КІРІСПЕ.
«Глинозем және хром қосылыстарыеың
технологиясы » пәнінен зертханалық жұмыстарға
әдістемелік нұсқау берілген өнімнің алу
үрдісін практика жүзінде оқып үйренуге мүмкіндік
береді, глинозем және хром қосылыстарының технологиясын
экспериментальды оқып, өндірістік бақылау
әдістерін игеруге үйретеді.
Зертханалық
эксперименттерді орындауға
дағдыландыру және үрдістің технологиялық
көрсеткішін бағалау,химиялық технологияны
жаңартудың алдыңғы этапы болап табылады.
Зертханалық жұмыстар кезінде,
студент өзі әртүрлі химиялық және физико-химиялық
талдау әдістемелерін қолдана отырып, жасауы керек.Бұл
студенттің өздігінен нақты есептер шығаруға
және ғылыми ізденушілік жұмыстар жасауға
дағдыландырады.Зерханалық жұмыстардың жасау
әдістемелері өндірістік тәртіптерге сәйкес келеді.
Әдістемелік
нұсқаға «Глинозем және хром қосылыстары
технологиясы» курсының барлық мазмұнын қамтиды
және 6 зертханалық жұмыс кіреді. Әр зертханалық
жұмысқа:жұмыстың мақсаты және
тапсырмасы,қондырғының суреттемесі, үрдістің
жалпы сипатамасы,жұмыс істеу
және талдау әдістемесі, технологиялық
көрсеткіштердің есептеуі
және бақылау сұрақтары кіреді. Зертханалық
жұмысты 2-3 адам болып істейді.
Жұмыс
істеу алдында студент зертханалық
жұмыс істеуге рұқсат алады. Жұмыс істеп болған
соң, әрбір студент істеген жұмысын безендіріп, есеп беріп,
қорғайды.
Студенттер
кредитке байланысты 4-6 зертханалық жұмыс жасайды.
Әдістемелік нұсқа
жоғарғы оқу орындарының бітірушілеріне арналған «Бейорганикалық
заттардың химиялық технологиясы»
мамандығының негізгі талаптарына сай орындалған.
№1 Күкіртқышқылды алюминийді каолиннен алу.
Жұмыстың
мақсаты: Күкіртқышқылды
алюминийді каолиннен алу, глиноземдік
шикізатты талдау әдістерімен танысу.
1.1үістің сипаттамасы
Күкіртқышқылды
алюминийді алу өндірісінде шикізат ретінде табиғи материал саз
болып табылады.Сазды ыдырату күкірт қышқылымен жүреді,
нәтижесінде саздың құрамындағы алюминий оксиді
ериді:
АL2О3
+ 3Н2SО4 = AL2(SO4)3 + 3H2O
Күкіртқышқылды
алюминийді каолиннен ,түсті металлургия өндірісінде көп
мөлшерде өндірілетін алюминий гидрототығын
күкіртқышқылында ерітіп,алады.
Күкіртқышқылды
алюминийді немесе құрамдас коагулянттарды сазды материалдан –
нефелиннен,уртитадан, кианиттен (AL2O3*SiO2),
және жоғарыкремнийлі бокситтерден,көмірді
жаққаннан кейінгі күлден алады.
Негізгі
саздардың минералогиялық компонентері болып сулы алюмосиликаттар
болып табылады: каолинит AL2O3*2 SiO2*2H2O,галлуазит
AL2O3* SiO2*2H2O+ ad ,аллофан AL2O3*
SiO2+ ad пирофиллит AL2O3*4SiO2*4H2O,монтмориллонит
AL2O3*4SiO2*4H2O серицит К2О*3AL2O3*6SiO2*2H2O.
Кейбір саздар негізгі бөлігінде
слюдалық минералдардан түзілген .Саздарда далалық
шпаттар, кальцит, доломит,гипс, рутил, турмалин, глауконитжәне
басқа минералдар кездеседі,кей кезде бос саз диаспор немесе гиббсит,
ванадия қосылыстары және сирек металлдар кездеседі.
Каолинитті
саздар немесе каолиндер негізінде сулы алюмосиликаттардан және
кремнеземнен тұрады.Сулы алюмосиликаттардан каолин құрамында
негізінде кристаллдық немесе гель түрінде каолинит, диккит немесе
накрит құрамы AL2O3*2SiO2*2H2O,бірақ
рентгенографикалық сипатамасымен ерекшелінеді.Аз мөлшерде
галлуазит, аллофан, пирофиллит және монтмориллонит кездеседі.Кремнезем
каолинде негізінде кварц түрінде және опал, халцедон түрінде
кездеседі. Каолинде қоспалар далалық шпат, слюда,
құрамында темірі бар минералдар (лимонит,гематит,магнетит,сидерит),
сонымен бірге ильменит, рутил, кальцит, доломит,гипс және басқа.түрінде
болады..
Алюминий сульфаты өндірісінде қолданылатын шикізат
құрамында белгілі ғана мөлшерде глинозем болып,
қышқылдармен оңай ыдырауы керек. Осы талаптарды нефелинді
жыныстар және каолинитті жыныстар қанағаттандыру
керек.Бұл саздар құрамында 15-40% АL2O3,
55- 75 % SiO2,1-2 % Fе және 0,5-1 % Fe. Құрамында
30-40% AL2O3 бар сусыздандырған саздар
қолданады.
Бокситтердің
құрамында глинозем көп болғанмен қышқылдармен
ыдырауы қиын жүреді.
Қондырғылар,техникалық
құрал жабдықтар:
Кептіргіш
шкаф
Электр
плита
Эксикатор
Химиялық
ыдыс
Аналитикалық
таразы
1.2 Жұмыс істеу
әдістемесі.
Каолинді
кептіргіш шкафта 300-400оС-та кептіреді.Кептірген соң каолинді
50-80о С-қа дейін суытып, плитада 65-67% –тік күкірт
қышқылында 105-
110о С-та 6-8
сағат ыдыратады. Пісірген соң, құрамында 6-8 %-тік
күкірт қышқылы бар қоспаны,жетілдіргішке жібереді,онда
еркін күкірт қышқылы 2-2,5% –ке төмендейді. Одан
соң кристалдану столында суытады. Столда суыту нәтижесінде қоспа кристалданып, қатады.
Қатқан тұзды ұсақтайды.
Талдау әдістемелері.
1.3 Ылғалдылықты
анықтау.
100г
сынама бокситті размері 12*8 см, 1-2 мм-ге дейін ұсақтап, алюминийлі
ыдысқа қояды.
Бокситі
бар ыдысты техникалық таразыда
Бокситтің
ылғалдылығын кептіргенге дейінгі салмағынан кепкен
салмағын алып тастап,пайызбен көрсетеді.
1.4
Қақтағаннан кейінгі шығынды анықтау.
Егер муфель пеште қақтаса (1000оС),
алғашқыда 5 мин есікті
ашық ұстап, одан соң жауып 20 мин
қақтайды.Содан кейін муфельден тигельді алып, эксикаторға
ауыстырып, суыған соң өлшейді.
Каолинді қақтаған соң шығыны
келесі формуламен анықтайды:
х=а*100/g
а-қақтағаннан
кейінгісалмағы,г
g-сынамананың
салмағы,г
1.4 Титан тотығы мен жарты
тотықтардың қосындысын анықтау.
Жарты тотықтың қосындысын анықтау
әдісінің мәні,гидрототық түрінде темір, алюминий
және титанның тұздарының ерітінділері аммиактың
әсерінен тұнбаға түсуі.Қақтағанда
гидрототық тотыққа өтеді.
Жартылай
тотық пен титан тотығының қосындысын біліп, жеке темір және титан
оксидінің құрамын,бокситтің
құрамындағы алюминиий оксидін айырмасы арқылы табамыз.
Жартылай
тотық және титан оксидінің құрамын
аңықтау үшін, кремний оксидінен бөлінген фильтратты
қолдануға болады.
Кремний
оксидінен бөлінген фильтратты колбадан 100мл пипеткамен алып,
сыйымдылығы
300-500 мл болатын стаканға ауыстырамыз,оған 1 мл НNО3 (тығ.
1,4)құйып ,5 мин қайнатады.Бұдан соң, ерітіндіге
2-3 тамшы метил қызылды қосып, 10% NH4ОН
ерітіндісін тамшылап,аздап кызыл сары
түске енгенше қосады.
Одан
кейін фильтрге ауыстырмай стаканда
ыстық сумен жуады, сонан соң ыстық тұз
қышқылында ерітіп, қайтадан біріншідегідей жартылай
тотыққа тұңдырады.
Екіншілей алынған тұнбаны ыстық сумен
шайып, фильтрде хлор ионы жойылғанша жуады.Тұнбаны кептіріп,
қақтап, өлшейді.
Қақталған
тұнбаның салмағынан пайызбен өлшенген сынаманың
қатынасынан жартылай тотықтың құрамын табады.
1.5 Темір
тотығын анықтау.
Әдіс
темір (ІІІ) хлоридінің, қалайы хлоридімен (ІІ)
тотықсыздануына негізделген:
2FеСL3+ SnСL2= SnСL4+
2FеСL2
Қалайы
хлоридінің көп мөлшерін сүрмемен тотықтырып, сынап
хлоридіне дейін тотықсыздандырады.
SnСL2+ НgСL=Нg2СL2
+ SnСl4
Тотықсызданған темір (ІІ) хлоридін
0,1 н К2Сr2О7 ерітіндісімен дифениламин
көк түске енгенше титрлейді:
6FеСL2+ К2Сr2О7+14НСL=FеСL3+2КСL+2СrСL3+7Н2О
Түзілген
темір тотығының түссіздену үшін,ерітіндіге фосфор
қышқылының бірер мөлшерін қосамыз.
Сынаманың
Темір
оксиді еріп біткен соң, ерітіндіні сүзіп,оған
тамшылап,қалайы хлоридін құямыз.
Сары
ерітінді түссізденеді. Оған тағы 1-2 тамшы SnСL2 ерітіндісің
құямыз,тез суытып, 5мл қанықпаған НgСL2 және
10 мл күкірт және фосфор қышқылының қоспасын
құяды.(1 бөл. Н2SО4 (1:1) және 1 бөл.Н3РО4(1:1))
Ерітіндіні
150-200 мл-ге дейін сұйылтып, оған 5 -10 тамшы 1% күкірт
қышқылындағы дифениламиннің ерітіндісін
құйып, 0,1н К2Сr2О7 ерітіндісін жасыл
түске енгенше, қанық жасылға немесе қара
қоңырдан(бурый) көгілдір қызылға(фиолетовый) енгенше
титрлейді.
Fе2О3-тың
құрамын мына формуламен анықтайды:
Х Fе2О3=0.007984а*100/g
Бақылау сұрақтары.
1.
Күкіртқышқылды алюминийді каолиннен алу.
2.
Күкіртқышқылды алюминий өндірісіндегі шикізат,түрлері.
3. Каолиннің
құрамы.
4.
Талдау әдістемесі.
№ 2 КҮКІРТҚЫШҚЫЛДЫ АЛЮМИНИЙДІ БОКСИТТЕН АЛУ
Жұмыстың
мақсаты: Күкіртқышқылды алюминийді
бокситтен алу,глиноземді бокситтерден алу дәрежесін әртүрлі
жағдайларда анықтау.
4.1 Теориялық
мәліметтер.
Бокситтер
деп, бос күйнде құрамында глиноземі бар, гидраттанған
алюминий оксиді бар тау жыныстарын айтады.
Бокситтердің
келесі түрлері бар:
1.Нағыз бокситтер, құрамында 50%
глиноземі, Al 2О3 және конституциялық судан
басқа, Fe2O3, Si 2O3, TiO2 бар. SiO2: Al2O3-ке
қатынасы 0,1-ден көп емес.
2.Бокситтік жыныстар,құрамында глиноземмен бірге
(20% және одан көп)
кремнеземнің
көп мөлшері бар.Алюминий бұл жыныстарда глинозем және
силикат түрінде кездеседі.
3.Кальциттік бокситтер,құрамында көп
мөлшерде (35 %-ке дейін) кальций карбонаты және ( <5%) аз
кремний ,көп мөлшерде темір оксиді бар.
4.Темір бокситтер,құрамында глиноземнен
басқа көп мөлшерде темір оксиді және салыстырмалы аз
мөлшерде кремнезем бар. Оларға гематитті-гидраргиллитті бокситтер ,
Тихвин және Соколов кен орындарының бокситі, гематитті-диаспорлы
бокситтер және т.б.
Бокситтерге
мынандай талдау әдістемелерін: Аl2О3, H2О,
Fе2О3, ТіО2, SіО2, кей кезде СаО, Р2О5, S және СО2 талдаулар
жасайды.
Алюминий
глинозем түрінде де және силикат түрінде де, кенді
күкірт қышқылымен өңдегенде ерітіндіге
айналады.Глинозем диаспор түріндегісі күкірт қышқылында
ерімейді.
Кремнийлі
бокситтерде каолинит түрінде Аl2О2 ∙SіО2 ∙2Н2О, аллофан
SіО2
∙АL2О3∙nН2О, далалық
шпатты жыныстарда, кварцтың әр түрлі дисперсті күйінде
кездеседі.
Барлық
көрсетілген қосылыстар ,күкірт қышқылында
ерімейді, кварцтың ірі бөлшектері болмаса.
Темір
жыныстарда Fе2О3 гематит түрінде, гидрогематит Fе2О3*Cr2О3
және Fе3(РО4)2*5Н2О
немесе силикат түрінде кездеседі.
Темір
қосылыстары күкірт қышқылында ериді,хромит және
силикаттан басқа.
Титанды
қосылыстар- рутил ТіО2, сфен СаО*SіО2*ТіО2 және
басқалар концентрациялы күкірт қышқылында ериді.
Кальцийлі
бокситте – кальцит,доломит, гипс, силикат түрінде кездеседі.
Кальций
қосылыстары ,силикаттан басқа тұз қышқылында
ериді.
Бокситтің
ерітінді түрінде қыщқылмен айрылуы универсалды емес,тек
кейбір жағдайларда ғана қолданады.
Сондықтан
көп жағдайларда сыналатын материалды сода және поташпен
балқытадынемесе натрий пиросульфатымен.
Нағыз
бокситтерді талдауда ең алдымен сапалық құрамын анықтайды.
Егер
жыныс қышқылда айрылатын болса,онда сынамаға
күкіртқышқылды айрылу талдау әдісін қолданады.
Глиноземді алудың ылғалды сілтілі
әдісі.
Глиноземді ылғалды сілтілі
әдіспен алудың мәні,ұсақталған жынысты
сілтілі натр ерітіндісімен немесе кері сілтілі ерітіндімен өңдеу
болып табылады.
Нәтижесінде
боксит глиноземі натрдың мета
алюминаты түрінде түзіледі.
НАLO2 +
NаОН= NаАLО2+ Н2О
немесе
АL(ОН)3 +
NаОН= NаАLО2 +2Н2О
Шикізат
құрамындағы темір оксиді ерімей қалады. Сілтілі
натриймен кремнезем еритін натрий силикатын түзеді, ол натрий
алюминатымен әрекетесіп,ерімейтін натрий алюмосиликатына өтеді.
SіО2 + 2NаОН= Nа2SіО3
+ Н2О
2NаАLО2 + 2 Nа2SіО3
+4Н2О= Nа2О*АL2О3 *2SіО2*2Н2О
+ 4NаОН
Натрийалюмосиликатының
түзілген едәуір бөлігі, пульпаны келесі өңдеп,
оны сұйылтып және алюминатты ерітіндіні шламнан бөлгенде ,
оның 2/3 бөлігі ыдырайды.Бірақ оның қалған
бөлігі сілтілі натр мен глиноземнің едәуір бөлігін
байланыстырады.
1 т
өңделген шикізатқа есептегенде ,әрбір
кремнеземнің теориялық пайызы шикізатқа
Бірігу әдісімен бірге ол құрамында көп мөлшерде кремнеземі бар
шикізатты өңдеуде қолданылады.Глиноземнің шығымы
немесе глиноземді алу дәрежесі бокситті сілтілеу үрдісінде
көптеген факторларға байланысты және өндірістік жолмен
алынған глиноземнің теориялық алған шығымымен
өрнектеледі.Соңғысы сілтілеу кезінде бөліп алған
глинозем мен кремнеземнің құрамының қатынасымен
анықталады.
Бокситтерді
ашу деп, өндірістік жағдайда бокситтерді сілтілеу кезіндегі
глиноземді алу дәрежесі деп түсінеді.
Жақсы
ашылатын және нашар ашылатын бокситтер деп бөлінеді.
Біріншісіне,
сілтілеу кезінде глиноземнің алу дәрежесі теориялық мүмкін
болатын мәніне тең немесе жақын келеді.
Екіншісіне,
олардан глиноземді алу теориялық мәнінен төмен болатын
дәрежесіне тең болады.
Бокситтердің
ашылуы минералогиялық құрамына, құрылымына
және физикалық қасиеттеріне тәуелді болады.
Бокситтердің
ашылуының ең жақсысы глиноземнің гидраргилит
түрінде- АL2О3* Н2О бемиттік бокситтер
қиын балқиды және өте қиын ыдырайтын диаспорлы
бокситтер (АL2О3*Н2О түріндегі глиноземі
бар) жатады.
Глиноземнің
түрлілігі корунд деп аталады,балқымалы сілтілі натрмен 300оС
әрекетеседі.
Бокситтердің
ашылуы, олардың физикалық қасиеті мен құрылымына,
кристалдар өлшеміне,ерімейтін бөлшектердің
құрамында болуында,құрылымның қатпарлы
немесе берік болуына байланысты болады.
Сілтілеу
жылдамдығы алынған компоненттің қаныққан
немесе қанықпаған айырмасына немесе диффузиялық
кернеуіне байланысты болады.
Сонымен
бірге сілтілі натрдың концентрациясының көбеюімен және
температураның көтерілуі, ерітіндідегі глиноземнің тепе-теңдік концентрациясының
жоғарылауына және бокситтің ұсақтау
дәрежесінің жоғарылауына әкеледі
Сонымен
бірге сілтілеу жылдамдығына
диаспорлы бокситті алдын- ала
450-600оС пісірген және 2-3 кальций оксидінің
қоспасы әсер етеді.
Қондырғылар
мен техникалық құрал жабдықтар:
Кептіргіш
шкаф
Электр
плита
Эксикатор
Химиялық
ыдыс
Бунзен
сүзгісі
Техникалық
және аналитикалық таразылар
4.2 Күкіртқышқылды
алюминийді бокситтен алу тәртібі.
Құмды
моншаға фарфорлы тигельді
орнатады.Тигельге есептелген
мөлшерде күкірт қышқылын құйып, 135оС-та
қыздырады.Оған аз-аздап берілген мөлшердегі (46,5г) бокситті
араластыра отырып, салады. 3 мин пісіреді.Тұндырып, одан соң Бунзен
сүзгісінде сүзеді. Фильтратты талдау әдістемелерінде
қолданады.Өнімді 18 %Al2(SO4)3 алғанша ,буландырады. Кептірілген
өнімді таразыда өлшейді.
4.3 Талдаудың орындалу
әдісі
Кремний тотығын анықтау.
Кремний тотығын гематитті-гидраргиллитті бокситтерде
келесі әдістеме арқылы анықтайды:
Буландырудың соңында күкірт
ангидридінің буы бөліне бастайды, бұл темірдің
толық ерігендігін көрсетеді.
Одан кейін стакандағы сынаманы суытады.Суытылған
ерітіндіні 100-150 мл сумен араластырады, содан кейін жақсылап шыны
таяқшамен араластыра отырып,1 сағ. қайнатуға жеткізбей
қыздырады.Ерітінді ыстықтай сүзіп, сыйымдылығы 500 мл
колбаға құяды. Фильтрде қалған
қалдықты бірнеше рет ыстық сумен жуады, одан соң
өлшенген фарфор тигельде қақтайды.
Бокситтегі кремний оксидінің құрамын мына
формуламен анықтайды:
Х SіО2=а*100/g
мұнда
а- кремний оксидінің салмағы, г
g-сынама, г.
Гематиті-диаспорлы
және бемитті бокситтерде (Солтүстік –Орал және
Оңтүстік Орал кен орындарының) кремний оксидін
анықтағанда бокситті калий сульфатымен қақтайды.
Балқытуды
платиналық тигельде жүргізеді,(немесе платиналық
ыдыста)оған шамамен
Содан
соң тигельді сумен жуып, ыдыстан алады.Ерітіндіні құм моншада
SО3 газы буы бөлінгенше
буландырады, ары қарай талдау әдістемесін SіО2 әдісімен
талдайды.
Бақылау
сұрақтары:
1.Күкіртқышқылды
алюминийді бокситтен алу.
2.Глиноземді алудың ылғалды сілтілік
әдісі.
3.Бокситтердегеніміз не?
4.Оның түрлері.
5.Бокситтердің ашылуы.
6.Әдістеме
нұсқасы.
№ 3
АЛЮМИНИЙ ТОТЫҒЫН АЛУ
Жұмыстың
мақсаты-
алюминий тотығын алу жағдайын
үйрену және оның сапасын тексеруде жаңа әдістерді
қолдану жолын үйрену.
3.1 Алюминий тотығын алудың ілімдік негіздерін
үйрену.
Сусыз алюминий тотығын әртүрлі
модефикациялы ,олар бір-бірінен кристалдық торының
құрылысымен , яғни осының нәтижесіндегі
химиялық қасиеттерімен ерекшелінеді. Технологтар үшін
ең қасиеттісі
γ-
Al2O3(α-
глинозем) және
-Al2O3(
- глинозем).
- Al2O3
корунд деген атпен танымал , ол табиғатта кездеседі немесе жасанды жолмен
алынады. Корунд механикалық жылдамдылығымен және
химиялық тұрақтылығымен
ерекшелінеді; ол ылғал сіңіргіш емес , тығыздығы
3900-4000 кг/м3.
-Al2O3
табиғатта кездеспейді , ол гидраргиллитті және билитті 400-9500С-та
күйдіру нәтижесінде алынған өнім.
-Al2O3
-Al2O3-ке
өтеді. Модификация ылғал сіңіргіштігімен ерекшелінеді
және қышқылдарда , сілтілерде оңай ериді.
-Al2O3
тығыздығы 3500-3700 кг/м3.
Байер
бойынша сілтілік ( ылғал) әдіспен алу.
Байер
әдісі 1869-1892 жылы ашылды . Кари Иосив Байер бұл әдісте екі негізді қолданды:
боксит құрамындағы глиноземды ерітіндіге күйдіргіш
натрмен руданы өңдеу арқылы өткізеді:
Al2O3
n H2O =Na2O + Al2O3 + (n+1) H2O
Және
алюминикатты ерітіндіні өздігінен гидролизге түсіру , яғни
Al(OH)3 тұнбаға түсіру:
Na2O Al2O3
4H2O =2Al(OH)3 + 2NaOH
Алюминий
гидрооксидін күйдіріп өнім алынады.2250С –та алюминий
гидроксиді біртіндеп сусызданып , бемит түзіледі.
2 Al(OH)3 =
Al2O3 H2O + 2H2O
Гидраргеллит
бемит
-Al2O3-ке
өтеді , ал 12000С қа дейін күйдіргенде
-формаға
өтеді. 12000С
-AI2O3
-AI2O3-ке 300-4000С-та
өтіп қояды,мұның өзі өнімнің
ылғал сіңірмеуіне мүмкіндік береді.
AI2O3 қасиеті.
Молекулалық
салмағы 101,95 тең,ақ ұнтақ
,тығыздығы 3,5-4,1г/см3 (кристалдық формасына
байланысты).Балқу температурасы 29800С тең.Суды
өзіне қатты сіңіреді.AI2O3
салынған түтік арқылы өткен ылғал ауа 200С-та
0,003мг/л H2O құрайды.Алюминий тотығының
қышқылдағы ерігіштігі алыну температурасына
байланысты.қатты күйдірілген алюминий оксиді бейорганикалық
қышқылдарда іс жүзінде ерімейді.Ерітіндіге
майдаланып,балқыма түрінде калий гидрооксидімен өтуі
мүмкін.
Жұмыстың
орындалу тәртібі.
Алюминий
тотығын жоғары температурада алюмо аммоний квасцтарын ыдырату
арқылы алады:
2NH4Al(SO4)2
=Al2O3+ 2NH3 +4SO3 +H2O
Алюмоаммоний
кварц (т.т.а.) фарфор табақшасында 100-2000С-та
кристалдық судан ажырату үшін қыздырады.Алынған затты
майдалайды, тигельге салып алдымен 8000С-та сонан соң 4
сағат 1250-13000С-та күйдіреді. Ең жақсысы түтікшелі
электр пешінде күйдіруді өткізу.Шығуы: берілген
салмақтың 10%-ін құрайды.
Қажетті жағдайды тура
орындаған жағдайда т.т.а. квалификациялы реактив алуға
болады.
Егер күйдіруді 10000С-та
өткізсе , таза емес зат алынады.Оның құрамында 2-2,5%
SO4-2 ионы кездеседі. Алюминий оксиді сонымен қатар алюминий (III)
гидрооксиді реактивін 850-9000С-та 3 сағат ішінде алынады.8500С-та
Al(SO3)3 9H2O су буының атмосферасында күйдірілсе жоғары
дисперсті
- модификациялы Al2O3 (гексогональды жүйе) алынады, ал 10000С-та
гексогональді жүйеден кубты жүйеге
-Al2O3 өтеді.
3.2
Алюминийді талдау
Комплексометриялық
әдіс.Әдіс
алюминийді жанама талдауға негізделген. Кедергі келтіретін
қоспаларды трилон Б артық мөлшерде қосу арқылы
жояды, мырыш тұзының ерітіндісімен кері титрлеп артық
қосылған трилон Б ерітіндісін жояды.Бұл ерітіндіге натрий
фторидін қосса алюминий комплекстен бөлініп 11NaF 4AlF3
трилон Б түрінде тұнбаға түседі, бұл
қосылыс алюминий құрамына эквивалентті бөлінеді, екінші
рет мырыш тұзымен рН =5,2-5,8 кезінде титрлейді.Титрлеуге кеткен цинк
тұзының ерітінді мөлшері бойынша алюминий құрамын
анықтайды.
Реактивтер:
Азот
қышқылы, тығыздығы 1,40
Фтор сутек
қышқылы
Күкірт
қышқылы , тығыздығы 1,84
Күкірт қышқылы,
1:1 ерітіндісі
Тұз
қышқылы , 1:1 ерітіндісі
Аммоний
нитраты
Натрий фториді
Фенолфталейн,
0,1% ерітіндісі
Трилон Б ,
0,05М ерітіндісі
рН =5,2-5,8
буфер ерітіндісі (15%-тік натрий ацетаты
ерітіндісін 17 мл тұз қышқылы
Ксиленді-сарғыш
индикатор ,ерітінді
Мырыш нитраты,
0,05М ерітіндісі
Алюминий
тұзының типтік ерітіндісі: 2г алюминийді 50-60 мл тұз
қышқылында (1:1 ) ерітеді. Ерітіндіні 1мл-лік өлшемді
колбаға ауыстырып, белгіге дейін сумен толтырады.1мл ерітінді
құрамында 2мг алюминий болады.
3.3 Талдау жолы.
Бейтараптандырудан кейін 20-30 мл
рН=5,2-5,8 тең буфер ерітіндісін қосады, 2-3 мин қайнатып,
ағынды суда тез суытады, 10мл ксиленді сарғыш қосып , 0,05М
трилон Б артық мөлшерін мырыш тұзының ерітіндісімен сары
түстен көкшіл түске өткенше титрлейді.Сонан соң
2г натрий фторидін қосып, 2-3 мин қайнатады. Бұл
жағдайда ақ криолит тұнбаға түседі, ерітінді
қайта сарғыш түс алады.Ерітіндіні тез суытады, босаған
трилон Б-ны мырыш тұзының
ерітіндісімен көкшіл түске дейін титрлейді.
Алюминий құрамын мырыш
нитраты бойынша , екінші титр бойынша анықтайды:
%. Al2O3
= (V T 100 1.89 )/a
Мұндағы
, Т- мырыш ерітіндісінің алюминий бойынша титрі,
V- 0,05М мырыш ерітіндісін титрлеуге кеткен
мөлшері, мл
а-сынама салмағы
, г
1,89- алюминий есептеу
саны.
Бақылау
сұрақтары.
1.Алюминийқұрамдас
шикізаттарды ата.
2.Алюминий
сульфаты және оның өнімдері.
3.Алюминий
тотығын алу.
4.Алюминий
тотығының талдау әдістері.
№ 4 Алюмо-калилі квасцтар алу.
Жұмыстың
мақсаты: Алюмо-калилі квасцтарды алу, квасцтарды
талдау әдістерімен танысу.
4.1 Теориялық
мағлұматтар.
Алюмо-калилі
квасцтарды алу үшін, құрамында 8 % АL2О3
бар концентрацияланған ыстық ерітіндіге калий сульфатын
қосып, 1 сағ. 80-
90о С-та араластырады.Одан соң,кристаллизацияға
жібереді, Кристалдарын сүзіп, сумен шаяды.Аналық ерітінді мен шаю
суын,қайтардан калий сульфатын қосудан бұрын
құрамында 1,1% Fe2O3 темір сульфаты
қоспасында болғанша пайдаланады.Одан соң, алюминий сульфатын
пісіруге қолданатын купоросты маймен сұйытылады.
Қазіргі кезде
алюмо-калилі квасцтарды басқа әдіспен алады. Пульпадан алюминий
гидроксиді мен күкірт қышқылынан тұратын алюминий
сульфатының ерітіндісін АL2(SO4)3-тің
концентрациясы 29 % болғанша сұйылтып,стехиометриялық мөлшері 15 % Na2SO4
және 25 % КСL болатын ерітіндімен араластырады. Соңғысы
квасцтарды тұздау үшін 10%
көп мөлшерде артады.,реакция нәтижесінде:
AL2(SO4)3
+2 KCL +Na2SO4 =2КАL(SО4)2+NаСL
Реакциялық қоспаны 70С-қа дейін
қыздырып, одан соң құрамында 18,5-
19 % КАL(SО4)2 ,ерітіндіні
фильтрпресстен өткізіп шламнан тазалап, вакуум-кристализаторға
жібереді.Ерітіндінің температурасын
10оС-қа төмендетіп,құрамында 4 %болатын
КАL(SO4)2 , қаныққан ерітінді
түзіледі.Квасцтардың 86 % кристалданады.Одан пульпа центрфугаға жіберіліп,аналық
ерітінді алюминий сульфаты өндірісіне қайтарылып, кристалдары дайын
өнімнің бункеріне тасымалданады.
Квасцтарды алуда
шикізат ретінде нефелинді қолданады. Нефелинді күкірт
қышқылымен әрекеттестіргенде ,калийлі және натрийлі
квасцтардың қоспасы түзіледі:
(K,Nа)2О* АL2О3*SіО2 +4Н2SО4+20Н2О=(К,Nа)2SО4 *АL2(SО4)3*24Н2О +2SіО2
Қайнап
тұрған 40-50 %-тік күкірт қышқылына
аздап,нефелинді себеді. Қоюлануына қарай сумен
араластырады.Қышқыл толық бейтараптанған соң
,ерітіндіні белгілі уақыт қайнатып, сумен тығыздығы
1,16 – 1,23г/см3 болғанша сұйытылып,кремний
қышқылы шламынан сүзеді.
Одан соң ерітінді буландырып, лотоктарда
кристаллдандырып,квасцтарға айналдырады.
Квасцтардың
ерітінділерінен 90% алюминийді калилі
квасцтар түрінде натрийлі квасцтарды калий хлоридімен өңдеп,
алады.
NаАL(SO4)2 + KCL= KAL(SO4)2
+ NaCL
Қондырғылар
мен техникалық құрал жабдықтар:
Кептіргіш
шкаф
Электр
плита
Эксикатор
Химиялық
ыдыс
Бунзен
сүзгісі
Техникалық
және аналитикалық таразылар
4.2
Жұмыс істеу әдістемесі.
40% күкіртқышқылын стаканда 70оС-та электр плитада
қайнатады. Қайнаған 40%
күкірт қышқылына ,аздап нефелин ұнтағын себеді.
Ерітінді қоюланғанша сумен сұйылтылады.
Қышқыл толық бейтараптанған соң , ерітіндіні біраз қайнатып, сұйытылдырады.
Одан соң, сүзгі қағазын дайындап, сүзгішпен
сүзеді.Кремний қышқылы – шламынан тазартады. Сонан соң
, плитада 140оС-та ,ерітіндіні буландырып, эксикаторда суытады.
Суытылған тұз толық
кристалданып, квасцтарға айналады.
4.3 Талдау жолы.
Бейтараптандырудан кейін 20-30 мл
рН=5,2-5,8 тең буфер ерітіндісін қосады, 2-3 мин қайнатып,
ағынды суда тез суытады, 10мл ксиленді сарғыш қосып , 0,05М
трилон Б артық мөлшерін мырыш тұзының ерітіндісімен
сары түстен көкшіл түске өткенше титрлейді.Сонан
соң 2г натрий фторидін қосып, 2-3 мин қайнатады. Бұл
жағдайда ақ криолит тұнбаға түседі, ерітінді
қайта сарғыш түс алады.Ерітіндіні тез суытады, босаған
трилон Б-ны
мырыш тұзының
ерітіндісімен көкшіл түске дейін титрлейді.
Алюминий құрамын мырыш
нитраты бойынша , екінші титр бойынша анықтайды:
%. Al2O3
= (V T 100 1.89 )/a
Мұндағы
, Т- мырыш ерітіндісінің алюминий бойынша титрі,
V- 0,05М мырыш ерітіндісін титрлеуге кеткен
мөлшері, мл
а-сынама салмағы
, г
1,89- алюминий есептеу
саны.
4.4 Бақылау
сұрақтары.
1.
Алюмо-калилі квасцтардың құрамы.
2.
Өндірісте
алюмо-калилі квасцтарды алу жолдары.
3.
Нефелин
ұнынан алмо-калилі квасцтарды алу жолдары.
4.
Квасцтар
өндірісі.Негізгі шикізаттары.
5.
Талдау әдістемелері.
№ 5 АЛЮМО-АММОНИЛІ КВАСЦТАР АЛУ
Жұмыстың
мақсаты: Алюмо-аммонилі квасцтар алу, квасцтарды
талдау әдістемелерімен танысу.
5.1
Теориялық мағлұматтар.
Құрамында темірі жоқ алюмо-аммонилі
квасцтарды ,темірмен ластанған алюминий сульфаты ерітіндісінде оларды
аммоний сульфатымен тұндыру арқылы алуға болады. Алюминий
сульфаты ерітіндісіне,алғашқыда аммоний бисульфаты
құрамында 26 % SО2 бар ерітіндісін
құяды,қоспаны 60-70о С-та қыздырып,осы
температурада 30-40 мин. ұстайды.Сонымен қатар ерітіндідегі темір
сульфатының тотығы темір шала тотығына
тотықсызданады.Бұл тотықсыздануды жүзеге асыру керектігі, темір сульфатының
тотығы аммоний сульфатымен изоморфты алюмоамманийлі кваспен темір
–аммонийлі квасцтар ерітіндімен бірге шығып ,түзіледі.
Бисульфит аммониймен тотықсызданған алюминий
сульфатының суытылған ерітіндісіне құрамында 20-25 % Al2(SO4)3
бар,концентрациясы 35% (NH4)2SO4 аммоний сульфаты
ерітіндісін құяды.Алюмо-аммонийлі квасцтар толық
тұндыру үшін 10-12 % аммоний сульфатының көп
мөлшерін стехиометриялық мөлшеріне қатынасын алады:
AL2(SO4)3 + (NH4)2SO4
+24 H2O = AL2(SO4)3 * (NH4)2SO4
*24 H2O
Экзотермиялық реакция болғандықтан
ерітіндіні 50-60оС-та қыздырады.
Одан соң 15-20о С-та квасцтарды
шығымы жақсы болу үшін суытады.Бөліп алған
квасцтарды жуып, кептіреді.
Бұл алюминий сульфатын өңдеу әдісі
одан гидрототық,сонан соң алюминний оксидін алуда
қызығушылық тудырады.Бұл жағдайда алюмо-аммонийлі
касцтарды екіншілей кристалдап,одан соң аммиактың сулы ерітіндісімен
алюминий гидрототығы тұндыру үшін өңдеп, одан
соң түзілген аммоний сульфатын үрдіске қайтарылады.
Қондырғылар
мен техникалық құрал жабдықтар:
Кептіргіш
шкаф
Электр
плита
Эксикатор
Химиялық
ыдыс
Бунзен
сүзгісі
Техникалық
және аналитикалық таразылар
5.2 Алюмо-аммонилі
квасцтарды алу әдістемесі.
Алюминий сульфаты
ерітіндісін тигельге құйып, оған алғашқыда
аммоний бисульфатын аздап қосады. Плитада қоспаны 60-70о С-та
қыздырады.Осы температурада 30-40 мин. араластырып,қайнатады. Одан
соң ерітіндіні эксикаторда суытады. Суытылған ерітіндіге
концентрациясы 35 % аммоний сульфатын қосады. Қоспа 50-60о С-қа шейін
қызады. Қоспаны 15-20о С-та суытады. Квасцтар
кристалдары түзіледі. Кристалдарын
бөліп,шайып,кептіреді.Алынған өнімді таразыда өлшейді.
5.3 Темір тотығын анықтау.
Әдіс
темір (ІІІ) хлоридінің, қалайы хлоридімен (ІІ)
тотықсыздануына негізделген:
2FеСL3+ SnСL2= SnСL4+
2FеСL2
Қалайы
хлоридінің көп мөлшерін сүрмемен тотықтырып, сынап
хлоридіне дейін тотықсыздандырады.
SnСL2+ НgСL=Нg2СL2
+ SnСl4
Тотықсызданған темір (ІІ) хлоридін
0,1 н К2Сr2О7 ерітіндісімен дифениламин
көк түске енгенше титрлейді:
6FеСL2+ К2Сr2О7+14НСL=FеСL3+2КСL+2СrСL3+7Н2О
Түзілген
темір тотығының түссіздену үшін,ерітіндіге фосфор
қышқылының бірер мөлшерін қосамыз.
Сынаманың
Темір
оксиді еріп біткен соң, ерітіндіні сүзіп,оған
тамшылап,қалайы хлоридін құямыз.
Сары
ерітінді түссізденеді. Оған тағы 1-2 тамшы SnСL2
ерітіндісің құямыз,тез суытып, 5мл
қанықпаған НgСL2 және 10 мл күкірт
және фосфор қышқылының қоспасын
құяды.(1 бөл. Н2SО4 (1:1)
және 1 бөл.Н3РО4(1:1))
Ерітіндіні
150-200 мл-ге дейін сұйылтып, оған 5 -10 тамшы 1% күкірт
қышқылындағы дифениламиннің ерітіндісін
құйып, 0,1н К2Сr2О7 ерітіндісін
жасыл түске енгенше, қанық жасылға немесе қара
қоңырдан(бурый) көгілдір қызылға(фиолетовый)
енгенше титрлейді.
Fе2О3-тың
құрамын мына формуламен анықтайды:
ХFе2О3=0.007984а*100/g
5.4
Алюминийді талдау
Комплексометриялық
әдіс.Әдіс
алюминийді жанама талдауға негізделген. Кедергі келтіретін
қоспаларды трилон Б артық мөлшерде қосу арқылы
жояды, мырыш тұзының ерітіндісімен кері титрлеп артық
қосылған трилон Б ерітіндісін жояды.Бұл ерітіндіге натрий
фторидін қосса алюминий комплекстен бөлініп 11NaF 4AlF3
трилон Б түрінде тұнбаға түседі, бұл
қосылыс алюминий құрамына эквивалентті бөлінеді, екінші
рет мырыш тұзымен рН =5,2-5,8 кезінде титрлейді.Титрлеуге кеткен цинк
тұзының ерітінді мөлшері бойынша алюминий құрамын
анықтайды.
Реактивтер:
Азот
қышқылы, тығыздығы 1,40
Фтор сутек
қышқылы
Күкірт
қышқылы , тығыздығы 1,84
Күкірт
қышқылы, 1:1 ерітіндісі
Тұз
қышқылы , 1:1 ерітіндісі
Аммоний
нитраты
Натрий фториді
Фенолфталейн,
0,1% ерітіндісі
Трилон Б ,
0,05М ерітіндісі
рН =5,2-5,8
буфер ерітіндісі (15%-тік натрий ацетаты
ерітіндісін 17 мл тұз қышқылы
Ксиленді-сарғыш
индикатор ,ерітінді
Мырыш нитраты,
0,05М ерітіндісі
Алюминий
тұзының типтік ерітіндісі: 2г алюминийді 50-60 мл тұз
қышқылында (1:1 ) ерітеді. Ерітіндіні 1мл-лік өлшемді
колбаға ауыстырып, белгіге дейін сумен толтырады.1мл ерітінді
құрамында 2мг алюминий болады.
5.5. Талдау жолы.
Бейтараптандырудан кейін 20-30 мл
рН=5,2-5,8 тең буфер ерітіндісін қосады, 2-3 мин қайнатып,
ағынды суда тез суытады, 10мл ксиленді сарғыш қосып , 0,05М
трилон Б артық мөлшерін мырыш тұзының ерітіндісімен
сары түстен көкшіл түске өткенше титрлейді.Сонан
соң 2г натрий фторидін қосып, 2-3 мин қайнатады. Бұл
жағдайда ақ криолит тұнбаға түседі, ерітінді
қайта сарғыш түс алады.Ерітіндіні тез суытады, босаған
трилон Б-ны мырыш тұзының
ерітіндісімен көкшіл түске дейін титрлейді.
Алюминий құрамын мырыш
нитраты бойынша , екінші титр бойынша анықтайды:
%. Al2O3 = (V T
100 1.89 )/a
Мұндағы
, Т- мырыш ерітіндісінің алюминий бойынша титрі,
V- 0,05М мырыш ерітіндісін титрлеуге кеткен
мөлшері, мл
а-сынама салмағы
, г
Бақылау сұрақтары:
1.Квасцтар өндірісі.
2.Квасцтарды алу жолдары.
3.Негізгі шикізаттары.
4.Талдау әдістемелері.
№ 6 Натрий бихроматын хроматтан алу.
Жұмыстың
мақсаты: Натрий хроматынан кристалдық бихроматты алу және шығымын
есептеу,өнімдегі хромды анықтау.
6.1
Теориялық мағлұматтар.
Өндірістік
жағдайда, натрий бихроматын монохроматты щелоктан
алады.(Құрамында 435-485 г/л Na2СrО4) Осы
мақсатпен хроматты щелокты 73-77 % күкірт қышқылымен
өңдейді. Монохроматтың бихроматқа айналуы
ерітінділердегі иондардың аралығындағы тепе-теңдікке
негізделген:
2СrО4
+ 2НСrО4 =Сr2О7 +Н2О
Ерітіндіге
қышқылды қосқанда, сутек ионы тепе-теңдікті Сr2О7
бихромат ионының түзілу жағына
ығысады.Монохроматты щелоктың күкірт
қышқылының эквимолекулярлық мөлшерімен
өңдейді, реакция бойынша:
2NаСrО4
+ Н2SО4 =Nа2Сr2О7 +Nа2SО4
+ Н2О
Хроматтың
бихроматқа өту дәрежесі бірге тең, яғни
алынған ерітіндіде құрамында бихромат және натрий
сульфаты бар (ластайтын қоспаны санамағанда)
Натрий
сульфатының ерігіштігі концентрленген бихромат ерітінділерінде
азаяды.Сондықтан буландыру кезінде алынған бихромат щелогынан
Nа2SО4 кристалданады.Натрий сульфатын фильтрде бөліп, ал бихромат
ерітіндісін 1400-1500 г/л Nа2СrО4 дейін буландырып және қосымша
бөлінген Nа2SО4 қоспалардан тұндырып, суытуға
және кристалдануға жібереді. 83 С төмен температурада ерітіндіден
Nа2СrО7*2Н2О дигидраты моноклинді призма немесе жіңшке ине түрінде
кристалданады. Бихроматты щелокты конц. 88% Nа2Сr2О7 дейін жеткізіп
буландырғанда, оны суытып,ол толық қатып, алынған
өнімді «балқытылған» натрий бихроматы деп атайды.
Қондырғылар
мен техникалық құрал жабдықтар:
Кептіргіш
шкаф
Электр
плита
Эксикатор
Химиялық
ыдыс
Құм
монша
Араластырғыш
Техникалық
және аналитикалық таразылар
6.2
Жұмыс істеу әдістемесі.
Концентрациясы
450 г/л Nа2SО4 ерітіндісінен 400-500 мл ерітінді дайындайды.Ерітіндіні мойы
кең емес плоскодонды колбаға және оған бюреткамен
стехеом.есептелген мөлшері 73-77 % күкірт қышқылын
құяды.Бюретканың төменгі бөлігін колбаның
мойын жағына жіберіп,күкірт қышқылын жайлап, аз
мөлшерде сұйықтықты шайқап араластырады.
Натрий
бихроматынан хромат алу үрдісі экзотермиялық
болғандықтан,сұйық қатты қызады.
Қышқылмен өңдеген соң ерітіндінің
түсі сары түстен қызғылт түске айналады.
Алынған бихромат щелогын фарфор ыдысқа құйып,
құм моншаға орналастырып, араластырғышпен араластырып
буландырады.Буландыру үрдісінде натрий сульфаты
кристалданады.Сұйық көлемі үш есе азайғанда
,буландыруды тоқтатып, ыстық щелокты тесік шыны сүзгішке
құйып сүзеді. Сүзілген щелокты фарфор ыдысқа
қайтардан құйып буландырады, концентрациясын қайнау
температурасы бойынша бақылайды. Ол үшін штативке термометрді
орнатып, қайнап жатқан сұйықтықты қояды.
Ерітіндінің концентрациясы 1400-1500г/л Nа2SО4 жеткенде, қайнау
температурасы 1200С-қа дейін көтеріледі.Буландыруды
тоқтатып,бөлме температурасына дейін ерітіндіні суытады.
Түзілген Nа2Сr2О7*2Н2О кристаллын аналық ерітіндіден
тазалайды,ыдыстан оны жайлап құйып, кептіргіш шкафта 75С-тан
төмен емес температурада кептіреді.Алынған өнімді
техникалық таразыда өлшеп,шығымын анықтайды
Талдау
әдістемелері
6.3 Колориметриялық
әдіс
Күйдіргіш
натр мен селитраны балқыту
Майда
ұсақталған жыныстың сынамасын (0,2-
Сілтіленген
соң ерітінді марганец қосылыстарына жасыл түске боялса,онда
қайнатудан бұрын оған бірнеше тамшы спирт қосылады.
Ерітінді алдын-ала күйдіргіш сілтімен шайылған қағаз
сүзгімен сүзіп,сүзеді.Қалдықты
сұйытылған сода ерітіндісімен шаяды.
6.4 Хромды
анықтаудың пермагантты әдісі.
Әдіс
алты валентті хромды титрленген темірдің шала тотығымен
тотықсыздандыруға негізделген.; соңғысын калий
перманганаты ерітіндісінің артық мөлшерімен титрлейді.
Cr2J7
+ 6Fe +14 H = 2 Cr + 6 Fe +7 H2O
MnO7+5Fe +8H= Mn
+5Fe +4H2O
Ерітіндіні
дайындау: Кен ді балқыту немесе пісіру әдісімен
балқытады.Балқыманы сумен сілтілейді.
Қатардағы
талдауларда, су беріктігін сүзбейді,тура жұмыста сүзу
қажет етіледі. Егер сынама натрий пероксидімен балқытылса,онда,
сілтілік ерітіндіні 1 сағат бойында пероксидтің көп мөлшерін
ыдырату үшін қайнатады, қышқылдық ерітіндіде түзілетін сутек пероксидін
хроматқа тотықсыздандырады.Натрий пероксидінің ыдырауы ерітіндіні
көмір қышқылын қанықтырып,тездетеді.
Ерітінді
күкірт қышқылымен сары түстен қызғылт-сары
түске енгенше (1:2)бейтараптандырады (хроматтың бихроматқа
өтуі),одан соң сол концентрациядағы 15-20 мл күкірт қышқылын
қосады.
Хромның
аз мөлшерінде ерітіндіні 500 мл сумен суылтады,өйткені
концентрленген ерітінділерде түстің өзгерісін байқау
қиын.
6.5 Хромды
анықтаудың көлемдік әдісі.
Ерітіндіге
бюреткадан 0,2н Мор тұзының ерітіндісінің измурудты-жасыл
түске енгенше құяды.(ерітіндінің сары түсі
жойылғанша)
Мор тұзының көп
мөлшерін 0.1 н KMnO4 ерітіндісімен қызыл көгілдір түске
немесе көк-көгілдір түске хромның құрамына
байланысты титрлейді.
Хромды титрлеуді қышқылдаған
соң бірден титрлейді,өйткені қышқыл ерітіндіде хром
қышқылы сутек пероксидінің толық бұзылмаған
бөлігімен тотықсыздануы
мүмкін.
6.6 Анализдің нәтижесін есептеу.
Хромның
пайыздық құрамын есептеу үшін, әрекеттесетін Мор
тұзы мен калий перманганаты ерітіндісінің қатынасын
құрау керек.
Ол
үшін бюреткадан 10-15 мл Мор тұзы ерітіндісін сыйымдылығы
50-100 мл стаканға өлшеп, құйып, 0.1н KMnO4
ерітіндісімен солғын қызыл түске енгенше титрлейді.
3-4
анықтағанның орташа мөлшерін алады. Әрекеттесуші
ерітінділердің көлемдерінің қатынасын калий
перманганатының ерітіндісінің мөлшерінің
қатынасымен есептейді, титрлеуге кеткен (V) , Мор тұзы ерітіндісіне
кеткен мөлшеріне (V1)
қатынасы:
K=V/V1;
Хромның
пайыздық құрамын мына теңдеумен анықтайды:
%Cr=
(Vk- V1)T Cr*100/a;
Мұнда V- алты валентті хромды
тотықсыздандыруға кеткен мор тұзы ерітіндісінің
көлемі, мл;
V1 –
Мор тұзының көп мөлшеріне титрлеуге кеткен калий
перманганатының ерітіндісі, мл;
К-
Әрекеттесуші Мор тұзы мен калий перманганаты ерітіндісінің
қатынасы;
ТСr-
хром бойынша калий перманганаты ерітіндісінің титрі.
А-
сынама,г;
Техника
қауіпсіздігі
1.Студеттер
зертханалық жұмысқа тек арнайы киіммен жіберіледі.
2.Ыдыстарды хром қоспасымен жуғанда, хром қоспасын
алған ыдысқа қайтып жинайды, хром қоспасын раквинаға төгуге болмайды.
3. Заттарды химиялық ыдыста қыздырған
кезде келесі бөлімдерді еске алу қажет:
1000С–тан жоғары
емес температураға дейін қыздыру үшін су моншасын қолданады
1000С–тан жоғары
температураға дейін –
майлы
2000С–тан жоғары
температураға дейін –
құмды
4. Ашық отта шыны ыдысты қыздыруға
қатаң ТЫЙЫМ салынады
5. Қыздыру кезінде қолмен ыстық ыдысты ұстауға қатаң
ТЫЙЫМ салынады
6. Лабораторияда жұмыс істеп болған соң, сіз қолыңызды жуып және аузыңызды шаюыңыз қажет.
7. Зертханалық ыдыстарды орнына жинап, жұмыс орнын ретке келтіру
керек.
Бақылау
сұрақтары:
1.Хром
және хром қосылыстары.
2.Хром
қосылыстары өндірісіндегі шикізат.
3. Хром тұздары.
4.Хроматтар
мен бихроматтар өндірісі,алу технологиясы.
5. Талдау әдістемелері.
Қолданылған
әдебиеттер
1.
М.Е.Позин.Технология
минеральных солей.4-ое изд. ч.1и2-Л.: Химия, 1974.-1556 с.
2.
Кувшинников
И.М. Минеральные удобрения и соли. -М.: Химия, 1987.-256с.
3.
С.А.
Крашенининников.Технология соды.-М.: Химия,1988.-285с.
4.
В.Я.Абрамов,Т.Д.Стельнов,И.В.Николаев.Физико-химические
основы комплексной переработки алюминатного сырья. – М.: Металлургия.
5.
Расчеты
по технологии неорганических веществ./ Под ред. Позина М.Е. -Л.: Химия, 1977.
-496с.
6.
Свойства
неорганических соединений. Справочник. /Под ред. Ефимова А.Л. -Л.: Химия,
1983. -392с.
7.
И.Д.Степени,
И.Т.Горштейн,Г.З.Блюм и др.Методы получения особо чистых неорганических
веществ.Л.: Химия,1969.-480 с.
8.
Расчеты
по технологии неорганических веществ/ Под. ред.П.В. Дыбиной.- М.:
Химия,1973.-496с.
9.
Корбридж
Д. Фосфор ,основы химии, биохимии,технологии. М.: Мир,1988.-680с.
10.
Авербух
Т.А.., Павлов П.Г. Технология хрома. – Л.:Химия, 1967.-398с.
Қосымша
1.
Корбридж Д. Фосфор, основы химии,биохимии,технологии. М.:Мир,1988.-680с.
2.Расчеты по технологии неорганических веществ
/Под. ред.П.В.Дыбиной – М.:Химия, 1973.-496с.
3. Расчеты по технологии неорганических
веществ.Учебное пособие для вузов /Под. ред. М.Е. Позин – М.Химия, 1977.-524с.