ГЛИНОЗЕМ  ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

№1 Негізгі минералды шикізатты сипаттау. Глинозем және саз.

 

Сазды материалдар глинозем өндірісінде негізгі шикізат болып табылады.Саз- бұл жіңішке дәнді полимералды қоспалар, сумен пластикалық қамыр түзеді. Кепкен соң қамыр өзінің алғашқы берілген түріне келеді, қақтап кептірген соң тастай берік болады.Саз тау жыныстарының физико-химиялық және биологиялық әсерінен бұзылуынан түзілген өнім

Сазды шикізат ретінде глинозем технологиясында, әр түрлі химико-минералогиялық құрамы бар жіңішке бөлетін тау жыныстары, табиғатта бөлінгіш және қатты түрде, химиялық сумен байланысқан  және температураны  жоғарылатқанда механикалық беріктілікті игереді.

Барлық сазды материал түзілу жағдайына қарай қалдық (элювиальді,алғашқы),аналық жыныстың ыдырау орында түзілетін және тұнбалық сумен, желмен және мұздан кейін түзілген, ауысқан кезде түзілген болып, бөлінеді.

Тұнбалық (екіншілік) саз құрамы бойынша аналық жыныстан түзілген өнімнің құрамынан айырмашылығы бар.

Сазды шикізаттарға әртүрлі балшықтар (саз) және каолиндер жатады. Саз және каолиннің негізгі қасиеті,олардың құрамында минерал каолинитке Al2O3*2SiO2*2H2O байланысты болады..

Ол натрий далалық шпат жыныстарынан түзіледі:

Na2O*Al2O3*6SiO2+ CO2+2H2O = Al2O3*2SiO2*2H2O+K2CO3+4SiO2

 

CaO*Al2O3* 2SiO2+CO2+2H2O = Al2O3*2SiO2*2H2O+CaCО3

 

Сазды материалдар (балшық және каолиндер) қоспалармен, аналық жыныстық қалдықтармен, сазды бөлшектерді ауыстыру үрдісінде   немесе каолинді сумен араластырғанда, қосылып келген қоспалармен ластанған.

Сазды заттар бір минералдан немесе әртүрлі сазды минералдардың қоспасынан тұрады.

Бірінші жағдайда саздар мономинералдар деп, екінші жағдайда – полиминералдар деп, атайды.

Сазды балшықттар негізінен, гидроалюмосиликаттан mAL2O3*nSiO2*pH2O, мұнда m,n,p әр түрлі минералдар үшін мәні әртүрлі.

Гидроалюмосиликаттардың кристалл торына К,Na,Mg,Ca,Fe кіреді. Кварцты құм сазда әртүрлі көлемде 60 %-дейін болады. Кварцты құмның болуы, байланыс қабілетін және кептіру мен қақтағанда саздың пластикалық қабілетін кемітеді.

Темір қосылыстары пирит (FeS2), темір гидрототығы (лимонит,гидрогематит), темір карбонаты (сидерит) түрінде болады.Жіңішкедисперсті темірдің қосылыстары отқа төзімділігін төмендетеді.

Гипс (СаSO4*2H2O) сульфаттар, жеңіл балқитын сазда жинақталып,жоғарғы температурада күйдіруді жақсартады.Сазда слюда аз көлемде болады. Слюданың болуы байланысты саздың бірігуін кемітеді.

Сазда еритін тұздар күкіртқышқылды, көмірқышқыл және басқа Na,K,Mg,Ca және басқа металдардың тұздары ретінде саздың құрамында болады.

Тұздардың болуы күйдіру температурасының төмендеуіне және отқа төзімділігін кемітеді.

Сазды материалдар каолиндерге, сазға, сланцалық саз және сазды сланцтарға бөлінеді.

Табиғатта сазды материалдар бос, паста түрінде және тығыз күйде болады.Сазды сумен суландырғанда, су оның тесіктеріне өткенде, ауаны бөліп, сазды бөлшекткрмен сорып, саздың ісінуі болады. Бұл үрдіс сазды бөлшектердің гидратациясы мен олардың көлемінің көбеюімен және жылу бөлінуімен жүреді.

Саздың көлемі көбеюі, сазды пластикалық күйге өткізіп, жұмыс ылғалдылығын алып, форма жасауға бейімделеді. Саздың пластикалығы – бұл олардың сумен  қалып түзетін қасиеті, ішкі күштердің әсерінен жарықсыз және бөлінбей әр түрлі форманы сақтайды.

Саздың құрамына, ісіну мөлшері, жұмыс ылғалдылығы және пластикалығына саздың минералдылығына және мөлшеріне тәуелді болады.Пластикалық саны бойынша, саздар бес топқа бөлінеді.

Жоғарыпластикалық –пластикалық саны 25- тен көп;

Орташапластикалық – 15-25 дейін;

Аз пластикалық – 7-ден аз;пластикалық емес-пластикалық қамыр түзбейтін. Саздың пластикалылығы жасанды жолмен жоғарылатады немесе төмендетіледі.

 

№ 2 Табиғи шикізатты дайындау және өңдеу. Сақтау, сорттарға бөлу, майдалау, тазалау.

 

Саздар технологиялық қасиеті бойынша, классификацияланады. Саздардың қолдануына қарай,саздардың қасиеттеріне олардың классификациясы жасалынады.Саздар жоғарғы сортты, қалыпты және төменгі сортты болып бөлінеді.

Жоғарғы сортты саздарға каолиндер мен отқа төзімді саздар жатады.Каолиндерді жіңішке керамикалық  және отқа төзімді заттар жасауда қолданады.

Қалыпты саздарға клинкерлі,гончарлы, черепицалық және кірпіштік саздар жатады. Клинкерлі саздар,канализациялық  құбырғылар жасауда қолданады.Гончарлық саздар гончар ыдыстырын жасауда қолданады.дТөменгі сортты саздарға кірпішті аз созылмалы саздар жатады.

Саздар мен каолиндерді байыту дегеніміз алардан зиянды қоспаларды арылту. Байытудың  әр түрлі әдістері бар.Кейбір кездерде қолдан сұрыптау жүреді.Саздарды сұрыптау  сұрыптау ленталарында жүргізіледі.Сазды материалдарды байыту, ең бірінші гидравликалық классификация, ауалық және электромагниттік сепарациямен жүзеге асады.

Гидравликалық  классификация тұндырғыш бассейндерде саз және каолиндерді тұндырып жүзеге сасды. Саздарды қоюландырып, сазды көп көлемде сумен араластырып, сазды суспенция алғанша, 5-10 % қатты зат құрамындағы сазды суспензия алады.

Суспензия бассейндерде тұндырады, бұл кезде  саздар біртіндеп тұнады. Бассейннің түбіне ең бірінші ірі созылмалы бөлшектері  біртіндеп тұнады. Бұл бөлшектерден бөлінген суспензия келесі тұндырғышқа жіберіледі. Осындай әдіспен  алынған майда дәнді саз созылмалы болып келеді. Ауалық сепарация  бөлшектердің әртүрлі салмағына қарай, ауа ағының әртүрлі жылдамдығына бөлшектердің бөлінуіне негізделген. Ірі бөлшектердің жылдамдығы майда бөлшектерге қарағанда төмен болады.Шарлы диірменнің жұмысында құрғақ үгіндіні тұйық циклде ұсақтағанда ауа сепараторлары қолданады. Ауалық сепараторларда майда сұрыптауды жүзеге асыруға болады.Ұсақтағыш агрегаттан ауалық сепараторға ауаның ұсақталған сазбен қоспасы жіберіледі. Ауалық ағын ұсақталған материалды ірі және ұсақ фракцияларға бөледі, олар ауа сепараторларынан екі патрубок арқылы шығарылады. Электромагниттік саз және каолиндердің сепарациясы темір және құрамында темір бар минералдарды бөлу үшін қолданады.Электромагнитті сепаратор барабаннан және электромагниттен тұрады. Барабан валға бекітілген, ленталық транспортерларда, ол негізгі болып табылады.Саз осы транспортермен тасымалданады.Электромагниттер ленталық транспортермен қажалып, ұсақталған саздың ішіндегі темір бөлшектері мен магнитті минералды өзімен бірге тартып, ленталық транспортердің төменгі жағымен бөліп шығарады.

 

Cазды материалдарды ұсақтау.

Ұсақтау үшін әртүрлі машиналар қолданады.Машиналарды  сазды материалдардың қасиеттеріне қарай: қаттылығы, тығыздылығы,тұтқырлығы, біртектілігі, ылғалдылығы және размерлеріне байланысты  таңдайды.

Ұнтақтағыш машиналар бірінші ұнтақтағыш және екіншілей ұнтақтау машиналары болып бөлінеді.Бірінші ұнтақтау машиналарға сазды материалдар карьерлерден немесе складтан келеді, екіншілей ұнтақтайтын машиналарға бірінші ұсақтаудан өткен материалдар түседі. Шикізатты материалдар ылғалды әдіспен ұсақталады, яғни судың қатысуымен немесе құрғақ әдіспен тұйық және ашық цикл  бойынша жүргізеді. Тұйық цикл бойынша,ұсақталған материал сұрыптау қондырғысына беріледі,онда материал майда ұсақталып, келесі ұнтақтауға жіберіледі.

Ашық цикл бойынша, ұсақталған материал келесі ұнтақтағыш машинаға ұнтақталуға жіберіледі ңемесе өнім ретінде қолданады.Сазды материал вальцті ұсақтағышта  жанышталып және бөлшектеліп екі валдың арасында ұнтақталып, бір-біріне қарсы айналады. Керамика өндірісінде дезинтеграторлы және винтті тас  бөлетін вальцтар, валдық, тісті валдық және төрт валдық ұсақтағыштар қолданады.

Дезинтегралды (тасбөлетін) вальцтар сазды ұсақтауда және одан тасты бөлуге қолданады. Егер сазда тастар кездессе,оны екіге бөліп, размері кіші вал, размері үлкен валмен ағысқа түсіп,сонан- соң  одан бөлінеді.Тасбөлетін винтті вальцтар, саздардан тасты бөлуге және сазды өңдеуге негізделген.Тісті валкті ұсақтағыш сазды ұнтақтауға арналған.

 

 

Сазды материалдарды тазалау.

Сазды материалдарды илеу үшін әртүрлі торлар пайдаланады. Оның ішінде қарапайымы- барабан-тор.Барабан-тор құрғақ сазды ,шамотты, дайын камырды илеу үшін қолданады. Ол орталық вал және әртүрлі размерлі крестовинадан, оларға  алмалы-салмалы рамкісі бар каркас орнатылған. Осы рамкілерге  тор орнатылған.Өндіріс орындарын щаңдамау үшін барабандық торды герметикалық кожухқа аспирациялық құрылғымен байланыстырып орналастырады. Барабандық тордың өндірістілігі тордағы тесіктерге, мтериалдық ылғалдылығына, тордың размеріне байланысты.

Барабандық тордың өнімділігі 0,7-1,0 және 1,5 м3/сағ.Кептірілген ұнтақталған саздарды вибрациялық торда илейді.Струндық сито рама түрінде диаметрі 1,2-2 мм болатын сымдармен байланған.Вибрациялық сито жоғарғы өнімділігімен, аз ғана жаратылатын шығымымен сипатталады. Олар қазіргі заманның талаптарына сай болып келеді, п.ә.к. 90%-ке дейін болады.

 

№3  Өндіріс қалдықтарын қосымша шикізат түрінде пайдалану әдістері.

 

Алюминилі кендер- бокситтер, нефелиндер, алуниттер және басқаларды  – күрделі кешен түрінде қарастырамыз.Олар алюминий құрамдас кендер болып, халықшаруашылығында үлкен маңызы бар.Алюминийқұрамдас шикізаттардың құрамында әр түрлі бағалы компонентер болады.Бокситтердің құрамында галий, ванадий, фтор, фосфор, хром болса, ал нефелинде галийден басқа рубидий және цезий болады.

Қазіргі кезде алюминийқұрамдас шикізаттарды өңдеп, глинозем және басқа да өнімдер алу әдістері белгілі. Қазіргі глинозем өндірісінде, сілтілік әдіс қолданады.оларды Байер әдісі, балқыту әдісі және жинақталған (Байер паралельді балқыту және Байер тізбекті балқыту ) әдістер деп атайды.

Сілтілеу үрдісінде бокситтер құрамындағы галлий, ванадий, фтор және фосфор Байер бұтағының алюминатты ерітіндісіне негізгі мөлшері өтеді.Декомпозиция үрдісінде азғана дәрежеде алюминий гидроксидімен бірге фтор, фосфор және ванадий тұнбаға түседі, галийдің тұнбаға түсуі 50% құрайды. Аналық ерітіндіні буландырғанда сода бөлінеді, фтор қосылыстары концентрленеді, ал ерітінді кері болып , жаңа боксит порцияларының сілтілеуіне қатысады.Алюминатты ерітінді көп кері қолданғанда, оларда аз ғана қоспалардың көбеюі байқалады.глинозем өндірісінде үлкен мөлшерде алюминаттытүзілетін ескерсек, онда одан бағалы компоненттер алу актуалды болып отыр.

Өндірісте галий,ванадий және фосфор алу үшін, аналық және Байер бұтағының кері ерітінділері, ал фторды алу үшін – кері сода шикізат көзі болып отыр.Сілтілік ерітіндіден галлий алу үшін,галлама алюминийді цементтеу әдісі табылған.Галламдық әдіс металдық галлийді тікелей алюминатты ерітіндіден алуды көздейді. Аз элемент- қоспаларды алюминатты ерітіндіден алудың физико-химиялық негізгі үрдісін өңдеу, галий,ванадий, фтор, фосфор  және басқа элементтерді алу әдісі ,бокситтер мен нефелиндердің  жартылай өнімдерін өңдеп, глинозем алудың жаңа технологиялық әдістерін үсынады. Қалдықсыз глинозем өндірісіндегі алюминий шикізатты құрамды элемент- қоспаларды рациональды әдіспен бөлу маңызды мәселе болып отыр. Бокситтер мен нефелиндерде алюминий оксидтер мен гидроксидтерден басқа кремний, темір, кальций, натрий және калий қосылыстары негізгі компоненттер болып табылады. Галлий айтылған элементтермен бірге ерітіндіде және қатты өнімдерде болады.Глинозем өндірісінде бокситтер мен спектерді сілтілеу кезінде өндіріс өнімдермен бірге кремсіздендірген және алюминатты ерітіндіні ыдыратқанда галий аз мөлшерде болады.Осымен бірге галий ионының алюминиймен ,кремниймен, темірмен кальциймен және гидрохимиялық үрдістерде глиноземді алуда олардың  өндіріс өнімдерімен  жинапуын және шығымын жақсартады.

Бокситтер мен нефелинді шикізаттарды қайта өңдеу де жартылай өнімдерде қолданатын галийді ,алюминий галламасымен және сұйық галий катоды электролизімен алу әдісі өңделіп жатыр. Соңғы кезде галийді кері және аналық Байер бұтағының ерітіндісімен,содалық аналық поташты ерітінділерінен алу технологиясы өңделіп жатыр.Осы өңдеулер Павлодардағы алюминий өндірісіндегі галий алу цехында қолданып жатыр.

Бокситогорск глинозем заводында,Орал және Вольхов алюминий заводында галийді алу қондырғылары жұмыс істейді

 

№4 Алюминий сульфаты және оның өнімдері.

 

Алюминий сульфаты AL2(SO4)3 сусыз, ақ кристаллды зат, тығыздығы 2,71 г/см3.0оС-та ерігіштігі 31,2 г тең, 100 г суда 89 г ериді.Сулы ерітіндіден түссіз моноклинді кристаллдар

AL2(SO4)3*18H2O, тығыздығы 1,69 г/см3 және 86,5о С –та сусызданады.

Алюминийлі квасцтардың жалпы формуласы М2SO4*AL2(SO4)3*24H2O немесе MAL(SO4)2*12H2O.

Алюмо- аммонийлі квасцтар NH4AL(SO4)*12H2O- түссіз кристаллдар, тығыздығы 1,64 г/см3,

93,5о С-та ыдыраусыз балқиды. Балқытылған массаны 120оС-қа дейін қыздырғанда  10 молекулла су бөлініп шығады,ал 200оС-та толық сусыздану болады.0оС-та  ерігіштігі 2,6 г, 80оС-та 100 г суда NH4AL(SO4)*12H2O ерігіштігі 35,2 г.

Алюмо-калийлі квасцтар KAL(SO4)2*12Н2О – түссіз кристаллдар, тығыздығы 1,76 г/см3, 92оС-та  балқиды.0оС-та ерігіштігі -2,96, 20оС-та 5,75, 70оС-та 35,9, 90оС-та 109, 100оС-та -154г KAL(SO4)2 100г суда ериді.Сусыз алюминий калий сульфаты KAL(SO4)2 гигроскопиялық, ауада ұшады, тығыздығы 2,75 г/см3.

Алюмо-натрийлі квасцтар  NaAL(SO4)2*12H2O-түссіз кристаллдар ,тығыздығы 1,675 г/см3, 61оС-та балқиды.0оС-та NaAL(SO4)2-тың 100г судағы ерігіштігі -37,4 г, 20оС-та -40,8, 40оС-та 44,3 г .

Су құрамындағы кальций және бикарбонаттармен алюминий сульфаты әрекеттескенде, коагулянттық агент алюминий гидроксидін түзеді.Гидролиз нәтижесінде алюминий сульфатының  сулы ерітіндісінде алғашқыда аралық тұздар, одан-соң алюминий гидроксиді түзеді.

 

AL2(SO4)3+2Н2О= Al2(SO4)2(OH)2+ H2SO4

Al2(SO4)2(OH)2+2H2O= Al2(SO4)(OH)4+ H2SO4

Al2(SO4)(OH)4+ 2H2O= 2AL(OH)3+ H2SO4

AL2(SO4)3+2Н2О = 2AL(OH)3+ H2SO4

 

AL2(SO4)3-тың гидролизі 200-300оС-та (жоғарғы қысымда)жоғарғы температурада азғана жылдамдықпен  50%-тен аcпайды.15 г/л Na2SO4-ті қосқанда гидролиз біршама жылдамдайды.Алынған негізгі сульфатта 3%-ке дейін Na2O бар.Жоғарғы температура мен қысымда  негізгі сульфат құрам 3 AL2O3*4SO3*7H2O ,болады.

Алюминийдің негізгі қосылыстары суда тұрақты емес нақты немесе колоидты ерітінділер түзеді. Уақыт өте немесе жоғарғы температурада , ол ауыспалы құрамды тұнба түзіп ыдырайды.Негізгі алюминий сульфатының тұрақтылығы оның дайындау әдісіне байланысты болады. Тұрақты ерітінділер сулы әктас ерітіндісімен немесе әктасты қайнатып өңдегенде түзіледі.

AL2(SO4)3-тың қайнатқандағы алғашқы ыдырауы 530оС-та басталады.860оС-та бітіп, ыдырау өнімі Y-AL2O3 болады.Тотықсыздандыру орта 5-10% Fe2O3 және Cr2О3 қоспасын қосқанда үрдіс күшейеді. Басқа мәліметтер бойынша, алюминий сульфатының ыдырауы қайнатқанда келесі сатыларды жүреді.

 

610оС-қа    дейін          AL2(SO4)3=SO3 + AL2O(SO4)2

810оC  -та                          AL2O(SO4)2 = O2+ AL2O(SO3)2

910оC - та                           AL2O(SO3)2 = 2SO2 + AL2O3

Алюминий сульфатының термиялық ыдырауы алунитті өңдеуде қызығушылық тудырады.

Кристалдардың ақауынан және үлкен дисперстің әсерінен , осы кезде түзілетін глинозем жоғарғы активтілік және бірігу қасиетіне ие болады.

Қолдануы.

Алюминий сульфаты кең қолданатын коагулянт болып табылады.Өндірістік суларды және ішетін суларды тазалап өңдейтін, су тазалауда және басқа техника салаларында қолданады. AL2(SO4)3 –тың коагулянттық қасиеті , колоидты алюминий гидроксиді түзілуімен және негізгі сульфаттардың гидролиз нәтижесінде  түзілуімен сипатталады.

Коагуляция үрдісінде AL(OH)3 қоспасының колоидты бөлшектері  судағы AL(OH)3-мен бірігіп, ақ үлпілдек сілікпе ретінде бөлінеді. Химиялық өңдеуден кейін, суды сүзеді.

Күкірт қышқылды глинозем көп мөлшерде целлюлозды-қағаз өндірісінде , қағаздарды клейлеуде ; текстиль өндірісінде шыт,жүн және жібек маталарды бояуда, терілерді илеуде,ағашты-талшықты плиталарды өндірісінде, жасанды талшықтар өндірісінде қолданады.Алюмо-калийлі квасцтар ет, тері, текстиль өндірісінде, аз мөлшерде былғары және фармацевтикада қолданады. Алюмо*аммонийлі квасцтар синтетикалық корунд тасы өндірісінде қолданады.

 

№5 Коагулянттар өндірісі.

 

Тазаланбаған күкіртқышқылды алюминийді , қақталмаған ,бірақ кептірілген  каолинді қүқіртқышқылымен пісіру арқылы алады. AL2O3 –тың саздан сульфатқа айналу дәрежесі 70-80%-тен аспайды.Бұл әдістің мәні  каолинді күкіртқышылының көп мөлшерімен ыдыратып, AL2O3 –ті алу дәрежесі н жоғарылату және нефелинді қышқылдың көп мөлшерімен бейтараптандыру.Нефелинді қоспа ретінде каолинге қосу  нефелинді коагулянтты нефелиннің біреуінен алу өндірісінің негізі болып, саналады.Осы әдістермен алынған  тазаланбаған күкіртқышқылды алюминий  немесе коагулянттар- пісіруден кейін қатып, келесі өңдеуге келмейді.Оларда  шикізаттың барлық қоспасы және ерімейтін қоспалар болады.Тазаланған күкіртқышқылды алюминийді алу үшін, ерімейтін қоспалардан тазалайды, бұл өндірістік үрдісті күрделендіреді.

 

Тазаланбаған күкіртқышқылды алюминийді коалинен алу.

 

Бұрында тазаланбаған кұкіртқышқылды алюминийді күйдірілмеген каолинтті саздан,оны жалынды пеште 300-400оС-та кептіріп,алатын.Осы кезде химиялық байланысқан суды аз-аздап, бөледі.Кептірген соң, 50-80оС-қа дейін салқындатылған  коалинді пісіру қазанында  65-67 %-тік күкірт қышқылымен 105-110оС-та 6-8 сағатта ыдыратады. Қоспаны балқытқан соң ,құрамында  еркін 6-8%-тік күкірт қышқылы бар  толықтырғышқа түсіреді,еркін қышқылдың мөлшері 2-2,5 %-ке төмендейді., одан соң кристалды столға түсіреді. Кристалдық столда қоспа салқындату нәтижесінде,кристалданып,қатады.Одан соң,  ломның көмегімен кесектерді ұсақтап,салмағы 15-20 кг шамасында, қоймаға жібереді.1т тазаланбаған коалинді күкіртқышқылды алюминийден алу үшін: 0,42т коалин (ылғалдылығы 15%), 0,32 т күкірт қышқылы (100%),0,2-0,3 т бу және 6-6,2 квт.сағ. электрэнергиясы жұмсалды.

Күкіртқышқылды алюминийді кристаллизациялауды механизациялаудың әр түрлі әдістері ұсынылды.-қоспаны  қатқанша щаңдатып. Ішкі суытқышы бар айналатын барабанда кристалдап, сумен суытып, пластинкалық транспортерлер, конвейерлер қолданады.Қатқан глиноземді бөліп алу механизмінің рационалды әдісі,қатып қалған және суған өнімді кристаллизатордан оңай бөліп, белгілі құрылымды  глиноземді апу мүмкін болды.Бұл коалинді күкіртқышқылының артық мөлшерімен ыдыратып, одан соң нефелинмен ыдырату арқылы жүзеге асырылды.Коалинді кептіруді керек және өнімнің жетілуін керек ететін коалиннен тазаланбаған күкіртқышқылды алюминий алу үрдісі шығымы көп және аз интенсивті болып келеді.

Коалин және нефелин қоспасынан  немесе бір нефелиннен  алатын коагулянттар өндірісі рационалды болып келеді.

 

 

Тазаланбаған күкіртқышылды алюминийді каолиннен немесе нефелин ұнынан алу.

 

Бұл әдістің мәні, ылғалды табиғи каолинді күкіртқышқылдың көп мөлшерімен толық ыдыратып, аз уақыт ішінде қышқылдың көп мөлшерімен нефелин ұнымен  бейтараптандыру:

AL2O3*2SiO2*2H2O + 2H2SO4 = Al2(SO4)3 +5H2O +2SiO2

(NaK)2O*Al2O3*2SiO2+4H2SO4=(Na K)2SO4*AL2(SO4)3+4H2O+SiO2

Әрекеттескен қоспаның температурасын жоғарылату, қышқылдың коалинді суымен және  сумен әрекеттесу нәтижесінде, коалиннің толық және тез ыдырауына әкеледі. Нефелинді ыдыратқанда пайда болған квасцтар ,өнімнің тығыз берік қоспаға байланысып айналуына әкеледі.Нефелинді ұнның нейтрализацияға кеткен шығымы мен күкірт қышқылы қаншалықты көп болса, байланысу жылдамдығы мен массаның беріктігі соғұрлым жоғары болады.

Глиноземді бөліп алу дәрежесі ,ылғалды коалиннің сортына, концентрациясына, қышқылдың нормасына байланысты болады.Тазаланбаған күкіртқышқылды алюминийді коалиннен және нефелин ұнынан алғанда пісіру қазанына-араластырғышпен құрастырылған қорғасын цилиндр диабазалық футеровкасымен- 75-76 %-тіккүкірт қышқылын сұйылту үшін купорос майы мен суды құяды. Одан соң коалинді қосып, қоспаны 15-35 мин ішінде үздіксіз араластырып ,пісіреді.Температураны 100-110оС-та  қазанға өткір бу жіберу арқылы бірқалыпты ұстайды.Қоспаны пісірген соң, құрамында 4,5-7,5 % AL2O3 және 20-25 % еркін қышқылы бар ,сумен суылтып және казанға аз ғана бөлшекпен 15 мин ішінде(5-10кг) нефелин салады.Реакциялық қоспаны 2-3 мин араластырып, одан соң, байланысып қалмау үшін,тез кристалдық столға құяды.

AL2O3-тың күкіртқышқылды алюминийге коалиннен өту дәрежесі  65-75%,ал нефелиннен 90%-ті құрайды.Осы әдіспен 1т өнім алу үшін: 0,17 т коалин (ылғалдылығы 15%) ,0,18 т құрғақ нефелин ұңы (немесе коалинде және нефелинде 0,12 т AL2O3), 0,31 т күкірт қышқылы (100%), 0,21 т бу, 2,5 квт*сағ. электр энергиясы және 0,12 м3 су.

 

 

№6   Нефелинді коагулянт.Коагулянтты алу әдісі.

 

Нефелинді концентратты, сумен ары қарай сұйытылмаған  мұнаралық күкірт қышқылымен араластырғанда,қоспа тез қоюланып,оның құрамындағы су түзілген тұзбен қатты кристаллогидраттар түзеді.Бұл температураның қатты жоғарылауымен,будың белгілі мөлшері түзіліп,қоспаның кенеттен көлемінің көтеріліп, қатты борпылдақ қоспаға айналып, ұнтаққа тез айналады.Бұл өнім калиилі,натрийлі квасцтардың қоспасынан , SiO2 және басқа нефелиннің құрамындағы  және күкірт қышқылымен өңдегендегі қоспалардан тұрады, нефелинді коагулянт деп аталады.Оны тазаланбаған нефелинді коагулянт деп атауға да болады, өйткені тазаланған нефелинді коагулянт,  кремнийлі тұнбадан бөліп, кристаллизация ерітіндісінен алынған , квасцтардың қоспасы болып табылады.

Бастапқы қышқылдың концентрациясына, реакцияның температурасы, буланған судың мөлшері және коагулянттың қасиеті мен шығымы тәуелді болады.

Нефелинді 63-84,5 %-ті қышқылмен ыдыратқанда алған өнімде, алюминий бисульфаты  болады. Бұл күкірт қышқылының толық емес бейтараптануымен түсіндіріледі:

 

2(R2O*AL2O3*SiO2)+8H2SO4+8H2O= AL2(SO4)3*3H2SO4*12H2O+2RHSO4+SiO2+R2O*AL2O3*2SiO2

 

Коагулянтта гигроскопиялық қышқыл  тұздардың болуы, ауадағы ылғалды өзіне тартуынан пайда болады.Өнімнің ылғалдануы кезінде әрекеттеспеген нефелиннің ары қарай ыдырауы жүреді.Бұл үрдіс «жетілдіру» ауада жай 12 тәулік бойы, әрекеттеспеген нефелиннің коагулянт кристалдары дәнегімен қапталуынан болады. Кристалдардың суда еруінен үрдіістің ыдырауы ары қарай жүреді және салқын суда 1 сағат ішінде бітеді, ал ыстық суда- 5 мин.аралығында бітеді. Сондықтан, нефелиннің концентрациялы H2SO4( конц.63 % жоғары H2SO4) әрекеттесуінің баяулауы, сұйық фазада судың жетіспеушіліген болады.Үлкен жылдамдықпен нефелин 47-73% күкірт қышқылында ыдырайды.

Тазаланбаған нефелинді коагулянтты  нефелинді концентратты мұнаралық күкірт қышқылымен араластырғышы бар қазанда араластырып,және алынған пульпаны «жетілдіру» аппаратына құйып, қоюланғанша  ұстайды. Қатты қоспаны ұсақтайды.

 

Тазаланған күкіртқышқылды алюминийді  алу.

            Тазаланған күкіртқышқылды алюминий өндірісінде үрдісті алюминий гидроксидінде күкірт қышқылын еріту арқылы келесі әдіспен алады:

Реакциялық қазанға бір уақытта  алюминий гидроксидін, күкірт қышқылын, суды өнімдегі  құрамға 90% AL2(SO4)3*18H2O және 10% еркін суды стехиометриялық қатынаста алып,  түсіреді. Араластыруды өткір бумен, температураны 110-120оС-та бірқалыпта ұстап, 20-30 мин. кейін, еркін күкірт қышқылының реакциялық қоспадағы сынамасы 0,1 % болғанша  ұстап, аяқтайды.Реакциялық қоспаны , құрамында 13,5 -15 % AL2O3(AL2(SO4)3 түрінде), келесі кристаллизация үрдісін жылдамдату үшін, реакторда 95оС-та , одан ауа үрлеу арқылы 10 мин. аралығында суытады. Одан соң кристалды столға құяды. Балқыманың кристаллизациясы 50 мин.созылады, сонша уақыт ауданы 32-34 м2 болатын (сыйымдылығы 6т) кристаллизатордан өнімді алу жүреді.1т өнімге шығым : 0,142 т алюминий гидроксиді (AL2O3 –ке санағанда),және күкірт қышқылы (100 %).

Алюминий сульфатын коалиннен алу өндірісінің мәні мынада:ылғалды әдіспен алынған

каолинді 2-7 мм болатын бөлшектерге ұсақтады, 750-800оС-та күйдіреді, одан соң  циркуляцияланған реакторда күкірт қышқылының қабатымен кесектерін ,AL2O3 –ті сілтілеу үшін өңдейді.Үрдісті 70оС-та бастайды, ерітіндіден реакция жылдамдығын бөліп,одан соң температураны ,құрамында 13,5 % AL2O3 бар алюминий сульфатының кристаллды судағы балқу температурасынан жоғары  104-105оС-қа көтереді.Алынған өнімді насоспен реакторға  тасымалдап,одан кристаллды вальцтерге жібереді. Қабыршақты өнім құрамында 13,5 % AL2O3 бар, қоймаға жіберіледі.

1т күкіртқышқылды алюминийді құрамында (13,5 % AL2O3 ) алуға  0,6 т ылғалды байытылған(ылғалдылығы 15 %),және 0,43 т купорос майы жұмсалады.Реактордан алюминий сульфатының балқымасын құйып алған соң, сиштофта 40 %-ке шейін өнім қалады, оны үш қайтара жуып,алынған сулы ерітіндіні құрамында 6,3 % AL2O3, купорос майын сұйылтуға жібереді; алынған қышқыл концентрациясы 31 % H2SO4 реакторға жіберіледі.Жуылған сиштоф ,құрамында 0,4 % AL2O3, гидротранспортпен бөліп, судан арылтып,цемент өндірісіне жібереді.

 

Балқыту әдісі бойынша коалинді саздан және коалиннен алу.

Тазаланбаған күкіртқышқылды алюминийді немесе коагулянтты  ылғалды саздан алған жағдайларда AL2O3 –тің аз шығымы және өнімдегі жоғарғы қышқылдықтағы AL2O3-тің аз құрамы  болуы, саздың құрамында далалық шпаттың болуынан болады.Коагулянтты ылғалды саз бен күкірт қышқылымен  пісіру  әдісі, құрамында AL2O3-тің  көп мөлшері болатын коагулянт  және құрамында еркін күкірт қышқылы болмайтын жоғары шығымымен ерекшелінеді.

Осы әдіспен ылғалды сазды, 50-70 % мөлшерде алынған AL2O3, Fe2O3,CaO ,MgO Na2O,К2O күкірт қышқылды тұздарды байланыстыратын, 75%-тік күкірт қышқылымен араластырады.Араластыруды сазды ұнтақтағышта немесе шнек түріндегі аппараттарда жүргізеді. Одан соң, қоспаны 2-5 сағат айналдырғыш  300-500 оС-та пештерде қақтайды.

Құрамында 15 % R2О3 болатын шашыранды өнім алады.Осындай шашыранды 1 т өнімге төменгі сортты 1 т ылғалды саз (құрамында 20% AL2O3 және 15% Fe2O3) және 0,48 т күкірт қышқылы (100%) жұмсалады.

Сонымен қатар, пісіру әдісі күйдірілмеген төменгі сортты саздан коагулянт алуға мүмкіндік береді. Шнекте және айналмалы пеште үрдісті үздіксіз оңай жүргізіп, шашыранды және әртүрлі немесе еркін қышқылдығы мүлдем жоқ  өнім алуда, бұл тұтынушылар үшін ,мысалы қағаз өнеркәсібінде үлкен мәні бар. Осындай әдіспен коалиннен және ақ саздан алынған тазаланбаған коагулянт, қағаз өнеркәсібінде  қымбат күкіртқышқылды  алюминийді жартылай ауыстырады.

Жоғарғы әдіспен алынған спекті сілтілеуге болады, сүзгенде құрамында аз ғана мөлшерде темір және сілтілі металдардың сульфаттары болатын таза ерітінді алуға болады.Пеште

Fe2(SO4)3 –ті термиялық диссоцияланғанда, темірдің негізгі массасы темір тотығы түрінде кремнеземмен бірге шламға өтіп, сүзгенде бөліп, тасталады.

 

Күкіртқышқылды алюминийді бокситтен алу.

Бокситті ыдырату қышқылға төзімді плиткалармен немесе шыны тәрізді эмальмен футерленген қорғасын реакторда жүргізеді. Алғашқыда реакторға , 93 %-тік күкірт қышқылын шламды жудан қалған әлсіз ерітіндімен сұйылтып, қайнағанша қайнатады. Көпіршіктеніп кетпеу үшін, бокситті аз-аздап бөлшекпен реакторға салады. Пісіруді 135оС-та жүргізеді. Пісіруді кейін пульпаны  тұндырғыштарға жібереді, онда ерітіндіні ерімейтін қоспалардан бөледі.Ерітіндіні қатты өнім алғанша буландырады.

Соңғы жағдайда ,алюминий сульфаты алатын қондырғы  су тазалайтын жүйемен қосылған болса ,қатты ерітіндіні өңдеуге арналған  ерітіндіні алуда , стехиометриялық қатынастағы реагенттердің реакциясының журуі және реактордың көлемі аз болады.Ерітіндіге бокситті салғанда,93 %-тік күкірт қышқылын және суды  шамамен 1:2:1 қатынаста, іш ара қыздырмай 3 мин. араластырып, AL2O3-тің 92 %-тік шығымы болады.

 

 

№ 7  Квасцтар өндірісі

 

Алюмо-калийлі квасцтарды K2SO4*AL2(SO4)3*24H2O алу үшін, құрамында 8 % АL2О3 бар концентрацияланған ыстық ерітіндіге калий сульфатын қосып, 1 сағ. 80-90оС-та араластырады.Одан соң, кристаллизацияға жібереді, Кристалдарын сүзіп, сумен шаяды.Аналық ерітінді мен шаю суын,калий сульфатын қосудан бұрын, құрамында  1,1%  Fe2O3 темір сульфаты қоспада болғанша қайтардан,пайдаланады.Одан соң, алюминий сульфатын пісіруге қолданатын купоросты маймен сұйытылады.

Қазіргі кезде алюмо-калилі квасцтарды басқа әдіспен алады. Пульпадан алюминий гидроксиді мен күкірт қышқылынан тұратын алюминий сульфатының ерітіндісін  АL2(SO4)3-тің концентрациясы 29 % болғанша сұйылтып,стехиометриялық  мөлшері 15 %Na2SO4 және 25 % КСL болатын ерітіндімен араластырады. Соңғысы квасцтарды тұздау үшін  10% көп мөлшерде артады.,реакция нәтижесінде:

 

AL2(SO4)3 +2 KCL +Na2SO4 =2КАL(SО4)2+NаСL

 

Реакциялық қоспаны 70оС-қа дейін қыздырып, одан соң құрамында 18,5-19 % КАL(SО4)2 ,ерітіндіні фильтрпресстен өткізіп шламнан тазалап, вакуум-кристализаторға жібереді.Ерітіндінің температурасын  10оС-қа төмендетіп,құрамында 4 %болатын КАL(SO4)2 , қаныққан ерітінді түзіледі.Квасцтардың 86 % кристалданады.Одан пульпа  центрфугаға жіберіп,аналық ерітінді алюминий сульфаты өндірісіне қайтарылып, кристалдары дайын өнімнің бункеріне тасымалдайды.

Квасцтарды алуда, шикізат ретінде нефелинді қолданады. Нефелинді күкірт қышқылымен әрекеттестіргенде ,калийлі және натрийлі квасцтардың қоспасы түзіледі:

 

(K,Nа)2О* АL2О3*SіО2 +4Н2SО4+20Н2О=(К,Nа)2SО4 *АL2(SО4)3*24Н2О +2SіО2

 

Қайнап тұрған 40-50 %-тік күкірт қышқылына аздап,нефелинді себеді. Қоюлануына қарай сумен араластырады.Қышқыл толық бейтараптанған соң,ерітіндіні белгілі уақыт қайнатып, сумен тығыздығы 1,16 – 1,23г/см3 болғанша сұйытылып,кремний қышқылы шламынан сүзеді.

Одан соң ерітінді буландырып, лотоктарда кристаллдандырып,квасцтарға айналдырады.

Квасцтардың ерітінділерінен  90% алюминийді калилі квасцтар түрінде, натрийлі квасцтарды калий хлоридімен өңдеп, алады.

NаАL(SO4)2 + KCL= KAL(SO4)2 + NaCL

 

Құрамында темірі жоқ алюмо-аммонилі квасцтарды ,темірмен ластанған алюминий сульфаты ерітіндісінде аммоний сульфатымен тұндыру арқылы алуға болады. ұстайды. Алюминий сульфаты ерітіндісіне,алғашқыда аммоний бисульфаты құрамында 26 % SО2 бар ерітіндісін құяды,қоспаны 60-70оС-та қыздырып,осы температурада 30-40 мин. Сонымен қатар ерітіндідегі темір сульфатының тотығы темір шала тотығына тотықсызданады.Бұл тотықсыздануды жүзеге  асыру керектігі, темір сульфатының тотығы аммоний сульфатымен изоморфты алюмоаммонийлі квасцпен темір –аммонийлі квасцтар ерітіндісін түзіп, ерітіндімен бірге шығады.

Бисульфит аммониймен тотықсызданған алюминий сульфатының суытылған ерітіндісіне құрамында 20-25 % Al2(SO4)3 бар,концентрациясы 35% (NH4)2SO4 аммоний сульфаты ерітіндісін құяды.Алюмо-аммонийлі квасцтар толық тұндыру үшін 10-12 % аммоний сульфатының көп мөлшерін стехиометриялық мөлшеріне қатынасын алады:

 

AL2(SO4)3 + (NH4)2SO4 +24 H2O = AL2(SO4)3 * (NH4)2SO4 *24 H2O

 

Экзотермиялық реакция болғандықтан ерітіндіні 50-60оС-та қыздырады.

Одан соң 15-20о С-та квасцтарды шығымы жақсы болу үшін суытады.Бөліп алған квасцтарды жуып, кептіреді.

Бұл алюминий сульфатын өңдеу әдісі одан гидрототық,сонан соң алюминний оксидін алуда қызығушылық тудырады.Бұл жағдайда алюмо-аммонийлі квасцтарды екіншілей кристалдап,одан соң аммиактың сулы ерітіндісімен алюминий гидрототығы тұндыру үшін өңдеп, одан соң үрдіске қайтарады.

 

 

ХРОМ ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.

№8    Хром және оның қосылыстары өндірісіндегі шикізат.

 

Хром қосылыстары өндірісінде шикізат ретінде хромит және хромды темір – құрамында FeO*Cr2O3 минерал және Fe(CrO2)2, хром қышқылының ерімейтін тұзы болып табылады. Хромиттің құрамында 68% хром оксиді болады, бірақ олар сирек кездеседі.Табиғи минерал, әр түрдегі  хромшпинелидтің жалпы формуласы (Fe, Mg)O*(Cr,AL ,Fe)2O3. Оларды изоморфты қатты тұздардың ерітіндісі түрінде қарастыруға болады: Fe(CrO2)2,Fe(FeO2)2 ,Mg(CrO2),Mg(ALO2)2.

Хромшпинелидтен басқа кенде басқа жыныстардың да қоспасы болады(серпентин, тальк және т.б.) Cr2O3 –тің құрамы әдетте 35-57 %.Басқа компоненттердің құрамы: FeO+Fe2O3 15-25%, AL2O3

7-20%, MgO 5-18%, SiO2 3-8%, CaO 1-3%. Кедей кен, құрамында 35% -тен кем Cr2O3 бар, темір хромды деп аталады.

 Хром қосылыстары ішінде өндірістік мәні жоғары натрийлі және калийлі хром қышқылдарының тұздары, соның ішінде екі негізді хром қышқылының тұздары – хромпиктер- Na2Cr2O7*2H2O және K2Cr2O7, сонымен бірге хромдық квасцтар және негізгі хром сульфаты, хлорлы хром , хром тотығы және хромды ангидрид.

Хром оттегімен CrO,Cr2O3,CrO2,CrO3 жәнеCrO4,CrO5 тотығын түзеді. Соның ішінде CrO3 және Cr2O3 практикалық мәні жоғары.

Cr2O3 хром оксиді жасыл түсті, гекссагональды жүйеде кристалданады, тығыздығы 5,21 г/см3, 2435оС-та балқиды. Қақталған хрм ксиді суда ерімейді және қышқылдарда нашар ериді.Хром гидроксиді қышқылдарда үш валентті хром тұздары түзеді:

 

Cr(OH)3+2NaOH= Cr(ONa)3 +3H2O

 

Үш валентті хромның жасыл және күлгін қызыл тұздары, кристалдық пішіні және қасиеті комплексті құрылымның түзілуіне байланысты. Хлор хромының гексагидраты CrCl3*6H2O  екі құрылым –жасыл [CrCl2(H2O)4]Cl*2H2O және күлгін [Cr(H2O)6]Cl3. Сусыз хлорлы хром  қызыл- күлгін кристалдар (tбалқу 1152оС) хлор ағынында оңай ыдырайды. 350оС-та оттегімен әрекеттеседі.(СrСl2-404оC); сутекпен 514оС-та СrСl2-ге дейін тотықсызданады; жылытылған су буымен 350-450оС-та Cr2O3 және HСl айырылады.100г –да15оС-та  130 г  жасыл CrCl3*6H2O ерігіштігі  болады.Хром гидроксидінің күкірт қышқылындағы ерітіндісі, ерітіндіден қара-күлгін кристалл ,хром сульфаты Cr2(SO4)3*18H2O түрінде бөлінеді.Олар 80-85оС-та 10 молекула су бөліну арқылы балқиды;қалған 8 молекула су 110-115оС-та бөлінеді.

Хромдық квасцтар-үшвалентті қос тұздардың хром сульфаты және Na,K,NH4 сульфаттарының құрамы M2SO4*Cr2(SO4)3*24H2O.Температура жоғарылауымен квасцтардың судағы ерігіштігі кенеттен жоғарылайды.Олар қара-күлгін октаэдр түрінде кристалданады.Сулы ерітінділер күлгін түсті,қыздырғанда қос тұздардың диссоциялануына байланысты жасыл түске айналады.Ерітінділерді буландырғанда аморфты жасыл қоспа түзіледі.Калийлі квасцтар тығыздығы 1,84 г/см3, 89оС –та балқиды;1л қаныққан сулы ерітідіде 25оС-та 243,9 г K2SO4*Cr2(SO4)3*24H2O сульфаты болады.Аммоийлі квасцтар тығыздығы 1,72 г/см3, 100оС-та ыдырайды.100 г судағы ерігіштігі 25о С-та 21,2 г.

 

Қолданылуы.

Хром және оның қосылыстары өндірістің барлық саларында қолданады. Металлургиялық өндірісте, жоғарғы механикалық беріктілік, ыстыққа төзімді, корозияға төзімдіқасиетері бар, арнайы хромдық болаттар өндіріледі.Хром алюминийлі,кобальтті, титанды балқымалардың құрамына кіреді.

Хром тотығы металдық хром , хром карбиді,жарыққа, отқа, ауа оттегіне төзімді  шлифовальді паста және бояу алуда қолданады.Хром тотығы бейорганикалық синтезде және органикалық синтезде хромдық катализатор компоненті болып табылады.Металдық хром алуда соңғы кезде жартылай өнім ретінде хлорлы хром қолданады.

  Хромдық квасцтар, негізгі хром сульфаты, хромпиктер және хромның кейбір қосылыстары тері өндірісінде қолданады.

Хромпиктер хром краскалары өндірісінде – сары крон РbCrO4. сары крон PbCrO4*Pb(ОН)2. сары-қызғылт крон(орта және негізгі қорғасын хроматы тұздарының қоспасы), сары мырыш хром тұздарына шикізат болып табылады.

     Хромпиктер кейбір органикалық бояулар алуда және катализаторлар дайындауда қолданады.Хромпиктер майлар, сіріңке, қағаз өндірісінде, электротехникада, пиротехникада, және халықшаруашылығында қолданады. Хромпиктер арзан натрий бихроматын алуда қолданады.

 

Хром тұздары.

Хромдық квасцтар, ерітіндіде хром сульфаты мен натрий,калий және аммоний сульфаттарының қоспасы түзілгенде алуға болады. Квасцтарды феррохромды күкірт қышқылында ерітіп, одан темірді бөліп, ерітіндіге күкіртқышқылды сілтілік металдың сульфатын қосу арқылы алады.

Хромдық квасцтардың өндірісі хромпиктердің күкірт қышқылының сулы ерітіндісінде тотықсыздануына негізделген.Тотықсыздану органикалық заттармен жүзеге асады, олар толық тотығып, тотығу өнімдерінің қалдықтарымен ластамай, көмір қышқылына және суға айналады.Тотықсыздандырғыштар ретінде спирт, қант, қара және бидай ұны,ағаш ұнтағы, тас көмір смоласы, қолданады.

Квасцтар түзілу реакциясы жылу түзіліп жүреді.

 

2Na2Cr2O7+8H2SO4+40H2O+3C=2[Na2SO4*Cr2(SO4)3*24H2O]+3CO2

 

Аппаратқа құрамында 100-1200 г/л Na2Cr2O7 бар бихроматты щелок, одан соң 65-75%-ты күкірт қышқылын құяды.Қышқылдың мөлшерін үрдістің соңында, талдау массанына қарап коррекциялайды.Қышқылды құйған соң үздіксіз араластыра отырып, жайлап тотықсыздандырғышты(мысалы, таскөмір смоласын) қосады.Қоспа қызып, қатты көпіршіктеніп, СО2 газы бөлініп, көлемі көбейеді.Реакциялық қоспаны температурасы 60-65оС-тан аспау керек, өйткені қызған қоспа реактордан шыққан соң ,ұзақ суиды.Квасцтар 24 молекула сумен кристалданатын болғандықтан, қатты өнімді жай салқындату арқылы алуға болады. 1т 100%-ты хром- натрийлі квасцтар алу үшін, 0,3 т 100% - ты натрий бихроматы, 0,41 т 100%-ты күкірт қышқылы және 10 кг тотықсыздандырғыш жұмсалады.

Негізгі хром сульфаттарын, хромды квасцтар сияқты, натрий бихроматын органикалық заттармен немесе күкіртті ангидридпен тотықсыздандырады.

Тотықсыздандыру қышқылдық ерітіндіде органикалық заттармен жүргізеді.

8Na2Cr2O7+24H2SO4+C12H22O11=16Cr(OH)SO4+8Na2 Na2Cr2O7+12CO2+27H2O

Алынған ерітіндіні  концентрациясы 300г/л Cr2O3 қайнатып, одан соң суытады.Өнімде 30% Cr2O3 бар.Оның негізі үрдіске енгізген күкірт қышқылының мөлшеріне байланысты болады.

 Күкірт қос тотығымен натрий бихроматын тотықсыздандыру әдісі кеңірек қолданады.

 

Na2Cr2O7+3 SO2+2Н2О = 2Cr(OH)SO4+2Nа2SО4

 

Тотықсыздану реакциясы бойынша, еркін күкірт қышқылының болмауы және 33,3% негізді өнім алады.Өткір бумен күкіртті газды үрлегенде алған концентрациялы ерітіндіні, шашыратқыш кептіргіште кептіреді.

 

№9 Хромды сілтілеу, физико-химиялық негізі, тотықсыздандыру арқылы күйдіру.

 

Хромиттен, сода және доломиттен тұратын шихта көп компонентті жүйе. Оларда жоғарғы температурада газдық және сұйық фазадан басқа қатты фазалардың үлкен сандары болады, олардың құрамы күйдірудің режиміне байланысты болады.Сода қатысында хромитті тотықтырып, қақтау реакция теңдеуімен өрнектеледі:

 

4(FeO*Cr2O3)+8Na2CO3+7O2= 8Na2CrO4+2Fe2O3+8CO2

4(MgO*Cr2O3)+8Na2CO3+6O2=8Na2CrO4+4MgO+8CO2

 

Сонымен бірге, басқа да қосылыстар,ферриттер,алюминаттар,натрий силикаты және кальций хроматы түзіледі.

Шихтада еркін күйде хромшпинелид құрамында темір оксиді, Na2O,СаО,МgО әрекеттесіп феррит және алюмоферрит түзеді.

Na2O*Fe2O3+3Na2CO3+5O2=2Na4FeO4+3CO2

Сұйық фазада қақталған қоспада еріп, хром (111) тотықтырады; бұл тотықтырып күйдіруді сипаттайды,хромитті тотықтыруға жұмсалып, феррат оттекті газдық фазадан хромит дәндерінің жоғарғы жағынан оттекті тасымалдаушы болып табылады.

Cr(111) тотықтыру Cr(V1) тізбекті Cr (1V ) және Cr (V)-тен жүреді.Спекте натрий және кальций хроматы болуы, олардың шихтаның сұйық фазасында еріп, оттекті тасымалдауға қатысып, хромитті

(///)-ті хромат (1V )-ке шейін тотықтырып, одан соң газды оттекпен хромат V1-ға тотықтырады.

Хромиттен хромат түзілу эндотермиялық үрдіс болып табылады, жылудың көп мөлшерін керек етеді. Шихтаның қақталу температуралық деңгейі жоғары болған сайын, пештегі оттектің көп мөлшері тотықтыруды жылдамдатады.

 

 

Хромиттің содамен және кальций оксидімен әрекеттесуі.

Тотықтырып күйдіруді түтікті айналатын пеште 1100-1200оС температурада жүргізеді.

Натрий хроматы шихтаны төменгі температурада қыздырғанда-ақ  пайда болып, содамен эвтектикалық балқыма  құрамында 62,5% Na2CrO4 бар эвтектикалық балқыма түзеді. Na2CrO4- Na2CO3 жүйеде 655оС-та сұйық фаза пайда болады.Одан ары қарай реакциялық қоспаны  қыздырғанда ,сұйық фаза содамен байытылып, балқыманың құрамы алғашқыда эвтикалық нүктеден ликвидус сызығымен соданың балқу нүктесіне бағытталады.Жылдамдықтың жоғарылауымен бірге натрий хроматының түзілуі ,сұйық фазада соданы алмастыруымен жүреді.Сода тек негізгі реакцияға ғана емес, басқа да шихта компонентерінің реакциясына –ферритің, алюминатыңжәне натрий силикаттың түзілуіне, олар өз кезеңімен хромитпен, әктаспен әрекеттесіп,натрий хроматы және кальцийлі балқымайтын қосылыстар түзеді.1000оС-қа дейін натрий хроматының жылдамдығы соданың басқа тотықтармен(SiO2, AL2O3, Fе2O3) әрекеттесу жылдамдығынан жоғары болады.Соданың сұйық фазадан жоғалуына қарай, соданың жаңа мөлшерінің еруі жүреді.Осы үрдістердің нәтижесінде,қатты сода шихтаның сода балқу температурасына жетпей-ақ жоғалады.

Сұйық фазада кальций хроматының хроматта жақсы еритін кейбір мөлшері болады-1000оС-та натрий хроматында кальций хроматының ерігіштігі 80 %жетеді.Балқымада кальций хроматының аз ғана мөлшері ериді,еритін кальций иондары реакцияға түсіп, ерімейтін кальций қосылыстарын –силикаттар,ферриттер,алюминаттар түзуге әкеледі.Хромиттің құрамындағы қоспалар,хромиттің қалыпты тотығу дәрежесіне әсер етпейді. Егер қақталған шихта құрамында кальций тотығының мөлшері,қышқылдық тотықтарды байланыстыруға жететін болса, кремний, алюминий, темір тотықтарының болуынан, Cr2O3-тың тотығу дәрежесі азаймайды.Қоспалардың мөлшерінің көп болуы,өндіріс жағдайында хромитті шихтаны күйдіруді ұзартады, яғни қоспалар хромның тотығуына әсер етеді- Cr2O3-тың құрамын азайтады.

 

       Содалық-хромитті шихтадағы толықтырғыштар.

Шихтаның қатты құрамдас бөліктері , қақтау үрдісі кезінде сұйық фазамен жақсы суланады.Үстіңгі суланудан басқа, капилярлық күштер әсерінен, материалдардың бөлек бөліктері кеуектердің арасын толық толтырады.Әртүрлі күйдіру сатысында  0,15-0,35г балқыманың 1 г қатты затта қатты фаза ұстап тұрады.Реакциялық массаны пісіруден сақтау үшін, шихтаға жіңішке ұнтақталған заттардың (толықтырғыштар) мөлшерін, қатты бөлшектерде сұйық фазаның қабаты өте жұқа болғанша қосу керек. Компонентердің шынайы қатынасындағы хромитті шихтадағы сұйық пленка қатты бөлшектер  үсті қабаты 1 мкм –ден аспау керек.Бұл жағдайда шихта құрғақ, борпылдақ, жеңіл қозғалатын, піспейтін және үлкен газ өтетін қасиетке ие.Қоспалардың үстіңгі қабаты сұйық фазаның бөлігін ұстап және соңғысын қолдану реакциялық қақтау пешінде шихтаныжақсы араластыру жағдайында қамтамасыз етіледі.

Сондықтан, шихтаға толықтырғыштар қосу,бір жағынан , оң эффектке, бөлшектердің үстіңгі сұйық қабатын азайтады, екінші жағынан, теріс, хромиттің реакциялық үстіңгі сұйық фаза бөлігі қабатын жояды.Хромиттік кен мен толықтырғыштардың оптималды қатынасы,толықтырғыштарды қосудан пайдалы эффект максималды болады.Максималды тотығу шихтада 16,2-16,5 % Cr2O3 болғанда болады.Температура жоғарылаған сайын Cr2O3-тың концентрация диапазоны шихтада,кеңейеді.1200оС-та тотығу дәрежесі ,шихта құрамы 12-ден 19,5 % Cr2O3 бәріне бірдей.

 Мүмкін болатын толықтырғыштар-СаO,CaCO3,MgCO3,Fe2O3,AL2O3,SiO2.Осылардың ішінде ең жақсысы әкті (күйдірілген әк, әктас),жинақталғаннан, доломит және оның әктаспен қоспасы. Әктастың пайдалығы, кальций тотығы натрий тотығын шихта компоненттерден түзілген ферриттен, алюминаттан және натрий силикатынан бөледі;бөлінген натрий тотығы натрий хроматын түзеді, сондықтан шығымы көбейеді.

 

№ 9 Хроматты спекті сілтілеудің физико-химиялық негізі.

 

Қақталған шихтаны хроматты спекті сумен  өңдегенде – одан натрий, кальций, хроматы натрий алюминаты және соданың сілтіленген қатты ерітіндісі бөлінеді.Басқа қатты құрамдас бөлігі судың әсерінен шламда қалған немесе жүйе компонентерімен әрекеттесетін жаңа минералды фазаға айналады.Баяу гидратация және кальций силикаты гидролизі нәтижесінде кальций гидросиликаты және ерітіндіге кальций гидрототығы өтеді, ол СО3және Мg   иондарымен ерімейтін СаСО3 немесе Мg(ОН)2 түзеді.Бұл гидролизді жылдамдатады.Cумен әрекеттесіп, кальций алюминаты кальций гидроалюминатын және алюминий гидрототығын түзеді.Гидролиз нәтижесінде клинкерлі минералдар, алюмоферритер,суда еритін хроматтардың деградацияc кальций  гидрохромалюминатты 3Са*AL2O3*CaCrO4*12H2O түзілуімен жүреді.

 

4CaO*AL2O3*Fe2O3+Na2CrO4+16H2O=3CaO*Al2O3*CaCrO4*12H2O+2Fe(OH)3+2NaOH

 

Нәтижесінде шламда хромның жоғалуы аз мөлшерде, хроматты спекте 20 %-ке браунмиллерит болады.

Хром ангидрид азеритін қосылыстар түрінде жоғалмау үшін –негізгі хромит-хромат және кальций гидрохроматалюминаттын хроматты спектің суспензиясын сулы сілтілеу үрдісінде, көмір қышқылымен өңдейді.Суспензияны сатурациялау кезінде, СаСО3 және AL(OH)3 түзілуіне және хроматтың ерітіндіге өтуіне мүмкіндік береді.

 

Ca(OH)2+CO2=CaCO3+H2O

Na2O*AL2O3+CO2+3H2O=Na2CO3+2AL(OH)3

Ca(OH)2+Na2CO3=CaCO3+2NaOH

CaCrO4+Na2CO3=Na2CrO4+CaCO3

Сатурацияның алғашқы сатысында гидролиз нәтижесінде браунмиллерит және кальций алюминаты

кальций карбоалюминаты, кальций карбоалюминатын түзеді.

4CaO*AL2O3*Fe2O3+CO2+14H2O=3CaO*AL2O3*CaCO3*11H2O+2Fe(OH)3

Ары қарай сатурациялағанда, бұл қосылыстар көмір қышқылының әсерінен ыдырайды:

3CaO*Al2O3*6H2O+3CO2=3CaCO3+2Al(OH)3+3H2O

3CaO*Al2O3*CaCO3*11H2O+3CO2=4CaCO3+4Al(OH)3+8Н2О

Пайдалылығы, келесі хроматты пульпаны өңдеу сатыларында ,қосылыстардың гидролизі ерімейтін кальций гидрохромалюминаттын түзеді.

Көмір қышқылымен пульпаны өңдегендеі ерітіндіге хромды толык жою келесі үрдіске әкеледі

2OH+CO2=CO3+H2O

CaCrO4+CО3=CrO4+CaCO3

3CaO*Al2O3*CaCrO4*12H2O+Na2CO3+3CO2=Na2CrO4+2AL(OH)3+4CaCO3+9H2O

Хроматты спектердің құрамына кіретін минералдар гидролизі сатурации кезінде,құрамында хромы жоқ қосылыстар түзілу жағына бағытталды. Осы қосылыстарды шлам ретінде бөліп алған соң,монохроматты щелок алады.Хромның шламмен шығымын төмендету үшін, сілтілеуге қосқан натрий хроматына кері ерітіндісіне натрий метасиликатын қосады.

Хроматты спектің минералогиялық құрамы.

Хроматты спектің минералогиялық құрамы, шихтадағы соданың мөлшеріне, шихтаға доломитпен енген кальций оксидінің мөлшеріне, бастапқы кен құрамындағы AL2O3, Fe2O3 және басқа компоненттердің мөлшеріне байланысты болады.Спектің құрамы күйдірудің температурасына, қақталған қоспаның суыту жылдамдығына; тез суытқанда спекте метастабильді фаза болуы мүмкін.Осы себептерге байланысты,спектің минералогиялық құрамы біртекті болмайды.Спекте (35-40%) Na2CrO4-CaCrO4 қатты ерітінді құрамында 80% Na2CrO4.Құрамында тағы басқа қосылыстар: b-2CaO*SiO2 ,12CaO*7Al2O3, 2CaO* Fe2O3,4СaO*Al2O3*Fe2O3,таза немесе қатты ерітінділер түрінде болады. Спекте сонымен бірге хромшпинелидтер, кальций хромиты және натрий алюминаты, ыдырамаған кальций және натрий карбонаттары болады.Магний тотығының үлкен бөлігі спекте еркін күйде болады, 4CaO*AL2O3*Fe2O3 бірге 10% қатты ерітінді болады.Спекте сонымен бірге магнийлі браунмиллерит 4СaO*2MgO*Al2O3*Fe2O3 болуы мүмкін.

 

Хроматтардың бихроматтарға өту әдісі

Бұл үрдіс, өндірісте монохроматты щелокты «улау» деп атайды,күкірт қышқылымен жүргізеді:

 

2Na2CrO4+H2SO4=Na2Cr2O7+Na2SO4+H2O

Өндіріске жұмсалған 60% сода бағалы өнмге-натрий сульфатына өтеді, бұл әдістің кемшілігі осында.Сульфатта әдетте, 2-3 % хромпик болады; бұл хромның шығымынжоғарылатып және сульфатты қолдану үшін оны тазалау ды керек етеді.Хром ангидриді өндірісінде монохроматты щелокты улау натрий бисульфатымен жүргізеді.

Көмірқышқылмен улау әдісі .Бұл әдіс монохроматты щелокты көмір қышқылы қысыммен өңдеуге негізделген.Тұнбаға түскен натрий бихроматы

2Na2CrO4+2СО2+Н2О=Na2Cr2O7+2NaHCO3

Хромитті қақтауда соданың орнына қолданады.Көмір қышқыл газы күкірт қышқылына қарағанда,арзандау болғандықтан,бұл әдіс экономикалық жағынан тиімді.

Монохроматты щелокты плавикті қышқылмен улау ,хромпиктер өндірісін фторлы тұздар өндірісімен біріктіру көздейді.

2Na2CrO4+2HF=Na2Cr2O7+2NaF+2H2O

2Na2CrO4+NaAlO2+6HF=Na2Cr2O7+Na3AlF6+3H2O

Бұл жерде күкірт қышқылының шығымы хромпик және сода фторлы тұздар өндірісінде болмайды.Хроматты щелокты плавик қышқылымен немесе фторсутекті газбен түзілген қиын еритін натрий фторидін фильтрде сумен жуады.Оның құрамында 5-7 % NaCr2O7 болса, құрамында NAF Na2Cr2O7, динитрофенолдан, тұратын антисептик алуда қолданады.

Аммиакты-көмірқышқылды улау әдісі, аммиакты содалық әдіске ұқсас, монохроматты щелокты аммиакпен және көмірқышқыл газбен өңдеуге негізделген:

2Na2CrO4+2NH3+2CO2+2H2O= 2NaHCO3+(NH4)2CrO4+Na2CrO4

Хроматты ерітіндіні аммиакпен бір мезгілде регенерациялап, бихроматқа қайнату арқылы өткізеді:

(NH4)2CrO4+Na2CrO4=Na2Cr2O7+2NH3+H2O

Хроматтың бихроматқа өту дәрежесі 90-92 % құрайды және стандартты өнім алу щелокты күкірт қышқылымен қайта өңдеуде мүмкін болады.

Хроматтардың бихроматтарға өтуі электрохимиялық әдіспен алады, бұл кезде анодта оттек бөлінеді, катодта сутек бөлінеді:

2Н2О =2H+ОН    2CrO4+2H = Cr2O7+H2O

 

Натрий хроматтың  қаныққан ерітіндісінің ток бойынша шығымы, 15-25о С-та және 50-60оC –та ток бойынша шығымы 92-95 % болады.

Сонымен бірге улаудың хлорлы әдісі де өңделді.Хроматты ерітіндіні 70-80оС-та газды хлормен өңдеп, бихроматты ерітіндімен натрий хлораты түзіледі:

6Na2CrO4+3Cl2=3Na2Cr2O7+5NaCl+NaClO3

Тұздарды бөлу үшін олардың әртүрлі ерігіштігі қолданады.

Хлорлы әдіс электролиз әдісімен бірге жасауға болады:электролизде монохромат пен хлоридтің біріккен ерітіндісінде бихромат түзіледі, қосалқы өнім ретінде күйдіргіш сілті мен хлорат түзіледі.

Плавик қышқылымен улау әдісі экономикалық жағынан тиімді : ол ең жақсы еңбек өнімділігін және ең үлкен капиталдық қосуды , капиталдық шығымы аз болып, өнімнің арзандығына әкеледі.

 

Натрий бихроматы өндірісі.

Хромитті және доломитті ұсақтағыштарда 40-50 мм дейін  алғашқыда дөрекі ұсақтайды, ылғалды болса, барабанды кептіргіштерде түтінді газдармен  ылғалдылығы 1 %-ке дейін кептіреді. Одан соң оларды шарлы диірменде ұсақтайды.Доломиттен басқа, шихтаға электрфильтрмен ұсталған қақталған  пештерден шыққан, газдардың шаңын 10%шихтамен келген және ұсақтағыш механизмен, қолғапты фильтрмен ұсталған, сонымен бірге ары қарай өңделген қақталған спектен екінші фильтрациядан кейін алынған кептірілген шламды(15-20% доломитті шламмен ауыстырады) қосады.Хромит, сода және толықтырғыштарды шнектерде араластырады, одан соң екі валды күректі араластырғышта араластырады.

Хромитті шихтаны қақтау үшін барабанды айналатын пештер қолданады.Шихта пеш арқылы 3сағ.өтеді.

Шихтаға токқа қарсы шаң тәрізді көмір,немесе газдар, немесе мұнайды жағудан түзілген қыздырғыш газдар жүреді.Пешке ауамен бірге  жіберілетін оттегінің мөлшері, отын жағуға , хромитті тотығуға жету керек.

Қалдық газдарда 7,5 %О2 болу керек. Оттектің мөлшері  3 есе хром тотығын тотықтыруға кеткен стехиометриялық мөлшерден көп болу керек.Отын  тотығу дәрежесі натрий хроматының күкірттің қос тотығымен әрекеттесу нәтижесінде  азаймау үшін азкүкіртті  болу керек:

 

2Na2CrO4+2SO2=Cr2O3+2Na2SO4+5O2

Аз калориялық отынды қолдануда пешке ауаны жылытып қосады.Пештің төменгі бөлігінде 100-1200 оС аралығында температураны ұстайды;қалдық газдардың температурасы 500-750оС. Осы газдардың жылуы булық қазандарда, өндірістің басқа сатыларын бумен қамтамасыз етеді. Пештен газдармен бірге шығатын щаң, 250-300оС температурамен газ электрофильтрлерге жіберіліп, ұсталады.Электрофильтрден шыққан газ вентилятормен  түтінді мұнараға лақтырылып, сатураторға бөліп,қақталған шихтаны сілтілеуден шыққан  шламды карбонизациялауға жіберіледі.Газдың бір бөлігін ауаның ағынымен араластырып, пешке көмірлі щаңды жібереді.Пештік газды ауамен араластырып, пешке щаң тәрізді отынды жіберіп, жағу, пештегі температураны реттейді.

Бастапқы шихтада16-17,5 % Cr2O3 концентрациясы жалпы хромның қақталған қоспаның CrO3 санағанда 26-30 % болғанда ,Cr2O3 сулыеритін қосылыстарда 88-90 % болады.Пештен шыққан қақталған спек гранул,800-900 температурада,барабанды ауа холодильнигін өтіп, вальцті ұсақтағыштарда,ұсақталып, шарлы диірменге, хроматты спекті сілтілеу,ұнтақтаужүреді.Спекті сілтілеуге шламды фильтрде ыстықсумен шайылғанда алынған  әлсіз щелоктарды қолданады.Диірменде пульпа түзіледі, натрий монохроматы ерітіндісі сұйық фаза болып, табылады.Пульпаның температурасы 80-85о С.Пульпа диірменнен сатураторға түседі,онда көмір қышқылымен қанығады.

Пульпаның карбонизациясы құрамында 10-16 %СО2бар, қақталған пештен электрофильтрде тазаланған    түтінді газбен жүргізеді.Сатураторда көмір қышқыл газды қолдану 25-

35 %құрайды.Пульпаны барабанды вакуум фильтрде бөледі.Осы жерде алынған монохроматты щелок құрамында 230-270 г/л Na2Cr2O7 және 6-10г/л Na2CO3 бар. Шламды фильтрде екінші фильтрацияда 80оС-та жылытылған  ыстық сумен шаяды.Шайғанда әлсіз щелок алады,құрамында 80-85 г/л Na2CrO4,екінші фильтрациядан кейінгі шайғыш сумен араластырып,диірменде  ылғалды ұнтақталған қақталған шихтаны сілтілеуге қолданады.

 

 Хром тотығы өндірісі.

 

Хромпиктерді концентрациялы күкірт қышқылымен өңдеп,хром ангидридін алу әдісі қолданады:

 

Na2Cr2O7+2H2SO4=2CrO3+2NAHSO4+H2O

 

Араластырғышы және ішкі электрқыздырғышы бар, қорғасын реакторға натрий бихроматының балқымасын және 92-93 % –ті күкірт қышқылын қосады. Реакциялық қоспаны 1,5-2 сағ. Аралығында қыздырады, алғашқыда сулы буды бөлу нәтижесінде ,ол көпіршіктеніп, онымен бірге түзілген газдар –CL2 ,HCL, CrO2CL2 газы түзіледі; осы заттарды аулайтын қалдық газы, скрубберлерде сода ерітіндісімен шайылады. Көпіршіктеніп болған соң, қалған күкірт қышқылының мөлшерін қосып, реактордағы температураны 200оС-қа дейін жоғарылатады.Бұл натрий бисульфиді(186оС) мен хром ангидридінің(200оС) балқу температурасына байланысты болады.Қыздыруды 205оС-тан жоғары қыздырса, CrO3-тың оттекті бөліп,тез ыдырауына және Cr2O3 , CrO3 қосылыстары түзіледі.

 CrO3 түзілу реакциясы күрделі жүреді, өйткені Na2O-CrO3-SO3-H2O жүйесінде әр түрлі температурада ,Na2SO4 ,Na3H(SO4)2*H2O , Na3H(SO4)2 қосылыстары да түзілу мүмкін.Аз ғана мөлшерде , CrO3диссоция реакциясы және хром сульфатының түзілуі, оның қос қосылыстары натрий сульфаты мен күкірт қышқылы.Үш валентті хром қосылыстары реакция нәтижесінде түзіледі:

2Na2Cr2O7+10H2SO4=2Cr2(SO4)3+4NaHSO4+8H2O+3O2

4CrO3+6H2SO4=Cr2(SO4)3+6H2O+3O2

  1. Хром сульфаты күкірт қышқылымен сусыз қышқыл хром сульфаты 2Cr2(SO4)3*H2SO4, Cr2(SO4)3*H2SO4  және басқа , тұздар Na[Cr(SO4)2] және Na3[Cr(SO4)3] ,қышқыл тұздар хNa2SO4*jCr2(SO4)3*zH2SO4.

Реакция біткен соң, балқыманы ішкі қыздырғышы бар электрқыздырғышпен қамтылған тұндырғышқа құяды.Балқыған хром ангидриді мен натрий бисульфатының тығыздықтарының айырмасына байланысты және олардың болмаш ерігіштігінен, олар қабыршақтанады.Тұндырғыштың төменгі жағында жиналған сұйық хром ангидриді іштей сумен салқындатылатын барабандарға вальцтерге жіберіледі, олардың жоғарғы жағында ол қатып, қабыршақты өнім  ретінде пышақтармен алынады.Хромды ангидридті тұндырғыштардан құйып алған соң,натрий бисульфатын шығарады,оны натрий хроматын улау үшін қолданады.1т хром ангидридінен 1,5 т натрий бисульфатын алады. Ол 3,5 % CrO3, 2%Cr2O3 және титрленген 32-33% H2SO4 құрамында бар.

Алынған өнім құрамында 99% CrO3 бар. Хромды қолдану 96% құрайды.1т хромды ангидрид алуда: 1,52 т натрий бихроматы(67,1%CrO3) және 1,29т күкірт қышқылы ( 100%) жұмсалады.

 

№10   Хром құрамды шикізатты өңдеу әдісі.

 

Басқада шикізатты және хром құрамды өндіріс қалдықтарын өңдеу.

Химиялық өндіріске хромит кесекті кен түрінде, кедей кенді байытудан алынған концентрат түрінде қолданады.Кендердің қалыпты ылғалдылығы 5%, концентраттардың ылғалдылығы 8%.

Cr2O3 құрамына байланысты ,хромиттер келесі класстарға бөлінеді:

Өте жоғарғы хромды                     54 жоғары

Жоғары хромды                             50-54

Орташа хромды                              38—50

Төменгі хромды                              32-37

Байытылған                                      5-38

Хромдық кеннің құрамына талаптар, тұтынушылардың ұсынуымен ВТУ 142-61 регламенттелген.

Кен маркасы ДХ-1, ДХ-2, және ДХ-3 ферробалқыма жасауда қолданады, ДХ-4 және ДХ-5 –отқа төзімді материалдар жасауда, ДХ-6 химиялық өндіріске қолданады.

   Бай хромиттер электр пештерде  феррохром алу үшін балқытады.Феррохром алуда хромитті көміртегімен тотықсыздандырады:

FeCr2O4+C=Fe+CO+Cr2O3

Cr2O3+3C=2Cr+3CO

Тотықсыздандыру үрдісінде,Fe -Cr-C балқыманан басқа, хром карбидтері (Cr4C Cr7C3 Cr3C2) түзіледі.Хромиттерді кальций, магний, алюминий тотығымен пісіріп, хромитті немесе хроммагнезитті отқа төзімді материалдар алады.Осы отқа төзімділерді дайындау үшін, аз темірлі және азкремнийлі хромиттер құрамында 20%FeO және 7% SiO2 қолданады. Байланыстырушы ретінде глиноземді цемент ,құрамында біркальцийлі алюминат CaO*Al2O3 қолданады. Балқу температурасы-CaO*AL2O3 1600оС, CaO*Cr2O3- 2090оС.

Хром қосылыстары өндірісінде металургиялық өндірісте хромитті кендерден алынған феррохром –жартылай өнім, хромды болат алатын, феррохром өндірісінде және хромдық болат өндірісінің шлактары  шикізат болып табылады.Хромитті сілтілік ыдырату, тотығумен жүретін, алты валентті хромның еритін қосылыстарының жоғарғы шығымын алады.Хромиттен хроматтар және бихроматтар алады.;үш валентті хромды тотықсыздандыру аркылы алады.

Хром тұздары өндірісінде негізгі өнім ретінде натрий бихроматы болып табылады.

Оны алу үшін жіңішке ұсақталған хромитті сода және кальций тотығы, доломит немесе әктас түріндегі қоспамен  тотықтырып күйдіреді.Бұдан натрий монохроматы, қақталған шихтадан сілтіленген және қышқыл ерітіндісін қосқаннан натрий бихроматына өтеді.

 

Хром құрамды өндіріс қалдықтарын өңдеу.

Өндірісте хромитті  оттегімен қақтап,алты және үш валентті хром тұздарына өңдеу әдісі кеңірек қолданғанмен, одан басқа да  хромды кендерді өңдеу әдістертері қолданады.Хромитті ауадағы оттегімен сілтілеп қақтау ,тек құрамында кремнеземі аз жоғары сапалы кендерді қолданғанда ғана, экономикалық жағынан тиімді.

Төменгі сапалы хромит кендерін қышқылдық әдіспен өңдеудің әдісінің мәні келесідей:

Кеннің 75 мкм кем бөлшек өлшемін , 75 % күкірт қышқылында 140-150 оС-та CrO3 катализатор қатысында ерітіп, ұсақтайды.4 сағ. Ішінде кеннің ыдырау дәрежесі 90% құрайды. Түзілген жасыл түсті ерітіндіні сумен суылтып, ыдырамай қалған хромиттен және кремнеземнен  сүзіп, қосымша концентрациясы 45 г/л Cr2O3 болғанша сұйылтып, электрохимиялық тотығуға жібереді.Электролизді диафрагмасы және корғасын екі тотығы  бар , ток тығыздығы 2 а/дм2 және кернеуі 3,2 в моншада жүргізеді.Ерітіндінің тотығу дәрежесі 95%, ток бойынша шығымы 50-55% болады. Алынған қызыл түсті ерітіндіні концентрациясы 750 г/л SO4 болғанша, қыздырады. Сонымен бірге , ерітіндіден құрамында 85-90 % темір сульфаты және 60-80 % алюминий сульфаты бөлінеді.Сульфаттардан бөлген соң,фильтратты қайнау температурасы 150оС болатын концентрацияға шейін ,буландырады.Буландырған ерітіндіні суытып, одан CrO3 кристалданады.Сүзілген және жуылған өнім құрамында 95% CrO3 болады. Құрамында едәуір мөлшерде CrO3 және Н2SО4 болатын фильтратты, кенді ыдыратуға қайтарады.Сынамалық заводта  құрамында 37,7 %Cr2O3 ,12,5% FeO,26,8% Al2O3,18,8% MgO және 46%SiO2   кеннен хромды бөлу дәрежесі 75% құрайды.

 Кеуекті сорбенттерді хром және темір қосылыстарынан калий ферроцианидтің көмегімен бөлуге, тұндырғыш ретінде, ағашты активтелген көмірді сорбент ретінде қолданады.

 Кедей кендерінен қышқылдық әдіспен алынған хром ангидридін  тазаланбай , тұз илеу өнеркәсібінде, хроматтар, бихроматтар және бояу өндірісінде қолданады. Қайтара кристалдануда хромдауға арналған өнім алуға болады.

 Құрамында хромы бар өнімді ,қышқыл аммоний сульфаты көмегімен өңдеу ұсынылды.Cr2(SO4)3, (NH4)2SO4 және басқа  металл сульфаттары ерітіндіге өтеді.Ерітіндіден ерімейтін қалдықты  бөлген соң, аммиакпен бөлек металл гидрототығы мен Cr(OH)3 тұндырады.Соңғысын күкірт қышқылында Cr2(SO4)3 алу үшін, ерітеді. Cr(OН)3-ті фильтраттан бөліп алған соң, (NH4)2SO4 кристалдап, 370оС-та қыздырып, NH4НSO4 ауыстырып, үрдіске қайтарады.

Кеннен балқыту арқылы, феррохромнан металдық хром және үшвалентті хром қосылыстарын алуға болады.Феррохромды Na2CrO4  және CaCrO4-ке шихтада сода мен кальций оксидін белгілі бір дозада өңдеп,  алады. Шихтаға соданы шикізатта  хромның жарты бөлігі  натрий хроматы түзілетін мөлшерін қосады.Қалған хромның кальций хроматын байланысатын бөлігінен көп кальций тотығын қосады.Үрдісті жіңішке ұсалған феррохроммен, шихтаны феррохромның балқу температурасынан аспайтын температурада қақтап, жүргізеді.Күйдіру өнімінде бірдей молекулалық мөлшердегі Na2CrO4  және CaCrO4 болады.

Кальций хроматы және хромиты  металдық  хромды алюмо және силикатермиялық әдіспен алу өндірісінде алғашқы материал болып табылады.Анилинді –бояу өндірісінде  бихроматты тотықтырғыш ретінде кең колданады, өндіріс қалдықтары ретінде  құрамында хром сульфаты бар қышқыл фильтраттарды алады.Хром сульфаты ерітіндісінен екіхромды қышқылды электролиздеп,  регенирлеп,өндіріске күкірт қышқылы қоспасымен қайтарады.Электролизді диафрагмасы және қорғасын аноды бар моншада жүргізеді.Анодтың үстінде  оттегі тасымалдаушысы болып,қорғасын қос тотығы түзіледі.Анодта ток тығыздығы 120-300 а/м2 және температурасы 30-50оС-та электролизді жүргізеді.Моншадағы кернеу 3,5 в. Токтың шығымы 85-90 %.Анодтағы аз тығыздық пен катодтағы жоғарғы шығым  токтың жоғарғы шығымына әкеледі.Токтың шығымы катодта жоғарылауымен, тотықсыздану азаяды.1т хром тотығына 3400 квт.сағ.жұмсалады.