“Биотехнология” кафедрасы

 

 

 

 

050701 «Биотехнология»  мамандығының студентеріне арналған  “Биологиялық активтік заттардың биотехнологиясы ”

пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған

 

ӘДІСТЕМЕЛІК  НҰСҚАУ

 

 

 

 

 

1 Қолданылатын аймақ                     

Әдістемелік нұсқау курстық жұмыстың мазмұның өрнектелуін, құрастыруының жалпы талабын орнатады және «Биологиялық активтік заттардың биотехнологияся» пәнінен курстық жұмысты қорғауды бектітеді.

 

2  Нормативті сілтеме

            Бұл әдістемелік нұсқауда нормативтік құжаттарға келесі сілтемелер қолданылады:

МЕСТ 2-102-68 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың түрлері мен жиынтығы.

          МЕСТ2.104-68 ЕСКД. Негізгі жазулар.

МЕСТ 2.201-80 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың белгілері.

            МЕСТ 2.301-68 ЕСКД. Форматтар.

             МЕСТ2.601-95 ЕСКД. Эксплуатациялық құжаттар.

           МЕСТ 2 304-81 ЕСКД.Сызудың шрифты

            ФС ОҚМУ 4.6-002-2004. СМЖ. Оқу құжаттарының толтыру тәртібі. Графикалық құжаттардың жалпы талабы.

            МК ҚР 04-99 “экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнімнің классификаторы” (КПВЭД)

 

3  Жалпы ереже

3.1 Алғысөз. Биотехнология - жаңа  кешенді сала.

Ғылыми –техникалық прогрестің жаңа заманғы сатысы биологиядағы революциялық өзгерістермен сипатталады.Биология молекулярлы және субклеткалы деңгейге шықты, онда аралас ғылымның (физика, химия, математика,кибернетика) әдісі қарқынды қолданылады. Іс жүзінде сфераның дамуымен биологиялық профилі оның қолданылуы қоғамның әлеументік–экономикалық тұтынуымен кешенді ғылыми қарқынды дамиды. Сонымен қатар адам баласының алдындағы ХХІ ғасырдың екінші жартысындағы  өзекті  мәселе азықтық заттардың (әсіресе ақуыздың) тапшылығы,қоршаған ортаның ластануы,шикізатың және энергетикалық ресурстың кемшілігі,жаңа заттардың диагностикасының дамуының қажеттілігі дәстүрлі әдіспен шешіледі.Сондықтан жаңа әдісті және технологияны ендіруді және өңдеуді қажет етеді.Бұл проблеманы кешенді шешуде биологияялық жүйені  түгелдей қолданумен және әртүрлі сфераның процесінде адам баласының қажеттігіне қолдануды биотехнологияны қолдануды биотехнология шешеді.Жаңа заманғы биотехнология арнайы сфераға сәйкес оны қолдану мақсатына сәйкес келесі бөлімдерге бөлу:

-Өндірістік микробиология(соның ішінде БАЗ биотехнологиясы);

-Медициналық биотехнология;

-Технологиялық биоэнергетика;

-Ауылшаруашылық биотехнологиясы;

-Биогидрометаллургия;

-Инженерлік энзимология;

-Экологиялық биотехнология;

Әртүрлі сферада адам баласының қажеттілігіне  биотехнологиялық  процесті тиімді қолдану және болашағы. Энергия тасмалдайтын экологиялық таза азықты алу.Биотехнологиялық процесс химиялық процеске қолайлы жағдайда жүреді.Қоректік ортаның өте жоғары емес температурада активті реакцияда қолайлы қысымда жүреді,олар төменгі дәрежеде қоршаған ортаның қосымша өніммен қоқыспен ластайды.ауа райы жағдайына аз тәуелді  болады,үлкен орын алуды қажет етпейді.Қоршаған орта агенті үшін пестицит және  гербицидті қолдануды қажет етпейді.Сондықтан биотехнология ғылыми-технологиялық прогрестің бағытында бола алады және жоғарғы технологияның анық мысалы бола алады,ол көптеген өндірістің перспективті дамуына байланысты.Биологиялық технология қазіргі кезде қарқынды дамуда,оның даму деңгейі көбнесе еліміздің ғылыми техникалық потенциалымен анықталады.Дүние жүзінің жоғарғы жоғарғы дамыған елдері биотехнологияны маңызды жаңа заманғы салаға жатқызады және өзінің құрлысымен негізгі ғылымның әлеументімен сонымен қатар қолданбалы саласымен сондай химиялық технология және машина жасау экономикамен  біріктіреді.

3.2 Курстық жұмыс – оқу жоспарының «Биологиялық активтік заттардың биотехнологиясы» пәні бойынша кешенді өзіндік жұмысы , яғни ол белгілер бөлімдерін қамтитын түсіндірме жазба және тақырыпта көрсететін  графикалық материалдардан (сызулар, нұсқаулар, диаграммалар, кестелер және т.б.).Курстық жұмыс ғылыми зерттеу материалдарынан тұрады.

3.3 Курстық жұмыс студенттің алған білімінің теориялық курсқа сәйкес қорытынды этапы болып саналады және білімін жалпылап тереңдетіп бекінуіне мүмкіндігі болуы, оқу барысында студент алған білімін микроорганизмдер биотехнологиясы аумағында өндірістік және экономикалық, ғылыми техникалық нақтылы шешімін қолдану.

3.4 Студент курстық жұмыста анықтама әдбиеттерді қолдануды үйрену, НД, бірдей нормалауға, бірдей бағалауға, кестелеуге типтік жобалауға үйрену. Өзіндік жұмысты жаңалықтарды қолданып, дамытып орындау қабілетті болуы керек, зерттеу әдісін игеру, ғылыми зерттеу сипаттамада сұрақтарды шешуде тәжрибе  жасау.

3.5 Пəндің мақсаты –Биологиялық технология (биотехнология) көптеген салалардың  бірі  болып саналады.

Қазіргі биотехнология адамның практикалық әрекетінің барлық жақтарына үлкен әсер етуде. Қазіргі кезде оның көмегімен ондаған аса бағалы биологиялық активті заттар — гормондар,  ферменттер, витаминдер, антибиотиктер, кейбір дәрідәрмектер алынады. Биотехнология ауыл шаруашылығында орасан үлкен рөл атқарады. Биотехнологияның жетістіктері ғалымдармен тығыз байланысының арқасында пайда болды, мұның нәтижесінде биотехнологияның жаңа салалары мен әдістері - генетикалық, клеткалық және белогктың инженерия, эизимология инженериясы, жануарлар,   өсімдіктер және бактериялар   клеткасының   культурасын   көбейту, клеткаларды біріктіру әдісі кеңінен қанат жаюда.

Соңғы жылдары биотехнологияның үлкен өріс    алуы генетиканың жаңа жетістіктеріне байланысты. Нақтылап айтқанда, қазіргі биотехнологияның көптеген салалары генетикалық инженериямен, әсіресе ген инженериясымен   тікелей немесе жанама байланысқан. «Биотехнолотия» ұғымының өзі    генетикалық инженерияның    қалыптасуына байланысты пайда болды    және алғашқы кезде бүл    екі ұғым синонимдер ретінде қаралды. Алайда, уақыт өткен сайын бұл ұғымдардың мазмұны әр тұрлі толықтырылды, дегенмен генетикалық   инженерия биотехнологияның құрама бөлігі болып қалды. Генетикалық   инженерия-жаңа генетикалық қасиеттері бар организмдерді құрастыру   тәсілдері жетілдіретін ғылыми    өрістің саласы болса,    ал биотехнология -өндірістің саласы.     Генетикалық-инженериялық әдіс    арқылы құрастырылған жаңа    организм биотехнологиялық өндірісте қолданылуы мүмкін. Бұл генетикалық инженерия мен биотехнологияның арасындагы ортақ жанасу нүктелерін сипаттайды, мұндай байланыстың аяғында жаңа сапалы   нәтиже пайда болады. Көптеген ғылым жетістіктерін биотехнологиялық өндірісте пайдалану жаңа сапалы нәтижеге әкелмейді, сондықтан    да олар биотехнологияның саласы бола алмайды.

Жаңа биотехнологиялық  процесті қою үлкен қаржы жұмсалуға байланысты.Биотехнологияның жаңа әдісін енгізу әсіресе перспективті дайын өнім басқа әдіспен алынған жоқ немесе оның өндірісінің масштабы  кішкентай, ал бағасы жоғары. Әсіресе бұл фармакологиялық  препаратқа  және диагностикалық затқа қатысты. Осыған байланысты иммунды биологияда перспективасы көлемді және қоспадан  бірдей жасуша бөлінеді. Бұл мүмкіндіктер тамақ өндірісінде, фармакологиялық емдеу және диагностика үшін перспективті гармонды, витаминді, ақуызды,токсинді вакцинаны тазалау үшін, сондай-ақ ғылыми зерттеулерде өте маңызды.

Негізінде жалпы 32% дейін өңделген фермент препарат алынды; медициналық препараты, амин қышқылы 40-50 % -ті  құрады,ДНК рекомбинант негізінде алынған.

Генетикалық инженерияны биотехнологияның дамуының приоритеті бағыты сияқты қарастырылуы керек.Биологиялық технологияның әрмен қарай дамуы, көбнесе техникалық ғылым  аумағының  прогресімен байланысты.

Биотехнологияның мәні — белоктық заттардың    түзілуін қамтамасыз ететін, бактерия, ашытқы, өсімдік және жануарлар клеткаларыныц культурасын, олардың метаболизмі    (зат алмасуы)    мен биосинтездік   мүмкіндіктерін қолдануынан  тұрады. Еуропалық биотехнологиялық федерацияның (ЕҒВ)  анықтамасы бойынша биотехнология-генетика, биохимия, микробиология және химиялық техниканыц әдістерін қолдану негізінде    микроорганизмдер мен клетка культурасы қасиеттерінің технологиялық процестерінен пайдалы   заттарды өндіре алады. Жаңа   биотехнология дамуының алғашқы қадамынан бастап-ақ іргелі зерттеулермен тікелей байланысты болды. Бұл, әсіресе АБШ-та айқын байқалады: биотехнологиялық фирмалар шынында да іргелі зерттеулермен айналысты және айналысуда, олардың    сауда объектісі кәдімгі    базарлық заттар емес, ғылыми зерттеулер болып саналады. Қазірге кезде АБПІ-тың «Эли Лилли»,  «Генентек» «Биоген»,   «Гепетикс инститьют»,     «Монсанто»,   Жапонның «Сантори»,   Францияның «Био-Франс»,  Германияның «Биоферон» т. б. көптеген ген-инженерлік және биотехнологиялық фирмалары немесе компаниялары жүздеген миллион доллар қаржы жұмсап, өздерінің ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге көшті. Ірі биотехнологиялың компаниялары генетикалық зерттеулер үшін бірнеше млрд. доллар қаржы жұмсауда. Бір ғана АБШ-тың өзінде биотехнологиялық фирмалардың саны 300-ге жуық (1994).

Жоғарыда айтылғандардан, биотехнология өзінің негізгі ерекшеліктері бойынша биологияның қолданбалы тармағы ретінде қалыптасқанын және өнеркәсіптік өндіру саласы екендігін байқауға болады. Енді адам табиғаттан биологиялық өндірудің дайын жолдарын ғана іздемейді, сонымен қатар оларды қ.ұрастырады: ол жинаушылық әрекеттен құрастырушылық  еңбегіне ауысты.

Жаңа биотехнологияның  дамуы ең алдымен ген инженериясына байланысты екеңдігін білеміз, бұдан басқа ол клеткалық инженерияның жетістіктеріне  тікелей байланысты.

 

4  Курстық жұмыс тақырыбы

4.1 Курстық жұмыс тақырыбы «Биологиялық активтік заттың биотехнологиясы» пәнін оқыту мақсатына сай болуы керек және сонымен қатар ғылымның өндірістің практикалық талабын байланыстыру керек.

            Нақтылы тақырып – бұл оның ғылыми, қазіргі заманға сай және студент өзіндік творчествалық жұмысының жаңалығын үйренуге бағыттайды.

            Курстық жұмыс тақырыбы кафедрада МЖБС талабына сай өңделеді және барлық мамандықтарға жұмысты оқу жоспарымен қарастырылған.

4.2 Курстық жұмыста егер келесі талаптар орындаса онда ол нақтылы болып саналады:

-          Курстық жұмыс тақырыбын өндірістерге немесе ҒЗИ кәсіпорындарға тапсырады;

-          Курстық жұмысқа қолдануға өнеркәсіптен немесе ұйымдардан материалдарды беруге сұранысы  жасайды;

-          Курстық  жұмыс тақырыбы лабораториялық қабырға газетке, қондырғы, аспап, кафедраның оқу немесе ғылыми-зерттеу жұмысына  қолдануға  болады;

-          Курстық  жұмыста  ойлап табылған заттар экспонаттарға, мақтау қағазы  мен  дипломдар,  өнер тапқыштықа патентік ізденесі болады.

4.3 Курстық жұмыстың тақырыбы әртүрлі формада жұмысты жүргізуге есептелінеді:

-          студент жеке тақырыпта орындайды;

-           топталып орындайтын студенттер  саны 3 студенттен аспауы керек, әрқайсысы жеке жобаланатын қондырғыны және басқа ауданның белгіленген бөлігін өңдейді;

-          академикалық топ  бір сызба нұсқаудан орындайды, бірақ бірнеше варианттармен.

 Тақырыбы бойынша курстық  жұмыстың ең негізгі талаптарының бірі оның кешенді болуы, дегеніміз бір-бірімен өзара байланысты сұрақтарды шешу болып табылады. Сонымен қатар тақырыптың жеке сұрақтарының бірі есеп шығаруды жалпы негізге ала отырып толығымен қарастырылу керек.

4.5 Курстық  жұмысты жасау кезінде студент өткен пәндерден алған білімін қолдануға мүмкіншілігі болу керек және оны курстық  жұмыстың мазмұнын көрсету керек.

4.6 Курстық жұмыс тақырыптары

  1. Биологиялық активтік заттардың және препараттардың өндірістік синтезінің  халақ шаруашылығындағы  мәні.
  2. БАЗ биологиялық синтезі,химиялық технологияның альтернативасы.
  3. биотехнологиялық әдістің артықшылығы.
  4. Өндірістік продуцентер жәнеоның өнімділігін жоғарылату жолы.
  5. Микроорганизмді селекциялау принципі.штамға қойылатын талаптар.
  6. Антибиотик өндірісі.
  7. Антибиотик биосинтезін жоғарылату жолы.
  8. Азықтық антибиотик.
  9. Витамин алу өндірісі
  10. В2 витаминін алу өндірісі.
  11. В12 витаминін алу өндірісі.
  12. Каротиноид өндірісі
  13. Гибберилин өндірісі
  14. Амин қышықылы өндірісі.
  15. Глутамин қышқылы,лизин,триптофан өндірісі.
  16. Иммобилизденген жасуша мен ферментің көмегімен амин қышқылын алу.
  17. Фермент өндірісі.
  18. Таза бактериалды фермент препаратын алу
  19. Липид биосинтезі.
  20. Полисахарид өндірісі.
  21. Микробтық ақуызды және ақуыз препараттарын алу.
  22. Амин қышқылының құрамымен балансирленген тағам қоспалары немесе азықтары.
  23. Гаприн алудың технологиялық сызба нұсқасы.
  24. Микробты ақуыз алуды алудың дәстүрлі емес  шикізат көзі.
  25. Өсімдік шикізаты гидролизаттарда азықтық ашытқы  алу өндірісі.
  26. Микробтық ақуызды қолданутамаққа қоспа және азық ретінде қолдану және өндірістің болашағы.
  27. Нан ашытқысының өндірісі.
  28. Этанол ортада ашытқы өсіру
  29. Ашытқы автолизі және оны қолдану.
  30. Вакцин, бактериофаг және  адам микрофлорасын нормалаушы препараттар алу өндірісі.
  31. Ішек-тифоз  вакцинасын спиртте алу өндірісі
  32. Жәндіктерге қарсы вирусты және микробты препараттар.
  33. Өсімдік ауруына қарсы микробиологиялық зат.
  34. Азотфиксирлеуші бактериялық препаратты алу.
  35. Түйнек бактериясының препараттары.
  36. Ризоторфин алудың технологиялық сызба нұсқасы.
  37. Стероид өндірісі.
  38. Дәрілік препарат алу өндірісі.
  39. Биотехнология аумағында әлемдік қатынас БАЗ өндірісі кезіндегі экологиялық мәселелер.      

Курстық жұмыстың тақырыбы жылда  қайта қаралады, биотехнологиялық ғылымның және техниканың даму деңгейі ескеріледі.Курстық жұмыстың тақырыбы кафедраның ғылыми бағытына  және ОПҚ байланысты ауыстырылады сонымен қатар  өндірістің сұранысына байланысты.Тақырыптың өзгеруі курстық жұмыстың тақырыбына сәйкес болуы керек және Биотехнология кафедрасының мәжілісінде бектіледі.

 

5        Курстық  жұмыстың  көлемі және құрылысы, мазмұны

5.1 Курстық жұмысқа түсіндірме жазбадан және графикалық бөлім (1-3 А1 формат ) тұрады.

5.1.1 Түсіндірме хат келесі құрылым бөлімдерден тұрады:

-          титул бет

-          тапсырма

-          аннотация

-          мазмұны

-          нормативтік сілтемелер

-          анықтамалар

-          белгілер мен қысқартылған сөздер

-          кіріспе

-          аналитикалық шолу

-          технологиялық бөлім (соның ішінде тәжрибелік бөлім)

-          еңбекті және қоршаған ортаны қорғау немесе техника қауіпсіздігі бөлімі

-          қорытынды

-          қолданылған әдебиеттер тізімі

-          қосымша бет (кестелер, сызбалар, бағдарламалық құжаттар)

5.1.2 Мамандықтардың бағдарына байланысты құрылым бөлімдер, “титул бет”, “тапсырма”, “мазмұны”, қажетті жағдайларда келтіріледі, сонымен қатар басқа да бөлімдер енгізілуі мүмкін.

 5.2 Титул бет

5.2.1 Титул беті А 4 форматына орындалады.Жазып толтырған сызбалары  МЕСТ 2.104 сызба шрифтерімен А қосымша бетіне сәйкес толтырылады.

 5.2.2 Титул бетіндегі сөздер тасымалдауға рұқсат етілмейді.Бөлімдердің соңында нүкте қойылмайды.

5.3 Тапсырма

5.3.1 Курстық жұмысқа тапсырманы студенттерге оқу процесінің кестесіне сәйкес, семестрдің бірінші аптасынан кешікпей беріледі.

5.3.2 Тапсырмада курстық жұмысты орындау үшін кафедра негізгі бастапқы мәліметтерді беруі тиіс.

Тапсырмада мыналар көрсетілуі тиіс: курстық жұмыс орындайтын пән; студенттердің аты-жөні; олардың тобы; жұмыстың тақырыбы; жұмыстың бөлімдері мен және олардың орындалу уақыттары; жұмыстың қорғау уақыты; жетекшінің аты-жөні, қызметі, қолы  және тапсырманың берілген күні.

Жұмыстың тақырыбын нақты көрсету қажет (университеттің бұйрығна сәйкес) және оның көлемі мен мазмұнының (мысалы, өнімділігі, ұзақтығы және т.с.с.) сипаттамалары.

5.3.3 Сонымен қатар тапсырмада жұмыстың есптеу-графикалық бөлімін орындау үшін қажетті бастапқы мәліметтер және де сызбалардың саны мен мазмұны көрсетіледі. (1 сызба  – технологиялық сызба, 2 – тәжірибе тәуелділік ).

5.3.4 Әрбір тапсырма ғылыми және әдістемелік жағынан дұрыс ойластыруы қажет және де студенттің дайындығының деңгейі мен  жұмысты орындауға берілген уақытқа сәйкес келуі қажет.

5.3.5 Тапсырма жеке үлгіде, Б қосымша бетке сәйкес толтырылады.

Тапсырмада студенттің тапсырманы алған күні көрсетіліп, қолы қойылады.

5.4 Аннотация

 Аннотацияда курстық жұмыс туралы қысқаша мәліметтер келтіріледі.

Аннотацияда қысқаша курстық  жұмыстың мазмұны және оның көлемі, кестелер саны, қосымша беттер көрсетілуі қажет.

5.5 Мазмұны

Мазмұнында бөлімдердің аты мен реттік саны (бөлімдер, пункттер болуы мүмкін), қосымша беттердің аты мен белгіленуі, қажетті жағдайда графикалық материалды бетінің санымен көрсетілу қажет.

“Мазмұны”деген сөз беттің ортасына жазбаша әріппен жазылады.

5.6 Нормативтік сілтемелер

5.6.1 Мәтінде сілтемелер жасалынған нормативтік құжаттар тізімі көрсетіледі. Негізгі құжаттар тізімі мынандай сөздерден басталуы тиіс: “Бұл  курстық  жұмыста  келесі құжаттарына сілтемелер... жасалынған”.

5.6.2 Тізімде нормативтік құжаттың белгіленуі мен оның аты тіркелген номірінің белгіленуі өсуіне сәйкес толтырылады:

-          техникалық регламенттер;

-          мемлекеттік стандарттар (СТ ҚР);

-          мемлекетаралық стандарттар (МЕСТ);

-          халықаралық стандарттар;

-          техникалық шаттар және т.б.

5.7 Анықтамалар

Курстық  жұмыста қолданылған, анықтамалар немесе бекітілген терминдер  көрсетіледі.

5.8 Белгілер мен қысқартылған сөздер

5.8.1 Белгілер мен қысқартылған сөздер нормативтік құжаттарға сәйкес келуі қажет.

5.8.2 Бұл құрлыстық элементте, жұмысты түсіну үшін курстық жұмыста қолданылған белгілер мен қысқартылған сөздер тізімі көрсетіледі.

5.9 Кіріспе

5.9.1 Кіріспеде жұмыстың тақырыбына сәйкес келетін саланың, технологияның және техниканың сипаттамасы келтіріледі және өңдеудің өзектілігі.

5.9.2 Кіріспеде талаптар көрсетілмеу қажет. Кіріспені нөмірлемейді және оны жеке бетке орналыстырады.

5.10 Талаптар

5.10.1 Түсініктеме жазбаға қойылатын талаптар.

5.10.2 Курстық  жұмыста  пәннің негізгі принципиальдық сұрақтарын қамтуы қажет. Бұл элемент курстық жұмыстың негізгі шеберлік мазмұнын айқындайды. Бағытына қарай (мамандығына) сәйкес оның мазмұны алуан түрлі болуы мүмкін.

5.10.3 Текст қысқа,  нақты түсінікті болуы тиіс.

5.10.4 Курстық жұмыстың мазмұны, нақты инженерлік немесе ғылыми есептерді шешуде оқыған пәннен алған білімдерін пайдалану керек. Мысалы, мұнда, жобалаған объект, агрегат, конструкциялар және т.б., аумағының сипаттамасы болуы мүмкін, есептердің барлық түрлері  ЭЕМ қолданылуы мүмкін.

            Зерттеудің әдістемесі мен нәтижелері, түсініктемелер мен есептеулер, орындаудың этаптарына сәйкес сипатталуы қажет.

            5.10.5 Графикалық құжаттар талабы

            5.10.6 Графикалық құжаттарға сызулар, эскиздер және заттар сызбалар, графиктер, кестелер жатады.

            Курстық жұмыстың  графикалық құжаттар мазмұнының беті, берілген тапсырмаға сәйкес болады. Графикалық құжаттардың жалпы көлемі А1 екі форматтан аспауы қажет (594*841).

            5.10.7 Графикалық құжаттар МЕСТ 2.301 сәйкес стандарттық форматта, МЕСТ 2.104 негізгі жазбаларымен орындалу керек.

            5.10.8 Сызуларды, эскиздерді ЕСКД, ЕСТД, ЕСПД, СПДС стандарттарына сәйкес орындалу қажет және де ФС ОҚМУ 4.6-002-2004 оқу құжаттарын толтыру ережелері. Графикалық құжаттардың жалпы талаптары.

5.11 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, техника қаупсіздігі бөлімі

            Курстық жұмыста оның тақырыбына сәйкес керекті көлемде, қоршаған орта мен еңбекті қорғау және техника қаупсіздігі қамтылуы тиіс.

5.12 Қорытынды

            5.12.1 Бұл бөлімде орындалған жұмыс бойынша қысқаша қорытынды келтіріледі.

5.13 Қолданылған әдебиеттер тізімі

            Қолданылған әдебиеттер тізімінде, барлық қолданылған әдебиеттер көрсетіледі. Оларды түсініктеме  хатта, сілтемелердің пайдалануына сәйкес немесе алфавит бойынша жазады. МЕСТ 7.1 талаптарына сәйкес әрбір әдебиетке библиографиялық сипаттама беріледі.

5.14 Қосымша беттер (кестелер, сызбалар, бағдарламалық құжаттар)

      5.14.1 Түсініктеме жазбалар толықтыратын материалдар, қосымша беттер орналасады. Мұндай материалдар болып графикалық материалдар, үлкен форматты кестелер, құрал жабдықтар мен аппараттардың сипаттамалары, алгоритмдердің сипаттамалары, ЭЕМ шығарылытын есептер программасы, статистикалық берілген мәндері, нормативтік құжаттар және т.б. есептеледі.

       5.14.2 Қосымша беттер міндетті немесе ақпараттық болуы мүмкін. Міндетті қосымша беттерде, курстық жұмысты орындауға арналған талаптар жазылады. Ақпараттық қосымша беттерді орындауға арналған талаптары жоқ ақпараттық материалдар орналасады.

5.14.3 Қосымша беттер, түсініктеме жазбада, пайдаланылған сілтемелер ретіне сәйкес орналасады.

5.14.4 Қосымша беттер, түсініктеме беттің жалғасы ретінде оның келесі беттерінде, стандарттық формасына және ережесіне сәйкес толтырылады.

5.14.5 Қосымша беттер, негізгі, А4 форматында толтырылады; немесе А3 форматында МЕСТ 2.301 сәйкес толтырылуы мүмкін.

5.14.6 Қосымша беттердің беті құжаттың басқа бөлімдерінің беттерімен бірге нөмірленеді.

5.14.7 Барлық қосымша беттер, құжаттың мазмұнында, оның реттік саны мен тақырыбының нөмірімен көрсетіледі.

5.14.8 Әрбір қосымша бет керекті жағдайларда бөлімдерге, бөлімшелерге, пункттерге бөлінуі мүмкін.

  Қосымша беттерде бөлімдер, пункттер, графикалық материалдар, кестелер және формулаларды әрбір қосымша бетке сәйкес нөмірлейді. Нөмірдің алдында осы қосымша беттің әріпі қойылады.

 

6 Курстық жұмысты қорғау, жетекшілік жасау және ұйымдастыру

 

6.1 Курстық  жұмысты жасауды  жетекшілік жасау

         6.1.1 Курстық  жұмыстың  жетекшілері болуы мүмкін:

-          теориялық курсты оқытатын жетекші оқытушы;

-          кафедра оқытушылары;

-          университет бөлімдерінің ғылыми қызметкерлері;

-          кафедра аспиранттары және ғылыми қызметкерлері.

6.1.2 Оқу талаптарының өндіріспен жақындауы үшін және де университет пен өндіріс арасындағы жобалау тәжірибесімен алмасу үшін өндірісте тікелей жұмыс істейтін тәжірибелі мамандарды жетекшілікке тартуы мүмкін.

6.1.3 Курстық жұмыстың  жетекшісі:

- жаңалық элементі бар тапсырмалар мен жұмыстың этаптарының орындалу графигін береді;

-          жұмыстың орындалу процесін ұйымдастыру;

-          қажетті әдебиеттер, нормативтік және техникалық құжаттарды, анықтамалық және басқа да материлдарды ұсынады;

-          жұмысты орындау кезінде студентке кеңестік көмек көрсетеді;

-          жұмысты орындау барысында кафедраға мәлімет беріп отырады.

6.2 Курстық жұмысты  жасауды ұйымдастыру

6.2.1 Курстық жұмыс әдістемелік нұсқаулар мен қамтамасыздандырылуы керек.

Әдістемелік нұсқаудың титул беті В қосымша бетмен сәйкес жасалынады.

6.2.2 Әдістемелік нұсқаулардың құрамында тексттік және графикалық құжаттардың келтірілген минималь көлемдері, түсіндірме жазбаның құрлысы, жобаның әр сатысын орындауға ұсынылатын әдебиеттерге сілтемемен бірге әдістемелік нұсқаулар кіреді.

6.2.3 Курстық жұмыспен жұмыс істеу үшін СӨЖ есебінен сағаттар бөліну керек.

6.2.4 Жеке дербес кеңестер аптасына бір немесе екі рет тұрақты жүргізілуі керек.

6.2.5 Жұмыстың тақырыбы және тапсырманың берілген күні, пәннің аты, студенттің аты-жөні, тобы, жетекшінің аты-жөні жұмысты қорғайтын күні кафедраның арнайы журналында тіркеледі.

6.2.6 Кафедра меңгерушісі 1 ай бұрын жұмысты қорғауға дейін құрамы 3 оқытушыдан тұратын комиссияға өкім береді.

6.3 Курстық жұмысты қорғау

6.3.1 Курстық жұмыстың қорғалуы жұмыстың орындалуын тексеру формасы болып есептеледі.Курстық жұмысты қорғауда  студент жан жақты жұмысты орындауда тереңірек меңгергені негізделген.

6.3.2 Курстық жұмысты қорғау студенттермен бірге жетекшісі және кафедрадан екі оқытушының қатысуымен қорғалады

6.3.3 Курстық жұмысты қорғау үшін 1 студентке баяндамасына және қойылған сұрақтарға жауап беруіне 8-10 минут қана уақыт беріледі. Барлығы 20 минуттан аспауы керек.

6.3.4 Курстық жұмыс  дифференциальды бағамен бағамен бағаланады.   

Курстық жұмыстың қорғалуына максимум 60 балл, ал қорытынды

қорғағандығы максимум 40 балл болады.

Курстық жұмысты қорғаған соң студенттің бағасы сол күні қойылады.

6.3.5 Белгіленген уақытта студент себепсіз курстық жұмысын қорғамаса немесе көрсетпесе, онда оның академиялық қарызы бар деп есептелінеді.

6.3.6. Курстық жұмысты қорғағаннан кейін жетекшімен сараптасып жұмыстың жақсысының немесе нашарын типтік қатесін, кемшілігін талқылап, қорытындылайды.

6.3.7. Курстық жұмыс тоериялық қызығушылығы барын конкурсқа ұсынады.Жасалынған курстық жұмыстың қорытындысы кафедра жиналысында талқыланады.Орындалған жұмыс қорғалған соң кафедраның кабинетіне тапсырылады, онда ол кафедра меңгерушісінің қарамығында 2 жыл уақыт аралығында сақталады. Белгіленген уақыт аяқталған соң барлық жұмыстар акт бойынша тізімге тіркеледі.

 

7  Курстық  жұмыстың белгіленуі

 

7.1 Курстық  жұмыстың белгіленуі

7.1.1 Курстық жұмыспен  (құжатпен) ұсынылған сызу бөлімімен  жобалау бөлімінің графикалық диаграммалық сызбалар  көрсетілген  негізгі жазуымен меңгерілген.

7.1.2 Курстық  жұмыста келесі заттың құрлыстық белгіленуі және негізгі құрлыстық құжатты  бекітілген:


 

 

                                                          ХХХХ  ХХ.ХХ.ХХ. – ХХ- ХХХ-ХХХ ХХ         
                                                                                                                

 

 

 

 

1 ОҚМУ- дайындаған мекеменің аты

 


2  05 07 01. мамандық шифрi-өнiм коды

 

 


3 КЖ –жинағыш бірліктің  реттiк нөмiрi

 

4 Тапсырма тақырыбы-детальдің реттік нөмірі_____________

 

5_Тапсырма   варианты және оқу формасы                                        ___

 

6­­­­­­­­­­__Құжат шифрi_________________________________________________ 

 

 

Мысалы  ОҚМУ  05 07 01-КЖ-007-101-ТС

 

Бiрiншi топта әрiппен белгiлеу ОҚМУ-дайындаған мекеме аты

 

Екiншi топта алты цифр  050701 - мамандық цифрi белгiлейдi

 

Үшiншi топта екi цифр 01-жұмыс түрi-курстық жұмыс

 

 

Төртiншi  топта үш цифр 007-тапсырма тақырыптығ реттiк нәмiрi

 

Бесiншi топта үш цифр 101-оқу формасын белгiлеу және бiрiншi вариант

 

 

 

 

 

 

 

Мысалы 101-тапсырманығ бiрiншi варианты күндiзгi оқу формасы

215-он бесiншi тапсырманың варианты сырттай оқу формасы

302-екiншi тапсырманың варианты  жеделдетiп  оқу формасы

412-он екiншi тапсырма варианты қысқартылған оқу формасы

 

Әрiппен  белгiлеудiң алтыншы тобы ДС-деталь сызығы

 

ЖС-жинақталған сызу

 

ТЖ-түсiндiрме жазба

 

БЖ-басты жоспар

 

ТС-технологиялық сызба нұсқа

 

ЖТ-сызудың жалпы түрi

 

КС-көлемдi сызу

 

ТЖ-техникалық жазба және т. б. МЕСТ 2.102, МЕСТ 2.601 келтiрiлген құжаттар маркасы мен цифрлары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8  Қолданылатын  әдебиеттер тізімі  

   Негізгі әдебиеттер

1.    Приходько Н.А., Никитина В.А., Шаманова О.Р. Биотехнология БАВ – Шымкент: ЮКГУ, 2006 – 122 с.

2.    Воронин Е.С., Тихонов И.В. Биотехнология: Учебник для вузов – М.: Де Ли принт, 2006 – 5213 с.

3.    Биотехнология /Т.Г. Волова. – Новосибирск: Из-во СОРА, 1999 – 252 с.

4.    Лобанок А.Г., Бабицкая В.Г. Микробиологический синтез белка на целлюлозе – Минск: Наука, 1986.

5.    Дебабов В.Г. и др. Генная инженерия в производстве БАВ – М.: Де Ли принт, 2000 – 391 с.

6.    Семихатова Н.М. Производство хлебопекарных дрожжей. М.: Пищевая промышленность, 1987.

7.    Беккер М.Е. и др. Биотехнология – М.:Агропромиздат, 1990  - 420с.

8.    Промышленная микробиология. / Под ред. Н. Егорова. М.: Высш. шк., 1989 – 631с.

9.    Грачева И.М., Гаврилова Н.Н., Иванова Л.А. Технология микробных белковых препаратов, аминокислот и жиров. – М.: Пищевая промышленность, 1980. – 448с.

                                                    Қосымша әдебиеттер

10. Мишин Н. Технология малоотходных и бессточных производств. М.: НИИТЭХИМ, 1989.

11. Рогов И.А. Пищевая биотехнология: В 4х кн.: учебник /Рогов И.А. – М.: Колосс – 2004 – 1530 с.

12. Сельскохозяйственная биотехнология: учебник – 2. изд., перераб. – М.: Высш. шк., 2003 - 469с.

13. Бейни Д.Ж., Оллис Д. Основы биохимической инженерии. Ч.,2. Пер. с англ. –М.: Мир, 1997, - 692с.

14. Виастур У.Э. и др. Культивирование микроорганизмов. – М.:Пищевая промышленность, 1990.

15. Калунянц К.А. и др. Микробные ферментные препараты. Технология и оборудование. – М.: Пищевая промышленность, 1990.

16. Калунянц К.А. и др. Оборудование микробиологических производств –М.: Агропромиздат, 1997.

17. Яковлев В.И. Технология микробиологического синтеза: Учебное пособие. – Л.: Химия, 1987

18.  Воробьев А.И.. Промышленная микробиология. Учебное пособие - М.: Изд-во МГУ, 1990.

19. Коломиец Д.М., Хруслова Т.Н. Использование последрожжевой барды для орошения сельскохозяйственных культур. Ферментная и спиртовая промышленность, 1973, № 1, с. 34-35.

20. Будкин В.Н., Томмэ М.Ф. Лизин – получение и применение в животноводстве. – М.: 1973.

 

 

                                                                                                               Ф.4.7-006-01

 

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

 

«Биотехнология» кафедрасы

 

"Биологиялық активтік заттардың биотехнологиясы" пәнiнің  курстық жұмысына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Тақырыбы________________________________________________________

 

050701 «Биотехнология» мамандығы бойынша

 

 

 

Жұмыс...бағамен  қорғалды                                     Орындаған

_________________________                                    судент                                                                                                                 

  бағасы, күні                                                               __________                                               

                                                                                        қолы,аты жөні

                                                                             

                                                                                                   

 

 

Комиссия мүшесі                                                                Жетекшісі  

                                                     

                                                                                        ––––––––––––––––_________________                                                            аты-жөні, қолы

қолы, аты-жөні           

–––––––––––––––––

 аты-жөні, қолы

–––––––––––––––––

аты-жөні, қолы           

 

                                                                Шымкент 200

                                                                                                                                  Ф.4.7-006-03

М.О.ӘУЕЗОВ  АТЫНДАҒЫ   ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ

«Биотехнология» кафедрасы

                                                             «БЕКІТЕМІН»

                                                                                     Кафедра меңгерушісі­_______                                                                                                                         

                                                                                        «_____»___________ 200                                             

"Биологиялық активтік заттардың биотехнология"

пәнiні бойынша  курстық жұмысқа

Тапсырма №

Студент­______________                                               Топ __________________                                                                                      

Жұмыстың тақырыбы______________________________________________

Берілген мәліметтер_______________________________________________                                                                                                   

№

Түсіндірме жазбаның мазмұны

Орындалу мерзімі

Көлемі(парақ саны)

1

Аннатация.Мазмұны.

Нормативті сілтеме

 

4

2

Анықтама. Қысқартылған сөз.

Кіріспе.

 

5

3

Аналитикалық шолу

 

25-30

4

Технологиялық бөлім(соның ішінде тәжірибелік бөлім)

 

15-20

5

Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау

 

5-6

6

Қорытынды

 

1

7

Қолданылған әдебиеттер

 

1

 

№

Графикалық бөлімінің мазмұны

Орындалу мерзімі

парақ саны

формат

1

Технологиялық сызба нұсқа

 

1

А1

2

Тәжрибелік тәуелділік

 

1

А1

Әдебиеттер ________________________________________________

Тапсырма берілген уақыты __________  Жұмысты қорғау мерзімі_________

Жұмыстың  жетекшісі  ______________

                                             (лауазымы, аты-жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған уақыт _______________________

                                                                                          (уақыты, студенттің қолы)

 

                                   Приходько Н.А., Есимова А.М.

 

 

 

 

 

 

Басуға 2007ж. қол қойылған. Қағаз пiшiмi

Офсеттiк басылым. Көлемi        б.т.

 Таралымы       Тапсырыс №

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

© М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан  мемлекеттік университеті 2007ж .

 

 

 

 

М.Әуезов атындағы

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің баспаханасы.

Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5