«БИОЛОГИЯЛЫҚ  АКТИВТІК  ЗАТТАРДЫҢ  БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ»

пәнінен лабораториялық практикум

 

 

 

 

 

 

Приходько Н.А., Есімова А.М. «Биологиялық  активтік  заттардың  биотехнологиясы» пәнінен лабораториялық практикум: Оқу құралы.-  Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2007. – 80 б.

 

 

 

Оқу құралы 050701  «Биотехнология» мамандығының күндізгі және сырттай оқитын студенттеріне арналған «Биологиялық  активтік  заттардың  биотехнологиясы» пәнінен   лабораториялық практикум.   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру          стандартына сәйкес бағдарламасын  қамтиды.

 

Қазахстан  республикасының  Мемлекеттік  жалпы білім беру          стандартына  негізделіп құрастырылған (Астана, 2001.-2004 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беру стандартына  сәйкес бағдарламасын  қамтиды 3.07.078.-2001)

 

 

 Пікір берушілер:      ОҚМУ П және МГТ кафедрасының

                                    х.ғ.к., доценті               Дәуренбек Н.                           

                             :     

                                          а.ғ.д.                              Кансеитов Т.

 

 

 

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің әдістемелік кеңесіде қарастырылды. Баспаға жолдама алды   

                                   Хаттама №                    2007 ж.

 

 

 

 

 

©М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті     

  

 

 
                                                                        

 

                   

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………......

4

№ 1  МОДУЛЬ.  АНТИБИОТИК ӨНДІРІСІ...............................................

5

1 жұмыс.  Антибиотиктің продуценті.Антибиотиктің                      

                    активтілігін анықтау...................................................................

 

5

2 жұмыс. Бензилпеницилиннің калий тұзын нативті ерітіндіден

                  алу...................................................................................................

 

8

№2  МОДУЛЬ.  ВИТАМИН, КАРОТИНОИД, ФЕРМЕНТ,     

                           АМИНҚЫШҚЫЛЫ ӨНДІРІСІ ..........................................

 

13

3 жұмыс.  Ферменттің микроорганизм-продуцентін беттік

                   культивирлеу................................................................................

 

13

4 жұмыс. Ферменттің микроорганизм - продуцентін түптік  

                   культивирлеу................................................................................

 

21

5 жұмыс.   β-фруктофуранозидаза препаратын алу....................................

28

6 жұмыс. Ферментті экстрагирлеу................................................................

31

7 жұмыс. Фермент ерітінділерін төмен малекулярлы      

                  заттардан диализ әдісімен тазарту...............................................

 

37

8 жұмыс. Ортадан тепкіш күші бар сепараторда микроб  

                  суспензиясын  концентрлеу.........................................................

 

43

9 жұмыс.  Азықтық биомассадан липидті экстракциялап бөліп алу.........

52

№ 3 МОДУЛЬ. МИКРОБТЫҚ АҚУЫЗ АЛУ.............................................

56

10 жұмыс. Биомассаны алу. Биомассаны анықтау әдісі. Азықтық

                   микробтық ақуыз алу...................................................................

 

56

11 жұмыс.  Құрғақ биомассадан күлдің және ылғалдың құрамын

                    анықтау.........................................................................................

 

59

12  жұмыс. Дайын  өнімдегі  шикі протеиннің және ылғалдың

                    құрамын анықтау.........................................................................

 

61

№ 4 МОДУЛЬ.  ВАКЦИНА, БАКТЕРИОФАГ ӨНДІРІСІ........................

65

13 жұмыс. Ішеу микрофлорасын тұрақтандыру препаратын алу..............

65

14 жұмыс. Азот фиксирлеуші  препарат алу...............................................

69

15 жұмыс. Микроб  концентратын кептіру..................................................

76

Қолданылған әдебиеттер.............................................................................

 

79

 

 

 

 

 

 

 
 

 


КІРІСПЕ

 

Биологиялық активті заттардың биотехнологиялық синтезінің өмір сүруге қабілетті микроорганизмнің өнімі өсімдік пен жануардың жасушасының ұлпасының культурасы соңғы кездері жоғарғы мәнге ие және тездетілген жағдайда дамуда.  «Биотехнология» термині өндірістің саласын білдіргенімен, оның ғылыммен тікелей байланысы бар: оны жаңа тірі организмдерді құрастыру жолдарын зерттейтін    ғылым ретінде де және материя қозғалысының биологиялық формасын іске асыратын өндіріс саласы ретінде де түсінуге болады. Биотехнология ғылым ретінде генетикалық инженериямен біртұтас бірігіп кеткен.Мұнда ген инженериясының    алдына қойған мақсаты алдын ала    жоспарланған үлгіге сәйкес жаңа немесе жақсарған қасиеті бар тірі организмдерді құрастыру.

Биотехнология -деп тірі организмдерді және биологиялық жүйелер мен процестерді адам баласының мақсатына сай өндірісте қолдануды түсіндіреді. «Биотехнология» термині жиырмасыншы ғасырдың 70-жылдары кең тарағанымен, терминнің өзінен тіршілік («био») заңдылықтарының индустриялы өндіріспен үйлесетінін байқауға болады. Биотехнология екі жақты: ғылыми және өндірістік салаларды жүйелі түрді біріктіреді.Алайда, биотехнологияның жаңа анықтауларында ол тек өндірістің саласы ғана болып саналады.Қазіргі биотехнология адамның практикалық іс әрекетінің барлық жақтарына үлкен әсер етуде.Қазіргі кезде оның көмегімен ондаған аса бағалы биологиялық активті заттар -гормондар,  ферменттер, витаминдер, антибиотиктер алынады, биотехнология ауыл шаруашылығында орасан үлкен мәнге ие  болады.

Биотехнологияның жетістіктері, ең алдымен оның іргелі ғалымдармен тығыз байланысының арқасында пайда болды, осының нәтижесінде биотехнологияның жаңа салалары мен әдістері - генетикалық, жасушалық және ақуыздық инженерия, эизимология инженериясы көмегімен жануарлар мен   өсімдіктердің және бактериялардың   жасушасының   культурасын   көбейту, жасушаларын  біріктіру әдісі кеңінен қанат жаюда.Соңғы жылдары биотехнологияның өріс алуы генетиканың жаңа жетістіктеріне байланысты. Нақтылап айтқанда,қазіргі биотехнологияның көптеген салалары генетикалық инженериямен, әсіресе ген инженериясымен тікелей немесе жанама байланысқан. «Биотехнология» ұғымының өзі генетикалық инженерияның    қалыптасуына  байланысты пайда болды    және алғашқы кезде бұл    екі ұғым синонимдер ретінде қаралды.Алайда, уақыт өткен сайын бұл үғымдардың мазмұны әр түрлі болып толықтырылды демек, генетикалық инженерия биотехнологияның құрама бөлігі болып қалды.

 

№ 1 МОДУЛЬ  АНТИБИОТИК ӨНДІРІСІ

 

№ 1 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ  ЖҰМЫС

 

АНТИБИОТИКТІҢ ПРОДУЦЕНТІ.

АНТИБИОТИКТІҢ АКТИВТІЛІГІН АНЫҚТАУ

 

 

Жұмыстың мақсаты

 

Антибиотикке және антибиотиктік активтілікке микроорганизмнің сезімділігін анықтауды үйрену

 

Теориялық негіздері

 

Антибиотик – микроорганизмнің өмір сүруіне арнайы өнім және оның модификациясы, микроорганизмдердің белгілі тобына қатысты жоғарғы физиологиялық активтілігін атқаратын микроорганизмнің өсуін тежейді немесе толығымен тоқтатады.

Антибиотиктік заттар химиялық құрамы бойынша және механикалық әсері бойынша әр түрлі. Антибиотиктің сипатының ерекшелігі болып  сайланған оның әсері саналады: әрбір антибиотик белгілі организмге немесе ағзаның тобына қарағанда биологиялық әсерін (тиімділігін) сездіреді, басқа әсерін тигізбейді.  

Антибиотиктің пайда болуы – организмнің метаболизмінің тұқым қуалаушылығының бекітілген ерекшелігі болып саналады, бұл түрінің арнайы ерекшелігі немесе микроорганизм штаммы, микроорганизмдер әлемінде антагонистік қатынастың кеңінен таралғанына, пайда болатынына жағдай жасайтын эволюциялық дамуының нәтижесінде пайда болатын реакция.

Негізінде саңырауқұлақ Penicillium, актиномицеттер және кейбір бактериялар топтары антибиотиктің синтезделуіне қабілетті. Антибиотиктің пайда болу процесі организм – продуценттің дамуына тығыз байланысты және фазада жәймен өсуі іске асырылады. Антибиотиктің әсерінен антимикробтық спекторын анықтау үшін немесе антибиотиктің микроорганизмге сезімталдығын анықтауда жұқа агардың қалыңдығына антибиотикті диффундирлеу қабілетті негізделген әдістері қолданылады.

 

 

 

 

Жұмыстың  орындау  әдісі

 

Материалдар және  құрал – жабдықтар

ЕПА мен Петри табақшасы, пинцет, мақта, матадан жасалған тығын, индикатор қағазы, диск, антибиотик, Петри табақшасы агарланған пептонды – глюкозды орта.

 

Жұмыстың орындалуы

 

Микроорганизмнің антибиотикке сезімталдығын анықтау

 

Петри табпқшасына кептірілген ЕПА ортаға зерттелетін культураны тұтас  етіп егеді. Зарарсыздандырылған мақа тампонмен ылғалданған, малынғанмен  зерттелетін культура суспензиясымен егу жасайды.

Зарарсыздандырылған пинцетпен Петри табақшасының ортасынан бір –бірінен шамамен 2,5см-дей қашықтықта, белгілі антибиотик ерітіндісіне малынған индикаторлы қағаз диск (4-5 дана) агардың бетіне қойылады.

Диск табақшаның астыңғы жағынан номерлеп белгілейді. Культура егілген дискпен термостатқа 37ºС температураға 16-18 сағатқа (бетін төмен қаратын) өсіруге  қояады.   

Антибиотиктер, жұқалау агармен диффундирленетін, микроорганизм – культурасының өсу сезімталдығын тежейді, сол дискінің жан жағында өседі, тұтас өскен газонда тестілеуші культура анық бөлініп шығады.

 

1         кесте - Осы антибиотикке микроорганизмнің  сезімталдық дәрежесін аумағының  көлемі  анықтайды.

 

Өсудің тежелген зонасының диаметрі, мм

Антибиотикке сезімталдық  дәрежесі

25 көп

15-25

10-14

10 кем және толық болмайтын

сезімділігі жоғары

сезімді

сезімділігі төмен

төзімді

 

 

Антибиотик продуцентінің антимикробтық әсерінің спектрін анықтау

 

Жұмыстың орындалуы

 

Агарланған пептон – глюкозды ортамен Петри табақшасының түбінің ішкі бетіне табақша диаметрімен арасы 1см параллель екі сызық жүргізіледі. Белгіленген сызыққа көлденең ілмешекпен актиномицет культурасының спорасымен егу жасалады.

Табақшаға еккен кезде агарланған пластинканы төмен ұстау керек (споралар ұшып кетпес үшін). 3-7 күн өткеннен кейін өскен актиномицетті перпендикулярлы штрихпен тест – организміне егу жүргізеді. Тест – организмінің қою суспензиясынан ілмешекпен зарарсызданған құбыр суына егу жасалады. Табақшаны 30°С температураға 1-2 тәулікке инкубирлейді.

Продуцирлеуші актиномицетпен антибиотиктің әсерін бір-бірінің ара қашықтығының көлемімен, штрихтың  шет - шетімен және алдымен тест–организмінің өсуін тестілеуші микроорганизмдер анықтайды.

Тапсырма

1.Микроорганизм культурасының  4-5 антибиотикке сезімталдығын (оқытушының ұсынысымен) қағаз диск әдісімен тестілеу жасау керек.

Өсу кезінде ұстанда  аумағының көлемімен  сезімталдық дәрежесін анықтайды.

2. Перпендикулярлы штрих әдісімен және  өсу аумағының көлемі бойынша продуцентке тест-организмінің сезімталдық дәрежесімен  актиномицет культурасының антимикробтық әсерін спектр анықтайды.

3.Химиялық құрлысымен және механикалық әсерімен антибиотикті зерттеуде тестіленетін культураның сезімталдық дәрежесін анықтау,

 

Бақылау сұрақтар

 

1 Антбиотик дегеніміз не?

2 Антибиотикті сипаттау ерекшелігі неде?

3 Антбиотикті синтездеуге қандай организмдердің  қабілетті бар?

4 Тестілеуші микроорганизмдерге антибиотиктің әсерін қалай   

     анықтайды?

5 Антибиотикке микроорганизмнің сезімталдық дәрежесі қалай

   анықталады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 2  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ  ЖҰМЫС

 

БЕНЗИЛПЕНИЦИЛИННІҢ КАЛИЙ ТҰЗЫН  НАТИВТІ 

ЕРІТІНДІДЕН  АЛУ

 

 

Жұмыстың  мақсаты

 

Бензилпеницилинді  экстракциялап  бөлу  және  оның  калий  тұзын  бөлу  технологиясымен  танысу, лабороториялық  жағдайда бензилпеницилиннің   калий  тұзын  алуды  үйрену.

 

Теориялық  негіздері

 

«Пенициллин»  немесе  дәлірек айтқанда  «пенициллиндер»  атындағы   табиғи  қосылыстар   антибиотиктік  заттардан  қосылған  үлкен  топ және синтетикалық  және  биосинтетикалық  жолмен алынған және олардың   биологиялық  активті  аналогы  болып  ұсынылған.    

Микробтардың кейбіреуі антибиотиктердің әсерінен төзімділігі пайда болды. Микробтардың кейбіреуі белгілі антибиотикке өте сезімтал болады. Антибиотикті өнеркәсіптік жағдайда биологиялық синтездің нәтижесінде алады. Өнеркәсіпте шығарылатын антибиотик продуценті болып бактериялар, антиномицеттер және мицелий саңырауқұлақтары жатады. Антибиотиктер бактерияда пайда болады.

Пеницилиннің  структуралық  формуласы  негізінде  екі  сақинаның   тиазолидинді  және β- лактамды   конденсирленген  жүйесі  жатыр.

 

                                                                     S

                                                    

                            R - CO - NHCH  – CH  –    C(CH3)2

                              шеткі тізбек

                                         O =  C   –  N   –   CHCOOH

 

                              6-аминопеницилин қышқылы(6-АПК)

 

 

Осы формуладан көрініп тұрғандай культуральды сұйықтықтың пенициллин продуцентінен бөлінген  пеницилиндер  N - ацильн туындысы      6 -АПК  болып саналады. Шеткі тізбектері (RCO-) органикалық қышқылдың ацильді қалдығы болып келетін R әр түрлі болуы мүмкін, мысалы:  СН3(СН2) 5СН2 – гептилпеницилин

 

            С6Н5СН2 – бензилпеницилин

 

           НО-С6Н4-СН2 – оксибензилпеницилин

 

С6H5–C – C -3 – фенил -5 метилизооксипеницилин(оксацилин)

       

  N- О - C–  CH3 

          

                        OCH3  

               

                                   

                                -  2,6- диметоксифенилпенициллин (метициллин)

              

                      

                        OCH3

 

Өзінің  химиялық  қасиеттері  бойынша  барлық  пенициллиндер  өте  жақын және негізгі бензилпеницилиннің айналуы мысалы бензилпенициллин   антибиотиктердің  осы  тобының  қасиеттерін  зерттеуге  қолайлы  модель  болуы  мүмкін. Бірінші  рет  өндірістік  масштабта  пеницилин табиғи  субстраттан   штамдарды  қолдана  отырып  беттік  культивирлеу   әдісімен алынған. Қазіргі  кезде  елімізде  және  шет  елдерде  пенициллин  синтездейтін  ондаған  штаммдар бар. Пенициллин  өндірісінде Penicillinum chrysogenum  штаммы  жоғарғы  өнімділікке  ие.

Penicillinum chrysogenum  культураны түптік культивирлегенде   процесте өсудің  6 - фазасына  өтеді. Пеницилин  биосинтезінің  процесі  түптік  культивирлеу  кезінде  үш  сатыдан  тұрады:

1.  инкуляторларда  1-ші генерация  егін мицелиясы өсіріледі;

2. үлкен  сыйымдылықтағы  аппараттарда 2-ші  генерацияның  егін   

     мицелиясы  өсіріледі;

3. ферментация.

Қазіргі  кезде  өндірісте  антибиотиктердің  жоғары  өнімдері пенициллин  продуценттерінің  активтілігі жоғарырақ  штаммдарын  селекциялау  және  оның  түзілу  жағдайларын  зерттеу  нәтижесінде таңдап алған. Медицинаның      саласы   антибиотик өндірісінде дәл  осы  пенициллинді  шығара  бастаған, ал  қазіргі кезде  әртүрлі  топтардың  көптеген  антибиотиктерін  шығарып  жатыр. Антибиотиктің  максимальды  шығымы    жоғары  дәрежедегі  қоректік  ортаның  құрамымен  және аэрация  жағдайларымен  анықталады. Орталардың  құрамы  продуценттің  физиологиялық  ерекшеліктерін  зерттеу  негізінде,  оның  дамуының  әртүрлі  сатыларында  қажеттілігін  зерттеу  негізінде  құралады. Қоректік  орталарды  таңдау  әр бір  штамм  жеке  қолданумен  жүргізіледі.

Түптік  культивирлеу әдісімен ферментация жүргізу процесін  екі  негізгі  фазаға  бөлуге  болады, мицелидің  өсу  фазасы  және пенициллиннің түзілу  фазасы. 1-ші   фаза  ағымында   мицелидің  тез  өсуі  жүреді, оңай  сіңірілетін  көміртегі  және  азот  үлкен  жылдамдықпен  ассимиляцияланады,  ортаның  рН  өседі,  бұл  кезде пенициллин  аз  түзіледі. 2-ші  фазада  мицелий  баяу  өседі,  лактоза  баяу  жұмсалады, ортаның рН  бір қалыпты  болады,  пенициллиннің  түзілуі  максимальды  шамаға  жетеді.

Одан әрмен қарай  мицелий  автолизі  басталады және  сонымен  бірге  культуральды  сұйықтықта    пенициллиннің  концентрациясының  азаюы  байқалады. Культуралды  сұйықтың  фильтратын (нативті  ерітінді)    алдын  ала активтелген көмірмен өңдеуге  жіберіледі.Пенициллиннің  калий  тұзы,  керісінше  суда  жақсы  ериді    және  бутилацетатта ериді. Өндірісте  нативті  ерітіндіні химиялық  әдіспен тазарту  цехқа бергеннен кейін, нативті ертіндіні   жинағышта  экстракциялау  алдында  0,03-0,06 масс. % дезэмульгаторды  (авироль) эмульсиясының  жақсы бөлінуі үшін  қосады.

Жинағыштан  нативті  ертінді эмульгаторға  келеді,  бұл  жерге  сонымен  қатар бір кезде  Н2SO4  9-12 % ерітіндісі  және  суытылған    бутилацетат  келіп  түседі. Эмульгаторда  барлық  үш  компоненттердің  араласуы және бензилпенициллиннің (қышқылдың) бутилацетатпен  экстрагирленуі  жүреді. Содан  соң эмульсия  экстракторға  келеді, бұл  жерде  қосымша  бутилацетатпен  өңделеді.

Алынған  бутилацетат  экстрактін  активтелген  көмірмен  өңдеумен  ағартады, содан соң 20-30 минут аралығында  -50С температурада мұздатады, мұз  бөлшектерін  фильтрлеп  ажыратады, осылайша  бутилацетат экстрактты  сусыздандырылады.

Бутил экстрактан бензилпенициллинің калий тұзын алу  калий  ацетаттың қаныққан ертіндісінің өлшенген мөлшерін қосумен жүреді (калий ацетатты жеке апппаратта дайындайды).

 

 Жұмыстың  орындалу  әдісі

 

 

Жұмысты  жасау  үшін  студенттерге  дайын  нативті  бензилпенициллин  ерітіндісі (калий  натрий  тұзы) беріледі,   алдын  ала өңделген  және    бензилпенициллиннің 2 % масс мөлшері  құрамымен ағартылған  беріледі.

Бутилацетатың нативті ертіндісінен бензилпенициллинді экстракциялау процесі келесі химиялық реакцияда көрсетілуі мүмкін:

 

 

                                                       S

 

         2С6H5CH2 NH-CH-CH                   C(CH3)2    

                                                                                     + H2SO4®

                                    C  -    N                CH  – COOK

                           O

 

                                                             S

                                                            

       ®2С6H5CH2CONH-CH-CH                   C(CH3)2    

                                                                                             + K2SO4®

                                     C         N                 CH  – COOH

                              O

 

Экстракция  жүргізу  үшін  сыйымдылығы  1 л-ік араластырғыш тамшылы воронка  және  термометрі (стаканның  түбіне  түсірілген)  бар  стаканға  бензилпенициллиннің  калий  тұзының  нативті  ерітіндісінің  500 мл  және 150 мл бутилацетатты  құяды. Мұздатқан  кезде  және  араластырған  кезде  тамшылы  воронкадан  10 % H2SO4   ерітіндісін  қосады (10мл)  ерітінді  температурасы  8-100С температурадан  жоғары  болмауы  керек,  осылайша  ерітіндінің рН 2,8-3,0  жеткізе  отырып, тағы  50 мл  немесе  этилацетат  қосады, стакандағы  заттың  көлемі 1 литрлік  бөлгіш  воронкаға ауыстырады  да  фракцияның  қабатталуын  бақылайды (жоғары  жағы бутилацетат  және  төменгі жағы  сулы). Сулы  фракцияны  стаканға  құяды, ал бутилацетатты фракцияны 250 мл Эрленмейер  колбасына  құяды  да – магнидің (немесе  натрийдің) сусыз  сульфатын  қосады. Экстракті  кептіргіштің  үстінде 0,5  сағат  ұстайды. Сулы  қабат  пайда  болған  жағдайда  бутилацетат  экстрактін  қайта  деконтирлейді, құрғақ  колбаға  кептіргіштің  жаңа  порциясын  қосады да,  саңылаулы  шыны  фильтр  арқылы  0,5  сағаттан  соң  немесе  қабаттап  бүктелген  қағаз  фильтр  арқылы  фильтрленеді. Алынған  бутилацетат экстракттан  бензилпеницилиннің калий  тұзы  тұнбаға  түседі.

 

                                                       S

 

      2С6H5CH2CONH-CH-CH                   C(CH3)2    

                                                                                           + СH2СООК®

                                    C  -    N                CH  – COOН

                           O

                                                            

 

 

                                                            S

                                                          

      ®2С6H5CH2CONH-CH-CH                   C(CH3)2    

                                                                                              + СН2СОOН

                                          C     N                 CH  – COOК

                              O

 

 

Сусыздандырылған   бутилацетат  экстракттынан    тұнбаға калий  тұзы  түсуімен,  калий  ацетатының  екі-үш  есе  артық  мөлшерін  қосу  арқылы  бутил ацетат экстракті жүргізеді. Сыйымдылығы  500 мл (мұзы  бар  су  моншасына  орнатылған)  ішіндегі  араластырғышы  және  тамшылы  воронкасы бар сусыз  экстракт  стаканға   араластыра  отырып  калий  ацетаттының   қаныққан  ерітіндісін  қосады (6-7мл). Бірден бензилпенициллиннің  калий  тұзының  түссіз кристалды  тұнбасы   бөліне  бастауы  керек, ол пеницилин  қышқылына  қарағанда  бутилацетатта  ерімейді. Ацетат  ертіндісін  қосуды  аяқтаған  соң  тағы 15-20 минут  араластырады  да  мұзы  бар  моншада  20  минут  ұстайды. Содан  соң  тұнбаны  вакуум кептіргіш  шкафта  тұрақты  массаға  дейін шыны  фильтрде (R2) фильтрлейді. Алынған өнімнің шығымын анықтайды, демек нативті ертіндінің  шамамен 2 % масс концентрациясы болады. Өнімнің тазалығын  хроматографиялық әдіс жүргізіп анықтайды, алынған бензилпенициллин  тұзының  сынамасымен  белгілі этанолмен оны салыстырып идентифицирлейді. Ол үшін силуфол пластинканың старт сызығына үлгінің К тұзының  (15-20 г ) ертіндісімен  50%-тік спиртің сулы ертіндісінен  алынған сынамадан жіңішке шыны түтікше арқылы бір нүктені жасайды, көрші нүктесін бензилпенициллиннің (этанол) ертінді аналогының  үлгісімен жасайды. Пластинканы пропанол:аммиактың сулы ертіндісі (12,5%) 3:1 қатынасындағы  жүйесі бар  камераға орналастырады. Нүктелер жүргеннен кейін хроматографиялық пластинканы ауада кептіреді, «фронт» сызығын белгілейді және УФ сәулесінде қарайды.Егер екі үлгі (идентичен) бірдей болса  және Rf  = 0,55-0,6 болса ,онда жұмыс аяқталды деген демек, алынған өнімді оқытушыға өткізеді. Жұмысқа қолданылатын калий ацетаттының қаныққан ертіндісін периодты түрде  есеп бойынша 1л суға 3 кг калий ацетатпен  дайындайды. Ертіндіні су моншасында 50-600С температура қыздырумен дайындайды. Калий ацетаттың қаныққан ертіндісінің тығыздығы 1,39-1,4 г/мл тең (ареометрмен тексеріледі). Алынған ерітінді аузы нығыздалып жабылған шыны ыдыста сақталады.

 

 

Техника қауіпсіздігі

 

Күкірт қышқылымен жұмыс жасауда киімге және дененің ашық жеріне түсуден сақтану керек.Бутилацетат оңай тұтанады,жанады одан сақтану керек.

 

Бақылау  сұрақтары

 

1.       Пенициллиннің  құрылысы

2.       Пенициллин   алу  әдісі

3.       Ферментация  процесіне  әртүрлі  факторлардың  әсері

4. Калий тұзының нативті ертіндісінен бензилпенициллинді бөліп алу.

 

 

 

№2  МОДУЛЬ   ВИТАМИН, КАРОТИНОИД, ФЕРМЕНТ,

АМИНҚЫШҚЫЛЫ ӨНДІРІСІ

 

 

№ 3  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ  ЖҰМЫС

 

ФЕРМЕНТТІҢ  МИКРООРГАНИЗМ - ПРОДУЦЕНТІН БЕТТІК  КУЛЬТИВИРЛЕУ

 

 

Жұмыстың мақсаты

 

Әр түрлі ферменттердің продуценттерін ұнтақ үгілмелі  ортада өсіру және оның құрамындағы ферменттердің активтілігіне анализ жасау

 

Теориялық негіздері

 

Фермент микроорганизмінің ерекшелігі. Ферменттер іс жүзінде адам баласының тіршілігінің әр түрлі салаларында биологиялық катализатор ретінде кеңінен қолданылады. Олардың алынатын көзі жануарлар мен өсімдіктер және микроорганизмдер болып табылады. Микроорганизмдер ферменттің продуценті ретінде қызығушылық тудырып отыр, әсіресе олардың метаболизмі мен ферменттік жүйелернің жұмысы өте жоғарғы жылдамдықпен іске асырылуда (қарқындылықпен).

Метаболизмнің жоғары қарқындауымен қатар, микроорганизм биомассасының өте жоғарғы жылдамдықпен өсетіндігін есте сақтау керек. Бұл өте қысқа уақыт арадығында (24-124 сағат) өсімдіктер мен жануарлардан алынатын ферменттің мөлшерімен салыстырғанда мұндай мөлшерді  бөліп алу мүмкін емес.

Микроорганизмнің клеткасындағы  жеке ферменттердің мөлшері өте жоғары болуы мүмкін.

Көптеген микроорганизмдер культуральды сұйықтықта мол мөлшерде ферменттерді түзеді. Фермент препараттарын микроорганизмдер жасушасынан алу және әсіресе оларды өсіргеннен кейінгі культуральды сұйықтықтан бөліп алған, өсімдік пен жануарлардың ұлпасынан алғанға қарағанда экономика жағынан  өте тиімді және оңай.

Бір қатар ферменттер тек микроорганизмде табылады. Мысалға, кератиндер, танназалар, рацемазалар және тағы басқалар.

Кейбір бактериялардың сипатымен ерекшеленеді, олардың қабілеті  күкіртті қосылысты,аммиакты тотықтырады және тағы басқаларды да.

Қоршаған ортаны ластайтын заттардан тазартуды микроорганизмдерден пайда болған ферменттердің қабілетімен пестицидтерді, пласмасс компоненттерін ыдырататын қасиетімен жүргізеді.

Микроорганизмдердің қолайсыз экстремальды жағдайларда даму қабілеті, яғни жоғары және төменгі температурада, қышқыл немесе сілтілі ортада молекулалық оттегі болмаған жағдайда, тұздың жоғары концентрациясында  көбінесе олар  ферменттің сипатымен анықталады.

Микроб тектес көптеген ферменттердің қасиеті олардың индуцибелділігі болып табылады. Сонымен β – галактозидазаның синтезі Esherichia coli лактозамен индуцирлейді  және оны қосқаннан кейін үш минуттан кейін басталады, синтезден индикаторды жойғаннан кейін, дәл осылайша тез тоқталады. Дәл осындай реакцияны катализдейтін, бірақ әртүрлі  организмнен алынған қасиеті бойынша ажыратылады.

Микроорганизмдер ферментативтік реакциялардың өте жоғарғы активтілік қасиетіне ие және микроорганизмдерде жоқ көптеген процестер арнайы ферменттердің арқасында іске асыра алады. Сондықтан әр түрлі микроорганизмдерден алынған ферменттерді зерттеу өте қиын мәселе.

Өндірісте қолданылатын микроорганизм  ферменттері

Адам өзінің тіршілігі барысындағы іс – жүзінде өте ертеден бері микроорганизмдердің ферментативті активтілігін қолданып келеді. Саңырауқұлақ культурасын бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Кореяда, Жапонияда және басқа да   елдерде крахмал өнімдерін қанттандырып спирт алу үшін қолданған.

Шарап қайнату, нан пісіру, талшықты өсімдіктерді өңдеу, сүт қышқылды өнімдерін алу әдістері адам баласына  бұрыннан  беглі. Бірақ нақты микроорганизмдердің ферментативті активтілігін қлданып, ферментің жеке өзінің химиялық қосылыстарының арнайы және күрделі құрылыстарын қолдану салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Өндірістік масштабта ферменттер Жапонияда, АҚШ-та, Англияда, Францияда, Голландияда, Данияда, Швейцарияда, Чехияда, Словакияда, Венгрияда, Польшада және бір қатар басқа да елдерде өндіріледі. Соңғы уақытқа дейін микроорганизмдерден алынатын ферменттерді негізінде алынатын көзі болып саңырауқұлақтар саналды. Бірақ қазір кейбір бактериялардың ферменттері кеңінен қолданыс тауып отыр.

Барлық ферменттер алты класқа бөлінеді:

1) Оксидоредуктазалар;

2) Трансферазалар;

3) Гидролазалар;

4) Лиазалар;

5) Изомеразалар;

6) Лигазалар (синтетазалар).

Қатты ортада өсірілетін микроорганизмдер өзінің тіршілігі барысында сыртқы ортаға байланысты әр түрлі гидролитикалық ферменттерге бөлінеді. Осындай әдіспен алынған микроорганизмның культурасы фермент препаратын әр түрлі тазартылған деңгейде алу үшін бастапқы материал болып табылады, ал кептірілген жағдайда ол дайын  техникалық препарат болып табылады.

Беттік культивирлеу жағдайында  микроорганизмдермен синтезделетін ферменттер комплексі, фермент продуценттінің физиологиялық ерекшелігіне, қоректік ортаның құрамы мен өсіру жағадайына байланысты болады. Продуцент ретінде актиномицеттер, мицелиалы саңырауқұлақтар, бактериялар және ашытқылар қолданылады. Бірақ та, көбінесе беттік әдіспен культивирлеуде микроскопиялық саңырауқұлақтар қолданады.

Бұл лабораториялық жұмыста микроскопиялық саңырауқұлақтарды немесе ашыту қабілеті бар микрорганизмдерді қолданған қолайлырақ, мысалыға, Asp. Oryzaе, Asp. Flavus, Asp. Awamori, Asp. Niger, Rh delemar, Endomycopsis fiduliger және тағы басқалар.

 

Материалдар және құрал-жабдықтар. Диаметрі 18 мм сусла – агары бар қисық (косяк) пробиркалар, термостат, автоклав, конусты колбалар, бидайдың кебегі, металл кювета, газды қыздырғыш, шыны таяқша, өлшегіш цилиндр, қызылша сығындысы, жүзім сығындысы, күріштің қабығы, крахмал, пектин.

 

Жұмыстың орындалуы

 

Культураны дайындау

 

Жұмыс жасаудан 6-7 күн бұрын лабораторияның мұражайында сақталатын, бастапқы коллекциялық культураны диаметрі 18 мм пробиркадағы жаңа сусла – агарға егеді (5-6  % тәтті сыра сусласына 1,5-2,0 % агар қосылған). Қисықта (косякта) сусла – агарда егілген микроорганизмдерді 30°С температурада термостатақа 3-4 тәулікке қояды. Мол болып спораның түзілумен саңырауқұлақтың  өсуі      аяқаталады.

Негізгі жұмысты жасаудан 3 күн бұрын қайталап продуцентті пробиркадан қатты қоректік ортаға ауыстырады, әдетте ылғалдандырылған бидай кебегіне. Ол үшін сыйымдылығы 250 см3 конусты колбаға ылғалдылығы 45% бидай кебегінің 15-20г  салады, оларды мақта тығынмен жабады да, тығыны суланбас үшін қағаз қалпақша кигізеді,  содан соң 1 сағатқа 120ºС температураға автоклавқа қояды.

 

   

 

            

1 сурет- Қатты қоректік ортада беттік  культивирлеу әдісімен

микроорганизмдерді өсіруге арналған   қақпағымен  металл кювета

 

 

Ортаны колбада 35-40°С температураға дейін табиғи салқындатқаннан кейін, зарарсыздандырылған жағдайда микроскопиялық саңырауқұлақтардың спорасының суспензиясын егеді.10 см3 зарарсыздандырылған сумен үлкен пробиркадағы қисық сусла – агардан өнімнің спора түзуші культурасын жуып спораның суспензиясын алады. Әрбір колбаға 1см3 зарарсыздандырылған ортасы бар споралы суспензияны қосады. Егілген ортамен бірге колбаны жақсылап араластырғаннан кейін температурасы 30°С термостатқа 2-3 тәулікке қояды. Осы уақыт аралығында саңырауқұлақтар өсіп, қалың саңырауқұлақ кондидасымен жабылған сарғыш – жасыл түс пайда болады. Колбадағы кебекте өсірілген бұл культура, лабораториялық жұмыс кезінде кюветаға егу жүргізу үшін бастапқы егіс материалы ретінде қолданылады.

Егіс материалының микробиологиялық тазалығына және кондиидий құрамына анализ жасалады. Жақсы егіс материалының құрамында бөгде микрофлора болмауы керек.

Ыдысты зарарсыздандыруға дайындау. Барлық ыдысты зарарсыздау алдында тазалап жуылып, кептіргіш шкафта кептірілуі тиіс.

Металл кюветаны  зарарсыздау алдында қақпағымен бірге жиналған түрде, қоректік ортасыз өлшеніп, сол массаны (Р) бақылау хаттамасына жазып отыру керек.

Зарарсыздау үшін қағазбен орап, мұқият келесі заттарды  жіппен байлау керек: кюветаны, қағаздан қиылған қақпақ көлеміндей етіп  жұқа қабықшамен бірге кювета қақпағы, биіктігі кішкентай көлемі 1,5-2,0 дм3 кең ыдысқа  ортаны ылғалдандырып және оны егу жұмыстары жүргізіледі, шыны таяқшаны немесе егіс колбасына егіс культурасын араластыратын күрекшемен, сонымен қатар 250см3 колбада зарарсыздандырған құбыр суы 250 см3 өлшегіш цилиндрмен     қажетті зарарсыздандырылған сумен жүргізген жөн.

Ыдыс пен суды зарарсыздандыруды автоклавта 120°С температурада 0,5 сағат  жүргізген жөн. Автоклавта зарасыздағаннан кейін зарарсыздандырылған ыдыс 105°С температурада кептіргіш шкафта кептіріледі, қағазды зарарсыздағанда аздап ылғалдайды.

 

Қоректік ортаны дайындау және зарарсыздандыру

 

Әрбір нақтылы микроорганизмдер үшін белгілі бір арнайы қосылыстар жиынтығы бар,  белгілі фермент биосинтезін қамтамасыз ететін өзінің қоректік ортасы дайындалады. Мысалға Asp. оryzal үшін қоректік ортаның келесі тәсілдерін қолданады (%): бидай кебегі – 100; бидай кебегі – 70; қызылша сығындысы – 30; жүзім сығындысының шырыны – 20; солодтың өсінділері – 50; күріштің сабаны – 50.

Егер орта компоненттерінің өте үлкен бөлшектері болса (мысалға күнбағыстың сабаны) онда оны ортаға қосу алдында майдалап алу керек.

Ортаның компоненттері техникалық таразыда өлшенеді, жақсылап араластырылады, содан соң анализ жасау үшін қоспадан орташа сынама алынады, ол әдетте 40-60 г жуық болады.

Әрбір кюветаға арналған орта жеке зарарсыздандырылады. Дайындалған ортаны не қалтада (пакетке) не көп қабатталған дәке салфеткаға, не кең шыны стаканға салады.

Зарарсыздауға арналған ыдыс алдын ала өлшенілуі тиіс. Ортаны зарарсыздандыру бюксте 120°С температурада 1сағат  жүргізіледі. Зарарсыздандырылған суы бар ыдыс қайта өлшенеді.

Ортаның бастапқы ылғалдылығын анықтау (W баст.) және құрамы  негізі лимиттеуші процесте микроорганизмнің өскен компоненті.

Үгілгіш ортаның ылғалдылығын анықтауда үш параллель сынамамен жылдамдатылған әдіс бойынша, кептіргіш шкафта  Чижовтың аспабында ИК-лампамен немесе тұрақты массаға дейін кептірумен  жүргізіледі.

Лимитеуші компоненттер ортадағы көміртегі көзі болып азот саналады және кейбір тұздар саналады. Беттік әдіспен культивирлегенде ортада крахмал целлюлоза, гемицеллюлоза, пектиннің  мол мөлшері болады,  тек қоректік көзі ғана емес, сондай-ақ микроорганизмдердің белгілі ферментінің түзілуіне жағдай жасайды.

Мысалы,амилолитикалық фермент алу үшін ортада біраз мөлшерде крахмал болуы керек, ал пектолитикалық фермент үшін крахмалмен қатар ортада үлкен құрамда пектин болуы керек. Қойылған мақсатқа байланысты микроорганизмнің өсуін лимитеуші өте маңыздысын анықтайды және биосинтезге қажетті комплексті де.

Қоректік ортаны ылғалдандыруға қажетті судың мөлшерін есептеу.

Микроскопиялық саңырауқұлақтарының қалыпты дамуы мен ферменттердің қарқынды түзілуіне  ортаның ылғалдылығы 58-63 % болуы қажет.

Қосылатын судың мөлшері келесі мәндер бойынша жүргізіледі:

Aоp – бастапқы ылғалдығымен  Wбаст  қоректік ортаның массасы;

Вор – бастапқы сынамадағы абсолютті құрғақ заттың мөлшері;

Сор –қажетті ылғалдылықпен Wқажет қоректік ортаның массасы;

          

Вор· 100 : (100- Wқажет)= Сор                                                 (3.1)

 

Гор – зарарсыздандырғанан кейінгі қоректік ортаның массасы,

         (В-а) = Гор;

Д –  қоректік ортаны алуға қажетті  судың мөлшері,

        қажетті    ылғалдылықпен қоректік орта, тең 

 

          Д= (Сор – Гор) .                                            (3.2)

 

Зарарсыздандырылған қоректік ортаны ылғалдандыру, оны таза культура продуцентіне егу және өсіру үшін егілетін орталарды кюветаларға бөлу.Бұл операциялар асептикалық жағдайды сақтай отырып жүргізіледі. Егу жұмыстары арнайы бөлмелерде, яғни бокста жүргізіледі. Ол жерді жұмыс жүргізер алдында бактерицидтік шампамен 2,5-3,0 сағат бойы сәулелендіру қажет.

Таза столдың үстінде барлық қажетті зарарсыздандырылған ыдыстар тұрады: зарарсызданған суы бар колба, перфорирленген ыдыс биксте зарарсызданған қоректік орта, қақпақ, кювета, қағазға оралған шыны таяқша және саңырауқұлақ культурасы егілген колба болады. Жұмыс жасаушы адамның қолы резина қолғаптармен қорғалған болуы керек, қолғаптар этил спиртімен жақсылап сүртілген болуы тиіс.

Ылғалдандыру мен егу жұмыстары келесідей жолдармен жүргізіледі. Сыйымдылығы 1,5-2,0 дм3 ыдысқа  мұқият асықпай айналдыра отырып зарарсыздандырылған қоректік ортаны салады.

Отқа жақын ұстап тұрып,  жәймен айналдыра отырып қажет мөлшерде зарарсыздандырылған суды құяды. Содан соң асептикалық жағдайын ескере отырып егіс материалы бар колбаны ашады, зарарсыздандырған таяқшаны салып, көлемі шамамен 2/3  жуық цилиндрден өлшенген зарарсызданған суды құяды. 

Колбадағы заттар мен  суды таяқшаның көмегімен араластырады, сулы суспензяны ортасы бар (сосудқа)  ыдысқа ауыстырады, шыны таяқшасы тұрған бос колбаны тығынмен жауып қояды.

(Сосудтағы) ыдыстағы заттарды резинке қолғап киіп, қолмен араластырады. Бұлай араластыру, ылғал мен егіс материалы ортаның барлық массасына бірдей араласуы үшін жасалады.

Егілетін ортаны алдын – ала өлшенген зарарсызданған кюветаға (В) ауыстырады, оны біркелкі етіп салып алдымен қағаз жабады, содан соң қақпағымен жабылады. Қоректік ортасы бар жабық кюветаны(К) өлшейді. Содан соң кюветаға қаламмен жазып белгі салып, зарарсыздандырылған өсу камерасына немесе термостатқа қояды.  

                         

Шикі дайын культураның массасын анықтау

 

Алғашқы сабақтан белгілі бос кювета және ондағы қағазымен  жұқа табақшаның массасы (Р), кюветадағы ылғал ортаның массасы (Мыл) және кюветадағы орта құрамындағы құрғақ заттының массасы (Мқұ).

Культурасы бар кювета массасынан (Кк1) бос кюветаның массасы шегеріледі (Р) және шикі дайын культураның массасы алынады (Ак) граммен: Ак = Кк1 -Р.

 

    Кесте-  Алынған мәндер  кестеге енгізіледі

 

№

Қолданылатын ортаның варианты

Ортаның бастапқы ылғалды-лығы, Wбаст, %

Лимитирлеуші компоненттердің құрамы

Wтр (Мор) Ортаның мөлшері, г

Қосылатын судың мөлшері

Д, см3

Сбаст, %

СҚҰ.З, %

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Кесте-Құрғақ заттың құрамы

 

Кювета массасы,г

Егілгеннен кейінгі кюветадағы ортаның ылғалдылық мөлшері (Мылғ), г

Егілгеннен кейінгі ортаның құрғақ заттың құрамы (Мор) г

Өсіру камерасындағы ауа параметрі

Бос (Р)

Ортамен (К)

Температура,ºС

Салыстырмалы ылғалдылық, %

Құрғақ термо-метр

Ылғал термо-метр

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Культураның ылғалдылығын анықтау және бастапқы қоректік ортадан оның шығымын есептеу

                     

Саңырауқұлақтың    шикі культурасын  кюветадан  бөліп  алады және кристализатор тәрізді кең ыдысқа ауыстырады, онда толық майдаланып, араластырылады. Орташа сынаманы алады, тездетілген әдіс бойынша ылғалдылығын анықтайды, Чижова аспабымен немесе кептіру шкафта тұрақты массаға жеткенше  кептіріледі.

Культураның шығымын келесі  нұсқа бойынша анықтайды: Вк дайын культурадағы құрғақ затардың құрамы  Вк = Ак(100-WК·ор): 100   (3.3)

формула бойынша анықталады. Культураның шығымы бастапқы ортаға қатынасы % бойынша η=Вк·100/Мқұ құралады.                              (3.4)

Мысалға: K 1 = 270,0г; Р = 160,0; WК ор = 46%  екендігі беглі

               Мқұ = 80,0 г. Ак, Вк және η анықтау керек.

               Ак = 270-160= 11Ог;

               Вк = 11О(100-46):100 = 59,4г;

               η = 59,4 х 100 : 86,0=70,2 %.

 

Культурадағы ферменттің активтілігін анықтау

 

Продуценттің түрі мен олармен синтезделетін ферментке байланысты активтілігін анықтау әдісін таңдайды. Активтілігін анықтауда әдістің қателігі бар-жоғын ескерген жөн. Егер мұндай қателік бағасы әдебиетте болмаса, онда активтілігін анықтауды 5-6 рет бір препаратта жасаса оны анықтауға болады. Одан кейінгі есептеуді жүргізу үшін культураның ылғалдылығын культурадан вытяжка дайындау үшін алынған мөлшерінің мөлшерін, активтілігін анықтауға қолданылатын вытяжка мөлшерін және осы өлшемдердің сенімді қателіктерін білу қажет. Культураның активтілігі ферментативтің активтілік бірлігімен (ФА), 1г ылғал және құрғақ культурада көрсетіледі.

 

3 кесте-  Алынған мәндерді кестеге енгізеді

 

№

Қолданы-латын ортаның варианты

Шикі культураның ылғал-дылығы Wк, Ср , %

Культура шығымы

Ферменттің активтілігі (ФА)

Шикі культура-ның массасы, г

Куль-тура-ның құрғақ заты-ның масса-сы, г

Бастап-қы орта-дан ,%

1г шикі культу-радағы ФА бірлігі

Культураның 1г құрғақ заты

ның ФА бірлігі

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс толық қорытындылаумен аяқталады.

 

Бақылау сұрақтары

 

1.       Микроорганизм ферменттерінің ерекшеліктері

2.       Өндірісте қолданылатын микроорганизмдерің ферменттері

3.       Активті ферменттерді алу әдістері

4.       Ферменттерді бөлу мен тұрақтандыру

5.       Ферменттерді қолдану аумағы

6.       Жұмыстың әдісі

 

 

№4  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ  ЖҰМЫС

 

ФЕРМЕНТТІҢ МИКРООРГАНИЗМ - ПРОДУЦЕНТІН ТҮПТІК  КУЛЬТИВИРЛЕУ

 

Жұмыстың  мақсаты

 

Әртүрлі ферменттің  микроорганизм - продуцентін  сұйық  қоректік  ортада  түптік  культивирлеу әдісімен  өсіру және  оның  құрамымен  ферменттерді  анықтау,  алынған  культураның анализі.

 

Теориялық  негіздері

 

Ферменттің  микроорганизм -  продуценті   әдетте   құрамы анықталған   сұйық  қоректік  ортада түптік культивирлеу  әдісімен  өсіріледі.  Мұндай  микроорганизмнің  көпшілігі  аэробты  болады  және  қоректік  ортаны  интенсивті  араластыруды  талап  етеді.

Продуцент  пен  синтезделетін  ферменттің  түріне  байланысты   ол  сыртқы  ортада  немесе  микробты  жасушаның  ішінде,  әйтпесе  жасуша  мен  ортада  бір  уақытта  жинақтала  алады. Фермент  локализациясына  байланысты продуцентің биомассасы  немесе  культуральды  сұйықтың  фильтраты  арқылы фермент  препаратын  бөлу  жүргізіледі.

Ортаның  құрамы  мен   микроорганизмді  культивирлеу  шарты фермент түзілген  комплекске  айтарлықтай  әсер  етеді. Әрбір  продуцент  үшін  өсіру  шарты  мен  орта  құрамының   оптимизациясы  жүргізіледі  және барлық  микроорганизм  үшін  бірдей емес. Түптік культивирлеу  әдісімен микроорганизм  бойынша топтық  лабараториялық  сабақтарды  жүргізгенде  (колбалармен )  тербеткіштегі колбаларда  өсіреді, өйткені  осындай  жағдайда  ғана  тәжірибенің  көп  варианттарын  алуға болады.  Өсірудің  түптік культивирлеу әдісіне  әртүрлі  микроорганизмді қолдануға  болады: микроскопиялық  саңырауқұлақ, ашытқылар, актиномицет  және  бактериялар.  Көбнесе жиі  қолданылытындар: Asp.oryzae, Asp. Usamii6 Asp. Terricota, Asp.niger, Mucor.Pussillus, Asp.botatae, Asp.flavus,  Trich.coninji, Goethcandidum, Ast,venezualae, Ast.olivochobomogenes, Act.griseus, End.Fibullger, Sacch.cerevisiae, Lactobac.brevis, Asp.awamon, Asp.foetidus, Trich.vivide, Trich.longibracniatum  және  тағы  басқалары.

Өсірудің  түптік  культивирлеу әдісінде  ортаның жеке  компоненттері  қатаң  лимиттеледі  және микроорганизмнің  әрбір  штамы  үшін жеке-жеке таңдалады. Қоректік орта  продуценттің  өсуін  және  олармен  ферменттің  максимальді  мөлшерінің  пайда  болуын  қамтамасыз  етуі  керек. Фермент  биосинтезі  жүргізілетін ортаның  құрамы  көмірсулар, ақуыздар, амин  қышқылдары, тұздар,  қоректік заттар  және  өсу  стимуляторлары  болу  керек. Мысалы, амилаза продуценттерін  өсіру  кезінде  ортаға  крахмал, ал  пектиназа  продуценттері  үшін – пектин (фермент) заттарын енгізеді.Ферменттердің  микроорганизммен  биосинтезінде  орта  құрамы  сияқты  өсіру  шарттары  да  әсер  етеді: ортаның рН,  егіс  материалының  мөлшері  және  жасы, өсіру  температурасы, ортаны  аэрациялау  дәрежесі, өсірудің  ұзақтығы  және  т.б.

Орта  құрамының  және  басқа  факторлардан  әсерін  лабороториялық  тәжірибе жасау  аумағында  зерттеу  мүмкін  емес,  сондықтан  топтық  сабақтағы  тапсырма  тәжірибесінде  жоспарланған  математикалық  әдістерді  қолданып,  өсіру  шарттарын  және  орта құрамының  оптимизациялаған  жағдайда СОҒЗЖ   орындау  мүмкін.

Берілген  лабараториялық  жұмысқа  физиологиялық  және  продуцирлеу қабілеті  белгілі  ферменттің  кез-келген  продуценттерін  қолдануға  болады. Берілген  сабаққа  мысал, ретінде  фермент  продуценттері-микроскопиялық  саңырауқұлақ  штамдары  қолданылыды: Asp.oryzae 8Ғ1 - әсер ету  оптимумы  рН 2.0-ден 10.0 дейінгі  үлкен диапозондағы  протеолитикалық  фермент  комплексінің  продуценті: Asp.terricota  3374 - әсер ету  оптимумы  бейтарап  және сілтілі рН  аймағындағы  протеолитикалық  ферменттердің  продуценті. Asp.oryzae 3-19-15, Asp.oryzae И–476 a- амилаза  продуцентті, Asp.botatae – 61; Asp.awamoni – 3758-45 – қанттаушы    амилазалық  ферменттердің  продуцент типті; Asp.niger, Asp.foetidus; Asp.awamoni – 16 – пектолитикалық  ферменттердің  продуценттері;  Asp.awamoni 22 – глюкоамилаза  ферментінің  продуценттері Trich.deimoviside–целлюлозаны ыдыратушы целлюлозалитикалық  ферменттердің  продуценттері.

 

Жұмыстың  орындалу  әдісі

 

Қоректік  ортаны  дайындау және  ыдысты  дайындау, оларды  зарарсыздандыру.

Нақты  алынған микроорганизмнің  әрбірі үшін    ортаның  бірнеше нұсқасын  атауға  болады, олар  оның  өсуі  мен  сол  және  басқа  ферменттердің  түзілуімен  қамтамасыз  етіледі ( кесте).Лабароториялық  жұмыста  студент 700 см3 ортадағы  әрбір  заттың  компонентінің салмағын  есептей  отырып, 0,7 дм3 қоректік  ортаны  дайындайды. Бастапқыда  техникалық  таразыда  стаканды  өлшейді, содан соң,  осы  стаканға  кезекпен  ортаның  барлық   көлемі  бойынша  және  жеке –жеке бөліп   өлшенеді. Ортаның  сұйық  компоненттері  көлемі  бойынша  және  бөлек  өлшенеді.  Тұздар зиянсыз  ериді. Крахмал  немесе  ұн 1:10 қатынаста  мұздай  сумен  араласады  және  тұрақты  араластыру  арқылы  су  моншасында  қайнатады. Қосылатын  судың  мөлшері  ортаның  барлық  сұйық  компоненттерін  есепке  ала  отырып есептелінеді.

Ортаны  дайындау  алдында  оның  компоненттерінің  дұрыс  араласуын  тексеру  керек,  әйтпесе  орта  жақсы  болмай қалады.  Қоректік  ортаны  дайындау,  араластыру  және  қайнату  1,5-2,0 дм3  эмаль  ыдыста   жүзеге  асырылады.

Дайындалған  қоректік  ортаны 40-450С температураға дейін  салқындатқаннан кейін   өлшейді  және  750 см  конусты  колбаға  құяды, олар микроорганизмді  өсіруге  арналған арнайы тербеткіштерде жүргізіледі. Әрбір   вариянтқа  төрт  колбадан  алынады, әрқайсысына  дайындалған  ортадан 120 см3  етіп құяды. Колбаларды мақта дәке  тығынмен  жабады,  зарарсыздандыру  кезінде  дәке   ылғалданбау  үшін  оған  қағаз   қалпақша  кигізеді.  Зарарсыздандыруға   тербелгіштегі  колбалармен  бірге,  50 см3 ортасы  бар колбаны де  қояды, одан әрмен қарай  оның рН  анықтау  үшін алады. Одан  басқа,  түбі кең   дәке  тампондармен  бекітілген  және  қағазға  оралған  төрт 2 см3  пипетканы  және  дәке  тығындарымен қағаз  қалпақтармен  жабылған  10 см3  құбыр  суы  бар  2 пробирка   зарарсыздандыруға  қояды. Зарарсыздандыруды  автоклавта  1200С-  температурада 30  минут  жүргізіледі.

 

4 Кесте-Ферменттің  микроорганизм-продуценттерін  өсіруге  арналған  қоректік  орталар

 

Қоректік  ортаның  компоненттері

Қоректік  орта варианттары және  компоненттер құрамы

1

2

3

Asp.oryzae  8 Ғ1

Жүгері экстракты

0,3

0,4

0,3

Соя  ұны

0,5

4,0

2,0

Жүгері  ұны

2,0

-

2,0

Азықтық ашытқы

-

-

0,5

Калий карбонаты

0,1

0,2

0,2

Asp. Terricota 3374

Натрий  нитраты

0,91

-

-

Калий  хлориді

0,05

0,05

-

Магний сульфаты

0,05

0,05

-

Калий  дигидроортофосфат

0,10

0,10

-

Темір  сульфаты

0,001

0,001

-

Ерігіш крахмал

6,0

3,0

-

Жүгері ұны

-

-

3,0

Глюкоза

-

-

1,5

Казейн

-

0,2

-

Жүгері экстракты

-

-

0,3

Кальций карбонаты

-

0,50

1,0

Asp.batate-61

Спирт бардасынан кейінгі фильтрат

98,3

96,8

-

Жүгері крахмалы

1,5

-

1,0

Техникалық магнезит

0,2

0,2

0,2

Арпа ұны

-

2,5

1,5

Жүгері экстракты

0,2

0,5

1,0

Asp.niger II (Asp.awani – 16)

Қызылша жомы

1,0

2,0

4,0

Қызылшалы пектин

1,0

0,5

-

Жүгері ұны

1,5(-)

1,0(-)

0,5(-)

Солод  қалдықтары

(-)370

(-)2,0

(-)1,7

Аммоний гидроортофосфаты

0,4(-)

0,5(-)

0,7(-)

Аммоний сульфаты

0,4(0,5)

(-)0,6

(-)0,7

Магний сульфаты

0,05

0,06

0,05

Thichoderma  viride

Фильтрлеуші қағаз

2

-

-

Сульфитті целлюлоза

-

2

-

Қызылша жомы

-

-

2

Жүгері экстракті

0,5

0,5

0,5

Аммоний сульфаты

0,5

0,5

0,5

Аммоний гидроортофосфаты

0,2

0,2

0,2

Мочевина

0,3

-

0,1

 

Ескерту: 1. Чапека ортасы- КН 2 РО 4, МgSO4 , KCI , FeSO4,  NaNO 3,   

                2. Asp.awamoni – 16 үшін ортаның компонентері  жақшаның  

                  ішінде берілген

 

Ортаның  рН  анықтау

 

Ортаның рН  электорметрлік әдіспен екі рет анықтайды: зарарсыздандырылғаннан  кейін және дейін.

 

Қоректік ортаға егу

 

Зарарсыздандыру  аяқталғаннан кейін  және  автоклав  жабылған  соң  пипеткаларды 70-80оС температураға  ыстық  кептіргіш  шкафқа 10-15 минут,  колбаны, қағаз және басқа да ыдыстарды  автоклавқа  10-20 минут қойып  қояды. Сосын  қоректік  ортасы  бар  колбаларды  алып, егер  уақыт  болса, 30-350С температураға  дейін  столға  салқындатуға  қояды,  ал  егер  уақыт  болмаса,  салқын  суы  бар  моншаға   колбаларды  қояды,  бірақ  тығындар  суланып  қалмауы  керек. Салқындатқаннан  кейін  жақсылап  сүртеді  және  қағаз  қалпақтары  алып  тасталады.

 Егуді  екеулеп  жүргізген дұрыс. Студенттің  біреуі  қыздырғышқа  қарсы  отырады,  екіншісі  сол  жаққа  отырады. Бірінші  студент  қолына  екі  пробирка  алады: сол  қолына  продуценті  бар  пробирканы, оң  қолына   зарарсызданған  суы  бар  пробирканы  алады. Сол  қол шынашағымен  зарарсызданған  суы  бар  пробирканы  алып,  тығынның  жоғарғы  бетін  күйдіреді. Бірінші  студент  қыздырғыш  жалынына  жақындатып  тұрып  зарарсызданған  пипетканы  қағазынан  ажыратады. Конидий  суспензиясы  бар  пробирканы  алып  ашады  және  пипетка  мен  пробирка аузының  шетін жалынға  күйдіре  отырып, пробиркаға  пипетканы  енгізеді.Сол пипеткамен суспензияны алып қоректік ортаға  жәймен егеді.

 

Культивирлеу шарттарын  сипаттау

 

Колбаларды  тербегшке  қояды және  ұстап  тұрушы  дискімен  немесе  арнаулы ұстағыштармен  бекітеді.  

 

Продуцент ____________________________

 

Ортаның құрамы_______________________

 

Кесте- Ортаның компонентін анализдеу

 

рН

Ортаның анализделетін компонентінің құрамы,

г. немесе 100 куб.см. мг.

Бастапқы орта

Культураль

ды сұйықтық

Бастапқы орта

Дайын культуральды сұйықтық

Зарарсыздауға дейінгі

Зарарсыздаудан кейінгі

РВ

азот

ж/е. т.б.

РВ

азот

ж/е. т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортаның  қатты  фазасын және  саңырауқұлақтың  биомассасын  анықтау

 

Тербегіштен  алынған  колбалардағы  дайын  культураның  көлемі  бастапқы  ортадан төмен  болады, өйткені  өсіру  және  зарарсыздандыру  уақытында  ылғал  дәке  тығын арқылы  буланып  кетеді. Табиғи  кемуі – 6-9% құрайды.

Түзілген  биомасса   мөлшерін  анықтау  үшін  Бюхнер  воронкасына   арналған  екі  қағаз  фильтр  дайындалады  және  тұрақты  массаға  жеткенге дейін  кептіреді. Екі  колбадағы   масса құрамы  Бюхнер  воронкасымен    вакуум   астында  кезектесіп  фильтрленеді. Егер колба  қабырғаларындағы қоспа  құрамы  қалып  қалса  оны  фильтратпен  жуады  да  колбаға  құяды. Тұнбаны  фильтрде  аздап  кептіреді.Бірінші  және  екінші  колбалардан  алынған  тұнбасы  бар  фильтрлерді  алдын  ала  өлшенген  Петри  табақшасына  салып, 15-30 минут кептіргіш  шкафта  тұрақты  массаға жеткенге  дейін  кептіреді.

 

Саңырауқұлақ  мицелиясынан  вытяжка  алу

 

Үшінші  колбадан  алынған  мицелий  культуральды  сұйықтықтың  сұйық  бөлігінен  ажыратылып алғаннан кейін   екі  порция (20-25 куб.см.) салқын  сумен  жуады,  фарфорлы  табақшаға  араластырады, мұнда 300С  температурада  дистилденген сумен  және  кварц  құмымен  (шамамен 0,2-0,3 г) 10-15 минут  езгілеп тоқпақтайды. Осы  операция  нәтижесінде  өсірудің  барлық  циклінде  микроорганизм   синтездеген  барлық  ферменттер  қосындысын  анықтауға  мүмкіндік  жасайтын  мицелийден  алған  ферменттер  шығады.

  Өлшегіш  колбадағы масса  құрамын   араластырады  және  қабатталған  фильтр  арқылы  сүзеді. Фильтратты  ферменттің  активтігін  анықтау  үшін  қолданады.

 

Саңырауқұлақтың  мицелиалы  массасындағы  және  культуральды  сұйықтықтың  фильтратындағы  ферменттің  активтігін  анықтау

 

Микроорганизмнің  физиологиясы  бойынша   ғылыми- зерттеу  жұмыстары,  сол  немесе  басқа   микроорганизм  биомассасын  продуцирлеуші  қабілеттінің   көрсеткішімен  жүргізеді.

ЕМ – бұл  берілген  жағдайда  микроорганизмдердің  1 гр биомассасын  синтездеуге  қабілетті  фермент  активтігінің   бірлік  мөлшері.

 ЕМ-ны  есептеу  үшін  барлық  мицелийдегі ФА  бірлігінің  қосындысын  білу  керек: культуральды  сұйықтықтың  фильтратының   барлық  көлеміндегі  ФА  бірлігін, барлық  көлемдегі  мицелийдің  құрғақ  массасын  білу  керек.

Бұдан  басқада,   мицелийдегі  және  культуральды  сұйықтықтағы  фильтрат  құрамы культурадағы   ферментативтік  активтік   бірлігінің    жалпы қосындысының   қатынасымен   есептеледі.Барлық анықтамалар нәтижесі және есептеулер хаттамада бақыланып кестеге толтырылады

 

Бақылау  сұрақтары

 

1.Микроорганизм продцентін   түптік культивирлеу әдісімен  сұйық  қоректік  ортада  өсіру.

2.Лабораторияда фермент алудың қондырғысы

3.Культуральді  сұйықтыққа  сипаттама.

4.Микроорганизм  физиологиясы  бойынша  ғылыми-зерттеу  жұмыстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№5  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ  ЖҰМЫС

 

   Β-ФРУКТОФУРАНОЗИДАЗА  ПРЕПАРАТЫН  АЛУ

 

Жұмыстың  мақсаты

 

 β-фруктофуранозидаза препаратын алудың технологиялық  ерекшеліктерін меңгеру, ферментті бөліп алуды және тазартуды іс-жүзінде меңгеру.

 

Теориялық  бөлімі

 

Инвертазды активті (сахароза) ферменттік препараттарды тамақ            өнеркәсібінің бірнеше саласында қолданады.Олар кондитер өнеркәсібінде  қанты бар қоюланған сүт, жасанды әсел, жеміс-жидек шырыны, марсты, экстракт алуда антикристализатор ретінде қолданады.

Инвертаза препараттары тазаланған ұнтақ, сұйық сулы – глицеринді концентрат, ашытқы автолизаты және құрғақ ашытқы түрінде алынады.

Инвертазаны алу екі сатыда  жүреді:

1.инвертаздың активтілігін жоғарылату мақсатыда ашытқының активтелуі

2.ашытқы клеткасының бұзылуы, ферментті  бөліп алу және препарат дайындау

3.Инвертаза препаратын алудың технологиялық процесін сызба нұсқа  түрінде көрсетуге болады

 

Жұмыстың орындалуы

 

Сыра ашытқысын қоспадан босату

 

Сыраның тұнған ашытқысының құрамында ащы дәм беретін құлмақты (хмель) смола бөлшектер, ақуыздар және т.б. заттар болады, сондықтан ашытқыны бірнеше рет шаяды, (18-19), қоспа бөлшектер торда қалады, ал ашытқылар сумен бірге жинағышқа түседі. Содан соң ашытқыларды сепарирлейді және 0,5% сулы NaCl ертіндісімен 1-2 сағаттай периодты  шаяды, сосын тағы да сепарирлейді.Сепарирленген престелген  ашытқы шамамен 75% құрайды.

 

Универсальды биоперпаратты алу

 

Алынған ашытқыны  жылу алмастырғыш жейдемен жабдықталған ыдыстың ішінде 1:2 қатынаста сахарозамен араластырады. Барлық массаны араластырып, t 40-45°С температурада 2-3 сағаттай гамогенді

 

 

 

 

 

 

 



масса түзілгенге дейін ұстайды. Препараттың дәмі тәтті тығыздығы 1,4; ылғалдылығы 25% болады. Активтілігі-200 бірлік/г, қант құрамы 66%, оның 91-93% инвертті түрде болады.

 

Препаратты паста түрінде алу

                 

Жуылған ашытқыны құрғақ заттың концентрациясы 5% -дей болғанша сумен араластырады. Ашытқы суспензиясын 0,7-0,8 м3/сағ жылдамдықпен ультрадыбыс қондырғыға жібереді, оның интенсивті  35кГц,   айналу жиілігі 6-7 Вт/ см32 нәтижесінде температура 60°С  тез арада көтеріледі. Яғни, жасушалардың тез арада өлуі (басқа әдістерді қолдануға болады) байқалады.

Ашытқыларды тез арада центрифугирлеуді, содан соң, ылғалдылығы 70% болатын пастаны алады, алынған пастаны автолизге ұшыратады және (1:6) қатынаста NaCl есебінде қосылады, сөйтіп жақсылап араластырады.Препараттың активтілігі 500 бірлік ФА/г шамасында болады.

 

Құрғақ ашытқыны алу

 

Жуылған ашытуды акустикалық сәулелендіргіші бар шаңдатқыш кептіргіште кептіреді.Нәтижесінде ұзақ сақтауға төзімді құрғақ ашытқылардың комплексті препараты алынады.

 

Ашытқыны  активациялау  және құнарлану

 

Жуылған сыра ашытқысына, аэрация кезінде (1 кг ашытқыға 10 л/мин). көміртегі  құрамы бойынша  құрастырылған     ортаны қосады, қажетті қоректік тұздың жиынтығы бар. Көміртегі 20%-ті (қант бойынша) меласса ерітіндісі (0,16 г қантқа 1г құрғақ ашытқының массасы) ретінде қосылады. Активация  30°С температура кезінде 8-10 сағаттай жүреді. Нәтижесінде ашытқыдағы инвертаза құрамы 50-10 есеге көбейеді.

 

 Ашытқы жасушасының бұзылуы

 

  Мына әдістерді қолдануға болады:

1. Механикалық – төмен температура кезінде гомогенизаторларда үгіу, езгілеу. 

2. Термиялық автолиз 5-10 минут  бойы 60-70°С температурада ұзақ уақыт автолиздейді (4-5 тәулік) 45-48°С температурада.

3.  Ретімен мұздату және ерітумен клетканы бұзу ультрадыбыс қабаттарын бұзу.

4. Капилярлы активтендірумен - яд (бензол, хлороформ, толуол және т.б.) клетка қабырғасын бұзу. 0,8 % бензолды активтелген ашытқыға есеп бойынша құрғақ ашытқыдан массасын қосып, термостатқа 30°С температурада периодты араластыруға 5 тәулікке қояды.

Автолиздің аяғында инвертаза толығымен ертіндіге өтеді. Автолизделген  жасушалар центрифугирлеумен бөлінеді.

 

Тазартылған перпараттарды алу

 

Тұнба бетіндегі сұйықтықты сірке қышқылымен рН 5,5-5,0 болғанша қышқылдандырады, ол ферменттің тұнбаға түсуін қамтамасыз етеді және    0°С  температураға дейін салқындатады. Тұнбаны салқындатып сепарирлеумен бөледі. Тұнбаға 2-5 С 0 температураға  дейін салқындатып этил спиртін (1:1,5) қосады, алынған тұнбаны центрифугирлейді. Құрғақ препараттың активтілігін тез жоғалтқандықтан, алынған тұнбаны аз мөлшердегі сумен араластырады және ертіндінің концентрациясы 25% болғанша глицерин қосады. Осындай препаратты 2 жылға дейін сақтауға болады.

  Қайтадан сепарирлейді. Ашытқылардың сепарирленуі ылғалдылығы 75% препаратта ашытқылардың концентрациясы бар.

 

Бақылау  сұрақтары

 

1. Сахарозаға әсер ететін субстрат

2. Тазаланған  препаратты  алу

3. Универсальды препарат алу

4. Құрғақ ашытқы алу

5. Тазартылған препарат алу

6. Препарат –пастасын алу

 

 

№6  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ  ЖҰМЫС

 

ФЕРМЕНТТІ ЭКСТРАГИРЛЕУ

 

Жұмыстың мақсаты

 

Сулы экстракция әдiсiмен культура бетiнен ферменттердi бөлiп алу, зерттеу,осы  экстракт негiзiнде тазартылған фермент препаратын алу

 

Теориялық негiздерi     

                                                                                                                                 

Микроскопиялық  саңырауқұлақтардың  беттiк  культурасы 67- 78% ерiмейтiн заттардан тұрады. Көптеген ерігіш  ақуыз заттар фермент болып   келеді және сулы экстракция әдiсiмен культурадан продуцент оңай бөлiнедi, ал жасуша iшiндегi ферменттердiң бөлiнуi жасуша қабырғаның ішіне ену дәрежесiне байланысты болады. Микроорганизмнiң беттiк культурасынан экстракциялауда бір кезiнде ферментпен бiрге экстрагент амин қышқылы, төмен молекулалы көмiрсулар, тұздар, қышқылдар және тағы басқа сол сияқты, ерiгiш заттар ауысады. Егер бастапқы кульураның құрғақ заттарын 100% деп алсақ, онда экстракция кезiнде олардан  22-33 % ерiтiндiге өтедi, ал фермент толығымен (90-95 %) бөлiнедi, сондықтан экстракциядан кейiн препарат активтiлiгi 1г құрғақ затқа шаққанда 3,0-3,5 есе жоғарлайды. Фермент экстракциясы 25-27°С температурада құбыр сумен жүргiзiледi. Ферменттi таза культурадан экстракциялау түрлi жүйелi аппараттарда жүргiзедi, бұл процесте ғылыми мақсатқа сай зерттеуге ең қолайлы бiрнеше диффузорлы аппараттардан тұратын диффузорлық қондырғы (сурет) қолданылады. Суретте диффузордан тұратын лабораториялық қондырғы  көрсеттiлген. Әрбiр диффузордiң көлемi 0,55 - 0,60 дм3. Диффузорға 150г культура салынады. Өйткенi бiр лабораториялық сабақ уақытысында батареяда орындауға жұмыс жасау  режимiн келтiру мүмкiн емес, лабораториялық жұмыс, әрбiр диффузорлардың жұмыс iстеу ұзақтығы 20 минут, батареяның бiр айнау шеңберiнде жүргiзiледi  20,7/60 = 2 сағат 20 минут.Егер лабораторияда мұндай қондырғылар болмаса, онда оларды кез келген экстракциялау аппараттарының моделiн пайдалануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2 Сурет- Лабораториялық экстрактор (диффузор)

 

 

3 Сурет- Беттік микроорганизм культурасынан  ферменттi экстракциялауға  арналған лабораториялық қондырғының сызба нұсқасы.

1-суға арналған  ыдыс;

2-су берiлудi реттейтiн шүмек;

3- экстрагент ешбiр кедергiсiз тез àғып өтеттiн ворнка;

4- экстрактор;

5- 750 см3 көлемдегі өлшеуiш стакан;

6- 61 –тор шүмектер;

7-  сынамаға арналған  шүмектер;

8-9  -ауаны жүйеден шығаруға арналған үшеулiк шүмектер; 

81-91 – культура өткiзетiн шүмектер.

 

Сонымен қатар экстракциялау процесiнiң принципiн жалпылама зерттеуге болады, батарея жұмысын жүргiзе отырып, кең стакандарға культураны экстрагентпен белгiленген уақытқа дейiн құяды, оларды периодты декантирлеп және жаңа культурасы бар стаканға құяды, және тағы сол сияқты, бiрншi стаканға экстрагент культурасы деконтациядан кейiн таза сумен мөлшерлеп  өлшеп толтырады. Жүргiзiлген мұндай жұмыс беттiк культурадан ферменттi экстракциялау процесiне жақын анықтама бере алады.

 

Жұмыстың  орындалу әдiсi

 

Диффузор батарейді дайындау, толтыру және оны iске қосу. Барлық диффузорлар бiр деңгейде орналастырылады. Диффузордің жейделерi бiр-бiрiмен жалғасып, соңғысы ультротермостатқа жалғасады. Су бiрiншi диффузордың төменгi жағынан берiлiп, үстiнгi жағынан шығарылып, 2-шi диффузордың төменгi жағынан берiліп және тағы  сол сиқты әрмен қарай жалғасады. Соңғы диффузордың жейдесiнен су ультротермостатқа жiберіледi. Әрбiр диффузорға тор орналастырылады, содан соң 150г культура өлшеп алынып, екi қабат дәке қапшыққа салынып, культурамен бiрге диффузорға салынады да қаптың жоғарғы жағынан жоғарғы тор нығыздалып жабылады, экстракт  шығарылатын  саңылауы болады. Осылайша барлық диффузорларды толтырады. Экстракцияны сумен жүргiзедi. Өлшенген судың мөлшерi төменгi тубусты шыны ыдысқа құйылады, содан соң су одан шүмек арқылы ашық воронкаға келедi. Диффузордың қақпағы iске қосылып, сол  мезетде ашық, 8-8' шүмектерi жабылады. Бiрiншi диффузордағы культурадан су өтiп, жоғарғы деңгейге жеткенде, 6 шүмек жабылады және қақпақ жабылады. Жүйе iшiнде культура  20 минут тұрады. Сосын 6 шүмектердi ашады, 8 шүмектен су шыққаннан кейiн оны жауып, 8 шүмектi жабады. Екiншi диффузордың ашық қақпағынан онда экстрагенттің пайда болғанын байқайды, 9 және 9' шүмектерi жабылады. Экстрагент диффузордың жоғарғы деңгейіне жеткенде 6 және 8 шүмектердi жабады, диффузордың қақпағын жақсылап  бекiтiп, экстрагенттi тағы да 20 минут  жүйеге қояды. Осылайша барлық диффузорларды қайталайды. Сосын 8 және 9 шүмектерді жауып, ағызатын түтiктердің астына 750см2 стакандарды қояды, диффузордың қақпағын ашып,  7 шүмектердi ашады. Шүмектің алдындағы  құбырдан шығарылатын экстрагент босатылады (8, 9 шүмектер ашылып) 2 сағат  20 минут өткеннен кейiн диффузорға экстрагенті толтыру батарейдiң бiр айналымы аяқталады. Экстрагентiң әрбiр порциясынан ферменттің активтiлiгiн, құрғақ заттың құрамымен анықтауға болады,  беттiк культурасынан ферменттердi бөлiп алу процесібойынша сипаттауға болады.Экстракция процесiнiң балансын құру үшiн бастапқы ылғалдығын, соның бастапқы активтiлiгiн бiлу қажет. Оларды белгiлi әдiстермен анықтайды.

Ескерту: Осы тақырып бойынша СӨҒЗЖ жүргiзгенде батарейдiң 2-5 айналымын жүргiзiп, режимі тек бекітілген кезде ғана процестің сипаттамасын алуға болады.

Экстракция су балансын құру үшiн ыдыстағы судың бастапқы мөлшерi мен (мысалы, 6 дм3)  соңғы диффузорды толтырудан қалған су мөлшерiнiң (мысалы 1,1 дм3)қалдық  айырмашылығын табады. Сонымен жұмсалған судың барлығы 4,9 дм3 болады. Процесс бөлiнгеннен кейiн әрбiр диффузордан шыққан экстрагент ыдысқа құйылады және рН  өлшенген болуы керек. Мысалы, бiрiншi стаканда 310 см3 жиналса, екiншiде-290 см3, үшiншiде- 340 см3, төртiншiде-300 см3, бесiншiде-300 см3, алтыншыда-310см3, жетiншiде- 290см3 , сонымен жалпы мөлшерi 2,1дм3.  Культураны  ылғалдауға 4,9-2,1=2,8дм3.

Экстракция процесi кезiнде ерiтiндiге 22-33% дейiн құрғақ зат өтедi. Егер культураның бастапқы ылғалдылығы шамамен 10%,онда құрғақ зат 150 г болады, сонда 150 ´ 0,9 =  135г.

Шамамен құрғақ заттың 1/3 бөлiгi ерiтiндiге өттi деп есептесек диффузорда 135 ´ 2/3 = 90г құрғақ зат қалады.

Әрбiр диффузордағы культураны ылғаландыруға бiрдей мөлшерде су кеттi деп есептесек, онда 2,8/7 = 0,4 дм3.

Судың мөлшері  биошартты ылғалдағанда  400·100 · 490- 181,6% құрайды.

Теория жүзiнде әрбiр диффузордағы экстракт көлемiнің шығынын ескермей- ақ анықтап алуға болады.Фермент активтiлiгi мен экстракт құрамындағы құрғақ затты анықтау.Құрғақ зат құрамындағы сынаманы тұрақты массаға жеткізгенше кептiру арқылы анықтауға болады, бiрақ бұл әдiс күрделi жұмыс жасауды ұзақ уақытты және тек жауапты тәжiрбилерді қолданады. Құрғақ заттың толық бөлiнгенін анықтау үшiн негiзiнен рефракторметрлік әдiс қолданылады.

Бұл мәндер хаттамаға енгiзіліп, графикалық түрде көрсетiледi.

Жүргізілген тәжірибе бойынша шығымын тек жуық шамамен есептеуді жүргiзедi. Өйткенi мұнда биошрат ылғалдылығы және бөлiнген фермент мөлшерi анықталмайды.

Жоғарыда әрбiр диффузордағы экстракт көлемi есептеледi. Фермент активтiлiгiн әрбiр диффузордағы экстракт көлемiне көбейтсек сұйық фазада әрбiр диффузордағы ФА бiрлiгiмен есептеледi:  ФА фермент экстракты = ФА, (1 диффузордағы фермент активтiлiгi ) ФА+ФА.... және сол сияқты тағы басқа.  

 

 

4 Сурет- Экстрагирлеуші фермент балансын құру. Микроорганизмнiң беттiк культурасынан ферментті экстракциялау процессiнiң графигі

 

 

5 Сурет  - Ось ордината  - (ФА) ферментативтік  активтігі

                 Ось абцисса -  уақыт τ (уақыт мин).

 

Сосын диффузорда орналасқан культурадағы ФА бiрлiгінің жалпы мөлшерi есептеледi. БФА культура =135nФА экстракт, мұндағы 135- үстiндегi құрғақ зат құрамы; n- диффузорлар саны Б(n-7), БФА культура шамасын 100%-ке тең деп алады. Сонда экстракцияланбайтын фермент мөлшерi мынаған тең (ФА культура– ФА экстракт): ФА культура 100%.

Кестеде -хаттама құруға арналған  мәлiметтер:тәжiрибе алдында ыдыстағы су, соңғы диффузорлар толтырылғаннан кейiнгi судың көлемi, әрбiр диффузиядағы культура мөлшерi, культура ылғалдылығы, культурадағы фермент

 

5 кесте –жұмыстың нәтижелерің хаттамада  келесі түрде жазылады

 

 

 

 №    диффузоры

 

 

Экстракция  ұзақтығы

Құрғақ  заттың  конц.   , %

ФА, бір/см3

Экстрагент  көлемі  см3

Сұйық  фазадағы  ФА бірлігінің  суммасы

Диффузордан  алынған

Ылғалданған  биотрат

Сұйық  фаза  суммасы

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау сұрақтары

 

1.       Экстракциялау процесiнiң мәнi

2.       Сұйық экстракциясының қолданылу аймағы

3.       Лабораториялық диффузор құрылысы және экстракциялау үшiн

     қондырғы жинау тәсiлi.

4.       Жұмысты жүргiзу әдiсi

5. Батареяны дайындау және оны iске қосу

6. Экстракция кезiнде су балансын құру

 

 

№7  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ  ЖҰМЫС

 

ФЕРМЕНТ ЕРІТІНДІЛЕРІН ТӨМЕН  МАЛЕКУЛЯРЛЫ   ЗАТТАРДАН  ДИАЛИЗ ӘДІСІМЕН  ТАЗАРТУ

 

 

Жұмыстың мақсаты

 

Диализденген ертiндiнi жан-жақты анализ жасау арқылы  микроскопиялық саңырауқұлақтың бетттiк культурасынан алынған экстрактті   диализ және электродиализ әдісімен бөліп алу процестерiн оқып үйрену.

 

Теориялық  негiздерi

 

Диализ дегенiмiз- төмен және күрделi молекулалы заттарды жартылай өткiзгiш мембрананы пайдаланып арқылы бөліп алу процесiн айтамыз. Төмен молекулалы заттардың диаметрi мембрана саңылауының диаметрiне қарағанда кiшi болады. Сондықтан олар күрделi молекулалы заттарға қарағанда мембрана арқылы ертiндiге оңай өтедi. Бұл принцип препараттық мақсатта диализдi пайдалануға негiзделген.

 Диализ процесiнің жоғары нәтижелi болуы үшiн, жартылай өткiзгiш мембрананың екi жағында да концентрациялар айырмашылығын ұзақ уақыт ұстап тұруы керек. Мұндай нәтижеге  жету үшін арнайы аппарат – диализаторлар ғана  қолданылады.Бұл диализденетiн ертiндi мен мембранамен жалғасып жатқан ерітіндінің  түрлі  ағымында ұздіксіз  режимде  жұмыс жасалады. Диализ  қондырғысы (суретте) үш ұяшық жиынынан тұрады. Онда жартылай өткiзгiш мембранамен бөлiнген су және фермент ертiндiсі өтуге арналған каналдар бар.

Лабораториялық тәжiрибеде диализ жүргiзу үшiн модифицирленген целлюлозадан дайындалған арнайы түтiкшелер немесе целофаннан дайындалған парақ жапырақша пайдаланады.Көбiнесе диализ үшiн арнайы түтiкшелер пайдаланады (Viskingcellulose tubing).  

5

 
   

 

 

 

 

 

 

 


 

 

                 

 

6 Сурет- Үздiксiз жұмыс жасайтын  диализатор  қондырғысы

                а) жалпы көрiнiсi;      б)  ұяшық

 

1- жоғарғы пластина;

2- болттарға арналған тесiктер;

3- фермент ертiндiнi бөлгiш воронка;

4- фермент ертiндiнi ендiретiн түтiкше;   

5- коллекторға алып баратын саңылауы бар қадау;

 6- резиналы төсенiштер;   

7- төменгi пластина;

8- фермент ертiндiнi қабылдағыш;

9- суды ендiруге арналған түтiкше;

10- үшбұрыш формалы бороздка;

11- жартылай өткiзгiш мембрана.

 

 

Диализ түтiктерi мен целофан жапырақтың эластикалық қасиет беруі үшiн, оларды дайындауға глицириннiң сулы қоспасымен сiңдiредi, ол шайылғанда оңай жуылады.

Жуылған материалды ұзақ уақыт ауада ұстауға болмайды, себебi ол күйрегiш күйге айналады, сонымен бiрге кепкеннен кейiн саңылаулары өзгередi. Ылғал түтiкшелердi мұздатылған немесе антисептикалық қатыста сақтайды.

Негiзiнен изотонды диализ пайдаланады.Бұл арқылы балласты заттардың 2/3 бөлiгiнен құтылуға мүмкiншiлiк бар, фермент препаратының активтiлiгiн  3-10  есеге жоғарлатуға және молекулалық массасы бойынша кейбiр фракцияланған фермент комплексiн жүргiзуге болады. Бiрақ барлық жағдайларда да фермент ертiндiсінiң көлемi 1,1-1,4 есеге ұлғайғаны байқалады.

Целлофандар мен диализ түтiкшелерi лас күйде болады, сондықтан құрамында кейбiр металлдардың иондары болуы мүмкiн. Сол үшiн оларды жұмысқа қосудан алдын  2-5минут 0,01-0,005Н   этилендиаминтетрацетат ертiндiсiнде қайнатады. Кейiн рН 7 болған жағдайға дейiн бiрнеше рет сумен шаяды. Түтiкше, қапшықты немесе тегiс диализаторларды диализдеу алдында ертiндi өтпеу үшiн герметикалық жабылатыны  тексеріледі.

Сынаманы диализдеуге, қазiр алдын ала  оған антисептиктеу  үшiн, қапшық iшiндегi сұйықтың деңгейi сыртқы ыдыс iшiндегi сұйықтан 1 мм  жоғары  болуын  қадағалау  керек. Бұл  диализденетін  ерітіндінің  азаюын анықтауға мүмкiндiк бередi.

Концентрация градиентiн теңестiргенде диализ жылдамдығы тежеледi. Сол үшiн алғашқы сатыға кәдiмгi диализ жүргiзген жөн, ал соңғы сатыларда қиын бөлiнетiн балласты заттарды электродиализде жүргiзе отырып бөлемiз.

Фермент ертiндiлердi өңдеу үшiн көбiнесе кәдiмгi изотоникалық диализ пайдаланылады.Бұл жолмен балласты заттардың 2/3  бөлiгiнен құтылып, фермент ертiндiсінiң активтiлiгiн 3-10 есе жоғарылатады.

 

Саңырауқұлақтарды беттiк культуралардан экстрагирлеп

бөліп алу

 

Диализ жүргiзудiң алдында экстракт диффузиорлы батареяларға немесе қарапайым тұндыру жолымен, ферментердiң барлығының ертiндiге өтуiн ескермей-ақ, дайындап алады. Соңғы жағдайға  байланысты экстракт дайындау үшiн 0,5 кг ауалы-құрғақ культура алынып, 3 дм3 су құбырының суын 30°С дейiн жылытып қосып, жақсылап араластырып 10-15 минут тұндыруға қояды. Сосын қоспаны екi қабат марлi арқылы сүзедi. Бұл әдіспен 1,2-1,5 дм3 сүзiндiнi бөлiп алуға болады. Бұл сүзiндiге тағы 0,25-0,30 кг культура қосып, тұндырып қояды. Тұнған қоспаны сүзiп 0,6-0,7 дм3 екiншi сүзiндiнi бөлiп алады. Оған да  0,10-0,15 кг культура қосып, тұндырады, үшiншi сүзiндiнің көлемi негiзiнен 0,25-0,30 дм3 аспайды. Экстракт құрамындағы құрғақ зат мөлшерi шамамен 10 % болады. Экстрактті қоспадан тазалау. Беттiк культурадан  дайындалған экстракт құрамында бiраз мөлшерде қажетсiз қоспалар болады. Оны Бюхнер воронкасында қағаз сүзгiмен сүзу керек немесе 5000-1 минут  айналу жиiлiгiнде центрифугалап, тұнбадан ақырын деконтирлеп бөліп алу керек. Экстракт  қоспасыз, мөлдiр, таза болу керек.

 

 

 

 

 

 


7 сурет- Периодты  жұмыс жасайтын электродиализ қондырғысы

1-су шығарылатын жүйе;

2-электр жетегі бар араластырғыш;

3-суға арналған бөлгiш;

4-электродтар;

5-жартылай өткiзгiш мембрана;

6-су әкелетiн жүйе.

 

Бастапқы экстрактты талдау.Диализ жүргiзу алдында 30-50 см3 құрамындағы құрғақ затты анықтау үшiн бiраз мөлшерде экстракт бөлiп алынады, фермент активтiлiгiн, экстракт рН, құрамындағы ақуызды, күлділігiн, редуцирлеушi заттарды анықтау үшiн қолданылады.

 

 

6 Кесте- Бастапқы экстракт сипатасы кесте түрiнде жазылады

 

РН-экстракт

Құрамы

Ферменттің  активтілігі

Редуциирлеуші  зат

Ақуыз

Күлділігі

 

Барлық  көлемдегі бірлік

ФА

1г құрғақ затағы

ФА

Мг/см3

Мг/см3

барлық көлемде

м/г

Мг/см3

барлық көлемге

 

нг

Мг/см3

Бiрлік ФА/см3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диализ қондырғысын құрастырып жасау және диализ немесе электродиализ жүргiзу. Лабораториялық жұмыс жүргiзу үшiн үздiксiз (сурет) немесе периодты (сурет)  электродиализ қондырғылары қойылады. Пластинкалы үздiксiз  диализаторда жұмыс жүргiзу үшiн студент диализ ұяшығын жиып, оны су құйып  мұқият герметикалық жабылатынын мұқият тексередi. Сосын ұяшықтың төменгi пластинкасына суды құйып тексередi. Шыққан  суды канализацияға  жіберіп құяды.

Диализденетiн ертiндiнi 0,5дм3 көлемдiк бөлгiш воронкаға құйып, оны жоғарғы пластина коллекторына жалғайды; фермент ерiтiндiсінiң берiлу жылдамдығы судың берiлу жылдамдығынан 15-25 есе аз болатындай етiп шүмек немесе қысқыш арқылы реттейдi.

Диализденген ертiндiнi қабылдағыш мұзы бар ыдысқа орналастырады. Бөлгiш воронкадағы ерiтiндiмiз толық диализатор арқылы өтiнiп болғаннан кейiн, қабылдағышқа фермент ертiндiнi қайта құйып, процестi қайталауымызға болады және тағы сол сияқты.

Фермент ертiндiсінiң сумен сұйылу дәрежесiн анықтау үшiн фермент ертiндiсін  диализдеу алдында және кейiн өлшеп отыру қажет.

Студент электродиализатормен жұмыс iстегенде оның екi шеткi бөлiгiне су, ал ортаңғы бөлiгiне фермент ертiндiсін құяды. Бөлiнетін су төменгi жағынан берiлiп, үстiңгi жағынан алынады. Су бар бөлiкке электр өтзетен екi пластиналы электрод, ал ортаңғы бөлiкке араластырғыш енгiзедi.

Периодты әдіспен электродиализдi жүру ұзақтығы  4-6 сағат, үздiксiз  әдіспен  электродиализдi жүру ұзақтығы  3-4 сағатқа  созылып жүредi.

Диализденген ерiтiндiнiң анализі.

Диализ бiткеннен кейiн, диализденген ертiндi бөлiнiп алынып, қондырғы жақсылап жуылып тазаланады.

Диализденген ертiндiнi талдағанда алынған ертiндiнiң көлемiн өлшейдi, құрамындағы құрғақ затты анықтайды, бастапқы экстрактқа қарағанда бұл ерiтiндiнiң сұйылтылған  дәрежесiн есептейдi, бастапқы экстрактың барлық көлемiндегi құрғақ зат суммасын және диализденген ерiтiндiнiң  құрғақ затының суммасын анықтап есептейдi.

Мысалы: диализдеуге құрғақ зат (рефрактометрмен өлшенген) 9,3%,300см3 ерiтiндi құйылған, алынған ерiтiндiнің көлемi 350см3 , құрғақ заттың мөлшері 5,1%, яғни бастапқы ерiтiндiде құрғақ зат 9,3´300:100=27,90г, ал диализденген ерiтiндiде 5,1´350:100=17,85г құрғақ зат болған. Бұл тәжiрибе мәндерiне сәйкес сұйылтылған  дәрежесi мынаған тең: 350:300=1,17 есе.

Диализ кезiнде жуылған заттар  27,90-17,85=10,05, яғни бастапқы құрғақ заттың қатынасы 10,05´100:27,90=3,.02% тең.

Содан ары қарай диализденген ерiтiндiде, бастапқы экстракция анықталған соң барлық көрсеткiштерi  (рН ,редуцирлеушi заттар, ақуыз, күл, фермент активтiлiгi және тағы басқа) анықталады. Бұл алынған  барлық көрсеткiштер және қателер бақылау хаттамасына жазылады.

 

Бақылауды хаттамаға мынадай түрде жазады

 

Фермент продуцентiнiң аты________________________________

Экстракттағы құрғақ зат концентрациясы______________________%

Диализге қойылған экстракт мөлшері___________________________см3

Су ағынының жылдамдығы_______________________________дм3/сағ

Жартылай өткiзгiш мембрананың аты мен сипаттамасы_____________

Фермент ерiтiндiсінiң ағымының жылдамдығы   ______________см3/сағ

Диализденген ерiтiндiң көлемі________________________________дм3

Диализденген ерiтiндiдегi құрғақ заттың мөлшерi_________________%

 

7 Кесте- Ферменттің активтілігі

  рН-дилизат

Құрамы

Ферменттің активтілігі

Редуцирлеуші зат

Ақуыз м2/ см3

Күл

Бірлік.

ФА /см3

 

Барлық  көлемі

ФА. бiрлік

саны

1г құр

ғақ  зат

ФА білік

мг/ см3

см3

мг

мг / см3

см3

мг

мг / см3

см3

мг

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осыдан кейiн, әрбiр диализ кезiндегi анализделген  заттардың жуылу дәрежесi есептелiп, диаграмма тұрғызылып, қорытынды кестеге толтырылады.

                                                                                      

8 кесте- Анализделген  көрсеткіш

Анализдің  көрсеткіші

Барлық көлемінің  құрамы

Диализ алдындағы  жуу  сатысы %

Диализге дейін

Диализден  кейін

 

 

 

 

 

Құрғақ заттың құрамы, г

Редуцирленушi заттардың құрамы, мг

Ақуыз, мг

Күл, мг

ФА бiрлік суммасы

 

Бақылау сұрақтары

 

1. Диализ және электродиализ принциптерi

2. Диализ қондырғысының сызба нұсқасы

3. Жұмыс жүргiзу барысы

4. анализдеу әдiстерi

 

 

 

№ 8  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ  ЖҰМЫС

 

ОРТАДАН  ТЕПКІШ  КҮШІ  БАР СЕПАРАТОРДА  МИКРОБ СУСПЕНЗИЯСЫН   КОНЦЕНТРЛЕУ

 

Жұмыстың мақсаты

 

Ортадан тепкіш аумақтағы микробтық суспензияны концентрлеу процесінің технологиясымен және бақылау әдістерімен, сепарация процесінің бақылаумен танысу.

Жұмыстың құрамына лабораториялық қондырғыда  ортадан тепкіш сепараторда ферментация сатысынан кейін  ашытқы суспензиясын концентрлеу процесін тәжірибе жүргізу, процестердің көрсеткіштерін бақылау және өлшеу және олардың технологиялық көрсеткіштерін анықтау кіреді.

                                   

Негізгі көрсеткіштер

 

Ортадан тепкіш сепараторларды қолдана отырып, гравитационды аймақты процесті концентрлеу қазіргі кезде микробиологиялық өнеркәсіпте кеңінен қолданылуда және азықтық биомассаны алуда микробтық суспензияны концентрлеудің  негізгі әдісі болып табылады.  

                                      

Қондырғының сызба нұсқасы

 

Микробтық суспензияны  концентрлеу «Вестфале» фирмасының ТА-40-02 типті ортадан тепкіш сепараторында жүргізіледі.Суспензия ағыны кіріп (1)  құбырдан (патрубкіден ) ішкі орталық қуысқа (2) құбыршаға келеді және арнайы саңлау (3) арқылы сепарирлейтін тарелкілердің  (4) пакетіне келеді, (4) олардың саңлаулары бар. Ортадан тепкіш күштің әсерінен тарелкідегі ағын жеңіл және ағын (микроорганизм жасушасын құрайтын) фракцияларға бөлінеді. Жеңіл фракция (ОҚЖ) сепараторлардың орталық өсі бойымен ортадан тепкіш насостың көмегімен жоғары қарай жеңіл фракция (5) үшін сепаратордан (6) құбырша арқылы шығарылады. Ауыр фракция кеңістіктің барлығын толтырып, қабырға бойымен жоғары қарай (8) құбыр арқылы бастапқы порциясымен,  мөлшерімен  шығарылады.

                                      

Жұмыстың орындалуы

 

1.Сепаратордың берілген өлшемі бойынша эскиздің сызбасын сызу.

2.Берілген параметрлер бойынша биомассаның концентрленуін жүргізу.

3.Процестің әрбір 30-40 минут сайын келесі параметрлерін,  демек

- бастапқы суспензиядағы биомасса концентрациясын,

- сепараторларға берілетін суспензиясының  мөлшерін,

- концентрленген суспензиядағы биомасса концентрациясын,

- алынатын суспензияның мөлшерін,

- сепарирленген культуральды сұйықтық мөлшерін алып отыру керек.

 

          

8 сурет- ТА-40-02 сепараторының сызба-нұсқасы

 

1 – бастапқы суспензияны шығаруға арналған құбыр

2-   ішкі таратушы аумақ

3-   суспензиялардың табақшаларға өту жолындағы саңлау

4-   саңлаулары бар сепарациялаушы пакет

5-   жеңіл фракция үшін арналған ортадан тепкіш насос

6-   жеңіл фракцияларды шығаруға арналған құбыр

7-   қабырға ішіндегі аймақ

8-   концентрленген суспензияларды шығаруға арналған   құбыр

 

Ескерту: Егер сепаратор сұйықтық ағынын 3-ке бөлетін болса, онда әр

                ағынның  мөлшерін  анықтау керек.

 

1.       Сепаратордың уақыт бірлігіне сәйкес материалдық балансын анықтау

      керек.

2.       Концентрлеу коэффициентін есептеу (қоюлану) керек.

3.       Барлық көрсеткіштерді кестеге енгізу керек.

 

 

 Кесте-Сеператордың  жұмысын  оперативті  бақылау  формасы

Мерзім

Уақыт

Бер

ілетін сус

пен

зия

ның саны, л/сағ

Бер

ілетін сус

пензиядағы био

масса концентрациясы,г/л

Кон

центр

ленген сус

пензия

ның саны,

л/сағ

Кон

центр

ленген сус

пензия

дағы био

масса кон

центр

ациясы,г/л

Сеперация

ланған культуралды сұйық

тық

тың саны,

л/сағ

Концен

трлен

ген

суспен

зиядағы

 био

масса концен

трациясы,г/л

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлшенетін  көлемінің  орташа мәні

 

 

 

Бақылау сұрақтары

 

1.Микробты суспензияларды концентрлеу үшін қандай тәсілдер    қолданылады?

2.Олардың кемшіліктері мен артықшылықтары.

3.Сеперацияның физико – химиялық негіздері.

4.Ортадан тепкіш сеператор құрылғысы және әрекет принципі.

5.Сеперация кезіндегі микроорганизм клеткаларының жоғалуының себептері және оларды төмендету әдістері қандай?

6.Суспензияның физико–химиялық және микробиологиялық сипаттамаларының концентрлеу процесінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне әсері.

                                                                                                         

    

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

Центрифугалау

 

Ортадан тепкіш күштің аумағының әсерінен арнайы машина- центрифугада әртекті, біркелкі емес жүйелерді бөлу- центрифугалау деп атайды.

100 жылдан астам өзінің даму сатысында центрифугалау процестері кең өріс алды және өнеркәсіптің барлық бөлімдерінде қолданыла бастады. Әсіресе центрифугалар химиялық және тағамдық өнімдер технологиясында кеңінен қолданылады. Әртекті жүйелерді бөлудің басқа әдістерімен, мысалы тұндыру мен фильтрлеумен, салыстырғанда  центрифугалаудың негізгі артықшылығы бөлудің тиімділігінде мен өнімділігінің жоғарылығында болып табылады. Қазіргі заманғы үздіксіз әрекетті центрифугалардың өнімділігі сағатына жүздеген куб метрге жетеді.Центрифугалаудың көмегімен суспензиядан жүздеген микрометрге дейінгі өлшемдегі бөліктерді бөліп алуға болады. Центрифугалау принципіне негізделген процестің үлкен әртүрлілігінен микробиологиялық өндірістерде құрамында қатты фазаның салыстырмалы аз ғана мөлшері (5-10 дейін) бар суспензияның центрифугалық түссізденуі және эмульсия сеперациясы кеңінен таралды.

Центрифугалау микробиологиялық өндірістерде, ең алдымен, культуральды сұйықтықтан биомассаны (ашытқыларды, бактерияларды, саңырауқұлақтарды) бөліп алу үшін, микробиологиялық синтездің әртүрлі толық өнімдерін (антибиотиктерді, витаминдерді, ферменттерді және т.б.) алу үшін, сондай-ақ экстракция кезінде түзілетін эмульсияны бөліп алу үшін кеңінен қолданылады. Мысалы пенициллин өндірісінде ортадан тепкіш машинаның (экстрактор - сеператор) көмегімен тек антибиотикті алдын-ала  түссізденген культуральды сұйықтықтан бөліп қана қоймай, сондай-ақ шамамен 100 рет концентрлеуге мүмкіндігі бар. Центрифугалауда бұл процесті технологияда қолдану туралы шешім қабылдағанда ескере кету қажет бірқатар кемшіліктері бар: құрлысының қиындығы, бағасының қымбаттығы және энергокөлемділігі, эксплуатацияның күрделілігі (діріл, шу, сенімділік, периодты жинау мен жуу қажеттілігі). Сонымен қатар центрифуганың микробиологиялық синтез технологиясы үшін маңызды кемшіліктері бар: ортадан тепкіш күштің жасушаға әсері, қыздыру, герметизациялаудың және процестің асептикалық жағдайын қамтамасыз етудің қиындығы. Бірақ та центрифугалаудың негізгі артықшылығы –  өнімінің жоғарылауы  – бұл әдіске бөлу мен концентрлеудің басқа тәсілдерімен өнеркәсіптік және зертханалық жағдайда сәтті  бәсекелесуге мүмкіндік береді.

Ортадан тепкіш аумақта тұну күшінің сандық қатынасының өсуі бөлу факторы (Фруд критерийі Fr) деп аталатын өлшемсіз қатынаспен сипатталады:

 

                                     Fr = y²R/g                                                    (8.1)

 

 

мұнда, y-айналудың бұрыштық жылдамдығы,с; R-айналу радиусы, м; g- еркін    құлау үдеуі,м/с².

Центрифуга көлеміне байланысты қарапайым (Fr<3500) және жоғарғы центрифуга (Fr>3500) деп бөледі. Жоғарғы центрифуга 12000 дейінгі бөлу факторымен тарелкалы немесе құбырлы барабаны бар ротордың конструкциясына ие.Тарелкалы барабаны бар жоғарғы центрифуга сеператор деп аталады. Микробиологиялық өнеркәсіпте сеператорлар центрифугалардың ең көп таралған түрінің бірі болып табылады. Сеператордың тарелкалы барабанының жұмысының сызбасы суретте көрсетілген .

 

 

9 сурет- Эмульсияны бөлуде табақша барабан сепаратордың сызба нұсқасы

 

Дисперссиялық ортаның тығыздығына қарағанда көп тығыздыққа ие қатты бөлшектер немесе тамшылар ағынмен бірге тарелка аралық кеңістік 1 бойынша қозғала отырып, айналу осінен бір мезгілде бір бағытқа ауысады және жоғарғы тарелканың ішкі бетіне жетеді. Содан кейін түзілетін тарелка бойынша бағытталған ортадан тепкіш күштің әсерімен бөліктер тарелканың жан-жағына сұйықтық ағыны қарсы сырғиды. Тұнба барабанда 2 түзілушіде жиналады. Тарелка аралық кеңістікке өлшемі бірқатар критикалық мәндерден r крит аз болатын бөлшектер ғана түседі. rкрит ұзындығы келесі тұжырымен анықталады.

Ортадан тепкіш аумаққа орналасқан бөлікке гидродинамика заңына сәйкес мынаған тең күш әсер етеді

       

                                     Fц = 4/3π(ρ ч – ρ ж ) r³y²R                              (8.2)

 

мұндағы, ρч, ρж- бөлшек пен сұйықтық тығыздығы,кг/м³,

r-бөлшек радиусы,м,

y- сеператор барабанында сұйықтық айналуының бұрыштық үдеуі,с−¹,

R- бөлшектің нақты жағдайда болғандағы радиусы,м.

Стокс заңына сәйкес ортаның қарсыласуы мынаған тең

 

                                     Fс = 6πηrυ                                                    (8.3)

мұндағы, η- сұйықтың динамикалық тұтқырлығы, м 2/ с,

υ- бөлшектің қозғалыс жылдамдығы, м/с.       

Сеперация жылдамдығы ортадан тепкіш күш пен ортаның қарсыласу күшінің теңесу жағдайынан шығуы мүмкін

 

                                 4/3π(ρч - ρж)r³y²R= 6πηrυ                                (8.4)

Осыдан,

                               

                                   υ = 2/9 (∆ρr²/η)y²R                                        (8.5)

 

(8.5) формуласын Рейнольдс саны мына бірліктен жоғары болмаған жағдайда қолдануға болады:

 

                                    Re = υ2/ν < 1                                              (8.6)

 

мұндағы, ν- дисперсиялық ортаның кинематикалық тұтқырлығы,м²/с.

 

Осыдан

                                       υ = Re·ν/2r                                                  (8.7)

 

(8.5) және (8.7) мәндерін теңестіре отырып, сепарирленетін бөлшектің радиусын табамыз,

 

                                                                  (8.8)

                                                   (8.9)

Жұқа қабатты центрифугалау кезінде әдетте r=0.5±2 мкм,

ал  rшекті =10÷100мкм, яғни r << rшекті.   

Сеперация процесінің негізіне шығарылатын бөлшектердің ортадан тепкіш күштердің әсерімен негізгі ағымның бойымен және бөгелуімен араласу жолдарын қарастыру туралы ойлар жатады.Сепарирлеу теориясының одан ары дамуы тарелка аралық кеңістіктегі сұйықтық жылжуының изугидродинамикасымен байланысты. Бірақ та теориялық зерттеулердің нәтижесінде алынған есептік формулалар, соның ішінде сеператор өнімділігінің әр түрлі факторларына тәуелділігі тәжірибенің мәліметтермен салыстырғанда жоғары мағыныны береді. Мысалы, әртүрлі авторлардың еңбектеріне және гидродинамикалық теория негізінде расталған сеператордың өндірістік формуласы кең өріс алады.

 

                           G сеп =                           (8.10)

 

мұндағы, Gсеп – сеператордың  өнімділігі,м³/с;

z- барабан тарелкаларының комплексіндегі тарелка аралық кеңістіктің саны,

α- оның негізіне тарелкамен түзілуші қисық бұрышы, (tgα=H/S,

S–тарелка бұрышының арасындағы горизонтальды ара қашықтығы,

H - тарелка бұрышының арасындағы вертикальды ара қашықтығы,

R2 - тарелканың максимальды есептегіш радиусы, м,

R1 – радиустың минимум есебі,м .

(8.10) формуласы жоғары нәтиже бергендіктен, оған β түзуші коэффициент енгізіледі (технологиялық КПД немесе эффективті коэффициент).

Gф сеператордың өнімділігі мына формуласымен анықталады.

 

                                 Gф = β*Gсеп = β           (8.11)

 

Технологиялық КДП (коэффициент эффективтілігі).Іс жүзіндегі өнімділікті 0,2-0,7 құрайды.Тәжірибелердегі мұндай үлкен артықшылықты (8.10) теңдеуімен түсіндіреді.Тәжрибенің  мәліметтерінен алынған мұндай үлкен ауытқу (1.10) теңдеуі сеператордың өнімділігіне әсер ететін факторлар қатарын, мысалы циркуляциялық қозғалыстың пайда болуын, тарелкаға жүктелгендердің  теңсіздігін, ламинардағы ағын  стабилиза-циясы,  ауданының ұзындығын, тарелкалардың ішкі жағында түзілетін дисперсті фаза қабатының қалыңдығын, дисперсионды фаза тұтқырлығының қысымға тәуелділігін ескермейтіндігімен түсіндіріледі. Сондай-ақ  (1.10) теңдеуі бастапқы теориялық алғы шарттардың схематикалылығына қарамастан қисық бұрышы, тарелканың өлшемі мен саны, бөлшектердің өлшемі, дисперсиялық ортаның физико – химиялық қасиеттері сияқты маңызды факторлардың ролін бағалауға және теңестіруге мүмкіндік береді.

(8.10) формуласына кіретін көлемді екі кешенді топқа бөлуге болады.

 

                            g                                                (8.12)

мұнда, υg – суспензияның бөлінуін және оның физико – химиялық және реологиялық қасиетін сипаттайтын бөлшектердің гравитациялық тұну жылдамдығы.

                                     (8.13)

мұнда, ∑- конструктивті факторларды қосатын және машинаның бөлгіш қабілетін сипаттайтын сеператордың механикалық факторы немесе өнімділік индексі.

Сеператордың өнімділігінің кешенді көрсеткіштерін есепке ала отырып, келесідей түрге келтіруге болады.

 

                          Gф = βυg ∑                                                    (8.14)

 

Сеператор  жұмыс істеу тәсілі бойынша үш топқа бөлінеді.

1.Ағын фракциясындағы барабаннан үздіксіз бөлінетін сұйық қоспалардың бөлінуін қамтамасыз ететін үздіксіз – циклді іс әрекетті сеператорлар. Бұл сеператорлар құрамында қатты концентрациясы өте аз сұйық қоспаларды (эмульсияларды, 0,1% аз) өңдеу үшін қолданылады. Олар, мысалы сүтті өңдеуде, сыраны түссіздендіруде, өсімдік майларын рафинациялауда және тағы басқа сұйықтықтарды өңдеуде қолданылады.

2.Ағын фракциясындағы барабаннан үздіксіз бөлінетін сұйық қоспалардың бөлінуін және ортадан тепкіш күш әсерімен барабаннан тұнбаның периодты шығуын қамтамасыз ететін үздіксіз циклдік іс әрекетті сеператорлар. Бұл сеператорлар қатты бөлшектің саны 0,1-ден 3-5 %-ке дейін жетсе ғана қолданылады. Сеператордан алынатын тұнбаның ылғалдылығы 60-90%-ке дейін концентрленуі мүмкін.

Сеператордан тұнбаны алу суспензия берілгеннен кейін және арнайы механизм арқылы ашудың көмегімен жүргізіледі. Осы арқылы тұнба қабылдау ыдысына беріледі. Егер тұнбаны  (60-70%) минимальды ылғалдылықпен алу керек болса, алдын ала барабаннан тарелка аралық сұйықтық алынып тасталынады. Өнімділігі 10-4-тен 10-2 м³/с. болатын сеператордың бұл түрі антибиотик, фермент өндірісі, бактериалды препараттар және басқа өнімдерді өндіру кезінде биомассаны культуральды сұйықтықтан бөлу үшін өте жеңіл микробиологиялық синтез қолданылады.

Қазіргі таңда сеператорлардың комбинирленген барабанды құрлысы өңделіп шығарылған. Олар құрамындағы қатты фазасы 5-10%-тен жоғары суспензияны сепарирлеу үшін қолданылуы мүмкін. Мұндай сеператорда барабанның бір камерасы тарелкалар пакетінен, ал басқасы қанаттарынан тұрады. Өте үлкен бөлшектерді сепарирлау кезінде бірінші тарелкасы камерадан бөлініп алынады, ал өте кішкентай бөлшек тарелка аралық кеңістіктерде бөлінеді.

3. Үздіксіз әсер ететін сеператор – барабаннан үздіксіз сұйық қоспалардың бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. Бұл типтегі сеператорларға барабанның жан-жағында орналастырылған клапандардың ойықтары арқылы тұнбаны үздіксіз шығаратын құрлысы жатады. Тұмсығы бар сеператорлар крахмал және ашытқы өнеркәсібінде өте тиімді қолданылады.Олардың өнімділігі 3·10-10 м³/с құрайды. Сепарирленетін суспензиядағы қатты фазаның құрамы әдетте 1-ден 10 % аралықта болады. Барабаннан концентрленген өнімді шығару үшін тұмсығы бар сеператордың құрлысына клапандар қарастырылады.

Соңғы кездері сеператорлардың комбинирленген құрлысы пайда болады. Олардың барабандарында бір мезгілде екі операция іске асырылады немесе бастапқы сұйықтықтан тұнбаны бөліп алу жүргізіледі. Мұндай сеператорлар мұнай көмірсутектерінен алынатын ашытқы концентратын бөлуге арналған және олар антибиотик өнеркәсібінде де қолданылыс табуы мүмкін.Биологиялық суспензияны сепарирлеу кезінде сепарирленетін суспензия қарқындылығының мол мөлшерде қолданылуында 0,25-0,3 қатарындағы технологиялық КДП алады.Бірқатар өнімдерді, мысалы энтобактерин продуцентінің культуральды сұйықтығын сепарирлеу кезінде шығыны 30-35% жетеді. Жақсы өңделген процестер үшін сепарирлеу 0,7-0,8 құрайды, ал шығын 1-5кВт сағ/т аралығында болады.

Негізінен микробиологиялық өнеркәсіпте сепарирлеу процесінің көрсеткіштерін жақсартуға арналған үлкен қорлары бар.. Микробиологиялық синтез технологиясындағы сепарирлеу процесін дамыту қиыншылықтары негізгі екі жағдайға байланысты:

біріншіден, биологиялық суспензиялардың физико – химиялық және реологиялық қасиеттері әлі толық зерттелмеген. Қоректік орталарды өңдеу кезінде  культивирлеу сатысындағы көрсеткіштердің жоғарылауына көңіл бөлінді және толық өнімді концентрлеу мен бөлу жағдайының жеңілдеуі ескерілмеді;

екіншіден, дамудың бірінші сатысында микробиологиялық өнеркәсіп оның арнайы талаптарын ескермей-ақ өнеркәсіптің басқа салалары үшін жасалған сеператорларды қолдануға мәжбүр етеді.

 

№ 9  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ  ЖҰМЫС

 

АЗЫҚТЫҚ БИОМАССАДАН ЛИПИДТІ ЭКСТРАКЦИЯЛАП

БӨЛІП АЛУ

 

 

Жұмыстың мақсаты

 

Селективті еріткіштердің көмегімен азықтық биомассадан майларды экстракциялап  бөліп алу және олардың дайын өніміндегі мөлшерін анықтау және лабораториялық жаңалықтарды меңгеріп экстракция жүргізу

 

Теориялық негіздері

 

Микроорганизмдер жасушасындағы майлар аса маңызды  функцияны атқарады және әдетте майлардың мөлшері және құрамы  микроорганизмдер тобы үшін ерекше болып табылады.

Микробтық майлардың жалпы саны жасушаның құрғақ затында 1-50 % массаға дейін ауытқиды, азотқа кедей коректік ортада немесе көмірсулы ортада  культивирлегенде  жоғары мәнге жетеді. Бұдан басқада культивирлеу шарты және  синтезделетін майлардың құрамына едәуір дәрежеде әсер етеді. Әртүрлі субстраттарда микроорганизмдерді культивирлеу процесі кезінде майлардың барлық кластарын алуға болады.

-жай майлар ( бейтарап майлар, балауыз)

-күрделі майлар (фосфолипидтер, гликолипидтер)

- майлардың туындылары (май қышқылдары, спирттер, көмертегі (сутегі, К,Е, витаминдері).

Микроорганизмдердің майларын бөліп алғаннан кейін және     өндеуден кейін қолдану сәтті болады, доңғалақ, бояу, лак, химико-фармацевтикалық,  медициналық, металлургиялық және тағы басқада өнеркәсіптің салаларында азықтық  үшін қолданылады.

Өндірісте микробтық майларды ашытқының жасуша қабырғасынан  экстракциялау әдісімен бөліп алады, өсімдік шикізаты гидролизатынан немесе мұнай көмірсуынан культивирлеумен алады.

Экстракция бөлімінің ішінде экстракциялау процесін жүргізуге арналған қондырғы және ертіндіні  регенерациялау сатылары да кіреді.    Экстракциялау процесі кезінде параллель екі бағалы өнім алынады: майсызданған микробтық биомасса (биошрот) және майлар (биомай). Құрлысы әртүрлі экстракторда жоғарғы температурада ашытқы жасушаларынан майларды бөліп алу, селективті еріткіштердің көмегімен жүргізіледі.  Биошрот экстрактордан десольвенторға келіп түседі, сол жерде өткір будың және  (90°С)  жоғары температураның әсерінен майсызданған биомассадан еріткіштің қалдықтары бөлінеді. Десольвентордан шығарылған биошрот дайын өнім болып табылады және содан соң буып түю сатыларына жіберіледі. Еріткіштегі  биомайдың концентрлі ерітіндісі дистилляцияға беріледі 2-3 колонна қосылады. Дайын биомай қоймаға немесе қосымша компоненттерден бөліп алу мақсатында, әрмен қарай өндеуге жіберіледі.

Десольвенторда және дистилляторда бөлінген еріткіш регенерациядан кейін экстракторға қайта жіберіледі.

 

Жұмысты орындау әдісі

 

Материалдар және құрал-жабдықтар. Конусты колба, азықтық ашытқы, экстракциялық қоспа, шайқағыш, қабаттап бүктелген фильтр, түбі дөңгелек колба, пропанол, араластырылған тұз қышқылы

 

Жұмыстың орындалуы

 

Сыйымдылығы 750 мл конусты құрғақ колбаға 0,01 дәлдікте дейін өлшенген азықтық ашытқының 10г салады. Одан кейін 100 мл алдын ала дайындалған экстракционды қоспаны қосады,(75% петролейн эфирі, 20% пропанол, 5% дистилденген су), колбаны мақта тығынмен жауып, оны тербелмелі шайқағышқа қояды және  35-40°С температурада 1,5-2 сағат майды экстракциялайды.

Экстракция аяқталғаннан кейін колбаны тербелмелі шайқағыштан алып, таза 250 мл түбі дөңгелек колбаға қабатталған фильтр арқылы фильтрлейді. Биомассаның қалдықтары тербелмелі шайқағыштан алынған колбадан 30мл экстракциялы қоспамен  фильтрлеп  жуылады.

Ерітіндіден майларды бөлу, вакуум астында еріткіштің роторлы   қабықша    буландырғышта    айдаудың   көмегімен жүргізіледі, су төгіліп тұратын насосты құрумен жүргізеді .

Еріткіштерді айдап болғаннан кейін биомайы бар түбі дөңгелек колбаны қондырғыдан ажыратьш алып, кептіргіш шкафқа алдын ала  105°С температураға 30-40 минут еріткіштерді толығымен бөлу үшін қояды. Одан кейін колбаны эксикаторда салқындатады, аналитикалық таразыда 0,002 г дәлдіке дейін өлшейді және экстракцияланған майлардың санын анықтайды.

Экстракциялаудан және фильтрлеуден кейін қалған биошротты фильтрмен бірге Петри табақшасына орналастырады, кептіргіш шкафта 1050С температурада 1,5-2 сағат кептіреді, эксикаторда салқындатады, биошротты 0,01 г дәлдікте дейін өлшейді және экстракция процесінің материалдық балансын тұрғызады.

Параллельно биомассада қышқыл гидролизді қолданып  липидтің құрамын анықтауды жүргізеді. Ол үшін 100 мл колбаға 2 г азықтық ашытқыны  салады,  оны алдын ала экстракцияға қолданылатын партиядан 0,001г дәлдікке дейін өлшейді. Колбаға 2-3 мл пропанолды қосады,  10 мл (2÷1) қатынаста араластырылған тұз қышқылын  мұқият араластырып  қосылады.

Колбаны кері тоңазытқышпен қосады және реакциялық қоспаны су моншасында 75°С температураға 1 сағатқа  қыздырады. Содан кейін кері тоңазытқыш арқылы колбаға 10 мл пропанолды қосады, колбаны моншадан алып, суытуға қалдырады.

Суытқаннан кейін колбадағыны бөлгіш воронкаға құяды, колба қабырғасындағы гидролизат қалдықтарын 20 мл диэтил эфирімен жуады.  Воронкадағы қоспаны 1 минут сілкиді, сосын 20 мл петролейн эфирін қосады және қоспаны қайтадан 1 минут сілкілейді.

Қабатталудан кейін қышқыл қабатын алып тастайды, оны қайтадан түбі дөңгелек колбаға құяды, ал эфир қабаттын таза бөлгіш воронкасына құяды. Қышқыл қабатының экстракциясын тағы екі рет жүргізеді, әр экстракция үшін 15 мл диэтил эфирі және 15 мл петролейн эфирі қолданылады.

Экстракция аяқталғаннан кейін реакциялық қоспаны канализацияға жібереді төгеді, ал эфирлі экстрактпен біріккенді екі рет бөлгіш воронкамен 20 мл дистиллденген сумен жуады, сөйтіп қоспаны 30-40 секунт сілкілейді.

Сыйымдылығы   100   мл   түбі   дөңгелек   колбаға алдын ала 0,0002 г дәлдіке дейін өлшенгенді,   эфирлі экстракт қабатталған фильтр қағаз арқылы фильтрлейді . Фильтрді жоғарғы шетінен бастап 40 мл қоспамен (диэтил эфирін және петролейн эфирін (1:1) қатынаста) жуады.

 

 Алынған нәтижелерді өңдеу

 

1. Экстрагирленген майлардың саны (X, масса %) азықтық ашытқының массасы (М) мына формула бойынша анықталады:

 

                                              ( 9.1)

 

мұндағы,

М1 - липиді бар колбаның массасы, г;

Мо - бос колбаның массасы, г;

W - зерттелетін ашытқының ылғалдығының мөлшері %.

2. Қышқылды өңдегендегі ашытқылардағы алынған майдың мөлшері (Х2) аналогиялық формуламен анықталады, бұл жерде М1 және Мо мәндері алынады.

3. Азықтық биомассадан экстракция әдісімен липидті бөліп алу дәрежесі Ү мына формуламен анықталады:

 

                                                 (9.2)

4. Липидтерді экстракциялау кезінде биомасса мөлшерінің шығыны          (П, масса %) мына формуламен анықталады:

 

                                             (9.3)

мұндағы,

             А0 - экстракция үшін алынған азықтық биомассаның массасы, г;

             А1 - экстракциядан кейінгі биошроттың массасы, г;

 

 

Бақылау сұрақтары

 

1. Микробты майлардың классификациясы және оның қолданылуы.

2. Микрооганизмдерді культивирлеу шарттарының синтезделген   

     майлардың құрамына және санына әсері.

3. Биомассадан микробты майларды бөліп алуда экстракция

    процесі қандай еріткіштердің көмегімен жүргізіледі.

4. Биомассаны (гидролиз  қышқылымен)  алдын ала  қышқылмен    

    өңдеу  нені береді?

5.Липидттерді алу әдісінің  дәрежесінен алынған биошроттың қандай   

   бағалылығы ?

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  

№3  МОДУЛЬ  МИКРОБТЫҚ  АҚУЫЗ АЛУ 

 

 

№10  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ  ЖҰМЫС

 

БИОМАССАНЫ АЛУ. БИОМАССАНЫ АНЫҚТАУ ӘДІСІ. АЗЫҚТЫҚ МИКРОБТЫҚ АҚУЫЗ АЛУ

 

Жұмыстың мақсаты

 

Азықтық ақуызды және  шикізаты қолданатын негізгі аймақтармен танысу және азықтық микробты ақуызды өндіруге керекті шикізаттармен танысу, ақуыз микробтық препаратгың бағалалығын көрсету, азықтық ашытқыларды түптік культивирлеу әдісін меңгеру, ашытқыштарды өсіру жылдамдығына әсер ететін қоректік орта құрамының әсерін зерттеу.

 

Теориялық негіздері

 

Биотехнологияның ең маңызды тапсырмаларының бірі  - бұл ауылшаруашылығын микробтық ақуыз азығымен қамтамасыз ету. Мал шарушылығы және құс шаруашылығы азықтық ақуызға қажеттілігін қамтамасыз етеді, негізінен өсімдік шаруашылығы арқылы орындалады. Бағалы өсімдік бидай культурасына, картопқа, азықтық шөп сияқты шикізаттарға тек қана жетілген ақуыздарды, витаминдерді және мироэлементтерді қосу барысында  колдану тиімді болады. Өсімдік азығы құрамының сапасын жақсарту үшін, оларға балықтың немесе ет сүйек ұнын, майсыздандырылған сүтті, өнімнің сығындысын қосу арқылы орындалады. Бірақ, бұл ақуызды қоспалар өндірілетін мөлшері мал шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырмайды. Дүниежүзінің барлық елдерінде азықтық ақуыздың жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан  микробтық ақуыз өндіру ең маңызды мәселені шешу.

Азықтық ақуыз өнімдерінің шикізаттын қолдануыға байланысты келесі тауарлар қолданылады:

1. Азықтық ашытқысын немесе гипринді  өсімдік шикізатының

   немесе  сульфитті сілтілердің гидролизатынан алады.

2. Азықтық ашытқы, ақуыз-витамин концентратын (АВК) немесе

        папринді  мұнай парафинде алады.

3. Гаприн - табиғи газдан алады.

4. Меприн - метил спиртінен алады.

5. Эприн - этил спиртінен алады.

Азықтық ашытқылар -белгілі ылғалдылыққа дейін кептірілетін микроорганизм биомассасы, биологиялық жетілген азықтық. Ақуыз көзі болып витаминдер мен минерлды заттар саналады. Протеиннің құрамы 52-55% дейін жетеді, сонымен қатар ауыстырмайтын микробтық ақуызды аминқышқылдары құрамы жағынан жануарлардың ақуызына ұқсас. Азықтық ашытқылардың құрамында витаминдердің В тобы, жануар ағзасындағы ақуызға микробтық ақуыз айырбасталмайтын аминқышылына  өте жақын болады. Витаминдердің В тобы жануарлар ағзасында ақуыздық алмасуға  оң көрсетіш білдіреді.  Сонымен бірге азықтық ашытқыларға эргостерин қатысады, оны УФ – сәулесімен сәулелендірілген кезде оңай Д2 витаминіне айналады. Азықтық ашытқыларда жануарларға және құстарға пайдалы макро- және микроэлементтер бар: фосфор, калий, кальций, темір, магний, натрий, күкірт, марганец және тағы басқалар құрайды.

Орташа құрғақ ашытқыларды тәулігіне қолданудың мөлшері шамамен 1 г жануардың тірі массасының 1 кг тең.

Күлдің құрамын анықтау  дайын өнімді (азықтық биомасса) тұрақты массаға жеткенше  фарфор тигелде муфельді печте 5500С температурада күйдірген (күлдің) қалдығына негізделген.

Құрамының ылғалдылығын анықтау үшін дайын өнімді (азықтық биомасса) кептіргіш шкафта бюкісте 1500С температурада салмағы  тұрақты массаға жеткенше кептіру  негізделген.

 

Жұмысты орындау әдісі

 

Азықтық ашытқыны өндіру процессіне микробиологиялық технологияның барлық негізгі сатылары кіреді:

1. Eric материалын алу.

2. Коректік ортаны дайындау.

3. Ферментация (культивирлеу).

4. Ашытқыларды концентрлеу.

5. Плазмолиз.

6. Кептіру.

7. Буып-түю.

 

Eгіс материалын алу

 

Азықтық ақуыздарды өндіруде зауыттың іс тәжірибесінде Candida utilis, C.tropicalis, C.guiflіrmondіі және тағы басқа әртүрлі ашытқы штаммдарын қолданады. Олардың бәрі әртүрлі субстраттарда өсуге мүмкіндігі бар  және мол  мөлшерде биомассаны жинай алады. Азықтық ашытқы өндірісі - зарарсыздандырылмаған процесс, сондықтан да ферментерлерде монокультуралар емес культура дамиды, ал культура ассоциация 5-8 түрге жатады.Араласқан культуралар субстрат құрамына және технологиялық тәртібінің ауытқуына  тұрақтылау, сонымен қатар бөгде микрофлораның пайда болуына да тұрақты. Ферментерге  таза культурадан алынған егіс материалын егеді, оның құрамында бөгде микрофлора болмайды.

Таза культураны егу музейдегі пробиркалардан  алынып орындалады, оларды үш қиғаш ағарланған ортасы бар пробиркаға егу жасайды,  зарарсыздандырылған жағдайда 35-36°С температурада  ашытқыларды 48 сағат  өсіреді.Содан соң қоректік ортаны дайындайды, құрамы, %: глюкоза - 2; NaSO4 - 0,05; ашытқылар автолизаты - 2; K2SO4 - 0,05; КН2РО4 - 0,5.Оны автоклавта 1 сағат зарарсыздандырады, одан  кейін үш колбаға әрқайсысына 100 мл етіп  кұяды және  36-38°С температурада   16-18 сағат бойы араластыру үшін сілкегіш араластырғыш  қондырғыда культивирлейді.

 

Қоректік ортаны дайындау

 

Жоғарыда айтылғандай, ашытқыларды өсіру үшін әртүрлі орталарды

қолдануға болады.Берілген жұмыста коректік орта ретінде мелассалы барданы - спирт өндірісінің қалдығын қолдануға болады. Барданы екі есе сумен араластырып және оған аммоний сульфатының  1 г/л және суперфосфаттың 3  г/л қосады.

 

Ферментация  (культивирлеу)процесі

 

Культиврлеу процесі рН  4,4-4,8 және температурасы 28-34°С кезінде үздіксіз культивирлеуге арналған қондырғыда жүргізіледі. Үздіксіз түрде барданы және культуральды сүйықтықты берумен  (микробты суспензия)  ауаны қарқынды аэрациялаумен (30 литр ауаны сағатына 1 л сұйыққа) жүргізеді.

Жұмыс жасар алдында қондырғыны хлорамин ерітіндісінің көмегімен  және зарарсызданған сумен жуады. Қоректік ортаға арналған ыдысқа  шамамен 1л ортаны құяды және лабораториялық   ферментерді 60-70 % көлемге дейін толтырады. Содан соң егіс материалы үшін қоректік ортаға 50 г/л мөлшерде концентрленген ашытқыны егеді ,мөлшері қоректік орта көлемі 10% құрайды, содан соң ауаны жібере бастайды. Бір сағаттан соң қоректік орта ағымының жылдамдығы анықталады (оқытушының тапсырмасы бойынша). Алынған микроб суспензияндағы ашытқының концентрациясын анықтайды. Культивирлеу процессінің тиімділігін ферментерден алынған биомассаның шығуымен сипаттайды.

 

Ашытқыларды буып-түю

 

Қүрғақ ашытқылар өте майда ұнтақ түрінде болып келеді. Оларды сақтағанда және тасымалдағанда қағаз қаптарды қолданады. Ең қолайлысы  болып бұл азықтық ашытқыларды (бармақтай) түйіршік түрінде шығару, сақтауда, тасымалдауда және тұтынушыларға мөлшерлеп беру қолайлы.

 

Бақылау сұрақтары

 

1.Ауыл шаруашылығында азықтық микробты ақуыздың мәні   неде?

2. Азықтық ашытқының құрамында не болады?

3. Азықтық ашытқылардың тауарлы атаулары?

4.Бұл жұмысқа қандай қоректік орта қолданылады?

 

 

№ 11  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ  ЖҰМЫС

 

ҚҰРҒАҚ БИОМАССАДАН КҮЛДІҢ ЖӘНЕ ЫЛҒАЛДЫҢ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ

 

Жұмыстың мақсаты

 

Ашытқының құрғақ биомассасының ылғалдылығын және күлділігінің құрамын  формула бойынша іс жүзінде анықтауды үйрену.

 

Теориялық негіздері

 

Дайын өнімдегі (азықтық биомассадағы) сынаманы фарфор   тигелде жағу негізінде және қалдықты (күлді) муфельді печте 5500С температурада тұрақтанғанша қызартып күйдіріп күлдің құрамын анықтау.

Дайын өнімдегі (азықтық биомасса) бюксте тұрақты массаға жеткенше 1500 С температурада кептіргіш шкафта кептіру негізінде ылғалдың құрамын анықтау.

 

Жұмысты орындау әдісі

 

 1. Құрғақ  биомассаның  ылғалдылығын  анықтау

Таза бюксті алдын ала 105-110°С температурада 1-1,5сағат кептіргіш шкафта кептіріп, одан кейін эксикаторда салқындатады. Салқындатылған бюкс қақпағымен эксикатордан шығарылып және 0,0002 г дәдікке дейін өлшенеді. Бюкстегі 1,0-1,2г құрғақ биомассаны қақпағы ашық бюксті және қақпағымен алдын ала 105°С температураға дейін қыздырылған кептіргіш шкафқа құрғақ биомассаны салады, сол жерде 1-1,5сағат ұстайды. Сосын бюксті кептіргіш шкафтан шығарып қақпағын жабады және эксикаторға салқындатуға ауыстырады.

18-25°С температураға дейін салқындатылғаннан кейін, бюксті өлшейді және қақпағын ашып қайтадан кептіруге 30-40 минутқа кептіргіш шкафқа салады. Берілген уақытқа жеткесін бюксті қақпағымен жауып эксикаторда салқындатады және өлшейді.

Егер соңғы екі өлшенген массаның айырмашылығы 0,0004 г көп  емес болса, кептіру жұмысы  аяқталды деп саналады.  Егер айырмашылығы одан  көп болса онда 30-40 минутқа кептіруді қайталайды. Анықтауды екі параллель қатарда жүргізіледі, біреуі ертеректен анализі дәл анықталған белгілі, берілген тапсырманың нәтижесі  жасалған жұмыстың дұрыс бұрыс екендігімен салыстырылады

 2. Құрғақ  биомассадағы  күдің  құрамын  анықтау

Таза фарфор тигелді алдын ала тұрақты массаға дейін муфель пеште 550-560°С температураға дейін 3сағат күйдіреді, одан соң эксикаторда салқындатады. Күйдіру аяқталды деп, соңғы екеуін 0,0004 г дәлдікке дейін өлшегенді санаймыз. Дайындалған тигель өлшенеді және 1,0-1,2 г азықтық биомассамен,  ашытқының күл болуы өте мұқият жүргізіледі, материал күйіп өртеніп кетпес үшін тигелді биомассасымен муфель пешке 550°С температураға салады және есігін ашып қояды. Тигельді ашытқымен бірге қыздырғанда бу мен газдың  қарқынды бөлінуі жүреді,  жалынды болдырмау керек. Егер жалын пайда болса онда тәжірбие жарамсыз деп саналады. Көмір материал пайда болғаннан кейін және газ бен бу бөлінгені тоқтағаннан кейін тигелді одан да жоғарырақ температураға ауыстырылады. Муфель пештің есігін жауып және 4-4,5сағат күйдіруге қояды. Содан соң тигел шығарылып эксикаторға ауыстырылады, 18-25°С температураға дейін салқындатқаннан кейін, тигелді өлшейді. Тигелді қайтадан муфель пешіне салып 1 сағат күйдіру қайталанады. Тигелді эксикаторда салқындатқаннан кейін күлді тигелмен бірге өлшейді. Күйдіруді массасы тұрақты болғанша күйдіреді. Массасы дұрыс  тұрақты деп соңғы екі өлшенген массасы 0,0004 г  көп болмаса саналады. Екі параллель тәжірибе жүргізеді.

           

Жұмыстың орындалуы

 

Алынған нәтижелерді өңдеу

1.Ылғалдылықтың құрамы (масс %) формула бойынша есептеледі:

                  ,                                                       (11.1)

   Мұндағы,   М0-бос бюкстің массасы, г;

   М1-кептіргенге дейін биомассамен бірге бюкстің массасы, г;

   М2-кептіруден кейін биомассамен бірге бюкстің массасы, г;

   W – биомассадағы ылғалдың құрамы, масс %

2.Күлдің құрамы (Х,мас%) биомассаның абсолюті құрғақ массасы  

   формула бойынша есептеледі:

                ,               (11.2)

Мұндағы, А0-бос тигелдің массасы, г;

А1-күл болғанға дейінгі тигелдің биомассамен бірге массасы, г;

А2-күлмен бірге тигелдің массасы, г;

W-биомассадағы ылғалдың массасы, %.

 

Бақылау сұрақтары

 

1.Ауыл шаруашылығында азықтық микробтық ақуыздың мәні неде?

2.Дайын өнімнің сапасына күлдің   әсері.

3. Дайын өнімнің сапасына ылғалдың   әсері.

4.Биомассаның ылғалдылығына және дайын өнімнің күлділігіне

    кептіру процесінің параметрлерінің әсері.

5.Микробиологиялық өндірісте  кептірудің қандай әдісі қолданылады?  

 

 

№ 12  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ  ЖҰМЫС

 

ДАЙЫН  ӨНІМДЕГІ   ШИКІ  ПРОТЕИННІҢ  ЖӘНЕ 

ЫЛҒАЛДЫҢ  ҚҰРАМЫН  АНЫҚТАУ

 

 

Жұмыстың мақсаты

Азықтық биомассадағы жалпы және ақуызды азотқа анықтама жүргiзу, дайын өнімдегі протеиннiң және нағыз ақуыз құрамын есептеу.

Теориялық негiздерi

 

Жасушаның органикалық қосылысы азот құрайтынды құру үшін ортадан қолданылатын минеральды азоты ашытқы болып қолданылады. Негiзiнен бұл  ақуыздар нуклеин қышқылдары және олардың негiздерi, бос аминқышқылы.

Ашытқы биомассасындағы азоттың жалпы құрамын анықтау үшiн Кьелдаль әдiсi қолданылады. Концентрлеген күкiрт қышқылымен тұтандырып жаққанда органикалық зат тотығуға негiзделеді. Күкiрт қышқылы, көмiртегі диоксиді және суға ыдырағанда, бөлiнген оттегімен көмiртегi және сутегі тотығады. Ақуызды азот және оған жақын заттар аммиак түрiнде ыдырайды және артық күкiрт қышқылымен аммиак реакцияға түсетiндiктен, оны ерiтiндiде сақтайды,бұл қышқыл  мына реакция бойынша аммиак тұзына ауысады:

 

(Азотқұрайтын органикалық қосылыс)

 

 RNH3 + H2SO4 ® (NH4)2SO4 + CO2­ + H2O

 

Өртеудiң басында органикалық масса көмiрленедi де, қара түске айналады: толық жаққан кезде ерiтiндi түссiзденедi. Өрттеу нәтижесiнде алынған күкiрт қышқылыды аммоний ерітіндісін H2SO4 сілтілейді. Сілті әсерінен аммиак ұшып кетеді де қабылдағышта титрленген H2SO4 титрленіп  ұсталынады, ол тағы да тұзды түзедi. Азот мөлшерi және шикi протеиннiң құрамы бөлiнген аммиакққа қарай есептелiнедi. 

Бiрақ мұндай есептеулер ақуыз құрамының нәтижесiн жоғарылатып жiбередi, себебi өртенген азоттың жалпы құрамын анықтағанда тек ақуыз азотты ғана саналмайды, сонымен бiрге бос аминқышқылдарын: нуклеин қышқылдарын және минералды азотты және тағы басқаларын да санайды. Биомассадағы микроорганизмдердiң ақуыз құрамын дәл анықтау үшiн биомассаны алдын ала бiрқатар реактивті қолданып өңдеу әдiсi қолданылады, бұл әдiсте ақуызды тұндыратын және азот ақуызын анықтауда ақуызы жоқ азотты  жояды. Бұл үшін  мыстың гидрат оксидi, қорғасынның сірке қышқыл ерiтiндiсi, сульфосалицилдi немесе трихлоруксус қышқылы (ТХУ) қолданылады.

Ақуыздағы азоттың құрамынан  жалпы немесе ақуыз азотының, ақуызға немесе шикi протеинге ауысуынан  эмпирикалық коэффициентi есептелiнген. Көбнесе өсімдік ақуызының құрамында 16 % масса азот бар екенi анықталған, сондықтан жалпы азоттың ақуызға ауысу коэффициентi 16,25 тең. Осы коэффициент микробиологиялық өндiрiстегі  шикi протеиндi анықтауға және есептеуге  қабылданған.

 

Жұмыстың орындалу әдiсi

 

 1. Биомассадағы шикi протеиннiң құрамын анықтау

А.Сынаманы жағу. Аналитикалық таразыда -0.0002 ± 0.0002г дәлдiкте  дейін 0,5г биомассаны өлшейдi және сыйымдылығы 250мл түбтi дөңгелек, мойыны ұзын (Кельдел колбасы) колбаға құяды, оның үстiне 10мл концентрленген күкiрт қышқылын құяды, катализатор мыс сульфатын  және қоспаның қайнау температурасын жоғарылату үшiн 2г калий сульфатын қосады. Ішінде заты бар колбаны ақырын араластырып және колбаның мойнына жақсылап жаппайтын шыны балончик орнатылады. Колбаны көлбеу жағдайда тартқыш сорғыш шкафқа орналастырып, әлсiз отта қыздырады. Ерiтiндiнiң көбiктенуi тоқтағаннан кейiн және көмiртегі диоксидiнiң ақ буының бөлiнуi бiркелкi болғаннан кейiн, қыздыруды күшейтеді, себебi қышқыл бiркелкi үздiксiз қайнау керек. Колба мойынының ұзындығы тоңазытқыш қызметiн атқарады. Қайнатқанда өртенген өнім ғана ұшуы керек. Қыздыруды колбадағы ерiтiндi түссiз болғанша жүргiзедi. Егер колба қабырғасында көмiрленген бөлшектер тұрып қалса, онда колбаның iшiндегiсiмен шаяды. Түссiзденген ерiтiндiнi қосымша 1-2 сағат қыздырады.

Б.Аммиакты айдау тәсілі.Жанғаны аяқталғаннан кейін Кельдель колбасы ндағы заты толығымен емес суытылуы анықталғаннан соң оны дистильденген сумен араластырады. 10 мл суды пипетка көмегiмен қабырға бойымен абайлап жiберуi керек ,содан соң колбаның iшiндегiсiн 100 мл-лiк өлшеуiш колбаға ауыстырады. Кьельдел колбаны 2-3 рет 5-7мл дистильденген сумен шайып, жуылғанды өлшеуiш колбаға құяды. Ерiтiндiнi жекелеп нейтралдау үшiн оған 7-8 мл 40% сiлтi (NaOH)  ертіндісін қосады және колбаны белгiлi деңгейге дейiн жеткiзедi. Араластырып болғаннан соң, пипеткамен 20мл ерiтiндiні алады және оны микро әдiсi бойынша аммиакты айдау аспаптарына ауыстырады.

Аспаптың воронкасын 3-5мл дистильденген сумен шаяды және сумен бiрге 1-2 тамшы аралас индикаторды енгiзедi. Жасылдан қызыл-сиякөк түске боялғанша 40% (NaOH) сiлтi ерiтiндiсiн қосады. Конусты колбаға бюреткамен 5мл  0,1 Н күкiрт қышқылын құяды және 10мл дистильденген су қосады. Колбаны тоңазытқыш аспапқа  қояды, түтiктiң  соңы күкірт қышқылда болуы керек. Содан  кейiн аспапты бу түзушiге жалғап айдауды бастайды.

Ыдыстағы сұйықтық тез жылып, қайнай бастайды. Аммиакты айдау 15 минуттан соң аяқталады. Соңғы 5 минутта титрленген күкiрт қышқылы бар қабылдағыш колбаны тоңазытқыш түтiктiң соңы ерiтiндiге тимейтiндей етiп қояды.

Қабылдағыш колбаға 2-3 тамшы араласқан индикатор қосады да және артық қышқылды жасыл түске дейiн 0,1Н сiлтiлі (NaOH) ерiтiндiсiмен титрлейдi.

Ескерту: Араласқан индикаторды 50мл метилен   ерiтiндiсiнен (1г метиленнен  800 мл 93% этанол) және 100 мл метилен ерiтiндiсiнен дайындайды (1г метиленге 750 мл 43% этанол).

 2. Биомассадағы ақуызды азоттың құрамын анықтау

Биомассаның салмағы (0,2г) центрифугалап пробиркаға салады және 4мл 10%-тi ТХУ ерiтiндiсiн құяды. Пробирканың iшiндегiсiн жуылған шыны таяқшамен жақсылап араластырады да, тағы да 4 мл ТХУ ерiтiндiсiн қосады және пробирканы су моншасында 30 минутқа қояды. ТХУ ерiтiндiсi ақуызды тұнбаға түсiредi, ал суда еритiн азоттық қосылыстар экстратқа өтедi. Пробиркаларды суытқаннан соң 18-25°С температураға тағы 2 сағатқа қалдырады да, содан соң 15минутке 5000 айн/мин центрифугалайды.

Центрифугада қалдырамыз, ал тұнбаны Кьельдал колбасына ауыстырамыз, аздаған көлемде дистильденген сумен шаю арқылы ауыстырады.Ақуыздағы азоттың құрамын анықтауды алдындағы әдiстер сияқты жүргiзiледi.

 

Алынғàн мәлiметтердi өңдеу

 

Титрленген қышқыл көлемiн тез және оңай өлшеу үшiн сiлтi титрiн миллилитрлеп өлшеймiз. Ол үшiн конусты колбаға 10мл 0,1Н ерiтiндiсiн құяды, (аралас индикатор қосылған) 0,1Н сiлтiмен титрлейді, сiлтi мен H2SO4 қышқыл қатынасына байланысты жасалған.

1. Жағылған сынамадағы азоттың құрамын анықтау ( Х, масс.%) келесi формуламен анықталады:

 

                                                                      (12.1)

 

мұнда:                                                    

V0- 5мл 0,1н күкiрт қышқылын титрлеуге кеткен сiлтiнің көлемi, мл ;

V1- аммиакты айдағаннан кейiнгi қалған күкiрт қышқылын титрлеуге

кеткен сiлтiнің көлемi, мл ;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

W- зерттелетiн сынаманың ылғалдылығы, масс. ;

А –биомасса салмағы, г.

2. Биомассадағы ақуыз және шикi протеиннің құрамын W,масс.% келесi формуламен анықтайды:

                                             N= 6.25 · X                           (12.2)

3.Алынған мәлiметтердiң әр түрлiлiгiмен дайын өнiмдегi ақуыз емес азотың пайызын  анықтайды.

 

Бақылау сұрақтары

 

1. «Шикi протеин терминiне түсiнiк және оның «нағыз ақуыз терминiнен ерекшелiгi.

2. Биомассадан ақуыздың құрамын қандай әдiспен анықтауға болады.

3. Шикi протеин және нағыз ақуызды анықтау әдiсi неге негiзделген.

4. Шикi протеиндi анықтаған кездегi эмпирикалық коэффициентiн таңдау.   

 

 

 

 

 

 

 

№ 4 МОДУЛЬ  ВАКЦИНА, БАКТЕРИОФАГ ӨНДІРІСІ

 

№ 13  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ  ЖҰМЫС

 

ІШЕК МИКРОФЛОРАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ

ПРЕПАРАТЫН АЛУ

 

 

Жұмыстың мақсаты

 

Адам организмінің   қалыпты микрофлорасы, оның бұзылу себептері туралы негізгі түсініктерімен, дисбактериоздың пайда болуын, қоректік орталарды дайындау әдісін меңгеру және лактобактерияны, бифидобактерияны, ішек таяқшасын қультивирлеу

 

Теориялық негіздері

 

Адамның организмі және оны қоршаған орта экологиялық жүйе болып табылады, онда ең үлкен физиологиялық рөлі адамның микробтары - симбионттары жатады. Көптеген сыртқы факторлардың құрамымен салыстырғанда тұрақты болып келетін микрофлораға әсер етеді. Олардың әсерімен, әсіресе антибиотиктерді, химиятерапиялық дәрілерді қолданған кезде, ауыз қуысының, терінің және ішек микрофлорасының құрамының бұзылуы мүмкін. Нәтижесінде ішек дисбактериозды (стафилококкты, протейді, кандидозды және тағы басқа) микроорганимздердің қалыпты микрофлорасының бұзылуына әкелетін қауіпті ауруларды  болдырады.Қалыпты микрофлораның құрамындағы өзгерістермен байланысқан аурудың дамуының негізгі себебі, организмнің иммунологиялық гомеостазасының механизмдерінің бұзылуынан құралады. Сонымен қатар, дисбактериоз кезіндегі ішекте орналасқан антибиотикті-резистентті микроорганизмдер (ішек таяқшалары, стафилококктар, Candida тұқымдас ашытқылар және тағы басқа) қалыпты микрофлорадан зат алмасуы бойынша ерекшеленеді және қалыпты микрофлораға тән көптеген маңызды функцияларды атқара алмайды.

Ішек микрофлорасындағы кең таралған өзгерістермен байланысты және дисбактериоздың патологиялық жағдайларымен байланысты  белгілі бір аурулар тобы пайда болады, оларда жалпы қабылданған  дәрілік препараттар қалыпты микрофлораны қалпына келтіре алмайды. Бұл жағдайларда  қалыпты ішек микрофлорасының тірі микробтарынан алынған  препараттарды қолдану әдісі комплексті емдік дәрілер бактериотерапия үлкен маңызды рөл атқарады.

 

Жұмысты орындау әдісі

 

Жұмыс оқытушының тапсырмасы бойынша бірнеше вариантпен

орындалады

1 Вариант. Колибактерин өндірісі үшін ішек таяқшасын культивирлеу. Құрғақ колибактерин  ампулаларға, флакондарға буып түйілген немесе таблеткаланған, ішек таяқшасының М-17 штаммының лиофилизденген тірі культурасы болып табылады. Колибактеринді пайдаланудың жағымсыз жақтары жоқ.

 

Материалдар және құрал-жабдықтар.Лиофилизденген тірі Е.Соlі культурасы, 100 мл, 500 мл колбалар, пробиркалар, культивирлеуге арналған сілкігіш қондырғы, заттық және жабын әйнектер, фуксин, микробиологиялық ілмешектер, спиртовка, желатин, жаңадан жасалған ет-пептонды сорпа, казеин немесе сүт.

 

Жұмыстың орындалуы

 

Анабиоз күйінен қалпына келтіру үшін М-17 штаммының Е.Соlі лиофилизденген культурасының 0,1г зарарсызданған жағдайда 50 мл салады.Ортаның құрамы :

1 Орта                                                                        2 Орта

Зарарсызданған сүт -98%                            Ет-пептонды сорпа - 98%

Желатин - 2 %                                                Желатин - 2%

рН - 7,2   ÷8                                                  рН - 7,2  ÷8

 

6-7 сағат бойы термостатта 37°С температурада 100 мл-лік  колбада мақта тығынмен жабылған колбаларда инкубирлейді.Содан соң бактерия суспензиясын құрамында 300 мл 1  немесе 2 ортасы бар 500 мл-лік зарарсызданған колбаларға қайта ауыстырады және 37°С температурада 6-10 сағат бойы сілкігіште  араластырады және аэрациялау жағдайында инкубациялайды. Культивирлеу аяқталғаннан кейін жұғынды дайындалады, оны фуксинмен бояйды және микроскоптың астында Е.Соlі жасушаларының санын есептейді. Алынған суспензияның құрамында 1 мл-де 35-40 млрд.тірі бактериялар болу керек.

Қосымша ақпарат. 1.Өндірістік жағдайларда дайын препаратгы алу үшін бактерия суспензиясына 10 % сахарозаны қосады, лиофилизациялауды жоғарғы вакуумды(5·10-3 мм.сын.бағ. дейін) сублимациялы камерада жүргізеді және соңғы өнімнің қалдықтық ьшғалдылығы 2 ÷4 % болады.

Таблеткалау үшін құрғақ жартылай фабрикатқа лактозаның (2%), медициналық тальктің (2 % дейін),кальций немесе магний стератын (1 % дейін) қосады.

Колибактеринді ауа мен ылғал кірмейтіндей етіп препараттың  бұзылмауын  қамтамасыз ететін қорапқа буып-түйеді. Құрғақ колибактериннің мөлшерінің құрамында 10 млрд. кем емес тірі микробтық жасушалар болуы керек.

2 Вариант. Лактобактерин өндірісі үшін лактобактерияны культивирлеу.

Сүт қышқылы бактериясына сәйкес лиофилизденген культура лактобактерин (Lactobacillus fermenti және L.plantarum) ампулаланған, флакондарға құйылған буын-түйілген немесе таблеткаланған болып табылады. Ол, патогенді энтеробактерияларға, гемолитикалық стафилококқа,  протеяға және тағы басқа дизентерия қоздырғыштарға жоғары антагонисттік белсенділікке ие. Одан басқада, сүт қышқылы бактериялары витаминдер мен аминқышқыдары, соның ішінде алмастырылмайтын аминқышқылдарының пайда болуына қатысады. Олардың жақсы қасиеттері болып антибиотиктерге төзімділігі саналады. Лактобактеринді пайдалануда жағымсыз жақтары  болмайды.

 

Материалдар және құрал-жабдықтар. Сүт қышқылы бактериясының өндірістік штаммдарының лиофилизденген культурасы (Lactobacillus fermenti және L.plantarum), 100 мл және 500 мл-ік колбалар, сілкігіш немесе культивирлеуге арналған қондырғы, заттық және жабын әйнектер, фуксин, микробиологиялық ілмешек, спиртовка, пробиркалар, сүт гидролизаты, капустаның қайнатпасы, желатин, глюкоза.

 

Жұмыстың орындалуы

 

Lactobacillus fermenti және L.plantarum лиофилизденген культурасын анабиоз күйінен қалпына келтіру үшін 0,1г  зарарсызданған жағдайда   50 мл  салады. Ортаның  құрамы:

1 Орта                                                      2 Орта

Сүт гидролизаты-48%                                         Сүт-10%

Капуста қайнатпасы-49,5%                      Капуста қайнатпасы-86%

Желатин-1,5%                                                     Желатин-1,5%

Глюкоза-1%                                          Глюкоза-2,5%

 

6-8 сағат бойы термостатта 37°С температурада аэрациясыз араластырумен инкубирлейді.

Содан соң, бактерия суспензиясын құрайтын 500 мл 1  немесе 2 ортасы бар 500 мл-лік зарарсызданған колбаларға қайта ауыстырады және 37°С температурада 10 сағат бойы аэрациясыз араластырумен инкубирлейді.

Культивирлеу процесі аяқталғаннан кейін жұғынды дайындалады, оны фуксинмен бояп және микроскоптың астында микроорганизм жасушаларының санын есептейді. Алынған 1 мл суспензияның құрамында 10-15 млрд.тірі бактериялар болуы керек.

Қосымша ақпарат. Лиофилизациялаудан алдын өндірістік жағдайда дайьн препаратты алу үшін, бактерия суспензиясына стабилизатор ретінде сахарозаны, пептонды, мөлшері 5-10% өңделген сүтті қосады. Қатырылған тоңдырылған субстраттың сусыздануын вакуум астында 5·10-3 мм сын.бағ. сублимациялы қондырғыда жүргізеді. Құрғақ препараты бар ампулаларды вакуум астында дәнекерлейді, флакондарды инертті газдың атмосферасында буып түйеді. Құрғақ лактобактериннің бір дозасында 6-7 млрд.микроорганизм тірі жасушалары болады.

3 Вариант. Бифидубактерин өндірісі үшін бифидобактерияны культивирлеу.

Бифидумбактерин – сүт қышқылы бактериясына (Bifidobacterium bifidum) сәйкес лиофилизденген культурасы, ампулаларға, флакондарға буып түйілген немесе таблеткаланған болып табылады. Бифидумбактеринді балалар мен үлкендерге тұқым қуалайтын  колитті, дисбактериозды, анықталмаған этиологиялық ішек құрлысының  бұзылуына, антибиотиктерді қолданудың нәтижесінде пайда болғанды емдеуде қабылдауға  беріледі. Бифидумбактерин әсіресе кішкентай балалардың өмірінің 1-ші жарты жылында қолданылады.

 

Материалдар және құрал-жабдықтар. Лиофилизденген культура Bifidobacterium bifidum, 100 мл және 500 мл колбалар, сілкігіш немесе культивирлеуге арналған қондырғы, заттық және жабын әйнектер, фуксин, микробиологиялық ілмешектер, спиртовка, бауыр сорпасы, натрий хлориді, пептон, лактоза.

 

Жұмыстың орындалуы

 

Bifidobacterium bifidum лиофилизденген культурасын анабиоз күйінен қалпына келтіру үшін 0,1 г культурасын зарарсызданған жағдайда 50 мл салады.Ортаның құрамды:

1 Орта                                                                        2 Орта

Бауыр сорпасы-97%                                                  Бауыр сорпасы-50%

Хлорлы натрий -1%                                                    Сүт гидролизаты-48%

Пептон-1 %                                                                Хлорлы натрий-0,5 %

Лактоза-1%                                                             Пептон-0,5%

                                                                                 Лактоза-1%

Содан соң  37°С температурада термостатқа  100 мл колбаларда мақта тығындармен жабылған 5-6 сағат бойы инкубирлейді. Содан кейін, бактерия суспензиясы құрамында 300 мл-ден  1 немесе 2 ортасы бар 500 мл-лік зарарсызданған колбаларға ауыстырады және  37°С температурада 6-8 сағат бойы сілкігіште араластыру және аэрациялау жағдайларында инкубирлейді. Культивирлеу аяқталғаннан кейін жұғынды дайындалады, оны фуксинмен бояйды және микроскоптың астында микроорганизм жасушаларының санын есептейді. Алынған суспензия құрамында 1 мл-де 5-10 млрд. бактерияның тірі жасушалары болуы керек.

Қосымша ақпарат. Өндірістік жағдайларда дайын препаратты алу үшін бактерия суспензиясына майсызданған сүт (30-40 %) қосылған қантты-желатинді қоспа қосылады. Лиофилизациялау  сублимациялы камерада жүргізіледі. Құрғақ бифидумбактерияның мөлшерін шығарар кезінде 108 ÷ 109 бактериялардың тірі жасушылары болуы керек. Препаратты қолдануда жағымсыз жақтары болмайды.

 

Бақылау сұрақтары

 

1. Адам микрофлорасы мен оның қоршаған ортамен байланысы.

2. Ішек микрофлорасының бұзылу себептері.

3.Дисбактериоз туралы  жалпы түсініктер.

4. Дисбактериозды емдеу әдістері.

5. Коли- бифидум-, және лактобактерин препараттарын алу.

5. Жұмыстың орындалуы.

 

 

 

№14  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ  ЖҰМЫС

 

РИЗОТОРФИНДІ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ САПАСЫН АНЫҚТАУ

 

Жұмыстың мақсаты

 

Азотфиксирлеуші бактериалды препараттарды алудың теориялық негіздерімен танысу; түйнек бактерияларының қасиеттерімен, топырақтың азот алмасуындағы олардың рөлімен, препараттар өндірісінің технологиясымен және оларды қолдануды практикада алған біліммен бекіту

 

Теориялық негіздері

 

Азотфиксирлеуші бактерия препараттарын алу

Топырақтан астықпен бірге азот әкетіледі және тек бұршақ тұқымдас  культуралары топырақты азотпен байытады.Азот көзі — атмосфера, оларды сіңіруге түйнек бактериялары көмектеседі.1888ж. бірінші ашылған организм (микроорганизм). Қазіргі кезде прокариотты азотфиксирлеуші  микроорганизмнің көпшілігі белгілі.Олардың ішінде симбиотикалық және еркін өмір сүретін түрлері бар.

 

Түйнек бактерияларының қасиеттері

 

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түбіндегі түйнектерді түзетін азотфиксирлеуші бактериялар Rhizobium және Bradyrhizobium тегіне жатады. Түрінің аттары түбінде түйнек түзуші өсімдіктің тегіне  қарай сай келеді: Lupini (люпин), trifolli (жоңыршқа) және тағы басқалары.

Құрамында көмірсулар мен органикалық заттардың кейбір басқа түрлері бар ортада бактерияның таза культурасы өседі. Грамм терістердің бөлінуімен көбейеді. Оптимальды t=25-30°С, рН=6,8-7. Бактерия өзінің иесінің тамырының талшықтарында орналасқан ерекше гликопептин — лектиннің көмегімен "таниды". Бактерияларды тамырының талшықтарына енгізгенде инфекциялық жіпшелер түзіледі, онда бактериялар көбейеді.Жіпшелер тамырдың қабығына енеді және тетраплоидты жасушаларға жетеді, осыдан кейін  түйнек пайда болады. Жетілген түйнектің тік қимасында 4 зона бар: мери жүйе, бактероидты бөлім, тамырлы жүйе, қабық.

Молекулярлы азоттың түйнек бактерияларымен фиксациялануы аммиактың түзілуіне әкеледі,осыдан кейін  амин қышқылдары синтезделеді.

 

N2 + 8Н+ + 8 е + nАТФ             2NH3 + Н2 +  nАДФ+nФ

 

Көптеген түйнек бактериялары гидрогеназаны құрайды, олар Н2 тотығуын катализдейді.

Ферменттің қатысуымен NH3 түзіледі, ол I компоненттен тұратын (темір және Мо-ақуыз  құрайтын) және ІІ  компонент (Ғе-ақуыз  құрайтын). Нитрогеназа пайда болады және тек анаэробты жағдайда ғана активті.

 

Түйнек бактерияларының препараттары

 

Түйнек бактерияларын қолданудың ескі әдістері:

1.Бұршақ өсірілген топырақты егістіке арналған жаңа орындарға тастау;

2.Бұршақтың тамырынан түйнектерді жинайды, кептіреді, майдалайды және онымен бұршақтың тұқымын өңдейді. 1896 жылы "нитрагин" препараты жасалған, ол қазіргі кезге дейін қолданылуда. Көптеген іздесту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Түйнек препараттары активті жағдайда ғана эффективті.Ол үшін культура көмірсулармен қамтамасыз етілуі керек, оптимальды температура мен газ алмасуда өсуі қажет. Бұл шарт субстрат-тасымалдағыш дұрыс таңдалған жағдайда орындалады. Ең тиімдісі торф: жоғарғы меншікті ауданы (300м2/г) оңай табылады, арзан. Кемшілігі — стандартты емес, кейбір үлгілерде — бактерия үшін зат  улы.Біздің   елімізде   түйнек   бактерияларының   торфты   препараты "ризоторфин" шығарылады. Өндірістің сызба нұсқасы бірнеше сатылардан тұрады:

1. Түйнек бактериясының культурасын өсіру және сақтау;

     2. Сұйық культураны(инокуляторда) алу;

3. Торфты дайындау;

4. Зарарсыздау;

5. Инокуляциялау және препаратты сақтау;

6. Бақылау.

 

 

         

 

10 Сурет – Ризоторфин  препаратын алудың сызба нұсқасы

1  - косяк; 2 - колба; 3  - eгiс ферментері, 4 - жұмысшы ферментері; 5  - торф; 6 - майдалағыш; 7  — буып түюші аппарат; 8  - гамма — зарарсыздандырғыш камерасы;

9  - инокулятор; 10 - араластыру; 11  — термоқойма

 

 

Өсіру және сақтау

 

Өсіру үшін өсімдік экстрактын қолданады, оларды қантпен байытады. Тез өсетін түйнек бактерияларын  келесі ортада көбейтеді және сақтайды (г/л).

Бұршақ қайнатпасы — 100

Сахароза — 10-20

Агар - 20

Бастапқы рН - 6,8

Жәймен өсетіндер үшін – аналогично маннитті глюкозаға қосады. Қисық агары бар пробиркаға штаммдардың  өзіне сәйкес егеді, және содан соң 4-10 тәулік бойы 28-30°С температурада ұстайды.

Сұйық культура (инокуляторда) алу. Өсіруді тербелгіш қондырғыда колбаларда немесс 5 литрлік бөтелдерде жүргізеді. Орта - бұршақ қайнатпасы немесе фасоль+глюкоза, немесе сахароза + тұздар, г/л:

(NH4)2 SO4 - 0,5; К2НРО4 - 0,5; К2НРО4 ·З Н2О - 0,5; MgSO4 · 7Н2О-0,2; СаСО3 -1; рН = 6,3 - 7.

Бактериясы бар бір қисық агарлы  пробиркадан  1 колбаға егеді. Колбадан 3-5 % сұйық культура алып бөтелкелерге егеді. Тез өсушілер (ТТБ) үшін өсіру уақыты 48 сағат, жәймен өсірушілер үшін (ЖБТ) 72-96 сағат, 1 мл-де 8-15 млрд.жасушасының концентрациясын алады.

Дәл осындай ортада ферментерде өсіріледі (бұршақ қайнатпасының орнына бұршақ ұнын пайдалануға болады). ТТБ арналған уақыт  24-36 сағат,  аэрациялау 0,7 - 1,5 айн/мин., ЖТБ 36-48 сағат үшін, аэрациялау үшін  0,3 - 1 айн/мин температурасы 28-30°С. Ферментерге көбік сөндіргіш қосады. Бактерия титрі—5 млрд/мл.

 

Торфты дайындау

 

Әлсіз қышқылды (рН - 3-6) ағаш торфын қолданады. Бөгде қоспалардан тазартылып алынған торфты  25-30 % ылғалдылыққа дейін кептіреді 0,1 мм дейін майдалайды, араластырғышқа салады, 35-40 % дейін ылғалдайды, рН = 6,8-7 болғанша бормен нейтралдайды, араластырады, полиэтилге  буып орайды, әрбір пакет 150-160 гр және дәнекерлейді. Көлемі бойынша толтыру коэффициенті - 40-50%. Газ алмасу мүмкіндігін сақтау үшін полиэтилен пакетінің қалыңдығы - 0,006-0,008 мм етіліп жасалынады.

 

Зарарсыздандыру

 

Термиялық зарарсыздандыру дұрыс келмейді, сондықтан өндірістік қондырғыда радиациялық гамма-сәулелендіруді 2,5 Мрад/қуаты — 340 рад/сек мөшерлеп қолданады.

 

Инокуляция және препаратты сақтау

 

Торфы бар зарарсызданған пакетке диамметрі 5-8 мм жартылай инемен зарарсыздандырылған сұйық инокулятты тез енгізу мақсатта 200-300 мм су.бағ.қысыммен жасайды.

Егу нормасы — 1 гр. препаратта/ 1 млрд.жасуша, ылғалдылығы 55-60%. Пакеттерді торфты жақсылап араластыру үшін 3-5 минут айналмалы барабанға жібереді. Температурасы 5-100о С сақтайды.

Өндірісті бақылау

 

Сұйық зарарсызданған қоректік ортаны 3 тәулік бойы 35-37С° температурада ұстайды және олардан 0,5 % глюкозасы мен 0,5 % сахарозасы бар ЕПА-ға егіу жасайды. Егісті 27 және 37 С° температурадағы термостатқа қояды және үшінші тәуліктен кейін қарайды. Түйнек бактериялары ет-пептонды орталарда өспейді.

Сұйық культурада түйнек бактерияларының титрін Горяев камерасындағы есептеу әдісі бойынша, тығыздығын жасушаның концентрациясының белгілі стандарт қатынасымен өлшейді немесе бұршақ қайнатпасы бар Петри табақшасына келесі егісі бар сериялы көбейту әдісімен анықтайды.

Зарарсыздалған торфтың тазалығын сулы ерітіндісімен анықтайды.

(1:10), ЕПА+0,5 % глюкоза + 0,5 % сахарозасы бар Петри табақшасына егуді жасайды. Оларды 27 және 37 С° температурада 3 тәулік бөлек ұстайды, сосын бактерияларды санайды. 107 көбейткенде табақшадағы бөгде микроорганизм үш колониядан асуға болмайды.

Ризоторфинде түйнек бактериялары мен бөгде микроорганизмнің мөлшерін сериялы көбею әдісімен анықтайды. 6 айдан кейін  ризоторфиннің түйнек бактериясының жасушасының құрамы  2·109 кем болмауы керек, ал бөгде микроорганизм түйнек бактериясының санынан 1 % - тен артық болмауы керек.

 

ТБ түйнек бактерияларының препараттарын қолдану

 

Ең кең тараған әдіс - егу алдында тұқымды түйнек бактерияларының (ТБ) препараттарымен өңдеу.Бұл үшін тұқымды 2-2,5% су қосып  ылғалдайды, ризоторфин қосады және жақсылап араластырады. Кез-келген бұршақ тұқымының гектарлы нормасына ризоторфиннің шығыны 200 гр. Түрлі аймақтарда бұршақ культураларын бөлу кезінде ризоторфинді кең қолдану нәтижесі оның жоғары биологиялық және тұрмыстық эффективтігін көрсетеді.

Культура                                         Астық қоспалары   

Соя, дән                                                       2,5-3

 Бұршақ,дән                                                 1,0-1,5                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Люпин, дән                                                  1,0-1,5                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

Люцерна,жоңыршқа,шөп                           5,0-10                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

 

Жұмысты орындау әдісі

 

Материалдар мен құрал жабдықтар. Бұршақ сорпасы бар пробиркалар, ЕПА және бұршақты агары бар пробиркалар, бұршақты агары бар қисық косягындағы түйнек бактерияларының таза культурасы, 0,5 л сүт бөтелкесі, топырақ немесе торф, спиртовка, микробиологиялық ілмешек, зарарсыздалған дистилденген суы бар колбалар, 1 мл зарарсыздалған пипеткалар, зарарсыздалған Петри табақшасы, таразы, скальпель, зарарсыздалған заттық шыны.Егілген табақшаны термостатқа 300 С температураға 3 күнге қояды.Содан соң 1г. ризоторфиндегі бөгде микроорганизмнің құрамын анықтайды.

 

Жұмыстың  орындалуы

 

Ризоторфинді дайындау.Құнарлы (немесе) топырақты немесе торфты 0,5 л бөтелкеге салады, субстраттың толық ылғалдылығын 30-40 % дейін ылғалдайды, және 2 атм қысымда автоклавта 2 сағат зарарсыздайды. Бактериялардың споралы формаларын жою үшін қатаң зарарсыздау керек. Түйнек бактерияларының культураларын параллель өсіреді. Бұл үшін активті түйнектен алынған түйнек бактериясының таза культурасын бұршақ сорпасы бар пробиркаға егеді және 25-28С°  температурада термостатқа культивирлеуге қояды, ЖТБ (люпиндер, соялар, арахистер) - 10-12 тәулік, ТТБ (фасольдер, жоңыршқалар, бұршақтар) — 4-6 тәулік. Түйнек бактериясының культурасын бөтелкеге зарарсыздандырылған субстратпен бірге салады. Жоғарыда көрсетілгендей бактериялардың көбеюі үшін бөтелкелерді термостатқа қояды.

 

Ризоторфин сапасын анықтау

 

1.Түйнек бактерияларының мөлшерін анықтау. Зарарсыздандықты сақтай отырып, заттық әйнекке 10 гр ризоторфинді өлшеп және 90 мл зарарсыздалған дистильденген сумен бірге №1 колбаға ауыстырады. Колбадағы құрамды  5 минут жақсылап шайқайды, сосын 1мл. түйнек бактерияларының мөлшерін анықтау үшін зарарсыздығын сақтай отырып, пипеткамен 1 мл суспензияны алып  № 2 колбаға ауыстырады. дистильденген су бар № 2 колбада 100 мл. көбеюін жасайды, сосын осылай №3 колбаға сосын №4 колбаға  көбеюін жасайды. (көбеюі 105  және 107) ТТБ құрамындағыны 106  және 107  көбейтеді, ЖТБ – 105  және 106  көбеюін анықтайды.Зарарсыздандықты сақтай отырып, сәйкес көбеюден соң 1 мл суспензияны алып, 2-3 параллель Петри табақшасына егеді, сосын балқытылған және 40 С°температураға дейін салқындатылған бұршақ агарлы  қабатын жұқалап Петри табақшасына айналдыра отырып құяды, құрамын жақсылап араластырады. Егісі бар Петри табақшасын температурасы 28-30 С° термостатқа қояды: ТТБ үшін 4-6 тәулік, ЖТБ үшін 9-10 тәулік. Әрмен қарай Петри табақшасының агарлы пластинасында өскен колониялар санын санайды. Өзіне тән көбеюіне  қарай колониялардан орташа санмен  1 гр ризоторфиндегі түйнек бактериясының мөлшерін шығарады.

2.  Ризоторфиндегі бөгде микроорганизм құрамын анықтау. Ризоторфин     құрамында     көгергендер    (плесень)     мен актиномицеттер болмау керек. Бөгде бактериялардың мөлшері ТТБ -ның  оның жалпы санынан 3 %, ЖТБ санынан 7 %-тен аспауы керек. Бөгде микрофлора мөлшері түйнек бактерияларын анықтағанда параллель есептеледі. Зарарсыздандықты сақтай отырып,сол көбейткендерден    1    мл        суспензияны    пипеткамен   алып,    Петри табақшасына егеді және ЕПА құяды. Егісі бар табақшаны  28-ЗО С0  температураға термостатқа 2-3 күнге қояды, сосын 1 гр ризоторфиндегі бөгде микроорганизмді анықтайды.

 

Таза культураның  түйнек бактерияларын  бөлу

 

Бұл үшін түйнек шырынының тамшысын Петри табақшасындағы бұршақ агар пластинкасына жұқалап жағу арқылы егуді жасайды.

Зарарсыздандықты сақтай отырып, қыздырылған бұршақ агарын зарарсыздалған үш Петри табақшасына құяды және осы пластинканы қатыруға қойып қояды. Түйнекті топырақтан кетіріп, жақсылап жуады, сулеманың 0,1 % сулы ерітіндісіне 5 минут салып қояды, зарарсызданған дистильденген сумен шаяды, 96 % спиртте 1 минут ұстайды, сосын сумен тағыда жақсылап шаяды. Едәуір ірі түйнекті өндегеннен кейін, зарарсыздықты сақтай отырып, Петри табақшасына тамшыдай суы бар салады және пинцетпен езгілейді. Микробиологиялық ілмешекпен шырын тамшысын Петри табақшасындағы бұршақ агарының пластинкасының ортасына салады және тағы екі табақшаға жұқалап жағу арқылы егуді жасайды. Егісі бар табақшаларды 28-30 С°  температураға термостатқа қояды: ТТБ колониялары 4-5 күнде, ЖТБ колониялары 9-10 күнде пайда болады. Түйнек бактерияларының колонналары ақшыл түсті, қоймалжыңдау, ортаның бетінде түзіледі және бұршақ агарынан жұқа болып келеді. Алдағы  келесі жұмыстар үшін өнген колониялардың микроорганизмін бұршақ агары қисық косяктарға таза культурны егеді.

 

Бақылау сұрақтары

 

1.  Түйнек бактерияларының қасиеттері

2.  Топырақтың    азотпен   алмасуына   түйнек    бактерияларының орны

3.  Түйнек бактерияларының препараттары

4.  Ризоторфин өндірісінің технологиялық сызба нұсқасы

5.  Өнідірісті  бақылауы

6.  Түйнек бактерияларының препараттарын қолдану

7.  Жұмысты жүргізу әдісі

8.   Ризоторфин сапасын анықтау

                       

№15  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

 

МИКРОБ  КОНЦЕНТРАТЫН  КЕПТІРУ

 

Жұмыстың мақсаты

 

Микроорганизм суспензиясын кептіру процесінің технологиясымен танысу және кептіру процесін бақылаумен, реттеумен және бұл сатыдағы ауа-газ тастандыларын тазарту технологиясымен танысу.

 

Теориялық негіздері

 

Ашытқыларды концентрлеу

 

Ферменттерден ағатын микроб суспензиясының ылғалдылығы  75 % болатын 20-50 г/л  ашытқы болады. Соңғы өнімнің ылғалдылығы  тауарлы азықтық ашытқыларда  9-10%-ті құрауы керек. Ылғалды кепіру үшін ашытқыларды біртіндеп концентрлеу (қоюландыру)әдісі содан кейін кептіреді. Кеңінен қолданылатын технология: флотирлеу, сепарирлеу, буландыру, кептіру. Фильтрлеуде іс жүзінде қарқындылығы төмен болғанды қолданбайды. Лабораториялық жағдайда орындаудың сызба нұсқасы құрал-жабдыққа байланысты болады. Сонымен қатар центрифугирлеуді де қолдануға болады. Мұндай кезде әр түрлі аумақтағы ашытқылар концентрациясынан құралады , г/л:

Ферментерден - 30-40

Флотациядан және жуудан кейін - 60-70

Сепаратордың бірінші сатысынан кейін - 300

Сепаратордың екінші сатысынан кейін - 600

 

Плазмолиз

 

Булауға суспензияны  берер алдында 75-800С температурада плазмолиз жасауды жүргізеді. Бұл кезде ашытқы жасушалары және сонымен бірге қатар  жүретін барлық микрофлора өледі, бұл азықтыққа қосатын қоспалар ретінде ашытқыларды қолдану өте маңызды, тірі жасушалар жануарлар ағзасында өмір сүруге үйрене алмайды, нәтижесінде кандидоз ауруын тудыруы мүмкін. Одан басқада, нәтижесінде ашытқы суспензиясының плазмолизі гомогенизденеді демек, бұл жағдай буландыру процесіне жағымды әсерін тигізеді. Буландыруды роторлы-вакуум буландырғышта 60-80°С температурада жүргізуге болады (биологиялық активті заттардың инактивациясын болдырмау үшін).

 

Кептіру

 

Лабораториялық жағдайларда кептіруді қалған ылғалдылығы 8-10% болғанша кептіргіш шкафта жүргізеді.

Шаңдатқыш  кептіргіште микроб концентраттын кептіру

 

Азықтық биомассада ылғалдылық  көлемі 10 % көп емес массасын алу үшін микробиологиялық өндірісте микроб концентраттын кептіру  үшін шаңдатқыш кептіргіштің құрлысы әр түрлілерін  қолданады. Негізінде мұндай қондырғының артықшылығы  аз уақыта бөлшектердің кептіргіш камераға келуінен өнімділігі жоғарғы болатыны саналады. Бұл деген суспензиядағы размері майда бөлшектің болуын тудырады  және ыстық ауа ағымының (350-4000С) турбуленттігі жоғарылайды. Биомасса бөлшегінің 900С температурадан жоғары   қызуы, ылғалдың қарқынды булануына және өнімнің  массасының ылғалдылғы   10 % кем екенін қамтамасыз етеді және аз уақыта сапалы өнімді береді.

 

Қондырғының сызба нұсқасы

 

Микроб концентратын кептіру қондырғыда жүргізіледі. Концентрленген   микроб суспензиясы  3 инженерлі плунжерлі насос арқылы  2 шаңдатқыш жүйеге түседі, соның арқасында 4 кептіргіш камерада  диспергирленеді,  1 жүйе арқылы қыздырылған ауа түсетін, ыстық ауамен суспензия кептіріледі. Құрғақ биомасса кептіргіш камераның түбінде  тұнады және шығарылатын ауамен бірге 5  циклон – бөлгішке   түседі,сол жерде ауа ағымымен бөлу жүргізіледі.Дайын өнімнің  массасының ылғалдылығы 10 % кем болмау керек,  8 қабылдағыш ыдысқа келіп түседі, ал шығаралытын ауа-газ тастандыларынан ақуыз шаңынан  7 циклонда   қосымша тазартылады  және  6 газ үрлегішпен атмосфераға шығарылады.

Шаңдатқыш  кептіргіштегі микроб концентраттын кептіру

 

 

1-ыстық ауаны беру және қыздыру жүйесі

2-суспензияны шаңдату және беру жүйесі

3-плунжерлі насос

4-кептіргіш камера

5-циклон -бөлгіш

6- газ үрлегш

7-циклон –шаңбөлгіш

8-дайын өнімді жинағыш

 

11 сурет-  Шаңдатқыш кептіргіштің сызба нұсқасы

 

 

        

Жұмыстың орындалуы

 

1.Негізгі размерімен шаңдатқыш  кептіргіштің эскизін сызу және бақылаушы - өлшегіш аппаратураны қосу.

2. Берілген режим бойынша кептіргіштің жұмысын жүргізу.

3. Кептіргіштің келесі өлшемдерінің мәнін  30-40 минут сайын алу:

    -кептіргішке беретін биомасса суспензиясының мөлшері;

    -суспензияға беретін биомасса концентрациясы;

    -кептіргіштен шығатын жеріндегі ауаның температурасы;

     -кептіргішке кіретін  жеріндегі ауаның температурасы;

    -алынған өнімнің мөлшері;

    -алынған өнімнің ылғалдылығы;

4.Биомассасың және ылғалдың кептірілгені бойынша материалдық балансын құру.

5. Алынған барлық мәндерді кестеге толтыру.

 

 

7 Кесте- Кептіргіштің оперативті бақылау жұмысының формасы 

 

Күні

Уақыты

Берілген суспензия-ның

мөлшері, л/сағ.

Суспензияға берілетін биомасса

концентр-ациясы ,г/л

Кептрілген биомассаның мөлшері,г/сағ.

Кептрілген

Биомасса

ның ылғал

дылығы,%

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзгерген өлшемінің орташа мәні.

 

Бақылау сұрақтары

 

1. Микроб концентратын кептіруге арналған қондырғы

2.Микроорганизм суспензиясын кептіру процесінің технологиясы

3.Кептіру процесін бақылау

4.Биомассасын және ылғалдылығын кептіргені бойынша материалдық

    баланс құру

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

 

1.       Биотехнология – принципы и применение / под ред. И. Хиггинса, Д. Беста и      Дж. Джонса. – М., 1988.

2.       Быков В. А., Винаров Ю. Ю., Шерстобитников В. В. Расчет процессов микробиологических производств. – Киев, 1985.

3.       Виестур У. Э., Шмите И. А., Жилевич А. В. Биотехнология – биологические агенты, технология, аппаратура. – Рига, 1987.

4.       Воробева Л. И. Промышленная микробиология. – М., 1989.

5.       Лиепиныш Г. К., Дунце М. Э. Сырье и питательные субстраты для промышленной биотехнологии. – Рига, 1986.

6.       Перт С. Дж. Основы культивирования микроорганизмов и клеток. – М., 1978.

7.       Мосичев М. С., Складнев А. А., Котов В. Б. Общая технология микробиологических производств. – М., 1982.

8.       Деймен А., Соломон Н. Промышленная микробиология. – М.,1984.

9.       Виестур У. Э., Кузнецов А. М., Савенков В. В. Системы ферментации. – Рига, 1986

10.   Биотехнология. /Под ред. А. А. Баева. – М., 1984.

11.   Егорова Т. А. Основы биотехнологии. – М.: Издательский центр «Академия», 2003. – 208 с.

12.   Муромцев Г. С. и др. Основы сельскохозяйственной биотехнологии. – М.: Агропром, 1990. – 435 с.

13.   Сельскохозяйственная биотехнология / Под ред. В. С. Шевелухи. – М.: Агропром, 1998. – 429 с.

14.   Биотехнология / Т. Г. Волова – Новосибирск: Издательство СоРАН, 1999. – 252 с.

15.   Промышленная микробиология: Учебное пособие для вузов/ Под ред. Н.С.Егорова – М.: Высш. шк.,1989.

16.   Беккер М.Е. и др. Биотехнология – М.: Агропромиздат, 1990.

17.   Калунянц К.А. и др. Микробные ферментные препараты: Технология и оборудование – М.: Пищевая промышленность,1979

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕСИМОВА  АНАР  МӘДЕНҚЫЗЫ

ПРИХОДЬКО НАТАЛЬЯ АЛЕКСАНДРОВНА

 

 

 

«Биологиялық  активтік  заттардың  биотехнологиясы»

пәнінен лабораториялық практикум

 

 

 
                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басуға                 2007ж. қол қойылған. Қағаз пiшiмi 60x84 1/16.

Офсеттiк басылым. Көлемi 5 б.т. Таралымы 100. Тапсырыс №

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің баспаханасы.  Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5

 

 

 

 

 

 

 

 

Ó М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің баспаханасы