МИКРООРГАНИЗМДЕР БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

биотехнология мамандығы бойынша 050701

кредит - 4, сағат көлемі - 180

Авторы:

ҚР ҰҒА академигі, биология ғылымдарының докторы,

профессор Шиғаева М.Х.

биология ғылымдарының кандидаты, доцент Касымбекова С.К.

Рецензенттер:

биология ғылымдарының кандидаты, профессор Уəлиханова Т.Ж.

биология ғылымдарының кандидаты, профессор Төлемісова К.Ж.

АЛҒЫ СӨЗ

«Микроорганизмдер биотехнологиясы» курсының мақсаты студенттерді

биотехнологияда қолданылатын микробиологиялық процесстердің

принциптерімен жəне ерекшіліктерімен таныстырып, продуцент –

микроорганизмдер жəне шикізатқа қойылатын талаптармен,

микроорганизмдерді өсіру əдістерімен, қажетті өнімдерді бөліп алу жəне

тазалау əдістерімен, микробиологиялық синтез бен трансформацияға

негізделген нақты өнеркəсіптік өндірістермен таныстыру. Лаборатория

сабақтарында студенттер өндірістік микроорганизмдер штаммдарымен

танысып, олардың морфологиялық, культуралды жəне физиологиялық

қасиеттерін зерттейді.

Пəнді оқытудың мақсаты биотехнологияның мақсаты мен міндеті,

микробиологиялық процестерінің принциптері мен ерекшеліктері; өндірістік

микроорганизмдердің жоғары өнімді штамдарын алу; оларды өсіру мен сақтау

жөнінде түсінік беру. Антибиотиктер, ферменттер, аминқышқылдары,

полисахаридтер, органикалық қышқылдар мен нейтральды өнімдер,

өсімдіктерді қорғау мен тыңайтуға арналған бактериалды препараттар, бір

клеткалы организмдер белогын өндірісте өндіру тəсілдерімен таныстыру.

Пəнді оқытудағы алғышарт болатын пəндер: «Микробиология жəне

вирусология», «Генетика», «Биоорганикалық химия».

«Микроорганизмдер биотехнологиясы» мына пəндермен байланысты:

«Өсімдіктер биотехнологиясы», «Инженерлік энзимология» жəне бұл пəн

«Биотехнология» бөлімінің студенттерін комплексті дайындауды қамтамасыз

етеді.

Студенттер білуі қажет: микроорганизмдерді дақылдаудың негіздерін,

микробиологиялық синтез нəтижесінде алынатын өнімдер мен биомасса жинау

процестерінің технологиясын; соңғы өнім мен шикізатқа қойылатын

талаптарды.

Білулері қажет:

- Микроорганизмдер дақылдармен жұмыс жасай;

- Дақылдар мен препараттардың тазалығы мен активтілігін анықтай;

- Продуценттердің өсуін бақылап, практикада микроорганизмдер

биотехнологиясы жөніндегі білімдерін қолдану.

                                                                    2

ПƏННІҢ МАЗМҰНЫ

1. Микробиологиялық биотехнологияның негізі

Биотехнология – ғылыми пəн ретінде. Биотехнологияның даму тарихы,

мақсаты, міндеті. Биотехнологияның негізгі бағыттары. Даму перспективасы.

Өндірістік микроорганизмдер штамдарын жасаудың жаңа заманғы əдістері

жəне олардың пайдалы қасиеттерін сақтау мəселелері. «Популяциялық

төзімділік» жəне «автоселекция» түсініктері. Микроорганизмдер штамдарын

сақтаудың негізгі əдістері.

Биотехнологиялық процесстер: жүзеге асыру принциптері, жүйелеу,

сатылары. Биоөнеркəсіпте қолданылатын шикізаттар. Микроорганизмдерді

дақылаудағы қоректік орталар құрамын жасақтау.

Микроорганизмдерді дақылдау. Егу материалдарын алу. Беттік жəне түптік

(агарлы қоректік ортасы бар Петри табақшасы түбінде) дақылдау.

Микроорганизмдерді дақылаудағы үздіксіз жəне үздікті процестер, олардың

артылықшылығы мен кемшіліктері. Өндірістік штамдардың өсуіне дақылдау

жағдайы мен метаболиттер синтезінің əсері.

2. Микробты биомасса алуға негізделген биотехнологиялық процестер

Микробты белок өндірісі. Адам мен жануарлардың тамақтануындағы

белоктың маңызы. «Идеалды» белок түсінігі. Белокты микробиологиялық

əдіспен алудың артықшылығы. Микроорганизмдер – белок продуценттері.

Белокты заттардың көзі болып табылатын микроорганизмдерге қойылатын

талаптар. Микроб биомассасын алудағы қолданылатын шикізаттар:

өсімдіктекті шикізаттар, этил жəне метил спирттері, табиғи газ, мұнай

көмірсулары, коммерциялық белок өнімдері.

Өсімдіктерді қорғаудағы микробиологиялық əдістер мен бактериалды

тыңайтқыштар

Өсімдіктер мен жануарларды зиянкестерден қорғаудағы микробиологиялық

əдістердің ерекшеліктері. Микроорганизмдер – энтомопатогендер (микроб

препаратын алуда қолданылады). Препараттар алудың технологиясы.

Бактериалды тыңайтқыштар алу: нитрагин, ризотрофин.

3. Органикалық қышқалдар мен нейтральды (бейтарап) өнімдер алу

Органикалық қышқылдар алу. Сірке қышқылын алу. Сірке қышқыл

бактерияларын дақылдау жағдайлары мен шикізат. Сірке қышқылын беттік,

беттік – циркуляциялы жəне түптік əдістермен алу. Лимон қышқылын алу.

Лимон қышқылының продуценттері, ферментациялау əдістері, негізгі шикізат.

Сүт қышқылын алу

Спирттік ашу. Спирттік ашудың химизмі мен практикалық маңызы.

Спирттік ашуды қоздырушылар. Спирттік ашу өнімдері: этил спиртін алудың

технологиялық схемасы, ферментация жағдайы, шикізат (өсімдік текті, тамақ,

ағаш өңдеу, целлюлозды – қағаз өнеркəсіптерінің қалдықтары, ауыл шаруашылық).

Ацетоно – бутилді ашу. Ацетоно – бутилді ашудың қос фазасы. Ацетон

жəне бутил спиртін алудың үздікті жəне батареялық əдістері, ферментациялау

жағдайы, продуценттері.

 

                                                                   3

4. Микробиологиялық синтез өнімдерін алу: аминқышқылдары,

ферменттер, витаминдер, полисахаридтер, липидтер.

Амин қышқылдарын өндіру. Аминқышқылдарының маңызы жəне оларды

қолдану сфералары. Аминқышқылдарын алу əдістері. Микробиологиялық

синтезбен алынатын аминқышқылдарының продуценттері. Өндірістік лизин

алудың бір жəне екі сатылық əдісі. Глутамин қышқылы, триптофан алу.

Витаминдер жəне ферменттер өндіру. Микроб синтезінің көмегімен

алынатын витаминдер. В12 витамині, химиялық құрылысы, продуценттері.

Адам организмдегі В12 витаминінің функциясы. Рибофлавин (В2) – қолдану

сферасы, продуценттері, витамин синтезіндегі азоттың ролі. D витамині.

Эргостерин – D витаминінің алғы шарты, оны синтездеудің жағдайлары.

Аскорбин қышқылын алудың технологиясы.

L – сорбоза түзілудегі сірке-қышқылы бактерияларының ролі.

Ферменттерді алудағы микробиологиялық əдістердің артықшылығы.

Микроорганизмдердегі спецификалық ферменттер. Ферменттер продуценттері.

Микробты ферменттер алу (амилаза, декстриназа, лактаза, т.б.) жəне оларды

медицина мен ауыл шаруашылығының əртүрлі саласында қолдану.

Иммобилизденген ферменттер.

Липидтер мен полисахаридтер алу. Липидтер продуценттері. Оларды

микроорганизмдер көмегімен алудың жағдайлары мен негізгі технологиялары.

Шығу тегі микробты полисахаридтер, өндірістік масштабта өндірілетін –

декстран, ксантан. Микроорганизмдер – полисахаридтер продуценттері, оларды

алу жəне практикалық қолданылуы.

5. Дəрілік жəне профилактикалық препараттардың биотехнолгиялық

өндірісі

Антибиотиктер өндірісі. Антибиотиктер продуценттері. Антибиотиктердің

жоғарғы активті штамм – продуценттерін алудағы генетико-селекциялық

жұмыстардың маңызы. Кеңінен тараған антибиотиктерді алудың технологиясы

(пенициллин). Микроб ферменттерінің көмегімен жартылай синтетикалық

антибиотиктер алу. Антибиотиктерді қолдану сфералары.

Вакциналар алу. Вакцина типтері (классикалық жəне қазіргі заманғы) жəне

оларды алудың əдістері. Вакциналарға қойылатын негізгі талаптар.

Өнеркəсіпте стероидты –гормондар алуда микроорганизмдерді қолдану

(кортизон, гидрокортизон, преднизолон, дексаметазон, т.б.). Генетикалық

өзгертілген микроорганизмдер көмегімен өсу гормондарын, соматостатин,

инсулин, адам интерферонын алу.

6. Металл биотехнологиясы

Рудалардан бағалы, түсті, сирек кездесетін металдарды сілтілендіру

процесіне қатысатын микроорганизмдер.

Сульфид минералдарының тотығуы мен рудалардан металдарды

сілтілендіру процестерінің жағдайлары жəне негізгі технологиялық схемалары.

                                                             

                                                                     4

 

 

7. Қоршаған орта биотехнологиясы

Экологиялық биотехнология жəне оның міндеті. Ағынды су сипаттамасы.

Аэробты жəне анаэробты процестер. Ластаушы деструкцияға қатысатын

 микроорганизмдер. Қатты қалдықтарды өңдеу биологиясы, биогаз алу                                                                      

Күн энергиясын қайта түзілуінің биотехнологиясы.

8. Тағам өнімдері мен сусындарының микробиологиялық өндірісі

Сүт қышқыл өнімдері, ірімшік, нан дайындау жəне биологиялық

консервілеуде сүт қышқылын қолдану. Жем азығын сүрлеу. Шарап жəне сыра

дайындауда ашытқы саңырауқұлақтарын қолдану. Оларды өндірудің

технологиясы.

Нан ашытатын ашытқы саңырауқұлақтарды алудың технологиясы. (құрғақ,

пресстелген).

 

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫП ҮЛГІЛЕРІ  

                                                                                                                                           

1.Өндіріс регламенті бойынша қоректік ортаны дайындау. Қоректік орталарды    

      және ыдыстарды зарарсыздау әдістері.

2. Қоректік ортаның зарарсыздығын бақылау

3. Бастапқы культураның түріне және продуценттің түріне байланысты егіс 

      материалдарға сипаттама беру.

4. Микроорганизмдерді культивирлеу.Негізгі әдістер және сандық сипаттамалар.

5. Биомассаны алу. Биомассаны анықтау әдістері. Шикі протеинің құрамын

     анықтау және құрғақ биомассадағы ылғалды анықтау. Нан ашытқысындағы

      биомассаның сапасын анықтау

6. Азықтық микробты ақуызды алу

7. Ішек микрофлорасын қалыпына келтіретін препарат алу

8. Спирттің және сүт қышқылының ашуы. Сүт қышқылын және спиртті анықтау

9. Азықтық биомассадан липидтерді экстракциялап бөліп алу.

10. Антибиотиктер продуценті. Антибиотиктік активтілігін  анықтау

11. Күрделі органикалық субстраттардың биоконверсиясы. Клетчатканы

      ыдыратушы микроорганизмдер. Көмірсутегін тотықтырушы микроорганизмдер

12. Лизогения. Лизогенді бактерияларды бөлуіп алу

13. Темір тотықтырушы бактерияны бөліп алу және анықтау 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Негізгі:

1. БЕКЕР М.Е., Лиепиньш Г.К., Райпулис Е.П. Биотехнология. М.,

«Агропромиздат», 1990.

2. Беккер М.Е. Введение в биотехнологию. М., «Пищевая

промышленность». 1976.

 

                                                                   5

3. Бич Г., Бест Д.И. и др. Биотехнология. Принципы и применение. М.,

«Мир», 1988.

4. Егоров Н.С., Олескин А.В., Самуилов В.Д. Биотехнология: Проблемы и

перспективы. М., »Высшая школа», 1987.

5. Елинов Н.П. Основы биотехнологии. Санкт-Петербург, «Наука»1995.

6, Егорова Т.А., Клунова С.М., Живухина Е.А. Основы биотехнологии. М:

«ACADEMA», 2003.

6. Промышленная микробиология. Под ред. проф. Егорова Н.С., М.,

«Высшая школа», 1987.

7. Сельскохозяйственная биотехнология. Под ред. акад. В.С.Шевелухи., М:

«Высшая школа», 2003.

Қосымша:

1. Сассон А. Биотехнология: свершения и надежды. Пер. с англ., М., «Мир»,

1987.

2. Каравайко Г.И., Кузнецов С.И., Голомзик А.И. Роль микроорганизмов в

выщелачивании металлов из руд., М., Высшая школа, 1987.

3. Дебабов В.Г., Лившиц В.А. Современные методы создания

промышленных штаммов микроорганизмов. М., Высшая школа, 1987.

4. Воробьева Л.И. Микробиологический синтез витаминов. М.,

«МГУ»,1981.

5. Грачева И.М., Гаврилова Н.Н., Иванова Л.А. Технология микробных

белковых препаратов, аминокислот и жиров. М., 1980.

6. Каралиншь Р.Я., Пронон А.К. Биосинтез органических кислот. Рига,

«Знание», 1972.

7. Мосичев М.Г., Литц Н., Мюнх Т.Д. Микробиология пищевых продуктов

растительного происхождения. М., 1977.