БИОИНЖЕНЕРИЯ
050701 «Биотехнология» мамандығының
студенттеріне арналған
“Биоинженерия ”пәнінен
курстық жұмысты орындауға арналған
әдістемелік
нұсқау
Әдістемелік
нұсқау»Биотехнология» пәнінің курстық жұмысының
мазмұнының өрнектелуін, құрастырылуын және қорғауының
жалпы талабын бекітеді.
2 Нормативті сілтеме
Бұл
әдістемелік нұсқауда нормативтік құжаттарға
келесі сілтемелер қолданылады:
МЕСТ 2-102-68 ЕСКД. Құрастырушы
құжаттардың түрлері мен жиынтығы.
МЕСТ 2.104-68 ЕСКД. Негізгі жазулар.
МЕСТ
2.201-80 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың белгілері.
МЕСТ
2.301-68 ЕСКД. Форматтар.
МЕСТ 2.304-81 ЕСКД.Сызудың
шрифтары.
МЕСТ
2.601-95 ЕСКД. Эксплуатациялық құжаттар.
ФС
ОҚМУ 4.6-002-2004. СМЖ. Оқу құжаттарын толтыру тәртібі.
Графикалық құжаттардың жалпы талабы.
ҚРМК
04-99 “Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнімнің
классификаторы” (КПВЭД).
3 Жалпы ереже
3.1 Курстық жұмыс – оқу
жоспарының жеке пәндері бойынша кешенді өзіндік жұмысы,
яғни ол белгілер бөлімдерді қамтитын түсіндірме хат және
тақырыпты көрсететін (ашатын) графикалық материалдардан
(сызулар, нұсқаулар, диаграммалар, кестелер және т.б.).
Курстық жұмыс ғылыми зерттеу материалдардан тұрады.
3.2 Курстық жұмыс
студенттің алған білімінің теориялық курсқа сәйкес
қорытынды этапы болып саналады және білімін жалпылап тереңдетіп
бекінуіне мүмкіндігі болуы, оқу барысында студент алған
білімін өндірістік және экономикалық, ғылыми техникалық
нақтылы шешімін қолдану.
3.3
Студент курстық жұмыста анықтама әдбиеттерді қолдануды
үйрену, НД, бірдей нормалауға, бірдей бағалауға,
кестелеуге типтік жобалауға үйрену.
Өзіндік
жұмысты жаңалықтарды қолданып, дамытып орындау қабілетті
болуы керек,ғылыми зерттеудің сипаттама сұрақтарын
шешуде эксперимент жасау, зерттеу әдісін игеру.
4
Курстық жұмысқа тақырыбы
4.1
Курстық жұмыс тақырыбы пәнді оқыту мақсатына
сай болуы керек және сонымен қатар ғылымның өндірістің
практикалық талабын байланыстыру керек.
Нақтылы
тақырып – бұл оның ғылыми қазіргі заманға сай және
студент өзіндік шығармашылық жұмысының жаңалығын
үйренуге бағыттайды.
Курстық
жұмыс тақырыбы кафедрада МЖБС талабына сай өңделеді және
барлық мамандықтарға жұмысты оқу жоспарымен қарастырылған.
4.2
Курстық жұмыс егер келесі талаптарды орындаса онда ол нақтылы
болып саналады:
-
Курстық жұмыс тақырыбын өндірістерге
немесе ҒЗИ кәсіпорындарға тапсырады;
-
Курстық жұмысты қолдануға өнеркәсіптен
немесе ұйымдардан материалды беруге сұраныс беруге болады;
-
Курстық жұмыстың тақырыбы
лабораториялық қабырға газетін өңдеуге, қондырғыны,
аспапты, кафедраның оқу немесе ғылыми-зерттеу жұмысын
жасауға қолдануға болады;
-
курстық жұмысты жасайтын зат экспонаттар, мақтау
қағазы және дипломдар, талапкерлікке ізденесітері болады.
4.3 Курстық жұмыстың
тақырыбы әртүрлі формада жұмысты жүргізуге
есептелінеді:
-
студент жеке тақырыпта өзі бөлек
орындайтын;
-
бір тақырыпта орындайтын студент 3 адамнан аспауы, әрқайсысы
жеке жобаланатын қондырғыны және басқа ауданның
белгіленген бөлігін өңдейді;
-
академиялық, бір сызба нұсқадан
орындайды, бірақ бірнеше нұсқаулармен.
4.4 Тақырыбы бойынша курстық жұмыстың
ең негізгі талаптарының бірі оның комплексті болуы, ол
дегеніміз бір-бірімен өзара байланысты сұрақтарды шешуі болып
табылады. Сонымен қатар тақырыптың жеке сұрақтарының
бірі, есеп шығаруды жалпы негізге ала отырып толығымен қарастыру
керек.
4.5 Курстық жұмысты өңдеу
кезінде студент өткен пәндерден алған білімін қолдануға
мүмкіндік жасау керек және оны курстық жұмыстың мазмұнында көрсету
керек.
5.1 Курстық жұмысқа жазылған,
компьтерде терілген түсіндірме түсіндірме хат және графикалық
бөлім кіреді.Қосымша аумақтың нұсқасы кіруі
мүмкін.
5.1.1 Түсіндірме хат келесі құрылым
бөлімдерден тұрады:
-
титул бет;
-
тапсырма;
-
аннотация;
-
мазмұны;
-
нормативтік сілтемелер;
-
анықтамалар;
-
белгіленулер мен қысқартылған сөздер;
-
кіріспе;
-
аналитикалық шолу;
-
технологиялық бөлім немесе технологиялық
процесс бойынша инженерлік шешім (соның ішінде эксперимент нәтижелері);
-
еңбекті қорғау немесе техника қауіпсіздік
бөлімі;
-
қорытынды (нәтижесі);
-
қолданылған әдебиеттер тізімі;
-
қосымша бет (кестелер, сызбалар, бағдарлама құжаттар).
5.1.2 Мамандықтардың
бағытына байланысты құрылымының бөлімдері, “титул
бет”, “тапсырма”, “мазмұны”, қажет жағдайларға
келтіріледі, сонымен қатар басқа да құрылымдар
енгізілуі мүмкін.
5.2 Титул бет
5.2.1 Титул беті А4 форматына
орындалады. А қосымша бетіне сәйкес ГОСТ 2.104 сызба шрифтарымен
шектеу сызбалары толтырылады.
5.2.2 Титул бетіндегі сөздерді
тасымалдауға рұқсат етілмейді.
5.3 Тапсырма
5.3.1 Курстық жұмысқа
тапсырманы студенттерге оқу процесінің кестесіне сәйкес,
семестрдің бірінші аптасынан кешіктірмей береді.
5.3.2 курстық жұмысты
орындау үшін кафедра негізгі бастапқы мәліметтерді тапсырмаға
беруі тиіс.
Тапсыпмада мыналар көрсетілуі
тиіс: курстық жұмысты
орындайтын пән; студенттің аты-жөні; олардың тобы; жұмыстың
тақырыбы; жұмыстың бөлімдері және олардың орындалу уақыттары;
жұмысты қорғау уақыты; жетекшінің аты-жөні,
қызметі, қолы және
тапсырманың берілген күні.
Жұмыстың тақырыбын
нақты көрсету қажет (университеттің бұйрығна
сәйкес) және оның көлемі мен мазмұнының
(мысалы, өнімділігі, ұзақтығы және т.с.с.) сипаттамалары.
5.3.3 Сонымен қатар
тапсырмада жұмыстың есптеу-графикалық бөлімін орындау үшін
қажетті бастапқы мәліметтер және де сызбалардың
саны мен мазмұны көрсетіледі.
5.3.4 Әр бір тапсырма ғылыми
және әдістемелік жағынан дұрыс болуы қажет, және
студенттің дайындау деңгейі мен
жұмысты орындауға берілген уақыт сәйкес келуі қажет.
5.3.5 Тапсырма жеке бланкіде, Б қосымша
бетке сәйкес толтырылады.
Тапсырмада студенттің
тапсырманы алған күні көрсетіліп, қолы қойылады.
5.4 Аннотация.
Аннотация қысқаша
курстық жұмыстың мазмұны
және оның көлемі,
кестелер саны, қосымша беттері көрсетілуі қажет.
5.5 Мазмұны
Мазмұнында бөлімдердің
аты мен реттік саны (бөлімдер, пункттер болуы мүмкін), қосымша
беттердің аты мен белгіленуі, қажет жағдайда графикалық
материалдарды бетінің санымен көрсету қажет.
“Мазмұны”деген сөз
беттің ортасында жазбаша әріппен жазылады.
5.6 Нормативтік сілтемелер
5.6.1 Текстте сілтемелер жасалынған
нормативтік құжаттар тізімі көрсетіледі. Негізгі құжаттар
тізімі мынандай сөздерден басталуы тиіс: “Бұл курстық жұмыста
келесі құжаттарға сілтемелер жасалынған…”.
5.6.2 Тізімде нормативтік құжаттың
белгіленуі мен оның аты тіркелетін номірінің белгілері өсу
ретіне сәйкес толтырылады:
-
техникалық регламенттер;
-
мемлекеттік стандарттар (СТ РК);
-
мемлекетаралық стандарттар (МЕСТ);
-
халықаралық стандарттар;
-
техникалық шаралар және т.б.
5.7 Анықтамалар
Курстық жұмыста қолданылған анықтамалар көрсетіледі.
5.8 Белгілер мен қысқартылған
сөздер
5.8.1 Белгілер мен қысқартылған
сөздер нормативтік құжаттарға сәйкес келуі қажет.
5.8.2 Бұл құрлымдық
элементтер жұмыста қолданылған белгілер мен қысқартылған
сөздер тізімін түсіндіру үшін
көрсетіледі.
5.9 Кіріспе
5.9.1 Кіріспеде жұмыстың
тақырыбына сәйкес келетін саланың, технологиясының және
техникасының сипаттамасы,өзектілігі көрсетілуі керек.
5.9.2 Кіріспеде талаптар көрсетілмеу
керек. Кіріспені нөмірлемейді және оны жеке бетке орналыстырады.
5.10 Талаптар
5.10.1 Түсініктеме жазбаға қойылатын талаптар.
5.10.2 Курстық жұмыста
пәннің негізгі принципиалдық сұрақтарын қамту керек. Бұл элемент курстық жұмыстың
негізгі кәсіптік мазмұнын айқындайды. Мамандықтың
бағытына сәйкес оның мазмұны алуан түрлі болады.
5.10.3 Текст қысқаша
түсінікті болуы тиіс.
5.10.4 Курстық жұмыстың мазмұнында нақты инженерлік немесе ғылыми
есептерді шешуде, оқыған пәннен алған білімдерін
студент пайдалану керек. Мысалы, мұнда, жобаланған аумақ,
агрегат, конструкциялар және т.б., аумаққа түсіндірме
болуы мүмкін, есептердің барлық түрлері, соның ішінде ЭЕМ қолданылуы мүмкін.
Зерттеудің әдістемесі
мен нәтижелері, түсініктеме мен есептер өңдеу жасау
сатыларына сәйкес жасалуы керек.
5.10.5
Графикалық құжаттың талабы
5.10.6
Графикалық құжаттарға сызулар, эскиздер және
заттардың сызбалары, графиктер, кестелер жатады.
Курстық
жұмыстың графикалық құжаттары мазмұнының
беті, берілген тапсырмаға сәйкес болады. Графикалық құжаттардың
жалпы көлемі А1 форматтың екі бетінен аспауы қажет (594*841).
5.10.7
Графикалық құжаттар МЕСТ 2.301 сәйкес стандарттық
форматта, МЕСТ 2.104 негізгі жазбалармен орындалуы керек.
5.10.8
Сызуларды, сызбаларды, эскиздерді ЕСКД, ЕСТД, ЕСПД, СПДС бекітілген стандартына
сәйкес және де ФС ОҚМУ 4.6-002-2004 Оқу құжаттарын
толтыру ережелеріне сәйкес орындау қажет. Графикалық құжаттардың
жалпы талаптары.
5.11 Еңбекті
қорғау және техника қаупсіздік
бөлімі.
Курстық
жұмыста оның тақырыбына сәйкес қажет көлемде,
еңбекті қорғау және техника қаупсіздігі қамтылуы
тиіс.
5.12
Қорытынды(нәтижесі)
5.12.1
Бұл бөлімде орындалған жұмыс бойынша қысқаша
қорытынды келтіріледі.
5.13 Қолданылған
әдебиеттер тізімі.
Қолданылған
әдебиеттер тізімінде, барлық қолданылған әдебиеттер
көрсетіледі. Оларды түсініктеме жазбада, сілтемелердің
пайдалануына сәйкес немесе алфавит бойынша жазады. МЕСТ 7.1 талаптарына сәйкес
әрбір әдебиетке библиографиялық сипаттама беріледі.
5.14 Қосымша
беттер (кестелер, сызбалар, бағдарламалық құжаттар).
5.14.1
Түсініктеме жазбада толықтыратын материалдар, қосымша беттер
орналасады. Мұндай материалдар болып графикалық материалдар, үлкен
форматты кестелер, құралдар мен аппараттардың сипаттамалары,
алгоритмдердің сипаттамалары, ЭЕМ шығарылытын есептердің бағдарламасы,
статистикалық берілген мәндер, нормативтік құжаттар және
т.б. есептеледі.
5.14.2
Қосымша беттер міндетті немесе ақпараттық болуы мүмкін.
Міндетті қосымша беттерде, курстық жұмысты орындауға
арналған талаптар жазылады. Ақпараттық қосымша бетте,
орындауға арналған талаптары жоқ ақпараттық
материалдар орналасады.
5.14.3
Қосымша түсініктеме жазбада
пайдаланылған сілтемелер ретіне сәйкес орналасады.
5.14.4
Қосымша беттер, түсініктеме жазбаның жалғасы ретінде,
оның келесі беттерінде, стандарттың формасына және
талаптарына сәйкес толтырылады.
5.14.5
Қосымша беттер, негізгі, А4 форматында орындалады; немесе А3 форматында
МЕСТ 2.301 сәйкес толтырылуы мүмкін.
5.14.6
Қосымша беттердің беті құжаттың басқа бөлімдерінің
беттерімен бірге нөмірленеді.
5.14.7
Барлық қосымша беттер, құжаттың мазмұнында,
оның реттік саны мен тақырыбының нөмірімен көрсетіледі.
5.14.8
Әрбір қосымша бет қажет
болған жағдайда бөлімдерге, бөлімшелерге,
пункттерге бөлінуі мүмкін.
Қосымша
беттерде бөлімшелер, пункттер, графикалық материалдар, кестелер және
формулаларды әрбір қосымша бетке сәйкес нөмірлейді. Нөмірдің
алдында осы қосымша беттің әріпі қойылады.
6. Курстық жұмысты қорғау, жетекшілік жасау және ұйымдастыру
6.1
Курстық жұмысты ұйымдастыру
6.1.1
Курстық жұмыстың жетекшілері болуы мүмкін:
-
теориялық курсты оқытатын жетекші оқытушы;
-
кафедра оқытушылары;
-
университет бөлімдерінің ғылыми қызметкерлері;
-
кафедра аспиранттары және ғылыми қызметкерлері.
6.1.2 Оқу талаптарының
өндіріспен жақындалуы үшін және де университет пен өндіріс
арасындағы жобалау тәжірибесімен алмасу үшін өндірісте
тікелей жұмыс істейтін тәжірибелі мамандарды жетекшілікке тартуы мүмкін.
6.1.3 Курстық жұмыстың жетекшісі:
- жаңалық элементі
бар тапсырмалар мен жұмыстың сатыларының орындалу графигін
береді;
-
жұмыстың орындалу процесін ұйымдастыру;
-
қажетті әдебиеттер, нормативтік және
техникалық құжаттарды, анықтамалық және басқа
да материлдарды ұсынады;
-
жұмысты орындау кезінде студентке кеңестік көмек
көрсетеді;
-
жұмысты орындау жолын кафедраға мәлімдеп
отырады.
6.2 Курстық жұмысты ұйымдастыру
6.2.1 Курстық жұмысты
әдістемелік нұсқаулар мен қамтамасыз етілуі керек.
Әдістемелік нұсқаудың
титул беті В қосымшасымен сәйкес өрнектеледі.
6.2.2 Әдістемелік нұсқаулардың
құрамында текст және графикалық құжаттар
минималды көлемдер, түсіндірме жазбаның құрлысы
келтірген, жұмыстың әр сатысын орындауға ұсынылған
әдебиеттерге сілтемемен бірге әдістемелік нұсқау ұсынылған.
6.2.3 Курстық жұмыспен
жұмыс жасау үшін СӨЖ есебінен сағаттар бөлінуі
керек.
6.2.4 Жеке кеңестер аптасына бір немесе екі рет жүргізілуі
керек.
6.2.5 Жұмыстың тақырыбы
және тапсырманың берілген күні, пәннің аты,
студенттің аты-жөні, тобы, жетекшінің аты-жөні және жұмысты қорғайтын күні
кафедраның арнайы журналында тіркеледі.
6.2.6 Кафедра меңгерушісі 1
ай бұрын жұмысты қорғауға дейін құрамы
3 оқытушыдан тұратын комиссияға үкім шығарады.
6.3 Курстық жұмысты қорғау
6.3.1 Жұмыстың қорғалуы,
жұмыстың орындалуын тексеру формасы болып есептеледі.
6.3.2 Курстық жұмысты
қорғау студенттермен бірге жетекшісі және кафедрадан екі оқытушының
қатысуымен қорғалады.
6.3.3 Курстық жұмысты
қорғау үшін 1 студентке баяндама жасау үшін және қойылған
сұрақтарға жауап беруі үшін 8-10 минут қана уақыт
беріледі. Барлығы 20 минуттан аспауы керек.
6.3.4 Курстық жұмыс
дифференциальды бағамен бағаланады.
Курстық жұмыстың қорғалуына максимум 60 балл, ал қорытынды
қорғаудағы балы максимум 40 балл болады.
Курстық жұмысты қорғаған
соң студенттің бағасы сол күні қойылады.
6.3.5 Белгіленген уақытта
студент себепсіз курстық жұмысын қорғамаса немесе көрсетпесе,
онда оның академиялық қарызы бар деп есептелінеді.
6.3.6. Курстық жұмысты
қорғағаннан кейін жетекшімен сараптасып жұмыстың
жақсысын және нашарын типтік қатесін, кемшілігін талқылап,
қорытындылайды.
6.3.7. Курстық жұмыстың
тоериялық жағынан қызығушылығы барын конкурсқа
ұсынады.
6.3.8 Жасалған курстық
жұмыстың қорытындысы кафедра жиналысында талқыланады.
6.3.9 Орындалған жұмыс
қорғалған соң кафедра кабинетіне тапсырылады, онда ол
кафедра меңгерушісінің қарамығында 2 жыл уақыт
аралығында сақталады. Белгіленген уақыт аяқталған
соң барлық жұмыстар акт бойынша тізімге тіркеліп жойылады.
1.
Биохимиялық реакцияны
катализдеуші ферменттің
кинетикасын зерттеу.
2.
Биотехнологиялық өндірісін бағалау критериясына оның тиімділігін анализдеуге жүйелі ұсыныс.
3.
Тірі микроорганизмді
құрайтын биосинтез өнімін
алудың биоинженерлік проблемалары.
4.
Жасушалық жүйеде
сұйық және
газды фазаның бір-бірімен масса алмасу және тасмалдау процесін зерттеу.
5.
Биотехнологиялық өндірістің есебіне арналған ағымының
матрицасын және графигін цикломатикалық қолдану.
6.
Биотехнологиялық өндірістің есебіне арналған операторлық сызба-нұсқасын және
модулін қолдану.
7.
Фермент продуцентін беттік және түптік культивирлеудегі биоинженерлік проблемалар.
8.
Биотехнологиялық өндіріске арналған залалсызданған ауаны дайындауда биоинженерлік проблемалар.
9.
Биохимиялық технологияның
процесін басқарудың
прогрессивті әдісі.
10. Биотехнологиялық сызба-нұсқаның есебінің жаңа заманғы әдісі.
11. Әртүрлі биотехнологиялық процестің
тұтынуға арналған
биореактордың құрылысын
таңдау критериясы.
12. Нан пісіру
ашытқыларының өндірісі
13.Гидролизатта
азықтық ашытқы алу өндірісі
14
Лимон қышқылы өндірісі
15
Ақуыз-витамин концентраты өндірісі
16
Мұнай парафинінде азықтық ашытқы алу өндірісі
17
Құрамында крахмалы бар шикізаттан спирт алу өндірісі
18
Мелассадан спирт алу өндірісі
19
Антибиотиктер өндірісі
20
Ферменттер өндірісі
21
Вакцина өндірісі
22
Азотфиксирлеуші бактериалар препараты өндірісі
23
Сыра қайнату өндірісі
24. Курстық жұмыстың графикалық
бөлiмiнiң сызуын, диаграммасын сызба нұсқасының
барлығын белгiлеу бекітіледі.
25.
Курстық жұмыста негiзгi құрлымдық құжатты және келесі құрылысы
заттың белгiленуі бекітілген.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ХХХХ ХХ.ХХ.ХХ. – ХХ-
ХХХ-ХХХ ХХ
1 ОҚМУ- дайындаған мекеменің аты
![]()
2 05.07.01. мамандықтың
шифрi-өнiм коды
![]()
3 КЖ –жұмыс түрі-жинағыш
бірліктің реттiк нөмiрi
4
Тапсырманың тақырыбы-детальдің реттік нөмірі____________
5_Тапсырма варианты және
оқу формасы ___
6__Құжат шифрi_________________________________________________
Мысалы ОҚМУ 05. 07.
01-КЖ-007-101-ТС
Бiрiншi топта әрiппен
белгiлеу ОҚМУ - дайындаған
мекеме аты
Екiншi топта алты цифр
05.07.01 - мамандықтың шифрiн белгiлейдi
Үшiншi топта екi цифр 01 -
жұмыс түрi-курстық
жұмыс
Төртiншi топта үш цифр 007-тапсырма тақырыбының
реттiк нөмiрi
Бесiншi топта үш цифр
101-оқу формасын белгiлеу
және бiрiншi вариант
Мысалы 101-тапсырманың бiрiншi варианты күндiзгi оқу формасы
215-он бесiншi тапсырманың варианты сырттай
оқу формасы
302-екiншi тапсырманың
варианты тездетiп оқу
формасы
412-он екiншi тапсырманың вариант қысқартылған
оқу формасы
Әрiппен белгiлеудiң
алтыншы тобы ДС-деталь сызығы
ЖС-жинақталған сызу
ТТ-тәжрибелік тәуелділік
ТЖ-түсiндiрме жазба
БЖ-басты жоспар
ТС-технологиялық сызба нұсқа
ЖТ-сызудың жалпы түрi
КС-көлемдi сызу
ТЖ-техникалық жазба және т.
б. МЕСТ 2.102, МЕСТ 2.601 келтiрiлген құжаттар маркасы мен цифрлары
ҚҚ-қосымша құрал жабдық
НҚ-негізгі құрал жабдық
ҚС-құрлыстық сызу
ЭК-экономикалық көрсеткіш
Қолданылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
1. Приходько Н.А.,
Есимова А.М., Надирова Ж.К.
Биоинженерия / конспект лекций, ЮКГУ, 2007 –120 с.
2. Беркман Б.Е. Основы технологического проектирования
производств технологического синтеза.-М.:Химия,1990,-366 с.
3. Калунянц К.А. Оборудование микробиологических производств.-М.: Агропромиздат,2003,-398 с.
4. Елинов Н.П. Основы биотехнологии. – М.: Наука, 1995 – 600с.
5. Варфоломеев С.Л., Калюжный С.В.
Биотехнология. – М.: Высшая школа, 1990 – 487с.
6. Беккер М.Е. и др. Биотехнология – М.:Агропромиздат, 1990
- 420с.
7. Промышленная микробиология. / Под ред. Н.
Егорова. М.: Высш. шк.,
1989 – 631с.
8.Гапонов
К.П. Процессы и аппараты микробиологических производств.-М.:Лег.и
пищ. пром-ть,2001,-240с.
9. Грачева И.М., Гаврилова Н.Н., Иванова Л.А.
Технология микробных белковых препаратов, аминокислот и жиров. – М.: Пищевая
промышленность, 1980. – 448с.
10. Биотехнология./Под ред. А.А,Баева – М.:Наука, 1984 –
543с.
11.
Елинов Н. Химическая микробиология. – М.: Высшая
школа, 1989 – 521с.
Қосымша әдебиеттер
12. Березин М.В., Варфоломеев С.Д. Биокинетика.
– М.:Наука, 1989
13. Виастур У.Э. и др.
Культивирование микроорганизмов. – М.:Пищевая
промышленность, 1990.
14. Калунянц К.А. и др.
Микробные ферментные препараты. Технология и оборудование. – М.: Пищевая
промышленность, 1990.
15. Калунянц К.А. и др.
Оборудование микробиологических производств –М.: Агропромиздат,
1997.
16. Яковлев В.И. Технология микробиологического
синтеза: Учебное пособие. – Л.:Химия, 1987
17. Воробьев
А.И.. Промышленная микробиология. Учебное пособие - М.: Изд-во
МГУ, 1990.
18.
Бутенко Р.Г. и др. Клеточная инженерия /под ред. Н.С.
Егорова – М.: Высшая школа, 1997.
Анықтама-нормативті әдебиеттер
19. Иммунология
(справочник) /под ред. Г. Бундиу – Киев:Н думка, 1990.
20. Красильников А.П. Микробиологический
словарь-справочник – Минск: Беларусь, 1986.
21. Справочник по
биологии / под ред. К.М.Сытника – Минск: Беларусь,1986.
Ф.4.7-006-02
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
«Биотехнология» кафедрасы
"Биоинженерия" пәнiнің курстық жұмысына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Тақырыбы________________________________________________________
050701 «Биотехнология» мамандығы бойынша
Жұмыс...бағамен қорғалды Орындаған
_________________________ судент
бағасы, күні __________
қолы,аты жөні
Комиссия мүшесі
Жетекшісі
––––––––––––––––_________________
аты-жөні, қолы
қолы, аты-жөні
–––––––––––––––––
аты-жөні, қолы
–––––––––––––––––
аты-жөні, қолы
Шымкент 200
Ф.4.7-006-03
М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Биотехнология» кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Кафедра
меңгерушісі_______
«_____»___________
200
"Биоинженерия"
пәнiні бойынша курстық жұмысқа
Тапсырма №
Студент______________
Топ __________________
Жұмыстың тақырыбы______________________________________________
Берілген мәліметтер_______________________________________________
|
№ |
Түсіндірме жазбаның мазмұны |
Орындалу
мерзімі |
Көлемі(парақ саны) |
|
1 |
Аннатация.Мазмұны. Нормативті сілтеме |
|
4 |
|
2 |
Анықтама. Қысқартылған
сөз. Кіріспе. |
|
5 |
|
3 |
Аналитикалық шолу |
|
25-30 |
|
4 |
Технологиялық бөлім |
|
15-20 |
|
5 |
Қоршаған ортаны және
еңбекті қорғау |
|
5-6 |
|
6 |
Қорытынды |
|
1 |
|
7 |
Қолданылған әдебиеттер |
|
1 |
|
№ |
Графикалық бөлімінің мазмұны |
Орындалу
мерзімі |
парақ саны |
формат |
|
1 |
Технологиялық сызба нұсқа |
|
1 |
А1 |
|
2 |
Тәжрибелік тәуелділік |
|
1 |
А1 |
Әдебиеттер ________________________________________________
Тапсырма берілген уақыты
__________ Жұмысты қорғау
мерзімі_________
Жұмыстың жетекшісі
______________
(лауазымы, аты-жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
уақыт _______________________
(уақыты, студенттің қолы)
Приходько Н.А., Есимова А.М.
Басуға
2007ж. қол қойылған. Қағаз
пiшiмi
Офсеттiк
басылым. Көлемi б.т.
Таралымы Тапсырыс
№
© М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті 2007ж .
М.Әуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік университетінің баспаханасы.
Шымкент қаласы, Тәуке
хан даңғылы, 5