050701 «Биотехнология»  мамандығының студентеріне арналған  “Микроорганизмдер биотехнологиясы ” пәні бойынша

курстық жұмысты орындауға арналған

 

ӘДІСТЕМЕЛІК  НҰСҚАУ

 

 

1        Қолданылатын аймақ                     

            Әдістемелік нұсқау курстық жұмыстың мазмұның, өрнектелуін, құрастыруын және қорғауының жалпы талабын орнатады.

 

2  Нормативті сілтеме

            Бұл әдістемелік нұсқауда нормативтік құжаттарға келесі сілтемелер қолданылады:

МЕСТ 2-102-68 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың түрлері мен жиынтығы.

          МЕСТ2.104-68 ЕСКД. Негізгі жазулар.

МЕСТ 2.201-80 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың белгілері.

            МЕСТ 2.301-68 ЕСКД. Форматтар.

             МЕСТ2.601-95 ЕСКД. Эксплуатациялық құжаттар.

           МЕСТ 2 304-81 ЕСКД.Сызудың шрифты

            ФС ОҚМУ 4.6-002-2004. СМЖ. Оқу құжаттарының толтыру тәртібі. Графикалық құжаттардың жалпы талабы.

            МК ҚР 04-99 “экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнімнің классификаторы” (КПВЭД).

 

           

3  Жалпы ереже

3.1 Курстық жұмыс – оқу жоспарының Биотехнология пәні бойынша кешенді өзіндік жұмысы , яғни ол белгілер бөлімдерін қамтитын түсіндірме жазба және тақырыпта көрсететін  графикалық материалдардан (сызулар, нұсқаулар, диаграммалар, кестелер және т.б.). Курстық жұмыс ғылыми зерттеу материалдарынан тұрады.

3.2 Курстық жұмыс студенттің алған білімінің теориялық курсқа сәйкес қорытынды этапы болып саналады және білімін жалпылап тереңдетіп бекінуіне мүмкіндігі болуы, оқу барысында студент алған білімін микроорганизмдер биотехнологиясы аумағында өндірістік және экономикалық, ғылыми техникалық нақтылы шешімін қолдану.

            3.3 Студент курстық жұмыста анықтама әдбиеттерді қолдануды үйрену, НД, бірдей нормалауға, бірдей бағалауға, кестелеуге типтік жобалауға үйрену. Өзіндік жұмысты жаңалықтарды қолданып, дамытып орындау қабілетті болуы керек, зерттеу әдісін игеру, ғылыми зерттеу сипаттамада сұрақтарды шешуде эксперимент жасау.

3.4 Пəндің мақсаты –Микроорганизмер биотехнологиясы көптеген салалардың  бірі  болып саналады,көптеген маңызды өнімдерді биопрепараттарды алады. Жаңа заманғы биотехнология микроорганизммен биоинженериямен тығз байланыста болады және оның әдісін кеңінен қолданылады.Микроорганизмдер биотехнологиясы микроорганизм-продуцентінің биотехнология өндісінің негізгі  әдісін қолданып  адам баласына қажетті заты және соңғы өнімді алуды оқытады.

Микроорганизмдер биотехнологиясы» курсының мақсаты студенттерді биотехнологияда қолданылатын микробиологиялық процесстердің принциптері мен жəне ерекшіліктерімен таныстырып, продуцент микроорганизмдер жəне шикізатқа қойылатын талаптармен, микроорганизмдерді өсіру əдістерімен, қажетті өнімдерді бөліп алу жəне тазалау  əдістерімен, микробиологиялық    синтез бен трансформацияға негізделген нақты өнеркəсіптік өндірістермен таныстыру. Лаборатория сабақтарында студенттер өндірістік микроорганизмдер штаммдарымен танысып, олардың морфологиялық, культуралды жəне физиологиялық қасиеттерін зерттейді.

Курстың   міндеті –микробиологиялық процестерінің принциптері мен ерекшеліктері; өндірістік микроорганизмдердің жоғары өнімді штамдарын алу; оларды өсіру мен сақтау жөнінде түсінік беру. Антибиотиктер, ферменттер, аминқышқылдары, полисахаридтер, органикалық қышқылдар мен нейтральды өнімдер, өсімдіктерді қорғау мен тыңайтуға арналған бактериалды препараттар, бір клеткалы организмдер белогын өндірісте өндіру тəсілдерімен таныстыру.

Пəнді оқытудағы алғы шарты болатын пəндер:«Микробиология жəне вирусология», «Генетика», «Биоорганикалық химия».«Микроорганизмдер биотехнологиясы» мына пəндермен байланысты:«Өсімдіктер биотехнологиясы», «Инженерлік энзимология» жəне бұл пəн «Биотехнология» бөлімінің студенттерін комплексті дайындауды қамтамасыз етеді.

Студенттер білуі қажет: микроорганизмдерді дақылдаудың негіздерін,

микробиологиялық синтез нəтижесінде алынатын өнімдер мен биомасса жинау

процестерінің технологиясын;соңғы өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды.

Cтудент білулері қажет:

- Микроорганизмдер дақылдармен жұмыс жасай;

- Дақылдар мен препараттардың тазалығы мен активтілігін анықтай;

- Продуценттердің өсуін бақылап, практикада микроорганизмдер

биотехнологиясы жөніндегі білімдерін қолданады.

 

 

 

 

 

4  Курстық жұмыс тақырыбы

 

            4.1 Курстық жұмыс тақырыбы пәнді оқыту мақсатына сай болуы керек және сонымен қатар ғылымның өндірістің практикалық талабын байланыстыру керек.

            Нақтылы тақырып – бұл оның ғылыми, қазіргі заманға сай және студент өзіндік творчествалық жұмысының жаңалығын үйренуге бағыттайды.

            Курстық жұмыс тақырыбы кафедрада МЖБС талабына сай өңделеді және барлық мамандықтарға жұмысты оқу жоспарымен қарастырылған.

            4.2 Курстық жұмыста егер келесі талаптар орындаса онда ол нақтылы болып саналады:

-          Курстық жұмыс тақырыбын өндірістерге немесе ҒЗИ кәсіпорындарға тапсырады;

-          Курстық жұмысқа қолдануға өнеркәсіптен немесе ұйымдардан материалдарды беруге сұранысы  жасайды;

-          Курстық  жұмыс тақырыбы лабораториялық қабырға газетке, қондырғы, аспап, кафедраның оқу немесе ғылыми-зерттеу жұмысына  қолдануға  болады;

-          Курстық  жұмыста  ойлап табылған заттар экспонаттарға, мақтау қағазы  мен  дипломдар,  өнер тапқыштықа патентік ізденесі болады.

4.3 Курстық жұмыстың тақырыбы әртүрлі формада жұмысты жүргізуге есептелінеді:

-          студент жеке тақырыпта орындайды;

-           топталып орындайтын студенттер  саны 3 студенттен аспауы керек, әрқайсысы жеке жобаланатын қондырғыны және басқа ауданның белгіленген бөлігін өңдейді;

-          академикалық топ  бір сызба нұсқаудан орындайды, бірақ бірнеше варианттармен.

4.4   Тақырыбы бойынша курстық  жұмыстың ең негізгі талаптарының бірі оның комплексті болуы, дегеніміз бір-бірімен өзара байланысты сұрақтарды шешу болып табылады. Сонымен қатар тақырыптың жеке сұрақтарының бірі есеп шығаруды жалпы негізге ала отырып толығымен қарастырылу керек.

4.5 Курстық  жұмысты жасау кезінде студент өткен пәндерден алған білімін қолдануға мүмкіншілігі болу керек және оны курстық  жұмыстың мазмұнын көрсету керек.

 

4.6 Курстық жұмыс тақырыптары

    1 Нан пісіру ашытқыларының өндірісі

2         Гидролизаттығы азықтық ашытқы өндірісі

3         Лимон қышқылы өндірісі

4         Ақуыз-дәрумен концентраты өндірісі

5         Мұнай парафинінде азықтық ашытқы алу өндірісі

6         Құрамында крахмалы бар шикізаттан спирт алу өндірісі

7         Мелассадан спирт алу өндірісі

8         Антибиотиктер өндірісі

9         Ферменттер өндірісі

10     Вакцина өндірісі

11     Азотфиксирлеуші бактериалар препаратын алу өндірісі

12     Сыра қайнату өндірісі

13     Биоөндірісте қолданылатын шикізаттар.

14      Микроорганизмді культивирлеу

15     Қоректік ортаны алу.

16     Беттік және түптік культивирлеу.

17     Микроорганизмді культивирлеудің үздіксіз және периодты культивирлеу процесі, олардың жетістіктері мен кемшіліктері.

18     Метаболит синтезіне және өндірістік штамның өсуіне культивирлеу     шартының  әсері.

19     Өсімдікті қорғауға арналған бактериялық  тыңайтқыштар және микробиологиялық заттар.Өсімдікті қорғайтын және жануарларды     зиянкестерден сақтайтын микробиологиялық заттардың артықшылығы.

20     Микробтық препаратты алуға арналған энтомопатогенді-   микроорганизмді қолдану.

21     Препарат алу технологиясы. Бактериялық тыңайтқышты алу:   нитрогин, ризоторфин.

22     Органикалық қышқыл алу.Сірке қышқылын алу.Сірке-қышқылды.бактерияны культивирлеудің шарты және шикізаты.

23     Лимон қышықлын алу. Лимон қышқылы продуценті.

24     Сүт қышқылын алу.

25     Сприт ашудың іс жүзінде мәні және химизмі. Спирт ашудың қоздырғыштары. 

26      Этил спиртін алудың технологиялық сызба нұсқа,ферментация шарты, шикізат (өсімдіктің, тамақтың,ағаш өңдеудің және целлюлоза-қағаз өндірісінің, ауыл шаруашылығы  қалдығы).

27     Ацетон-бутил ашуы. Ацетон-бутил ашудың қос фазалығы. Ацетон және бутил спиртін алудың батариялы және периодты әдісі, ферментация әдісі, продуценттері.

28      Амин қышқылының өндірісі. Амин қышқылының мәні және оны қолданудың  сфералары.

29     Иммобилизденген ферменттер.

30     Липид және  полисахаридті алу. Липидтің продуценті. Микроорганизм көмегімен липид алу шарты және технологиясының негізі.

31     Микроб тектес полисахаридтер, өндірістік масштабта-декстрин,ксантан өндіріледі.

32     Гармонның өсуін микроорганизмінің генетикалық өзгеруінің көмегімен алу, адамның инсулинін, интерферонын.

33     Рудадан металды сілтілеуде және сульфидті минералдан тотықтыру процесінің шарты және негізгі технологиялық сызба нұсқасы.

34     Экологиялық биотехнология және оның мақсаты.

35      Ағын суды биологиялық тазарту.Ағын суға сипаттама.

36     Ластаушы декструкцияға қатысатын микроорганизмдер.

37     Қатты қалдықтарды биологиялық қайта өңдеу,биогазды алу.

38     Күн энергиясының пайда болу  биотехнологиясы.

39     Ашыған сүт өнімдерін дайындауда, нан күлше, ірімшік дайындауда, биологиялық консервілеуде  сүт қышқылы бактериясын қолдану.

40     Мал азығын ашытқыныда қолдану.

41      Сыра және шарап алуда ашытқыны қолдану.Сыра және шарап өндірісінің технологиясы.

42     Нан ашытқысын алу технологиясы (құрғақ, престелген).

Қазақстанда және дүние жүзіндегі биотехнологияның өзекті мәелелері.Курстық жұмыстың тақырыбы кафедраның ғылыми бағытына  және ОПҚ байланысты ауыстырылады сонымен қатар  өндірістің сұранысына байланысты.Тақырыптың өзгеруі курстық жұмыстың тақырыбына сәйкес болуы керек және Биотехнология кафедрасының мәжілісінде бектіледі.

 

5        Курстық  жұмыстың  көлемі және құрылысы, мазмұны

5.1 Курстық жұмысқа 50-60 бет жазылған немесе 30-35 бет компьтерде терілген түсіндірме жазбадан және графикалық бөлім (1-3 А1 формат ) тұрады.

5.1.1 Түсіндірме хат келесі құрылым бөлімдерден тұрады:

-          титул бет

-          тапсырма

-          аннотация

-          мазмұны

-          нормативтік сілтемелер

-          анықтамалар

-          белгілер мен қысқартылған сөздер

-          кіріспе

-          аналитикалық шолу

-          тәжрибелік бөлім

-          еңбекті және қоршаған ортаны қорғау немесе техника қауіпсіздігі бөлімі

-          қорытынды

-          қолданылған әдебиеттер тізімі

-          қосымша бет (кестелер, сызбалар, бағдарламалық құжаттар)

5.1.2 Мамандықтардың бағдарына байланысты құрылым бөлімдер, “титул бет”, “тапсырма”, “мазмұны”, қажетті жағдайларда келтіріледі, сонымен қатар басқа да бөлімдер енгізілуі мүмкін.

 5.2 Титул бет

5.2.1 Титул беті А 4 форматына орындалады.Жазып толтырған сызбалары  МЕСТ 2.104 сызба шрифтерімен А қосымша бетіне сәйкес толтырылады.

 5.2.2 Титул бетіндегі сөздер тасымалдауға рұқсат етілмейді.Бөлімдердің соңында нүкте қойылмайды.

5.3 Тапсырма

5.3.1 Курстық жұмысқа тапсырманы студенттерге оқу процесінің кестесіне сәйкес, семестрдің бірінші аптасынан кешікпей беріледі.

5.3.2 Тапсырмада курстық жұмысты орындау үшін кафедра негізгі бастапқы мәліметтерді беруі тиіс.

Тапсырмада мыналар көрсетілуі тиіс: курстық жұмыс орындайтын пән; студенттердің аты-жөні; олардың тобы; жұмыстың тақырыбы; жұмыстың бөлімдері мен және олардың орындалу уақыттары; жұмыстың қорғау уақыты; жетекшінің аты-жөні, қызметі, қолы  және тапсырманың берілген күні.

Жұмыстың тақырыбын нақты көрсету қажет (университеттің бұйрығна сәйкес) және оның көлемі мен мазмұнының (мысалы, өнімділігі, ұзақтығы және т.с.с.) сипаттамалары.

5.3.3 Сонымен қатар тапсырмада жұмыстың есптеу-графикалық бөлімін орындау үшін қажетті бастапқы мәліметтер және де сызбалардың саны мен мазмұны көрсетіледі. (1 сызба  – технологиялық сызба, 2 – тәжірибе тәуелділік ).

5.3.4 Әрбір тапсырма ғылыми және әдістемелік жағынан дұрыс ойластыруы қажет және де студенттің дайындығының деңгейі мен  жұмысты орындауға берілген уақытқа сәйкес келуі қажет.

5.3.5 Тапсырма жеке үлгіде, Б қосымша бетке сәйкес толтырылады.

Тапсырмада студенттің тапсырманы алған күні көрсетіліп, қолы қойылады.

5.4   Аннотация

 Аннотацияда курстық жұмыс туралы қысқаша мәліметтер келтіріледі.

Аннотацияда қысқаша курстық  жұмыстың мазмұны және оның көлемі, кестелер саны, қосымша беттер көрсетілуі қажет.

5.5 Мазмұны

Мазмұнында бөлімдердің аты мен реттік саны (бөлімдер, пункттер болуы мүмкін), қосымша беттердің аты мен белгіленуі, қажетті жағдайда графикалық материалды бетінің санымен көрсетілу қажет.

“Мазмұны”деген сөз беттің ортасына жазбаша әріппен жазылады.

 

5.6 Нормативтік сілтемелер

5.6.1 Текстте сілтемелер жасалынған нормативтік құжаттар тізімі көрсетіледі. Негізгі құжаттар тізімі мынандай сөздерден басталуы тиіс: “Бұл  курстық  жұмыста  келесі құжаттарына сілтемелер... жасалынған”.

5.6.2 Тізімде нормативтік құжаттың белгіленуі мен оның аты тіркелген номірінің белгіленуі өсуіне сәйкес толтырылады:

-          техникалық регламенттер;

-          мемлекеттік стандарттар (СТ ҚР);

-          мемлекетаралық стандарттар (МЕСТ);

-          халықаралық стандарттар;

-          техникалық шаттар және т.б.

5.7 Анықтамалар

Курстық  жұмыста қолданылған, анықтамалар немесе бекітілген терминдер  көрсетіледі.

5.8 Белгілер мен қысқартылған сөздер

5.8.1 Белгілер мен қысқартылған сөздер нормативтік құжаттарға сәйкес келуі қажет.

5.8.2 Бұл құрлыстық элементте, жұмысты түсіну үшін курстық жұмыста қолданылған белгілер мен қысқартылған сөздер тізімі көрсетіледі.

5.9 Кіріспе

5.9.1 Кіріспеде жұмыстың тақырыбына сәйкес келетін саланың, технологияның және техниканың сипаттамасы келтіріледі және өңдеудің өзектілігі.

5.9.2 Кіріспеде талаптар көрсетілмеу қажет. Кіріспені нөмірлемейді және оны жеке бетке орналыстырады.

5.10 Талаптар

5.10.1 Түсініктеме жазбаға қойылатын талаптар.

5.10.2 Курстық  жұмыста  пәннің негізгі принципиальдық сұрақтарын қамтуы қажет. Бұл элемент курстық жұмыстың негізгі шеберлік мазмұнын айқындайды. Бағытына қарай (мамандығына) сәйкес оның мазмұны алуан түрлі болуы мүмкін.

5.10.3 Текст қысқа,  нақты түсінікті болуы тиіс.

5.10.4 Курстық жұмыстың мазмұны, нақты инженерлік немесе ғылыми есептерді шешуде оқыған пәннен алған білімдерін пайдалану керек. Мысалы, мұнда, жобалаған объект, агрегат, конструкциялар және т.б., аумағының сипаттамасы болуы мүмкін, есептердің барлық түрлері  ЭЕМ қолданылуы мүмкін.

            Зерттеудің әдістемесі мен нәтижелері, түсініктемелер мен есептеулер, орындаудың этаптарына сәйкес сипатталуы қажет.

            5.10.5 Графикалық құжаттар талабы

            5.10.6 Графикалық құжаттарға сызулар, эскиздер және заттар сызбалар, графиктер, кестелер жатады.

            Курстық жұмыстың  графикалық құжаттар мазмұнының беті, берілген тапсырмаға сәйкес болады. Графикалық құжаттардың жалпы көлемі А1 екі форматтан аспауы қажет (594*841).

            5.10.7 Графикалық құжаттар МЕСТ 2.301 сәйкес стандарттық форматта, МЕСТ 2.104 негізгі жазбаларымен орындалу керек.

            5.10.8 Сызуларды, эскиздерді ЕСКД, ЕСТД, ЕСПД, СПДС стандарттарына сәйкес орындалу қажет және де ФС ОҚМУ 4.6-002-2004 оқу құжаттарын толтыру ережелері. Графикалық құжаттардың жалпы талаптары.

5.11 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, техника қаупсіздігі бөлімі

            Курстық жұмыста оның тақырыбына сәйкес керекті көлемде, қоршаған орта мен еңбекті қорғау және техника қаупсіздігі қамтылуы тиіс.

5.12 Қорытынды

            5.12.1 Бұл бөлімде орындалған жұмыс бойынша қысқаша қорытынды келтіріледі.

5.13 Қолданылған әдебиеттер тізімі

            Қолданылған әдебиеттер тізімінде, барлық қолданылған әдебиеттер көрсетіледі. Оларды түсініктеме  хатта, сілтемелердің пайдалануына сәйкес немесе алфавит бойынша жазады. МЕСТ 7.1 талаптарына сәйкес әрбір әдебиетке библиографиялық сипаттама беріледі.

5.14 Қосымша беттер (кестелер, сызбалар, бағдарламалық құжаттар)

            5.14.1 Түсініктеме жазбалар толықтыратын материалдар, қосымша беттер орналасады. Мұндай материалдар болып графикалық материалдар, үлкен форматты кестелер, құрал жабдықтар мен аппараттардың сипаттамалары, алгоритмдердің сипаттамалары, ЭЕМ шығарылытын есептер программасы, статистикалық берілген мәндері, нормативтік құжаттар және т.б. есептеледі.

            5.14.2 Қосымша беттер міндетті немесе ақпараттық болуы мүмкін. Міндетті қосымша беттерде, курстық жұмысты орындауға арналған талаптар жазылады. Ақпараттық қосымша беттерді орындауға арналған талаптары жоқ ақпараттық материалдар орналасады.

            5.14.3 Қосымша беттер, түсініктеме жазбада, пайдаланылған сілтемелер ретіне сәйкес орналасады.

            5.14.4 Қосымша беттер, түсініктеме беттің жалғасы ретінде оның келесі беттерінде, стандарттық формасына және ережесіне сәйкес толтырылады.

            5.14.5 Қосымша беттер, негізгі, А4 форматында толтырылады; немесе А3 форматында МЕСТ 2.301 сәйкес толтырылуы мүмкін.

            5.14.6 Қосымша беттердің беті құжаттың басқа бөлімдерінің беттерімен бірге нөмірленеді.

            5.14.7 Барлық қосымша беттер, құжаттың мазмұнында, оның реттік саны мен тақырыбының нөмірімен көрсетіледі.

            5.14.8 Әрбір қосымша бет керекті жағдайларда бөлімдерге, бөлімшелерге, пункттерге бөлінуі мүмкін.

            Қосымша беттерде бөлімдер, пункттер, графикалық материалдар, кестелер және формулаларды әрбір қосымша бетке сәйкес нөмірлейді. Нөмірдің алдында осы қосымша беттің әріпі қойылады.

 

6. Курстық жұмысты қорғау, жетекшілік жасау және ұйымдастыру

6.1 Курстық  жұмысты жасауды  жетекшілік жасау

         6.1.1 Курстық  жұмыстың  жетекшілері болуы мүмкін:

-          теориялық курсты оқытатын жетекші оқытушы;

-          кафедра оқытушылары;

-          университет бөлімдерінің ғылыми қызметкерлері;

-          кафедра аспиранттары және ғылыми қызметкерлері.

6.1.2 Оқу талаптарының өндіріспен жақындауы үшін және де университет пен өндіріс арасындағы жобалау тәжірибесімен алмасу үшін өндірісте тікелей жұмыс істейтін тәжірибелі мамандарды жетекшілікке тартуы мүмкін.

6.1.3 Курстық жұмыстың  жетекшісі:

- жаңалық элементі бар тапсырмалар мен жұмыстың этаптарының орындалу графигін береді;

-          жұмыстың орындалу процесін ұйымдастыру;

-          қажетті әдебиеттер, нормативтік және техникалық құжаттарды, анықтамалық және басқа да материлдарды ұсынады;

-          жұмысты орындау кезінде студентке кеңестік көмек көрсетеді;

-          жұмысты орындау барысында кафедраға мәлімет беріп отырады.

6.2 Курстық жұмысты  жасауды ұйымдастыру

6.2.1 Курстық жұмыс әдістемелік нұсқаулар мен қамтамасыздандырылуы керек.

Әдістемелік нұсқаудың титул беті В қосымша бетмен сәйкес жасалынады.

6.2.2 Әдістемелік нұсқаулардың құрамында тексттік және графикалық құжаттардың келтірілген минималь көлемдері, түсіндірме жазбаның құрлысы, жобаның әр сатысын орындауға ұсынылатын әдебиеттерге сілтемемен бірге әдістемелік нұсқаулар кіреді.

6.2.3 Курстық жұмыспен жұмыс істеу үшін СӨЖ есебінен сағаттар бөліну керек.

6.2.4 Жеке дербес кеңестер аптасына бір немесе екі рет тұрақты жүргізілуі керек.

 

6.2.5 Жұмыстың тақырыбы және тапсырманың берілген күні, пәннің аты, студенттің аты-жөні, тобы, жетекшінің аты-жөні жұмысты қорғайтын күні кафедраның арнайы журналында тіркеледі.

6.2.6 Кафедра меңгерушісі 1 ай бұрын жұмысты қорғауға дейін құрамы 3 оқытушыдан тұратын комиссияға өкім береді.

6.3 Курстық жұмысты қорғау

6.3.1 Курстық жұмыстың қорғалуы жұмыстың орындалуын тексеру формасы болып есептеледі.Курстық жұмысты қорғауда  студент жан жақты жұмысты орындауда тереңірек меңгергені негізделген.

6.3.2 Курстық жұмысты қорғау студенттермен бірге жетекшісі және кафедрадан екі оқытушының қатысуымен қорғалады

6.3.3 Курстық жұмысты қорғау үшін 1 студентке баяндамасына және қойылған сұрақтарға жауап беруіне 8-10 минут қана уақыт беріледі. Барлығы 20 минуттан аспауы керек.

6.3.4 Курстық жұмыс  дифференциальды бағамен бағамен бағаланады. Курстық жұмыстың қорғалуына максимум 60 балл, ал қорытынды қорғағандығы максимум 40 балл болады.

Курстық жұмысты қорғаған соң студенттің бағасы сол күні қойылады.

6.3.5 Белгіленген уақытта студент себепсіз курстық жұмысын қорғамаса немесе көрсетпесе, онда оның академиялық қарызы бар деп есептелінеді.

6.3.6. Курстық жұмысты қорғағаннан кейін жетекшімен сараптасып жұмыстың жақсысының немесе нашарын типтік қатесін, кемшілігін талқылап, қорытындылайды.

6.3.7. Курстық жұмыс тоериялық қызығушылығы барын конкурсқа ұсынады.Жасалынған курстық жұмыстың қорытындысы кафедра жиналысында талқыланады.Орындалған жұмыс қорғалған соң кафедраның кабинетіне тапсырылады, онда ол кафедра меңгерушісінің қарамығында 2 жыл уақыт аралығында сақталады. Белгіленген уақыт аяқталған соң барлық жұмыстар акт бойынша тізімге тіркеледі.

 

7 Курстық  жұмыстың белгіленуі

 

7.1 Курстық  жұмыстың белгіленуі

7.1.1 Курстық жұмыспен  (құжатпен) ұсынылған сызу бөлімімен  жобалау бөлімінің графикалық диаграммалық сызбалар  көрсетілген  негізгі жазуымен меңгерілген.

7.1.2 Курстық  жұмыста келесі заттың құрлыстық белгіленуі және негізгі құрлыстық құжатты  бекітілген:


 

 

 

                                                          ХХХХ  ХХ.ХХ.ХХ. – ХХ- ХХХ-ХХХ ХХ         
                                                                                                                 

 

 

 

 

1 ОҚМУ- дайындаған мекеменің аты

 


2  05 07 01. мамандық шифрi-өнiм коды

 

 


3 КЖ –жинағыш бірліктің  реттiк нөмiрi

 

4 Тапсырма тақырыбы-детальдің реттік нөмірі_____________

 

5_Тапсырма   варианты және оқу формасы                                        ___

 

6­­­­­­­­­­__Құжат шифрi_________________________________________________ 

 

 

 

Мысалы  ОҚМУ  05 07 01-КЖ-007-101-ТС

 

Бiрiншi топта әрiппен белгiлеу ОҚМУ-дайындаған мекеме аты

 

Екiншi топта алты цифр  050701 - мамандық цифрi белгiлейдi

 

Үшiншi топта екi цифр 01-жұмыс түрi-курстық жұмыс

 

 

Төртiншi  топта үш цифр 007-тапсырма тақырыптығ реттiк нәмiрi

 

Бесiншi топта үш цифр 101-оқу формасын белгiлеу және бiрiншi вариант

 

 

 

 

 

 

 

Мысалы 101-тапсырманығ бiрiншi варианты күндiзгi оқу формасы

215-он бесiншi тапсырманың варианты сырттай оқу формасы

302-екiншi тапсырманың варианты  жеделдетiп  оқу формасы

412-он екiншi тапсырма варианты қысқартылған оқу формасы

 

 

Әрiппен  белгiлеудiң алтыншы тобы ДС-деталь сызығы

 

ЖС-жинақталған сызу

 

ТЖ-түсiндiрме жазба

 

БЖ-басты жоспар

 

ТС-технологиялық сызба нұсқа

 

ЖТ-сызудың жалпы түрi

 

КС-көлемдi сызу

 

ТЖ-техникалық жазба және т. б. МЕСТ 2.102, МЕСТ 2.601 келтiрiлген құжаттар маркасы мен цифрлары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8  Қолданылған әдебиеттер  

1. Сассон А. Биотехнология: свершения и надежды. М.: Мир, 1987.

2. Егоров Н.С. и др. Биотехнология: проблемы и перспективы. М.: Высшая школа, 1987

3. Виестур У.Э. Культивирование микроорганизмов. –М.: Пищевая промышленность, 1981.-231 с.

4. Биотехнология. / Под ред. А. Баева. М.: Наука, 1984.

5. Воробьева Л. Промышленная микробиология. М.: Изд-во Моск. ун-та, 1989.

6. Биотехнология / Под ред. А. А. Баева. М.: Наука, 1984.

7.Гриневич А. Г., Босенко А. М. Техническая микробиология. Мн.: Выш. шк.,  1986.

8. Manual of Industrial Microbiology and Biotechnology / Ed. In chief A. L. Demain,

J. E. Davies. ASM. Washington. DC, 1999.

9. Биотехнология. / Под ред. И. Хиггинс, Д. Бест, Дж. Джонс. М.: Мир, 1988.

Дополнительная литература

 

1. Матвеев В.Е. Научные основы микробиологической технологии. –М.: Агропромиздат, 1985. –с. 168.

2. Мосичев М.С. и др. Общая технология микробиологических производств.

 –М.: Легкая и пищевая промышленность, 1982. -264 с.

3. Грачева И.М. и др. Технология микробных белковых препаратов, аминокислот и жиров. –М.: Пищевая промышленность, 1980. -448 с.

4. Промышленная микробиология. / Под ред. Н. Егорова. М.: Высш. шк., 1989.

 

 

 

                                                  

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                               Ф.4.7-006-02

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М.О.ӘУЕЗОВ  АТЫНДАҒЫ   ОҢТҮСТІ  ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ

 

«Биотехнология» кафедрасы

 

"Микроорганизмдер биотехнология" пәнiнің  курстық жұмысына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

 

 

 

 

Жұмыс...бағамен  қорғалды                                      Орындаған

_________________________                                   судент                                                                                                                

  бағасы, күні                                                        __________                                               

                                                                                                  қолы,аты жөні

                                                                             

                                                                                                   

 

 

Комиссия мүшесі                                                        Жетекшісі  

                                                     

                                                                     –––––––––––––––––______________________                                                     аты-жөні, қолы

қолы, аты-жөні                                                                      

 

                                                                Шымкент 200

 

                                                                                                      

       

                                                                                                    

                                                                                                           Ф.4.7-006-03

М.О.ӘУЕЗОВ  АТЫНДАҒЫ   ОҢТҮСТІ  ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ

«Биотехнология» кафедрасы

                                                             «БЕКІТЕМІН»

                                                                    Кафедра меңгерушісі­_______                                                                                                                        

                                                                                      «_____»___________ 200                                             

Курстық жұмысқа берілген

                                                           тапсырма

Студент­______________                                               Топ __________________                                                                                      

Жұмыстың тақырыбы______________________________________________

Берілген мәліметтер_______________________________________________                                                                                                   

№

Түсіндірме жазбаның мазмұны

Орындалу мерзімі

Көлемі(парақ саны)

1

Аннатация.Мазмұны.

Нормативті сілтеме

 

 

2

Анықтама.Қысқартылғансөз.

Кіріспе.

 

 

3

Аналитикалық шолу

 

 

4

Технологиялық бөлім

 

 

5

Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау

 

 

6

Қорытынды

 

 

7

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

№

Графикалық бөлімінің мазмұны

Орындалу мерзімі

парақ саны

формат

1

 

 

 

 

Әдебиеттер ________________________________________________

Тапсырма берілген уақыты __________  Жұмысты қорғау мерзімі_________

Жұмыстың  жетекшісі  ______________

                                             (лауазымы, аты-жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған уақыт _______________________

                                                                                          (уақыты, студенттің қолы)

 

  

 

                                   

  Приходько Н.А., Есимова А.М.

 

 

 

 

 

 

 

050701 «Биотехнология» мамандығының студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент,Тәуке хан 5

Көлемі        б.п. Тираж             дана

 

 

 

 

 

 

 

 

М.Әуезов атындағы

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің баспаханасы.

Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5.