ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Сілтілік
қосылыстар өндірісінің технологиясы» пәні жоғарғы
білім мемлекеттік стандарттау негізінде 050720 - «Бейорганикалық
заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша
барлық студенттердің оқып - үйренудегі негізгі жалпы
пән болып саналады. Ол жалпы заңдылық және негізгі
бейорганикалық өнімдер - сілтілер
қосылыстарының технологиясын
және мамандықтарды жалпы окып - үйренуді қарастырады.
Пәннің
мақсаты студенттерге сілтілік қосылыстардың
өндірісі, алыну жолдарының өнеркәсіптік әдістерін, оларда
пайдаланылатын шикізаттарды
физико-химиялық қасиетін оқытуға негізделген.
Курс барысында
студент натрий, калий т.б. металдың сілтілері мен олардың
қоспаларының өндірістік технологиясын ғылыми-техникалық даму
тұрғысынан негізгі мәселелерін, олардың өсу-өркендеу
бағытын,сонымен қатар
бейорганикалық заттар өндірісмен байланысын,
өнімнің сапасын мен маңызды технологиялық
көрсеткіштерін, материалдық потокатрдың ағынын
есептеуді меңгеру қажет.
Пәнді
меңгеру үшін студент жалпы, бейорганикалық, аналитикалық,
физ-химиялық, жалпы химиялық технология, өнімнің
сапасын бақылау, бейорганикалық қышқылдар мен
негіздерінің химиялық технологиясы, минералды тұздар мен
тыңайтқыштардың химиялық технологиясы пәндерін
оқып үйрену қажет.
Пән
химиялық өнеркәсәпте еңбекті қорғау, менеджмент, пәндік мамандыруда
базалық пән болып табылады.
Курсты оқу
жоспарымен оқып үйрену үшін сабақтардың
аудиториялық және аудиториядан тыс формалары
қарастырылған. Лекция, лабораториялық сабақтар,
консультациялар аудиториялық оқу формасымен өткізіледі.
Өзіндік жұмыс, лекциялық құжаттардың
/лекция конспектісі, оқулықтар, журналдар,
инновациялы-ақпараттық техникалық әдістеме, Интернет
бойынша/ ЕГЖ және курстың жекеше бөлімдерін өздігінше
оқуды аудиториядан тыс формасында
қарастырады.
Білімді және оны
қалай меңгергендігін бақылау қабылданған
әдіспен де, сондай-ақ семестр барысында тестілі-рейтинг
жүйесі көмегімен де жүргізіледі.
Пәнді
оқып-үйренудегі білімді тексеру емтихан түрінде бақылау
ұсынылады.
«Сілтілік
қосылыстар өндірісінің технологиясы» пәнінің
бағдарламасы 050720 –Бейорганикалық заттардың химиялық
технологиясы мамандығына арналған типті бағдарлама болып
табылады. Осы мамандық бойынша мамандар дайындайтын ЖОО кафедралары осы бағдарлама
негізінде тәртіпке сай бекітілген бағдарламамен жұмыс
жасайды.
ПӘННІҢ
ҚҰРАМЫ
Кіріспе
Шикізаттардың сипаттамалары мен классификациясы,
олардың агрегаттық күйлері, химиялық табиғаты.
Шикізат көздері. Өндіріс қалдықтарын екіншілей шикізат
ретінде пайдалану. Табиғи шикізаттарды қазу, оларды
тасымалдау, байыту және тазалау.
Бейорганикалық
сілтілер және олардың қолданылуы. Шикізат. Каустикалық
сода өндірісінің әдісі. Каустикалық
сода өндірісінң химиялық әдісі.
Каустикалық соданы әкті әдіспен алу. Шламды
бөлк және жуу.
Әлсіз сілтілерді шоғырландыру. Күйдіргіш натрийді балқыту. Күйдіргіш натрий әкті әдіспен алудың
технологиялық схемасы.
Каустикалық соданы ферритті әдіспен алу әдісі.
-каустикалық соданы диафрагмалы әдіспен алу;
-ртутты катодты ваннада
каустикалық соданы алу
әдісі;
- каустикалық соданы
мембраналы әдіспен алу;
Технологиялық үлгі
және оларды жаңаландыру перспективасы. Каустикалық сода
өндірісіндегі шығынды
ағындарды сынаптан тазалау
әдісі. Газдарды сынап қосылыстарынан
тазалау. Ағызынды суды сынап қосылыстарынан тазалау және
олардың қосылыстарын залалсыздандыру.
2. Бөлім
қақталған сода
өндірісі
Қақталаған
сода өндірісінің
әдістері.
Қақталған
соданың физико-химиялық қасиеті. Қолдану
аймағы. Натрий карбонатын
аммиакты-хлор әдісімен алу. (Сольвэ әдісі) Ас тұзын
тазалау әдісі. Карбонат
шикізатын күйдіру. Әк сүтін дайындау. Тазаланған ертіндіні
аммонизациялау.
Аммонизацияланған ертіндіні
көмірқышқыл газымен
және натрий бикорбанатымен қанықтыру. Аммиакты және көмірқышқыл газын
регенерациялау. Натрий гидрокарбонаты
натрий карбонаты алынғанша қақтау. Аммиакты әдіспен натрий карбонатын алудың технологиялық схемасы. Басқа шикізаттардан қақталған соданы алу
әдістері. Оларды жаңалау жолдары. Аммиак әдісімен алынған қақталған
соданың екіншілей материалдарын
өңдеу.
Дисстилденген
сұйықтықты
залалсыздандыру әдісі. Газ
тәрізді және шаң тәрізді қалдықтарды
ұстау.
Тазаланған натрий
гидрокарбоанты өндірісі. Қасиеті,
қолданылуы, қалдықтардан
тазалау әдістері.
Өндірістің физико-химиялық негізі. Натрий гидрокарбонаты өндірісінің
технологиялық схемасы.
«Ауыр» сода өндірісі. Үрдістің
физико-химиялық негізі. Ауыр
тұз өндірісінң технологиялық сызбасы.
3 Бөлім
Бейорганикалық сілтілер технологиясы
Калий гидроксиді. Кальций гидроксиді. Барий және стронций гидроксиді. Физико-химиялық қасиеті. Қолдану аймағы. Шикізаты.
Негізгі өндірістік алыну жолдары.
Үрдістерімен аппараттары.
Сілітілік қосылыстар
өндірісін өркендету жолдары.
Ұсынылатын
зертханалық жұмыс тізімі
1. Сода ертіндісін каустификациялау арқылы күйдіргіш натрий алу .
2. Электрохимиялық
әдіспен каутикалық сода алу
3. Ферритті
әдіспен каустикалық соданы
алу
4. Карбонат шикізатын
өртеу.
5. Қақталған
соданы алу
6. Бикорбанат натрий алу
7. Күйдіргіш калий алу
8. Өшірілген әк
алу .
9. Барий сілтісін алу
1. Бейорганикалық қышқыл, негіз, тұз өндірістерінің шикізат,
қосымша материалдар, отын, су шығндарын есептеу.
2. Каустикалық сода
өндірісінің материалдық
ағынын есептеу
3. Каустикалық сода
өндірісінің жылулық
шығынын есептеу
4. Қақталаған
сода өндірісінің материалдық
ағынын есептеу
5. Қақталаған
сода өндірісінің жылулық
ағынын есептеу
6. Калий гидроксиді өндірісінің
материалдық ағынын есептеу
7. Табиғи көздерден қақталған сода алу
8. Қақталаған сода
және хлорды алу
9. Қақталған
сода өндірісін жаңаландыру
технологиясы мен техникасы
10. Гидрохимиялық әдіспен нефелинді
өңдеу барысында сода
және поташ алу дың технологиялық схемасы
11. Қақталған сода
және калий сульфаты өндірісі
12. Калий карбонаты өндірісі
13. Карбонат ертінділерін политермиялық бөлу
14. Қақталған сода
өндірісі негізінде аз қалдықты комбинирленген әр түрлі өнім алу технологиясы
15. Сода және поташ өндірісінің негізгі және қосымша аппаратуралары
Ұсынылыған әдебиеттер тізімі
1.негізгі:
1.
Химическая
технология неорганических веществ./Под ред. Ахметова Т.Г. –М.: Химия, 2002. В 2 кн.
2. С.А.Крашенинников.
Технология соды. –М.: Химия, 1988.
3. Зайцев И.Д., Ткач Г.А. и др. Производство соды. – М.:
Химия, 1986.
4. Якименко Л.М. Производство хлора, каустической соды и
неорганических хлорпродуктов. –М.: Химия, 1974.
5. М.Б.Зеликин, Э.М.Миткевич и др. Производство
кальцинированной соды. –М.: Госхимиздат, 1959.
6. Зеликин М.Б. Производство каустической соды
химическими способами. -М.: Госхимиздат,1961.
2. қосымша
1. Расчеты по технологии неорганических веществ. / Под
ред. П.В.Дыбиной. –М.: Химия, 1973.
2.
Расчеты по
технологии неорганических веществ. Учебное пособие для вузов /Под ред.
М.Е.Позина. –Л.: Химия, 1977.
3.
Мельник Б.Д.
Инженерный справочник по технологии
неорганических веществ. Графики, номограммы. Изд. 2-ое, переработ. и
дополненное –М.: Химия, 1975.
4.
Каратаева Г.Е.,
Сейтмагзимова Г.М., Сарсенбиева Р.К. Методические указания к выполнению лабораторных работ по дисциплине
«Химическая технология неорганических кислот и оснований» для студентов
специальности 050720 – «Химическая технология неорганических веществ».
г.Шымкент: ЮКГУ им.М.Ауезова, 2006.
5.
П.П.Коростелев. Приготовление растворов для химико-аналитических
работ. –Изд. «Наука», М.: 1964.
6.
Руководство к
практическим занятиям по технологии неорганических веществ: Учебное пособие для
Вузов/ Под ред. Проф. М.Е.Позина.-Л.: Химия,1980.
7.
Технология
глинозема и щелочей. Под ред. Позина М.Б. и др. Учебное пособие, 1979.
8.
Соколов А.В. Производство каустической соды по
способу Левита. –Л.: Химия, 1976.
9.
Практическое
руководство по неорганическому анализу. /Под ред. Ю.В.Лурье.-Л.: Химия, 1980.
10. Химическая
технология неорганических веществ./Под ред. Ахметова Т.Г. -М.: Химия, 1998.