ЕСИМОВА  АНАР  МӘДЕНҚЫЗЫ

 

 

 

 

 

БИОТЕХНОЛОГИЯ   ӨНДІРІСІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ  СЫЗБА  НҰСҚА

 

 

 

БИОТЕХНОЛОГИЯ   ӨНДІРІСІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ  СЫЗБА  НҰСҚА

 

 

 

 

АЛҒЫ СӨЗ

 

Өндірістік микробиологиялық синтез ертеректен маңызды мәселелердің бірі биологиялық технологияның аумағы болып саналады.

Микробиологиялық синтез технологиясымен немесе микробиологиялық технологиямен адам баласының  бағалы өнімінің,   олардың тіршілік ететін өнімінің бастапқы шикізатының немесе микроорганизмді өңдеу әдісі  мен процесі туралы ғылымды  білуді ескеру керек. Адам баласы микроорганизмдердің әр түрін бұрыннан-ақ қолданып келген, шарап ашытуда, сыра қайнатуда, нан пісіруде, спирт алуда және сүт қышқылы өнімін алуда қолданған.

Өндірісте микроорганизмді          культивирлеудің бірқатар артықшылығы бар. Ауыл шаруашылығының егіс өнімі микроорганизмдердің көмегімен алынған препаратың арқасында  жүз есе тез өседі. Микроорганизмдердің көмегімен өндірістік масштабта антибиотик, ақуыз, витамин, фермент және т.б.  заттар алынады. Химиялық жолмен ала алмаған күрделі және қымбат өнімдерді биотехнологиялық синтездеумен алынады.

Биотехнологиялық процестерде химиялық қатынастан технологиялық қатынасты ажырату қолайлы. Биологиялық катализатордың әсерінен – фермент реакциясы төменгі температурада (20-60°С) жоғарғы қысымды  қолданбай – ақ жүреді.Осының өзінен-ақ өндірістің технологиясы ықшамдалып, экономикалық эффективтілігі байқалады.

Микроорганизмдер    табиғатта   жүріп   жатқан   көптеген   өзгерістерге тікелей    байланысты. Микроорганизмдерің  белсенді     әрекетінің     әсерінен    күрделі    органикалық  заттарға айналады, қайтадан табиғаттағы заттар   айналымына  енеді.   Топырақты   азотпен   байытуда,     азот      сіңіруші      микроорганизмдердің     атқаратын    қызметі     жоғары.   Себебі    атмосферадағы   азоттың топыраққа      оралуы,     тек   осы   микроорганизмдердің     тіршілігіне        байланысты.  

Микроорганизмдерді арзан, әрі  оңай табылатын (әр түрлі өндіріс қалдықтары) ауыл шаруашылық қалдықтарында өсіруге болады.

Өсімдікті жәндіктерден қорғайтын микробиологиялық зат ауыл шаруашылық культурасын сақтаудың арқасында өнімділігін жоғарылатады. Ауыл шаруашылығында тамақ, сүт, медицина, жеңіл және химия өндірісінде, қара және түсті металлургияда, машина жасауда және көптеген халық шаруашылығының басқа да салаларында микробиологиялық синтез өнімін қолдану жыл сайын өсуде. Жаңа  жүз жылдықта ғылыми зерттеу  жұмыстардың  қарқынды дамуының арқасында  биотехнология  қарқынды шапшаң   дамуда.

 

 

 

 

 

 

1                    БӨЛІМ

 

Биотехнология аумағына жалпы мәлімет

 

Микроорганизмдер көне заманнан бері тіршілік етіп келе жатқан жер бетіндегі тірі организмдердің өкілі болып саналады. Олар үш миллиард жыл бұрын пайда болған деген түсініктеме бар.

Микроорганизмдер – көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер. Олардың клеткалары миллиметрдің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Микроорганизмдердің  құрлысын, сыртқы пішінін және қозғалуын зерттеу үшін кем дегенде 100 есе үлкейтіп көрсететін арнаулы құрал – микроскоптар қажет. Қазіргі кезде осы мақсатта биологиялық микроскоптар қолданылады.

 

 

 

 

 1 сурет - Микроскоп

 

Микроскоптармен зерттеу үшін, клеткаларды алдын – ала түрлі бояу заттар – флуорхромдармен бояйды. Мұндай боялған микроорганизмдер тірі күйінде люминесценттік микроскопта сәуле шашып, жалтырап көрінеді де, зерттеу оңайланады. Микроорганизмдер бір ортада топталып тіршілік етсе, онда колониялар түзеді (2-сурет).

               

 

 

      

 

 

 

 2-сурет Микробтар колонияларының пішіндері

 

Микроорганизмдердің басым көпшілігін бір клеткалы организмдер деп аталады. Бірақ олардың ішінде, мәселен зең  саңырауқұлақтары, жіпше бактериялары көп клеткалылар болып саналады. Микробтар клеткасы сыртқы ортадан қабығы, ал кейбір топтары цитоплазмалық мембрана арқылы ажырайды. Құрылысы жағынан алғанда негізінен айырмашылығы бар екі типті  түрге ажыратуға болады.

Бұл эукариот және прокариот клеткалар. Нағыз ядролы микроорганизмдерді эукариоттар, ал қарапайым ядро аппараты барды прокариоттар деп атайды.

Эукариоттарға саңырауқұлақтар, балдырлар және қарапайымдар жатады. Бактерияларды және көк – жасыл балдырларды прокариоттарға жатқызады.Эукариот клеткалары ядро сыртын қоршап тұратын цитоплазмадан кішкене саңылаулары бар екі қабатты ядро мембранасымен қапталған. Ядрода 1-2 ядрошық болады. Мұнда рибосомдық рибонуклеин қышқылы және тұқым қуалаушылықтың негізі орналасқан хромосомдар синтезделеді. Хромосомдар митоз және мейоз сияқты аса күрделі процестер кезінде бөлінеді.

Прокариоттар клеткасының құрылысы эукариоттарға қарағанда қарапайым. Оларда ядро мен цитоплазманың арасында анық шекара байқалмайды, ядро мембранасы жоқ. Дезоксирибонуклеин қышқылы бұл клеткаларда белокпен байланыспаған, эукариоттардың хромосомдары сияқты структуралары мұнда жоқ.Сондықтан болса керек бұл клеткаларда митоз бен мейоз процестері болмайды және бұларда митохондриялар және хлоропластар да жоқ.

                

     

        3 сурет -  Бактериялардың негізгі формалары:

а – микрококкалар; б – диплококкалар; в – тетракоккалар;

г – стрептококкалар;     д – стафилококкалар; е – сарциналар;

           

 

   4сурет - Бактериялардың негізгі формалары:

 

а – бактериялар; б – ұштарында сапарлары бар бацилдер;

в – споралары ортасында орналасқан бацилдар; г – вибриондар;

 д – спириллалар;  е – спирохеталар.

 

 Бактериялардың негізгі формалары.Сыртқы пішініне қарай бактеиялар үш топқа бөлінеді.Олар шар тәрізділер, таяқша тәрізділер және ирек формалар(3,4-сурет).Шар тәрізділерді коккалар деп атайды. Коккаларды өзара орналасуына қарай бірнеше топқа бөледі.

Олар екі – екіден орналасса – диплококкалар деп атайды, клеткалар өзара тіркесе моншақ тәрізді орналасса стрептококкалар, сегіз – сегізден текшелене орналасқандарын сарциналар деп, сондай – ақ клеткалары жүзім жемісінің орналасқаны сияқты шоқ – шоқ болып  келетіндерін стафилакоккалар деп атайды. Таяқша тәрізді формалар ұзындығына, диаметріне, клеткалар ұшының пішініне, споралардың түзілуіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Спора түзетіндерін – бациллалар, ал түзбейтіндер бактериялар деп атайды. Таяқша тәрізді бактерияларды да клеткаларының орналасу тәртібіне қарай бірнеше топтарға бөледі.

Бактериялардың мөлшері. Көптеген шар тәрізді бактериялар клеткаларының диаметрі 1–2 микронға тең (бір микрон бір миллиметрдің мыңнан бір бөлігі). Жұмыр клеткалы түрлерінің ұзындығы 1–4 микронға, ал ені 0,5–1 микронға дейін барады. Судың бір тамшысында микробтардың бірнеше жүздеген миллион клеткаларын орналастыруға болады. Кейбір бактериялар, мәселен жіпше тәрізді күкірт бактерияларының диаметрі 50 микронға жетеді. 

Микробиологияда «штамм» және «клон» деген терминдерді жиі қолданады. Штамм деген түріне қарағанда бір жақты түсінік. Әдетте штамм деген әр түрлі (топырақ, су, организм және т.б.) немесе бір түрлі табиғи ортадан бөлініп алынған, бір түрге жататын микроорганизмдердің әр түрлі күльтураларын айтады.

 

Микрроорганизмдердің химиялық құрамы

 

Микроорганизмдердің химиялық құрамын зерттеу, олардың зат алмасу процесінде тіршілік ету механизмін түсіндіруге көмектеседі. Сыртқы түріне қарағанда қарапайым болғанымен, микроорганизмдердің химиялық құрамы күрделі. Әр түрлі бактериялардың химиялық құрамы бірдей емес. Тіпті бір топқа жататын микроорганизмдердің өздерінің әр түрлі жағдайларға байланысты клеткасының химиялық құрамы өзгеріп отырады.

Микробтар клеткасы жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлар клеткасының химиялық құрамына тым ұқсас элементтерден тұрады. Оның 75-85% судан, 15-25% құрғақ заттан құралады. Көміртегінің мөлшері 45-55%, оттегі – 30%; сутегі – 6-8%. Ал фосфор, калий, магний, күкірт, темір сияқты элементтер үлесіне небәрі 3-10% тиеді.

Микроорганизмдердің қоректенуі.Микроорганизмдер де басқа тірі организмдер сияқты қоректенуді қажет етеді. Бірақ микроорганизмдердің бір айырмашылығы бұларда ақуыз қуысы болмайды қоректік затты бүкіл денесінің сыртымен қабылдап, сіңіреді. Сондықтан болса керек сыртқы орта мен клетка арасында зат алмасу өте тез жүреді. Қоректену процесі, яғни оның шапшаңдығы түрлі жағдайларға байланысты. Солардың ішінде қоректік заттар концентрациясының зор маңызы бар. Клетка құрылымы, оның қабығының еріген қоректік заттарды өткізгіштігі де едәуір роль атқарады.

Микроорганизмдердің тыныс алуы энергия бөлінетін органикалық қосылыстар тотығуының биологиялық жолмен жүретін күрделі процесі болып есептеледі. Жасыл өсімдікте энергияны хлорофилл көмегімен күн сәулесінің көзінен алатыны мәлім. Ал микроорганизмдердің басым көпшілігі күн энергиясын пайдалана алмайды. Энергияны олар химиялық реакциялар көмегімен қамтиды. Осы энергияның көмегімен олар клеткада күрделі органикалық қосылыстар түзеді.

Әр клеткада тотығу процесі жүретіндіктен, микроорганизмдердің қоректенуі мен тыныс алуы арасында тығыз байланыс болады. Өйткені клеткадағы қоректік заттар ыдырағанда энергия бөлініп шығады. Ал тыныс алу кезінде энергияның клетка сыртына бөлініп шығатыны да белгілі.

Тыныс алу барысында микроорганизмдер энергияны тек жылу күйінде ғана емес,басқада формада,химиялық электр тогы және жарық күйінде де қамти алады.

 

    Микроорганизм-продуцентіне қойылатын талаптар

 

Микроорганизмдерді іс жүзінде  қолдану  көп жақты.  Микроорганизмдер  мидицинаға, жеңіл  және  ауыр  өнеркәсіпке, ауыл  шруашылығына  және т.б.   маңызды  биологиялық   активті  заттарды  синтездеуге  қабілетті.

      Микробиологиялық  өнеркәсіпте  түрлі  микроорганизмдердің  ішінен   бір клеткалы  саңырауқұлақтарға  жататын  ашытқылар  кеңінен    қолданылады.     Бірқатар өндірістерде   мицелиалы  саңырауқұлақтарды және   бактерияларды  қолдану   іске асырылды.  Ең  кем  дегенде  және  кейде қарапайымдар  қолданылады. Микроорганизмдерді қолданудың  саны  бірнеше  жүзден  аспайды. Биологиялық  активті  заттардың   микроорганизм - продуценті – биотехнологиялық  технологияда   басты  обьект  болып  табылады.

      Микроорганизм - продуцентінің  практикалық  маңызы   көптеген  көрсеткіштермен  анықталады,   олардың  негізгілері   мыналар:

1)      Зиянсыздығы  (тұтынуға  және  өндіріс  процесіне  де);

2)      Биосинтез  активтілігі (өсу жылдамдығы,  өнімнің  жиналу     

      жылдамдығы, биологиялық  активті  заттардың  синтезінің 

       жылдамдығы);

3)      Көміртегі  көзін  пайдалану (шикізаттың  қолданылуы, шикізаттың      

      жеткілдікті болуы,   шикізат бағасы);

4)      Азот  көзінің  қолданылуы;

5)      Культивирлеу  жағдайына  сезімталдығы (аэрация, температура, рН,  

      өсу  факторларына  қажеттілер  және  т.б. )

6)   Біркелкілігі  және   факқа  тұрақтылығы.

 Продуценттің  активтілігі,  яғни  метабализм  өнімдерінің  қомақты  мөлшерінің    түзілуі,   микроорганизм – продуценттердің  маңызды   сипаттамасы  болып  табылады.  Алайда  технологиялық  процесс  жағдайында   түрлі  көміртегі   көзін  пайдалану   қасиеттері  де  аз емес.

    Қиыншылықтары өндірістік  ферментацияда  бөгде  микрофлораның  пайда  болуы.  Егер  продуценттің  рН   көрсеткішінің   оптимальдығы  қышқылдық  немесе    сілтілік  ортаға  ауытқып  кетсе, онда бұл қиыншылық  оңай  түзіледі.  Зарарсыздығының  жақсы  болуынан   термофильді  продуценттер  көзге  түседі. Мұндай  жағдайларда,  микроорганизмдердің  қасиеттері  мен  өндіріске  қажеттілігінің   түрлерімен  продуценттің іс жүзіндегі   маңыздылығын   бағалауға  болады.

 Іс жүзінде  қызығушылық  тудыратын  микроорганизмдерді   іздестіруде    кеңінен  жұмыс жүргізілуде.  Биотехнологиялық  өндірісте   активтілігі жоғары  мутанттарды  алу  маңызды  болып  табылады.

Соңғы  уақытта  қажетті   қасиеттері  бар  микроорганизмдерді  алуда   ген  инженерия  әдістері  кеңінен  қолданылуда,  бұл  микроорганизмдердің  тұқым  қуалау   аппараты “қайта жасайды”,  активтілігі жоғары  жаңа  продуценттерді   алуға  мүмкіндік  береді.

Сонымен, демек  микроорганизмдердің   тіршілік  ету  негіздерін  білмесек, биотехнологиялық  технологияны  құрып технологиялық  процестерімен   дұрыс  жұмыс  жасай  алмаймыз.


2 БӨЛІМ

 

Микроорганизмдерді культивирлеу әдістері

 

Биотехнологиялық синтез технологиясы микроорганизмдер – продуцентінің қасиетіне қарай құрастырылады. Микроорганизмнің осы түрі үшін жағдайының жақсы болуы, тек өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап, максимум  мол өнім алуға мүмкіндік береді және синтездей алады .

Микроорганизм – продуцентін өсіру үшін, культивирлеудің беттік және түптік әдісі қолданылады.

Микроорганизмдерді беттік әдіспен өсіру технологиясы қарапайым болып келеді. Микроорганизмдер қатты немесе сұйық қоректік  ортада  культивирленеді. Қатты қоректік орта ретінде агарланған орталар немесе сусымалы субстраттар (бидай, арпа, бидай кебегі және т.б.) қолданылады. Агарланған қоректік орталарды зарарсыздандырып пробиркаға, Петри табақшасына құйылады.

Культура  продуцентін қоректік ортаға еккеннен кейін пробирка мен Петри табақшасымен термостатқа қойылады, онда микроорганизмдердің белгілі бір температурада өсуі мен дамуы жүреді. Сусымалы   субстратты біркелкі етіп арнайы кюветаларға орналастырады, егіс материалын салғаннан кейін өсіру камерасына қойылады. Микроорганизмдерді қолайлы жағдайда өсіру бірнеше күнге созылады. Микроорганизмдерді өсіру процесі аяқталған соң дайын өнім бөліп алынады. Беттік әдіспен микроорганизмдерді өсіру процесі белгілі бір уақытта аяқталады, сондықтан ол периодты болып саналады.

Арнайы аппарат–ферментерде сұйықтықтың барлық көлемінде қоректік ортада микроорганизмдерді түптік әдіспен өсіру жүргізіледі. Микроорганизмдерді түптік әдіспен өсіру периодты және үздіксіз болуы мүмкін. Периодты әдіспен түптік культивирлеу процесінде ферментерге бірден барлық қоректік орта және егіс материалының барлық көлемі салынады.  Белгілі бір уақыт ішінде микроорганизмдерді өсіру қолайлы жағдайда жүргізіледі, кейде процесті тоқтатып ферментерден керегінше құйып алынып, дайын өнім бөліп алынады. Микроорганизмді өсіру үшін қолайлы жағдай жасалып, түптік культивирлеудің үздіксіз әдісі кезінде қоректік орта үздіксіз ферментерге келіп түсіріледі қосылады, ол ферментерден сондай-ақ культуралды сұйықтықтан  микроорганизмдермен бірге үздіксіз ағылып  шығарылып отырады.

Микроорганизмдердің периодты және үздіксіз процесі кезінде өсу жағдайы әртүрлі екендігі белгілі. Периодты процесс кезінде қоректік заттардың концентрациясы уақыт өткен кезде қоректік ортада азаяды, ал азықтық метаболизм құрамы көбейеді, ол микроорганизмдердің өмір сүруіне кері әсерін тигізеді. Үздіксіз процесс кезінде микроорганизмдердің өсуіне қолайлы жағдай жасалады, бұл екі көрсеткіш үнемі бірдей деңгейде болады.

 

Микроорганизмдерді периодты түрде культивирлеу

 

Егіс материалын алу барысында көбінесе культивирлеудің периодты әдісі қолданылады. Микроорганизмді культивирлеу кезінде компоненттер қоректік ортаға келіп түспей және одан шықпай тұрған кезде микроорганизмдер өсіріледі және көбейеді. Белгілі даму циклы өткен соң,  фазаның ауысқаны көрсетіледі, осы жағдайда микроорганизм өседі және көбейеді.

 Периодты культивирлеу микробты биосинтез процесімен танысқанда алдымен периодты культураның өсу динамикасын зерттеуден басталады. Периодты культураның дамуы үшін (көп клеткалы организмнің даму циклінің аналогы жоқ) ортаға егуден басталады. Егу мынадай мөлшерде іске асырылады,  минимальды ұстаумен немесе лаг фазасыз микроорганизмнің адымен өсуімен қамтамасыз етіледі. Биосинтез барысында лаг фазаға түсінікті аз береді немесе өсу үшін қолайсыз жағадайымен куәланады. Көптеген микробиологиялық процесс  үшін ортаның көлемінің 2%-дей мөлшері «жаңадан жасалған» егіс материалына қатысады.

Тізбектелген ауысу фазалары графикалық түрде көрсетілуі мүмкін. Сосудта жасушаның саны егіс материалын еккен кезден бастап анықтаса, әрбір уақыт мерзімі белгіленіп, абсцисса осіне жіберіледі,  жасушаның белгілі санына сәйкестеліп ординат осіне жіберіледі (5-сурет). Бұл қисықты микроорганизмдердің өсу қисығы деп атайды және бірнеше фазаларға немесе периодтарға бөледі.

І фаза лаг-фаза немесе бейімделу фазасы деп аталады.Мұнда жаңадан жасалған қоректік ортаға жіберілген микроорганизмдер көбеймейді, қайта бейімделеді. Бұл фаза 1-2 сағатқа созылады. Фаза аяқталған кезде жасуша көбейе бастайды. Қоректік ортаны пайдалану қуатты түрде жүреді. Микроорганизмдер көбейгенге дейін қоректік орта инокуляторға енгізіліп отырады. Бұл периодта культура жаңа ортаға  бейімделеді, бұл фазаның ұзақтығы микроорганизмдердің физиологиялық ерекшелігіне байланысты және  культивирлеу жағдайына, егіс материалына және өндірістік орта құрамына  байланысты. Мұндай  айырмашылық аз болған сайын және егілетін микроорганизмдердің мөлшері неғұрлым көп болса, онда І фазаның өсуі соғұрлым  қысқа болады.

 

    5  сурет- Периодты культивирлеудегі микроорганизмнің өсу қисығы.

                   Х-биомассаның саны (1 мл жасуша саны); τ-уақыт,сағ.;

                   І-лаг фаза; ІІ-өсуін жылдамдататын фаза;

                   ІІІ-экспоненциальды фаза;

                   ІҮ-өсуін баяулататын фаза;

                   Ү-стационарлы фаза;

                   ҮІ-жойылу фазасы;

 

Қандайда бір өзгеріске ұшырауына қарамастан жасуша ішінде бірқатар биохимиялық өзгерістер болады. Жасушада рибосома саны және ақуыз құрамы көбейеді, ферменттік жүйелер активтеледі. Алдымен периодта популяция саны көбеймейді, бірақ жасушаның көлемі жоғарылайды.

ІІ фаза Өсу жылдамдығының фазасы  немесе ауыспалы деп аталады. Бұл жасушаның бөліне бастауы болып сипатталады. Бұл сатыда жасушадағы  нуклеин қышқылының (ДНҚ, РНҚ) ақуыздың құрамы жоғарылайды, жасушаның көлемі ұлғаяды. Жасуша беті белгілі  қатынасы аралық жетістігінің арқасында және оның көлемі  жасушаның бөлінуімен жүргізіледі, нәтижесінде культураның өсу жылдамдығы мен популяция саны ұлғая бастайды. Әдетте бұл фазаның жалғасы жоқ.

ІІІ фаза–Жасуша санының анағұрлым активті өсу фазасы. Даму фазасы көбейюдің ең активті фазасы. Онда микроорганизмдер қарқынды дамиды, өсу шапшаңдығы да арта түседі. Бұл екі сағаттай уақытқа созылады. Кейбір жасушалар тіршілігі тежеле бастайды.  Ол экспоненциалды немесе логарифмдік фазаның өсуі деп аталады. Бұл фазада жасуша белгіленген өсу жағдайына толығымен бейімделгеннен  кейін басталады, культураның өсуі қоректік зат түспесе де, азықтық заттың зат  алмасуы мол болмаса да шектелмейді. Өсу жылдамдығының максимальдығы бекітіледі. Микроорганизм культурасының өсу процесін меңгеру кезінде абсолютті және меншікті өсу жылдамдығын ажырата  білу қажет.

Абсолютті өсу жылдамдығының формуласы  мынаған тең:

   v           

                мұнда: х – биомасса саны (г/л) (немесе жасуша саны)

                           τ – уақыт, (сағ)

           

Меншікті өсу  жылдамдығы биомасса бірлігінің өсу жылдамдығымен сипатталады және мына формула бойынша есептеледі:

    ,

 

        мұнда:  μ-уақыт бірлігіндегі биомассаның өсуі, сағ-1.

 

Микроорганизмдер культурасының меншікті өсу жылдамдығы болып  қандайда бір маңызды сипаты, организмнің өзі және сондай-ақ культивирлеу жағдайы саналады.

Меншікті өсу жылдамдығы мен субстрат концентрациясының арасында, культураның өсуі шектеледі, белгілі байланысы анықталып, Моно теңдеуі түрінде көрсетіледі:

 

мұндағы:  μмакс - максимальді меншікті өсу жылдамдығы;

   S – субстрат концентрациясы;

   KS – қаныққан констант.

Өсудің меншікті жылдамдығы өнімдерге байланысты болады, жасушалардан зат  алмасу процесі кезінде ортаға бөлінеді. Жасушалардың өсуін ингибитолар тежейтінін  ескертетін  теңдеу Моно – Иерусалим теңдеуі ретінде белгілі, келесідей түрде келтіріледі:

 

мұндағы: Р – жасушалар өсуін ингибирлейтін өнімнің концентрациясы;

                  КР – ингибирлеуші констант;  өнім концентрациясына саны тең, бұл кезде өсудің меншікті жылдамдығы екі есеге төмендейді.

 

Популяцияның  экспоненциальды өсу теңдеуі:

 

х=хo е μ макс τ,

 

мұндағы: Хо – биомасса саны немесе уақыттың бастапқы кезеңіндегі жасушалар саны,

е – табиғи  логарифмнің негізі.

Бұл теңдеуді логарифмдеуде аламыз:

 

ln x = lnхо+ μмакс τ

 

Демек, биомасса мөлшерінің логорифмі және жасушаның саны тұрақты жылдамдықпен жоғарылайды. Сондықтан бұл фаза логарифмдік фаза деп аталады.

Микроорганизмдердің қарқынды өсуінің және қоректік ортадағы микроорганизмдердің көбеюінің нәтижесінде дәл осы қарқындылық пен қоректік заттар жұмсалады да, өмір сүруші микроорганизмдердің өнімдері жиналады. Сонымен қатар бос кеңістік шектеледі, жасушалар өсу барысында бір–біріне бөгет жасайды, жасушаларға қоректік заттардың келуі және метаболиттердің бөлінуі нашарлайды. Өсу жылдамдығы төмендейді, жасушалардың бөлінуі қысқарып, содан соң өсудің келесі фазасы басталады.

IV фаза – баяу  өсу фазасы немесе өсу жылдамдығының төмендеуі. Бұл фазаның, экспоненциалды фазаға қарағанда жасушалар бітекті болмайды, себебі қолайсыз факторлардың әсерінен қоректік зат концентрациясы төмендейді,  зат алмасуда өнімнің жиналуы өседі. Мұның барлығы культураның өсу процесінің баяулануына және тоқтап қалуына әкеліп соқтырады, сонымен қатар олардың жойылуы және жасушаларда лизес бөлігінің тууы мүмкін.

V фаза – стационарлы фаза деп аталады. Стационарлы фазада  жаңадан пайда болған жасушалар мен қырылған жасушалар  саны теңеледі. Сондықтан тірі жасушалар  саны  біраз уақыт тұрақты болып қала береді. Көбею кезінде  түзілген өнімдер  микробтар тіршілігіне  нұсқан келтіре бастайды. Бұл фаза бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады. Стационарлы фазада биомасса культурасының өсуі тоқтайды:

             .

Бірақ ескере кету керек, бірнеше уақыт бойы бұл фазада биомассаның біршама өсуі болады, бұл стационарлы фазадағы жеке жасушалардың көбеюінің жалғасатынын түсіндіреді. Бірақ көбею процесі жасушалардың жойылу процесімен  және олардың кейбіреуінің автолизімен теңеседі.

Биомасса өсуі стационарлы фазаға жеткенде культура биомассасының көп мөлшері және жасушаның  максимал саны жиналады. Бұл максимал мөлшерін өнімнің жемісі немесе шығымы деп атайды.

Іс жүзінде сыртқы көзқарасқа қызығушылық тудырады, бұл экономикалық коэффициент деп аталады. Бұл көрсеткішті пайда болған микроорганизмдердің  массасы мен жұмсалған субстрат мөлшерімен салыстыруға болады :          

         у = х/S .

Стационарлы фаза үшін жасуша популяциясының гетерогенді жоғарылауы сипатталған, онда бірқатар жеке көбейетін жасушамен бірге әлі тірі жасушалар да болады, бірақ олардың әрмен қарай өсу қабілеті жоғалып, өлі жасуша лизистеледі.

VI фаза – қырылу  фазасы немесе жойылу фазасы. Қырылу  фазасында пайда болған жасушалар  санынан өлген жасушалар саны басым болады. Қоректік ортаның  физикалық-химиялық қасиеті мүлде өзгеріп, микроорганизмдер тіршілігіне зиянды жағдайға көшеді. Жасушалардың қырылу жылдамдығы арта түседі. Ол өлген жасушалардың саны қайта пайда болған жасушалар санынан көп болған кезден бастап басталады. Бұл фазада жасушалардың өмір сүру жағдайлары қолайсыз, ал жасушалардың артық  заттарының қоры таусылады.

Микроорганизмдерді периодты әдісте өсіру көптеген өндірістерде, егіс материалын алу сатысында қолданады, оның  ең басты сатысы – ферментация, көптеген өндірістер үздіксіз немесе периодты әдіске  байланысты емес. Үздіксіз культивирлеудің артықшылығына қарамастан, көптеген өндірістер периодты әдісті қолданады, ол микроорганизмдер продуценттерінің қасиеттерінің қиыншылығына байланысты. Сондықтан  популяцияның даму сатысын білу, барлық технологиялық процестің жақсы өтуі үшін  жоғарғы мәнге ие болады.

 

Микроорганизмдерді үздіксіз култивирлеу

 

Периодты культивилеуде микроорганизмдердің максимальды өсу қабілеті толық қолданылмайды. Өмір сүрудің ең активті кезеңі – логарифмдік фаза - өндірістік циклдің  азырақ бөлігін алады, ал уақыттың көп бөлігі лаг фазаға кетеді және өсудің жәймен өсетін кезеңіне өтеді.

Периодты культивирлеу кезінде жасушалар барлық уақыт бойы ауыспалы жағдайда болады. Алдымен қоректік ортаға дер кезінде мол мөлшерде қоректік заттарды енгізсе, жасуша өсуінің ингибирленуі сонда өмір сүруші микроорганизм өнімнің жиналуы және қоректенудің жетіспеуі басталады. Егер қоректік ортаға бірден мол  мөлшерде қоректік зат қосса, онда культураның өсуінің ингибирленуі болады, демек микроорганизмдердің катаболиттік репрессиясы деп аталады. Қоректік затты жаймен қосудың арқасында микроорганизм өсуінің ингибирленуінен құтылуға болады.  Осы мөлшердегі қоректік заттарды енгізу процесі кезінде микроорганизмдердің өсуінің ингибирлеруін болдырмауға болады. Бұл әдіс субстраты аздап мөлшерлеумен  микроорганизмдерді культивирлеу деп аталады.

Культивирлеу барысында қоректену көздерін қосу кезінде қоректік ортаның көлемі өзгереді. Орта көлемін қалыпты және ортадағы өмір сүруші микроорганизм өнімдерінің концентрациясын төмендетіп ұстап тұру үшін, культуральды сұйықтықтың бір  бөлігін белглі бір уақыт аралығында аппараттан алып тастауға болады. Мұндай периодты культивирлеу процесті «көлемді-мөлшерлеуіш» деп атайды. Мұның алдыңғы әдістен айырмашылығы,  культураның бөлігі периодты түрде жаңа ортаға түскен сайын алынып тасталынып отырады. Берілген жағдайда процестердің негізгі параметрлер – көлемі,  араластыру жылдамдығы, өсудің меншікті жылдамдығы – тұрақты болып есептелмейді культура квазистационарлы(мнимостационарлы) жағдайда болады.

 Субстратты аздап мөлшерлеуде  периодты культивирлеудің  тағы бір әдісі бұл – диализдеуші мембрана арқылы лимиттеуші субстраттың келуін бақылаушы процесс. Егер аппаратқа мембрана орнатқанда, сол арқылы тек белгілі бір заттар ғана енеді, мембранадан бөлінген, ерітіндіден еріген зат диффузиясы арқасында ортадағы оның концентрациясы тұрақты ұсталынып тұрады. Бұл әдісті шектелген субстрат продуцентінің өсуі үшін қолдануға болады немесе биомассаны концентрлеу үшін, субстратты аздап  мөлшерлеуіш периодты культивирлеу үшін, даму фазасынан популяцияға келу уақытының көбейтуіне мүмкіндік береді. Бірақ жасушалардың физиологиялық күйін тұрақтандыруды уақытқа байланыстырмай, осы әдіспен жүзеге асыру мүмкін емес.

 

Микроорганизмдерді үздіксіз культивирлеу жағдайлары

 

Үздіксіз культивирлеу химиялық технологиядан микробиологиялық культивирлеуге ауысты. Ағымдағы культивирлеу принципі микроорганизм көбейетін сосудқа жаңадан қоректік ортаны беріп отырады және бір мезгілде осындай көлемде культура шығарылып отырады. Бұл принципке үздіксіз культивирлеудің екі түрлі процесі ұйымдастырылған: толығымен ығыстыру процесі және толығымен араластыру процесі жатады. Үздіксіз культивирлеу периодты культивирлеуге қарағанда артықшылығы бар, үздіксіз процестің әр сатысының арнайы аппараттары бар: өнім сапасын жақсартуға, мүмкіндігі бар, микроорганизмдерді культивирлеу уақытын тұрақты ұстап тұруғак мүмкіндігі бар, ең негізгісі автоматтандыру мүмкіндігі бар.

Үздіксіз культивирлеу,  экспоненциалды  даму фазасында микроорганизмдердің тіршілік етуін ұстап тұру үшін ферментерге белгілі мөлшерде және сапалы қатынаста қоректік заттарды үздіксіз  беріп отыру болып табылады. Мұндай жағдайларда қозғалмалы күйден  тепе – тең күйге жеткізеді, бұл кезде жасушалардың үздксіз жағдайда  және бірдей жылдамдықпен көбеюі, қоректік заттардың келу жылдамдығымен сәйкес болады. Культивирленетін жасушалар қоректік заттар мен үнемі қамтамасыздандырылуына қарамастан культуралды сұйықтықта іс жүзінде олар мүлдем жоқ, демек ағып өтетін сұйықтықта жоқ деген сөз.

Үздіксіз культивирлеудің аса маңызды сипаттамасының бірі ол араластыру жылдамдығы, демек ферментердегі қоректік ортаның алмасу жылдамдығы. Егер культиватордың көлемін (V/л), ал ортаға келу жылдамдығы – ағын жылдамдығы F(л/сағ) деп белгілесек, онда араластыру жылдамдығы  D(сағ-1) тең болады:             

                        D=F/V

 

 

Микроорганизмдердің өсуінің меншікті жылдамдығы:

                          

Осыдан культивирлеу кезіндегі микроорганизмдердің тез өсуі мынаған тең:    
                         

Үздіксіз культивирлеу жағдайында биомассаның тез арада өсуі μх, оның орта мен Дх, кетуімен қамтамасыздандырылады,

 

   яғни   μх – Dх> 0  немесе  (μ-D)х>0

Осыдан :  μ=D

Бұл теңдеу микроорганизмдерді үздіксіз культивирлеу кезінде орныққан тепе-теңдікті ұстап тұрудың негізгі шарты. Бұл кезде барлық технологиялық және физиологиялық көрсеткіштер тұрақты болып сақталады. Технологиялық көрсеткіштерге культуральды сұйықтық компоненттерінің концентрациясы, ал физиологиялық – жасушаның өсу жылдамдығы және олардың құрылымдық -биохимиялық ерекшеліктері жатады.

 

 

6 сурет  - Периодты процестен үздіксіз процеске ауысқанда жасуша   

                концентрациясының  ауытқуын сипаттаушы қисық.

                І-активтелу сатысы; ІІ-стабилизациялау сатысы.

 

 Ескере кету керек, үздіксіз культивирлеу кезіндегі берік күйдегі жағдай бірден пайда болмайды.  Бөлу процесі басында байқалады, сол кезде биомассаның концентрациясы тепе-теңдік күйге жақын болады, бұл графикалық қисық толқын сызығымен сипатталады, олар жаймен түзу сызыққа өтеді  (6-сурет).  Кейде бұл кезеңді екі сатыға бөледі: І активтелу  және  ІІ стабилизациялау сатысы .

 

Үздіксіз культивирлеу процесіндегі микроорганизмдердің өздігінен  реттелу  қабілеті

 

Үздіксіз культивирлеуде араластыру жылдамдығы кезінде  меншікті өсу жылдамдығы мен тепе-теңдік жағдайдағы режимді орнатуды  бақылау және қоректік ортаның  ағып келуін ұстап тұру  қажет. Бірақ үздіксіз культивирлеу жүйесіндегі микроорганизмдер өздігінен реттеуші қабілетке ие.

Егер де қабылданған  режим араластыру жылдамдығы есебінен бұзылса, онда жүйеде қандай өзгерістер тууы мүмкін? Қоспаның құрамы немесе қоректік ортаның берілу жылдамдығы өзгерген кезде жүйе тепе-теңдік күйден шығып, олардың параметрлерінде бір-бірімен байланысты өзгерістер пайда болады.

Араластыру жылдамдығы микроорганизмдердің меншікті өсу жылдамдығынан төмен деп қарастырсақ, демек D < μ, мұндағы μ – D      айырмашылығы оң болады. Осыған байланысты ферментатерге қоректік ортаның түсуі көбейсе, биомассаның  концентрациясы Х жоғарылай бастайды, ол қоректік заттардың жоғарылауына және зат алмасу өнімнің жиналуына әкеліп соқтырады. Осының барлығы микроорганизмдердің өсу жылдамдығына кері әсерін тигізеді, оның өсу жылдамдығы төмендей бастайды. Осының салдарынан μ – D  0-ге ұмтылады, ал жүйе жаңа жылжымалы тепе-теңдіктің қалыптасуына ұмтылады. Бұл жағдайда биомасса концентрациясы алғашқысымен салыстырғанда жаңа өте жоғары деңгейде тұрақтанады .

Егер араластыру жылдамдығы меншікті өсу жылдамдығынан жоғарыласа (D > μ), онда μ – D айырмашылығы теріс мөлшерге ие болады және жүйедегі биомасса концентрациясы төмендей бастайды. Қоректік заттар аз жұмсалып, оның концентрациясы өседі, ол меншікті өсу жылдамдығына жағымды әсер етеді. Нәтижесінде жүйе жоғары концентрациялы қоректік заттарға және биомассаның төменгі концентрациясына сәйкес жаңа қалыптасқан режимге келеді.

Олай болса, бастапқы мәнді (ағымының жылдамдығы немесе қоректік орта құрамы) өзгерте отырып, жүйеге ауысады. Жасуша - орта жүйені бір қозғалмалы тепе – теңдік күйден басқа бір күйге ауыстыруға болады, осыдан барып үздіксіз процестер өздігінен ретелу қабілетіне ие болады, ол максималды меншікті өсу жылдамдығын қамтамассыз етеді. Араластыру жылдамдығын максимальды меншікті өсу жылдамдығынан жоғарылатқанда, (D > μ макс), онда белгілі бір уақыттан кейін  барлық микроорганизм ферментатерден шығарылып жуылады.

Үздіксіз культивирлеудің маңызды көрсеткішінің бірі - өнімділігі болып табылады, ол биомасса концентрациясы араластыру жылдамдығының жүруімен анықталады :

                                            П=DХ

Араластыру жылдамдығы максимальді болғанда, өнімділігі  максимум жағдайға жетеді.

 

 

Үздіксіз культивирлеу жүйесінің классификациясы

 

Қазіргі кезде микроорганизмдерді үздіксіз культивирлеу әдісі тереңірек теориялық негізі бар және іс-жүзінде кеңірек қолданылады. Үздіксіз культивирлеу процестерін қолдану қазіргі уақытта жеткілікті және оларды классификациялауға болады.Үздіксіз культивирлеуді классификациялаған да жұмыс істеу  принципіне қарай классификациялаған жөн.

Үздіксіз культивирлеу жүйесін ашық және тұйық деп ажыратуға болады. Ашық жүйедегі жоғары жылдамдықпен пайда болған жаңа жасушалар барлық уақытта ағымдағы ортада  жуылады, бұл жағдайда олардың тұрақты концентрациялары оңай  жетіледі.

Тұйық жүйеде жасушалар қандайда бір уақытта жүйеде тоқтап қалады және  олардың  барлық саны өседі. Бұл жағдайда шектелген факторлардың бәрі басқасына  ауыстырылады, соңында жасушаның үлкен бөлігі өледі және   мұндай жүйе динамикалық тепе – теңдік жағдайына жете алмайды.

Іс-жүзінде  процесс периодты ұзартылған түрде жүреді. Сондықтан  тұйық культивирлеу жүйесін, шектелмеген уақытта функциялауға қабілеті барды үздіксіз ағым деп қарастыруға болмайды. Жұмыс жасау принципін техникалық өзгерту арқылы ашық жүйені тұйық жүйеге ауыстыруға болады.

Ашық жүйе мен тұйық жүйелердің басты айырмашылығы – ашық жүйе бекітілген динамикалық жүйеде жүреді, ал жабық демек, тұйық жүйе мұндай жағдайға  жете алмайды.

Үздіксіз процесс гомогенді - үздіксіз және гетерогенді - үздіксіз болып бөлінеді.Гомогенді–үздіксіз процесте ферментерде қарқынды араластырудың арқасында барлық параметрлері (қоректік заттардың концентрациясы, микроорганизмдердің өсу жылдамдығы)  барлық уақытта тұрақты.

Гетерогенді – үздіксіз процесте бірнеше ферментер батареяға жалғасады, және әрқайсысы культивирлеу жағдайын тұрақты ұстап тұра алады,бірақ басқа  ферментерден айырмашылығы болады. Мұндай әдісте жасушалардың өсуіне үнемі тұрақты жағдайларды қамтамасыз ете алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1 Сызба нұсқа- Үздіксіз культивирлеу жүйесінің классификациясы

 

 

 

 

 

 

Ашық бір сатылы гомогенді – үздіксіз жүйелер

 

 Ашық бірсатылы гамогенді - үздіксіз жүйе деген бір ферментерден барлық уақытта қоректік орта берілетін және культуралды сұйықтық шығарылатын жүйені айтады. Қарқынды араластырудың арқасында ортаның құрамы аппараттың кез келген жерінде гомогенді ұстап тұрады, осының арқасында микробтық жасушалар біркелкі физиологиялық күйде келіп түседі.

Ортаны қарқынды араластырып ортаның біркелкі болуын қамтамасыз ететін негізгі аппарат ферментатер болып табылады (7 сурет). Жаңадан дайындалған қоректі орта белгілі бір және тұрақты жылдамдықпен ферментерге келіп түседі. Культуралды сұйықтық және микроорганизмдерде өскен жасушалардың қосқан санымен, сондай жылдамдық пен ферментерден шығарылады. Жасушаның қоректік заттың және метоболизм өнімінің жалпы барлық компоненттердің концентрациясы ферментерде бірдей болады.

Гомогенді - үздіксіз процесте ферментерде периодтық әдіспен өсірілген культураның өсу қисығының кез келген нүктесіне сәйкес қолайлы жағдай тууы мүмкін. Бұл жағдайда бекітілген режимде  культивирлеудің үлкен диапозондағы субстрат концентрациясын араластыру жылдамдығы іс - жүзінде нольге тең. Бұл аралық екі маңызды және араластыру жылдамдығымен анықталады.

 Біріншісі–араластыру жылдамдығының критикасы Dкр, ол меншікті өсу жылдамдығының максимумынан да үлкен болады. Dкр > μмакс . Мұндай жағдайда микроорганизмдердің өсуіне қарағанда, жуылуы тез жүреді және олардың концентрациясы біртіндеп нольге дейін төмендейді, ал субстрат концентрациясы (лимиттелген факторға ) максимум мәніне дейін жетеді.

 Екіншісі –  араластырудың  шектелген жылдамдығы - көлемі  өте төмен. Ағымның жылдамдығы осы мәнге жеткенше беріледі де, ал  жасушалар ферментерде жиналып, стационарлы өсу фазасына  ауысады.

 

 

           7 сурет - Ашық бір сатылы гомогенді-үздіксіз жүйе

 

 

 

      8 сурет- Хемостатты жұмыс істеуінің принципиальды сызба нұсқасы:

                1-лимиттеуші компонентті беруді реттеуші;

                2- лимиттеуші компонент концентрациясының датчигі.

 

Хемостат. Гомогенді - үздіксіз культивирлеуде шектелмеген  жағдайдағы қалған элементтің саны, бір элементтің қоректенуі культуралардың өсуінің шегі қамтамасыз етіледі,  онда мұндай үздіксіз культивирлеуді хемостатты(немесе хемостат) деп атайды, демек  микроорганизмдердің  өсуі  ортаның химиялық факторларымен реттеледі. (8 – сурет).Хемостатты культура  болып биомасса суспензиясын толық араластыруды, оған тұрақты жылдамдықпен ортаның берілуін және сол жылдамдықпен культуралды сұйықтық жасушамен бірге шығарылуы саналады. Ортаның компоненті мынадай жолмен бөлініп алынады,  қоректенудің  бір элементі жеткіліксіз болған түрде, сонда популяция тығыздығын оның концентрациясы арқылы анықтауға болады. Қалған қоректік элементтер артығымен беріледі, ол культивирлеу жағдайын (t,рН,аэрация) оптимальды ұстап тұрады. Хемостатта араластыру жылдамдығы алдын ала беріледі және лимиттелген компоненттер концентрациясы бақыланады. Микроорганизм осыған байланысты өздерін өз концентрациясымен ұстап тұрады. Араластыру  жылдамдығын D үлкен шамаларға өзгертуге болады, бірақ μ макс -нен  жоғары болмауы керек.

Турбидостат.Максимальді өсу жылдамдығына турбидостаттық культивирлеу арқылы жетуге болады(турбидостат)мұндай процесті бақылау микроорганизм концентрациясы арқылы жүзеге асырылады (сурет – 9).Турбидостатқа жасушалардың тұрақты концентрациясы беріледі,ол тікелей культиваторда физикалық және физико – химиялық әдістер арқылы бақыланады, негізінде фотоэлементтер жүйесі қолданылады және жаңадан дайындалған қоректік ортаның ағым жылдамдығы арнайы қондырғымен реттеледі. Турбидостатта субстрат мол болса, микроорганизм максимум жылдамдықпен көбейе бастайды, жасушаның концентрациясы тез жоғарылайды.

          

 

      9 Сурет -Турбидостат жұмысының принципиальды  сызба нұсқасы:

                   1-жарықкөзі;2-фотоэлемент;3-фотоэлемент белгісін күшейткіш;     

                    4-қоректік ортаны беруді реттегіш; 5- культуральды

                    сұйықтықты циркуляциялауға арналған насос.

 

Жасушалар мөлшері берілген концентрациядан жоғарылаған болса, онда фотоэлемент жұмысқа қосылып, жаңа жас қоректік орта ағымы келіп түседі, осының еcебінен жасушалардың концентрациясы төмендейді. Турбидостат жасушалардың төменгі концентрациясында, критикалық араластыру жылдамдығына жақын аумақта қарқынды жұмыс істейді. Араластыру жылдамдығы азырақ өзгерсе  жасушалардың концентрациясы тез өзгереді және аспаптың сезімталдығы толық қолданылады. Бұл әдісті микрооргинизмдерді мөлдір ортада өсіруде қолданады.

Гомогенді - үздіксіз ашық жүйе үздіксіз микробиологиялық процестің барлық типтерін бағалауда анализдеудің  негізі болады. Басқа типтер осы негізгі типтің ерекше түрі  болып қарастырылады.

 

Ашық көп сатылы гомогенді – үздіксіз жүйелер

 

 Кейбір өнімдерді алуда бір ферментерде үздіксіз культивирлеу процесі сәті орындалуы мүмкін емес, демек бір сатылы жүйеде. Бұл жағдайда көпсатылы үздіксіз жүйені қолдану қажет, ол тізбектелген қатарда қосылған ферментер болып келеді (10-сурет). Көпсатылы жүйелерде жаңа дайындалған қоректік орта тек бірінші сатыға берілуі мүмкін. Мұндай жүйе бір ағымды немесе қоректенудің қарапайым тізбегінің жүйесі деп атайады.

Егер қоректік орта бірінші сатыға берілсе, келесілердің әрқайсысы онда қоректенудің күрделі тізбегінің жүйесі немесе көп ағымды тізбегінің жүйесі деп аталады.

 

 

 

     10 Сурет -Көп сатылы үздіксіз жүйенің сызба нұсқасы

     1- қоректенудің қарапайым тізбегі; 2,3-қоректенудің күрделі тізбегі;

      4-сепарирленген жасушалардың бөлектеліп оралуы  

           ( рециркуляциялануы).

 

Мұндай жүйелердің әртүрлі сатысына берілетін қоректік ортаның құрамы бірдей немесе әртүрлі құрамды болуы мүмкін. Егерде соңғы ферментерден жасушалардың бір бөлігі (сепарирленген) бірінші ферментерге қайта оралса, онда мұндай жүйені жасушалардың бөлшектеліп қайта оралуы (немесе рециркуляциясы) деп атайды.

 Көпсатылы жүйеде кейбір жағдайларда ферментерді бірнеше сатыға немесе камераларға тігінен немесе көлденең бөлікке бөлуге болады. Көпсатылы үздіксіз жүйелер іс-жүзінде және тәжірбиеде көп мүмкіндік береді. Үздіксіз процесті сақтай отырып, микроорганизмнің культурасын әртүрлі өсу фазасында, әртүрлі физиологиялық жағдайда ұстауға болады, микроорганизмнің қажетті физиологиялық жағдайын жүйеге қосып, ферментерге субстраттың әр түрлі құрамы беріледі. Соңында көпсатылы үздіксіз жүйелер максимум субстратты утилизациялауда микроорганизмдердің жасанды мүмкіндігін толығымен қолдануға болады.

         

Ашық гетерогенді – үздіксіз жүйелер

 

Бұл жүйенің гомогенді-үздіксіз жүйелерден ең басты айырмашылығы болып өсу процесінде культура араластырылмайды немесе толық араластырылмайды. Қоректік орта үздіксіз біркелкі құйылып ферментердың тұрақты көлемі арқылы ағып өтеді. Ортаның құрамы көлденең ағымда өзгереді және ағымның жылдамдығына тәуелді болады. Егер ағым күйі тұрақты болса, онда ферментердің белгілі бір бөлігінде ортаның құрамы тұрақтануына және уақыт тәуелсіздігіне жақындайды. Осыған орай, әрбір жеке компонент жүйеде үздіксіз қозғалыста өзгерістерге тап болса,  жалпы жүйенің өзі уақытқа байланысты өзгермейді.

Құбырлы жүйелер.Мысал ретінде бұл жүйеге құбырлы реакторды келтіруге болады, онда хемостаттан ортаның біркелкі ағымы ағып өтеді.

 

 

11Сурет-Құбырлы реакторлы гетерогенді–үздіксіз жүйенің сызба  нұсқасы.    

                 1-хемостат; 2-құбырлы реактор;

                 3-биомассаны бөлуге арналған сепаратор.

 

 Ол араласпайды және аэрирленленбейді. Құбырлы реакторда микроорганизм ортада өлшегендей өсіріледі. ( сурет – 11 ).

Құбырлы реакторда гетерогенді культивирлеу  алдында жұмыс істеп тұрған ферментерден үнемі микроорганизмдердің егілуін қажет етеді. Ортамен бірге құбырлы реакторға өтуде жасушалар максимум көбеюге жетеді,  егерде реактор барынша ұзын  болса, онда ол өле бастауы мүмкін.  Культивирлеу процесінің үздіксіз болуына қарамастан, жасушалар мұнда да периодты культивирлеу әдісіндегідей даму цикліне өтеді.Бұл жүйеде араластырудың жалпы жылдамдығы орта ағымының жалпы көлеміне қатынасымен анықталады, ал орташа айналым уақытты кері көлемі болады. Құбырлық жүйе барлық жағдайда көп сатылы үздіксіз культивирлеуді ауыстырады.Құбырлы жүйенің артықшылығы салыстырмалы түрде субстраттың толық қолданылуы болып табылады. Оның кемшілігі аэрациялаудың қиыншылығы болып табылады, сондықтан ол анаэробты процестерде қолданылады немесе оттегін минимальды қажет ететін процестерде қолданылады. Әдетте, мұндай жүйе ағын суларды тазартуда қолданылады, анаэробты процестер өтетін жерлерде және жасушаның седиментациясы оң фактор болып саналады.

Қарама қарсы ағымдағы жүйе. Ашық гетерогенді - үздіксіз жүйеге қарама - қарсы ағымды жүйелер кіреді, онда екі араласпайтын фазалар қарама- қарсы бағыта ағып өтеді ( 12-сурет).

Қарама қарсы ағымдағы жүйе. Ашық гетерогенді - үздіксіз жүйеге қарама - қарсы ағымды жүйелер кіреді, онда екі араласпайтын фазалар қарама- қарсы бағыта ағып өтеді ( 12-сурет).

                                                                                                                                                                       

                             

 

 

12 Сурет- Гетерогенді-үздіксіз жүйенің қарама- қарсы ағымының

                сызба нұсқасы: 1-хемостат; 2-реактор; 3-биомассаны бөлуге

                арналған сепаратор;

 

13 Сурет -Жасуша рециркуляциясы мен тұйық жүйе.

                 1-ферментер; 2-ағымды бөлуге арналған аппарат.

 

Микроорганизмдер алдымен 1 гомогенді -хемостатты жүйеде өседі, содан соң  2  реакторға  келіп түседі. Реактор бөлік ұяшықтарға бөлінеді,оны әр түрлі мағынада қосуға болады.Қоректік орта (сулы фаза) активті жасушамен  тігінен орналасқан реактордың жоғарғы жағынан беріледі.Жеңіл (сұйық немесе газды).

Фаза, ауыр сұйық фазамен араласпайды,қарама–қарсы бағытта ағады .Бұл жүйеде жасуша рециркуляциясы қарастырылуы мүмкін. Кейбір сұйық немесе газ тәрізді көмірсуларды қарама–қарсы жүйе микроорганизмнің көмегімен өңделетін мұнай өнеркәсібінде қолданылуы мүмкін .

 

Жасуша рециркуляциясы мен  тұйық жүйелер

 

Гомогенді немесе гетерогенді ашық жүйенің  тұйық жүйеге ауысуы жасушаның толық рециркуляциялану жолымен жүзеге  асырылады (13-сурет). Мұндай рециркуляцияның екі варианты бар:

1)  Қолданылып болған ортадан бөліп алынған жасушалар массасы мен  қатар  жаңадан жасалған орта культиваторға салынады;

2)Ортамен бірге  өлшенген жасушалар  жүйеде үздіксіз  рециркуляцияда 

анайналымда болады.

 

Жасушаны механикалық бөліу мен тұйық жүйелер

 

Бұл жүйеде культура жартылай өткізгіш қабырғалы сосудтарда өсіріледі (14-сурет). Жартылай өткізгішті қабырғалар арқылы метаболиттер мен қоректік заттардың алмасуы жүреді, ал микроорганизмдер болса, сол сосудта қалады. Бұл әдіс түрлі токсинді, патогенді микроорганизмдерді  пайдаланып оқып меңгеру үшін қолайлы.

 

Аралық фазада жасушаларды өсіру мен тұйық жүйе

 

Кейбір микроорганизмдер сұйық және газ тәрізді фазалардың шекарасында немесе сұйық және қатты фазалардың шекарасында жақсы дамиды (15-сурет).

 

 

 

                 14 сурет- Жасушаны механикалық бөліу мен тұйық жүйе.

         1-ферментер; 2- қабырғаға жартылай енген сосуд;

 

                15 сурет- Аралық фазада микроорганизмдерді өсіру жүйесі:

        а- сұйық-газ (культура сұйықтықта қабықша түрінде);

        б-сұйық-қатты дене (микроорганизм қатты тасмалдағышта бекітілген).

 

Әдетте культураның өзі сұйық және газ тәрізді фазалардың шекарасында тығыз қабық түзеді, ал жаңадан жасалған қоректік ортада культура қабатын жағалай ағады. Культура өсетін беткі қабатында, жайлап ағып өтетін сұйықтықта жасушалар аз немесе мүлдем болмайды. Мұндай жүйелер көбінесе араластыру кезінде  сезімтал микроорганизмдерге арналған, пеницилин, лимон қышқылын немесе зең саңырауқұлақтарын культивирлеп ферменттерді продуцирлеуде қолданылады (15-сурет , а ).

Кейбір микроорганизм түрлері сұйық және қатты фазалардың шекарасында өседі. Қатты фазалар (целлюлоза талшығы,керамика немесе шыны түтікше және тағы басқалар) (15-сурет, б ).

Микроорганизмдер насадкада өседі, ал субстрат жүйеде циркуляцияланады. Мұндай жүйе көбінесе сірке қышқылы өндірісінде, органикалық еріткіштерде, қышқылдарда, сонымен қатар ағын суды тазартуда  қолданылады.

 

Бақылау сұрақтар

 

1.Микроорганизмдерді беттік өсірудің ерекшелігі неде?

2.Микроорганизмдерді түптік культивирлеудің беттік культивирлеуден айырмашылығы және оның негізгі артықшылықтары қандай?

3. Периодты процестегі культураның қисығы деген  не және оны қалай  құрастырады ?

4. Микроорганизмдердің периодты түптік культивирлеудің үздіксіз  

       культивирлеуден айырмашылығы?

5.Культураның негізгі өсу фазаларын қандай өсу қисығында бөліп алуға болады?

6.  Өсудің жеке фазасында культураның физиологиялық жағдайы немен  ерекшеленеді?

7.  Микроорганизм өсуінің абсолюттік жылдамдығы дегеніміз не?

8.  Культура өсуінің меншікті жылдамдығы деген не? Қандай  өлшем 

       бірлікте ол  анықталады?

9.  Культура өсуінің меншікті жылдамдығы үшін Моно формуласын  жаз.

10.Экономикалық коэффициент деген не?

11. Биомасса шығымы немесе өнімі деп нені айтады?

12.Микроорганизмдерді культивирлеу әдісінде «көлемді – мөлшерлеуіш» нені   көрсетеді?

13. Үздіксіз культивирлеуде араластыру жылдамдығы деген не?

       Қандай өлшем бірлікте ол  анықталады ?

14.  Микроорганизмді үздіксіз культивирлеуде өсудің меншікті   

        жылдамдығы және араластыру жылдамдығы бір-бірімен қандай      

       қатынасты   ұстауы қажет?

15. Микроорганизмдерді үздіксіз процесте өздігінен реттелуші қабілетін қалай көрсетеді?

16. Үздіксіз культивирлеудің ашық және тұйық жүйесі немен  

        ажыратылады?

17. Хемостатты үздіксіз культивирлеудегі микроорганизмнің өсуін   

     қалай реттейді?

18. Турбидостатты  культивирлеудегі микроорганизмнің өсуін реттеу   

      неге негізделген?

19. Көп сатылы үздіксіз культивирлеу жүйесі деген не?

20. Үздіксіз культивирлеу әдісінің периодты әдіспен салыстырғанда   

     негізгі  артықшылығы неде?

 

 

 

3 БӨЛІМ

 

Биотехнологиялық  өндірістің типтік  технологиялық  сызба нұсқасы

 

Биотехнологиялық өндірістің технологиялық процесінде бір – бірімен байланысқан технологиялық операциялардың ағымы, шикізат материалын өңдеуден бастап, дайын өнімді бөліп алуға дейін қарастырылған. Қазіргі заманғы биотехнологиялық өндірістерде әртүрлі биопрепараттар өндірілуде және олардың әрқайсысының өзіне тән технологиясы  құрылған.

Бірақ барлық өндірістерде микроорганиздердің өмір сүруіне негізделген жалпы сатылары бірдей.

Сондықтан  биотехнологиялық синтездің принципиальді технологиялық сызба-нұсқасы қарастырған (2-сызба нұсқа).  Барлық биотехнологиялық өндірістердің сатысында жалпы және міндетті түрде жүретін процестер көрсетілген. Биотехнологиялық процестің негізгі сатылары болып саналатындар:

1) егіс материалын алу;

2) шикізатты  дайындау;

3) қоректік ортаны дайындау;

4) ауаны зарарсыздандыру және дайындау;

5) микроорганизмдерді беттік және түптік культивирлеу;

6)  дайын өнімді бөліп алу;

7)  ағын су мен газ қалдықтарын тазарту.

Микробиологиялық өндіріс  зауыттарында жоғарыда келтірілген технологиялық процестің сатылары арнаулы цехтарда және бөлімдерде жүргізіледі. Шикізатты дайындауда құрамында көміртегі бар материалдар мен шикізаттар, минералды тұздар, қоректік ортаны дайындау сатысына келіп түседі. Қоректік ортаның бір бөлігі егіс материалды дайындау үшін инокуляторға жіберіледі,ал қалған бөлігі микробиологиялық процестің негізгі аппараты – ферментерге жіберіледі. Зарарсызданып дайындаған ауа мен егіс материалы ферментация сатысына келіп түседі, осы жерде аэрациялау мен араластырудың нәтижесінде микроорганизмдердің қарқынды өсуі мен көбеюі жүреді. Содан соң культуральды сұйықтықтан биомассаны бөліп алу сатысына келіп түседі, культуральды сұйықтық биомассаға бөлінуге және өңделген культуралды сұйықтық бөлінуге жіберіледі. Өндірістерде культуральды сұйықтан биомассаны бөліп алмай-ақ ферментерден тікелей соңғы  дайын өнімді бөліп алу сатысына да жіберіледі.

Биомасса бөліп алынғаннан кейін, соңғы дайын өнімді бөліп алу сатысында, дайын өнімнің қай жерлерде екеніне байланысты биомассаның өзі немесе культуральды сұйықтықтың өзі жіберіледі.

Әрбір микробиологиялық өндірістің өзіне тән ерекшеліктері болады. Технологиялық процесс әрбір сатыларда іс жүзінде кездесіп отырады. Шикізат көзіне байланысты кез келген өндіріс сатыларында  өзінің сызба-нұсқасы, шикізаты өңдеу мен тасмалдау  сияқты және тағы басқалар да болады.

 

 

 

 

Овал: Аммиакты     
         су
Овал: Таза
Куль-тура

Егіс матералын

алу

 

Ауаны дайын-

дау

 
 

 

 


             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                                                                 Су қоймасына                                                                                                      

                                                                                                         жіберу

 

 

 

 

 


2 Сызба нұсқа- Биотехнологиялық өндірістің  типтік  сызба нұсқасы

 

Микроорганизм-продуцентінің физиологиялық ерекшелігіне қарай микроорганизмді культивирлеуге қолайлы жағдай таңдалады (ферментер конструкциясы, ауаны дайындау және ауаны беру сияқты тағы басқалар).

Әртүрлі биотехнологиялық өндірісте технологиялық сызба нұсқалардың “соңғы” сатысында, демек соңғы өнімді бөліп алу сатысында үлкен айырмашылықтар бар. Микробиологиялық синтездегі дайын өнім микроорганизмдердің  массасы болып саналады,  соңы өнімді бөліп алу сатысы айтарлықтай қарапайым,  биомассаны концентрлеу мен  кептіру арқылы жүргізіледі.

Егерде соңғы өнім-метоболит болса, өмір сүргіш микроорганизмдердің өнімі жасуша ішінде немесе культуралды сұйықтықта болады, онда соңғы өнімді бөліп алу сатысы бірнеше есе күрделі операциялардан жүреді. Бірақ бұл ерекшеліктер биотехнологиялық өндірістің жалпы технологиялық процесінің  сызба нұсқасын өзгертпейді.

Микробиологиялық синтездің нәтижелі болуы, технологиялық сызба- нұсқаның әрбір сатысының жеке-жеке қарастырылуына және жұмыстың нәтижелі жүргізілуіне байланысты.

 

Егіс материалын алу сатысы

 

Егіс материалы деп – микроорганизм - продуцентінің таза культурасын  өндіріс аппаратына егуге қажет көлемге дейін «көбейтіп»  дайындап алуды айтамыз.

Егіс материалын алу үшін зауыттың орталық  зертқанасында(ЗОЛ) сақталған бастапқы культура продуценті қолданылады.

Әрбір өндірілген культураның өзінің құжаты болады, онда оның аты  (тұқымы, түрі) коллекциялық нөмері, сериясы және дайындалған мерзімі,орташа активтік деңгейі,жарамдылық мерзімі көрсетіледі. Құжатта культураны өсіру және культураны сақтау  туралы мағлұматтар жазылған.

Продуцент – культурасының қасиетті өзгермей қалу үшін, оны қолайлы  ортада сақтау қажет.

Ұзақ уақыт сақтауда, әсіресе культураны жиі қайта егуде культураның физиологиялық белгілері оңай өзгереді, ал дайын өнімді алу үшін үлкен қызығушылық тудырады. Продуцент – культурасының қасиеті сақталу мерзімін ескере отырып, қазіргі заманға сай сақтау әдістерімен жұмыс жүргізілуде. Олардың кейбіреулері биотехнологиялық өндірістердің зауыттарында қолданылады.

 

Микроорганизм культурасын сақтау әдістері

 

Культураны сақтау әдісі микроорганизмдер қасиетіне негізделген немесе әсер етуші сыртқы ортаның жағдайлардың өзгеруіне байланысты жасушамен зат алмасу процесі  тоқтатылады. Демек, салқындату процесі кезінде жасушаның өмір сүру қабілеті лезде баяулайды, ал мұздаған кезде, сусызданғанда жасуша анабиоз және анабиозге алдын жағдайға келеді. Бірақ, мұндай жасуша өмір сүру қабілетін сақтап қалады және қалыпты жағдай орнаған кезде ол өзіне тән қажетті  толық қалпына қайта келтіріледі. Культураны сақтауда келесі әдістер кең таралған.

Тоңазытқышта сақтау. Бұл ең қарапайым әдіс, бұл пробиркалардағы агарланған ортадағы дайын культура +4 ÷ -4С0 температурада 1-2 ай бойы тоңазытқышта тұрады. Культураны ұзақ уақыт сақтау үшін олардың физиология-биохимиялық қасиеттерін сақтау үшін оларды қайта егу қажет. Қайта егуді ұзақ уақытқа созбау керек, өйткені микроорганизм сақталу процесі кезінде ортадан қоректік заттарды пайдаланады және өнімдердің зат алмасуы жинала бастайды, олардың мұндай қасиеті зиян келтіреді.Одан басқада, микроорганизмдерді сақтау процесінде ортаның сусыздануы, ол культура қасиетінің өзгеруіне ғана емес және оның  өлуіне жойылуына әкеліп соғады.

Минералды май қабаты астында сақтау.Культураны бірнеше ай бойы қатты ортада зарарсызданған вазалин майы немесе парафин астында  сақтауға болады. Май қабатының қалыңдығы    орта  кебуіп кетуден  сақтау  үшін,  агар–агардың беткі қабатының қалыңдығы 1см кем болмауы тиіс. Егер май қабаты қалың болса, онда оттегінің жетіспеуінен аэробты культураның өлуіне жойылуына әкеліп соғады. Культура толығымен физиологиялық  жағдайы жетілгеннен  кейін, оған зарарсызданған май құйылады.

Үгілмелі сусымалы материалда сақтау. Бұл әдіс өзінің қарапайымдылығына және сенімділігіне байланысты кеңінен қолданады. Мұндай микроорганизмдер суспензиясы немесе споралары зарарсыздандырылған сусымалы себілетін материалға салынады (құм, топырақ, дән), бөлме температурасында кептіріледі және мақта тығынмен  нығыздалып жабылып шыны ыдыста сақталынады. Себілетін сусымалы материалдағы  микроорганизм культурасын жаңарту үшін Петри табақшасында жуылады және агарланған қоректік ортаға қайта егіледі. Микроорганизм түріне қарай культураны бірнеше айға сақтауға болады.

Кейбір культураларды –165-1960С (сұйық азот температурасы) температурада қатырылған мұз күйінде сақтауға болады Культура 10 %-тік глицериннің сулы ерітіндісінде мұздай етіп қатырылады және оларды ампулаларға салып дәнекерлейді. Мұндай жағдайда кейбір микроорганизмдер барлық физиологиялық – биохимиялық қасиетін бірнеше жылдар бойы сақтай алады.

Сублимациялы кептіру. Қазіргі уақытта сублимациялы кептіру микроорганизмдерді ұзақ уақыт бойы сақтаудың ең қолайлы әдісі. Бұл әдіс күрделілігімен ерекшеленеді және бірнеше сатымен жүреді. Қорғаушы орта деген ортаны (сахароза, сорпа және тағы басқалар) алдымен микроорганизмнің культурасына қосады, жасушамен су  өзара әрекеттесуінің арқасында  лиофилизациялану жағдайы төмендейді, жасушаны инактивацияланудан сақтайды, содан кейін зарарсызданған ампулаларға салынып, олардың бетін зарарсызданған мақта тығынмен нығыздалып  жабылады. Осыдан барып –350 -780 С температурада тез арада мұздай етіліп қатырылады. Мұздай етіп қатырылған культурасы бар ампулаларды ваккум-кептіргіш аппараттарға ауыстырады, бөлме температурасында 1-10 кПа қысымда сублимациялы кептіруге 25-30 сағатқа қалдырады.

Культура 5-6 жыл сублимациялы кептіргеннен кейін,  физиологиялық ерекшелігін жоғалтпай,  тез өсу қабілетін сақтауға болады. Бұл әдіс сонымен қатар культураны лиофилизация жағдайында  сақтау деп атайды. Зауыттарда көбінесе культураларды сақтау тоңазытқышта немесе  вазалин май қабатының астында сақтау әдісі қолданылады.

 

Цехтағы таза культурадан  егіс материалын  алу технологиясы

 

Егіс материалын дайындау микроорганизм - продуцентінің түріне байланысты, оның физиологиялық-биохимиялық ерекшеліктері бірнеше тізбектелген сатылардан тұрады:   ( пробиркада)   бастапқы       культура             

         (пробиркада)қисық агарланған қоректік ортада өсірілген   колбада    сұйық  қоректік  ортада тербелмелі   шайқағышта  (бір-екі сатылы)        (бір немесе бірнеше  инокуляторда) егіс аппаратында өсірілген кіші ферментерде микроорганизм  культурасының жиналуы       егіс материалы.

Егіс материалын дайындаудың сызба  нұсқасында мұнайдың н-парафиннің нормально көмірсутекті құрылысы қолданылған ашытқы өндірісі 16-суретте келтірілген.

 

 

       

 

 

16 сурет-Егіс материалын дайындаудың технологиялық сызба  нұсқасы.

 

Егіс материалын өсіру келесі сатылардан жүргізіледі:

1-зауыттың микробиологиялық  лабораториясында  микроорганизм    

     культурасын  алу; 

2 - егіс материалын кіші егіс аппаратында өсіру(сиымдылығы 300 литрлік ;

3 - ашытқыны үлкен егіс аппаратында өсіру (сиымдылығы 3200 литрлік);

4- кіші ферментерге ашытқы культурасының жиналуы(сиымдылығы 50м3).

 

Егіс материалын өсірудің бірінші сатысы зауыттың лабораториясында жүргізіледі. Бастапқы культура зарарсызданған жолмен қисық агарланған ортада оптимальды қоректік ортада, режимде (рН, t , процесс  ұзақтығы) өсіріледі.

Агарланған қоректік ортасының бетінде өсірілген микроорганизмнің культурасын зарарсызданған сумен шайып оны cыйымдылығы 750мл Эрленмейер колбасының ішіндегі 50-100 мл сұйық қоректік ортаға құяды. Культурасы бар колбаны (28-30°С) бөлме температурасымен тербелмелі шайқағышқа қояды, культураны араластыру тербелгіштің айналу жылдамдығы (120-240 айн/мин) орындалады, культураның қарқынды өсу жылдамдығының арқасында масса алмасу жоғарылайды.

Тербелмелі шайқағышта колбаның ішіндегі культураның өсу мерзімі 18-36 сағатқа созылады. Бұл сатыда микроорганизмнің морфологиясы бойынша микроорганизмнің өсіруін бақылайды. Логарифмдік өсу фазасының соңында культураның физиологиясы жағынан жетілген сатысы  нәтижелі  болады. Екінші сатыда егіс материалының дайын культурасын өсіру, колбадан егіс аппаратына (инокуляторға) зарарсызданған күйде ауыстыруды айтады, осыған қайта–қайта минерал тұздарды белгілі мөлшерде қосып отырады. Егіс аппараты араластырғышпен, аэрирлеуші қондырғымен, сонымен қатар температурасын, рН-ын, бақылаушы - өлшегіш аспаппен, көбік деңгейін реттегішпен және тағы басқада қондырғылармен жабдықталады. Аппараттағы қоректік орта көлемінің деңгейі жалпы аппарат көлемнің 60%-нен аспауы керек. Егіс материалының аппаратқа салынған мөлшері жоғарғы мәнге ие. Аппараттағы аз мөлшердегі егіс материалы, инокуляцияның ұзақ уақыт жүруін болдырады. Сондықтан  егілетін аппаратқа егіс материалының қоректік орта көлемінің 10-12% ғана салады. Егіс материалын дайындау кезінде аппаратта культивирлеу режимін оптимальды ұстау қажет.  Процесті бақылау жасау үшін, қайта – қайта сынамалар алынып   оған микробиологиялық және биохимиялық анализдер жасалынады. Ашытқы қоректік ортада 14-20 г/л (есеп бойынша құрғақ массада)  жиналғанша культивирлеу процесі жалғаса береді, культивирлеу процесі  12-14 сағатта аяқталады.

Үшінші саты көлемі 3,2м3 болатын егіс аппаратында егіс материалын культивирлеу процесі жүргізіледі. Ол үшін кіші инокулятордағы массаның барлық құрам бөлігін үлкен көлемді аппаратқа айдап жібереді,ол жерде зарарсызданған қоректік орта бар. Ауысу коэффициенті, бір аппараттан басқа аппаратқа ауысуы, микроорганизмнің әрбір культурасын өсірудің нақтылы шартына байланысты. Егерде бұл ауысу экспоненциальды өсу фазасында іске асырылса, онда ауысу коэффициенті келесі аппараттың көлеміне қарағанда 10-ға тең. Микроорганизм культурасын культивирлеу процесі 12-14 сағатқа созылады.

Төртінші саты көлемі 50м3 болатын аппаратта жүргізіледі. Ашытқы суспензияларын алдынғы сатыдан қабылдап алар  алдында, қоректік ортаны аппарата дайындау үшін парафинді, қоректік тұздардың ертіндісін және микроэлементтерді аппаратқа жібіреді. Ортаның оптимальды рН мәнін,  қажет температурасын жеткізеді, егістік ашытқыларды келесі сатыға жібереді және  үздіксіз аэрациялау мен арастырудың арқасында микроорганизмді өсіру процесі жүргізіледі. Ашытқының жиналу процесі 10-12 сағатқа созылады. Абсолютті құрғақ ашытқының концентрациясы ортада 14-17 г/л құралғанда, ашытқы суспензиясы өндіріс ферментерлеріне жіберіледі. Алынған егіс материалына микробиологиялық және биохимиялық бақылау жасалынады, демек келесі сатыдағы  өнімділігінің жоғары болуы, циклдің тазалығы мен активтілігіне байланысты.

 

Бақылау сұрақтар

 

1.       Өндірістік сызба  нұсқа нені түсіндіреді?

2.       Микробиологиялық өндірістің негізгі сатыларын ата.

3.       Культура продуцентінің құжатына қандай мәліметтер кіреді?

4.       Егіс материалы болып не айтылады?

5.       Егіс материалын дайындаудағы белгілі сатылар қандай?

6.       Егіс аппаратына егіс материалдың неше мөлшерін қосу қажет?

7.       Микроорганизмдерді ұзақ уақыт сақтау неге негізделген?

8.       Продуцент – культурасын сақтаудың қандай әдістері бар?

 

 

Қоректік ортаны құрастыру принципі

  

Микроорганизмдерді культивирлеуге арналған көптеген қоректік орталар белгілі болған (1930 ж. өзінде Левин және Шенлейнмен шамамен екі мың түрі классификацияланады), бірақ олардың көпшілігінде негізгі компоненттері болып табылатын ингридиенттердің саны салыстырмалы күйде үлкен емес. Автотрофтар өсетін бейорганикалық тұздардан бастап,    ет гидролизатынан дайындалған қанмен  және сарысумен байытылған күрделі қоректік орталар, қоректік орта құрамына жоғары қажеттілігімен ерекшеленетін стрептококка тәрізді патогенді микроорганизмді бөлу үшін қолданылады, демек бұл заттарды қолдану диапазоны едәуір кең.

Қоректік ортаны таңдау едәуір дәрежедегі тәжірибие мақсатына байланысты болады. Герберт жасанды қоректік ортаны барлық жерде қолдануға болады деп айтады. Бірақ іс тәжірибе жүзінде мұның бірқатарының ыңғайсыздығы бар екенін мойындау керек.  Мұндай қоректік ортада өсірілген микроорганизмдер әдетте, бульон тәрізді (мысалы, құрамы және бөліну жылдамдығы бойынша ) табиғи қоректік ортада өсірілген микроорганизмдерден фенотипігі бойынша ажыратылады.

Осындай ортада өсетін микроорганизмдердің көбеюі әдетте мол мөлшердегі  аэрациямен немесе токсиндік катиондармен басылып бәсеңдейді; сонымен қатар қоректік ортадағы кейбір құрамды бөліктердің арасындағы, баланстың бұзылуына әсіресе амин қышқылдарына сезімтал болады. Көптеген бактериялардың өсуіне бірнеше факторлар қажет және олардың кейбір түрлерінің көбеюіне әлі күнге дейін жасанды орталар табылмаған. Мүмкін бұл қолайсыздықтар уақыт келе шешілетін шығар, бірақ қазіргі уақытта құрамы анықталмаған бульон тәрізді ет қайнатпасынан дайындалатын орталар кеңінен қолданылады, дегенмен олар тәжірибиеге бақыланбаған факторлар енгізіледі.

Оларды стандарттау жолында анықталған қадам болып табылатын көптеген табиғи қоректік орталардың мөлшерлік талдаулары нәтижелері әдебиетте жарияланған. Бірақ, берілген бұл талдауларды сақтықпен қолдану керек, өйткені бір-біріне тәуелсіз жүргізілген нәтижелері бір қоретік ортаның әртүрлі бөлігінде құрамының әртүрлі болатынын көрсетеді . Сонымен қатар талдауларды жүргізгенде әдетте қоректік ортада көптеген маңызды құрамды бөліктердің болуы ескерілмейді дегенмен, қажет мөлшердегі компоненттер, мысалы витаминдер және катиондар айтарлықтай аз концентрацияда болуы мүмкін екені анық. Мұндай жағдайларда бактериялардың көбеюі қалыпты жүріп жатқан сияқты көрінуі мүмкін, ал шын мәнінде фаг адсорбциясы немесе спора түзуші тәрізді прцестер ингибирленеді.

Қоректік ортаны негізгі екі топқа бөледі: негізгі құрастырылатын бөлігі нақты анықталған жасанды орталар (мысалы, глюкоза-тұзды қоректік  орта),  құрамы нақты анықталмаған табиғи қоректік орталардан алынған эмпирикалық, құрамы оның толық белгісіз (оған жеке гидролиз ақуызынан дайындалған  пептон  жатады).

 Жалпы  қолданылатын  қоректік  орталар

Құрамы нақты анықталған қоректік орталар (жасанды орталар). Автотрофтарға арналған қоректік орталар қарастырылмайды, өйткені олардың дайындалуы төменде көрсетілген қатал емес гетеротофтарға арналған тұзды қоректік ортаны дайындаумен аналогичо жалпы ұқсас. Бұл бөлімде қатал гетеротрофты штамдардың көбеюіне және өсу факторларына қажет компоненттердің идентификациясына қатысты сұрақтар талқыланған.

Құрамы анықталмаған қоректік орталар (табиғи қоректік орталар). Бұл бөлімде құрамы қышқыл және ферментитивтік гидролизат етінен, ферментативтік казейін гидролизатынан  тұратын қоректік орталар қарастырылады.

Табиғи текті қоспалар. Мұнда басқа компоненттермен бірге қолданылатын ашытқы экстракттары, мысалы казеин гидролизат препараттары сияқтылар  болады.     

Қоректік ортадағы рН мәнін бақылау. Нығыздаушы заттар. Агар, желатин және силикагель қарастырылған. Бактерияларды өндірістік культивирлеуде қолданылатын басқа әдістерде қысқаша қарастырылған.

Ингибирлеуші қасиеттерге ие қоректік ортаның бөлімдері. Кейде жасанды сондай-ақ,  табиғи  қоректік орталар көбеюді қамтамасыз ете алмайды. Мұның себебі көбінесе анықталмай қала береді бірақ кейбір ингибиторлар идентифицирленген. Оларға май қышқылдары және перекистер жатады.

Арнайы қоректік орталар

Бұл бөлімде ашытуға арналған, генетикалық зерттеулерде сонымен қатар клиникалық бактериологиялар қарастырылған. Екі бөгде қоректік орталар бірі соның ішінде медициналық бактериологияда биохимиялық туралы талдауларды жүргізгенде қолданылатын үшінші, қосымша әдебиеттер тізімінде берілген кітаптардан табуға болады.

Жалпы қолданылатын  қоректік орталар

Жасанды қоректік орталар.Escherichia coli тәрізді қатал емес гетеротрофтарға арналған қоректік орталардың негізгі компоненті – құрамында көміртегі және азоты бар бейорганикалық тұздар мен қосылыстар болып табылады (осы топтың типтік өкілі – глюкоза және (NH4)2SO4 ).

Көбінесе мұндай қоректік орталарға буферлік ерітінділерді немесе қандай да бір хелат түзуші қосылыстарды, мысалы цитратты қосады. Қатал гетеротрофты штамдар мұндай орталарға өсу факторларына сәйкес қосындыларды қосқанда ғана өседі. Жасанды орталарды дайындауда және жасанды орталарды құюда қажетті сақтық дәрежесі қоректік ортаға арналған тәжірибенің сипаттамасына жоғарғы дәрежеде байланысты.

Ашыту маркерлерін және амин қышқылдары мен пуриндерге қажеттілігін зерттеудегі генетикалық тәжірибеде қолданылатын қоректік орталарға жуылмаған агар, «талдауға арналған таза» реактивтер квалификациясы, резинкалы астары бар ыдыстарды, кәдімгі үлгіде алынған, мысалы Мэнести булы дистиллятор көмегімен алынған дистиллденген суды қолдануға болады. Әдетте мұндай су толық қанағаттанарлық сапаға ие, бірақ ол маймен, антикоррозиялы қосылыстармен  және ингибиторлық қасиеттерге ие, ол май қышқылдармен  ластануы мүмкін. Мөлшерлік зерттеулерді жүргізгенде, витаминдердің әсерін немесе активті микроконцентрациядағы бөгде өсу факторларын зерттегенде жоғарғы  ұқыптылықты қадағалау қажет. Бұл жағдайда жуылған агар, қайта кристаллизацияланған реактивтер, дистиллятор көмегімен үш рет дистиллденген су толығымен шыныдан жасалған шыны тығындармен ыдыстар қажет болуы мүмкін. Реактивтерді құюға қажетті шпательдерді қызарғанға дейін қыздыру арқылы органикалық заттардан тазалау қажет. Деионизирленген су кейде ингибиторлық қасиеттерге ие болады. Егер ионалмасу смола микроорганизмдермен зақымданса, онда алынған  судың құрамында бірқатар витаминдер болуы мүмкін. Оларды активті көмірдің көмегімен құртуға болады. Егер де қоректік орталарды дайындауда әдетте булы дистиллятордың көмегімен алынған болса дистиллденген судың орнына деионизирленген суды қолданса, онда ол катиондардың жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады. Ыдысты мынадай жолмен жуу қажет: ластар мен органикалық заттардан тазаланғаннан кейін шыныда антибактериалдық қасиеттері бар заттар қалмауы керек. Хром қышқылы және үйдегі кәдімгі жуғыш заттар, әсіресе детирегенттер, олар шыныда күшті адсорбирленеді және үлкен қиындықпен жуылады, нәтижесінде өсудің спора түзушілігінің басылуына тоқталуына әкеліп соқтырады, мысалы кейбір пробиркалардың сериясында немесе Петри табақшаларының кейбір бөліктерінің бірінде кездеседі.Тұтынуға сататын жерде  арнайы зертханалық ыдыстарды жуға арналған жоғарыда айтылған кемшіліктері жоқ детергентер болады.Күнделікті жұмыс үшін жарамды Петри табақшасын жуу әдістерінің бірі –қатты гексаметафосфаттың көмегімен жібітілген табақшалардың ластарын сүрту үшін  (жұмсарттатын зат ретінде сатылады) содан соң  НСІ сұйық ертіндісімен жуылып және  екі рет дисстилденген сумен шаяды. Пипеткамен лизол немесе хлораминнен алып құбыр суымен жуады.4% (салмағы/көлемі) Na2СО ертіндіде жібітеді,құбырды суымен қайта жуады. 1 бөлігі  конц НСІ және  9 бөлігі құбыр судан  тұратын қоспада жібітеді, тағы да құбыр сумен автоматты түрдегі жуғышпен  жуады және ең соңғысы  дисстилденген сумен жуады, содан соң кептіреді.

                   Буферлі      тұзды     фосфатты     орта

 

      Көміртегі көзі          2               (NH 4)2SO4                                    1,0г

      КН РО                       7              Na – цитрат ·Н2О              0,5

      КН РО                       3             Дистилденген су              1л

      Mg SO· H2O               0,1           (Агар                                15г)

 

 Құрамында көміртегі ,тұзы бар қосылыс  және агар  ериді және жеке  121ºС температурада 15 минут уақыт  автоклавта ұстайды. Ертінділерді әдетте мынадай үлгіде дайындалады: тұздың концентрациясы  қоректік ортадағы соңғы жұмысшы концентрациясынан асып түсуі керек, көміртегін құрайтын концентрация қосылысы - 100 есе  асып түседі.          [(мысалы 20% глюкоза  ертіндісі, (салмағы/көлемі)]. Қоректік ортаны дайындау үшін бір көлеміне құрамында көміртегі бар тұз ертіндісін қосады  және өсу факторлары  мысалы амин қышқылы және алынған ерітіндіні дисстилденген сумен араластырады (сұйық қоректік ортаны дайындағанда) немесе балқытылған агар ерітіндісімен (дисстилденген судағы  (салмағы/ көлемі) 2,6% ерітіндіні алдын ала 50°С температурада салқындатылған соң

араластырады. 

 

Қоректік ортаны дайындау сатысы

 

Микроорганизмді жинауға және микроорганизмді сақтауға,  бөліп алуға, сондай –ақ биологиялық активтік затты алу үшін қоректік орта қолданылады, ол қажетті қоректік затты құрап қана  қоймайды, сонымен қатар ол микроорганизмнің өмір сүретін ортасы болып  саналады.

Культивирлеуге арналған ортаға компоненттің белгілі сандық және сапалық құрамы немесе жеке элемент (азот көзі, көміртегі, фосфор, микроэлемент, витамин және т.б.) қосылып қана қоймайды, сондай–ақ физика – химиялық және физикалық факторлары (қышқылдық активті, тотығу – тотықсыздану потенциалы, температурасы, аэрациясы және тағы басқалар) кіреді. Осы факторлардың барлығын бірге және әрқайсысын жекелеп алғанда микроорганизмдердің  өсіп дамуына маңызды роль атқарады және оларда жеке физиологиялық және биохимиялық функция сезіледі. Осы факторлардың біреуі егерде өзгерсе онда ортада басқалардың да өзгеруіне әкеліп соқтырады.

Микроорганизмнің зат алмасуына конструктивті алмасу (жасуша затының биосинтезі) және энергетикалық алмасу (энергия алу) жатады. Бұл процестер жасушада химиялық реакция түрінде жүреді, мұндайда конструкциялық және энергетикалық мақсатта бір ғана сол зат қолданылады.

Қоректік орта микрооранизмнің оптимальды өсуін қамтамасыз ететін негізгі затты құрауы керек. Биосинтезді іске асырылу үшін, жасушаның өсуіне және көбеюіне химиялық элементтің бәрін құрайтын қажет мөлшерді алу керек.

Конструкциялау және энергетикалық мақсатта элементтер ортаға  қоспа түрінде қажет мөлшерде келіп түсуі керек, микроорганизм жасанды қабілеттілігімен анықталады; энергия көзінің формасы – оны алу әдісі. Микроорганизмнің жасанды мүмкіндігі және осының арқасында энергияны алу әдісі әр түрлілігімен ажыратылады, және қоректену көзінде микроорганизм әртүрлі қажеттілікті қажет етеді. Бұл ортаны құрастыру кезінде міндетті түрде ескерілуі қажет.

Универсальды орта, барлық микроорганизмді культивирлеу үшін жарамдысы жоқ. Қоректік ортаның құрамы микроорганизмнің әр түрлі зат алмасуымен және ерекшелігімен анықталады, көбнесе көміртегі көзіне және азот көзі, әр түрлі қатынаста көрсетіледі, және осы кезде минералды фон аз мөлшерде ауытқуы сезіледі. Бір микроорганизмге және соның өзіне әр түрлі орта қолданылады.

Физикалық жағдайына қарай ортаны үш топқа бөлуге болады: қатты (агар-агарда, желатинде немесе кремниилі пластинкада дайындалады), сұйық және сусымалы үлгігіш (ылғал кебек, бидай).

Ортаны құрамына қарай негізгі екі топқа бөлуге болады: табиғи және жасанды орта.

 Табиғи  орта деп химиялық құрамы анықталмаған ортаны айтады, оған жануар және өсімдік тектес өнімдер  саналады. Табиғи ортаның негізгісі болып жасыл өсімдіктің әр түрлі бөлігі, жануардың ұлпасы, арпа, ашытқы, жеміс – жидектер саналады. Шикізатқа және дайындау шартына байланысты табиғи ортаның құрамы тұрақты емес. Оларды микроорганизм культурасын ұстау үшін, биомасса жиналу үшін және диагностикалық мақсат үшін қолданылады. Табиғи орта микробиологиялық өндірісте кеңінен қолданылады. Өндірістік ортаның құрамына көмірсуға бай заттар (жүгері ұны, гидрол, бидайдың ұны) азот  (ақуызды өнім – соя ұны, қызылша сығындысы, жүгері экстракті) құрамы кіреді.

Жасанды ортаның құрамына кіретін бұл құрамы анықталған химиялық таза қосылыс, анық көрсетілген концентрациядан алынған зат саналады.

Жасанды орта дистиллденген суда ғана дайындалады. Жасанды орта  өте қарапайым, олай болса, азырақ заттың санынан тұрады, ол әр түрлі компоненттердің көп санынан құралуы мүмкін, демек комплексті орта болуы мүмкін. Жасанды орта тек микроорганизмнің зат алмасуы мен физиологиясын оқып білу үшін қолданылады.

 

Микроорганизмнің қоректенуі

 

Жасушаға заттың түсуі.Қандайда бір химиялық қосылыстың қоректік зат ретінде қолданылу мүмкіндігі мироорганизм үшін екі негізгі фактормен анықталады. Біріншісі –  химиялық қосылыстың микроорганизмнің ішіне енуі, демек цитоплазмалық мембрана арқылы өту қабілеттілігі.

Механизмі еріген заттың мембрана арқылы тасымалдануы соның көмегімен іске асырылады. Үлкен көлемдегі молекулалардың жасуша ішіне ену қабілеттілігі оның размеріне байланысты. Көптеген жоғарғы молекулалы қосылыстар цитоплазмалық мембранаға өте алмайды, ал кейбіреулері жасуша қабырғасынан тікелей өтуге мүмкіндігі болмайды. Еріген заттардың концентрациясы микроорганизм жасушасының ішіндегі сыртқы ортаның концентрациясынан жоғарылау.

Соның ішінде еріген зат жасушада болады. Цитоплазмалық мембрана жасушаға сыртқы ортадан және еріген зат кері ауысқанда негізгі қоршау қызметін атқарады, құрылысы тұрақты қалыңдығы (8-10 нм), ол  қос қабаттан тұрады,  екі қабат фосфолипидке әр түрлі ақуыз қосылған болады. Цитоплазмалық мембрананың функциясының түрі көп :

1. жасуша ішіндегіні ол ұстап тұрады;

2. жасушаға белгілі қоректік заттың концентрациясының градиентін қарсы «айдайды»;

3.       жасушадан басқа қоректік затқа «ағуға» қолайлы мүмкіндік жасайды;

4.       қоршаған ортадан жасушаға кейбір еріген заттардың енуіне қарсылық етеді.

Жасушаға мембрана арқылы қоректік заттың түсуін келесідей бірнеше әдістер ажыратады.

Пассивті диффузия – жасушаға заттың ену процесі, мембрананың екі жағындағы оның концентрациясының айырмашылығының арқасында жүреді. Бұл айырмашылықты концентрацияның градиенті деп атайды. Пассивті диффузия мембрана аймағында болатынын көрсетеді, сол арқылы кейбір заттар оңай өтеді. Су, көміртегі диоксиді, оттегі жасушаға енеді және пассивті диффузиялау жолымен оны тастап кетеді.

Оңайланған диффузия, пассивті сияқты концентрация градиентіне байланысты: молекула барлық уақытта көбірек концентрациясы бар  аумағынан азырақ концентрациясы бар жаққа қарай ауысады. Оңайланған диффузия мембраналы ақуыз – тасымалдағыш аумағымен өтеді. Олар субстрат молекуласымен мембрананың сыртқы жағымен байланыстырылады және мембрананың қарама қарсы жағына диффундирленеді, сол жерде молекуламен немесе ионмен байланысатыны босатылады. Бұл процесс метболиттік энергияның жұмсалуын қажет етпейді, бірақ пассивті диффузияға қарағанда жоғары жылдамдықпен жүреді.

Активті тасымалдағышқа үлкен көңіл аударылуда, олай болса еріген зат жасушаға концентрация градиентіне қарсы түсуге мүмкіндік жасайды демек, азырақ концентрация аумағынан көбірек концентрация  аумағына түседі.

Активті тасымалдағыш метаболиттік энергияның жұмсалуын қажет етеді. Ол жасуша ішіндегі еріген заттың концентрациясын құруға мүмкіндік жасайды және бірнеше мың есе сыртқы ортаның концентрациясын жоғарылатады.

Микроорганизмнің осындай қабілетінің арқасында химиялық заттың концентрациясы азырақ ортаға егіледі және метаболизмнің жоғарғы жылдамдығы көрсетіледі. Активті тасымалдағыш сондай-ақ және оңайланған диффузия мембраналы ақуыздың қатысуымен жүреді, оны пермеаза деп атайды. Пермеаза ортадан жасушаға затты тасымалдауға қатысушы жасуша тасымалдағыш ақуыздар.

 Екінші фактор қоректік орта есебінде қандайда бір химиялық қосылыстың микроорганизмді қолдану мүмкіндігін анықтаушы, микроорганизмнің формасы үшін сіңіруде оны  ауыстыру, ферментті синтездеуде жасушаның қабілетілігі, ол әр түрлі органикалық және неорганикалық заттарды сіңіруге мүмкіндік жасайды, өмір сүру жағдайына оңай бейімделеді. Қоректік ортаның құрамында микроорганизм өте сезімтал болып келеді. Қоректік ортаға қажетті элементтің біреуінің болмауы микроорганизмнің  өспеуіне немесе толық өспей  қалуына әкеліп соқтырады.

 

Негізгі  элементтің  көзі

 

Көміртегі көзі ретінде көптеген микроорганизмдер органикалық заттарды ассимилирлейді. Микроорганизмдер қолданған көміртегі көзіне  тәуелсіз өзінің құрамына қарай сәйкес биполимерлерін тұрғызады, ген аппаратында физиологиялы ерекшелігі және олардың  түрлері бойынша қарастырылады.

Микроорганизм жасушасындағы көміртегінің құрамы ораша 50% құрайды (құрғақ массада есептегенде) сондықтан қоректік орта құрамына кіретін көміртегі көзі, заттың ішінде негізгі орын алады. Микроорганизм  әсіресе көміртегі көзіне өзгеше қарайды. Автотрофты-микроорганизмдер жалғыз ғана көміртегі көзі ретінде көміртегі диоксидін қолданады. Гететрофты-микроорганизмдер үшін көміртегі көзі ретінде әр түрлі органикалық қосылыстар атқарады:  көмірсулар, спирттер, органикалық қышқылдар, липидтер, көмірсулар және басқада көміртегін құрайтын заттар.

 Микроорганизмдер азотпен қоректенуде көміртегіне жақын, соңғысына көлемі бойынша орын береді. Элементік анализдегенде микроорганизмнің құрамында көміртегіне қарағанда азот 5-6 есе аз  көрсетілген, демек микроорганизмнің көміртегін тұтынуы энергетикалық мақсатқа сай жұмсалады. Сондықтан қоректік ортадағы көміртегінің құрамы азот көзіне қарағанда екі есе көп. Азотты сіңірген микроорганизм, негізінде жасушаның ішінде қалып қояды, онда көміртегін жұтуда жасушада тек азырақ бөлігі ұсталады.Көптеген микроорганизм -продуценті үшін азот көзі болып күрделі органикалық заттар, сонымен қатар неорганикалық азот құрайтын заттар саналады. Микроорганизмдер тобының бос күйінде азотты сіңіруі азотфиксатор деп атайды. Қоректік ортада азоттың азырақ жетіспеуі жасушаның «семіруіне» әкеледі, демек ақуыздың және амин қышқылды фракцияның кемуінің есебінен липидтердің құрамы көбейеді.

Сондықтан өндірісте, әсіресе ақуызбен байытылған азықтық ашытқыны алу барысында,  барлық уақытта ортада азоттың кем болмауын қадағалау қажет.

Фосфор қоректік ортаның ең негізгі элементі болып саналады. Ол жасушада энергетикалық алмасудың орташа ағымда болуын қаматамасыз етеді, сонымен қатар биожасанды процесті болдырады (ақуыз синтезі және нуклеин қышқылы, глюколиз). Ортадағы культураның өсу жылдамдығы және микроорганизм жасушасындағы фосфордың құрамы, фосфор концентрациясына байланысты. Фосфор қышқылының ролі  микроорганизмнің физиологиясында әр түрлі. Фрсфор қышқылы буфер ролін атқарады. Ертіндіге азырақ мөлшерде күшті қышқылдық бөлігін қосқанда әлсіз тұз әлсіз қышқылға ауысады:

 

                   К2НРО4 + HCl           KH2PO4 + KCl

 

күшті негізді қосқанда қайтымды процесс жүреді:

 

                   КН2РО4 + КОН         К2НРО4 + Н2О

 

Олай болса, ерітінді буфер сияқты әсер етеді және ортада қышқыл немесе негіз рН-тың өзгеруіне қарсы болады.

 

Витамин көзі, макро - және микроэлемент

 

Микроорганизм жасушасында зат алмасу витаминсіз, макро және микроэлементсіз жүру мүмкін емес.Витаминді тұтынуына қарай барлық микроорганизмдер екі түрге бөлінеді:ауксоавтортрофты – витаминді синтездеу қабілеті бар және ортаға оларды қосуды қажет етпеуі, және ауксогетеротрофты – витаминді синтездеу қабілеті жоқ және ортаның құрамына  оны қосуды қажет ететін.Биотехнологиялық өндірісте қоданылатын көптеген микроорганизм-продуценттері ауксогетеротрофтыға жатады, көбінесе осылар үшін комплексті В витаминдер тобы қажет, оларға тиамин, никотин қышқылы, пантотен қышқылы, пиридоксин, инозит және биотин жатады. Микроорганизмде биотиннің жетіспеуі байқалады. Микроорганизмнің биотині  аз екендігі анықталған.

Әрбір штамм үшін микроорганизмге витамин қажет екендігне эксперимент жасалып бекітіледі. Витаминдер фермент негізіне кіреді, олардың ортадағы мөлшері (1л ортада мыңнан бір бөлік мг). Витаминдер шикізатпен  бірге кіреді, кейде олар жеке  енеді.

Қоректік орта құрамында міндетті түрде макро және микроэлементтер болуы крек, ол микроорганизмнің зат алмасуын қамтамасыз етуші, тыныс алу процесін активтендіруші, тотығу–тотықсыздану раекциясын болдырушы, жасушасының өмір сүруіне керекті басқа процесті болдырушы, ферменттің активті орталық құрамында болады.

 Микроорганизмнің дамуына және өсуіне үлкен әсерін тигізеді, темір ионы, мыс, мырыш, бор, молибден, кобальт және басқа да бірқатар эелементтер әсер етеді. Микроорганизмдер осы элементтің микро мөлшерін қажет етеді, және ол микроорганизм күлділігінің сандық құрамын көрсетеді.Осы элементтің концентрациясының жоғарылауы микроорганизмнің дамуына және өсуіне ингибирлеуші әсер етеді.

Олай болса, қоректік ортадағы микроорганизмнің дамуын және өсуін қамтамасыз етуде, құрамында  қажетті көміртегі, азот, фосфор, макро және микроэлемент витаминнің қажет мөлшері болуы керек. рН  мәні және тотығу – тотықсыздану потенциалы  анықталады. Әрбір микроорганизм-продуценті үшін көп сатыда бірнеше рет эксперимент жасалып, қолайлы қоректік орта таңдалып алынады. Соңғы кездедері қолайлы қоректік ортаны математикалық моделдеу әдісі мен  компоненттің қоректік ортаға қатынасының есебімен таңдалып алынады.

 

Қоректік ортаны дайындауға арналған шикізат 

 

Биотехнологиялық өндірісте қоректік ортаны дайындау үшін әртүрлі заттар қолданылады, (минерал, жануар және өсімдік тектес) және химиялық жолмен синтезделетін табиғи заттар. Бұл заттар (ол шикізат деп аталады) қоректік орта құрамына кіреді, сондықтан олардың құрамында зиян келтіретін қоспалардың болуы мүмкін емес, бағасы  қымбат емес және оңай табылатын болуы керек.

 Шикізаттың барлық түрлері мемлекеттік стандарт талабына сәйкес болуы керек (МЕСТ). Күрделі табиғи зат немесе өндірістік қосымша өнім қоректік ортаны дайындау үшін шикізаттың жарамдылығына биохимиялық тексерулер қатаң жасалуы қажет. Шикізаттың негізгі түрлерін қарастырамыз.

 

                                              Су

 

Қоректік ортаны дайындау үшін су құбырынан немесе ашық су қоймасынан алынған су өзіне тән өңдеулер жасалғаннан кейін суды қолданады. Су биологиялық таза, түссіз, дәмсіз және иіссіз,  құрамында тұнба болмауы  керек.  Судың  құрғақ  қалдығы  1000 мг/л жоғары болмауы керек, жалпы тұтқырлығы 7 мг-экв/л көп болмауы керек. Өте тұтқыр су микроорганизмнің  өсуін баяулатады. Судағы зиянды қоспалардың құрамы келесі мәндер көп болмауы керек, мг/л:

           Қорғасын   -      0,1              

           Мырыш     -       5,0

           Мышьяк    -      0,05             

           Мыс           -      3,0

           Фтор          -      1,5

 

1 мл судағы жалпы микроорганизмдердің саны 100-ден аспауы керек. Биотехнологиялық өндірістерде су тек қоректік ортаны дауындау үшін ғана емес, салқындату үшін, аппаратты жуу үшін қолданылады. Биотехнологиялық өндірістерде таза судың үлкен көлемін қажет етеді. Мысалы: нан ашытқысы өндірісінде  1т ашытқыны өндіру үшін  150-180м3 су жұмсалады.

 

Көміртегі көзі

 

Гетеротрофты микроорганизмдер көміртегі көзі ретінде және  әртүрлі көміртегі қосылыстарын құрайтын энергияны қолдануға қабілетті. Бірақта микроорганизмнің әрбір түрі субстрат үшін бірінші орында көміртегін таңдайды. Осы микроорганизмнің көміртегі көзі ретінде қосылыстардың  санының қолданылуы шектелген.  Көміртегі қосылысын микроорганизм жұту қабілетін бірден сездірмейді. Ферменттер көміртегі болмаған кезде микроорганизм жасушасында белгілі бір затты ассимиляциялауға қатысады.Бұрыннан қолданылатын микробиологиялық синтездеуде көміртегін құрайтын шикізат болып  көмірсулар саналады.Олар жасуша құрылысын синтездеу үшін микроорганизмдерді қолданады және сонымен қатар энергия көзінің міндетін атқарады. Микроорганизм үшін көміртегі көзіне ең қолайлысы көмірсулардың ішіндегі глюкоза, бірақ оның бағасы қымбат болуына байланысты метаболиттер биосинтезінде ғана қолданылады. Көп тонналы микробиологиялық өндіріс үшін, бағасы арзан көміртегін құрайтын өнім – ауыл шаруашылығының қалдықтары,  целлюлоза-қағаз  және тамақ өнеркәсібінің қалдықтары қолданылады, әсіресе көміртегі көзінің ішінде ағаш қалдығының ұнтағы қазіргі кезде  шикізатты жаңарту категориясына жататындар жоғары орын алуда.

  Глюкоза С6Н12О6 кристалл түрінде , судың  9%  көп емес бөлігін құрауы мүмкін ,  күлділігі - 0,07% көп емес бөлігін, (соның ішінде темірдің 0,004% көп емес бөлігін) құрауы керек. Құрғақ заттың құрамында редуцирлеуші заттың 99,5% кем емес бөлігі болуы керек.

 Сахароза (қант қызылшасы, тростник қанты) С12Н22О11 техникалық құрамы 99,75 %  сахарозадан кем емес болуы керек, күлділігі 0,03 % болу керек. Ылғалдылығы 0,15 % дейін болуы керек.

Лактоза (сүт қанты) С12Н22О11, сүттің сары суынан алынған майды дайындағаннан кейінгі қалдығы болып саналады.50%қант концентрациясы  қоюланғаннан кейін және кристаллизациясынан  кейін лактоза концентраты алынады. Лактоза қант шикізаты  92 % кем емес қантты құрайды, судың  3%  кем емес бөлігін құрайды, күлділігі 2% және сүт қышқылы 1%  құрайды. Ақуыз санын көрсетпейді, бірақ  ол 3% жоғарыламайды.

Крахмал – полисахарид түрінде болып келеді, өсімдік дәнінде кездеседі (өсімдіктің көміртегі қоры). Өндірістік масштабта картоптан және жүгеріден алынады. Микроорганизм ферменттің әсерінен крахмал глюкозаға дейін гидролизденеді. Сортына қарай (І, ІІ, ІІІ) байланысты, крахмалдағы күлділігінің құрамы 0,35 – 1,2% дейін жетеді.

Гидрол –крахмал өндірісінде стандартты емес өнім болып саналады. Қоңырлау, қоюлау өзіне тән иісі бар  шырын болады. Шамамен 70 % редуцирлеуші  зат  құрғақ  затта болады, демек 50 % қант техникалық өнімде болады. Гидрол қант негізінде глюкозадан тұрады. Глюкозадан басқа  құрғақ зат құрамы шамамен 18 % ашытылмайтын қантты құрайды, бұл өнім глюкоза полимеризациясы, крахмалдың толық ыдырамаған бөлігі;қалған  гидролдың көмірсуы идентифицирленбеген. Крахмал гидролизінде көмірсудан басқа органикалық қышқылдың біраз бөлігі пайда болады.Гидролдың рН (активті қышқылы) шамамен 4,0 құрайды; күлділігі 6 % көп емес болады. Күлдің негізгі бөлігі – бұл натрий хлориды; фосфор, магний, темір және аз мөлшерде гидролға қатысушы  басқа элементтер болады.

Меласса – қант өндірісіндегі стандартты емес қосымша өнім, кристалл қантты екінші рет бөлгендегі қалған өнім.  Түсі – қара  қоңыр, тығыздығы 1,35 – 1,40 г/см3 болады.  Меласса 61-68 % құрғақ затты құрайды , 40-55 % сахарозаны құрайды.Одан басқа 0,5-2,0 % инвертті қанттан тұрады және 0,5-2,5 % рафинозадан тұрады. Мелассада 1,1-1,5 %  азот құралады, оның үшінші бөлігі бетаин формасында болады, микроорганизм оны қолдана алмайды. Мелассаның құрамына көптеген амин қышқылдары (аспарагин, глутамин, лейцин, изолейцин, тирозин) кіреді және В витамин тобы (биотин, тиамин, рибофлавин, инозит, никотин және пантотен қышқылы) кіреді. Әсіресе биотин үлкен мәнге ие (оның құрамы 80 мг/т).

 Мелассалы күлде  калий көп (30-40 %), магний (1,5-4,5 %),кальций (14 % дейін), темір және басқа да элементтер, бірақ салыстырғанда фосфор көзі аз болып келеді.

Мелассаны сақтау кезінде қанттың жоғалуы микроорганизм әрекетінің  нәтижесіне байланысты болады.

 Жүгері ұны. Жүгері ұнының құрамы жүгерінің сортына, оны өсіруіне және сақтауына байланысты ауытқып отырады.Орта есеппен алғанда 67-70 % крахмалды құрайды,шамамен 10 % басқа көмірсуды құрайды (клетчатка, пентоза, декстрин, еріген көмірсулар), шамамен 12 % ақуызды (30 % глютелин және 45-50  % козеин) құрайды. Ылғалдылығы шамамен 25 % аспауы керек. Күлділігі шамамен 0,9 % құрайды. Жүгері ұнының күлділік құрамында 45 % дейін, фосфор ангидриді, 30 %  калий оксидін және 15% магний оксидін құрайды.Жүгері ұны антибиотик және фермент биосинтезі үшін қоректік ортада көміртегі көзі қызметін атқарады. Ол барлық дән өнімдерінің ішіндегі ең арзаны және оның бағасы оның ұнтақталған дәрежесіне байланысты.

Мелассалы барда спирт өндірісінің қалдығы, стандартты емес өнім болып саналады. Табиғи бардада 6-10 % құрғақ зат құралады. Барда құрамына ашытқы массасынан  басқа амин қышқылы, гликол, сүт, янтар қышқылы, кальций тұзы, калий, натрий, марганец, кобальт, мыс, және бір қатар В витамин тобы қатысады.

Ацетонбутилді барда – органикалық ертінділер – ацетон мен бутил спиртінің микробиологиялық өндірісінің қалдығы стандартты емес өнім. Микробиологиялық синтез үшін шламды бөлгеннен кейінгі барда қолданылады. Барданың құрамына көмірсу, клечатка, азот құрайтын және күлді заттар кіреді.

Ағаш шикізаты.  Көп жылдық өсімдік ұлпасы болып келеді, целлюлозаны, лигнинді пентозаны, гемицеллюлозаны және басқа да өсімдік ұлпасының жасушалы матриксі пайда болатынды құрайтын зат.Бұл шикізатта көміртегі көзі болып гексоза, пентоза, органикалық қышқылдар саналады. Шикізатта олар бос күйінде іс жүзінде кездеспейді, сондықтан шикізатқа арнайы өңдеулер жасалады: майдалайды және гидролиздейді (судың көмегімен ыдыратады) жоғарғы температурада гидролиз аппаратында жүргізіледі.Ағаштың полисахаридтері гидролиз процесінде суда еріген күйге моносахаридтерге айналады, микроорганизмдерді оңай сіңіреді. Микробиологиялық синтез үшін өнеркәсіптік өндірісте субстрат алу үшін ағаштың өзі емес ағаш өңдеудегі гарбіл, жаңқа, ағаш үгіндісі қолданылады.

Ағаш гидролизі процесінен алынған ертіндіні гидролизат деп атайды, микроорганизмді өсіру үшін субстраттың сапасын моносахарид құрамына қарай бағалайды. Гидролизаттағы қант құрамы ағаштың тегіне байланысты және гидролиз әдісіне және басқа да факторларына байланысты ажыратылады. Азықтық ашытқыны алуда целлюлоза өндірісінің қалдығы сілтілі сульфит кеңінен қолданылады.Гидросульфит кальций және күкірт қышқылды ортада ағашты қайнату процесінде сілтілі сульфит пайда болады. Целлюлоза бұл процесте сақталады, ал сілтілі сульфит ертіндісіне лигнинге, гемицеллюлозаға, шайырға, майға, минерал тұзыға ауысады. Сілтілі сульфит арнайы өңдеуден өткеннен кейін, биотехнологиялық өндірісінде этил спиртін және азықтық ашытқыны алуда қолданылады. Гидролизат алдында сулы немесе қышқыл гидролиздеуде ағаштың гемицеллюлозасы және пентозды қант және декстрин пайда болады.

Ағаш өңдейтін қалдықтан басқа және целлюлоза – қағаз өндірісінде целлюлоза құрайтын шикізат болып (мақтаның қауашағы, жүгерінің собығы, күн бағыстың, күріштің сабаны) саналады.Биотехнологиялық синтез үшін мұндай шикізатты дайындау гидролиздеуде целлюлозаны еріген қантқа дейін жеткізу болып табылады.Шикізатты жаңарту категориясына жататын өсімдік шикізатын биотехнологиялық өндірісте  қолдануда үлкен көңіл аударылып отыр.

Торф химиялық құрамы бойынша өсімдікке жақын, ол содан пайда болған. Торфқа 50% дейін полисахарид қатысады. Қышқыл гидролиздеуден кейін белгілі жағдайда микроорганизммен торф оңай сіңірілетін моносахарид болып келеді. Микроорганизм формасына арналған фосфорлы және азотты торф құрайды.

Көмірсулар. Биотехнологиялық өндірісте азықтық ашытқы алуда құрлысы  қалыпты Н – парафинді көмірсулар молекуласында көміртегі атомының 10-нан 27-дейінгі саны (С10-С27) “сұйық парафиндер”деп аталатындар қолданылады.Оларды мұнай фракциясынан алады және бастапқы және соңғы қайнау температурасы (280-320°С)  болатыны сипатталады, сондай-ақ құрамы бойынша негізгі компонентті (99 %  кем болмауы ) құрайды.

Микроорганизмдер газ тәрізді көміртекті көмірсуларды С1-С4:метан СН4, этан С2Н6, пропан С3Н8 және бутан С4Н10  сияқтыларын сіңіруі мүмкін. Өндіріс көлеміндегі табиғи газды құрайтын метан үлкен мәнге ие. Метанның құрамы табиғи газ шығаратын жеріне  байланысты және 94-96  % -дейін  құрайды.

Метил спирті (метанол) СН3ОН түссіз оңай жылжитын сұйықтық, иісі этил спиртіне е

Ске түсіреді.Суда жақсы ериді,көптеген микроорганизмдермен сіңіріледі. Метил спиртін қолданудың болашағы көбінесе,оны алу әдісінің тиімділігіне байланысты.Ескере кету керек, адам өмірі үшін өте улы,  адам баласы 30 мл қабылдаса  өлімге әкеліп соқтырады.

Этил спирті (этанол) С2Н5ОН микроорганизмді өсіруде болашағы мол шикізат болып саналады. Этил спирті сумен жақсы араласады, улы емес, этил спиртінде алған биомассаға арнайы тазартулар қажет етілмейді. Биотехнологиялық және химиялық жолмен алынған этил спиртінің барлық маркасын көміртегі көзі ретінде қолдануға болады. Этил спиртінде изопропил спиртінің біраз саны, күкірт құрайтын қосылыс, органикалық қышқыл, күрделі эфир, диэтил эфирі, суда ерімейтін заттар қатысады.

Сірке қышқылы СН3СООН негізгі зат құрамында 60 %  кем болуы керек,  ал  формальдегид НСНО және құмырсқа қышқылы НСООН- 1 % көп болмауы керек, оны  көміртегі көзі ретінде қолданады.

 

                                         Азот көзі

 

Өндірістік қоректік ортада азот көзі болып ақуыздар, пептидтер, бос  аминқышқылы атқарады. Көбінесе өндірістік ферментацияда жүгері экстракті,соя ұны немесе ашытқы гидролизаты қолданылады. Минеральды азот құрайтын затта көбіне жиі  күкірттің аммоний тұзы немесе азот қышқылы қолданылады.

Биосинтездеуге азот көзі ғана емес ортаның жалпы құрамы да байланысты, әрбір продуцент-штамм  үшін ортадағы азот пен көміртегі қатынастары үлкен рол атқарады.

Жүгері экстракты сыртқы түрі қою сұйықтың ашық сарыдан қара қоңыр түстің ортасында, бір келкі қою масса болып келеді. Экстрактің химиялық құрамы жүгерінің сортына байланысты, өсіру, сақтау және кептіру шартына сондай-ақ суға жібіту процесінің жағдайына байланысты. Экстракт құрғақ зат құрамы 48 % кем болмау керек, есеп бойынша жалпы азот құрайтын заттар құрғақ экстракта 40-50 % дейін (6,4-8 % жалпы азот) болады. Жібіту процесінде жүгері ақуызын ферментативті гидролиздеуге болады,нәтижесінде экстракттың азот құрайтын затының шамамен жартысы амин қышқылы,полипептид және ақуыз болады.

Күлдің құрамы 24 % аспауы керек. Күлдің негізгі элементі  фосфор, калий, магний болып табылады.Экстрактідегі жалпы фосфордың құрамы 5%-ке жетеді,бір бөлігі органикалық  байланысқан қосылыста фитин түрінде болады.Одан басқа да экстрактіде В витамин тобы (биотинді) құрайды, кейбіреулері микроорганизмді өсіруші зат және биостимулирлеуші болып келеді.Олай болса, қоректік орта компонентті жүгері экстрактінің бағалылығы көміртегі және микроэлемент органикалық азот көзі ассимилирлеуші екені анық, балласты заттардың болмағаны жақсы.

Соя ұны соя дәнін ұнтақтағаннан алады,сондай-ақ соя майын алғаннан кейін пайда болатын соя сығындысынан және шроттан алынады. Соя ұнының шикізатын қолдану майсыз, жартылай майсыз болып бөлінеді. Одан басқа да соя ұны дезодорирленген (бумен өңделген) және дезодорирленбеген (бумен өңделмеген). Дезодорирленген соя ұны бір жыл уақыт сақталады, олай болса булау кезінде фермент инактивациясы болады, ал дезодорирленбеген (бумен өңделмеген) соя ұны  1,5-3 ай сақталады. Азот құрайтын заттары бар, әсіресе ақуызы бар соя ұнының негізгі бөлігі ферментация процесі үшін жоғарғы мәнге ие. Негізгі ақуыз болып глицин саналады, амин қышқылының барлығы болады, глутамин қышқылы ( ≈ 20 % ) құрайды, соя ұныныда 25 %-ке дейін көмірсу болады, сондықтан ол көміртегі көзі ретінде жиі пайдаланылады, күлдің құрамы 4,5-6,5 % құрайды. Күлдің құрамына шамамен 45 % калий оксиді кіреді,  30 %  фосфор ангидриді және 7,0 % магний оксиді және кальций, сондай – ақ бірқатар микроэлементтер кіреді.Фосфор  органикалық байланыс күйінде фитин түрінде (шамамен  75 %) болады.

Аммоний нитраты (аммиакты селитра) NH4NO3  түссіз кристалл, жылуды жұтумен бірге суда жақсы ериді. Ортаны қышқылдау үшін және азот көзі ретінде қолданылады.

Аммоний сульфаты (NH4)2SO4 жылуды өзіне жұтумен бірге суда жақсы ериді. Азоттың  құрамы 20-21 %.

Карбамид ( мочевина ) CO(NH2)2-жоғары конценрленген (46,5 % азот) азот көзі.Қолданғанда, ескере кету керек термиялық жолмен зарарсыздауда карбамид бұзылады.

Амиакты су ( аммоний гидроксиді ) NH4OH - түссіз сұйықтық, өткір иісі бар, оңай ұшып кетеді, улы. Азот көзі ретінде қолданылады және ортаның рН реттеуші. Аммиакты судың құрамының І сортында  25 % кем емес, ал ІІ сортында 20 % кем емес  азот бар.

 

Фосфор көзі

 

Аммофос. Фосфор көзі ретінде аммоний фосфаты кеңінен  қолданылады,  фосфор қышқылын аммиакпен нейтрализациялап алады:

 

H3PO4+NH3=NH4H2PO4

                        Моноаммонийфосфат

 

H3PO4+2NH3=(NH4)2HPO4

                           Диаммонийфосфат

 

H3PO4+3NH3=(NH4)3PO4

                       триаммонийфосфат

Көбінесе аммофос қолданылады, моно- және диаммонийфосфат қоспа түрінде болып келеді, сондай-ақ ерімейтін қоспа (шлам) түрінде болады. Шлам құрамына амофоста (фосфат темір, гипс және т.б. ) құрғақ зат массасының 6-7 % құрайды. Суда еритін фосфор ангидридінің Р2О5 құрамы аммофостың сортына қарай 36-48%-ке жетеді. Қоректік ортаның құрамына аммофосты қосар алдында фильтрлеу керек.Аммофос фосфор көзі ғана емес азот көзі болып табылады.

Ортофосфор (фосфор) қышқылы Н3РО4 фосфор көзі ретінде қолданылады және  ортаны қышқылдауға қолданылады. Р2О5 құрамы 50,7 % болады.

 

Макро- және микро элементтердің көзі

 

Калий карбонаты К2СО3 негізгі заттың (І сорты) 97,5-98 % және (ІІ сорты) 92,5-93 % құрайды.Тұз өте гигроскопты. 

Калий сульфаты K2SO4 ерігенде және полиминералды калий сульфат рудасын қайта кристаллизациялағанда алынады. Тауарлы өнімде сортына байланысты негізгі заттың құрамы 46-50% болады. Қоспа ретінде  КCl, MgSO4 және басқа тұздар құрайды. 

Калий хлориді KCl калий көзі экономика жағынан тиімді болып табылады. Калий рудасын қайта өңдеу жолымен алады. Сортына қарай  негізгі зат құрамы  95-98 % құрайды. Ертіндіден кристаллизациялау арқылы алынады.

Магний сульфаты  MgSO4 .Техникалық аты эпсомит MgSO4·7Н2О -кристалды ақ түсті зат, түсі сәл  сарылау  болып келген. Суда жақсы ериді. Эпсомитті сусыздандырғанда қыздырғанда кизерит MgSO4·Н2О алынады. Эпсомит құрамына 5-12 % NaCl; 0,5-1,0 %  MgCl2  және бір қатар тұздар кіреді.

  Марганец сульфаты MnSO4. Сусыз марганец сульфаты түссіз кристалды зат, сумен өңдегенде  кристаллогидраттар пайда болады. Өндірісте  MnSO4·5H2O қолданылады, ашық – розовый кристалды ұнтақ, суда жақсы ериді. Негізгі заттың құрамы 98 % құрайды.

Темір сульфаты FeSO4 сулы ерітіндіден кристаллогидрат түрінде FeSO4•7Н2О кристалданады, оны темір купорасы деп атайды. Стандартты  темір сульфаты тазалығы жоғары өнім болып саналады және минимальды мөлшерде қоспа болады. Сулы ертіндіде сақтау процесінде екі валентті темір Fe2+үш валентті темірге Fe3+  дейін тотығады, ол ерімейтін тұнбаға  Fe(OH)3 түседі. Техникалық тұздағы негізгі заттың құрамы 47-53 % құрайды.

Мырыш сульфаты ZnSO4 сулы ертіндіде түссіз ромбикті кристалл түрінде   ZnSO4 •7Н2О кристаллизацияланады және  мырыш купаросы деп аталады. Тұзда мырыштың құрамы 36-39 % құрайды.

 

Көмекші  материалдар

 

Олейн қышқылы СН3(СН2)7СН=СН (СН2)7СООН- табиғатта ең кең таралған қышқылдың бірі, іс-жүзінде барлық жануарлар мен өсімдік майының бәрінде  кездеседі. Көбік сөндіргіш ретінде қолданылады. Олейн қышқылын майдан гидролиздеп, майды ыдыратып бөліп алады. Техникалық олейн қышқылының қоспасындағы негізгі зат А маркасы  және Б маркасы үшін  және 95 %,  В маркасы үшін 92% құрайды. Қайнау температурасы 3600С, балқу температурасы 100С –тан аспайды.

Табиғи көбік сөндіргіш ретінде сондай-ақ өсімдік майы қолданылады. Жасанды көбік сөндіргіш.Көбік сөндіргіш ретінде жасанды беттік-активтік зат қолданылады (БАЗ): кремний органикалық полимерлер (силоксандар), күрделі эфирлер, спирттер және т.б. ТМД-да ПМС -145А маркалы жасанды көбік сөндіргіш өндірісте шығарылды. Жасанды көбік сөндіргіш табиғи көбік сөндіргіштен шығыны 10 есе төмен. 

Тұз қышқылы HCl биотехнологиялық өндірісте бастапқы концентрациясы болып 31 % кем емес тұз қышқылы қолданылады.

 Күкірт қышқылы Н2SO4 қоректік ортаны қышқылдауда кеңінен қолданылады. Зауыттарда техникалық күкірт қышқылының H2SO4 құрамы  92,5-94  % қолданылады.

Каустикалық сода (натрий гидроксиді, күйдіргіш натрий) NaOH аппараттарды жууда қолданылады. Қатты каустикалық содада NaOH  92-96 % құрайды, сұйық каустикалық содада 42-45 % құрайды.

Бор – қатты әк, СаСО3 96 % -дейін құралады. Егер ферментация кезінде қышқыл пайда болғанда ортаның рН ұстап тұру үшін қолданылады, әк сүтінен тұнғаннан көмір қышқыл газын өткізеді, сондай-ақ табиғи ұнтақталған бор қолданылады. Бор ақ үгілгіш ұнтақ түрінде қолданылады, құрамында  1-2 % су, 96-98 % кальций карбонаты және магний құрайды. Ескере кету керек ,бордағы қоспа Mg, Al, Fe, Mn биосинтез процесіне кері әсерін тигізеді.

Формалин суда формальдегид ертіндісі НСНО 37-37,3 % болып келеді. Метил спиртінің 6-6,5 %  және құмырсқа қышқылының 0,02-0,04 % құрайды. Зарарсыздандыратын зат ретінде қолданылады.

Антиформин комбинирленген зарарсыздандырғыш зат болып келеді: 1 м3 ерітіндіде 100 кг хлорлы әк, 75кг кальцинирленген сода Na2CO3 және 10кг каустикалық сода NaOH құралады.

 

Қоректік ортаны дайындау технологиясы

 

Өндірісте  қолданылатын көміртегі көзіне байланысты, әрбір  нақтылы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

биотехнологиялық процестерде қоректік ортаны дайындау сатысының ерекшеліктері бар. 17-суретте қоректік ортаны дайындаудың жалпы технологиялық сызба  нұсқасы келтірілген.

Еріген көміртегін  (мысалы қантты) алдын ала суда ерітіп, ертінді белгілі қажет концентрацияға жеткізіліп, кішірек арластырғыш бұлғағышы  бар ашық реакторда дайындайды, содан соң түбі жалпақ жабық реактор – араластырғышқа жіберіледі, буды беру барботаж қондырғымен қамтамасыз етіледі.

Ерімеген көміртегі араластырғыш бұлғағышы бар  реакторда суда мұқият суспензия жасалады және суспензияны реактор – аралсатырғышқа ауыстырады.Құрамында крахмалы бар шикізатты алдын ала клейстерлейді. Минералды тұз бұлғағышы бар реакторда ерітіліп, реактор - араластырғышқа жіберер алдында құрамындағы  шламды ( гипс және басқа ерімейтін тұнбаны) жою үшін фильтрлейді.

Микроэлемент ертіндісі бөлек дайындалады.Реактор – араластырғышта барлық қажетті компонент мөлшері мұқият араластырылады, ортаның рН мәнін қажет мәнге жеткізу үшін аммиакты су немесе қышқыл қосылады.

Қоректік ортаны дайындау үшін реактор берік орнатылған бұлғағышпен қамтамасыз етіледі,сондай-ақ қозғалып айналуда ортаның тәртіпсіз құйындауын болдырмайтын қоршау бөлгіш – шағылыстырғышпен қамтамасыз  етіледі.

 

 

 

                     17 сурет- Қоректік ортаны дайындаудың сызба  нұсқасы:

                         1-3 – реакторлар; 4- фильтр; 5- араластырғыш-реактор.

 

Қоректік ортаның құрамына қарай қолданылатын араластырғыш қондырғылардың түрі  таңдалады. Қоректік ортаны дайындайтын реактор –араластырғыштың өзінде аппаратта әр түрлі көміртегі көзі (қант ертіндісінің мелассамен араласқан крахмал клейстеризациясы) дайындалды.

18-суретте кейбір түтікше бұлғағыштың түрлері келтірілген. Дайындалған қоректік орта реактор – араластырғышта зарарасыздандырылуы керек. Қоректік ортаны зарарсыздау үшін екі әдіс қолданылады: периодты культивирлеуде – циклді және үздіксіз культивирлеуде - үздіксіз әдістер қолданылады.

Қоректік ортаны циклдік әдісте зарарсыздау өте қарапайым. Бұл операция ферментерде жүргізіледі. Мұндай орта  мен құрал – жабдық бір мезгілде зарарсыздандырылады. 19-суретте қоректік ортаны зарарсыздауда ферментерді салқындату және қыздыру келтірілген. Көбінесе комбинирленген өткір бу мен бу қолданылады. Өткір бу  қоректік ортаға беріледі, ал бу – жейдеге (немесе жыланшаға) жылу алмастырғышқа беріледі.

 

 

         18сурет-Құбырлы  бұлғағыштар:

         а-түзу күрекшелі;б-ашық түзу күрекшелі;

         в-ашық иілген күрекшелі;г- қарлығаштың құйрығы

          сияқты айыр құырықты күрекшелі; д-жабық;

 

Өткір бу ферментерге егіс материалын, ауаны беру үшін және сынаманы алу үшін қолданылатын штуцер арқылы келіп түседі.Сондықтан ферментермен байланысқан барлық арматуралар өткір бумен зарарсыздандырылады.

Қоректік ортаны өткір бумен өңдеуде конденсат пайда болады. Осыған байланысты ортаның конденсатпен араласуын ертерек ескеріп және қоректік ортаның рецептеріне өзгерістер енгізіп қоректік ортаны дұрыстап дайындау керек. Қоректік ортаны зарарсыздаудың соңында  барлық қоректік компоненттің қажетті концентрациясы ортада болу керек.Циклді зарарсыздауда 121°С температураны ұстап тұру керек, қаныққан будың қысымы 100 кПа тең. . 

              

 

               19 сурет-Қоректік ортаны зарарсыздаудағы, қыздырудағы

                және  салқындатудағы ферментердің сызба нұсқасы:

                1- ферментердің корпусы; 2-жейде; 3-бұлғағыш; 4-барбатер;

 

Қоректік ортаны осындай температурада 30-40 минуттай ұстайды. Ферментерде үлкен көлемде салқындату, ұстау, қыздырудың толық циклі бірнеше сағатқа созылады. Ыстықпен ұзақ уақыт зарарсыздауда қоректік ортаның құрамы белгілі химиялық өзгеріске ұшырайды.

 

         

 

            20 сурет- (І)Үздіксіз және (ІІ) периодты зарарсыздауда элементарлы 

             сұйықтың көлеміндегі температураның өзгеруі:

              І-қыздыру;    ІІ-ұстау;   ІІІ-салқындату;

 

Микроорганизмнің, қоректік заттың кейбіреулері ыстыққа төзімсіз қосылыстары бұзылады және шығынға ұшырайды. Басқа қосылыстар бір – бірімен байланысып, микроорганизмнің өсуін ингибирлеуші өнім пайда болады. Көбінесе қоректік ортадағы  химиялық компоненттің құрамының өзгеруі температураның зарарасыздау температурасынан жоғары болуымен анықталады.

Ортаны тез салқындатқанда және қыздырғанда, қоректік ортаның минимум өзгеруі, эффективті зарарсыздауда болады.Сондықтан қазіргі кезде көлемі кішірек аппаратта қоректік ортаны зарарсыздау үшін циклдік әдіс қабылданған.

Жоғары температурада үздіксіз зарарсыздау әдісі зауыттарда қолданылады, қоректік ортаның сапасының минимум нашарлауына мүмкіндік береді, зарарсыздаудың эффективтілігін төмендетпейді.

20-суретте периодты және үздіксіз зарарсыздауда зарарсыздау ұзақтығына байланысты сұйықтықтың көлеміндегі температурасының өзгеруі келтірілген.Суреттен көрініп тұрғандай үздіксіз зарарсыздаудың зарарсыздау уақытын шамалап қысқартуға болады, сондықтан будың шығыны төмендейді.Одан басқа үздіксіз зарарсыздауды автоматты жүйеде орындау оңай болады.

21-суретте ағымда үздіксіз зарарсыздандырудың сызба  нұсқасы келтірілген.Қоректік орта бөлек ыдыстарда дайындалып, насос арқылы үздіксіз зарарсыздау қондырғысымен алдын ала зарарсыздалып дайындалған ферментерге жіберіледі.Циклдік зарарсыздауға қарағанда жоғары температурада зарарсыздауды қолдану,қоректік ортаны ұстау ұзақтығы тез арада қысқартылуына мүмкіндік жасайды, максимальды температурада периодты қыздыру және салқындату бірнеше секундқа созылады (20-сурет).

21сурет-Қоректік ортаны зарарсыздауға арналған қондырғының

сызба  нұсқасы.

            1 – сиымдылық ыдыс; 2 – насос; 3 – қыздырғыш;

            4 – ұстағыш; 5 – тоңазытқыш.

Егер қоректік ортада суспензирленген бөлшектер болмаса, онда 150-160°С температурада ортаны көп  рет зарарсыздайды.

Ортада суспензирленген бөлшек болса,онда ортаның оптимальды зарарсыздау темпертурасынан төмен болуы керек,демек бөлшектерді қыздыру уақыты ұзақтау болады.Мұндай жағдайда зарарсыздау температурасы 135°С құрайды, ұстау уақытысы 5-15 минутқа  жетеді.

 Зарарсыздандыруға арналған аппаратура. Үздіксіз зарарсыздандыру қондырғысы тізбектеле қосылған аппараттан тұрады: қыздырғыш, ұстағыш, тоңазытқыш.

Қыздырғыш аппарат будың аз жұмсалып, коректік ортаны зарарсыздау температурасына дейін тез қыздыру үшін қажет. Қыздырғыш аппарат конструкциясы жұмыс істеу режіміне байланысты, әртүрлі режимде болуы мүмкін. Кеңінен таралған қыздырғыштың түрі бағаналы бу инжекторлы, екі құбырлы (құбырдағы құбыр)және пластикалы. 22-суретте қоректік ортаны зарарсыздауға арналған бағаналы қыздырғыштың сызба нұсқасы келтірілген.

                                                                                                       

    

22 сурет-Қоректік ортаны зарарсыздауға арналған бағаналы қыздырғыш .

                   1 – буды беру құбыры; 2 – қыздырылған қоректік ортаны           

                   шығаруға арналған штуцер; 3 – бағыттаушы бұранда;

                   4 – қоректік ортаны беруге арналған штуцер;

 

Бағананың сыртында құбыр қорабы болып келеді,құбыр ішінде саңылауы бар кескіндер орналасқан. Бу ішкі құбырдың жоғары жағынан беріліп және саңылау кескін арқылы қоректік ортаға түседі.Қоректік орта төменнен жоғары қарай беріледі және бұрандалы бағыттауыштың арқасында иректеліп жоғары қарай жылжиды. Қоректік ортаны қыздыру уақыты  10-25 секундты құрайды.Аппарат қарапайым, размері кішкентай болып келеді, бірақ будың конденсациясы кезінде оның жұмыс жасауы гидравликалық соққымен жүргізіледі.

Ұстағыш -аппарат қоректік ортаны белгілі бір температурада зарарсыздап ұстайды, әрбір қоректік орта белгілі бір уақытта ұстағышта болса, онда аппарат толық ығыстыру принципімен жұмыс жасайды.23-суретте құбырлы ұстағыш зарарсыздағыш келтірілген. Үш құбырдан тұрады, тізбектеле штуцермен бекітілген.Құбырдың қоректік орта шығарылатын жерінде зарарсыздау температурасына сәйкес қысымын автоматты түрде реттеуші орнатылған.Ұстағыш манометрмен және термометрмен жабдықталған.

Тоңазытқыш-аппарат, қоректік ортаны зарарсыздағаннан кейін  салқындатады.Қабырғасы арқылы, су құбыры арқылы салқындатылады, жейдеде циркуляцияланады.

 

 

         23 сурет-Ұстағыш:

          1- ортаны кіргізуге арналған штуцер;

          2-құбыр;3-  жалғаушы штуцер; 4-манометр;

          5-қысымды автоматты түрде реттеуіш.

 

     24 сурет-Құбырдағы құбыр типті жылуалмастырғыш.

 

Пластинка типті салқындатқыш және қос құбырлы жылу алмастырғыш (құбырдағы құбыр) 24-суретте құбырдағы құбыр типті жылу алмастырғыш келтірілген. Қоректік орта ішкі құбырға беріледі, салқындатқыш су қарама қарсы жейдеде жылжиды.

Жылу алмастырғыш ауа кірмейтіндей герметикалық тығыз жабық болуы қажет,зарарсызданған ортаға судың түсуі инфицирлендіруді болдыруы мүмкін.Тоңазытқыш  бағасы қымбат  үздіксіз зарарсыздағыш аппараттар.

Кейбір микроорганизмдерді культивирлеу кезінде ыстықпен зарарсыздағанда бұзылуға ұшырамайтын, қыздыруға шыдамды компоненттерді қоректік ортаның құрамына қосуды қажет етеді. Бұл компоненттер жеке зарарсыздандырылады, содан соң зарарсызданған қоректік ортаға асептикалық күйде  қосылады.Оларды зарарсыздау үшін арнайы  фильтрлер арқылы шағылыстыру немесе фильтрлеу қабылданады.

 

Бақылау  сұрақтар

 

1.       Культивирлеу үшін   қоректік орта деп нені айтады ?

2.       Табиғи қоректік ортадан жасанды қоректік ортаның айырмашылығы?

3.       Жасушаға қоректік зат қалай түседі?

4.       Микробиологиялық өндірісте көміртегі көзі ретінде қандай шикізаттар     

      қолданылады?

5.       Азот көзі болып  қандай шикізаттар қолданылады?

6.       Фосфор көзі ретінде нені қолданады?

7.       Микроэлемент көзі болып қолданылатын негізгі тұздарды атаңыз.

8.       Қоректік ортаны дайындауда  қандай құрал жабдықтар  қолданылады?

9.       Қоректік ортаны зарарсыздауда  қандай әдіс қолданылады?

10.   Циклды зарарсыздауды қандай температуратурада және қанша уақытта

     жүргізіледі?

11.   Үздіксіз зарарсыздау қондырғысы  қандай аппараттан тұрады?

12.   Үздіксіз зарарсыздаудың периодты зарарсыздаудан қандай

      артықшылығы бар?

13.Қыздырғыш бағананың жұмыс істеу принципі немен   қорытыланады?

13.   Жоғары температураға шыдамайтын  қоректік ортаның компоненттерін

      қалай зарарсыздайды?

 

Ауаны зарарсыздау және тазарту сатысы

 

Биотехнологиялық технологияда  және биосинтезде көмекші операциялар үшін мол мөлшерде сығылған ауа немесе инертті газ қажет болады. Ауаны дайындау жүйесі технологиялық белгісі бойынша төрт топқа бөлінеді:

1) аэробты культивирлеу кезінде ферментацияға ауаны дайындау және  беру;

2) анаэробты культивирлеу кезінде культуралды сұйықтықтан газ тәрізді     

    өнімді шығару үшін инертті газды дайындау және беру;

3) пневматикалық тасымалдағышта сусымалы өнімді тасмалдауда және  

     микроорганизм суспензиясын бір аппараттан екінші аппаратқа

     айдау үшін тасымалдағышқа сығылған ауаны дайындау және беру;

4) технологиялық құрал-жабдықтың барлық түрлерінен шығарылатын газ   

    қоспасын  немесе ауаны тазарту;

Зарарсыздау процесі бойынша жалпы теориялық негіздеріне байланысты бұл жүйелердің өзіне тән ерекшелігі бар.Түптік культивирлеуде микроорганизмдерді аэробты өсіруде ферментатерге ауа үздіксіз беруі қажет.Ферментерге берілетін ауа бірнеше функцияны орындайды:

1)      микроорганизмдерді оттегімен қамтамассыз етілді;

2)      газ  тәрізді өнім  алмасқанда шығарылады;

3)      микроорганизмнен бөлінген жылу шығарылады;

4)      микроорганизм массасының суспензиясы біркелкі болуын құрайды;

5)      Массаны беру жылдамдығы  мен сұйық ортаны араластыру жылдамдығын күшейтеді.

Ауадағы микроорганизмнен тазартылған ауаны, сығылған ауаны  алу күрделі технологиялық мақсатта арнайы жүйеде іске асырылады. Ауаны зарарсыздаудың және тазартудың принципиальды технологиялық сызба нұсқасы  25-суретте келтірілген. Атмосфералық ауаны шаңнан және оны сығылған ауадан тазарту бірінші сатыда тұр. Атмосферадағы ауаны алдын ала тазарту 1 - фильтрі арқылы  2 - компрессорға  келіп түседі, онда қажет қысымға дейін (350-500 кПа) сығылады.Биотехнологиялық өндірістерде ауаны сығуда көбінесе құбырлы компрессор немесе поршенді компрессор қолданылады.

 

         

 

25 сурет-Ауаны зарарсыздаудың және тазартудың технологиялық сызба нұсқасы.

1-алдын – ала тазарту фильтрі;

2-құбырлы компрессор;

3-жылу алмастырғыш-салқындатқыш;

4-ылғал бөлгіш;

5-жылу алмастырғыш-қыздырғыш;

6-басты фильтр;

7- жеке фильтр;

Сығылған ауаны екінші сатыда  оптимальды термодинамикалық жағдайда ұстауы қажет.Сығылған ауа 100-2000С –температураға дейін қыздырылады, сондықтан оны жылу алмастырғышта 3-тен 25-300С темперптураға дейін салқындатады. Сығылған ауаны салқындатқанда атмосферадағы ылғал ауа  конденсирленіп 4 - ылғал бөлгіште бөлінеді. Су бөлінгеннен кейін  5 - қыздырғыш – жылу алмастырғышта қыздырылады. Одан әрмен қарай ауа 6 - басты фильтрге келіп түседі, оның оптимальды ылғалдылығын және температурасын  ұстап тұрады.Осы фильтрде ауаны салқын зарарсыздайды.Микроорганизмнің жасушалары және шаңның  бөлшектері бөлінеді.

Үшінші сатыда 7- жеке фильтрде ауаны соңына дейін тазалау және зарарсыздау іске асырылады.

Ауаны алдын ала тазарту фильтрі.Ауаны алдын ала тазарту фильтрі компрессордың алдында  сорғыш  жолда орнатылады.Фильтрдің жұмыс істеу принципі ірі бөлшектердің размері 5 мкм – көлемді инерционды тұнумен орындалады. Фильтрлеу жылдамдығы 1,5-3,0 м/с.Құрғақ бөлшектер тұнғаннан кейін фильтрден шығарылмайды, оның шаң қабаты майланады.Сондықтан мұндай фильтрді майлы фильтр деп атайды. Фильтрлеу алдын–ала тазарту периодты немесе үздіксіз болуы  мүмкін. Периодты фильтрге майлы фильтрді таспалы регенерирлеуші және құрғақ типті таспалы фильтрді жатқызуға болады.

Таспалы регенерирлеуші майлы фильтрлер көлеміне және ортаны фильтрлеуші түріне қарай ажыратылады. ФЯР типті кеңінен таралған тор –торлы фильтр.Таспалы регенерирлеуші майлы фильтр.Таспалы регенерирлеуші майлы фильтр конструкциясы бойынша қарапайым, қолданғанда сенімді, микроорганизді және көлемі 5 мкм-нан үлкен емес шаңды ұстайды. Мұндай фильтрлер насадканың бетіндегі 92-99 % ауадағы шаңды ұстайды. Регенерациясыз ауаның ластану дәрежесіне қарай,жұмыс істеу уақытының ұзақтығы 80-800 сағатты құрайды.

Құрғақ типті таспалы фильтр 10-15 қабаттан құралған, перфорирленген материалдан және винипласт қабатынан тұрады.Ауаны тазарту тиімділігі 70-85 % -ті құрайды. Фильтрлеуші материал ретінде таспалы фильтр қолданылады,шыны немесе химиялық талшықты материалдар қолданылады. Майлы фильтрмен құрғақ типті таспалы фильтрді салыстырғанда майды, иісті алып кетпейді.

Үздіксіз жұмыс істейтін фильтрлер үш түрде болады: майлы өздігінен тазартатын, талшықты, рулонды немесе катушкалы.

Майлы өздігінен тазартатын фильтрлер үздіксіз фильтрлеуші лентадан тұрады, ол маймен бірге ванна арқылы келеді. Бұл кезде шаңмен ластанған жуылады және майланады.Осының арқасында майланған жаңадан тазартылған фильтр арқылы ауа сорғыш компрессорға өтеді.Ауаның тазартылу дәрежесі 90-98%  құрайды.

Рулонды (катушкалы) фильтрдің құрлысы қарапайым, ол таза фильтрлеуші материал бір катушкадан екінші катушкаға үздіксіз жылдамдықпен оралуымен ауаны тазарту іске асырылады.Фильтрлеуші материал химиялық талшықтан немесе шыныдан жасалынған материал қолданылады.Бір рулонның үздіксіз жұмыс істеу мерзімі 1 жыл.

Талшықты фильтр форсункадағы сумен жуылған полимер талшықтан алынған көлемді мата болып келеді.Электростатикалық тартылыстың нәтижесінде талшық майда шаң бөлшектерді ұстайды.

Ауаны қатаң және нәзік тазартатын фильтрлер. Қатаң тазартатын фильтр екінші сатыда ауаны зарарсыздауда және тазартуда қолданылады. Негізгі қолданылатын жері фильтрден өткен қалдықтарды, жылу алмастырғыштағы және компрессордағы ластарды ұстау.Олар бірнеше ферментерді тазартуда қолданылады және басты ферментер деп атайды, сондықтан үлкен сиымдылықтағы ыдыс болып келеді. Басты фильтрдің құрылысы көлденең сосудта тіреуіш тордың түбінде орнатылған (26 сурет)

Торға шыны мақта, содан соң 0,8-1,0 см майдаланған активтелген  көмір және тағыда мақта қабатталып төселеді. Қазіргі заманға сай өнімділігі мол таспалы типті басты фильтр фильтрлеуші материал болып шыны талшық саналады.Периодты түрде(айына бір рет) басты фильтр өткір бумен 4 сағат 0,12 – 0,15 кПа қысымда зарарсыздандырылады, содан соң құрғақ ауада кептіріледі.

 

                             

 

        26 сурет- Басты аэрозольді фильтр

1,2-ауаның кіретін, шығатын штуцері;

3-будың жейдеден шығарылатын штуцері;

4-конденсаты төгуге арналған потрубка;

5-фильтрлеуші элемент;

6-будың жейдеге кіретін штуцері;

7-нығыздалған плиталар;

Фильтрде нәзік тазрту үшінші және тазартудың соңғы  сатысы және ферментерге баратын жолда ауаны зарарсыздайды. Сондықтан олардың жұмысы ерекше сенімді болады.

Нәзік тазартатын фильтрдің құрылысы қатаң тазартатын фильтрдің құрылысына ұқсас болады, олардың көлемі кішірек және фильтрлеуге эффективтілігі жоғары материал қолданылады

 Фильтрлеуші материалдың түріне қарай құрылысы таспалы (фланцевті) немесе патронды (гильзалы) аппарат қолданылады (27-сурет).Таспалы фильтрдің құрылысы түбінде талшық материалдан насадка жасалған, фигуралы фланц тесіктер арқылы болтпен тартылып бекітілген.

Патронды фильтрдің құрылысы кигізілетін материал ретінде дайын цилиндрлі фильтрлеуші элемент қолданылады, жартылай металл перфорирленген фильтр элемент оған кигізіледі.Элемент штуцермен қосылған, тесік арқылы тазартылған ауа шығарылады. Ф1 мен Ф2 нәзік тазарту фильтрдің құрылысы өте жіңішке талшықтан жасалған  базальтті ауыстырылып тұратын  фильтрлеуші элемент қолданылады.Ауаны нәзік тазартататын және зарарсыздайтын тез ауыстырылатын дайын стандартты фильтрлеуші патрон кеңінен қолданылады. Биотехнологиялық өндірісте ҚТФ маркалы фильтрдің әр түрлері ҚТФ-60 тан ҚТФ-1000-ға дейін (сандардың саны ауаға байланысты өнімділігін білдіреді м3/сағ) қолданылады.

 

 

                    

 

 

              27  сурет- Талшықты материалдардан дайындалған  

      аэрозольды   фильтрлердің сызба  нұсқасы:

                            а , в  - құрылысы таспа тәрізді Ф1 мен Ф2 фильтрі ; 

                            в-патронды  құрылысы П тәрізді  фильтр;

 

                               

 

         28 сурет- ҚТФ-60  Қатаң тазартатын фильтр:

         1-фильтрлеуші элемен; 2-қақпақ; 3-фланец;

                4-буды зарарсыздауға беретін патрубка.

 

Ферментердің көлеміне  қарай фильтрдің маркасын таңдайды.

28-суретте ҚТФ-60 нәзік тазартатын фильтрдің сызба нұсқасы келтірілген, фильтрлеуші материал ретінде қағаз базальтті супер талшық, гофрирленген базальтті қатты қағаз (картон), фторопласты элементтер және т.б.қолданылады.Ауаны нәзік тазартатын фильтрлер ауаның тазалығы мен зарарсыздығы 100 % болуын қамтамасыз етеді. Фильтрлеуші элементті фильтр корпусынан алмай өткір бумен фильтрлейді  зарарсыздайды.

Ауаны  тазартудың бақылау  процесі.Ауаны тазарту және зарарсыздандыру жүйесінде  бақылау және реттеу процесі үшін арнайы қондырғы орнатылады(25 сурет).Ауаның температурасы  3 тоңазытқыштан шыққанда, кіргенде бақыланады,5 қыздырғаннан кейінгі ауаның ылғалдылығы мен температурасы анықталады. Автоматты бақылау және ауаның параметрлерін реттеу және жұмыс істеу принциптері келесідей, 6 басты  фильтрге кіретін жерде температураның көрсеткішін тіркейтін аспап, ал арнайы реттегіш 5 қыздырғышта будың берілуін өзгертеді,олай болса ауаның температурасы регламент бойынша сәйкес келеді. Фильтрдің жұмыс істеу принципін бақылау тиімді, АЗ-3 және АЗ-5 түрлері шаңданған ауаның тазарғанын анализ жасап  жазып отырады.Аспап жоғары сезімділікке ие ( өлшемі 0,3 мкм болатын 1м3-те 2-3 мың бөлшектер).

Фильтрлермен ауа өткізгіш құбырларды зарарсыздау үшін өткір бу қолданылады. Фильтрлеуші элементке будың қысымын төмендету үшін, фильтрге екі жағынан шығатын және кіретін ауа өткізгіш құбырға бу беріледі. 1200С температурада таза және құрғақ бу берілуі керек, қысымын тұрақты  ұстап отыру  керек.

 

Бақылау сурақтар

 

1. Аэробты микроорганизмдерді өсіретін аппаратқа қандай мақсатпен

     ауаны  жібереді?

2. Ауаны тазалау мен зарарсыздаудың технологиялық сызба - нұсқасы   

     қандай   бөлімдерден тұрады?

3. Ауаны қатаң тазалайтын фильтрдің негізгі міндеті және оның құрылысы  

     және жұмыс істеу принципі?

4. Басты фильтрде қандай фильтрлеуші материалдар қолданылады?

5. Ауаны нәзік тазартатын фильтрдің жұмыс істейтін  орны мен атқаратын 

    міндеті?

6. Фланцты және патронды фильтрлердің құрылыстарының

     айырмашылығы  неде?

7. Ауаны нәзік тазартатын фильтрлерде қандай фильтрлеуші материалдар  

     қолданылады?

8. Ауаны тазартуға арналған фильтрлерді қалай зарарсыздайды?

 

 

 

Ферментация сатысы

 

“Ферментация” термині ертеректе ашу процесінде қолданылған, қазіргі кезде кеңінен қолданылуда.Ферментация процесінің арқасында микроорганизмдерді әр түрлі мақсатта өсіруде. Микроорганизмдерді культивирлеу процесі  әр түрлі. Микроорганизм – продуцентінің қасиеті әр түрлілігімен  түсіндіріледі, бірінші кезекте  оны өсіру технологиясын құруда ескеріледі.

 

Ферментация процесінің технологиялық ерекшеліктері

 

Технологиялық өрнектеу бойынша келесі биотехнологиялық процестер анықталады:

1)      аэробты және анаэробты культивирлеу;

2)      беттік және түптік культивирлеу;

3)      периодты және үздіксіз культивирлеу;

Өндірісте сұйық қоректік ортада аэробты микроорганизмді түптік культивирлеу процесі кеңінен таралған. Аэробты микроорганизмді түптік культивирлеуде бірқатар ерекшеліктер бар. Культивирлеу процесі күрделі көп фазалы жүйеде жүреді: газ – сұйық – қатты дене (жасушалар). Қатты фаза күйінде және суда ерімейтін көміртегі көзі түрінде болады (мысалы, н-парафиндер).

Тіршілік ететін микроорганизмдерден жылу бөлінеді және егер  лабороториялық жағдайда көлемі үлкен емес сосудта ыдыста микроорганизмдер өсірілсе жылу бөліну процесі сезілмейді, ал үлкен көлемдегі аппаратта микроорганизмдерді культивирлеу процесінде жылудың бөлінгені сезіледі.Сондықтан культивирлеу процесінде культуралды сұйықтықтың барлық бөлігінде температураны барлық уақытта ұзақ ұстап тұру керек.Олай болса, микроорганизмді өсіру процесінде көп мөлшерде оттегі қажет, ал ол культуралды сұйықтықтың төмен еруін, үлкен көлемде ауаның аппараттан үздіксіз берілуін және  шығарылуын қамтамасыз етеді.

Ферментация процесінде көбік пайда болады, процесте көбіктің болмағаны дұрыс және оны жою керек. Көп жағдайда ферментация процесі кезінде аппаратқа бөгде микрофлора түспеуі қажет, демек зарарсыздау процесін ұзақ уақыт ұстау керек. 

      Биотехнологиялық процестің жалпы ерекшеліктері, сондай-ақ кейбір басқа да  микроорганизмнің нақты культурасы үшін ферментация процесінің ферментерінің арнайы құрлысын қайта өңдеуде ескеріледі.

 

Ферментердың   құрылысы

 

Ферментердің құрылысы микроорганизмнің өмір сүруіне, өсуіне қолайлы орта жасау үшін жылуды және зат алмасуды қамтамасыз етуде қажет.

Ферментерлер жабық цилиндрлі сосуд ыдыс, арнайы қондырғымен жабдықталған:

1)      ауаны беру үшін және диспергирлеу үшін;

2)      ортаны гомогенизациялау;

3)      көбікті сөндіру;

4)      қыздыру және салқындату;

5)      бақылау - өлшегіш аспаптар.

Ферментердің құрылысын таңдауда микроорганизм - продуценттінің түрлерін және биосинтездің соңғы өнімін қолдану ескеріледі. Ферментердің атқаратын қызметіне қарай лабараториялық, жартылай өндірістік және өндірістік болып бөлінеді. Ферментердің принципальды құрылысын бөлуге болмайды, бірақ ферментердің атқаратын қызметіне қарай әр түрлі сиымдылықта болады 0,001м3-тан бірнеше жүз куб метрге жетеді.

Ферментер дайындалатын негізгі материал – тот баспайтын болат. Лабораториялық аппарат шыныдан жасалған. Негізінде энергия жүргізу әдісімен  және қоректік ортаны аэрациялаумен ферментердің құрылысы анықталады. Осы принципі  бойынша ферментерді үш топқа бөлуге болады:

1.       газды фазаға энергия жүргізілген ферментерлер;

2.       сұйық фазаға энергия жүргізілген ферментерлер;.

3.       комбинирленген энергия жүргізілген ферментерлер.

Газды фазаға энергия жүргізілген ферментерлер. Аппаратта культуральды сұйықтықты сығылған ауамен аэрациялаумен және араластырудың бұл түрі ферментерге белгілі бір қысымның берілуімен іске асырылады. Компрессордың жұмыс істеуіне энергия жұмсалады. Ферментерлердің құрылысы ауаны беру әдісімен және барбатердің, аэратордың құрылысымен ажыратылады (29-сурет).Барботердегі саңылаудың жалпы ауданының түріне байланысты емес құбыр өткізгіштің  көлденең ауданынан кем болмауы керек, сол жерден ауа жүргізіледі.

 

        29 сурет-Барботердің негізгі түрлері:

         а-тік бұрышты;  б-ай тәрізді;  в-сақиналы;

 

Барботажды ферментерлердің құрылысы жағынан қарапайым. Формасы цилиндрлі темір ыдыс болып келеді.Аппараттың түбінде ай тәрізді  барботер орнатылған, одан сығылған ауа беріліп отырады.

Аппарат резервуар түрінде болуы мүмкін,түбінде барботер орналастырылған, тік бұрышты перфорирленген қақпағы бар ауа таратқыш қорап (тесіктің диаметрі 0,3-0,5 мм). Аэрациялаудың тиімділігі қораптың тесігінен шыққан газдың жылдамдығының жоғарылау есебінен болады. Аппаратта салқындатқыш қондырғы орнатылған канал түрінде мұздай су жүретін коллектормен қосылған. Қазіргі кезде елімізде бұл аппараттар ВДА – 30 және ВДА – 100 маркалы болып шығарылады (цифрлары аппараттың сиымдылығын көрсетеді м3). Ферментерлер ашытқы өсіру үшін қолданылады, ашытқы өсіргіш аппарат деп аталады.

                   

 

30-сурет. Лефрансуа жүйелі ферментер:

                1-аппарат корпусы;   2-ауа үрлегіш;

                3-диффузор;   4-кювета.

Диффузоры мен аппарат (эрливті аэратормен) жабдықталған. Ол аппараттардың ішіндегі ең кеңінен таралғаны. Ашытқы өсіруші аппарат Лефрансуа аппаратының  құрылысы (30-сурет).Ферментерде ішкі цилиндрлі – диффузоры болады, сұйықтықты циркуляциялайды. Сақиналы аэратор саңылауы арқылы ауа жібергіштен жіберіледі,  қоректік орта аэратордың астында орналасқан кюветаға келіп түседі. Сұйықтықтың қабықшасы кюветаның шеттері арқылы асып төгіліп аэратордың саңылауынан шыққан ауамен кездеседі. Нәтижесінде сұйықтық тығыздығынан тығыздығы аз көбікті эмульсия пайда болады және ол диффузор бойымен жоғары көтеріледі. Көбік эмульсиясының бетінде ауа бөлініп және аппараттан шығарылады.Сұйықтық қалған көбікпен бірге диффузор мен аппарат корпусының арасынан төмен  қарай жылжиды. Жылуды шығару сыртқы қабырғаның салқындауымен іске асырылады, сондай – ақ мұздай су диффузор мен қабырғасының арасымен беріледі. Аппараттың құрылысының артықшылығы, механикалық араластырғыш пен механикалық көбік сөндіргіштің  болмауы. Кемшілігі ауаның мол мөлшерде жұмсалуы.

Аппараттың бұл тобы ашытқы өндірісінде сонымен қатар амин қышқылы мен антибиотик өндірісінде кеңінен қолданылады.

Түтікшелі ферментерлер (газлифті)  түтікше типті реактордан және сепаратордан тұрады және  циркуляциялық құбыр бір-бірімен жалғасқан. Реактордың төменгі бөлігінде  ауа камерасы бар, содан сығылған ауа жіберіледі (31-сурет).Ауа  камерасынан ауа диаметрі 4 мм барботер -құбырына келіп түседі және жоғары жылдамдықпен диаметрі 56 мм құбырмен сұйықтық жоғары жылжиды. Реактордың жоғарғы камерасында ауаның жарты бөлігі сұйықтықтан бөлініп  реактордан шығарылады, ал сұйықтық ауа төменнен жоғары қарай жүрмейтін құбырға келіп түседі.

 

 

                                        

 

31 сурет-Газлифті ферментер:

1-құбырлы реактор;  2-сепаратор; 3-механикалық көбік сөндіргіш;

4-циркуляциялы түтік; 5-ауа камерасы.

Реактордың жоғары жағындағы көбік центробежді көбік сөндіргіш сепараторға келіп түседі, көбік сөндіргішпен сөндіріледі.Көбік сөндіргенде пайда болған сұйықтық циркуляциялы түтік арқылы реактордың  астыңғы жағына қайтып оралады және ауа жоғары көтеріледі. Нәтижесінде ферментерде циркуляциялық ішкі және сыртқы екі контур пайда болады.

Реактордың құбырының арасынан  салқындату үшін су беріледі.                          Ауа таратқышы мен форсункалы ферментатер. Аппараттың негізгі құрылысының ерекшелігі – ол сығылған ауаны беретін форсунка.

 Форсунка аппараттың түбіне бекітілген, ал форсунканың астында диффузор орнатылған (32 сурет). Белгілі жылдамдықпен форсункадан ауа шығарылады, ал культуральды сұйықтық диспергирленеді.  Жеңіл  ауалы-сұйықтық эмульсиясы диффузормен жоғары көтеріледі, сонда ауаның бір бөлігі сұйықтықтан бөлініп тығыздығы жоғары болса диффузор мен корпустың қабырғасының арасынан жіберіледі. Форсунканың саңылауынан ауаның құйылып келуінің есебінен культуральды ортаның жаңадан жасалған (порциясын) үлесін қамтамасыз етеді.   

                                

                                        

       

       32 сурет-Ауа таратқышы мен форсункалы ферментер:

            1-аппараттың корпусы;  2-диффузор; 3-форсунка.

 

Мұндай аппараттың әр түрлілігі ферментердің түбі конусты бір немесе бірнеше тесігі бар ол форсунка орнатуға арналған (33сурет).Бұл ферментерлер конус - тұмсықты, сығылған ауа тұмсығы арқылы  беріледі және культуральды сұйықтық диспергирленеді. Биосинтез осындай аппаратта көбік қабаты негізінде жүргізіледі.Микроорганизмді культивирлеуге арналған конус - тұмсықты ФС-5 және ФУ-6 маркалы фементерлерге комплексті лабораториялық қондырғылар жатады.

                                

                                                   ауа    

       

                 33 сурет- Түбіндегі тұмсығымен  ауа таратқыш ферменатер.

 

Бағаналы типті ферментер, цилиндр тәрізді бағана, көлденең секцияларға бөлінген (34 сурет).Әрбір секцияда өздігінен салқындататын бақылайтын жүйе  болады.Ферментерлердің мұндай түрінің негізгі құрылысындағы айырмашылығы секциялы қоршаулар оны табақша деп атайды.Табақтар жалпақ немесе сегментті, торлы, қалпақты болып бөлінеді.

Ауа бағананың төменгі жағынан беріледі, әр табақтың астына жиналады және сұйықтықтың қабаты арқылы табақта барботирленеді.       Культуральды сұйықтық сақиналы саңылау арқылы аппарат корпусымен табақша жиегімен шетімен төмен  қарай ағады.Мұндай кезде ауамен сұйықтық қарама-қарсы жылжиды. Әрбір табақша бетіндегі контактілі фаза жаңарып отырады. Бағаналы аппарат үздіксіз культивирлеу процесінде кеңінен қолданылады.

 Түйіршік қосылған ферментер. Цилиндрлі ыдыс, размері белгілі, қатты түйіршік бөлшектермен толтырылған болып келеді (35 сурет).

Ауа қысыммен дөңгелек барботер арқылы төменнен беріледі. Қоректік орта  мен культуральды сұйықтық циркуляциялауға аппаратқа төменнен беріледі.

                             

 

                       34 сурет-Бағаналы ферментер.

 

Ауа барботерден сұйықтық пен түйіршік бөлшектермен шығарылады. Ауа көпіршіктері қатты түйіршік бөлшектермен соқтығысып, ыдырайды, нәтижесінде осы микроаумақта сұйықтықтың ағу жылдамдығы төмендейді, микроорганизмді құрайтындар барлық уақытта жаңа қоректік ертіндімен байланыста болады.Түйіршіктерге үлкен талап қойылады: ол химиялық инертті, белгілі тығыздықпен, соқтығысқанда берік болуы керек.Түйіршіктер қосылмаған ферментерге қарағанда,түйіршік қосылған ферментерде көп биомасса жиналады.

 

 

                  35 сурет-Түйіршік қосылған ферментер

Сұйық фазаға энергия жүргізілген ферментер. Аппараттың бұл түрі өсімдік шикізаты гидролизатынан алынатын азықтық ашытқы өндірісіндегі өнімділіктегі азырақ қондырғы бұрыннан қолданылады. Ірі тонналы өндірісте өздігінен сорғыш құбырдың құрылысын жаңартуда, мұнай парафинінен азықтық ашытқыны алу үшін аппараттарды құруға болады.

Өздігінен сорғыш түтікпен аппарат. Фементерлердің бұл түрі құрылысы жағынан қарапайым және қолдануға қолайлы. Аппарат корпусына  цилиндрлі диффузор орнатылған, ол оның астынғы жағында жабық түтік түрінде тарамдалған кішірек саңылауы бар табанша араластырғыш бұлғағыш орнатылған (36 сурет). Түтік жартылай  түтік білікке орнатылған, ферментердің жоғарғы жағында ауа атмосферамен байланысқан. Ішкі табанша араластыратын бұлғағыштың айналуының арқасында ауа сұйылтылып аппаратың жоғарғы бөлігінен немесе сыртынан жартылай білік арқылы ауаны  сорып алады. Өздігінен соратын ауаның мөлшері 1,5-2м аспайтын сұйықтықтың түбіне жетеді. Өздігінен соратын аэратор культуральды сұйықтықты да бір уақытта араластырады. Сұйықтық көбікпен бірге қабырға шеттеріне шашырап және аппаратпен диффузор қабырғасының арасымен жоғары көтеріліп және жоғарғы жағынан асып төгіліп  құйылады. Жылу аппаратта орнатылған жыланша арқылы жүргізілген жыл сумен бірге шығарылады.

Егер де өндіріс аппаратында сұйықтықтың биіктігі аппараттан 2м көп болса, онда желдеткішпен немесе компрессормен ауа берілуі керек. Бұл топтағы ескі және бұрыннан белгілі аппарат азықтық ашытқы зауытында қолданылатын аппарат «Вальдгоф» деп аталады.

 

                                

 

36 сурет - Аэрация жүйесімен өздігінен сорғыш ферментер:

1-жартылай  табаншалы аэратор; 2-диффузор; 3-аппараттың корпусы;

4-ауа үрлегіш; 5-субстрат беретін құбыр; 6-бұлғағыштың жетегі;

 

Құбырэжектерлі араластырғыш қондырғысымен ферментер. Аппарат тік он екі бөлік секцияға бөлінген болып келеді (37 сурет). Аппараттың диаметрі 17м. Бірінші тоғыз секциясында ашытқы өсіріледі, ал соңғыларында ашытқы өсіріліп жетіледі. Культуральды сұйықтықты араластыруға және ауаны беріп отыруға әр секция бөліктеріне эжектор орнатылған, ферментер қақпағында орнатылған двигательдің көмегімен айналдырылады.

Айналмалы эжектор екі сатылы өздігінен ауаны сорғыш түтікше типті араластырғыш бұлғағышы бар сұйықтық жоғарығы және төменгі мойнынан шығарылып және кіргізіліп отырады.

Құбыр нығыздалып жабылып, құбыр бойынша эжектормен ауа сорылады. Культуральды сұйықтықты циркуляциялау үшін әр секцияға диффузор орнатылған. Культуральды сұйықтықты салқындату үшін диффузорда жылу алмастырғыш орнатылған.Секцияның жоғарғы қақпағына механикалық көбік сөндіргіш орнатылған.Құбырдың айналуының арқасында атмосферадан ауа сорылып, құбыр бойымен сұйықтық пен араласуға эжекторға келіп түседі.

Сұйықтық құбырэжектордан жоғары қарай жылжиды, жыланша типті жылу алмастырғыш қондырғы шайылып одан кейін екіге бөлінеді:

 

           

 

 

   37 сурет - Құбыр эжектерлі араластырғыш қондырғысымен

               ферментер: 1- эжекциялы қондырғысы ; 2-ауа үрлегіш;

               3-көбік сөндіргіш; 4-сепаратор; 5- құбыр эжектер жетегі;

               6-жылу алмастырғыш; 7-диффузор;

 

сұйықтықтың біреуі циркуляциялы қондырғының орталық бөлігіне және құбыр эжектордың жоғарғы мойнынан, ал екінші бөлігі циркуляциялайтын қондырғының шет шетімен түбіне қарай түсіп құбыр эжектордың төменгі мойнынан шығарылады.Секциямен тігінен бөлгіш қоршаудың арасындағы тереземен культуральды сұйықтық белгілі жылдамдықпен ағып өтеді.

Сұйық мұнай парафинінде азықтық ашытқыны  алу өндірісінде құбыр эжекторлы жүйеде аэрациялау және араластырғышы бар ферментерлер кеңінен қолданылады.

Культуралды сұйықтық төгіліп құйылып тұратын ферментер ГДР-да патенттелген,сұйық фазаға энергия жүргізілетін аппаратқа жатады, демек аппаратқа сұйықтықты жоғарыдан беруге насостың жұмыс істеуіне энергия жұмсалады.

Ферментердің корпусында бір ғана бағана бар, секциялар бірінің астында бірі орналасқан, культуральды сұйықтық төгіліп құйылып тұратын түтікпен қосылған (38сурет). Культуральды сұйықтықты циркуляциялайтын насостың көмегімен бағананың жоғары секциясына береді және культуральды сұйықтық құйылып тұратын құбырмен төменгі секцияға культуральды сұйықтық ағады. 

 

                               

 

38 сурет- Культуральды сұйықтық төгіліп құйылып тұратын ферментер:

1-циркуляциялы насос;  2-газ құбыры;

3-төгуге арналған түтік;  4-ауа шығарылатын потрубка;

5-секция;  6-бағананың корпусы;

 

Сұйықтық жылжып құйылғанда газ өтетін құбыр арқылы түсетін ауаның есебінен сұйылтылады. Ауа ағып өтетін сұйықтықпен төменгі секцияға түседі, культуральды сұйықтықтың құйылу импульсі, культуральды сұйықтықтың құйылу саны аппараттың түбіне дейін келіп жетуімен есептеледі.Соның арқасында жоғарғы турбуленттіке жетеді, газдың жұқа дисперсиясы, газдың ортаға ұзақ уақыт бойы келуі. Ферментердің мұндай құрылысы үлкен көлемді болуы керек.

Комбинирленген энергия жүргізілген ферментелер.. Бұл аппаратта энергия комбинирленіп жүргізу іске асырылған: газды фаза – аэрациялау үшін және сұйық фаза араластыру үшін.

Ферментердің мұндай түрі микроорганизм – продуценті көлемі ірі колонна түзетін және одан басқа қоректік ортада жоғарғы тұтқырлықта өсетін антибиотик өндірісінде кеңінен қолданылады.

Ферментер цилиндрлі ыдыс түбі сфера тәрізді механикалық араластырғыш бұлғағышы бар, ферментерге барботер орнатылған (39 сурет). Барботерлер араластырғыш бұлғағыштың төменгі ярусының астында орнатылған және құрылысы әр түрлі болуы мүмкін.

 

 

39 Сурет-Механикалық араластырғышы бар ферментер:

1-барботер;  2-шағылыстыратын қоршау;

3-бұлғағыш; 4-жейде; 5-көбік сөндіргіш;

 

40 сурет-Құйылып ағып тұратын  қабықша мен ферментер:

 

Араластырғыш қондырғының функциясы культуральды сұйықтықтың тоқтап қалған аумағын болдырмау, сонымен қатар аппараттың барлық көлеміндегі культуральды сұйықтықтың барлық жеріндегі температураның біркелкі болуын қаматасыз ету, жасушаға өнімді қоректендіруге өз уақытысында жеткізу және матаболит өнімінің шығарылуын қамтамасыз ету болып саналады.

Культуральды сұйықтықты араластыру үшін кеңінен таралған механикалық бұлғағыш. Бұлғағыштың қозғалуы сұйықтыққа беріледі нәтижесінде құйындаған ағым пайда болады. Бұлғағыштың жоғары жылдамдықпен айналуының нәтижесінде ортасында иірім пайда болады. Бұлғағыш жылдамдығы мен бірдей орта өсіріледі және жеткіліксіз араластырады. Аппарат ішіндегі жылдамдықта турбуленттілікті құру үшін шағылыстырылғыш қоршаулар орнатылады. Олар тот баспайтын болаттан жасалған, радиальды тігінен күрекшелер, ферментер қабырғасынан кішірек саңылау қалдырылып орналастырылады. Қоршау шағылыстырғыштың саны 4-тен 6-ға дейін болады.

Ферментердегі жылуды шығару үшін, салқындататын суды циркуляциялауға ферментер сыртында жейде, ішінде жыланша жылу алмастырғыш орнатылған. Ферментердің кемшілігі механикалық араластырғыш бұлғағышты айналдыратын бөлшектердің көп болуы, сондай–ақ бұлғағыш орнатылған білік арқылы бөгде микрофлораның түсуі.

Құйылып  ағып тұратын қабықша ферментер. Аппараттың құрлысында  сұйық және газды фаза комбинирленген энергияны қолданады. Аппарат цилиндрлі ыдыс ішінде тігінен құбырлар толтырылған (40сурет). Культуральды сұйықтық насостың көмегімен аппараттың жоғарғы жағынан беріледі және тік каналдармен жұқа қабықша тәрізді культуральды сұйықтық ағып өтеді. Ауа төменнен қысыммен беріледі. Берілген ауаның жылдамдығын культуральды сұйықтықтағы қаныққан оттегінің жылдамдығымен реттеуге болады.

 

Биосинтез процесінде  аэрациялау және араластыру

 

Аэробты микроорганизм продуцентін қолданып биотехнологиялық процесте ортаның аэрациясы міндетті түрде болуы тиіс, микроорганизмдердің оттексіз тіршілік етуі мүмкін емес. Культуральды сұйықтыққа арнайы аэратор қондырғысымен ауа беріледі, культуральды сұйықтықтың барлық көлеміне ауаның бірдей таралуын аэрация процесі іске асырады.

Биотехнологиялық процесте тұтқыр ерімейтін компоненттерді құрайтын (меласса, соя ұны және т.б.) қоректік орта қолданылады, ал микроорганизмдер продуцентінің формасы сопақша болып келеді (мицелия, саңырауқұлақ формасы және т.б.).  Культуральды сұйықтықтың барлық көлемі біркелкі болуы үшін бұлғағыш араластырғышпен араластырылады.

Аэрация термині культуральды сұйықтыққа ауаны берумен түсіндіріледі,ал ортаны араластыру термині ортаның турбулизациясын локальды турбуленттік құйындануы құрайды, жылу мен зат алмасу процесін қарқындатуға болады.

Культуральды сұйықтықтан жасушаға келіп түсетін заттардың ішіндегі негізгі лимиттеуші компонент және жоғары жылдамдықпен оның мироорганизмін қолданатын  оттегі болып саналады. Микроорганизмнің түрлеріне қарай субстратты қолданатын оттегін қолдану әр түрлі болады.

Ашытқыны әр түрлі ортада өсіргенде оттегін тұтыну: қантты ассимиляциялағанда абсолютті құрғақ ашытқы 0,8 г О2/г, органикалық қышқылда өсіргенде абсолютті құрғақ ашытқы 2г  О2/г дейін жетеді, ал сұйық парафинде 3г О2/г дейін тұтынуын құрайды. Мұндай айырмашылықтар оттегі кейбір жағдайларда энергияның пайда болуына  жұмсалмайды, сондай – ақ оттегі биомассаны синтездегенде  жұмсалады.

Микроорганизмдер тек еріген оттегін қолданады. Қоректік ортадағы оттегінің еруі бірқатар факторларға байланысты (ортаның рН құрамына, температурасына, қарқынды араластырылуына және т.б.).

Бірнеше минутта микорорганизмдерді оттегімен қамтамасыз етуде аз концентрация жеткілікті. Процесте микроорганизмді оттегімен қамтамасыз ету үздіксіз ауа берумен іске асырылады, өндірістік масштабта оттегі көзі жалғыз экономика жағынан тиімді.

Газды фазадан микроорганизмнің жасушасына оттегін тасмалдау күрделі физико – химиялық процесс болып келеді, бірнеше фазалық өткелден бөліп алуға болады. Бірінші өткел газды фазадан сұйық фазаға ауысудағы оттегінің абсорбциясы.

Сұйық фазаға масса беру, контактідегі фазаның ауданы мен процестегі қозғалушы күшінің концентрациясының градиенті, сұйықтың диффузонды шекаралық қабатының қарсыласуына байланысты  болады.

Екінші өткел – оттегі сұйықтықтан жасушаға ауысуда, жасушаның ішкі қабатының беті мен сыртқы қабатының беті шекаралық диффузиондық қабатының қарсыласуыннан асып түсуі қажет. Жасушаның айналасында кристалл тәрізді гидрат қабат пайда болады, тұтқырлығы жоғары болса  қоректік заттың диффузиясы мен оттегінің жасушаға үлкен кедергісін білдіреді. Жасуша ішінде оттегін тасымалдау активті немесе пассивті диффузия механизмімен жүргізіледі. Ортаның сыртқы факторлары тек қана жасушаның сыртқы қабатына оттегінің концентрациясы ғана әсер етіледі.

Аэрациялау мен араластырудың арқасында оттегі газды фазадан жасушаға қарқынды тасымалдануға мүмкіндік жасайды. Ортаға ауаны қосқанда және араластырғанда сұйық және газды фазаның контактідегі бетінің ауданы ұлғаяды, тұтас сұйық фаза мен газды фазаның арасындағы градиент концентрациясы өседі, бір жасушалы гидрат қабатының қалыңдығы мен сұйықтықтың  диффузионды шекаралық қабатының қарсыласуы кемиді.

Аэрациялау мен араластыруды аппаратта араластырғыш қондырғысы жоқ және жасушаны оттегімен қоректендіруге ауаны бергенде және ортаның турбуленттігі үшін іс жүзінде ажырату өте қиын. Аэрациялау мен араластыру микроорганизмнің өсуіне әр түрлі әсер ететініне анықталған белгілері бар. Мысалы, ортадағы оттегінің тұрақты концентрациясын қарқынды араластыруға байланысты культураның өсуінің меншікті жылдамдығы бекітілген. Қарқынды араластырудың жоғарылауынан еріген оттегі концентрациясының меншікті өсу жылдамдығына әсері төмендейді.

Араластыру режимінен асып түскенде немесе белгілі мөлшерден артық аэрациялағанда, кейде жасушаның тыныс алуы мен жасушаның өсуінің  ингибирленгені байқалады, себебі жасуша айналасындағы диффузонды қабыршақтың жоғарылауы немесе қалыңдығының азаюы мүмкін. Ортаны қарқынды араластыруының төмендеуі, жасуша айналасының қабыршағының қалыңдауына мүмкіндік береді және нәтижесінде биосинтездің активтілігін төмендетеді.

Қарқынды араластыруды төмендету (араластырғыш бұлғағыштың айналу санын төмендету) культураның оттегін тұтынуының төмендеуіне әкеп соқтырады, мүмкін сол кезде ортада еріген оттегінің концентрациясы ұлғаяды. Олай болса, ортаның турбулизациясының өзгеруі оттегінің ортадан жасушаға ауысуы, газдан сұйықтыққа ауысуына қарағанда жоғарғы дәрежеде әсер етеді. Микроорганизмнің оттегін тұтынуы бірдей емес, биосинтез процесінің нәтижесінде оттегіне әсер ететін механизмді ескеріп оттегімен қамтамасыз ету жүргізіледі.

Бірқатар процесте (мысалы ашытқы өсіруде) биосинтез процесі оттегін мол мөлшерде тұтынумен жүргізіледі. Кейде оттегінің мол болуы зиян екені сезіледі. Биотехнологиялық синтездің кейбір процесінде еріген оттегінің оптимальды концентрациясы ферментация сатысына байланысты өзгеруі мүмкін демек, культура жасына байланысты. Әрбір микрорганизм түрі үшін еріген оттегінің критикалық концентрациясы Скр болады. Егерде еріген оттегінің концентрациясы төмен болса,Скр критикалық концентрациясы микроорганизмнің оттегін тұтыну жылдамдығына әсер етеді. Жасушада биохимиялық өзгеріске ұшырауына оттегі үлкен роль атқарады. Сондықтан биосинтез процесі кезінде ортаның концентрациясын бақылау және реттеу өте маңызды. Аппаратта оттегінің масса беруінің бірнеше бағалауда сульфитті әдісін өңдейді.  Лабораториялық және жартылай өндірістік аппаратта қолданылатын кең таралған әдіс сульфиттік әдіс деп аталады.

Сульфиттік әдіс – аппаратта натрий сульфаты - су модельді жүйеде оттегінің массасын тасымалдауда көлемді коэффициенті бағалауы мүмкін. Оттегінің массасын тасымалдау сульфид санымен QS 1 сағат уақытта тотыққан 1л ерітіндідегі натрий сульфитінің моль санымен анықталады. Сульфид саны берілген аппараттағы оттегі адсорбциясының жылдамдығымен сипатталады және басқа аппараттағы масса алмасу мүмкіндігін салыстыру үшін қолданылуы мүмкін. Теңдеу бойынша сульфитті әдіс натрий сульфатының оттегімен тотығуы натрий сульфаты CuSO4  катализатор есебінде қатысуымен негізделген:

 

                   2Na2SO3 + O2                   2Na2SO4

 

Теңдеу бойынша әсер етпейтін натрий сульфитіне иодтың әсер етуі:

 

              Na2SO3 + I2 + H2O           Na2SO4 + 2HI

 

Натрий сульфитін иодпен кері титрлеу нәтижесінде Na2SO4 тотығу жылдамдығы есептеледі  және оттегінің абсорбциялану жылдамдығы да.

Басқа зерттеулердің кең таралған әдісі және оттегінің масса алмасу процесі бақылау процесі деп аталады, жүйеде оттегінің белгілі балансымен қорытындыланады демек, аппаратқа кірген және шықан оттегінің концентрациясының қатынасымен орындалады. Бұл әдіс өндіріс аппараты үшін қолданылуы мүмкін. Еріген оттегінің концентрациясын анықтау үшін полярографиялық әдіс қолданылады, сондай-ақ жасушаның оттегін жұту жылдамдығы бойынша көмекші әдіс.

Өндірісте оттегінің еріген концентрациясы арнайы датчиктің көмегімен анықталады, оның құрлысы барлық уақытта жаңартылып отырады. Микроорганизмді культивирлеу процесінде газ тәрізді метаболиттер бөлінеді, негізгісі болып көміртегі диоксиді СО2 саналады. Аэрация және араластыру процесі бір уақытта өсіп жатқан культураны оттегімен қамтасыз ету, ортадағы газ тәрізді метаболиті жоюға мүмкіндік жасайды.

Судағы көміртегі диоксидінің еруінен оттегінің еруі 2,5 есеге жоғарылайды,  ал сілтілі ертіндіде ол одан да көп ұлғаяды. Биосинтез процесінде СО2 көміртегі диоксидінің ролі жеткілікті оқылмаған. Көміртегі диоксидінің белгілі концентрациясы микроорганизмдердің өсуін ингибирлейді, екінші жағынан культуральды сұйықта көміртегі диоксиді болмаса, биосинтез процесінің жүруі теріс болады. Сондықтан еріген оттегінің концентрациясын бақылау, еріген көміртегі диоксидінің концентрациясымен өлшейді және  қалыпты  мәнде ұстап тұрады.

Сұйықтықтағы көміртегі диоксидінің жеке өзінің парционды қысымын өлшеу, ферментерден өңделіп шыққан ауаның өлшемімен ауыстырылуы мүмкін.

 

Көбіктің пайда болуы және көбік сөндіргіш

 

Аэробты микроорганизмді өсіру процесінде ферментерге ауаны берумен жүреді  және қоректік ортаны араластырғаннан күшті көбіктің пайда болғаны байқалады. Газды фазаны енгізу, сондай–ақ қоректік орта құрамында қоректік  субстрат тұздың болуы, микроорганизмнің метаболизм өнімі мен беттік – активтік заттың болуы биосинтез процесіндегі көбіктің пайда болуын тудырады.

Ферментердегі көбіктің  пайда болуы, бір жағынан жоғарғы жағындағы масса алмасуының дамуынан ауадағы оттегінің еруі тездесе, екінші жағынан тез арада аппарттағы пайдалы көлем төмендейді,  көбік асып төгіледі, бөгде микрофлора мен ластану қауіпі жоғарылайды. Ферментерді толтыру коэффициенті 0,5-0,6 құрайды.Газ құрамының көбеюінен ортаның деңгейі жоғарылайды, былайша көбіктің көлемі 10 %-тен жоғарыламайды, 1м3 культуральды сұйықтағы өнімнің шығымы мен оның өзіндік құны, мұндай технологиялық көрсеткіштер көбік сөндіру әдісінің тиімділігіне байланысты. Биотехнологиялық өндірісте көбіктің пайда болуымен күресу.

Өндірістегі ферментер аэратор немесе барботердің саңылауынан  газды ығыстырып шығарып, турбулентті ағымдағы әр түрлі көлемдегі көбікті ыдыратады. Егер газды беру жылдамдығы сұйықтықтың көлеміндегі табиғи көбіктің көтерілуінен жоғары болса, онда оның беткі қабатында көбік түрінде газ жиналады.

Таза сұйықтықтағы көбік  көпіршігінің төзімділігі нольге тең, нәтижесінде көбікті қоршаған сұйық  қабықшаның беріктігі төмендейді. Культуральды сұйықтыққа,  микроорганизмдер қатысады және әр түрлі еріген заттар (қоректік компоненттер мен метаболизм өнімі) пайда болады, сондықтан барлық уақытта берік көбік қабаты түзіледі. Культуральды сұйықтықтың беткі жағында барынша берік газ пайда болады және үздіксіз аэрациялау нәтижесінде барлық культуральды сұйықтық көбікке ауысуы мүмкін.

  Қазіргі кезде көбікті ыдырату үшін және көбіктің пайда болуын ескерту үшін әр түрлі заттар  қолданылады.  Культивирлеу процесінде бастапқы қоректік ортадан көбіктің пайда болуын, ескерту үшін адсорбенттерді   (активті көмір, иониттер) енгізу арқылы жүзеге асырылады, ол ақуыз көбіктің пайда болуын байланыстырады. Қоректік ортаның құрамын жасауда аз көбіктенетін компоненттерді таңдайды.Көбіктенуге кейбір қоректік заттардың құрамы әсер етіп қоймайды және оларды өңдеу әдісіне де әсер етеді: температура, зарарсыздау ұзақтығы және егіс материалының қосылатын саны. Биосинтез процесін өңдеуде міндеті түрде ескерілуі қажет.Биотехнологиялық синтез процесінде көбіктің пайда болуыннан қашу  керек.

Ферментердегі көбіктің деңгейін реттеу үшін әртүрлі әдістер -  химиялық, механикалық, физикалық және комбинирленген әдістер қолданылады.

 

Химиялық көбік сөндіргіш

 

Ұзақ уақыт бойы көбік сөндірудің негізгі әдісі болып химиялық әдіс саналған, культуральды ортаға  көбіктің беткі қабатын әлсіздейтін БАЗ қосу арқылы орындалған. Көбік сөндіргіштің негізгі қызметі – ыдырату, газды сұйық жүйеде екі фракцияның пайда болуы: газ және сұйық.

Химиялық көбік сөндіргіштің механизмі болып, беткі  қабатындағы көпіршіктерден көбіктің пайда болуын беттік – активтік затпен ығыстыру болып табылады.Химиялық көбік сөндіргіш зат табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді: табиғи және жасанды .Табиғатта негізінде көбінесе әр түрлі өсімдік майлары (күнбағыс, соя, жүгері, арахис, олеин) немесе жануарлар майы (сүйек майы, техникалық май ). Бұл заттар  көбік сөндіруге ғана емес, зат алмасуға да қатысады және микроорганизмнің тіршілігін қалыптастырады.

Табиғи көбік сөндіргіштің кемшілігі – оларды салыстырғанда шығыны көп болады (0,5-2,0  % ортаның көлемінде), бағасының қымбаттығы, сондай-ақ дайын өнімді алудың арқасындағы теріс әрекеті (фильтрлеуде,экстракциялауда) нашарлау.

Жасанды көбік сөндіргішке БАЗ пен гидролиз тобы жатады,  қоректік ортадағы осы заттың электролиттік диссоциациясын анықтаушы сипаты. Мысалы, кремний органикалық полимерлер (силоксандар), алкиламиносульфонаттар, күрделі эфирлер, спирттер қолданылады.

 Елімізде кеңінен таралған болып ПМС-154 А, ПМС–200А, ПМС–1000А маркалы концентрленген полиорганосилоксандар  саналады. Қымбат болуына  қарамастан  бірқатар артықшылығы бар  көбік сөндіргіштер: өңделетін өнімде құрамы төмен, жоғары температурада қолдану мүмкіншілігі, ұшқыштығы,  химиялық инерттілігі, тотыққанда төзімділігі, улы еместігі.

Культивирлеу процесіндегі қоректік ортаға көбік сөндіргішті қосқанда өнімнің шығмын төмендетеді. Демек, динамикалық көбікті ортадағы оттегінің жақсы еруіне септігін тигізеді, ал химиялық көбік сөндіргіш көбікті азайтады, аэробты микроорганизмнің оттегімен тыныс алуына кедергі жасайды, Бірақ басқа да нәтижелері белгілі. Полипропиленнен дайындалған БАЗ ортаға қосуда көмірсу негізінде культуральды сұйықтықта оттегі абсорбциясының жылдамдығын ұлғайтуға мүмкіндік жасайды және көмірсудың концентрациясын 15-20 % арттыруға мүмкіндік жасайды және биотехнологиялық  процестің өнімділігін  10-15 %  жоғарылатады .

Көбік сөндіргіштің химиялық әдісінің негізгі кемшілігі аэрацияға берілген көпіршік ауа көбік сөндіргіштің адсорбциясы болып саналады. Химиялық көбік сөндіргіш  ортадағы оттегі диффузиясының жылдамдығын қиындатады және сондай-ақ еріген газдың бөліну жылдамдығын да. Одан басқа химиялық көбік сөндіргішті қолдану шығыны жоғары болуына  байланысты. Мысалы, азықтық ашытқы өндірісіндегі жалпы өзіндік құнынан химиялық көбік сөндіргіш  10 % дейін шығынын құрайды.

 

Механикалық көбік сөндіргіш

 

Механикалық көбік сөндіргіш әдісі химиялық әдістен кейін болып табылады, қарапайым және барынша тиімді.

Механикалық көбік сөндіргіштің әр түрлі түрлері белгілі: циклонды, сұйықтық – құйылатын, ортадан тепкіш табақшалы, дискілі, роторлы. Механикалық көбік сөндіргіш екіге бөлінеді: активті, яғни айналмалы (қозғағыш) жұмысшы орган және пассивті – қозғалмайтын.

Активті механикалық көбік сөндіргіш көбіктің ұясын ыдыратады,(ұрғыш) күштің әсерінен ортадан тепкіш күштің аймағына, жұмысшы барабанның айналуынан жұмысшы бөлігі жүргізіледі.

Пассивті механикалық көбік сөндіргіш инерционды жүктің есебінен көбікті ыдыратады және қысымның төмендеуінен ағымдағы көбік қозғалған кезде көбік сөндіргіш каналда пайда болады.Пассивті механикалық көбік сөндіргіштің  (циклондар, лабиринттер, спиралдар) эффективтілігі аз болып келеді, төзімділігі төмен көбікті өңдеу үшін қолданылады. Құрылысы қарапайым активті механикалық көбік сөндіргішке тез айналатын роторлы диск саналады. Оны қолданылғанда минимальды электр энергиясы жұмсалады және екіншілік көбіктің пайда болуын минимумға дейін төмендетеді. Механикалық көбік сөндіргіштің айналу жиілігіне байланысты көбік бұзылады.

 Келесі механикалық көбік сөндіргіштің үлкен тобы – табақшалы ортадан тепкіш және оның модификациясы. Көбік сөндіргіштің құрылысы негізгі үлкен білікке конустың қимасымен төмен қарай орнатылған, оның ішінде тарамдалған оқшаулағыш бөліктермен  дәнекерленген және конусты табақша қалта тәрізді.

 Механикалық табақша көбік сөндіргіштің жұмыс істеуі, көбіктің бұзылуына, айналып тұрған беткі қабатындағы көбікті ұрғыш күштің әсерінен сөндіреді. Құрылысының кемшілігі майда дисперсті көбіктің пайда болуы, ол көбікті қоршаған көбік сөндіргіш көбікті екінші рет көбік пайда болуын тудырады, көбік сөндіргіштің өнімділігі төмендейді және «тұншығуына» әкеліп соғады.

Көбіктің бұзылуы бөлгіш  насоста ортадан тепкіш күштің әсерінен  жүргізіледі (41-сурет). Бөлгіш насостың жұмыс істеу принципі, көбік ферментерден насостың  бірінші бөлігіне келіп түседі, ортадан тепкіш күштің әсерінен сұйқтыққа және газға бөлінеді. 

Сұйықтық жоғарғы тығыздықты меншіктеп, жұмысшы дөңгелегінің шеттеріне орналасады, насостан шығарылып, ал газ және көбік сөндіргіш көбіктің жұмысшы дөңгелегінің орталық бөлігінен насостың екінші бөлігіне өтеді, сол жерде көбікті сұйықтықа және газға соңына дейін бөледі. Көбік сөндіргіштің тиімді болуы химиялық және механикалық көбік сөндіру әдісінің үйлесуімен орындалады (42-сурет).

Комбинирленген көбік сөндіргіш әдісінің сызба – нұсқасы келтірілген. Жұмыс істеу принципі келесідей. Көбік ферментатерден түтік арқылы циклон қондырғысына келіп түседі және сепарирленеді.

 

                 

 

 

41 сурет - Екі сатылы НР бөлгіш насос :

1-насостың корпусы;

2-шағылыстырғыш сақина;

3-жұмысшы дөңгелек;

4-кіші күрекше;

5-диафрагма;

6-екінші сатыстың жұмысшы дөңгелегі;

7-насос корпусының қақпағы;

 

42 сурет - Комбинирленген көбік сөндіргіштің сызба нұсқасы:

1-ферментердың  корпусы;

2- циклонды қондырғы;

3-қосалқы цилиндр;

4-механикалық ротор;

 

Пайда болған сұйықтық циклонның төменгі конусты бөлігіне ағып өтеді және ферментерге қайта оралады. Қалған көбікті химиялық әдіспен көбік сөндіргіш көбікті ыдыратады, көбік эмульсиясымен диспергирлену қабілеті бар айналатын дискіге келіп түседі.

Көбік сөндіргіш қондырғысы ферментердің ішінде дәнекерленген. Кейбір көбік сөндіргіш қарапайым, бірақ механикалық көбік сөндіргіштің тиімділігі жеткіліксіз. Сұйықтық төгіліп құйылып тұратын көбік сөндіргіш. Ферментация ортасы немесе жаңадан дайындалған қоректік ортасы көбік қабатының бетіне шашыратып бүркумен орындалады. Сұйықтық насоспен беріледі, ал бүркудің құрылысы әр түрлі механикалық форсункамен жасалады.Көбіктің  беткі қабатын құйындату үшін ауа ағымы қажет, сұйықтықтың бетіндегі пайда болған ирім көбік сөндіргіш ауаның сорғалап ағып тұруымен қамтамасыз етіледі, және барлық уақытта белгілі деңгейде ұстап тұрады. Газды сұйық жүйесіндегі қысымның бірден өзгеруі көбік көпіршігінің толық бұзылуына әкеліп соғады. Бұл үшін техникада вакуумда, камерада қысымды төмендеу қолданылады.Құбырдың перпендикуляр нүктесінде арнайы тар саңылауы бар құбыр газды тазарту үшін қолданылады. Саңылау арқылы өткен көбіктің жылжу жылдамдығы ұлғаяды, нәтижесінде қарқынды газдан тазартылады. Екінші рет көбіктің пайда болуы байқалмады.

 

Көбік сөндіргіштің физикалық әдісі

 

 Физикалық көбік сөндіру әдісінің көбікті сөндірудегі кеңінен зерттелген процесі, ультрадыбысты, температураның төмендеуі,электр зарядты және тағы басқаларды қолдану негізделген.

Ультрадыбыстың әсерінен көбіктің бұзылуы ертеден белгілі. Көбік сөндіруге әртүрлі аэродинамикалық және магнитнострикционды шағылыстыру ұсынылады. Ультрадыбысты көбік сөндіргіштің механизмі периодты таралған толқының әсерінен көбіктің бұзылуы түсіндіріледі. Бұл әдіс үлкен көлемдегі көбікті сөндіруге экономика жағынан пайдасы аз. Термиялық эффект көбік сөндіру үшін сирек қолданылады. Ыстықтың бетіне көбік тигенде  бұзылады. Бұлай әсер етуде булану  пайда болады. Содан соң көпіршік қабырғасынан мол мелшерде сұйықтық бөлінеді де ол бұзылады. Өндіріс аппараттарында егерде сұйықтықтың бетінде буландырғыш жыланша орнатылған болса  көбік әлсізденді немесе көбік пайда  болмайды. Мұндай кезде еріген зат ыстықтың бетіне жіберіледі, бірақ оның болмағаны дұрыс. Биотехнологиялық өндірісте термиялық көбік сөндіргіш қолданылады, жоғарғы температурада көптеген микроорганизмдердың сезімталдығы байқалады. Электр жүйесі көбікті ыдыратады немесе бәсеңдетеді, бұл әдістің механизмі әзірше белгісіз.

 

Көбік сөндіргішті автоматты түрде  басқару

 

Көбік деңгейін автоматты жүйеде қадағалау және көбік сөндіргіш затты дер кезінде қолдану биосинтез процесін жүргізу үшін ғана емес және ферментерді қадағалайтын жұмысшы күшін экономдау үшін қолданылады.

Автоматты  түрде көбік сөндіргіштің сызба - нұсқасында алдын ала жасалған бағдарлама жоспары бойынша химиялық көбік сөндіргішті мөлшерлеп беріп отыратын биосинтез процесінде біркелкі болатын  сызба – нұсқа жасалған. Сызба  нұсқаның басқасында көбік сөндіргіштің берілуі көбіктің пайда болу шыңы бағдарламада ескерілсе, әрқайсысын белгілі бір штамм және фермент үшін тәжірбие жасалып анықтауға болады. Мұндай жағдайда аз көбіктенетін периодта көбік сөндіргіштің шығымын қысқартуға болады.Кеңінен таралған автоматты жүйедегі көбік сөндіргіштің сызба –нұсқасы  43-суретте келтірілген.

 

 

                     

 

 

43 сурет- Автоматты жүйеде көбік сөндіргіштің сызба нұсқасы

1-химиялық көбік сөндіргішті мөлшерлегш;

2- араластырғыш бұлғағышты өшіретін, қосатын;

3- ферментерден шығатын ауаның шығуын тоқтататын;

 

Бұл сызба  нұсқада әр түрлі деңгейде орнатылған үш датчик (1,2,3) тұрады. Датчиктің жұмыс істеу принципі келесідей. Көбік бірінші датчикке жақындағанда У1 усилитель арқылы СК1  электромагнитті клапан қосылады, өлшегіш көбік сөндіргіш тізбегіне бекітілген және ферментерге бекітілген көбік сөндіргіштің  мөлшері беріледі. Көбік сөндіргіштің берілу ұзақтығының мерзімін РВ1 реле реттеп отырады.Егер көбіктің өсуі жалғаса берсе және екінші датчикке көбік жанасса, онда У2 усилитель арқылы электродвигатель араластырғыш бағдарламада жоспарланған РВ2 релесі уақтысында қосылады. Осылардың  бәрі орындалғаннан кейін араластырғыш бұлғағыш жұмысқа қосылады, егерде бірінші датчикке көбік  жанасса онда қайтадан СК1 клапан жұмыс істейді және көбік сөндіргіш өлшегіштен РВ1 реле арқылы қайта беріледі.  Көбікке көбік сөндіргіштің берілуі РВ1 мен РВ2 реле уақытысына байланысты және араластырғыш бұлғағыштың өшірілуі кезектесіп орындалады. Егер көбіктің деңгейі  үшінші төтенше датчикке  У3 усилитель арқылы көтерілсе, СК2 электромагнитті клапан іске қосылады,  сол кезде ферментердан ауаның шығарылуы тоқтатылады.

Ферментерде сығылған газдың нәтижесінде және барботаждың тоқтауынан көбік үшінші датчиктің деңгейін төмендетеді, СК2 клапан ашылып, аэрация процесі жүреді.Сызба нұсқада ферментерде көбік деңгейін қадағалау, көбік сөндіргішті енгізу, датчикті белгілі уақытта іске қосу негізделген. Егер осы аралықта көбік сөнбесе, химиялық көбік сөндіргішті беретін датчик іске қосылады. Ферментерде көбік деңгейін автоматты жүйеде басқару микроорганизмнің қасиетіне, қоректік ортаның құрамына және ферментердің құрылысына, биосинтез процесін жүргізуге байланысты болады .

 

 

Бақылау сұрақтар

 

1.       Түптік культивирлеуде аэробты микроорганизмді өсірудің ерекшелігі   

     неде?

2.       Микроорганизм өсуіне оптимальды жағдай жасау  үшін ферментер-лерде жылу және зат алмасу үшін қандай арнайы қондырғылар қамсыз   етілуі керек?

3.       Ферментерді қандай принципке сүйене отырып үш топқа бөледі?

4.       Қандай ферментерлер газды фазаға энергия таситын аппаратқа   жатады?

5.       Аэратор (барбатер)дегеніміз не?

6.       Диффузорлы аппараттың жұмыс істеу принципін түсіндіріңдер     (Лефрансуа жүйесінің ферментатері)

7.       Бағана түрлі ферментер құрылысының ерекшелігі неде?

8.       Сұйық фазаға энергия тасмалдайтын аппараттарға қандай    ферментерлер жатады?

9.       Өзі соратын құбырлы аппараттың жұмыс істеу принципі неге  негізделген?

10.   Құбырэжекторлы араластырғыш қондырғысы бар (түрі Б-50) ферментердің жұмыс істеу принципін түсіндіріңдер.

11.   Комбинирленген энергия тасмалдайтын ферментердің құрлысының негізгі ерекшелігі қандай?

12.   “ Аэрация ” және “ араластыру ” терминдерін қалай түсінесіз?

13.   Газды фазадан оттегі қалай жасушаға түседі?

14.   Оттегінің ферментерге зат тасымалдағыштығын анықтау үшін қандай әдістер қолданылады?

15.   Ферментация процесіне көбік қалай әсер етеді?

16.   Ферментация процесіне қандай химиялық көбік сөндіргіш әдістері қолданылады және олардың әсер ету механизмдері қандай?

17.   Активті және пассивті механикалық көбік сөндіргіштерде көбікті сөндіру қалай іске асырылады?

18.   Комбинирленген көбік сөндіргіш қалай іске асырылады?

19.   Автоматты көбік сөндіргіш жүйесінің жұмыс істеу принципін түсіндіріңдер?

Культуральды сұйықтықтан биомассаны бөліп алу

және  концентрлеу сатысы

 

Ферментация процесі аяқталғаннан кейін культуральды сұйықтықтың құрамында микроорганизмдердің тіршілік етуіне қажетті заттар, қоректік ортаның қалдықтары, көбік сөндіргіш, еріген және ерімеген заттар болады.

Биосинтез процесінің дайын өнімі болып, культуральды сұйықтықта еріген зат немесе микроорганизм жасушасының ішіндегі микроорганизмнің өзі, әлде оның метаболиттері саналады. Барлық жағдайда дайын өнімді бөліп алу үшін, культуральды сұйықтықтан микроорганизмдер массасының өлшенген фазасын бөліп алу қажет.

 Культуральды сұйықтықтағы микроорганизмдердің құрамы төмен. 1л культуральды сұйықтықтың құрамында 5-10г ҚБ (құрғақ биомасса) болады. Фазаның мұндай мөлшерін бөліп алуда күрделі технологиялық процесс жүреді, әр түрлі әдістер қолданылады, барлық уақытта биомассаны концентрлеумен шешіледі (флотирлеу, сепарирлеу, буландыру). Өндірістік жағдайда үлкен көлемде қиын фильтрленуші суспензияны өңдеуде көп мөлшерде энергияның жұмсалуына әкеліп соқтырады. 

Культуральды сұйықтықтан микроорганизм жасушасының биомассасын бөліп алу әдістерін механикалық (центрифугирлеу, фильтрлеу, тұндыру) және жылутехникалық (кептіру) бөлімдеріне бөлуге болады. Соңғы өнімге байланысты осы әдістің сәйкес келетінін таңдауға болады. Культуральды сұйықтықтағы микроорганизм концентрациясын, биопрепараттың тауарлы формасын ескеріп, концентрлеудің және биомассаны бөліп алудың сызба  нұсқасы таңдап алынып,  экономика жағынан бағасы беріледі.

 

Флотирлеу

 

Азықтық ақуыз өндірісінде ашытқы жасушасын концентрлеу үшін флотирлеу әдісі қолданылады. Орындалу мақсаты культуральды сұйқтық көбіктенгенде ашытқының негізгі массасы ауамен бірге көбікке ауысады, оны культуральды сұйықтықтан бөліп алады. Флотирлеу процесі арнайы аппаратта – құрылысы әр түрлі флотаторда жүргізеді. Биотехнологиялық өндірісте флотаторлы аппарат қолданылады, бірнеше вариантта орындалады:  көлденең конусты, тігінен цилиндрлі, бір сатылы және екі сатылы ішінде стаканы бар болып келеді.

44-суретте қарапайым бір сатылы флотатордың жалпы түрі келтірілген. Флотатор түбі тегіс цилиндрлі корпустан тұрады және ішкі жағында көбік жинағыш  стаканы бар болады. Корпус пен көбік жинағыштың арасындағы сақиналы кеңістік (1-V) тігінен секциялы бөліктерге бөлінген. Бөлгіш қоршаулар бірінші мен соңғы секциядан басқасының түбіне жетпей тұрады. ІІ-V секцияда аэратор орнатылған.

Ашытқы суспензиясы, ашытқы өсіруші аппараттан бірінші ұзындығы бойынша ең үлкен флотатордың секциясына келеді, осы жерде ашытқының негізгі массасы газ суспензиясы құрамының  есебінен флотирлеу іске асырылады. Пайда болған көбік ішкі стаканның жоғарғы жағынан асып ағып түсіп, көбік жинағышқа келеді. Культуральды сұйықтықта қалған ашытқы, флотирлеудің қалған секциясында, аэратор арқылы берілген ауаның көмегімен іске асырылады. Пайда болған көбік, көбік жинағышқа келіп түседі.Көбік жинағыштағы көбікті механикалық көбік сөндіргішпен сөндіреді. Көбік жинағыштан ашытқы концентраты сепарацияға беріледі.

            

                Сурет  44 -  Бірсатылы флотатор:      

                          1- ашытқы суспензиясын құюға арналған патрубка;

                          2-корпус;

                          3-ішкі стакан;

                          4-бірігіп тұратын қалта;

                          5-механикалық көбік сөндіргіш;

                          6-аэраторлар.

 

Өңделген культуральды сұйықтық соңғы секциядағы гидрозатордың қызметін атқаратын қалтасынан шығарылады. Флотатордың өнімділігі бастапқы ашытқы суспензиясы бойынша  40-70 м3/сағ құрайды. Флотирлеу әдісі тек қана ашытқыны концентрлеу үшін қолданылады.

 

Сепарирлеу

 

Микроорганизмнің биомассасын концентрлеу, сепарирлеу әдісімен жүргізіледі, үлкен көлемдегі қиын фильтрленетін суспензияны жоғарғы жылдамдықта өңдеуге мүмкіндік жасалады.

Сепарирлеу  процесі флотирлеу процесімен салыстырғанда энергия  көлемі көлемді жұмсалады, сондықтан алдын ала флотирлеуге мүмкіндік жасайды, ол сепарирлеу сатысының санын қысқартады.

Культуральды сұйықтықты сепарирлеу алдында сұйылтуға немесе газдан тазарту үшін деэмульгирлейді. Культуральды сұйықтықты сепарирлеу үшін және культуральды сұйықтықтың бірқалыпты құйылуына мүмкіндік жасайды.

Деэмульгирлеу әр түрлі әдіспен іске асырылады: механикалық (флотаторда механикалық көбік сөндіру немесе флотирлеу сатысы болмаған кезде механикалық көбік сөндіру), химялық (көбік сөндіруге химиялық заттарды қолдану) немесе табиғи (арнайы деэмульгаторлар) заттарды қолданады.

 

 

                

    

 

                Сурет  45 -Ашытқы сепараторы

 

 

Сепарирлеу процесі ықшам және өнімділігі жоғары сепаратор  аппаратында жүргізіледі.

Биомассаны бөліп алу сепараторда ортадан тепкіш күштің әсерінен жүргізіледі. Сепаратордың жұмысшы құралы барабан болып табылады, оның ішінде табақты ұстағыш конусты табаққа бекітіледі (45-сурет). Табақтың сырт жағында қабырғасы бар, осының  арасында 0,8 мм саңылау пайда болады. Барабан ұршық – білікке кигізілген. Сепаратордың осы құрылысының кемшілігі табақтардың арасындағы бос жерлеріне биомасса қалдығының тез толып қалатындығы. Сепаратордың жұмыс істеу ұзақтығы 12 - 24 сағатқа дейін созылады, содан соң барабанды ажыратып  алып жуады.

 

 

Ыстықпен  өңдеу және булау

 

Биотехногиялық өндірісте дайын өнімді алдын ала концентрлеу әдісінде булау процесі кеңінен таралған. Кұрғақ затты концентрлеуде культуральды сұйықтықты булау 20-40 % жетеді.

 

                                   

 

Сурет  46 - Ағатын қабықпен буландыру аппарат

 

Негізінде биосинтездің дайын өнімін қыздырғанда (термолабильді) шыдамайды және 5-15 минутта 50-600С температурада белгілі бір дәрежеде инактивтеледі. Сондықтан буландыру процесі соңғы өнімінің биологиялық активтілігінің минимальді жоғалуын қамтамасыз ететін режимде жүргізіледі.

Әрбір өнімге сәйкес температурада буландыру аппаратына өнімнің келуі тәжірбиелі жүйеде анықталады.Культуральды сұйықтықты буландыру үшін 70-800С температура қабылданады. Буландыру аппаратында сұйылуда мұндай температура қайнау температурасына жетеді.Буландыру көп корпусты немесе бір корпусты вакуум - буландырғыш қондырғыда жүргізіледі. Көп корпусты вакуум-буландырғыш қондырғыда культуральды сұйықтық бір аппарттан басқа аппаратқа тізбектеліп келіп, культуральды сұйықтық көп рет буландырылады. Буландыру аппараты 46-суретте көрсетілген, төменгі ағымдағы принциппен жұмыс істеледі. Культуральды сұйықтық қабылдағыш бактан насоспен буландырғыштың жоғарғы бөлігіне беріледі, құбырдың жоғарғы жағында  тордың бетінде біркелкі таратылады және құбырдың ішкі жағында жоғарыдан төмен қарай жұқа қабықша түрінде ағады.

Құбыр аралық бос жердегі бірінші буландырғышқа ыстық бу беріледі. Культуральды сұйықтықты буландырғанда пайда болған буды екіншілік бу деп атайды,құбыр бойымен сұйықтық қабықша ағады, содан соң сұйықтық бөлгішке келіп түседі. Мұнда екіншілік будан буландырғыш сұйықтықты бөлу жүргізіледі. Екіншілік бу 80-870С температурада, құбыр аралық бөлгішке екіншілік буландырғышқа жіберіледі.

                 

47 сурет -Үш корпусты буландырғыш қондырғы:

І-бір сатылы буландырғыш;    

2-шашыратып  бөлгіш;

3-екіншілік буға арналған құбыр;

4-екі сатылы буландырғыш;

5-үш сатылы буландырғыш;

6-бетіндегі конденсатор;

7- насостар;

8-су сақиналы вакуум – насос.

 

Қоюланған культуральды сұйықтық бірінші буландырғыштың төменгі бөлігінен және бөлгіштен насостың көмегімен  буландырғыштың екінші сатысына, содан соң үшіншісіне жіберіледі (47-сурет). Үшінші сатыдағы буландырғышта культуральды сұйықтықтағы биомассаның  концентрациясының шығымы 18-22 % дейін жетеді (құрғақ  зат бойынша есептегенде).

 

Фильтрлеу

 

Өндірісте кейбір биологиялық активті затты көбінесе антибиотикті, культуральды сұйықтықтан микроорганизм массасын бөліп алу үшін фильтрлеу әдісі қолданылады.Формасы жіпше тәрізді, бұтақша тәрізді болып келетін микроорганизм – продуцентін бөліп алу үшін осы әдіс қолданылады. Фильтрлеудің мақсаты культуральды сұйықтықта қатты және сұйық фазаны кеуек бөлгіш арқылы бөлу болып табылады. Фильтрлеудің қозғалушы күші болып қоршаудың екі жақтағы қысымның айырмашылығы болып табылады. Фильтрлеу процесінің негізгі сипаттамасының бірі болып жылдамдығы саналады, демек бір мезгілде    W, м3/ ( м2 ▪ с ) фильтрлеуші бетте алынған фильтраттың бірлік саны:

                                               ,

 

мұндағы: V-фильтраттың  көлемі, м3,

 F –фильтрлеуші беттің ауданы, м2, 

 τ– уақыт, с.

 

Фильтрлеудің жылдамдығы қысымына, тұнба  қабатының қалыңдығына, оның құрылысына, сұйық фазаның тұтқырлығына және  басқада факторларға байланысты.

 Фильтрленуші сұйықтық екі кеуек қабат арқылы өтеді: тұнба қабат (ауыспалы қалыңдық) және фильтрлеуші қоршау.Фильтрлеу процесінің есебін білу үшін суспензияның сипатталуына байланысты және фильтрлеуші ұлпаны және тұнбаны білу қажет.Тұнбаның меншікті кедергісінің мәні және фильтрлеуші бөлгіш тәжірбиелі жолмен анықталады.

Культуральды сұйықтықтың фильтрленуі микроорганизм – продуцентіне, қоректік ортаның сандық және сапалық құрамына, ферментация жағдайына байланысты. Продуценттер көлеміне және жасушаның пайда болу құрылысына қарай ажыратылады. Мысалы, пенициллин продуценті ұзынша талшықты мицелий «толық» жіпше  диаметрі 5-50 мкм, сұйық фазадан бөліп алуда қиындық болмайды.Мицелий актиномицет жіңішке (0,2-1мкм) бұтақ жіпше көп санды бір-бірімен байланысқан болып сипатталады.Ферментация процесінің соңында сілекейлі жасуша байқалады, нәтижесінде сұйықтықта мицелиялы жасуша үзінді бөлігінен жұқа дисперсиялы фракция пайда болады. Мицелия аморфты, сілекейлі, жабысқақ тәрізді, фильтрлеуші материал саңылаулы тез бекітіледі. Тұнбаның меншікті кедергісі күшті. Культуральды сұйықтықтың фильтрленуіне ферментация процесінің жүргізілу жағдайы үлкен әсер етеді: шикізат саны, сапасы және құрамы,  қоректік затты тұтынатын сұйықтықтың құрамы, май мөлшері, ферментация процесінің ұзақтығы. Мысалы,  жүгері экстрактінің орнына соя ұнын қолданғанда, тұндыруда кедергіні кемітеді, фильтрлеу жылдамдығын жоғарылатады. Егер культуральды сұйықтыққа қоректік зат тұтынбайтын зат қатысса, фильтрлеу баяулайды. Көбік сөндіруде май қолданылса ферментация соңында фильтрлеу нашарлайды. Ферментация процесінің ұзақтығы да фильтрлеу процесіне кері әсерін тигізеді. Культуральды сұйықтағы көптеген антибиотиктегі фильтрлеуді жақсарту үшін мицелияны бөлу үшін арнайы өңдеулер жасалынады.

Культуральды сұйықтықты фильтрлеуді жақсарту әдісіне жылы коагуляция, қышқыл коагуляция, электролитпен өңдеу және фильтрлеуші ұнтақты қолдану жатады.

Ыстық коагуляция негізінде антибиотикті алғанда қолданылады,  сулы ортада қыздырғанда бұзылмайды. Ол  ақуыз денатурациясы жоғары температураға негізделген. Бұл жағдайда фильтрлеу жылдамдығы ақуыз коагуляциясына және ыдырау есебінен жоғарылайды. Тұнба мұндай кезде аз жабысатын, оңай сусызданатын болады. Одан басқада (70-750С)  жоғары температурада культуральды сұйықтықтың тұтқырлығы төмендейді. Бірақ жылумен өңдеу  дайын өнімнің сапасына кері әсерін тигізеді. 

Қышқыл коагуляция антибиотик өндірісінде кеңінен қолданылады, ертіндінің рН  мәні төмен берік болып келеді. рН мәнін төмендету қышқылды таңдау антибиотикті келесідей химиялық тазарту талабымен анықталады.

Бірақ қышқыл коагуляциядан жақсы фильтрлеу процесі барлық культуральды сұйықтықты қамтамасыз етпейді. Кейбір жағдайда қышқыл – жылы коагуляция бірлескенде жақсы эффект береді.

 Культуральды сұйықтықты  фильтрлеуді жылдамдату үшін фильтрлеуші ұнтақ кеңінен қолданылады.Көбінесе силикат ұнтақ (перлит, диатомит және т.б.) немесе ағаш ұны қолданылады. Ұнтақ сулы суспензия түрінде фильтрге беріледі, фильтр бетіне 1-2мм қалыңдықта (шайынды) топырақ қабаты төселеді, содан соң сол арқылы культуральды сұйықтық фильтрленеді. Фильтрлеуші қабат топырақ қабаттың енгізгіштігі жоғары болғандықтан  фильтрлеу жылдамдығын жоғарылатады. Кейде ұнтақты тікелей фильтрлеу алдында культуральды сұйықтыққа қосады, мұндай жағдайда фильтрлеу процесінің жылдамдығы  бар жоғы 15-20 % ұлғаяды, ал бұл кезде топырақ қабатпен 1,5-2 есе жоғары болады.

Жоғарыда айтылған әдістердің барынша тиімділігі жеткілікті емес. Олар тұнбаның құрылысын өзгертпейді, қабатты жумай-ақ фильтрді бөлуге қолдануға болады.

Тиімді әдіс коагуляция, ол тұнбаның түрін жақсартады және фильтрлеу жылдамдығын жоғарылатады, культуральды сұйықтыққа реагентті  қосқанда ерімейтін тұнба пайда болады, қор жиналушының пайда болу әдісі болып саналады. Мұндай реагенттер болып Ca, Ba, Fe, Al және т.б. тұздар атқарады, сулы ортада тұнба фосфор, шавел, және басқа қышқыл күкірт анионымен пайда болады. Культуральды сұйықтықта тұнбаның түсуі мицелия бөлшектерін алдын-ала салуынан  түйіршіктердің пайда болуына ұмтылдырады.

Культуральды сұйықтықтан биомассаны бөлуге арналған фильтр. Үздіксіз және периодты әдістің әсерінен жұмыс жасау  принципі бойынша фильтр ажыратылады. Қозғалушы күштің сипаты бойынша фильтрдің қысыммен және вакууммен жұмыс істеуін ажыратуға болады.

Биопрепарат өндірісінде мицелияны бөлуге арналған фильтрдің құрылысы барабанды вакуум – фильтр және рамалы фильтр – пресс қолданылады.

 Рамалы фильтр – престің сызба  нұсқасы 48-суретте келтірілген. Периодты жұмыс жасайтын аппарат, қысыммен жұмыс істейді. Фильтр – пресс 2 плита мен 3 рама кезектесіп бірдей  размерден тұрады, оның арасында фильтр мата (салфетка)  қысып тұрады. Рама мен плита екі параллель бүйіріндегі қондырғы 4 дөңгелек бөренеге тіреледі. Плита мен рама 1 маңлайшаға қысылып тұрады 5 жылжымалы маңлайшаның көмегімен маңлайшаға қысылып тұрады,  плунжерлі гидравликалық қондырғыға 6  қысым әсер етеді. Плита тақтаның шеттерінің беті тегіс болып келеді, ал ортасы ирек таяқшалы болып келеді. Плита мен рамада 7 құюға арналған саңылау бар, жиналған кезде фильтрлеуші сұйықтық жүретін каналша пайда болады. Рамалы фильтр престе фильтрлеу процесі келесідей жүргізіледі.

 

   

                  48 сурет - Рамалы фильтр- пресс:

 

                 1-маңлайша; 2-рама; 3-плита; 4-бөрене;

                 5-жылжымалы маңлайша; 6-гидравликалық қондырғы;

                 7-құюға арналған саңылау; 8-шүмек.

 

Культуральды сұйықтық қысым арқылы каналға беріледі және одан раманың қабырғадағы саңылауы арқылы ішкі кеңістікке беріледі және ішкі раманың бетімен беріледі. Мицелия осы кеңістікте ұсталады, ол натрий ертіндісі фильтрлеуші сорғыш (салфетка) арқылы өтеді, содан соң науа мен канал арқылы шүмектен науаға ағады. Фильтраттың бірінші бөлігі мөлдір болмайды, оны культуральды сұйықтықты жинағышына қайтарады. Одан кейін матаға тұнба қабаттына жиналады, сол арқылы фильтрленеді. Фильтрат осы кезде мөлдірленеді.

Фильтрленгеннен кейін мицелияны жуады. Жуу мақсаты – тұнбадан натрий ертіндісін ығыстыру, антибиотиктің толық  мицелиядан натрий ертіндісіне ауысуын қамтамасыз ету. Мицелияны жуып болғаннан кейін фильтрге сығылған ауамен үрлеп тұнба саңылауынан жуылған су шығарылады. Содан соң жылжымалы плитаны жылжытады. Плитаны және раманы жылжытып және тұнба бункерге жіберіледі, филтрлеуші шыт мата сумен жуылады.

Фильтрлеу процесі 0-ден 0,2-0,3 дейін МПа қысыммен фильтрдің жоғарғы өнімділігін қамтамасыз етеді, мұндай жағдайда барлық уақытта жоғары қысымда болады. Жоғарғы қысыммен фильтрлеудің алдыңғы кезеңінде фильтрлеуші матаның және топырақ қабаттың кеуектеріне тұнбаның майда бөлшектерінің енуін тудырады және оның нығыздалып бітелуі фльтрлеу жылдамдығын төмендейді.

Рамалы фильтр-престің кемшілігі болып, физикалық жұмыстың жоғары болуы, қызмет етушілерде санитарлық жағдайының ауыр болуы және фильтрлеу жылдамдығының төмен болуы саналады.

Рамалы фильтр–престің атықшылығы, құрылысы қарапайым, жылжымалы бөлшектердің болмауы, сондай-ақ мөлдір фильтрат алу мүмкіндігі.

Барабанды вакуум-фильтр вакуумның  жұмыс істеуінің әсерінен үздіксіз жұмыс жасау қамтамасыз етіледі. Фильтрде көлденең перфорирленген барабанның болуы, фильтрлеуші мата қаптама қамтамасыз етілген (49-сурет).

 

 

 

     49 сурет - Барабанды вакуум - фильтрдің  жұмыс істеу сызба нұсқасы

                      І-фильтрлеу

                      ІІ-кептіру

                      ІІІ -жуу және кептіру

                      ІҮ-үрлеу және ұлпа  регенерация

 

Барабан өзінің нысана бойымен   жәймен айналады, культуральды сұйықтық сиымдылық ыдыстың бетіне 0,3-0,4  үздіксіз беріліп отырады. Фильтрлеуші барабанның беті бір қатар тік бұрышты ұяшықпен бөлінген, бір–бірінен оқшауланған.Ұяшықтар таратқыш қондырғы арқылы қосылған.Әрбір ұяшық тізбектеле фильтрленеді, бірінші құрғату, жуу, екінші құрғату, тұнбаны жою, және ұлпаның регенрациясы.

 Фильтрлеу аймағында культуральды сұйықтық ұяшыққа жанасады және түтіктің аузымен жалғасады, ол вакуум көзі болып саналады. Мұндай кезде фильтрат түтік арқылы жинағышқа жіберіледі, ал ұяшықтың бетінде тұнба пайда болады.

Фильтрде тұнба бірінші атмосфералық ауамен жанасқан құрғату аймағында болады. Вакуумның әсерінен сұйықтық тұнба саңылауынан ығысады және фильтратпен бірігеді.

Жуылатын аймақта құрғатылған тұнбаға бүркегіш қондырғы арқылы  су беріледі, Жуылған  сұйықтық түтік арқылы жинағышқа жіберіледі.

 Тұнбаны жоятын аймақта ұяшық түтіктің аузымен қосылады, ол сығылған ауамен бірігеді.Сығылған ауаның әсерінен фильтраттың қарама – қарсы жағына жіберіледі, тұнба ыдырайды және матадан ажыратылады, содан соң пышақпен сылынып алынады. Регенерация аймағында мата сығылған ауамен үрленеді, ол түтік арқылы ұяшыққа келіп түседі де сығылған ауамен бірігеді.

 

 

Бақылау сұрақтар

 

 

1.       Бастапқы қоректік ортаның құрамынан ферментация прцесінен кейінгі культуралды сұйықтықтың құрамын немен ажыратады?

2.       Өндіріс аппаратында культуралды сұйықтықтағы микроорганизм биомассасының қандай санын алады?

3.       Культуралды сұйықтықтағы жасуша биомассасын бөлу әдісін қай топқа жатқызуға болады?

4.       Қандай микроорганизмді концентрлеу үшін флотирлеу әдісі қолданылады?

5.       Бір сатылы флотатордың жұмыс істеу принципін түсіндір.

6.       Сепараторда культуралды сұйықтықтан биомассаны бөлу қандай күштің әсерінен жүргізіледі?

7.       Барабанды сепараторда микроорганизм жасушасы және сұйықтық қалай қозғалады?

8.       Культуралды сұйықтықты сепарирлегенде қандай артықшылығы мен кемшілігі бар?

9.       Биосинтез өнімін булау қандай температурада жүргізеді?

10.   Культуралды сұйықтықтың қайнау температурасын қалай ұстауға     

     болады?

11.   Биосинтез өнімін булауды қандай қондырғыда жүргізеді?

12.   Вакуум – буландырғыш қондырғыда жылуды қалай тұтынады?

13.   Культуралды сұйықтықты фильтрлеу жылдамдығы неге байланысты?

14.   Культуралды сұйықтықты фильтрлеуді жақсартуға қандай әдіс қолданылады?

15.   Рамалы фильтр – пресс құрлысының ерекшелігін және оның жұмыс істеу  принципін түсіндір.

16.   Рамалы фильтр – пресстің артықшылығы мен кемшігі қандай?

17.   Барабанды вакуум -фильтр кемшілігі  мен артықшылығы қандай?

18.   Барабанды вакуум – фильтрдің жұмыс істеу принципін түсіндір.

 

 

Микробиологиялық синтездің дайын өнімін бөлу сатысы

 

Ферментация сатысының соңғы өнімі болып, микроорганизм суспензиясын құрайтын культуральды сұйықтық саналады.

Культуральды сұйықтық болып үлкен мөлшерде араласқан күрделі компонент саналады, осының көбісі физико – химиялық қасиетке ие болады. Бірқатар еріген минералды тұздармен қатар  көмірсу, ақуыз және басқа органикалық заттар мен жартылай диспересті коллоидты бөлшектердің белгілі санын культуральды сұйықтық құрайды. Олар көп компонентті ертінді ғана емес, және сонымен қатар суспензия болып табылады, бұл суспензияның дисперсті фазасы микроорганизм жасушасынан және мицелиядан тұрады, сондай-ақ қатты бөлшектен, көбінесе қоректік орта - ұн, жүгері экстрактісіндегі қауыздан және тағы басқалардан құралады. Культуральды сұйықтықтың сипатының ерекшелігі болып дайын өнімнің салыстырмалы құрамы саналады. Мысалы: ашытқы өндірісіндегі биомасса құрамы  5-10 % құрайды, ал бактериялық препарат өндірісіндегі биомасса құрамы 1-2 %  аспайды.

Көбінесе микробиологиялық синтездің дайын өнімі әр түрлі факторлардың әсер етуі дәлелденген және тұрақты емес.Мысалы, ақуызды қыздырғанда сезімділігінің күштілігі, көптеген физикалық және химиялық әсері, ортаның рН өзгергіштігі. Дайын өнімді бөлу технологиясын өңдеуде,  культуральды сұйықтықтың физико – химиялық қасиетін ескермегенде, оның дайын өнімдегі төменгі концентрациясын ескере кету керек және  биопрепараттың дайын тауарлы формасының түрін ескерту керек.                    Барлық биопрепараттың тауарлы формасының технологиясы жағынан  негізгі үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топта –инактивтелген жасушаның биомассасы негізінде және оны  өңдеудеу енгізіндегі өнім, биопрепараттар (азықтық ашытқы, саңырауқұлақ мицелиясы және т.б.).

 Екінші топта – микроорганизмнің метаболизмі негізіндегі тазартылған өнім, биопрепараттар (витаминдер, аминқышқылдары, ферменттер, антибиотиктер және т.б.).

Үшінші топта – микроорганизмнің өмір сүруге қабілетті негізіндегі,  препарат (өсімдікті қорғайтын препараттар, бактериялы тыңайтқыштар және азықтықты силостау үшін ашыту т.б.).

Биопрепараттың тауарлы формасын таңдау өнімнің қасиетіне байланысты, қолдануға қолайлығына, тасымалдауда және сақтауда биологиялық қасиетін  сақтауына  байланысты және т.б.қарай таңдалады.

Микробиологиялық синтездің дайын өнімі болып микроорганизм биомассасының өзі болуы мүмкін (инактивтелген немесе тірі жасуша),әлде  метаболизмнің өнімі культуральды сұйықтықта еріген күйінде немесе жасушаның ішінде болады .

Бірінші топтағы биопрепаратты алу үшін инактивтелген биомассаны бөлу, технологиясы жағынан қарапайым және культуральды сұйықтық концентрленген болып келеді (немесе одан биомасса бөліп алынған)  және кептіріледі.

Метоболит негізінде өнімді бөліп алу технологиясына байланысты, культуральды сұйықтықта дайын өнімнің болуы немесе микроорганизм жасушасының ішінде болуы. Бірінші жағдайда осындай әдістер қолданылады,  әлде экстракция әдісі қолданылады, әлде жасуша қабырғасын (бұзғасын) дезинтеграциялаудан кейін дайын өнімді бөліп алады.

Үшінші топтағы биопрепаратты алу үшін өмір сүруге қабілетті микроорганизмдерді  бөліп алу(концентрлеу, кептіру) әдісін қолдану, бірақ өндірістің  жоғарғы культурасы  қажет болмайды.

Дайын өнімді өте жиі бөлуде бір ғана  әдісті қолдану мүмкін емес. Сондықтан комбинирленген бірнеше әдістер қолданады.

 

 

Инактивтелген биомассаны бөліп алу

 

Қазіргі кезде көптеген биопрепараттар микробиологиялық концентрат түрінде өндіріледі. Микробиолгиялық концентраттың негізгі бөлімі ауыл шаруашылығының мал азығын құнарландырауға қоспа ретінде ( азықтық ақуыз, азықтық антибиотик, аминқышқылы, фермент) қолданылады.

Микробиологиялық концентраттар культуральды сұйықтық белгілі ылғалдылыққа дейін кептірілген болып келеді. Демек, олар микроорганизм биомассасын, оның метоболизм өнімдерін, қоректік ортаның қалдық  компонентін, көбік сөндіргішті  және т.б. құрайды.

Кейбір жағдайда концентрат алуда культуральды сұйықтықты өңдеу қажет болады, дайын өнімді концентрлеу мақсатында немесе қажет емес компонент бөлінгенде. 

Микробиологиялық концентратты алуда басқа биопрепаратпен салыстырғанда соңғы өнімді бөлу сатысының технологиясы қарапайым.

Жалпы барлық микробиологиялық концентрат үшін суды толығымен немесе суды біртіндеп жою болып саналады. Концентрат алуда негізгі технологиялық операция -  булау және кептіру.

Тасымалдауда, ұзақ уақыт сақтауда жарамды ақуыз препаратын алуда жасуша биомассасының ылғалдылығын 8-10 % дейін кептіру керек. Микроорганизм массасының маңызды жағдайы, бағалы биологиялық активтік зат  тез жойылып және әрмен қарай бұзыла бастайды.

Жасуша суспензиясы буланғаннан кейін, құрғақ заттың  24-26 %  құрайтын арнайы кептіргіш қондырғыда кептіріледі.

Кептіргіш қондырғы. Жаншып үгетін білікті кептіргіш өнімділігі аз өндірілетін өндірісте қолданылады. Кептіру процесіндегі мұндай аппаратта айналатын барабанның ыстық бетіне биомасса суспензиясы жанасады. Мұндай кептіргіштің құрылысы бір және екі білікті батырылған және батырылмаған кептіргіш болып келеді. Батырылмаған ВСГ типтегі екі білікті кептіргіш екі жартылай  көлденең болаттан жасалған  барабаннан тұрады (50-сурет). Барабанның бу берілетін жанында жабылатын қақпағы бар. Барабан қатаң параллель құрастырылған.

 

 

 

 

 

                              50 Сурет- Екі білікті  батырылмаған типтегі бу кептіргіш:

                              1-көлденең шнек;2-пышақ;3-қима;

                              4-барабан; 5-қақпақ; 6-конденсатты шығаратын түтік;

 

Барабанның жанының жоғарғы жағында барабан мен ваннаның арасында сына орнатылған, оған бимомасса концентраты үздіксіз түседі.

Биомасса концентраты ваннада шамамен 1000С температураға дейін  қыздырылады және осы кезде судың бір бөлігі буланып кетеді. Барабан бір – біріне қарама – қарсы айналғанда  жасуша биомассасы жұқа қабатпен оның бетіне жағылады, және ылғалдылығы 8-10 % дейін кептіріледі.

Құрғақ биомасса барабанның бетінен пышақпен  сылынып алынады және көлденең шнекке құйылып түседі.Содан соң буып түюге беріледі.

Батырылған типтегі екі білікті кептіргіш  аппарат СДА 1200/3600 жоғарыда айтылғаннан айырмашылығы бар кептіргіш барабан жасуша суспензиясымен ваннаға батырылған және өздігінен жұмыс істейді         (51-сурет).Суспензия ваннада бұлғағыш араластырғышпен араластырылады, ваннаға берілер алдында жылу алмастырғышта қыздырылады.   Білікті кептіргіште ақуыздың жоғалуы 15 % жетеді.

 

            51 Сурет- Екі білікті  батырылған типтегі бу кептіргіш:

            1-шнек; 2-пышақ; 3-барабан;

            4-ванналар; 5-араластырғыш;

            6-жылуалмастырғыш;

 

 

 

 

                   52 Сурет  - Ортадан тепкіш шаңдатқыш кептіргіш:

                   1- ортадантепкіш шашыратқыш механизм;

                   2-бағыталған  аппарат;

                   3-жылу тасмалдауға арналған газ өткізгіш;

                   4-кептіргіш камера;

                   5-өнім  жинауға арналған затвор;

                   6-пневмотранспорт құбыры;

 

Шашыратқыш кептіргіш микробиологиялық синтездің көптеген өнімін өндіруде қолданылады. Олар кептіргіш агенттің кептіргіш материалымен әрекеттесу әдісімен ажыратылады (тура ағымдағы, қарама – қарсы ағымдағы немесе аралас ағымдағы) температурамен және газ-тасымалдағыш құрамымен, шашыратқыш механизм қондырғысымен және т.б.

Азықтық ашытқыны кептіруде өнімділігі жоғары шашыратқыш кептіргіш қолданылады. 52-суретте ортадан тепкіш күш шашыратқыш кептіргіштің төменнен кептіргіш агент жүргізілген сызба нұсқасы келтірілген.

Ашықтық суспензиясы үздіксіз аз қысыммен үздіксіз шашыратқыш механизм табанша дискіге беріліп отырады  53-сурет.

Ортадан тепкіш күштің әсерінен диск айналғанда пайда болатын ертінді қабықша түрінде үздіксіз жоғарғы жылдамдықпен дискінің  шет-шетіне көшеді және майда тамшыға 50-70 мкм ыдырайды. Кептіргіш агент (қыздырылған ауа немесе түтінді газ ауамен араласқан) кептіргіш камераға газ өтетін түтікпен беріледі, ол аппаратураға бағыттағыш аппарат көмегімен кептіргіш камерадан шығарылады, жылу тасымалдағыштың үлкен жылдамдығы құрылады және бір мезгілде спирал тәрізді жылу тасымалдағыштың жылжуы бағытталады.

            Кептіргіш агенттің алғашқы температурасы азықтық ашытқыны кептіруде 300-3500С  температураға жетеді. Ашытқы суспензиясы шашыратқыш жылу тасымалдағышпен контактіде болып суды кептіреді.

 

 

              53 сурет - Шашыратқыш механизм:

              А-радиальды табаншамен; б-биіктігі ұлғайған табаншамен;

              1-табан; 2-қақпағы; 3-корпус; 4-білік.

Ашытқы суспензиясынан судың булануы шашыратқыштың жоғары дәрежесінің арқасында кептіргіш агент тез салқындайды және оның температурасы кептіргіштен шығарылады 900С температураға жоғарыламайды.Кептірілген ашытқы осы температурадан жоғары  қыздырылмайды.

Құрғақ азықтық ашытқы ұнтақ түрінде кептіргіштің төменгі конусты бөлігіне келіп түседі, содан үздіксіз жойылады. Қолданылған жылу тасымалдағыш кептіргіш камерадан газ жүретін жерден шығарылады. Ашытқының бір бөлігі (15-20 %) жылу тасымалдағышпен бірге шығарылады және оны ұстау үшін арнайы шаң ұстағыш аппараттар – циклондар орнатылады.

Құрғақ ашытқы конусты кептіргіштен және циклоннан пневмотасымалдағышпен буып түюге беріледі.

Шашыратқыш кептіргіш күрделі және қауіпсіз қондырғы, сол себептен оның жұмысын автоматтандыруға болады.Кептіру процессін автоматты басқару, процесті тиімді етуге көмектеседі, кептірілген өнімнің сапасын жоғарылатады, отынның және энергияның меншікті шығынын қысқартады.      

 

 

Культуральды сұйықтықтан метоболизм өнімін бөліп алу

 

Биологиялык активті зат мысалы, антибиотик культуральды сұйықтықта ертінді түрінде болады,  оны шығарып алу үшін экстракция немесе ионалмасу әдісі қолданылады.

 

Сұйық  экстракция  әдісі

 

Сұйық экстракция бір сұйықтықтан басқа сұйық затты шығарып алу процесі болып саналады.Судан органикалық еріткішпен затты экстрагирлейді (экстрагент), ал органикалық еріткіштен затты сумен экстрагирлейді.Органикалық еріткіштің сумен араласпайтынын қолданады. Демек, экстракция процесіне екі сұйық фаза – экстрагент және бастапқы ертінді қатысады. Экстракциядан кейін алынған фазаны экстракт және рафинат деп атайды (немесе ертіндімен өңделген дейді).

Экстракция әдісі культуральды сұйықтықтан дайын компонентті бөліп алу ғана емес, және белгілі бір мөлшердегі қоспаны шығаруға және концентрлеуге мүмкіндік береді.Белгілі бір көлемдегі заттың сулы ертіндісін экстракциялау үшін, мысалы антибиотикке органикалық ертіндінің (экстрагенттің) ерімейтін немесе  суда әлсіз еритін белгілі мөлшерін қосады.

Сулы және органикалық фазаны араластырады және сосын бөледі, тұндырады немесе центрифугирлейді. Нәтижесінде экстракт алады және  қолданылған ертінді алынады. Лабораториялық жағдайда экстракция бөлгіш воронкада жүргізеді. Экстракция процесінің негізгі сипаттамасы болып Кр тарату коэффициенті саналады, ал органикалық фазадағы таратылатын заттың тепе – тең концентрациясының Со (экстракт)  сулы фазадағы Св (рафинатқа) тепе – теңдік концентрациясына қатынасы болып келеді:

              Кр = Со / Св .

 

Тарату коэффицентінің мәні бойынша экстрагенттің экстракциялау қабілеттілігі туралы талқыланады.  Кр тарату коэффициенті жоғары болған сайын, осы экстрагенттен дайын компонентті шығарып алу қабілеті де жоғары болады. Затты бөліп алу экстракциялау процесінің ұзақтығына байланысты. Бірақ көптеген биологиялық активтік заттар үшін экстракция процесінде лабильді экстракциялау уақытын қысқартады. Одан басқа  үлкен көлемдегі культуральды сұйықтықты қайта өңдейді (ондаған тонна), сонымен қатар экстракциялау уақытын азайтуды қажет етеді.

Экстракция процесінің жылдамдығын ұлғайтуда фазаның бетін бір – бірімен өзара әрекетесуін барынша бөлу қажет.Бұл экстрагент қарқынды диспергирлегенеді майда тамшыға дейін, басқа сұйықтыққа біркелкі таратылады. Бұл кезде фазаның бетіне жанасатын бетінің ауданы өсіп қана қоймайды және бөлінетін заттың ауысуындағы кедергісі азаяды. Экстракция процесінің жылдамдығының ұлғаюы сұйықтықтың қарама–қарсы жылжуына жағдай жасайды. Бұл жағдайда экстрагенттің дайын компонентін құрамайтын ертіндімен байланысты болады, онда тікелей қаныққан дайын компонент экстрагенттің бастапқы ертіндісімен байланыста болады.

Көптеген культуральды сұйықтық ақуызды, жоғарғы аминдерді, май қышқылының тұзын құрайтынды эмульгатар деп атайды. Культуральды сұйықтықта экстрагенттің диспергирленуінен берік эмульсия пайда болады,толығымен бөлінбеуінің себебінен, дайын компоненттің және ертіндінің жоғалуына әкеледі. Эмульсияның бұзылуы ортадан тепкіш күштің әсерінен болады.Эмульсияның бұзылу ұзақтығы минимальды болуы керек (10сек көп емес). Сондықтан экстракция, мысалы антибиотик ортадан тепкіш экстрактор – сепараторда жүргізіледі және бір мезгілде эмульсияның бұзылуы екі сатыда да болуы мүмкін, біріншісінде экстракция процесі бір аппаратта, ал ортадан тепкіш сепараторда немесе эмульсияны суперцентрифугирлеп бөлуде.

Өнімділігі аз мөлшерде өндірілетін зауыттарда периодты экстракция қолданылады, ал араластырғыш бұлғағышы бар аппаратта түбі конусты бөлгіш воронкада жүргізіледі. Аппарат салқындатуға арналған жейдемен жабдықталған. Аппаратқа культуральды сұйықтықтың және экстрагенттің белгілі мөлшерін құяды, рН мәнін қажет мәнге жеткізуге дейін қышқыл немесе сілті ертіндісін құяды. 10-20 минут араластырады, сулы және органикалық фаза сепарациялау әсерінен бөлінеді.

Зауытта тәулігіне ондаған тонна культуральды сұйықтықты үздіксіз экстракциялап өңдеуде қолданылады. Культуральды сұйықтық, күкірт қышқылы (немесе сілті ертіндісі) және органикалық еріткіштер экстрактор – араластырғышқа беріледі. Араластырғышта алынған эмульсия табақша сепараторға немесе түтікшелі жоғары центрифугирлеуге бөлуге жіберіледі.

Экстракциялауға арналған апараттар.Экстракциялаудың және сепарирлеудің жеке  процесінде көбінесе құйылып тұратын инжектор – араластырғыш қолданылады (54-сурет), мұнда сұйықтық жұқа диспергирленуге жетеді. Мұндай араластырғыштың құрлысы қарапайым және сенімді, қозғалушы бөлігі болмайды.

 

 

         

 

 

                54 сурет - Құйылып тұратын араластырғыш-инжектор:

                1-тұмсық;

                2-саңылау;

                3-штуцер;

                4-соратын құбыр өткізгіш;

 

САЖ- 3 М сепараторы антибиотик өндірісіне арнайы жасалған. Эмульсия сепараторға жоғарыдан беріледі, барабанның орталық аузы арқылы төменгі бөлігіне беріледі және табақша ұстағыш саңылау арқылы барабан камерасына түседі, табақшада екі саңылау бар, сол жерден табақша арасындағы саңылау арқылы сұйықтық өтеді. Сепаратор ротордың айналуы 4000-7000 айн /мин ортадан тепкіш  күшті құрайды, осы күштің әсерінен ауыр сұйықтықтар барабанның шеттеріне лақтырылып табақша бойымен төмен қарай ағады, ал жеңілі  табақша бойымен жоғары көтеріледі (55-сурет).

Ауыр сұйықтық барабанның шет-шетімен көтеріледі, қақпағындағы саңылау арқылы үздіксіз ағыммен барабаннан шығарылады.Жеңіл фракция барабаннан табақша ұстайтынның арасындағы сақиналы саңылау арқылы шығарылады.

 

               

 

 

55 сурет - Эмульсияны бөлудегі табақша барабан сепаратордың сызба нұсқасы:

 

Құбырылы жоғарғы центрифуга эмульсияны бөлуге арналған, араластырғышта алынады. Оның негізгі элементті араластырғыш болып жартылай цилиндрлі – ротор саналады, айналу жылдамдығы 13000-15000 айн/мин болып саналады. Бөлінетін эмульсия роторға төменнен беріледі. Ротордың айналуының жоғарылауы оның қарқынды айналуына әкеледі және ортадан тепкіш күштің әсерінен қабаттарға бөлінеді.Мұндайда сұйықтық үлкен тығыздыққа (ауыр) ие болатын барабанның шет – шеттеріне жылжиды, ал тығыздығы аз сұйықтық (жеңіл) орталық аумағында болады. Центрифуганың жоғарғы бөлігінде екі қабылдағыш бар, сол арқылы ауыр және жеңіл фракця шығарылып қоспа бөлінеді. Экстракциялық қондырғының қолданылуы үздіксіз жұмыс істейді. Бір ғана араластырғыштан және бір сеператордан тұрады,демек бір сатылы экстракциялауда көбінесе затты бөліп алу дәрежесі толығымен қамтамасыз етілмейді. Өңделген ертіндіден антибиотиктің жоғалуын азайту үшін көп рет (көп сатылы) экстракциямен іске асырылады. Мұндай жағдайда экстракция көп сатылы ортадан тепкіш экстрактор – сепараторда жүргізіледі, бұл кезде бір уақытта сұйықтықты араласыру, сондай–ақ сепарирлеу жүргізіледі.

 ТМД-да экстракция құйылып тұратын экстрактор – сепаратор кеңінен қолданылады. Барабан – экстрактордың негізгі бөлігі екі камерадан тұрады.Әрбір камера араластырғыш элементтен тұрады(тұмсық, инжекторда экстракция процесі осының арқасында аластыруды қарқындатады) және сепарилеуші элемент (саңылауы бар табақша жұқа қабатты сепарацияны қамтамасыз етеді).

Ауыр және жеңіл сұйықтық екі сатының арасында қарама – қарсы жылжиды. Барабанда одан басқа да автоматты шығаруға арналған қондырғы бар, сепаратордың жұмыс істеуін  тоқтатпай экстракция процесінде тұнбаны сумен жуады.Экстрактор – сепаратордың өнімділігі 10000 л/сағ.

Дифференциальды – контактілі экстракторлар экстрактордың басқа класына жатады. Экстрактор-сепаратордан айырмашылығы бұл экстрактордың роторында арнайы араластырғыш және бөлуге арналған табақша жоқ.Антибиотиктің бір фазадан екінші фазаға ауысуы бұл экстракторда сатылап емес, үздіксіз сұйықтық қарама – қарсы жылжумен орындалады. Ортадан тепкіш күштің әсерінен ротодың айналуынан ауыр сұйықтық қарама – қарсы жылжиды, ал жеңілі айналу осінің шет-шетіне жылжиды. Цилиндрдің саңылауынан экстрагент өтеді, экстрагент майда тамшыға бөлшектенеді және экстракция  процесі жүреді, сақина мен цилиндрдің арасында ені 4-8 мм сепарирленген тамшылы тұтас қабат пайда болады. Мұндай қарама – қарсы көп рет араласатын және бөлінетін дифференциальды - контактілі экстрактор жоғары жылдамдықта жүретін  экстракцияны қолдайды, ал оның өнімділігі сағатына бірнеше ондаған куб метрде алынады. Көп сатылы дифференциальды – контактілі экстракторлар, антибиотиктің концентрлену дәрежесін жоғарылатады және тазалығы жоғары экстракт алуға мүмкіндік жасайды.

            Культуральды сұйықтықтан экстракция әдісімен бөліп алынған дайын өнім реэкстракцияға түседі, демек оны органикалық ертіндіден  суға ауыстырады.Одан әрмен қарай атибиотикті концентрлейді, оны тазартады және  оны бөліп алуды химиялық әдіспен іске асырылады.

 

Ион алмасу әдісі

 

Культуральды сұйықтықтан биологиялық активті затты бөліп алудың тиімді әдісінің бірі ол ион алмасу әдісі болып саналады. Бұл әдістің басқа әдіске қарағанда артықшылығы: аппаратуралық өрнектеуде қарапайымдылығы, ион алмасуда шайырдың көп рет қолданылуы, технологиялық процесті толығымен механизациялауға және автоматтандыруға мүмкіншілігі, сулы ертіндімен зиянды органикалық еріткішті қолданбай-ақ жұмыс жүргізіледі.

Ион алмасу әдісі биологиялық активті затты сорбирлеп, шайырдың ион алмасу қабілеттілігіне негізделген, ертіндіде және сорбент ионында болатын  заттың ионымен эквиваленттің алмасуының арқасында жүреді.

Ион алмасу шайырлар  немесе иониттер жасанды жоғарғы молекулалы органикалық зат, суда ерімейтін және органикалық еріткіштер болып келеді.

Иониттер ион алмасуды құрайды, жылжымалы немесе ионға қарсы деп аталатын,  қарама қарсы ионмен зарядталуына байланысты, фиксирленген немесе анкерленген деп аталады.

Қарама-қарсы ионмен оң зарядталған иониттер  катиониттер деп аталады. Қарама-қарсы ионмен теріс зарядталған иониттер аниониттер деп аталады. Одан басқа да амфотерлі иониттер, ол катион және анион алмасу топтарын құрайды.

Бейорганикалық және органикалық сұйықтыққа ионитті енгізгенде көп немесе аз мәнді қарама-қарсы ион сольватациясы және бір уақытта көлемінің ұлғаюы және фиксирленген ион, демек полимердің ісінуі. Иониттің үш еселенген құрлысы өзінің ісінуін шектейді.Ісінген иониттің қоюлануын сипаттап салыстыруға болады. Осындай құрылысын кеңістік торы деп атайды, ауыстырылатын ионың қозғалуымен іске асырылады. Ионның сорбирленуі және десорбирленуі  үшін ионит енгіш болып келеді.

Ионитті алу әдісіне сәйкес полимеризацияға немесе поликонденсацияға бөлінеді.Басқа матрицаға ұзынша бойымен тізбек бір – бірімен көлденең көпір арқылы қосылғанды, химиялық тізбек деп атайды. Тізбек бойымен механикалық өрілуімен физикалық тізбек пайда болады.Химиялық және физикалық тізбекте мәнінің азаюы немесе көбеюі микроқуысты иониттің көлеміне әсер етеді, және оның енуіне де әсер етеді.

Иониттің ауысу қабілеттілігінің сипатамасы болып толығымен ауысатын сиымдылық ыдыс саналады, ауыспалы топтың санын көрсететін 1г ионитке тең келетін миллиграмм – эквивалент (мг-экв).

 Экстракциялау әдісінің айырмашылығы,дайын компонент бір сұйықтықтан басқа сұйықтыққа ауысуы, сорбциялық әдіс сұйық пен қатты фазаның бір – бірімен масса алмасуына негізделген.

Ион алмасумен затты бөліп алу үш әдіспен іске асырылады: статикалық, динамикалық, хроматографиялық.

Статикалық әдіс ертіндіні өңдегенде ионитті араластыру және армен қарай  бөлу болып табылады.Процесс көлемді аппаратта жүргізіледі, ертіндіде ионитті суспензирлеуге арналған араластырғыш бұлғағыш орнатылған. Ионит сорбциясы соңында дайын компонентті құрайтын мысалы, антибиотикті фильтрлеуде аналық ертіндіден бөлінеді, сумен жуылады жән аппаратқа қайтарылады. Аппаратта осылайша антибиотикті (элюция) бөліп алады, статикалық әдіс негізінде лабораториялық  тәжірибеде қолданылады. 

Динамикалық әдіс ион алмасу әдісінде антибиотикті бөліп алуда кеңінен қолданылатын әдістің бірі. Ионит қабаты арқылы ерітіндіні бір бағытқа қарай жіберу болып саналады. Ертінді қозғалуымен сорбирленетін ионмен қосылады, иониттің активті қабатымен байланысады (ион алмасу қабілетімен).Мұндай кезде  жүретін ертінді өзімен бірге ион алмасу реакциясының өнімін  әкетеді, демек ионды ығыстырады.Осының арқасында іс жүзінде ертіндіден антибиотикті толығымен бөліп алуға және ионит қабатының жәймен қанығуына әкеледі.Сорбенттен (элюциядан) антибиотикті динамикалық жағдайда бөліп алуда антибиотиктің толық десорбцияға жетуіне мүмкіндік жасайды және фильтрде активтігі  жоғарғы (концентрленген) және тазалығы жоғары элюаты ала алады.

Ион алмасудың хроматографиялық зерттеу жұмысындағы артықшылығы басқа қоспадан ионитпен сорбирленген жоғары дәлдіке дейінгі антибиотикті бөліп алуда қолданылады.

Ион алмасуға арналған аппараттар. Динамикалық ион алмасуды іске асыруда негізгі аппарат ионитті фильтр саналады. Ионит толтырылған, тігінен орналасқан  цилиндрлі  ыдыс сол  арқылы өңделген сұйықтық өтеді, фильтр көміртекті болаттан жасалған, сондай–ақ винипастан, шыныдан, плексигластан дайындалған.Демек, фильтрдің биіктігі диаметрінен екі есе үлкен болып дайындалған, ион алмасу (колоннасы)  бағанасы деп аталады.

Антибиотик өндірісіндегі ион алмасуда фильтрдің екі түрі кездеседі: жабық (напормен) және ашық (напорсыз).

Жабық фильтр (56-сурет,а) құрылысы герметикалық нығыздалып жабылатын болып жасалған, напор арқылы сұйықтық өтеді, демек көлемді ішкі қысымның әсерінен. Фильтрдің ішіндегі түбіне диск саңылаумен орнатылған, қалпағы бұрандалы. Дискіге ион алмасу шайырды салады. Қалпағында ойылған ені 0,2-0,3 мм саңылау бар. Сұйықтық колоннадан жоғарыдан төмен қарай өтеді, ал ионит дәндерінің көлемі саңылаудың енінен үлкен колоннада ұсталады.Фильтрдің жоғарғы бөлігінде жоғарыдан жылжитын сұйықтықты бөлуге арналған қондырғы бар және сұйықтық жууға шығарылады, жуылатын сұйықтық төменнен беріледі.Тарататын қондырғы крестовина болып  саналады, саңылауы бар құбыр винипласттан тұрады,сұйықтықтың біркелкі келуін немесе шығарылуын қамтамасыз етеді.Напорлы фильтрді іс жүзінде қолданғанда ертіндіні жоғарыдан берілгенде біраз кемшілігі бар, ионит қабат мұндай фильтрде қозғалмайды, және сығылған қысыммен сұйықтық айдалады. Бұл ионит бөлшектерден үгіліп түсіп канал пайда болады, сол арқылы сұйықтықтың біраз бөлігі өтеді, демек дәнің барлығы ион алмасу процесіне қатыспайды, бағананың өнімділігі азайады.

 Бағананың өнімділігі тұрып қалған аумақта және шығарылуда азаяды, одан басқа да тұрып қалған аумақтың қабатында микрофлорамен фильтрді  инфицирлеу қаупі бар.

 


56 сурет - Ионитті фильтр:

а-жабық ( напормен);

б-ашық ( напорсыз);

1-фильтрдің корпусы;

2-сұйықты тарататын  қондырғы;

3-ионит;

4-колпақ;

5- дән тәрізді  материал;

 

Ашық фильтрде (56-сурет, б) мұндай кемшіліктер жоқ. Нативті ертінді бұл фильтрге төменнен жылдамдықпен беріледі, ионит дәні сұйықтықта ұсталады. Бұл кезде иониттің әрбір дәні барлық жағынан ертіндімен жуылады және ионит тиімді қолданылады.Төменнен берілген сұйықтық бағанадан патрубка арқылы шығарылады. Жоғарғы кеңейтілген бөлігі бағанадағы иониттің майда бөлшектерін ауыр күштің әсерімен тұндыру үшін қолданылады, тұндырғыш функциясын атқарады. Тұнбаның тұнуы ағымның жылдамдығын азайтады, конусты бөлігі жылжыған кезде тұнған және сұйықтықты құйғанда басқа жаққа ағып кетеді, жоғары ернеуінен сақиналы қалтаға тұнған ионит бөлігі құюға арналған патрубка арқылы бағанаға қайтарылады. 

Ашық фильтрдегі сияқты, бұл жабық фильтрде ион алмасу бағанадада антибиотик өндірісінде сорбция процесі жүзеге асырылады, ал содан соң антибиотик десорбцияланады. Бағананың жұмыс істеуі келесідей жүргізіледі. Бағанаға толтырып слынған ионит арқылы үздіксіз белгілі жылдамдықпен натрий ертіндісін өткізеді. Антибиотик ионитте біртіндеп қаныға бастайды.Қолданылған ертінді тазартылғаннан кейін канализацияға жіберіледі. Бағанадан шыққан ертінді антибиотик концентрациясы ионит мүмкіншілігінше қаныққанша, қалған активтілігі қажетті мәннен жоғары болғанша  басқа бағанаға қайта сорбциялауға жіберіледі. Олай болса, антибиотик сорбциясы  батареямен тобымен ион алмасу фильтрмен тізбектеліп қосылған. Жұмысқа қосылмаған фильтрде келесідей технологиялық ион алмасу циклінің операциясы жүргізіледі. Натрий етіндісін ығыстыру, бағананы толтыру, тұзсыз су, ионитті формалинмен, дезинфицирлеу элюция және содан соң иониттің регенерациясы жүргізіледі.

Антибиотик құрайтын элюат одан әрмен қарай концентрлеу операциясына және антибиотикті тазартуға жіберіледі.

Ашық фильтрдегі сияқты және жабық фильтрде бір ғана бір – бірімен байланысқан фаза, сұйық фаза, аппарат арқылы үздіксіз өткізіледі, ал периодты процесте қатты ионит – басқа фазада өзгереді. Маңызды технологиялық тиімділігі ион алмасу процесін жүргізуге мүмкіндік береді, үздіксіз принциппен бөлгіш аппаратта сорбция зонасында жуу, элюция, сұйықтыққа қарсы жылжу регенрациясы және әрбір зонада ионит береді .

Қазіргі кезде жаңа ион алмасу аппаратының үздіксіз жұмыс жасауын құруға жұмыс жасалуда, ал автоматтандыруға интенсифицирлеуге мүмкіндік жасайды, бұл антибиотикті бөліп алу және тазартудағы болашағы мол  процесс.

 

 

Жасуша  биомассасынан  метаболизм  өнімін  бөліп  алу

 

Микробиологиялық синтездің дайын өнімі жасуша ішіндегі биополимерлер(ақуыздар, липидтер, нуклеин қышқылы), сонымен қатар  метоболиттер (ферменттер, антибиотиктер және т.б.) болуы мүмкін. Соның ішіндегі кейбіреулерін жасуша қабырғасын бұзбай бөліп алуға болады, ал басқаларын бөліп алуға алдын ала жасуша  қабырғасын дезинтеграциялауға (бұзуға) экстракция жасалады.

 

Жасуша массасынан экстракция

 

Мицелиядан антибиотикті экстракциялау болып қатты фазадан еріткішпен дайын өнімді бөліп алу саналады. Сосын экстрагент қатты фазадан шығатын компонентпен бөліп алынады.Антибиотиктер өндірісінде еріткіш ретінде су, сулы ерітінді, қышқыл немесе сілті, органикалық еріткіштер қолданылады.

Қатты фазадан экстракция жүргізу бірнеше әдіспен орындалады: экстракция араластырумен, экстракция жылжымайтын қабатпен, экстракция бір және көп сатылы, тура және  қарама-қарсы ағымды болып бөлінеді.

Экстракция араластырумен – антибиотикті шығарып алу қарапайым әдіс. Араластырумен экстракция жасау экстракторда жүргізіледі, ол (герметикалық) нығыздалып жабылатын тот баспайтын болаттан жасалған араластырғыш бұлғағышы бар аппарат. Аппарат қатты фазадан антибиотикті экстракциялау үшін және келесі қолданылған  мицелиядан экстракті бөліп алуда қолданылады.

Мицелияны люк арқылы экстракторға салады және осыған еріткішті құяды есеп бойынша мицелияның 1бөлігі массасына, еріткішітің 3 бөлік массасы  қосылады. Процесс 1 сағат барлық уақытта араластырумен бөлме температурсында жүргізіледі.

Экстракция біткеннен кейін алынған экстаркт сығылған азоттың қысымымен жинағышқа келіп  мицелия сүзіледі. Сүзу үшін экстрактордың түбінде сүзетін торға мата орнатылған. Сүзгеннен кейін мицелия экстракт құрамында тағыда азырақ антибиотиктер болады. Оны шығарып алу үшін екінші рет эктракция жүргізеді, ол үшін экстракторға есеп бойынша экстрагенттің 1бөлігі (масса) және экстракт мицелиядан алады. Бірінші және екінші экстракті бірінші экстракттен егер антибиотик концентрациясы жоғары болса қосады.  Екінші және үшінші экстрактіде антибиотик концентрациясы төмен болса оларды жас мицелиядан бірінші антибиотик экстрактіне экстрагент есебінде қолданылады, экстракция қарама – қарсы ағымдағы принциппен жүргізіледі. Сүзгіде қалған мицелияны еріткіште қалған қалдықты азотпен үрлейді, суды құйып араластырады және утилизациялауға жібереді.

 

АНАР

 

Қозғалмайтын қабатта экстракция кептірілген мицелиялы қабат арқылы еріткішті фильтрлеу болып табылады. Антибиотик экстракциясы экстракционды аппарат – диффузорда жүргізіледі. Диффузор тігінен орналасқан жартылай цилиндрлі (бағана) тот баспайтын болаттан жасалған түбі шығыңқы және жалпақ жылжымалы қақпағы бар болып келеді. Диффузор бір-біріне кигізілген  үш цилиндрлі патроннан тұрғызылған, патронның сыртқы қабаты біртегіс болып келеді, оның түбі перфорирленген немесе темір тордан дайындалған. Патронды кептірілген мицелия тұнбасымен толтырылады және белі арқылы бағанаға қойылады. Экстрагент бағанаға төменнен беріледі, мұндайда түбіндегі саңылау арқылы төменгі паторнға өтеді, ішіндегі тұнба жуылып және перфорирленген түбі арқылы екінші патронға өтеді, осылайша барлық үш патрон арқылы антибиотик ертіндісі жоғарғы штуцер арқылы диффузордан шығарылады.

Антибиотикті экстрагирлеу процесі жәймен 40 сағатқа дейін жүргізіледі. Бір бағана арқылы ерітінді өткенде, қаныққан антибиотик ерітіндісі пайда болады, демек қоюланған экстракт  болады.

Концентрленген экстракт алу үшін 20 батарея қолданылады және бәрі бағанаға тізбектеле қосылған. Экстракция батареяда қарама-қарсы ағымдағы принциппен жүргізіледі: демек басты бағанаға әбден қолданылған антибиотик тұнбасына жаңа еріткіш беріледі, осы бағанадан шығарылатын экстракция концентрациясы қажет мөлшерден төмен болса бағана жұмысқа  қосылмай өшіріледі, ал оның орнына батареяның соңына жаңа антибиотиктің тұнбасы бар бағана қосылады. Олай болса, басты диффузор болып бұрынғы екінші болып келген  келесі диффузор саналады, экстрактордағы батареялардың жалпы саны өзгермейді. Істен өшірілген бағана шламмен патрон белі арқылы шығарылады және олардың ішіндегі қоспаны шығаруға жібереді. Содан соң бағана жаңа мицелиямен толтырылады және батареяға соңғы аппарат ретінде қосылады. Антибиотиктері бар экстракт реэкстракцияға жіберіледі.

 

Микроорганизмнің жасушалық қабырғасының дезинтеграциясы

 

Жасуша ішіндегі биополимерді шығару үшін жасуша қабырғасын дезинтеграциялайды. Дезинтеграция химиялық, биологиялық немесе физикалық әдіспен жүзеге асырылады.

Дезинтеграцияның химиялық әдісі.Химиялық реагенттердің әсеріне негізделген, микроорганизмнің жасуша қабырғасының құрылысына дестукция жүргізеді. Микроорганизм суспензиясын сілтімен, мочевинамен, глицеринмен, аммиакпен немесе сулы ерітіндімен жасуша қабырғасына енуін жоғарылатуға өңдейді, осының арқасында жасушадан ерітіндіге биополимерлер шығарылады.

Дезинтеграцияның химиялық әдісі  биотехнологиялық өнеркәсіпте кеңінен қолданыс таппай отыр, өйткені химиялық реагенттің жасуша қабырғасына  ғана әсер етіп  қоймайды, жасуша компонентімен де реакцияға түседі.

Биологиялық әдіс деп жасуша қабырғасының литикалық ферменттің әсеріне негізделіп бұзылуын атайды.

Автолиз (немесе ыдырату) жасуша қабырғасын жасуша ішіндегі гидролитикалық ферменттің қабілетінің әсерінен немесе фермент препаратын енгізудің нәтижесінде жүргізеді.30-35°С температурада қышқыл ортада бірнеше сағатта процесс жүреді. Нәтижесінде гидролиз    

өнімінің қоспасы пайда болады: амин қышқылдары, пептидтер, полипептидтер және т.б. Ферментативті дезинтеграция  жасуша қабығын бұзудың жұмсақ әдісі жатады, бірақ ол кеңінен қолданыс таппай отыр, себебі фермент препаратының қымбат болуынынан.

Дезинтегририлеуші күштің әсерінен жасуша материалы ыдырайды. Жылдам араластырудың әсерінен механикалық күштің әсерінен жүретін процесті физикалық дезинтеграция деп атайды. Жоғары жылдамдықпен үздіксіз режимде және автоматтандырылған жүйеде  процесс жүргізілуі  мүмкін.

Микроорганизм жасушасы  мұз болып мұздай қатырылумен және ерітілуімен, ультра дыбыстың әсерімен  бұзылады. Осы  процесс негізінде қондырғы жасалған, әр түрлі микроорганизм түрлерін дезинтеграциялау үшін қолданылады.Дезинтеграция нәтижесінде жасуша ішіндегі полимерлер, жасуша биомассасы ертіндіде болады,  мысалы  экстракцияда. Жасуша дезинтегратының күрделі қоспасынан ақуыз заттың бөлінуі - өте көлемді және қымбат процесс. Өндірісте тек қана қымбат биологиялық активті заттарды алу үшін ғана қолданылады.

 

 

Тіршілік  етуге  қабілетті  микроорганизмдерді  бөліп  алу

 

Бұл топқа биопрепараттар жатады, ол микроорганизмдердің өзінің өмір сүруінің сақталуын талап етеді немесе олардың метаболиттерінің жоғары биологиялық активтілігін  пайдаланғанға дейінгі (мысалы фермент)  сақталуын айтады. Мұндай биопрепараттардың саны үздіксіз өсуде. Осыған жататындар нан ашытқылары, өсімдіктерді  қорғайтын заттар, көптеген бактериялар, антибиотиктер, ферменттер және т.б.Тіршіліке қабілеті  микроорганизмдер негізінде биопрепараттарды алу технологиясы алынған,ол препаратты алғаннан күрделілеу өмір сүруге қабілеті микроорганизмдерді биологиялық активті өнімді құрайды.Сондықтан биопрепаратты алу әдісімен тереңірек танысамыз, ол өмір сүретін микроорганизмдерді құрайды, олардың көбісі өндірісте биологиялық активті метаболит негізіндегі препарат қолданылады. Тіршілік етуге қабілеті микроорганизмді құрайтын  биопрепаратты алу сусыздануда ұзақ уақыт микроорганизмнің өмір сүруін тоқтату негізделген.

Осындай кезде, метаболизмнің кері тоқтатылуы немесе тоқтап қалуы  анабиоз деп аталады. Микроорганизмнің өмір сүруін құрайтын биопрепаратты алу біріншіден оңай секілді.Культуральды сұйықтықтан микроорганизмді бөліп алу, белгілі ылғалдылыққа дейін кептіру болып саналады және ұзақ уақыт сақтау үшін буып түюге және сақтауға салатын қорапты қолдану.

Биомассаны сусыздандырғанда жасушада өзгеріс пайда болады. Бұл өзгеріс жаңа қажетсіз қосылыстың пайда болуына әкеліп соқтырады, жасушаның өмір сүруінің бұзылуына әкеліп соқтырады.

Су биомасса концентратында бос күйінде және байланысқан жағдайда болады. Кептіру кезінде жасуша ішіндегі сыртындағы су жоғалады. Егер биомассадағы жасуша сыртындағы су оңай жоғалса, онда биомасса компонентіндегі суды бөлуде энергияны және кептіру температурасын жоғарылату қажет болады. Сусыздандыру технологиясының негізгі талабы  болып бұл  микроорганизмдердің өмір сүруін сақтау. Барлық микроорганизмдер термолабильді микроорганизмдер қолайлы жағдайда үлкен емес температурада және кептіру уақыты ұзақ емес жағдайда  кептіру болып табылады.

 

Сублимациялы кептіру

 

Сублимациялы кептіру тірі микроорганизмдерге кейбір фермент түрлеріне және басқа термолобильді өнімдерді сублимациялы кептіру қолайлы. Бұл кезде фермент инактивтелген, жасушаның өмір сүруі жақсы сақталады.

Сублимация – қатты затты қыздырғанда газ тәрізді затқа ең аз сұйықтыққа ауысуы, сублимациялы кептіру микробиологиялық синтезінің   мұз болып мұздатылған өнімінен вакуумды дистилляциялы мұздың кептіру әдісімен алу болып табылады. Сублимациялы кептіру 0,1-*10 кПа қысымда вакууммен жүргізу процестің температурасының төмендеуіне мүмкіндік береді және жасуша құрылысының өмір сүру жағдайын сақтайды. Сублимациялы кептіру – күрделі техникалық процесс бірнеше тізбектелген сатыдан тұрады: материалды дайындау, қатыру, мұздату, сублимациялы кептіру, кепкен өнімді буып түю. Әрбір сатыда микроорганизмдер өзінің өмір сүру қабілетін жоғарылтады, сондықтан соңғы нәтижесі болып, барлық сатыдағы технологияны қатаң бақылауға байланысты.

Биомассаны дайындау. Микроорганизмдердің концентрленген суспензиясын сублимациялы кептіру, механикалық әдіспен алынған культуральды сұйықтықты сусыздандырыу (фильтрлеу, центрифугирлеу және т.б.) жатады. Микроорганизмдер суспензияның концентрациясын кептіруде мұз етіп тоңдыру кезінде жасуша өліп қалмас үшін  қорғаушы орта қосылады және келесідей кептірумен жүреді. Қорғаушы орта  ретінде коллоидты және гидрофильді зат (ақуыз, амин қышқылы, көмірсулар т.б.) қолданылады . Жасушаның ішінде мұздың пайда болуын азайтады, электролиттің концентрленуін төмендетеді және жасушаны тереңірек сусызданудан сақтайды. Осындай жолмен дайындалған жасушалық суспензия   мұз болып тоңуға келіп түседі.

Қатыру – микробиологиялық синтез өнімін сублимациялы кептіру технологиясы жауапты саты болып саналады. Биомассаны қатыруда жасушада биохимиялық және физикалық, биофизикалық өзгеруіне әкеледі. Нәтижесінде қатырғанда кристаллданады, жасуша мембранасы бұзылады және жасуша құрылысы өзгереді. Бұл өзгерістер мынадай үш себептің арқасында пайда болады:

1) жасушадағы мұз кристалл механикалық әсер еткеннен өзгеріске ұшырайды;

2)электролит концентрациясының жоғарылауынан мембрана денатурациясы өзгеріске ұшырайды;

3) жасуша сыртындағы және ішіндегі заттың концентрациясының айырмашылығының төмендеуінен өзгеріске ұшырайды.

 

 

 

      

            57 сурет- Периодты жұмыс  жасайтын сублимациялы қондырғы:

            1,7-тоңазытқыш қондырғы;                                                                     

            2-жылу тасмалдағышты салқындатуға арналған бак;

            3-плиталар;

            4-сублиматор;

            5-мұз конденсатор;

            6-вакуум-насос;

            8-насос;

            9- жылу тасмалдағышты қыздыруға арналған бак;

 

Біркелкі кристалл массасын алу үшін тез қатырылуы керек, камерадағы ауаның температурасы 20-дан 30°С - дейін болады. Биомассаны қатыру бірнеше әдіспен іске асырылады: салқындатуда контактілі қатыру,газбен салқындатылғанды конвективті қатыру, комбинирлеп қатыру кондуктивті қатыру болып салқындататын ваннаға салу болып табылады.Қатыру әдісін  таңдау микроорганизмдер қасиетімен анықталады, содан соң сублимациялы кептіруге жіберіледі.

Кептіру – сублимациялы кептіру преиодты әдіспен арнайы аппаратта – сублимациялы камерада немесе сублиматорда іске асырылады. Сублимациялы камера цилиндр тәрізді көлденең темірден жасалған нығыздалып жабылатын болып келеді. Сублиматор жылу алмастырғыш қондырғының жалпақ беті құбырмен жалғасады. Вакуумды болдыру үшін және сублиматордан булы газ қоспасын жоюда  әртүрлі механикалық және эжекторлы вакуум –насос конденсатордан кейін орнатылған қолданылады.

57-суретте периодты жұмыс жасайтын сублимациялы қондырғының принципиальды сызба нұсқасы келтірілген.Сублиматордың сөресіне  кептірілетін өнім салынады. Сөренің  ішінде жылу тасымалдағыш насостың көмегімен циркуляцияланады, өнімді  қатырғанда сөре мұздатылады  немесе кептіру кезінде қыздырылады. Вакуум – насос сублиматордан булы газ қоспасын айдайды. Тоңазытқыш қондырғыдан мұзагент  түсетін  мұзконденсатта судың буы конденсацияланады.

Кептіру процесі вакуумда мұзды сублимациялау әдісі екі периодтан тұрады. Біріншісі  бос суды жою, екіншісі  аралас суды жою (10-15 % қалған). Бірінші кептіру периоды төмен температурада 8-12°С тепмератураға  дейін, ал екіншісі қоршаған ортадан жоғары температурада жүргізіледі. Кей жағдайларда өнімдегі қалған 2-3 % суды 60-70°С температурада ұстағанда  өнімнің сапасы теріс болдырмауына тырысады. Сублимациялы кептіруден кейін өнім буып түюге жіберіледі, және биоперпараттың тауарлы формасына және қолданылуына байланысты болады. Соңғы кезде сублимациялы кептіру үздіксіз әдіспен алынады. Сублимациялы кептіруде энергия көп жұмсалады және қымбат бірақ биоперпарат өндірісінде өте қажет, әсіресе медицина саласында және ветеринарияда  өте қажет.

 

Кептірудің басқа әдістері

 

Биотехнологиялық өндірісте микроорганизм суспензиясын кептіру бірнеше әдіспен іске асырылады. Нан ашытқысын конвективті кептіргіште кептіргенде. Жылу өтетін және судың буын жою газ тәрізді кептіргіш агенттің көмегімен – ауамен, инертті газбен және тағы басқамен іске асырылады. Ашытқыны кептіру  35°С температурадан  жоғары  болмау  керек.  Сүт қышқылының   бактериясын (әр түрлі ашытқы ұйтқыда) 50°С температурада кептіреді. Микроорганизмдерге байланысты кептіру (кептіргіштен шыққан кептірілетін агенттің температурасы 135-150оС).Контактілі әдіспен ашытқыны кептіруде крахмалмен немесе ұнмен араластырып кептіру  жүзеге асырылады.

 

 

Бақылау сұрақтар

 

1.             Биопепараттың тауарлы түрі нені  көрсетеді?

2.             Микробиологияда синтезде инактивтелген биомасса ретінде болатын биопрепаратты атаңыз?

3.             Микробиологиялық концентратты  айтаңыз?

4.             Білікті кептіргіштердің  қолданылатын аумағы және кемшіліктері?

5.             Шашыратқыш кептіргіштердің қызметін түсіндір?

6.             Шашыратқыш кептіргішке микроорганизм суспензиясы қалай түседі?

7.             Газ – жылутасмалдағыш қалай, қандай температурамен шашыратқыш кептіргішке түседі?

8.             Кептірілген биомасса қалай сыртқа қандай температурамен шығарылады?

9.             Культуралды сұйықтықтан   дайын өнімді алуда қандай әдіс қолданылады?

10.         Экстракция дегеніміз не?

11.         Экстрагент пен  ерітінді арасындағы алынатын компонент қалай сипатталады?

12.         Экстракция процесінің жылдамдығын қалай жоғарылатады?

13.         Периодты экстракцияны қалай жүзеге асырады? Оның кемшіліктері?

14.Араластырғышта үздіксіз экстракцияда  қандай процесс жүреді, ал 

      сепараторда ше?

14.         Араластырғыш – инжектордың жұмыс істеуі немен түсіндіріледі?

15.         Сепараторда жеңіл және ауыр сұйықта эмульсияны бөлу қандай күштің әсерінен  жүреді? Табақша аралық кеңістікте қалай жылжиды? 

16.         Құбырлы жоғары центрифуганың жұмыс істеу принципін түсіндір.

17.         Дифференциальды – контактілі экстрактордың жұмыс істеу принципін түсіндір.

18.         Ертіндіден экстракция процесінен кейін қалай бөліп алады?

19.         Культуралды сұйықтықтан дайын өнімді ион алмасу әдісімен бөліп алу неге негізделген?

20.         Культуралды сұйықтықтан биологиялық активті затты ион алмасумен бөліп алуда динамикалық әдіс нені қортындылайды?

21.         Батареяда ион алмасу фильтрде қарама – қарсы ағымдағы принцип қалай түсіндіріледі.

22.         Ионалмасу фильтрден биологиялық активті заттың десорбциясы қалай жүреді ?

23.         Микробиологиялық синтездің қандай дайын өнімінен жасуша ішіндегі продуцент жиналады.

24.         Экстракторда мицелиядан антибиотикті экстракциялау қалай іске асырылады?

25.         Диффузор батареяда кептірілген мицелиядан антибиотикті экстракциялау процесінде қарама – қарсы ағымдағы принцип қалай іске асырылады?

26.         Микроорганизм жасушасының қабығын дезинтеграциялау қандай әдіспен жүргізіледі?

27.         Өмір сүруге қабілетті микроорганизмді құрайтын немесе оның биологиялық активті метаболитін құрайтын биопрепаратты атаңыз.

28.         Өмір сүруін сақтайтын микроорганизм суспензиясын кептіру әдісін атаңыз.

29.         Сублимация процесі нені түсіндіреді?

30.         Микроорганизм суспензиясын кептірудің сублимациялы процесі қандай тізбектелген этаптан тұрады?

31.         Сублимациялы кептіруге микроорганизм суспензиясын қалай дайындайды?

32.         Қатыру кезінде қандай себептерден микроорганизм жасушасы бұзылады?

33.         Тоңдырылған биологиялық материалды кептіру қалай іске асырылады?

34. Периодты жұмыс  жасайтын сублимациялы қондырғыны түсіндір.

 

 

Газ қалдықтарын  және ағын суды тазарту сатысы

 

Қатты заттардың қалдықтарын утилизациялау, газ қалдықтарын және ағын суды тазарту қазіргі кездегі технологиялық процестердің қажетті бөлімі. Әр түрлі өндірістердің зиянды қалдықтарынан қоршаған ортаны қорғау әдістері жасалуда. Соңғы жылдары осыған орай микроорганизмдерді қолдануға үлкен көңіл аударылуда.Қалыпты жағдайда табиғатта биологиялық тазарту процесі жүргізілуде, бірақ микроорганизмдер өзінің биогеохимиялық қабілеттілігін белгілі жағдайда сездіріп, оның тез өзгеруі төмендеуіне әкеліп соқтырады, ал кейде өмір сүруі толығымен тоқтайды. Микроорганизмдердың табиғи қасиетті, өндірістің қалдықтарын тазарту әдісін құру және бірқатар өндірістің қалдықтарын утилизациялау, минеральды және органикалық заттарды ыдырату. Қазіргі кезде микроорганизмдерді ағын суды тазартуда кеңінен қолданылуда.

 

Ағын  суды тазарту

 

Өндірісте қолданылған суды, адам баласы тұрмыстық жағдайда қолданған суды органикалық және бейорганикалық қосылыстармен ластанған суды ағын су деп атайды. Судың барлық су қоймасындағы мөлшерінен өндіріс қайтармай тек 5-10 %  қолданады, ал қалған су ластанған түрінде қайта су қоймасына жіберіледі. Ағын суды су қоймасына жіберер алдын ағын судың құрамындағы органикалық заттардың тотығуына еріген оттегі жұмсалады.Судағы еріген оттегінің құрамы төмендейді, ал минеральды заттың концентрациясының ұлғаюынан өсімдіктердің және жануарлардың, микрорганизмдердің су қоймасы арасында бекітілген тепе – теңдіктің бұзылуына әкеледі.Біздің елімізде судың бетін ластанған ағын судан қорғауға арнайы ереже бекітілген. Судағы еріген оттегінің мөлшері бойынша қалпына келтіруде, судағы өлшенген бөлшектердің, минеральды компоненттердің және тағы басқалардың құрамын қалпына келтіруде оттегін биохимиялық тұтыну бекітілген.Ағын судың ластану дәрежесін тиімді бақылауда оттегін биохимиялық тұтыну көрсеткіші кеңінен қолданылады,белгілі уақыттағы әр түрлі заттардың тотығуын оттегін жұтқан мөлшері сипаттайды.1литр ертіндіге (мг О2/л) миллиграмм оттегінің биохимиялық тұтынуы (ОБТ) байқалады. Бес тәулік бойы ұсталған сынамада оттегінің биохимиялық тұтынуының ОБТ5 өзгергені байқалады, 20 тәулік бойы сынамада оттегінің биохимиялық тұтынуының  ОБТ20 – өзгергені байқалады және ОБТтол – барлық заттар толығымен тотығады. Ағын су әр түрлі заттың күрделі қоспасы болып саналады, 200-ден 3000 мг О2/л (ОБТ) оттегінің биохимиялық тұтынуы болады, ал  өзеннің  таза  суы  үшін оттегін биохимиялық тұтыну 1 мг О2/л (ОБТ)  тең болады.Тазартылған суды су қоймасына, су жинағышқа жібергенде санитарлық нормаға сәйкес дәрежеде болуы тиіс, ағын суды тазартуда оттегінің биохимиялық тұтынуы болуы керек.Ағын судағы зиянды заттардың құрамы, су қоймасына жіберген тастанды (ПДК) барынша керекті  концентрация бекітілген.

Биотехнологиялық өндірістер сияқты басқа өндірістерде барлық технологиялық процестеріне байланысты судың үлкен көлемді шығыны жұмсалады. Мысалы, нан ашытқысын алатын зауыта өндірістік ағын судың жалпы мөлшері 80 мың тоннаны жылына құрайт болса, тәулігіне ашытқы өндіргендегі мөлшері 45-55 мың м3 құрайды екен. Ағын суыдың құрамы және ластанған заттың концентрациясы биотехнологиялық өндірістен шығарылатын өнім биопрепаратқа байланысты.Сондай-ақ ашытқы - гидролиз өндірісінің ағын суындағы фурфуролдың құрамы 50 мг/л концентрациясын құрайды, папирин-н-парафин өндіретін зауытағы ағын судағы ластанған заттың концентрациясының құрамы 600 мг/л құрайды.Биотехнология өндірісіндегі ағын судағы кейбір ластанған заттардың құрамы келесідей көрсетілген мг/л:

 

өлшенген заттар                        1000 – 2000

азот                                             150  –  250

фосфор (Р2 О5 есеп бойынша)  30  –  50

ОБТтолық мг О2/л                        2000 – 3000

 

Өндірістегі ағын судың құрамы мен саны әр түрлі, сондықтан ластанғанды тазартуда тазарту әдісінің әр түрі қолданылады.

Ағын суды тазартудың сызба – нұсқасын таңдауда, бірінші орында, су қоймасына түсетін ағын суда ластардың аз мөлшерде болуын ойластыру және тазартылған ағын суды технологиялық процеске барынша максимальды  пайдалану. Бұл экологиялық мақсатта ғана емес және экономика  жағыннан да үнемдейді, олай болса ағын суды тазартудағы арнайы құрлыстың  шығыны, өндіріске жұмсалған барлық қаражат қорының 40-50 % құрайды. Биотехнологиялық технологияда өндірістің тұйық технологиясын құру қалдықсыз өндіріс болып саналады. Ірі зауыттардағы ағын суды тазарту жүйесі өндірістің технологиялық процесінің жалғасы болып саналады.Ағын суды тазарту процесі құрамындағы ластанған ертіндіні және өлшенген затты  жою болып саналады. Ағын суды тазарту әдісі бес топқа бөлінеді:механикалық, физико – химиялық, химиялық, биологиялық, термиялық. Биотехнологиялық технологияда биологиялық тазарту әдісі жоғарғы мәнге ие. Көптеген өндіріс орындарындағы ағын судың ластану сипатына қарай, ағын суды тазартуда  бірнеше әдістер тізбектеле қолданылады.

 

Механикалық тазарту

 

Ағын суды механикалық тазарту  бірінші сатыдағы тазарту болып саналады.Механикалық жолмен бөліп алуда ерімейтін ірі бөлшек қоспаларды бөліп алу фильтрлеу, тұндыру,  сүзу әдісін қолданады.Ағын судағы ірі қоспаларды механикалық тор сүзгіден бөліп алады. Дән тәрізді минералды ластарды ауыр күштің әсерінен құм ұстағыш арнайы қондырғыда тұндырады.Майда бөлшектерді бөлуге дәнді материал қабат фильтрлер қолданылады, мысалы құмды фильтр. Механикалық тазартуда ағын суды тазарту жүйесінің әр түрлі сатысы бекітілген, құрылысы әр түрлі тұндырғыштар қолданылады.

 

Физико – химиялық тазарту

 

Физико – химиялық тазарту ластанудың физикалық жағдайының өзгеруі негізде ағын судағы ластарды жоюды жеңілдету.Тазарту әдісі әр түрлі: коагуляция, флотация, эвапорация және тағы басқалар.Соңғы кезде аз концентрациялы ион алмасу әдісі химиялық заттарды бөліп алуда кеңінен қолданылады.Физико – химиялық тазарту әдісінің тиімділігі жоғары екендігі түсіндіріледі, бағасы қымбат реагенттерді қолдануына қарамастан, олар өндірісте кеңінен қолданылуда.

 

Химиялық тазарту

 

Химиялық тазарту ағын судағы заттардың еруіне реагенттің химиялық әсер етуіне негізделген.Химиялық тазартуда конденсация, тотығу, нейтрализация реакциясы жүреді, нәтижесінде улы емес, патогенді емес заттар пайда болады, ағын суды нейтрализациялайды, ағын суда ерігіш қосылыстар ерімеуге өтеді және тұнбаға түседі.Бұл химиялық тазарту әдісінде реагенттің үлкен шығынының болуына байланысты және келесідей басқа тазарту  әдістері талап етіледі.

 

Термиялық тазарту

 

Термиялық тазарту құрамында минералды, органикалық, улы заттары бар өндірістік ағын суды зиянсыздау  болып саналады.Термиялық әдіспен ағын судағы қатты қалдықты және жанғанан  кейін алынған улы емес өнімді жоғарғы температурада толығымен жою болып саналады. Кейбір жағдайда ағын суды булайды, ал ластанған концентрленген қоюланған ертіндіні арнайы орындарға көму арқылы жояды.Термиялық жолмен тазару әдісі су қоймасындағы  тастандылар  толығымен тазартылады, бірақ үлкен көлемдегі суды буландыруға энергияның үлкен шығыны қажет етіледі.

 

Биологиялық тазарту

 

Биологиялық тазартуда микроорганизмдердің қабілетін пайдалану негізделген, микроорганизмдердің қоректік субстраты ретінде ағын судың құрамындағы көптеген органикалық және бейорганикалық қосылыстар, саналады.

Биологиялық тазарту әдісі,  өндірістің ағын суын тазартуда кең таралған әдіс болып саналады, ал өнеркәсіптерде биотехнологиялық өндірістің негізгі әдісі болып саналады. Бұл әдістің артықшылығы болып ағын судың құрамындағы әр түрлі органикалық және бейорганикалық қосылысттардан соның ішіндегі улы заттарды  жоюға мүмкіндігі бар екендігі саналады. Ағын суды биологиялық тазарту процесіндегі микроороганизмдермен тотығатын  заттардың бір бөлігі  қолданылып  биомасса пайда болады, ал басқа бөлігі зиянды емес өнімнің тотығуына айналады: Н2О, СО2, NO2 және т.б.

 Ағын суды тазартуда аэробты және анаэробты микроорганизмдер қолданылуы мүмкін. Аэробты әдіс кең таралған, микроорганизмдерді үздіксіз культивирлеуде беттік немесе түптік культивирлеу әдіске негізделген.

Ағын суды биологиялық тазартудың технологиялық сызба – нұсқасы биотехнологиялық өндірісте типтік сызба – нұсқа болып саналады. Микроорганизмдердің қоректік ортасы ретінде қазіргі кезде ағын су қолданылады, оның құрамында барлық биогенді элементтер – көмірсу,сутегі, оттегі, күкірт және басқа да микроэлементтер болады. Жасушаның өсуіне жетіспейтін элементтер (азот, фосфор, калий) ағын суға тұз түрінде немесе тұрмыстық ағын суға міндетті түрде қосады.

Ағын судағы қоспаның концентрациясы жоғары болғандықтан оны сұйылтады,олай болса заттың белгілі концентрациясында микроорганизмдердің ферментативті активтілігінің  жоғарылағаны байқалады.

Ағын суды биологиялық тазарту процесінде зарарсыздандыру қажет емес және ашық аппараттарда зарарсызданбаған ауаны беру арқылы орындалады. Биологиялық жолмен тазарту беттік культивирлеу әдісімен ағын суды тазартатын аппараттарда жүргізіледі, оны биологиялық фильтрлеу деп атайды, ал  түптік әдіспен культивирлеу аэротенкада жүргізіледі.

 Биофильтрде ағын суды тазарту. Ағын суды биофильтрде тазартуда иммобилизденген жасушаны қолдану процесін жатқызуға болады. Бұл процесте активті болып тірі микроорганизмдер саналады, (иммобилизденген) қатты тасымалдағыштың бетіне жабысқан сілекейлі биоқабықша түрінде болады. Биоқабықша ол әртүрлі жүйелі топтағы күрделі комплексті микроорганизмдер болып келеді. Биоқабықшада ең ірі микрооганизмдердің тобы – бактерия.

Тасымалдағыш немесе ертеректе фильтрлеуші материал ретінде қабылдағандай биофильтрдегі фильтрлеуші материалдың  көлемі 25-50 мм щебень, ұсақ жұмыр тас, шлак, кокс  сияқты болып келетін дән тәрізді материалдар қолданылады, ал соңғы кезде - ұяшық пластинка қолданылады. Биофильтрдің құрылысы тік бұрышты немесе түбі екі қабат дөңгелек болып келеді (58-сурет). Торға фильтрлеуші материал салынады, ал төменгі ұстағыш қабат ірілеу дән тәрізді материал 60-100 мм болып келеді.

 

 

 58 сурет - Биофильтрдің жұмыс істеу сызба - нұсқасы

1-түбі; 2-тор;  3-фильтрлеуші материал; 4-суды таратушы қондырғы;

 

Биофльтрдің жоғарғы жағында фильтрлеуші материалдың астыңғы жағына суды реттеп таратушы қондырғы орнатылады. Биофильтрдің жұмыс істеу принципі келесідей.Су алдын ала  механикалық қоспадан тазартылып суды фильтрлеуші материал қабат  арқылы өткізіледі, біраз уақыт өткен соң материалдың бетін микроорганизмдер массасынан тұратын биологиялық сілекейлі қабат жабады.Микроорганизмдер ауа мен  контактіде байланыста болып, ағын судағы органикалық заттарды эффективті тотықтыра бастайды.Ағын суды реттеп жіберуші қондырғы арқылы азырақ бөліктен аз-аздап жіберіп отырады.Үзіліс кезінде биоқабаттың   активтілігі қалыпына келеді.Тотығу процесін ұстауда фильтрге төменнен ауа беріледі. Кішірек фильтрге ауа табиғи желдеткіштен түседі, ал өнімділігі үлкен фильтрге желдеткіш арқылы ауа беріледі.Ағын су  фильтрлеуші материал арқылы өтеді де қоспалардан тазартылады және тордың саңылауы арқылы науаға жіберіледі.

Фильтрлеуші материалдың бетіне үздіксіз микроорганизмдердің өсу процесі және микроорганизмдердің өлу процесі болады. Өлген микроорганизмдер ағып жатқан сумен жуылып және биофильтрден ығыстырылып  шығарылады. Тазартылған су сол жерден шығарылған  бөлшектер биоқабықшаға тұнады, биофильтрден  тұндырғышқа келіп түседі, содан кейін суды су қоймасына  жіберуге болады.

Биофильтрде ағын суды тазарту тиімділігі жоғары және ОБТ  90 % дейін жетеді. Кейде биофильтрдің көптеген кемшіліктері бар, процесті басқару қиындылығы.Сондықтан биофильтрдің қазіргі заманға сай құрылысы өңделіп, жоғарғы жылдамдықпен тазартылған су беріледі.

Ағын суды аэротенкада тазарту.Ағын суды аэротекада тазартуда , аэробты жағдайда  микроорганизмдерді түптік культивирлеу процесі болып саналады. Микроорганизмдер биологиялық тазарту процесіне қатысады активті (ил) лай  түрінде формаланады. Сары-қоңыр түсті майда қауашақ түрінде көлемі 3-150 мкм дейін, акивті ил суда өлшенген  және тірі микрорганизмдер колоннасы түрінде  болады.Көп санды микроорганизмдер тобы бактериялар болып саналады. Активті илден 100 –ден астам бактериялар штаммдар бөлініп алынған.Активті илде бактериядан басқа бір жасушалы организмдер (су саңырауқұлақтары) қарапайым организмдер (амеба,инфузорлар) микророскопиялық жануарлар (су  кенесі) және тағы басқалар болады. Аэротенка тік бұрышты көледенең бөліктерге бөлінген бірнеше дәліздерден тұратын темірбетоннан жасалған ыдыс.Аэротенканың түбіне ауа беріліп тұратын аэратар орнатылған, немесе арасы кеуек плиталар немесе саңылауы бар керамикалық түтіктер орнатылған (59-сурет).  Сығылған ауа аэраторға компрессордан беріледі.

Активті ил мен органикалық заттардың биохимиялық тотығуы аэротенкада іске асырылады.Құрғақ заттағы активті илдің концентрациясы 2-4 г/л (құрғақ зат есеп бойынша). Ағын суды тазарту келесіздей жүргізіледі. Тазарту процесінде ағын су алдымен екінші дәлізге келіп түседі, активті илмен араласып белгілі жылдамдықпен аэротенканың барлық дәліздеріне өтеді.Аэратор арқылы ауа барлық дәліздердегі сұйықтықты оттегімен қанықтырып қоймайды, сонымен қатар суды  активті ил мен қарқынды араластыруға  жібереді.

 

 

 

  59 Сурет- Аэротенка  мен тұндынғыштың жұмыс істеуінің сызба  нұсқасы.

                       1- аэротенка;   2- тұндырғыш.

 

 

Суды  тазартудың  келесідей  құрамы  болады:

Оттегінің құрамы мг/л                                 2-4

өлшенген бөлшектер, көп емес                   150

минерал тұз,көп емес                                    10

Аэротенкада болу уақыты, сағат                 8-12

 

Аэротенкадан су активті илмен бірге тұндырғышқа жіберіледі, сол жерде активті ил тұнады да, бір бөлігі оның аэротенкаға қайта келеді де, ал бір бөлігі жүйеден шығарылады. Тұндырғыштан оралған активті ил аэротенканың бірінші дәлізіне келеді, сол жерде үрлеген ауаның көмегімен активтілігі оның қалпына келеді.Тазартылған су қайта қолданылуға немесе су қоймасына жіберіледі.   

Аэротенкада ағын суды тазарту процесін барлық уақытта бақылап және қадағаланып отыру қажет.Активті илдің концентрациясы алынған биомасса мен аэрация режимімен, микроорганизмнің өсуіне жетіспейтін биогенді элементі берумен бақыланады.

Аэротенканың құрлысы және ағын суды биологиялық тазарту процесі  үнемі жаңартылып отырады. Мысалы, ағын суды тазартуда окситенкте ауаның орнына таза оттегі мен активті илдің жоғарғы концентрациясы қолданыла бастады. Окситенктегі судағы оттегінің концентрациясы  10-12 мг/л  жетеді            (аэротенкада 2-4 мг/л орнына),ал активті ил 15 г/л (аэротенкада 2-4г/л).Окситенктің тотықтыру өнімділігі аэротенкаға қарағанда 5-6 есе жоғары, бірақ оттегі шығыны жоғарылағаны байқалады.

 Аэротенкада ағын суды биологиялық тазартуда, өңделген активті илдің мол мөлшері пайда болады.Илді тұнба буланудың және азырақ  фильтрлеудің есебінен өздігінен  кебетін арнайы орынға жіберіледі. Нәтижесінде тұнбаның көлемі 3-8 есеге кемиді.Анаэробты микроорганизмдердің  көмегімен, метан пайда болғанша органикалық затты ыдыратуға қабілеті бар активті илді утилизациялау іске асырылады.

Метанның ашуы.Табиғатта кең таралған метан пайда болатын бактерияның өмір сүруінің нәтижесінде, топрақта,су қоймасында, балшықта органикалық затты ыдыратып, метанның пайда болу процесі  жүреді.Өндіріс аппаратында мұндай микроорганизмді қолдану органикалық қалдықты ыдыратып  қана қоймайды, сондай–ақ отын ретінде қолданылатын газ алынады.

Метан ашу – анаэробты процесс екі фазада микроорганизмдердің күрделі ассоциациясымен іске асырылады.Бірінші фазада субстрат май қышқылына дейін ашиды, ал екінші фазада май қышқылынан метан  және көміртегі диоксиді пайда болады. Бірінші ашу  фазасына  активті фермент жүйесі субстраттағы органикалық затты ыдырату үшін микроорганизм қатысады. Екінші фазада метанның ашуынан метан пайда болатын бактерия Methanobacterium, Methanica туысына жататын және тағы басқаларынан іске асырылады.Метанның ашуы арнайы аппарат–метантенкте мезофильді (30-35°С) температурада  және термофильді (50-55˚С) температурадағы жағдайда жүреді.Термофильді жағдайда органикалық қосылыстарды қарқынды ыдыратады.

 

       

 

                        

 

          60 Сурет- Метантенк:

          1-электр двигателі; 2-газ жүретін құбыр;

          3-ыстық су өтетін құбыр.

 

Метантенк темір бетоннан жасалған түбі  конусты резервуар, газ ұстағыш және газды шығаратын  қондырғымен, сондай–ақ қыздырғыш  араластырғыш қондырғымен жабдықталған (60-сурет).

Ашу кезінде газ қоспасы (биогаз) бөлінеді, ашу кезінде метан негізінде болатын және азот қоспасымен көміртегі диоксиді, сутегі және сутекті күкірт бөлінеді. Органикалық заттың мөлшері ашудың нәтижесінде екі есеге кемиді. Ашудан кейінгі тұнбаның қалдығының құрылысы біркелі дән тәрізді болғасын және өңдеу талабына сай өңделгеннен кейін тыңайтқыш ретінде пайдалануға жіберіледі.

Метан ашу қосымша органикалық өнімді тазарту процесінде және ағын суды биологиялық тазарту кезінде пайда болған активті илді утилизациялауда қолданылады.Ауыл шаруашылық қалдықтарын утилизациялау үшін метан ашу процесін  қолдану перспективті болып келеді. Көптеген елдерде өндірістік жағдайда анаэробты термофильді жағдайда малдың қиынан метан ашу процесін  кеңінен қолдануда.

 Өндіріс қалдығының анаэробты ашудағы бір қатар  артықшылығы бар.  Технологиясы қарапайым аэрирлеуші қондырғы қажет емес,экономика жағынан энергия үнемделеді.Анаэробты ферментацияда органикалық зат минерализацияланады  және биомассаның азырақ  мөлшері пайда болады.

 

Газ қалдықтарын тазарту

 

Биотехнологиялық өндірістің арнайы ерекшелігі болып әртүрлі микроорганизмдер және  олардың тіршілік етуін қамтамасыз ететін өнімдер барлық уақытта бір бірімен  байланыста болып саналады. Биотехнологиялық процесс үшін аэробты микроорганизмдердің өмір сүруі негізінде  мол мөлшерде ауа жұмсалады, әсіресе ферментация процесінде және биопрепараты кептіру кезінде.

Ферментордан бөлініп шыққан ауаның құрамында көптеген микроорганизмдер болады, сондықтан ауаны атмосфераға шығарар алдын зарарсыздау керек.Мысалы, ашытқы өсіретін ферментатордан бөлініп шыққан ауаның құрамындағы 1м3 ауада 3,4•106-3,6•106 микроорганизмдердің жасушасы кездеседі.Ферментерден шығарылған ауаның ылғалдылығы жоғары болады. Суды бөліп алу үшін гидравликалық кедергісі төмен құрлысы жалюзді қолданылады. Бұл мақсатқа қолдану үшін тот баспайтын болаттан немесе пластмассадан жасалған  тоқылған және матадан жасалған торлар тиімді болады.Бұл әдіспен 90 % су сепарирленеді. Шет елдерде ферментатерден шығарылған ауаны тазарту және зарарсыздау үшін микроталшықтан жасалған борсиликатты шынылар қолданылады. Мұндай материалдан жасалған патрон - фильтрлердің ауаны зарарсыздау қабілеті  жоғары ауаны (99,999%) дейін тазартады және көлемі 0,6 мкм бөлшектерді жақсы ұстайды. Фильтрлерді зарарсыздау бу арқылы жүргізіледі.Тот баспайтын болаттан, мырыш пен қоладан жасалған фильтрлер кеңінен қолданылады. Бұл элементтер жоғарғы температураға және ылғалға өте төзімді.

 Микроорганизмдерді ферментерде түптік культивирлеу әдісімен қысымы 0,12-0,16 МПа болады. Егер ауа шығатын жолдардағы тесіктерге  ауаны тазартуға саңылаулы материалды қояр болсақ, онда үлкен кедергі жасап ауаның қозғалуы қиындайды.Сондықтан түптік  культивирлеуде екі сатылы  ауаны тазарту процесі жүреді, біріншісінде – ылғалды бөліу, екіншісінде ауаны өздігінен тазарту.Ауаның  құрамында микроорганизмдерден басқа қатты бөлшектер де кездеседі (шаң тозаң, микроорганизмдердің құрғақ массалары және тағы басқалар). Бұл қосылыстарды тазартуда бірнеше тәсілдер бар: құрғақ тазарту, ауыр күштің әсерінен бөлшектердің тұнуы; ылғалды тазарту, ауаны су қабаттары арқылы өткізу; ауаны фильтрлер арқылы өткізу, сол кезде шаңдар мен микроорганизмдер сүзіліп қалады.

 Ауаны құрғақ әдіспен шаңнан тазартуда  кеңінен қолданылып келе жатқан циклон  ол ортадан берілген күшті қолдану негізінде (61-сурет) жүреді.

Патрубок арқылы ауаны циклонға жіберген кезде, нысана циклонның корпусына бағытталып ортадан тепкіш күш пайда болады, осы күштің әсерінен шаңның біраз бөлігі циклон қабырғасына соғылып бағытын өзгертеді және циклонның конус бөлігіне беріледі, ал тазартылған ауа орталық құбыр арқылы  шығарылады.

 

 

                             61 Сурет-Циклон:

                             1-корпус;  2-орталық құбыр;

                             3-шаңды қабылдауға арналған бункер;

          4-шаңды шығаруға арналған затвор-«мигалга»;

                             5-  жүк салу контур мегалкасы

 

 

                          62 сурет- Жең тәрізді фильтрдің сызба нұсқасы:

                          1-шаңданған ауаны беруге арналған штуцер; 2-корпус;   

                          3-жеңді үрлеу үшін таза ауаны беруге арналған штуцер;

                         4-сілкігіш қондырғы;

                         5-тазартылған ауаны шығаруға арналған  штуцер;

                         6-фильтрлеуші жең; 7-шаңды жоюға арналған шнек.

 

Бұл әдістің тиімді болуы циклонның көлеміне байланысты. Сондықтан үлкен бір ғана циклонның орнына кішірек көлемдегі бірнеше циклон батарея тиімді болып саналады.

 Циклондағы ауаның айналу қозғалысын, розетка немесе винт тәріздес бағыттаушы аппарат арқылы жүреді. Циклон шаңнан тазартуда өте тиімді қондырғы болып саналады, көлемі   5 мкм шаң бөлшектерді ұстау коэффициенті  85 %  жетеді, бөлшектердің көлемі 10 мкм болса  95% жетеді.

 Ауаны ылғалмен тазарту үшін құрлысы қарапайым және  жұмыс істеу принципі ылғал скрубберлер қолданылады. Скруббер цилиндрлі бағана тәріздес шаңданған ауа қабырғаға жабыстырылған аппарат арқылы жіберіледі. Ауаның ағымына форсунка арқылы су шашыратылады, ол майда тамшыға диспергирленеді.Шаңның бөлшектері судың тамшысына тұнады және скруббердің төмен жағына беріледі. Тазартылған ауа аппараттың жоғарғы жағынан шығарылады.Су шаңмен қосылып тұндырғышқа жіберіледі сол жерде су мен шлам ажыратылады. Тұндырғыштағы су қайтадан шаңды ұстау үшін скрубберге жіберіледі, ал шлам тасталынады.

 Шаңнан тазарту үшін фильтрлеуші аппарат түрі матадан жасалған жең тәрізді фильтрлер  кеңінен тарала бастады (62-сурет). Бұл фильтр шкаф тәріздес темір корпустан тұрады  бірнеше секцияларға темір бөгеттермен қоршаулармен бөлінген.Әр секцияға матадан жасалған жең тәрізді фильтрлер орналасады, жоғары жағы бітеу болады және  темір рамаға ілінеді, ол жерде  сілкігіш қондырғымен біріктірілген болып келеді. Шаңды ауа жең тәріздес фильтрдің төменгі жағынан кіріп мата арқылы өтеді де, шаң жеңнің ішінде жоғарғы жағында ұсталынып қалады. Белгілі бір уақыттан соң шаңданған ауаның секцияға кіруі тоқтатылады, сілкігіш қондырғы қосылып, бір уақытта жеңнің сыртынан күшті ауа ағынымен штуцер арқылы үрленеді. Жеңдер жиналған шаңнан тазартылады, шаң бункерге  келіп түседі де шнек арқылы шығарылады. Бұл жерде  жең тәрізді фильтрдің үздіксіз жұмыс істеп тұруы, бір секциядан екінші секцияға  шаңданған ауаны беруге болады.Жұмыс жасап тұрған кезде жеңді тазартуға өту автоматты түрде атқарылады. Фильтрдің шаңды ұстау кроэффициенті 99%.

 Ауа қалдықтарын микроорганизмдерден тазарту, жоғарғы дәрежеде қамтамасыз ету үшін ауаны зарарсыздайтын фильтрлер қолданылады. Биотехнологиялық өндіріс орындарынан ауаға  жіберілген тастандылардан тазарту жүйесі үздіксіз жаңартылып отырады, қоршаған ортаның атмосферасын микроорганизммен  және биологиялық активті заттармен ластауға болмайды 

 

Бақылау сұрақтар

 

1.       Ағын су деп  нені айтады?

2.       Ластанған ағын суды оттегінің биохимиялық тұтынуы (ОБТ) негізгі көрсеткіштердің бірі екендігін қалай анықтайды?

3.       Биотехнологиялық өндірісте ағын суды тазартуда қандай бес түрі қолданылады?

4.       Биотехнологиялық өндірістегі ағын суда қандай негізгі ластаушы зат бар?

5.       Ағын суды биологиялық тазарту неге негізделген?

6.       Биофильтрдің жұмыс істеу принципі немен қорытындыланады?

7.       Аэротенканың жұмыс істеу принципі және құрлысын түсіндір.

8.       Активті ил қандай болып келеді?

9.       Метан ашудың спецификасы немен қорытындалады?

10.   Метантенктің жұмыс істеу принципін және құрлысын түсіндір.

11.   Ферментатерден шығарылған ауаны тазарту қалай  іске асырылады?

12.   Циклонда ауадан шаңды жою неге негізделген?

 

 

Биотехнология өндірісіндегі техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау Қазахстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағыталған,сондай-ақ еңбек қауіпсіздігіндегі  және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді. Елімізде еңбек қауіпсіздігінің стандартты жүйесі ЕҚСЖ қолға алынған, әрбір өндіріс саласының өз технологиясы болады, сондықтан жобаны жасауда құрлысты тұрғызуда, жаңарту кезінде техника  қауіпсіздік ережесі ескертілуі керек.

Технологиялық процесстердің тізбектелген  сатысы жүретін цехтар мен бөлімдерді тұрғызған кезде, еңбек қауіпсіздігі, өрт, жарылыс мәселелері жалпы құжаттар негізіне сәйкес болуы керек.

Шикізаттар мен дайын өнімдер сақталатын қоймаларда өрт және жарылысқа қарсы қоланылытын құрал- жабдықтар болуы тиіс. Тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтар, құрғақ ашытқылар мен биопрепараттар бөлек қоймаларда сақталады, қоймаға жақын жерде  ережеге сәйкес қашықтықта өрт сөндіретін құрал – жабдықтар сай тұрады. Органикалық ерітінділер мен жанғыш заттармен жұмыс істейтін, жарылыс қауіпі бар цехтар болады.  Бұл  цехтарда өрт кезінде шығып кететін есіктері болады,төбесі жарылыс кезінде оңай ұшып кететін материалдан жабылады. Цехтарда өндірістік апат болған жағдайда  қолдану үшін, барлық қоймаларда өрт сөндіруге арналған алғашқы көмек беретін құрал-жабдықтар және автоматты жүйеде өрт сөндіредін қондырғылар орнатылады.

Кейбір дыбысты  естіртпейтін    орында қатты дыбыс шығарып жұмыс істейтін қондырғылар, құрал-жадықтар арнаулы амортизацияланған жастықшалар орналатылады. Қатты шу дыбыс адамның басын ауыртып тез шаршатады, кейде құлақтың  дыбысты  есітпей қалуына әкеліп соқтырады, сондықтан шуды бәсеңдетуге үлкен көңіл бөлінеді.Зауыттың барлық цехтары, қоймалары, қондырғылары бір – бірімен үздіксіз технологиялық процесте жүріп тұруына лайықталып тұрғызылып байлады. Шикізаттарды, қоректік ортаның ерітінділерін және басқада газ күйіндегі өнімдерді құбырөткізгіш арқылы тасымалдағанда, олардың арнайы өнімінің қасиетіне қарай, еңбек қауіпсіздігін сақтай отырып жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік стандартқа сәйкес тасымалдайтын құбыр өткізгіште өтетін затқа қарай әртүрлі түске боялады, су құбыры - жасыл түске, бу өтетін құбыр – қызыл, ауа жүретін  құбыр – көк, жанатын және жанбайтын газдар- сары, қышқылдар- қызыл  сары, сілтілер – күлгін, жанатын және жанбайтын сұйықтықтар – қоңыр, басқа да қоректік орта культуральды сұйықтық – сұр түске боялып қойылады      (сырланады). Өртке қарсы қолданылатын құбыр өткізгіш қызыл бояумен боялады.

Құрғақ өнімдерді тасымалдаған кезде арнаулы қауіпсіздік шаралары қолданылады, құбыр өткізгішті жарылыстан сақтайтын арнаулы клапондар орналастырылады.Өндіріс орындарына қондырғыларды, құрал-жабдықтарды орналастырған кезде, олардың жөндеу жұмыстарын жүргізген кезінде олар бөгет болмауға  лайықтап орналастырылады. Қондырғы жабдықтардың арасы аспаптардың жұмысын үздіксіз бақылап отыратын адамның жүріп – тұруына қолайлы болуы керек.

Жұмыс алаңындағы баспалдақтың жиектері мықты материалдан жасалынады.Технологиялық процестің әрбір кезеңінде алынған биопрепараттардың өзіне сәйкес ерекшеліктері болады, технологиялық регламентке сәйкес болуы керек.Технологиялық регламентте «Қауіпсіздіктің негізгі ережелерін процеске енгізу»деген бөлім міндетті түрде болуы керек.

Биотехногиялық өндіріс зауыттарында күрделі аппараттар кеңінен қолданылады.Оларға жататындар: жоғары қысымда жұмыс істейтін  (гидролиз – аппараттары, ферментер және тағы басқалар), жоғары температурада істейтін ( кептіргіштер, бу қондырғылары және тағы басқалар ), жоғарғы жылдамдықта айналатын аппараттар (сепараторлар , центрифугалар және тағы басқалар)жатады.

Бұл аппараттарда жұмыс істеу үшін, техника қауіпсіздік ережелері жасалады, оған бас инженер колын қойып бекітеді, көрінетін жерге іліп қойылады.Бұл нұсқауды аппаратта жұмыс істейтін әрбір жұмысшы міндетті түрде білуі тиіс. 

Мұндай аппаратта аппатсыз жұмыс істеудің негізгі шарты болып жоспарланған–ескертілген жөндеуді ЖЕЖ өз уақытында жүргізу және эксплуатация ережесін дұрыс сақтау саналады. ЖЕЖ жасау уақытын өзгерту немесе төмен категорияда жөндеуге ауысуы тек бас инженердің рұқсатымен және арнайы акті жасаумен іске асырылады. Жөнделетін құрал – жабдық мұқият тазалануы және зиянды заттардан жуылуы керек. Құрал – жабдық жөнделгеннен кейін эксплуатацияға жіберер алдында бос күйінде қосылып тексеріледі.

Жоғары қысымда жұмыс істейтін аппараттарда техника қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді.Аппарат эксплуатациясы  0,67 кПа қысымнан жоғары қысымда жұмыс істесе, қауіпсіздік және құрылыс ережесіне сай болу керек. Қысыммен  жұмыс істейтін аппаратта қауіпсіздік ең алдымен мына жағдайларға байланысты: кез – келген құбыр өткізгіштен буды, газды немесе сұйықты өшіру мүмкіндігі, аппараттағы сұйықты төгу немесе газды шығару.Одан басқа да барлық бақылаушы өлшегіш аппаратуралар сапалы, сенімді жұмыс істеу керек және қатты жақсы  дәнекерленіп бекітілуі қажат.

Электротехникалық құралдар, барлық технологиялық процесте бар және сол себепті жұмысшылардың электр тогімен жараланбау қауіпсіздік шаралары жасалуы керек: Электр құралдарын  орналастыру, «Электр құралдарын қондыру ережесіне» (ЭҚЕ) сәйкес болады. Барлық электродвигательдерді  қосуда қондырғы искра беру мүмкін, сол себептен олар жарылысқа төзімді жасалуы керек.

Өндірісте үлкен қауіпсіздік тудыратын статикалық электр рзрядталуынан, олар сұйықтардың, газдардың, будың, үгілгіш заттардың араласуына әкеліп соқтырады, жанатын газ бен ұнтақтар шашырауы мүмкін, олар диэлектриктер болып аталады.Қорғанудың ең қарапайым әдісі болып техникалық құралдарды жер асты орнату керек, демек статикалық электрдің зарядының жиналуы.

Биотехнологиялық өндіріс, зауттардың бөлімдерінде ластанған ауа қауіпті болып келеді. Бұл барлық цехтар мен бөлімшелерге қатысты. Ауа құрамында: қоректік орта дайындау бөлімінде – кептірілген компонент ортасындағы шаң, экстракцияны және өнімді бөлу бөлімшесінде – будың және культуральды сұйықтық ертінділері, буып түю бөлімінде препараттар ұнтақ тәрізді ұнтақ бөлшектер және микроорганизм споралары және т.б. болады. Бұл жағдайды болдырмау үшін шаңды азайту үшін  құралдар жабдықтар мен бөлімшелерде герметизациялау жұмысын жүргізу керек.

Биотехнологиялық өндірістің негізгі ерекшелігі болып биологиялық активті заттармен қарым – қатынас жасау болып табылады. Ферментация және егіс материалын дайындау сатысы биомассаны бөлу және кептіру. Беттік активтік заттар жұмысшылардың ағзасына дем алу жолдары арқылы түсіп, көптеген аллергиялық реакциялар тудырады. Мұндай жерде жұмыс істеу кезінде респираторды қолдану қажет, микроорганизмдер беттік активтік заттар продуценті есебінде қолданылады өзінің патогендігімен ажыратылады. Олардың кейбіреуі шартты патогенді, көбісі аз патогенді немесе патогенді емес болып келеді. Candida тұқымдас шартты патогенді микроорганизмдер, адамның терісінде, сілекейлі қабықша және асқазан ішектерінде  дамиды. Олар ауру қоздырғыш кандидоз деп аталады. Авитаминозбен немесе адам ағзасы әлсіреген кезде кандидоз ауруына шалдығуы мүмкін.

Биотехнологиялық өндірісте жұмысшылар жұмыс істейтін  жерді, желдеткіштің көмегімен ауа тазартылып отырады, ауруға шалдықпауға болады. Жұмысшы бөлмелеріндегі ауа оптимальді температураға дейін жылытылып және тазартылады. Барлық уақытта ауадағы токсинді газ бен бу тексеріліп отырады.

Кейбір биотехнологиялық өндірістегі жұмыс алаңшасында болатын  ауадағы заттардың концентрациясының құрамы (ПДК) барынша қажетті концентрация төменде көрсетілген  мг/м3

Аммиак                      20                        Күкірт қышқылы               1

Ацетон                       200                      Тұз қышқылы                     5

Бензин                        300                      Көмірсутектер                   300

Азықтық ашытқы      6                         Формалин (формальдегид) 0,5

Натрий гидроксиді   0,5                       Төтрхлорлы көміртек         20

Метил спирті             5                          Этил спирті                         1000

Азот қышқылы          5

 

«Жұмыс алаңының ауасы», «Жалпы санитарлық – гигиеналық талаптарға » сәйкес болуы керек, жұмысшы орындарындағы ауаның құрамын қадағалап отыру қажет. Еңбекті қорғау ережесінің талаптары орындалуын бөлім жетекшілері (лаборатория, бөлім, цех басшылары), ал өндірістің барлық бөлімшелеріне директор мен бас инженер жауапты болады. Әрбір жұмысшы өндіріске жұмысқа орналасар алдында техника қауіпсіздік ережелерін өтеді.Аппаратта күрделі құрал-жабдықтарда жұмыс істейтіндер арнайы оқу курсын оқып емтихан тапсырады.

Әрбір жұмысшы биотехнологиялық өндірісте санитарлық-гигиенасын, техника қауіпсіздігін сақтау керек.Ең маңыздысы биотехнологиялық өндірісте барлық жұмысшылар өз уақытысында медициналық тексеруден өтілуі қажет.

 

Бақылау сұрақтар

 

1 Микробиологиялық өндіріс мекемесіне қандай қауіпсіздік ережелер енгізілген?

2  Қандай цехтар жарылғыш қауіптіге жатады және олар қандай құралдар жабдықтармен  қамтамасыз етілу қажет?

3 Сұйық және құрғақ өнімдерді тасмалдағанда қандай қауіпсіздік шаралар қарастырылады?

4 Технологиялық процестерге қандай қауіпсіздік ережесін регламентеуші құжаттар енгізіледі?

5 Жоспарлы–ескертілген жөндеулер қалай ұйымдастырылып өткізіледі?

6 Жоғарғы қысымдағы аппаратта жұмыс істеуге қандай ережелер жүргізілуі тиіс?

7 Биотехнология өндірісіндегі бөлмелердің  ауасын тазарту қалай жүргізеді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған  әдебиеттер

 

1. БЕКЕР М.Е., Лиепиньш Г.К., Райпулис Е.П. Биотехнология. М.,

«Агропромиздат», 1990.

2. Беккер М.Е. Введение в биотехнологию. М., «Пищевая

промышленность». 1976.

3. Бич Г., Бест Д.И. и др. Биотехнология. Принципы и применение. М.,

«Мир», 1988.

4. Егоров Н.С., Олескин А.В., Самуилов В.Д. Биотехнология: Проблемы и

перспективы. М., »Высшая школа», 1987.

5. Елинов Н.П. Основы биотехнологии. Санкт-Петербург, «Наука»1995.

6, Егорова Т.А., Клунова С.М., Живухина Е.А. Основы биотехнологии. М:

«ACADEMA», 2003.

6. Промышленная микробиология. Под ред. проф. Егорова Н.С., М.,

«Высшая школа», 1987.

7. Сельскохозяйственная биотехнология. Под ред. акад. В.С.Шевелухи., М:

«Высшая школа», 2003.

9. Сассон А. Биотехнология: свершения и надежды. Пер. с англ., М., «Мир»,

1987.

10. Каравайко Г.И., Кузнецов С.И., Голомзик А.И. Роль микроорганизмов в

выщелачивании металлов из руд., М., Высшая школа, 1987.

11. Дебабов В.Г., Лившиц В.А. Современные методы создания

промышленных штаммов микроорганизмов. М., Высшая школа, 1987.

12. Воробьева Л.И. Микробиологический синтез витаминов. М.,

«МГУ»,1981.

13. Грачева И.М., Гаврилова Н.Н., Иванова Л.А. Технология микробных

белковых препаратов, аминокислот и жиров. М., 1980.

14. Каралиншь Р.Я., Пронон А.К. Биосинтез органических кислот. Рига,

«Знание», 1972.

15. Мосичев М.Г., Литц Н., Мюнх Т.Д. Микробиология пищевых продуктов

растительного происхождения. М., 1977.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есімова  Анар  Мәденқызы

 

 

 

 

Биотехнология өндірісіндегі технологиялық

 сызба нұсқа

 

 

 

 

 

 

 
                               Корректор:  Есiмов Еркебұлан Есенбекұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басуға 2006ж. қол қойылған. қағаз пiшiмi 60-84 1/16.

Офсеттiк басылым. Көлемi 17,3 б.т. Таралымы 100.

Тапсырыс №

 

 

 

 

 

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің баспаханасы.Шымкент қаласы,Тәуке хан даңғылы,5

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕСИМОВА  АНАР  МӘДЕНҚЫЗЫ

 

 

 

 

 

 

 

БИОТЕХНОЛОГИЯ   ӨНДІРІСІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ  СЫЗБА  НҰСҚА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент  2006 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                        Ф.4.7.-008-03

    ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫ   ҒЫЛЫМ  ЖӘНЕ  БІЛІМ  МИНИСТРЛІГІ

 

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ  ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК   УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

ЕСИМОВА  АНАР  МӘДЕНҚЫЗЫ

 

 

 

БИОТЕХНОЛОГИЯ  ӨНДІРІСІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ  СЫЗБА  НҰСҚА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент 2006 ж.

 

ӘОЖ 633.34.631.165

ББК 28.592

 

Есімова А.М. «Биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа»

 оқу құралы.  Шымкент :М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2006-126б.

 

ISBN   9965-589-29-2

 

 

 

050720-  Химия технология мамандығының студенттеріне арналған  оқу    

               құралы «Биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа»

               Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беру                  

               стандартына  сәйкес бағдарламасын  қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 Пікір берушілер:  ОҚМУ.МГӨӨ Факультетінің деканы         Надиров К.С.                            

                                МРӨ  ОБҒӨАШО б.ғ.к.,ж.ғ.к.                     Ескараев Н.М.

                               

 

 

 

 

 

 

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әдістемелік  бөлімінің кеңесіде қарастырылды. 050720-Химия технология мамандығының секциясы Хаттама 1.03.03.2006 ж.

 

ISBN   9965-589-29-2

 

 

 

 

 

 

                                                                                    © М.Әуезов атындағы

                                                                                    Оңтүстік Қазақстан

                                                                                    мемлекеттік университеті

 

Қолданылған  әдебиеттер

 

 

1.                         Елинов Н.П. Основы биотехнологии.-М.: Наука, 1995-600с.

2.                         Варфоломееф С.Л, Калюжный С.В.Биотехнологии.-М.: Высшая школа, 1990-487с.

3.                         Беккер М.Е. и др. Биотехнология.-М.: Агропромиздат, 1990-420с.

4.                         Гапонов Г.П. Процесса и аппараты микробиологияческих производств-М.: Легкая и пищевая промышленность, 1991-205с.

5.                         Промышленная микробиологя. Уч. пособие для вузов / Под ред.  Н.С.Егоров –М.: Высшая школа, 1989-631с.

6.                         Бейни Д.Ж, Оллис Д. Основы биохимической инженерии. ч.1.2.Пер.с.англ. –М.: Мир, 1997-692с.

7.                         Гачева И.М, Гаврилова Н.Н, Иванова А.А. Технология микробных белковых препаратов, аминокисллот и жиров.-М.: Пищевая  промышленность, 1980-448с.

8.                         Биотехнология. /Под ред. А.А.Баева-М.: Наука, 1984-543с.

9.                         Елинов Н.Химическая микробиолгия.-М.: Высшая школа, 1989-521с.

10.                      Березин М.В, Варфоломеев С.Д. Биокинетика. –М.: Наука, 1989

11.                     Виастур У.Э. и др. Культивирование микроорганизмов. –М.: Пищевая промышленность, 1990.

12.                     Калуняц К.А. и др. Микробные ферментные препараты. Технология и оборудование. –М.: Пищевая промышленность, 1999.

13.                     Калуняц К.А. и др. Оборудование микробиологических производств. –М.: Агропромиздат, 1997.

14.                     Яковлев Б.И. Технолошгия микробиологического синтеза: Учебное пособие. -Л.: Химия, 1987.

15.                     Воробьев А.И. Промышленная микробиология. Учебное пособие. –М.: из-во МГУ, 1990.

16.                     Бутенко Р.Г. и др. Клеточная инженерия / Под ред. Егорова –М.: Высшая школа, 1997.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есімова  Анар  Мәденқызы

 

 

 

 

БИОТЕХНОЛОГИЯ  ӨНДІРІСІНДЕГІ  ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ

 СЫЗБА  НҰСҚА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басуға12.04.2006ж. қол қойылған. Қағаз пiшiмi 60х841/16.

Офсеттiк басылым. Көлемi 8 б.т. Таралымы 100.

Тапсырыс № 560

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің баспаханасы. Шымкент қаласы,Тәуке хан даңғылы, 5