Жоғарғы  оқу  орнының  050701 «Биотехнология » мамандығының студенттеріне арналған

«БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТІК ЗАТТАРДЫҢ  БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ» пәнінен

БАҒДАРЛАМА

 

ПӘННІҢ  МАЗМҰНЫ

 

 

1 Пәннің  мақсаты мен мәні және оқу жүйесіндегі оның орны

 

1.1 Пәнді оқыту  мақсаты

 

«Биолгиялық активтік заттардың биотехнологиясы»пәнін оытудың мақсаты ғылым мен техниканың жетістігін қолданып биологиялық синтез әдісімен биологиялық активтік қосылыстар өндірісіне болашақта  студенті арнайы дайындау болып табылады.

 

1.2 Пәнді оқытудың негізгі мәні

 

Курсты студент оқуының нәтижесінде микробиологиялық жолмен биологиялық активтік  қосылысты алу ерекшелігіне қатысты негізгі мәліметі меңгеру,олардың биологиялық және химиялық трансформациясының әдісін,өндірістің технологиялықсызба нұсқасын және технологиясын меңгеру.

Пәнді оқытудың негізгі міндеті:микроорганизмнің  өндірістік жоғарғы өнімділікті  штамын алу әдісіне, оларды культивирлеу және сақтау әдісіне, микробиологиялық процестің  ерекшелігі мен принциптеріне, биотехнолгияның алдына қойған міндеті мен мақсаты туралы  ұсыныс жасау. Атибиотиктің, ферменттің, амин қышқылының, полисахаридтің, органикалық қышқылдың және аралық өнімнің өсімдікті қорғайтын бактериялық  заттардың және тыңайтқыштың бір клеткалы организмнің ақуызы және т.б. өнеркәсіптік өндіріспен таныстыру.

Студент білуі қажет: микроорганизмдерді культивирлеу негізімен, биомассаны алудың технологиялық процесімен және микробиологиялық синез өнімімен,шикізатқа тжәне соңғы өнімге  қойылған талаппен танысып білуі қажет.

Судент жасай білуі қажет: микроорганизмнің культурасымен жұмыс жасауды, культураның активтілігі мен тазалығын және препаратты анықтауды, продуцентің өсуін бақылауды,  іс жүзінде биологиялық активтік заттың биотехнологиясы туралы білімді қолдана білу қажет.

 

 

1.3  Студент осы  пәнді  оқу үшін міндеті түрде меңгеретін  пәнің тізімі

 

«Биологиялық активтік заттар биотехнологиясы»курсы негізгі курстың бірі болып саналады.«Биологиялық активтік заттар биотехнологиясы» пәнін меңгеру үшін міндетті түрде базалық пәндерді меңгеру қажет:Микробиология  және вирусология, Биохимия, Генетика, Микробиология, Биоорганикалық химия, Микроорганизмдер биотехнологиясы, Биотехнологиялық өндірістің негіздері.

 «Биологиялық активтік заттар биотехнологиясы» пәнін оқыту 050701 «Биотехнология» мамандығындағы студенттерді комплекті дайындауды  қамтамасыз етеді.

Пәнді оқытуда теориялық және іс жүзіндегі жаңалығының  оптимальды сәйкестенуін бекіту үшін, кейс-әдісін қолдану қажет.Ол оқытушының және студентің шығармашылығы мен инициативасы өзіндік жұмыстың дамуымен педагогикалық жетекшілігінің тиімді сәйкестенуіне мүмкіндік жасайды.Осыдан басқа да, кейстер зерттеу қабілетілігін, аналитикалық дамытады,жағдайларды анализ жасауды өңдейді, стратегияны жоспарлауда басқару шешімдерін қолданады. Кейс- бұл оқулық  материалдар, онда іс жүзіндегі  проблемалар формаланған, жеке немесе коллективті  түрде оны шешуді  іздену ұсынылған.

Типтік  оқу жоспары бойынша пәнің минимальды жұмысшы көлемі 180 сағатты құрайды.

 

І БӨЛІМ  Антибиотик өндірісі

 

Кіріспе. Биологиялық активті затты және препараттың өндірістік синтезінің халық-шаруашылығындағы мәні. Биологиялық активті заттың биотехнологиялық синтезі, химиялық  технологияның альтернативтілігі. Биотехнологиялық әдістің артықшылығы.Билогиялық активтік қосылыстың продуцентін селекциялау әдісі және биосинтез бағыты.Метаболизм және метаболиттер. Біріншілік және екіншілік метаболизм және метаболит. Трофо және идио-фаза. Фото және хемотрофтар. Өндіріс өнімдері және өнімділігін жоғарылату жолы. Микроорганизм селекция сының принциптері, талаптары. Штаммға көрсетілген талаптары.Антибиотиктер өндірісі. Жалпы тарихи мәлеметі. Антибиотикке биологиялық әсерінің механизмі. Бактериямен актиномицетпен,саңырауқұлақпен пайда болған антибиотиктер.Грамицидиндер,полимиксиндер,бацитрациндер,аминогликозер,тетрациклиндерактинмициндер,макролидтер,  анзамициндер, пенициллиндер, цефалоспориндер, фумагиллиндер, гризеофульвиндер, трихотециндер. Антибиотик биосинтез  жолымен жоғарылату. Продуценттіңөсуіне әртүрлі факторлардың әсері. Өнімнің дамуынақос фазалы сипаттама. Лабораториялық регламент.Антибиотикті өндірісте алу.Типтік технологиялық сызба нұсқа. Қоректік ортаны, егіс материалды,  ауаны дайындау. Биосинтез. Дайын өнімді алу және тазалау.Пенициллин, тетрациклин өндірісі. Азықтықантибиотиктер. Жартылай синтетикалық антибиотиктер. Технологиялы регламент. Антибиотикті қолдану.

 

2 БӨЛІМ  Аминқышқылы,фермент,каротиноид,витамин өндірісі

 

Витаминді алу өндірісі. Виатаминдерді алу көзі. Витаминді алу әдісінің салыстырмалы сипаттамасы. В12 витамин өндірсі. Биосинтез механизмі. В12 алу медицинаға және азықтыққа қолдану. (КМВ12). Иммобилизденген және мутирленген клетканы қолдану. Биотрансформация  және уропорфирин В12 витамин өндірісі. Продуценттер. Технологиялық сызба нұсқа. Процесті жақсарту. Азықтық және медициналық препараттар.Каротиноидтар өндірісі. Жалпы мәлімет. Алу әдісі, құрлысы.  β -каротин продуцент. Технологиялық сызба нұсқа. Өндірісті оптимизациялау жолы. Гиббериллиндер өндірісі. Құрлысы, жалпы мәліметі. Продуценттері.Технологиялық сызба нұсқасы.Алколоид өндірісі. Табиғатта болатын жалпы мәлімет. Эргометрин,псевдан,виридикатин,бензодиазепенин. АТФ и ГТФ, НАД, инозит қышқылы биосинтезі. Био-трансформация әдісін қолданады. Микроорганизмді қолдану және режимі. Оптимизациялау жолы.Аминқышқылы өндірісі. Амин қышқылын қолдану. L-амин қышқылының  тауарлы формасын, тамақ өнімдеріне қолдануға алу. Аминқышқылын алудың негізгі әдісі. Продуцентті  мутациялау жолымен активті штаммды алу. Триптофан, лизин, глутамин қышқылы өндірісі. Биосинтездеудің сызба нұсқасы. Технологиялық сызба нұсқа процесстің ерекшелігі.Культуральды сұйықтықтан   амин қышқылын алу. Иммобилизденген  клетка және фермент көмегімен амин қышқылын алу. Амин қышқылының оптикалық изомерін алу.  Фермент өндірісі. Жалпы мәлімет. Номенклатура. Фермент алу  көздері. Куль-тивирлеудің негізгі әдісі. Беттік культивирлеу. Технологиялық  сызба-нұсқа. Қоректік орта. Кюветалы, кассеталы және аэрациялаудың көлемді әдісі. Биомассаны кептіру және майдалау әдісі. Типтік культивирлеу. Технологиялық сызба нұсқа ферментті бөліп алу әдісі. Фермент препаратының стандартизациясы.α-амилаза, β-фрукто фуранозидазаны алу. Таза бактериялық фермент препаратын алу.Липидтердің  биосинтез. Жалпы мәліметтер. Продуценттер. Культвирлеу жағдайының липидтер құрамына тигізетін әсері. Технологиялық сызба нұсқа. Микробтық липидтерді тағамдық және азықтық қоспа ретінде қолдану. Полисахарид өндірісі. Жалпы мәліметтер. Биосинтез механизмі.  Биосинтезге әртүрлі факторлардың әсері. Полисахаридті өндірістен алу.декстрин және ксантан өндірісі.Микробты полисахаридті қолдану. Болашақтағы  маңызды мақсаты.

 

3 БӨЛІМ Микробтық ақуыз алу

 

Микробтық ақуызды және ақуыз препараттарын алу.Жалпы мәлімет. Ақуыз , тағам және азықтық дефицитті компоненті. Ақуыз қоректік бағалылығы. Амин қышқылының құрамымен балансирленген тағам қоспалар немесе азықтары.Тағамдық ақуыздың медико-биологиялық проблемалары. Микробтық биомассаның қауіпсіздігі. Шикізаттық база:мұнай көмірсулары, табиғи газ, спирт, сірке қышқылы,гидролизаттар, қағаз целлюлозды өнеркәсіптің қалдығы. Жаңа дәстүрлі емес көздер. Субстраттарды дайындау.Азықтық ашытқыны өсімдік шикізатының гидролизаттарында өндіру. Егістік ашытқыларды өсіру, ферментерде культивирлеу. Технологиялық сызба-нұсқалардың салыстырмалы сипаттамасы. Ашытқы жасушаларын алу. Флотирлеу, сепарирлеу, термолиздеу, буландыру, кептіру. Азықтық ашытқыларды мелассада және т.б. қалдықтарда өндіру. Технологиялық сызба нұсқаның ерекшелігі.Папринді мұнай көмір суларын өндіру. Технологиялық  сызба нұсқа.Ферментация  процестің және процесті технологиялық жабдықтаудың ерекшеліктері.Гапринді табиғи газда өндіру. Өндірістің артықшылығы және кемшілігі. Технологиялық сызба-нұсқасы. Микробтың ақуызды азықтық қоспалар ретінде қолдану және өндірістің  преспективасы. Нан ашытқысы өндірісі. Жалпы мәліметтері. Штаммды таңдау. Мелассада ашытқыны алу. Ашытқыларды этанолды ортада өсіру. Ашытқылардың автолизатты және оларды  қолдану.

 

4 БӨЛІМ  Вакцина,бактериофаг өндірісі

 

Вакциналардың, бактериофагтардың  және адамның микрофлорасын қалпына келтіретін препараттарды өндіру. Вакциналардың классификациясы. Типтік технологиялық сызба-нұсқа. Спирттік асқазан-тифозды вакцинаны алу. Виантиген өндірісі. Анатоксинді дайындау.Тірі вакциналар.Вирусті препараттардың ерекшелігі.Бактериофагтар.Жалпы мәліметтер.Оларды дайындау технологиясы. Микрофлоранықалпына келтіретін бактериалды препарат. Колибактерин. Лакто және бифидумбактерин. Өсімдіктердің зиянкестеріне және ауруларына қарсы -микроорганизм препараттары. Өсімдіктерді қорғау әдістері. Құрт-құмырсқаларға қарсы микробты және вирусты  препараттар: бактериальды (энтобактерин, дендробациллин, битоксибациллин, гомелин,  лепидоцид, дипел, бактокулицид,текнар және т.б.) саңырауқұлақты (боверин), вирусты (вирин-ГЯП, вирин-КШ). Тшқандарға қарсы микробты препараттар (бактороденцид).Өсімдік ауруларына қарсы микробиологиялық  тәсілдер (трихоцетин, фитобактериомицин). Өсімдіктерді  аурудан қорғауға антагонизм және гиперпаразитизм әсерін қолдану. Азотфиксирлеуші бактериальды препараттарды алу. Түйнек бактериялардың қасиеті. Түйнек бактериялы препараттары. Ризоторфинді алудың технологиялық сызба-нұсқасы. Өндірісті бақылау. Препараттарды қолдану. Органикалық қосылыстардың биотехнологиялық трансформациясы:стероидтар өндірісі, көмірсуларды, гетероциклді қосылыстарды, дәрі препараттарды және т.б. биологиялық активті заттарды өндіру.Өндіру әдістің артықшылығы, кемшілігі және болашағы.Қорытынды.Биотехнологиялық әдістердің дамуының болашағы. Биотехнология аумағында әлемдік досығының қатынасында. БАЗ ,микробтық және белоктық өнеркәсәптік өндірісі кезіндегі экология мәселелер.

 

 Практикалық жұмыс пен  лабораториялық жұмыстың аттары

 

1 БӨЛІМ  Антибиотик  өндірісі

 

1.                   Антибиотиктің продуценті.Антибиотиктің активтілігін анықтау.

2.                   Бензилпеницилиннің калий тұзын нативті ерітіндіден алу.

 

2 БӨЛІМ Витамин, фермент, каротиноид, аминқышқылы өндірісі

 

3.                   Ферменттің микроорганизм-продуцентін беттік культивирлеу

4.                   Фермент продуцентін түптік культивирлеу

5.                   β-фруктофуранозидаза препаратын алу.

6.                   Ферменттерді экстрагирлеу

7.                   Төмен молекулярлы заттардан фермент ертіндісін тазалау

8.                   Фермент ертіндісін концентрлеу

9.                   Азықтық биомассадан липидті экстракциялап бөліп алу

 

3 БӨЛІМ Микробтық ақуыз алу

 

10.               Биомассаны алу.Биомассаны анықтау әдісі. Азықтық микробтық ақуыз алу.

11.               Құрғақ биомассадағы күлдің және ылғалдың құрамын анықтау.

12.               Дайын өнімдегі шикі протеиннің және нағыз ақуыздың құрамын анықтау

 

4 БӨЛІМ Вакцина,бактериофаг өндірісі

 

13.               Ішек микрофлорасын тұрақтандыру препаратын алу

14.               Азотфиксирлеуші препаратты алу

15.               Микроб концентратын кептіру

 

 

ПӘНДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ТОҚ

 

Оқулықтар және оқу құралы , әдістемелік нұсқау,  дәріс  конспектісі.

 

Негізгі әдебиеттер

1.       Есимова А.М.,Приходько Н.А.,Надирова Ж.К. БАЗ Биотехнологиясы – Шымкент: ЮКГУ, 2006 – 202 б.

2.       Воронин Е.С., Тихонов И.В. Биотехнология: Учебник для вузов – М.: Де Ли принт, 2006 – 5213 с.

3.       Биотехнология /Т.Г. Волова. – Новосибирск: Из-во СОРА, 1999 – 252 с.

4.       Лобанок А.Г., Бабицкая В.Г. Микробиологический синтез белка на целлюлозе – Минск: Наука, 1986.

5.       Дебабов В.Г. и др. Генная инженерия в производстве БАВ – М.: Де Ли принт, 2000 – 391 с.

6.       Семихатова Н.М. Производство хлебопекарных дрожжей. М.: Пищевая промышленность, 1987.

7.       Беккер М.Е. и др. Биотехнология – М.:Агропромиздат, 1990  - 420с.

8.       Промышленная микробиология. / Под ред. Н. Егорова. М.: Высш. шк., 1989 – 631с.

9.       Грачева И.М., Гаврилова Н.Н., Иванова Л.А. Технология микробных белковых препаратов, аминокислот и жиров. – М.: Пищевая промышленность, 1980. – 448с.

 

Қосымша әдебиеттер

10.   Мишин Н. Технология малоотходных и бессточных производств. М.: НИИТЭХИМ, 1989.

  1. Рогов И.А. Пищевая биотехнология: В 4х кн.: учебник /Рогов И.А. – М.: Колосс – 2004 – 1530 с.
  2. Сельскохозяйственная биотехнология: учебник – 2. изд., перераб. – М.: Высш. шк., 2003 - 469с.
  3. Бейни Д.Ж., Оллис Д. Основы биохимической инженерии. Ч.,2. Пер. с англ. –М.: Мир, 1997, - 692с.
  4. Виастур У.Э. и др. Культивирование микроорганизмов. – М.:Пищевая промышленность, 1990.
  5. Калунянц К.А. и др. Микробные ферментные препараты. Технология и оборудование. – М.: Пищевая промышленность, 1990.
  6. Калунянц К.А. и др. Оборудование микробиологических производств –М.: Агропромиздат, 1997.
  7. Яковлев В.И. Технология микробиологического синтеза: Учебное пособие. – Л.: Химия, 1987
  8.  Воробьев А.И.. Промышленная микробиология. Учебное пособие - М.: Изд-во МГУ, 1990.
  9. Коломиец Д.М., Хруслова Т.Н. Использование последрожжевой барды для орошения сельскохозяйственных культур. Ферментная и спиртовая промышленность, 1973, № 1, с. 34-35.
  10. Будкин В.Н., Томмэ М.Ф. Лизин – получение и применение в животноводстве. – М.: 1973.

 

Анықтама –нормативті  әдебиет

 

  1. Справочник работников спиртовой промышленности. – Киев: Техника, 1972.
  2. Новаковская С.С., Шишацкий Ю.Н. Справочник по производству хлебопекарных дрожжей. – М.: Пищевая промышленность, 1980.
  3. Ферман Г.Я., Муравицкая Л.В. Справочник для работников лабораторий пивоваренных заводов. – М.: Пищевая промышленность, 1982.
  4. Иммунология (справочник) /под ред. Г. Бундиу – Киев:Н думка, 1990.
  5. Красильников А.П. Микробиологический словарь-справочник – Минск: Беларусь, 1986.
  6. Справочник по биологии / под ред. К.М.Сытника – Минск: Беларусь,1986.
  7. Определение активности ферментов (справочник) / Полыгалина Г.В. – М.: Де Ли принт, 2003 - 375с.