Кіріспе

            Зертханалық жұмыстар бейорганикалық заттардың технологиясын іс-тәжірбие жүзінде  оқып үйренуді, берілген өнімді алу процесін  үйрену, сонымен қатар  оны өндірістегі алынған өнімен салыстыру.

            Ең негізгі мақсат химиялық технологияда зертханалық іс- тәжірбие болып табылатындықтан оның жүргізу бірінші этап болып табылады.

            Студент  өздігінен зертханалық жұмысты орындауға міндетті. Ол барлық химиялық және физико-химиялық әдістер пайдалану арқылы  технологиялық параметрлердің сақтауы қажет. Бұл студентті өздігінен кейбір мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

            Әдістемелік нұсқау  7  зертханалық жұмыстан тұрады. Олардың әрқайсысы  мақсат, тапсырма, қондырғы сипаттамасы, техникалық және инструменталдық құралдан, жалпы үрдістің  сипаттамасынан, қондырғы сипаттамасынан , лабораториялық жұмысты орындаудан және оны талдаудан, бақылау сұрағынан тұрады. Зертханалық жұмыс 2-3 адамнан бірігіп жасауға арналған. Жұмысты орындау алдында  студенттер алдымен нұсқау алуы қажет.  Жұмысты орындап болған соң  әр студент  оны қорғап өткізеді.  Студенттер кредит санына және сағат санына байланысты 4-6 жұмысты орындайды.

             Жұмыстың жазылғандығы өндірістік  режимдерге жақын.

             Әдістемелік нұсқау  химиялық заттардың технологиясы мамандығының стандартына сәйкес жасалынған.

 

№ 1 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

СОДА ЕРТІНДІСІН  КАУСТИФИКАЦИЯЛАУ  АРҚЫЛЫ КҮЙДІРГІШ НАТРИЙ АЛУ (3 сағат)

 

1 Жұмыс мақсаты – Сода ерітіндісін әкпен каустификациялауды үрлену.

2 Үрдіс сипаттамасы

Сода ерітіндісін каустификациялау – каустикалық соданы алудың әктік тәсілін негізгі операциясы.

Сода ерітіндісін әкпен немесе әк сутімен өндеу кезінде алмасу реакциясы жүреді де натрий гидрокарбонатының ерітіндісі пайда болады:

                   Na2CO3 + Ca(OH)2 Û 2NaOH + CaCO3                     (1)

 

Реакцияның тепе-теңдік константасы:

                           K =                                           (2)

Жүйеде қатты заттар бар кезінде Ca(OH)2, CaCO3 концентрациясын бір шамада тұрақты деуге болады, яғни:

K =

                        K¢ =                                                             (3)         

[OH-] және [CO32-] мәндерін тұздардың ерігіштік көбейтілерімен алмастыру арқылы тепе-теңдік константасының мәнін табуға болады:

                       ПР (Ca(OH)2) = [Ca2+]×[OH-]2                                  (4)

                       ПР (CaCO3) = [Ca2+]×[CO32-]                                    (5)

Теңдеулерді өзгерту арқылы

         K¢ =  =                                                     (6)

Бұл тепе-теңдіктің негізгі көрсеткіштері 1 кестеде келтірілген. Кестедегі сандарға қарағанда сода ерітіндісінің концентрациясы төмен кезінде каустификация дәрежесі өседі.

1-кесте

Жалпы концентрация (каустификацияға дейін),

Каустификациядан кейінгі концентрация,

K¢ =

Каустифика-ция дәрежесі, А %

OH-

CO32-

5,375

5,125

4,900

3,842

3,073

2,045

4,34

4,220

4,095

3,444

2,903

1,982

0,518

0,408

0,403

0,199

0,085

0,032

36,4

39,3

41,7

59,6

99,1

124,9

80,7

82,3

83,6

89,6

94,5

96,9

 

Температура көтерілгенде кальций гидроксидінің ерігіштігі азаяды, сондықтан тепе-теңдік константасының мәні төмендейді. Мысалы , СаСО3 гидролизы мен карбонатының ерігіштігі арқылы анықталғанда, 20°С кезінде К¢=2100, ал 90°С кезінде К‘= 90. Сондықтан каустификацияны толық жүргізу үшін температураны 15-20°С ұстауға болар еді. Бірақ, төмен температурада реакци жылдамдығы төмен және пайда болатын кальций карбонаты өте майда болғандықтан оны сүзу қиындыққа әкеледі.

Оңай сүзілетін тұнба алу үшін процессті жоғары температурада жүргізеді.

Практикада каустификацияны Na2CO3 2-3 н. ерітіндісімен (шамада 10-15% масс) 80°С кезінде жүргізеді. Соданың 90%-не дейінгісі NaOH айналады да, құрамында 100-120 г/л NaOH бар ерітінді алады.

Процесс жылдамдығы пайдаланған әк мөлшеріне және қасиетіне, түйіршіктер өлшеміне, әк тасын күйдіру режиміне, материалда қоспалардың болуына байланысты.

3 Қондырғы мен қажетті құрал жабдықтар

Каустификациялау қондырғысы

Титрлеуге қажетті бюретка

Аналитикалық және техникалық таразы

 Химиялық ыдыстар

4 Жұмысты орындау тәртібі

Лабораториялық қондырғы (сурет 1) құрамында сулы термостатқа батырылған каустицер (1). Реакция температураларын жылуреттегіш арқылы (термостатқа қосылған контактты термометр және латр арқылы) бақылайды. Каустицер диаметрі 5-6 см биіктігі 25-30 см шыны ыдыс (цилиндр). Цилиндрге термометр (3) және винтті араластырғышты (2) орнатады. Цилиндр қақпағындағы диаметірі 8-10 мм тесіктен ерітіндіден сынама алуға болады.

Тәжірбие жүргізу үшін тапсырма бойынша сода ерітіндісін (5-20%) даярлайды, концентрацияны химиялық талдайды. Каустификацияға керек әк мөлшерін реакция теңдеуі арқылы есептеледі. әкті стехиометриядан 5-10% артық алады. Әк құрамындағы активті СаО мөлшерін ескеру кежет.

Каустицерге берілген сода ерітіндісін құяды, араластырғышты, термостатты жылытқышты іске қосады. Температура берілген деңгейге жеткенде әкті аздап 4 (2-3 мин) кауститцерге салады. Реакция уқытын әкті сала бастағаннан белгілейді. Каустификацияны 1,5-2г жүргізеді, әрбір 15-20 мин аралығында сынама (проба) алады, оны сүзеді. Филтраттағы NaOH, Na2CO3 анықтайды. Тапсырмаға байланысты тәжрибені тұрақты концентрацияда, бірақ әртүрлі температурада немесе тұрақты температурада, бірақ соданың әртүрлі концентрациясында жүргізуге болады. Каустификацияланған ыстық ерітіндіні сүзеді, жуады (ыстық сумен), ылғал және құрғақ тұнбаны таразыда тартады, фильтраттың және жуу ерітіндісінің көлемін және массасын өлшейді. Химиялық анализді ГОСТ бойынша жүргізеді.

 

 

1-Сурет-Ерітіндіні каустификациялау қондырғысының үлгісі.

1-     каустицер; 2- винтті араластырғыш;

3- термометр; 4- сулы термостат.

 

5 Талдау әдістемесі

Ерітінді құрамы және оны талдау тәсілдері каустикалық соданы өндіру жолдарына байланысты. Химиялық жолмен өндірілетін ерітіндіні жалпы сілтілікке, яғни карбонаттық пен сілтілік (Na2CO3 + NaOH) қоспасын бірге, кейін NaOH жеке талдайды.

Жалпы сілтілікті метил-оранж индикаторы қатысында күшті қышқылмен титрлеу арқылы анықтайды. Сілтімен карбонатр бірге болған кезде анализді екі тәсілмен жүргізуге болады: екі индикатормен титрлеу және СО32- ионын барий хлоридымен тұнбаға түсіру.

Ерітіндінің бір сынамасын екі индикатормен титрлеу-финолфталин және метил-оранж индикаторларының әртүрлі рН мәндерінде түстерінің өзгеруіне байланысты.

    Жалпы сілтілікті анықтау

Ерітінді сынамасын тұз қышқылымен метил-оранж қатысуында титрлеу арқылы NaOH + Na2CO3 қосындысын анықтайды. Анализге сұйықтықтан 10 мл конустық колбаға (250 мл) алады, оған 50 мл су, 2-3 тамшы метил-оранж қосады. HCl- қышқылының 1 н. ерітіндісімен сарыдан жасыл-қызыл түске дейін титрлейді.

Титрлеуге кеткен HCl көлемі (а) жалпы сілтілікке сәйкес, яғни NaOH + Na2CO3 қосындысына сәйкес келеді.

Натрий гидроксидін анықтау.

Құрамында Na2CO3 + NaOH бар ерітіндіге BaCl2 ерітіндісін құйғанда СО32- ионы ерімейтін барий карбонаты түрінде тұнбаға түсіді:

    Ba2+ + CO32- ® BaCO3¯

Тұнбаланған ерітіндіні фенолфталин қатысуында HCl қышқылымен титрлеу арқылы бастапқы сынамадағы NaOH құрамын анықтауға болады.

Анализ жолы. Пипеткамен анализге сұйықтың 10 мл конустық колбаға (250 мл) құяды, 50 мл су және артығымен (30-40 мл) 10%-тік BaCl2 ерітіндісін қосады.

Барий карбонаты тұнбаға түскеннен кейін сынамаға 3-4 тамшы фенолфталин қосады да тез НCl қышқылының 1н. ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуді абайлап жүргізеді, ерітіндіні ұзақ уақыт арада қалдырмайды және қатты шайқамайды.

Себебі: 1) құрамында Ва2+ және ОН- иондары бар ерітінді ауадан СО2 газын сіңіруі мумкін, сондықтан анализ болмайды;

2) ВаСО3 тұз қышқылымен реакцияға түсуі мүмкін, бұл реакция титрлеуді басында көп әсерін тигізбейді;

3) титрлеу соңында СО2 газы бөлетін жағдайда (ВаСО3 + 2НCl ® ВаCl2 + СО2 + Н2О реакциясы) тұз қышқылы артық шығындалғандықтан NаОН анализі дұрыс болмайды.

Титлеуге кеткен НCl көлемі (в) натрий гидроксиді құрамына сәйкес болады.

                   CNaOH =

CNaOH – ерітіндіге NaOH, г/л;

0,04 – 1 мл 1н HСI қышқылына эквивалентті NаОН массасы.

Натрий карбонатын анықтау.

Сынамадағы натрий карбонатын анықталған жалпы сілтіліктен натрий гидроксидін алу арқылы табады (а-в мл/н НСI):

=

 

- ерітіндіге Nа2СО3, г/л;

0,053 – 1 мл 1н НСI қышқылына эквивалентті Nа2СО3 массасы.

 

Ескерту: 1. Жоғары шоғырлы сілтілі ерітіндіні талдау алдында сұйылту қажет.

2. Сұйық сілтіні ерітіндіні талдау үшін 0,1 н. НСI қышқылын пайдаланған дұрыс.

 

Каустификация көрсеткіштерін есептеу.

Каустификация дәрежесін төмендегі теңдеу арқылы анықтайды:

х = ,%

С1 - NаОН практикалық (нақты) құрамы, г/л;

С2 - NаОН теориялық құрамы, г/л.

 

6 Бақылау сұрақтары

1.      Каустикалық соданы өндірудің химиялық тәсілдері.

2.      Әктік тәсілмен соданы өндірудің физика-химиялық негіздері.

3.      Химиялық тәсілдердің эффективтілігінің негізгі көрсеткіштері.

4.      Технологиялық режимнің негізгі параметрлерін анықтау және сипаттау.

5.      Эксперименттік мәліметтер бойынша сода ерітіндісін каустификациялаудың басты параметрлерін анықтау.

 

Тапсырма.Берілген соданың ерітінді мөлшеріне керек әк мөлшерін есептеу. Берілген температурада және реакция уақытына байланысты каустикалық соданы алу. Химиялық анализ жүргізу. Процесс көрсеткіштерін есептеу және дәлелдеу.

 

№ 2 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

НАТРИЙ ГИДРОКСИДІН ФЕРРИТТIК ТӘСIЛМЕН ӨНДIРУ.

 

1 Жұмыс мақсаты.

Практикалық жағдайда каустикалық соданы алуды үйрену.

Бұл технологияда негiзгi шикiзаттар - қақталған сода мен темiр оксиды (III). Темiр оксиды (III) циклде жүретiндiктен, оның шығыны өте аз болады. Їндiрiсте  күйдiргiш натрды қатты және сұйық түрiнде шығарады (МЕСТ (ГОСТ) 2263-59).

2        Үрдістің сипаттамасы

            Күйдіргіш натрий немесе каустикалық сода –ақ немесе жай боялған , суда жақсы еритін зат. Сусыз күйдіргіш натрий  атмосфералық қысымда 328С балқиды.

            Күйдірігш натрий сабын қайнатуда, жасанды талшықтар  дайындауда,  органикалық синтез өндірісінде , мұнай өндірісінде кеңінен пайдаланылады.

           Өнеркәсіпте күйдіргіш натрийдің  қатты және сулы ертінділері дайындалады. 

           Техникалық күйдіргіш натрий мен таза күйдіргіш натрий бір-бірінен химиялық құрамы және шоғыры жағынан айырмаланады.   Күйдіргіш натрийдің А және Б маркалары шығарылды. А сортты  күйдіргіш натрий құрамында 95%, ал Б сортты күйдірігш натрийда 92% негізгі өнім кем болмау керек. Сұйық күйдіргіш натрийдің де екі сорты: В «электрохимиялық» және Т «химиялық» түрі шығарылады.  Екі өнімнің құрамында да NaOH  шоғыры 610 г/л құрайды. Олар бір-бірнен  СО2 және  натрий хлор  құрамымен айырмаланады.

           Қатты күйдіргіш натрийді  герметиклық  стальды барабанда қораптайды, ал сұйық  түрін  цистерналар мен  стальды бочкалармен тасымалдайды.

          Ферритті әдіс  бойынша каустикалық соданы алу қақталған соданы  темір тотығымен балқытуға негізделген. 

                        Na2CO3 + Fe2O3 = Na2O * Fe2O3  + CO2

         Ферритті натрийді суда ыдыратқанда  күйдіргіш натрий ертіндісі пайда болады:

            Na2O * Fe2O3 +  H2O = 2NaOH + Fe2O3

Ертіндіні буланыдрады да қатты  күйдіргіш натрий алады.  Ал темір тотығын өндірістік циклге қайтарады Стехиометриялық есептеу бойынша  92% 1000 кгкаустикаға   95% 1283 кг қақталған сода шығындалады.  Өндірістік жоғалу Na2CO3 шығынын есептегенде 1350 – 1400 кг құрайды.            

Шихта құрамын есептеу

            Каустикалық соданы фериттiк тәсiлмен өндiрудiң технологиялық процесi келесi сатылардан тұрады:

1.      қақталған сода мен темiр оксидынан (III) шихтаны даярлау;

2.      қоспаны күйдiру және натрий ферритын алу;

3.      Ыстық натрий ферритын сөндiру және шаймалау;

4.      Фильтрация;

5.      NaOH ерiтiндiсiн буландыру және тұнбаға түскен тұздарды (Na2CO3,Na2SO4 т. б.) сүзу.

Алынған шихтаның жалпы сiлтiлiгi (Na2CO3 есептегенде) немесе "тiкелей титры" 25% - тен кем емес, ал қалған 75% темiр оксиды мен қоспалар.

Шихтаның ылғалдылығы 12-15%. Ылғал циклге қайтарылған темiр оксидымен (III) гидратты су түрiнде болады (Fe2O3·H2O).

 

66 ·18 / 160 = 7,4 %

 

160 - Fe2O молекулалық массасы;

18 - H2O молекулалық массасы;

            Қақталған соданы ылғалды темiр оксидымен араластырғанда кристаллогидрат түзiледi.

Мысалы, ылғал 22 % Na2CО3  гидратты су мөлшерi;

                                               22 · 18 / 106 = 3,7 %

 

            Шихтаны күйдiргенде негiздi және қышқыл оксидтер  стехиометриялық қатнаста реакцияға түседi:

 

Na2O+CaO+MgO

                                   =1                             (1).

Fe2O3+Al2O3+SiO2

 

Дегенмен, натрий ферритын алғанда және оны ыдырату кезiнде Fe2O3  бiр шамасы бос күйiнде қалады, ол бөлiктi "әсерсiз" деуге болады. Темiр оксидының "әсерсiз" бөлiгi шихтаны термиялық өңдеу жағдайына байланысты. Айтылған жағдайды ескеру үшiн қышқыл оксидтер мөлшерiн стехиометриядан артық алады, яғни:

                               Na2O+CaO+MgO

                                       =1                             (2).

                                        K·(Fe2O3+Al2O3+SiO2)

 

Теңдеудегi  (2) Na2O орнына Na2CO3 алғанда

 

Na2CO3 = K·(Fe2O3+Al2O3+SiO2) – CaO - MgO                      (3)

 

Есептеудi массалық процентте жүргiзгенде

PNa2CO3=0,66·PFe2O3+1,04·PAl2O3+1,76·PSiO2-1,89·PCaO-2,63·PMgO           (4)

P Na2CO3  - құрғақ қоспаның жалпы сiлтiлiгi (Na2CO3 есептегенде), %

P Fe2O3, P Al2O3  т. б. қоспадағы компоненттер құрылымы, %

Коэффициенттер  (0,66; 1,044; 1,76; 1,864; 2,63;) - Na2CO3 молекулалық компоненттер  массасына қатнасы

PNa2CO3 / PFe2O3 = 0,066·R+1,04· PAl2O3 / PFe2O3 +1,76·PSiO2 / PFe2O3 -1,89·PCaO / PFe2O3 -2,63·PMgO / PFe2O3 .

 

Қондырғылар мен қажетті құрал жабдықтар

            Муфель пеші

            Феритті әдіспен алу қондырғысы

            Химиялық ыдыстар

Аналиткалық және техникалық таразы

 

3 Жұмысты орындау тәртібі

            Қақталған сода мен темір оксидының қоспасын құбырлы электр пешінде 1100-1200° С шамасында күйдіреді. Қондырғы 2- суретте келтірілген. Тапсырма бойынша даярланған сода мен темір тотығы қоспасын

(1-10) т, толық араластырады, алдын ала тартылған қайықшаға салады, қыздырылған пеште қояды (800-1000° С). Температураны хромель-алюмень термопарамен милливольтметр арқылы өлшейді.

             Қайықшаны күйдіру құбырының ортасына жақын орналастырады. Құбырдың шеттері шектен шығып тұрады. Экспериментті жүгізу кезінде температураның берілген тапсырмадан ауытқуы ±5° С ауыспауы керек. Температураны РНО-250 арқылы реттеу керек. Берілген уақыт өткенде қайықшаны пештен алады да эксикаторға салқындатуға қояды. Пешті өшіреді. Салқындаған балқыманы таразыда өлшейді (т), қайықшаны алынған натрий ферритымен бірге ішінде Na2CO3  және NaOH ерітіндісі бар стаканға салады.

2-Сурет  -Натрий ферритын алу қондырғысының үлгісі.

1-құбырлы пеш;

2- электрлі қондырғыш;

3- термопара;

4- фарфор (кварц) құбыр;

5- шихта салынған қайықша;

6- милливольтметр;

7- РНО-250- кернеуді реттегіш.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


3-Сурет- Муфель пеші.

            Пайда болған ерітіндіні сүзеді. Сүзгідегі тұнбаны жылы сумен берілген мөлшермен жуады, жуындыны бөлек стаканда жыйнайды. Тұнбаны (негізінен Fe2O3) ылғал және құрғақ күйінде өлшейді. Алынған негізгі фильтраттың массасын, тығыздығын өлшейді. Химиялық анализбен Na2CO3 және NaOH анықтайды.

            Екініші вариантта (тапсырма бойынша) фильтратты фарфор ыдысты толық буландырады. Пайда болған балқыманы болат табақшаны салқындатады, өлшейді және құрамын талдайды (Na2CO3 , NaOH, Na2SO4) т.б.

 

4 Анализді орындау тәсілдері

Феррит құрамындағы Na2CO3 , NaOH, Na2SO4 , Fe2O3 ,CaO, анықтау үшін негізгі ерітінді даярлайды. Негізгі ерітіндіні (N) даярлау үшін сынаманың 2-20 т (0,02- дәлдігі) өлшемді колбаға (500 см3) салады 150-200 мл жылы суда ерітеді (қайнатуға болмайды), кейін мұздай сумен салқындатады. Салқындаған ерітінді көлемінде 500 см3 дейін су қосады, жақсы араластырады.

            Вариант I.

Na2CO3, NaOH анықтау. Даярланған ерітінді (w) 5-25 мл аликвоттан конустық колбаға алады, оған 50 мл дейін су қосады. Аликвотаға (50 мл) 10 мл 10 % -тік BaCl2  ерітіндісін құяды, 0,1 н. тұз қышқылы ерітіндісімен титрлейді. Индикатор фенофталин түссізденгенге дейін тұз қышқылының шығынын белгілейді (а). Екінші рет индикатор метил-оранждық 2-3 тамшысын қосады да қайтадан ерітінді түсі қызғылт болғанша 0,1 н HCl титрлейді (в).

            Ферриттегі Na2O мен Na2CO3  анықтайды:

                  а· 0,031·100·W

Na2O =

                       m·V1

 
 


                                                                                ;   %

 

                

                                                 В · 0,053 ·W ·100

                         Na2CO3 =

                                                         m·V1

m – сынама массасы

W – негізгі ерітіндінің өлшемді колбаның көлемі, мл;

V1 – анализге алынған аликвота өлшемі, мл;

0,031; 0,053 –1мл,  0,1 н HCl қышқылына эквивалентті Na2CO3, Na2O массалары.

NaOH есептегенде:        

                                                  а · 0,04 ·W ·100

                           NaOН =                                         , %

                                                         m·V1 

 

0,04 – 1мл  1н HCl қышқылына эквивалентті NaOН массасы.

            Ферриттің жалпы сілтілігін Na2CO3 есептегенде

                                   

 (а+в) · 0,053 ·W ·100

                           Na2CO3 =

                                                         m·V1

 

Каустификация дәрежесі, %

                                     а · 100

                                  К =

                                     а+в

 

а – титрлеуге кеткен 0,1 н НСl (фенофталин)

в – титрлеуге кеткен 0,1н НСl (метил-оранж)

 

Темір оксидын анықтау

Комплексанометриялық тәсіл.

Тәсіл негізі: темір (III) Н = 1,5…1,8 кезінде трилон Б аз диссоциациаланған тұрақты комплекс құрайды. Темірді трилонмен (Б) титрлеуді сульфосалицил қышқыл-индикатор қатысуымен жүргізеді. Комплексон түзілуін тездету үшін ерітіндіні 50-70º С дейін жылытады.

 

            Реактивтер:

-         аммиак ерітіндісі (25 %-тік), сұйылтуы 1:1;

-         электрометтік темір;

-         азот қышқылы (ρ=1,36 г/см3), сұйылтуы 1:3;

-темір нитратының стандартты ерітіндісі  0,3497 г электролитті темірді немесе Арико типті темір сымын 100 мл азот қышқылында 1:3 ерітеді, азот тотығын кетіру үшін қайнатады, 500 мл дейін сумен сұйылтады (алынған ерітіндінің 1мл, 1мг Fe2O3 болады). Колориметриялық анықтау үшін бастапқы ерітіндінің 25мл азот қышқылымен (0,2 н) 500 мл дейін сұйылтады (алынған ерітіндінің 1 мл Fe2O3- 50 маг болады).

-тұз қышқылы 1:10. Трилон Б 0,02 м ерітінді (кальцийді анықтау тәсіліндегідей). Ерітіндінің (Fe2O3 бойынша) анализ кезінде анықтайды.

Анализ реті:

Сиымдылығы 250 мл конустың колбаға негізгі ерітіндінің 50мл алады,  оны 100мл дейін сұйылтады, сульфосалицил қышқылының 0,5 мл құяды. Аммиак ерітіндісіме сары түске дейін бейтараптайды, 5 мл HCl (1:10) қосады. Кейін ерітіндіні 40-50º С жылытады, трилон Б ерітіндісімен біртіндеп тамашалау арқылы түсі қызыл-күлгіннен лимон-сарыға немесе түссізге өткенге дейін титрлейді.

Есептеу:

Темір құрамын (III) оксидына есептегенде теңдеу арқылы табады:                                        

 

Vтр·Tтр / Fe2O3·W ·100

                                CFe2O3 =

                                                         a·b

 

Vтр - трилон Б 0,02 М ерітіндісінің титрлеуге кеткені, мл.

Tтр / Fe2O3 - трилон Б 0,02 М титры, стандартты темір нитраты бойынша анықталған, г/мл.

W – негізгі ерітінді, мл.

A – сынама өлшемі, г.

B – негізгі ерітіндінің аликвоталық бөлімі, мл.

Үлгіде 1-5 % Fe2O3 бар кезіндегі анықтаудың салыстырмалы қателігі 5-10 % аспайды.

Сульфосалицил қышқылын пайдалану арқылы колориметриялық тәсіл

Тәсіл негізі

Үш валентті темір сульфосалицил қышқылымен аммиак ерітіндісінде pH=8,5-11,5 кезінде сары түсті ішкі комплексті қосылыс түзейді.

Екінші валентті темір негізді ортада оттегімен тотығады, қосылыс түсінің қаныққандығы темірдің жалпы қүрамына байланысты болады. Бояулану өте тез жүреді және ұзақ уақыт тұрақты болады. Спектрді сіңіру максимумы  λ= 427 нм сәйкес келеді. Бояланған заттың диссоциациясын және Ca, Mg  әсерлерін болдырмау үшін сульфосалицил қышқылын артығымен құяды.

Реактивтер:

Аммиак ерітіндісі, 25%

Сульфосалицил қышқылының ерітіндісі, 20%

            Анализ жолы:

Негізгі ерітіндінің (W) аликвоталық бөлігін (5-10 мл) 50 мл өлшемді колбаға құяды, оған 10 мл сульфосалицил қышқылының ерітіндісін және 2-5 тамшы артығымен аммиак ерітіндісін қосады. Көлемді белгіге дейін жеткізеді, колориметриялық ұзындығы 10 мл кюветте анализ жүргізіді. Фотоэлектроколориметр ФЭК-М көк жарық фильтрі бар;

ФЭК-Н-57 жарық фильтрі №3, ФЭК-56 жарық фильтрі №4, немесе спектрофотометр  λ=430 нм.

            Аликватадағы темір тотығы колибрленген сызық арқылы табады. Сызықты тұрғызу үшін темір нитратының стандартты ерітіндісін 50 мл ерітіндідегі 0-500 мг Fe2O3 сәйкес алады.

                      

АFe2 O3·W

                        C Fe2 O3 =

                                               A · b ·10

АFe2 O3 – колибрлі сызықта анықталған темір тотығы, мкг;

W - негізгі ерітінді көлемі, мл;

A – сынама салмағы, г;

 B – негізгі ерітіндінің аликвоталық бөлімі, мл.

Сынама 1-5% Fe2 O3  кезіндегі салыстырмалы қателік 5-2%

 

Комплексанометриялық тәсілмен кальцийді анықтау

 

Тәсіл негізі. Комплексанометриялық титрлеуді сілтілі ортада флуорексон индикаторымен үш этанол амин қатысуында біржарымдық тотықты элементтерді комплекстеу арқылы жүргізеді. Ерітіндіде көп мөлшерде фосфаттар болса, белгілі рН кезінде тұнбаға кальций фосфаты түсуі мүмкін. Мұндай жағдайда ерітіндіге сульфосалицил ерітіндісін қосады да тұнба түспейтіндей жағдай жасайды.

            Титрлеуді реактивтерді және трилон Б негізді бөлімін қосқаннан кейін жай жүргізу керек.

            Реактивтер:

Сілтілі калий, 20%  ерітінді (полиэтилен ыдыста сақталады).

Сульфосалицил қышқылы, 20%.

Трилон Б 0,02 М.

Триэтанол амин (ТЭА), (1:6 сұйытылған).

Флуорексон, индикатор құрғақ азот қышқыл калиймен немесе натрий хлоридымен араласқан (1:100).

Араласқан индикатор 0,1 г флуорексон, 0,1 г тимолортелексон,15 г калий хлориды (қоспаны ұнтақтайды).

            Анализ жолы

            Конустық колбаға (500 мл) негізгі ерітіндінің 25 мл, 50-100 мл тазаланған су, 5 мл ТЭА, 15-20 мл сульфосалицил қышқылын, 20-25 мл 20% калий гидроксид ерітіндісін, флуорексин шпатель ұшында құяды да кальцийді трилон Б ерітіндісімен тез флуоресценция жоғалғанға дейін (жарықта немесе қара көлеңке тұсында) титрлейді. Титрлеу кезінде флуоресценция жоғалып, қайта пайда болуы мүмкін, сондықтан толық жоғалғанға дейін титрлеу керек. Бос сынаманы (реактивтер қосылмаған) өз алдында титрлейді.

            Есептеу: кальций құрамы (тотыққа есептегенде)

 

   (Vтр – Vх тр) · Tтр/CaO· W · 100

                        CСаО =

                                                           А · в

Vтр – аликвотты титрлеуге кеткен трилон Б 0,01 м ерітіндісі, мл;

Vх тр – бос сынаманы титрлеуге кеткен трилон Б 0,01 М ерітіндісі, мл;

Tтр/CaO  - СаО бойынша трилон Б 0,01 М титры, г/мл;

W – негізгі ерітінді көлемі, мл;

А – сынама массасы, г;

В – негізгі ерітіндінің аликвот  мөлшері, мл;

Параллель анализдер айырмашылығы 0,02 %-тен аспауы керек.

 

Жалпы сілтілікті анықтау

            Вариант II

            Талданатын ерітіндідегі NaOH + Na2CO3 құрамын тұз қышқылымен метил-оранж қатысуында титрлеу арқылы анықтайды.

            Конустық колбаға (250 мл) талданатын арітіндінің 10 мл, 50 мл су, 2-3 тамшы метил-оранж құяды. Титрлеуді 1 н НСІ ерітіндісімен сарыдан қызғылт түске өткенге дейін жүргізеді.

            Қышқыл шығыны (а, мл) ерітіндінің жалпы сілтілігіне сәйкес келді (NaOH + Na2CO3).

 

Күйдіргіш натрды анықтау

Құрамында  NaOH және Na2CO3 ерітіндіге ВаСІ2 ерітіндісін қосқанда Ва2+ + CO32- Õ ВаСО3 реакциясы жүреді де, тұнбаға барий карбонаты түседі.

            Тұнбаланған ерітінді финофталин қатысуында тұз қышқылымен титрлегенде ОН- ион құрамын (NaOH құрамына эквивалентті) анықтауға болады.

            Анализ жолы

            Конустық колбаға ерітіндінің 10 мл, 50 мл су, ВаСІ2 30-40 мл 10%-тік ерітіндісін құяды. Тұнбаға ВаСО3 түскеннен кейін сынамаға 3-4 тамшы фенофталин қосады да тек 1 н НСІ ерітіндісімен жай араластыруда титрлейді.

Себебі:

-         құрамында ОН-, Ва2+ бар ерітінді ауадан СО2 сіңіру мүмкін болғандықтан, анализ дұрыс болмайды;

-         тұнбаға ВаСО3 ұзақ тұрса НСІ қышқылымен реакцияға түсуі мүмкін;

Бұл реакция алғашқы кезде өте аз мөлшерде,

Себебі:

-         НСІ қышқылының артық шығыны бөлінетін СО2 , ОН- ионның эквивалентті саны компенсациялайды;

-         Титрлеу соңында бөлінетін СО2 ұшуы мүмкін кезінде ВаСО3 тұз қышқылымен реакциясын компенсациялай алмайды.

Титрлеуге кеткен НСІ (мл) NaOH мөлшеріне сәйкес;

                                              

В · 0,04 · 1000

                        GNaOH =                                               мг/л

                                                           10

 

В · 0,04 · 100

                        немесе                                               %M

0,04 – 1 мл 1 н НСІ сәйкес  NaOH массасы.

 

Натрий карбонатын анықтау

Жалпы сілтілікпен күйдіргіш натр құрамдарының айырмашылығынан натрий карбонатын табады:

                                               (a+b) · 0,053 · 1000

                        GNa2CO3 =                                                        мг/л;

                                                         10

                                              

 

                                               (a+b) · 0,053 · 100

немесе

                                                           m

 

0,053 – 1 мл 1 н НСІ сәйкес Na2CO3 массасы.

 

 Каустификация дәрежесін анықтау.

                                               Х = Gm прак. / Gm теор.

 

Na2SO4 анықтау

Сульфат-ионды анықтауға

 

                                               Na2SO4+ BaСl2 = 2NaCl + BaSO4

 реакциясын қолданады.

Негізгі ерітіндінің (W) 50-100 мл 300 см3 стаканға алады, оған 2-3 тамшы метил-оранж қосады, тұз қышқылымен бейтараптайды (2-3 мл артық). Ерітінді көлемін 150-200 мл көбейтеді, қыздырып 2-3 мин қайнатады, еріген СО2  ұшыру үшін. Қайнаған ерітіндіге 10 мл 20%- тік ВаСl2 құяды. ВаСl2 ерітіндісін құю кезінде стакандағыны жақсы араластыру керек. Стаканды сағаттық шынымен жабады да жылы күйінде (жылы суы бар ыдыс) 2 сағаттан кем емес немесе салқын күйінде 16-18 сағат ұстайды.  Уақыт өткенде күлсіз тығыз сүзгі арқылы сүзеді. Тұнбаны ыстық сумен хлорға реакция болмағанға дейін жуады. Фильтрді тұнбамен бірге фарфор тиглге салады (алдын ала 0,0002г дәлдікке дейін өлшенген, т), кептіреді, күйдіреді, бірақ фильтр жанбау керек. Тағы да 40 мин муфель пешінде 700-750º С шамасында қыздырады, соңынан тигельді тұнбамен бірге салқындатады (эксикаторда), массасын өлшейді (т2). Тұнбадағы Na2SO4 құрамы:

                                                 (m2-m1) · 0,6086 ·W ·100

                             Na2SO4  =

                                                              m·aл

0,6086 – барий сульфатының массасын натрий сульфатына  есептеудің эквивалентті коэффициенті.

                                                  (m2-m1) · 0,4116 ·W ·100

                               SO42 -  =

                                                              m·aл

m2 – барий сульфатының массасы, г

W – негізгі ерітіндісі колбаның көлемі, мл

m1 – анализге алынған сынама, г

ал - анализге алынған ерітінді, мл

 

6 Бақылау сұрақтары

1. Технологиялық процесс қалай жүреді?

2. Каустификация дегенді қалай түсінесіз?

3. Талдау әдістемесі

4.Жұмыстың орындалу реті

 

Тапсырма.

            Шихта Na2CO3+Cl2O3 құрамын есептеу, берiлген температура және уақытта күйдiру, өнiмдi алу және оны химиялық талдау.

 

№3  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

ҚАҚТАЛҒАН СОДА АЛУ

 

1. Жұмыстың мақсаты: Қақталған соданы алудың технологиясымен танысып, оның сапасын анықтау

 

2 Үрдістің сипаттамасы

Сода өндiрiсiнде натрий бикарбонат ас тұзы ерiтiндiсiн NH3 және және СО2 газдарымен қанықтыру жолымен алынады. Сода алыну процесiнiң қорытынды реакциясы:

 

NaCl + NH3 + CO2 + H2O = NaHCO3 + NH4Cl

 

Көмiрқышқыл газы суда нашар еритiндiктен, оны аммиактың қатынысуымен сiңiредi. Iс жүзiнде NaCl ерiтiндiсi алғашында аммиакты сiңiредi аммиагы бар ас тұзы ерiтiндiсi алынады. Сонан соң сол ерiтiндiден СО2 газын жiбередi. Бiрiншi сатыдағы аммиак сiңiру процесiн – абсорбция, екiншi сатыдағы СО2-нi сiңiру – корбонизация процестерi деп аталады. Карбонизация процесiнiң нәтижесiнде тұнбаға түскен NaHCO3 сүзiлiп оны кальцинациялайды (қыздырады). Кальцинация процесiнде жүретiн реакция:

 

2NaHCO3 160-180 C Na2CO3 + CO2 + H2O

Кальцинацияда бөлiнген СО2 газын карбонизация бөлiмiне қайтарылады. Сүзгенде алынған ерiтiндiдегi аммиакты пайдалану үшiн, оны дистилляция бөлiмiнде әк сүтiмен әрекеттестiрiп ыдырытады.

2NH4Cl + Ca(OH)2 = 2NH3 + 2H2O + CaCl2

Бөлiнген аммияк газын абсорбция бөлiмiне жiбередi. СaCl2 ерiтiндiсi, өндiрiстiң қалдығы болып саналады.

Әк сүтiн алу үшiн, керектi оксид кальцийды карбонат шикiзаттарын күйдiру (1000-1200о) арқылы алады. Күйдiру реакциясы:

CaCO3  →  CaO + CO2 – 178 кДж

Бөлiнген СО2 карбонизация бөлiмiне жiберiледi. Алынған оксид кальций сумен сөндiрiлгенде алынған әк сүтiн дистилляция бөлiмiнде қолданады.

CaO + H2O = Ca(OH)2

Сода өндiрiсiнде негiзгi алғашқы заттардың бiрiне NaCl ерiтiндiнi сода өндiрiсiне жiбередi. Демек қақталған сода алу технологиясы өте күрделi болып, ол төмендегiдей бөлiмшелерден (цехтардан) тұрады:

1.NaCl ерiтiндiсiн жер астындағы тас тұзын сумен ерiтiп ажырату жолымен     алады.

1.      NaCl ерiтiндiсiн тазарту

2.      CaCO3 шикiзатын өндiру

3.      Карбонат шикiзатын күйдiру (обжиг).

4.      NaCl ерiтiндiсiн аммиакпен қанықтыру (аммонизация).

5.      Аммиакты ерiтiндiнi СО2 газымен қанықтыру (карбонизация)

6.      NaНCО3-тi қақтау (кальцинация).

 

3 Қондырғылар, техникалық құрал жабдықтар:

Газ тәрізді көміртегі қос тотығынан  қақталған соданы  алу  қондырғысы

Электплитасы

Кептіргіш шкаф

Химиялық ыдыстар

 

4 Жұмыстың орындалу тәртiбі

 

Лабораторияда соданы алу жолы төмендегi негiзгi сатылардан тұрады:

-         NaCl ерiтiндiсiн дайындау

-         NaCl ерiтiндiсiн аммиакпен қанықтыру

-         Аммиакты ас тұзы ерiтiндiсiн карбонизациялау

-         Бөлiнген тұнбаны сүзу

-         NaНСО3 қақтау (кальцинация)

Сода өндiрiсiнде ерiтiндiлердiң талдау жұмыстарында олардың концентрацияларын г/л, болмаса нормальдық бөлiм (н.б) арқылы белгiлейдi.

I нормальдық бөлiм дегенiмiз ерiтiндiнiң 1-экв/л концентрациясының 1/20 бөлiгi. Мысалы, егер NaCl-дың концентрация 307 г/л болғанда, оның нормальдық бөлiмi:

 

С NaCl =

NaCl (г/л)

*  20 =

307

*  20 = 105 н.д.

ЭNaCl

58,5

 

Бұл жерде: ЭNaCl  - NaCl грамм – эквивалентi (ЭNaCl = 58,5)

Керiсiнше, ерiтiндiнiң концентрациясы нормальдық бөлiмде берiлсе, оның концентрациясы г/л:

 

С NaCl =

105

*  58,5 = 307 г/л

20

 

Өндiрiсте NaCl ерiтiндiсiнiң концентрациясы 100-104 н.б. бөлу керек. Алғашқы NaCl ерiтiндiсiнiң концентрациясын және оның көлемiн мұғалiм беру керек. Мысалы: мұғалiм 102 н.б. бар 200 мл NaCl ерiтiндiсiнен сода алуды ұсынған болса, оны дайындау үшiн мына формуламен есептеуге болады. Әуелi оның г/л табамыз.

102 · 58,5

= 298,35 г/л болады

20

Ал 200 мл ерiтiндiдегi NaCl тұзының салмағы:

298,5 · 260

= 59,7 г

1000

 

Демек, 59,7 г аз тұзан алып, 200 мл көлемге дейiн су қосып ерiтсеңiз, 200 мл 102 н.д. NaCl ерiтiндiсiн дайындаған боласыз.

  Ерiтiндiнi аммиакпен қанықтыру

Тапсырма бойынша берiлген NaCl ерiтiндiсiн, аамиакпен қанықтыру процесiн ерiтiндiдегi аммиактың концентрациясы 84-85 г/л болғанша жүргiзедi. Ол үшiн лаборатория қондырғысы бойынша (4 сурет) балоннан (I) кранды ашып (II) аммиакты буфер ыдысымен (3), реометр (6) арқылы барботер (4) мен аммонизаторға (5) жiбередi. Аммиактың шығынын реометрмен (6) реттейдi. Аммиакты жiбергенде, процестiң басталған уақытын белгiлеу керек. NaCl ерiтiндiсiнiң аммиакпен қаныққанын тексеру үшiн мезгiл мезгiл аммонизатордан 5 мл ерiтiндi алып талдау жасап тұру керек. Алынған 5 мл ерiтiндiге шамалы мөлшерде су құйып, I М NaCl ерiтiндiсiмен реакцияға қатыспаған бос аммиакты анықтайды. Аммиакпен қынықтыру процесiн ерiтiндiдегi аммиактың концентрациясы 98-100 н.б. жеткенше тоқтатпайды. Тәжiрибе бiткен соң, алынған аммиакпен қаныққан NaCl ерiтiндiсiн карбонизаторға құю керек. Егерде аммиагi бар баллон жоқ болған жағдайда, ас тұзының ерiтiндiсiн аммиак суын қайнату арқылы (4) қанықтыруға болады.

Мысал: Аммиакталған NaCl ерiтiндiсiнiң концентрациясы 80 н.б. және ондағы NН3: NaCl қатынасы I,I:I болған 200 см3 ерiтiндiнi дайындау үшiн, керектi NaCl тұзымен аммиактың мөлшерлерiн табыңыз.

Техникалық NaCl тұзының мөлшерi:

80 · 1 · 58,5 · 200

= 48,75 г.

1000 · 20 · 0,96

 

бұл жерде: 96 – NaCl тұзының техникалық NaCl тұзындағы саны, %.

4- сурет – Тұздықты аммонизациялау және карбонизациялау қондырғысы

1- аммиак балоны; 2- көмірқышқыл газы балоны; 3- буферлі сыйымдылық; 4- Барботер; 5- Аммонизатор; 6- Реометр; 7- Колба Бунзена; 8- Воронка Бюхнера; 9- Аммиак сулы колба; 10- Кабонизатор; 11- Кран; 12- Электр плитасы; 3- Бақылаушы термометр.

 

Аммиак суының концентрациясы 210 г/л болғанда, керектi аммиактың концентрациясы:

80 · 1,1 =  88  н.б. немесе 88 · 170/20 = 74,8 г/л

200 мл ерiтiндiде 100% NН3-тың керектi мөлшерi:

74,8 · 100

= 14,96 г.

1000

Егер концентрациясы 210г/л аммиагi бар суды қолданғанда оның кезектi мөлшерi.

14,96 ·1000

=71,23 мл.

210

яғни бұл вариантпен аммиакталған NaCl ерiтiндiсiн дайындау үшiн, бөлiмi бар стаканға 48,75 г техникалық NaCl тұзын өлшеп салыңыз да, үстiне 71,23 мл аммиак суын (210 г/л) құйып көлемiн дестилденген су арқылы 200 мл жеткiзiңiз. Осы екi варианттың қайсысымен болса да алынған аммиакталған NaCl ерiтiндiсiне Cl ионы мен бос аммиакқа талдау жасау керек.

 

Аммиакпен қыныққан NaCl ерiтiндiсiн  СО2 газымен қынықтыру  

     (карбонизация)

Аммиакпен қыныққан NaCl ерiтiндiсiне баллоннан (2) СО2 газын буфер ыдысымен (3) реометр (6) арқылы карбонизаторға (10) жiбередi. Процестiң жүре бастағаны ерiтiндi ақ сүттене бастағанынан белгiлi болады. Ақ сүттене бастағаны – тұнбаға NaНСО3 тұзы түсе бастағаны деп бiлемiз. Карбонизация процесi 1-2 сағатқа созылады. Процестiң бiткенi бос аммиактың мөлшерiмен анықталады. Ол 30 н.б. болу керек. Бос аммиакқа талдау жасау методикасы төменде келтiрiледi. Суспензиясын (лайлы ерiтiндiнi) сүзу керек. Сүзудi су сорғалату насосы  арқылы орындайды.

 

Суспензияны сүзу және гидрокарбонат натрийды қақтау 

      (кальцинация)

 

Сүзудi Бюхнер воронкасы (8) арқылы жүргiзедi. Фильтраттағы бос және жалпы аммиактың мөлшерлерiн табу керек. Тұнбаны 2-3 рет дистилденген сумен шайып, өлшейдi де оның шығысы мен ылғалдығына талдау жасайсыз. Ылғалды NaНСО3 фарфор тарелкесiне салып муфель пешiнде 200-250оС температурада 2-3 сағат қыздырады (кальцинациялайды). Алынған өнiмдегi Na2СО3 мөлшерiн және қыздырғанда жоғалтқан массасын табуға талдау жасайды.

 

5 Талдау әдістемесі

 Ерiтiндiдегi Cl ионын анықтау (Мор әдiсi)

 

Мор әдiсiнiң мәнiсi бейтараптанған немесе әлсiз ерiтiндiлердi титрлегенде хлоридтар тұнбаға түседi.

NaCl + AgNO3 = AgCl + NaNO3

Егер ертiтiндiге бiрнеше тамшы дихромит калий тамызып, тұнбаға түскен барлық Cl ионнан артық қалған AgNO3 титрлегенде жүретiн реакция:

K2 Cr2O4  +  2Ag NO3  =  Ag2 Cr2O4 + 2 KNO3

 

Пайда болған Ag2Cr2O4 (қызыл күрең) кiрпiш сияқты түрiнде болады. Кiрпiш түрiне айналғаны реакцияның ақырына дейiн барғанын белгiлейдi. Аммиагы  жоқ ерiтiндiдегi Cl ионын төмендегi түрде анықтайды.

Талдауға пипеткамен 5 мл ерiтiндiнi алып 100 мл колбаға құямыз да көлемiн 100 мл дейiн сумен толтырамыз. Одан 5 мл алып конусты колбаға салып бiрнеше тамшы K2CrO4 ерiтiндiсiн тамызып, 0,1 AgNO3 ерiтiндiсiмен кiрпiш түрiндегi тұнба түскенше титрлейдi. Егерде AgNO3-тiң орнына 0,1 Hg(NO3)2 алса, ерiтiндiнi аздап 0,2 М азот қышқылымен қышқылдандырады. Индикатор орнына дифенилкарбазидтың 2%-тiк спирттелген ерiтiндiсiн қолданады. Титрлегенде тұнбаға түсетiн HgCl2 ерiтiндiнiң реңiн көк түрiне айналуына әсер етедi.

Тұзының ерiтiндiдегi мөлшерi:

C NaCl =

V · N · 100 · K

· 58,5 г/л

5,5

немесе

C NaCl =

V · 0,00585 · 100 · 1000

, г/л

5,5

немесе

ХNaCl = CNaCl · 20, н.д.

бұл жерде: V – 0,1N AgNO3 [Hg(NO3)2]ерiтiндiсiнiң титрлегенде кеткен көлемi, см3,

К – түзету коэффициентi.

 

 Бос аммиакты анықтау (тiкелей титр)

 

Пипеткамен 5 см3 аммиакталған NaCl ерiтiндiсiн алып, 100 см3 көлемдегi колбаға құйып сумен көлемiн 100 см3 жеткiзедi. Онан 25 см3 ерiтiндiнi алып конусты колбаға құйып оның үстiне 1-2 тамшы метилфанус тамызып IN НCl ерiтiндiсiмен сары түрiнен қызғылт түрiне дейiн ауысқанша титрлейдi. Титрмен реакциясы:

 

NH4OH + HСl = NH4Cl + H2O

 

NH4HCO3 + HCl = NH4Cl + CO2 + H2O

 

(NH4)2CO + 2HCl = 2NH4Cl + CO2 + H2O

Бос аммиактың мөлшерi:

 

 

NH3 бос =

 

V · K · 100 · 20

 

= B н.д. немесе NHбос= В *

 

17

, г/л

5 · 25

20

 

немесе:

NH3 бос =

V · 100 · 0,017 · 1000

, г/л

5 · 25

 

Бұл жерде: V –IN HCl ерiтiндiсiнiң титрлегенде кеткен мөлшерi, см3,

N – HCl ерiтiндiсiнiң нормальдығы;

К – түзету коэффициентi.

Аммиакталған ерiтiндiдегi Cl ионын анықтау

 

5 см3 аммиакталған NaCl ерiтiндiсiн болмаса сүзуден шыққан фильтратты фенофталейн 12%-тiк НNО3 ерiтiнiдiсiмен түссiз түрiне дейiн бейтараптарандырады. Сонан соң оған бiрнеше тамшы КОН (1:6) ерiтiндiсiмен сiлтiлiк реакцияға жеткiзедi. Ерiтiндiнiң реңi қызыл күрең болу керек. Одан әрi оған тағыда 0,1 N сiрке қышқылмен бейтараптарындыруды қызыл күрең түрi жоғалғанша тоқтатпайды. 3-4 тамшы K2CrO4 ерiтiндiсiн тамызып 0,1N АgNO3 ерiтiндiсiмен титрлейдi. Есептеу жолы жоғарыда 4.1 келтiрiлген.

Тұнбаның ылғалдығын анықтау

 

Ылғалды гидрокарбонат натрийдың 5 г нақты мөлшерiн бюкске салып шкафта 85о жоғарыда тұрақты салмағына дейiн кептiредi. Сонан соң бюксты NaHCO3 бiрге өлшейдi. Оның ылғалдығын форуламен есептейдi

W =

m1 – m2

· 100%

m1

 

Бұл жерде: m1 – кептiруге дейiнгi NaHCO3 массасы, г.

                    m2 – кептiрiлген NaHCO3 массасы, г.

Сүзiлген фильтраттағы жалпы аммиакты анықтау.

Жалпы аммиакқа қышқылмен титрленетiн NH4OH(NH4)2CO3, NH4HCO3NH4COONH2бос NH3 және титрленбейтiн NH4Cl (байланысқан NH3) жатады. Жалпы аммиакты формальдегид әдiсiмен анықтайды.

Жалпы аммиакты тұз қышқылымен титрлеп оларды байланысқан аммиак түрiне келтiредi. Егерде осы ерiтiндiге формалин қоссақ, реакция жүрiп бос тұз қышқылынан гексометилентетрамин (уротропин) алынады.

 

4 NH4Cl + 6 CH2O  =  (CH2)6 NH4 + 4 HCl + 6 H2O

 

Бөлiнген тұз қышқылын сiлтi ерiтiндiсiмен титрлейдi. Индикатор орнына фенолфталейн қолданады.

Ерiтiндiдегi бос аммиакты жоғарыда көрсетiлген (4.2) жолмен анықталған соң титрленген ерiтiндiден көмiр қышқылын бөлу үшiн, оны 5 минут қайнатады. Ерiтiндiнi суытып, оған 5-10 мл 40%-тiк формалин ерiтiндiсiн құйып IN NaOH ерiтiндiсiмен фенолфталейнмен қызыл күрең түрiне дейiн титрлейдi. Байланысқан аммиактың мөлшерiн жалпы және бос аммиактың айырмасы арқылы табады.

Жалпы аммиактың мөлшерi:

 

NH3ж=

V · K · N

·20, н.д.

5

 

бұл жерде: V – IN NaOH ерiтiндiсiнiң титрлегенде кеткен мөлшерi, см3

                   К – түзету коэффициентi

          N - NaOH ерiтiндiсiнiң нормальдығы (IN)

 

 Na2CO3 массалық үлесiн анықтау

 

0,0001 дәлдiкке дейiн өлшенген 2-2,5 г кальцийлендiрiлген соданың нақты мөлшерiн 250 мл конусты колбаға салып, 50 мл суда ерiтедi де 2N күкiрт қышқылымен метилфанис индикаторымен сары түрiнен қызғылт сары түрiне дейiн титрлейдi.

Na2CO3 массалық үлесi (%):

 

Х =

V · 0,053 · 100

,%

m

 

Бұл жерде: V – IN күкiрт қышқылының титрлегенде кеткен мөлшерi, мл.

  0,0530 – I мл IN күкiрт қышқылына (IN) лайықты Na2CO3 массасы

           m - Na2CO3 нақты мөлшерi, г.

 

 Соданы қыздырғанда массасының төмендеуiн анықтау.

 

0,0001 г дәлдiкке дейiн өлшенген 5-6 г кальцийленген соданың нақты мөлшерiн өлшенген тигельге салып, 300-400оС температурада 1 сағат аралығында пеште қыздырады. Қыздырылған соданы алып эксикаторда суытып өлшейдi.

Қыздырғандағы массасының төмендеуi:

 

Х =

(m1 – m2)

·100 ,%

m1

 

Бұл жерде: m1 - Na2CO3 қыздырғанаға дейiнгi массасы, г.

                    m2 - Na2CO3 қыздырғаннан кейiнгi массасы, г.

 

 HCl арқылы титрлеу

 

                         Na2CO3  + 2 HCl  → 2 NaCl + CO2 + H2O

Na2CO3 – химиялық

 

4.7 Тәжiрибенiң нәтижелерiн өндеу

Na2CO3 шығыны:

Na2CO3 =

G1 · 58,5

· 100, %

G2 · 84

 

Бұл жерде: G1 – гидрокарбонат натрийдың кепкен түрiндегi массасы, г.

                    G2 – алғашқы ерiтiндiдегi NaCІ тұзының массасы, г.

58,5 пен 84 – NaCl мен NaНСО3 молярлық массалары.

Na2СО3 шығымы:

Na2СО3 =

D1 · 58,5 · 2 · 100

, %

G2 · 106

D1 – қақталған соданың массасы, г.

106 – Na2СО3 молярлық массасы.

Натрийдың пайдалану дәрежесi:

UNа  =

[NH3 бай]

· 100, %

[Cl]

 

Бұл жерде: [NH3 бай] мен [Cl] – NH3 бай мен Cl ионының ерiтiндiдегi концентрациялары, н.д.

[NH3 бос] = NH3 - NH3 бос , н.д.

Аммиактың пайдалану дәрежесi:

UNH3 =

[NH3 бай]

· 100, %

[NH3 ж]

Эксперимент нәтижесi.

mNaCl, mNH3OH, t, сүзу жылдамдығы, m ылға. тұнба, m кептiр, m қақталған, анализ нәтижелерi.

 

            6 Бақылау сұрақтары

 

1.      Қақталған соданы алу сатыларын айтыңыз.

2.      NaCl ерiтiндiсiн аммиактандырғанда температураның процеске тиетiн әсерiн айтыңыз.

3.      Ерiтiндiнi не үшiн тазалайды

4.      Н.Д. деген не, қалай оны анықтайды

5.      Карбонизация процесiне әсер ететiн факторларды айтыңыз.

6.      Гидрокарбонатты кальцианциялау процесiн айтыңыз.

7.      Аммиактың ерiтiндiдегi түрлерi, олардың айырмашылықтары.

8.      Жұмыстың орындалу тәртiбiн түсiндiрiңiз.

9.      Талдау жолдарына түсiнiк берiңiз.

10.  Өндiрiс көрсеткiштерiн есептеу жолдары.

Тапсырма: Соданы алу үшін ертіндіні есептеп дайындау, аммонизация , карбонизация және кальцинация процестерін жүргізу және алынған өнімнің сапасын тексеру.

 

 

№ 4 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

БИКОРБАНАТ  НАТРИЙ АЛУ

 

1 Жұмыстың мақсаты: Бикорбанат натрий алудың технологиясымен танысып, оның сапасын анықтау

 

             3  Үрдістің сипттамасы

            Натрий бикарбонаты медицина саласында әр түрлі  дәрі-дәрмек  перепараттарын дайындауда, ал  тағамдық өндірсітерде,  нан  және  кондитерлік өнімдерді  дайындауда  пайдаланады (разрыхитель теста), сонымен қатар  алкогольсыз  сусындарда  және  минералды сулар дайындауда,  резина өндірісінде,  сұйық және  көбікті  өртсөндіргіш  дайындауда пайдаланады.

МЕСТ 2156-76   сәйкес натрий бикарбонаты  өндірісте келесі сорттарын шығарады:

 

Құрамы  %

1-сорт

2 сорт

 3 сорт

Гидрокарбонат натрия, не менее

99,5

99,0

98,5

Карбонат натрия, не более

0,4

0,7

1,0

Хлориды (NaCl) не более

0,02

0,04

0,05

Мышьяк

-

-

Не нормируется

Железо, не более

0,001

0,005

Не нормируется

Кальций, не более

0,04

0,05

Не нормируется

Сульфаты в пересчете на SO42-, не более

0,02

0,02

Не нормируется

Влага, не более

0,1

0,2

1,0

 

Таза өнім алу үшін оның тұзын өнеркәсіпте  бір және көпретті  қайта кристалдау арқылы алады. Бұл әдіс  егер тұз жоғары ерігіштікке  және  жоғары ерігіштік температуралы коэффиценттке ие болғанда тиімді

 Өндірісте натий гидрокарбонаты қайта кристалдау арқылы емес,  сода ертіндісін карбонизациялау арқылы алады. 

 

            Na2CO3 (ертін.) + СО2 (г)  + Н2О (ж) = 2NaHCO3 (қ.) + 52,4кДж   

 

            Карбонизация  үрдісіне сода ертіндісін  қатты қақталған соданы суда немесе оның  қайтарымды ертіндісінде (құрғақ әдіс)  ертіу немесе  техникалық натрий бикарбонаты ертіндісін  қыздыру арқылы декорбанизациялау ( ылғал әдіс) арқылы   дайындайды.

 

2NaHCO3 (ертінді)   ↔ Na2CO3 (ертінді) + СО2 (г) + Н2О (с) – 18кДж   

 

4 Жұмыстың орындалу тәртiбі

Зертханада  соданы алу жолы төмендегi негiзгi сатылардан тұрады:

-         қақталған сода ерiтiндiсiн дайындау

-         қақталған сода ерiтiндiсiн  көмірқышқыл газымен қанықтыру

-         Бөлiнген тұнбаны сүзу

-         NaНСО3  кептіру

 

Натрий бикорбанатын алу

Қақталған сода ертіндісін  көмірқышқыл газымен қанықтыру арқылы алуға болады

                        Na2CO3 (ертін.) + СО2 (г)  + Н2О (ж) = 2NaHCO3 (қ)    

 

             Қанықтырылған  Na2CO3 (т) ертіндісін   400С дейін қыздырады, көлемі 1л қалың қабырғалы шыны ыдысқа  құйып,  бетін резина пробкасымен  жабады.  Қақпақ көмірқышқыл газымен  біріктірілген.  Сода ертіндісін  100-200мл (тапсырма бойынша) дайындайды. Дайындалған қақталған сода  ертіндісі  көмірқышқыл газымен  105-110 қ.б (қ.б.)  натрий гидрокарбонат (441-462 г/л)  түзілге дейін қанықтырылады. 5- суретте көрсетілген қондырғы бойынша жүргізтіледі.Түзілген майда кристалды  NaHCO3   Бюхнер үренкесінде сүзеді. Натрий гидрокарбонатын  кептіргіш шкафта  10-1100С нақты масса  пайда болғанша кептіреді.      .

 Процесстің  жылдамдығы  СО2 қанығуымен және қысымға   байланысты.

 Қондырғылар, техникалық құрал жабдықтар:

Газ тәрізді көміртегі қос тотығынан  тағамдық соданы  алу  қондырғысы

Электрплитасы

Кептіргіш шкаф

Химиялық ыдыстар

Аналитикалық және техникалық таразы

Титрлеу қондырғысы

4.  Қондығы  сипаттамасы

Подпись: СО2 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


5- сурет -Тағамдық сода  алу қондырғысы

1-СО2  балоны, 2- Бюхнер колбасы, 3- жалғастырғыш труба, 4- редуктор

 

 Сода ертіндісін дайындау

             Сода ертіндісін дайыындау үшін есептелініп алынған  қақталған соданы дистелденген    суда ерітеді.

            Мысалы,  200мл шоғыры 105 қ.б.   сәйкес қақталған сода ертіндісін дайындау  үшін  Na2СО3  шоғырын қ.б. сәйкес есептейміз:

 мұндағы  53 - Na2СО3.молярлық эквивалент массасы 

   1 қ.б.  1л ертіндідегі 1/20 молярлық массаға сәйкес келетін  заттың эквивалент массасы.

            Егер 1л ертіндіде  278,25г Na2СО3, болса, онда  200мл мөлшері

 Na2СО3

Есептелінген    55,65г Na2СО3 мөлшерін өлшегіш колбаға салып,  көлемін  белгіге дейін жеткізеді. Егер дайындалған ертінді  мөлдір болмаса, онда  ертіндіні қағаз сүзгіде  Бюхнер үренкесінде сүзеді. Үрдісті  қысқарту үшін  ертіндіні жай қыздыруға болады.  Керек жағдайда  ертінді ішіндегі көмірқышқыл газына талдау жасайды. 

 

  Сода ертіндісін   көмірқышқылы газымен карбонизациялау

            100-200мл  көлемде кабонизацияланған ертінді алу үшін  ( тапсырмаға байланысты)   дайындалған қақталған сода ертіндісін  10-110 қ.б. (441...462 г/л) NaHCO3 алынғанға дейін     көмірқышқылымен қанықтырады.  Қондырғы үлгісі 5 суретте келтірілген.

            Ертіндіні кабонизациялау ертінді арқылы көмірқышқылын өткізумен жүргізтіледі. Газ боланан (1)  карбонизаторға (2)    буферлі ертінді арқылы реометрмен өлшеніп беріледі.  Қақпақта   барометр және термрометрге  арналған  ойық бар. Ол жерден  талдауға  үлгі алынады

            Карбонизациялау үрдісі  орташа 1,5-2,0 сағат  аралығында жүргізтіледі.  Карбонизация үрдісінде ертіндіде ақ тұнбаның  түсуі  натрий гидрокарбонаты түзілгенін көрсетеді.  Карбонизация үрдісі аяқталған соң, ертіндіні сүзеді, кептіреді, негізгі заттарға талдау жасайды.

 

Натрий  бикарбонатының  суспензясын  сүзу

            Суспензияны қағаз  сүзгіде  Бюхнер үренкесінде  жүреді. Фильтрат   СО2 газына  талдау жасалады.  Тұнбаны  өлшеп, шығымға және ылғалдылыққа талдайды.  Ылғал тұнба  фарфор шашкасына ауыстырылып,  кептіргіш шкафта кептіріледі.  Кептіру 105-110 0C  1-2 сағат аралығында жүреді. Алынған өнімге  NaHCO3  және  Na2CO3  құрамына талдау жасалынады.

Талдау әдістемесі

   Ылғалдылыққа талдау

            0.001г дәлдiкке дейiн өлшенген бюксқа 3…5г ылғалды  натрий бикарбонатын салып өлшейдi. Сонан соң бюксты шкафта >850С температурада тұрақты салмаққа дейiн кептiредi. Әр 2 сағатта салмағын өлшеп тұру керек. Кептiрiлген натрий гидрокарбонатын кальций хлориді  бар эксикаторда суытылады. Суытылған натрий гидрокарбонаты  өлшейдi. Натрий гидрокарбонатының ылғалдығы төмендегi формуламен есептейдi:

W = (g - g1)  / g × 100%

Бұл жерде: g - кептiрiлуге дейiн натрий гидрокарбонатының салмағы, г.

                    g1 - кептiрiлген натрий гидрокарбонатының салмағы, г.

 

Натрий  бикарбонаттың масалық үлесін анықтау

 ( МЕСТ  5100-85)

0,0001 дәлдiкке дейiн өлшенген 2-2,5 г натрий бикорбанатының нақты мөлшерiн 250 мл конусты колбаға салып, 50 мл суда ерiтедi де 2N күкiрт қышқылымен метилфанис индикаторымен сары түрiнен қызғылт сары түрiне дейiн титрлейдi.

NaНCO3 массалық үлесi (%):

 

Х =

V · 0,053 · 100

,%

m

 

Бұл жерде: V – IN күкiрт қышқылының титрлегенде кеткен мөлшерi, мл.

  0,08407 – I мл IN күкiрт қышқылына (IN) лайықты Na2CO3 массасы

           m – NaНCO3 нақты мөлшерi, г.

            Талдауды  параллель жүргізтіп, орташа мәнін алады.  Ауытқу   0,2% аспау қажет. 

Газ көлемді әдіспен ертіндідегі   көмірқышқыл газын анықтау 

 

  0,2-1 г  үлгіні 0,001г дәлдікке дейін аналитикалық таразыда өлшеп, 5  колбаға салады.  Оның резинка  қақпағымен тығыз етіп жабады.  Қақпақта  бөлгіш үренке орналастырылған.  Үренкеге  тұз қышқылын құйып   тамшылатып 8-10мл  құйады.  Кранды жауып,  үлгіні  көбіктер пайда болып біткенше қыздырады.  Содан соң   бөлгіш  үренкеден  тағы да 8-10мл тұз қышқылын құйып, тағы да қыздырады. 

 Егер  газды бюреткадағы сұйықтық  деңгейі  тұрақты болса, онда қыздыруды тоқтатып, тұз қышқылн құйады. Содан соң  натрий хлоридінің қаныққан ертіндісімен толған  колбаны   біріктіреді.  Үш жүрісті кранды жабады.  Колбаны  бюреткадан бөледі.  Бюреткадағы  газ суығаннан кейін  15-20 минут өткен соң  теңестірілетін  склянка мен теңестіріліп мәні жазылып алынады (V1).   Содан соң үш жүрісті кран ашылады да,  теңестіргіш склянка жоғары төмен  көтеріледі. Себебі  трубадағы газ айдалып шығрылуы қажет.  Үш жүрісті кранды жабады.  Қондырғыны 3-4 минутқа қалдырады. Содан соң жаңадын кранды ашып,  теңестіргіш склянканы  түсіреді,  газ бюреткасындағы ертіндімен салыстырылады.  Опреацияны 3-4 рет қайталайды.

8-10 минуттан соң бюреткадағы  ертінді  теңестіргіш склянкамен салыстырылып, газдың қалған бөлігін есептейді  (V2).

Есептеу.  Көмір қышқылының  құрамы  төмендегі теңдеумен анықталады

 мұндағы V0 -  қалыпты жағдайдағы  көмір қышқылының  көлемі, мл;

 

 мұндағы V1 -  көмірқышқлының ауа қоспасымен бірге көлемі, мл;

V2 -  қалған ауа көлемі, мл;

Pб – барометрлік қысым, мм рт. ст.;

Pп – Берілген температурадағы натрий хлоридінің қаныққан ертіндісіндегі  су буының  қысымы, мм рт. ст.;

t – қоршаған ауа температурасы, oC ;

0,001977 - 0 oC и 760 мм рт. ст. 1мл көмірқышқылынң салмағы  , г;

а -  үлгі массасы, г.

Салыстырмалы қателік 1 - 5% құрайды.

6   Тәжiрибенiң нәтижелерiн өңдеу

 Қорытынды аяқталған соң NaHCO3 шығымын есептейді.  Алынған мәліметтерді стандарт пен салыстырып, қорытындылайды. Натрий бикарбонаты  шығымы  төмендегі теңдеумен анықталады.

             NaHCO3  шығымы  (B)  есептеу теңдеуі:

                                                                      

 мұдағы          GNaHCO3  - натрий бикарбонатының құрғақ массасы, г

            GNa2CO3           -    бастапқы ертіндідегі Na2CO3 масса, г

         106 и 84 -  Na2CO3 и NaHCO3 молярлы массасы

 

            7 Бақылау сұрақтары

11.   Бикорбанат натрий алу сатыларын айтыңыз.

12.  Ерiтiндiнi не үшiн сүзеді

13.  Қ.Б.(н.д.) деген не, қалай оны анықтайды

14.  Карбонизация процесiне әсер ететiн факторларды айтыңыз

15.   Гидрокарбонатты кептіру процесiн айтыңыз.

16.  Жұмыстың орындалу тәртiбiн түсiндiрiңiз

17.  Талдау жолдарына түсiнiк берiңiз.

18.  Өндiрiс көрсеткiштерiн есептеу жолдары.

19.  Гидрокарбонат натрийдің қолдану аймағы

 

 Тапсырма: Натрий бикорбанатын  алу үшін  қақталған сода ертіндісін дайындау, карбонизациялау, сүзі және кептіру  үрдістерін жүргізу және алынған өнімнің сапасын тексеру

 

№5 ЛАБОРОТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

ӨШІРІЛГЕН ӘК АЛУ

 

1 Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Өшірілген әк алудың негізгі өндірістерімен танысу, сонымен қатар дайын өнімді алуды есептеуді және өнімнің сапасын анықтау әдістерімен танысу.

2 Үрдістің сипаттамасы

Кальций гидроксиді (өшірілген әк) –ақ түсті ұнтақ, тығыздығы 2,24г/см3 тең. 1000С  гидратты суды бөлмейді, тек   5800С сусызданады. Ауадан өзіне  СО2 сіңіріп,  СаСО3 өтеді. Суда аз ериді.  Са(ОН)2 судағы суспензиясын  «әк сүті» деп аталады..

Са(ОН)2 сулы ертіндісі– «әк суы» -түсі және иісі жоқ мөлдр сұйықтық. Реакция  күшті сілтілі. Ауадан   СО2 сіңіріп,  СаСО3 ақ тұнба түседі. Әк суын қыздырғанда ертінді   де Са(ОН)2 түзілу нәтижесінде лайланады. Ол суық судан қарағанда ыстық суда  нашар ериді, суыту барысында лайлану жоғалады.

            Өшірілген әкті кальций тотығын сумен әрекеттестіру арқылы  алады.

СaО + H2О = Са(ОН)2 + 15,176 кДж

Осы жағдайға байланысты  көлемнің көбеюі 2-3 есе болады. Әктің гидратация үрдісі әлсіз ертіндіге (1-5%) NaCl, CaCl2 немесе әртүрлі электролитке байланысты 1,5-2 есеге қысқарады.

            Әкті өшіру  күйдіру температурасы және оның құрамына байланысты бірнеше минуттан бірнеше сағатқа ұзаруы мүмкін. Күшті күйдірліген әк (12000С жоғары) жай гидратацияланады.

            Өшірліген әк құрылыс жұмыстарында  кеңінен пайдаланады. Оның  құммен қоспасының сумен қосылысы әк ертіндісі деп аталады,. Ол кірпішпен қабырға қалағанда  қатыру үшін пайдаланады.   Өшірілген әкті сонымен қатар қабтағыш (шкатурка) ретінде қолданады

 

4.Техникалық құрал жабдықтар  мен құрылғылар :

Электр плиткасы

Кептіргіш шкаф

Сүзу қондырғысы

Химиялық ыдыс

Аналитикалық және техникалық таразы

5.  Жұмыстың орындалу әдістемесі

 

1Вариант

 Таза  кальций гидроксидін  күшті сілтілермен  кальций тұздарын әрекеттестіру арқылы алуға болады:

СaCl2 + 2NaOH = Са(ОН)2 + 2NaCl

 

250г СaCl2·6Н2О (т) 250мл суда ерітеді де 800С дейін қыздырып, 250мл судағы 120г NaOH ертіндісімен бірнеше рет  өңдейді. Ыстық қоймалжыңды  үлкен үренкеге тұндыру үшін ауыстырады. Содан соң оны   Cl- толық кеткенше  сумен жуады (хлор ионының толық кеткенін фильтратағы үлгіге AgNO3 қосқанда лайлану болмау арқылы біледі.). Бірінші құрамында 0,1% NaOH бар сумен жуады, содан соң таза сумен қайталайды.  Жуылған қалдықты  80-1000С температурада кептіреді..

Шығым≈ 60г (≈ 70%).

 

2 Вариант

Таза препаратты  кальций тотығын сумен әрекеттестіріп алуға болады:  

СаО + Н2О = Са(ОН)2

Фарфор тигеліне   10г СаО (т.т.ү.)  салады. Тигель бетін қақпақпен жартылай жабу арқылы бюректадан 7мл суды тамызады. Суды тамызу алдымен тамшылатып, реакцияның атқылауы (бура) басылған соң тез арада (15минут ішінде) судың қалған бөлігін құяды.  Са(ОН)2 бар  тигелді 1 сағ аралығында кептірігіш шкафта   1050С температурада  қатты  NaOH  шашка қасында ұстайды. Эксикаторда суытады. Препаратты  банкаға салып, қақпаққа  парфин құйып бекітеді.   

Шығым ≈ 13,2г ( 100% жақын).

 

Әк сүтін дайындау

10г жақсы күйдірілген СаО 40мл сумен сусыздандырады. Кесектер бұзылған соң  ұсақ ұнтақты  сумен біркелкі масса түзілгенше  араластырады. Тұндырылғаннан кейін  мөлдір сұйықтты  бөліп алады.  Қалдықты қайта 500мл суда  біркелкі масса пайда болғанша  араластырады. Оны банкаға құйып, бетін жауып толық тұнғанша  қойы қояды.  Мөлдір сұйықтықты абайлап төгеді.  Препаратты   ауызы толық жабылған склянкада сақтайды.  

 

6 Талдау әдістемесінің орындалуы

 

Кальцийді комплексонометриялық әдіспен анықтау

Әдістің мазмұны. Кальциді комплексометриялық әдіспен анықтау сілтілік ортада флуорексон идикаторымен триэтаноламин  қатысуында  жүреді. Фосфаттардың көп болуына байланысты  қажетті рН-та  ертіндіде  кальций фосфаты тұнбаға түседі. Оны болдырмау үшін  сульфосалицил қышқылы ертіндісін қосады.  Титрлеуді  реактивтер қосысымен тез арада жүргізту керек.  

 

Реактивтер

20% -ті калий гидроксиді ертіндісі

20%-ті сульфосалицил қышқылы  ертіндісі.

0,05М  трилон Б ертіндісі.

Флуорексон, индикаторы, Ступкада құрғақ  азотқышқылды калий мен  натрий хлор қоспасы (1:100).  

Аралас инидикатор : 0,1г флуорексон, 0,1г тимолфталексон және 15г калий хлорды ступкада біркелкі масса пайда болғанша араластырады..

Триэтаноламин (ТЭА), сулы ертінді (1:9)

 

Талдау әдістемесі. 0,5-1,0г үлгіні  өлшегіш колбаға  салып, дистилденген су тамшысымен суландырады. Оның үстіне 10мл тұз қышқылын құйып 5-10минут  қайнатады.  Толық ыдырау үшін  3-5мл азот қышқылын құйып 5-10минут қайнатады.  Үлгі толық еріген соң , ертіндіні суытады  да белгіге дейін сумен жеткізеді.  (Негізгі ертінді W.)

Көлемі 500мл конусты колбаға 25мл  негізгі ертіндіден алып, 50-100мл дистилденген су, 5 мл триэтаноламин,  15-20 мл сульфосалицил қышқылын , 20-25 мл 20%  калий гидроксидін қосып, үстіне флуорексон немесе  аралас индикатор қосып тез арада  трилон Б ертіндісімен титрлейді. Титрлеу қара фонда жүргізтіледі. 

Титрлеген кезде флуоресценция  көз алдында жоқ болып қайта пайда болады.  Тирлеуді  түстің толық кеткеніне жүргізтеді.  Сонымен қатар біруақыта бос үлгіге талдау жасалынады.

Есеп. Кальций құрамын есептеу кальций тотығы арқылы  төмендегі теңдеумен жүргізтіледі (%)


мұндағы:  Vтр -0,02 М трилон Б ертіндісінің  аликводтың бөлімге кеткен мөлшері   , мл;

 - 0,02 М трилон Б   бос үлгіге кеткен мөлшері, мл;

Ттр/СаО - 0,02 М трилон Б ертіндісінің СаО титрі, г/мл;

W- негізгі ертінді саны мл;

 а – үлгі салмағы, г;

 b-  негізгі ертіндінің аликвоттық бөлігі, мл.

Екі параллель анықтаудың айырмасы 0,2% аспауы керек.

Хлорды аргентометрииялық анықтау әдісі

 

            Әдістің мазмұны.Хлоридттерді күміс нитратының артық мөлшерімен тұнбаға түсіреді, ол роданид аммоний ертіндісімен титрлеу арқылы жүзеге асады.

            Реактивтер:

            Аммоний роданиді немесе калий роданиді 0,1 немесе  0,001н.ертіндісі.

            Азот қышқылы ,  6н. сұйылту ертнідісі (1:9)

            Күміс нитраты, 0,1н. ертіндісі.

            Теміраммонийлі квасцы, (ЖАК) ертіндісі.  Суық теміраммонийлі квасцы ертіндісіне тамшылатып азот қышқылын  бура түсі  жоғалғанша құяды.

            Төртхлорлы көміртек.

            Талдау әдістемесі. Зерттелетін үлгінің немесе аликвот  бөлігін 250 см3  конусты колбаға салады. Үлгіге 50мл су, 5 мл азот қышқылын және 0,1н 10мл дәлме дәл күміс нитратын , 3-5 мл ЖАК ертіндісін қосып,  0,1н күміс нитратын артық мөлшерін 0,1н аммоний роданид ертіндісімен  әлсіз-күлгін түске дейін 1мин аралығында титрлейді. 

            Бір уақытта  бос үлгіге  талдау жасайды.

            Есеп. Хлор құрамын % төмендегі теңдеумен анықтайды

 

            % CI = (VxNHCVS  -  V  NHCNS) .K . 3.546 . 100 / m . a . 1000                   (2.4)

 

            Мұндағы: Vx – 0,1н аммоний роданид ертіндісінің   бос үлгіге кеткен  мөлшері. мл;

              V – 0,1н аммоний роданид ертіндісінің талданатын үлгіге кеткен мөлшері , мл;

            К - 0.1 н  аммоний роданид ертіндісінің түзету коэффициенті ;

            3.546 -0,1н  AgNO3 ертіндісде  1мл күміс нитратына дәл келетін хлор саны;  мл/мг;

            m – үлгі  массасы, г;

            а – талданатын ертіндінің аликвот бөлігі, мл.

 

7 Бақылау сұрақтары

1.      Кальций гидроксидінің қасиеті мен қолдану аймағы.

2.      Өшірілген әк алудың  химиялық үрдісі

3.      Шикізат түрлері , олардың өнім сапасына әсері

4.      Өшірілген әк алу үрдісіне әсер ететін факторлар және өнім құрамы.

5.      Кальций гидроксиді технологиясын жаңарту жолдары

6.      Жұмысты орындау әдістемесі

7.  Жұмысты талдау әдістемесі

 

      8.Тапсырма. Берілген компонентттер бойынша кальций гидроксидін алу және есептеу. Алынған өнімге химиялық талдау жасау және қорытындылау.

 

 

№ 6 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

КҮЙДІРГІШ БАРИЙ АЛУ

 

1.Жұмыстың мақсаты мен міндеті:   Күйдіргіш барий алу  жағдайын оқып үйрену және оның сапасын бақылау

 

2. Үрдістің сипаттамасы

           

Сусыз барий гидроксиді (күйдіргіш барит)  химиялық теңдеуі- Ва(ОН)2. Тығыздығы 4,495 г/см3, ақ кристалды жылтыр зат. Балқу температурасы 407-409оС. Ва(ОН)2 450-650оС кезінде ВаО-ға өтеді.

Ва(ОН)2·8Н2О – тығыздығы 2,18г/см3,  түссіз кристалл. Реактив суда жақсы ерімтал, ерімталдығы қыздыру кезінде жоғарылайды. Барий гидроксидінің қаныққан ерітіндісі баритті су деп аталып, реактив ретінде жиі қолданылады. Ауамен әрекеттесу кезінде СО2-ні сіңіріп, ерімейтін ВаСО3 түзілу нәтижесінде түсі қоюланады (мутнеет).

Барий гидроксидін күйдіргіш натр ерітіндісімен барий хлориді ерітіндісін айналымы ыдырату арқылы алуға болады:

BaCl2 + 2NaOH = Ва(ОН)2 + 2NaCl

Реакцияны салқындатуға арналған сулы жейде және араластырғышпен қамтамассыздандырылған тот баспайтын болаттан жасалынған цилиндрлі айналымды-кристаллизаторларда жүзеге асады. Аппаратқа температурасы 40оС BaCl2 ерітіндісін жүктейді, кейіннен үздіксіз араластыру арқылы стехиометриялық мөлшерге қарсы 18% артық мөлшерде күйдіргіш натр ерітіндісін өлшегіштен жібереді. Массаны 1 сағат араластырады және салқындату үшін кейіннен жейдеге су жібереді. 25оС-ге дейін салқындатылғаннан кейін (12-15 сағ. созылатын) массаны кристалды Ва(ОН)2 ·8Н2О-ны бөліп алу үшін фильтрге жібереді. Өнімді  хлордың үлесі 0,09 %-дан төмен болғанша фильтрде шаяды және вакуум көмегімен сығады. Барийдың өнімге өту дәрежесі  ≈72% құрайды. NaCl, Ва(ОН)2, NaOH, ағызынды су құрайтын аналық ерітіндіні көмірқышқылды барийды тұндыру үшін бағытталатын барий хлоридын еріту үшін пайдаланылады. Көрсетілген өндірістік режим оптималды болып табылмайды және жақсарылуы мүмкін. 

 

3. Қондырғының сипаттамасы

 

4. Қондырғылар, техникалық құрал жабдықтар:  

Газ тәрізді көміртегі қос тотығынан  қақталған соданы  алу  қондырғысы

Электр плитасы

Фильтрлеу қондырғысы

Химиялық ыдыс

Аналитикалық және техникалық таразылар

 

5. Жұмыстың орындалу тәртібі

Барий хлоридінің препараты натрий гидроксидімен әрекеттесуі арқылы алуға болады:

BaCl2 + 2NaOH = Ва(ОН)2 + 2NaCl

300 мл суда еріген 180г BaCl2·2Н2О-ға 150-160 мл NaOH (тығыздығы 1,20) ерітіндісін қосады. Қоспаны қайнағанға дейін қыздырады да, 30 минут қайнатып, 50 мл суды құрайтын салқындатқыш фарфорлы ыдысқа ыстықтай салады. Тұнбаға түскен  Ва(ОН)2 ·8Н2О кристалын Бюхнер воронкасында сүзеді және 2 рет 4-5 мл сумен шаяды.

Алынған 120 г ылғал препаратты тазалау үшін оны 80-90оС-та 150 мл суда ерітіп, 1,5 мл 3%-ті Н2О2 қосады, 10 минуттан кейін сүзеді. Келесі күні тұнбаға түскен  Ва(ОН)2 ·8Н2О кристалдарын Бюхнер воронкасында сүзіп, 1-2 мл сумен шайып, СО2-ден бос (мысалы, қатты КОН немесе NaOH бар сіңіргішінен өткізілген ауа тогында) атмосферада кептіреді.

Шығымы 100 г (82%). Алынған препарат әдетте т.т.ү. (ч.д.а.) квалификациялы реактивке сәйкес келеді. Реактивті резиналы немесе коркалы тығынмен тығыз жабылған  банкада сақтайды.

 

6. Анализдерді орындау әдістемесі

Барийды йодометриялық тәсілмен анықтау

            Күкіртті барийды сумен сілтілендіру кезінде гидролиз жүреді:

BaS + 2H2O «Ba(HS)2  + Ba(OH)2  

            Қышқылды ортада йод ерітіндісімен әрекеттесу нәтижесінде барий гидросульфиді тотығады:

Ba (HS)2 + 2J2 « BaJ2 + 2HJ + S2  

 

Осылайша НS- ионы мен йод арасындағы реакция барий ионының пропорционалды құраған ерітіндісінде йод шоғырының төмендеуіне әкеледі. Ерітіндегі йодтың шоғырының өзгеруі натрий тиосульфатының ерітіндісімен титрлеуі арқылы анықталады.  

Реактивтер.

Йод - 0,05М сулы ерітінді

Крахмал - 0,5% сулы ерітінді

Na2S2O3 -  0,05М сулы ерітінді

Тұз қышқылы – тығыздығы 1,18 г/см3

 

Талдау әдістемесі. 0,5 г 0,0002 г (q) дәлдікпен өлшенген сынаманы колбаға ауыстырады, шамамен 50 мл дистилденген су құйып, кейіннен 15 минут (60-70оС) периодты түрде араластыру арқылы сулы моншада қыздырады, салқындатқаннан кейін колба көлемін  (W ) сумен жеткізіп араластырады. Фильтрлейді, 20 мл талданатын ерітіндіні (аликвота) алып 250-500 мл көлемді конусты колбаға құяды, онда алдын-ала 1-2 тамшы 1М тұз қышқылы ерітіндісімен қышқылданған 15 мл 0,05М йод ерітіндісі құйылған. Йодтың артық мөлшерін 0,05М натрий тиосульфаты ерітіндісімен титрлейді, титрлеу аяқталғанға дейін ерітіндіге (ашық-сары түсті) 0,5-1,0 мл 0,5 %-ды крахмал ерітіндісін қосады. Титрлеудің соңы түстің көктен түссізге дейін өзгеруімен анықталады.

            ВаS-тің Ва-ге санағандағы құрамын келесі формуламен анықтайды:

 = (15-V )∙ Т∙  W ∙ 100 / q∙ a

Мұндағы: V- титрлеуге кеткен 0,05М натрий тиосульфатының ерітіндісінің мөлшері, мл.

            Т- 1 мл йод ерітіндісіне сай келетін барий сульфатының мөлшері, мл.

 W – негізгі ерітіндінің көлемі, мл

 q – талдауға алынған сынама мөлшері, г.

 a – талданатын ерітіндінің мөлшері, мл

 

Барийды салмақты тәсілмен анықтау

Барийды салмақты тәсілмен анықтау барийдың барий сульфаты түрінде тұнбалануына негізделген:

ВаО + Н2SО4 = Ва2SО4 + Н2О

Алынған тұнбаны қақтайды және өлшейді.

 

Реактивтер:

Тығыздығы 1,19 г/см3 және 1:1 тұз қышқылы

Тығыздығы 1,40 г/см3 азот қышқылы

Тығыздығы 1,84 г/см3 және 1:1 және 1:2 тұз қышқылы

Хлорлы аммоний

Сусыз көмірқышқылды натрий

Азот қышқылды күміс , 1%-ті ерітінді

 

 Талдау әдістемесі

1 г сынаманы 250 мл-лік конусты колбаға салады, аздаған су құйып, 10-12 мл тұз қышқылын қосады, қыздырады және 10-15 минут қайнатады. 5 мл азот қышқылын қосып кепкенге дейін буландырады. Құрғақ қалдыққа 20 мл 1:1 тұз қышқылын қосып, 5-10 г аммоний хлоридын, 2-3 тамшы тұз қышқылын 161 және 100 мл су  қосады.

Ерітіндіні тұнбамен қайнатып, ыстық күйде сүзеді. Фильтрдегі тұнбаны қорғасынға (күкіртті натрийлы сынама) кері реакцияға дейін қышқылданған тұз қышқылды ыстық сумен шаяды.

Шайылған  тұнбаны фильтрмен бірге платиналы тигельге салады және төмен қыздыру арқылы сусыздандырады (озоляют). Кейіннен тұнбаны 5 г сусыз содамен балқытады. Балқыманы 100 мл суда қайнату кезінде сілтілендіреді.

Барийдың көмірқышқылды тұнбасын сүзіп, тұнбаны   2%-ті сода ерітіндісімен сульфат ионының (барий хлоридті сынама) кері реакциясына дейін шаяды. Сүзгідегі тұнбаны стаканға құяды, сілтілендіру жүрген жерге, және оны 10 мл сұйытылған тұз қышқылында (1:1) ерітеді. Ерітіндіні қайнағанға дейін қыздырып, көмірқышқылды барий тұнбасы болған сүзгі арқылы сүзгілейді.  Сүзгіні 2-3 рет ыстық сумен шаяды.  

Фильтратты 300-350 мл-ге дейін сумен сұйылтады, қайнауға дейін қыздырады, 5-10 мл сұйытылған 1:2 күкірт қышқылын қосып 5-10 мин. қайнатады.

Тұнба  2-3 сағ. бойы жай тұрып, күлсіз сүзгі  арқылы (көк лента) сүзеді.  Сүзгідегі тұнбаны хлор ионына (азотқышқылды күміс сынамасы) кері реакцияға дейін ыстық сумен шаяды.

Тұнбалы сүзгіні фарфорлы тигельге ауыстырады, кептіреді, сусыздандырады (озоляют) және қалыпты массаға жеткенше 900-1000оС температурада қақтайды.

Барийдың құрамын келесі формула арқылы анықтайды:

  = В∙0,5885∙100 / q, %

Мұндағы: В- барий сульфат тұнбасының массасы, г.

q – сынама салмағы, г.

0,5885 – барийге санағандағы фактор.

 

Хлорды анықтау

 

            Хлор ионын 2 әдіс арқылы анықтауға болады, олар: аргентомертиялық немесе меркуриметриялық.

 

Хлорды аргентометриялық әдіс арқылы анықтау.

           

Әдістің жүргізілуі. Хлоридтерді күміс нитратының артық мөлшері арқылы тұндырады, оны индикатор ретінде үшвалентті темір иондарының қатысында аммоний роданидінің ерітіндісімен титрлейді. Ерітіндідегі қышқылды орта күміс нитраты ерітіндісімен фосфаттардың тұнбалауына кедергі келтіреді.   

           

Реактивтер:

            Аммоний  роданиді немесе  калий роданиді 0,1 немесе 0,001н. ерітінді.

            Азот қышқылы,  6 н. сұйылту ерітіндісі (1:9).

            Күміс нитраты , 0,1н. ерітінді.

            Теміраммонийлі квасцтар, (ЖАК) ерітінді. Суықта қаныққан теміраммонийлі квасц ерітіндісіне азот қышқылының тамшысын ерітіндінің қоңырлау түсінің кеткенінше қосады.

            Төртхлорлы көміртек.

           

Талдау әдістемесі. Сынаманы (навеска) немесе талданатын ерітіндінің  аликвотты бөлігін 250 см3 көлемді конусты колбаға құяды. 50 мл  су, 5 мл азот қышқылын құяды, пипетка көмегімен дәлме-дәл 10 мл 0,1 н. күміс нитраты ерітіндісін, 3-5 мл теміраммонийлі квасцты (ЖАК) құяды және күміс нитратының артық мөлшерін 0,1 н. аммоний роданид ерітіндісін 1 мин. ішінде тұрақты болатындай ашық қызғылт түске дейін титрлейді.

            Бір уақытта жоғарыда көрсетілген барлық реактивтерді пайдалана отырып, бос (холостой) сынаманың талдауы жасалады.  

 

Есептелуі. Хлоридтердің %-дағы құрамын келесі формула көмегімен есептейді:

            % CI = (VxNHCVS  -  V  NHCNS) .K . 3.546 . 100 / m . a . 1000                   (2.4)

           

            Мұндағы:

Vx -  бос сынаманың титрлеуіне кеткен 0,1 н. аммоний роданид ерітіндісінің мөлшері , мл;

            V - талданатын сынаманың титрлеуіне кеткен 0,1 н. аммоний роданид ерітіндісінің мөлшері, мл;

            К - 0.1 н. аммоний роданид ерітіндісінің қалыпты коэффициенті;

            3.546 – хлордың мөлшері , 1 мл тура 0.1 н.  AgNO3 ерітіндісіндегі күміс нитратының эквивалентті құрамы мл/мг;

            m – сынама салмағының массасы, г;

            а – талданатын ерітіндінің аликвотты бөлігі , мл.

            Хлорды меркуриметриялық әдіс арқылы анықтау

           

            Хлорид иондары сынап (ІІ) иондарымен өте аз диссоцияциялы сынап хлоридін түзеді:

                        CI- + Hg2+  = HgCI2

            Индикатор ретінде дифенилкарбазон қолданылады, ол титрлеудің соңғы кезінде сынап (ІІ) иондарының артық мөлшерімен күлгін түске боялған комплексті қоспа түзеді. Титрлеуді рН= 2.5 ± 0,1 кезінде азот қышқылды ортада жүргізеді.

            Реактивтер:

            Сынап (ІІ) нитраты, -  0,05 н. ерітінді.

            Натрий хлориды -  0,05 н. Дистиллденген суда 2,9222 г NaCІ-ді а.ү.т. (ч.д.а.) ерітеді, 105оС-та алдын-ала кептірілген және көлемін 20оС кезінде 1 л-ге дейін дистилденген сумен жеткізеді.

            Азот қышқылы -  0,2 н. 12,7 мл концентрлі а.ү.т. HNO3-ын 1 л дистилденген сумен сұйылтады.

            Күйдіргіш натр -  0,1 н. 4,0 г а.ү.т. NaOH-ты 1 л дистилденген суда ерітеді.

            Араласқан (смешанный) индикатор -  0,5 г дифенилкарбозонды және 0,05 г  көк бромфенолды 100 мл 96 % - ды этил спиртінде ерітеді. Ерітіндіні қараңғы шыныда сақтайды. 

 

            Анықтау әдістемесі. Анықтау үшін 1-25 мл сүзілген сынаманы алып 250 мл көлемді конусты колбаға ауыстырды, ерітінді көлемін 50 мл–ге дейін дистилденген сумен жеткізеді, 1-2 тамшы индикатор ерітіндісін қосады. Кейіннен рН-2,5 жеткізу үшін ерітінді түсі көктен сарыға өткенше  тамшылап 0,1 н. азот қышқылын және 1,0 мл қышқылдың артық мөлшерін қосады. Күшті қышқылды сынамаларды талдау кезінде ерітіндіге индикатор қосқаннан кейін сары түске боялады, сонда түстің көкшіл-жасылға ауысқанынша тамшылап 0,1 н. күйдіргіш натр ерітіндісін құяды және содан кейін 1,0 мл азот қышқылы ерітіндісін қосады.

            Қажетті рН-қа жеткен кезінде түстің сарыдан көгілдірге ауысқанынша сынап (ІІ) нитраты ерітіндісімен титрлейді.

 

 Есептелуі: Хлор иондарының %-ға санағандағы құрамын келесі формуламен анықтайды.

            СI % = V. 0,0035453 . K. 100. Vk  / m. а                                               (2.5)

 

Мұндағы:  V- титрлеуге шығындалған 0,1 н. азотқышқылды сынап ерітіндісінің көлемі  , см3;

            К- қайта есептеу коэффициенті

            Vk- өлшегіш колба көлемі , см3;

            m- сынама массасы , г;

            а- талданатын ерітіндінің аликвотты бөлігінің көлемі , см3;

            0,0035453- 1 см3 0,1 н. азотқышқылды сынап ерітіндісіне сай келетін хлорид ионының массалық үлесі , г.                                                  

 

7. Бақылау сұрақтары

1. Барий гидроксидінің қасиеті. Қолдану аймағы.

2. Шикізат түрлері және олардың өнім сапасына әсері.

3. Күйдіргіш барит алу процесіне әсер етуші факторлар және өнім құрамы.

4. Технологиялық параметрді таңдауының негіздемесі.

5. Негізгі затқа және хлорид ионына талдау жасаудың әдістері.

6. Барий гидоксиді технологиясының жетілдіру жолдары.

 

 

            Тапсырма. Берілген компоненттер бойынша барий гидроксидің алу және есептеу. Химиялық талдау жасау және алынған нәтижелерді өңдеу.

 

№ 7 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

КАЛИЙ ГИДРОКСИДІНІҢ АЛЫНУЫ

 

1. Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Калий гидроксидің алыну шарттарымен және оның сапасын бақылау жағдайымен танысу.

 

2.  Үрдістің сипаттамасы

            Калий гидроксиді (күйдіргіш калий) ақ, мөлдір, өте күйдіргіш кристалды масса, тығыздығы 2,044 г/см3. Балқыу температурасы 400оС (сусыз препараттың), қайнау температурасы 1320-1326оС. Реактив ауадан ылғал мен СО2-ні сіңіріп, К2СО3-ке өтеді.

Калий гидроксиді - күшті негіз, суда, этанолда, метанолда жақсы ериді. Күшті гигроскопиялы.

КОН натрий гидроксиді сияқты – натрий хлориді ерітіндісінің электролизімен алынады. Әсері натрий гидроксиді сияқты болғанымен, ол өте қымбат, сондықтан қолдану саласы төменірек.

            Калий гидроксидін сұйық сабын, мақта өндірістерінде, калий қосылыстарында, сілтілік аккумуляторларда қолданылады. Ол сутек сульфиді, күкірт диоксиді және көміртекте абсорбент және аммиак, азот гемиоксиді, фосфин және басқа онымен реакцияласатын газдарда кептіргіш агент  болып табылады.

           

   3. Қондырғылар, техникалық құрал жабдықтар:  

Электрлік плитка

Фильтрлеу қондырғысы

Химиялық ыдыс

Аналитикалық және техникалық таразылар

4. Жұмыстың орындалу тәртібі

Калий гидроксидін барий гидроксиді мен күкірт қышқылды калийды әрекеттестіру арқылы алуға болады:

Ba(OH)2 + K2SO4 = BaSO4↓ + 2KOH

Темір ыдыста 300 г кристалды Ba(OH)2·8Н2О  (т.) 1 л суда ерітеді. Ыдысқа 120 г ыстық K2SO4 (т.) шоғырлы  ерітіндісін қосады. Калий сульфатын қалған  сұйықтықта  Н2SO4-пен де, Ва(ОН)2 тамшысын   қосқанда тұнба түзбейтін болғанға дейін қосады (сынаманы қара қағазға енгізілген сағат шынысында жүргізеді). Реакциялы ерітіндіні жиналмалы (складчатый) сүзгіде тез сүзеді және фильтрат тыныш балқыма болғанынша аз мөлшерде күміс ыдыстарында тезірек буландырады. Сұйық массаны үлкен күміс немесе никельді ыдысқа масса тегіс қататындай етіп құяды. Алынған затты (корки) майдалап, ыстық қалпында парафинмен құйылатын резиналы немесе коркалы тығыны бар банкаға ауыстырады. 

 

5  Анализдерді орындау әдістемесі

Калийды жалынды фотометрия әдісімен анықтау

 

Талдау әдістемесінің сипаттамасы

Әдіс калий (натрий) атомдары  жалында анықталған толқын ұзындығында жарық сәулелендіруге негізделген. Калий (натрий) атомдарының сәулелендіру жиілігі  ерітіндідегі элементтер  шоғырына тура пропорционал. Стандартты ерітінділер арқылы  калий немесе натрий құрамын анықтайтын элементтердің концентрациясына тәуелді жиілікті (қондырғы көрсеткіші)    градуирлі график тұрғыздырады.

            Калийды (натрийды) анықтау үшін жарықсүзгілі жалын фотометрлері қолданады. Натрийды анықтау үшін кедергі болып оны 15 есе көп құрайтын  кальций саналады. Калийды анықтауда кальцийдың болуы әсер етпейді. Сынама құрамы мен стандартты ерітінділерді теңестіру үшін оларға тұз немесе фосфор қышқылы ерітінділерін қосады.  

           

            Өлшеу құралдары, реактивтер, ерітінділер, аппараттар.

            FLAPHO -4 типті жалынды фотометр немесе ұқсас басқа прибор.                   УК-25-16-М типті  компрессор немесе басқа ұқсас.

            Сығылған пропан.

            Ортофосфор қышқылы, 1:4 сұйытылған.

            Тұз қышқылы, 1:2 сұйытылған.Хлорлы  калий , фиксанал, 0.1 н ерітінді

            Хлорлы  натрий , фиксанал, 0.1 н ерітінді.

            Сүртуге қажетті этил спирті

           

Фон ерітіндісі - келесідей дайындайды: 1л  сыйымдылықты өлшегіш колбаға 10 мл тұз қышқылының ерітіндісін және 10 мл ортофосфор қышқылы ерітіндісін құяды, ерітінді көлемін сумен белгіге жеткізіп араластырады.

            Калийге стандартты ерітіндіні келесідей әдіспен анықтайды:     

            25,58 мл 0,1н калий хлоридін 1 л сыйымдылықты өлшегіш колбаға құяды, 100 мл тұз қышқылы ерітіндісін және 10 мл ортофосфор қышқылы ерітіндісін қосады, ерітінді көлемін сумен белгіге дейін жеткізіп араластырады.  Алынған ерітінді 100мг/л калийды құрайды және стандартты ерітінділер дайындауда бастапқы ерітінді болып табылады.  

           

Натрийге стандартты ерітіндіні келесі әдіс арқылы дайындайды:

             43,5 мл 0,1 н. натрий хлриді ерітіндісін 1 л сыйымдылықты өлшегіш колбаға құяды, 100 мл тұз қышқылы ерітіндісін және 10 мл ортофосфор қышқылы ерітіндісін қосады, ерітінді көлемін белгіге дейін сумен жеткізеді және араластырады. Алынған ерітінді 100 мг/л натрийды құрайды және келесідей жасалатын стандартты ерітінділер алуда бастапқы ерітінді болып табылады:100 мл сыйымдылықты өлшегіш колбаға 1,3,5,7,10,12,15 мл 100 мл/дм3 натрий құрайтын бастапқы стандарт ерітіндісін құяды, колбадағы көлемді белгіге дейін фонды ерітіндімен жеткізіп араластырады. Осылайша дайындалған стандартты ерітінділер натрий концентрациясына сай келеді: 1;3;5;7;10;12;15; мг/дм3.

 

            Талдау әдістемесі

            Калийді (натрий) еріткішті және күкірт қышқылдарының ыдырауынан кейін бөлек сынамадан және тұз қышқылында қалдықтың еруінен кейін анықтайды. 

            Эксплуатация бойынша соған тиесілі инструкцияға сай қондырғы дайындағаннан кейін талданатын ерітінді, стандарт ерітінділері және бос сынаманы  (холостая проба) жалынға сеуіп, микроамперметр бойынша калий немесе натрийдың сәулеленуін тіркейді. Фотометрлеуді калий немесе натрийдың құрамының жоғарлауы бойынша жүргізеді, кейіннен натрий немесе калийдың максималды құрамы бойынша кері қарай қайталайды. әр ерітінді үшін сәулелену жиілігінің орташа арифметикалық мәнін есептейді. әр өлшеуден кейін дистилденген  суды себеді (распылают).

            Алынған мәліметтер бойынша стандартты ерітінділер үшін градуирленген график тұрғызады, сәулелену жиілігінің мәнін ордината осьтеріне жүктейді, калий немесе натрийдың құрамы абцисса өсіне мг/л-де.

 

Есептелуі:

            Натрий немесе калийдың  (%) массалық үлесін келесі формуламен есептейді:        

            Мұндағы: С - график бойынша табылған талданатын ерітіндінің шоғыры, мг/дм3;

                V -  фотометрде өлшенген кезіндегі ерітіндінің көлемі , см3;

            V1 , V2 – сұйылту кезіндегі ерітіндінің аликвотты бөлігі , см3;

            m -  талданатын үлгінің сынамасы, г.

 

Барийды салмақты әдіспен анықтау

Барийды салмақты әдіс арқылы анықтау барийдың барий сульфаты түрінде тұнбалануына негізделген:

ВаО + Н2SО4 = Ва2SО4 + Н2О

Алынған тұнбаны қақтайды және өлшейді.

Реактивтер:

Тығыздығы 1,19 г/см3  және 1:1 тұз қышқылы

Тығыздығы 1,40 г/см3 азот қышқылы

Тығыздығы 1,84 г/см3 және 1:1және 1:2 күкірт қышқылы

Хлорлы аммоний

Көмірқышқылды натрий , сусыз

Азотқышқылды күміс, 1%-ды ерітінді

 

Талдау әдістемесі

1 г сынаманы 250 мл конусты колбаға салады, сумен бұқтырады, 10-12 мл тұз қышқылын құяды, қыздырады және 10-15 минут қайнатады. 5 мл азот қышқылын қосады және кепкенге дейін буландырады. Құрғақ қалдыққа 20 мл 1:1 тұз қышқылын құяды, 5-10 г аммоний хлоридін құйып, 2-3 тамшы 161 күкірт қышқылын және 100 мл су қосады.  

Ерітіндіні тұнбамен қайнатады және ыстық күйінде сүзеді. Сүзгідегі тұнбаны қорғасынға кері реакциясына дейін тұз қышқылымен қышқылданған  ыстық сумен шаяды (күкіртті натрий сынама).

Шайылған тұнбаны сүзгімен бірге платиналы тигельге ауыстырады және төмен қыздыру кезінде сусыздандырады немесе күлдендіреді (озоляют). Кейіннен тұнбаны 5 г сусыз содамен балқытады. Балқыманы 100 мл суда қайнату кезінде сілтілейді.

Көмірқышқылды барий тұнбасын сүзеді, сүзгіде 2%-ті сода ерітіндісімен сульфат ионының (барий хлоридті сынама) кері реакциясына дейін шаяды. Фильтрдегі тұнбаны стаканға құяды, сілтілендіру жүрген жерге, және оны 10 мл сұйытылған тұз қышқылында (1:1) ерітеді. Ерітіндіні қайнағанға дейін қыздырып, көмірқышқылды барий тұнбасы болған сүзгі арқылы сүзеді. Сүзгіні 2-3 рет ыстық сумен шаяды.  

Фильтратты 300-350 мл-ге дейін сумен сұйылтады, қайнауға дейін қыздырады, 5-10 мл сұйытылған 1:2 күкірт қышқылын қосып 5-10 мин. қайнатады.

Тұнба  2-3 сағ. бойы жай тұрып, күлсіз сүзгі  арқылы (көк лента) сүзеді,  сүзгідегі тұнбаны хлор ионынан арылу үшін (азотқышқылды күміс сынамасы) кері реакцияға дейін ыстық сумен шаяды.

Тұнбалы сүзгіні фарфорлы тигельге ауыстырады, кептіреді, күлдендіреді және қалыпты массаға жеткенше 900-1000оС температурада қақтайды.

Барийдың құрамын келесі формула арқылы анықтайды:

  = В∙0,5885∙100 / q, %

Мұндағы: В- барий сульфат тұнбасының массасы, г.

q – сынама салмағы, г.

0,5885 – барийге санағандағы фактор

 

6 БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

 

1.       Күйдіргіш кали қасиеті. Қолдану аймағы.

2.      Калий гидроксидін алу үшін қолданылатын шикізат.

3.      Калий гидроксидін алу әдістері.

4.      Технологиялық параметрді таңдауының негіздемесі

5.      Дайын өнімнің стандарт бойынша сапасы.

6.      Негізгі затқа және барий оксидіне талдау жасаудың әдістері.

        7. Калий  гидроксиді технологиясының жетілдіру жолдары.

 

7 ТАПСЫРМА.

ХИМИЯЛЫҚ  ЛАБОРАТОРИЯДАҒЫ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ.

 

 1.Қышқылдарды, сілтілерді және басқа сілтілі сұйықтарды пипеткамен ауызбен соруға қатаң тиым салынады. Қышқылдар мен сілтілерді тек қана сорғышпен (груша) алу қажет.

2.Барлық құрғақ реактивтерді, әсіресе күйдіргіш сілтілерді фарфор қасықтар немесе шпательмен алу қажет. Күйдіргіш сілтілерді қолмен  ұстауға қатаң тиым салынады.

3.Ішінде бром, сутек пероксиді, плавик қышқылы және басқа күйдіргіш сұйықтары бар ыдыстарды ашқанда, ыдыстың аузы ашып жатқан адамға бағытталмауы тиіс.

4.Қышқылдар мен сілтілер және басқа улы уландырғыш заттармен тек қана желдеткіші қосылған сорғыш шкафтың ішінде жұмыс істеу қажет.

5.Раквинаға сумен араласпайтын сұйықтарды және қатты заттарды, сонымен қатар күшті уларды тастауға қатаң тиым салынады.

6.Белгісіз және аты күмән келтіретін реактивтерді пайдалануға қатаң тиым  салынады.

7.Қосулы тұрған электр  құралдарының жанында өрттен қауіпті заттармен жұмыс істеу.

8. Ыстық сұйығы бар ыдыстарды тек қана екі қолмен ұстау қажет: бір  қолмен ыдыстың мойынан, ал екінші қолмен ыдыстың түбі.

9.Сынған ыдысты  сыпырғы  және  күрек көмегімен жинайды, қолмен жинауға болмайды.

10.  Қышқылдармен, сілтілермен және басқа күйдіргіш заттармен күйіп қалған жағдайда: зақымданған жерді судың көп мөлшерімен жуып, содан соң қышқылмен күйгенде - 10 % -к сода ертіндісімен;  сілтілермен күйгенде -3 - 4%  -к сірке қышқылының немесе 3 % - к бор қышқылының ертіндісімен шаяды.

11.Күйген жер қызарған жағдайда, 2 % -к марганец ертіндісімен шаяды;

12. Қиын жағдайларда алғашқы көмек көрсеткеннен кейін дәрігерге  қаралу қажет.

13. Шынымен жарақаттанумен бірге қышқылдар мен сілтілер әсер етсе, ең алдымен жарақаттанған жерді судың көп мөлшерімен шаю қажет және жарақаттанған жерді шыны қалдықтарының қалмағанына көз жеткізіп, содан соң айналасын иод ертіндісімен өңдеп  таңып тастау қажет. Күкірт  қышқылы теріге төгілген, жағдайда, оны судың көп мөлшерімен шайып, кейін соданың  әлсіз ертіндіісімен   бейтараптандырады және калии пермангат ертіндісіне салынып алынған матамен таңып, дәрігерге көрсетеді.

14.Егер қышқыл төгілсе: қышқылды сумен сұйылтып, содан соң оны мен бейтараптандырады және күрекпен алып тастайды. Егер төгілсе,онда сумен сұйылтып, содан кейін оның үстіне құм төгіп немесе сумен шайып  тастау керек, содан соң барып содамен бейтараптандырады.

15.Егер төгілген сілті болса, онда оны сумен шайып, кейін әлсіз қышқылмен (сірке, бор) бейтараптандырады.

16.Ыдыстарды хром қоспасымен жуғанда, хром қоспасын алған ыдысқа қайтып жинайды, хром қоспасын раквинаға төгуге болмайды.

17.Лабораторияда жұмыс істеп болған соң, сіз қолыңызды жуып және аузыңызды     шаюыңыз  қажет. 

 

Әдебиеттер

 

1 М.Е.Позин. Технология минеральных удобрений и солей. М.: Химия, 1957.с. 277

2  И.М.Кольтгоф, Е.Б.Сендэл, Количественный анализ

3 Справочник основной химической промышленности, стр.498- 499, Берль-Лунге

4 Позин М.Е. Технология  минеральных удобрений – Л.Химия, 1974,с.376.

5 Дохалова А.Н.,Кармышев В.Ф., Производство и применениеаммофоса –    М:Химия, 1977.с.240.

6 Постников Н.Н. Термическая фосфорная кислота, соли и удобрения на ее основе – М:Химия, 1976

7  КопыловВ.А., ЗавертяеваТ.И. АндрейченкоА.М. Производство двойного суперфосфата. – М:Химия., 1976

8 Шапкин М.А.,ЗавертяеваТ.И.,Зинюк Р.Ю. Двойной суперфосфат. Технология и применение – Л:Химия, 1987.

9  СоколовскийА.А.,Яшнее.В.Технология минеральных удобренийи кислот.-М:Химия, 1971.

10 Крашенниников С.А. Технология соды. М:Химия, 1988

11 Шокин И.Н., Крашенниников С.А., Технология соды. М:Химия, 1975

12  Зайцев И.Д., ТкачГ.А. Производство соды. М:Химия, 1986

13 Мойжес И.В. руководство по анализу в производстве фосфора, фосфорной кислоты и удобрений. Л:Химия, 1973.

14 Методы анализа фосфатного сырья, фосфорных и комплексных удобрений – Л,Химия, 1975.

15  Позин М.Е. руководство к практическим занятиям неорганических веществ. Л:Химия 1980.

16 Лапкина е.Д., Горобец Л.И. Сборник унифицированных методов анализа сырья, побочных продуктов и технологических отходов в производстве фосфора. - Чимкент, 1978.

17 Кельман Ф.Н. Методы анализа при контроле производства серной кислоты и фосфорных удобрений. –М:Химия., 1963

18 Атрощенко В.И., Каргин С.И. Технология азотной кислоты –МХимия,1970

19 Амелин А.Г. Технология серной кислоты – М:Химия, 1983

20 Воскресенский П.И. Техника лабораторных работ – М:Химия, 1973

21 Г.М. Гильманова, Г.П. Попова,  Л.И. Миркина, Е.С. Бугенов, А.С. Сейтмагзимов Методические указания к выполнению лабораторных работ по технологии неорганических веществ для студентов специальности 25.02-Шымкент: КазХТИ, 1990, 55с.

22 Г.М.Гильманова,Г.П.Попова Методические указания к выполнению лабораторных работ по технологии отраслевого производства для студентов специальности 07.04-Шымкент. КазХТИ,1999

23 Методы анализа фосфатного сырья, фосфатных и комплексных удобрений-Л: Химия,1975