ТИПТIК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жоғары кәсіптік бiлiм

бакалавриат

АЛҒЫ СӨЗ

 

1        М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде химиялық технология мамандықтар бойынша оқу әдістемелік бірлестігінде ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН

 

2         Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі №   200   ж  бұйрығымен БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ІСКЕ ЕНГІЗІЛДІ

 

3        АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

 

4        Типтік оқу бағдарламасы 050720- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес әзірленген.

 

5        Бағдарламаны химия технологиялық мамандықтар бойынша ОӘБ Кеңесі баспаға ұсынған

     №___«  «____________200_ ж.

 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

«Глинозем және мен силикат материалдардың химиялық технологиясы» пәні жоғарғы білім мемлекеттік стандарттау негізінде (ҚРМЖБС 3.08-346-2006) 050720 - «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша барлық студенттердің оқып - үйренудегі негізгі жалпы пән болып саналады. Ол жалпы заңдылық және негізгі бейорганикалық өнімдер – глинозем мен силикат материалдардың химиялық технологиясын және мамандықтарды жалпы оқып - үйренуді қарастырады.

Пәннің мақсаты - студенттердің түрлі шикізаттардан өндірістік әдіспен алынған глинозем мен силикат материалдар туралы ой - өрісін арттыру.

Пән бойынша студент негізгі ғылыми-техникалық шешімдерді және глинозем мен силикат материалдардың технологиясының келешекте өркендеуін, негізгі заттардың өзгеруімен процестердің бейорганикалық өндірістегі шикізат қорының өндіріспен байланысы, бастапқы заттар және реакция өнімдерінің қасиеті мен сапа көрсеткіштері, технология және көптеп тараған процестердің жалпы принцип бойынша атқарылуын, бейорганикалық заттар өндірісінде материалдық және жылу ағындарын есептеуді білуі қажет.

«Глинозем және мен силикат материалдардың химиялық технологиясы» пәні студенттердiң жалпы, бейорганикалық химия және физикалық химия пәндерін білуін қажет етеді. Пәнді оқуда жинаған білімін студент теориялық және практикалық есептерді шығаруда қолдана алады.

Курсты игеру үшін аудиториялық және аудиториядан тыс оқу формалары қарастырылған. Аудиториялық оқу лекция және лаборатория түрінде жүзеге асырылады. Өзіндік жұмыс лекциялық материалды аудиториялық уақыттан тыс лабораториялық жұмыстарға дайындық, курстық бөлімдерді өз бетінше оқуды қарастырады.

    Өзіндік және жеке жұмыс, зерттеу жұмыстарының негізіндегі материалды, тәжірибелерді қоюда практика жүзінде тәжірибе алуды, тәжірибелік мәліметтерді өңдеу, талқылау, алынған материалды қарастыру мен қорытындылауды сапалы меңгеру мақсатында жобаланған.

«Глинозем және мен силикат материалдардың химиялық технологиясы» пәнінің бағдарламасы 050720 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығына типтік бағдарлама болып табылады.

Осы бағдарлама негiзiнде жоғарғы оқу орындарының аталған мамандық бойынша мамандар дайындайтын кафедралары қабылданған тәртіпке сәйкес бекiтiлетiн жұмыс бағдарламаларын жасайды.

ПӘННІҢ МАЗМ¥НЫ

Кіріспе

«Глинозем және мен силикат материалдардың химиялық технологиясы» пәніне арналған типтік бағдарлама 050720-«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша оқып білім алатын барлық студенттерге жасалған. Онда глинозем мен силикат материалдардың хъимиялық технологиясы келтірілген.

Пәнді студенттердің оқып - үйренген жалпы, бейорганикалық, аналитикалық, физикалық химия, беттік өзгеру және дисперстік жүйе, жалпы химиялық технология, бейорганикалық заттар технологиясының теориялық негізін білмей игеруі мүмкін емес.

Пән менеджмент микроэкономикасын есептеп оқып - үйренуде, химиялық өндірісте еңбекті қорғау, жабдықтар мен жобалау негізі, мамандандыру пәні және т.б. күрделі практикадан өтуде жалпы база болып саналады.

Оқу орнында кафедра негізінде осы мамадық бойынша мамандарды дайындауда, бекітілген тәртіп бойынша жүмыс бағдарламасы жасалады.

 

1 Бөлім. Глинозем технологиясы

Негізгі минералды шикізатты сипаттау. Глинозем және балшық.

Өндіріс қалдықтарын қосымша шикізат түрінде пайдалану. Табиғи шикізатты дайындау және өңдеу. Сақтау, сорттарға бөлу, майдалау, тазалау. Алюминий сульфаты және оның өнімдері. Коагулянт өндірісі.

Тазаланған және тазаланбаған каолиннен, нефелин рудасынан, балшықтан және боскиттен алынған күкірт қышқылды алюминий. Нефелинді коагулянт. Коагулянтты алу әдісі. Квасцтар өндірісі. Электормелиялық әдіс пен электрокорундтарды, монокорундты және легірленген корундтарды өңдеу технологиялары. Электрокорундтарды суыту және кристаллдандыру ерекшеліктері. Бадделеит-корундты материалдардың электротермиясы.

 

ҰСЫНЫЛАТЫН СТУДЕНТЕРДІҢ МҰҒАЛІММЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ.

1.  Күкірт     қышқылды     алюминий     өндірісінің     материалдық балансын есептеу.

2.  Күкірт   қышқылды   алюминий   өндірісінің   жылу   балансын есептеу.

3.  Алюминий өндірісінің материалдық балансын есептеу.

4.  Алюминий өндірісінің жылу балансын есептеу.

5.  Коагулянт өндірісінің материалдық ағынын есептеу.

6.  Алюминий   калилі   кварц   өндірісінің   материалдық   ағынын есептеу.

7.  Алюминий калилі кварц өндірісінің жылу ағынын есептеу.

 ҰСЫНЫЛАТЫН СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗІНДІК

ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ (СӨЖ).

1. Алюминий өндірісінің технологиясын сипаттау.

2.  Хром өндірісінің технологиясы.

3.  Алюминий құрамды шикізаттарды сипаттау

4.  Хромит және хромқұрамды шикізаттарды сипаттау.

5.  Глинозем өндірісінің қалдықтарын сипаттау.

 

ҰСЫНЫЛАТЫН ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

ТІЗІМІ.

1.  Күкірт қышқылды алюминийді каолиннен алу.

2.  Күкірт қышқылды алюминийді бокситтен алу.

3.  Алюминий тотығын алу.

4.  Алюминий калилі кварцты алу.

5.  Алюминий аммонилі кварцты алу.

 

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі:

1. Порада А.Н., Гасик М.И. Электотермия неорганических материалов. –М.: Металлургия, 1990, 232с.

2. Гаршин А.П. и др. Абразивные материалы. –Л.: Машиностроение, 1983, 231с.

3. Данцис Я.Б., Ершов В.А. и др. Электротермические процессы химической технологии. Учебное пособие для вузов. / Под ред. Ершова В.А./ - Л.: Химия, 1984, 464с.

4. Бобкова И.М., Дятлова П.М.. Куницкая Г.С. Общая технология силикатов. -Минск. Высшая школа. 1987. -288с.

5. Дудеров И.Г.. Матвеев Г.М. Суханова В. Б. Общая технология силикатов. -М. : Стройиздат, 1987. -560с.

6. Таймасов Б.Т. и др. Портландцемент өндірістің технологиясы .-Алматы, Рауан. 1994.-222б.

7.  Таймасов Б.Т. Технология производства портландцемента. -Шымкент, ЮКГУ, 2004. -293с.

8.  Сулименко Л.М. Технология минеральных вяжущих материалов и изделий на их основе. - М. : Высшая школа, 2000. -320с.

Қосымша:

1. Лебедева Д.И. Создатель русского фарфора. -Л. : Наука. 1978. - 240с.

2.  Будников П.П. Химическая технология керамики и огнеупоров. -М. : Стройиздат, 1985. -464с.

3.Химическая технология стекла и ситаллов. /Под ред. М.М.Павлушкина.- М.: Стройиздат, 1983. -426с.

4. Строительные материалы. Справочник. /Под общей редакцией А.С. Болды­рева, П.П. Золотова. -М.: Стройиздат, 1989. -567с.

Ю.Горчаков Г.И. Құрылыс материалдары. Аударған Темірқұлов Т.Т. -Алматы. 2000. -397б.

5.  Бутт Ю.М., Сычев В.В., Тимашев В.В. Химическая технология вяжущих материалов. -М.: Высшая школа, 1980. -472с.

6. Пащенко А.А., Сербии В.В., Старчевская Е.А. Вяжущие материалы. - Киев, Высшая школа, 1985. - 440с.

 

Авторлар:                          Тлеуова С.Т. – т.ғ.к., доцент

                                           Таймасов Б.Т. –т.ғ.д., профессор м.а.

                                            «БЗХТ» кафедрасы

                                            М.Әуезов атындағы ОҚМУ