша реакция да жүреді:

                        SiO2 + 4HF = SiF4 + 2H2O

            Үрдісте күкірт қышқылының шоғырын 88%-дан төменін пайдаланатын болса, пеште қоймалжың заттар пайда болады. Егер Н2SО4-тің артық мөлшерін алатын болсақ, пештің жұмыс істеу қабі-леті қиындайды. Күкірт қышқылының мөлшерін кем алатын бол-сақ, СаF2 (плавикті қышқыл) айналу дәрежесі төмен болады. Сон-дықтан Н2SО4 мөлшерін дәл есептеп салу керек.

            Фторсутек қышқылын алу үшін айналмалы пештер қолда-нылады. Фторсутек қышқылын алудың түрлі жолдары зерттеліп, әдістері көп. Фторсутек қышқылын алуда СаF2 ажырату үшін фос-фор қышқылын қолдану да зерттеліп, тиімді параметрлері анық-талды. 250ºС-та жүретін үрдісте НF-нің алыну шығымы 90%-ға жетеді. Қатты күйге Са пирофосфаты түседі. Оны тыңайтқыш ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар СаF2 кенін гидротер-миялық әдіс арқылы алу жолға қойылған.

                        CaF2 + H2O = CuO + 2HF   t=1000-1250ºC

            НF газын сумен әрекеттестіріп, плавикті қышқыл алады. Бұл үрдіс қорғасынды немесе пластмасалы бағаналарда жүреді. НF газы құрамында зиянды қоспа заттар бар қоспалардан алдын-ала ажыратылуы тиіс. Қоспалардан ажырату үшін сода және т.б. заттар-ды пайдаланылады. Газдың құрамында SiF4 заты мүмкіндігінше аз болуы тиіс. Сонықтан шикізат ретінде алынған плавикті шпатты өңдеп, құрамында СаF2 96-97% болатындай және SiО2 заты мүмкіндігінше минималды болатындай етіп алады. Шоғырланған Н2SО4 НF-мен әрекеттесуі мүмкін. Нәтижесінде фторсульфанорин қышқылы пайда болады.

            H2SO4 + HF = HSO3F + H2O

 

Күкірт қышқылының технологиясы.

 

            Күкірт қышқылының және оллеумның қасиеттері. Күкірт қышқылы түссіз, май тәрізді ауыр, сұйық зат. Күкірт қышқылының химиялық құрамы Н2SО4, молекулалық массасы-98,8. Күкірт қышқылын күкірт тотығын 3 молекуласының 1 молекуласы (SO3 немесе Н2SО4-ң ангидриді мен 1 молекуласының қосындысы) арқы-лы түзіледі. Яғни, сусыз Н2SО4-ң құрамы 81,63% SО3-тен және 18,37% Н2О-дан тұрады. Техникада Н2SО4 күкірт ІІІ тотығының сумен кез-келген қоспасы арқылы түзіледі. Егер SО3-ң 1 молі судың 1 молінен көбірек келетін болса, онда қоспалар Н2SО4-ң судағы ерітінділері болып саналады, онда бұл күкірт ангидридінің Н2SО4-те ерітіндісі болып саналады. Оны оллеум (SО3) немесе түтіндейтін Н2SО4 д.а. Н2SО4-ң судағы ерітінділері құрамы Н2SО4 немесе SО3 (пайызбен) мөлшермен, сонымен бірге оллеумге су қосу арқылы алуға болатындай Н2SО4 мөлшерімен сипатталады. Күкірт қышқылыны-ең күшті бейорганикалық қышқылдардың бірі. Шоғырлы күкірт қышқылы белсенділік қатарында сутектен бұрын да кейін де тұрған металдардың көпшілігімен әрекеттеседі. Ол металдармен және оларды тотықтарымен көбінше әрекеттеседі. Алмасу, ыдырау реакцияларына түседі, сумен өте қарқынды қосылады, тотықтырғыш және басқа да маңызды химиялық қасиеттері бар. Күкірт қышқылының сулы ерітінділері кристал-логидрат түзеді. Мысалы, 80% күкірт қышқылы Н2SО4·2Н2О және Н2SО4·Н2О қосылыстарының қоспасы. Н2SО4·4Н2О-28,36ºС температурада кристалданады. Бұл кездегі Н2SО4-ң шоғыры-57,6%. Күкірт қышқылы 10,37ºС температурада кристалданады. Күкірт қышқылының сулы ерітіндісі шоғыры жоғарылаған сайын, олардың температурасы артады. 98,3%  Н2SО4-ң қайнау температурасы 336,5ºС. Күкірт қышқылының судағы ерітінділерінің тығыздығы ондағы Н2SО4-ң шоғыры көбейген сайын тығыздығы артады. 20ºС-та 100% Н2SО4-ң тығыздығы 1,8305 г/см3. температурасы жоғарылаған сайын күкірт қышқылының тығыздығы азаяды. Оны мына формуламен есептеуге болады:

                        ρ0 = 1,8517-1,1·10-3t+2·10-6t2

            Күкірт қышқылының ерітінділер шоғырының көбейген сайын олардың жылу сыйымдылығы төмендейді. Сусыз күкірт қышқылы үшін 1,42 Дж/гр·К. Температура төмендеген сайын және шоғыры артқан сайын күкірт қышқылының жылу өткізгіштігі азаяды. Оны мына формула арқылы есептеуге болады:

λ= 0,518+0,0016t-(0,75+th293)(С/100)   

            Күкірт қышқылының тұтқырлығы сусыз күкірт қышқылының мәні 84,5%-ға тең кезінде 27 сантипуазға тең. Күкірт қышқылының шоғыры жоғарылаған сайын беттік керілісі бастапқыда өседі, 40% Н2SО4-те ең жоғарғы мәнге ие болады. Кейіннен қайтадан төмен-дейді. Беттік керіліс керіну мәнін мына формуламен анықтауға болады: 

                        σt.c.= 155,5-0,04t-с

            Температура жоғарылаған сайын күкірт қышқылының электр өткізгіштігі өседі. Оның мәні мына формулада:

                        Нt =H18[1+α(t+18)+β(t-18)]2

мұндағы: Н18-күкірт қышқылының 18º-ғы электр өткізгіштігі.

                 Α,β-температуралық коэффициенттер

Күкірт қышқылын өңдеуге қолданылатын шикізаттар. Күкірт қышқылын өндіру үшін шикізат ретінде элементарлы күкірт немесе элементті күкіртті бөліп алуға, болмаса күкірт қос тотығын алуға болатын, құрамында күкірті бар заттар қолданылады. Күкірттің табиғи кендері өте сирек кездеседі. Күкірт табиғатта темірмен, мырышпен, қорғасынмен, мыспен т.б. металдармен қосылыс ретінде кездеседі. Көбінше табиғатта колчедан, темір, мыс түрінде кездеседі. Жер қыртысында күкірттің жалпы мөлшері 0,1%. Бұдан басқа мұнайда, тас көмірде, табиғи газдарда болады.

            Тас көмірден кокс алғанда оның құрамындағы күкірт кокстың газды құрамына кіретін күкірт сутегіне айналады. Күкірт сутегі генераторлы газдарда, мұнай өндеу газдарында, кейбір кен орын-дарының газдарында кездеседі. Металлургиялық пештердің тастан-ды газдарында күкірт қос тотығы көп мөлшерде болады. Бұл газдар қажетсіз газ түрінде қазіргі таңда атмосфералық ауаға тасталынады. Алайда, осы газдардан күкірт қышқылын алу жолға қойылды.

            Күкіртті колчеданның негізгі құрамдас бөлігі болып пирид минералы (маркезит) пайдаланбақ. Оның құрамы FeS2 – 53,44% күкірттен, 46,56% темірден тұрады. Күкіртті колчеданның табиғи құрамында  FeS2-ден басқа мыс, мырыш, мышьяк, никель, кобольт, селен, висмут, кадмий, теллур қосылыстары, кальций мен магний карбонаттары және сульфаттары, сонымен бірге аз мөлшерде ал-тын, күміс бар. Күкінтті колчеданның сары немесе сары сұр түсті минерал. Тығыздығы шамамен-5000кг/м3. Күкірт колчеданы күкірт қышқылын пайданалар алдында оны өңдеп байытады. Магнитті колчедан немесе пирротин темірдің күкіртпен FenSn+1 күкірт құрамды қосылыс. Көмірлі колчедан тас көмірдің құрамында болатын күкіртті колчедан. Оның құрамында 18%-ға дейін көміртегі болғандықтан көмірлі колчедан д.а.

            Күкірт қышқылын алу үшін түрлі-түсті металлургия газдарын пайдалануға болады. Бұл газдардың құрамында күкірттің қос тоты-ғы болуына байланысты күкірт қышқылын өндіру үшін құнды шикізат болып табылады. Жанар газдардың көбісінің құрамында қажетсіз қоспа болып саналатын күкірт сутегі болады. Олар коксты, генераторлы, табиғи, мұнай өндеу газдарында кездеседі. Бұл газдарды күкірт қышқылын өндіру үшін немесе элементті күкіртті өндіру үшін пайдаланады. Түрлі күкірт құрамдас шикізаттарға гипсті, фосфогипсті жатқызуға болады. Күкірт қышқылын алу үшін гипсті немесе фосфогипсті көмір мен топырақ қосып күйдіреді. Осы кезде СаSО4-ң тотықсыздану нәтижесінде SО2 газы түзіледі.

            Күкірт қышқылын өндіру үшін құрамында күкірт қышқылы бар қалыпты ерітіндіні  пайдалануға да болады. Күкірт қышқылын өндеу үшін алунит шикізатын пайдалануға қазіргі таңда алға қойылуда. Алуниттің формуласы-K2SO4·Al2(SO4)3·2Al2O3·6H2O. Алунит кенінде бұл минералдардың мөлшері 50%-ға жетеді. Қоспалар ретінде кейде кремнезем, темір мен титан тотықтары және 0,2%-ға дейін Р2О5 болады. 500ºС-ге дейін қыздырғанда, алунит барлық кристаллизациялық суын жоғалтады, 650оС асқанда SО3 газы және минералдың ыдырауы басталады.

            K2SO4·Al2(SO4)3·2Al2O3 + 0.5C2H4 = 3SO2 + 3Al2O3 + K2SO4 + +H2O + CO2

            Бөлінетін газдағы СО2-ң мөлшері 75%-ға тең. Алынған Al2O3 затын Al өндірісіне жібереді. К2SО4 тыңайтқыш ретінде қолданады.

 

Күкірт қышқылын алу сатылары.

 

            Күкірт қышқылын өндіру түйісу және нитрозды әдістермен өткізіледі де, олардың жалпы сатысына SО2 газын алу және оны қоспалардан тазалауы жатады. Одан соң түйісу әдісімен күкірт қышқылын өндіру келесі сатылардан тұрады:

            1. SО2 газын катализаторда тотықтырып, SО3 газын алу.

            2. SО3 газын абсорбциялау.

            3. Күкірт қышқылының алынуы.

            Техникада күкіртті газ деп құрамында күкірт қос тотығы бар газды қоспаларды атайды. Күкіртті газдардың құрамдастары:SО2, О2, N2 т.б. Шоғырлы бастапқы шикізаттың құрамы мен оны күйдіру әдістеріне байланысты. Колчеданды күйдіру арқылы күкіртті газды алуға болады. Осы әдіс арқылы көбінше күкірт қышқылын алуда пайдаланады. Колчеданды күйдіру кезінде бірнеше реакциялар түзіледі. Алдымен FeS түзіліп және күкірт буларының бөлінуімен өтетін темір қос сульфидінің термиялық ыдырауы жүреді:

                        FeS2→2FeS+S2-Q

            Күкірттің бөлінуі 500оС-та басталып, температура артқан са-йын жылдамдайды. Сонан соң күкірт буы қос тотық түзілуімен жа-нады.

                        S(газ) +О2(газ) = SО2(газ) + Q

            Мұндай реакция элементті күкіртті жаққанда да жүреді. FeS2 жануы бірнеше жуық үлгісі ұсынылады. Кейбіреулері FeS2 тотығуының бірінші сатысы болып FeSО4, содан соң темір тотығына дейін ыдырайды. Басқа үлгілері бойынша FeS2 тікелей темірге тотығады.

                        4FeS2 + 11O2 = 2Fe2O3 + 8SO2 + Q

                        3FeS2 + 8O2 = Fe3O4 + 6SO2 + Q

            Оттегінің мөлшеріне байланысты 2 реакция жүреді. Fe3О4 түзі-луіне қолайлы жағдай болып жоғары температурада газдағы SО2 жоғары мөлшерімен күймеген колчеданнан салыстырмалы көп мөлшері саналады. Колчедандағы түрлі-түсті металдар сульфиді күйдіру жағдайына байланысты (температура, газдағы оттегі мөл-шері т.б.) тотықтар немесе сульфаттар түзіледі. Металл карбонатта-рын күйдіргенде көмір қос тотығы бөлінеді және сәйкес металдар тотығы түзіледі. Кейін олар сульфаттарға айналады. Көмірлі колче-данды күйдіргенде күкіртпен бірге ондағы көміртегі келесі реакция бойынша жүреді:

                        С + О2 = СО2 + Q

            Осының салдарынан күйдіру газындағы оттегі мөлшері азайып, катализаторлардағы SО2 тотығу үрдісінің жылдамдығы төмендейді. Колчеданды балқындымен тотықтырғанда 800оС шамасында жоғары шоғырлы SО2 алады:

                        FeS2 + 16Fe2O3 = 11Fe3O4 + 2SO2 – Q

            Колчедандағы металдардың реакциясын былай жазуға болады:

2ZnS + 3O2 = ZnO + 2SO2

            Гипсті қыздырғанда алдымен кристаллизациялық су бөлінеді, содан соң:

CaSO4 = CO + SO2 + 1/2O2

            Оның толық ыдырауы 1500оС өтеді. Ыдырау температурасын көміртегі қатысуымен төмендетуге болады:

                        2CaSO4 + C = 2CaO+ 2SO2 + CO2

Күкіртті сутек (H2S) затын жаққанда SO2 су булары түзіледі:

H2S + 3/2O2 = SO2 + H2O

            Колчедан жанғанда келесі үрдістер жүреді:

1.FeS2 ыдырауы. 2FeS2→2FeS + S2 – 103,9кДж

2.O2 газды фазадан колчедан түйіршік бетіне жеткізу.

3.S+O2=SO2+362,4кДж күкірттің тотығуы.

4.FeS2, SO2 және Fe2O3 п.б. тотығуы.

5.Тотығу кезінде бөлінетін жылудың колчедан түйіршіктерінен газға өтуі.

6.SO2 газының реакция аймағынан газды фазаға өту.

            Колчеданның жану жылдамдығы оның химиялық және минералогиялық құрамына және күйдіру жағдайына (температура, түйіршіктер өлшемі, газ ағымының жылдамдығы) байланысты.

            Катализатор қатысуымен күкірт қос тотығын SO3 газына айналдыру жүзеге асырылады:

                        SO2 + 1/2O2 = SO3

            Сумен қосылып күкірт ІV валентті оксиді күкірт қышқылы п.б.

SO3 + H2O = H2SO4

1.Флотацияланған колчеданды күйдіру және күйдірінді газ алу.

2.Пайдалану қазанында газды салқындату.

3.Газды шаунан тазалау.

4.Газды шаю және кепттіру.

5.Газды қыздыру.

6.Катализаторда SO2 – SO3-ке тотықтыру.

7.Күкірт қышқылы п.б. арқылы SO3-ті абсорбциялау.

ХТП1- SO2 газын алу.

ХТП2- SO2 газын SO3 газына айналдыру.

ХТП3-Н2SO4 өнімін алу.

            SO3 газын алу платина катализаторын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұдан басқа ванадийлі катализаторды қолдануға бола-ды. SO3 газын алуда реакция жылдамдығын өзгеру дәрежесін, тепе-теңдік тұрақтысын, реакциядағы температурасын, алынған SO3 өні-мін реакцияның массадан шығарылуы. Катализатор активтілігін және т.б. техникалық параметрлерді анықтап, есептеп, SO3 алу үрдісінің оптималды параметрлер табады. Бұл кезде SO2 газы SO3 затына айналу немесе тотығу дәрежесін мақсатты анықтайды. SO2 газы түйісу әдісі арқылы SO3  газына айналу, қайнау қабаты бар аппараттарда жүзеге асады. Тотығуға дейін газ түрлі тазаланудан өтіп (ылғалды, электрлі тазалау т.б.) 400-420о келіп түседі. Жоғары температурада SO2 газы SO3-ке айналып, өзгеру дәрежесі 0,995-0,997 мәніне дейін жетеді. SO3 сумен абсорбцияланып күкірт қышқылын береді.

                        SO3 + Н2О →Н2SO4

            SO3 және су қатынасының мөлшеріне байланысты әртүрлі шоғырлы күкірт қышқылын алуға болады. Күкірт қышқылының құрамындағы оллеумге байланысты күкірт қышқылының түрлі сорттарын шығарады.

Көгерткіш қышқыл.

 

            Циан сутекті (НСN) немесе көгерткіш қышқылы – түссіз сұйықтық, ащы миндальдің иісі бар. Ол 25,65%

тығыздығы-0,0967г/см3. Сумен әртүрлі қатынаста әрекеттеседі, цианның буы көгілдір жалынмен жанады. Қайнаған суда циан сутектік қышқылы аммоний формиаты ретінде гидролизге ұшырай-ды:

                        НСN + 2Н2О = НСООNН4

            Көгерткіш қышқылының қышқылдық қасиеті өте әлсіз, басқа қышқылдардың тұздарына орнын оңай береді. Көмір қышқылының тұзына да орнын оңай береді. Сондықтан атмосфералық ауада көмірдің қос тотығы болуына байланысты көгерткіш қышқылы цианидтер буын шығарады. Көгерткіш қышқылы негізінде натрий цианамид, калий цианамид, кальций цианамид алуға болады. Кө-герткіш қышқылын жоғарыда аталған қосылыстарды алуға пайда-ланылады. Олар өз кезегінде кеннен бағалы металдарды (алтын, күміс т.б.) алуда қолданады. Көгерткіш қышқылы акрилонитрил алуда шикізат ретінде маңызы өте зор. Ал ол өз кезегінде каучук, синтетикалық талшықтар алуда қолданады. Сонымен қатар органи-калық шыныларды пайдалануда кеңінен қолданады. Көгерткіш қышқылы түрлі органикалық қосылыстар алуда қолданса, көгерт-кіш қышқылының тұздары тыңайтқыш ретінде, гебдицидтер ретін-де, коксты газдар тазалауда және т.б. салаларда кеңінен қолданы-лады.

            Көгерткіш қышқылының алынуы. Көгерткіш қышқылы ең бірінші рет цианды қоспалардың күкірт қышқылында еріту арқылы алынған болатын. Бұл өндірісте шығынның, яғни энергияның, көп кетуіне байланысты, сонымен қатар натрийдің күкіртті қоспалары қалдықтарының өте көп болуы бұл әдісті экономикалық жағынан тиімсіздігіне байланысты тоқтатылды. Соңғы жылдары көгерткіш қышқылын тікелей қырау арқылы алуды жолға қойды. Бұл қырау термиялық немесе каталитикалық негізде көміртегіні азотпен немесе аммиакпен әрекеттестіру барысында жүзеге асты. Соның бетінде көгерткіш қышқылын алу, аммиак пен көмірсутектерді контактілік әдіс арқылы байланыстыру нәтижесінде алды. Аммиак-ты көміртегі тотығы мен катализатор қатысуында көгерткіш қыш-қылын алуға болады.

                        NН3 + СО = НСN + Н2О

            Бұл кезде қолданылатын катализаторлар алюминий тотықтары немесе ванадий тотықтары мен селен тотықтарының қоспалары. Бұл реакция аз ғана жылдамдықпен жүреді және көгерткіш қышқы-лының 700оС-та және көміртегі тотығының 30 есе артық мөлшері кезінде 65%-дан артпайды.

            Көмірсутектерді азотпен немесе аммиакпен пирогенетикалық ыдырату нәтижесінде көгерткіш қышқылын алуға болады:

                        2С + Н2 + N2 = 2НСN           немесе           

С + NН3 = НСN + Н2

            Бұл тәсіл өте көп электр энергияны қажет етеді. 1200-1400оС-та жүретін реакция 99,5%-ға дейін көгерткіш қышқылының шығымын алуға болады. Бұдан басқа көміртегі орнына көмірсутек-тердің гомологтық қатарындағы заттарды пайдалануға болады:

                        С3Н8 + 3NН3 = 3НСN + 7Н2

            Бұл реакция 1350-1650оС-та жүреді.

            Көгерткіш қышқылының шығымы 90%-ға жетеді. Қосымша өнім ретінде 98% сутегі шығады. Метан мен аммиакты жоғары кернеулік электр разрядта немесе жоғары жиілікте көгерткіш қыш-қылын алуға болады. Бұл кездегі аммиак пен метан қатынасы 1-ге тең. Көгерткіш қышқылының шығымы 70%-ға жетеді. Каталитика-лық тікелей тотықтыру арқылы метан мен аммиактан көгерткіш қышқылын алуға болады:

                        СН4 + NН3 + 1,5О2 = НСN + 3Н2О

            Метан мен аммиак ауадағы әрекеттесуі өте күшті экзотермия-лық реакция. Сондықтан, үрдісті автотермиялық ретінде жүргізуге болады. Катализатор ретінде платиналы токты металдарды, соны-мен қатар алюминий, темір металдар тотықтарын пайдалануға болады.

            Формамидті тәсіл нәтижесінде көгерткіш қышқылын алу көміртегі тотығы мен аммиакты қосу нәтижесінде алуға болады. Бұл әдіс көміртегі тотығының және аммиактың метилді спирт сілтілік ерітіндісі негізінде әрекеттесу нәтижесінде алуға болады.

            Қазіргі кезде көптеген мемлекеттерде көгерткіш қышқылын алуды және оны алу әдістерін зерттеуді алға қоюда. Бұл әдістің ішінде ең қолайлысы әзірше жоғары температурада элементтерден және метан мен аммиактан, сонымен қатар азот пен көміртегі элементтерінен алу жүзеге асуда.

 

Бейорганикалық негіздер.

Натрий гидроксидінің алыну технологиясы.

 

Натрий гидроксиді немесе каустикалық сода (NаОН)-ақ түсті ылғалданған зат. Суда өте жақсы ериді, ол жасанды жібек, сабын, органикалық бояу, қағаз, текстиль және т.б. өндірістерінде көптеп қолданылады. өнім түрінде қатты және сұйық түрінде шығарылады. Қатты түріндегі натрий гидроксиді 2 маркалы: А және Б сәйкесін-ше химиялық және диафрагмалық түрінде шығарылса, сұйық күйінде 5 маркалы: А сынаптық, Б диафрагмалық сапаландырыл-ған, В диафрагмалық, Г және Д химиялық. Каустикалық соданы өндірісте 3 түрлі әдіспен алады. Олар: әкті, ферритті, электрохи-миялық.

Әкті әдіс-негізінде мына реакция арқылы алынады:

            Na2CO3 + Ca(OH)2 = 2NaOH + CaCO3↓

Бұл кезде пайда болған натрий гидроксиді тұнбадан бөлініп алып, буландырылады. Бұл үрдіс қайтымды тепе-теңдік шарттары кальций гидрототығы мен карбонатының ерігіштіктің арақатына-сымен анықталады. Каустификациялау дәрежесі берілген ерітінді-дегі соданы шоғырлануы азайған сайын және температурасы тө-мендеген сайын көтеріле береді. Алайда іс-жүзінде үрдісті реагенттердің әрекеттесу жылдамдығын арттыру үшін және кальций карбонатының ірі кристалды тұнбасын алу үшін 800-1100оС арасында жүреді. Әдетте натрий карбонатын натрий гидроксидіне айналуы 90-95%-ға жетеді және құрамында 100-120г/дм3 натрий гидроксиді бар сілтілік ерітінді алады.

Әкті әдістің негізгі сатылары:

1.Сода ерітіндісін декарбонатор сұйығынан жуатын сулардан және уландыру тұзының ерітіндісінен дайындайды.

2.Сода ерітіндісін әкпен сөндіргіш каустификаторда өндеу және каустификаторда суспензияны ары қарай алмастыру.

3.Тұнбалықты бояу.

4.Декарбонатор ерітіндінің 1 бөлігін бөліп алынған тұнбалықпен өңдеу.

5.Тұнбалықты жуу.

6.Вакуум буландырғыш аппараттарда натрий гидроксиді ерітіндісін кептіру.

7.Сусыздандырылған сілтілікті сүзу.

8.Сілті еріткіш 610г/дм3 –қа дейін шоғырландыру үшін буландыры-лады.

9.Сілтілікті одан әрі буландыру.

10.Ең соңғы буландыру және каустикалық соданы балқыту.

11.Балқытылған натрий сілтісін барабандарға құю.

            Натрий гидроксиді немесе каустикалық соданы ферритті әдіс арқылы алуға болады:

                        Na2CO3 + Fe2O3 = Na2O∙Fe2O3 + CO↑

                        Na2O∙Fe2O3 + 2H2O = 2NaOH + Fe2O3∙H2O

            Бұл әдіс арқылы да натрий гидроксидін тұнбадан (Fe2O3∙H2O) бөліп алып, буландырып, кептіріп және балқытып, өнім ретінде алады. ТМД елдерінде, сонымен қатар Қазақстанда каустикалық соданы ферриттік әдіспен алу кеңінен қолданылады. Оған себеп өндірістік қалдықтың болмауы, өнім шоғырының жоғарылығы, нат-рий гидроксиді ерітіндісін буландыруға қажетті бу шығымының төменділігі.

4.15-сурет.Каустикалық соданы ферритті әдіспен өндіру процесінің технологиялық үлгісі.

1) рельсті жол

2) сода тасымалдауға арналған вагонетка

3) сода қабылданатын сыйымдылық

4) элеватор

5) сода шаңына арналған сыйымдылық

6) қоспа элываторы

7) қоспа араластырғышы

8) тасымалдағыш

9) қоспа дозалағышы

10) қоспа элеваторы

11) феррит пеші

12) шаң камераларына апаратын

13) мазут қыздырғышы

14) сөндіргіштен буды әкететін желдеткіш

15) рекуператор

16) феррит сөндіргіштік элеватор

17) сілтілегіштер

18) шайылған темір тотығын тасымалдағыш

            Ферритті пеште температура 1050-1100оС болады. Пештен шыққан феррит сумен әрекеттесіп сілті түзеді, ал тұнбаға түскен темір тотығы жуылып, өндірістің басына қайтарылады. Каустика-лық сода өндірісі тұндырғыштарға,  одан әрі буландыруға жібері-леді және қажетті шоғырлы сілті алады. Феррит пешінен шыққан газдар 420-450оС-та газ жолымен әкетіледі, онда 20%-ға дейін сода шаңы болады. Олар тазаланып, электрофильтрлерден өткізіліп, таза газ ауаға жіберіледі, ал ұсталынған сода шаңдары қайтадан араластырғышқа беріледі. Феррит пеші болаттан жасалған барабан тәрізді аппарат. Ішкі диаметрі-2м, ұзындығы-12,5-14м, қабырғасы-ның қалыңдығы -15мм, пешті ферритті түсіретін жағындағы түбінде диаметрі-400мм саңылаулары бар. Олар арқылы пешке ауа келіп, феррит пешінің өнімділігі 14,2-17т/тәулік аралығында бола-ды.

Натрий гидроксидін немесе каустикалық соданы өндірудің 3-ші жолы - электрохимиялық әдіс. Электрохимиялық әдіс негізінде ас тұзы ерітінділерін электролиздеу арқылы жүргізеді. Бұл әдіс өте көп шығынды, яғни энергиялық шығынды көп жұмсауына байланысты әдіс көп қолданылмайды.

                                                                                                         

Бор қышқылы.

 

            Бор қышқылы немесе ортобор қышқылы Н3ВО3 (В2О3∙3Н2О) ақ түсті кристалл, тығыздығы-1,43-1,49 г/м3. Қыздыру негізінде суын жоғалтады, метабор қышқылына айналады (70-110оС). Мета-бор қышқылы- НВ2 (В2О3∙Н2О) үш түрлі кристалл түрінде болады.

Балқу температурасы- 176-201оС. Ары қарай қақтау нәтижесінде бор ангидриді түзіледі. Қаныққан сулы ерітінді 0оС-та 2,6%, 21оС-та 4,9%, 100оС-та 27,6% Н3ВО3 құрайды. Қайнаған суда бор қыш-қылы су буымен ұшады. Диссоциация тұрақтысы 25оС-та 5,84∙10-10. Н3ВО3 басқа минералды қышқылдарға орнын тез береді, әлсіз қышқылдың өзіне де (Н2SО3, Н2S). Бор қышқылының диссоциа-циясы:

                        В(ОН)3 + 2Н2О = В(ОН)-4 + Н3О+

            Тетрабор қышқылы Н2В4О7 ортобор қышқылына қарағанда күштірек. Диссоциация тұрақтысы 25оС-та 2∙10-4. бор қышқылы-ның тұздары бораттар деп аталады. Бор қышқылы шыны өндірісін-де, шыны талшықтарының өндірісінде, оптикалық шыны өндірісін-де, химиялық шыны өндірісінде қолданылады. Бор шыныларын өндіру сілтілік металдармен қосылу нәтижесінде алынады:

                        R2О∙2В2О3; R2О∙В2О3; 2R2О∙В2О3

            Бұл шынылар өте берік және 1300-1400оС кезінде ғана айрылады. Керамикалық өндірісте бор қышқылын кеңінен пайда-ланады. Себебі олар су өткізбейді және беріктігі жоғары. Тоқыма өндірісінде борды маталарды жууда, майларды ерітуде сабынның орның жақсы басады. Электрохимиялық өндірісінде бор қышқылы электролиттерде қоспа ретінде пайдаланады. Мысалы, катодтық никель алуда 7-16г/л Н3ВО3 қолданылады. Резина өндірісінде кау-чуктың вулканизациялану үрдісін тежеу үшін қолданса, парфюме-рия өндірісі мен органикалық құрал өндірісінде кеңінен пайдалана-ды. Антисептикалық қасиетіне байланысты бор қышқылын медици-нада пайдаланады. Сонымен қатар консервілеу құралы ретінде та-мақ өндірісінде қолданады. Алайда бор қышқылының немесе бор қосылысының аз ғана дозасы (тәулігіне 1-2гр.) адам ағзасына зия-нын тигізеді.

            Бор қышқылын мемлекеттік стандартқа сәйкес 1,2 сорттарын шығарады. 1 сорты Н3ВО3 99,5%-дан кем болмауы керек; 2 сорты Н3ВО3 98,5%-дан кем болмауы тиіс.

1 сортта суда ерімейтін қалдықтар- 0,5, Сl-- 0,1, SО4-- 0,008, те-мір-0,001, ауыр металдар-0,001% -дан артық болмауы тиіс.

       2 сортта суда ерімейтін қалдықтар-0,1, Сl- -0,2, SО4- -0,6, темір - 0,005, ауыр металдар-0,005%-дан артық болмауы тиіс.

            Бор қышқылдарының тұздарын жол құралдарын өндіруде, микротыңайтқыштар өндіруде, және т.б. салаларда кеңінен қолда-нылады. Бор қышқылын табиғатта кездесетін, құрамында бор боры бар кендерден алуға болады. Бордың өзі табиғатта кездеспейді. Себебі белсенді элемент болғандықтан. Ал оның борлы минерал-дары табиғатта біраз мөлшерде. Ондай шикізаттар: борацит МgCl2∙5MgCl∙2B2O3;сульфоборит  3MgSO4∙6MgO∙4B2O3; ашарит 2MgO∙B2O3∙H2O немесе MgHBO3; турмалин Na2O∙(Fe,Mg)O∙10Al2O3  ∙ 18SiO2∙4B2O3∙5H2O.

            Құрамында боры бар табиғи минералдарды өңдеу арқылы құнды бағалы заттар алуға болады. Мысалы, датолитті (боросили-катты сулы кальций) минерал 9-13%  В2О3, 30-38%    СаО, 3% МgО, 3-6% Аl2О3, 5-8%Fе2О3+FеО, 40-42% SiО2, 5%-ға дейін СО2 болады Өңдеу арқылы 15,5-16,5% В2О3, 33,8-34,5% СаО, 39,6-40% SiО2, 3,5-4,5% Fе2О3+FеО т.б. заттарды алуға болады. Бұл шикізат-тар жер шарында көптеп кездесуіне байланысты бұларды өңдеу әдістері кеңінен зерттелінген. Бұл шикізаттар АҚШ-та, Оңтүстік Америкада, Иран, Индия, Жапония, Франция және т.б. мемлекет-терде өте көп. Бор қышқылын өндіру аталған шикізаттарды күшті қышқылдармен өңдеу арқылы алуға болады:

                        2МgО∙В2О3∙Н2О + 2Н2SО4 = 2МgSО4 + 2Н3ВО3

            Химиялық өңдеу жағдайына байланысты бор құрамды шикі-заттарды 3топқа бөлуге болады:

            1.Оңай айрылатын минералдар: натрий, калий, кальций, маг-нийкальцийлі бораттар.

            2.Қиын айрылатын минералдар: күрделі бор құрамды силикат-тар мен алюмосиликаттар.

            3.Бор мен бор қышқылы бар сулы ерітінділер.

            Қазіргі таңда дүние жүзі бойынша бор қышқылын өндіру шикізатын бірінші топқа жатқызады. Табиғи бораттарды бор қыш-қылына өндіру әдістерін негізінен қышқылдық және сілтілік деп бөлуге болады.

            Қышқылдық әдіс арқылы пайдаланатын реагенттер: күкірт қышқылы, азот қышқылы, тұз қышқылы, фосфор қышқылы, фторды сутек, көмір қышқылы, күкіртті қышқыл.

            Сілтілік әдіс арқылы бор қышқылын алуда пайдаланатын реагенттер: NаОН, Nа2СО3, NаНСО3, Nа2SО4, Nа2S,Nа2SО3, NН4Сl, (NН4)2SО3 т.б.

            Негізінен бор қышқылын алу пайдалану арқылы жүзеге асады. Ал бораттарды алу үшін сілтілік реагенттерді пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады:

            2MgO·B2O3·H2O + 4H3PO4 = 2H3BO3 + 2Mg(H2PO4)2

            2MgO·S2O3·H2O + 2NaOH = 2NaBO2 + 2Mg(OH)2

            Бор қышқылын алуда пайдаланатын реагент қышқылды таң-дау шикізатты өндіруде шығатын қосымша өнімнің пайдаланаты-нына байланысты. Мысалы, ашаритті күкірт фосфор қышқылын өндіруде бор қышқылынан басқа магнийдің сульфаттары мен фосфаттары шығады.

            Бураны өңдеу арқылы бор қышқылын алуға болады:

                        Na2B4O7 + H2SO4 + 5H2O = 4H3BO3 + Na2SO4

            Күкірт қышқылынан басқа күкіртті қышқылды да пайдалануға болады. Ашартті күкірт, тұз, азот, фосфор қышқылымен өндегенде жеңіл және толық ыдырайды. Көбінше күкірт қышқылы пайдаланады. Шикізаттың құрамындағы басқа да заттар күкірт қышқылымен әрекеттесіп сульфаттар түзеді. Ал ерітіндіде қалған бор қышқылын бөліп алып, қажетті шоғырға дейін алады.

Сызба бойынша ашартті кенді 25%-ға дейін В2О3, 17% MgО бар шикізатты алдын-ала майдалайды, 400оС-қа дейін кептіреді, ұсақтайды. Кейіннен боратты ұнтақты реакторға салып, күкірт қышқылымен өңдейді. Реактордағы реакция 1 сағат уақытында 90-95оС-та жүреді. Реакторға 75-78%-дық күкірт қышқылын қосады. Шыққан тұнбаны ыстық сумен жуады, оның құрамында 1-1,5%MgО, 0,7-0,8% В2О3, 30%-ға дейін ылғал бола-ды. фильтратта қалған ерітіндінің құрамында 6%-ға дейін МgО, 6%-дан жоғары В2О3 болады. Одан әрі вакуум кристалдау жүйесін-де салқындатылады 15оС-қа дейін. Кристалға түскен бор қышқы-лын өнім ретінде шығарады. Жуылған суды реакторға қайтарады. Ал алынған бор қышқылын қайтадан кристалдау арқылы реактивті химиялық таза медициналық және ерекше таза ретінде алуға бола-ды. Оны алдымен 95%-ға дейін сумен, артынан салқындату арқылы таза бор қышқылын алуға болады. 

                                                                                 

Магнезиялар мен магний гидрооксиді.

 

            Магний оксиді табиғатта минералды периглаз түрінде кездеседі. Жасанды МgО ұнтақ түрінде, тығыздығы-3,65-3,9 г/см3, 2800оС балқиды. Қышқылдармен әрекеттесіп тұүздар түзеді, сумен әрекеттесіп Мg(ОН)2 түзеді. Температура жоғарылаған сайын, яғни 500оС-та МgО кристалданады. 1200-1600оС-та үлкен кристалдар түзеді. Мg(ОН)2 табиғатта минералды брусит және немалит түрінде кездеседі. Жасанды Мg(ОН)2-ін магний тұздарына сілтілерді қосу арқылы алуға болады.  Мg(ОН)2 қышқылдарда жақсы ериді, NН4Сl еріп, МgСl2 және аммоний гидрооксидін түзеді. Магний қосылыс-тарын негізінен отқа төзімді, құрылыстық және металлургиялық металдар алуда қолданылады. Магнийдің біршама мөлшерін таза магний түрінде алады. Оны алюминий және т.б. металдармен қосу арқылы қоспалар алады. Шойынға 0,05 пайыз шамасында қосатын болса сынуға төзімді берік шойын п.б.

            Магнийдің түрлі оксидтерін магнезий д.а. олар физико-химиялық қасиеттері бойынша: жеңіл, химиялық белсенді, адсорбциялық қасиетті, жылу өткізгіштігі т.б. ерекшеленеді. өндірісте магнезийдің түрлі сорттарын шығарады. Соның бірі жеңіл ақ магнезий немесе магнезийлі альба. МgСО3 немесе Мg(ОН)2 құрамында бар І,ІІ сорттары шығарылады. Олар резиналы қоспалардың құрамын беріктеуге қолданылса, медицинада жоғары сапалы жылу сақтайтын материалдар алуда кеңінен пайдаланады. Магнезийге қойылатын талаптар: І сорт бойынша МgО 89% кем емес, СаО-1,25% артық емес, N2О3-1,25% кем емес т.б.

            Магний оксиді мен магний қосылыстарын алуда түрлі магнийі бар минералды шикізаттарды пайдаланады. Олар оливи (Mg,Fe) 2SiO4, тальк 3MgO·4SiO2·H2O, серпентин 3MgO·2SiO2·2H2O, магнезит MgCO3 , даламит МgCО3·CaCO3 , кизерит MgSO4·H2O , кайнит MgSO4·KCl·3H2O, астраханит Na2SO4·MgSO4·4H2O , бишо-фит MgCl·6H2O , кариалит KCl·MgCl2·6H2O , т.б.

            Бұл минералдар табиғатта көптеп кездеседі, Қазақстанда Каспий теңізінің айналасында Қарабұғаз шығанағында кең тараған. Бұл минералдар құрамында кремний, сульфат, карбонат, хлорид заттары болуына байланысты бөлінеді. МgО мен Мg(ОН)2 алуда аталған шикізаттар кеңінен пайдаланылады. Магнизитті жоғары температурада қыздыру арқылы МgО-дын аламыз. Бұл үрдіс 1500-1800оС жүреді. Алынған МgО-дын отқа төзімді минералдар алуда қолданады. Бұдан басқа даламитті жоғары температурада өртеуде де МgО алуға болады.

            Бикарбонатты тәсіл арқылы магнезийді алу үшін даламит сияқты минералдарды жоғары температурада 700-750оС-та өртеп, Мg, Са тотықтарын алады. Ары қарай оларды сумен әрекеттестіріп, Мg-ң, Са-ң гидрооксидтерін алады:

                        (Мg+Са)О + 2Н2О = Мg(ОН)2 + Са(ОН)2

            Шыққан гидрооксидтерді СО2 газымен карбонизациялайды:

                        Мg(ОН)2 + Са(ОН)2 + СО2 = СаСО3 + Мg(ОН)2 + Н2О

            Фильтратта  Мg(ОН)2 шығады, тұнбадағы СаСО3 түседі. Фильтраттағы Мg(ОН)2 ары қарай карбонизазиялау арқылы МgСО3 түзеді, тұнбаға түскен карбонатты қақтайды, 95% МgО шығады. Аммоний хлоридімен әрекеттесіп магний гидрооксидін және кальций хлоридін алады:

            Mg(OH)2 + Ca(OH)2 + 2NH4Cl=Mg(OH)2 + CaCl2 + 2NH3 +2H2O

            Аммиакты ерітіндіден шығарып тастағаннан кейін тұнбаға түскен Мg(ОН)2 сүгілейді және кептіреді. Соңында МgО шығады. Бұл алу әдісінен бөлек NН4Сl бірге реакциядағы СО2 газын беру арқылы тұнбаға СаСО3 түсіреді:

            Мg(ОН)2 + Са(ОН)2 + 2NН4Сl = МgСl2 + СаСО3 + 2NН3 + 3Н2О

            Алынған магний хлоридін магнезий алуға жіберіледі.

            Әкті тәсіл арқылы магнезийді алу келесі реакция арқылы жүзеге асырылады:

            МgСl2 + Са(ОН)2 = СаСl2 + Мg(ОН)2 

            Бұл кезде хлоридтері бар минералдарды пайдаланады. Шық-қан, тұнбаға түскен Мg(ОН)2 сүзгілеп, кептіріп, магнезий алуға жіберіледі.  Мg(ОН)2-ін кейбір елдерде (АҚШ, т.б.) теңіз сулары-нан алады.

            Гидросульфат тәсілі арқылы Мg(ОН)2-ін алу реакцияға Ва(НS)2 затын салу арқылы жүзеге асады. Бұл кезде мына реакция жүреді:

            Ва(НS)2 + МgСl2 + 2Н2О=Мg(ОН)2 + ВаСl2 + 2Н2S

            Тұнбаға түскен Мg(ОН)2 сүзгілейді, кептіреді және магнезий алады. Сода алу тәсілі арқылы жеңіл магнезий алу магнезийдің тұздары: MgSO4, MgCl2, Mg(NO3)2 содамен әрекеттестіру арқылы жүзеге асырылады. Бұл кезде минерал магнезийтті майдалайды, 18% H2SO4-пен ерітеді, алынған магний сульфаттарын Fe тотықта-рымен тазалау үшін әкті сумен  Fe(OH)3 түрінде тұндырады, тазаланған ерітіндіні 10-12% сода ерітіндісімен өңдейді:

4MgSO4+4Na2CO3+4H2O=3MgCO3·Mg(OH)2·3H2O+4Na2SO4+CO2

            Алынған тұнбаны сүзгілейді, жуады, кептіреді. Жеңіл ақ ұнтақ магнезийлі альба алынады.

            МgСl2-дін гидролиздеу және тотықтыру арқылы магнезий алу тәсілі мына реакция арқылы жүзеге асады:

                        MgCl2 + H2O = MgO + 2HCl

                        2MgCl2 + O2 = 2MgO + 2Cl2

                        MgCl2 + H2O = Mg(OH)Cl + HCl

                        Mg(OH)Cl = MgO + HCl

            Үрдіс 500-550оС-та жүреді.