«Анатомия, спорттық морфология негіздері» пәнінен лабораториялық сабақтарын жүргізуге арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

 

050108 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенттері үшін

Оқу түрі: күндізгі

 

 

Кіріспе

 

            Анатомия – спорттың сан алуан түрінен жаттықтырушыларды өне ден тәрбиесінен дәріс беретін мұғалімдерді медициналық, биологиялық даярлықтан өткізетін іргелі теориялық пән. Оның негізгі мақсаты тек қана білім объектісін емес, мамандардың болашақ қызметін де қамтамасыз етпек. Сонымен қатар олар осы бағдарлама арқылы тәжірибе жүзінде көптеген нәтижелерге қол жеткізбек.

            «Анатомия, спорттық морфология негіздері» курсының бағдарламасы жас шамасы, конституционалдық, динамикалық, онымен қатар, спорт морфологиясындағы адам организмінің макроскопиялық және микроскопиялық құрылымы туралы қазіргі заманғы деректерді есепке ала отырып даярланған.

            Адам анатомиясы зерттеу дене тәрбиесі институтының алдына мынадай міндеттер қояды:

- Студенттердің диалектикалық – материалистік дүниетанымының қалыптасуына ықпал ету.

- Студенттердің жалпы биологиялық, теориялық және әдістемелік, даярлығының ауқымын кеңейту.

- Адам организмінің құрылысын оның барлық ұйымдастыру деңгейінде тереңдете оқыту.

- Жас шамасы конституционалдық, спорт морфологиясының, сондай-ақ жыныстық диморфизм негіздерімен таныстыру және спортшы денесінің қалыпты жағдайы мен қимыл – қозғалысының анатомиялық талдау тәсілі мен морфологиялық зерттеу әдістерін қолдануды дағдыға айналдыру.

            Қозғалыс аппаратын жан-жақты және тереңдете зерттеуге үлкен мән беріледі.

            Белсенді қозғалыс аппараты – бұлшық ет ең алдымен, атқаратын қызметіне қарай және әрқайсысы қатысатын қимылдарға сәйкес қарастырылады. Ас қорыту, тыныс алу, зат алмасу мүшелері тамыр, жүйке жүйелері адамның қозғалыс әрекеті мен оны басқару жүйесін қамтамасыз етудің негізгі тірегі ретінде қарастырылады. Осы орайда студенттер жәй және күрделі қозғалыстарды орындау кезінде адам организміндегі мүшелер мен жүйелердің қызметтік келісімі мен бірлесіп бағынуы жүйкесінде болатындығын жақсы түсінуі тиіс.

            Спорт тәжірибесі көрсеткендей, адам денесінің қозғалысы мен қалыпты жағдайына анатомиялық талдау жасау мүше аппараттары мен жүйелерін зерттеудің  қортынды  кезеңі болып табылады. Сонымен қатар, студенттер адам организмінің өсуі, дамуы туралы заңдылықтарды зерттейтін спорттық морфологиялық басқа да ғылымдармен танысады.

 

Лаборатория №1  Организмнің құрылысының жасушалық ұлпалық деңгейі.

 

Жоспар:

 

1. Эпителиальдық ұлпалар. Сыртқы және ішкі секрециялық бездер туралы түсінік.

2. Бұлшық етті ұлпалар. Бұлшық етті талшықтардың құрылымдық қысқаруы.

3. Синапстер және олардың жүйке импульстерін берудегі мәні. Рецепторлар.

 

Лаборатория №2  Қаңқа сүйектері және олардың байланыстары.

 

Жоспар:  

 

1. Сүектің химиялық құрамы, жас шамасы өзгеуріне байланысты, механикалық қасиеті мен химиялық құрамы.

2. Буындағы қозағлысты тежеу, әрі шектеу.

3. Адам денесінің үстіңгі қабатындағы аяқ қаңқалық құрылымының жобалануы. Аяқ буындары қозғалыстарының көрінісі.

 

Лаборатория №3 Қаңқа бұлшықеттері

 

Жоспар:  

 

1. Дене тәрбиесі сабақтарында және спортпен айналысқанда орындалатын аяқтың негізгі қимылдары.

2. Аяқпен локомоторлық функциясын, рессорлық және тіректік қозғалыстарын жүргізгенде қозғалыс аппаратының жұмысы.

3. Дененің ерекше қалыптарында (аяқтың ұшымен көтерілгенде, отырғанда және т.б.) секіргенде, аяқпен соққы бергенде тірек-қимыл аппаратының қызметтік сипаттамасы.

 

Лаборатория №4 Жалпы динамикалық морфология

 

Жоспар:

 

1. Қозғалыс аппараты элементтердің озарлығы және олардың сыртқы дем алу сақтайтын бағыттау жұмысы.

2. Қолдың морфокинезиялық талдауы. Дене тәрбиесі сабақтарында және спортпен айналысқанда орындалатын қолдың негізгі қимылдары.

3. Аяқтың морфокинезиялық талдауы. Дене тәрбиесі сабақтарында және спортпен айналысқанда орындалатын аяқтың негізгі қимылдары.

Теориялық мәлімет: Бұлшық ет жұмысын орындау кезінде физиологиялық процестердің дамуында, әсіресе үлкен және сылбыр қуаттағы жұмыс кезінде үш кезеңге өтеді.

1. Бабына ену кезеңі;

2. Тұрақты күй;

3. Қалпына келу.

Бабына ену деп жұмыс басында ағзаның жұмыс қабілетінің біртіндеп жоғарылауын айтады. Ол физиологиялық жүйелер қызметінің біртіндеп өсуімен сипатталады және келесі жағдайлармен ерекшеленеді:

1. Әртүрлі жүйелер қызметінің әр түрлі кезінде жоғарылауы;

2. Жұмыс басында энергияның анаэробты көздерінің басым болуы;

3. Қызметтің әр түрлі жағдайда өсуі;

4. Бұлшық ет қызметінің әр түрінде бабына ену процесінің өзіне тән болуы;

5. Жұмыстың күштілігі мен машықтану дәрежесінің бабына ену жылдамдығына байланыстылығы.

Үлкен және сылбыр қуатты жұмысты орындау кезінде бабына енуден кейін тұрақты күй пайда болады. Бұл кезде оттегі қажеттілігі бір деңгейде қалыпты тұрады. Тұрақты күй нағыз және жалған болып бөлінеді. Нағыз тұрақты күйде оттегі сұранысы мен оны қанағаттандыру дәрежесі арасында тепе-теңдік болады, жалған тұрақты күй оттегі сұранысының жоғары деңгейімен сипатталады.

Қалпына келу процесі жұмыстан кейін басталады және физиологиялық қызметтің бастапқы қалпына біртіндеп келеді және функциональдық мүмкндіктің жоғарылауын қамтамасыз етеді.

Қалпына келу кезеңі келесі жағдайлармен сипатталады:

1. Қалпына келу процесінің бірқалыпты өтпеуі (тез және баяу қалпына келу);

2. Бұлшық ет жұмыс қабілетінің қалпына келу фазасының болуы;

3. Вегетативті қызмет пен жұмыс қабілетінің қалпына келуінің әр мезгілде болуы;

4. Қалпына келтіру процесінің таңдамалы болуы;

Жұмыстың мақсаты: Үлкен қуаттағы жұмыстың әр түрлі кезеңдерінде физиологиялық қызмет деңгейінің өзгеруін анықтау.

Қолданылатын құрал-жабдықтар:

1. Велоэргометр;

2. Секундомер;

3. Электрокардиограф;

4. Газды сағаттар;

5. Физиологиялық ерітінді;

6. мм-лік сызғыш.

 

Жұмысты орындау реті:

1. Зерттелуші велоэргометрде отырады. Оның кеудесіне электрокардиографтың электродтарын қояды, бетіне газды сағаттармен қосылған маска киеді. Тыныштық күйде үш минут бойы 3 рет ЖСЖ, тыныс алу жиілігін, тыныс алу көлемін және орташа шамасын табады. Тыныштық күйде оттегі қажеттілігін және тыныс алу көлемін есептейді.

2. Содан кейін зерттелуші 1-1,5вт/кг қуаттағы жұмысты орындайды. 30 секунд аралықпен физиологиялық қызметтің өсуі қалпына келгенге дейін анықталады.

3. Содан кейін зерттелуші 3 минут жұмыс орындайды және әр минут сайын көрсеткіштерді анықтайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін қалпына келу кезеңінде көрсеткіштерді әр 30сек сайын тіркейді, содан кейін әр минут аралығында бастапқы қалпына келгенге дейін тіркейді.

Жұмыстың нәтижелері және есебі: Алынған мәліметтерді зерттеу хаттамасына тіркеу және тұжырым жасау.

 

Көрсеткіштер

Тыныштық күй

Бабына ену

Жұмыс

Қалпына келу

ЖСЖ

1

2

3

Орт

30”

60”

90”

1’

2’

3’

30”

60”

90”

120”

3’

5’

8’

Тыныс алу

Жиілігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыныс алу

Көлемі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыныс алудың

минуттық

көлемі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оттегі

Қажеттілігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лаборатория №5 Жеке динамикалық тәнтану

 

Жоспар:

 

1. Дененің үдемелі қозғалыстардағы тәнтанулық сипаты. Қозғалыстардың квалификациясын анықтау.

2. Жүру кезіндегі қол мен аяқтардың үйлестіру қиысқан қозғалыстары.

3. Артқа шыр айналдыру – еркін білік (ось) маңындағы дене қозағлысы.

Айналдыру Динамикалық циклдік жұмыс ұқсас элементтердің – қимыл циклдарының (жүру, жүгіру, жүзу және т.б.) көп қайталанумен сипатталады. Циклдік жаттығулар кезінде бұлшық ет қызметінің қуаттылығына байланысты жұмысты жоғары, субмаксимальді, үлкен және сылбыр деп бөледі.

Жоғарғы қуат аймағында –жұмыс қарқыны 5-тен 30с-ке дейін созылады. 60, 100, 200, 400м жүгіру, 25, 50м жүзу. Қозғалыстар жоғарғы жиілікпен сипатталып, жүгіру жылдамдығы 10м/с болады да, олар АТФ, КФ және 3% глюколиз көмегінің қатысуымен анаэробтық жағдайларда атқарылады. Сүт қышқылы қанға шығып үлгермей, бұлшық еттерде шоғырланады. Оттегінің қарызы 100м жүгіру кезінде 7-8л, тыныс жиілігі аз өзгереді де, жүректің соғу жиілігі сөреге жақындағанда 180-190соғ\мин-ке жетіп, артериялық қысым көтеріледі. Систолалық қысым 180-200мм сынап бағанасына жетсе, диастолалық қысым өзгермейді.

Субмаксимальды қуат аймағында–жұмыс қарқыны 40с-тен 3мин-ке дейін созылады. 400, 800, 1500м жүгіру, 100, 200, 400м жүзу, 1,2,3км велосипед тебу. Жүгіру жылдамдығы 7-9м/с-ке жетіп, жұмыс ағзаның шеткі мүмкіншілігінде анаэробты жағдайда атқарылады. Энергия көбінесе АТФ, КФ және гликолиз арқылы анаэробты жолмен пайда болады. Түзілген сүт қышқылы қанға өтіп, мөлшері 200-250мг/%-ке көтеріліп, сілтілі қышқыл  ph 7,0-ге жетеді де, оттегінің қарызы 20-22л-ге жетеді. Жұмыс кезінде анаэробты процестерден басқа 1,0-1,5минут аэробты процестерде қосылады. Тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелерінің қызметі күшейеді. Жүректің соғу жиілігі 180-200соғ/мин, систолалық қысым артады, қан айналысының минуттық көлемі 25-30л болады.

Үлкен қуат аймағында жұмыс қарқыны 3-5 минуттен 20-30 минутке дейін созылады. 3,5,10км жүгіру, 100-150м жүзу, 5-10км шаңғы, коньки және 10-20км велосипед тебу. Энергияның пайда болуының 70-80%-і аэробты жолмен өтеді. Де, қалғандары АТФ, КФ және гликолиздің ыдырауының салдарынан болады. Оттегінің қарызы 12л қанның құрамында эритроциттер, лейкоциттер және гемоглобин көбейеді. Жүректің соғу жиілігі 3-4 минутта 180-200соғ\минутке жетіп, жұмыстың соңына дейін осы деңгейде сақталады.

Өте бір жоғарғы қысым 180-200мм сынып бағанасына көтеріліп, жұмыс істейтін бұлшық еттер тамырларының кеңеюі есебінен шамасы өте аз қысым төмендейді. Қан айналымының минуттық көлемі 25-30л оттегінің барынша қажеттілігінің 80%-ін құрайды. Дене температурасы көтеріліп, тер бөліну күшейеді де, несеп түзілу төмендейді. Мұндай кезде несепте белок пайда болуы мүмкін. Энергияның шығыны 0,4-0,5 ккал/с.

Сылбыр қуат аймағында жұмыс қарқыны 30минуттен бірнеше сағатқа дейін созылады. Бұлар марафондық қашықтықтар. Энергияның 90%-ін аэробты жолмен қышқылдандырады. Энергия шығыны 0,3ккал/с. Жұмыс нақтылы күйде, не болмаса оттегінің жетіспеуі мен пайдаланылуцы тең кезде орындалады. Тыныс жиілігі 50-60 демалу/мин, жүректің соғу жиілігі 160-180соғ\мин, тыныс алудың минуттық көлемі 160-180мм сын.бағ, қан айналымының минуттық көлемі 20-25л/мин . Тер шығуының күшеюі сумен тұздың көп бөлінуінен болса, жалпы қосып есептегенде, орасан зор энергия жұмсаудың әсері энергия қорының сарқылуына тіреледі. Қанда эритроциттер, лейкоциттер және гемоглобин көбейіп, қан қоюланады. Мәреге жеткенде бұлшық ет лейкоцитозы пайда болады. Глюкозаның қандағы құрамы 50%-ке дейін төмендеп, катехоламиндер, самототропин және кортикоидтер қоры азаяды. Несепте белок пайда болып, тер бөліну сағатына 1л-ге жетеді. Су мен тұз алмасуының бұзылуынан ішкі секреция бездерінің қызметі төмендейді.

 

№1 жұмыстың мақсаты: Әртүрлі қуаттағы циклді жұмысты орындау кезінде ағзадағы функционалдық ауытқуларды зерттеу.

Қолданылатын құрал-жабдықтар:

1.Велоэргометр

2.Газды сағттар

3.Маска

4.Секундомер

5.Спирт

6.Мақта

Жұмысты орындау реті:

1. Спортшының тыныштық күйінде үш рет жүрек соғу жиілігін, тыныс алу жиілігін, тыныс шығарудың минуттық көлемін, тыныс алу көлемін және оттегінің қажеттілігін анықтайды және есептейді. Атмосфералық ауадағы оттегінің мөлшері 20,9%. Тыныштық күйде ауамен тыныс алғанда оттегінің 4%-і, жұмыс кезінде 5% енеді. 1л оттегімен тыныс алғанда 5ккал энергия жұмсалады.

2.Содан кейін көрсеткіштерді сылбыр жұмыс кезінде анықтайды.

3.Зерттелуші тоқтамастан субмаксимальді жұмысты 2 мин орындайды.

 

Жұмыстың нәтижесі мен есебі: Алынған мәліметтерді 1мин ішінде есептейді, зерттеу хаттамасына тіркейді және тұжырым жасайды.

 

Хаттама

Аты-жөні, жасы, мамандығы, дәрежесі.

Көрсеткіштер

Тыныштық күй

Жұмыс

Сылбыр

Субмакс

имальды

1

2

3

орт

1

2

3

4

5

1

2

ЖСЖ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыныс алу жиілігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыныс шығ.

Мин.көлемі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыныс алу көлемі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оттегі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Энергия жұмсалуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2 Жұмыстың мақсаты: Статистикалық жұмысты орындау кезінде және одан кейін ағзадағы вегетативті қызметтің өзгеруін зерттеу.

Қолданылатын құрал-жабдықтар:

1.Электрокардиограф;

2.Тонометр;

3.Фонендоскоп;

4.Газды сағаттар;

5.Тыныс алу маскасы;

6.Секундомер.

Жұмысты орындау реті:

1.Спортшыға газды сағатпен жалғасқан масканы кигізеді, білегіне сфигмоманометрдің манжеткасын қояды, кеудесіне электрокардиографтың электродтарын бекітеді.

2.Тыныштық күйде тыныс алу жиілігін, тыныс шығарудың минуттық көлемін, жүректің соғу жиілігін және артерия қысымын анықтайды.

3.Тыныс алу көлемін және оттегі қажеттілігін есептейді.

4.Мәліметтерді зерттеу хаттамасына тіркейді.

5.Спортшы статистикалық жұмысты орындайды (бір орында тұрып ауыр зат көтереді), жұмыс шаршағанға дейін орындалады.

6.Жоғарыдағы барлық көрсеткіштерді статистикалық жұмыс кезінде және жұмыстан кейін қайта анықтайды.

Жұмыстың нәтижелері және есебі: Алынған мәліметтерді 1 мин ішінде есептейді, хаттамаға тіркейді және тұжырым жасайды.

 

Лаборатория №6 Ішкі мүшелер

 

Жоспар:

 

1. Ас қорыту жүйесі. Түтікті және паренхиматоздық мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі және жүйкеленуі.

2. Тыныс алу жүйесі. Көмекей, кеңірдек, бронхылар, өкпе, плевра, көкірек қуысы, несепағар, үрпі каналы.

3. Ер адамның жыныстық мүшелері, әйел адамның жыныстық мүшелері.

 

Лаборатория №7 Жүрек-қан тамырлар жүйесі

 

Жоспар:

 

1. Жүректің құрылысы. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі және жүйкелендірілуі.

2. Үлкен қан айналымдағы тамырлар. Кіші қан айналымдағы өкпе тамырлар.

3. Иммуногенез мүшелер мен лимфатикалық жүйе.

 

Лаборатория №8 Ішкі секрециялық мүшелер.

 

Жоспар:

 

1. Ішкі секрециялық мүшелердің жалпы көрінісі және жіктелуі, қан және жүйке жүйелерімен қызметтік байланысы.

2. Гормондар олардың адам организміне әсері.

3. Жыныс бездерінің ішкі секреторлық бөлігі. Тура және кері байланыстары.

 

Лаборатория №9 Жүйке жүйесі.

 

Жоспар:

 

1. Жүйке жүйесінің жалпы көрінісі. Орталық жүйке жүйесі.

2. Шеткі жүйке жүйесі. Жұлынның жүйкелері.

3. Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық, парасимпатикалық бөліктері.

 

Лаборатория №10 Сезім мүшелері.

 

Жоспар:

 

1. Сезім миүшелерінің қызметтік сипаты. Талдағыштар құрылысының схемасы.

2. Анализаторлардың шеткі өткізгіш және қыртыс бөлімдері, олардың қызметтік бірлігі.

3. Көздің қосымша аппараттары. Көз аппаратының жолдары.

 

Лаборатория №11 Жас шамасының морфологиясы.

 

Жоспар:

 

1. Жас шамасы морфологиясын анықтау. Онтогенездік негізгі кезеңдері және оның морфологиялық сипаттамасы.

2. Биологиялық жас шамасының бағалық көрсеткіштері мен нормативті таблицалар.

3. Жыныс жағынан жетілу мерзімін бақылау, дене мөлшері және қозғаушы сапалардың дамуы.

 

Бой жазу дегеніміз–ағзаны алдағы болатын жұмысқа дайындайтын жаттығулардың жиынтығы. Ол бабына ену процесін жеделдетуді қамтамасыз етеді. Бой жазу кезінде симпатикалық–адренальды жүйенің қозуы нәтижесінде ағзада біршама өзгерістер болады. Қанда эритроциттер мөлшері көбейеді, қанның оттегілік сыйымдылығы өседі. Жүрек соғу жиілігі, жүрек көлемі, қанның минуттық көлемі, қан қысымы, тыныс алу жиілігі, тыныс алудың минуттық көлемі жоғарылайды. Жұмыс жасайтын бұлшық етте жылу бөлу процесі өседі, нәтижесінде биохимиялық реакциялардың жылдамдығы өседі, бұлшық еттің қозуы және нәзіктігі артады, бұлшық еттің жиырылу жылдамдығы артады. Дене қызуының жоғарылауы нәтижесінде терінің қан тамырлары кеңейеді, тері қызарады, тері бездерінің қанмен қамтамасыз етуі артады, тер бөліну көбейеді. Тердің бөлінуі бой жазудың нәтижесін және жұмысқа дайындықты көрсетеді. Бой жазудың ұзақтығы 10-30 минут.

Жұмыстың мақсаты: Бой жазудың ағзадағы физиологиялық қызмет пен жұмыс қабілетіне әсерін зерттеу.

Қолданылатын құрал-жабдықтар:

1. Баспалдақ;

2. Секундомер;

3. Электротермометр;

4. 1см аралықпен бөлінген гимнастикалық таяқ;

5. Саусақ динамометрі.

 

Жұмысты орындау реті:

1. Зерттелушінің тыныштық жағдайда жүрек соғу жиілігін, тыныс алу жиілігін, дене қызуын анықтайды.

2. Үш мәрте саусақ күшін және қарапайыс қимыл реакциясының тездігін анықтайды. Қимыл реакциясының тездігін анықтау үшін гимнастикалық таяқ қолданылады. Зерттелуші таяқты үлкен және сұқ саусағының арасымен ұстап тұрып, қолды созып, таяқты жіберіп, қайта қағып алады. Бастапқы көрсеткіші арқылы см-мен есептеп отырады. Осылайша 5 рет қайталап, орташа мәнін табады.

3. Көрсеткіштерді анықтағаннан кейін зерттелуші жоғары жылдамдықпен 2 минут баспалдаққа көтеріледі. Жұмыстың қуаты келесі формула бойынша анықталады: W═pxhxnx1,3кгм/мин.

Мұндағы:  р-дене салмағы (кг);

   Һ-тепішек биіктігі (м);

   n-1 минуттағы көтерілу саны;

   1,3-көтерілу және төмен түсуді есептейтін коэффицент.

4. 3-4 минут демалған соң барлық көрсеткіштер анықталады, хаттамағы тіркеледі.

5. 10 минут өткен соң зерттелуші 2 минут жоғары жылдамдықпен тепішекке көтеріледі. Жұмыстың қуатын анықтап, бірінші жұмыстың қуатымен салыстырады.

6. 3-4 минут демалған соң барлық көрсеткіштер қайта анықталады.

 

Жұмыстың нәтижелері және есебі: Зерттеу хаттамасын құру, оған зерттелушінің аты-жөні, жасы, мамандығы, дәрежесі тіркеледі және тұжырым жасалады.

 

Хаттама

Көрсеткіштер

Тыныштық

күй

W1

W1-тан

кейінгі

көрсеткіштер

W2

W2-тан кейінгі

көрсеткіштер

ЖСЖ

 

 

 

 

 

ТАЖ

 

 

 

 

 

Дене қызуы

 

 

 

 

 

Қимыл реакция-

сының тездігі

 

 

 

 

 

Саусақ

күші

 

 

 

 

 

W

 

 

 

 

 

 

Лаборатория №12 Конституционалдық морфология және жыныстық деформизм.

 

Жоспар:

 

1. Адам конституциясын оқып үйренудегі антроскопия мен антропометрияның әдістері.

2. Адам денесінің даму және өсу кезеңіндегі дене бітімі үйлесімділік түрлері.

3. Ерлер мен әйелдердің морфологиялық айырмашылығы.

 

Лаборатория №13 Спорттық морфология.

 

Жоспар:

 

1. Спорттық морфология әдістері: антропометриялық, антропоскопиялық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық эхолокация, микроскопиялық зерттеу, педагогикалық тәжірибе, жануарлармен эксперименттер.

2. Қозғалыстың көп қызметтік жүйесі және оның компоненттері.

3. Күшті жүктемелерге бейімделу, спортшылардың денесіндегі, аяқ-қолдарындағы, бас сүйегіндегі бейімделу өзгерістері.

Шаршау ағзаның жұмыс қабілетінің уақытша төмендеуімен сипатталады. Жұмыс сипатына байланысты шаршау келесі түрлерге бөлінеді:

1.Оймен шаршау;

2.Сезім мүшелерінің шаршауы;

3.Эмоционалдық;

4.Физикалық шаршау;

Шаршау пайда болатын үш жүйені бөлуге болады:

1) қимыл әрекеттерін реттейтін орталық жүйе;

2) қимыл әрекетінің шеткі (перифериялық) жүйке бұлшық ет механизмдері;

3) бұлшық ет қызметінің вегетативті жүйесі.

Қозғалыс анализаторының қыртыс бөліктерінде алғашқы шаршау-энергия ресурстардың көп жұмсалуынан, қыртыс талшықтары ферменттерінің қышқылдану белсенділігінің төмендеуінен, қандағы глюкоза мөлшерінің азайып, қыртыс талшықтарына бұлшық ет тамырларының хеморецепторлары мен проприорецепторларынан келетін жоғары импульстардың жоғары болу себептерінен пайда болады.

Шеткі мүшелердің шаршауы энергия ресурстарының сарқылуы салдарынан, бұлшық еттерде қоректік метобализмнің жиналуынан, зат алмасудың өзгеруінен, синапста қозуды өткізудің бұзылуынан, бұлшық ет талшықтарының электромеханикалық байланыста өзгеруі нәтижесінде дамиды. Жүрек-қан тамырлар және тыныс алу жүйелерінің қызметі гипоксия мен РН ауытқуы салдарынан төмендеп кетуі мүмкін.

Жергілікті физикалық шаршаудың пайда болуы-жүйке орталығының қызметінің өзгеруіне, жүйке–бұлшық ет берілудің бұзылуына, бұлшық еттің өзіндегі ферменттердің азаюына және АТФ, КФ ресинтезінің бұзылуына, кальций және калий қатынасының өзгеруіне байланысты.

Жұмыстың мақсаты: Физикалық шаршау кезінде физиологиялық қызметтің өзгеруін өзерттеу.

Қолданылатын құрал-жабдықтар:

1. Секундомер;

2. Саусақ динамометрі;

3. Жарық сигналын беретін хроноскоп;

4. Қағаз және қалам;

5. Кушетка.

Жұмысты орындау реті:

1. Зерттелушінің  жұмысқа дейін ЖСЖ есептейді. Клиностатикалық сынама жүргізеді. Ол үшін зерттелуші 5 минут арқасымен кушеткаға жатады, сол жағдайда 1 минутта ЖСЖ есептейді. Сосын тез тұрып қайтадан ЖСЖ анықтайды. Жатқан және тұрған кездегі ЖСЖ айырмасы бойынша ағзаның жағдайы анықталады.

2. Содан кейін 3 мәрте саусақ күшін анықтайды. Саусақ күшін анықтағанда қол төмен қарап, шынтақ буынында жәй бүгілуі керек. 3 өлшемнің орташа шамасын есептейді.

3. Көзқимыл реакциясының уақытын анықтайды. Көзқимыл реакциясын анықтау үшін хроноскоп қолданылады. Жарық берілген кезде тез өшіру арқылы м\сек-пен көз қимыл реакциясы анықталады.

4. Орталық жүйке жүйесінің жағдайын теппинг-тест бойынша анықтайды. Теппинг-тест өткізу үшін қағазды 4 квадратқа бөледі. Нұсқау бойынша зерттелуші 10сек сайын жылдам қарқынмен әрбір квадратқа нүкте қойып шығады, бірақ нүктелер бірінің үстіне бірі түспеуі керек. Жұмыстан кейін квадраттағы нүктелерді санайды. Нүктелерді санаған кезде бір-бірімен қосады. Барлық 40сек.ішінде нүктелер саналады. Содан кейін шаршау каэфицентін есептейді: КШ%═Н1-Н4/Н1*100

Мұндағы: Н1-1 квадраттағы 10сек ішіндегі нүктелер саны;

Н4-4 квадраттағы 10сек ішіндегі нүктелер саны.

5. Содан кейін зерттелуші қолын алға созып, аяқтың ұшымен жартылай отырып шаршағанға дейін статикалық жұмысты орындайды. Жұмыстан кейін барлық көрсеткіштер анықталады.

Жұмыстың нәтижелері және есебі: Зерттеу хаттамасын толтыру және тұжырым жасау.

 

Хаттама

Аты-жөні, мамандығы, дәрежесі, статикалық жұмыстың уақыты.

 

Көрсеткіштер

Жұмысқа дейін

Жұмыстан кейін

шаршағанға дейін

Көрсеткіштер

айырмасы (+,-)

1

2

3

орт

1

2

3

Орт

 

ЖСЖ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Клиност.

Сынама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саусақ күші

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көз-қимыл

Реакциясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаршау

каэфиценті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. «Спорттық морфология негізіндегі тәнтану». Жұмашев С.К. Алматы, Республика. 1994.

2. «Адам анатомиясы» Әмина Күзенбаева. Алматы,2001.

3. М. Дайырбекова «Адам анатомиясының практикумы» Алматы, 1995.

4. А.Рақышев «Адам анатомиясы» Алматы, 1995.

5. Р.Д. Синельников. Атлас анатомии человека М. 1963.

6. А.Г. Хрипкова «Адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы» М.1975.

7. М.Иваницский «Анатомия человека» М. 1985.

8. М.С. Сапина «Анатомимя человека» М. 1986.

9. Рымжанов К.С. «Адам мен жануарлар физиологиясы» 2 бөлім Алматы.

10. «Адам морфологиясын оқытудың әдістемесі» Қаратаев Б.С. Шымкент 2004.

11. Е.Б. Керімбеков «Адам анатомиясы» Алматы, 2005.