“ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ”

 

050701-Биотехнология мамандығы бойынша

Көлемі 3 кредит, 135 сағат

Авторлары:

биология ғылымдарының докторы, профессор Жубанова А.А.

биология ғылымдарының кандидаты Шупшибаев К.К.

Рецензенттер:

биология ғылымдарының докторы, доцент Мамилов Ш.З.

биология ғылымдарының докторы, профессор Бигалиев А.Б.

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

Студенттерді өнрістік жəне тұрмыстық ағын сулардың ластануымен

атомдық жəне сутекті бомбалардың жарылуы нəтижесінен пайда

болған техногенді факторлардың əсер етуіне орай ҚР аумағының

ауасында, су қоймаларында, топырақтағы ауыр металлдардың жəне

радионуклидтердің жоғары концентрациясымен, мұнайды өндіретін

жəне өңдейтін аудандарға жақын топырақтағы органикалық

ластағыштардың жоғары концентрациясына, топырақтың

гербицидтерді, пестицидтерді, инсектицидтерді пайдалануына

байланысты жəне т.б. туындайтын қоршаған ортаның негізгі

экологиялық мəселелерімен таныстыру. Бұл мəселелер шешімін табуы

үшін биотехнологияны, яғни биообъектілерді қолдануға негізделген

технологияны (микроб клеткалары, ферменттік комплекс, түрлі

технологиялық формалардағы жеке ферменттер) пайдалану қажет.

 

Пəнді оқытудың міндеттері:

түрлі ағын сулардың негізгі сипаттамаларымен таныстыру,

табиғаттағы зат айналымына белсенді қатысуының салдарынан

микроорганизмдердің табиғи тепе-тендікті сақтаудағы маңызын

түсіндіру,

сыртқы отра объектілерін тазалауда қолданылатын

биотехнологияның негізгі қағидаттарымен, биореакторлар типімен

таныстыру,

ағынды суларды тазарту биотехнологиясында қолданылатын

микроорганизмдердің мүмкіндіктері туралы түсінік беру,

                                                             2

 

 

 

 

 

 

экологиялық мəселелерді шешу мақсатында жаңа қосиеттері бар

микроорганизмдерді алу үшін гендік инженерияның мүмкіндіктерін

көрсету,

теориялық білімдерін практикалық сабақтарда бекіту,

ағынды суларды жəне топырақты тазалау шараларын жүргізу жəне

сипаттау үшін түрлі əдістерді қолдануларына практикалық біліктілік

беру,

алған білімдерін u1085 нақты экологиялық мəселелерді шешу бойынша

стратегия даярлауда қолданыға үйрету.

 

Бұл курсты оқып үйрену үшін студенттерге аса қажет:

Жалпы, органикалық жəне биологиялық химияның, математиканың,

информатиканың, физиканың, ботаниканың, зоологияның,

генетиканың, микробиологияның жəне т.б. жалпы курстарын меңгеру.

Тірі жүйелердің тіршілік етуінің негізгі заңдылықтарын, белок

құрылымының жəне қызметінің ерекшеліктерін, олардың табиғаттағы

өзара əсерлесуін, адамның қоршаған орта жағдайына əсер етуінің

сипатын білулері тиіс. Экологиялық жағдайға əсер ететін табиғи жəне

техногендік факторларды білулері қажет.

Биотехнологтарды дайындаудың алғашқы сатысында бұл курсты

оқыту студенттерге маманданудың пəндерін тереңірек меңгеруге жəне

теориялық білімдерін практикалық жəне семинар сабақтарында

бекітуге мүмкіндік береді.

Аталған курсты («Микроорганизмдер биотехнологиясың,

«Экологияң, жəне т.б.) типтік оқу жоспарының тізіміне кірген ұқсас

пəндермен қатарлас оқыту биотехнологтарды үзіліссіз жəне кешенді

даярлауды қамтамасыз етеді.

«050701 – Биотехнологияң дайындау бағыты бойынша

мамандығының типтік оқу жоспары бойынша бұл пəнді оқытуға

жұмсалатын барлық уақыты кем дегенде 135 сағат болуы керек.

ПƏННІҢ МАЗМҰНЫ

Экологиялық биотехнологияның пəні жəне міндеттері, оның қазіргі

қоғамдағы маңызы. Биогеохимиялық циклдер. Микроорганизмдердің

зат алмасудағы ролі, көміртегінің, оттегінің, азоттың жəне күкірт

айналымының жүйелері.

Табиғи экожүйелер – топырақ жəне су қоймаларындағы

микроорганизмдердің өзара байланысы. Микроорганизмдер мен

өсімдіктер арасындағы түраралық қатынастар жəне əсерлесулер.

Синтрофизм.

                                                               3

 

 

Ағын сулардың негізгі сипаттамасы. Тұрмыстық, өндірістік жəне

ауылшаруашылық ағындылары, олардың құрамы жəне сапасын анықтау

критерийлері ОХП (оттегіні химиялық пайдалану) жəне ОБП (оттегіні

биохимиялық пайдалану) əдістерін анықтау, олардың сипаттамалық

жəне болжамдық маңызы. Түрлі өндіріс орындарының ОХП u1078 жəне ОБП

мəліметтері бойынша мысалдар.

Ағын суларды тазарту əдістеріне сипаттама, олардың

артықшылықтары мен кемшіліктері.

Микроорганизмдерді қолданушы тазартқыш құрылымдар

операцияларының түрлері. Ағын суларды тазартудың экстенсивті жəне

интенсивті жүйелері.

Тұрмыстық жəне өндірістік ағын суларды қайта өндеудің

интенсивті əдістерін жетілдірудің биотехнологиялық жолдары. Түрлі

микробтық консорциумдарды кеңістіктік бөлу əдісімен тазалау

процесін интенсификациялау, бұл əдістің артықшылықтары мен

кемшіліктері. қышқылдануы қиын, жоғары токсинді жəне

ароматикалық заттарды утилизациялау үшін рекомбинантты

штаммдарды қолдану. Ағын суларды тазартудың аэробты жəне

анаэробты процестері, олардың сипаттамасы.

Ағын суларды аэробты тазарту үшін қолданылатын реакторлар.

Гомогенді реакторлар жұмысының жүйесі.

«Активті лайдыңң популяциялық мəселелері. «Активті лайдыңң

ценоздарының қалыптасуы. «Активті лайдыңң микроорганизмдері,

олардың өзара қатыстылығы жəне жеке консорциумдардың маңызы.

Микроорганизмдер популяциясының симбиозы болып табылатын ортақ

шырышты қабықты зооглейдің қалыптасуы.

«Активті лайдыңң тиімді жұмысындағы қарапайымдардың ролі.

ОЗЖ (органикалық зат бойынша лай жүктемесінің көрсеткіші) аэрация

станциясын жобалаудағы аса маңызды параметр.

Екінші тұндырғыш жұмысын басқару.

Жылжымайтын биопленкасы бар реакторлар – биофильтлер жəне

оларда жүретін процестер. Биофильтрлерді қолдану арқылы өтетін

процестердің технологиялық схемасы. Тазарту тəсіліне, жүктеме жасау

материалының түріне жəне сұйықты беру режиміне байланысты

биофильтрлерінің жіктелуі. Биофильтрлерді лайландыру.

Микроорганизмдердің иммобилизацияланған клеткаларында

ығыстырғыш стеклоершті пайдаланып аэротенкті қолдану.

Ағындарды аэробтық тазартудың экстенсивті əдісі – биологиялық

тоғандар, суармалы танаптар, фильтрация танаптары. Оларды

қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері.

                                                              4

 

Тұрмыстық жəне өндірістік ағын суларды анаэробтық əдіспен

тазарту. Аэробтық процеспен салыстырғанда ағын суларды анаэробтық

процеспен тазартудың артықшылығы, тазарту жылдамдығы.

Метантенктер, метантенкте болып өтетін ашу процестерінің

сипаттамасы. Метантенктің микрофлорасының қалыптасуы, оның

құрамы симбиотикалық бірлесудегі өзара қарым-қатынасының

сипаттамасы. Метантенктердің тиімді тіршілік етуіндегі метан түзуші

бактериялардың маңызы. Ластаушылардың шекті концентрациясы

жөніндегі түсінік. Ластаушыларды деградациялау жылдамдығын жəне

газ түзілу интенсивтілігін арттырудағы араластыру жəне

температуралық режимнің ролі.

Ағындарды биологиялық тазартуға арналған өнеркəсіптік

аппараттарға сипаттама. Септикотенктер. Жылжымайтын биопленкасы

бар реакторлар.

Металлургиялық кəсіпорынның ағын суларын тазартуда жəне

олардан металдар алуда активті лай микроорганизмдерін пайдалану.

Қышқылдану процестері / металдардың қалпына келуі немесе

олардың гетеротрофты микроорганизмдерде тұнуы. Ағынды сулардан

металлдарды алып тастау үшін пайдаланылатын активті лайдың

сипаттамасы, жасанды биофлоктардың маңызы. Мысалдар.

Металдардың тұнуында сульфатредукциялаушы бактериялардың

қолданылуы, олардың тіршілік ету шарттары. Ағын суларда металл

тұнғанда болып өтетін процесстердің химизмі, анаэробты

гетеротрофты микроорганизмдер арқылы өсімдік қалдықтарының

органикалық заттарының минералдануы, оттегі құрамының азаюы жəне

анаэробты сульфатредукциялаушы бактериялар белсенділігінің

артуына байланысты шарттарды ОВП ұлғаюы, күкіртті

көмірқышқылында металдың тұнуы артады. Сульфатредукциялаушы

бактериялардың мыс, сынап, вольфрам жəне молибден тұнбаларындағы

ролі.

Өндірістік ағын суларды Pseudomonas putіda пластмассаға немесе

ағаш жаңқаларына иммобилизацияланған клеткаларының көмегімен

мышьяктан тазарту.

Құрамында хромы бар ағын суларды құрамында Pseudomonas

dechromatіkans бар “активті лайдың” көмегімен хромнан тазарту.

Металдарды биосорбциялау үшін микроорганизмдерді қолдану.

Уран жəне нитраттарды көмір бөлшектеріне иммобилизацияланған

денитрификациялайтын бактериялар биомассасымен биосорбциялау.

Микробтық экзополисахаридтермен металдарды биосорбциялау.

                                                           5

 

 

Түрлі өндірістердегі өнеркəсіптік қалдықтарды биологиялық қайта

өндеу.

Микроорганизмдердің иммобилизацияланған клеткаларын сүтті

өндеуші, ашытқы жəне басқа тамақ өндірісінің ағындыларын қайта

өндеуде қолдану.

Химиялық кəсіпорындар ағындарын биологиялық қайта өндеу

мəселелері.

Целлюлоза - қағаз өнеркəсібінің қалдықтарын биологиялық қайта өндеу.

Көмірсутегі деструкторларының микроорганизмдерін мұнайды

қайта өндеуші кəсіпорындардың ағын суларын жəне мұнаймен

ласталған топырақты тазартуда пайдалану.

Ауыр металлдармен, радионуклеидтермен, органикалық заттармен

жəне басқа да токсиканттармен ластанған топырақты

биоремидиациялау технологиясы. Негізгі сатылары – биообъектілерді

поллютанттардың гипераккумуляторларын таңдап алу – оларды өсіру

əдістерін, токсикантты бөлу жəне алып тастау əдістерін тандау.

Биотехнологияда қолдану үшін микроорганизмдердің штаммдарың

өнімділігін арттыру тəсілдері.

Генді инженерия əдістерімен алынған микроорганизмдерді жəне

микробтық синтездің кейбір өнімдерін пайдаланудың қауіпсіздік

мəселелері.

Болжамдық экология – сыртқы ортада трансформацияланған

организмдердің болашақтағы тəртібін жан-жақты бағалауды мақсат

еткен ғылым.

Экологиялық мəселелерді шешу үшін қолданылатын жаңа

биотехнологиялар.

Экологиялық биотехнологияның болашақ жорамасы.

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ  САБАҚТАР ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Биотехнология өндірісіндегі ағын суды анаэробты  тазарту

Тұрмыстық ағын суды және тұрмыстық қалдықты анаэробты тазарту

Металдарды бактериямен сілтілеу

Лабораториялық жағдайда биогазды алу

Күрделі органикалық қосылыстың  биоконверсиясы

Мұнай көмірсуына қатысты топрақ микроорганизмнің физиологиялық активтілігін анықтау

МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ОҚЫЛУЫ ТИІС ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Бейли Дж., Оллис Д. Основы биохимической инженерии. Пер с

англ. в 2-х частях -М., Мир, 1989.

2. Биотехнология: Учебное пособие для вузов в 8-ми кн. - М.:

Высшая школа, 1987.

                                                             6

 

3. Экологическая биотехнология: пер. с англ./ Под ред.

К.Ф.Форстера, Д.А.Дж. Вейза. -Л.: Химия, 1990. -384 с.

4. Громов Б.В., Павленко Г.В. Экология бактерий: Учебное

пособие. –Л.: Изд-во ЛГУ, 1989. -248 с.

5. Кузнецов А.Е., Градова Н.Б. Научные основы экологической

биотехнологии. —М. Мир, 2003.

6. Промышленная микробиология / Под ред. Н.С. Егорова —М.:

Высшая школа, 1989. -688с.

7. Яковлев С.В., Скирдов И.В., Швецов В.Н. и др. Биологическая

очистка производственных сточных вод: Процессы, аппараты и

сооружения. —М.: Стройиздат, 1985. —208с.