Өнімнің қолдану аумағы
және мәні.
Натрий гидроксиді немесе каустикалық сода
(NаОН)-ақ түсті ылғалданған зат. Суда өте
жақсы ериді, ол жасанды жібек, сабын, органикалық бояу,
қағаз, текстиль және т.б. өндірістерінде көптеп
қолданылады. өнім түрінде қатты және
сұйық түрінде шығарылады.
Каустикалық сода (NаОН)
өндірісінің дамуы кальцийнерлен-ген сода өндірісінің
дамуымен тығыз байланысты болды. Бұған себеп химиялық
әдіспен NаОН алу үшін шикізат ретінде кальцийнерленген сода
қолданған. Ол сода ерітіндісі түрінде әк сүтімен
каустифицирленген. 1882 жылы өндірісте ферритті әдіспен NаОН алуды
еңгізген және де мұны кальцийнерленген сода өндірісінде
де қолданылған. Қазіргі таңда ферритті әдіс
оның техникалық қиындығы және көптеген
еңбек қол шығынын қажет етендіктен практика
жүзінде қолданылмайды.
ХІХ ғасырдың
аяғында NaCl-дың сулы ерітіндісінің электро-лизімен NаОН
алудағы электрохимиялық тәсілдер жылдам дами бастады.
Электрохимиялық тәсілде NаОН-пен қатар хлорды алған.
Оны ауыр органикалық синтез өнеркәсібінде және
басқа да өнеркә-сіптерде кең көлемде
қолданған. 1980 жылы күйдіргіш натр элек-тролиз
тәсілімен шығатын үлесі әлемдік өндірісте -
96,8%, ал химиялық тәсілмен алынған күйдіргіш натр
құрамы – 3,2 % құра-ған.
Таза натрий гидроксиді NаОН өз алдына
ақ түсті масса ұсынады. Ол ауадан су буы мен СО2 газын
сіңіреді, ол теріге тисе онда ұзақ жазылмайтын химиялық
күйіндіге , ал егер системалық түрде теріге әсер
етсеазқазан жарасына және экземаға әкеп
соқты-рады. Өндірістік ғимараттардағы күйдіргіш
натр аэрозолінің мүм-кін болатын концетрациясы 0,5 мг/м3
.
Сусыз күйдіргіш натр 2 модификациясы бар:
α – NаОН крис-талдарының ромб қалыпымен және β – NаОН кристалының куб қа-лыпымен
NаОН-ң молекулалық массасы -39,97, тығыздығы 2130 кг/м3
жай заттардан жылу бөлінуі -427 кДж, балқу температу-расы 328оС.
Күйдіргіш натр сумен әрекеттесіп кристалдар түзеді. -28оС
сулы ерітіндіден, 19,1% NаОН құрайтын, гептагидрат крис-талданады -
NаОН·7Н2О, -20оС және 2,5% NаОН ерітінділерін
құрайтын ерітіндіден NаОН·0,5Н2О түседі. 80оС
75% сулы ерітінді-ден сусыз NаОН түседі. Сусыз күйдіргіш
натрдың жылу сыйымды-лығы 25-227оС 1,61 құрайды, 25-427оС
аралығында ол 2,63 дейін көтеріледі және кейіннен 25-827оС
2,32 Дж/(г·с) тең болады. Бал-қытылған күйдіргіш
натрдың тұтқырлығы 350оС-та 4,0, ал темпера-турасы
500оС -1,8·10-3 Па·с. Таза күйдіргіш натрдың
балқу температурасы 328оС. Қоспалар бұл
температураны төмендетеді: егер 6,48% қатты гидроксидінде Nа2СО3-ң
балқу температурасы 284оС төмендейді. NаОН
балқуының қайнау температурасы 1388оС.
Күйдіргіш натр ауыл
шаруашылығының көптеген бөлімдерін-де кең
көлемде қолданылады. Каустикалық соданы жалпы
өндірі-сіндегі мөлшері әртүрлі ауыл
шаруашылығының аймақтарында қолдануы ортамен
құрайды (%):
Химиялық өнеркәсібі 76
Мұнай химиялық
өнеркәсібі
12
Целлюлоздық-қағаздық
өнеркәсібі 3
Металлургиялық және т.б. 9
Күйдіргіш натрды қатты және
сұйық түрде шығарады. Қатты күйдіргіш
натрды келесідей маркаларда шығарады: ТХ-1 қатты,
балқытылған және ТХ-2 қатты, чешуирленген. Бұл
марканың сапасы МЕСТ 2263-79 болып регламенттенеді, бұлардың
негізгі қажеттілігі төменде көрсетілген:
Құрамы,
% ТХ-1 ТХ-2
NаОН, кем емес 97,0 96,0
Қоспалар (100%-қ өнімде
санағанда ), көп
емес:
Nа2СО3
1,5 1,9
NаСl
0,7 0,9
Fе2О3 0,01 0,02
SiО2 0,5 0,5
Nа2SО4
0,6 0,9
Техникалық каустикалық
соданың ТХ-1 маркасын металдық натрий алуға қолданады,
және мұнда құрамындағы SiО2 0,1%,
құрамындағы К 0,1%, ал Са2+ + Мg2+
(Са-ге санағанда) – 0,03%-дан үлкен болмауы тиіс.
Балқытылған қатты
күйдіргіш натр стальдық барабандарда (сыйымдылығы 50-170 л),
чешуирленген - стальдық барабандарға еңгізілген
(сыйымдылығы 25-100 л) полиэтилендік қаптарда тасы-малданады.
Сұйық күйдіргіш натр
теміржолдың цистерналары арқылы тасымалданады. Сұйық
күйдіргіш натр 6 түрлі маркаларда шығары-лады:
РР–сынаптық ерітінді, РХ-1 және РХ-2 – химиялық ерітін-ділері, РДУ, РД-1
және РД-2– диафрагмалық ерітінділер.
МЕСТ 2263-79 бекітілген сұйық
каустикалық содадағы негізгі және қоспалардың
құрамы кестеде көрсетілген:
|
Көрсеткіш |
РР |
РХ-1 |
РХ-2 |
РДУ |
РД-1 |
РД-2 |
|
Түрі мен түсі |
Түссіз,мөлдір сұйық зат |
Күлгіннен көк түске дейінгі түссіз мөлдір
сұйық зат. Тұнба түзілуі мүмкін |
||||
|
Құрамы,% (масс.): негізгі NаОН заты, кем емес |
42 |
45 |
43 |
50 |
44 |
42 |
|
Nа2СО3, көп емес |
0,6 |
1,2 |
2,0 |
1,0 |
1,2 |
2,0 |
|
NaCl, көп емес |
0,05 |
1,0 |
1,5 |
2,2 |
3,8 |
4,0 |
|
Fe2О3-ке санағандағы Fe, көп емес |
0,0015 |
0,015 |
0,2 |
0,03 |
0,03 |
0,04 |
|
Темір,алюминий,марганец тотықтары, көп емес |
мөлшерлен- бейді |
0,05 |
- |
- |
- |
- |
|
Кремний қышқылы (SiО2) көп емес |
0,08 |
0,5 |
- |
- |
- |
- |
|
Na2SО4,көп емес |
0,03 |
- |
- |
- |
- |
- |
|
Са-ге санағандағы Са2++ Мg2+,көп
емес |
0,003 |
- |
- |
- |
- |
- |
|
NaClО3,көп емес |
0,01 |
- |
- |
0,2 |
0,3 |
- |
|
Рb санағандағы H2S-ң ауыр метал-ң
тобы, көп емес |
0,03 |
- |
- |
- |
- |
- |
|
Аl2О3-ке санағандағы Аl, көп емес |
0,01 |
- |
- |
- |
- |
- |
|
Нg, көп емес |
0,0005 |
- |
- |
- |
- |
- |
|
Сu, көп емес |
- |
0,06 |
- |
- |
- |
- |
7.Өнім мен шикізаттың
физика-химиялық қасиеттері.
Натрий жерде ең көп таралған
элементтердің қатарына жата-ды: жер қыртысында 2,6 пайыз
шамасындай болады. Натрий түрлі минералдардың және силикатты
тау жыныстарының құрамына кіреді. Натрий хлориді теңіз
суында болумен қатар, жер шарының көп жерлерінде тас
тұзының тұтас кендерін түзеді. Натрий тех-никада
балқытылған, гидрототықтарды электролиздеу жолымен алынады.
Натрий бос күйінде
97,7оС-та балқитын, сыбағалы салмағы 0,97,
күмістей ақ металл. Натрий содай жұмсақ, пышақпен
оңай кесіледі. Ауада оңай тотығатын болғандықтан
оны банкеде мұнай немесе керосиннің қабатының астында
сақтайды.
Металл натрий көп
жерде қолданылады. Ол натрий асқын тотығын, натридің
цианидін өндіруде негізгі металл болып есептелінеді, ал сонымен бірге
органикалық қосылыстарды синдездеуде де қолданылады.
Лабораторияларда натриді әртүрлі органикалық ерітінділерден
ылғалды соңғы қалдығын алу үшін жиі
пайдаланады. Натрий азғана мөлшерде подшипниктер жасалатын кейбір
құймалардың құрамында болады. Ол сынаппен
қатты құйма- натридің амальгамасын түзеді, оны
кей уақытта таза металдың орнына тотықсыздандырғыш
есебінде қолданады.
Натрий оттегімен екі
түрлі қосылыс түзеді: натрий тотығы Na2О
және натридің асқын тотығы Na2О2.
Натрий тотығы Na2О
180оС-қа дейін қыздырылған натридің
үстінен бір қалыпты мөлшерде оттегін жіберу арқылы
немесе натридің асқын тотығын металл натримен қыздыру
арқылы алуға болады:
Na2О2 + 2Na = 2Na2О
Натридің тотығы сумен қуатты
түрде әрекеттесіп натридің гидрототығын түзеді
және одан көп мөлшерде жылу бөлінеді:
Na2О
+ Н2О = 2NaОН
Натрий тотығының гидрототығы
NaОН 322оС-та балқыйтын, қатты ақ түсті,
өте ылғал тартқыш зат. Ткандарды, теріні, қағазды
және басқа органикалық заттарды күшті күйдіретін
болғандықтан оны күйдіргіш натр («натр» тотығының
ертедегі аты) деп те атайды.
Әртүрлі гидраттарды түзілу
әсерінен күйдіргіш натр суда көп жылу бөліп ериді.
Күйдіргіш натр жақсы
тығындалған ыдыстарда сақталу керек, себебі ол ауадан
көмір қышқыл газын оңай сіңіріп, біртіндеп натрий
карбонатына айналады.
Қазіргі уақытта күйдіргіш натрды
алатын негізгі тәсіл ас тұзының судағы ерітіндісін
электролиздеу. Токті өткізгенде катодта сутегінің иондары зарядынан
айрылады және гидроксил иондары бірте-бірте жыйнала береді, соның
әсерінен күйдіргіш натр пайда болады; анодта хлор бөлінеді.
Электролиз продуктілерін аралас-тырмау өте маңызды, араласқан
жағдайда күйдіргіш натр хлормен әрекеттесіп NaCl және NaClО
түзеді.
Cl2
+ 2NaОН = NaCl + NaClО + Н2О
Хлорлы күйдіргіш
натр ерітіндісіне өткізбеудің бірнеше тәсіл-дері бар.
Басқалардан көрі техникада диафрагма тәсілін қолданады,
онда анод және катод кеңістігі бір біріне кеуек цементтен немесе
асбестьдан жасалған кедергімен бөлінген (1-сурет). Анод графит
таяқша А, катод-темір тор К. Электролиз процесінде NaCl ерітіндісі
үздіксіз анод кеңістігіне құйылады, ал катод
кеңістігінен NaCl және NaОН
қоспалары бар ерітінді ағып сыртқа шығады.
Оны буландырғанда әуелі NaCl кристалданады жә-
не ыдыста таза сілті ерітіндісі ғана қалады. Таза сіл-
ті ерітіндісін NaCl мен бірге құйып алады да, бар-
лық су түгел шығып кеткенше буландырады. Алын-
ған күйдіргіш натриді балқытып, қалыпқа
құяды.
Күйдіргіш натрды
алғанда қосымша өнім ре-
тінде хлор және сутегі шығады.
Күйдіргіш натрды
электролиттік тәсілмен алу-
дан басқа оны соданың ертіндісін сөндірген әкпен
қайнату арқылы алу әдісі де қолданылады. Бұл
әдіс
өте ертеден келе жатқан, кең қолданылатын
әдіс:
Na2СО3
+ Са(ОН)2 = СаСО3 + 2NaОН
Реакция бітісімен-ақ карбонат
кальцидің тұнбасынан ертіндіні құйып алады да, суды
буландырып, пайда болған күйдіргіш натрды балқытады.
Күйдіргіш натр негізгі химиялық
өндірістің өте маңызды өнім-дерінің бірі
болады. Дүние жүзінде жылына 1млн. тонна артық
күйдіргіш натр өндіріледі. Ол каустикалық сода деген атпен
саты-луға шығарылады.
Оның көп мөлшерін мұнай өндірісі, мұдайдан
шығаратын өнімдерді тазарту үшін, одан соң сабын
шағаратын өндіріс, қағаз, тоқыма, жасанды жібек
өндірісі және басқа бір қатар өндірістер
қолданады.
Натрий тұздары. Натрий белгілі
қышқылдардың бәрімен де тұздар түзеді.Өте
маңызды натрий тұздары және олардың қолда-нылуы
тиісті қышқылдарда сипатталғандықтан, біз мұнда
оларды тек қана еске түсіреміз:
NaCl- натрий хлориді, немесе
ас тұзы.
Na2S-
натрий сульфиді.
Na2SO4·10H2O-онсулы
натрий сульфаты, немесе глаубер тұзы
NaNO3- натрий нитраты, немесе чилий селитрасы
Na2CO3·10H2O- натрий корбонаты, немесе сода
Na2SiO3- натрий силикаты, ерігішшыны
Na2B4O7·10H2O- натрий бораты немесе бура
Na2S2O3-
натрий тиосульфаты
Na2SO3·7H2O-
натрий сульфиті
Натридің толып жатқан тұздары
недәуір кристалдандырушы суы бар кристалгидраттар түзеді. Натрий
тұздарыны бәрі де бунзен горелкасының жалының сары
түске бояйды. Бұл реакция өте сезім-тал
болғандықтан зерттелетін затта натридің болымсыз
мөлшерінің бар екендігін ашуға мүмкіншілік береді.
Натрий хлориді немесе ас тұзы NaCl
біздің күнделікті тұрмысымызда үлкен маңызы бар.
Біріншіден тұз тамаққа қосуға өте
қажетті зат. Одан кейін тұз толып жатқан тамақ
өнімдерін, мысалы: ет, тоңмай, май, балық және
басқа да азықтарды бұзылу-дан сақтауда өте маңызды
құрал болып есептеледі. Ас тұзы хлор-ды, тұз
қышқылын, күйдіргіш натрий және соданы өндіру
үшін шикізат болып есептеліп, бояу жасау жұмысында, сабын
қайнату және толып жатқан өндірістерде
қолданылады.
Натрий карбонаты, яғни сода Na2CO3
химиялық негізгі өнер-кәсіптің басты
өнімдерінің бірі болып саналады. Сода көп мөлшер-де
шыны, сабын, целлюлоза-қағаз, тоқыма, мұнай тағы
басқа өнді-рістерде, және де натридың басқа
тұздарын алу үшін жұмса
лады. Соданың үй жабдығына қолданылуы жалпыға
мәлім.
ХVІІІ ғ. Аяғына дейін
өнеркәсіпте қолданылған сода ылғи табиғат
қорларынан алынады: ондай қорлар, Египетте және басқа
жерлерде кездесетін натрий карбонатының табиғат қоры,
теңіз бал-дырларының және сортаң жерге шығатын
өсімдіктердің күлі және содалы көлдер болады.
Францияда сілтілер жетпегендіктен 1775 жылы француз ғылым академиясы ас
тұзынан сода алудың ең жақ-сы әдісін табуға
бәйгі жариялады. Дегенмен, бұл мәселенің түскен
француз дәрігері Николай Леблан сода алудың экономикалық пай-далы
әдісін жасап шығарғанша 16 жыл өтіп кетті, және
сода алудың бұл әдісі өндіріс көлемінде тек 1791
жылы іске асырылды. Содан бастап соданы жасанды жолмен алу басталды.
Леблан әдісі негізінде мына процестерге
негізделеді. Әуелі ас тұзы күкірт
қышқылының әрекетімен натрий сульфатына айналды-рады:
2NaCl + H2SO4
= 2HCl + Na2SO4
Натрий сульфатын әк
тасымен және көмірмен араластырады да қыздырып қуырады.
Көмір сульфатты натрий сульфидіне тотық-сыздандырады:
Na2SO4
+ 2C = Na2S + 2CO2
Натрий сульфиді әк тасымен реакцияласады да
кальций сульфидін CaS және сода Na2CO3 түзеді:
Na2S + CaCO3 =
Na2CO3 + CaS
Na2CO3,CaS және
артық мөлшерде алынған көмірден және әк
тастан қуырылып шыққан қоспаға, натрий карбонатын
еріту үшін су қосады. Артық мөлшерде әк
тастың болуы кальций сульфидінің гидролизденуіне және
оның еритін қышқыл тұзға Ca(HS)2 айналуына бөгет болады, соныменен,
қоспадан натрий карбонатын толық айырып алуға мүмкіндік
туғызады. Карбонаттың ерітіндісін
кристалдана басталғанынша суалтып қойылады. Төмен
температу-рада ауада оңай бұзылатын декагидрат Na2CO3·10H2O
кристалдары түзіледі, жоғарырақ температурада моногидрат Na2CO3·H2O
крис-талданып шығады.
Леблан әдісі бойынша
сода өндіргенде қосалқы өнімдер ретінде шығатын
заттар: а) хлорлы сутегі; хлорлы сутегі алғашқы кезде ауаға
босқа жіберілетін еді, енді тұз қышқылын алу үшін
пайдаланылады; б) кальций сульфиді, кальций сульфидінде недәуір
қымбат күкірт қышқылынан ауысқан күкірт
болады, сульфидтің өз басының қолданылу орны шамалы.
ХІХ ғ. 60-жылдарында
инженер Сольвей соданы ас тұзынан аммиакті әдіспен алатын
жаңа жол ұсынды.
Сольвей әдісі су
ертіндідегі ас тұзы мен аммоний гидрокар-бонатының арасындағы
реакциядан натрий гидрокарбонатының түзілуіне негізделген.
Бұл реакция
техникада іске былай асырылады: ас тұзының концентрацияланған
ерітіндісін суытылған күйінде аммиакпен қанықтырады,
содан кейін оған қысу астында әк тасын өртеп
алған көмір қышқыл газ жібереді. Аммиак, көмір
қышқыл газ және су өзара әрекеттеседі де аммоний
гидрокарбонатын түзеді:
NH3 + CO2 + H2O
= NH4HCO3
Аммоний гидрокарбонаты ас
тұзымен ауысу реакциясына кірі-седі де аммоний хлоридін және натрий
гидрокарбонатын түзеді:
NH4HCO3
+ NaCl = NaHCO3↓ + NH4Cl
Бұл реакцияның
барысы мынадай жағдайларға байланысты: натрий гидрокарбонаты суық
суда қиын ериді, ол сондықтан тұнба болып бөлініп
шығады, содан соң оны сүзіп алуға болады.
Натрий
гидрокарбонаты қуырғанда нормаль тұзға, суға
және өндіріске қайта жіберілетін, көмір
қышқыл газға айрылады:
2NaHCO3
= Na2CO3 + CO2 + H2O
Аммоний хлориды бар
ерітіндіден оған әк қосып қыздырып қайтадан
аммиак шығарады. Сонымен соданы Сольвей әдісімен өн-діргенде
қалатын жалғыз ғана қалдық СаСl2, ол
аммиакті бөліп шы-ғарған соң ертіндіде қалады
және оның қолданылатын орны да тіпті шамалы.
Сольвей әдісімен
алынған соданың кристалдық суы болмайды және
кальцилендірілген сода деп аталады.
Натрий гидрокарбонаты да
жарым-жартылап сатуға шығары-лады. Ол медицинада ("ішілетін
сода" деген атпен) және ашытқы-ның орнына ас пісіруде
қолданылады.
Осы уақытта
өндірісте Сольвей әдісі Леблен әдісіні орнын басты. Сольвей
әдісіні Леблан әдісінен артықшылығы, ол әдіс бо-йынша
отын аз кетеді.
1939 жылы дүние
жүзінде өндітілген сода 6 млн.т шамасында болды. 1941 жылға
қарсы КСРО өнімі жылына 0,5 млн.т астам бол-ды.
Кальций тотығы СаО-ақ түсті,
отқа өте берік зат, 3000о шама-сында электр пешінде
ғана балқиды. Техникада СаО көбінесе сөн-беген,
яғни өртелген әк деп аталады. Оның (СаО)
соңғы аты әк тас яғни бор түріндегі кальций
карбонатынан қыздырып, яғни өртеп алатындығын
көрсетеді.
СаСО3
↔ СО2 + СаО – 34,6 ккал.
Егер өртелген известке су құйса,
әуелі су әк
кесектерінің ке-уектеріне сіңеді, ал сонан соң жылу
бөлініп реакция жүреді, бұл жылудың мөлшері
судың жарым-жартысын буға айналдыратындай болады, ал әк
кесектері кальций тотығы гидратының борпылдақ массасына
айналып ыдырайды:
СаО
+ Н2О = Са(ОН)2 + 15 ккал.
Бұл операция известі "сөдіру" деп аталады, ал кальций
тотығының гидратынан құралған өнім
сөнген әк деп аталады.
Кальций тотығының гидраты Са(ОН)2-суда
қиын еритін, күшті негіз; 20 градуста 1л суда не бәрі 1,56 г
Са(ОН)2 ериді. Қаныққан ерітіндісі әк суы
деп аталады және реакциясы сілтілік болады. Әк су,
көмірқышқыл газ сіңіріп, ерімейтін кальций карбонаты
түзілген-діктен ашық ауада тез лайланады.
Сөнген әк құрылыс жұмысында
кең түрде қолданылады. Сөнген әктің
құммен және сумен араласқан қоспасы
"әк" деген атпен кірпіш қабырғалар салғанда
кірпіштерді біріктіру үшін және штукатуркалар есебінде
қолданылады. Әктің қатаю себебі оның ауадан
көмірқышқыл газ сіңіріп, содан кальций карбонаты
түзілуден:
Са(ОН)2
+ СО2 = СаСО3 + Н2О
Ауада көмір қышқыл газ аз
болғандықтан қатаю процесі өте жай жүреді
және су бөлініп шығатындықтан, жаңа
салынған үйлерде ұзақ уақыт дымқылдық
болады. Қатаю процесін тездету үшін, осы уақытта жаңа ғана
салынып біткен үйді көмір қышқыл газбен толтырады,
соның арқасында оны 2-3 жетінің ішінде кепті-руге болады.
Ас тұзынын соданы аммиакты әдіспен
алу үшін натрий хлоридінің тазаланған шоғырланған
ерітіндісін аммиакпен өңдейді. Сосын аммонизацияланған тұздықты
құрамында көміртегі қостоты-ғы бар газбен
карбонизациялайды. Осы процесс нәтижесінде аммо-ний хлоридінің
ерітіндісіне натрий бикарбонаты қоймалжың крис-талы пайда болады.
Сүзу арқылы қоймалжың затты шикі бикарбо-нат пен
өзекті ерітіндіге бөлнеді. Шикі бикарбонатты қыздыру
нә-тижесінде қақталған сода алады.
Құрамында көп мөлшерде ам-миагы бар өзекті
ерітіндіні әкті сөндіру арқылы алынатын сұйық
әкпен өңдеп дистилляциялайды (тазалайды). Бөлінген
аммиакты жаңа тұздықты қанықтыруға
жібереді. Бұл процеске қажетті әк пен көміртегі
қостотығын әктас немесе бордың ыдырауынан алады.
Аммиакты-содалық процестің негізгі
сатылары мен реакция-лары:
тұздықты әкті-содалық
әдіспен тазалау-
MgCl2 + Ca(OH)2 = CaCl2 + Mg(OH)2
CaCl2 + Na2CO3
= CaCO3 + 2NaCl
абсорбция-
NH3
+ H2O = NH4 + 35.2 кДж
2NH3
+ CO2 + H2O = (NH4)2CO3
+ 144.5 кДж
аммиакты-тұзды ерітіндіні карбонизациялау-
(NH4)2CO3
+ H2O + CO2 = 2NH4HCO3
NH4HCO3
+ NaCl = NaHCO3 + NH4Cl
бикарбонатты қақтау-
2NaHCO3
= Na2CO3 + H2O + CO2 – 125.6 кДж
аммиакты жаңғырту-
(NH4)2CO3
= 2NH3 + CO2 + H2O – 100.9 кДж
2NH4Cl
+ Ca(OH)2 = 2NH3 + 2H2O
+ CaCl2
әк сүті мен көміртегі
қостотығын алу
CaCO3
= CaO + CO2 – 178
кДж
CaO
+ H2O = Ca(OH)2 + 65.5 кДж
Негізінде
қақталған соданы жоғарыда келтірілген аммиактық
әдістен басқа табиғи содадан, нефелиннен және натрий
гидрокар-бонатын карбонизациялап та алуға болады. Алайда қазіргі
кезде көпшілік сода өндірістерінде аммиактық әдіс
қолданылады. Оған себеп-аммиактық әдістің
басқа әдістерге қарағандағы төмендегідей
артықшылықтары:
-
өндіріске
қажетті шикізаттар – ас тұзы мен кальций карбо-наты табиғатта
көп тараған, қымбат емес және оңай
өндірілетін заттар;
-
аммиактық
әдіс бойынша орын алатын әрекеттесу процес-тері атмосфералық
қысым мен төменгі (100оС дейін) температураларда
жүргізіледі;
-
технологиялық
процесс жоғарғы дәрежеде зерттелген, жөн-ге
салынған және орнықтырылған;
-
өнімнің
сапасы жоғары;
-
өнімнің
өзіндік құны салыстырмалы төмен.
Қақталған сода Na2CO3
– ақ түсті майда кристалды ұнтақ тү-ріндегі зат,
суда жақсы ериді. Ылғал сіңірімділік қасиеті
жоғары. Ол каустикалық сода өндірісінде, сабын, шыны,
текстиль, целлю-лоза, қағаз, лак және бояу, металлургия, тері
өңдеу және де басқа өндіріс салаларында, үй
шаруашылығында қолданылады.
Өнімділік қақталған сода
үш маркалы түрде шығарылады: техникалық,
фотографиялық, оптикалық. Техникалық, фотография-лық
түрлерінде негізгі зат Na2CO3 құрамы
95% -тен кем болмауы керек, ал оптикалық түрінде 96% Na2CO3
болуы керек.
Өнімнің алыну технологиясы.
Каустикалық соданы өндірісте 3
түрлі әдіспен алады. Олар: әкті, ферритті,
электрохимиялық.
Натрий сілтісін әкті
әдіспен өндіргенде әдетте натрий бикарбонаты суспензиясын
декарбонизациялау арқылы алынатын ерітіндіні әкпен немесе әк
сүтімен өңдейді.
Натрий карбонаты кальций
гидрототығымен әрекеттескенде натрий гидрототығы мен
көмірқышқыл кальций пайда болады:
Na2CO3 + Ca(OH)2 = 2NaOH + CaCO3↓
Бұл кезде пайда болған натрий
гидроксиді тұнбадан бөлініп алып, буландырылады. Бұл
үрдіс қайтымды тепе-теңдік шарттары кальций гидрототығы
мен карбонатының ерігіштіктің арақатына-сымен
анықталады. Каустификациялау дәрежесі берілген ерітінді-дегі соданың
шоғырлануы азайған сайын және температурасы тө-мендеген
сайын көтеріле береді. Алайда іс жүзінде үрдісті
реагенттердің әрекеттесу жылдамдығын арттыру үшін
және кальций карбонатының ірі кристалды тұнбасын алу
үшін 800-1100оС арасында жүреді. Әдетте натрий
карбонатын натрий гидроксидіне айналуы 90-95%-ға жетеді және
құрамында 100-120г/дм3 натрий гидроксиді бар сілтілік
ерітінді алады.
Әкті әдістің негізгі сатылары:
1.Сода ерітіндісін декарбонатор сұйығынан жуатын сулардан
және буландыру тұзының ерітіндісінен дайындайдау.
2.Сода ерітіндісін әкпен сөндіргіш-каустификаторда өндеу
және каустификаторда суспензияны ары қарай араластыру.
3.Тұнбалықты бөліп алу.
4.Декарбонатор ерітіндінің бір бөлігін бөліп
алынған тұнбалықпен өңдеу.
5.Тұнбалықты жуу.
6.Вакуум-буландырғыш аппараттарда натрий гидроксиді ерітіндісін
кептіру.
7.Сусыздандырылған сілтілікті сүзу.
8.Сілті еріткіш 610г/дм3 –қа дейін шоғырландыру
үшін буландыры-лады.
9.Сілтілікті одан әрі буландыру.
10.Ең соңғы буландыру және каустикалық соданы
балқыту.
11.Балқытылған натрий сілтісін барабандарға
құю.
Әкті әдіспен
күйдіргіш натр алу натрий карбонатын әкпен немесе әк
сүтімен каустификациялауға негізделген:
Na2CO3(ер)+Ca(OH)2(қ)=2NaOH(ер)+CaCO3(қ)+0.84кДж (1)
Каустификацияға
әк сүтінің орнына әкті беруі СаО-ң жылу
сөндіруге қолдануға мүмкіндік береді. Одан басқа,
әк сүтінен суды шығарудан концентрленген күйдіргіш натр
түзіледі.
Процестің басында 1
реакцияның бағыты оңға қарай жылжы-тылған,
себебі СаСО3 ерігіштігі Са(ОН)2 ерігіштігіне
қарағанда төмен. Мысалы, 100оС Са(ОН)2
ерігіштігінде суда 0,7 құрайды, ал СаСО3 ерігіштігі 100
г ерітіндіде 0,002 г.
Каустификация
процесінің басында ерітіндіде СО32- ионы
үлкен көлемде болады жән олар СаСО3-ң одан
да аз ерігіштігін төмендетеді. Ерітіндінің каустификациясында ОН-
иондары жина-лады және СО32- ионының сандары
кемиді, сол себептен СаСО3 ері-гіштігі көбейеді, ал Са(ОН)2
ерігіштігі төмендейді. Тұздардың бір-дей ерігіштігінде
теңдік орналады. 1 реакция теңдігінің константа-сы келесідей
қатынаста болады:
[ NaOH]2 [ OH-]2
К= ─────── = ────── (2)
[ Na2CO3] [ CO32-]
CaCO3
және Са(ОН)2-ң
әртүрлі дәрежедегі ерігіштігінде температураға
байланысты, сондықтан, константа теңдігі де темпе-ратураға
байланысты. Бірақ бұл байланыс есептелінбейді. Каусти-фикация
процесінің маңызды бөлігі болып каустификацияның
тең-дік дәрежесі саналады, ол мына қатынаспен
өрнектелген:
[ОН-]
η =
──────── · 100,% (3)
[ОН-]+[СО32-]
Концентрация иондары [ОН-]
константа теңдігі К және кон-центрация иондарымен [СО32-]
өрнектеу арқылы келесіні алады:
√ К[СО32-]
η =
────────────
· 100,% (4)
√К[СО32-][СО32+]
4 теңдіктен шығатыны,
каустификациялық тепе-теңдік дәре-жесі (соданың
күйдіргіш натрға өткендегі дәрежесі) басқа да
тең шарттарда төмендейді, егер соданың құрамы
бастапқы ерітіндіде үлкейетін болса. Ерітіндідегі сода
құрамы 23,2% (масс.) көп болса, төмендегі фазада
пирсонит Na2CO3 · СаCO3 · 2Н2О
пайда болады. Ол соданың шығының өсуіне мүмкіндік
береді. Керісінше, бастап-қы ерітіндідегі сода концентрациясы
төмендегенде каустификация дәрежесі көбейеді. Сонымен бірге
судың (1 кг қатты NаОН-қа) үлестік құрамы
каустифицирленген сода ерітіндісінде көбейеді.
Судың үлестік
құрамының өсуі каустикалық сода
өнімінің шығынының үлкеюіне әкеп
соқтырады. 1-реакциядағы аз мөлшер-дегі жылу эффектісі
көрсетілгендей, каустификацияның тепе-теңдік дәрежесіне
температураның әсері аз. Тәжірибелік каустификация
тепе-теңдік дәрежесі төменде көрсетілген, олар бастапқы
сода ері-тіндінің тұрақты концетрацияда және
түрлі температураларда алынған:
Температура, оС 80 90 100
Каустификация
дәрежесі 97,1 96,8
96,9
Тепе-теңдікке жету
жылдамдығы температураға байланысты. Сондықтан, басқа
да тепе-теңдік шарттарында каустификациялау дәрежесі 80оС
температурада 12 сағатта жетеді, ал 100оС темпер-атурада 3
сағатта жетеді. Сондықтан, NаОН-ң тепе-теңдік
шығымы-на температура әсер етпегенмен, каустификациялау процесін
98-100оС аралығында жүргізеді, бұл процестің
ағу жылдамдығын жоғарылатады. Одан басқа,
температураның жоғарылауы ірі кристалды тұнба СаСО3
түзілуіне мүмкіндік береді.
SiО2 әкте
кездесуі әдетте соданың қосымша шығымына әкеледі:
SiO2 + Na2CO3
= Na2SiO3 + CO2 (5)
Егер SiО2 дикальций силикат
түрінде кездессе, онда бұл жағдайда:
2CaO·SiO2+2Na2CO3+H2O=2CaCO3+Na2SiO3+2NaOH (6)
Қосымша сода
шығындалады. Әкте темір тотығы мен алюминий
тотығының кездесуі каустификациялау дәрежесінің
тепе-теңдігіде әсерін тигізбейді.
Натрий гидроксиді немесе каустикалық соданы ферритті
әдіс арқылы алуға болады:
Na2CO3
+ Fe2O3 = Na2O∙Fe2O3
+ CO↑
Na2O∙Fe2O3
+ 2H2O =
2NaOH + Fe2O3∙H2O
Бұл әдіс арқылы да
натрий гидроксидін тұнбадан (Fe2O3∙H2O) бөліп алып, буландырып, кептіріп
және балқытып, өнім ретінде алады.
ТМД елдерінде, сонымен қатар
Қазақстанда каустикалық соданы ферриттік әдіспен алу
кеңінен қолданылады. Оған себеп- өндірістік
қалдықтарының болмауы, өнімнің
шоғырының жоғарылығы (370 г/л) , натрий гидроксиді
ерітіндісін буландыруға қажетті бу шығымының
төменділігі. 4.15-суретте ферриттік әдіспен NaОН алу
процесінің технологиялық үлгісі келтірілген. Сода бір рельсті
аспалы жол (1) арқылы (2) арнаулы вагонеткалармен келіп сода
сыйымдылығы (3)-ке беріледі. Одан соң ол арнаулы қондыр-ғылар
арқылы белгілі мөлшерде горизонтальды шнекпен (7) аралас-тырғышқа
беріледі. Бұл жерге (6) элеватордан шайылып тазаланған темір
тотығы да беріледі. Горизонтальді шнекке электрофильтр-лерден келетін
сода ұнтағы да (4) элеватор (5) сыйымдылық арқылы беріледі.
Темір тотығы (17) сілтілегіштен ленталы тасымал-дағыш (18)
арқылы беріледі. Араластырғыш (7) сода темір тоты-ғымен
мұқият араластырылады. Пайда болған бір текті қоспа (8)
тасымалдағышпен, (9) дозалағышпен, (10) элеватор арқылы
феррит пеші (ІІ)-ге беріледі. Бұл пеш айналмалы. Онда қатты
қоспа табиғи газ немесе мазут жағу нәтижесінде
алынған жоғарғы темпера-туралы ыстық газбен
қарама-қарсы бағытта қозғалады. Пеште температура
(1050-1100оС) дейін көтеріліп онда феррит Na2O∙Fe2O3
түзіледі.
Жоғарғы температурадағы феррит
пештің ыстық газ алынатын аймағында орналасқан тесіктер
арқылы феррит пешінен шығары-лады да (16) элеватордың
төменгі жағында орналасқан феррит сөндіргішке
жіберіледі. Бұл жерге NaOH-тың шоғыры төмен ері-тіндісі
беріледі. Осының нәтижесінде феррит салқындатылумен қатар
біраз мөлшерде ыдырайды да (16) элеватор қалақшалары
суытылған ферритті аспалы жолдағы (19) вагонеткаларға
жеткізеді. Вагонетка (19) бір рельсті (20) аспалы жолмен ферритті (17) сілті-легішке
жібереді.
Бұл жерде феррит сумен ыдыратылып каустикалық
сода ерітіндісі және шайылған темір тотығы алынады.
Каустикалық сода ерітіндісі
тұнырғыштарға, одан әрі буландыруға жіберіледі,
ал темір тотығы қайта айналымға жіберіледі.
4.15-сурет.Каустикалық
соданы ферритті әдіспен өндіру процесінің технологиялық
үлгісі.
1) рельсті жол
2) сода тасымалдауға арналған вагонетка
3) сода қабылданатын сыйымдылық
4) элеватор
5) сода шаңына арналған сыйымдылық
6) қоспа элываторы
7) қоспа араластырғышы
8) тасымалдағыш
9) қоспа дозалағышы
10) қоспа элеваторы
11) феррит пеші
12) шаң камераларына апаратын
13) мазут қыздырғышы
14) сөндіргіштен буды әкететін желдеткіш
15) рекуператор
16) феррит сөндіргіштік элеватор
17) сілтілегіштер
18) шайылған темір тотығын тасымалдағыш
Феррит пешінен
шыққан газдар (420-450оС) (12) газ жолымен
әкетіледі. Онда 20%-ға дейін сода шаңы болады. Олар алдымен
шаң ұстағыштарда, одан соң электрофильтрлерде содадан тазаланып ауаға
шығарылып жіберіледі. Газдардан бөлініп алынған сода (7)
араластырғышқа жіберіледі.
Феррит пеші болаттан жасалған барабан
тәрізді аппарат. Барабанның ішкі
диаметрі-2м, ұзындығы-12,5-14м, қабырғасының
қалыңдығы-15мм. Қатты қоспа берілетін
жағындағы қабырға түбінің
қалыңдығы 25мм, онда диаметрі 650мм пайдаланылған газ-дар
шығатын тесіктер бар. Пештің ферритті түсіретін
жағындағы қабырға түбінде диаметрі-400мм
саңылаулары бар. Олар арқылы мазут форсункасы немесе газ
жанарғысы өткізілген. Пеш ішкі жағынан отқа
түсіру үшін пеш соңында радиус бойынша орналас-қан 8
өлшемі 150х400мм тесіктер бар. Олар арқылы пеш ішіне ауа да
беріледі. Феррит пешінің 14,2-17т/тәулік аралығында болады.
Феррит пешінің өнімділігін оның
көлемі бірлігіне қатысты меншікті өнімділік арқылы
есептеуге болады.
Натрий гидроксидін немесе каустикалық соданы
өндірудің 3-ші жолы - электрохимиялық әдіс.
Электрохимиялық әдіс негізінде ас тұзы ерітінділерін
электролиздеу арқылы жүргізеді. Бұл әдіс өте
көп шығынды, яғни энергиялық шығынды көп
жұмсауына байланысты әдіс көп қолданылмайды.Электрохимиялық
әдіс негізінде ас тұзы ерітіндісін электролиздеу процесі
қолданылады.
Электрохимиялық
процестер дегеніміз-электр энергиясын химиялық энергияға немесе
химиялық энергияны электр энергиясына айналдыру процесі.
Электрохимиялық процестің негізін Фарадей заңдары
құрайды.
Фарадейдың І
заңы. Электролиз кезінде бөлінетін заттың мөлшері
электролиттен өткен тоқ мөлшеріне тура пропорционал.
Фарадейдың ІІ
заңы. Әр түрлі электролиттер арқылы бірдей электр
тоғы өткенде электродта оның электрохимиялық эквива-ленті
пропорционал зат мөлшері бөлінеді. Электр мөлшері Кулон-мен
(тоқ күші 1А болғанда 1 сек. өткен электр
мөлшері) немесе Ампер сағатпен (1А·сағ = 3600 кл)
өлшенеді. 1 гр эквивалент затты алуға жұмсалатын электр
мөлшері тұрақты сан болып табылады.
Электролиз бұл - ерітіндіден
және электролит балқымалары арқылы электртоғы
өткен кезде электродтарда жүретін процесс.
Электролит бұл - ерігенде
немесе балқығанда ерітінді немесе балқымаға электр
тоғын өткізу қабілетін беретін заттар. Сонымен қатар
электролиттерді 2-ші текті өткізгіштер деп те атайды.
Жанама реакциялардың
жүруіне байланысты электролиз кезінде өндірілген заттың
мөлшері Фарадей заңы бойынша өндірі-летін мөлшерінен
әрқашан да үлкен болады. Қолдануға
ыңғайлы электролит NаСl сулы ерітіндісі болып саналады.
Электролиттер еріген кезде оң және теріс зарядталған
бөлшектерге-иондарға (анион, катион) ыдырап кетеді. Иондар
көмегімен электролиттер электролит еместерден ерекше қасиеттермен
ерекшеленеді. Ерітін-ділерде иондар өз алдына бөлек
кинетикалық бірлік болып ерітінді-дегі басқа иондардың
табиғатына тәуелсіз химиялық және электро-химиялық реакцияларға қатысады.
Электролиттерді 2 негізгі топқа бөледі:1) күшті
(иондарға толық диссоциацияланады) және 2) әлсіз.
Химиялық
өнімдерді электрохимиялық өндіру осы заманғы
химиялық өнеркәсіптің үлкен бөлігін
құрайды. Электрохимиялық өндіріс арасында бірінші
орында хлор мен сілтілерді электролиттік әдіспен алу тұрады.
Химиялық электролиз көне электрохимиялық өндіріс
қатарына жатады. Оның алды өткен ғасырдың 80-ші
жыл-дарына жатады. Қазіргі заманда электролиздің 2 әдісі
қолданы-лады: Қатты катод пен сынаптық катод
(диафрагмалық әдіс). Сы-напты катод қолдануда натрий иондары
түзіледі. Соңынан амоль-гамма түзіледі. Оны электролизерден
суда ыдырату арқылы шыға-рады. Сутегі мен сілті алынады және
қайтадан электролизерге қайтарылады. Қатты катод ретінде
белгілі маркалы катодтар қолда-нылады. Бұл жағдайда сутегі
бөлінеді. Ал электролит сілтімен реак-цияға түседі. Диафрагма
анодтан бөлінеді. Диафрагма анодтан бөлінетін сілті ерітіндісімен
әрекеттеспеуін қамтамассыз етеді. 2 типті электролизердің
анодында хлор бөлінеді. Сонымен қатар гид-роксил иондары мен су
молекулалары оттегі түзілуімен бөлінеді. Анод материалдары
жоғарғы химиялық тұрақтылыққа ие
болуы тиіс. Анодтар ретінде магнезит, марганец диоксиді, графит, көмір-тегі
қолданады. Пентаннан жасалған рутений мен титан оксид-терінің
қоспасы негізінде активті массамен қапталған анод қолда-нылады.
Бұл электролиттер оксидті рутений титандық анодтар (ОРТА) сутегі
мен оттегі өндірудегі су электролизі. Сонымен қатар ауыр су
өндірісі бұрыннан белгілі және электродтарда катодты сутегі
мен анодты оттегі заңдылықтарына негізделген.
Кіріспе.
ХІХ ғасырдың
басында каустикалық сода (NаОН) өндірісінің дамуы
кальцийнерленген сода өндірісінің дамуымен тығыз байла-нысты
болды. Бұған себеп химиялық әдіспен NаОН алу үшін
шикі-зат ретінде кальцийнерленген сода қолданған. Ол сода
ерітіндісі түрінде әк сүтімен каустифицирленген. 1882 жылы
өндірісте фер-ритті әдіспен NаОН алуды еңгізген және де
мұны кальцийнер-ленген сода өндірісінде де қолданылған.
Қазіргі таңда ферритті әдіс оның техникалық
қиындығы және көптеген еңбек қол
шығынын қажет етендіктен практика жүзінде қолданылмайды.
ХІХ ғасырдың
аяғында NaCl-дың сулы ерітіндісінің электро-лизімен NаОН
алудағы электрохимиялық тәсілдер жылдам дами бастады.
Электрохимиялық тәсілде NаОН-пен қатар хлорды алған.
Оны ауыр органикалық синтез өнеркәсібінде және
басқа да өнеркә-сіптерде кең көлемде қолданған.
1980 жылы күйдіргіш натр элек-тролиз тәсілімен шығатын
үлесі әлемдік өндірісте - 96,8%, ал химиялық
тәсілмен алынған күйдіргіш натр құрамы – 3,2 %
құра-ған.
Электрохимиялық тәсілмен
күйдіргіш натр және хлор өндіру-дің бірінші патентін
1879 жылы орыс ғалымдары Н. Глухов және Ф. Ващук алған, ал
1880 жылы осы әдісті өндіріске еңгізу мүмкін
болған.
1982 жылы күйдіргіш нартдың жалпы
шығарылымы 2,757 млн. тонна болды.
Натрий гидроксиді немесе
каустикалық сода (NаОН)-ақ түсті ылғалданған зат.
Суда өте жақсы ериді, ол жасанды жібек, сабын, органикалық
бояу, қағаз, текстиль және т.б. өндірістерінде
көптеп қолданылады. өнім түрінде қатты және
сұйық түрінде шығарылады. Қатты түріндегі
натрий гидроксиді 2 маркалы: А және Б сәйкесін-ше химиялық
және диафрагмалық түрінде шығарылса, сұйық
күйінде 5 маркалы: А "сынаптық", Б
"диафрагмалық сапаланды-рылған", В
"диафрагмалық", Г және Д "химиялық".
Технологиялық сызбаның
материалдық
балансы.
2NаСl + 2Н2О→2NаОН+Сl2
+ Н2
М(NаОН)-40 г/моль
М(NаСl)-59 г/моль
М(Н2О)-18
г/моль
М(Сl2)-72
г/моль
М(Н2)-2 г/моль
100% NаОН – 850 т/тәулік
850т - 2·40 г/моль 850·59·2
х - 59 г/моль х = ───── = 1253,75 т
2·40
100% NаСl – 1253,75 т
297 · 1253,75=372363,75 л
850т -
80г/моль
850·36
х -
36г/моль х (Н2О)
= ───── = 382,5 т
80
850т - 80
г/моль 850·72
х - 72
г/моль х (Сl2) =
────── = 765 т
80
850 т - 80
г/моль
850·2
х - 2
г/моль х (Н2) =
────── = 21,25 т
80
|
кіріс |
тонна |
шығыс |
тонна |
|
NаСl |
1253,75 |
NаОН |
850 |
|
Н2О |
382,5 |
Сl2 |
765 |
|
|
|
Н2 |
21,25 |
|
барлығы |
1636,25 |
|
1636,25 |
.Технологиялық сызбаның жылу
балансы.
2NаСl + 2Н2О→2NаОН+Сl2
+ Н2
100% NаОН – 850 т/тәулік
850т - 2·40 г/моль 850·59·2
х - 59
г/моль х = ───── = 1253,75 т
2·40
100% NаСl – 1253,75 т
297 · 1253,75=372363,75 л
850т -
80г/моль 850·36
х
- 36л/моль х (Н2О) =
───── = 382,5 л
80
850т - 80
г/моль 850·22,4
х - 22,4
л/моль х (Сl2) =
────── = 238 л
80
850 т - 80
г/моль
850·22,4
х - 22,4
л/моль х (Н2) =
────── = 238 л
80
|
кіріс |
литр |
шығыс |
литр |
|
рассол |
372363,75 |
NаОН |
372270,25 |
|
Н2О |
382,5 |
Сl2 |
238 |
|
|
|
Н2 |
238 |
|
барлығы |
372746,25 |
|
372746,25 |
Q1 + Q2
= Q3 + Q4
Q1=(t·C·m)NаСl + (t·C·m)Н2О = (80 · 4,077·372363,75)+(80
·4,19·382,5) =
= 121578374,7 кДж
Q2 = 3120кВт ·с = 11232000 кДж
Q3 = (t·C·m)NаОН + (t·C·m)Cl2+ (t·C·m)Н2
= (90·1,61·372270,25) + (90·36,4·238)+(90·29,3·238) = 55349253,2 кДж
Q4 = 77461121,5 кДж
121578374,7+11232000 = 132810374,4 кДж
55349253,2 + 77461121,5 = 132810374,4 кДж
132810374,4 кДж = 132810374,4 кДж
Белгілер
мен қысқартулар.
ТХ - твердый химический
РР – раствор ртутный
РХ – растворы химические
РД – растворы
диафрагменные
-
-
мөлшерленбейді
кДж – килоДжоуль
ер. – ерітінді
қ. – қатты
К – константа теңдігі
масс. – массалық шығын
М – мольдік масса
кВт · с – килоВатт сағатына
т/тәулік – тонна тәулігіне
t – температура, оС
m – масса, т
C – жылу сыйымдылығы, кДж/(кмоль·К)
Q1 – араластырғыштан
сұйықпен келіп түсетін жылу, кДж
Q2–каустикалық
соданың жылу шығыны, кДж
Q3–араластырғыштағы
сұйықтағы тұнбамен, газбен бірге, кДж
Q4–каустикалық
соданы алу үшін электролизерге қажетті жы-лу, кДж
1.Тұжырым.
Курстық жұмыста
электрохимиялық тәсілмен 1000т 85%
каустикалық сода өндірудің технологиялық
үлгісі келтірілген. Сонымен қатар өнімнің қолдану
аумағы және мәні, физика-химия-лық қасиеттері
жазылған. Және де өнімнің алыну технологиясы, алыну
технологиясына сипаттама, үрдістің технологиялық үлгісі
көрсетілген. Технологиялық сызбаның материалдық
және жылу баланстары есептеу арқылы көрсетілген. Оптималды
параметрлер – қысым, температура, концентрация анықталды.
Жұмысты орын-дауда тапсырмада көрсетілмеген барлық
қажетті мәліметтерді тәжірибеден және
әдебиеттерден алынды. Мәліметтерде соңғы жетістіктер
ескеріліп, есептеудің жаңа тәсілі пайдаланылған.
Келтірілген есептеулер технологиялық процестердің
физика-химиялық мәніне негізделіп өнім шығымын, өндірістік
тәртіпті тиімдендіру, технологиялық
құрылғылардың қажетті саны мен өл-шемдерін,
өндірістік шығындар мөлшерін және тағы
басқа технологиялық көрсеткіштерді анықтауға
мүмкіндік береді.
15.Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Бестереков Ү.Б., Молдабеков Ш.М.,
Жантасов Қ.Т.және т.б. Сода және азотты қосылыстар
өндірістерінің технологиялық негіздері мен есептеулері.
–Алматы, 2000. 242 б.
2. Крашенинников С.А.. Технология соды.
–М.,Химия, 1988. 304 с.
3. Зайцев И.О., Ткач Г.А., Стоев Н.О.
Производство соды. –М., Химия, 1986. 312 с.
4. Шокин И.Е., Крашенинников С.А.
Технология соды. –М., Химия, 1975. 289 с.
5. Зеликин М.Б. Производство каустической
соды химичес-кими способами. М., Госхимиздат, 1961. 231с.
6. Соколов Р.С. Химическая технология. І
том. –М.,Владос, 2000. 337 с.
7. Павлов К.Ф., Романков П.Г., Носков А.А.
Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологии. –Л.,
Химия, 1987. 552с.
8. Глинка Н.Л. Жалпы химия. –Алматы, 1950.
222б.
9. Микулин Г.И., Поляков Н.К. Дистилляция
в производстве соды. М.-Л.:Госхимиздат, 1956. 348с.
10. Прикладная электрохимия. Под редакцией
А.П.Томилова, М.: Химия, 1985.550с.
3. Нормативтік белгілер.
Күйдіргіш натрды қатты және
сұйық түрде шығарады. Қатты күйдіргіш
натрды келесідей маркаларда шығарады: ТХ-1 қатты,
балқытылған және ТХ-2 қатты, чешуирленген. Бұл
марканың сапасы МЕСТ 2263-79 болып регламенттенеді, бұлардың
негізгі қажеттілігі төменде көрсетілген:
Құрамы,
% ТХ-1 ТХ-2
NаОН, кем емес 97,0 96,0
Қоспалар (100%-қ өнімде
санағанда ), көп
емес:
Nа2СО3
1,5 1,9
NаСl
0,7 0,9
Fе2О3 0,01 0,02
SiО2 0,5 0,5
Nа2SО4
0,6 0,9
МЕСТ 2263-79 бекітілген сұйық
каустикалық содадағы негізгі және қоспалардың
құрамы кестеде көрсетілген:
|
Көрсеткіш |
РР |
РХ-1 |
РХ-2 |
РДУ |
РД-1 |
РД-2 |
|
Түрі мен түсі |
Түссіз,мөлдір сұйық зат |
Күлгіннен көк түске дейінгі түссіз мөлдір
сұйық зат. Тұнба түзілуі мүмкін |
||||
|
Құрамы,% (масс.): негізгі NаОН заты, кем емес |
42 |
45 |
43 |
50 |
44 |
42 |
|
Nа2СО3, көп емес |
0,6 |
1,2 |
2,0 |
1,0 |
1,2 |
2,0 |
|
NaCl, көп емес |
0,05 |
1,0 |
1,5 |
2,2 |
3,8 |
4,0 |
|
Fe2О3-ке санағандағы Fe, көп емес |
0,0015 |
0,015 |
0,2 |
0,03 |
0,03 |
0,04 |
|
Темір,алюминий,марганец тотықтары, көп емес |
мөлшерлен- бейді |
0,05 |
- |
- |
- |
- |
|
Кремний қышқылы (SiО2) көп емес |
0,08 |
0,5 |
- |
- |
- |
- |
|
Na2SО4,көп емес |
0,03 |
- |
- |
- |
- |
- |
|
Са-ге санағандағы Са2++ Мg2+,көп
емес |
0,003 |
- |
- |
- |
- |
- |
|
NaClО3,көп емес |
0,01 |
- |
- |
0,2 |
0,3 |
- |
|
Рb санағандағы H2S-ң ауыр метал-ң
тобы, көп емес |
0,03 |
- |
- |
- |
- |
- |
|
Аl2О3-ке санағандағы Аl, көп емес |
0,01 |
- |
- |
- |
- |
- |
|
Нg, көп емес |
0,0005 |
- |
- |
- |
- |
- |
|
Сu, көп емес |
- |
0,06 |
- |
- |
- |
- |
Өнімнің алыну технологиясына сипаттама.
ХБ1-50 және ХБ1-75 биполярлық
электролизерлерде асбестік диафрагмалар және төзімді титандық
анодтар бар. Олар күшті хлорлы өндірістер шығару үшін
қажет. Биполярлық электролизер-лердің
артықшылығы-монополярлылармен салыстырғанда
қуатты-лығы жоғары, тоқты біркелкі
ұяшықтарға тарату және т.б.
Негізгі ХБ1-50 және ХБ1-75
биполярлық электролизерлерінің
жұмысының техника-экономикалық көрсеткіштері
келесіні құ-райды: тоқ 50 және 75
ұяшыққа кА, ұяшық саны-8 және 12, анодтық
тоқ тығыздығы 1580 және 1580 А/м2, тоқ
шығысы 96 және 96%, шығарылымы, хлор бойынша 12,7 және
27,39, сілті бойынша 13,76 және 30,96, сутегі бойынша 0,36 және
0,81, электр энер-гиясының меншікті шығымы (кВт · сағ), 1т
хлор үшін 2800 және 2800 және 1т NаОН 2480 және 2480.
Биполярлық электролизер таза өнім алуға мүмкіндік
береді: хлорлыгаз 97-99% (көлемі бойынша), 120-140 г/л концентрациялы
сілті. Биполярлық электролизердің жұмысына рассолдың
сапасы үлкен әсер етеді. Сондықтан оны тазалау кезінде
регламенттен бас тартуды болдырмау қажет.
Қорытынды.
Электрохимиялық тәсілмен
каустикалық сода өндірудің технологиясы келтірілді.
Бастапқыда берілген мәліметтер бойынша материалдық және
жылулық баланстары есептелінді. Жұмысты орындауда тапсырмада
көрсетілмеген барлық қажетті мәліметтерді
тәжірибеден және әдебиеттерден алынды. Мәліметтерде
соңғы жетістіктер ескеріліп, есептеудің жаңа
тәсілі пайдаланылған. Келті-рілген есептеулер технологиялық
процестердің физика-химиялық мәніне негізделіп өнім
шығымын, өндірістік тәртіпті тиімдендіру, технологиялық
құрылғылардың қажетті саны мен өлшемдерін,
өндірістік шығындар мөлшерін және тағы
басқа технологиялық көрсеткіштерді анықтауға
мүмкіндік береді.