«Биотехнологиялық өндірістің негіздері »

 

пәні бойынша лабораториялық практикум

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

’’Биотехнологиялық өндірістің негіздері’’курсының мақсаты мен міндеті. Биотехнологиялық өндіріс тірі объекті негізінде биоөнімдердің кең спектрін өндіретін немесе əртүрлі биохимиялық процестердің биоиндустриясы ретінде  қазіргі қоғамдағы микробиология, биохимия, генетика, ген инженерияның жəне химиялық технологияның ғылыми жетістіктеріне қосымша орын болып табылады.

Курстың мақсаты - биотехнологияның негізгі сатыларымен студентті

  таныстыру:

-          шикізаттың түрлері;

-          биообьектілер-жасушалар және ферменттер, өндірістің негізі болып

       саналатын биохимиялық активтілігі;

-          осы өндірістің негізіне жаттатын, процестері;

-          соңғы өнімнің тауарлы формасын бөлу,тазалау.

Курстың мәні

-        микроорганизмнің керемет  мүмкіндіктерін көрсету және өндірістің

     негізінде жүретін фермент реакциясының  әртүрлілігі;

-        шикізатқа сипаттама беру, соның ішінде тапшы емес екіншілік өнімге

      және   бірқатар өндірістің қалдықтарына;

-        микроорганизмді культивирлеу әдісімен таныстыру;

-        биотехнология өндірісінің соңғы өнімдін алу сатысына сипаттама беру.

Биотехнология екі жақты: ғылыми және өндірістік жүйелерді біріктіреді.

Демек, биотехнологияның жаңа анықтауларында  ол тек өндірістің саласы ғана болып саналады.Қазінгі биотехнология адамның іс жүзінің әрекетінің барлық жақтарына үлкен әсер етеді. Биотехнология  тірі организмдерді және биологиялық жүйелер мен процестерді адам баласының мақсатына сай өндірісте қолдану.

Биоөндірістің түріне байланысты микроорганизмдердің әр түрлі штамдарды қолдану. Биотехнологиялық өндіріске сипаттама (микроорганизмдерді қолданып технологиялық айналымның қандайда – бір кезеңінде шектелетін жəне микроорганизмдерді культивирлеуде технологиялық айналымның негізгі кезеңі болып саналатын ауылшаруашылығының шикізаттарын өңдеумен байланысты тағамдық жəне ашыту өндірістеріне).

Биотехнологиялық өндірістің шикізаттарына жалпы сипаттама. Оларға қойылатын негізгі талаптар мен шектеулер. Микроорганизмдердің біріншілік жəне екіншілік метаболиттері. Ашытқы, бидай, картоп түйнектері жəне басқада крахмал құрайтын субстраттан  спирт алуда қолданылатын сахаромицеттер. Лактозаны ыдыратуға жəне субстрат ретінде сүтті және сүттің сарысуын жəне басқада лактозалы субстраттарды қолдау, спирт ашытуға қабілетті лактоза ашытатын ашытқыларға сипаттама. Сүт қышқылды бактерияларға сипаттама, жəне оларды сүт қышқылын жəне əртүрлі сүт өнімдерін алудағы биотехнологиялық процестерде қолдану. Органикалық қышқылды жəне амин қышқылын, витаминдерді, ферменттерді жəне т.б. заттарды өндіруші микроорганизмдер. Лимон қышқылын алу үшін қажетті субстраттар (меласса,мұнайдың н-алкандары жəне т.б.).Екіншілік метаболиттерді өндіруші  микроорганизмдер. Арзан субстраттарда өсірілген ашытқы биомассасын қолдану негізіндегі азықтық ақуыз өндірісі (меласса, сүт сарысуы, сабан гидролизаттары , н-алкандар жəне т.б.). Микроорганизмнің өсу көрсеткіші және негізгі кезеңдері. Биореакторлардың түрлері. Периодты жəне үздіксіз культивирлеу (хемостат, турбидостат, оксистат). Биотехнологиялық өндіріс сатыларын өңдеу - лабораториялық регламент (штаммдарды, субстраттарды, микроорганизмдерді дақылдау жағдайларын, биореактор конструкциясын, бөліп алу əдістерін жəне соңғы өнімнің сапасын бағалауды, технологиялық кестелерді іріктеу), тəжірибелік-өндірістік зерттеулер (жартылай өндірістік өнеркəсіптік жағдайларда масштабтау), өндірістік өнеркəсіп (масштабтау).Сатылардың сипаттамалары. Микробиологиялық  синтез өнімдерінің түрлері. Тірі микроорганизмдер негізгінде   алынған препараттар (бактериялық тыңайтқыштар, ұйытқылар жəнет.б.)

Инактивацияланған жасушадан жəне олардың өңделген өнімдерінен тұратын препараттар (азықтық ашытқылар, саңырауқұлақ мицелийлері жəне т.б.). Микроорганизм метаболизмінің тазаланған өнімдері негізіндегі препараттар (витаминдер, аминқышқылдары, ферменттер, антибиотиктер жəнет.б.). Соңғы өнімді алу жəне тазалау əдістері. Концентрациялау, экстракция, кептіру.Тазарту əдістері  жұқа қабатты хроматография, электрофорездің əртүрлі əдістері жəне т.б. Дайын формаларды дайындау таблетка, ампула, қораптау жəне т.б.

Соңғы жылдары биотехнологияның үлкен өріс алуы генетиканың жаңа жетістіктеріне байланысты. Нақтылап айтқанда, қазіргі биотехнологияның көптеген салалары генетикалық ииженериямен, әсіресе ген инженериясымен   тікелей немесе жанама байланысқан. «Биотехнология» ұғымының өзі    генетикалық инженерияның    қалыптасуына байланысты пайда болды  және алғашқы кезде бұл екі ұғым синонимдер ретінде қаралды. Уақыт өткен сайын бұл ұғымдардың мазмұны әр түрлі толықтырылды, дегенмен генетикалық инженерия биотехнологияның құрама бөлігі болып қалды. Геиетикалық инженерия - жаңа генетикалық қасиеттері бар организмдерді құрастыру тәсілдерін жетілдіретін ғылыми өрістің саласы болса, ал биотехнология — өндірістің саласы.

Студенттердің тәжірибелік жұмыс істеу қабілетін арттырып, микроорганизмдер культурасын антисептикалық жағдайда  тазалығын анықтай білу керек.  Қоректік ортаны дайындау, егіс материалын дайындау, биомассамен биотехнологиялық активтілікті анықтап, қоректік ортаның деңгейін игеру керек, өндірістік культураның селекциялық әдістерін, процесті аппараттық қамтамасыз ету, дайын өнімді бөліп алу тәсілдерін білу.

№1 МОДУЛЬ. БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН БИОЛОГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕР. БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ШИКІЗАТ КӨЗІ

 

№1  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

 

 Микроорганизмдер – биотехнологиялық өндірістің негізі. Микроб клеткаларының метаболиттік мүмкіншіліктері. Катаболизм жəне анаболизм  процестерінің көптүрлілігі.

 

Жұмыстың мақсаты

 

 

 Микроб клеткасының микробжасушасының  метаболиттік мүмкіндіктерін  және анаболизм және катаболизмнің көп жақты  прцесін оқу. Әр түрлі физиологиялық тобындағы микроорганизмді бөлу үшін            ( накопительных)жиналу культурасының әдісін меңгеру.

 

Теориялық  негіздері

Биотехнологияның негізгі аумағы болып микроб клеткасы саналады.

Микробтық жасушаны әр түлі химико-технологиялық қасиетімен табиғат көзінен бөліп  алуға болады.

Клетканың құрылымына, генетикалық аппаратына қарай олар прокариотты және эукариотты болып бөлінеді.

Жалпы клетка құрлымына қатысты организмдерді екі үлкен топқа бөлуге болады. Олар эукариоттар және прокариоттар.

     Прокариоттарға бактериялар және көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттар жай құрылымды, ядросы жоқ, цитоплазмадан бөлінген мембранасы бар, цитоплазмалық органелласы болмайды, прокариотты клеткалардың рибосомасы кішкентай және олар бүкіл цитоплазмаға жайылған.

Биотехнологиялық процестердің барлығы микроорганизмдер биотехнологиясы функционирленген микробтық жасушаға негізделген, сондықтан биотехнология тірі жасушамен және өмір сүру процесінің заңымен басталады. Өзінің микробтық жасушалық құрылысы бойынша прокариоттар (бактерия, көк жасыл балдырлар) және эукариоттар (саңырауқұлақтар, қарапайымдар) болып бөлінеді. Прокариоттың құрлысы қарапайым.

Нағыз ядросы бар микроорганизмдерді эукариоттар (эу — гректің — нағыз, ал карло — ядро деген сөз), ал клеткасында қарапайым ядросы бар организмдерді прокариоттар деп атайды.

     Эукариоттарға жататындар: балдырлар, саңырауқұлақтар, кебісшелер, қарапайымдар.Эукариотты клеткада клетка мембранасының жүйесі жақсы дамыған (эндоплазмалық тор), митохондрия, лизосома, цитоплазма, рибосома, Гольджи аппараты бар. Микробты әлемге вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар, кебісшелер, қарапайымдылар  организмдері жатады.

Клетка құрлымы жағынан алғанда бұлар өсімдіктер мен жануарларға тым ұқсас. Ал бактериялар мен көк жасыл балдырлар (цианобактериялар) прокариоттарға жатады. Олардың қоректенуі бір типтес, бір-біріне өте ұқсас және олардың арасында сапрофит және паразит топтары да кездеседі. Осыған байланысты микроорганизмдер әлемі өз алдына жеке қарастырылады.

Бірқатар зерттеушілер микроорганизмдерді ең алғаш пайда болған тірі денелер десе, ал енді біреулері бұлардан да бұрын клеткалық пішіні жоқ организмдер (архибионттар, фотобионттар, протобионттар және т. б.) тіршілік еткен дегенді айтады.

Жоғары сатыдағы организмдер классификациясы белгілі бір дәрежеде олардың эволюциялық байланысын қамтитын болса, осындай негізде прокариоттар, яғни микроорганизмдер классификациясын жасау едәуір қиындықтар келтірді.

Биологиялық агенті таңдауда және оны өндіріске қолдануда бәрінен бұрын штамның принцинін сақтау керек. Демек, ферментация процесі ұзақ жүргенде микробты жасуша популяциясы өзінің негізгі  физико-биохимиялық қасиетін сақтау керек.Өндірістік продуцентер сонымен қатар мутанттың әсеріне, фагқа, бөгде микрофлорамен ластануына төзімді болуы керек, қоршаған ортаға және адам баласына зиянсыздығы сипатталуы керек, қосымша токсинді улы өнімді басқа затты және қалдықты  өсіруге болмайды және технико-экономикалық көрсеткіші тиімді болуы керек.

Микроорганизмдер көне заманнан бері тіршілік етіп келе жатқан жер бетіндегі тірі организмдер өкілі. Олар үш миллиард жыл бұрын пайда болған деген болжамдар бар. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олардың клеткасы қоршаған ортадан клетка қабығы арқылы оқшауланған. Кейде қабық қызметін цитаплазматикалық мембрана атқарады.

Молекулярлық биологияның дамуымен байланысты микроорганизмдерге сипаттама берудің жаңа әдіс-тәсілдері табылды. Бұл микробтар жүйесін жасауға едәуір көмегін тигізді, сөйтіп, микроорганизмдердің тұқымқуалаушылық қасиетін (генотипі) бірден сипаттауға мүмкіндік туды. Ал осыған дейін тек қана құрылымдық және функциональдық қасиетті (фенотип) бейнелеу басым болған.

Микроорганизмдерді жан-жақты зерттегеннен кейін оны ғылыми тұрғыдан атау қажет болды. ХҮІІІ ғасырда К. Линней ұсынған бинарлық номенклатураға сәйкес микроорганизмнің аты латынның екі сөзімен көрсетілетін болды. Біріншісі туыстықты анықтайтын: микроорганизмнің мор-фологиялық немесе физиологиялық белгілерін, болмаса осы микробты ашқан ғалымның фамилиясы немесе ерекше белгісі арқылы, мәселен, тіршілік орнымен, екіншісі микробтың түрін көрсететін, мысалы, Васillus albus, Грам оң спора түзетін аэробты таяқша ( Ваcillus туысының қасиеті), ал түрлік аты оның түзетін колониясының түсімен (аlbus — ақ түсті) сипатталды.

Вирустар тек кана тірі организм клеткасында (көп клеткалылар және бір клеткалыларда) көбейе алатын тек клетка ішілік паразит. Ол ультрамикроскоптық организмдер тобына жатады.

Вирустарда ядро, цитоплазма, клетка қабықшасы өзара жекеленбеген.

Қазіргі кезде вирустардың таяқша тәрізді, жіпше тәрізді, цилиндр тәрізді, түйреуіш тәрізді түрлерін кездестіруге болады.

Вирустардың ерекше қасиеттерінің бірі — олардың лабораторияда жасалған жасанды қоректік ортада өспеуі. Олар тек тірі клеткада ғана тіршілік етеді. Тірі немесе құрылымы бұзылған, ұнтақталған ткандарда, тауық жұмыртқасында өніп-өсе алады. Кейбір вирустардың белгілі бір жағдайда кристалға айналатын да қасиеті бар.

Вирустардың бөлшегі — вириондар нуклеин қышқылдары мен белоктан тұрады. ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) немесе РНҚ (рибонуклеин қышқылы) тұратын спирал тәрізді және ол капсид деп аталатын белок молекулаларымен қоршалған болады. Белоктың бір немесе бірнеше молекуласынан құралған капсидтер капсомерлер деп аталады. Белокты капсид пен нуклеин қышқылының (ДНҚ немесе РНҚ) қосылысы клеокапсид деп атайды.

Вирустар топырақта көбеймейді, бірақ ұзак уакыт сақталуы мүмкін. Адам мен жануарлардың біраз вирустары топыраққа түскеннің өзінде бірнеше айлар бойына өзінің ауру қоздырғыштық қасиетін жоймай сақтайтыны белгілі болды.

Вирустар тіршілік жағдайына тез бейімделіп, өзгеріп отырады. Олардың осы қасиетін ескере отырып, қазіргі кезде аса тиімді шипалық қасиеті бар вакциналарды жасайды.

Бактериофагтар.Микроорганизмдерді және актиномицеттерді зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустар тобын бактериофагтар деп атайды.

Бактериофагтардың пішіні алуан түрлі. Олардың кейбіреулері шар тәрізді қосалқы бұтақшалары бар денелер. Кейбір түрлері итбалыққа ұқсайды. Оның басы белок қабықшамен қапталған. Ішінде дезоксирибонуклеин (ДНҚ) немесе кейде рибонуклеин (РНҚ) қышқылдары болады.

Фагтар бактерия клеткасында ұзақ жылдар бойына оны зақымдамай бірақ тірі күйінде сақтала береді. Клетка басқа бір кеселге шалдыққанда, сөйтіп оның қалыпты тіршілігі бұзылғанда фагтар қаулап өніп-өсіп бактериялар тіршілігін жоятыны белгілі. Жалпы фагтар белгілі бір бактерияларды ғана зақымдауға бейімделген. Сондықтан әр микроорганизм топтарының өзіндік фагы болатынын ескеруіміз қажет. Фагтар әрекетінің өзінше ерекшелігі бар. Қазіргі кезде бактериофагтарды медицинада және ветеринарияда кейбір зиянды ауру қоздырғыштарға қарсы қолданады.

Сонымен қатар бактериофагтар өндіріске, әсіресе тамақ өнеркәсібіне көп зиянын тигізеді. Мәселен, олар пайдалы сүт қышқылы бактерияларын ерітіп жіберіп, алынатын сүт тағамдарының сапасын төмендетеді.

Микроорганизмдердің ішіндегі ең үлкен тобы саңырауқұлақтар. Олардың клеткасында хлорофилі болмайды. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатады, дайын органикалық заттармен қоректенеді, хемоорганотрофтар, аэробты организмдер. Оларды Мусota деп аталатын ерекше тірі организмдер тобына жатқызады. Бұған нағыз саңыраукұлактар (Еуmycota) және шырыштылар немесе миксомицеттер (Мухоmусоtа) жатады. Қоректік заттар бетіне колония түзіп орналасады. Бактериялардан айырмашылығы олардың құрлысы күрделілеу және көбею тәсілі жетілген.

Саңыраукұлақтар өкілдерін макромицеттер және микромицеттер деп бөледі. Макромицеттерде ірі жеміс денелер болады. Ал микромицеттерде олар болмайды.

1.         Saccharonyces  тұқымдасы. Бұлар бүршіктену арқылы көбейеді. Кейбіреулері даму кезеңдерінде аскоспоралар түзеді.

2.        Shirosaccharomyces тұқымдасы. Бұған жататын дрожжылардың клеткалары таяқша тәрізді, бөліну арқылы көбейеді. Қолайсыз жағдайда төрт, ал кейде сегіз спора түзеді. Кейбір өкілдері өздігінен ашыған жеміс — жидек шырындарында кездеседі. Спирт ашу процесін де қоздыра алады. Олардың кейбіреулері сыра жасауда қолданылады.

Сахаромицетация тұқымдасының клетка пішіні лимон сияқты. Клеткалары көбейгенде бүршіктенеді. Қолайсыз жағдайда спора түзеді. Бұған Saccharomyces cerevisiae жатады. Ол спирт, сыра, шарап және нан өндірістерінде кеңінен қолданылады. Олар орта температурасы 18-30 градус жылыда жақсы өніп-өседі.

Аскомицеттер класынан спора түзу қаблетінен айырылған топтары да кездеседі. Бұлардың ішінде торула және кандида топтары тамақ өнеркәсібінде көп зиянын тигізеді.

Биотехнологиялық процесте белсендісінің алғашқысы болып және ең  маңызды  элементің бірі болып  биологиялық агент саналады.Биологиялық агентің  номенклатурасы  тез дамуда, қазіргі кезде жоғарғы орынды дәстүрлі аумақ – микробтық жасуша болып тұр.

Биотехнологияда ферменттер катализатор деп аталатын биологиялық тектес биологиялық агенттің маңызды топтары, ферменттер әр түрлі биотехнологиялық процесте және шаруашылық саласында кеңінен қолданылады, 60-жылдары оларды алуда бағасы жоғарылап тұрақтанбады бұл бағытта қиындықтартуғызды. Жеке сала ретінде құруда және биологиялық агентті қолдануда иммобилизденген ферменттерді бөлуді көрсетуге болады, ол функцияналды жүйеде гормонды екені көрсетілген, оның әсер етуі ферментті дұрыс таңдаумен және иммобилизация әдісіиен анықталады.

Тірі жасуша – күрделі химиялық реактор, онда 1000-шақты ферменттің катализдеуімен тәуелсіз реакция жүреді. Одан басқа да биологиялық жүйе затты және энергияны сақтаудың негізгі заңына сүйенеді және энергия сол себептер мен химиялық технологиялық процестеріне сүйенеді. Микроорганизмдер жарықтың энергиясын фототрофты және химиялық –хемотрофты сіңіруі мүмкін. Гетеротрофты тек органикалық заттарды сіңіруі мүмкін, ал автотрофты бейорганикалық заттарды (мысалы СО2) сіңіруі мүмкін.

Метаболизм – жасушадағы барлық химиялық өзгерістің жиынтығы.

Микроорганизмдер клеткаларына түскен қоректік заттар ыдырау барысында түрліше химиялық реакциялардан өтеді. Оларды жинақтап, жалпы атпен метаболизм (зат алмасу) деп атайды. Метаболизмге тіршілікте аса маңызы зор катаболизм мен биосинтез процестері жатады.

Метаболизм катаболизмнен (энергия алу үшін химиялық заттың ыдырауы, заттың ыдырауы) және анаболизмнен (энергия жұмсалумен жасушада жәй заттан күрделі заттың пайда болуы) амфиоболиз  (аралық алмасудың барлық реакциясы) құралады.

Катаболизм (энергетикалық алмасу) – көмірсулар, майлар және белоктар сияқты қоректік заттардың  тотығуы есебінен энергия бөліну процестері. Микробтарда аэробты тыныс алу мен ашу сияқты катаболизмнің негізгі формасы бар. Аэробты тыныс алу органикалық заттар толығымен ыдырап, ақыр аяғында кедей өнімдер (СО2 және Н2О) пайда болады. Ал ашу барысында органикалық заттар жартылай ыдырайды да, аздап энергия бөлінеді және ақырында энергияға бай өнімдер түзіледі (этил спирті, сүт, май және басқа да қышқылдар). Катаболизм барысында түзілген энергия клеткада аденозин үш фосфат (АҮФ) түрінде фосфор байланысына айналады.

Биосинтез – сыртқы ортадағы жай қосылыстардан макромолекулалар (нуклеин қышқылы, белоктар, полисахаридтер тағы басқалар) синтезделеді. Биосинтез процесі аэробты тыныс алу мен ашу кезінде пайда болған энергяны қолданады, яғни АҮФ қосылыснан алады. Катаболизм мен биосинтез екеуі қатар жүреді, сондықтан көптеген реакциялар, онда пайда болған аралық өнімдер бұл екі процеске де тән болады.

Микроорганизмдер ферменті. Клеткада жүретін күрделі процестер, яғни тыныс алу мен қоректену ферментердің (энзим) көмегімен іске асады. Өздерінің әсер етуіне қарағанда ферменттері күрделі органикалық катализаторлар болып есептеледі.

Катализатор – дегеніміз химиялық  реакциялардың соңғы өніміне кірмейтін, бірақ бұл реакцияларды шапшаңдататын заттар. Катализаторлар реакциядан шыққанда іс жүзінде азаймайды.  Сондықтан катализаторлардың аз мөлшерінің өзі көп затты өзгеріске түсіре береді. Мәселен, мәйек ферментінің (хилюзин( бір бөлігі 2 миллион бөлік сүтті ұйыта алады. Амилаза ферментінің бір бөлігі, белгілі бір жағдайда бір тонна крахмалды қантқа айналдыра алатыны дәлелденді.

Ферменттер активтігі бір қатар жағдайларға байланысты болады. Оларға субстрат пен ферменттер концентрациясы, температура, рН тағы басқалар жатады. Әрбір фермент үшін өзіндік температурасы мен  рН  болады.

Микроорганизмдер клеткасының ұқсастығына қарамастан, олар қызмет жөнінен бір – бірінен айырмашылығы бар ферменттерді синтездей алады. Метаболизмге қатысатын ферментер клетка ішінде орналасады. Сондықтан оларды клетка ішілік, яғни эндоферментер деп атайды. Ал кейбір ферменттер клетка тіршілігі барысында ортаға бөлініп шығады. Оларды клетка сыртындық, яғни экзоферменттер деп атайды. Әдетте бұған сыртқы микроорганизмдер клеткасына ене алмайтын молекулалық массасы үлкен органикалық затарды ыдырататын гидролитикалық ферменттер жатады. Ыдырау өнімдері клеткаға оңай енеді, яғни клетка олармен қоректенетін болады.

Фермент.Биосинтез–сыртқы ортадағы жай қосылыстардан макромолекулалар(нуклеин қышқылы, белоктар, полисахаридтер тағы басқалар) синтезделеді. Биосинтез процесі аэробты тыныс алу мен ашу кезінде пайда болған энергяны қолданады, яғни АҮФ қосылыснан алады. Катаболизм мен биосинтез екеуі қатар жүреді, сондықтан көптеген реакциялар, онда пайда болған аралық өнімдер бұл екі процеске де тән болады.

Энергия қорын жинаушы – аденозин үш фосфат (АҮФ), аденозин екі фосфат (АЕФ), цитозин үш фосфат (ЦҮФ), уридин үш фосфат (УҮФ), гуанозин үш фсофат (ГҮФ), креатинфосфат, ацетилфосфат және басқа қосылыстар. Бұлардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі – АҮФ. АҮФ клетка метаболизмнің әр түрлі екі процесінің нәтижесінде пайда болады. Олар субстраттық фосфорлану және электронды тасымалдау. Осы байланыстың  соңындағы фосфордың бөлініп кетуі кезінде 3,4·104 – 5,0·104 Дж энегия  түзіледі. Бұл химиялық байланыстардың ыдырауы барысында бөлінетін энергиядан әлде қайда көп (1,3·104). Француз ғалымы А.Л.Лавуазье 1870жылы жануарлар дем алғанда оттегін жұтып, көмірқышқыл газын бөліп шығаратынын анықтаған болатын. Биологиялық тотығу деп аталатын бұл процесс тыныс алу деп аталып кетті. Бұл жоғары сатыдағы өсімдіктерге де тән құбылыс. Ғылымда тотығу деп заттың оттегімен қосылысын, ал тотықсыздану деп бұған креісінше, яғни заттан оттегінің бөлініп шығуын атайды. Қазіргі кездегі тотығу деп сутегінің екі атомының басқа затқа ауысу процесін айтады. Бұған керісінше, затқа сутегінің екі атомын қосып алу тотықсыздану деп аталады.

Тотығу былайша жүреді:

 

                                  АН2           А + 2Н

                                   В + 2Н        ВН2

 

Сонда осы екі реакцияның қортындысында АН2-ның В көмегімен тотығуын байқауға болады.

                                 АН2 + В             ВН2 + А

АН2 – тотықсыздандырғыш немесе сутегі доноры, ал В – тотықтырғыш немесе сутегі акцепторы.

Процесс кезінде атомдар немесе молекулалар электрондарын (е -) жоғалтатын болса,  оны тотығу, ал бұған керісінше электронды қосып алуды тотықсыздану деп атайды.

Мәселен, темірдің шала тотығының тотыққа айналуы электронды жоғалту арқылы жүреді:

                              Fe2+             Fe + e -  

Сутегінің атомы да, электрондары да ортада жиналмайды. Олар басқа химиялық қосылыстармен акцепторленеді. Сондықан әрбір тотығу процесі тотықсыздану процесімен қабаттаса жүреді.

Биологиялық жолмен тотығу мен тотықсыздану сутегін тасымалдаушы негізінен екі пиринді нуклеотид – никотинамаидаденидиуклеотид (НАД) никотинамидадениндинуклеотидфосфат (НАДФ). Тотығатын заттардан сутегін ажыратып алып бұл қосылыстар тотықсызданады (НАД-Н2·НАД·Н2). Осы сутегін негізінен ашудың аралық өніміне немесе тыныс алу процесіне береді, ал НАДФ.Ф.Н2 көбінесе әр түрлі заттардың биосинтезіне белсене қатысады. Ол заттар микробтар клеткасының құрам бөлігі болып есептелінеді. Микроорганизмдердің қатысуымен өтетін көпеген тотығу – тотықсыздану реакциялары белгілі.

Спирттік ашу процесін ашытқылар қоздырады. Мұндай қасиет кейбір бактерияларда және мукор саңырақұлағында аз да болса кездеседі. Бірақ практикада маңыздылары - ашытқылар.

Ашытқылар қантты анаэробты жағдайда ашытқанда одан спирт, көмір қышқыл газы және энергия бөлінеді. Ол мына реакция бойынша жүреді:

 


С6Н1206 + 2Н3РО4 +2АЕФ         2С2Н5ОН + 2СО2 + АҮФ + 27  Ккал  энергия   

қант       фосфор    энергия көзі        этил спирті

               қышқылы    

          

Бұдан соң сірке альдегиді алкафольдегидрогеназа ферментінің әсерінен (НАД — Н2) тотықсыздану реакциясы арқылы этил спиртіне айналады.

Мұндағы АЕФ деп отырғанымыз аденозин екі фосфор қышқылы, ал АҮФ-аденозин үш фосфор қышқылы. Олар - энергияға бай қосылыстары. Ашу процесі барысында ашытқылар осы қосылыстардан керегінше энергия алып, бұл процесті одан әрі жүргізеді.

Ашытқылар кез-келген кемірсуды ашытпайды. Мұның себебі оларда амилаза ферменті болмайды. Сондықтан крахмалды өндірісте алдын-ала фермент көмегімен моно және дисахаридтерге айналдырады. Ал ашытқылар клеткасындағы мальтоза ферменті, дисахарид мальтозаны глюкозаға айналдырады. Глюкозадан көптеген ферменттердің көмегімен ашытқылар спирт пен көмір қышқыл газын түзеді.

Бұл процесс мынадай сызба нұсқамен жүреді: крахмал +  амилаза ферментері мальтоза қанты + мальтоза ферменті - глюкоза; глюкоза қанты+зимаза ферментері  -   этил спирті және көмір қышқыл газы.

Әдетте спирттік ашу процесі қышқылды ортада (рН 4,5 - 50) жақсы жүреді. Егерде қоректік орта реакциясы сілтілі болса (рН 8,0), онда негізгі өнімдердің бірі ретінде глицерин пайда болады. Мұнда спирттік ашу процесі мына реакция бойынша жүреді:

 

2С6Н12О6 +Н2О   =  СН3 СООН + СН3СН2ОН+ 2СН2ОНСНОНСҢ2ОН + 2СО2

 

Азот көзі ретінде ашытқылар ақуызды амин қышқылдарын, пептонды және аммоний тұздарын пайдаланады. Өніп-өсу барысында ашытқылар бірқатар витаминдерді, кейбір өсуді колдаушы заттарды түзеді. Қолайлы жағдайда ашытқылардың 10 млрд. жасушасы 20 — 24 мг азотты сіңіре алады. Егерде өндірісте ашытқылардың өнімін көбейтіп алу мақсаты көзделсе, онда қолайлы қоректік ортада алты сағат ішінде бұл процесс аяқталады. Мұнда ортаға ашытқы мөлшерін көп етіп салу керек.

Фосфор қоректік заттың қажетті құрамы болып есептеледі. Ол цитоплазма және көптеген ферменттер құрамына кіреді. Ашытқыларды өсіретін қоректік ортаға фосфор көзі ретінде техникалық фосфорды (0,5%) немесе 10% суперфосфат қосады. Қоректік ортаға ауа үрлегенде ашытқылар фосфорды жақсы пайдаланады.

Ашу барысында пайда болған заттар олардың тіршілігін тежейді және ашыту қабілетін тым төмендетіп жібереді. Ортада спирт көбейген сайын ашу процесі баяулайды. Спирт концентрациясы 12—16 % -ке жеткенде ашытқылар тіршілігі тоқталады. Егер ашытқы өскен қоректік орта жаңартылмаса, олардың тіршілігі спирт концентрациясы 5% -ке жеткенде тоқтайды.

 Ашытқылардың кұрамында мынадай заттар  анықталды (% есебімен):

Су                                    68,0                           75,0

Ақуыз                             13,0                            14,0

Гликоген                         6,0                               8,0

Клетчатка                        1,8                              -

май  (шикі)                      0,9                              2,0

күл                                    1,77                            2,5

витаминдер мен түрлі өсуді қолдаушы заттар — 400 -540 мкг (бір килограммда микрограмм есебімен).

Қоректік орта өне бойы ауысып, жаңарып отырса ашытқылар қантты ашытып, ортада 7 %-ке дейін спирт жиналғанша тіршілік ете алады. Ашытқылар тіршілігі барысында түзілетін көмір кышқылы да олардың дамуын тежейді. Көмір қышқыл газы көп бөлінгенде қоректік орта көбіктеніп кетеді. Бұл ашу процесіне технологиялық тұрғыдан зиянды.

Ашытқы ақуыздары амин қышқылдарына бай. Олардың ішінде организмге кажетті алмастырылмайтын амин қышқылдары да бар.

1кесте–Өндірісте дайын өнімді алуда қолданылатын микроорганизмдер

 

Организм

Түрі

Өнім

Saccharomyces cerevisiae

Ашытқы

Нан ашытқысы, шарап,

Streptococcus thermophilus

Propionibacterium shermanii  

Бактерия

Бактерия

Иогурт

Швейцар  ірімшігі

Gluconobacterium suboxidans

Бактерия

Сірке

Penicillium roquefortii

Зең

Сыры типа рокфора

Aspergillus oryzae

Зең

Саке

Saccharomyces cerevisiae

Ашытқы

Этанол

Clostridium acetobutylicum

Бактерия

Ацетон

Xanthomonas campestris

Бактерия

Полисахаридтер

Corynebacterium glutamicum

Бактерия

L-Лизин

Candida utilis

Ашытқы

Микробтық ақуыз

Propionibacterium

Бактерия

Витамин В12

Aspergilus oryzae

Зең

Амилаза

Kluyveromyces fragilis

Ашытқы

Лактаза

Saccharomycopsis lipolytica

Ашытқы

Липаза

Bacillus

Бактерия

Протеаза

Endothia parasitica

Зең

Сычужный фермент

Leocanostoc mesenteroides

Бактерия

Декстран

Xanthomonas campestris

Бактерия

Ксантан

Penicillium chrysogenum

Зең

Пенициллиндер

Chehalosporium acremonium

Зең

Цефалоспириндер

Rhizopus nigricans

Зең

Трансформация стероидтар

Гибридомы

–

Иммуноглобулиндер
и моноклональ
ды антидене

Клеточные линии млекопитающих

–

Интерферон

E. coli (рекомбинантные штаммы)

Бактерия

Инсулин, гормон роста, интерферон

Blakeslea trispora

Зең

b-Каратин

Phaffia rhodozyma

Ашытқы

Астаксантин

Bacillus thuringiensis

Бактерия

Биоинсектицидтер

Bacillus popilliae

Бактерия

Биоинсектицидтер

 

 

 

 

 

2 кесте  – Субстраттың маңызды топтары, биологиялық агентер және

            биотехнологиялық процесте пайда болатын өнім

 

Субстраттар

Биологиялық  агенттер

Өнімдер

Меласса, қант тростнигінің шырыны, өсімдік полимерінің гидролизаты

Микроорганизмдер,

өсімдік және жануарлар жасушасы

 

Биотыңайтқыш және биоинсектицидтер, микробтық  биомассалар, диагностика, вакциналар.

Сахара, спирттер,
органи
калық қышқылдар.

Мұнай парафині.

Жартылай өнімдер,
предшественник
тер
биотрансформаци
я.

Табиғи газ,
сутегі.

А/ш қалдығы және  орман шаруашылығы.

Өндіріс қалдығы,соның ішінде жеміс және жидек өңдеу.

Ағын су тұрмыстық қалдық .

Сүтің сары суы

Картоп, бидай.

Өсімдіктің жасыл биомассасы.

 

Вирустар.

Жасуша компоненттер:
мембран
алар, протопласттар, митохондрия, ферменттер.

Жасуша сыртындағы өнім: ферменттер, коферменттер.

 Микроорганизмнің,өсімдіктің және жануардың  иммобилизденген жасушасы, , олардың компонентері және жасуша сыртындағы өнім.

Биогаз.

Таза өнімдер,
медикамент
тер, диагностикум.

Гормондар  және өнімдер
биотрансформаци
я

Органикалық қышқылдар.

Полисахаридтер.

Ьір клетеалы жасуша.

Тамақ өнімі. Экстракттер, гидролизаттер.

Спирттер,
органи
калық ертінділер. Антибиотиктер

Аминқышқылдары.

Ферменттер, витаминдер.

Металдар, неметалдар.

Моноклональды анти дене.

 

Жұмысты орындау әдісі

 

Материалдар және құрал – жабдықтар

 

Петри табақшасы, 250 мл колбалар, фильтрлеуші қағаз, қайшы, скальпель, спиртовка, пинцет, заттық әйнектер, микробиологиялық ілмешек,шыны таяқша соңы иілген,сағатың шынысы,пробирка зарарсызданған суы бар, Гетчинсон сұйық ортасы бар колба, зерттелетін топырақ,  малдың қиы, фуксин мен генцианвиолеттің сулы ерітіндісі, микроскоп.

 

Жұмыстың орындалуы

 

Картоп таяқшасының жинақтағыш культурасын алу

 

  Картоп таяқшасы табиғатта кең таралған, ол топырақтан түседі. Картоп таяқшасы 100 º С 6 сағат қыздыруға төзімді, өте тұрақты орталық спора түзеді.

 Картоп таяқшасының жинақтағыш культурасын мына жолмен алады : Тазартылған картоп түйірлерге туралады, Петри табақшасына салып, 10 мин 100 º С-та стерилизаторға қойып(микроорганизмдердің вегетативті клеткаларын инактивирлейді), кейін термостатқа 25-30º С ,2-3 күнге қояды. Картопта споралар өсіп және де берік әжімді қабат түзеді. Микроскоптағанда ұзындығы 4-5 мкм шынжырланған жылжымалы таяқшалар түзеді.

 

Сүт қышқыл бактериялардың жинақтағыш культурасын алу

 

 Сүт қышқыл бактериялардың жалпы белгісі –сүт қышқылын түзу арқылы (сүт қышқылдық ашу) көмірсулардың (моно –дисахаридтер) ашу процесін орындау. Сүт қышқыл бактериялардың жинақтағыш культурасын алу үшін инакулятор болып қышқыл сүт өнімдері атқарады.

  Қоректік орта ретінде залалсызданған сүт қолданылады. Пробиркаға залалсызданған сүтпен бірге 1 мл қышқыл сүт немесе сүт қышқыл өнімі (айран,кефир) құйылады. Егіс және бақылау пробиркаларын сүттің ұюын байқайды, микроорганизмдердің өсуі сипаты (ұюдың түзілуі –тығыз,  бос, сілемейлі) газ түзілуі. Кейін культуралды сұйықтықтан дайындалған фиксирленген жасуша препараты микроскопталады.

  Бактерия клеткасының морфологиялық ерекшеліктері ескеріледі: формасы, спора түзуі, қозғалуы т.б.

 Субстраттың (сүттің) ерекшелігін ескеріп фиксирленген жасуша препаратын төмендегі жолмен дайындайды : зат шынысына пробиркадағы культуралды сұйықтықтан 1 тамшы тамызып, жабын шынымен жаяды, мазок ауада кептіріліп, фиксирленіп, спирт пен эфирдің (1-1) қоспасымен 10 мин майсыздандырылады. Буланғаннан кейін қоспаны тағы құяды. Кептірілген мазок Лефлер бояуымен боялады.

 

Микроорганизмдердің тотығуындағы көмірсудың жинақтағыш культурасын алу

 

Көміртегі мен энергияның жалғыз көзі болып саналатын көмірсулар микроорганизмдердің ішіндегі бактериялар мен ашытқыларда қолданылады, олар түрлі систематикалық топтарға жатады.

    Көмірсутотықтырғыш микроорганизмдер табиғатта кең таралған. Олардың таралуы мұнай мен мұнай қалдықтарының тікелей қатысуына байланысты емес. Алайда табиғи субстраттарда мұнай мен мұнай қалдықтарын тауып, олардың микроорганизмдермен бақылауда, көмірсудың өсуіне активті түрде қолдануда. Көмірсулардың ішінде микроорганизмдерге қатысты н –алкандар, олардың көміртегі атомының саны С10-С18.Көмірсулардың тотығуына микроорганизмдерге жақсы аэрацияланған қоректік орта қажет.

 Микроорганизмдердің тотығуындағы көмірсудың жинақтағыш культурасын алу үшін тербеткіш колбаға 750мл -ге  100мл синтетикалық орта келесідей құрамда (г/л) :

 

Біраралас аммоний фосфорқышқылы                       10

Екіаралас калий фосфорқышқылы                             10

Күкіртқышқылды магний-7Н2О                                0,7

Күкіртқышқылды темір   -7Н2О                                 0,013

Күкірқышқылды цинк     -7Н2О                                  0,012

Күкіртқышқылды марганец-7Н2О                              0,012

 

Бактериялардың көмірсутотықтырғыш жинақтағыш культурасын алудағы рн 6,8-7,0, ашытқы көмірсутотықтырғыш -4,5-5,0.

 Колбаға 2мл сұйық н –парафин салады және мұнай қалдығымен ластанған тамырды инакурлейді.Колбаны (200-300мин) тербеткішке қойып шайқайды, сосын 30-32º С, 3-5 күнге термостатқа қояды.

 

Май қышқылды бактериялардың жинақтағыш культурасын алу

 

Май қышқылды бактериялар  көмірсу  (глюкоза, сахароза, крахмал) мен май қышқылын түзеді. Май қышқылынан басқа кейбір көлемдегі сірке қышқылы, сутегі және көміртегі түзеді. Май қышқылды бактериялар анаэробтылар, сондықтан оларды культивирлеу үшін оттектің қатысынсыз жағдай жасау қажет. Май қышқылды бактериялардың жинақтағыш культурасын алу үшін үлкен пробиркаға (50мл) тазаланбаған картоптың бірнеше бөлігін салып, құбыр суын құйып, мақта тығынмен жауып 80º С ,10мин су моншасында пастерлейді, содан соң 37º С термостатқа орналастырады. 1-2 күннен соң пробирканың түбіндегі сұйықтықты микроскопирлегенде үлкен көлемде қозғалмалы таяқшалар түзіледі.Май қышқылды бактериялардың айрықша айырмашылықтары клеткада қор заттардың –гранулеза жиналуы, сонымен қатар спора түзеді. Спораның түзілуі кезінде клеткалар ортаға (клостридиал типті) немесе клетканың соңына қарай (плектридиал типті) кішіриеді. Спора жетілген соң клеткада гранулеза жойылады. 5-6 күн культивирлеген соң жинақтағыш культура анализденеді. Микроскопирлеу препаратын дайындау үшін микроорганизммен бірге культуралды сұйықтықты пипеткамен пробирканың түбінен алады. Культуралды сұйықтықтан май қышқылын анықтау үшін 2 реакция жүргізіледі :

1.            Таза құрғақ пробиркаға 3-5 мл  пробиркадағы жинақтағыш культурадан алынған культуралды сұйықтықты құяды. Содан соң 1-2мл 5 %-тік темір хлоридінің ерітіндісін қосады. Азырақ жылытады. Темір май қышқылы кірпіш-көкшіл түстің пайда болғанын байқайды.

2.            Таза құрғақ пробиркаға 3-5мл культуралды сұйықтықты құяды. Содан соң 1-2 мл 96 % этил спирін қосады, 1мл концентрленген күкірт қышқылы. Пробирка суыған соң майлы этил эфирінен ананастың иісі білінеді.

 

Май қышқылды бактерияның клеткасынан гранулезаны көру үшін культуралды сұйықтыққа концентленген Люголь ерітіндісінің тамшысын тамызып, 5-10мин қояды, содан соң жабын әйнекпен жауып(витальды препарат) микроскопирлейді. Гранулеза қара –қоңыр түске боялады.

 

1 тапсырма

 

     Картоп таяқшасының жинақтағыш культурасын алу. Өсу деңгейін сипаттау. Фиксирленген клеткадан препарат дайындап, микрскопирлеу. Объектив 100х. Суретін салу.

 

2 тапсырма

 

 Қышқыл сүттен немесе айраннан сүт қышқылды бактериялардың жинақтағыш культурасын алу. Өсу деңгейін сипаттау. Фиксирленген клеткадан препарат дайындап, микроскопирлеу. Объектив 100х. Суретін салу.

 

3 тапсырма

 

  Бактериялар және ашытқылар микроорганизмдердің көмісу тотықтырғыш жинақтағыш культурасын алу. Өсу деңгейін сипаттау. Фиксирленген клетка (бактериялар) мен (ашытқы) тамшысын қосылған препарат дайындап, микроскопирлеу. Объектив 100х және 40х. Суретін салу.

 

4 тапсырма

 

  Май қышқылды бактериялардың жинақтағыш культурасын алу. Өсу деңгейін сипаттау. Фиксирленген клеткадан препарат дайындап микроскопирлеу. Объектив 100х. Гранулезаны табу үшін клетканы Люголь ерітіндісімен бояп микроскопирлеу.

 

 

 

 

Бақылау сұрақтар

 

1.         Микроорганизмдер –биотехнология өндірісінің негізі.

2.         Микробты клетканың метаболиттік мүмкіндіктері.

3.         Катаболизм мен анаболизм процесінің көптүрлілігі.

4.         Картоп таяқшасының жинақтағыш культурасын алу.

5.         Сүт қышқыл бактериялардың жинақтағыш культурасын алу.

6.         Май қышқыл бактериялардың жинақтағыш культурасын алу.

7.         Микроорганизмдердің тотығуындағы көмірсудың жинақтағыш    

    культурасын алу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 2  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

 

Биотехнологиялық өндірістің шикізат базасы. Қоректік ортаны дайындау және  залалсыздау.

                                                                                                 

Жұмыстың мақсаты

 

Өндіріс регламенті бойынша «Биовит» және «Уробактерин» азықтық биопрепарат өндірісіне арналған қоректік ортаны дайындау әдісін меңгеру, микроорганизмдерді культивирлеуге арналған қоректік ортаның құрамымен танысу.

 

Теориялық негіздері

 

Микробиологиялық өндірісте микроорганизмдерді өсіру үшін әртүрлі қоректік орта қолданылады, құрамы бойынша жасанды және табиғи, жартылай жасанды ортаға бөлінеді.

 Табиғи орта - өсімдіктердің, жануарлардың өнімдерінен тұрады (ет, сүт, картоп, сәбіз тағы басқалары).

Табиғи ортаға мыналар жатады: ЕПС- ет қайнатпасынан тұратын(500г ет 1л су) 0,5% NaCI және 1% пептон (ақуызды толығымен  ыдырататпайтын өнім).

-       хмелденбеген сыра сусласы, қантқа дейін гидролизденген солод негізінде дайындалған (өнген арпаның дәні).

-       ашытқы экстратынан тұратын ашытқы ортасы (7-10г құрғақ ашытқы 1л су ) оған көмірсу  1-2  % қосылады , минералды тұздар қосылады K 2 HPO4 (0,1%) және Na CI (0,5%).

-       картопты ортаны дайындау 200г картопты 1л суға қайнату арқылы дайындалады.

Табиғи ортада микроорганизмдер жақсы дамиды, микроорганизмдердің өсуіне қажетті барлық компоненттер осы ортада болады.

Жартылай синтетикалық ортаға ЕПС глюкоза және фосфор қышқылды калий, пептонды глюкозасы бар картопты орта, құрамы белгілі ортаның өсу факторына әсер ететін қоспалары бар (казейн гидролизаты, ашытқы автолизаты, жүгері экстраты т.б)

 

  Ет - пептонды сорпаны дайындау  

  

ЕПС дайындауда майдан, сүйектен,  шандыр қабықшадан ажыратылған ет  еттартқыштан өткізіледі. Екі және төрт есе  мол мөлшердегі су құбырдан алған  ағын суды қосып (көлемі бойынша) және 1 сағат қайнатады.

Мақта немесе шыт мата арқылы сұйықтықты сүзеді, сүзінді өлшенеді және бастапқы көлемге дейін дисстилденген суды қосады. Бөтелкелерге құйып және 1200С температурада 30-40 минут залалсыздандырады.

Ашытқы автолизатын дайындау

 

Тығыз агарланған ортада негізгі қоректік ортаны дайындауға ашытқы автолизаты қолданылады. Нан және сыра ашытқысын құрамында 40-60 % азоттық заттары бар, өздігінен қайнауға мүмкіндік жасайтын бірқатар ферменттері бар. Азоттың құрамына қарамастан ашытқы ортасы жақсы көтерілуін қамтамасыз етеді және ыдырап бөліну дәрежесі әлсіз.

 Нығыздалған  наубайхана ашытқы, бірнеше бөлікке бөлінеді және осы есеппен бөтелкеге салынады, бөтелкенің ішінде 1/5 автолизат сиятын есеппен ашытқыны ( 4кг ашытқыны 20литрлік бөтелкеге) орналастырады. Бөтелкедегі ашытқыны термостатқа 600С температураға екі тәулікке сілкігішке (стряхивает) тұрғызады. Ақырында толығымен ашытқы автолизінің ыдырауы сипатталады. Ашытқы автолизінің түсі қоңыр, жағымды иісі болады.

Ашытқы автолизінің соңында бөтелкеге үш еселенген жылы су қосылады. (4кг ашытқыға 16 литр су). Араластырған  ашытқы автолизатын автоклавта зарарсыздандыру үшін 1-1,3 (атм. 120-123 0С) 30 минутқа зарарсыздандыруға қояды, содан соң бірнеше (5-10) күнге тұрғызып   қояды.

Жасанды  орта – бұл ортада концентрациясы белгілі химиялық құрамы анықталған қоспа болып келеді.

Мысалы,саңырауқұлақты культивирлеу үшін Чапека ортасының құрамы:  глюкоза-30г; азот қышқылды натрий-2г; фосфор қышқылды калий-1г; күкірт қышқылды  магний-0,5г; калий хлориді-0,5г;күкірт қышқылды темір-0,01г; су-100 мл.

Қоректік ортаны дайындау лабораториялық жағдайда ортаның құрамы мен дайындау әдісіне байланысты өзгеруі мүмкін. (мысалы бір компонентті орта қасиеті бойынша компонентін ауыстыруы мүмкін). Өндірісте қоректік ортаны дайындау өндіріс регламентіне  мұқият сәйкестенген түрде дайындалады. Ортаны зарарсыздандыру қатал белгіленген көрсеткішке сәйкес болуы керек.

 

Уробактерин

 

Уробактерин азықтық препараты. Малдарды семіртуге арналған ақуыздық витаминдік қоспа ретінде қолданылады және бактерия препараты болып саналады, уробактериннің таза культурасын микробиологиялық әдіспен культивирлеу негізінде алады. Bas. Serrulatus П2-128 штамы спора түзуші микроб болып саналады.

 Бақшаның топырағынан бөлініп алынған урезді активтілігін сипаттайды, ақуызсыз минералды ортада биомасса қарқынды дамиды (15 млрд. микробты денеден 1мл ортаға дейін бактериялық жасушаға жетеді). Витаминдер тобының В (В3, В5, В6, В7, В8 ) және 11 бос амин қышқылдары (фенилаланил, гистидин, триптофон, тирозин, цистин, серин,лизин,аргинин,лейцин, глицерин) пайда болған. Жоғарыда пайда болған физиологиялық активті зат Bas. Serrulatus-тың генетикалық белгілер үшін болып саналады.

Bas Serrulatus- азот көзі мочевина, азот қышқылды калий, азот қышқылды натрий,пептон, ал көміртегі-лимон қышқылды натрий, сахароза, арабиноз,  алма қышқылды калий  болып сіңіріледі.

 

Қоректік ортаны және ыдыстарды зарарсыздау әдісі

 

 Микроорганизмге сыртқы ортаның, жағдайдың әсер етуіне негіздеген,  микробиологиялық практикада микроорганизмнің өлуіне әкелетін бір қатар мысалдар жасалған. Мысалдың біреуі болып залалсыздау саналады. Залалсыздау барысында қоректік ортадағы, ыдыстағы басқада лабораториялық құрал – жабдықтағы микроорганизмді және оның спорасын толығымен жою. Ол үшін көбінесе жоғарғы температура қолданылады.

Жанған жалында күйдіріп зарарсыздау

Кішірек шыны (таяқша, шпатель) және металдан жасалған заттар (ине, ілмешек, қысқыш,  пышақ). Жалынның үстінен бірнеше рет өткізеді. Ыдыстың мойнын мақта тығынның жоғарғы бетін жалында күйдірумен залалсыздалады.

 Қайнатумен залалсыздау

Металл құралдар және резина түтіктерді қайнатумен зарарсыздайды. Кейбір бактерияның спорасы бірнеше сағат суда қайнатқанда өмір сүру қабілетін сақтайды. Сондықтан 10 минут 2% натрий карбонатта қайнатып зарарсыздау ұсынылады.

Құрғақ ыстықпен зарарсыздау

 Құрғақ ыстықпен зарарсыздау шыны ыдысты негізінде құрғақ ыстықпен зарарсыздайды. Бұл кезде пробирканы, колбаны алдын ала мақта тығынмен жабады. Зарарсызданған заттар ауадан бүлінбес үшін зарарсыздар алдын ала қағазбен орап жұмыс істер алдында ғана ашады. Пипетканы ені 2,5-3 см қағазбен орайды. Алдын ала пипетканың соңына дейін қағазды 45° бұрышпен   спираль бойымен орайды.

Петри табақшасын 4 бұрышты квадрат етіп орайды. Петри табақшасын парақтың ортасына орналастырады, екі жағынан қарама – қарсы жақа жоғары қарай орайды, шетін екі рет тігісімен майыстырады. Осылайша қағазбен орағаннан кейін табақтың қайсысы астыңғысы қайсысы үстіңгісі екенін оңай ажыратылады. Осылай дайындалған ыдысты кептіргіш шкафқа орналастырады, оны 160-170°С температураға 2 сағатқа қояды. Мұндай қыздыруда бактерия ғана емес оның спорасыда қырылады. Кептіргіш шкафта 175°С температурадан жоғары ұстауға болмайды, мұндайда мақта тығыны қараяды, ол қағаз март сынғыш  болып келеді.

 Ағынды бумен зарарсыздау. Дробты зарарсыздау немесе тиндализация.                         Қоректік орта (сүт, солод, желатин) су, резина түтік және т.б. құрғақ ыстықта бүлінетін заттарды ағатын бумен зарарсыздау. Ағып тұратын бумен зарарсыздау. Кох кипятильнигінде жүргізеді немесе (вентилі) бұрандасы ашық автоклавта жүргізеді. Суды қайнағанға жеткізеді және пайда болған бу зарарсыздайтын аумақта ағады. Қоректік ортаны зарарсыздау температурасы 100°С жетеді. 30-45 минут қыздырғанда бактерияның вегетативті жасушасы өледі, бірақ оның спорасы өлмейді. Келесі күні қыздыруды қайталайды. Бұл кезде спорадан дамыған вегетативті жасуша өледі. Бұл кезде сұйықтықты толық зарарсыздау үшін тағы бір тәулікке қалдырады және қыздыруды қайталайды. Мұндай зарарсыздау дробты немесе тиндализация деп аталады.

Пастеризация

Пастеризация 100°С температурадан төмен сұйықтықта қыздыру негізінде саналады. Мақсаты сұйықтықты қайнатқанда, қоректік сүті, сыраны, шарапты және тағы басқаларды қасиеті спора түзбейтін бактерияны жою. Пастеризация 60°С температурда 30 минут қыздырғанда немесе 75°С температурда 15 минут немесе 80°С температурда 10 минут сұйықтықты қыздырғанда іске асырылады.

Суықпен зарарсыдау 

Қыздыруға жатпайтын шектеулі сұйықтықты зарарсыздауда майда саңылаулы сүзгіден өткізу арқылы бактериядан босатылады. Бұл сүзгілер микроорганизмді ұстайды, оны бактериялы сүзгі деп атайды. Бактериялы сүзгінің әр түрлі номері болады. №1  сүзгі  орташа саңылауы диаметрі 0,3 мкм, олар сенімділеу болып келеді. №5 сүзгі  ең үлкен саңылаулы диаметрі 1,2 мкм. Мембраналы сүзгіні 2-3 рет қолданар алдын қайнатып зарарсыздайды. Сүзгіні жылы дистилденген суға салады және 30 минутта 2-3 рет ауыстырып отырады .

Автоклавта бу қысымымен зарарсыздау.

 Қоректік ортаны және қаныққан бу қысымымен материалды зарарсыздау әдісі сенімді және универсалды әдіс болып саналады. Ол автоклавта жүргізіледі. Зарарсыздайтын аумақты таза қаныққан бумен атмосфералық қысымнан жоғарғы қысыммен қыздырып жүргізеді. Қаныққан бу мұздай аумақпен кездескенде ол конденсирленіп суға айналады. Конденсация кезінде үлкен мөлшерде жылу бөлінеді және зарарсыздаудағы аумақтың температурасы тез жоғарылайды. Қоректік ортаны толық  зарарсыздау  120°С  температурада  және  1 атм қысымда 20 минут қыздырумен қамтамасыз етіледі.

 

Жұмысты орындау әдісі

 

Материалдар және құрал – жабдықтар

 

Эрленмейер колбасы, автоклав, мочевина, сахароза,КН2РО4 , NaCl, MgSO4, FeCl3  жүгері ұны (крахмалдығы 60%), жүгері экстракті, май (көбік сөндіргіш).

«Уробактерин» препараты өндірісінде қоректік ортаны дайындау.

Ферменттерде оптимизацияланған жасанды ортаға әртүрлі көлемде  Bas. Serrulatus П2-128 құрамы өсіріледі,г/л:

Мочевина-7,26

Сахароза-9,82

КН2РО4-1,0

NaCl – 1,0

МgSО4 х 7Н2О-1,0

FeCI3 -ізі

Су(су құбырындағы) - 1литрге дейін

рН-8,0-8,2.

Ферментерді толтыру коэфиценті 50%.

Ортаны зарарсыздандыру  0,5атм., 102-1050С температурада 40 минут жүргізіледі.

 

 Биовит

 

Биовит  колибактериоздық, сальмонеллезалық, гастроэнтероколиттік,

(бактериологиялық этиология) бұзаудың, шошқаның торайының, жануарлар мен шошқаның ісік ауруына және құсты колибактериозаға қарсы емдеуде қолданады.

Биовит өндірісінде биологиялық активтік зат антибиотик хлортетрациклин –Act. аureofaciеns штаммы ТБ 633  ФУ  және  ТБ 619  ФУ  культурасының спорасы қолданылады. Өнімділігі  6500 бір\мл болу керек.

 

Жұмыстың орындалуы

 

«Биовит» препарат өндірісі үшін қоректік ортаны дайындау.

Ортаның құрамы:

1.Жүгері ұны(крахмалдығы 60%)-6,0г/л

2.Жүгері экстракті( техникалық таразыда)-6г/л

3.Май (көбік сөндіргіш)-1,0г/л

4.Су (су құбырындағы)-1 литрге дейін

   рН зарарсыздандырғанға дейін-9-7,2

   рН зарарсыздандырғаннан кейін -6,3-6,6

 

Ферментерге құбырдағы суды құяды және 40-500С температураға дейін қыздырады. Араластырғыш жұмыс істеп тұрғанда жүгері ұнын салады, 30 минут араластырып 85-900 С температураға дейін қыздырады және 45 минут ұстайды, содан соң жүгері экстрактін салады. Ортаның рН-6,6-6,8 дейін  кальцинирленген содамен  титрлейді ,көбігін сөндіреді.  Ортаны  1 сағат 1350С - 1400С температурада зарарсыздайды    ( 2,0кгс/см).

 

 

 

 

 

 

 Бақылау сұрақтар

 

1. Табиғи ,жасанды, жартылай жасанды ортаны дайындау мысалдары.

2. «Уробактерин» препаратын қолданатын жер. Уробактерин  

      продуценті.

3. «Биовит» препаратын қолданатын жер.    Биовит  продуценті.

4.  Жоғарыда келтірілген биопрепаратқа қоректік ортаны дайындау 

     техникасы.

5. Қоректік ортаны және ыдыстарды зарарсыздау әдісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№3  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

 

Ауаның және қоректік ортаның залалсыздығын бақылау

 

 

Жұмыстың мақсаты

Қоректік ортаның және ауаның зарарсыздығын бақылау әдісін оқу және меңгеру.

 

Теориялық негіздері

 

Асептикалық жағдайда культивирлеу барысында, процестің бөгде микрофлорасыз жүргізілуіне мүмкіндік жасайды. Ортаны сенімді қорғау талабы микроорганизм – продуцентінің өндірістік штамын культивирлеу микробиологиялық синтездің негізгі технологиясының бірі болып саналады. Микробиологиялық синтез өндірісіндегі асептика әсіресе маңызды мәнге ие. Ірі өндіріс масштабында асептикалық жағдайда қамтамасыз ету – күрделі инженерлік проблеманың бірі. Жалпы екі жолмен жүргізіледі.

 Біріншісі өндірістің технологиялық гигиенасын қамтамасыз ету. Мұнда қоректік ортадағы және өндірістің бөлмелеріндегі продуценттің ластануын төмендететін комплексті  заттарды қолдану жатады.

Екіншісі технологияға қатысты комплекс технологиялық шешімдерді және  әдісті қосады. Олар арнайы технологиялық құрал – жабдықтар (фильтр, зарарсызданғыш) болып табылады немесе негізгі технологиялық құрал – жабдықты (ферменттерді) бақылау - өлшегіш аспапты құруда, асептикалық арнайы талапты қолдану. Процестің соңғы мақсаты осы құрал – жабдықтың көмегімен іске асырылады демек, ферментерде барлық материалдың ағып өтетін барлығын (аэрирлеуші ауаны қоректік ортаны, көбік сөндіргішті т.б.) толығымен бөгде микрофлорадан босату. Культивирлеу процесін асептикалық жағдайда жүргізу үшін герметикалық нығыздалып жабылатын аппаратты және құбыр өтікзгішті, аэрирлеуші ауаның  зарарсыздығын, қоректік ортаның және көбік сөндіргіш заттардың және ферменттерге қосылатын басқада қоспаның зарарсыздығын қамтамасыз ету арқылы жүргізіледі.

 

Жұмысты орындау әдісі

 

1 нұсқа. Суды және қоректік ортаны зерттеудің микробиологиялық әдісі

 

 Судың экожүйесі болып ортада жүретін микроорганизмдер саналады. Бірінші продуценті болып бір жасушалы балдырлар қызмет атқарады. Қоректенуші тізбекке бактериялар мен қарапайымдар жатады.

Судың микрофлорасы көбінесе су қоймасына жақын топырақтың микробты пейзажынан пайда болады, барлық уақытта ауыстырылып отырады және жаңартылып отырады, әр түрлі ағын судан, шіріген өсімдіктен, суда өмір сүретін балықтан, шаңнан бактериялармен бірге түскеннен тазартылады. Тұзды және тұрған су қоймасында микрофлора әр түрлі. Тұрған су қоймада (көлде, өзенде) кокки (Micrococcus roseus және т.б.) және таяқша тәрізді бактерия (Pseudomonas luorescens) болады. Суда анаэробтылар аз, негізінде су қоймасының түбіндегі илде биохимиялық процесте тазаруының қатысуымен көбейеді. Сапрофитті микроорганизмдер органикалық қалдықтан ыдырату, қоқыс жинау қызметін атқарады, басқа да тіршілік ететіндерге өмір сүретін метаболиттік процеске жарайды. Мұхитта және теңізде микрофлораға бай емес және галофильді (тұзды ұнататын) микроорганизмдер болады. Артезиан скважина суында микроорганизм болмайды, топырақтан фильтрлеуші қабілеті түсіндіріледі. Су тасқынынан және ағын судан өзенге және көлге микроорганизмдер, адамның және жануардың ішегін қалпына келтіретін флорасының өкілдері, мысалға ішек таяқшасы, энтерококки, әр түрлі клостридин кездеседі. Солармен бірге улы патогенді микроорганизмдер (ішек сүзек, дизентерия бактериясы, холера вибрионды, гепатит, полиомиелит вирусы ) түседі. Олар бірнеше күннен аптаға дейін сақталады. Сондықтан су жолымен ішек инфекциясы таралатыны белгілі.

 

Материалдар және құрал – жабдықтар

 

Құбырдан аққан судың сынамасы, зарарсызданған флакондар және шынылар,мақта немесе мата тығын, қоректік агар, ЕПА, Петри табақшасы.

 

Жұмыстың орындалуы

 

Судың сынамаларының жиынтығы.

Сынаманы алған уақыты мен алынған орнын зерттеу мақсатына байланысты анықталады.

Ашық су қоймасынан алынған суды зерттеу, сондай-ақ құдықтың 10-15 см түбінен суды алып зарарсызданған флаконға сынаманы құяды. Сынамаларды жинауға сиымдылығы 500 мл мақта – марлі тығыны бар зарарсызданған шыны ыдыстар, құбыр судан сынама алу үшін қолданады. Бактериологиялық зерттеулер алған сынамадан 2 сағаттан артық болмауы керек немесе 6 сағаттан артық болмауы керек 1-5°С температурада сақталып жасалу керек.

 

Микроб санын анықтау әдісі

 1 мл зерттелетін суды мезофильді аэробты және факультативті анаэробты ЕПА-да 37°С тепературада бір тәулік бойы  колонна пайда болғанша,  көзге көрінбейтін колоннаны 2-5 есе үлкейтіп құрамын анықтау.

Әрбір сынамадан кемінде екі рет әр түрлі көлемде егеді, Петри табақшада өскен колоннадан 30-300 дейін аралықтағы есебін таңдайды. Құбырдағы суды зертегенде әрбір екі табақшадан 0,1-1 мл таза су және 0,01 және 0,001 мл ластанған су қосылады. Ағын судағы және ластанған судағы микроб санын есептегенде 0,0001 және 0,00001 мл қолданылады. 0,1 мл егу үшін және одан да кем көлемде зерттелетін суға зарарсызданған дистилденген суды қосады. Араластырып қосуды 10 қайтара тізбектеле дайындалады. 1 мл-ден әрбір араластырғанды(разводка) 2 Петри табақшасына қосады, еріген және 45°С температураға дейін салқындатылған қоректік агарды (10-12 мл агар) жұқа қабатпен қосады. Жақсылап араластырғаннан кейін қатаң түрде қисық пробиркаға суытуға қояды. Егілген культура бір тәулікке 37°С температураға өсіруге қояды.Лупамен 3-5 есе үлкейтіп барлық өскен колоннаның санын санайды, нәтижесінде қай табақшада 30-300 аралықта өскен колоннаның  санын санайды және 1 мл зерттелетін судағы бактерияның құрамын анықтайды.

Жалпы санитарлы – микробиологиялық көрсеткіші зерттелетін судың коли - индекс көрсеткіші саналады, демек 1 л суда ішек таяқшасы тобының бактерия саны немесе коли – титрдің азырақ саны ішек таяқшасының азырақ саны табылады.

 

Тапсырма

 

Су құбырындағы су және ласталған суда микроорганизм санын (микроб санын) анықтау.

 

ІІ нұсқа. Зерттелетін ауаның микробиологиялық әдісі.

         

Ауа микроорганизмнің өмір сүретін ортасы болып саналады, ол тасымалдағыш орта болып саналады.

Ауа микрофлорасын жиі кездесетін және кезектесе кездесетін ауада қасиетті орныннан өмір сүретін өмір сүруі ұзақ сақталмайтындарды барлық уақытқа шартты бөлуге болады. Ауада барлық уақытта пигмент пайда болатын коккилер, таяқшалар, ашытқылар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер, спора түзуші бациллалар, клостридиндер және т.б. кездеседі, демек жарыққа төзімді кеуіп кететін микроорганизмдер. Ірі қалалардағы ауада микроорганизмдер саны ауылды мекендерге қарағанда көп болады. Тоғайда теңіздегі ауада микробтар аз (1 м3 – микроб жасушасының бірлігі). Жауын және  қар ауаны микробтан тазартады.

Жабық бөлмеде әсіресе қыста, желдету мүмкін емес кезде микробтар көп болады ашық алаңға қарағанда болады. Микрофлора құрамы және микроорганизмдер саны 1м3 ауада (ауадағы микроб саны) табылады,  санитарлы – гигиеналық режиміне  бөлмедегі адам санына байланысты, денсаулығының жағдайына және т.б. жағдайына байланысты болады.

Ауаға адамдардан және жануарлардан науқастан, тасымалдағыштан, патогенді микроорганизмдер келіп түседі. Ауаны микробиологиялық зерттеуде негізінде тұну (седиментация) және аспирация жағдайының әдісі қолданылады. Седиментация әдісінің көмегімен ауада кездесетін микроорганизмнің жалпы түрін алуға болады. Аспирационды әдіс белгілі көлемдегі ауадағы бактерияның сандық емес сапалық құрамын анықтауға болады.

 

Материалдар және құрал – жабдықтар

 

ЕПА мен Петри табақшасы, құбырдағы су немесе NaCl белгілі көлемдегі изотоникалық ертіндісі, ауа үрлегіш, мембраналы фильтр, Кротов аспабы.

 

Жұмыстың орындалуы

 

Тұну әдісі

 

Ауаны бактериялық зерттеудің қарапайым әдісі – тұну әдісі, ол ашық Петри табақшасындағы агар бетіне ауыр күштің әсерінен және  бактериялық бөлшектердің тұнуына негізделген.

ЕПА табақша 5-10-15 минут бактериялық ластануына байланысты экспонирленеді. Тұну әдісі ауа микрофлорасындағы құрамының санын бермейді, ашық табақшаға шаң бөлшектерін бактериялық тамшының жұқа дисперсті фракциясын нашар қондырады, негізінде ірі шаң бөлшектері жақсы ұсталып қонады, ортаның бетіне ауа тогымен қосылып ол қонады. Сондықтан Омелянский есебі бойынша (100 см2 агар бетіне 5 минутта 10 л ауадағы бактериялар саны қонады) бөлмедегі ауа микрофлораларының санын білуде жарамсыз қозғалу жылдамдығы үлкен ауытқуда болады. Одан басқада тұну әдісін жаңа заманғы аспаптар және әдістер немесе электр энергиясының көзі жоқ кезде қолданады. Ауадағы микроб санын есептеу үшін келесі формула қолданылады:

 

,

 

мұндағы: х – 1м3 ауадағы микроб саны;

                а – табақшадағы колонна саны;

                в – табақша ауданы (1 кестені қара);

                t – экспозиция уақыты;

                5 – экспозиция уақыты;

                10 – ауа көлемі, 5 минутта микробтың тұнуы, л;

                100 – ауданың тұнуы  болады, см2;

                1000 – ауа көлемі, л;

 

 

 

 

3 кесте - Диаметріне қарай табақша ауданы

            

Табақша диаметрі, см

Табақша ауданы, см2

8

9

10

50

63

78,5

 

Қарапайым аспирационды әдісі, сұйықтықта бактерияны ұстау негізделген. Сосуд арқылы NaCl изотоникалық ертіндісінің белгілі көлемі немесе құбырдағы су сорылады (шаң сорғышпен, насоспен, ауа үрлегіш және т.б. көмегімен ауаның белгілі көлемі өтеді).

Содан соң ЕПА 0,1-0,2 мл ұстағыш сұйықтыққа егу жүргізеді. Үлкен көлемде алынған суспензия ұстағыш сұйықтықты №2 немесе №3 мембраналы фильтр арқылы сүзіледі, келесідей егу қатты қоректік орта бетінде жасалады.

Аспаптардың ішінде бөлмедегі ауаны зерттеу үшін ең кең таралған Кротов аспабы болып саналады. Микрофлораны ұстау механизмі тар қиылысқан саңылау арқылы өтетін және жоғарғы жылдамдықпен ылғал қоректік ортаның бетіне ұрылып келуіне негізделген. Ұрыну нәтижесінде аэрозольды ауаға бактерия құрамы, шаңды бөлшектер  ЕПА бетіне немесе элективті ортаға келеді. Ауадан сынаманы алу кезінде Петри табақшада агар бетіне ауа микрофлорасы біркелкі тұқымдалып өсіріледі. Сынама алу үшін Петри табақшаның түбі тегіс болуы  керек, қоректік ортаның саны табақшада 15 мл аспауы қажет.

Кротов аспабы аэрозольдағы шаң фазаның микрофлорасын тиімді ұстауын сипаттайды, тура дәлдікте нәтижесін береді, жұмысы қарапайым, қысқа уақытта ауадан ЕПА Петри табақшасынан немесе элективті ортадан сынама жүргізуге болады. Аспаптың өнімділігі 20-дан 40 л/мин дейін. Аспаптың негізгі кемшілігі электр энергиясын қажет ететіндігі. Бұл атмосферадағы ауаны зерттеу үшін қолдану мүмкіндігін  шектейді.

Атмосфералы ауаны зерттеу үшін сұйық ортада аэрозольды ұстайтын   бірқатар аспаптар қолданылады. Бұл аспаптың жұмыс істеу құрылысы қарапайым. Ол шыны ыдыс, қақпағындағы екі тесік арқылы түтік өткізіледі. Бір түтігі сәл қысқалау аспиратормен қосылады, ал басқасы цилиндрдің түбіне дейін түсіріледі, сонда зерттелетін ауа келіп түседі. Цилиндрге зарарсызданған изотоникалық NaCl ертіндісі немесе құбырдағы су (сұйықтықта көбік болмауы керек) құйылады және сол арқылы белгілі көлемде ауа сорылады. Аспиратордың сапасы болып ауа үрлегіш шаңсорғыш, насос қолданылуы мүмкін. Сұйықтықты егу қоректік агарға немесе дифференциальды ортаға жүргізіледі. ЕПА-ға 0,1-0,2 мл ұстағыш сұйықтық, ал элективті ортаға – 0,3-0,5 мл егіледі. Атмосфералы ауаны зерттеу үшін бактерия ұстағыш аспап қолданылады, демек түтікшеге  тығыз фильтр орналасқан (мата мақта қағаз немесе шығын мақта).

Ауадан алынған сынама соңында 100-300 л мақта тығынымен NaCl изотоникалық ертіндісімен шыны ыдысқа салады және мұқият шыны моншақтармен қосып сілкілеп жуады. Алынған суспензия бактериялық анализге қатты қоректік ортаның бетіне егіледі.

Мембраналы фильтр

Ауаға зерттеу жасау үшін зарарсыздалған және №4 кептірілген мембраналы фильтр қолданылады. Ауа үрлегіштің көмегімен фильтр арқылы ауаны сорады. Мембраналы фильтр жақсы кептірілген болуы керек, ылғалды және сулы фильтрге ауа артықшылығы оның ықшамдылығы және үлкен көлемге байланысты концентрлеуге мүмкіншілігі саналады. Мембраналы фильтр қыс мерзімінде атмосфералы ауаны зерттеуде қолданылады.

Ауадағы вирусты табу үшін осы аспапты қолдану қолайлы, сұйық ұстағыш ортада вирусты аэрозольды ұстау іске асырылады. Ауа микрофлорасын зерттеу қойылған мақсатқа байланысты және сынама алу үшін, шарты белгілі жалпы бактериялық ауаның ұрықтануымен жүреді, мкроорганизмнің санитарлы – көрсеткіш құрамы және патогенді немесе шартты – патогенді  микроорганизмдермен жүргізіледі. Ауа сынамасын адамның отырып немесе тұрып тыныс алуынан  бөліп алады.

 

Тапсырма

 

Лабораториялық бөлмедегі ауадан микроорганизм құрамын седиментация әдісімен және Кротов аппаратының көмегімен анықтау.

 

ІІІ нұсқа. Микробиологиялық әдіспен тамақ өнімін және басқа қатты өнімді зерттеу

 

Сынама алу ережесі, зерттеу әдісі және сапасының нормативтілігі МЕСТ сериясымен немесе басқа нормативті – техникалық құжаттармен регламентеледі.

 

Материалдар және құрал – жабдықтар

 

Гомогенизатор немесе зарарсыздалған келі, зарарсыздалған құбырдағы су немесе NaCl изотоникалық ертіндісі, бикарбонат натрийдің зарарсызданған ертіндісі, ЕПА мен Петри табақшасы.

 

Жұмыстың орындалуы

 

Бастапқы материал болып тығыз консистенциленген егетін өнім  саналады салмағы болып 10% өнім. Оны дайындау үшін зарарсызданған әр түрлі жерден алынған сынама салмағы (15г) гомогенизаторда майдаланған (немесе зарарсызданған келіде ұнтақтайды), 135 мл зарарсыздалған құбырдағы суды қосады немесе NaCl изотоникалық ерітіндісін қосады. Сұйық және жартылай сұйық өнімді мұқият араластырады, ал тез арада  қышқыл болса 10% зарарсызданған биокарбонат натримен рН 7,2-7,4 дейін сілтілейді. Сұйық өнім немесе алынған толық өнім өнімге байланысты он қайтара (разведка) араластыру дайындау үшін қолданылады, 1 г/мл өнімде жалпы ұрықтану немесе бактерияның жалпы саны ЕПА мезофильді микроорганизм колоннасының өсуі ескертіледі.

 

Бақылау сұрақтар

 

1 Микробиологиялық синтез технологиясында негізгі талаптың бірі.

2 Зарарсыздау деген не?

3 Судан сынама алу қалай жасалады?

4 Су жүйесінде және ауа микрофлорада қандай микроорганизм болады?

5 Ауаны микробиологиялық зерттеулер аспаптар және әдістер.

6 Ауадағы микроб санын есептеу үшін қандай формула қолданылады?

7 Өнімнің жалпы ұрықтануын қалай ескеріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№4  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

 

Спирттің, сүтқышқылының, майқышқылының ашу процестерін жүзеге асыратын микроорганизмдерге сипаттама.

 

Жұмыстың  мақсаты

 

Спирт және сүт қышқылын алу процесімен танысыу, тәжірибе жүзінде спирт пен сүт қышқылын анықтап үйрену.

 

Теориялық негіздері

 

Спирт ашу процесі. Спирт ашу процесінің негізгі қоздырушысы ашытқылар  адам  баласының өмірінде үлкен мәнге ие. Ашытқыларды нан жауып пісіруде, спирт алуда және тағы басқада өнімдерді алуда қолданады.

«Ашытқы» термині бір жасушалы эукариотты микроорганизмдер деп білдіреді, демек олар үшінші кластағы саңырауқұлақтарға жатады. Оларға: Ascomycetes, Basidomycetes, Deutermycetes жатады. Ascomycetes класындағы ашытқыларға қалталы эндогенді спораларымен жыныстық көбею кезінде түзілетіндер жатады. Basidomycetes, класындағы ашытқыларға термоспоралар мен базидо тәріздес спорафорлар экзогенді жыныстық споралармен жыныстық көбею кезінде формаланады. Deutermycetes немесе толық дамымаған саңырауқұлақ, жыныстық циклі байқалмаған ашытқы  жатады.

Эволюция процесінде ашытқылар әртүрлі жерлерде жақсы бейімделе алады. Олар шырынды жемістердің бетінде, кейбір гүлдерде, ағаштардың ағып тұрған шырындарында, жапырақ бетінде, орман топырақтарында өседі. Сонымен қатар адам мен жануарлардың ас қорытатын трактасында кездеседі.

 

Ашытқы физиологиясы және спирт ашудың химизмі

 

Ашытқы көміртегі  қосылысынан ең жақсысы гексозаны пайдаланған жөн. Ал полисахаридтерден көбінесе инсулин мен крахмал қолданылады. Ашытқы өсетін көмірсу мен кейбір спиртті ортада сонымен қатар метанол мен этанолда да .

Азот көзі ретінде ашытқылар аммоний тұзын, амин қышқылын, азырақ пептидтер және нитраттар мен нитриттерді қолданады.

Кейбір түрлері бір немесе бірнеше витаминдерді қажет етеді, ал басқалары қажетті витаминдерді өздері синтездеуге қабілетті. Көптеген ашытқылар рН 3-8 аралығында өседі. Көптеген түрлерінің дамуы 28-30º С температурада оптимальды, бірақ кейбір  ашытқы рассалар түрлері мысалыға, сыра ашытуға арналған ашытқылар төменірек температураға бейім.

Көптеген ашытқылар факультативті анаэробтар. Анаэробты жағдайда энергия көмірсу ашуынан, ал молекулалық оттегі бар кезде аэробты тыныс алу арқасында алынады. Ашытқыдағы спирт ашу пирожүзім қышқылы түзілгенше гликолизден өзгеше болады, ал  кейде сүт қышқылының орнына этил спирті түзіледі. Бұл пируватиттің ацетальдегидке айналу процесі негізделген пируват декарбоксилазаны катализдеуші, содан соң этанолға  тотықсызданады.

 Гликолитикалық жолмен(фруктофосфатты ФБР-жолы) глюкоза, фруктоза және манноза ыдырауы жүреді. Олигосахаридтер алдымен ферменттермен гексозаға дейін гидролизденеді.

Пентозаның және жоғары спирттердің ыдырауы пентофосфатты және ФБР - жолы ашытқылармен іске асырылады. Спирттер алғашқында гексоз және пентозаға дейін дегидрленеді. Ашу дегеніміз  қатал тепе-тең тотығу және тотықсыздану процесі. Сондықтан бір этаптан  тотықсызданған НАД басқа этапта тотығуы тиіс. НАД-ың тотығуы  бір кезінде этанолда  ацетальдегидтің тотықсыздануымен жүреді. Бұл процесті Нейберг «ашудың алғашқы формасы» деп атады.

 

С6 Н12  О6→  2СО2 + 2С2Н5ОН   (Глюкоза→2СО2+2этанол)

 

Ашу процесінің жүруі нақты жағдайлардың әсерінен өзгеруі мүмкін. Егер культуралды сұйықтықта бисульфит натрий қосқанда ацетильалдегидпен байланысады, онда ол  келесі процестен бөлінеді және блокирленеді:

 

СН3-СН=О+NaHSO3→CH3-CH(OH)-SO3Na

 

Мұндай жағдайларда электрондардың акцепторы(сутегі) НАДН дигидроксиацетонфосфатқа, ол глицерин-3-фосфатқа, ал сосын глицеринге айналады ( Нейберг бойынша ашудаың екінші форма).

 

Глюкоза → глицерин + ацетальдегид + СО2

 

Синтезделуші АТФ суммалық мөлшері мұндай формада ашу нөлге тең және процесс жасушаның дамуын қамтамасыз ете алмайды, бірақ глицерин алуда қолданылады. Сілтілі ортада ацетальдегид НАД-қа тәуелді дегидрогеназа уксус қышқылына тотығады. Ал түзілген НАДН этанолда ацетальдегид тотықсызданғанда қолданылады. Суммарлық реакция:

      

2 глюкоза + Н2О → 2глицерин + этанол + сірке қышқылы + СО2

 

Мұндай химизм  жасуша үшін тиімді, сонымен қатар сірке қышқылды рН ортада төмендейді содан кейін спирт ашу жүреді. Дигидроксиацетонфосфат сонымен қатар сол сәттегі электрондар акцепторларының рөлін атқарады, ол НАДН қажетті ацетальдегид жиналғанша жүреді, демек ашудың басында индукцияның өзіндік периоды болады. Бір мезгілде 3-фосфоглицеринді альдегид ФБФ-жолы  реакциясына сәйкес пирожүжім қышқылына айналады, ол содан соң ацетальдегидте декарбоксилирленеді. Бірақ ацетальдегид спиртке тотықсыздана алмайды, өйткені НАДН дигидроксиацетонфосфаттан глицерин түзілуі үшін қолданылады. Спирттік және глицеринпирожүзім ашуы тығыз байланысты. Алғашында глицерин пирожүзімді ашу басымырақ болады.

Молекулалық оттегінің қатысуымен ашытқылар аэробты тыныс алатын ашуға тез ауысады. Осы кезде пирожүзім қышқылы глюкозадан пайда болған, Кребстің трикарбон қышқылының циклі (ЦТК) арқылы СО2 мен Н2О дейін тотығады

 

Өндірісте қолданылатын ашытқыларға сипаттама

 

Спирт ашыту үшін қолданылатын ашытқылар Saccharomyces  туыстасына жатады. Бұл туыстасқа артықшылығы диплойдты фазада вегетативті көбейетін жеті түр жатады. Saccharomyces cerevisiae  жоғарғы мәнге ие. Бұл түрге жататын ашытқылар нан өнеркәсібінде, спирт өндірісінде, сыра қайнатуда, квас өндірісінде қолданылатындар саналады.

Солодты суслада үштәулікті культурада 28ºС температурада жасушалар сфералы, эллипсті немесе кішкене ұзынырақ формасы, бір-бірлеп, қысқа тізбекті немесе ұсақ дәнді түзеді.

Өлшеміне байланысты ашытқылар үш морфологиялық топқа бөлінеді:

1.                    Ең үлкен жасушалары бар штаммдар (3.5 ÷10.5*5.0 ÷21.1мкм);

2.                    Ұсақтау жасушалары бар (2.5 ÷7.0*11.0 ÷19.0мкм);

3.                    Аралық(3.5 ÷8.0*5.0 ÷11.5 ÷18.0мкм);

Кейбір штаммдар ұзын жасуша түзеді, 30 мкм  және оданда үлкенге жетеді.

Saccharomyces  cerevisiae штамына көңіл көбірек бөлінеді. Оларды рассаларда беттік және түптік ашу деп бөледі. Түптік ашу тобына көбінесе сыра және вино ашытқыларының жатады. Беттік ашу тобына - спирт, нан ашытқысы және кейбір сыра ашытқылары жатады. Түптік ашу ашытқыларына 8-10ºC температурасы және одан төмен, ал беттік 14-25ºC температурада өндіріс орнында функционирленеді.

Ашудың соңында түптік ашытқылар түбіне тұнып, тығыз тұнба түзеді, беттік  бетіне шығып «қалпақ» түзеді. Соңғылардың беткі деңгейге шығу мүмкіндігі олардың жасушалары ашығанда кішігірім тізбек түзіп, біріккен күйінде қалады, ал көмірқышқыл газының көпіршіктері оларды бетіне шығарады.

Ашу процесі жүріп жатқан ортада ашытқылардың әрекетіне қарап, оларды мақта,  шаң тәрізді болып бөлінеді. Мақта тәрізді ашытқылар түбіне немесе беткі жағына тұнады. Шаң тәрізді ашытқылар даму процесінің аяғына дейін өлшенген жағдайда болады.

Арнайы селекциялы микроорганизмнің таза культурасын қолдану, ашу процесінің тазалығы мен сапасы үшін күресудің негізі сатысы .

Ашытқылардың таза культурасы өндіріс лабораторияларында өздерінің өсуі үшін оптимальды ортада ыдыстың барлық көлемі бойынша өсіп алып көбейеді.Цехта ашытқылардың өмір сүруі үшін жағдай жасайды.

Заводтарда ұзақ уақыт культивирлеу процесінде, әсіресе үздіксіз ашыту әдісінде, ашытқылар популяциясында мутагенез пайда болу нәтижесінде бастапқы рассаға қарағанда өндіріс жағдайына бейімдірек болып келетін мутанттар жиналып қалуы мүмкін.

Ашытқының жаңа рассаның түрін іріктеу әдетте, ферменттерде жүргізеді, онда ашу процесі лабораториялық жағдайларда жүргізіледі. Ашудың жақсы көрсеткішін көрсеткен рассалар түрлері өндірістік және  практикада кеңінен қолданылады.

Соңғы жылдары бір қатар өндіріс салаларының(мелассадан спирт алуда, нан жабуда) дамуы үшін қолданылатын ашытқыларды селекциялауда гибридизация әдісі кеңінен қолданылуда.

 

Ашытқыларды өндірісте қолдану

 

Этил спиртін алу.Өндірістік прогресс дәуірінде спиртті синтетикалық каучук өндірісі үшін еріткіш ретінде химиялық шикізат ретінде кеңінен қолданылады. Қазіргі уақытта біздің елімізде этил спиртінің көп бөлігі техникалық қажеттіліктерге қолданылады, қалған бөлігі медициналық және басқа да мақсаттарға қолданылады.

Этил спирті отын, оны кейде бензиннің орнына қолдануға болады. Спирт пен бензин қоспасы  (газоголь) автомобиль транспорты үшін  отын ретінде қолданылады. Спирттік ашу процесінде келесідей көрсеткіштер байқалады, негізгі ашу өнімі- этанол мен қатар қосымша өнімдер : глицерин, жоғары спирт, сивуш майы, альдегидтер, органикалық қышқылдар, эфирлер, көмірқышқыл газдары түзілетіні анықталды. Бұлардың ішінде іс жүзінде қолданылатын сивуш майы және эфир альдегид фракциясы   этил спирті ректификациясы кезінде бөлінеді және техникалық спирт түрінде шығарылады. Көмір қышқыл газын ұстап,қоспалардан тазартып  және сұйық көмір қышқылына айналдырады.Оны әр түрлі мақсаттарға қолданады соның ішінде газдалған суда,сырада және алкаголсіз сусындарда және дәнекерленетін жұмыстарда қолданылады.

Құрғақ мұзды жаңа жас көмір қышқылданады,тамақ өндірісінде, медицинада машина жасауда және энергетикада мұздатқыш агент ретінде қолданылады.

Спирт өндірісі үшін шикізат ретінде құрамында мол мөлшерде ашытылатын қанты және көмірсуы  бар өсімдік материалдары қоданылады. Сондай ақ құрамында крахмалды материалдар бидай және картоп, қант қызылшасының қалдығы тағы басқа ауыл-шаруашылық өсімдіктерінің қалдығы қолданылады.

 Құрамында крахмалы бар шикізаттан спирт өндіру процессі бірнеше сатылардан тұрады. Алдымен шиказытты майдалайды және  крахмалды ерітіп бөліп алу үшін қайнатады, яғни крахмал тек моносахаридтермен дисахаридтерді ашыта алатын ферменттік ашытқылардың әсеріне ұшырамайды , қайнаған массаны салқындатып солод пен саңырауқұлақты амилолитикалық ферменттерімен өңдейді. Қанттанған массаның құрамында көмірсулар, глюкоза, декстриндер, пептидтер, амин қышқылдар, фосфорорганикалық қосылыстар, миниралды тұздар мен микроэлементтер болады.

Ашудың келесі сатысы қанттандырылған массаны ашыту. Периодты және үздіксіз ашыту әдістерін қолданады. Бұл үшін табиғи --таза ашытқы культураларын қолданады. Соңғылары жүйелі түрде өндіріс заторларында арнайы ашытқы бөлімдерде жүргізіледі. Оларда бактериялардың көбеюін тежеу үшін  300 С температурада мұздатылып пастерилизацияланады, заторды күкірт қышқылымен  рН=3.8-4.0-дейін қышқылдайды. рН мұндай мәні рН 4.5-5.0 мәніне қарағанда ашытқылардың дамуы үшін қолайсыздау, бірақ ашытқылардың баяу көбеюін таза культураны алу мүмкіншілігімен толтырады.

Құрамында крахмалы бар шикізатты өңдеуде қолданылатын спирт ашытқылары жоғары ашыту қабілетіне ие болуы тиіс, демек қантты толық және тез ашыту керек, сондай-ақ анаэробты жағдайда қоректік ортаның басқа да компононттерін  қолдану керек, өзінің алмасудағы өніміне төзімді болу керек. Saccharomyces cerevisiae  шамамен 70 жылға жуық қолданылып келеді. Бұл ашытқылар глюкозаны, фруктозаны, сахарозаны және мальтозаны 1/3 -раффинозаны, галактозаны өте жақсы ашытады. Ортада 10-11 % дейін спирт жиналады. Өсудің оптимальды температурасы 30-38ºC, минимальды температурасы 5ºC. рН мәнін ашу уақытына қарап рН 3,8-4,0 болу керек.

Заторларды ашытқаннан кейін шамамен 0,1% жуық қолданылмаған галактозалар 0,4% декстриндер мен 0,5% пентозалар қалады. Соңғы жылдары өнеркәсіптік өндірісте бір қатар артықшылығы термотолерантты  расса түрлерінің селекциясына көп көңіл бөлінуде.

Микроорганизмдердің иммобилизденген жасушаларын қолдану арқылы әр түрлі сустраттарда этанолдың ашу процестері өңделуде.

Меласса- қант өндірісінің қалдық өнімі (құрамында 80% құрғақ заттар, 20% су бар). Құрғақ заттар қанттар, азотсыз органикалық заттар, азот құрайтын және минералды заттар. Мелассаның азот құрайтын заттары ақуыз заттарды- аминқышқылдарын ыдыраудың негізгі өнімі болып табылады. Құрамында ашытқылардың өсуіне қажетті В тобының витаминдері мен биотин бар.

Мелассалы ерітіндіні ашытуда қолданылатын ашытқыларға да крахмалды ортада спирт өндіру үшін қолданылатын ашытқы түрлеріне негізінде қойылатын талаптар қойылады.

Сонымен қатар, олар мелассаның құрамындағы құрғақ заттардың жоғары концентрациясына төзе алуы тиіс және раффинозаны толығырақ ашытуы мүмкін.

Қажетті қасиеті бар ашытқы рассасының түрін селекциялауды гибридизация әдісі қолданылған болатын.

Техникалық спиртті алуда шикізат ретінде ағаш үгіндісінің гидролизаты және басқа да өсімдік қалдықтары қолданылады. Қылқан жапырақты ағаштардың үгіндісінің құрамында 40-тан 75 % - ға дейін полисахаридтер болады. Қиын гидролизденетін полисахаридтер оңай ыдыратылады.

Өсімдік шикі қысыммен қышқылды гидролизге ұшырайды. Алынған гидролизат құрамында 3,2 – 3,5% редуцирлеуші қанттар болады,  глюкозаның артықшылығы азырақ мөлшерде  галактоза  және манноза, соңдай – ақ пентоза – ксилоза, арабиноза, рамноза болады.

Ашытуды үздіксіз ағындағы әдіспен биомассаның жоғары концентрациясында (17 – 25г/л) жүргізеді. Гидролизаттың құрамында кездесетін зиянды қосылыстарға антисептиктер қызметін атқарады, демек бөгде микроорганизмдердің өсуін тежейді. Сондықтан спирт зауыттарында таза өндірістік ашытқылар культурасының көбеюіне арналған қондырғылар болмайды, ал бірнеше айлар бойы сол  бір ғана ашытқыларды қолдана береді.

Ашу процесі нәтижесінде алынған жетілген ашытқы құрамында 1 -1,5 % этанол мен қосымша өнімдер болады. Ашытқыны айдауда және гидролиз спиртін ректификациялауда осы қосылыстарды толығымен жоюға мүмкіндік жоқ, гидролиз спирті құрамында 0,05 – 0,1% метанол мен бірнеше мол мөлшерде қышқылдар, күрделі эфирлер және альдегидтер болады. Соңғы жылдары ксилозаны ашыта алатын қабілеті бар, яғни өсімдік массасының гидролизі кезінде түзелетін қантты  90% - дейін утилизациялауды қамтамасыз ететін ашытқылар Pachusoten tantophılus , Candida shehatae  анықталды.

Сульфидті сілті целлюлозды өндіріс қалдығы болып табылады, целлюлоза зақымданбаған түрде бөлініп алынғанда, гемицеллюлозалар ғана гидролизденеді. Ағаш үгіндісінің құрамына кіретін лигнин суда - еритін лигносульфат қышқылдан күкірт қышқылымен пайда болады. Қанттың сумарлы концентрациясы 3-3,5%  жетеді, олардың ішінде 62-68% ашытылатын. Ашыту үшін Saccharomyces cerevisiae  туысы қолданылады, олар галактозаны өте жақсы қолданады, флокирлеуші қасиеті бар және целлюлоза талшық түрінде жиналады.Ашуы жетілген ашытқының құрамында 0,5-1% этил спирті мен көптеген ұшқыш қосылыстар бар. Сульфитті спирт ең арзаны болып табылады. Оның бағасы шамамен азыққа қарағанда 3 есе төмен.

 

Сүт қышқылының  ашу процесі

 

Сүт қышқылының ашуы сүт қышқылды бактериялардың ферменттерімен көміртектердің анаэробты процесінің ыдырауы, сүт қышқылдың және басқа да өнімдердің пайда болуымен  түзіледі. Бұл процеске қатысатын бактериялардың түріне байланысты ашудың соңғы өнімі әр түрлі болады. Мысалға, гомоферментативті сүт  қышқының  ашуынан  сүт  қанты тек  сүт  қышқылын  ғана  ыдыратады.

Гетероферментативті  ашуда  сүт  қышқылынан  бөлек  басқа  өнімдер де  түзіледі (ұшқыш  қышқылдар ,  спирт, газдар, эфирлер).

Гомоферментативті  ашудың қоздырғышы  болып  мына  микроорганизм  саналады: Streptococcus  lactis – сопақша  шар  тәрізді, диаметрі  0,5-1,0 мкм , культурада қос-қостан (диплококктар)  немесе  қысқа  тізбекті (стрептококктар), өте  сирек – бір-бірден  кездеседі.

Streptococcus   cremoris – жасушалары ұзынырақ  тізбекті  болып  орналасқан ; Lactobacillus  bulgaricus- ірі  таяқша  тәрізді ( ұзындығы 4-5 мкм), қозғалмайтын, грам  оң,  жеке  жасуша  немесе қысқаша  тізбек  түрінде  орналасады, Galactobacillus  acidophilus- морфологиясы  жағынан  болгарлыққа  өте  ұқсас ,  бірақ  дамуының  оптимальды температурасы  өзгеше – 370С температура. Ацидофилин  дайындауға  қолданылады.

Гетероферментативті ашу  микроорганизмдері  көбіне  тұздалған  жемістер  мен  сүрлем жасағанда  кездеседі. Оларға  Lactobacillus  brevis, Lactobacillus  brassicae  Leuconostos  mesenteroides  және  т.б. жатады.

       Өндірісте  жабайы  формаларға  қарағанда  бір   қатар  артықшылығы  бар  бактериялардың  мәдени  түрлері  қолданылады.

 

Жұмысты орындау әдісі

 

Спиртті   анықтау

 

Материалдар және құрал – жабдықтар

 

 250 мл  колбалар , сахароза ,  наубайханалық  ашытқы , өлшеуіш  цилиндрлер ,  тығындар  мен  иілген  шыны түтіктер , су  моншасы ,  электр тогымен істейтін   плита,  баритті  су , пробиркалар, спиртовка,  H2SO4 ,түзу  шыны  түтіктері  бар  приборкалар , K2Cr2O7.

 

Жұмыстың орындалуы

 

 250 мл  колбаға  50  мл  20%  сахарозаның  сулы  ерітіндісін  және   шамамен 1г наубайхана ашытқысын  салады.(ашытқыларды  қолданғанға  дейін  бір  сағат  бұрын  араластыру  керек  және  оның  активтілігін  жоғарылату  үшін  жылы  жерге  қою  керек.). Сонымен  қатар  тура  айдау  жолымен  этил  спиртін  айдау  үшін  ашытқыларға  да  сондай  тәжірибе  жасалады , бірақ ол 2л сұйықтыққа  есептелініп  жасалынады. Колбаны  майыстырылған  шыны  түтікшесі  бар  қақпақпен  жабамыз. Түтікшенің  төменгі  жағы  бариті  бар  пробиркаға  салынады. Ашып  жатқан  сұйықтығы  бар  колбаны  35-400С  температурадағы  су  моншасына  салынады. Бірнеше  минуттан соң,    қондырғыны орнатқаннан соң,  баритті  бар  пробиркаға  газ  көпіршіктері  түсе  бастайды,  ал  10-15 минутатан кейін біркелкі тізбек пайда болады. Осы  уақытта  колбадан ығыстырылып  барлық  ауа  шығып  кеткен болып  саналады  және  ашу  өнімдерінен  тек  бір  ғана  көмірқышқыл  газы  шығады.  Нәтижесінде баритті су қарқынды бұлынғырланады  ерімейтін ВаСО3  тұнбасының  пайда  болуынан  баритті  су  өте  тез  тұнады.  Спирттің  пайда  болғанын  әзірше  дәлелдеуге  болмайды , себебі  оның  көлемінің    аз болуынан. Сол  үшін  ашығыш  сұйықтығы  бар  колбаны  мақта  тығынмен  жауып, бөлмеде  келесі  сабаққа  дейін  қалдырады. Келесі  сабақта  сұйықтықта  спирттің  пайда  болғаны  анықталады. Пробиркаға  1-3 мл  зерттелетін  сұйықтыққа   K2Cr2O7.  кристалигін қосады   , бірнеше  тамшы  H2SO4  қосамыз  және  қоспаны  спиртовкада  қыздырамыз. Осының  нәтижесінде  сұйықтықтың   түсі  жасыл  түске  дейін  өзгеріп  кетеді нәтижесінде хром алты валентіліктен  үш валентілікке дейін тотықсызданады.

 Бөлінетін сірке альдегиді  иісімен сезіледі :

 

      K2Cr2O7 + 4H2SO4 + 3C2H5OH K2Cr2(SO4)4+ 3CH3CHO+7H2O

          қызыл сары                                         жасыл

 

Спиртті  айдау  арқылы  анықтау

 

Ашығыш  сұйықтығы  бар  колбаны  тығынмен  жабады,  онда  жоғары қарай жүретін  ұзындығы  40-50 см түзу  шыны  түтікше  орнатылған. Колбаны  сұйықтықтың  біркелкі  қайнауына  дейін  қыздырады  және  шыны  түтікшенің  аяқ  жағына (түбіне)  жанып  тұрған  отты  жақындатады.

Спиртті  айдауды  түзу тоңазытқыштағы  2 л  көлемдегі  ашығышпен  жүргізіледі.      Айдалған  фракциядағы  спирттің  пайыздық  құрамын  спиртометрмен  анықтау.

 

Сүт   қышқылын  анықтау

 

Материалдар және құрал – жабдықтар

 

Сүт қышқылды  өнімдер  , қиярдың  және  капустаның  тұздығы,  микробиологиялық  ілмешек, спиртовкалар, метилен  көгі  ерітіндісі, пинцеттер, микроскоптар ,  пробиркалар , спиртовкалар, Никифоров  қоспасы,  зарарсыз таза  культурасы, 10% күкірт қышқылды    ерітіндісі,  фильтр  қағазы,  қаныққан мыс купорасы, концентрленген  күкірт  қышқылы, 0,2% тиофеннің  спирт  ерітіндісі, су  моншасы, электрлік тогымен  істейтін  пеш.

 

 

 

 

Жұмыстың орындалуы

 

Сүтқышқылды  ашытқы  бактериясы мен  танысу  үшін дайын  сүтқышқылы  өнімдерін (простокваше,  ацидофилин,  кефир) қолдануға  болады.  Жоғарыда  көрсетілген   өнімдерді (заттарды) ілмешекпен  заттық  әйнекке  жұқа  етіп  жағады және жұқа мазок жасайды.  Жұқа  қабатты  фиксирлеп, Никифоров  қоспасымен (10мин.) біруақытта  майсыздандырады.

       3-5 минут  бойы  метилен  көгінің  сулы  ерітіндісімен  бояйды  да,  сумен  шаяды,  кептіреді  және  МИ-90  объективсімен  микроскопирлейді.

       Сүтқышқылының  пайда  болғанын  дәлелдеу  үшін  сапалық  реакция  жүргізіледі.  Сүтқышқылды  өнімдердің  біреуін қабатталған  фильтр  арқылы  фильтрлейді.

Пробиркаға  2мл фильтратқа  5мл  концентрленген  күкірт  қышқылын  және  10  тамшы  мыс  купоросының  қаныққан  ерітіндісін  қосады. Сілкілеу  кезінде  1000С температурада  5минут бойы  су моншасында  қыздырылады.  Суыған  соң  3-5 тамшы 0,2 %  спирттегі  тиофен  ерітіндісін  қосады.  Сүтқышқылының қатысуымен  шиенің түсіндей қызыл  түске  боялады.

       

Бақылау  сұрақтар

 

1 Спирттің  ашу  процессінде  қолданылатын  ашытқылардың  классификациясы.

2 Спирт  ашудың  химизмі.

3 Өндірісте  қолданылатын  ашытқылардың  сипаттамасы.

4 Өндірісте  этил  спиртінің  ашуы.

5 Сүтқышқылы   ашуының  типтері  және  оның  өнімдері.

6 Гомоферментативті  ашуды  қоздырғыштар.

7 Гетероферментативті  ашуды  қоздыруштар.

8 Сүтқышқылының  пайда  болуына  сапалық  реакция.

9 Жұмыстың орындалуы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№5  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

 

Бастапқы культураның түріне және продуценттің түріне байланысты егіс материалдарына сипаттама

 

Жұмыстың мақсаты

 

Цехтағы таза культурадан егіс материалын алу, музейден таза култураны сусла-агармен қисық пробиркада  және ЕПА-да егу,  содан соң сұйық қоректік ортаға колбаға тербелгішке егу жүргізу технологиясымен танысу.

 

Теориялық негіздері

 

Микроорганизм продуцентінің таза культурасын егіс материал деп атайды, өндіріс аппаратына егу барысында микроорганизмдер қажетті мөлшерге дейін көбеюі қажет.

Зауыттың орталық лабораториясында сақталатын бастапқы культура продуцентінен егіс материалды алуға болады. Әрбір өндірілген культураның құжаты, оның аты, түрі, селекциялық нөмері, сериясы, шығарылған күні, орташа активі деңгейі, сақталу мерзімі болады. Құжатта культураны сақтауда және өсіру үшін ортаға сипаттама көрсетіледі. Культура продуцентінің қасиеті өзгермеуі керек, оның қолайлы  жағдайда сақталуы керек.

Ұзақ уақыт сақтау мерзімінде жиі қайта егу кезінде, оңай өзгеретіндіктен, әсіресе культураның физиологиялық белгілеріне дайын өнімді алу үшін үлкен көңіл бөлініп отырады.Цехтағы таза культураны алу үшін егіс материалының технологиясын жасау.

Егіс материалын дайындау микроорганизм продуцентінің түріне байланысты, оның физиологиялық-биохимиялық ерекшеліктері бірнеше тізбектелген сатылардан тұрады :  ( пробиркада)   бастапқы       культура       (пробирка) қисық агарланған қоректік ортада өсірілген            (колбада) сұйық  қоректік  орта тербелмелі   шайқағышта  (бір-екі сатылы)        (бір немесе бірнеше  инокуляторда)    егіс аппаратында өсірілген кіші ферментерде микроорганизм  культурасының жиналуы     егіс  материалы.

Егіс материалды өсіру келесі сатыларда жүргізіледі:

1-зауыттың микробиологиялық  лабораториясында  микроорганизм      культурасын  алу; 

2 - егіс материалын кіші егіс аппаратта өсіру  ( сиымдылығы 300 литрлік);

3 - ашытқыны үлкен егіс аппаратта өсіру (сиымдылығы 3200 литр);

4- кіші ферментерге ашытқы культурасының жиналуы(сиымдылығы 50м3).

Егіс материалын өсірудің бірінші сатысы зауыттың лабораториясында жүргізіледі. Бастапқы культура зарарсызданған жолмен қисық агарланған ортада оптимальды қоректік ортада, режимде (рН, t , процесс  ұзақтығы) өсіріледі.

Өсірілген микроорганизм культурасының агарланған қоректік ортасының бетін зарарсызданған сумен шайып оны, ішінде 50-100мл сұйық қоректік ортасы бар cыйымдылығы 750 мл Эрленмейер колбасына құяды . Культурасы бар колбаны (28-30°С) бөлме температурасымен тербелмелі шайқағышқа қояды , культураны араластыру тербелгіште (120-240 айн/мин) орындалды, культураның қарқынды өсу жылдамдығының арқасында масса алмасу жоғарылайды. Тербелмелі шайқағышта колбаның ішіндегі культураның өсу мерзімі 18-36 сағатқа созылады. Бұл сатыда микроорганизмнің морфологиясы бойынша микроорганизмнің өсіруін бақылайды. Логарифмдік өсу фазасының соңында культураның физиологиялық жетілген сатысы  нәтижелі  болады.

Екінші сатыда егіс материалдың дайын культурасын өсіру, колбадан егіс аппаратына (инокуляторға) зарарсызданған күйде ауыстырылады, осыған қайта – қайта минералды тұздарды белгілі мөлшерде қосып отырады. Егіс аппарат араластырғышпен, аэрирлеуші қондырғымен, сонымен қатар температурасын, рН, бақылау - өлшегіш аспаппен, көбік деңгейін реттеушімен және тағы басқа да қондырғылармен жабдықталады. Аппараттағы қоректік орта көлемінің деңгейі жалпы аппарат көлемнің 60% аспауы керек. Егіс материалының аппаратқа салынған мөлшері жоғарғы мәнге ие. Аз мөлшердегі егіс материал, инокуляцияның ұзақ уақыт жүруін болдырады. Сондықтан  егілетін аппаратқа қоректік орта көлемінен егіс материалының 10-12% ғана салады. Егіс материалын дайындау кезінде аппаратта культивирлеудің оптимальды режимін ұстау керек.  Процесті бақылау жасау үшін, қайта – қайта сынамалар алынып   оған микробиологиялық және биохимиялық анализдер жасалынады. Ашытқы қоректік ортада 14-20 г/л жиналғанша культивирлеу процесі жалғаса береді (есеп бойынша құрғақ массада)  культивирлеу процесі  12-14 сағатта аяқталады.

Үшінші саты көлемі 3,2м3 болатын егіс аппаратында егіс материалын культивирлеу процесі жүргізіледі. Ол үшін кіші инокулятордағы барлық құрам бөлігін үлкен көлемді аппаратқа айдап жіберіледі. Сол жерде зарарсызданған қоректік орта бар. Ауысу коэффициенті, бір аппараттан басқа аппаратқа ауысуы микроорганизмнің әрбір культурасын өсірудің нақтылы шартына байланысты. Егерде бұл ауысу экспоненциальды өсу фазасында іске асырылса, онда ауысу коэффициенті келесі аппараттың көлеміне қарағанда 10-ға тең. Микроорганизм культурасын культивирлеу процесі 12-14 сағатқа созылады.

Төртінші саты көлемі 50м3 болатын аппаратта жүргізіледі. Ашытқы суспензияларын алдынғы сатыдан қабылдар алдында, қоректік ортаны аппарата дайындау үшін парафинді, қоректік тұздардың ертіндісін және микроэлементтерді аппаратқа жібіреді. Ортаның оптимальды рН мәнін , температурасын жеткізеді, егістік ашытқыларды келесі сатыға жібереді және  үздіксіз аэрациялау мен арастырудың арқасында микроорганизмді өсіру процесі жүргізіледі. Ашытқының жиналу процесі 10-12 сағатқа созылады. Абсолютті құрғақ ашытқы концентрациясы ортада 14-17 г/л құралғанда, ашытқы суспензиясы өндіріс ферментерлеріне жіберіледі. Алынған егіс материалына микробиологиялық және биохимиялық бақылау жасалынады, демек келесі сатыда  өнімділігінің жоғары болуы, циклдің тазалығы мен активтілігіне байланысты.

 

Жұмысты орындау әдісі  

 

Материалдар және құрал жабдықтар

 

Термостат, микробиологиялық ілмешек, колбаны тербелткіш, қыздырғыш, микроорганизмнің таза культурасы,ЕПА бар қисық(косяк) пробирка, сусла агар, ет-пептонды агар.

 

Жұмыстың орындалуы

      

Таза культураны сусла агарда және ЕПА-да қисық  пробиркада (косякта) егу әдісі

-пробиркада жаңадан жасалған қоректік ортада микроорганизмнің аты және егілген күні түсінікті етіліп жазылады. Жазуды сиямен немесе стеклографит қарандашпен жазады.

-спритовканы жағады, жанып тұрған горелканың үстінде микроорганизмді егу жүргізіледі, қоршаған ортадағы ауаға ыстық ауа қарсы бола алады.

-оң қолымен бактериологиялық петляны алып, соның көмегімен егу, іске асырылады петляны қалам сияқты ұстайды.

-жанған оттың үстінде бактериологиялық петляның сымы қызыл шоқ болғанға дейін қыздырылып зарарсыздандырылады және ұстап тұрған жеріндегі петляның ұшындағы сымы пробиркадағы микроорганизмнің таза культурасына енгізілетін жеріне дейін қыздырылып зарарсыздандырылады. Сол қолымен екі пробирканың біреуі зарарсыздандырылған ортамен (өзінен алыс) келесісі-микроорганизм культурасымен (өзіне жақын ) ұстайды .

-оң қолымен бактериологиялық петляны ұстап, шынтағымен және оң қолының бармағымен мақта тығынды қысып алып алақанына салады да және пробирканың тығынын алады, және столдың үстіне пробирканы қоюға болмайды.

-аузы ашылған пробирканы жанған отқа жәймен күйдіріп, бактериологиялық петлямен микроорганизмдердің таза культурасын пробиркаға енгізеді. Микроорганизмдердің жасушасын бүлдіріп алмау керек, пробирканың бетіне жақындатар алдында немесе қоректік ортаға жақындатар алдында петляны суытады, содан соң микробтың аз ғана мөшерін алады.

-ілмешекті алып, зарарсыздандырылған пробиркадағы қоректік ортадаға, пробирканың жақындатпай петляны енгізеді.

-бактериологиялық ілмешектің көмегімен культурасы бар пробиркадан ирек немесе тік сызық-сызық сияқты етіп олардың бетіне жәймен түбінен жоғарыға қарай жүргізіп , культураны қоректік ортаға егеді.

-мақта тығынымен пробирканың аузының шеттерін отқа күйдіріп және екі пробирканың аузын жабады.

-бактериологиялық ілмешекті жалында күйдіреді. Осындай операциялар агарланған ортамен басқа пробиркаларда да жүргізіледі.

 

Егіс материалын колбадағы сұйық қоректік ортаға егу.

 

Тербелгіш колбадағы беті агарланған ортада өскен культурасы бар пробирканы зарарсызданған сумен жуып, сұйық қоректік ортаға 50-100мл құрайды (ЕПС).Культурасы бар колбаны жылдамдығы (240 айн/мин) тербелгішке орналастырады. Культивирленетін бөлменің температурасы 300С  тең  болуы керек. Өсірілетін культураның түріне байланысты өсіру процесінің ұзақтығы 0,5-3 тәулікке дейін созылады. Ферментация процесінде микроорганизмнің морфологиялық түрінің көрсеткішіне қарай бақылау керек.

 

 

Бақылау сұрақтар

 

1.Егіс материалы дегеніміз не?

2.Егіс материалын дайындаудың қай сатысы маңызды?

3.Культура продуцентінің құжатына қандай мәліметтер кіреді?

4.Егіс аппаратына егіс материалының қанша мөлшері енгізіледі?

5.Жұмыс жасау барысы?

                                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 2 МОДУЛЬ. МИКРООРГАНИЗМДЕРДІ  ДАҚЫЛДАУ  ЖӘНЕ  СОҢҒЫ ӨНІМДЕРДІ АЛУ

 

№ 6,7  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

 

Периодты дақылдауға микроорганизмнің өсу ерекшелігі.Үздіксіз дақылдау жағдайындағы микроорганизмдердің өсу ерекшеліктері.

Хемостат, турбидостат, оксистат. Салыстырмалы сипаттамасы, қолдану.

 

Жұмыстың мақсаты

Микроорганизмді периодты және үздіксіз культивирлеудің теориялық негізімен және процестің сандық сипаттамасымен, бактерияның өсуіне аэрацияның әсерімен танысу.Микроорганизмнің дамуына сыртқы әсер ететін факторларды зерттеу.

 

Теориялық негіздері

 

Микроорганизмдерді культивирлеу әдістері биотехнологиялық синтез технологиясы микроорганизмдер – продуцентінің қасиетіне қарай құрастырылады . Микроорганизмнің осы түрі үшін жағдайының жақсы болуы, тек өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап, максимум  мол өнім алуға мүмкіндік береді және синтездей алады .

Микроорганизм – продуцентін өсіру үшін, культивирлеудің беттік және түптік әдісі қолданылады .

Микроорганизмдерді беттік әдіспен өсіру технологиясы қарапайым болып келеді. Микроорганизмдер қатты немесе сұйық қоректік  ортада  культивирленеді. Қатты қоректік орта ретінде агарланған орталар немесе сусымалы субстраттар (бидай, арпа, бидай кебегі және т.б.) қолданылады. Агарланған қоректік орталарды зарарсыздандырып пробиркаға, Петри табақшасына құйылады.

Культура  продуцентін қоректік ортаға еккеннен кейін пробирка мен Петри табақшасымен термостатқа қойылады, онда микроорганизмдердің белгілі бір температурада өсуі мен дамуы жүреді. Сусымалы   субстратты біркелкі етіп арнайы кюветаларға орналастырады, егіс материалын салғаннан кейін өсіру камерасына қойылады. Микроорганизмдерді қолайлы жағдайда өсіру бірнеше күнге созылады. Микроорганизмдерді өсіру процесі аяқталған соң дайын өнім бөліп алынады. Беттік әдіспен микроорганизмдерді өсіру процесі белгілі бір уақытта аяқталады, сондықтан ол периодты болып саналады.

Арнайы аппарат–ферментерде сұйықтықтың барлық көлемінде қоректік ортада микроорганизмдерді түптік әдіспен өсіру жүргізіледі. Микроорганизмдерді түптік әдіспен өсіру периодты және үздіксіз болуы мүмкін. Периодты әдіспен түптік культивирлеу процесінде ферментерге бірден барлық қоректік орта және егіс материалының барлық көлемі салынады.  Белгілі бір уақыт ішінде микроорганизмдерді өсіру қолайлы жағдайда жүргізіледі, кейде процесті тоқтатып ферментерден керегінше құйып алынып, дайын өнім бөліп алынады. Микроорганизмді өсіру үшін қолайлы жағдай жасалып, түптік культивирлеудің үздіксіз әдісі кезінде қоректік орта үздіксіз ферментерге келіп түсіріледі қосылады, ол ферментерден сондай-ақ культуралды сұйықтықтан  микроорганизмдермен бірге үздіксіз ағылып  шығарылып отырады.

Микроорганизмдердің периодты және үздіксіз процесі кезінде өсу жағдайы әртүрлі екендігі белгілі. Периодты процесс кезінде қоректік заттардың концентрациясы уақыт өткен мерзімде қоректік ортада азаяды, ал азықтық метаболизм құрамы көбейеді, ол микроорганизмдердің өмір сүруіне кері әсерін тигізеді. Үздіксіз процесс кезінде микроорганизмдердің өсуіне қолайлы жағдай жасалады, бұл екі көрсеткіш үнемі бірдей деңгейде болады .

 

Микроорганизмдерді периодты түрде культивирлеу

 

Егіс материалын алу барысында көбінесе культивирлеудің периодты әдісі қолданылады. Микроорганизмді культивирлеу кезінде компоненттер қоректік ортаға келіп түспей және одан шықпай тұрған кезде микроорганизмдер өсіріледі және көбейеді. Белгілі даму циклы өткен соң,  фазаның ауысқаны көрсетіледі, осы жағдайда микроорганизм өседі және көбейеді.

Тізбектеле ауысу фазалары графикалық түрде көрсетілуі мүмкін. Сосудта жасушаның саны егіс материалын еккен кезден бастап анықталса, әрбір уақыт мерзімі белгіленіп, абсцисса осіне жіберіледі,  жасушаның белгілі санына сәйкестеліп ординат осіне жіберіледі (5-сурет). Бұл қисықты микроорганизмдердің өсу қисығы деп атайды және бірнеше фазаларға немесе периодтарға бөледі.

І фаза лаг-фаза немесе бейімделу фазасы деп аталады.Мұнда жаңадан жасалған қоректік ортаға жіберілген микроорганизмдер көбеймейді, қайта бейімделеді. Бұл фаза 1-2 сағатқа созылады. Фаза аяқталған кезде жасуша көбейе бастайды. Қоректік ортаны пайдалану қуатты түрде жүреді. Микроорганизмдер көбейгенге дейін қоректік орта инокулятқа енгізген уақыттан басталады. Бұл периодта культура жаңа ортаға  бейімделеді, бұл фазаның ұзақтығы микроорганизмдердің физиологиялық ерекшелігіне байланысты және  культивирлеу жағдайына, егіс материалына және өндірістік орта құрамына  байланысты. Мұндай  айырмашылық аз болған сайын және егілетін микроорганизмдердің мөлшері неғұрлым көп болса, онда І фазаның өсуі соғұрлым  қысқа болады.

 

   1 сурет- Периодты культивирлеудегі микроорганизмнің өсу қисығы

 

                   Х-биомассаның саны(1 мл жасуша саны);τ-уақыт,сағ.;

                   І-лаг фаза; ІІ-өсуін жылдамдататын фаза;

                   ІІІ-экспоненциальды фаза;

                   ІҮ-өсуін баяулататын фаза;

                    Ү-стационарлы фаза;

                   ҮІ-жойылу фазасы;

 

Қандайда бір өзгеріске ұшырауына қарамастан жасуша ішінде бірқатар биохимиялық өзгерістер болады. Жасушада рибосома саны және ақуыз құрамы көбейеді, ферменттік жүйелер активтеледі. Алдымен периодта популяция саны көбеймейді, бірақ жасушаның көлемі жоғарылайды.

ІІ фаза Өсу жылдамдығының фазасы  немесе ауыспалы деп аталады. Бұл жасушаның бөліне бастауы болып сипатталады. Бұл сатыда жасушадағы  нуклеин қышқылының (ДНҚ, РНҚ) ақуыздың құрамы жоғарылайды, жасушаның көлемі ұлғаяды. Жасуша беті белгілі  қатынасы аралық жетістігінің арқасында және оның көлемі  жасушаның бөлінуімен жүргізіледі, нәтижесінде культураның өсу жылдамдығы мен популяция саны ұлғая бастайды. Әдетте бұл фазаның жалғасы жоқ.

ІІІ фаза–Жасуша санының анағұрлым активті өсу фазасы. Даму фазасы көбейюдің ең активті фазасы. Онда микроорганизмдер қарқынды дамиды, өсу шапшаңдығы да арта түседі. Бұл екі сағаттай уақытқа созылады. Кейбір жасушалар тіршілігі тежеле бастайды.  Ол экспоненциалды немесе логарифмдік фазаның өсуі деп аталады. Бұл фазада жасуша белгіленген өсу жағдайына толығымен бейімделгеннен  кейін басталады, культураның өсуі қоректік зат түспесе де, азықтық зат алмасуы мол болмаса да шектелмейді. Өсу жылдамдығының максимальдығы бекітіледі. Микроорганизм культурасының өсу процесін меңгеру кезінде абсолютті және меншікті өсу жылдамдығын ажырата  білу қажет.

Абсолютті өсу жылдамдығының формуласы  мынаған тең:

      

         мұнда: х – биомасса саны (г/л) (немесе жасуша саны)

                        τ – уақыт (сағ)

           

Меншікті өсу  жылдамдығы биомасса бірлігінің өсу жылдамдығымен сипатталады және мына формула бойынша есептеледі:

   

 

    мұнда:  μ-уақыт бірлігіндегі биомассаның өсуі сағ-1.

Микроорганизмдер культурасының меншікті өсу жылдамдығы болып  қандайда бір маңызды сипаты, организмнің өзі және сондай-ақ культивирлеу жағдайы саналады.

Меншікті өсу жылдамдығы мен субстрат концентрациясының арасында, культураның өсуі шектеледі, белгілі байланысы анықталып, Моно теңдеуі түрінде көрсетіледі:

 

мұндағы:  μмакс - максимальді меншікті өсу жылдамдығы;

   S – субстрат концентрациясы;

   KS – қаныққан констант.

Өсудің меншікті жылдамдығы өнімдерге байланысты болады, жасушалардан зат  алмасу процесі кезінде ортаға бөлінеді. Жасушалардың өсуін ингибитрлар тежейтінін  ескертетін  теңдеу Моно – Иерусалим теңдеуі ретінде белгілі, келесідей түрде келтіріледі:

 

мұндағы: Р – жасушалар өсуін ингибирлейтін өнім концентрациясы;

                  КР – ингибирлеуші констант;  өнім концентрациясына саны тең, бұл  кезде өсудің меншікті жылдамдығы екі есеге төмендейді.

 

Популяция экспоненциальды өсу теңдеуі:

 

Х=Xo е μ макс τ

 

мұндағы: Хо – биомасса саны немесе уақыттың бастапқы кезеңіндегі жасушалар саны,

е – табиғи  логарифмнің негізі.

Бұл теңдеуді логорифмдеуде аламыз:

 

lnx = lnxо+ μмакс τ

 

Демек, биомасса мөлшерінің логорифмі және жасушаның саны тұрақты жылдамдықпен жоғарылайды. Сондықтан бұл фаза логарифмдік фаза деп аталады.

Микроорганизмдердің қарқынды өсуінің және қоректік ортадағы микроорганизмдердің көбеюінің нәтижесінде дәл осы қарқындылық пен қоректік заттар жұмсалады да, өмір сүруші микроорганизмдердің өнімдері жиналады. Сонымен қатар бос кеңістік шектеледі, жасушалар өсу барысында бір–біріне бөгет жасайды, жасушаларға қоректік заттардың келуі және метаболиттердің бөлінуі нашарлайды. Өсу жылдамдығы төмендейді, жасушалардың бөлінуі қысқарып, содан соң өсудің келесі фазасы басталады.

IV фаза – баяу  өсу фазасы немесе өсу жылдамдығының төмендеуі. Бұл фазаның, экспоненциалды фазаға қарағанда жасушалар біртекті болмайды, себебі қолайсыз факторлардың әсерінен қоректік зат концентрациясы төмендейді,  зат алмасуда өнімнің жиналуы өседі. Мұның барлығы культураның өсу процесінің баяулануына және тоқтап қалуына әкеліп соқтырады, сонымен қатар олардың жойылуы және жасушаларда лизес бөлігінің тууы мүмкін.

V фаза – стационарлы фаза деп аталады. Стационарлы фазада  жаңадан пайда болған жасушалар мен қырылған жасушалар  саны теңеледі. Сондықтан тірі жасушалар  саны  біраз уақыт тұрақты болып қала береді. Көбею кезінде  түзілген өнімдер  микробтар тіршілігіне  нұсқан келтіре бастайды. Бұл фаза бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады. Стационарлы фазада биомасса культурасының өсуі тоқтайды:

            

Бірақ ескере кету керек, бірнеше уақыт бойы бұл фазада биомассаның біршама өсуі болады, бұл стационарлы фазадағы жеке жасушалардың көбеюінің жалғасатынын түсіндіреді. Бірақ көбею процесі жасушалардың жойылу процесімен  және олардың кейбіреуінің автолизімен теңеседі.

Биомасса өсуі стационарлы фазаға жеткенде культура биомассасының көп мөлшері және жасушаның  максимал саны жиналады. Бұл максимал мөлшерін өнімнің жемісі немесе шығымы деп атайды.

Іс жүзінде сыртқы көзқарасқа қызығушылық тудырады, бұл экономикалық коэффициент деп аталады. Бұл көрсеткішті пайда болған микроорганизмдердің  массасы мен жұмсалған субстрат мөлшерімен салыстыруға болады :          

         у = х/S

Стационарлы фаза үшін жасуша популяциясының гетерогенді жоғарылауы сипатталған, онда бірқатар жеке көбейетін жасушамен бірге әлі тірі жасушалар да болады, бірақ олардың әрмен қарай өсу қабілеті жоғалып, өлі жасуша лизистеледі.

VI фаза – қырылу  фазасы немесе жойылу фазасы. Қырылу  фазасында пайда болған жасушалар  санынан өлген жасушалар саны басым болады. Қоректік ортаның  физикалық-химиялық қасиеті мүлде өзгеріп, микроорганизмдер тіршілігіне зиянды жағдайға көшеді. Жасушалардың қырылу жылдамдығы арта түседі. Ол өлген жасушалардың саны қайта пайда болған жасушалар санынан көп болған кезден бастап басталады. Бұл фазада жасушалардың өмір сүру жағдайлары қолайсыз, ал жасушалардың артық  заттарының қоры таусылады.

Микроорганизмдерді периодты әдіспен өсіру көптеген өндірістерде, егіс материалын алу сатысында қолданады, оның басты сатысы – ферментация, көптеген өндірістер үздіксіз немесе периодты әдіске  байланысты емес. Үздіксіз культивирлеудің артықшылығына қарамастан, көптеген өндірістер периодты әдісті қолданады, ол микроорганизмдер продуценттерінің қасиеттерінің қиыншылығына байланысты. Сондықтан  популяцияның даму сатысын білу, барлық технологиялық процестің жақсы өтуі үшін үлкен мәнге ие бола алады

 

Микроорганизмдерді үздіксіз культивирлеу

 

Үздіксіз культивирлеуде микроорганизмдердің максималды өсу қабілеті толық қолданылмайды. Өмір сүрудің ең активті кезеңі – логарифмдік фаза - өндірістік циклдің  азырақ бөлігін алады, ал уақыттың көп бөлігі лаг фазаға кетеді және өсудің жәймен өсетін кезеңіне өтеді.

Үздіксіз культивирлеу кезінде жасушалар барлық уақыт бойы ауыспалы жағдайда болады. Алдымен қоректік ортаға дер кезінде көп мөлшерде қоректік заттарды енгізсе, жасуша өсуінің ингибирленуі сонда өмір сүруші микроорганизм өнімнің жиналуы және қоректенудің жетіспеуі басталады. Егер қоректік ортаға бірден мол  мөлшерде қоректік зат қосса, онда культураның өсуінің ингибирленуі болады, демек микроорганизмдердің катаболиттік репрессиясы деп аталады. Қоректік затты жаймен қосудың арқасында микроорганизм өсуінің ингибирленуінен құтылуға болады.  Осы мөлшердегі қоректік заттарды енгізу процесі кезінде микроорганизмдердің өсуінің ингибирлеруін болдырмауға болады. Бұл әдіс субстраты майдалап мөлшерлеумен  микроорганизмдерді культивирлеу деп аталады.

Культивирлеу барысында қоректену көздерін қосу кезінде қоректік ортаның көлемі өзгереді. Орта көлемін қалыпты және ортадағы өмір сүруші микроорганизм өнімдерінің концентрациясын төмендетіп ұстап тұру үшін, культуральды сұйықтықтың бөлігін белглі бір уақыт аралығында аппараттан алып тастауға болады. Мұндай периодты культивирлеу процесті «көлемді-мөлшерлеуіш» деп атайды. Мұның алдыңғы әдістен айырмашылығы,  культураның бөлігі периодты түрде жаңа ортаға түскен сайын алынып тасталынып отырады. Берілген жағдайда процестердің негізгі параметрлері – көлемі,  араластыру жылдамдығы, өсудің меншікті жылдамдығы – тұрақты болып есептелмейді культура квазистационарлы (мнимостационарлы) жағдайда болады.

Субстратты майдалап мөлшерлеуде  периодты культивирлеудің  тағы бір әдісі бұл – диализдеуші мембрана арқылы лимиттеуші субстраттың келуін бақылаушы процесс. Егер аппаратқа мембрананы орнатқанда, сол арқылы тек белгілі бір заттар ғана енеді, мембранадан бөлінген, ерітіндіден еріген зат диффузиясы арқасында ортадағы оның концентрациясы тұрақты ұсталынып тұрады. Бұл әдісті шектелген субстрат продуцентінің өсуі үшін қолдануға болады немесе биомассаны концентрлеу үшін, субстратты майдалап мөлшерлеуіш периодты культивирлеу үшін, даму фазасынан популяцияға келу уақытының көбейтуіне мүмкіндік береді. Бірақ жасушалардың физиологиялық күйін тұрақтандыруды уақытқа байланыстырмай, осы әдіспен жүзеге асыру мүмкін емес.

 

Микроорганизмдерді үздіксіз культивирлеу жағдайлары

 

Үздіксіз культивирлеу ферментерге белгілі мөлшерде және сапалы қатынаста қоректік заттарды үздіксіз  беріп отыру болып табылады, ол микроорганизмдерді ұстап тұру  үшін экспоненциалды фазасында дамиды. Мұндай жағдайларда қозғалмалы тепе – тең күйге жеткізеді, бұл кезде жасушалардың үздксіз және бірдей жылдамдықпен көбеюі, қоректік заттармен келу жылдамдығымен сәйкес болады. Культивирленетін жасушаларды қоректік заттар мен үнемі қамтамасыздандырылуына қарамастан культуралды сұйықтықта іс жүзінде олар мүлдем жоқ, демек ағып өтетін сұйықтықта жоқ деген сөз.

Үздіксіз культивирлеудің аса маңызды сипаттамасының бірі ол араластыру жылдамдығы, демек ферментердегі қоректік ортаның алмасу жылдамдығы. Егер культиватордың көлемін (V/л), ал ортаға келу жылдамдығы – ағын жылдамдығы F(л/сағ) деп белгілесек, онда араластыру жылдамдығы 

D(сағ-1) тең болады:             

                        D=F/V

Микроорганизмдердің өсуінің меншікті жылдамдығы:

                          

Осыдан культивирлеу кезіндегі микроорганизмдердің тез өсуі мынаған тең:    
                         

Үздіксіз культивирлеу жағдайында биомассаның тез арада өсуі μх, оның орта мен Дх, кетуімен қамтамасыздандырылады,

 

   яғни   μх – Dх> 0  немесе  (μ-D)х>0

Осыдан :  μ=D

Бұл теңдеу микроорганизмдерді үздіксіз культивирлеу кезінде орныққан тепе-теңдікті ұстап тұрудың негізгі шарты. Бұл кезде барлық технологиялық және физиологиялық көрсеткіштер тұрақты болып сақталады. Технологиялық көрсеткіштерге культуральды сұйықтық компоненттерінің концентрациясы, ал физиологиялық – жасушаның өсу жылдамдығы және олардың құрылымдық -биохимиялық ерекшеліктері жатады.

 

2  сурет-  Периодты процестен үздіксіз процеске ауысқанда    

                  жасуша  концентрациясының  ауытқуын сипаттаушы қисық.

                І-белскендету сатысы; ІІ-тұрақтандыру сатысы.

 

Ескере кету керек, үздіксіз культивирлеу кезіндегі берік күйдегі жағдай бірден пайда болмайды.  Бөлу процесі басында байқалады, сол кезде биомассаның концентрациясы тепе-теңдік күйге жақын болады, бұл графикалық қисық толқын сызығымен сипатталады, олар жаймен түзу сызыққа өтеді  (2-сурет).  Кейде бұл кезеңді екі сатыға бөледі: І активтелу  және

ІІ стабилизациялау сатысы .

Үздіксіз культивирлеу процесіндегі микроорганизмдердің өздігінен  реттелу  қабілеті.Үздіксіз культивирлеуде араластыру жылдамдығы меншікті өсу жылдамдығы мен тепе-теңдік жағдайдағы режимді орнатуды  бақылау және қоректік ортаның  ағып келуін ұстап тұру  қажет. Бірақ үздіксіз культивирлеу жүйесіндегі микроорганизмдер өздігінен реттеуші қабілетке ие.

Егер де қабылданған  режим араластыру жылдамдығы есебінен бұзылса, онда жүйеде қандай өзгерістер тууы мүмкін? Қоспаның құрамы немесе қоректік ортаның берілу жылдамдығы өзгерген кезде жүйе тепе-теңдік күйден шығып, олардың параметрлерінде бір-бірімен байланысты өзгерістер пайда болады.

Араластыру жылдамдығы микроорганизмдердің меншікті өсу жылдамдығынан төмен деп қарастырсақ, демек D<μ. Мұндағы μ–D      айырмашылығы оң болады. Осыған байланысты ферментерге қоректік ортаның түсуі көбейсе, биомассаның  концентрациясы Х жоғарылай бастайды, ол қоректік заттардың жоғарылауына және зат алмасу өнімнің жиналуына әкеліп соқтырады. Осының барлығы микроорганизмдердің өсу жылдамдығына кері әсерін тигізеді, оның өсу жылдамдығы төмендей бастайды. Осының салдарынан μ – D  0-ге ұмтылады, ал жүйе жаңа жылжымалы тепе-теңдіктің қалыптасуына ұмтылады. Бұл жағдайда биомасса концентрациясы алғашқысымен салыстырғанда жаңа өте жоғары деңгейде тұрақтанады .

Егер араластыру жылдамдығы меншікті өсу жылдамдығынан жоғарыласа (D>μ), онда μ – D айырмашылығы теріс мөлшерге ие болады және жүйедегі биомасса концентрациясы төмендей бастайды. Қоректік заттар аз жұмсалып, оның концентрациясы өседі, ол меншікті өсу жылдамдығына жағымды әсер етеді. Нәтижесінде жүйе жоғары концентрациялы қоректік заттарға және биомассаның төменгі концентрациясына сәйкес жаңа қалыптасқан режимге келеді.

Олай болса, бастапқы мәнді (ағымының жылдамдығы немесе қоректік орта құрамы) өзгерте отырып, жүйеге ауысады. Жасуша - орта жүйені бір қозғалмалы тепе – теңдік күйден басқа бір күйге ауыстыруға болады, осыдан барып үздіксіз процестер өздігінен реттелу қабілетіне ие болады, ол максималды меншікті өсу жылдамдығын қамтамассыз етеді. Араластыру жылдамдығын максимальды меншікті өсу жылдамдығынан жоғарылатқанда, (D>μ макс), онда белгілі бір уақыттан кейін микроорганизм ферментерден шығарылып жуылады.

Үздіксіз культивирлеудің маңызды көрсеткішінің бірі - өнімділігі болып табылады, ол биомасса концентрациясы араластыру жылдамдығының жүруімен анықталады :

                                   П=DХ

Араластыру жылдамдығы максимальді болғанда, өнімділігі  максимум жағдайға жетеді.

 

Үздіксіз культивирлеу жүйесінің классификациясы

 

Қазіргі кезде микроорганизмдерді үздіксіз культивирлеу әдісі тереңірек теориялық негізі бар және іс-жүзінде кеңірек қолданылады. Үздіксіз культивирлеу процестерін қолдану қазіргі уақытта жеткілікті және оларды классификациялауға болады. Үздіксіз культивирлеуді классификациялағанда жұмыс істеу  принципіне қарай классификациялаған жөн.

Үздіксіз культивирлеу жүйесін ашық және тұйық деп ажыратуға болады. Ашық жүйедегі жоғары жылдамдықпен пайда болған жаңа жасушалар барлық уақытта ағымдағы ортада  жуылады, бұл жағдайда олардың тұрақты концентрациялары оңай  жетіледі.

Тұйық жүйеде жасушалар қандайда бір уақытта жүйеде тоқтап қалып, олардың саны ұлғаяды. Бұл жағдайда шектелген факторлардың бәрі басқасына  ауыстырылады, соңында жасушаның үлкен бөлігі өледі және   мұндай жүйе динамикалық тепе – теңдік жағдайына жете алмайды.

Іс-жүзінде  процесс периодты ұзартылған түрде жүреді. Сол себепті тұйық культивирлеу жүйесін, шектеусіз уақытта функциялауға қабілетті барды үздіксіз ағым деп қарастыруға болмайды. Жұмыс жасау принціпін техникалық өзгерту арқылы ашық жүйені тұйық жүйеге ауыстыруға болады.

Ашық жүйе мен тұйық жүйелердің басты айырмашылығы – ашық жүйе бекітілген динамикалық жүйеде жүреді, ал жабық демек, тұйық жүйе мұндай жағдайға  жете алмайды.

Үздіксіз процесс гомогенді - үздіксіз және гетерогенді - үздіксіз болып бөлінеді.Гомогенді–үздіксіз процесте ферментерде қарқынды араластырудың арқасында барлық параметрлері (қоректік заттардың концентрациясы, микроорганизмдердің өсу жылдамдығы)  барлық уақытта тұрақты.

 Гетерогенді – үздіксіз процесте бірнеше ферментер батареяға жалғасады, және әрқайсысы культивирлеу жағдайын тұрақты ұстап тұра алады,бірақ басқа  ферментерден айырмашылығы болады. Мұндай әдісте жасушалардың өсуі үшін үнемі тұрақты жағдайларды қамтамасыз ете алмайды

Ашық бірсатылы гомогенді – үздіксіз жүйелер. Ашық бірсатылы гамогенді - үздіксіз жүйе деген бір ферментерден барлық уақытта қоректік орта берілетін және культуралды сұйықтық шығарылатын жүйені айтады. Қарқынды араластырудың арқасында ортаның құрамы аппараттың кез келген жерінде гомогенді ұстап тұрады, осының арқасында микробтық жасушалар біркелкі физиологиялық күйде келіп түседі.

 Ортаны қарқынды араластырып ортаның біркелкі болуын қамтамасыз ететін негізгі аппарат ферментер болып табылады (7 сурет). Жаңадан дайындалған қоректі орта белгілі бір және тұрақты жылдамдықпен ферментерге келіп түседі. Культуралды сұйықтық және микроорганизмдерде өскен жасушалардың қосқан санымен, сондай жылдамдық пен ферментерден шығарылады. Жасушаның қоректік заттың және метоболизм өнімінің жалпы барлық компоненттердің концентрациясы ферментерде бірдей болады.

Гомогенді - үздіксіз процесте ферментерде периодтық әдіспен өсірілген культураның өсу қисығының кез келген нүктесіне сәйкес қолайлы жағдай тууы мүмкін. Бұл жағдайда бекітілген режимде  культивирлеу үлкен диапозондағы субстрат концентрациясын араластыру жылдамдығы іс - жүзінде нолге тең. Бұл аралық екі маңызды және араластыру жылдамдығымен анықталады.

Біріншісі–араластыру жылдамдығының критикасы Dкр, ол меншікті өсу жылдамдығының максимусынан да үлкен болады. Dкр > μмакс . Мұндай жағдайда микроорганизмдер өсуіне қарағанда, жуылуы тез жүреді және олардың концентрациясы біртіндеп нолге дейін төмендейді, ал субстрат концентрациясы (лимиттелген факторға ) максимум мәніне дейін жетеді.

Екіншісі –  араластырудың  шектелген жылдамдығы - көлемі  өте төмен. Ағымның жылдамдығы осы мәнге жеткенше беріледі де, ал  жасушалар ферментерде жиналып, стационарлы өсу фазасына  ауысады.

 

Хемостатты культивирлеу

 

 Гомогенді - үздіксіз культивирлеуде культураның шегіне дейін өсуі шектелмеген қалған элементтің саны  қоректену элементі арқылы қамтамасыз етілген болса, мұндай үздіксіз культивирлеуді хемостатты деп аталады.

Олай болса,  микроорганизмдердің  өсуін  ортаның химиялық факторлары реттейді .

Хемостатты культура  болып биомасса суспензиясын толық араластыруды, оған тұрақты жылдамдықпен ортаның берілуін және сол жылдамдықпен культуралды сұйықтық жасушамен бірге шығарылуы саналады. Ортаның компоненті мынадай жолмен бөлініп алынады,  қоректенудің  бір элементі жеткіліксіз түрде болуымен, сонда популяция тығыздығын оның концентрациясы арқылы анықтауға болады. Қалған қоректік элементтер артығымен беріледі, ол культивирлеу жағдайын ( t, рН, аэрация ) оптимальды ұстап тұрады. Хемостатта араластыру жылдамдығы алдын ала беріледі және лимиттелген компоненттер концентрациясы бақыланады. Микроорганизм осыған байланысты өздерін өз концентрациясымен ұстап тұрады. Хемостатты культивирлеу берілген қажетілікпен араластыру D коэффициентімен бұл вариантта гомогенді ағымда культивирлеу, оған культураның өсу жылдамдығы µ тұрғызылған.

Бұл кезде әр түрлі факторлар берілген шектелген концентрацияда биомассаның өсуіне қоректенетін компонетімен жағдай жасалғаны анықталған. Төмен субстрат қоректенбегенде (демек лимитация) күшті болады, жоғарыда - әлсіз.

Бұл культивирлеу әдісі лабораториялық жағдайда кеңінен қолданылады, ал өндірісте  белгілі осы факторда өсуін шектейді.

 

Хемостатты культивирлеудің теориясы.

Биомасса концентрациясымен Х, субстрат S және өсу жылдамдығының арасында қатынастар пайда болады.

Культураның өсуін хемостаты қисық сипаттайды. Аэробты жағдайда D араластыру жылдамдығы.

1 – биомасса концентрациясы, Х

2 – қалдық субстраттың концентрациясы, S

мұндағы: µ - бірлік уақыттағы биомасса өскендегі өсудің меншікті жылдамдығы.

мұндағы:  F – ағымның жылдамдығы, 

                 V – культураның көлемі.

      

Ортадағы бар элементтің ауыстыру уақытысында немесе ортаның әр элементінің ферментерге  келу уақытысы.

X – биомассаның балансы, кіріс, шығыс, демек биомассаның  санының өзгеруі ағып өтетін биомассаның - өсуі.

Өсу жылдамдығы    

Субстраттың лимитеуші өсуінің  балансы

Санының өзгеруі – ағымы микроорганизмнің субстратты тұтынғандағы  – әкелетіні.

Субстраты тұтыну жылдамдығы тең:

;

мұндағы: γ – экономикалық коэффициент немесе тұтынатын субстраттың синтезіндегі өткен доля биомассасы;

Sr – ортаға түсетін субстраттың концентрациясы;

S – ферментердегі  субстраттың концентрациясы.

Ферментердегі стационарлы жағдайы:

мұндағы: µm – max – өсудің мүмкіншілік жылдамдығы;

KS – const  моно/қанықан  const  лимитеуші субстраттың қалдық концентраты,  жәймен өсуідің шектейді.

S=KS·D/( µm - D)

D= µm  - ферментерден биомассаны шығарғанда теория жүзінде араластырғандағы критикалық жылдамдығы.

Іс жүзінде  Dкр =

Биомасса алудағы ферментердің өнімділігі: R=Dx

Негізгі константын біліп  және Y, µ=α мәні қандай болса да,  культураның параметрін Х және S есептеуге болады.

Хемостаты әдіс көп вариантқа ие.

Бір сатылы – max-дан басқа культураның жылдамдығының барлығының қажет болғанын  жасайды.

Екі сатылы – екі тізбектелген ферментерде культураның max өсу жылдамдығын бақылау және оны жоғарылауы үшін жағдай жасау.

Осы үшін бірінші ферментерде культивирлеу D>µm кезде жүреді, демек, ал екіншісінде біріншіден ферментерден культура беріледі және жаңадан  жасалған орта беріледі. Екінші ферментерде ағымның жоғары жылдамдығы жүреді,бірінші ферментерден үздіксіз культура келіп түседі.

 

Жұмысты орындау әдісі  

 

Жұмыс үш тапсырмадан тұрады. Микроорганизмдердің дамуына сыртқы жағдайдың әсерін зерттеу.

 

Материалдар және құрал жабдықтар

 

 

Хемостаты әдіс күрделі құрал – жабдықты қажет етеді: 0,5-2л сиымдылықтағы ферментер немесе термостатандырылған  аэрация араластырумен және белгілі жылдамдықпен ауа беру , автоматты түрде берілген деңгейін ұстау үшін оттегімен қаныққан ортаны өлшейтін электрод ортаны беруге мөлшерлеуші насостар. Датчиктің көрсеткіші, рН және О2 мәнінің  көрсеткішін автоматты өзі жазаылатынмен тіркейді.

 

 

1 тапсырма. Микроорганизмнің дамуына ылғалдың әсері

 

Материалдар және құрал жабдықтар

          

Ақ нанның бір жапырақ бөлігі, Петри табақшасы, микробиологиялық ілмешек, зең саңырауқұлақтың таза культурасы, спиртовка, 0,5л шыны банка қақпағымен, топырақ, заттың әйнек, фильтр қағазы.

 

Жұмыстың орындалуы

 

Нанның бірнеше түйірін алып әр түрлі ылғалдылықта Петри табақшасына салады және 20 минут 1атм-да зарарсыздайды.

Нанның бетіне зең саңырауқұлақтың спорасын жағады. Табақшаны термостатқа 25°С температураға қояды. Нанның бетінде өскен саңырауқұлақ колониясын күнде өлшейді.

Әр түрлі ылғалдылықта жиналған микроорганизмнің өсу қисығын тұрғызады.

 Екінші этап ұзақ уақытты қажет етеді. 0,5л шыны банкаға ауада кептірілген топырақты 10см қалыңдықта салады. Топырақты толығымен әр түрлі деңгейде ылғалдайды, банканы қақпақпен жабады. Заттық әйнекті фильтр қағазбен орап банкаға салады және 5-7см қалыңдықта топырақпен жабады да жылы жерге бір айға қалдырады. Осы уақыт аралығында периодты түрде ылғалдылығын тапсырма бойынша қадағалап отырады. 1,2,3 ай өткесін фильтр қағаздың жағдайын банкадағы қадағалайды. Жасушаны ыдырататын бактерияның дамуына топырақтың ылғалдылығының әсеріне қорытынды жасайды. Әр түрлі топырақтың ылғалдылығы топырақтың массасына қатынасына қарап белгілі судың мөлшеріне құяды. Әрмен қарай банкада тұрақты масса болуын  суды оған  мөлшерлеп құюмен ұстайды.

 

2 тапсырма. Бактерияның дамуына жарықтың әсері

 

 Материалдар және құрал – жабдықтар 

 

ЕПА бар Петри табақшасы, ішек таяқшасы бар таза кульура, микробиологиялық ілмешек, спиртовка, қара қағаз, қайшы, желім, шыны штапел, зарарсызданған 1мл суы бар пробирка, зарарсызданған пипетка.

 

Жұмыстың  орындалуы

 

Суытылған ЕПА бетіне ішек таяқшасының таза культурасын мол етіп құйылады. Ол үшін культурадан бактерияны ілмешекпен алады, және пробиркада 1мл зарарсызданған сумен (разводка) араластыру жасайды. Қоректік ортаның бетіне араластырылған культураның бірнеше тамшысын зарарсызданған пипеткамен жүргізеді және шыны штапельмен бетіне жағады. Петри табақшаның түбіне кішкене саңылау жасалған жеріне қара қағазды желімдейді. Петри табақшасын бірнеше сағатқа күн көзіне қояды, олай жасайтын себебі ортаның барлығы емес, тек бір бөлігін ғана қара қағаздың астындағы терезенің астын ғана күн сәулесі түсу үшін. Табақша шағылыстырылғаннан кейін термостатқа 43°С температураға қояды. Келесі сабақта табақшаны қарап анықтап және ортада жарықтандырғанға ұшырайтын  бактерияның өскені табылады.

 

3 тапсырма. Бактерияның өсуіне температураның әсері

 

Материалдар және құрал – жабдықтар

 

ЕПА бар Петри табақшасы, 1мл суы бар зарарсызданған пробирка, картоп және пішен таяқшасы, микробиологиялық ілмешек, спиртовка, шыны шпатель, пипетка, термостаттар.

 

Жұмыстың  орындалуы

 

Картоп және пішен таяқшасымен  микробиологиялық ілмешекпен, 1мл суы бар зарарсызданған пробиркаға ауыстырады,мұқият араластырады.Содан соң пипеткамен бактерияның араластырылған массасын  пипеткамен алып және  ЕПА бетіне екі тамшыдан  жүргізеді. Шыны шпателмен агардың бетіне материалды жүргізеді.Петри табақшасын термостатқа 20,40,600С температурада қояды және тоңазытқышқа 40С температураға  қояды.Келесі сабаққа алынған нәтижелерді қадағалап,  берілген бактерияның өсуі үшін оптимальды температурасын таңдайды.

 

Бақылау сұрақтары

 

1.Микроорганизмдерді культивирлеуге түсінік.

2.Периодты культивирлеу.

3.Үздіксіз культивирлеу.Хемостаты культивирлеу.

4.Культивирлеуге арналған аппаратуралар.

5.Микроорганизмнің сандық сипаттамасы.

6.Микроорганизмді культивирлеуде аэрация.

7.Микроорганизмді культивирлеуге сыртқы процестің әсері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№8  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

 

Витаминдер, ферменттер, аминқышқылдары синтезін

жүзеге асыратын микроорганизмдерге сипаттама. Шикізат түрлері.

Өнімдердің маңызы.

 

Жұмыстың мақсаты

 

Витаминдердің, ферменттердің, аминқышқылдарының  синтездеуін жүзеге асыратын микроорганизмдердің сипаттатын оқып меңгеру. Осы өнімдерді алу үшін шикізат түрімен танысу. Витаминдер, ферменттер, аминқышқылы продуцентінің штамымен жұмыс жасауда жаңалығын алу.

 

Теориялық негіздері

 

Витаминдер. Барлық тағамың  құрамын да кездесетін төменгі молекулалық органикалық заттарды – дәрумендер деп  атайды.  Дәрумендер  өте   төмен концентрацияда болса да, организмге  үлкен биологиялық әсерін тигізеді.

Азық-түлігінде жүгері өнімдері басым болатын кейбір елдерде пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері, терісі қабынып ауруға ұшырайды. Ал негізгі қорегі күріш дақылы болып табылатын Азия елдерінде бери-бери /паралич/ деген ауру кездеседі. Мұндай ауру кезінде нерв тармақтары қабынады да, қол-аяқ тырысып қалады. Мұндай сырқат әсіресе күрішті машинамен өңдеп, ақтау тәсілдерін енгізу салдарынан көбейіп кетті.

Поляк ғалымы К. Функ /1911ж/ ақталып тазартылған күрішті оның кебегінің сығындысын қосып, тауыққа береді. Мұндай жемді жеген тауық бери-бери ауруының өршуін болдырмаған. Мұнан кейін ғалым бери-бери сырқатынан сақтайтын затты күріш кебегінен бөліп алады. Ол амин тобы бар химиялық зат екенін анықтайды. Сондықтан Функ ол затты витамин деп атайды /латынша vita –тіршілік, өмір/. Дәрумендер жетіспеген жағдайда организм ауруға шалдығады.  Химиялық құрылысы жағынан дәрумендер алуан түрлі.  Дәрумендердің басым көпшілігіне спиртті және карбоксилды топтар тән.  Тек кейбіреулерінде ғана амин тобы болады.  Кейбір дәрумендер организмде де синтезделеді.  Олар азықтық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өніп - өсуіне әсерін тигізеді.

Дәрумендер сол сияқты жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар.  Кейбір жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің ұлпалары, мысалы: тамыры,  тұқымнан бөлініп алынған және қараңғыда өсірілген жас өскіндер тіршілік барысында өздігінен дәрумендерді синтездей алмайтындықтан,барлық уақытта оларды сырттан алуға мұқтаж болады.  Сондықтан да қоректік ортаға тиамин мен пиродиксинді аздап қосудың өзі көптеген өсімдіктердің оқшауланған тамыршалары мен жас өскіндердің өсуіне жақсы жағдай туғызады.

Витаминдер дегеніміз – азық-түлік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар организмінде бір қалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық заттар.

Қазіргі кезде витаминдік қасиеті бар отыздан астам зат белгілі. Олардың едәуір бөлігінің құрамында амин тобы бар, азот та болмайды. Осыған қарамастан, мұндай ауыстырылмайтын тіршілік факторлары үшін «витамин» деген тарихи термин сақталып қалды.

Адамның және жануарлардың организмінде, өсімдік тектес азықтарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады. Олар провитаминдер деп аталады.  Мұндай провитаминдер тиісті активті қалыпқа түскеннен кейін сәйкес витаминдерге айналады. Азық-түлікте, жем-шөпте ұзақ уақыт витаминдер болмаса  немесе организмнің витаминді сіңіру қабілеті бұзылса, ауру пайда болады. Ондай ауру авитаминоз деп аталады. Қоректе ұзақ уақыт С витамині болмаса, организм қырқұлақ ауруына ұшырайды. Мұндай витаминдер жоқ жағдайда қырқұлақ –С- авитаминоз деп жазу қабылданған. Осылайша рахит –Д- авитаминоз, бери-бери –В1-авитаминоз, т.с.с.

Дәрумендер микроорганизмдерге де әсер етеді.  Мысалы: күйіс қайыратын жануарлардың асқорыту трактісінде микрофлора В дәруменімен қамтамасыз етіледі. Дәрумендер мол мөлшерде әртүрлі ақуыздармен бірігетін өнімді құрайды. Ассимиляция  арқылы организмде дәрумендердің диссимиляциялануы жүргізіледі.  Ал кейде дәрумендердің кейбір молекулалары сыртқа шығарылады.

Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың және минералды тұздардың алмасуын тездететін де және реттейтін де дәрумендер.  Дәрумендерді тек дәрі – дәрмек ретінде қарастырып, оларды әртүрлі аурулардың алдын алып күресу үшін қолданатын заттар деп қарау қате.  Бұларды азықтық заттар деп қарауымыз тиіс, өйткені дәрумендер тағамның құрамына кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты жайы бұзылады.

Көктемде адамдардың әл – қуаты азайып, бұрыннан белгілі әр түрлі созылмалы ауруларды қоздырады.

Қазіргі кезде көпшілік адамдардың ерте көктемде әл – қуаты кеміп, тез шаршап, шалдығып, организмнің әлсіреуінің ең басты себебінің бірі – адам организміне қажет дәрумендердің жетіспеуі екендігі дәлелдеген.

Дәрумендердің адам организмі үшін биологилық мәні өте зор.

Олар организмдегі зат алмасу процесін жақсартады,организмдердің  әр түрлі  жұқпалы ауруларға қарсы күресу қабілетін күшейтеді және  адамның жұмыс істеу қабілетін жақсартады.  Сонымен қатар әрбір дәруменнің организмде ерекше орындайтын өз міндеті бар.  Айтып кеткендей организмде дәрумендердің бірден жетіспей қалуы зат алмасу процесінің жетіспеушілігіне ғана емес, сондай –ақ оларды организмнің дұрыс қабылдамауы және дұрыс қолданбауынан пайда болу мүмкін.

Жүргізілген ғылыми жұмыстардың қорытындыларына қарағанда ой жұмысымен шұғылданатын адамдардың организмі қара жұмыспен айналысатын адамдармен салыстырғанда дәруменді (әсіресе С дәрумені мен В тобының дәрумендерін) көбірек қажет етеді.  Сол себептен көктемде дәрумендері мол тағамдарды жиірек пайдаланған жөн. Бұл мезгілде кептірілген итмұрын жемісінің тұндырмасын, сонымен қатар басқа да жеміс – жидектердің шырындары мен қайнатпаларын асқа көбірек пайдаланған жөн. Тамаққа қосып көк пияздың және де ашытылған капусталарды пайдалану қажет.  Себебі, бұл тағамдардың құрамында әр түрлі дәрумендер мол болады.  Әрі ұзақ және жақсы сақталады.

 Басқа тағамдарға қарағанда сүтте жеткілікті мөлшерде көптеген дәрумендер бар және олар организмнің тұрақты қайнар көзі ретінде ерекше орын алады.  Барлық дәрумендер организмге комплексті әсер етіп, бірін – бірі толықтырады. Олар организмде жетіспесе, зат алмасу бұзылып, денсаулықтың нашарлауына әкеп соқтырады.Сөйтіп дәрумендер - әртүрлі химиялық, органикалық қосылыстар, тағамның басқа заттармен алмастыруға болмайтын заттары.

Дәруменді зерттеуді ең алғаш рет орыс оқымыстысы Н.И. Лунин бастады.  Ол алғаш рет тамақтың құрамындағы жануарлардың тіршілігіне әсер ететін заттарға көңіл аударды.  Себебі жануарлар тіршілік ету үшін көмірсутектер, майлар, ақуыздар, минералды заттар және судың жеткілікті  қажет болуы деген пікір қалыптасып келеді. Бірақ Н.И. Луниннің жасаған тәжірибиесі ол пікірді жоққа шығарды.  Н.И. Лунин жоғарыда көрсетілген заттардың қоспасымен –ақ тышқандарды қоректендірген. Тәжірибиеде тышқандардың тіршілік етуі үшін бұл бұрыннан белгілі қажетті заттармен қоса тағы бір белгісіз зат бар деген пікір пайда болды.  Осындай пікірді К.Функ, С.А. Сосиннің  және тағы басқа шетел оқымыстыларының жұмыстары дәлелдеді.

1912 жылы поляк оқымыстысы К. Функ ашытқыдан дәруменге ұқсас құрамында амин тобы бар кристалды затты бөліп алды. Бұл затпен полинефрит аурумен ауырған көгершінді емдеп жазды.  Ол бұл заттың жануарлар организміне тигізетін әсерін зерттей келе, оның проф. Н.И. Лунин ашқан жаңа затқа  ұқсас екенін анықтады.  Осыдан кейін Функ адам мен жануарда болатын кейбір аурулар тағамның құрамындағы белгісіз бір заттың жетіспеуінен болады деген қорытындыға келді. Ол затты дәрумендер деп атады.  Вита – латынның өмір деген сөзі, ал амин деп химияда құрамында азоты бар заттарды атайды.  Бұл заттың жетіспеуінен туатын ауруларды – авитоменоз деп атаған.

1948 жылы Смит Фолкерс, тағы басқалар В12 дәруменін тапты. Бұл дәруменнің жетіспеуі адам организміне қанның азаюына әкеліп соқтыратыны белгілі болды.

Демек, дәрумендердің тағамдық заттарда жетіспеуінен болатын дерттер көне заманнан –ақ белгілі болғанымен, оның себептері осы біз өмір сүріп отырған ғасырлардың бастапқы жылдарында ғана анықтала бастады.

Суда еритін дәрумендерге: тиамин (В1 дәрумені, аневрин), рибофавин (В2 дәрумені, лактофлавин), пантотен қышқылы (В3), никотин қышқылы (В5 немесе РР никотинамид, пеллаграға қарсы), пиридоксин (В6 дәрумені, адермин), коболамин (В12 дәрумені, антианемил), никотиномид, аскорбин қышқылы (В15 дәрумені), инозит, холин, биотин (Н дәрумені), рутин, фолий қышқылы және тағы басқа түрлері енеді.

Майда еритін дәрумендерге: ретинол (А дәрумені), убихинол (Q), кальциферол (Д дәрумені, антирахит), токоферол (Е дәрумені, антисерильді), филлохинон (К дәрумені, антигеморрологиялық), алмастырылмайтын май қышқылдары ( A, D, E,  R,  Q) және тағы басқалары кіреді.

 Қазіргі кезде 30-дан астам дәрумен түрлері ашылды.  Суда еритін дәрумендер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің активтілігін жоғарылатады.  Кері де әсер етеді.  Суда жақсы еритін дәрумендер түрі көп. Бұл дәрумендерді адам организмінің қабылдау мөлшері де түрліше болады.

Дәрумендер организмінде тотығу – тотықсыздану реакциясына түседі.  Дәрумендерге бауыр, бүйрек, жүрек, ішек – қарын, жұмыртқа, ет-сүт, май, нан, жеміс жидектер өте бай келеді.  Дәрумендерді организмнің қажет етуі тамақтану режимі кезінде өзгерумен бірге, сол сияқты кейбір физикалық және патологиялық жағдайда да күшті өседі. Мысалы: организмнің буаз не екі қабат кезінде төлдері мен балаларын тамақтандыруда, жұқпалы ауруларда және т.б.

Ал дәрумендерді мол мөлшерде пайдалану гипервитаминоз құбылысының тууына әкеледі.  Тамақ азықтарында, дәрі – дәрмектік өсімдіктер мен басқа да заттардың құрамында кездесетін дәрумендерді түрлі түсті сапалық реакциялар көмегімен анықтауға болады.

Авитаминоз ауруларын витаминдерді көбірек беру арқылы емдейді. Авитаминоз ауруларының белгісі айқын білінеді, сондықтан оның диагнозын қойып, анықтау онша қиын емес.

Витаминнің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді. Бұл жағдайда гиповитаминоз деп аталады. Гиповитаминоз жағдайы организмге қажет витамин мөлшерінің нормадан төмендеп кетуінен болады. Гиповитаминоз белгілерін анықтау қиындау. Әдетте гиповитаминоз сырқаты қыстың аяғына таман, азық-түлікте және жемшөпте витаминдер мөлшері өте азайған кезде байқалады.

Кез келген витаминді /әсіресе А және Д витаминін/ организмге қалыптан тыс көп беру гипервитаминоз ауруына ұшыратады. Витаминді бір жолы көп мөлшерде қабылдау уландырады. Ондай жағдайда «гипервитаминоз» - деуге болмайды.

В12 витамині (цианокобаламин, антианемиялық витамин)

Химиялық құрамы. В12 витаминінің химиялық құрылымын Дороти Ходжкин рентген сәулелерімен дифракция жасау әдісі арқылы анықтады. В12 витамині химиялық құрамы ең күрделі витаминге жатады және құрамында металл бар бірден бір витамин болып табылады.

В12 витамині молекуласында негізгі орынды коррин сақинасы жүйесі алады, ондағы пиррол сақинасының жұбы өзрара тікелей байланысқан, екінші жұбы, гем порфириніндегідей, метил көпіршесі арқылы байланысады. Коррин ядросында сутегі атомдарының орнын метилдік, ацетамидтік және пропиониламидтік топтар басқан кезде корфирин деп аталатын қосылыс пайда болады.  Корфирин молекуласында 8 метилдік, 3 ацетамидтік, 4пропиониламидтік топтар бар. Корфирин азот атомы арқылы кобальтпен байланысып, кобаламин түзеді. Ортасында кобальтпен циан тобы байланысады, сондықтан В12 витамині цианкобаламин деп ет аталады. Екі валентті кобальт гендегі темір ораналасқандай жағдайда болады.

Биологиялық қызметі. В12 витамині жануарлар тканінде коферменттік қызмет атқарады. Оның екі туындысы – метилкобаламин және -5-дезоксиаденозилкобаламин кобамидтік ферменттер қатарына жататын кофакторлар болып табылады.

Авитаминоз. В12-авитаминозы кезінде қатерлі(пернициоздық) анемия ауруына ұшырайды, мұндай ауру салдарынан қанда жетілмеген жаңа тұрақсыз көптеген эритроциттер пайда болады. Эритроциттердің жалпы саны азаяды. Сол сияқты лейоциттердің де саны кемиді.

Осы ауру кезінде жілік майында жүретін митоз құбылысы шектеледі және ДНК синтезі тоқталады. Сол сияқты тез өнетін басқа да тканьдер, мысалы, асқазанның мырыш қабаты(тұз қышқылы НСI түзілуінің тоқталуы салдарынан) және нерв тканьдері зақымданады.Нерв жүйесінің зақымдануы асқына түседі.

В12 витамині фоли қышқылымен өзрара әрекеттесіп, эритроциттердің дамып жетілуін тездетеді, организмде қан түзілу қызметін қамтамасыз етеді.

Табиғатта таралуы. Азық-түлік құрамында кобальт болса, В12 витаминін асқазан-ішек жолында микрорганизмдер синтездейді. Кобальт, әсіресе, жануар тектес өнімдерде – бауырда, бүйректе, жүректе, мида, сиыр етінде, жұмыртқаның сары уызында, сүтте көп болады. Өсімдіктерде іс жүзінде синтезделмейді. Ересек адамға тәулігіне қажетте 2-3 мкг, балаларға қажет мөлшері 0,5-2,0 мкг.

В2 витамині (рибофлавин)

Химиялық құрамы. В2 витамині молекуласы құрылымынң негізіне изоаллоксазин сақинасы (өзара жалғасқан үш сақина), оның екі метил тобы және көміртегінің бес атомы бар рибитол спиртінің қалдығы жатады. Өзінің сары түсіне (флавоссары деген сөз) және молекуласындағы рибитолға байланысты В2 витамині рибофлавин деп аталады, ал сүттен бөліп алынған витаминнің лактофлавин деген атауы бар.

Биологиялық қызметі. Рибофлавин дегеніміз ФАД және ФМН коферментінің активтібөлігі болып табылады. Ол коферменттер апоферменттермен өзара әрекеттеседі де, тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш бірнеше ферменттер – флавиндік дегидрогеназалар немесе флавопротеидтер түзеді.

Авитаминоз. В2-авитаминоз ауруы витамин жеткіліксіз бола бастағаннан немесе азық-түлікте және жемшөпте ол мүлде болмағаннан кейін 3-4 ай өткен соң білінеді.

В2-авитаминоз сырқатына тән құбылыс көз ауруынан басталады. Көз жұқпалы емес коньюктивит сырқатына ұшырайды. Көздің қасаң пердесі қабынады, көз айнасы тұнжырап қарауытады. Рибофлавин жеткіліксіздігі салдарынан жас малдың өсуі тоқталады, терісі ауруға ұшырайды, жүн мен шаш түседі, бұлшық еттері бірден әлсіреп нашарлайды.

В2- авитаминоз кезінде үй құстарының жұмыртқалауы нашарлайды. Авитаминоз ауруы асқанған кезде организм тырысып, параличке ұшырап, сал болады, жүріп-тұруы қиындайды, сөйтіп өлімге душар етеді.

Табиғатта таралуы. Рибофлавинді өсімдіктер мен жануарлар синтездеп жасайды. Бұл витаминге әсіресе бай өнімдерге бауыр, ашытқы, бидай, қарабидай, бұршақ тұқымдас өсімдіктер жатады. Ол сүтте, жұмыртқада, бүйректе болады.

Ол витаминді шошқаға, тауықтарға және итке беру қажет. В2 витаминнің жетіспеуінен ірі қара, жылқы, қой мен ешкі оншама сезінбейді, өйткені ол витаминді бұл аталған жауарлардың ас қорыту жолында микроорганизмдер синтездеп жасайды.  Адамға әр тәулікке қажет мөлшері болады.

Эргостерин – эргоста – 5, 7, 22 – триен - 3β – ол* - майда еритін Д2 витамині мен Д2 витаминімен қанықтырылған азықтық препараттар өндірісінің бастапқы шикізаты. Д витаминдерінің тобына туыс қосылыстарды біріктіреді, олардың ішіндегі маңыздысы антирахитикалы қасиеті бар Д2 және Д3 витаминдері. Д2 витамині (эргокальциферол) эргостеринді ультракүлгін сәулесімен сәулелендіру арқылы түзіледі, Д3 витамині (холекальциферол) 7-дегидрохолестериннен түзіледі.

 

Адам мен жануар ағзасында бұл қосылыстар азықтан фосфор мен кальцийдің қорытылып, сіңірілуін және олардың сүйек ұлпасына жиналуын реттейді. Эргостерин мен Д витамині құрылымының негізінде төрт көміртекті циклі (А, В, С, Д) жатады. Д витаминінде В сақинасы тұйықталған.

Эргостерин мен Д витаминінің көмірсутекті құрылымы олардың липофильді құрамын анықтайды.

 Аминқышқылдар – бір  немесе  бірнеше  амин  қышқылдарынан  тұратын   карбонды қышқылдар, олар табиғатта кең таралған. Олар табиғи ақуыздардың  құрылымдық элементі   болып   табылады.  Аминқышқылдарының  жалпы  формуласы  RCH (NH2) COOH ( пролин  мен оксипролиннен  басқа) .

Ақуыз құрамына кіретін 20 аминқышқылдарының   сегізі   адам  мен  жануар  ағзасында синтезделе алмайды, сондықтан оларды алмастырылмайтын аминқышқылдары  деп  атайды.  Оған фенилаланин, изолейцин, лейцин, лизин, метионин, треонин,   триптофан  және  валин кіреді. Адам және жануарлар   организіміндегі   зат алмасу процесі тек алмастырылмайтын  аминқышқылдарының жеткілікті мөлшерде және белгілі бір арақатынаста болғанда ғана жүреді. Алмастырылмайтын аминқышқылдарының біреуінің    жетіспеуі    ағзадағы зат алмасу процесінің күрделі бұзылуына әкеп соқтырады, сөйтіп ағзаның өсуі мен дамуы  баяулайды.

Тағамның құндылығын   жоғарылату  үшін   тағам   өнімдерін   алмастырылмайтын аминқышқылдармен байыту қажет. Жануарлар рационына жетіспейтін   аминқышқылдарын 10 ℅ мөлшерінде енгізсе азықтық ақуыздың бағалылығын 2  есе  жоғарылайды. Қазіргі уақытта азықты байытуға көптеген елдерде лизинді кеңінен қолданады.

Ауылшаруашылығынан басқа аминқышқылдарын ең басты тамақ өнеркәсібі қажет етеді. Аминқышқылдары азықтық өсімдік өнімдерінің қоректік бағалылығын жоғарылататын байытушы ретінде қолданылуы мүмкін, сонымен қатар приправа ретінде қолданылуы мүмкін, өйткені ол белгілі бір дәмдік   қасиеттерге ие және өнімге белгілі бір аромат пен дәм бере  алады. Аминқышқылдары   және оның  өнімдері  беттік – активті заттар мен полимерлер синтезінде, моторлық жылытқыштарға қосымша ретінде,    электрохимияда, медицинада және т.б.жерлерде қолданылуы мүмкін.

Аминқышқылдарының мәні мен перспективтілігіне   қарамастан, өндірістің  көптеген   салалары оларды  кеңінен  қолданылуын  аз көлемді  өндіріс екенін және бағасы жоғары болуымен шектеледі.

Қазіргі уақытта аминқышқылдарын алудың 3 әдісі бар: табиғи ақуыздардың гидролизаттарынан бөліп алу, химиялық синтез және микробиологиялық синтез.

Табиғи ақуыз гидролизін қышқылмен, сілтімен немесе  фермент  көмегімен жүргізуге   болады. Бірақ бастапқы шикізатты ( ет өндірісінің қалдықтары, жұмыртқа ақуызы, сүт казейні және  т.б.)  қымбаттығы мен  тапшылығы, сонымен   қатар аминқышқылдарының бөлінуі  мен  тазалануының қиындығы – бұл  әдісті кең   қолдануға мүмкіндік бермейді.

Аминқышқылдарының химиялық синтезіне D және L  формасының  рацемикалық қоспасы түзіледі, оны бөлу  өте  қиын.  Биологиялық активті L және D-аминқышқылдары адам және жануарлардың ағзасында сіңірілмейді. Синтетикалық аминқышқылдарының және оның өнімдерінің халық  шаруашылығының   әртүрлі   салаларында кең қолданылуы аминқышқылдары синтезі мен экономикалық жағынан тиімді  технологиясын құрғанда ғана  оның рацемикалық   қоспасын   бөлу мүмкін.

Аминқышқылдарын   микроорганизмдер  көмегімен алу әдісі біздің жүзжылдықтың 60-шы жылдары пайда болды. Қазір   аминқышқылдарын   продуцирлеуге   қабілетті микроорганизмдердің жүзден астам түрлері мен штамдары алынған және  селекционирленген. Бұл әдістің үлкен жетістігі – аминқышқылдарын биологиялық активті  L –формада түзілуі оның бөлінуі мен тазалануын едәуір жеңілдетуі болып табылады.

 Аминқышқылдарының микробиологиялық синтезінде   ауксотрофты    мутанттарды қолданады, яғни мутагендік факторлардың әсерінен (сәулелену,  химиялық әсер  және тағы басқалар) аминқышқылының өсуі мен дамуына керек қандайда бір қажеттілікті өздігінен синтездеу қабілетіне жұмсайтын бактериялар, мысалы, гомосерин, бірақ олар  басқа  аминқышқылының  жоғары синтезі қабілетіне ие болады.

Мұндай бактериялардың өсуі мен көбеюі  үшін қоректік ортада  белгілі  аминқышқылдарының құрамы болуы тиіс: гомосерин, треонин, метионин және тағы басқалар.  Көп жағдайда мутанттарға биотин қажет. Мұндай   бактериялар гомосериндефицитті деп аталады. Табиғатта кездесетін кейбір бактериялар өсу  процесінде,  ортада 2-5 г/л дейін бос аминқышқылдарын жинауға  қабілетті, ал  ауксотрофты  мутанттар оны 20-100 г/л дейінгі үлкен мөлшерде продуцирлей алады.

Аминқышқылдарының микробиологиялық синтезі көптеген елдерде  меңгерілген. Біздің елдің өндірістік масштабында L- лизинді алады, басқа амин    қышқылдарын алудың кеңінен зерттеулері жүріп жатыр. Аминқышқылдың ферментативті синтез реакциясы клетка ішінде жүреді.

Алғашында аминқышқылы клетка ішінде бос аминқышқылдары түрінде жиналды. Культивирлеудің ертерек этаптарында кіретін периодты культивирлеуде аминқышқылдың активті жиналуы оның өсуі.

Ферменттер. Микроорганизмнің ферментінің ерекшелігі. Ферменттер іс жүзінде адам тіршілігінің әр қилы салаларында биологиялық катализатор ретінде кеңінен қолданылады. Олардың алынатын көзі жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер болып табылады. Қазіргі уақыта екі мыңдай фермент түрлері бекітілген.

 

 

 

 

4 кесте-  Экспоненциальды фазасының ортасында жүріп, соңында максимум мәнге жетеді.

 

Аминқышқылы

Өндіру тәсілі

Өндіру көлемі т/г

Амин

Арненин

Испаргин қыш-лы

Аспаргин

Цитруллин

Цистеин

Цистин

Глицин

Глутамин қыш

Гистидин

Гомосерин

Оксипролин

Глутамин

Изолеицин

Лейзин

Лизин

Метионин

L-метнонин

Орнитин

Фенилалонин

Пропин

Серин

L-треонин

ДL-,L-триптофин

Тирозин

Валин

Дофа

Ф,х

М,Х,Г

Ф

Х,Г

М,Х

Г

Г

Х

М

М,Г

М

Г

М

М,Г

М,Г

М

Х

М

М,Г

М,Х

М,Г

М,Г

М

Х,Ф

М,Г

М

Ф

150-200

100-300

1000

10-50

10-50

1-10

100-200

5000-6000

100000

100-200

10-50

10-50

200-300

10-50

50-100

15000

60000-7000

100-200

10-50

50-1000

10-50

10-50

50-100

100

10-100

50-100

0,1

 

Микроорганизмдер фермент продуценттері ретінде қызығушылық тудырып отыр, әсіресе олардың метаболизмі мен ферментті жүйелердің жұмысы өте жоғарғы жылдамдықпен іске асады (қарқындылықпен).

Метаболизмнің жоғары қарқындылығымен қатар микроорганизм биомассасының өте жоғарғы жылдамдықпен өсетіндігін есте сақтау керек. Бұл өте қысқа уақыт арадығында (24-124 сағатта) өсімдіктер мен жануарлар беретін фермент мөлшерімен салыстыруға болмайтын ферментті бөліп алатын шикізат мөлшерін алуға мүмкіндік береді.

Микроорганизм жасушасындағы жеке ферменттердің мөлшері өте жоғары болуы мүмкін.Көптеген микроорганизмдер сұйық культураға мол мөлшерде бөлінетін ферменттерді түзеді. Фермент препараттарын микроорганизмдер жасушасынан алу және әсіресе оларды өсірілгеннен кейінгі культуралды сұйықтықтан бөліп алу өсімдік пен жануарлар ұлпаларынан алған экономика жағынан  өте тиімді және оңай. Бір қатар ферменттер тек микроорганизмдерден анықталды. Мысалға, кератиндер, танназалар, рацемазалар және тағы басқа. Кейбір бактериялар сипатымен ерекшеленеді, олардың қабілеті  күкіртті қосылысты,аммиакты тотықтырады және тағы басқаларды да,қоршаған ортаны ластайтын заттардан тазартуды микроорганизмдерден пайда болатын ферменттердің қабілетімен пестицид пласмас компоненттерін ыдырататын қасиетімен жүргізіледі .

Микроорганизмдердің қолайсыз жағдайларда, яғни жоғары және төмен температурада, қышқыл немесе сілтілі ортада молекулалық оттегі болмаған жағдайда, тұздың жоғары концентрациясында  көбінесе олардың  ферментінің сипатымен анықталады.

Микроб тектес көптеген ферменттердің қасиеті олардың индуцибелділігі болып табылады. Сонымен β – галактозидазаның синтезі Esherichia coli лактозамен индуцирлейді де және оны қосқаннан кейін үш минуттан соң басталады, индукторды жойғаннан кейін дәл осылай тез тоқталады. Дәл осындай реакцияны катализдейтін, бірақ өзге организмнен алынған қасиеті бойынша ажыратылады.

Микроорганизмдер ферментативтік реакциялардың өте жоғары активтілік қасиетіне ие және микроорганизмдерде жоқ көптеген процестерді арнайы ферменттердің болуының арқасында іске асыра алады. Сондықтан әр түрлі микроорганизмдерден алынған ферменттерді зерттеу өте қиын мәселе.

 

Өндірісте қолданылатын микроорганизм  ферменттері

 

Адам өзінің тіршілігі барысындағы іс – тәжірбиесінде өте ертеден бері микроорганизмдердің ферментативті активтілігін қолданып келеді. Саңырауқұлақ культурасын бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Кореяда, Жапонияда және басқа да басқа да  елдерде крахмалды өнімдерді қыздырып, спирт алу үшін қолданған.

Шарап қайнату, нан пісіру, талшықты өсімдіктерді өңдеу, сүт қышқылды өнімдерін алу тәсілдері адамзатқа бұрыннан  беглі. Бірақ нақты микроорганизмдердің ферментативті активтілігін қолданып,ферменттің жеке өзін химиялық қосылыстардың арнайы және күрделі құрылыстарын қолдану салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Өндірістік масштабта ферменттер Жапонияда, АҚШ-та, Англияда, Францияда, Голландияда, Данияда, Швейцарияда, Чехияда, Словакияда, Венгрияда, Польшада және бір қатар басқа да елдерде өндіріледі. Соңғы уақытқа дейін микроорганизмдерден алынатын ферменттерді негізінде жеткізіп берушілер саңырауқұлақтар болды. Бірақ қазір кейбір бактериялардың ферменттері кеңінен қолданыс тауып келеді.

Барлық ферменттер алты класқа бөлінеді:

1) Оксидоредуктазалар;

2) Трансферазалар;

3) Гидролазалар;

4) Лиазалар;

5) Изомеразалар;

6)Лигазалар(синтетазалар).

Қатты ортада өсетін микроорганизмдер өзінің тіршілігі барысында сыртқы ортаға байланысты әр түрлі гидролитикалық ферменттерге бөлінеді. Осы әдіспен алынған микроорганизмдер культурасы әр түрлі деңгейде тазартылған фермент препараттарын алу үшін бастапқы материал болып табылады, ал кептірілген жағдайда ол техникалық препарат болып табылады.

Беттік культивирлеуде микроорганизмдермен синтезделетін комплекс ферменттер, продуценттің физиологиялық ерекшелігіне, қоректік ортаның құрамы мен өсіру жағадайына тәуелді болады. Продуцент ретінде актиномицеттер, мицеалалы саңырауқұлақтар, бактериялар мен ашытқылар қолданыла алады. Бірақ көбінесе беттік әдіспен культивирлеуде микроскопиялық саңырауқұлақтар қолданады.

Бұл лабораториялық жұмыста микроскопиялық саңырауқұлақтарды немесе ашыту қабілеті бар микрорганизмдерді қолданған қолайлырақ, мысалға, Asp. Oryzaе, Asp. Flavus, Asp. Awamori, Asp. Niger, Rh delemar, Endomycopsis fiduliger және тағы басқалар.

 

Материалдар және құрал-жабдықтар

 

Таза культурасы бар пробиркалар залалсыздандырылған қоректік орталар:    қисық ЕПА, түзу ЕПА, ЕПС, ЕПЖ бар пробиркалар, сүт, картоп қисығы, микробиология ілмешек, спирт шамы, микроскоп, бояулар.

 

Жұмыстың орындалуы

 

Берілген микробтың морфологиялық белгілері клетканың пішіні және мөлшері (клетканың орналасу сипаты, қозғалғыштығы спора және капсуланың болу болмауы қоректік заттың бөлінуі т.б.) нақты сипатталатын микроағзалардың таза культурасын өміршең және тұрақты препараттар дайындалады.

Бактерия түрін зерттеуде олардың морфологиялық белгілері ғана емес, сонымен қатар культурадағы бактерияның тәртібіне негізделген басқа да белгілері қолданылады., бұл жағдай бактерияның белгілі бір дәрежеде физиологиялық белгілерін көрсетеді.

Таза культурадағы зерттелетін микроағзалардың физиологиялық және биохимиялық белгілерін бейнелеу үшін, стерильдігін сақтап, диагностикалық қоректік орталар мен алты пробиркаға егіледі: 1-ЕПБ, 2-ЕПА-түзу, 3-ЕПА-қисық, 4-ЕПЖ, 5-сүт, 6-картоптың қисығы. 2және 4 пробиркаға микробиологиялық ине мен түйреп қайта егеді, ал басқаларына – микробиологиялық  ілмекшепен қайта егеді ЕПЖ-дан басқа пробиркаларды 25-28°С температурада термостатқа салынады, ал ЕПЖ бөлме температурасында сақталады.(25°С жоғары емес).

Бірнеше күннен кейін, бактериялардың ауа ортасынан екенін анықтайтын кестені немесе анықтауышты пайдалана отырып, бактериялардың түрін, туысын анықтауға кіріседі.

Мысалы ретінде бактериялардың кейбір пішінін анықтайтын төменде кесте берілген (Ленус бойынша қысқартылған)

 

Бактериялардың кейбір пішінін анықтауға арналған кесте

 (Ленус бойынша қысқартылған).

 

А. Туысын анықтау

1. Коккалар                                                                                                                                   2

-  Таяқшалар                                                                                                                                 3

2. Сұйық ортада бір клетка болып, екеулеп немесе дұрыс емес топталып өседі. Микрококкалар ( Micrococcus)

-  Сұйық  ортада тауар теңі  сияқты пакетпен өсу. Сарцина (Sarcina)

-  Сұйық ортада ұзын тізбектеліп өсу. Стрептококкалар (Streptococcus)

3. Спорасыз түрлері. Бактериялар (Bacterium)

-   Споралы түрлері. Бациллалар(Bacillus)

Б. Микрококк  туысы (Micrococcus)

1. Агарда және желатинде ақ,  сұр, сары және қызыл сары болып өседі.   2

-   Агарда және желатинде ашық қызылдан қанық қызылға дейін өседі.    11

-   Агарда және желатинде көк болып өседі. М.cuaneus Colin.

2. Желатинде іриді.                                                                                                            3

-  Желатинде ірімейді.                                                                                                       6

3. Сүтте ұйыйды.                                                                                                              4

-  Сүтте ұйымайды.                                                                                                          5

4. Ақ болып өседі.  М.acidi lactis Kriiger.

-  Сары болып өседі.  М. citreus Passet.

-  Қызыл сары болып өседі.  М.aureus(Bosenb).Migula.

5. Ақ болып өседі. М.butyri Keith.

-  Сары болып өседі.  М.chromoflavus Huss.

-  Сұр- сары болып өседі.  М.cremoides Zimmerm.

-  Қоңыр- сары болып өседі.  М.badius L.и  N.

6. Сүтте ұйыйды.                                                                                                              7

-  Сүтте ұйымайды.                                                                                                          8

7. Ақ болып өседі. М.lactis acidi Leichm.

-  Сары болып өседі.  М.lactis acidi Marpm.

- Қызыл сары болып өседі.  М.umbilicatus Weiss.

8. Ақ болып өседі.                                                                                                              9

-  Басқа түсте  болып өсуеді.                                                                                             10

9. Қозғалмайтын түрлері.  М.agilis albus Catterina.

  - Қозғалмайтын түрлері.  М.candicans Fliigge.

10. Сары болып өседі.  М.sulfureus Zimmerman.

-    Қызыл сары болып өседі.  М.aurantiacus Cohn.

-  Қоңыр-сары болып өседі.  М.versicolor Lbs.

-  Мөлдір болып өседі.  М.concentricus Zimmerman.

11. Қозғалмайтын түрлері.  М.agilis Ali Slshen.

-    Қозғалмайтын түрлері.  М.roseus L.и N.

В. Сарцина туысы  (Sarcina)

1. Агар мен желатинде ақ, сұр, сары, қызыл сары болып өседі.                                                   2

-  Агар мен желатинде ақшыл қызыл немесе қызыл болып өсу.Sarcina rosea Schroter.

2. Ақ және сұр болып өседі .  Sarcina alba Zimmerm.

-  Сары болып өседіу.  Sarcina lutea Fliigge.

-  Қызыл сары болып өседі.  Sarcina aurantiaca Fliigge.

-  Қоңыр-сары болып өседі. Sarcina julva Stubenrath.

 Г. Стрептококк туысы  (Streptococcus)

1. Желатинде іриді.  Str. gracilis L.  N.                                                                                           2

-   Желатинде ірімейді.

2. Сүтте ұйыйды.  Str. pyogenes Bosenbach.

-  Сүтте ұйымайды. Str. Kefir Migula.

 Д. Бактерия туысы  (Bacterim)

1. Ақтан сұрға дейін өседі, субстрат боялмайды.                                                                         2

-  Ақтан сұрға дейін өседі, субстрат жасылға,көкке, қанық қоңыр түске боялады.                                                                                                                             7

-  Сарыдан қызыл сарыға өседі.                                                                                                   9

-  Ақшыл қызыл болып өседі, қызылдан қоңыр қызылға өседі.                                                  12

-  Көктен күлгін түске өседі.                                                                                                       13

2. Колониялардың түзуі, тісті немесе тегіс жиегімен.                                                                   3

-  Колониялар дұрыс емес өсуімен немесе сәулелермен.  B.vulgare L.и  N.

3. Қозғалмайтын түрлері.

-  Қозғалмайтын түрлері.

4.  Сүтте ұйыйды.

-   Сүтте ұйымайды.  B. lactis innocuum  Lbs.

5.  Сүтте газдың түзілуі.  B.acidi lactici Hiippe.

-   Сүтте газдың түзілмеуі.  B. limbatum Marpmann.

6.  Сүтте ұйыйды, газ түзілмейді. B.coli Esch.

-   Сүтте ұйымайды, газ түзілмейді.  B.Stutzeri  L.и  N.

7.  Желатинде іриді, жасыл субстратты.  B. fluorescens Fliigge.

-    Желатинде ірімейді.

8.  Субстрат жасыл түске боялады, қоңыр түсті.  B. putidum Fl.

-    Субстрат көктен қара түске дейін боялады.  B. syncyaneum Fl.

9.  Ашық қанық сары жасыл түс, желатинді ірітетін қозғалмайтын

    өте кішкентай таяқшалар. B. turcosum Zimm.

-         Лимон түсте және алтын-сары түсте өсуеді.

Таяқша қозғалмайды, желатинді ірітпейді.  B. luteum Fl.

 -  Сарғыш –ақтан қызыл-сары қоңырға дейін өседі.

 -  Лимон-сары және қызылмен субстрат болып өсуі.  B.erythogenes  L.и  N.

 -  Қызыл – сарыдан кірпішті қызылға дейін өседі.

10. Желатинде ірімейді, қозғалмайтын таяқшалар. B. crenoides.

-    Желатинде іриді, қозғалмайтын таяқшалар.  B. cchraceum pimm.

11. Қозғалмайтын түрлері.  B. fulvum Zimmerm.

-    Қозғалмайтын түрлері.  B. chrysogloea Zopp.

12. Желатинде ірімейді, қозғалмайтын түрлері. B. latericium L.и N.

-    Желатинде іриді, қозғалмайтын түрлері. B. prodigiosum  L.и N.

13. Көгілдір болып өседі.  B. violaceum Schroier.

-    Көк болып  өседі.  B. coeruleum L.и N.

Е. Бацилла (Bacillus)

1. Аэробты түрлері

-  Қатаң аэробты түрлері.

2. Желатинаға бүйірінің тармақталуы арқылы түйреу.

-  Желатинаға тармақталмай түйреу.

3. Жұқа ұзын тамыр шашақтарына ұқсас тармақтану.

    Баяу қозғалатын бацилла.  Bac. Mycoides Fl.

-  Өте қысқа бұтақтану. Қозғалмайтын бацилла.  Bac. ellenbachensis Caron.

4. Картоп түрінде жұқа өседі, мөлдір қабат пленкасы.  Bac. tumescens Zopp.

-  Картопта ақ  түсті томпақ қабаты түрінде өседі. Bac. oxalaticus Zopp.

-  Картопта сұр, тегіс ұн тәрізді өседі.  Bac. subtilis Cohn.

-  Картопта қатпарлы, әжімді өседі.

5. Бояу қозғалатын түрлері.  Bac. megaterium De Bary.

-  Жылдам қозғалатын түрлері.

6. Агарда және желатинде мөлдір сұр түс болып өседі;

   өте ірі қабыршақты споралар.  Bac. asterosporus A. M.

-  Сары болып өседі, цилиндрлі споралар және

    майда таяқшалар. Bac. parvus A.M.

7. Ақшыл-сұр болып өседі.  Bac. mesentericus vulgatus Fl.

-  Сарғыш болып өседі. Bac. mesentericus fuscus Fl.

-  Ақшыл-қызылдан, ақшыл-қызыл қоңыр болып өседі. Bac. mesentericus ruber Fl.

-  Сұр-көктен қара-қоңырға дейін өседі.  Bac. mesentericus niger Lunt.

8. Майлы қышқылдар түзілмейді, энергиялық ақуыздың ыдырауы;

    жіпше тәрізді спораның түзілуі.  Bac. Putrificus Bienstov.

-   Майлы қышқылдар түзіледі, ақуыздар ыдырамайды, клострид тәрізді спора түзіледі.                                                                                                                  9

9. Қозғалмайтын түрлері.  Bac. amylobacter mobilis A.M.

-  Қозғалмайтын түрлері.  Bac. anylobacter immobilis A.M

 

Бақылау сұрақтары

 

1. Активті ферменттерді алу әдістері.

2. Ферменттерді бөлу мен тұрақтандыру.

3. Ферменттерді қолдану аумағы.

4. Жұмысты орындау әдісі.

 

 

№9  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

 

Антибиотиктердің биосинтезін жүзеге асыратын

микроорганизмдерге сипаттама. Жартылай синтетикалық

 антибиотиктерді алу. Антибиотик  өндірісінің дамуы

 

Жұмыстың мақсаты

 

Антибиотикке және антибиотиктік активтілікке микроорганизмнің сезімділігін анықтауды үйрену.

 

Теориялық негіздері

 

Антибиотик – микроорганизмнің өмір сүруіне арнайы өнім және оның модификациясы, микроорганизмдердің белгілі тобына қатысты жоғарғы физиологиялық активтілігін атқаратын микроорганизмнің өсуін тежейді немесе толығымен тоқтатады.

Антибиотиктік заттар химиялық құрамы бойынша және механикалық әсері бойынша әр түрлі. Антибиотиктің сипатының ерекшелігі болып сайланған,  бекітілген оның әсері саналады: әрбір антибиотик белгілі организм немесе ағзаның тобына қарағанда биологиялық әсерін (тиімдіігін) сездіреді, басқа әсерін тигізбейді.  

 Антибиотиктің пайда болуы – организмнің метаболизмінің тұқымқуалаушылық бекітілген ерекшелігі болып саналады, бұл түрінің арнайы ерекшелігі немесе микроорганизм штаммының, эволюциялық дамудың нәтижесінде пайда болатын реакция, микроорганизмдер әлемінде антагонистік қатынастың кеңінен таралғанына, пайда болатынына жағдай жасайтын.

Антибиотиктің синтезделуінде негізінде саңырауқұлақ Penicillium, актиномицеттер және кейбір бакериялар топтары қабілетті. Антибиотиктің пайда болу процесі организм – продуценттің дамуына тығыз байланысты және фазада жәймен өсуі іске асырылады. Антибиотикке антимикробты әсерін спектарын анықтау үшін немесе антибиотиктің микроорганизмге сезімділігіне әдістер қолданылады, негізінде агардың қалыңдығына жұқа  антибиотиктің диффузирлену қабілетті.

Антибиотиктер – организмнің немесе олардың модификациясының тіршілікке қабілетті арнайы өнімі, микроорганизмдердің (бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар, протозда), вирусқа немесе зиянды ісікке қарсы жоғары физиологиялық активтілігі бар, олардың өсуі мен дамуын тежейтін заттар.

Көрсетілген өнімнің алмасу  арнайысы мынада: біріншіден, антибиотиктер тіршілікке қажетті, мысалы спиртін, органикалық қышқылдар, қоспа тағы басқалар, микроорганизмдер түрінің өсуіне әсер ететін, өнімдерге қарағанда жоғары биологиялық активті келеді. Осылай, грам оң бактериялардың (микрококка, стрептококка, диплококка т.б.) өлтіру үшін эритромицин антибиотигінің минимальды концентрациясы, не бәрі 0,01-0,25мкг/мл ғана қажет. Осындай аз концентрациясы бар спирт немесе органикалық қышқылдар ингибирленетін бактерияға еш эффект көрсете алмайды. Екіншіден антибиотиктік заттар биологиялық әрекетті таңдайды. Бұл организмдердің бәрі антибиотикпен байланыса отырып, оның әрекетіне сезімтал бола бермейді. Осыған байланысты микроорганизмдер екіге бөледі: антибиотикке сезімтал және оларға резистентті (тұрақты).

Кейбір антибиотиктер микроорганизмдердің аз түрінің өсуі тоқтатады, өзгелері микроорганизмдер көп түрінің өсуін тежейді. Осы ерекшелігіне байланысты антибиотиктерді екі топқа бөледі: биологиялық әрекетке кең спектрлі антибиотиктер, қысқа спектрлі әрекет ететін антибиотиктер. Бірінші топқа, яғни ұзын спектрлі әрекет ететін антибиотиктерге тетрациклин, хлорамофеникол, трихотецин, ал екінші топқа бензилпенициллин (пенициллин G), новобиоцин, гризеофульорин т.б. жатады. Бірінші топ антибиотиктері көптеген (барлығы емес) бактерия және көлемді вирустардың дамуын тежейді.

Организмдердің тіршілігі барысында түзілген антибиотиктер клетка ішінде продуценттерде жиналады және аз мөлшерде ғана қоршаған ортаға бөлінеді (грамицидин С, эндомицин, нистатин және т.б.), клетка ішінде қалай сақталса, солай қоршаған ортаға бөліне алады (ристомицин, кандицидин) немесе көп мөлшерде ортаға бөлініп, клетка продуценттерінде белгілі бөлігі ғана қалуы мүмкін (срептомицин, тетрациклин, макролидтер, новобиоцин және т.б.).

Сонымен антибиотиктер – бұл организмдердің тіршілік ету процесінде түзілетін, шынында арнайы заттар. Олар жасуша метаболиттерінің соңғы өнімі болып табылады. Антибиотиктік заттардың түзілу ерекшелігі – олардың продуценттерінің зат алмасу түрінің берік ұрпақтан ұрпаққа берілуі. Басқаша айтқанда, әрбір антибиотик бір немесе бірнеше, бірақ микроорганизмдер толық анықталатын штамынан түзіледі. Сәйкес микроорганизмдер түрі (штамм) тіршілік ету процесінде бір немесе бірнеше антибиотиктерді синтездейді.

Қазіргі уақытта әртүрлі микроорганизмдер тобынан және антибиотик құрылысының химиялық модификациясы нәтижесінде негізделген 6000 антибиотиктік заттар сипатталған. Антибиотиктердің көбірек мөлшері (3000-астам) актиномицеттен түзіледі. Актиномицеттер синтездеген жаңа антибиотик сипаттамасы жалғасуда 1965-1976ж. аралығында актиномицеттер түзген, солардың қатарында адриамицин, алмамицин, бицикломицин, блеомицин, гелиомицин, карминомицин, оливомицин, уромицин секілді 40-қа жуық антибиотиктердің шығарылғанын көрсетсе жеткілікті

Актиномициндер. Актиномициндер  антибиотиктері- затың химиялық құрлысы  бойынша  жақын үлкен топ( жүзден астам препараттар), бұл 20 түрінен көп  саналатын микроорганизмге жататын  актиномицет пайда болатын, соның ішінде Streptomuces antibicus, St.  Chrysomallus, Str. Flavus.Актинщмицеттер  химиялық құрлысы бойынша  хромопептидке жататын. Әрбір полипептид лактон циклін  құрайды,оны зерттеп ашу биологиялық активті препаратың жоғалуына әкеледі.

Актиномициннің әртүрлілігі  полипептид молекуласында әртүрлі амин қышқылының құрамымен кіруіне байланысты.  Қазіргі кезде барлық белгілі актиномицет  бірінші жағдайда молекуланың хромофорды бөлігінен   екі қалдық L-треонин  тұрады. Лабильді гетероциклден  екінші және үшінші жағдай. Екінші жағдайда D-амин қышқылы  болуы мүмкін:  D-валин (актиномициндер А,В,С1,D) немесе D-аминомейцин (актиномициндер С2,С3,Е) немесе оның сәйкестігі  (актиномициндер (С2,Ғ1,Ғ2,). Үшінші жағдайда L-пролин (актиномициндер С1,С2,С3,D және т.б.) болуы мүмкін, гидрооксипролин(актиномициндер А,В), L- кетопролин  (актиномициндер А5,В5,Х2), саркозин (актиномициндер А2,В2).Төртінші жағдайда барлық кезде екі қалдық саркозин және бесіншіде екі қалдық L- N- метилвалин болады.Полипептидті топтардың биосинтезі зерттеу нәтижесінің араласуымен   оған кіретін амин қышқылының өзгеруіне   байланысты актиномицинді алуға мүмкіндік береді.

 

Жұмысты орындау әдісі

 

Материалдар және  құрал – жабдықтар

 

Заттық және жабынды шыны әйнек, препараттың  ине, пинцет, микробиологиялық ілмешек, спиртовка, петри табақшасы құнарсыз агар, егіс топырағын елейтін елеуіш топырақ, тегіс жиекті пробирка, 70-80% уксус қышқылы, 60% этонол аммиак ізді, генцианвиолеттің фуксиннің су 1% ерітіндісі, стерилденген суы бар колба, шыны шпатель, микропипеткалар 0,1 мл, 1мл және 10мл пипетка, крахмал аммиакты агар, ЕПА мен КАА-ғы актиномициттің таза культуралары, құрамы:

                     КАА ( г/л дист. Су)

                   (NH ) SO 2.0

                   K HPO – 1.0

                   Mg SO – 1.0

     NaCl -1.0

                   Бор – 10,0

                   Агар -  18,0

 

КАА-ны дайындау:тұзды ерітіп бор қосылады, аз мөлшнрді суды қалдырып, крахмалды жақсылап араластырады. Дайындалған ерітіндіні  қайнағанға дейін келтіреді тоқтамай араластырып үстіне крахмал қосады. Ортаны агарлайды, жұмыртқаның ақуызымен ағартып, автоклавта стерильдейді.

 

 

Актиномицеттерді зерттеу.

 

Жұмыстың орындалуы

 

Тапсырма 1. Актиномицеттерді зерттеу үшін Петри табақшасында құнарсыз агар пластикасында майда топырақты егу жүреді. 8-10 тәуліктен кейін топырақтың айналасындағы бөліктерде актиномициттердің колониялары өседі, оларды заттың шыныға салып, микроскоптың кіші көрсеткішімен көреді. (объектив 8-20х). Бұл материалдарда ашық түсті, мөлдір субстратты мицелийді анық көрінетін ауа мицелясының  грифтары, спора әкелушінің түзілуі мен орналасуы байқалады.

Актиномицеттерді тереңірек зерттеу үшін олардың КАА-да өскен колоноиялары қолданылады. Петри табақшасында КАА пластинкаларына 1 тамшы немесе 0,1 мл 3-4 рет ерітілген топырақты суспензия егіледі. 8-10 тәуліктен кейін КАА беттерінде актиномицет колониялары өсіп шығады. Тік жиекті пробиркамен актиномицет колониясы бар КАА-дан блок кесіп алып оны заттың шыныға көшіріп микроскоппен қаралады(объектив 8х20) колония сипатамасы жасалады. Тірі препарат дайындау үшін колонияның бір бөлігі агар бөлшегімен қосып екінші 70-80% сірке қышқылы немесе 60%-к аммиак ізімен бірге этонолдың 1 тамшысы бар. Актиномицет колонияларын сумен шаюға болмайтынын ескеру қажет. Актиномицет колониясынан материалды препаровалды инемен орналастырып, жабынды шынымен жауып микроскоптың ВИ-40 объективпен қаралады. Препаратта мицелий үзіндісі және спора түзуші грифтері көрінеді. Спора түзілу типін зерттеу үшін, спораның пішіні мен өлшемі үнемі дайындалатын препарат – актиномицет колониясының таңбасы. Препаратты дайындау үшін таңбаны жабынды әйнекпен нығыздап актиномицет коллониясының бетінен жабамыз. Таңбаны ауаға кептіреді, отқа фиксирлейді, фуксинмен бояйды немесе генцианвиолетпен содан сумен шайып тастайды. 1 тамшы суы бар заттық шыны бетіне таңбаны төмен қаратып жабады, әйнекті орналастырамыз. Препаратты микроскоппен көреміз( объектив МИ-90). Сол кезде мицилийдің үзіндісі спора түзушінің құрылымы, спора құрушының тип, спораның пішіні мен өлшемдері жақсы анықталып көрінеді.

Актиномицеттерді зерттеуге таза культураларды қолдануға болады, Петри табақшасындағы ЕПА жәнеКАА пластинкаларында өсірген. ( Actinomyces griseus, Actnomyces flava, Actinomyces chromogenes және т.б.)

Микроорганизмнің антибиотикке сезімталдығын анықтау

 

Жұмыстың орындалуы

 

Тапсырма 2

 

Петри табақшасына кептірілген ЕПА ортаға зерттелетін культураны тұтас  етіп егіледі. Зарарсыздандырылған мақа тампонмен, зерттелетін культураны суспензиямен  ылғалданған, алынғанмен  егуді жасайды.

Зарарсыздандырылған пинцетпен Петри табақшасының ортасынан бір –бірінен шамамен 2,5см-дей қашықтықта, белгілі антибиотик ерітіндісіне алынған индикаторлы қағаз диск (4-5 дана) агардың бетіне қойылады.

Диск табақшаның астыңғы жағынан номерлеп белгілейді. Культура егілген дискімен жүргізілген термостатқа 37ºС температураға 16-18 сағатқа (бетін төмен қаратын) қойылады.   

Антибиотиктер, жұқалаған агармен диффундирленетін, микроорганизм – культурасына өсу сезімділігі тежеледі, сол дискінің жан жағында өседі, тұтас өскен газонда тестілеуші культура анық бөлініп шығады.

 

 

5 кест- Аумағының көлемі осы антибиотикке микроорганизмнің

               сезімділік дәрежесін анықтайды.

 

Өсудің тежелген зонасының диаметрі, мм

Антибиотикке сезімділік дәрежесі

25 көп

15-25

10-14

10 кем және толық болмайтын

сезімділігі жоғары

сезімді

сезімділігі төмен

төзімді

 

Антибиотик продуцентінің антимикробтық әсерінің спектрін анықтау

 

Жұмыстың орындалуы

 

Агарланған пептон – глюкозды ортамен Петри табақшасының түбінің ішкі бетіне табақша диаметрімен арасы 1см параллель екі сызықты жүргіземіз. Белгіленген сызыққа көлденең ілмешекпен актиномицет культурасының спорасымен егу жасалады.

Табақшаға еккен кезде агарланған пластинканы төмен ұстау керек (споралар ұшып кетпес үшін). 3-7 күн өткеннен кейін өскен актиномицетті перпендикулярлы штрихпен тест – организміне егуді жүргізеді. Тест – организмінің қою суспензиясынан ілмешекпен зарарсызданған құбыр суына егу жасалады. Табақшаны 30°С температураға 1-2 тәулікке инкубирлейді.

Продуцирлеуші актиномицетпен антибиотиктің әсерін бір-бірінің ара қашықтығының көлемімен, штрихтың  шет - шетімен және тест– организмінің өсуінің алдымен тестіленуші микроорганизмдері анықталады.

Тапсырма 3.

 

4-5 анибиотиктің микроорганизм  культурасының  сезімділігіне тестілеуді жүргізеді (оқытушының жолдауымен) қағаз диск әдісімен. Өсуінің тежелуі зонаның көлемі бойынша сезімділік дәрежесін анықтау.

Актиномицет культурасының әсерін перпендикулярлы штрих әдісімен және тест – организмінің сезімділік дәрежесімен продуцентке зонаның көлемі бойынша антимикробтық әсерінің спектарын анықтау.

Антибиотикті меңгеруде тестілеуші культураның сезімділік дәрежесін негіздеу, осыдан барып химиялық құрлысын және әсерінің механизмін .

 

Бақылау сұрақтары

 

Антбиотик дегеніміз не?

Антибиотикті сипаттау ерекшелігіне не жатады?

Антбиотикті синтездеуде қандай организмдердің  қабілетті бар?

Тестілеуші микроорганизмдерге антибиотиктің әсерін қалай анықтайды?

Антибиотикке микроорганизмнің сезімділік дәрежесі қалай анықталады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№10  ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

 

Биопрепараттар - биотехнологиялық өндірістің  өнімдері.

 

Жұмыстың мақсаты

 

Микроорганизмнің  қалыпты микрофлорасы оның бұзылуының себептері туралы негізгі түсініктермен, дисбактериоздың пайда болуын , қоректік ортаны дайындау және лактобактерияны, бифидобактерияны, ішек таяқшасын қультивирлеу әдістемесін меңгеру.

 

Теориялық негіздері

 

Адам ағзасы және оны қоршаған орта экологиялық жүйе болып табылады, онда ең үлкен физиологиялық роль адамның микробтары—симбионттары жатады. Көптеген сыртқы факторлардың құрамымен салыстырғанда тұрақты болып келетін микрофлораға әсер етеді. Олардың әсерімен, әсіресе антибиотиктерді, химия терапиялық дәрілерді қолданған кезде, ауыз қуысының, терінің және ішек микрофлорасының құрамы бұзылуы мүмкін. Нәтижесінде ішек дисбактериозды (стафилококкты, протейді, кандидозды және тағы басқа) микроорганимздердің қалыпты микрофлорасының бұзылуына әкелетін қауіпті ауруларды  болдырады. Қалыпты микрофлораның құрамындағы өзгерістермен байланысқан аурудың дамуының негізгі себебі, ағзаның иммунологиялық гомеостазасының механизмдерінің бүзылуынан құралады. Сонымен қатар, дисбактериоз кезіндегі ішекте орналасқан антибиотикті-резистентті микроорганизмдер (ішек таяқшалары, стафилококтар, Candida туыстас ашытқылар және тағы басқа) қалыпты микрофлорадан зат алмасуы бойынша ерекшеленеді және қалыпты микрофлораға тән көптеген маңызды функцияларды атқара алмайды.

Ішек микрофлорасындағы кең таралған өзгерістермен байланысты және дисбактериоздың патологиялық жағдайларымен байланысты  белгілі бір аурулар тобы пайда болады, оларда жалпы дәрілік препараттар қалыпты микрофлораны қалпына келтіре алмайды. Бұл жағдайларда комплексті емдік дәрілер, бактериотерапия   қалыпты ішек микрофлорасының тірі микробтарынан алынған  препараттарын қолдану әдісі үлкен маңызды роль атқарады.

 

Жұмысты орындау әдісі

 

Оқытушының тапсырмасы бойынша жұмыстың бірнеше нұсқасы орындалады.

 

1 Нұсқа Колибактерин өндірісі үшін ішек таяқшасын культивирлеу. Құрғақ колибактеринді ампулаларға, флакондарға буып түйілген немесе таблеткаланған, ішек таяқшасының М-17 штамының лиофилизденген тірі культурасы болып табылады. Колибактеринді пайдаланудың жағымсыз жақтары жоқ.

 

Материалдар және құрал-жабдықтар

 

Лиофилизденген тірі культура Е.Соlі, 100 мл, 500 мл колбалар, пробиркалар, культивирлеуге арналған сілкігіш қондырғы, заттық және жабын әйнектер, фуксин, микробиологиялық ілмешектер, спиртовка, желатин, жаңадан жасалған ет-пептонды сорпа, казеин немесе сүт.

 

Жұмыстың орындалуы

 

Анабиоз күйінен қалпына келтіру үшін М-17 штамының Е.Соlі лиофилизденген культурасының 0,1 г зарарсызданған жағдайда 50 мл салады.

ортаның құрамы :

1 Орта                                                                   2 Орта

Зарарсызданған сүт -98%                       Ет-пептонды сорпа - 98%

Желатин - 2 %                                                       Желатин - 2%

рН - 7,2   ÷8                                                         рН - 7,2  ÷8

 

6-7 сағат бойы термостатта 37°С температурада 100 мл-лік  колбада мақта тығынмен жабылған колбаларда инкубирлейді. Содан соң бактерия суспензиясын құрамында 300 мл 1  немесе 2 ортасы бар 500 мл-лік зарарсызданған колбаларға қайта ауыстырады және 37°С температурада 6-10 сағат бойы сілкігіште  араластырады және аэрациялау жағдайында инкубациялайды. Культивирлеу аяқталғаннан кейін жұғынды дайындайды, оны фуксинмен бояйды және микроскоптың астында Е.Соlі жасушаларының санын есептейді. Алынған суспензияның құрамында 1 мл-де 35-40 млрд.тірі бактериялар болу керек.

Қосымша ақпарат. Өндірістік жағдайларда дайын препаратгы алу үшін бактерия суспензиясына 10 % сахарозаны қосады, лиофилизациялауды жоғарғы вакуумды (5·10-3 мм.сын.бағ. дейін) сублимациялы камерада жүргізеді және соңғы өнімнің қалдықтық ылғалдылығы 2 ÷4 % болады.

Таблеткалау үшін құрғақ жартылай фабрикатқа лактозаның (2%), медициналық тальктің (2 % дейін), кальций немесе магний стератын (1 % дейін) қосады.

Колибактеринді ауа мен ылғал кірмейтіндей етіп препараттың тұтастығын қамтамасыз ететін қорапқа буып-түйеді. Құрғақ колибактериннің мөлшерінің құрамында 10 млрд. кем емес тірі микробты жасушалар болуы керек.

2 Нұсқа.      Лактобактерин өндірісі үшін лактобактерияны культивирлеу.

Лактобактерин сүт қышқылы бактерияның лиофилизденген культурасына  (Lactobacillus fermenti және L.plantarum) сәйкес, ампулаланған, флакондарға құйылған буып-түйілген немесе таблеткаланған болып табылады. Ол, патогенді энтеробактерияларға, гемолитикалық стафилококка, протеяға және тағы басқа қатынастарына, дизентерия қоздырғыштарына жоғары антагонисттік белсенділікке ие. Одан басқада, сүт қышқылы бактериялары витаминдер мен аминқышқылдары, соның ішінде айырбасталмайтын аминқышқылдарының пайда болуына қатысады. Олардың жақсы қасиеттері болып антибиотиктерге төзімділігі саналады. Лактобактерин пайдаланудың жағымсыз жақтары жоқ.

 

Материалдар және құрал-жабдықтар

 

 Сүт қышқылы бактериясының өндірістік штамдарының лиофилизденген культурасы (Lactobacillus fermenti және L.plantarum), 100 мл және 500 мл-ік колбалар, сілкігіш немесе культивирлеуге арналған қондырғы, заттық және жабын әйнектер, фуксин, микробиологиялық ілмешек, спиртовка, пробиркалар, сүт гидролизаты, капустаның қайнатпасы, желатин, глюкоза.

 

Жұмыстың орындалуы

 

Анабиоз күйінен қалпына келтіру үшін Lactobacillus fermenti және L.plantarum лиофилизденген культурасының 0,1г  залалсызданған жағдайда 50 мл салады.

 Ортаның  құрамы:

1 Орта                                                             2 Орта

Сүт гидролизаты-49%                                     Сүт-10%

Капуста қайнатпасы-48,5%                             Капуста қайнатпасы-86%

Желатин-1,5%                                                Желатин-1,5%

Глюкоза-1%                                                 Глюкоза-2,5%

6-8 сағат бойы термостатта 37°С температурада аэрациясыз араластырумен 6-8 сағат бойы инкубирлейді.

Содан соң бактерия суспензиясын құрамында 500 мл 1  немесе 2 ортасы бар 500 мл-лік залалсызданған колбаларға қайта ауыстырады және 37°С температурада 10 сағат бойы аэрациясыз араластырумен инкубирлейді.

Культивирлеу процесі аяқталғаннан кейін жұғынды дайындалады, оны фуксинмен бояп және микроскоптың астында микроорганизм жасушаларының санын есептейді. Алынған 1 мл суспензияның құрамында 10-15 млрд.тірі бактериялар болу керек.

Қосымша ақпарат. Лиофилизациялдаудан алдын өндірістік жағдайда дайын препаратты алу үшін, бактерия суспензиясына стабилизатор ретінде сахарозаны, пептонды, мөлшері 5-10% өңделген сүтті қосады. Қатырылған субстраттың сусыздануын вакум астында 5-10-3 мм сын.бағ. сублимациялы қондырғыда жүргізеді. Құрғақ препараты бар ампулаларды вакум астында дәнекерлейді, флакондарды инертті газдың атмосферасында буып - түйеді. Құрғақ лактобактериннің бір дозасында 6-7 млрд.микроорганизм тірі жасушалары болады.

 

3 Нұсқа. Бифидубактерин өндірісі үшін бифидобактерияны культивирлеу.

 

Бифидумбактерин – сүт қышқылына сәйкес бактерияларының (Bifidobacterium bifidum) лиофилизденген культуралары, ампулаларға, флакондарға буып түйілген немесе таблеткаланған. Бифидумбактеринді балалар мен үлкендерге бұрыннан келе жатқан  колитті, дисбактериозды, анықталмаған этиологиялық ішек құрлысының  бұзылуына, антибиотиктерді қолданудың нәтижесінде пайда болғанды емдеуде қабылдауға  беріледі. Бифидумбактерин әсіресе кішкентай балалардың өмірінің 1-ші жарты жылында қолданылады.

 

Материалдар және құрал-жабдықтар

 

Лиофилизденген культура Bifidobacterium bifidum, 100 мл және 500 мл колбалар, сілкігіш немесе культивирлеуге арналған қондырғы, заттық және жабын әйнектер, фуксин, микробиологиялық ілмешектер, спиртовка, бауыр сорпасы, натрий хлориді, пептон, лактоза.

 

Жұмыстың орындалуы

 

Bifidobacterium bifidum лиофилизденген культурасын анабиоз күйінен қалпына келтіру үшін 0,1 г культураны залалсызданған жағдайда 50 мл салады.

Ортаның құрамды:

1 Орта                                                                               2 Орта

Бауыр сорпасы-97%                                                         Бауыр сорпасы-50%

Хлорлы натрий -1%                                                           Сүт гидролизаты-48%

Пептон-1 %                                                                       Хлорлы натрий-0,5 %

Лактоза-1%                                                             Пептон-0,5%

                                                                                 Лактоза-1%

 

Содан соң  37°С температурада термостатқа  100 мл колбаларда мақта тығындармен жабылған, 5-6 сағат бойы инкубирлейді. Содан кейін, бактерия суспензиясын құрамында 300 мл-ден  1 немесе 2 ортасы бар 500 мл-лік залалсызданған колбаларға ауыстырады және  37°С температурада 6-8 сағат бойы сілкігіште араластырады және аэрация жағдайларында инкубирлейді. Культивирлеу аяқталғаннан кейін жұғынды дайындайды, оны фуксинмен бояйды және микроскоптың астында микроорганизм жасушаларының санын есептейді. Алынған суспензия құрамында 1 мл-де 5-10 млрд. бактерияның тірі жасушалары болуы керек.

Қосымша ақпарат. Өндірістік жағдайларда дайын препаратты алу үшін бактерия суспензиясына майсызданған сүт (30-40 %) қосылған қантты-желатинді қоспа қосылады. Лиофилизациялау  сублимациялы камераларда жүргізіледі. Құрғақ бифидумбактерияның мөлшерін шығарар кезінде 108 ÷ 109 бактериялардың тірі жасушылар болуы керек. Препаратты қолдануда жағымсыз жақтары жоқ.

 

Бақылау сұрақтар

 

1. Адам микрофлорасы және оның қоршаған ортамен байланысы.

2. Ішек микрофлорасының бұзылу себептері. Дисбактериоз туралы   

    жалпы түсініктер.

3. Дисбактериозды емдеу әдістері.

4. Коли- бифидум, және лактобактерин препараттарын алу.

5. Жұмыстың орындалуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі әдебиеттер

 

1.         Есимова А.М. , Приходько Н.А. Микроорганизмдер биотехнологиясы –  Шымкент ЮКГУ,  2006-157б.

2.         Варфоломеев С.Л., Калюжный С.В. Биотехнология. – М.: Высшая школа, 1990 – 487с.

3.         Бейли Дж., Оллис Д. Основы биохимической инженерии. Пер. с англ.в 2-х частях –М., Мир. 1989.

4.         Биотехнология: Учебное пособие для вузов в 8-ми кн. – М.: Высшая

школа, 1987.

3 Промышленная микробиология /Под общей редакцией проф. Н.М.

Егорова, В.Д. Самуилова. – Москва: Высшая школа: 1989. –688с.

 Шлегель Г. Общая микробиология. Пер. с нем. –М.:Мир, 1987. –567с

5.         Беккер М.Е. и др. Биотехнология – М.:Агропромиздат, 1990  - 420с.

6.         Гапонов Г.П. Процессы и аппараты микробиологических производств- М.: Легкая и пищевая промышленность, 1991 – 205с.

7.         Промышленная микробиология. / Под ред. Н. Егорова. М.: Высш. шк., 1989 – 631с.

8.         Бейни Д.Ж., Оллис Д. Основы биохимической инженерии. Ч!,2. Пер. с англ. –М.: Мир, 1997, - 692с.

9.         Грачева И.М., Гаврилова Н.Н., Иванова Л.А. Технология микробных белковых препаратов, аминокислот и жиров. – М.: Пищевая промышленность, 1980. – 448с.

10.      Биотехнология./Под ред. А.А,Баева – М.:Наука, 1984 – 543с.

11.      Елинов Н. Химическая микробиология. – М.: Высшая школа, 1989 –

 

Қосымша әдебиеттер

 

1.         Воробьева Л.И. Промышленная микробиология. –М., 1989. –282с.

2.          Биотехнология. Принципы и применение: Пер. с англ./ Под ред. И.

3.         Хиггенса, Д. Беста и Дж. Джонса. –М.: Мир, 1988. –480с.

4.          Сассон Альберт Биотехнология: Свершения и надежды. –М.: Мир,

5.         1987. –404с.

6.          Елинов Н.П. Химическая микробиология: Уч. пособие. –М.: Высшая

7.         школа, 1989-448с.

8.          Экологическая биотехнология: Пер с англ. / Под ред. К.Ф. Форстера,

9.         Д.А.Дж. Вейза. –Л.: Химия, 1990. –384с.

10.      Березин М.В., Варфоломеев С.Д. Биокинетика. – М.:Наука, 1989

11.      Виастур У.Э. и др. Культивирование микроорганизмов. – М.:Пищевая промышленность, 1990.

12.      Калунянц К.А. и др. Микробные ферментные препараты. Технология и оборудование. – М.: Пищевая промышленность, 1990.

13.      Калунянц К.А. и др. Оборудование микробиологических производств –М.: Агропромиздат, 1997.

14.      Яковлев В.И. Технология микробиологического синтеза: Учебное пособие. – Л.:Химия, 1987

15.      Воробьев А.И.. Промышленная микробиология. Учебное пособие - М.: Изд-во МГУ, 1990.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

©М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті     

 

М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің баспахан орталығы . Тауке хана 5