«Ферменттермен катализденген реакциялардың кинетикасы» пәнінен жоғары оқу орнының 050701 «Биотехнология» мамандығының студенттеріне арналған.

 

БАҒДАРЛАМА

 

 

 

ТҮСІНІКТЕМЕ

      Типтік бағдарламада химиялық реакциялардың жылдамдығы және оған әсер ететін факторлар,жылдамдық тұрақтысы,реакциялардың реті мен моле-кулалығы, кинетикалық теңдеулер,биокатализ процесінің негізгі түсініктері және  фермент-субстратты комплекстер,ферменттердің әсер ету механизмі қарастырылған,ферменттік реакциялардың гетерогенді жүйелердегі, медици-надағы, өсімдіктер селекциясындағы, биотехнологиядағы қолдану мүмкіндік-тері атап өтіледі.

   Курстың мақсаты студенттерге ферменттік реакциялардың кинетикасы, кинетикалық мәліметтерді өңдеудің әртүрлі әдістері мен тәсілдері жөнінде,   ферменттік активтілікке әсер ететін факторлар туралы, қазіргі кездегі ферменттердің инактивациясы және ферменттерді тұрақтандыру мәліметтері жайында, ферменттік реакциялардың гетерогенді жүйелердегі, медици-надағы, өсімдіктер селекциясындағы, биотехнологиядағы қолдану мүмкіндік-тері туралы терең білім беруді көздейді.

   Пәнді оқыту мақсаттары:

Студент фермент-субстратты комплекстердің ерекшеліктері туралы, ферменттердің әсер ету механизмі, ферменттік реакциялардың қарапайым сатыларының жылдамдық тұрақтыларын анықтау, ферменттік активтілікті, реттеу әдістері жайындағы,ферменттер денатурациясының механизмі жөніндегі білімдерді меңгеруі қажет. Курсты игеру кезінде студенттер қайтымды реакциялардың кинетикасы, екісубстратты және фермент кофак-тормен активтелген реакциялар жөнінде, бір және екі субстратты қарапайым ферменттік реакциялар туралы білім алуы қажет..

   Осы пәнді оқу үшін қажетті пәндер қатары: «Биотехнология» мамандығының студенттеріне пәнді жүйелеп оқытудың және өзара байланыс сызбасы бойынша «Ферменттермен катализденетін реакциялардың кинетикасы» курсы  биохимия, микроағзалар биотехнологиясы , жалпы биотехнология, инженерлік энзимология пәндерінің табиғи жалғасы болып саналады. Аталған курс ферменттік реакциялардың кинетикасын терең оқытуға бағытталған. Ол басқа пәндердің мазмұнын қайталамайды және биотехнология кафедрасындағы оқытудың жалпы құрылымында дербес бөлік ретінде саналады.

 

КУРСТЫҢ МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

ӘРТҮРЛІ  РЕАКЦИЯЛАР КИНЕТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ

Реакция жылдамдығы және оған әсер ететін факторлар. Жылдамдық тұ-рақтысы. Реакция реті мен молекулалығы. Кинетикалық теңдеулер. Реакция реті мен молекулалығын анықтау әдістері.

     Биокинетика. Ферменттер туралы түсінік. Биокатализ. Фермент-субс-тратты комплекстер және ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттік реакциялардың жылдамдықтарына әсер ететін факторлар (субстрат концен-трациясы, температура, ерітінді рН және басқа да факторлар). Ерітінділердегі ферменттік реакциялардың кинетикасы.

     Михаэлис-Ментен теңдеуі. Михаэлис-Ментен теңдеуінің параметрлері. Теңдеудің қолдану аймағы.

      Ферменттік реакциялардың жылдамдық тұрақтылары. Ферменттік реакцилардың қарапайым сатыларының жылдамдық тұрақтыларын анықтау.

 

     ҚАРАПАЙЫМ ФЕРМЕНТТІК РЕАКЦИЯЛАРДЫҢ КИНЕТИКАСЫ.  ФЕРМЕНТТЕРДІ АКТИВТЕУ ЖӘНЕ ИНГИБИРЛЕУ ӘДІСТЕРІ.

     Бір және екісубстратты ферменттік реакциялардың кинетикасы.Екі субс-тратты  және ферментті кофактормен активтеген қайтымды реакциялардың кинетикасы.

     Субстрат ферментін активтеу және ингибирлеу.Ферменттерді актив-теу.Ферменттерді ингибирлеу. Бір ферменттің бірнеше әртүрлі субстратпен әрекеттесуі.

     Ферменттік активтілікті реттеу. Ферменттік активтілікті қайтымды рет-теудің механизмі. Қайтымды реттеудің ферменттік реакциялардың кинети-касына әсерін талдау.

     Ферменттердің инактивациясы. Ақуыздар денатурациясының механиз-мі және онан туындайтын құбылыстар. Инактивация.процесі кинетикасының үлгісін жасау.

     Ферменттердің денатурациясы.    Механикалық факторлар  әсерінен  ферменттердің денатурациясы.    

    Ферменттерді тұрақтандыру әдістері.

     Гетерогенді жүйелердегі ферменттік реакциялар.

    Өндіріс пен биотехнологияда ферменттік реакциялардың қолдану аймақтары.

 

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ:

 

1.       Кинетиканың жалпы сұрақтары. Реакция жылдамдығы және жылдамдық тұрақтысы. Жылдамдық тұрақтысын анықтау әдістері. Реакция реті және молекулалығы. Кинетикалық теңдеулер.

2.       Биокинетика. Ферменттер. Олардың жіктелуі, аталуы, қасиеттері, активті орталықтары, ферменттік реакциялардың кинетикасы, ферменттер қатысында активтендіру энергиясының өзгеруі

3.       Ферменттік реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторлар (субстрат концентрациясы,температура, ерітінді рН т.б.). Фермент-субстратты ком-плекстер.

4.       Михаэлис-Ментен теңдеуі және оның параметрлерін анықтау.

 

5.       Бір және екісубстратты қарапайым ферменттік реакциялардың кинетика-   сы. Бірнеше активті орталығы бар ферменттердің қатысуымен өтетін ферменттік реакциялардың кинетикасы.

6.       Фермент субстраттарын белсендендіру және ингибирлеу әдіс-тері.Субстраттық белсендендіру. Ингибирлеу кинетикасы.

 7 Ферменттерді тұрақтандыру әдістері. Гетерогенді жүйелердегі ферменттік реакциялар. Ферменттік реакциялардың өнеркәсіпте, биотехнологияда қолдану аймақтары.

 

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ;

 

1. Кинетика мақсаты, міндеттері, жалпы мәселелері.

2. Биохимиялық реакция жылдамдығы және оны анықтау әдістері.

3. Реакция ретін анықтау әдістері.

4. Фермент- субстратты комплекстер.

5. Ферменттердің әсер ету механизмі.

6. Бірсубстратты қарапайым ферментті реакциялардың кинетикасы.

7. Екісубстратты қарапайым ферментті реакциялардың кинетикасы.

8.Михаэлис-Ментен теңдеуі және биохимиялық реакцияның параметрлерін анықтау.

9.Фермент кофактормен белсендірілген екісубстратты қайтымды реакция-лардың кинетикасы.

10.Ферментті реакциялардың қарапайым сатыларының жылдамдық тұрақ-тыларын анықтау. 

11.Кинетиканы зерттеудің релаксациялық әдістері.

12. Аралық күй кинетикасы.

13.Ферментті реакция жылдамдығының субстрат концентрациясына тәуел-ділігі.

14. Ферменттерді белсендендіру және ингибирлеу әдістері.

15. Бір ферменттің бірнеше субстратпен әрекеттесуі.

16. Ферменттік белсенділікті реттеу.

17. Ферменттік белсенділікті қайта реттеу механизмі.

18. Ферменттер белсенділігіне әсер ететін факторлар.

19. Ферменттердің инактивациясы.

20. Ақуыздар денатурациясының механизмі.

21. Инактивация процестерінің кинетикасы және оның үлгісін жасау.

22. Ферменттерді тұрақтандырудың механизмі.

23. Ферменттер денатурациясына механикалық факторлардың әсері.

24. Ферменттік реакцияларға рН әсері.

25. Ферменттік реакцияларға температураның әсері.

26. Гетерогенді жүйелердегі ферменттік реакциялар.

 

 

                                                    ӘДЕБИЕТ:

НЕГІЗГІ:

  1. Бейли Дж., Оллис Д. Основы биохимической инженерии.  М.: Мир, 1989 г.  692 с.
  2. Березин И.В., Мартинюк К., Основы физической химии ферментативного катализа  М.: ВШ, 1977 г.,  280 с.
  3. Березин И.В., Варфоломеев С.Д. Биокинетика  М.: Наука, 1989 г. с.160
  4. Березин И.В., Клесов А.А. Практический курс химической и фермента-тивной кинетики, 1976 г.,  320 с.
  5. Брей Дж., Уайт К., Кинетика и термодинамика биохимических процессов, М.: ИЛ, 1959 г.
  6. Диксон М., Уэбб. Ферменты. В 3-х томах, Пер. с англ. М., Мир, 1982 г.
  7. Кретович В.Л. Введение в энзимологию., М.: Наука, 1974 г.

     8. Практикум по биохимии /Под ред. С.Е.Северина, Г.А.Соловьевой. – М.: Изд-во МГУ, 1989. – 509с.

 

ҚОСЫМША:

  1. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия: Учебник. 3-е изд., перераб. и доп., Медицина.: 1998 г., 704 с.
  2. Биотехнология: Учебное пособие для ВУЗов. В 8 кн./ Под. ред.Н.С. Егорова, В.Д. Самуилова. Кн.7: Иммобилизованные ферменты / И.В.Березин, Н.Л.Клячко, А.В. Левашов и др., М.: ВШ., 1987 г. с. 159.
  3. Курганов Б.И. Аллостерические ферменты. М., Наука, 1978 г.
  4. Бышевский А.Ш., Терсенов О.А. Биохимия для врача. Екатеринбург: Уральский рабочий, 1994 г., с.384.
  5. Кнорре Д.Г., Мызина С.Д. Биологическая химия. М.: ВШ, 1998 г. с.479
  6. Филиппович Ю.Б., Егорова Т.А., Севастьянова Г.А. Практикум по общей  биохимии// М.: Просвещение, 1982 г. с.311.
  7. Жоли М. Физическая химия денатурации белков. М.: Мир, 1968 г.
  8. Захарьевский М.С. Кинетика и катализ. Л.: Ленинградский университет, 1963 г.
  9. Нейландс Дж., Штумпф П. Очерки по химии ферментов. М.: ИЛ, 1958 г.