Кіріспе

 

Анатомия – спорттың сан алуан түрінен жаттықтырушыларды өне ден тәрбиесінен дәріс беретін мұғалімдерді медициналық, биологиялық даярлықтан өткізетін іргелі теориялық пән. Оның негізгі мақсаты тек қана білім объектісін емес, мамандардың болашақ қызметін де қамтамасыз етпек. Сонымен қатар олар осы бағдарлама арқылы тәжірибе жүзінде көптеген нәтижелерге қол жеткізбек.

«Анатомия, спорттық морфология негіздері» курсының бағдарламасы жас шамасы, конституционалдық, динамикалық, онымен қатар, спорт морфологиясындағы адам организмінің макроскопиялық және микроскопиялық құрылымы туралы қазіргі заманғы деректерді есепке ала отырып даярланған.

Адам анатомиясы зерттеу дене тәрбиесі институтының алдына мынадай міндеттер қояды:

- Студенттердің диалектикалық – материалистік дүниетанымының қалыптасуына ықпал ету.

- Студенттердің жалпы биологиялық, теориялық және әдістемелік, даярлығының ауқымын кеңейту.

- Адам организмінің құрылысын оның барлық ұйымдастыру деңгейінде тереңдете оқыту.

- Жас шамасы конституционалдық, спорт морфологиясының, сондай-ақ жыныстық диморфизм негіздерімен таныстыру және спортшы денесінің қалыпты жағдайы мен қимыл – қозғалысының анатомиялық талдау тәсілі мен морфологиялық зерттеу әдістерін қолдануды дағдыға айналдыру.

Қозғалыс аппаратын жан-жақты және тереңдете зерттеуге үлкен мән беріледі.

Белсенді қозғалыс аппараты – бұлшық ет ең алдымен, атқаратын қызметіне қарай және әрқайсысы қатысатын қимылдарға сәйкес қарастырылады. Ас қорыту, тыныс алу, зат алмасу мүшелері тамыр, жүйке жүйелері адамның қозғалыс әрекеті мен оны басқару жүйесін қамтамасыз етудің негізгі тірегі ретінде қарастырылады. Осы орайда студенттер жәй және күрделі қозғалыстарды орындау кезінде адам организміндегі мүшелер мен жүйелердің қызметтік келісімі мен бірлесіп бағынуы жүйкесінде болатындығын жақсы түсінуі тиіс.

Спорт тәжірибесі көрсеткендей, адам денесінің қозғалысы мен қалыпты жағдайына анатомиялық талдау жасау мүше аппараттары мен жүйелерін зерттеудің  қортынды  кезеңі болып табылады. Сонымен қатар, студенттер адам организмінің өсуі, дамуы туралы заңдылықтарды зерттейтін спорттық морфологиялық басқа да ғылымдармен танысады.

 

 

Тақырыбы №2 Организм құрылысының жасушалық және ұлпалық деңгейі

Жоспар

1. Жасушаның негізгі бөлігі, пішіні және мөлшері

2. Ұлпалардың жалпы мінездемесі және топтастырылуы

 

Қолданылған әдебиеттер

1. «Спорттық морфология негізіндегі тәнтану». Жұмашева С.К. Алматы, Республика. 1994

2. «Адам анатомиясы» Әмина Күзенбаева Алматы.2001.

3. М.Дайырбекова «Адам анатомиясының практикумы» Алматы 1995

 

Жануарлар мен өсімдіктердің негізгі жасушадан құралады. Ағзаға тіршілік белгілері де жасушадан басталады.  Жасуша «немесе клетка-cellula» өте күделі және генетикалық жағынан жоғары дәрежеде түзілген материалық тірі құрылым. Тіршіліктің негізгі әрекеттері: зат алмасу және энергия алмасу, бқлшықеттердің әрекеттері, бездердің сұйықтық бөлуі және басқалар жасушада іске асып жатады. Демек, жасуша дегеніміз- тіршілік жүйесі бар, цитоплазмадан және ядродан, органелладан және жасуша қабықшасынан құралатын, барлық жануарлар мен өсімдіктер құрылысының дамуы мен өмір тіршілігінің негізін түзетін, белгілі бір пішіні бар өте ұсақ, саңылауланған затты бар денешік. Жасуша, қозғыштық, қозуды өткізгіштік және жиырылғыштық қасиеттерге ие. Жасушалардың әрқайсысы тіршілік етуге биім келеді. Бұған бір жасушалы ағзалар (қарапайымдыларды) мысал бола алады.

Ағзаның жасушалық құрылысы көпке дейін құпия болып келді. Тірі ағзаның жасушасының жеке тексеру тек оптикалық микроскоптың жәрдемімен және зерттеудің жаңа әдістерінің табылуымен ғана жүзеге асырылды.

Жасушаның атқаратын қызметіне қарай пішіні мен көлемі әр үрлі болып келеді. Мысалы, аналық жыныс безі мен май жасушалары- шар, дәнекер ұлпаларының жасушалары жұлдызша, ақ жүйке жасушасы тармақтала созылып жатқан жіп тәрізді, ішек эпителийінің жасушасы призмаға ұқсас болады. Кейбір жасушалар (ақ түйіршік) пішінінтүрліше өзгерте алады.

Әдетте жасушалар өте ұсақ (10-100 мк) болғанымен, олардың белгелі бір ұзындық өлшемдер болады.

Ұлпа дегеніміз – тарихи қалыптасу барысында бірыңғай жасужалардан және туынды заттардан түзіліп, өзіне тән морфологиялық және биохимиялық қызмет атқаратын дене бөліктері.

Адам ағзасындағы қлпалар құрылысы және қызметіне қарай: эпителий ұлпасы, ішкі орта ұлпалары, бұлшықет ұлпалары және жұйке ұлпалары деп төрт топқа бөлінеді. Бұлар ағзаның эмбриогендік дамуы кезінде ұрықтың үш жапырақшаларынан пайда болады.

Эпителий ұлпасы. Бұл ұлпа эпителий жасушалардан түзіліп, дененің сыртқы және ішкі ортамен шектелетін беттерін қаптап жатады, сондықтан оны шекаралық ұлпа деп те атайды. Мысалы, денедегі іші қуыс (ішек, қарын, қан тамырлары және т.б.) астарлап, ағзаның сыртқы жағын қаптап, қорғаныш және өнім шығару қызметін атқарады. Терінің үстіңгі түлейтін қабаты тығыз болғандықтан, тереңірек орналасқан жасужаларды қорғайды. Ал ішек түтігінің ішкі кілегейлі қабырғасын астарлайтын эпителий ұлпалары тағамның қатты бөлшектерінің әсерінен ішектің жарақаттануынан, ауру қоздырғыш бактериялардың ішкі ортаға енуінен сақтайды. Демек ішек эпителийі «тамақтандыру» қызметін атқарады, яғни қортылған ас қанға эпителий арқылы сорылады. Тіршілік әрекетіне қажетті заттарды бөліп шығаратын да эпителий жасушалары бар. Олардың әсерінен бөлінген заттарды өнім (секрет), ал өнім бөлетін жасушаларды без немесе өнім жасушалары деп атайды. Сөйтіп  эпителий ұлпаларының маңызды қызметтерінің бірі - өнім бөлу.

Жазық эпителий. Мұндай эпителий кейбір мүшелердің ішкі қабатын (өкпе альвеолдарының ішкі бетін, дене қуысын) астарлайды және көп бұрышты жасушалардан құралады.

Аласа призмалы эпителий. Мұндай эпителий көптеген бездердің сыртқа шығарғыш түтіктері мен бүйректің зәр жинау түтіктерінің қуысын астарлап жатады, мұндағы жасушаларының биіктігі мен ені бірдей.

Биік призмалы эпителий. Мұндай эпителий ішек қарынның және басқа да кейбір мүшелердің қуыстарын астарлайды, бұл жасушалар басқалардан биігірек, төрт, алты қырлы призма тәрізді болып келеді.

Кейбір қабатты эпителийлер пішіні мен биіктігі әр түрлі жасушалардан түзілген көп қатарлы эпителийден құралады. Мұндай эпителийде призма тәрізді жасушалар үстіне ала орналасады да ұршық тәрізді немесе сүйірленіп сұғынып жатады. Олардың биіктігі бірдей болмағандықтан, ядролары әр түрлі деңгейден көрінеді. Көп қатарлы эпителийлер көптеген мүшелердің тыныс жолдарының, аналық жыныс мүшелерінің зәр шығару түтігіндегі қабырғасын астарлайды. Жұлынның орталық түтігін, тыныс жолдарын және жатырдың кілегейлі қабықшасыне және т.б. астарлайтын бір қабатты эпителийлер және жасушаның сыртқы бөлігінде кірпікшелері болатын эпителийлер де болады.

Көп қабатты эпителийдің екі тобы: көп қабатты шағын эпителий және көп қабатты призмалы эпителий бар. Терінің үстіңгі қабатын, ауыздың, жұтқыншақтың және қынаптың сілеймелі қабықшасын көп қабатты шағын эпителий астарлап жатады. Көп қабатты призмалы эпителийдің пішіндері алмұрт тәрізді, олар басқа қабаттарда (көздің дәнекер ұлпасының қабықшасында) болады.

Қызметіне қарай тері қорғаныш және қоректену эпителийлерге жіктеледі. Эпителий ұдлпасының өнім бөлетін жасушаларын безді эпителий дейді. Анығырақ айтқанда, құрамында белгілі бағытта жетілген жасушалары, әр түрлі заттары бар сұйықтық өндіріп, оны бөліп шығаратын эпителийлер безді эпителийлер. Егер бөлінетін зат ағза үшін пайдалы болса, оны өнім (секрет) деп, зиянды болса бөлінді (экскрет) деп атайды.

Дәнекер ұлпасы. Бұл ұлпа сыртқы ортамен тікелей байланыспай, ішкі ортаның бір қалыпты жұмыс істеуін сақтап, қоректік, қорғаныштық, тіректік және т.б. қызметтер атқарады.

Дәнекер қлпасы ішкі орта ұлпаларына жатады, өйткені олар ағзаның, ішкі бөлігінде орналасады. Олар: қан, сарысу, болбыр дәнекер, ұлпалары, торлы ұлпа, бояу (пигмент) ұлпасы, май ұлпасы, тығыз дәнекер ұлпасы, серпімді ұлпа, шеміршек және сүйек ұлпасы.

Ішкі ортада орналасқан ұлпалар эпителий ұлпалармен салыстырғанда құрылысы жағынан ерекше. Дәнекер ұлпаларының жасушаларында аралық заттар күшті дамиды.

Шеміршек ұлпасы. Ересек адамдарда шеміршек сүйек буындарының бетін қаптап, қабыртқалардың ұштарын, кеңірдекті, жұтқыншақты, ауатамырлы және құлақ қалқанын құрайды. Шеміршек ұлпасының құрамындағы негізгі зат пен аралық заттар өте тығыз болғандықтан, шеміршекке қан тамырлары өте алмайды, сондықтан ол шеміршек үсті арқылы шашыранды жолмен қоректенеді. Шеміршектер арқылы заттың құрлысына байланысты жылтыр, серпімді және талшықты шеміршек болып үшке бөлінеді.

Жылтыр немесе гиалинді шеміршек. Бұл – шеміршек ұлпаларының ең негізгі, көп тараған түрі. Жылтыр немесе гиалинді шеміршектің тығыз, серпімді және мөлдір болатыны белгілі, оны сүтқоректілердің ересек ағзасынан, буындардың бетінен көре аламыз және қабыртқалардың ұштары, кеңірдек және т.б. мүшелер сондай шеміршектен құралады.

Серпімді шеміршек – жылтыр шеміршекке қарағанда солғындау, сары түсті. Мұндағы серпімді талшықтар заттың базафильді бөліктеріне таралып, соларды торлап жатады. Құлақтың қалқаны, кеңірдектің кейбір шеміршекті сақиналары серпімді шеміршектен құралады.

Талшықты шеміршек. Шеміршектің бұл түріндегі негізгі заттың коллагенді талшықтары шоғырланып жатады. Оның жылтыр шеміршектен негізгі айырмашылығы осы. Талшықты шеміршек жылтыр шеміршекке немесе қалыптасқан дәнекер ұлпасына ауысқыш келеді, омыртқааралық байланысқа талшықты шеміршек те қатысады.

Сүйек ұлпасы. Бұл сүйек жасушасынан және жасуша аралық заттардан түзіледі. Сүйек ұлпасының негізгі заттарына әкті тұз сіңетіндіктен, ол қайтып кетеді.

Болбыр дәнекер ұлпа. Көбінесе фибробластардың, сондай-ақ гистиоциттердің және май жасушаларының құрамында болатын болбыр дәнекер ұлпаның жасушааралық заттары қоймалжың, серпімді талшықтардан және жұмсақ заттардан түзіледі.

Торлы ұлпа. Бұл ұлпа құрылысы жағынан мезенхимаға ұқсас болады. Торлы ұлпаның жасушалары жұлдыз тәрізді өсінділер арқылы бірімен-бірі жалғасып жатады. Қан жасайтын мүше – көкбауыр, сарысу түйіндері және жілік майының негізі торлы ұлпадан құралады. Торлы ұлпа кейбір тамырлардың эндотелийлі жүйе түзеді, бұл жүйенің физиологиялық, яғни ағзаны дерттен қорғауда маңызы зор.

Май ұлпа. Домалақ пішінді, ядросы жасушаның шетін ала орналасатын, болбыр дәнекер құрамындағы май жасушаларынан түзілетін ұлпа – май ұлпа. Май ұлпасы, әсіресе шелге, бүйрек маңына жиналады.

Бояу немесе пигментті ұлпа. Ұлпаның бұл түрі цитопазмасында бояуы бар жасушадан түзіледі. Олар көз алмасының тамырлы қабатында, түстіқабатта, ен қалтасы төңірегенде, бәтек аймағында, сүт бездерінің емізік ұшы төңірегінде және т.б. орналасады.

Тығыз дәнекер ұлпасы. Бұл ұлпаның ерекшеленген және ерекшеленбеген екі түрі болада, бұлардың аралығында болбыр ұлпа орналасады. Тығыз дәнекер ұлпаның ерекшеленбеген түрі болбыр ұлпа тәрізді жұмсақ та серпімді болады. Ал ерекшеленген түрі тығыз әрі қатты қос қатардан тұрады. Тығыз дәнекер ұлпадан будалар мен шандырдың қабықшалары түзіледі.

Серпімді ұлпа. Құрамында қоймалжың зат пен серпімді талшықтар көп болғандықтан, созылып, қайтадан қалпына келе алатын ұлпа. Серпімді ұлпа тығыз дәнекер ұлпасына ұқсас. Ол қан тамырларының қабырғасында және т.б. болады.

Бұлшықет ұлпасы. Жиырылып, қысқара алатын көлденең жолақты, бірыңғай саланы және жүрек бұлшықеттері болады. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы адамның еркіне қарай, ал бірыңғай салалы және жүрек бұлшықеттерінің ұлпалары өздігінен жиырылып, босаңсиды. Аталған бұлшықет ұлпаларының қызметінің нәтижесінде адам қозғалып жүре алады және ішкі мүшелер мен қан тамырлары жиырылып, созылады.

Бұлшықеттер ұлпасының қызметі өзін құрайтын жіп тәрізді миофибрилларға байланысты.

Бірыңғай саласы бұлшықет. Пішіні ұршық тәрізді сопақшаланып созылған бірыңғай салалы бұлшықет жасушаларынан бірыңғай салалы бұлшықеттер түзіледі. Бұлар тек кейбір мұшелерде, мысалы, қуықтың қабырғасында жасушалар тармақтанып, тармақшалары біріне-бірі қосылып, тұтас талшыққа айналады.

Бірыңғай салалы бұлшыұет омыртқаларда, теріде және ішкі мүшелерде болады. Ішек, өңештің ортаңғы бөлігі жатыр, несеп шығару түтікшелері, бездер мен тамыр жүйелері бірыңғай салалы бұлшықеттен құралады. Өте сирек орналасатын жасушалары бар, әр түрлі тереңдікте шоғырланған бірыңғай салалы бұлшықетттердің жасушалары бірінің кеңейген бөлігіне екіншісінің жіңішке бөлігі сәйкес келіп, біріне-бірі жалғасып жатады.

Бірыңғай салалы бұлшықет зақымданғай жағдайда бастапқы қалпына келе алады. Ондайда ерекшеленбеген дәнекер ұлпаларының есебінен мезенхималық туынды ретінде жаңа жасушалар түзіледі.

Көлденең жолақты бұлшықет. Бұлар жасушалардан емес, біріне-бірі сабақталып және тез бөлінетін бұлшықет талшықтарынан құралады. Талшықтардың ұшы доғал, жиегі тегіс, жалпы көрінісі жұмырланып келеді.

Көлденеі жолақты бұлшықет бірыңғай салалы бұлшықеттен гөрі шапшаң да кұшті жиырылады, бірақ тез шаршайды. Қаңқаның қалың бұлшықеттері, тіл, көз, жұтқыншақ, өңештің жоғарғы бөлігі, көмекей бұлшықеттері көлденең жолақты бұлшықеттен құралады.

Жүрек бұлшықеті. Мұндай бұлшықет талшықтары шоғырланбай, тармақтанып, тармақтардың ұштары бірімен-бірі жалғасу арқылы тор түзеді. Сөйтіп жүрек бұлшықеттерінің талшықтары бір жерде біріне-бірі тығыз екінші жерде сирек орналасады да аралықтарына дәнекер ұлпалар толады. Жүрек бұлшықеттерінің бір ерекшелігі – бұлшықет талшықтарында көлденең сызаттардың болуы. Ал сызаттар ми офибриллолар тобын әр түрлі деңгейде қиып өтеді, алайда олардың атқаратын қызметі әзірге беймәлім.

Жүйке ұлпасы. Жүйке жүйесінің құрылысы өте күрделі, сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдауға және оларды ағзаға өткізуге бейімделген ұлпалардан құралғандықтан, жүйке жасушасы жүйке жүйесінің негізгі құрам бөлігі болып табылады. Жүйке жасушасы тармақталады да сол тармақтары арқылы мүшелерді бірімен-бірін және орталық жүйке жүйесімен байланыстырып тұрады.

Жүйке ұлпасы жүйке жасушасы – нейреннан (грекше neuron – жүйке) және соған қосымша нейролгиядан құралады. Жүйке жасушасы жұлдыз алмұрт пішіндес болып келеді. Атқаратын қызметіне байланысты жүйке жасушасы қозғаушы немесе моторлы және өнім бөлетін жасушаларға бөлінеді.

Нейрон. Тітіркендіргіштердің әрекетін қабылдап, оны ұқсату аврқылы дененің әр түрлі мүшелеріне немесе нейрондарына өткізетін, белгілі бір бағытқа бейімделген жүйке жасушаларын нейрон деп атайды.

Нейронның денесі және тармақтары болады. Цитопазма, ядро-органоидтар және тек өзіне ғана тән арнаулы түзілістер денеде орналасады. Нейронның тармақтары – аксон немесе нейриттен және дендриттен тұрады. Нейронның ұзын талшықты жасушасы – аксон, ал тармақталған қысқа талшықтары дендрит деп аталады.

Нейронда өзінен таралатын тармақ санына байланысты әр түрлі аталады. Егер тармақтар саны көп болса, онда мультиполяры (көп ұшты), екі тармақты болса, биполярлы (екі ұшты), бір тармақты болса, униполярлы (бір ұшты) нейрондарға бөлінеді.

  

Бақылау сұрақтары:

1. Жасуша дегеніміз не

2. Ядро және онық құрылымдық компоненттері

3. Эпителиальдық, дәнекер, бұлшық етті, жүйке ұлпаларының құрамы, қызметті және топтастырулуы.

 

 

Тақырыбы №3 Организмнің өсу және даму заңдылықтары

Жоспар

1. Жыныстық жасушалар

2. Ұрықтану. Эмбриогенездің сатылары

 

Пайдаланған әдебиеттер

1. А. Рақышев «Адам анатомиясы» Алматы 1995

2. М.Иваницкий «Анатомия человека»М.1985

 

1. Жасушаның ұрықтануынан бастап, өмірінің соңғы күніне дейін өсіп-даму мерзімі адамның өсіп-дамуы немесе онтогенез деп аталады. Әрбір адамның өмірін туғанға дейінгі (пренатальды) және туғаннан кейінгі (постнатальды) кезеңге бөлуге болады.

Ана құрсағындағы баланың әр мүшелерінің біртіндеп қалыптасу заңдылықтарына қарай: ұрықтың өсіп-дамуы (эмбриональды – алғашқы екі айды қамтиды) кезеңі және іштегі баланың өсіп-дамуы (феталды-ұрықтың 3-9 айды қамтиды) кезеңі болып бөлінеді.

Аталық жыныс жасушасы мен аналық жыныс жасушасының қосылуы (ұрықтану) аналықтың жатыр түтігінде жүзеге асады. Егер екі жыныс жасушалары қосылса (ұрықтанса), ол құбылысты нәтижесінен ұрық (зигота) пайда болады. Ұрықта аталық та, аналық та барлық қасиеттері мен белгілерін сақтап қалады.

2. Ұрықтың өсіп-даму кезеңіне қысқаша тоқталайық.

Ұрық алғашқы аптада толық бөліне бастайды, сөйтіп ол біртіндеп жатыр түтігімен жылжып, жатырдың ішіне қарай өтеді. Бұл жағдай 3-4 күнге созылады. Ұрық алдымен түйіршіктеніп, бластулаға, одан өзгеріске ұшырап, бластомерге айналады. Бұдан әрі ұрық жатырдың ішінде күрделі бөлінуге ұшырайды. Аптаның соңында ұрықтың бластомері айқындалып, ашық түсті ұсақ жасушалардан (трофобласт) сыртқы қабат, ал ірі қара дақты жасушалардан (эмбриобласт)ішкі қабат пайда болады. Бұл екі қабаттың аралығына біраз сұйықтық жиналады.

Ұрық 6-7 күн өткенен кейін трофобласт жасушалары арқылы жатырдың ішкі сілемей қабатына батып, орнығады. Дәл осы кезеңде жатыр да ісініп, қалыңдығы 3-4 есе (8 мм) артадыда ұрықты қабылдауға дайындала бастайды.

Ұрықтың трофобласы жатырдың кілегейлі қабатын жібітіп, бүллерге айналып бірігеді. Мұндай бүрлі қабат (хорион) ұрықтың ана денесінен қоректенетін мүшеге- бала жолдасына айналады.

Екінші аптада ұрықтың сыртқы қабатындағы жасушалардың көбеюі салдарынан ішкі ортаның сүйықтығы толы эктобласты көпіргіш қабат, ал ұрықтың ішкі қабатындағы жасушылардан эктобласты  (сары уызды) көпіршік пайда болады. Осы көпіршік қабаттар біртіндеп ұрықтың сыртқы қабатына (эктодермаға) және ұрықтың ішкі қабатына (энтодермаға айналады. Оның сыртқы және ұрықтың ішкі беттері айқындалып, денесінде жасушасыз мезенхималар түзіле бастайды. Аптаның соңына таман ұрықтың ұзындығы 1,5 мм жетіп, құйрық бөлігі жуандай түседі.

Үшінші аптада ұрық үш қабаттанып, одан әрі дамиды. Бұл кезде сыртқы және ішкі эндотерма қабаттарының арасында мезодерма делінетін үшінші қабат дамиды. Мезодерме жасушалары ұрықтың басқы бөлігіне қарай тез өсіп-дамуының нәтижесінде сыртқы және ішкі қабаттардың арасында арқа желісі (хорда) түзіледі. Желінің құйрық (каудальды) бөлігінен бас жақтағы (краниальды) бөлігі тез өседі.

Төртінші аптада үш қабатты ұрық көлденеңінен және ұзыннан иіліп, дөңгелек пішінді тұлға қатпарларына айналады. Ұрықтың иілген эндодермасынан екі ұшы тұйық алғашқы ішек пайда болады. Ішекке үлкен тесігі арқылы сары уызы бар қалташа жалғасады.

Алғашқы ішектің алдыңғы ұшын эктодермадан түзілген ауыз-жұтқыншақ жарғақшасы жабады, бұл жер ауыз бұғасы деп аталады.алғашқы ішектің артқы ұшындағы эктодермадан артқы тесік те жарғақшамен жабылады. Ең алдымен ауыз-жұтқыншақ жарғақшасы осы аптада жарылып, ауыз бұғазымен қосылады да күрделі өзгерістерден кейін ауыз және мұрын қуыстары пайда болады. Ал клоаканың жарғақшасы шамамен 3 айда ғана жарылады.

Ұрықты қағанақ суы сақтап тұрады. Қағанақтың қалташасы одан әрі дамымай, екі ай шамасында жойылып кетеді.

Кіндік қан тамыр өсіндісі кейін кіндік бауға айналады. Ұрықтың мезодерма қабаты сырт жағынан қатталған бөліктерге бөлінеді, оларды сомиттер деп атайды. Ұрықтың өсуіне қарай 20 күнде-3 жұп, 30 күнде – 30 жұп, 35 күнде- 43-44 жұп сомиттер пайда болады. Ұрықтың мезодерма қабаты ішкі жағынан бөлінбейді.

Төртінші аптада эктодермадан құлақтың (бастапқыда есту шұңқыры, одан кейін есту көпіршігі), көздің жобасы қалыптаса бастайды. Бет бөлігінің жобасы мен ауыз бұғазының айналасы да осы кезеңде пайда болып, маңдай, үстіңгі және астыңғы жақ сүйек жобалары бөлінеді.

Ұрық денесінің алдыңғы бетінен жүрек және бауыр түзілетін дөңестер білінеді, сол дөңестер аралығынан пайда болған көлденең сай көкетке айналады.

Ұрықта мүшелердің пайда болуы (органогенез) және ұлпа құрылысының дамуы (гистогенез) ұрық өсіп-дамығанда 5-8- ай шамасында қауырт жүреді. Ең алдымен жүрек, өкпе, солармен бірге ішкі мүшелер, сезім мүшелері білініп, жүйке түтігі ұзара түседі де жүйкенің алдыңғы ұшы жуандап, миға айналады. Сөйтіп ұрықтың тұрқы 7,5 мм жетеді.

Бес апта шамасында қол мен аяқтың қалақ тәрізденіп біліне бастағанын байқауға болады. Сыртқа құлақ, саусақ бақайлар алты, жеті айқын білінеді.

Жетінші аптаның соңында ұрықтың қабығы білініп, көз алмасы айқындалып, қабағы білініп қалады.

Ұрықтың адам бейнесіне енуі тоғыз аптада немесе 3 айда жүзеге асады. Шамамен 10 айда ұрықты ұрық деп атамай құрсақтағы , жатырдағы деп бала деп атайды.

Ана құрсағында адамның өсіп даму кезеңін немесе эмбриональды дамуын қорта келіп, адамның барлық мүшелері мен ұлпаларының эндодермалық, мезодермалық және эктодермалық қабаттардан пайда болатынын байқадық.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Пренатальды кезеңнің дамуы

2. Адамның өсіп-даму кезеңдері

 

 

Тақырыбы №4 Қаңқа сүйектері және олардың байланыстары

Жоспар

1. Қаңқа және оның қызметі туралы түсінік

2. Сүйектердің байланыстары туралы ілім

 

 Қолданылған әдебиеттер

1. «Спорттық морфология негізіндегі тәнтану». Жұмашева С.К. Алматы, Республика. 1994

2. «Адам анатомиясы» Әмина Күзенбаева Алматы.2001.

3. М.Дайырбекова «Адам анатомиясының практикумы» Алматы 1995

 

1. Қаңқа, сіңір, буын және бұлшықеттер тірек-қимыл жүйелі мүшелеріне жатады.

Қаңқа  адам денесіне белгілі пішін берумен бірге тірек, қимыл және қорғаныш қызметін атқарады. Мысалы, қол-аяқ сүйетері денені қимылдатса, омыртқа жотасы тірек-таяныш болады, бассүйек – миды, кеуде қуысы - өкпе мен жүректі, жамбас қуысы құрсақ қуысының төменгі бөлігінде мүшелер мен несеп шығару мүшелерін қорғайды.

Бұлшықет, сіңір және буындар болмаса, адамның қаңқасы тиісті қызметтерді атқара алмайды. Қаңқа – тірек-қимыл жүйелі мүшесінің таяныш бөлігі, ал бұлшықеттер олардың белсенді қозғалтқыш бөлігі болып табылады. Сіңір мен буындар қаңқаның сүйектерін бір-біріне байланыстырып, буын түзіп, қимылдың беріктігін, бекемдігін сақтайды  және қозғалуға икемді етеді.

Бұлшықеттер. Бұлардың негізгі қасиеті – жиырылғыштығы. Жиырылу арқылы мүшелердің қозғалтқыштығын үйлестіреді және жүйке жүйесі арқылы мүшелердің қозғалтқыштығын рефлексті түрде реттейді.

Бұлшықеттер буындарды айнала шандып, жалғасатын екі-үш сүйекті бірімен-бірін байланыстырады. Бұлшықеттердің осы кезде жиырылып-созылының нәтижесінде байланысқан сүйектер біріне-бірі бірде жақындап, бірде алшақтайды. Олардың бұл қызметі бұлшықеттердің қозғалуы немесе динамикалық қызмет деп аталады. Адам бір орыннан екінші орынға қозғалып жүргенде, жүгіргенде және аударылып-төңкерілгенде бұлшық еттердің динамикалық қызметіне байланысты әрекеттер жасайды. Егер сүйектерді байланыстырған бұлшық еттердің барлығы бірдей жиырылып-тартылып қалса, сүйектер қимылдай алмай, сіресіп қалады. Бұлшықеттер қорғаныш қызметін де атқарады, оған құрсақтағы бұлшықеттерді мысал етуге болады.

Сүйектің құрлысы. Адамның қаңқасы 250 сүйектен құралады. Олардың 85-і жұптасқан және 80-і тақ сүйектер. Сүйек (os) – мүше, ол арнаулы қызмет атқарады және негізінен сүйек ұлпасынан түзіледі.

Сүйектердің барлығы сүйек қабығымен қапталады. Бұл - өте жұқа және дәнекер ұлпасынан құралған қабат. Буын беттерінде ғана сүйек қабығы болмайды, шеміршекпен қапталады. Сүйек қабығын ең алғаш анықтап жазған – Арестотель. Сүйек қабығындағы арнаулы тесіктер арқылы қан тамырлары сүйекті қоректендіреді. Бұл тесіктерден көктамыр (venae) да шығады.  Сүйек екі қабаттан құралады: сыртқы қабаты тығыз заттан, астыңғы қабат кемікті заттан түзіледі. Сүйектің тығыз да қатты және қалың болуы сүйекке түсетін күшке байланысты, мұндай қасиет сүйектің ортаңғы (диафиз) бөлігінен байқалады. Кемікті зат көптеген жұқа сүйек талшықтарынан құралады.

Сүйектің қатты заттарының үш қабаты бар: олардың сыртқы қабаты бірімен-бірі өзара қабаттасып, сүйекке цилиндр тәрізді пішін береді. Цилиндр сүйекті тақташалардан құралатындықтан, сыртқы жалпы тақташа деп аталады. Ішкі қабат жіліктің майын қаптай орналасады және ішкі жалпы тақташадан тұрады.

Сүйектің ортаңғы қабаты аса қатты әрі тығыз. Сүйекке беріктік пен қаттылық беретін зат – остеондар. Сондықтан да сүйектің құрылым бірлігі остеон немесе гаверс жүйесіне жатады. Ұзын сүйектердің эпифиздері мен кемік заттар аралығында мезодермалық ұлпа – сүйектің қызыл майы орналасады. Ұзын сүйектің іші қуыс ол сүйектің сары майына толы. сүйектің қызыл майы мен сары майынан қан түйіршектері пайда болады.

Сүйектің химиялық құрамы. Сүйек органикалық және минералды заттардан тұрады. Кальций тұздары, фосфор қышқылы, магнезия, көмір қышқылы және хлорлы натрий минералды заттарды құрайды, ал сүйектің органикалық бөлігі негізінен оссеин деген заттан тұрады. Сүйектің берік болуы минералды заттарға байланысты.

Сүйектерді жіктеу. Сүйектердің пішіні. Пішіні мен көлеміне әрі атқаратын қызметіне қарай сүйек ұзын, қысқа (кемікті), жалпақ және аралас сүйек болып  бөлінеді.

Ұзын сүйек немесе жілік. Қолдың сүйектері ұзын сүйекке жатады. Екі ұшы жуантық келген, ортаңғы бөлігі жіңішке, іші қуыс сүйектер жілік деп аталады. Ұзын сүйектің жуантық екі ұшы жіліктің басы немесе эпифизі, ал ортаңғы жіңішке, іші қуыс бөлігі жіліктің денесі немесе диафизі деп аталады. Жіліктің екі басындағы буын беті жылтыр шеміршекпен қапталады. Диафиз Бен эпифиздің аралығы шекаралық бөлік немесе метафиз деп аталады.

Жалпақ сүйектер. Бір жағы дөңес, екінші жағы ойыс болып, ішкі мүшелер орналасатын қуыс түзетін сүйектер жалпақ сүйектерге жатады. Кемікті болып келетін мұндай сүйектерге жамбас, сегізкөз, жауырын, ми сауыты және қабыртқалар мысал болады.

Аралас сүйектер. Бұған ми сауытының негізгі сына сүйек пен самай сүйектері жатады. Сына сүйек ми сауытының барлық сүйектеріне сыналанып, кірігіп, қанат іспетті келеді, ал самай сүйегінде есту мүшесі – құлақ орналасады.

Жалпақ және аралас сүйектер көбіне қуыс келеді, ал қуыстың ішкі жағын кілегейлі қабат астарлап жатады.

Адам қаңқасы.

Адам қаңқасы мынадай түрде бөлінеді: тұлға сүйектері – омыртқалар, қабыртқалар, төс; бассүйек қаңқасы – ми сауыты, бет сүйегі; қол-аяқ қаңқасы – қолдың қимылдайтын иық белдеуіндегі сүйектер: жауырын, бұғана және қолдың еркін қимылдайтын бөлігі: қары, білек, қол басы; аяқтың қымылдамайтын сүйектері жамбас немесе мықын белдеуі: жамбас; аяқтың еркін қимылдайтын бөлігі: сан, балтыр, аяқ басы.  

Тұлға қаңқасы. Тұлға қаңқасы негізінен омыртқа жотасы, 12 жұп қабырғалар және төс сүйегі тұлға өаңөасы немесе тұлға сүйектерін құрайды.

Омыртқа жотасы(columna vertebralis) – тұлғаның тірегі ғана емес, сонымен бірге адам қаңқасының негізі саналады. Ол 33-34 омыртқалардан құралады. Бұлардың 9-10 жалған, 24-і нағыз омыртқа болып есептеледі. Нағыз омыртқалар бірімен-бірі омыртқааралық буын бетінің шеміршегі және сіңір арқылы жарғасып, ерекше құрлысты болып келеді. Жалған омыртқалардың кейбір бөліктері жойылады да өзара бітісіп кетеді. Тұлғаның сыртқы жотасын бойлай созылған омыртқалар тізбегі омыртқа жотасы бағанасы деп аталады.

Омыртқа жотасы атқаратын қызметіне мен пішіні және орналасқан орнына байланысты мынадай бөлімдерге бөлінеді: 7-омыртқа-мойын омыртқа, 12-омыртқа-арқа (кеуде) омыртқа, 5-омыртқа-бел омыртқа, 5-омыртқа-сегізкөз және 4-5 омыртқа – құйымшақ. Ересек адамдарда сегізкөз және құйымшақ бөлігіндегі омыртқалар бірімен-бірі бірігіп, өз алдына сегізкөз және құйымшақ сүйектерін құрайды. Бұларды сондықтан жалған омыртқалар деп аталады.

Кеуде. Алдыңғы жағынан төс сүйегі, қапталынан 12 жұп қабырғалар, сырт жағынан 12 арқа омыртқалары кеудені құрайды. Кеуде құрайтын сүйектер тұлға сүйегіне жатады.кеуденің пішіні асты мен үсті тесік құмыра тәрізді болады.кеуде тесіктері кеуде жармасы деп аталады.

Қабырғалар. Қалақ тәрізді ұзын, имек сүйектер қабырғалар деп аталады, олар 12 жұптан тұрады. Қабырғалардың ортасы – дене, алдыңғы және артқы ұштары болады. Артқы ұшы жуан болғандықтан басы деп аталады. Қабырғаларда мойын және буын дөңестері болады. Әр  қабырғалардың әрқайсысы омыртқалардың екі буын беттері арқылы ұштасады: бірінші буын беті қабырғаның басында, екіншісі-қабырға мойын түбіндегі дөңесте.

Жеті өабырға ұшындағы шеміршек арқылы төс сүйекке тікелей бірігеді. Бұл қабырғалар нағыз қабырғалар деп аталады, ал VIII, IX, X жұп өабырғалар төс сүйекке тіке жалғаспай, шеміршекпен ғкана бірігетіндіктен, жалған қабырға болып табылады. XII қабырға өте қысқа, төс сүйекке жалғасуға жетпей, құрсақ бұлшық еттінің арасында қалады, сондықтан оны кейде жетім қабырға деп атайды.

Төс сүйек. Бұл қанжар тәрізді сүйек үш бөліктен құралады: төс алқасы, төс денесі және семсер тәрізді өсінді. Алқаның екі жағындағы буын ойығына бұғана жалғасады, ал екі бұғаналық буын ойысының арасында мойындырық ойысы орналасады. Төс сүйек жыныс қарай өзгереді: әйелдердің төс сүйек денесі еркектердікінен 2 сантиметрдей қысқа болады.

Қол және аяқ қаңқалары. Қол және аяқ қаңқасы сүйектері сырттай ұқсас болып көрінгенімен атқаратын қызметіне қарай, пішіні және мөлшері жағынан едәуір ерекшеленеді. Қолш адамның нағыз еңбек құралы болғандықтан да оның шеберлігі жетіліп небір нәзік істерді атқаруға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде қолдың сүйектері, аяқтың сүйектеріне қарағанда, жіңішке де жеңіл және бірімен-бірі өте қимылдағыш буындар арқылы байланысады.

Аяқ сүйектері – дененің тірегі. Адамның салмағы екі аяққа түседі. Сөйтіп оның кеңістікте еркін жүруіне мүмкіндік жасайды. Осыған орай аяқтың салмақтары қолдың сүйектерінен жуан, салмақты және буындары орнықты.

Атқаратын қызметіне қарай: қолдың қаңқасы: иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын қаңқасы деп екіге бөлінеді. Соған орай аяқ қаңқасы да екі топқа бөлінеді: жамбас белдеуі және аяқтың еркін қозғалатын қаңқасы.

Иық белдеуіне екі бұғана және екі жауырын сүйектері жатады.

Бұғана. Имектеу келген жұп сүйек бұғана кейде көжеге сүйек деп те атайды. Бұғанада дене және екі ұшы болады. Бұғананығ жуандап төс сүйек алқасына буындасатын ішкі төстік ұшы және сыртқы топшалық ұшы топша өсіндісіне буындасады., сөйтіп денеге бұғана көлденең орналасады. Бұғана сүйектің үсті тегіс те, астыңғы бетінен бұлшық еттер мен сіңірлер бекінетін сүйір бұдырлар  мен трапеция сызығы көрінеді. Бұғана иық белдеуін көтеріп, қолдың еркін қимылдауына жағдай жасайды.

Жауырын. Кеуденің сыртынан ала  II-VII қабырғалар тұсында орналасқан жалпақ, үш бұрышты жұп сүйек жауырын деп аталады. Жауырынның қабырғаларға қараған беті ойыстау, сыртқы беті дөңестеу келеді. Жауырынның үш жиегі бар: омыртқа жотасы жағында орналасатын ортаңғы жиек, сыртқы жиек және үстіңгі жиек.

Қолдың еркін қозғалатын қаңқасына тоқпан жілік, шыбық және шынтақ сүйектері, қол басы сүйектері (білезік, алақан және саусақ сүйектері) жатады.

Аяқ қаңқасы. Аяқ сүйектері мықын белдеуі мен аяқтың еркін қозғалатын сүйектерінен құралады.

Мықын белдеуінің сүйектері сақина пішінді немесе түбі тесік астау тәрізді болады. Бұл екі жамбастан, сегізкөзден және құйымшақ сүйектерден құралады.  

Жамбас сүйектері. Жамбас өзара бітісіп кеткен үш сүйектің жиынтығы, олар: мықын, шонданай және қасаға деп аталады. Мықын – жамбастың жалпақ бөлігі, қасаға – бір жамбастың екінші жамбаспен жалғасатын алдыңғы бөлігі, ал шонданай – жамбас сүйегінің отырғанда жерге тірелетін бөлігі. Сондықтан оны отырғыш сүйегі деседе болады.осы үш сүйектің қосылған жерінде ортакң жіліктің басы кіріп тұратын жамбастың ұршық ұясы болды. Ұяның түбінде жарты ай тәрізді буын беті түзіледі, ал буын бетінің дәл ортасында ортан жілік басындағы сіңір жалғасатын тағы бір ойыс бар. Ұршық ұясының бір жағы жырық болып келеді. Жамбастың төменгі жағындағы қасаға және шонданай сүйектерінің арасында үлкен тесік жамбас ұңғылы деп аталатын тесік бар, ол жарғақпен керіліп тұрады.

Аяқтың еркін қозғалатын қаңқасы.  Бұл үш бөліктен: сан, балтыр және аяқбасы сүйектерінен құралады. Санды негізгі сүйек – ортан жілік.

Аяқбасы сүйектеріне  тілерсек, табан және бақай сүйектері жатады.

Бас қаңқасы (cranium). Бұл бастағы көптеген мүшелер   мен миды қорғайтын, 23 сүйектен құралған өте күрделі сүйек. Ол атқаратын қызметіне қарай екі бөліктен тұрады: ми сауыты және бет сүйектері. Ми сауыты қуыс болады және сол қуыста  ми орналасады, ал бет бөлігінде тыныс, ас қорыту жүйелері мен сезім мүшелері орналасады.

Ми сауытының сүйектері – бұл шүйдще сүйек, маңдай сүйек, сына тәрізді сүйек, самай сүйек және тор тәрізді сүйектерден құралады.

Бет бөлігінің сүйектері. Бұлар алуан түрлі жұп және тақ сүйектерден құралады. бет бөлігінің сүйектері мыналар: үстіңгі жақ сүйек, мұрын сүйегі, көзжасы сүекшесі, әлпет сүйегі, астыңғы кеуілжір (төменгі мұрын қалқаны), таңдай сүйегі, астыңғы жақ сүйек, құрмау сүйек және кеңсірік сүйектері.

2 Сүйектердің байланысуы туралы ілім (Syndesmologia)

Адам денесінде болатын 250-ге жуық сүйектердің бір-бірімен байланысу жолын үш топқа бөлуге болады. Сүйектер қорғаныш немесе тірек қызметін атқаратын болса, олар қимылсыз тікелей бірігіп, буындасады, оны қозғалыссыз немесе синартрозды байланыс, сүйектер қозғалмалы байланысса, оны буын немесе диатрозды байланыс деп атайды. Сүйектер буындасқанда қозғалысы онша болмай, сүйек аралығындағы саңылауда сұйықтық болса, мұндай байланыс жартылай буынды немесе симфиз деп аталады.

Қозғалыссыз байланыс. Қозғалыссыз немесе синатрозды байланыс кезінде сүйектер өзара дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы немесе сүйек ұлпасы арқылы орнығады. Мұндай байланыс кезінде сүйектер аз қозғалады, кейде тіпті қозғалмайды.  Сондықтан сүйектердің бірімен-бірі қосылысқан ара жігі білінбей, тұтасып кетеді.

Қозғалыссыз байланыстағы сүйектердің арасындағы сүйектерді жалғастырушы ұлпалар өзгеру жағдайына қарай 3 түрлі (талшықты, шеміршекті, сүйекті) болады.

Қозғалмалы буынды, диартрозды байланыс.  Қозғалмалы, қуысты байланыс – бұл буын. Қозғалыссыз байланысқа (синортрозды) қарағанда қозғалмалы (диартрозды) немесе буынды байланыстүзілуі жағынан күрделі болып келеді. Екі сүйектің түйіскен жерінде бос орын – қуыс болады. Буындардың әрқайсысы буын қапшығынан немесе капсуласынан, буын қуысынан, байламынан, буын ернеуінен, буын тегерішінен (диск) және буындасушы беттерден тұрады.

Буын қапшығы  - буынның бетін қаптап, жиегіне бекінетін қалта. Оның сыртқы және ішкі екі қабаты болады. 1. Талшықты – сыртқы қабат. 2. Қан тамырына бай синавиальды – ішкі қабат. Сыртқы қабат талшықты дәнекер ұлпасынан түзіліп, сүйек қабығымен жалғасып жатады. Бұл ғорғаныш қызмет атқарады.

Қапшық ішіндегі қабатта емізік тәрізді жіңішке синовиальды бүртік болады. Буын бетін майлайтын сұйықтық – синовияны осы бүртік бөліп шығарады. Кейбір буындарда синовиальды қабат қатпарланып, оған май қатпары жиналады. Тізе мен иық буындарында синовиальды қабат ішке қарай ойысып, сыртқы қабаттың талшықтарымен сыртқа шығады да синовиальды қалта түзеді. Синовиальды қалта бөлетін сұйықтық оның қасинан өтетін бұлшықеттер мен сіңірлерді және сүйек аралығын жұмсарту арқылы қорғаныш қызметін атқарады.

Буын қапшығы мен екі сүйектің тұйықталған жері буын қуысы деп аталады. Байланысатын сүйектердің бастары серпімділеу келген және тығыз гиалин шеміршегімен қапталып, екі сүйек өзара толық жанасып жатады.

Буын қуысы – буын беттері мен синовиальды қабыршақтар ауа кіріп-шықпайтындай етіп қоршалған саңылау. Қалыпты жағдайда қуыс бос болмай, синовиальды сұйықтыққа толы болады. Сұйықтық буын беттерін майлап, жұмсартадады да серпімділікті арттырады. Сондай-ақ буын беттерінің бір-бірінен тайып, ажырауынан да сақтандырады. Сұйықтықтың әсерінен екі буын бетінің аралығында біріне-бірін сорып, жабыстырып тұратын шамадан қысым пайда болады. Соның нәтижесінде кейбір адамдар буындардың сыздауынан ауа райының бұзылатынын күні бұрын біле алады.

Буын қапшығына зақым келіп, қуысқа ауа енсе, буынның беттері ажырап кетеді.

Буын беті – екі сүйектің қозғалмалы болып түйісетін беті. Буындасушы сүйектердің біреуінің беті дөңес, екіншісінің буын беті ойыс болып келеді. Осыған  байланысты буын дөңесі және буын ойысы деп аталады.

Буындар биомеханикасы. Адам ағза үшін буындардың үш түрлі маңызы бар. 1. Денені белгілі бір күйде ұстап тұруға жәрдемдеседі; 2. Дене бөліктерін бір-біріне жақындатып, алыстату арқылы қозғалтады; 3. Денені кеңістікте жүргізіп-тұрғызады.

Буын бетінің пішіні айналмалы геометриялық пішіндерге ұқсас болып келеді. Мысалы, буынның беті цилиндр тәрізді болса, қозғалыс бір білік (шүлдік) бойымен жүзеге асады, егер буынның беті сопақ (эллипис) болып келсе, - екі білік бойымен; буынның беті шар тәрізді болса, онда қозғалыс көп біліктің бойымен қимылдайтын болады.

Буындарда қозғалу үш білік бойымен жүреді. 1. Білік бойымен қозғалғанда сүйектер буында бүгіледі, яғни буындасқан сүйектердің бұрышы тарылады да жазылады, сөйтіп буынның бұрышы үлкейеді. 2. Қозғалу сагитальды білік бойымен өткенде бұлшықеттер ортаға жақындайды, сондай-ақ бұлшықеттер орталықтан алыстайды. 3. Қозғалу немесе айналу тілік бойымен өткенде бұлшықеттер ішке және сыртқа бұралады. 4. Айналу немесе шеңберлі қозғау кезінде бір біліктен екінші білікке ауысып, бір сүйектің басы шеңбер сызғандай болса, жалпы сүйек сопақ сызықтың бойымен қозғалады. Буындасқан сүйектерді тартса, буын шамалы сырғи жылжып, бірінен-бірінің алшақтағаны байқалады. Мысалы, саусақтарды созса, сыртылдаған дыбыс естіледі.

Буынның қозғалуы буын бетінің пішініне тікелей байланысты. Оның көлемі буын беттерінің бір-біріне қаншалықты кіріп беттесуіне тәуелді болады. Месалы, егер буының бетіндегі ойыстың кеңдік доғасы 140 градусқа тең, ал оның дөңесі (жілік басы) 210 градусқа тең болса, онда қозғалу доғасы 70 градусқа тең болып шығады. Осыған орай, буын беттері көлемінің айырмасы қаншалықты көп болса, қозғалу доғасы да соншалықты көп және керісінше.

Буынды буын беттерінің санына қарай жіктеу.  

Жай буын кезінде сүйектер бір-бірімен екі буын беті арқылы ғана байланысты. Оған саусақ сүйектерінің буындары мысал бола алады.

Күрделі буын буынның қуысы шеміршек арқылы екіге бөлінетіндіктен екі қуысты буын деп те атайды. Егер буындағы шеміршек тегеріш тәрізді болса, буынның қуысы толық бөлінеді, ал ондағы шеміршек жарты ай тәрізді болса, буынның қуысы толық бөлінбейді.

Күрделі құрама буын атқаратын қызметі бірдей, дара-дара орналасқан бірнеше буындардан түзіледі. Бұған екі шықшыт буындары, білек сүйектеріндегі екі басындағы буындар т.б. жатады. Аталған буындар жеке-жеке орналасса да қозғалу қызметі барлығына ортақ келеді.

Буындардың пішіні мен қызметін,е  қарай жіктелу. Буынның қызметі оның қозғалу, айналу білігінің санына қарай анықталады. Ал, буын қозғалу білігінің саны буын беттерінің пішініне тікелей қатынасты. Мысалы, буын цилиндр пішінді болса, ондағы қозғалыс тек бір біліктің бойымен ғана жүзеге асады. Мұндайда цилиндр тәрізді буын беті тік орналасса, қозғалыс тік біліктің бойымен, ал ондай буынның беті көлденең жатса, онда көлденең біліктің бойымен қозғалатын болады.

Буын шар тәрізді болса, онда ол шардың шеңберіне сәйкес бірнеше біліктің бойымен айналып, қозғалады. Сондықтан буындағы біліктің саны мен буын беті пішінінің арасында тығыз байланыс бар. Қозғалу мүмкіндігі буын бетінің пішініне қарай анықталады. Сүйектердің бір-бірімен түйісуі, жанасуы, беттесуі, қабаттаса байланысуына қарай буындардың пішіндері де сан алуан болады, атап айтқанда: цилиндр тәрізді, шығыр тәрізді, ершік тәрізді, жұмыртқа тәрізді, шар тәрізді және жазық пішінді болып келеді. Буындар пішіндеріне сәйкес білікті айналып қозғалады. Сөйтіп, буындар қозғалу сипатына қарай бір білікті, екі білікті және үш немесе көп білікті буындарға бөлінеді.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Қаңқа сүйектерінің құрылысы, пішіні, атқаратын қызметті және химиялық құрамы

2. Сүйектердің байланыстардың топтастырылуы

3. Буындардың топтасуы

 

  

Тақырыбы №5 Қаңқа бұлшық еттері

Жоспар            

1. Бұлшық еттің қызметі, пішіндері, атқаратын қызметтері

2. Тұлға бұлшық еттері

 

Қолданылған әдебиеттер

1. «Спорттық морфология негізіндегі тәнтану». Жұмашева С.К. Алматы, Республика. 1994

2. «Адам анатомиясы» Әмина Күзенбаева Алматы.2001.

3. М.Дайырбекова «Адам анатомиясының практикумы» Алматы 1995

 

Бұлшықеттер – тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттердің қызметі оның жиырылғыштық, созылғыштық қасиетіне және оның құрысу, сіресу, тірлік қасиеттеріне негізделген. Бұлшықет жиырылған кезде жылу бөлініп, қанның құрамы өзгереді, соның әсерінен денеде күрделі тірлік әрекеттер жүзеге асады. Дененің құрысып, сіресуі арқылы денені белгілі бір күйде ұстап тұруға немесе кез келген қалыпты жағдайда сақтап қалуға мүмкіндік туады. Мұны бұлшықеттердің жиырылуы дейді.

Бұлшықеттердің құрылысы.  Адамның денесіндегі 600-дан астам бұлшықеттер бар. Олардың көпшілігі жеке-жеке сүйектерге жабысып тұрады. Мұндай бұлшықеттер қаңқа бұлшықеттері деп аталады. әр бұлшықеттердің негізгі денесі қатарласа орналасқан талшықтардан түзіледі де екі ұшы тарамыс сіңірімен аяқталады. Бұлшықеттер құрамында 75%  су және 25% тығыз заттар (ақуыз, май, көмірсу, тұздар) болады.

Адамның денесіндегі көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшықеттер бірдей жұмыс атқарса да олардың құрылысы мен дамуында өзіндік айырмашылықтар бар.

Бұлшықеттердің пішіндер. Бұлшықеттердің пішіні мен көлемі және бұлшықет талшықтарының бағыты олардың атқаратын жұмысына тығыз байланысты. Осыған орай бұлшықеттер жай, күрделі  және қауырсынды бұлшықет деп үш топқа бөлінеді. Ұзын, қысқа, жалпақ, сақина тәрізді және шеңберлі бұлшықеттер жай бұлшықеттерге жатады. Ұзын бұлшықеттер күшті қозғалады, олардың пішіні ұршық тәрізді болады. Олардың ортаңғы бөлігі жуандап – қарынға, ал екі ұштары жіңішкеріп, тарамысқа немесе сіңірге айналады. Кейде бұлшықеттердің қызметіне қарай денеден алыс (дистальды) ұшы – басы, ал денеге жақын (проксиамальды) ұшы құйрығы деп аталады. Мұндай бұлшықеттерді қол-аяқ мүшелерінен көп кездестіруге болады. Қысқа бұлшықеттер терең орналасады. Олар омыртқа жотасының бойынан, омыртқалар мен қабырғалар аралығынан кездестіре аламыз. Тұлға бұлшықеттері көп жағдайда жалпақ бұлшықеттерге жатады. Бұған құрсақ бұлшықеттерін, арқа және көкірек бұлшықеттерін мысал етуге болады. Жалпақ бұлшықеттер әр түрлі қозғалыстармен шектеліп қалмай, дене қуысының қабырғаларын түзуге қатысады. Бұлардың сіңірлері жалпақ болып келеді. Олар сіңірлі шандыр деп аталады.

Сақина тәрізді немесе шеңберлі бұлшықеттер денедегі табиғи тесіктердің айналасында орналасады. Мысалы, ауыз, көз, құлақ, тік ішектің сыртқы тесігі шеңберлі бұлшықеттердің жиырылуынан тарылады. Сондықтан оларды қыспа бұлшықеттер  деп те атайды.

Күрделі бұлшықеттерге екі басты, үш басты, төрт басты, екі қарынды және сіңірлі құйрықтары тармақтанып сүйектерге бекінетін бұлшықеттер жатады.

Бұлшықеттедің қосымша мүшелері. Бұлшықеттердің негізгі бөліктері ғана емес, олардың жұмысына жәрдем беретін қосымша мүшелеріде болады. Олар мыналар: шандыр қабық, шырышты қалталар, сіңір қынаптар, тиек (сесам) сүйектер және тиекті шығыршықтар (блоктар) және т.б.

Бұлшықеттердің жұмысы. Бұлшықеттің негізгі қасиетті – созылу және жиырылу. Жиырылған кезде бұлшықеттің жиырылуы артады. Оны сезімтел термометр арқылы анықтауға болады. Жүгіргенде, секіргенде, жүрген кезде және басқа да әр түрлі қара жұмыстарды атқарғанда дененің жылынатыны баршаға мәлім.

Денедегі қимылдардың барлығы бұлшықеттің жұмысынан пайда болады. Бұлшықет қысқарған кезде оның ұзындығы қысқарып, пішіні өзгереді. Қысқарған кезде жеке бұлшықеттің алғашқы күйінен 50-57%, ал буын арқылы қысқарғанда 35% қысқаратыны дәлелденді.

Адам денесіндегі бұлшықеттерді де бірнеше бөліктерге бөлуге болады: тұлға бұлшықеттері, мойын бұлшықеттері, бас бұлшықеттері, қол бұлшықеттері және аяқ бұлшықеттері.

2 Тұлға бұлшықеттері меншікті және беткі бұлшықет болып келеді. Меншікті бұлшықеттер батыңқы, тұлғаның қаңқаларына тікелей жабыса орналасады да тұлға және бас бөліктерін қозғалысқа келтіреді. Беткі бұлшықеттер батыңқы бұлшықеттердің үстіңде орналасады.

Тұлғаның бұлшықеттері арқа, мойын, көкірек және құрсақ бұлшықеттері болып бөлінеді.

Арқа дегеніміз – тұлғаның сыртқы жағы, яғни желке сызығынан  сегізкөз-мықын байланысы мен құйымшақ және қолтықтан төмен кеуде мен құрсақ бүйірін бойлап түсірген сызықтар аралығы.

Арқа: омыртқа, сегізкөз, жауырын, жауырын асты және бел аймақтарына бөлінеді.

Арқа бұлшықеттері тұлғаның сыртқы жағында орналасады. Оның кейбір бұлшықеттерінің ұштары қаңқа сүйектерінен және мойын омыртқасынан басталады. Арқа бұлшықеттері беткі және батыңқы бұлшықеттерге бөлінеді.

Арқаның беткі бұлшықеттеріне: трапеция тәрізді, арқаның жалпақ, жауырынды көтеретін, ромб тәрізді үлкен және кіші, арқаның жоғарғы тісті және төменгі тісті бұлшықеттері жатады.

Арқаның батыңқы бұлшықеттері үш қабаттан тұрады. Біріншісі – бас пен мойынның белбеу бұлшықеттері және омыртқа жотасын жазатын бұлшықеттер; ортаңғысы – көлденең-жота өсінділерінің бұлшықеттері; ең батыңқысы – жота өсінді аралық, көлденең өсінді аралық, қабырғаны көтеретін және желке бұлшықеттері.

Бас пен мойынның белбеу бұлшықеттері трапеция, ромб және арқаның жоғарғы тісті бұлшықеттерімен жабылып жатады.  Бұл бұлшықет ІІІ-VI мойын омыртқалары тұсындағы байлам мен І-VII арқа омыртқаларының артқы жоталық өсіндісінен басталып, оның бас бөлігі самай сүйегінің емізік өсіндісіне және шүйденің жоғарғы сызығынан, ал мойын бөлігі VIII жоғарғы мойын омыртқасының көлденең өсіндісіне бекиді. Бұл бұлшықеттердің оң немесе сол жаққа жиырылуына қарай бас та солай қарай бұрылады. Олардың екі жағы бірдей жиырылса, бас шайқалып, мойын жазылады. Белбеу бұлшықеттері жұлынның мойындағы жүйкелерімен және шүйде мен мойынның батыңқы артерияларымен жабдықталады.

Кеуде бұлшықеттері тұлғаның алдыңғы бөлігінде жатады. Оның жоғарғы жағы мойынмен шектелсе, сыртқы шекарасы тармақталған бұлшықет пен көкіректің үлкен бұлшықеттінің аралық сайының бойымен қолтық ойысын бойлап өтеді, ал төменгі шекарасын төс түйектің семсер тәрізді өсіндісінің тұсынан VII қабырғаны бойлай, қолтық ойысына жетеді. Кеуде бұлшықеттері де беткі және батыңқы болып бөлінеді.

Кеуденің беткі немесе қолға қатысты бұлшықеттер. Мұндай бұлшықеттерге көкіректің үлкен және кіші бұлшықеті, бұғана асты және алдыңғы тісті бұлшықеттер жатады.

Кеуденің батыңқы немесе меншікті бұлшықеттері. Бұлар үш қабатты болып орналасады: қабырға аралық сыртқы, қабырға аралық ішкі, қабырға асты және көкіректің көлденең бұлшықеттері. Бұл бұлшықеттердің қызметі көкектің жұмысына тығыз байланысты болады.

Көкет. Кеуде – құрсақ аралық перде бұлшықеті – кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын бұлшықет. Көкет эмбриондық даму кезеңінде мойын миотомынан пайда болады. Біртіндеп жүрек пен өкпе пайда болған кезде көкет төмен ысырылып, эмбрионның үш айлық кезінде қалыпты орнына келеді. Көкеттің мойын жүйкелерімен қамтамасыз етілуінің бір себебі – міне осы.

Көкет – күмбез тәрізді жалпақ, тақ бұлшықет, бұлшықет пен сіңірлі бөліктен құралады. ол бұлшықетті бөлілігінің бір ұшымен кеуде қуысының төменгі жиегіне шеңбер жасай бекиді, ал екінші ұштары сіңірге айналып, күмбездің сіңірлі орталығын түзеді.

Көкет үш бөліктен: бел, қабырға және төс бөліктерінен құралады. бұлардың ортасы өте нәзік, үшбұрыш пішінді болып келеді. Осы арада құрсақ қуысындағы мүшелердің көкірек бөлігіне соғылуы нәтижесінде көкет түйінінің пайда болуы мүмкін.

Құрсақтың бұлшықеттері жоғарғы жағынан кеуде қуысының төменгі шекарасын, төменгі жағынан жамбастың жоғарғы шекарасын, ал екі қапталы жағынан қолтық сызығының аралығын алып жатыр. Құрсақтың бұлшықеттері орналасу тәртіп жағынан бүйір, алдыңғы және артқы қабырға бұлшықеттері болып бөлінеді. Олардың алдыңғы қабырғалық бұлшықеттеріне құрсақтың тік және пирамидалық бұлшықеттері, ал бүйір қабырғалық бұлшықеттеріне құрсақтың сыртқы қиғаш және құрсақтың көлденең бұлшықеттері, ал артқы қабырғалық бұлшықеттеріне белдің шаршы бұлшықеті датады.

Қол бұлшықеттері қаңқасына ұқсас орналасу ретінің ерекшелігіне қарай йық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын бөлігіндегі бұлшықеттер болып екі топқа бөлінеді.

Аяқ бұлшықеттері тәнтанулық ерекшеліктеріне қарай жамбас белдеуінің еттері және аяқтың еркін қозғалатын бөлігіндегі бұлшықеттеріне бөлінеді. Адамның тік жүруіне байланысты, яғни қозғалыс пен тірек күштерінің негізі аяққа түсетіндіктен, оның бұлшықеттері күшті дамиды. Адам денесіндегі жалпы бұлшықеттердің 50% мөлшерінен астам аяқта орналасқан. Олардың ішінде бөксе, сан және балтыр бұлшықеттерін ерекше атауға болады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Бұлшық еттің құрылысы, қызметті, пішіндері және байланысы

2. Бұлшық ет жұмысына сипаттама

 

 

Тақырыбы №6 Жалпы динамикалық морфология

Жоспар

1. Динамикалық морфологияны анықтау және жеке бөлімдерінің негізгі міндеттері

2. Дененің әртүрлі жағдайындағы ішкі мүшелердің  араласуы

 

Қолданылған әдебиеттер

1. «Спорттық морфология негізіндегі тәнтану». Жұмашева С.К. Алматы, Республика. 1994

2. «Адам анатомиясы» Әмина Күзенбаева Алматы.2001.

3. М.Дайырбекова «Адам анатомиясының практикумы» Алматы 1995

 

Дененің жалпы ауырлық орталығы (ЖАО) дегеніміз – барлық ауырлық күші түсетін нүкте. Дененің ауырлық орталығы орналасқан жертді анықтау дене белгілі бір қалыпта тұрған кезде тепе-теңдік жағдайын және анадай не мынадай күйде немесе қозғалыста әрекет етіп тұрған бұлшық еттердің функцияларын түсінуге қажет. Жалпы ауырлық орталығының жағдайы сегізкөздің I-V омыртқасы аралығында өзгеріп отырады.

Басқа да физикалық денелердегі сияқты адам денесінен де тепе-теңдіктің үш түрін айырады. Олар: тұрақты, тұрақсыз және бәрі-бір тепе-теңдіктер.

1. Тұрақты тепе-теңдік кезінде дененің ауырлық орталығы әдетте тірелетін алаңнан төмен болады.

Тыныштық күйде шығарылған және өз бетінше қалдырылған дене өзінің бұрынғы қалпына келеді.

2. Тұрақсыз тепе-теңдік кезінде дененің жалпы ауырлық орталығы тірелу алаңынан жоғарыда болады. Мұндай күйде шығарылған және өз бетінше қалдырылған дене бастапқы қайтып оралмайды.

3. Бәрі-бір тепе-теңдік кезінде денені қандай күйге, қандай қалыпқа келтірсеңіз де, тепе-теңдігін сақтап қалады. Тепе-теңдіктің бұл түрі құрылысы өте күрделі адам баласына тән емес. Адам жатса, тепе-теңдігі бәрі бір тепе-теңдікке жақындайды, соның өзінде мұның дененің ұзына бойлық осінде жүзеге асатын қозғалыстарға ғана қатысы бар.

Адас денесі қандай қалыпта болмасын әйтеуір бір күйде тұрған кезде тепе-теңдік түрін анықтау үшін дененің ауырлық орталығы мен алаңының орналасқан жерін есепке алу қажет.

Тепе-теңдіктің белгілі бір түрі кезінде тұрақтылық дәрежесін анықтау үшін тұрақтылық бұрышы дейтінді – ауырлық орталығы арқылы жүргізілетін тік білік пен ауырлық орталығының тірелу алаңының шетімен қосатын тура сызық аралығындағы бұрышты пайдалануға болады. Дене белгілі бір қалыпта тұрған кезде тұрақтылық дәрежесі ауырлық орталығының тік білігі тірелу алаңының ортасы арқылы өтсе ғана әр түрлі бағыттарда бірдей бола алды.

1 Ғылымның соңғы жетістіктеріне қарағанда спорт сабақтарының әсерінен адамның мүшесінде және ағза жүйесінде көзге көрінетін, сондай – ақ көзге көрінбейтін қайта құрылыстар болатыны анықталып отыр. Мұндай өзгерістер жалпы биологиялық заңдылықтар негізінде қайтадан құрылады. Адам ағзасы - өзін - өзі басқаратын үлкен жүйе, ол алуан түрлі қызмет атқаратын мың – миллиондаған жасушалардан құралады, жасушалар шоғырланып, белгілі қасиеті мен қызметіне қарай төрт топ ұлпаларға, ал ұлпалар шоғырланып, белгілі қызмет атқаруға бейімделген мүшеге, бірнеше мүшелер бірігіп, бірыңғай қызмет атқаратын жүйе түзетіні өздеріңізге мәлім. Сондай – ақ, бұлшықет ұлпасының негізгі қасиеті жиырылу болса, жүйке ұлпасы бойынан қозуды өткізеді. Ұлпалардың мұндай қасиеті сыртқы және ішкі ортаға тікелей байланысты. Бұл жалпы биологиялық заңылықтарға жатады. Спорт – адамның биологиялық және тұрмыстық тәбиғатына тікелей әсер ететін қозғаушы күш. Егер ондай күш адамның батылдығын, ептілігін, күшін, төзімділігін арттыруға орынды қолданылма са, оның ағзаға зиянкелтіруі мүмкін. Осыған орай әрбір спорт сабағының ағзаға қалай әсер ететінін алдын ала білген жөн. Бірақ осылай екен деп бір сарында, яғни жаттығудың бір түрі бұлшықетті дамытады деген оймен тек біржақты кетуге болмайды. Өйткені ағза біртұтас болғандықтан, бір жүйені дамытуға жасалған спортта үлкен көрсеткішке жетуге болады. Кез келген ағза тіршілігінің негізі оның рефлекстік жүйесіне байланысты жүзеге асады. Сыртқы орта осы рефлекстік жүйе арқылы ағзаға әсер етіп, ағза сол әсерге қарсылығы немесе бейімділігі арқылы жауап бере алады. Мысалы, қолға тікен кірсе, қолды тез тартып аламыз: бұл ағзаның жай ғана рефлекстік жауабы, ал жүгіру немесе жүкті біртіндеп ауырлату арқылы ағзада күрделі өзгерістер, яғни ағзада үдемелі әсерге бейімдеушілік болады, ал бұл оның күрделі рефлекстік жауабы болып табылады. Ағзаның сыртқы ортамен қайтарма әсері, яғни ағзаның сыртқы ортаға тигізетін әсері де болады. Сыртқы ортаның осылай өзгерген әсеріне 2 және 3 – ретте қайталануына да ағза жауап береді. Бұл жағдай орталық жүйке жүйесі арқылы басқарылып, ағзаның барлық құрылысына әсер ете бастайды. Ағза сыртқы ортаның үдемелі өзгерген  әсеріне бейімделе  бастайды ағзаның сол  ортаға (әсерге) бейімделуі оның құрылыс өзгерісіне қарай қалыптасады. Бір мүшедегі өзгеріс басқа мүшелерге  әсер  етіп қайтадан құрылу  реті күрделеніп  кете береді.

2 Ағзаның бейімделуі  оның  жеке дамуы  кезінде  және  ол  тұрақтанғаннан кейін  ұрпағында да  жалғастыруы  мүмкін. Мұндай биологиялық заңдылықтар А.Н.Северцов, И.И.Шмальгаузен, И.П.Повлов, П.К.Анохин  тәрізді  ғалымдардың  еңбектерінде  дәлелденген.

Ағзаның  бейімделуінде  алдымен қызметтік  бейімделу, одан  кейін, өте баяу  болса да, құрылымдық (морфологиялық) өзгеріс  басталады. Қорыта айтқанда ағзада құрылым – қызметтік (морфофуекциональдық) бейімделу ұдайы  жүріп  отырады. Мүше немесе мүше  жүйесінің қызметі артуымен (гиперфункция) қатар, онда құрылымдық қайта құрылыс басталғанын  көрсетеді.

Ағзадағы  жетіліп, біркелкіленіп бейімделу барысы  кезінде құрылымдық жағынан кейбір мүше ұлғаяды (гипертрофия), ал кейбір мүше ұлғаяды (гипертрофия), ал кейбір мүше дамымай, семіп қалады (атрофия).

Мүше ұлғайғанда (гипертрофия  кезінде) оның көлемі шамадан тыс үлкейіп (гиперплазия), ұлғаюы да мүмкін. Мүшесінің семіп қалуы (атрофия) гипертрофияға, керісінше болады . Мүшенің көлемі және қызметі төмендеп, кейде  семіп, жоғалуы да мүмкін. Атрофия дертті өтеді.

Мүшенің шын немесе жалған ұлғаюы болады. Шын гипертрофия болғанда паренхиматозды жасушаның қайта құрылысы болып, олардың қызметі де ерекше өзгереді.  Бұл  кезде аралық ұлпалар  да  үлкейеді.  Жалған  гипотрофияда  паренхиматозды  жасушалар  дәнекер  ұлпамен  алмасады да  біртіндеп  жоғалып  кетеді.

Қимыл  жүйелі  мүшелеріндегі  мүшелер  белсенділігі  артқанда  бұлшықеттің  жұмысы  күшейеді,  ол  ағза  қуатының  көп  жұмсалуын  талап  етеді.  Бұл  жағдай  ағзада  ақуыз-липидтердің  жасушада  күрделі  ыдырап,  тез  тотығатын  майда  молекулаларға  бөлінуіне  әкеп  соғады.  Соның  нәтижесінде  ұлпаларда  космостық  қысым  қышқылдық  артады  да  жасуша  протоплозмасы  ісінеді.  Мұны  ұзақ  уақыт  жиырылған  бұлшықет  талшықтарынан  оңай  байқай  аламыз.  Ұлпада  қышқылдың  артуынан  оған  қанның  келуі  күшейеді  де  мүшенің  ұлғаюына  себепкер  болады.

Жасушаның  ісінуінен оған су сорылып, цитоплазмасын сұйылтады. Сұйылған цитоплазма өз қалпына келуі үшін оған жаңа құрылымдар қосылып, жасуша бұрынғыдан жоғары дәрежеге көтеріледі де белсенділігін арттырады. Бұл жағдай үдемелі қарқында жүретіндіктен, жасушаның көлемі де, қызметі де, құрылымы да, сондай – ақ онда пайда болатын қуаты да біртіндеп арта береді. Жасушаның техникалық жүйелі мүшесінде ДНК РНҚ ақуыз сызба нұсқасында жинақталатынын естеріңізге түсіріп көріңіздер. Бұлшықеттің қызметі қанша белсенді болса, ондағы ыдыраушылық та соншалықты күшті жүреді және зат алмасу өнімі көбейіп, жасушаның қайта құрылымы артады, сөйтіп мүшеде митохондрийдың саны көбейеді. Днне шынықтыру кезінде ағзада осылай жасушалар өздігінен жаңарып отырады. Мұндай биологиялық заңдылық мақсатқа лайықты етіп ретімен қолданылса, спортшыға дұрыс бағыт беріледі. Қазіргі морфологиялық әдістер арқылы ағзаға түсетін күнделікті әлеуметтік күштерге байланысты мүшелер қызметінің бағытына қарай ағзаның тарихи дамуын алдын ала болжауға болады. Осыған орай тәнтану мен тәнтірлігі біртұтас жағдай екені бізге мәлім. Өйткені қызметші пішінге әсер етсе, пішін қызметке әсер ететінін өздеріңіз де байқадыңыздар. Қызмет немесе пішін жағынан қайта құрылым ең алғашында жасуша дәрежесінде басталады.                               

 

Бақылау сұрақтары:

1. Дененің жалпы ауырлық орталығын анықтау әдістері

2. Дене қозғалысының немесе қалыпты жағдайдың организмге әсері

 

 

Тақырыбы №7 Жеке динамикалық тәнтану

Жоспар

1. Дене қалыптары мен тұрмыстық тәнтанулық сипаттамасы

2. Дененің үдемелі қозғалыстарындағы тәнтанулық сипаты

 

Қолданылған әдебиеттер

1. «Спорттық морфология негізіндегі тәнтану». Жұмашева С.К. Алматы, Республика. 1994

2. «Адам анатомиясы» Әмина Күзенбаева Алматы.2001.

 

1 Түргеп тұру қалпы. Адам түргеп тұрғанда тұрақсыз тепе-теңдік жағдайда болады. Әдеттегідей түргеп тұрған кезде екі аяқтың табан жақ беттері еденмен және кеңістікпен жаңасу алаңынан тірелу алаңы түзіледі. Тұру қалпы симметриялы болған жағдайда дене салмағының тік білігі дененің орта жазықтығынан және шамамен тіреу бетінің ортасынан өтеді. Аяқ басының ең басты тірелу орындары өкше сүйегімен табан сүйектерінің бастары.

Аяқ басында тірелу үш бұрышы дейтін бар. Бұл үш бұрыштар- арт жақта өкше денесінен, алдыңғы жақта- бірінші және бесінші табан сүйектерінің бастары емес, ортаңғы, ішінара екінші және үшінші табан сүйектерінің бастары болып табылады.

Түргеп тұру қалпының үш түрі бар:

Антропометрлік қалпы (нормадағы қалпы)

Тыныш тұру қалпы (қолайлы сымбат)

Сіресу қалпы (әскери қалпы)

Антропометрлік қалпы негізінде дененің жалпы ауырлыұ орталығы аяқ пен қолдың ірі буындарының көлденең біліктері және дененің жекелеген бөліктерінің ауырлық орталықтары бар сол баяғы фронталь (маңдай алдындық) жазықтықта орналасады. Бұл қалып, яғни антропометрлік қалпы, әртүрлі өлшеулерге негіз болып табылады.

Антропометрлік қалпы- анатомияда дененің құрылысын және оның қозғалыстарын оқып-үйренудің бастауы, негізі болып есептеледі. Осы аталған қылыпты оқып үйренген кезде қол алақан жағымен жоғары қарап тұрады.

Тыныш тұру қалпыда жалпы ауырлық орталығының тік білігі сан буын көлденең біліктің арт жағынан, ал тізе және балтыр-аяқ басы буындары көлденең біліктердің алдынан өтеді. Бұл қалыпта бұлшық еттер жұмысты аздап атқарады. Өйткені аталған буындарды нығайту елеулі түрде байлам аппаратының құрылымы арқасында жүзеге асады.

Балтыр-аяқ басы буынның айналасындағы бұлшық еттер балтырдың алға қарай еңкеюінің алдын алады, оның үстіне балтырдың алға қарай еңкеюіне қарсылық көрсететін балтыр  сыртындағы бұлшық еттер тобы жақсы жетілген.

Сіресу қалпы кезінде жалпы ауырлық орталығының  тік білігі аяқтың барлық ірі буындары көлдененң біліктерінің алдынан өтеді. Бұл қалпы кезінде тұлға, жамбас сан буынынан алға қарай еңкеюге тырысады. Бірақ бұған жамбас-сан буынының артқы беті бұлшық еттерінің жиырылуы кедергі келтіреді.

Асылу (вис) қалпы кезінде дене тұрақты тепе-теңдік жағдайында болады. Бұл жағдайда шыққан және өз бетінше қалдырылғакн дене бастапқы өз қалпына келеді. Асылудың қол басымен, тізе астымен, аяқтың үшымен, тіспен, иекпен жасайтын тағы басқа  түрлері бар. Дене шынықтыру практикасында қол басымен жасайтын асылу мен бүгіліп жасайтын вис көп маңызға ие. Қол басымен асылу көп жағдайда шығыршықта және перекладинада орындалады. Бұл қалыпта тірелу алаңы тірелетін затқа қол жанасатын беттердің, сондай-ақ осы беттер арасындағы кеңістіктен жасалады.

Тірек (упор) қалпы қолдың төмен қарай созылуы арқылы істелетін тіректі, асылудың (вистің) алуан түрінің бірі деп қарау керек. Бұлай асылу кезінде дененің жалпы ауырлық орталығы қол бастарының брусьтермен немесе шығыршықтармен жанасу бетінен және олардың аралықтарындағы кеңістіктен пайда болған тірелу алаңынан біраз жоғарыда  орналасады.

Гимнастикалық көпір (мост) қалпы көпір деп аталатын қалып кезінде дененің жалпы ауырлық орталығы аяқ басының табан бетінен, қол басының алақан бетінен және олардың арасындағы кеңістіктен түзілген тірелу алаңынан жоғары орналасады.

2 дененің барлық үдемелі қозғалыстарының жиынтығы аты- локомоторлық қозғалыстар немесе локомоциялар. Оларға жзататындар: денені тірелу алаңыны тіреп күш алып қозғалып кету (серпу, жаяу жүріс, жүгіру, секіру) қоршаған ортаға тіреліп, күш алып қозғалу, суға жүзу; денені тірелу алаңына тартуға немесе тартылуға байланысты қозғалыстар (қолмен арқанға немесе сырыққа өрмелеу). Қозғалыстың аталған қолмен-жоғары өрмелеу түрімен бір мезгілде аяқпен серпуде орындалуы мүмкін. Локомоторлық қозғалыстардың ішіндегі ең кең тарағаны – жаяу жүру, жүгіру, секіру.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Дене қалыптарының жіктемесі

2. Жүгіру мен жүрудің ара қашықтықтары.

3. Тұрған орыннан секіру кезіндегі қозғалыстың фазалары

 

 

Тақырыбы № 8 Ішкі мүшелер

Жоспар

1. Ішкі мүшелердің жалпы сипаттамасы, олардың атқаратын қызметтері

2. Ас қорыту жүйесі жалпы сипаттамасы және атқаратын қызметі

3. Тыныс алу жүйесі жалпы сипаттамасы және атқаратын қызметі

 

Қолданылған әдебиеттер

1. «Спорттық морфология негізіндегі тәнтану». Жұмашева С.К. Алматы, Республика. 1994

2. «Адам анатомиясы» Әмина Күзенбаева Алматы.2001.

 

1 Ішкі мүшелер дене қуысында, оның ішінде кеуде, құрсақ және жамбас қуысында орналасқан. Сондай-ақ бас пен мойында да ішкі мүшелер болады. Олар ағзаның зат алмасу қызметтіне жатады.

Ішкі мүшелер дамуына, құрылыс ерекшелігіне, орналасу жағдайына, қызметіне қарай жүйеге немесе жүйелі мүшелерге бөлінеді. Олар: асқорытужүйесі, тыныс жүйелі және несеп-жыныс жүйелі жүйесі.

Асқорыту жүйесі адамның бас, мойын, кеуде, құрсақ және жамбас қуысы бөлімдерінде; тыныс жүйесі бас, мойын және кеуде қуысының бөліктерінде, ал несеп-жыныс мүшелері -  құрсақ қуысы мен жамбас қуысында орналасқан.

2 Асқорыту жүйесі. Ауыз қуысы, ондағы мүшелер, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, тоқ ішектер, бауыр ұйқы безі асқорыту мүшелері болып табылады.  Бұл мүшелердің негізгі қызметі асты шайнау, езу, химиялық жолмен қорыту, ұсақтату, сору, сіңіру екені мәлім. Асқорыту мүшелерінің бас, мойын, көкірек, құрсақ және жамбас қуысында орналасатыны жоғарыда айтылды.

Адамңын бас және мойын бөлігінде ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңештің біраз бөлігі, көкірек бөлігіндегі өңештің негізгі бөлігі, құрсақта асқазан, ұлтабар, құрсақ қуысында аш ішек, мықын ішек, бүйен, жиек ішектер, қима ішек, бауыр, ұйқы без, ал жамбас қуысында тік ішек орналасады. Асқорыту жүйесін асқорыту түтігі деп қарастыруға болады. Түтіктің бір ұшы ауыз тесігі, екінші – көтен тесігі.

Ауыз қуысы – асқорыту жолының алғашқы бөлігі. Ауыз осыдан стоматология деген ұғым қалыптасқан. Ауыз қуысының қабырғалары сүйекті негізден және бұлшықеттерден құралады. ауыз қуысының жоғарғы жағынан таңдай, төменгі жағынан тіл және құрмау – жақ сүйек бұлшықеттері, екі бүйірінен ұрт бүлшықетті, алдыңғы жағынан ауыз қуысының саңылауын жабатын ерін, ал арт жағынан жұтқыншақ қуысына жалғасатын есін немес тамақ тесігі шектейді. Тамақ тесігі үстіңгі жағынан жұмсақ таңдаймен, бүйірінен таңдай доғасымен, астыңғы жағынан тіл түбірімен шектеледі.

Тіс және иек арқылы ауыз қуысы, ауыз қуысының кіреберісі және нағыз ауыз қуысы болып екіге бөлінеді. Ауыз кіреберісі тіс және қызыл иек пен ерін ұрт аралығын айналдыра жиектейтін саңылаулы қуыс.  Сыртқы ортамен ауыз кіреберісі ауыз саңылауы арқылы жалғасады. Тілді толық қамтитын нағыз ауыз қуысы тіс пен қызыл иектіңішкі жағын алып жатады.

Ерін. Шеңберлі ауыз бұлшықеттінің қаптарынан астыңғы және үстіңгі екі ерін бөлінеді. Еріндердің жалғасқан жері ерін жабыспасы және езу деп аталады. Еріндердің сыртқы беті терімен, ішкі беті сіре қабатымен қапталған. Ерін терісі үлкен жиегі арқылы сіре қабатқа жалғасады. Қан тамыры өте жиі және беткі бөліктен анық көрінетіндіктен, ерін қызарып тұрады.

Ұрт сырт жағынан терімен, іш жағынан сіре қабатпен қаптаулы болады. Бұлардың аралығында ұрт бұлшықеттері орналасады. Тері мен ұрт бұлшықеттеріне аралығына май заттары жиналады. Ұрт қуысына екінші үлкен азу тістің тұсынан шықшыт безінің сілекей түтігі ашылады.

Таңдайдың алдыңғы бөлігі қатты, ал, артқы бөлігі жұмсақ болып келеді.

Тіл – қимылдап тұратын бұлшықетті мүше. Тілдің үстіңгі, екі бүйірін және біраз мөлшерде астыңғы жағын сіре қабат қаптайды, ол жүйке мен қан тамырларына өте бай. Тіл шайнаған кезде тамақты қозғап, дәм сезу және сөйлеу қызметін атқарады. Тілде үш бөлік бар: артқы бөлігі – көмейге құрмау сүйегі арқылы бекіген тілдің түбірі, ортаңғы бөлігі – денесі, алдыңғы бөлігі – тілдің ұшы және оның жоғарғы бетін тілдің үсті деп атайды.

Тіс ауыз қуысындағы үстіңгі және астыңғы жақ сүйектердің иектеріндегі тіс ұяларында орналасады.

Тістің негізгі қызметі: тіспен үзіп алу, қырқу, жырту, шайнау, езу, үгу, кеміру, сондай-ақ сөз сөйлеуге де қатынасады.

Тістер сүт тісі және тұрақты тіс болып екіге бөлінеді. Тұрақты тіс – 32, бұлардың жоғарғы жақ сүйекте – 16, төменгі жақ сүйекте 16 тіс орналасқан. Тіс қатарында өздерінің аттарына қарай 8 тіс орналасады,  олардың 2-еуі – күрек тіс, 1-еуі – сүйір тіс, 2-еуі – кіші азу тіс, 3-еуі – үлкен азу тіс деп аталады.

Жұтқыншақ  мойын омыртқасының алдында орналасады. Ол ауыз қуысының өңешке, мұрын қуысын көмейге жалғастырып тұрады. Асқорыту жолы жұтқыншақта тыныс жолымен айқасады. Жұтқыншақтың үстіңгі жағынан бас қаңқасы бекіп, VII мойын омыртқа тұсында өңеш жалғасады. Жұтқыншақтың  артыңдағы омыртқа жотасының аралығында болбыр дәнекер ұлпаға толы кеңістік-жұтқыншақ арты болады. Ол жұтқыншақ пен өңештің кеңеюіне жағдай жасайды.

Жұтқыншақта жеті тесік бар. Олар: мұрын жағындағы екі хоана тесігі, құлаққа баратын екі евстахиев түтігінің тесігі, ауыз тесігі, өңештің аузы және көмейдің ауызы. Жұтқыншақ – бұлшықеттерден түзілген ұзынша қалташа.

Жұтқыншақ қабырғасы көлденең жолақты сығымдайтын үш жұп бұлшықеттен: жұтқыншақтың жоғарғы сығым бұлшықетті, жұтқыншақтың ортаңғы сығым бұлшықетті және жұтқыншақтың төменгі сығым бұлшықетті.

Өңеш – асқазан қуысын жұтқыншаққа жалғастыратын бұлшықетті түтік.  Өңеш VI мойын омыртқаның тұсынан басталып, көмей мен кеңірдектің сыртынан көкірек қуысына келіп, қолқа доғасының сыртымен көкеттен өтіп, ХІ-ХІІ арқа омыртқасы тұсында асқазанға жалғасады.

Өңештің қабырғасы үш қабаттан тұрады. Оның кілегейлі қабаты майда безді қат-қабатты эпителийден тұрады, ол ұзына бойы қатпарланып жатады. Қатпары көлденең кесіндісінен жұлдыз тәрізді болып көрінеді. Кілегей қабаттың астындағы борпылдақ дәнекер ұлпалы қабаттың жақсы жетілуі ас өткенде өңештің кеңеюіне жағдай жасалады. Жұтқан ас түйірі өңешпен жылжығанда өңеш кеңейіп отырады. Кілегейлі бездердің сұйықтығы ас түйірін оңай жылжытады. Бұлшықетті қабат өңештің мойын бөлігінде көлденең жолақты, ал орта тұсынан бастап бірыңғай салалы бұлшықеттен тұрады. Бұл қабаттың өзі ішкі сақиналы және сыртқы ұзына бойына кеткен бұлшықет қабаттардан құралады. сыртқы қабаты болбыр дәнекер ұлпалардан түзіліп, басқа мүшелерге жалғасып жатады. Көкеттен өткен соң өңештің сыртқы сіре қабатымен, ішпердемен қапталады.

Орналасуына қарай өңештің үш бөлігі болады, олар: мойын бөлігі, кеуде бөлігі және құрсақ бөлігі бұлардың ең қысқасы – көкеттен кейін орналасатын құрсақ бөлігі.

Мойын бөлігі -  VI мойын және ІІ кеуде омыртқаларының тұсында. Бұл жердегі өңештің алдыңда, кеңірдектің сыртында омыртқа жотасы, ал екі бүйірінде көмейдің қайтарма жүйкелері мен жалпы ұйқы артериялары жатады.

Кеуде бөлігі - өңештің ең ұзын әрі күрделі орналасқан бөлігі ІІ- ІV арқа омыртқаларының тұсында жатады. Бұл тұста өңештің алдында – кеңірдек, ал сыртында кеуде қуыс аралығы, жүрек үлпершеге (перикард) жатады. Өңештің кеуде бөлігінің ортасы ІV- V арқа омыртқасы немесе кеңірдектің оң және сол жақ ауа тамырларына (бронх) бөлінетін (кеңірдек бифуркациясы) тұсын қамтиды. Өңештің алдыңғы және сол жағына таман қолқаның иіні мен төмендеуші қолқа жанасады. Өңештің екі бүйірінде кезбе жүйкелер орналасқан. Төменгі бөлігі V арқа омыртқадан төмен қарай созылып, оның екі бүйірінде кезбе жүйкелер өңеш қалқанының алдына өтіп, көкетке жетеді.

Құрсақ бөлігі – бауырдың сол жақ бөлігінің артқы бетінде жататын ұзындығы 1-3 см өңеш бөлігі. Өңештің құрсақ бөлігі алдынан және екңі бүйірінен ішпердеге оралады, сөйтіп өңеш Х-ХІ арқа омыртқаның тұсында қарынның кіреберісіндегі қыспағында бітеді.

Құрсақ қуысындағы асқорыту мүшелері. Қарын немесе асқазан.

Асқорыту жүйесінің ең кеңейген бөлігі. Қарынның түбі, яғни өңештік немесе жүрекке жақын кеңдеу – бөлігі көкеттің астында, құрсақтың сол жағында жатады. Қарын оңға қарай бұрылып, төмен түскен бөлігі ұшына қарай сүйірленіп барып ұлтабарға жалғасады.

Қарында оның сөлі ферменттері, тұз қышқылы т.б. физиологиялық белсенді заттар ақуыз бен майды ыдыратып, тағамды қорытады.

Қарынның құрлысы. Қарын алдындағы үстіңгі жағын алдыңғы қабырғасы, артқы астыңғы жағын артқы қабырғасы дейді.   Оның сол жағындағы дөңес жиегін қарынның үлкен иіні, ал оң жағындағы ойыс жиегін қарынның кіші иіні деп атайды. Кіші иінің жоғарғы кардиальды бөлігінде өңештің қарынға жалғасқан жерінде кардиальды бөлігінде, өңештің қарынға жалғасқан жерінде кардиальды тесік болады. Қарынның түбі өңеш қосылар жерден жоғарғы кең иін болып солға қайтқан бөлігін қамтиды. Бұл бөлікті қарын құрышы деп атайды. Оның денесі тік орналасады. Кіші иінің төменгі бөлігінде бұрыш ойығы орналасып, осы тұстан қарынның шығаберіс сүйірленгенбөлігін таз қарын дейді. Таз қарынның кең жерін қалталанған таз қарын, ал оның өте жіңішкеріп, тазқарын өзегін түзіп барып тазқарын тесігі арқылы ұлтабарғак жалғасады.

Қарынның қабырғасы мен ішкі құрылысы. Қарынның қабырғасы жалпы асқорыту жүйесі секілді сыртқы – сіре қабаттан, ортаңғы  - бұлшықет қабатынан, ішкі – кілегей асты және кілегейлі қабаттардан түзіледі.

Жіңішке ішек қарыннан басталып тоқ ішектің бүйен бөлімімен шектеледі. Жіңішке ішек – асқорыту жүйесінің ең ұзын бөлігі. Оның ұзындығы адамның тірі кезінде 2,2-4,4 метрге, мәйітте (қайтыс болған кезде) 5-6 метрге дейін жетеді. Жіңішке ішек еркектерде әйелдерге қарағанда ұзын болады. Жіңішке ішектің үш бөлігі: ұлтабар, аш ішек және мықын ішек деп аталатын бөліктері бар. Асқорытудың ең күрделі толық жүретін бөлігі – осы жіңішке ішектер, өйткені асқортуға қатысатын сілекей, асқазан сөлі, ішек сөлі, өт, ұйқыбез сөлдері  осы жіңішке ішектерде ақуызды (белокты) амин қышқылына дейін, көмірсуларды қант, шекерге дейін ыдыратады. Олардың қан және сарысу тамырларына сорылатын ең негізгі бөлігінде осы жіңішке ішектер бар. Сондықтан аш ішек және мықын ішектердің шажырқайы күшті дамиды.

Ұлтабар бауыр астында ХІІ арқа және І бел омыртқа тұсында, құрсақ қуысының сыртында тазқарыннан басталып, таға тәрізденген пішінде ұйқыбездің басын орап жатады. Ұлтабардың ұзындығы тірі адамда – 17-21 см, мәйітте – 25-30 см. Ұлтабардың иіліп орналасуына қарай төрт (үстіңгі, төмендеуші, көлденең және өрлеме) бөліктері болады.

Тоқ ішектер – асқорыту жүйесінің соңғы бөлігі. Ол құрсақ қуысының оң жағының төменгі бұрышында мықын ішектің қосылған жерінен басталып тік ішектің артқы тесігімен аяқталады. Тоқ ішектің ұзындығы -1,9-2,5 м, диаметрі проксимальды бөлігінде – 6-8 см, ал дистальды бөлігінде – 3-5 см.

Тоқ ішектің жіңішке ішектен пішіні мен құрлысы жағынан айырмашылығы бар. Жіңішке ішектердің шумағы қоршап тұрған шеңберге ұқсайды. Тоқ ішектің қабырғалары кілегей қабаттан, бұлшықет қабатынан және ішпердеден құралады.

Тоқ ішектер: бүйен ішек, жиен ішек және тік ішек болып бөлінеді.

Асқорыту жүйесінің үлкен бездері. Ұйқы безі қарынның астыңғы жағында ІІ бел омыртқа тұсында жатады. Ішперде ұйқыбезінің алдыңғы жағын ғана қаптап жататындықтан, ұйқыбезі оның артында орналасады. Ұйқыбездің салмағы – 70-80 г, ұзындығы – 20 см, ол бас, дене және құйрық бөліктерінен құралады. ұйқыбезінің бас бөлігі ұлтабардың иініне кірігіп, кең де жуан болып орналасады. Оның денесі І бел омыртқаға көлденең келіп, асқазанның артқы қабырғасына жанасып жатады, ал құйрық бөлігі сол жақтағы бүйрек пен талаққа жетеді. Талақ артериясы ұйқыбезінің үстіңгі бетіндегі ұзынша саймен өтеді.

Бауыр – адам денесіндегі ең үлкен бездердің бірі, оның ұзындығы – 26-30 см, ені – 20-25 см, қалыңдығы – 6-9 см, салмағы – 1500 г болады. Бауыр құрсақ қуысының оң жағында, көкеттің астында, қабырғаға жақын жатады. Оның түсі – қызыл қоңыр, денесі – жұмсақ, екі беті болады. Бауырдың үстіңгі жағын көкеттік бет, ал астыңғы жағын ішкі беті дейді, олардың алдыңғы және артқы екі жиегі болады. Бауырдың оң және сол бөлігі бар. Оның үлкен бөлігі – оң қабырғаның іргесінде, ал сол бөлігі сол жақтағы құрсақ бөлігінде орналасады.

Бауыр адамның оң жағында төртінші қабырғаға, сол жағында бесінші қабырғаға жетіп тұрады.

Өт қабы алмұрт тәрізді болады. Ол бауырдағы ұзынша сайдың алдыңғы бөлігінде, ойыс жерінде орналасқан. Өт қабының түбі, денесі және мойыны болады. Оның түбі өте кең және жұмыр. Егер өт қабы өтке толып кетсе, бауырдан шығып, көрініп тұрады. Өт қалтасынаң өт жолы  жалпы өт жолына бірігіп кетеді.

Өт қапшығының қабырғасы жұқа бұлшықет қабатынан түзіледі, оның кілегейлі қабатында майда қатпарлар өте көп. Өт жолының қатпарлары үлкен, әрі олар оралып орналасады. Бұлар қақпалық қызмет атқарады. Бауырдан шыққан өт өт қапшығында жиналады. Өт қапшығының өзінде өт жасалмайды, өт қапшығының сиымдылығы – 60 см 3. Өт болмаса, адам жеген майлы асын сіңіре алмайды.

3 Тыныс жүйесі (Systema respiratorium)

Тыныс жүйесі адам өміріне өте қажетті газ алмасу, иіссезу және дыбыс шығарып сөйлеу қызметтерін атқарады. Адамның дем алып, дем шығаруы тыныс деп аталады, ал тыныс үшін қызмет ететтін мүшелер тыныс жүйесі болып табылады. Мұрын қуысы, мұрын, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, екі ауа тамыры (борнх) және екі өкпе тыныс мүшелеріне жатады. Өкпе – тыныс жүйесінің негізгі мүшесі. Тыныс жүйесінде газ алмасу тек өкпеде ғана жүзеге асады. Қалған бөлігі өкпеге ауа кіргізіп-шығаратын  жол болып есептеледі.

Мұрын немесе сыртқы мұрын.  Оның түбі, үсті, ұшы және екі танауы болады.

Мұрынның түбі пешенеге біріккен мұрын сүйектерінен басталады. Шеміршек бөліктері мү\ұрын сүйектеріне бірігіп, мұрынның үстін, мұрын үсті созылып барып мұрын ұшын, ал мұрын ұшының екі жағында мұрын танауы  мұрын тесігін қоршап жатыр. Танауды үлкен-кішілі екі шеміршек, ал оның тесіктерін мұрын пердесі бөліп жатыр. Сыртқы мұрын жоғарғы жағымен – маңдай сүйекпен, екі бүйір жағынан – жоғарғы жақ сүйекпен, артқы жоғарғы жағымен тор сүйектің тік табақшасы кеңсірікпен шектеледі.

Мұрын қуысы сүйекті негізден және шеміршектен құралады. мұрын қуысының ішкі беттері кілегейлі қабатпен қапталады. Мұрын қуысының ішкі беттері кілегейлі қабатпен қапталады. Мұрын қуысының төрт қабырғасы, яғни жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары болады.

Мұрынның орталығы немесе пердесі мұрын қуысын тең екі бөлікке бөледі. Мұрын орталығында да сүйекті және шеміршекті және жарғақты бөліктері болады. Мұрынның төменгі қабырғасы таңдай және үстіңгі жақ сүйектерден құралады.

Көмей тыныс жолы әрі дыбыс шығаратын негізгі мүше болып табылады. Егер көру мүшесі -  көз, есту мүшесі – құлақ болса, көмей – сөйлеу мүшесі деп аталады. Көмей дыбыс мүшесі болғандықтан, құрылысы өте күрделі.

Көмей  ІV – VIІ мойын омыртқалары тұсында жоғарғы жағынан құрмау сүйекке, жұтқыншаққа, ал төменгі жағынан кеңірдекпен жалғасады. Ол мойынның алдыңғы жағына жақын жатып, алдынан және екі бүйірінен құрмаудың астындағы бұлшықеттермен жабылады. Көмейдің алды және екі бүйірін қалқанша без қаптайды. Оның артынан өңештің көмей бөлігі өтеді. Көмейдің қалқандық қыры ерекектерде терінің астынан білініп тұрады.

Көмей қуысы жоғарғы, орт аңғы және төменгі үш бөліктен тұрады.оның пішіні құм сағат тәрізді болады. Көмей қуысының екі басы кең, ортасы қысыңқы екенін сагитальды етіп қақ жарғанда айқын байқалады.

Көмей шеміршектері. Көмей гиалин және серпімді шеміршектерден құралады. Қалқан шеміршегі, сақина тәрізді шеміршек және көмей қақпағы – тақ шеміршектер, ал ожау, аша және сына тәрізді шеміршектер жұп шеміршектер болып табылады. Көмей шеміршектері өзара буындар, бұлшықеттер, байламдар арқылы қозғалмалы түрде байланысады.

Көмей бұлшықеттері. Көмей құрмау сүйек байламдары мен төс-қалқан бұлшықеттеріне байланысты қозғалғыш болады. Аталған бұлшықеттердің барлығына дерлігі – көлденең жолақты бұлшықеттер, бұлар адамның еркіне байланысты жиырылатын бұлшықеттерге жатады. Қызметтеріне қарай бұл бұлшықеттер көмейді тұтас қимылдататын бұлшықеттерге және көмейдің шеміршектерін жеке дара қимылдататын немесе көмейдің меншікті бұлшықеттері деп екіге бөлінеді.

Кеңірдек (trachea) мойын омыртқа (VI – VIІ) тұсынан көмейдің сақина тәрізді шеміршегінен басталып кеуде қуысының ортасы арқылы өңештің алдыңғы жағымен жағалап төмен түседі де ІV арқа омыртқа тұсында аяқталады. Дәл осы жерден кеңірдек оң және сол негізгі ауа тамырларға (бронхларға) бөлінеді. Кеңірдектің екі айырылған жері кеңірдектің бифуркациясы деп аталады. Кеңірдек 16-20 шақты жартылай шеміршекті сақиналардан құралады. кеңірдектің ұзындығы – 9-11 см, ені – 1,5-1,8 см. Кеңірдектің мойын тұсы оның мойын бөлігі және көкірек тұсы – көкірек бөлігі деп аталады.

Кеңірдек алдыңғы жағынан төстің алқа бөлігі, қолқа доғасы, ал артқы жағынан өн бойында өңешпен шектеседі, артқы қабырғасын дәнекер ұлпасы толтырады.

Кеңірдек гиалин шеміршегінен түзілген жартылай сақиналардан құралады. сақиналар бірінің үстіне бірі қатталып жатады.

Өкпе (pulmo грекше: pneumon) - өкпенің қабынуын пнемония дейді – кеуде қуысының екі жағын толтыратын тыныс алу мүшесі. Екі өкпе ауа тамырлар арқылы жалғасады. Өкпе – конус тәрізді мүше. Өкпенің пішіні мен көлемі кеуде қуысына байланысты. Адамның жас ерекшелігі мен жұмыс кәсібі өкпенің көлеміне және пішініне әсер етеді.   

 

Бақылау сұрақтары:

1. Ішкі мүшелерге нелер жатады

2. Ас қорыту жүйесі мүшелерінің жалпы сипаттамасы және атқаратын қызметті

3. Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы және атқаратын қызметті

4. Несеп-жыныс жүйесінің жалпы көрінісі.

  

 

Тақырыбы № 9 Жүрек қан тамырлар жүйесі

Жоспар

1. Жүректің эмбриогендік   дамуы

2. Жүректің пішіні, орналасу жағдайы, жоғарғы қабаты, шеттері, шекарасы

3. Жүректің өткізгіш жүйесі

4. Жалпы қанайналым шеңберінің тамырлары

 

Қолданылған әдебиеттер

1. «Спорттық морфология негізіндегі тәнтану». Жұмашева С.К. Алматы, Республика. 1994

2. «Адам анатомиясы» Әмина Күзенбаева Алматы.2001.

 

1 Жүрек басқа тамырлар жүйесі сияқты ұрықтық мезодерманың мезенхимиясынан өте ерте пайда болып, шамамен үшінші аптада созылып, жиырылып қызметке кіріседі. Жүрек алғашқы эмбриондық дамуда эндодерма мен ішкі жапырақша аралығында екі түтікше тәрізденіп басталады. Осы екі түтік ұрық ішегінің бас бөлімінің алдыңғы жағына ығысып, екеуі бірігіп сыңар түтікке айналады. Оның ішкі қабырғасы (эндокард)-мезенхимадан тұрады (мезодермадан шамалы қалыңдау), нәтижесінде жүректің миокард қабаты мен сір қабаты (эпикард пен үлпершегі-перикард) пайда болады.

Жүректің түтік тәрізді бастасының ұшына қараған (каудольды)жағы кеңейіп, веналдық қойнау (sinus venosis), ал бассүйекке қараған ұшы тармақталып артериялық бағана (truncus arteriorus)түзеді.Олардың веналық қойнауы денесіндегі веналық қанды қабылдайды.Жүректің түтігі эмбрионалдық даму кезінде тез ұзарып,оның веналық және артериалық бөлімдерінің арасы жіңішкереді.Осы жіңішкерген жерден келешек жүректің жақтаулы қақпақшасы пайда болады.  Веналық бөлімдері екі құлақ өсіндісі бар құлақшаға: ал артериялық бөлімі құлақшаның екі жғын қапталдай екі артериялық бағана түзіп, жүректің қарыншасына айналады. Осылай веналық қойнауы, құлақша жақтаулы қақпақшасы( құлақша мен қарынша арлығында), қарыншасы және артериялық бағаналардан түзген екі бөлімді ұрықтық жүрек пайда болады. Бұл балықтардың жүрегіне ұқсап, қызмет атқара бастайды. 

Жүректің ішкі жағында бұдан былайғы эмбриондық дамуы  нәтижесінде біртіндеп үш перде (septum intertriale)  пайда бола бастайды. Олардың бірінші пердесі тез өсіп, құлақшаны екіге бөледі. Бірақ бұл перде толық жабылмайды. Құрсақтағы нәрестеде сақталатын оң жақ құлақша мен сол жақ құлақшаны қосып тұратын сопақша тесік ( foramen ouale) қалады.Демек құлақшадағы қан бір-біріне араласып тұрады. Екінші перде (septum aorticopulmanale екі артериялық бағана аралығындағы паида болып, оларды қолқа және өкпе бағана тамырларына бөледі. Үшінші перде қарыншаны екіге бөліп, төменнен жоғары қараи өседі. Ұл бірінші және екінші пердеге әкеліп қосады. Оны қарынша пердесі деп атаиды. Осылаи үш перделер бір-бірімен, бірігіп, жүректі оң және сол жақ бөлімге бөледі. Сонда сол жақ қарынша қолқа тамырына жалғасып, оң жақ қарыншаның созындысы өкпенің қантамырына аиналады. Жүректің оң жағындағы құлақша мен қарынша арасында үш жақтаулы қақпақша жане сол жағындағы құлақша мен қарыншаның арасында екі жақтаулы қақпақша түзіледі. Веналық қоинаулар жоғарғы төменгі қуысты вена күретамырларының және жүрек веналарының тесіктеріне аиналады. Жоғарыда аитқангымыздай,  ұрықтың даму кезінде жүрек мүрделі өзгерістерге ұшырап, ақырында төрт бөлікке бөлінеді. Міне, осы төрт бөлімді жүрек алғашқыда ұрықтың мойын бөлігіне дамып кейіннен көкірек қуысына қарай ығыса бастайды. Ұрықтың жүректегі қан айналымының ерекшеліктеріне байланысты  оның кейбір бөліктерінің және қан тамырларының қызметі «Ұрықтың қанакйналымы деген тақырыпта айтылады.         

2 Жүрек сүйір, іш қуыс, бұлшықететті мүше (200-201-суреттер. Оның артқы жоғарғы жағын негізгі (basis cordis]. Ал алдынғы төменгі жағын жүректің ұшы (arexcordis].деп атайды.

Жүрек көкірек қуысында екіөкпенің арасында, төс сүйектің астында көкетке дейін орналасады. Жүректің көкетке дейінгі төменгі жағы көкеттік беті (facies diapyragmatisi], ал алдынғы, жоғарғы төс-қабырғалықбеті (fasies-sternocostalis] деп аталады. Жүрек көкіректің дәл ортасында емес, үштен екі бөлігі дененің орта сызығынан –солға, ал үштен бірі оңға ауып орналасқан. Оң жақ өкпе сол жақ өкпеден үлкен болады да жүрек сол жақ өкпеге сұғынып жатады. Жүрекке орта есеппен 250-300см3 көлемде қан сыйады. Жүректің салмағы еркектерде-300г, ал әйелдерде-250 г, орташа ұзындығы-13 см, ені-10,5 см, қалындығы-7 см.

Көкіректің сртынан есептегенде жүрек сол жақтағы емшектің тұсында,ұзындығы 2 қабыртқа мен 5 қабыртқаның арақашықтығындай болады. Жүректің сыртындағы қабы үлпершек деп аталады.

Жүрек үлпершегі (pericardium]-екі қабаттан түзілген сір қапшық. Оның сырқысын-талшықты үлпершек (pericardium fibrosum] дейді. Үлпершектің сыртқы талшықты қабаты алдынғы жағындағы дәнекер ұлпалармен қосылып төсүлпершек байламын түзеді. Олбайлам арқылы жүрек үлпершегі алдынғы жағымен төстің ішкі бетіне бекиді. Жүрек үлпершегі төменгі жағымен көкектің орталық күнбезі сіңіріне бірігеді, жоғарғы жағымен өрлеме қолқаны, өкпе күре тамырын және жоғарғы, төменгі қуыстывена күре тамырларды орайды. Сондай-ақ жүрек үлпершегі өкпе аралығындағы, олардың аралық үлпершегімен бірігіп байланады.

Жүрек үлпершегінің ішкі сір қабаты да екі жапырақшасын-сыртқы тақташа(laminaparietalis] үлпершектің ішкі астарын және ішкі тақташа (lamina parietalis]-жүректің сыртын орап жатқан эпикарды түзеді. Бұл екі жапырақшалар жүректің қолқа, күре тамырлар жағында бір-бірімен бірігіп, ал қалған бөлігі жүректің ұшына қарай бір-бірімен бірікпей саңылау, түзіп қалталанып жатады. Оны жүректің саңылауы дей(ді. Саңылаудың ішінде азырақ сір сұйықтығы болады. Құрылысы осындай болғандықтан үлпершек жүрекеің қимылына кедергі келтірмейді. Жүрек үлпершегін жүректен сыпырып алуға болады. Жүректі осылай аршығанда денесі жалтырап көрінеді. Жүрек денесінің бірнеше жүлгелермен көреміз. Олар мыналар-қарыншалар мен құлақшалар аралығында жүрекің таж немесе көлденең жүлгесі алдынғы не жоғарғы қарынша бетінде-алдынғы жүлгеал артқы және төменгі қарынша –бетінде-артқы қарынша аралық жүлге. Бұл жүлгелерде жүректің артериялары мен веналары жатады. Сондай-ақ жүректің оң және сол жақ құлақтары да анық көрінеді.

Жүректің ішкі көрінісі. Сонымен жүрек төрт қуысты болады. Олар-оң және сол жақ құлақша,ң және сол жақ қарынша деп аталады. Жүректің қуыстарына толған қанды перделер мен әр түрлі қақпақшалар ретімен жіберіп тұрады. Жүректің оң жағы, сол жағынан тұтас перде арқылы бөлінген. Оң жақтағы құлақшамен қарыншаның арасында үш жақтаулы қақпақша бар. Жүректен қанды алып кететін қолқа және өкпе күре тамырларының басталар жерінде үш жрты ай тәрізді қақпақшалар, ал жүрекке қанды әкелетін венга күре тамырлардың жәнеөкпе веналардың құйылар жеріндеде жарты ай тәрізді қақпақшалар болады. Енді жүректің ішкі құрлысын оданәрі тексеріп қарайды.

Оң жақ құлақшаға (atriun dexter] үстінгі жақтан жоғарғы вена күретамыры құйылады. Сонымен бірге оң жақ құлақшаға жүректің жалпы веналық тамырларымен веналық қойнауы ашылады. Жүректің құлағы (auriculae] құлақшалардың бір бөлігі болып табылады, олар сүйірленіп қолқа түбін жуып жатады. Оң жақ жақ құлақшаның ішкі бетінде вена күретамырлардың ашылар жерлеріндегі аралықта вена аралық дөңес (tuberculum entervenosum) болады.Оң және сол құлақшаларды бөлетін пердеде сопақша тыртық (fossa ovalis)бар.Ол жүректің эмбриондық даму кезіндегі екі құлақшаның өзара қатнасып тұрған тесігінің бітелген орны болып есептеледі.

Төменгі қуысты вена күретамыр ашылар жерінің астында көлденең жарты ай тәрізді қақпақша valvula venae cavae inferioris бар.Оның ішкі шеті сопақша тыртыққа жетіп тұрады. Эмбрионның дамуы кезінде ол төменгі қуысты вена күретамырдан қанды сол жақ құлақшаға бағыттап тұрады. Жүректің веналық қойнауының тесігі қойнау қатпарымен жабылады. Оң жақ құлақша мен оң жақ қарыншаның арасында тесік (ostium atriouentricu1are dextrum),қарынша жирылғанда үш жақтаулы қақпақша арқылы жабылады.          

Оң жақ қарынша (uentriculus dekxter)-сүйірлеу пішінді қуыс.Айтылған үш жақтаулы қақпақша осы оң жақ қарынша жағына қарай ашылады.Бұл қақпақшаның жиектері мен жақтауының төменгі щеттерінде сіңірлі жіпшелер қарынша ішіндегі емізік тәрізді бұлшықеттің ұшына бекиді.Негізінен оң жақ қарыншада бір ғана ірі емізік тәрізді бұлшықет(musculi papillares),ал қалғаны майда бұлшықеттер болады.Бұл бұлшықеттер үш жақтаулы қақпақшаның құлақшадағы қуысқа қарай йілуіне кедергі жасап, қақпақшларды парашюттың жібіндей керіп, тартып тұрады.Қарыншаның бұлшықет талшықтарынан буда түзіліп, ішкі қабырғасында бұлшықетті белдеулер құралады.

Оң жақ қарыншаның алдыңғы сол бөлігінде артериялық қойнау пайда болып, өкпе бағанасы басталатын тесік ( ostium trunci pulmonalis ) түзеді. Бұл тесікте үш жарты ай тәрізді қақпақшалар болатынын жоғарыда сөз еткенбіз.

Cол жақ құлақша (atrium sinistrium) –пішімі қисықтау төрт бұрышты болып келеді.Оның алдыңғы қабырғасында жүректің сол жақ құлағы (auricula sinistra) орналасады.Сол жақ құлақшаның ішкі қабырғасы оң жақ құлақшаға қарағанда тегіс болып келеді.сол жақ құлақшаға төрт өкпе венасы(vv pulmonalis) ашылады.Сол жақ құлақша мен сол жақ қарыншаның арасында тесігі (ostium atrio ventriculare sinistrum)болады.бұл тесікте екі жақтаулы қақпақша болатыны жоғарыда айтылды.

Сол жақ қарынша (ventriculus sinister)-сопақша келген бір ұшы сүйірленген қуыс.Оның ұшы жүрек ұшына сәйкес келеді.Қарыншаның ішкі қабырғасында екі үлкен емізік тәрізді бұлшықет бар. Осы бұлшықеттердің ұшынан екі жақтаулы қақпақшаның төменгі шетіне, әсіресе жиектеріне сіңірлі жіпшелек тартылып, бекіп жатады.Бұлшықеттің белдеулер оң жақ қарыншаға қарағанда сол жақ қарыншада күшті жетілген. Сол жақ қарыншаның негізінде өкпе күретамырының тесігінде тұспа-тұс, аралық перденің жанынан қолқа тамырының тсігі (ostium aorta) ашылады. Одан қолқа басталады. (Мұнда да үш жарты ай тәрізді қақпақшалардың болатынын да жоғарыда айтқанбыз .                      

Жүрек қабырғаларының құрылысы. Жүрек қабырғасы үш қабаттан: эпикарт (сыртқы), миокарт (таңғы) және эндокарт (ішкі) қабаттардан түзілген. Бірақ жүректің  қабырғасының қалыңдығы оның барлық жерінде бірдей емес. Ол жүрек бөлімдерінің қызметіне байланысты. Мысалы, екі құлақшалар, қабырғасының қалыңдығы -2,3мм, оң жақ қарынша -6мм, ал сол жақ қарынша- 15 мм , яғни оның жақ қарншаның өзінің  2,5 есе қалың екен. Бұл ол жақ қарыншаның жұмысты өте күшті істейтінін білдіреі.

Эпикарт (epicardium) – жүректің сыртқы қабаты. Үлпершек пен эпикарт арасындағы саңылауда (20см ) сұйықтық бар. Жүректң сыртқы қабығы эпикард деп аталады. Эпикардтың ішкі бетіне миокард тығыз бірігіп жатды.

Миокард ( myocardium) – жүректің ең күшті жетілген құрышетті қабаты. Оның қалыңдығы жүректің әр бөлігінде әр түрлі. Ең жұқа жері – құлақша, ең қалыңы- сол жақ қарыншаның қабырғасы.Өйткені сол жақ қарынша қан айналымының үлкен шеңбері арқылы қанды бүкіл денеге айдайды. Миокард көлденең жолақты ерекше бұлшықеттен түзіледі.Жүрек бұлшықетіндегі талшықтардың жасушаларында бір ядродан болып,тарамданып, тор тәрізденіп орналасқан-кардиомициттерден құрылады. Оның үстіне миокардтың талшықтары   айқасып, өзара бірыңғай оралып жатады.Жүректің әрбір бөліміндегі  қабырғалардың миокард  қабаты өздеріне тән ерекше құрылыста болады.Оң және  сол жақ құлақшалардың миокард қабаты беткі және батыңқы бұлшықеттерге бөлінеді.Олардың беткі бұлшықеттері екі құлақшаны біріктіре отырып орналасады да, батыңқы бұлшықеттері әрбір құлақшаны бойлай жеке-жеке орап жатады.

Жүрек қарыншаларының миокардтық қабаты : сыртқы (беткі), ортаңғы және ішкі (батырыңқы) бұлшықеттерден тұрады.Олардың беткі және батыңқы бұлшықеттер қабаты екі қарыншаны бірдей орап жатса , оның ортаңғы қабаты әрбір қарыншаны жееке – жеке қамтып орайды.Беткі бұлшықеттер жүректің ұшына үйіріліп , миокардтың ішкі қабатына жалғасады.Оны жүрек иірімі (vortex cordis) деп атайды.

Жүректің бұлшықеттерінен қарыншалардың перделері ,түйіндер (nodus) және будалары  (fasicilulus) түзіледі.Осы аталған түйіндер мен будулардың ішінде адамның еркінсіз жүрек бұлшықеттерінің жиырылуына жәрдемдесетін өткізгіш жүйе орналасады.Сөйтіп жүрек миокардының бұлшықеттері адамның еркінсіз жиырылып , қызмет етеді.Жүректің өткізгіш жүйесіне жеке тоқталамыз.

Эндокард (endocardium) - өте жұқа қабықша , құрылысы жағынан қантамырларына ұқсас. Эндокард бірыңғай – салалы бұлшықеттерден және серпімді талшықтардан тұрады.Эндокард жүрек қуысын ішінен астарлап жатады.Ол ортаңғы қабатқа тығыз біріккен.Бұл қабатта дәнекер ұлпалар , қантамырлары және жүйкелер орналасады.Эндокард жүректің ішкі қабаты болып саналады.

3 Жүректің өткізгіш жүйесі

Жүректің өткізгіш жүйесіне : құлақша – қойнау түйіні , құлақша – қарыншалық түйін, Гисс будасы және оң және сол жақ тармақтары мен Пуркинье талшықтары жатады.

Құлақша қойнауының түйіні ( nodus sinuatrialis) оң жақ құлақша мен жоғарғы вена күретамыры  және оң жақ құлағы аралықтарына орналасады. Ол түйін Кис- флек деп аталады. Кис-флект түйінінің салалары құлақшамен қарыншща аралығындағы перделік жүйке түйіндерімен де жалғасады.

Жүректің қарыншасы мен құлақша аралығындағы түйінді атриовентрикульярлы немесе құлақша- қарынша түйіні (nodus atroventricularis) немесе Ашофф- Тавар түйіні деп те атайды.Құлақша-қарынша түйіннің екі будасы қарынша аралығына қарй бағытталады. Оны құлақша – қарынша будасы ( fascicuius atrioventricularis) немесе Гисс будасы дейді.Гисс будасы оң және сол жақ қарыншаның эндокартындағы қабаттың астына кететін екі тармаққа бөлінеді. Оның оң жақ тармағы (crus dextrum ) оң жақ қарыншаға орналасып, келте болып келеді, ал сол жақ тармағы ( crus sinistrum) сол жақ қарыншаға орналасып, ұзын және жалпақ болады. Бұл екі тармақтардан қарыншаның, түбіндегі емізік тәрізді бұлшық еттерге келгеннен кейін Пуркине деп аталатын ұсақ талшықтарға бөлініп кетеді. Олар қарыншаның бұлшық еттеріне таралады.

Ерекше (вегетативті) жүйке жүйесінің талшықтары осы аталған түйін будаларының бойымен өтеді. Соған сәйкес Кис-флек , Ашофф – Тавар түйіндері мен  Гисс будасының  жүйке ганглийлері арқылы жүретін қозу  жолын жүректің өткізгіш жүйесі дейді, Осы өткізгіш жүйе  денеден  ажыратып алынған жүректің  қызыметін  тоқтатпай, жүрек уақытша соғып тұрады.Мұны жүректің дербес  соғуы (афтоматизім) дейді.Жүрек  соғу дербестігінің  өмірлік  маңызы  өте күшті.Мәселен, кенеттен (аз мерзімге ) жүйке арқылы жүрекке орталық жүйке жүйесінен қозу  келмей   қалса немесе  нашарласа, жүрек  дербестігі оның қызметін  тоқтатпай, қанды  денеге  айдап  жеткізеді.Сондықтан апатқа ұшырау дүние салған  адамның жүрегі немесе денеден ажыратылған жүрек көпке дейін соғуын тоқтатпайды. Мұны жүрекке түрлі операция немесе емдеу жұмыстарын жүргізгенде ескеру керек. И.П.Павлов жүректің жұмысын басқаратын жүйкенің төрт түрлі қызметін анықтады. Оларға жүректің жиырылуын, яғни жүректің соғуын жылдамдататын және баяулататын, жүректің жұмысын күшейтетін және нашарлататын жүйкелер жатады.

Жүректі қоректендіретін артериялық тамырлар оң және сол жағындағы таждық артерияларды олардың талшықтары және жүректен веналық қанды жинайтын үлкен, кіші және қиған вена тамырларын үлкен қанайналым шеңерінің артериялары мен веналарын қамтиды.

4 Жалпы қанайналым шеңберінің тамырлары

Адамның денесінде тұйық айналатын жалпы қанайналмды кіші және үлкен шеңберлерге бөлінетін туралы жоғарыда айтылды. Кіші қанайналым шеңберіне жататын тамырлардың саны аз, тек өкпеден қайтып келетін болғандықтан, оның артерия және вена тамырларын бөліп қарастырмай, бірге оқыту дұрыс деп есептеледі.

Үлкен қанайналым шеңберінде тамырлар өте көп, олар денедегі барлық мүшелерге таралады. Сондықтан үлкен қанайналым шеңберінің артериялық тамырларын; өрлеуші қолқа тамырлары. Қолқа иіні немесе қолқа доғасының тармақтары, және төмендеуші қолқа тармақтары деп бөлеміз.Қанайналымның үлкен шеңберіндегі вена тамырларын; жоғары қуысты вена күретамыр немесе жоғары қуысты вена жүйесі және төменгі қуысты вена жүйесі деп ажыратып оқимыз.Енді осы ретпен денедегі қантамырды талдаймыз.

Кіші қанайналым (өкпелік) шеңберінің артериялары мен веналары  

Кіші қанайналым шеңберінің тамырларына; өкпе бағанасы ( truncus pulmonalis),оның оң және сол жақ өкпе артериялары ( aa.pulmonalis dextra et sinistra) жатады ( мұқабаның қосарбетіндегі тұрлі-тұсті суретті қараңыз).

Өкпе бағанасы  ( truncus pulmonalis) – артериялық тамырлардың ішіндегі ең ірі тамырлардың бірі. Олар жүректің оң қарыншасынан қолқамен қабаттаса басталып, оның алдынан солға және артқа қарай көтеріледі. Өкпе бағанасының ұзындығы – 6см, ені – 3 см. Шамамен 4 арқа омыртқа тұсында өкпе бағанасы оң және сол жақ өкпе артериясына ( aa.pulmonalis dextra et sinistra) бөлінеді.

Өкпе артериялары өкпе қақпасына келіп, оның жақ артериясы оң жақ өкпенің үш бөлігіне сай – үшке, ал сол жақ артериясында сол жақ өкпенің екі бөлігіне сай – екі тармаққа бөлінеді. Олар қылтамырға бөлінеді ( Қосарбеттегі түрлі – түсті суретті қараңыз).

Өкпе бағанасының екіге бөлінетін жерінде төмендеген  қолқаның басталар бөлігіне жалғасып жатқан қысқа дәнекер тармақ  орналасқан. Бұл тармақ ұрықтың даму кезеңінде өкпе бағанасының тамырынан веналық қанды өкпеге бармастан, бірден қолқаға өтетін қантамыры (ductus arteriosus) немесе батталов жолы екенін көрсетеді. Бұл сәби дұниеге келгеннен кейін өкпе арқылы бірінші рет тыныс басталуына байланысты бітеліп, оның орны тармақталған артериялық байлам (ligamentum arteriosum) қызметін атқарады.

Өкпе веналары (VV. PULMONALES)

Сөйтіп, өкпе артериясының тамырларымен келген веналық қан өкпедегі қылтамырлардың торында оттегіне қанығады.Бұдан соң қылтамырлар қайтадан әрбір бөліктерде біртіндеп бірігіп, веналарды құрады. Олар өкпе қақпасына жиналады да оң және сол жақ өкпеден жүп- жүп болып; екі оң және сол жақ өкпе венасы (vv.pulmonalis dextra et sinistra) шығады. Бұл төрт өкпе венасы( кейде 3 немесе 5 болуы мүмкін), жеке-жеке күйінде жүректің сол жақ құлақшасына құяды. Өкпе венасының басқа веналардан айырмашылығы- ондағы қан артериялық қанға жатады және оларда қақпақшалар болмайды.

Үлкен қанайналым шеңберлерінің артериялары

Қолқа. Үлкен қанайналым шеңберінің артериясындағы ең жуан тамырлар қолқа (aorta) болып табылады. Қолқа тамыры жүректің сол жақ қарыншасынан өте жуан болып басталып, азырақ жоғары көтеріледі де иіліп, жүректің сыртымен омыртқа жотасын бойлай төмендеп, ІҮ бел омыртқасының тұсына дейін созылады. Құрылысы және орналасқан жеріне қарай қолқа тамыры өрлеуші, иінді және төмендеуші қолқа болып бөлінеді.

Өрлеуші қолқа.  Өрлеуші ( өрлеме) қолқа – қолқаның жүректен тік көтерілген бөлігі. Қолқаның сол жақ қарыншасынан бастылып, екі құлақшаның аралығын қуалай өрлеп, ІІІ жұп қабыртқа тұсынан жоғары оңға қарай ауытқып, өкпе артериясының оң жағын және жоғары қуысты вена күретамырдың сол жағын ала, жоғары көтеріліп, ІІ жұп қабыртқа тұсына жеткен жеріне дейінгі бөлігі өрлеуші қолқа ( aorta ascendens) деп атайды. Бұл бөлікті қолқаның өрлеме бөлігі деп те атайды.

Өрлеуші қолқаның ұзындығы – 5-6 см. Ол жүрек өкпе үлпершегінің ішінде жатады. Және ІІ жұп қабыртқа тұсынан  қолқа иеніне немесе қолқа доғасына ұласады.

Қолқа иіні (aortadescendens) ІІ қабыртқа тұсынан артқа және солға бұрылып, ауа тамырды орай иіледі де ІV арқа омыртқа тұсынан төмендеу үшін қолқаға ауысады, сүйтіп қолқа иіні ІІ-ІV арқа омыртқа тұсында, төс сүйегінің алқасының астында, кеңірдектің екіге бөлінген жерінің сыртында орналасады. Қолқа иіні жүрек үлпершегінің сыртында жатады. Қолқа иенінен шыққан тамырлар негізінде бас, мойын және екі қол мүшелерін қанмен қамтамасыз етеді. Ол тамырларға кейінірек тоқталамыз.

Төмендеуші қолқа (aortadescendens) – қолқа иінінің жалғасы. Ол ІV арқа омыртқасының тұсынан басталып, төмен қарай омыртқа бағанасын бойлай, көкірек және құрсақ қуысынан өтіп, ІV бел омыртқаның төменгі жиегін ала аяқталады. Осы жерден оң және сол жақ жамбас артериясы мен орталық сегізгөз (құйымшақ) артериясыеа бөлінеді. Төмендеуші өолқаның орналасуына қарай екіге бөлеміз. Төмендеуші қолқаның көкірек қуысындағы бөлігін (көкетке дейін)- көкірек қолқасы (aorta thoracica ), ал құрсақ ішіндегі бөдігін ( көкеттен кейінгі) құрсақ қолқасы (aorta abdominaiis ) деп атайды.

Көкірек қолқасы алғашқыда омыртқа бағанасының сол жағымен түсіп  (оның сол жағында өңеш жатады) , кейін оңға ауысады төменгі бел омыртқалардың алдына қарай кетеді. Сонжа өңештің сол жағынан ауысып, қолқа оралып айқасып жатады. Көкірек қолқасының тамыр тармақтары осы қуыстағы ішкі мүшелерді, оның қабырғаларын және құрсақь қабырғасын қоректендіреді.

Құрсақ қолқасы бел омыртқаның алдыңғы бетінен ұйқы бездің, ұлтабардың және аш ішектің шажырқайының тұбімен оның сыртына қарай созылады. Құрсақ қолқасынан тараған қан тамырлары құрсақ қуысындағы мүшелерді, оның қабырғаларын қоректендіреді. Құрсақ қолқасы жоғарыда айтылғандай мықын, құйымшақ артериялары жамбас қуысындағы мүшелер мен аяқтарға да қорек жеткізеді. Сайып келгенде қолқалардан дене мүшелерінің барлығын артериялық қанмен жабдықтайтын артериялар басталады.

Өрлеуіш қолқа тамырлары.

Жүректің қан айналым шеңбері оның сол қарыншасынан басталып өрлеуші қолқаның түбінен шығатын жүректің екі: оң және сол жақ таждық артерияларынан басталады.

Жүректің оң жақ таждық артериясы (a. Coronaria cordis dehtra ) өрлеуші қолқаның  жарты ай тәрізді қақпақшасының оң жақ қойнауынан басталып, қолқа тамырды бойлап жүрек құлағының жанымен көтеріліп, жүректің орта тұсындағы таждық жүлгемен оның оң жағын айналып, жүректің сыртына дейін созылады. Ол осы жерден қарынша аралық артқы тармақтарға (ramus interventricualis posterior) бөлінеді. Бұл тамырлар жүректің ұшына жетіп, жүректің сол жақ таждық артерияларының тармақтарына жалғасады.

Жүректің оң жақ таждық артериясы оның оң құлақшасын, сәл-пәл алдыңғы, толық артқы қабырғаларын, қарыншпа аралық пердесін, қарыншалардағы емізік тәрізді бұлшық еттерді қоректендіреді.

Жүректің сол жақ таждық артериясы ( a.coronaria cordis sinistra) өрлеуші қолқаның жарты ай тәрізді қақпақшасы сол жақ қойнауынан басталып, таждық жүлгемен жүректің сол жағы айналып, сол құлақшаның алдына дейін созылады. Осы жерден екі қарынша аралық алдыңғы тармаққа  (ramus interventricualis anterior ) және иілген айналған тармаққа (ramus circumflexus) бөлінеді. Олардың біріншісі қарыншаларға тармақталып, жүректің артерия тармақтарына жалғасады. Иілген тармақ жүректің таждық

Жүлгесімен сол жағынан айналып, оң жақ таждық артериясымен жалғасып, жүрек тамырларының белдігін түзеді.

Жүректінң сол жақ таждық артериясының тармақтары: сол жақ құлақшаны қарыншамен барлық алдыңғы және артқы қабырғаларын қамтып, қарынша аралық пердесі және өкпе бағанасының басталар бөлігін қанмен жабдықтайды.

Жүректің веналары

Жүректің қанайналым шеңберінің жартысы, яғни жүректің веналары вена күре тамыр жүйесіне ашылмайды, олар тікелей жүректің таждық қойнауына (sinus corondrius) ашылады. Жүректің таждық қойнауы жүректің артыңғы таж жүлдесінде сол жақ құлақшамен қарынша аралығында орналасады. Оның тесігі оң жақ құлақшадағы төменгі вена күретамырлардың тесігі құлақша аралық пердесінің аралығынан ашылады. Тесік жарты ай тәрізді жақтаумен жабылып – ашылып тұрады. Сондықтан да жүрек веналарының қызметімен танысайық.

Жүректің веналық таждық қойнауына жүректің ұшынан жиналып шығатын жүректің үлкен венасы (v.cordis magna), сол жақ қарыншадан жиналып келетін сол жақ қарыншаның артқы венасы (posterior ventriculisinistra) сол жақ қабырғаларына келетін сол жақ құлақшаның қиғаш венасы (v. Abligua atriisinistra ), жүректің ұшының артқы жағынан келетін жүректің ортаңғы венасы (v.cordis media ), оң жақ жүрекшенің қабырғасынан келетін  жүректің кіші венасы (v.cordis parua) келіп құйылады. Жүректің кейбір  майда веналары (vv.cordis minimae) оның қылтамырларының  бірігіп таждық қойнауға емес, тікелей құлақшаға құйылатыны да анықталады. Сөйтіп жүректі қоректендіріп тұратын қанайналымының жүректегі шеңбері өрлеуші қолқа түбінен басталып жүректің екі тамырлары арқылы бүкіл жүрекке таралып, одан жүректің 5-6 түрлі венанларына жиналып, жүректің таждық қойнауының оң жақ құлақшасындағы тесікпен аяқталады.

Қолқа інінің тармақтары.

Қола інінің дөңес жағынан оңнан солға қарай есептегенде үш үлкен тамырлар: иық- бас бағанасы (truncus brachio-cephalicus), сол жақтағы ұйқы артериясы (a.carotis communis sinistra) және  сол жақтағы бұғаны асты артериясы (a.subclavia sinistra) жоғары қарай таралады. Бұл артериялық тамырлар мойынды, басты тұлғаның жоғарғы бөлігін және екі қолды қанмен жабдықтайды, оларды мойын мен басты артериялары деп атасада болады.

Мойын мен бастың артериялары.

Иық-бас бағанасы (truncus brachiocephalicus)- қолқа доғасының бірінші тармағы, оның ұзындығы – 3,4 см, ол жоғары көтеріліп, төс- бұғана байламының тұсына жеткенде оң жақтағы жалпы ұйқы артериясының және оң жақтағы бұғанаасты артериясына бөлінеді.

Жалпы ұйқы артериясы (a.carotis communis) оң жақтағы жалпы ұйқы артериясынан (a. Carotis dehter) жоғарыда айтқанымыздай иық-бас бағанасы басталады, ал оның сол жақтағы жалпы ұйқы артерия тамыры  (a.carotis comminus sinistra )  тікелей қолқа иінінен жеке басталады.

Жалпы ұйқы артериясы көкірек қуысынан шыққаннан кейін мойын бөлігіне төс- бұғана- емізік бұлшық етінің сыртында, ішкі мойындырықтық венаның бүйірлік және өңеш пен көмекейдің ортаңғы жағында жатады. Оның алдында: тіласты, көзбезі және симпатикалық жүйкелер болады.

Жалпы ұйқы артериясы қалқанша шеміршектің жоғарғы жиегіне жеткенге дейін тұтас келеді де осы жердің ол ішкі және сыртқы ұйқы артериясына тармақталады.

Ішкі ұйқы артериясы және оның тармағы

Сыртқы ұйқы артериясы (a.carotis externa) жақсүйек шұнқырының артқы жағымен құлақ маңындағы шықшыт безінің жанынан өтіп, астынғы жақ сүйектің тұсынан самай және жақсүйек беттеріне қарай, астынғы жақсүйек тұсынан екі тармаққа бөлінеді. Бұл тармақтар; қалқанша безді, көмекеиді, тілдіғ, таңдайды, бадамшаларды, төс-бұғанаемізік бұлшықетінің, сілекей безін, құлақ қалқанын, бас бұлшықеттерін (ымдау және шайнау), ми қыртысын, мұрын қуысын, сыртқы және ортанғы құлақтарды артериялық қанмен қамтамассыз етеді. Сыртқы ұйқыартериясынан жаңағы мүшеге аттас бірнеше артериялар таралады,

Қалқанша бездің жоғарғы артериясы (a. Thurodea superior) сол безді және көмекейді, төс-бұғана –емізік бұлшықетін қанмен жабдықтайды.

Тілдің артериясы (a.lingualis) құрмау сүйегінің тұсынан шығып, тілге қарай бағытталады, ол тілді, құрмау сүйекті, ауыз қуысының бұлшықетін,таңдай адамшаларын, бөбешікті ( тілшікті) және тіл асты сілекей безді қанмен жабдықтайды.

Беттің артериясы (a. facialis) тіл артериясынан сәл жоғарырақ астыңғы жақсүйектің астымен, ондағы сілекей безін жанай, шайнау бұлшықеттің алдыңғы шетімен астыңғы жақсүйектің жиегі арқылы иіліп (осы жерден қолмен ұстауға болады), бетке қарай шығады да бірнеше бұрлыс жасап, көздің ішкі қиығына таралады. Сөйтіп, жақсүйекасты шұңқырынан жұмсақ таңдай, таңдай бадамшасына, жақсүйекасты безіне, иек, төбе бұлшықеттеріне және теріге тармақталады. Беттегі артериялардан жоғарғы және төменгі ерінге де артериялар барып, олар өзара қосылып, ауыз төңірегін қоршайтын артерия құрайды. Беттік артериялар беттің терісі мен бұлшықеттерін де қанмен қамтамасыз етеді.

Жұтқыншақтың өрлеуші артериясы (a.pharungea ascendens) жұтқыншақты бүйірлей көтерліп, өзін және жұмсақ таңдайды, бадамшаны, есту түтігін, дабыл жарғағын, қыртысын қоректендіреді.

Төс-бұғана-емізік артериясы (a.sternocleidomatoidea) өзі аттас бұлшықетті қанмен жабдықтайды.

Құлақтың сыртқы артериясы (a. auricularis posterior) құлақ қалқанының астына жатады. Ол қалқанға, шүйдеге және самайдың біз-емізікті тесік (foramen stulomastoideum) арқылы өтіп, ортаңғы құлаққа таралады да оларды қанмен жабдықтайды.          

Жоғарғы жақсүйектің артериясы (a.maxillaris) сырқы ұйқы артериясына көлденең бағытта астыңғы жақсүйектің мойын тұсынан шығады. Содан самайасты шұңқырынан өтіп, шайнау бұлшықеттің аралығымен қанат тәрізді-таңдай шұңқышасына жетеді. Жақсүйек артериясының ең үлкен тармағы мидың қатты қабағының ортаңғы артериясы (а.meningea media) деп аталады. Ол бас сауытының сына тәрізді сүйегінің үлкен қанатының оның қанат өсіндісінің арасындағы кішкене тесігі (foramen spinosum)  арқылы еніп, ми қабығын қоректендіреді.Жақсүйектің артериясы тармақтала келіп, сыртқы дыбыс жолын, дабылды, ортаңғы құлақ бөлігін, барлық шайнау бұлшықеттерін, үстіңгі және астыңғы тістерді, ұрт бұлшықеттерін, иекті, таңдай мен бадамшаларды және мұрын қуысын қанмен қамтамасыз етеді.

Самайдың беткі артериясы (a. temporalis superficialis) сыртқы ұйқы артериясының соңғы тармағы болып есептеледі. Ол құлақ қасындағы бездің жаны және қүлақ пен құлақ тесігінің алдынғы жағымен самай терісінің  асты арқылы жүреді, осы жерде қантамырын  саусақпен басып, қанды тоқтатуға болады. Ол самайдың немесе шеке тұсынан екіге: төбе (ramus parietalis) және маңдай (ramus frontalis) тармақтарына бөлініп, бас терісінің астында жатады. Бұл тармақтар: шықшыт безін, сырқы дыбыс жолын, құлақ қалқанын, беттің бөлігін артериялық қанмен жабдықтайды.                                                                                  

Бұғана асты артериясы

Бас, мойын және түлғаның жоғарғы бөлігін бұғанаасты артериясының біраз тармақтарын қанмен жабдықтайды.           

Жоғарыда айтқанымыздай, сол жақтағы бұғана асты артериясы қолқа иінінен тікелей басталады. Ал, оң жақтағы бұғана асты артериясы болса, иық-бас бұғанасынан бөлініп шығады. Бұл тамырлар көкірек қуысының жоғарғы жармасынан (апертұрасы) шығып, бұғанаастына жетіп, 1 қабыртқаны орап өтеді. Бұл тамырлар одан әрі қолтық артериясына (a.axillaris) ауысады (оған кеиінірек тоқтаймыз). Омыртқа артериясы (a. vertebralis) кеуденің ішкі артериясыны (a. thoracica interna), қалқанша-мойын бағанасы (truncus thurocervicalis), қабыртқа-мойын бағанасы (truncus costocervicalis), мойынның көлденең артериясы бұғана асты артериялары жатады. Бүл артериялардың ішінде омыртқа артериясы бүғана асты тамырдың бірінші тармағы болып табылады. Ол мойын омыртқаларындағы көлденең өсіндінің тесіктерінен өтіп, жоғары өрлеп, шүйде ұңғылы арқылы мидың ішіне кіреді.

Жоғарыда айтылған оң және сол жақ омртқа артериялары миға өткеннен кеиін бірігіп, ми мидың негізгі артериясынан түзілетін көпірі бөлігінің тұсынан мидың оң және сол жақ артерияларына бөлінеді. Содан мидың негізгі артериясыжәне жоғарыда айтқанымыздай ішкі ұйқы артериясыныңмидағы алдынғы артериясыны, алдыңғы қосушы артериясы, мидың негізгі артериясынан түрік ерінің айналасындағы артқы артериялары бір бірімен қосылып, үлкен мидың артериялық (виллизиев) шеңберін түзеді. Бұл шеңберден мидың барлық бөлігін қанмен жабдықтайтын тармақтар таралады. Сөйтіп, мидың негізгі артериялық жолы екі ұйқы укі омыртқа артерияларынан түзілуді.                                                                                             

Кеуденің ішкі артериясы көкірек бұлшықеттерін, сүт, бездерін, айырша безді, лимфа бездерін, ауатүтіктерді, жүрек үлпершегін, құрсақ бұлшықеттерін, кейбір жамбас қуысындағы мүшелерді қоректендіріп, мықын артериясымен жалғасып жатады.Бұғана асты артериясының қалған тармақтарынан қабыртқа-мойын бағанасы (truncus costocervicalis) мен мойынның көлденең артериясын атауға болады. Олар өздеріне аттас мүшелерді және жұлынды қанмен жабдықтайды. Бұғана асты артериясының негізгі саласы қолдарды қанмен қоректендіреді.                                                          

Қол артериялары

Адамның екі қол қолқадан жеке басталып шығатын сол жақ бұғанаасты артериясы жіне иық-бас артерия бағанасынан бөлініп шығатын оң жақ бұғана асты артерияларының қанымен жабдықталады. Қолдың артериясына: бұғана, қолтық, қар шынтақ және алақан артериялары жатады.                                                    

Бұғана асты артериясы екеу, оның оң жақ артериясы иық-бас бағанасына тармақтанып, сол жақтағы бұғана асты артериясы қолқа иінінен басталады. Бұл артериялар кеуденің жоғарғы жармасынан мойын бөлігіне шығып, иықтың жүйке шумағымен бірге тері астында білініп, жатады. Қан кеткен кезде осы жерден саусақпен тамырды басып, қанды тоқтатуға болады.      

Бұғана асты артерия өкпе үлпершегінің күмбезінен иіліп, 1 қабыртқа ұстімен бұғана сүйегінің астына қарай кетеді. Ол жерден қолтық шұңқырына өтеді. Бұл тамырдың қолтық шұңқырындағы бөлігін қолтық артериясы деп атайды.                                             

Қолтық артериясы- бұғана асты артерияның жалғасы, ол қолтық шұңқырында қолтық венасы мен иықтың жүйке  өрімімен қабат жатады. Қолтық артериясынан йық белдеуінің бұлшықеттерін және тері бөлігін қанмен жабдықтайтын бірнеше  тармақтар шығады. Олардың ішінде мына қантамырларға тоқталамыз.                                                                                                         

Кеуденің жоғарғы артериясы мен кеуденің топша артериясының тармақтары үлкен және кіші көкірек бұлшықетін, дельта тәрізді бұлшықетті иық буынын және аттас бұлшықеттердің тұсындағы теріні қанмен жбдықтайды. 

Кеуденің бүйір артериясы кеудені төменгі жағынан жанамалап, тіс тәрізді бұлшықеттерде тармақталып, одан сүт безіне жетеді.                                   

Жауырын асты артериясы арқаның жалпақ бұлшықеттері мен жауырын, үлкен және кіші жұмыр бұлшықеттерді қанмен  жабдықтайды. Қоқпан жіліктің оралым артериясы қолтық артериясынан тоқпан жіліктің хирургиялық мойын тұсынан  ажырап шығады. Бұл артериялар құстұмсық, екі басты бұлшықеттің екуінде, үш басты бұлшықеттің ұзын басын және дельта бұлшықетін, сондай-ақ иық буынындағы қатпарды қанмен жабдықтайды. Қолтық артериясы көкіректің үлкен бұлшықетінің төменгі сіңірінің тұсынан топқан жілік артериясына ауысады. өолдың еркін қозғалатын бөлігінің артерия тамырлары қар артериясынан басталады.                   

Қар артериясы иықтың ішкі жағындағы  теріге жүлдеге орналасады (қосарбеттегі түрлі түсті сурет). Тамырдың  лүпілін оның бүкіл өн бойынан оңай байқап, егер қан тоқтату керек болса, кез келген жерінен саусақпен басуға боады. Мұнда қар артериясымен қабат қардың екі венасы және орта жүйкелеріи де болады. Қардың артерия,вена тамырлары және жүйелері бірігіп, тамыр жүйке өмірін түзеді.           

Қар артериясы жоғарғы бөлігінен бастап, бірнеше қар бұлшықеттеріне таралады. Оның ең ірісі – қардың батыңқы артериясы.Ол-үш басты бұлшықетті, ал оның тармақтары қар бұлшықеттің алдыңғы тобын: құстұмсық, қар, екі басты бұлшықетті және тоқпан жілікті  қанмен жабдықтайды. Қар артериясынан шынтақтың жоғарғы және төменгі бүйірқынапты (коолатеральды) артериялары шығып, шынтақ шұңқырына келгенде шынтақтың алдыңғы және артқы қайтарма  артерияларымен  қосылып, шынтақ буын торын құрайды. Олар шынтақ  буынынан және осы  маңдағы бұлшықет, терілерді де қанмен жабдықтайды.                                                                            

Білек артериялары

Қар артериясы шынтақ шұңқырына барғанда шыбық және шынтақ артерияларына бөлінеді. Бұл артериялардың тармақтары бүкіл білек бұлшықеттерінен артериялық қамен жабдықтайды. Шыбық артериясы шыбық сүйегін бойлай төмен түсіп, оның алшақ басынан, тері астына өте жақын ағып өтеді. Тамырдың соғуын осы жерден байқауға болады. Тамыр шыбық сүйегінің біз тәрізді өсіндісінің  жанымен қол басының сыртына қарай өтіп, алақан сүйегінің аралығымен алақан бетіне айналып келеді. Одан алақанның батыңқы доғасын құрайды. Шыбық артериясының өне бойынан 9-11 ге дейін тармақтар береді. Олардың ішінде шыбық  артериясының басталар жерінде шыбықтың қайтарма артериясын атауға болады. Ол шынтақ буын торын түзуге қатысады. Сондай-ақ шыбық артериясы өз жолында білек бұлшықеттеріне және білезіктің сыртқы, ішкі алақан тармағына, алқанның беткі тармағына сонымен бірге бармаққа және сұқ саусаққа тармақтанады.

Шынтақ артериясы шынтақ сұйегін бойлай төмен түсіп, қоспа буынның тұсында бұршақ тәрізді сүйектің шетімен өтіп, алақанның батыңқы доғасына жалғасып,шынтақ артериясынан, оның қайтарма артериясы және сүйек аралық жалпы артериясы  оның өзі алқанның бетік доғасына ауысады: алдыңғы және артқы тармаққа бөлінеді. Олардың қайтарма артериясы тынтақ буының, ал сүйек аралық тармақтары білектің алдыңғы және артқы бұлшықеттерін тамақтандырады. Сонында шынтақ буыны тұсында қантамыр торларын шыбық артериясынан, шыбық, шынтақ және артқы сүйек аралық артерияларынан шыққан қайтарма артерияларымен қар артериясынан келген жоғарғы, төменгі бүйір қынапты (коллатеральды) тармақтар түзеді.Алақанда : алақаның беткі және батыңқы доғалы тамырлары бар.

Қолбасының артериялар

Алақанның беткі доғасы негізінен шынтақ артериясы мен шыбық артерияларының тармағынан құралады. Одан артериялар саусақтарға таралады. Алақанның батыңқы доғасы беткі доғаға қарағанда жіңішке, негізінен шыбық артериясының тармағынан тұрады.Ол өзінен  саусақтың жалпы алақан артерияларына қосылатын алақан сүйегінің аралық артериясына айналады. Доғалардан басқа, қол басында білезіктің алақандық және оның сыртқы қантамыр торларын атауға болады.

Осы айтылғандай адамда қол басындағы алақан доғаларының және артериялық  қосылыстар (анастомоздар) мен торлардың пайда болуы қолдың еңбек құралына айналуына байланысты.Сондай-ақ өте күрделі, нәзік жұмыстардың атқарылуы қолға байланысты болғандықтан, қол басының қанайналымы күрделене түскен.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Қан өткізу жүйесінің қызметі

2. Артерия мен вена тамырларының айырмашылығы

3. Жүректің пініші, орналасу жағдайы, жоғарғы қабаты, шеттері, шекарасы

4. Қолқаның бөліктері мен орналасу жағдайы

5. Лимфатикалық жүйе және оның жалпы көрінісі

 

 

Тақырыбы №10 Ішкі секрециялық мүшелер

Жоспар

1. Ішкі секреция бездері қызметі, олардың ағзаның тыныштық күйіндегі және бұлшық ет жұмысы кезіндегі қызметті реттелуіндегі маңызы.

2. Гормондар. Ішкі секреция бездерінің өзара қатысы.

3. Бүйрек үсті бездері гормондарының қызметі

 

Қолданылған әдебиеттер

1. «Спорттық морфология негізіндегі тәнтану». Жұмашева С.К. Алматы, Республика. 1994

2. «Адам анатомиясы» Әмина Күзенбаева Алматы.2001.

 

Адам денесіндегі көптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан астам) арнаулы тіндер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады. Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморальды жолмен (қан, лимфа, тінаралық сұйықтық) жүреді. Қызметтердің гуморальды реттелуінде маңызды рольді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Ол организмнің ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі сөлініс бездері жасап шығарған заттар гармон деген атауға ие болды.

Эндокриндік бездердің (гректің endon –ішкі, crineo – бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капилярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Эндокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.

Ішкі сөлілніс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады. Соңғы екеуі аралас сөлініс бездер.

Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны да жатқызады. Екі қабат әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гармондар бөліп шығарады – эстроген, прогестерон және гонадотропин.

Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму, үрдісі реттеледі. Гормон көбеюге де әсерін тигізеді. Гормон деген терминді (грекше «hormon»-қоздырамын, қозғалтамын) 1904 жылы Бейлисс пен Старлинг енгізген. Бұрын гармондар ағзалар қызметін күшейтеді деп қана есептеген. Бірақ кейінгі зерттеулерге қарағанда, олай болмай шықты. Ағзалар қызметін бәсеңдетіп, тежейтін де гармондар бар екені мәлім. Мысалы, адреналин асқорыту аппаратының секторлық қозғалыс қызметін  тежеп бәсеңдетеді. Сөйтсе де «гармон» деген атау ішкі сөлініс бездерінің атауы болып қалды.

Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық тіндер мен ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады:

1)  метаболизмдік – зат алмасу үрдістерінің әртүрлі жағдайларына, жиілігіне әсері;

2) Морфогенетикалық – конформациялық құрлымдық үрдістерде ажырату (диференциялық, тіндердің өсуіне, өзгеріске метаморфозға) әсері;

3) Кинетикалық – қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері;

4) Түзетілуші (коррекциялық) – тіндер мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату, тездету, бәсеңдету қозғалыстары).

 

Гормондар құрамы мен әсері жағынан бірдей емес, бірақ оларға ортақ бірқатар физиологиялық қасиеттері бар.

1. Гормондар қашықтықтан (алыстан) әсер етеді, яғни олар өзінің жасалған жерінен қашық орналасқан ағзаларға әсер ете алады. Басқа биологиялық белсенді заттар (гистамин, ацетилхолин т.б.) өзі жасалған жергілікті жерде ғана әсер етеді.

2. Гармондар организм қызметін гуморалдық реттеуде аралық рөл атқарады. Бұл реттелуде басты бағыттаушы әсерді орталық жүйке жүйесі атқарады, ал ішкі сөлініс бездері көбінесе оның әсерін күшейте не әлсірете отырып, эфференттік вегетативті және денелік жүйкелермен қатар қызмет жасайды.

3. Гормондардың арнайы әсері бар. Соған байланысты белгілі бір гормонның жетіспеушілігін, екінші гормонмен немесе басқа биологиялық белсенді затпен алмастыруға болмайды.

4. Барлық гормондарждың биологиялық белсенділігі жоғары болады. Мысалы, тироксин 1:100 млн, адреналин 1:100 млн сұйытылғанда да әсері етеді, ал бір грамм инсулин 125000 қоянның қанындағы қант деңгейі төмен түсіре алады.

5. Гормондар өте тез, бірақ қысқа мерзімде әсер етеді. Олардың өте тез әсер  етуі және мембрана арқылы өтуі олардың молекулалық салмағына байланысты. Ал әсердің қысқа мерзімді болуы олардың тіндік ферменттердің ықпалымен ыдырауына және денеден бүйрек арқылы жеңіл шығарылуына байланысты.

6. Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың құрылымдарына да әсер етеді, яғни оларда құрылымдық өзгерістер туғызуы мүмкін, кейде ағзалар тінінің өсуін күшейтіп, кейде тежейді.

7. Гормондар ферменттер қатарына жатпайды, яғни олар жасуша жоқ ортада жүретін химиялық үрдістерге арнайы әсер етпейді. Бірақ әртүрлі ферменттер арқылы химиялық әсерленістердің жылдамдығына әсер ете алады.

Белгілі бір гормонның қажеттілігі артса, гормон – белок кешені ыдырап, гормонның бос түрі пайда болады. Байланысқан гормондар қор болып табылады, керек уақытта тез әрі жеңіл пайдаланылады. Белок тасушымен байланысқан гормон ферменттердің әсерінен ыдырап, бүйрек арқылы несеппен шығарылмай денеде сақталады.

Гормондар қан ағысына ілесіп барлық тіндер мен ағзаларға жеткенімен белгілі бір гормонды қабылдауға дағдыланған, әрі мембрана құрылымында орналасқан арнайы гормондар рецепторлары бар, олар тек белгілі бір тін мен ағзаға ғана әсер етеді. Гормондардың тіндер мен ағзаларға тікелей әсері бар. Мұндай әсердің себебі, гормондар мембрана арқылы жасушаға жеңіл өтеді,оған қоса мембраналарымен байланысқа түседі. Гормондардың тікелей әсерінің тетігі, жасушалық және субжасушалық деңгейлерде әлі толық зерттелмеген.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Ішкі секреция мүшелердің жалпы көрінісі және жіктелуі

2. Гормондардың адам организміне әсері

 

 

Тақырыбы № 11 Жүйке жүйесі

Жоспар

1. Жүйке жүйесінің жалпы көрінісі

2. Жұлын, ми, оның бөлімдері орналасуы, пішіні, құрылысы

 

Қолданылған әдебиеттер

1. «Спорттық морфология негізіндегі тәнтану». Жұмашева С.К. Алматы, Республика. 1994

2. «Адам анатомиясы» Әмина Күзенбаева Алматы.2001.

 

1. Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлімдерден тұрады. Омыртқалы жануарларда  алғашқысының қатарына жұлын мен ми, ал екіншісінің қатарына – жұлын түйіндеріндегі және ғазалар ішіндегі нейрондар жатады. Ағзалар ішіндегі жүйке вегетативтік жүйесінің нейрондары, ал жұлын түйіндері тұлғалық жүйке жүйесінің сезгіш жасушаларынан тұрады. Орталықтағы нейрондардың денесі мида немесе жұлында орналасқанмен, олардың ұзын талшықтары жұлыннан, мидан шығып шеткі ағзаларға барып таралады. Мұндай жүйке өсінділерін орталықтағыдан айыру үшін шеткі талшықтар деп те атайды.

Жұлын бұл омыртқа бағанының каналында орналасқан жуан арқан тәрізді орталық жүйке жүйесінің бір бөлімі. Жұлын ақ және сұр құрылымды заттан тұрады. Ақ зат жүйке талшықтарынан, ал сұр зат нейрондар денесінен тұрады. Сұр зат жұлынның қақ ортасында ми түтігінің айналасында орналасқан. Жұлынды көлденең кескенде сұр заттың бейнесі көбелектің қос қанатына немесе «Н» әріпіне ұқсайды. Сұр зат рефлекстік қызмет атқарады, ал ақ зат қозуды өткізеді.  Жұлынның сезгіш нейрондарына  афференттік жүйкелер тері, ет, сіңір, ішкі ағзалар қабылдағыштарынан серпіністер әкеледі. Қозғалтқыш нейрондардың жүйкелері қозуды шеткі ағзаларға , қанқа еттеріне жеткізеді. Сеззгіш және қозғалтқыш нейрондар, аралық нейрондар арқылы немесе бір-бірімен тікелей байланысып рефлекстік доға құрады. Сондықтан жұлын мидың қатынасынсыз-ақ өзінің жұлын рефлекстерін атқара алады. Дегенмен біртұтас организмде жұлынның қызметі ми қызметіне бағынышты.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Жұлынның сегменті және оның құрамдық элементтері

2. Жұлынның түйіндері және жұлынның тармақтары

3. Ми бөліктері және олардың құрылысы, атқаратын қызметтері

4. Ми қабаттары

5. Вегегативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігі

6. Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігі

 

 

Тақырыбы № 12 Сезім мүшелері

Жоспар

1. Сезім мүшерінің көп қызметтік сипаты

2. Көз мүшесі

3. Иіс сезу мүшесі

4. Дәм сезу мүшесі

 

Қолданылған әдебиеттер

1. «Спорттық морфология негізіндегі тәнтану». Жұмашева С.К. Алматы, Республика. 1994

2. «Адам анатомиясы» Әмина Күзенбаева Алматы.2001.

 

Сезім мүшелері (organa sensuum) туралы ғылымды эстизиология деп атайды. Адамда 5 сезім мүшелері оқылады: 1. Көру мүшесі; 2. Есту мүшесі; 3. Дәм сезу мүшесі; 4. Иіс сезу мүшесі; 5. Тері немесе сипап-сезу мүшесі. Осы аталған бес сезім мүшелерінің ми қыртысындағы орталықтарға және жүйкелерге жалғасып жататын тізбектері олардың талдамасы болып саналады. Мысалы, көру талдамасы, есту талдамасы, дәм сезу талдамасы, иіс сезу талдамасы және тері немесе сипап-сезу талдамасын атауға болады.

Адамзатқа тән түйсік жұлындағы екі жүйенің қалыптасуына байланысты И.П.Павлов бірінші реттік түйсік жүйесінің талдамасы және екінші реттік түйсік жүйесінің талдамасы деп бөледі.

2. Көру талдамасының қиян (шеткі) бөлігіне көз жатады.

Көру мүшесі немесе көз көзалмасынан, көз жүйкесінен және қосымша мүшелерден: қабақ, жас мүшелері, көзаламсының бұлшықеттері, тамырлар,  жүйкелер, кірпіктер және қастардан түзеледі.

Көзалмасы   шар тәрізді болып, бассүйектің бет бөлігіндегі көз шарасында орналасады. Көзалмасының алдыңғы дөңес бөлігі-алдынғы полюсі, артқы ортадағы (көру жүйкесі шыққан жердің сыртқы жағы) бөлігін- артқы полюсі дейді. Аталған екі полюс арасын-көз білігі, ал бүйір шеңбер сызығын- экватор, экваторға перпендикуляр болып жүргізілген сызық- меридиан деп аталады.

Көзалмасы мөлдір заттардан түзіледі. Оның құрамына қасаң қабық, көз бұршағы, мөлдір дене және қоймалжын зат жатады. Бұл заттар көздің сәулені сындыратын ортасы болып есептеледі. Көзалмасының мөлдір заттары жан-жағынан үш қабықшамен қоршалады. Олар: сыртқы- талшықты ақ қабықша, ортаңғы- тоамырлы қабықша және ішкі- торлы қабықшадан тұрады.

Көздың қосымша мүшелері: қорғаныш мүшесі, көз жасы және қимылдату мүшелері жатады.

Қас,  қабақ, кірпік және жас безі қорғаныш немесе сақшы мүшелер болып табылады.

Көздің бұлшықеттері. Көзалмасының алты бұлшықеттері және қабақты көтеретін бұлшықеттер қимыл мүшесіне жатады. Көзалмасының төрт бұлшықеті тік, ал қалған екеуі жоғарғы және төменгі қиғаш бұлшықеттер деп аталады.

3. Есту мен тепе-теңдікті сақтау мүшелері кіреберіс- шытырман мүшелері деп аталады. Оның есту мүшесіне құрыш және тепе-теңдікті сақтау мүшесіне кіреберіс бөлігі жатады.

Есту мүшесі- құлақ қызметтеріне қарай үш бөлімге: сыртқы құлақ- дыбысты ұстайдың бөлім; ортаңғы құлақ- дыбысты өткізетін бөлім және ішкі құлақ- дыбысты қабылдайтын бөлімдерге бөлінеді. Ішкі құлақта есту мүшесінен басқа жердің тартылу күші мен дененің кеңістікте дұрыс орналасуын реттейтін тепе-теңдік мүшесі де болады. Бұл екі мүшелер самай сүйегінің дабыл бөлігінің ішінде орналасады.

Сыртқы құлақ: бұған құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы жатады.

Құлақ қалқаны дыбысты ұстау қызметін атқарады. Адамдардың құлақ қалқаны жануарлардың құлағына қарағанда өте нашар қимылдайды.

Сыртқы дыбыс жолы немесе құлақтың тесігі құлақ қалқан қуысынан басталады. Содан қуыс атрқа және жоғары бұрылып, одан кейін алға бұлылып және төмен кетіп, дабыл жарғағына келіп тұйықталады. Құлақ түтігінің ирек болуының биологиялық маңызы зор. Ол – қорғану.  Құлақ қалқанынан ұстап, жоғары немесе артқа қарай тартса, ирек түтік түзіледі. Сонда құлақ ішін қарауға, тазалауға болады. Дыбыс жолының ұзындығы 3,5 см. оның ішкі бетінің терісінде түктер шайыр бездері орналасады.    Бездерден сары түсті құлақ шайыры шығады. Дыбыс жолының қойнауында түктер мен шайыр бездері болмайды.

Дабыл жарғағы сыртқы құлақты огртаңғы құлақтан ажыратып тұрады. Оның ішкі, яғни ортаңғы құлақ жағы дөңес имек болады. Осы дөңес беті сілемейлі қабықшамен, ал сырт жағы ойыс болып, тері эпидермиімен қапталады. Дабыл жарғағы өте жұқа. Сондықтанда оның дөңес жағында жарғақтың кіндік тұсынан құлақтың балғашық сүйекшесінің жабысқаны көрініп тұрады.

Ортаңғы құлақ дабыл қуысынан, дыбыс сүйекшелерінен және дыбыс түтігінен құралады.

Дабыл қуысы самай сүйектің дабыл бөлігінде орналасқан,саңылау тәрізді болып келеді.Оның айналасын ішкі құлақ,ішкі мойындырық венасы,ішкі ұйқы артериясы ,емізік тәрізді есіндінің үңгірі және ми сауытының қуысы қоршап жатады.Осыған орай дабыл қуысының алты:сыртқы,ішкі,жоғарғы, төменгі,алдынғы және аотқы қабырғалары болады.

Сыртқы қабырғасына-дабыл жарғағы жатады. Осы қабырғаның сүйекті жағындағы күмбез тәрізді қалтасында екі есту сүйектерінің:төс пен балғашықтың бастары орналасады. Ішкі қабырғасында ішкі құлақ шекарасы-шытырман жатады.Онда екі түрлі тесік бар.Оның дөңгелек тесігі –құрыштық ал сопқ тесігі – кіреберістік деп аталады.Кіреберіс тесігі екінші реттік дабыл жарғағымен жабылған,ал кіреберіс тесігіне үзіңгі сүйекшесі бекіген.

Жабын  қабырғасы  пирамидалы томпақтың алдыңғы бетіне тура келеді Бұл қабырғаның пішіні күмбезденіп ми сауыты қуысының ортаңғы шұңқырынан бөлініп тұрады.

Мойындырық қабырғасы  пирамидалы томпақтың мойындырық ойығы деген деген жерді қамтиды.

Ұйқы қабырғасы  ішкі ұйқы артериясы миға өтенін түтіктің және қабырғаның жоғарғы бөлігіндегі есту жолы тесігінің маңында  жатады.Жас балаларда 2-3жасқа дейін есту тесігі мен жолы кең қысқа болады да, мұрын жұтқыншақтан келген түрлі ауру қоздырғыштары ортаңғы құлақ қуысына , одан миға да өтіп кету қауіпі жиі кездеседі.

Емізік қабырғасы самй сүйегінің емізік кесіндісінің ішіндегі кеуектермен жалғасып жатады.бұл қабырғада  пирамидалы том пақтың сыртқы ,онда үзеңгі сүйекшесінің бұлшықеті орналасады.

Есту сүйекшелері оргаласады.Дабыл қуысында үш дыбыс сүйекшелері орпналасады.Олар ;балғашық, төс және үзеңгі деп аталады. Есту  сүйекшелердің пішіні аттарына сәйкес құралдарға өте ұқөсас.Бұл сүйектер бір-бірімен нағыз буындармен байланысады. Олар дабыл қуысының сыртқы  қабырғасынан ішкі қабырғасына қарай бағытталып орналасады.

Балғаштық  дабыл жарғағына кіндік бөлігіне сабы арқылы орнығады. Балғашықтың  басы мойыны, сабы алдыңғы және бүйір өсіндісі болады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Көз анализаторларының шеткі өткізгіш және қыртыс бөлімдері, көздің қосымша аппараттары

2. Кіреберіс құрыш мүшесінің құрылысы және қызметті

3. Иіс сезу рецепторлары, өткізгіш жолдары және орталығы

4. Дәм сезу анализаторлардың рецепторлары, өткізгіш жолдары

 

 

Тақырыбы № 14 Конститутуционалды морфология және жыныстық деформизм

Жоспар:

1. Конститутуционалды морфология және оның жалпы сипаттамасы

2. Антроскопия мен антропометрия әдістері, өткізу ережелері

3. Жыныстық диморфизм

 

Қолданылған әдебиеттер

1. «Спорттық морфология негізіндегі тәнтану». Жұмашева С.К. Алматы, Республика. 1994

2. «Адам анатомиясы» Әмина Күзенбаева Алматы.2001.

 

Дененің дамуы деп әр адамның жұмыс қабілеті мен биологиялық жетілу сатысын сипаттайтын құрылымдық және қызметтік көрсеткіштердің жинағын атайды.

Дене дамуының көрсеткіштері ересек адамдар үшін де, балалар мен жасөспірімдер үшін де бірдей: бойдың ұзындығ, дененің салмағы, дененің әр бөлімінің шеңберлері мен диаметрлері, олардың бір-бірімен үйлесімдігі т.б. Бірақ дененің дамуы ересек адамдар организмінің күштілігін, жұмыс қабілетін анықтаса, балалар мен жасөспірімдердің онтогенез барысында өсіп, қалыптасу ерекшеліктерін сипаттайды. Дененің даму дәрежесі мен үйлесімділігі – денсаулықтың басты көрсеткіштерінің бірі.

Дененің дамуы адам өмірге келгеннен өлгенге дейін өзгеруде болады: алғашқы 18-20 жыл эволюциялық, одан кейін инволюциялық өзгерістер жүреді. Сондықтан дененің даму дәрежесінің әр адамның биологиялық дамуына сәйкестігін анықтаған жөн.

Дененің дамуы – кешенді және жинақы ұғым, оның көрсеткіштері көп. Қай жағдайда қандай көрсеткіш анықтау медициналық бақылаудың мақсатына, ал спортта спорт түріне, жаттығушының спорттық дәрежесіне байланысты шешіледі. Жаппай дене шынықтыру саласында бойдың ұзындығы, дененің салмағы, кеуде қуысының шеңберімен қатар дененің сымбатын, тірек-қозғалыс жүйесінің күйін анықтаса жеткілікті. Дененің дамуының басты көрсеткіштері дене сымбаты (мүсіні), дене пішіні және дене құрылымы (конституция) болып саналады.

Дене сымбаты деп әр адамның дағдылы отыру, тұру, жүру мәнерін айтады. Ол әдетте омыртқа жотасының табиғи төрт физиологиялық иіндеріне байланысты. Ол әдетте омыртқа жотасының табиғи төрт физиологиялық иіндеріне байланыст ы физиологиялық иіндердің екеуі мойын мен бел тұстарының алға қарай ойысуы (лордоз), қалған екеуі кеуде мен құйымшақ тұстарының сыртқа тебуі (кифоз). Омыртқа жотасының иіндері онтогеноз барысында дұрыс қалыптаспаса, дене сымбаты бұзылып, күдіс, күдіс-ойыс, тегіс арқа пайда болады. Бұл омыртқа жотасының серпінділігін, солқылдақтығын төмендетумен қатар ішкі ағзалардың қызметтерін нашарлатып, денсаулыққа зиян келтіреді.

Омыртқа жотасының иіндері оны қоршаған бұлшық еттердің дамуына байланысты. Егер бұлшық еттер әлсіз болса, бала басын дұрыс ұстап, дұрыс отырып, тұрып, жүріп дағдыланбаса және басқа белгілі гигиеналық қағидаларды сақтамаса, физиологиялық иіндерінің дұрыс қалыптаспаумен қатар омыртқа жотасының оңға, не солға қисайып кетуі де мүмкін. Мұндай қисаюда сколиоз деп аталады. Сколиоз асқынғанда омыртқа өзінің айналысында бұралып, қабырғалар шодырая шығып, адам бүкір болып қалады. Бұл індетте жүрек-қан тамырлары, тыныс ағзаларының жұмыстары бұзылады. Сондықтан сколиозды дербес ауру деп санаған дұрыс.

Сколиоз ауруының даму себептері: туа біткен ақаулар: бойдың өспей қалуы, омыртқаның жетілмеуі, сына тәрізді омыртқаның болуы, бесінші бел омыртқаның сегізкөзбен бір тұтас бітуі т.б., статикалық-динамикалық құбылыстар: шеткері жүйке талшықтарының аурулары мен зақымдары, аумақты тыртықтар, жас балалардың дұрыс отырып, жүрмеуі т.б., жас өспірімдердің қауырт өсуі кезенінде ауруға қарсыласу қабілетін нашарлататын науқастарға шалдығуы.

Сколиоз ауруынан сақтандыру үшін оның даму себептерін білу керек болса, оны асқындырмай, жаңа басталып келе жатқанда емдеу үшін, емдік тәсілдерін оның ішінде емидік гимнастикасын дұрыс пайдалану үшін сколиоздың даму кезендерін ажырата білген жөн.

Сколиоз ауруының 4-даму кезені бар.

1. доғаның омыртқа жотасынан ауытқу бұрышы 10 С-қа тең.

Арқа бұлшық еттерін қатайтып тік тұрғанда немесе жатып босансытқанда доға көрінбей кетеді. Бұл өзгерістердің қайтымдылығын сипаттайды.

2. кезенінде омыртқа өзегінен ауытқу бұрышы 30 С-қа жетеді. Алғашқы доғаның қарама-қарсы жағынан төмендеу екінші доға пайда болады. Омыртқалар бұралып, қабырғалар сыртқа теуіп, бұлшық еттер білектей бұлтиып, арқада төмпіш біліне бастайды. Арқа бұлшық еттерін қатайтып не босансытқанда доға жоғалмайды. Тек адамды (еркін салбыратып) қойса ғана түзеледі.

3-4 кезендерінде доғаның омыртқа өзегінен алшақтауы 30-60 С-қа жетіп, кейде оданда асып, омыртқалар бір бөлігінде бұралып, екі үлкен айқын доға қалыптасады. Бүкірлік байқалады.  

Сколиоз ауруының бірінші кезенінде оқушылар арнайы медициналық топта немесе емханада емделеді. Арнайы жаттығулар арқылы омыртқа жотасына бұлшық еттерден (құрсау) салынады. Аурудың ары қарай дамуы тоқтаса, суда жүзу, спроттық ойындар сияқты спорт түрлерін ұсынуға болады.

Екінші кезенінде емдік гимнастика медициналық мекемелерде мамандардың қадағалауымен өтеді.

Үшінші, төртінші кезендерінде сколиоз ауруы арнайы емханаларда, мектеп интернаттарда арнайы (қалыпқа) салып (гипс, төсек, т.б.) емдеуді талап етеді. Ортопедиялық операциялар т.б. емдеу тәсілдері қолданылады.

Сколиоз ауруын анықтау тәсілдері: соматоскопия әдісі, сколиозометр, не угломер доғаның ауытқу бұрышын өлшеу, рентгенге түсіру. 

Тірек-қозғалыс жүйесінің тағы бір ақауы – қазтабандылық – табан күмбездерінің шөгуінен табан тегістеліп, оның қылтасының жойылуы. Мұны кейде жалпақ, тегіс табан деп те атайды. Табанның көлденен және ұзындық күмбездері бар. Орлар серпінділік қызметін атқарады.

2. Негізгі тәдістер: соматоскопия – сырттай көзбен бағдарлау, антропометрия - өлшеу, рентгендік және жай суретке түсіру т.б.

Соматоскопияны  таңертеңгілік, аш қарынға, не жеңіл тамақтан кейін жарық, жылы бөлмеде (Т-18-20С-тан төмен емес) өткізу керек. Тексеруліші киімін шешіп, дамбал ғана киіп тұрады. Соматоскопия арқылы дененің сымбатын, тірек-қозғалыс жүйесінің күйін және дене пішінін анықтау мүмкіншілігі бар.

Дене сымбаты (мүсіні) - әр адамның  дағдылы отыру, тұру, жүру қалыптары. Оны бағалау үшін тексерілуші адам тұлғасын бос ұстап, тік тұруы керек. Осы қалыпта оның басын ұстау әдетіне, иықтарының денгейіне, омыртқа жотасының физиологиялық иіндерінің қалыптасу дұрыстығына жауырындарының жатықтығына, арқа, кеуде, іш пішіндеріне, аяқ буындарының жазықтығына назар аударылады.

Сымбатты адамның басы мен тұлғасы бір сызықтың бойында, иықтары бір деңгейде, сәл төмен түскен, шалқақ, не тегіс, омыртқа жотасының физиологиялық иіндері қалыпты, жауырындары жатық, кеудесі жазық, іші тегіс (аздап ішке, не сыртқа шығынқыраған), аяқтары буындарында бүгілмеген тік болып келеді.

Антропометрия  соматометриялық мәліметтерді толықтырып, дененің даму дәрежесінен үйлесімділігін тереңірек тексеру мүмкіндігін береді.

Өлшеу үлгіқалыптаудан өткен, арнайы құралдар арқылы ресми бекітілген тәсілмен таңертеңгілік мерзімде, аш қарынға, не жеңіл тағамнан кейін жүргізіледі. Өлшеу көлемі медициналық бақылаудың мақсатына, спорттың түрі мен жаттығушының спорттық дәрежесіне байланысты. Бірақ барша жағдайда дененің тотальды көрсеткіштерін (бойдың ұзындығы, дене салмағы, кеуде қуысының шеңбері) өлшеу міндетті.

Бой  (тұрғандағы және отырғандағы) ағаш ростомермен өлшенеді. Тұрғандағы бойды ростомердің ең төменгі шетінен басталатын межемен белгілейді. Алынған өлшемдердің ақиқаттылығын қамтамасыз ету үшін ростомердің тік тақтайына дене үш бөлігін тақап тұру керек (өкше, жамбас, жауырынаралық тұсын). Ал бастың қалпын былай белгілейді: құлақ бүртігі (козелог) мен көз шарасының үстінгі кемері бір сызықтың бойында жатуы керек. Бұл қалыпта (неміс көлденені) деп атайды.

Дене салмағы медициналық таразының дәл ортасына тұрып өлшенеді. Кеуде қусының шеңбері, сондай-ақ дененің басқа шеңберлері де

Тігіншілер қолданатын  сантиметрлік лентамен өлшенеді. Тексерілуші қолдарын еденге параллель ұстап тұрады. Лента артта жауырынның төменгі бұрышының астынан, алда төртінші қабырғаның тұсынан өтеді. Кеуде қуысының шеңбері үш қалыпта өлшенеді: қалыпты жағдайда, терең дем алып және терең дем шығарғант кезде. Үш қалыпта да лентаның  бір деңгейде жылжытпай ұспау керек.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Адам конститутциясының негізгі компоненттері

2. Дененің жалпы және жеке бітімдері

3. Антропометрия мен антропоскопия өткізу ережелері

 

 

Тақырыбы № 15 Спорттық морфология

Жоспар

1. Спорттық морфологияның мазмұны мен әдісі

2.  Спортшы ағзасының дене әлеуетіне бейімделуінің жалпы биологиялық негізі.

3. Спортшы ағзасының құрылым – қызметтік ерекшеліктерін зерттеу әдістері

 

Қолданылған әдебиеттер

1. «Спорттық морфология негізіндегі тәнтану». Жұмашева С.К. Алматы, Республика. 1994

2. «Адам анатомиясы» Әмина Күзенбаева Алматы.2001.

 

Спорттық морфология – тәнтану ғылымының жаңа саласы. Бұл салада спортшының дене құрлысындағы ерекшеліктер тереңірек қарастырылады. Өйткені спортшының кәсіптік машықтануда үлкен жетістікке жету үшін спорттың түріне қарай алдын – ала болжай білу қажеті туады, мұны спортшы дене құрлысын жан – жақты зерттеу арқылы ғана жүзеге асырады. Спорттық морфолгияны үйрену арқылы дене шынықтыру мен спорттық теорияны тәжірибеге жақындатады, сондай – ақ машықтану күшіне қарай спортшының ағзасында пайда болған өзгерістерді де анықтайды.

Спорттық морфологияның негізгі мазмұны мен мақсаты және міндеттері.

Спорттық морфология спортшы ағзасының сезімталдығын, бейімделу мүмкіндігін зерттеу кезінде дене құрлысын қарастырады. Бұл пәннің негізгі мақсаты: біріншіден, студенттерге спортшының дене ерекшеліктерін ескере отырып жаттығу барысын ғылыми тұрғыдан жүргізу; екіншіден, студенттерге спортшылардың әрбір спорт түріне бейімділігін зерттегенде дене өлшеу әдістерін еркін қолдануға дағдылану. Спорттық морфологияның негізгі міндеттері мынадай:

1. спорттың негізгі тәбиғилығына студенттердің көзін жеткізу,

2. дене шынықтыру және спорт бойынша келешек мамандарға жалпы биологиялық және әдістемелік шындықты тереңдетіп түсіндіру;

3. студенттерді спортшының ағзасындағы кәсіптік жаттығудан пайда болған өзгерістерді дұрыс бағалап, олардың дертті өзгерістен айырмашылығын ажыратуға үйрету;

4. студенттерге жаттығу барысын ғылыми тұрғыдан жүргізіп, спортшының жетістігіне олардың дене құрылысындағы морфологиялық көрсеткіштеріне сүйене отырып, олардың келешек мүмкіндігіне болжау айту тәжірибесін жаттықтыру.

Спорттық сабақтардың әсерінен дененің сыртқы және ішкі құрылысының өзгерістерін зерттеп табу арқылы келешек жаттықтырушы – педагогтың биологиялық заңдылықтарға сенім артады. Өйткені олар спорттық жаттығу нәтижесінде ағзаның қандай қасиеттері қалай өзгергенін байқайды, сондай – ақ дене бөліктерінің бір – біріне үйлесімді өзгергенін, жалпы дене құрылысының спортпен мамандануға қаншалықты ұтымдылығын біле алады. Бұларға көз жеткізу үшін тәжірибеде жинақталған мынадай дене өзгерістеріне назар аударған жөн. Ауыр жүк көтерушілер спортта жоғары дәрежелі нәтижеге жетуі үшін тұлға, қол – аяқ ұзындықтары және олардың мөлтектері өскелең болғаны дүрыс. Жаттығу кезінде олардың ұсталығы артқан сайын аяқ – қолдарының үзындықтары, әсіресе денеге жақын бөлегі едәуір қысқарады және қол – аяқ бұлшықеттерінің көлемі артады. Дене пішіні бойынша қарасақ, жауырыны қақпақтай, кеуде қуысы үлкен, тірек ауданы мол болып келеді. Олардың табанының жазылуы және иық буынының қозғалғыштығы артып, дененің, балтырдың және аяқ басын жазатын бұлшықеттердің жетілуі күшті болады. Ауыр жүк көтерушілер тәрізді гимнастикашылар да бойшаң болуы керек. Олардың бойы аздап қана қысқа болса, дененің айналу екпінін толық пайдалана алмайды. Ептілік жағынан қарағанда олардың иық, қоспа буындары және омыртқа жотасының қозғалысы жақсы болғаны дұрыс. Бұл жағдай шаңғы, коньки тебушілерге және тегеріш лақтырушыларға оңтайлы бола бермейді. Спортшының жоғары дәрежелі көрсеткішке жетуі үшін оның денсаулығын сақтау үшін де спортшыны жаттықтырушы спорттық морфология пәнін жете меңгеруі қажеттігін аңғарып отырған боларсыздар.

Спорттық морфологияның қысқаша тарихы.

Спорттық морфологияны үйрену П.Ф.Лесгафтың айтуы бойынша ертеде гректерден басталған. Сондықтан олар спортта алда болып келген. Біздің жыл санауымыз бойынша  ғасырда өмір сүрген Кіші Флавий олимпиядалық ойында үлкен табысқа жететін спортшылардың дене құрылысының ерекшеліктерін сипаттап берген. 1924 жылдары Ф.Бах, В.Кольрауш гимнастшылардың тұлғасы ұзын, иығы кең, желаяқтардың аяқтары ұзын, тұлғасы қысқа, ал палуандардың денесі мұғал, әсіресе, мықыны күшті дамитындығын анықтады. Осы кездерде спорттық морфология бойынша зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдардың арасында екі түрлі пікір бар. Норвегия ғалымдары Х.Тьенн, Х.Саннес, К.Ланг және австрия ғалымы Л.Проков спортшымен жай адамның арасында морфологиялық жағынан айырмашылық аз да болса бар екенін дәлелдеген. Соңғы жылдардағы спортшылардың морфологиясы бойынша – С.Ф.Баронов 1925 - желаяқтардың дене сәйкестігін зерттеген, ал И.М.Краковяк 1940 - жүзүшілер дене құрлысын зерттеумен шұғылданған. А.Арнольд 1933 жылы “ Спортшылардың дене құрылыс ерекшеліктері  ” деген үлкен кітап жазса, Польшада Я.Мидиярский 1935 жылы “ Шаңғы шылардың морфологиялық ерекшеліктері ” деген еңбегін жариялаған. Бұл салада К.И.Машкар, Я.И.Кушнаревский, М.Э.Кальвейт, А.И.Кураченков, А.П.Астанин, В.В.Ананьев, Д.А.Жданов, Н.В.Крылова, Б.А.Никитюк, Ю.В.Букин, З.П.Рязанова, М.А.Джафаров, Г.Мустафина, М.Ф.Иваникий, А.А.Гладышева, С.Қ.Жұмашқызы т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше атауға болады.

2  Спортшы ағзасының дене әлеуетіне бейімделуінің жалпы биологиялық негізі.

Ғылымның соңғы жетістіктеріне қарағанда спорт сабақтарының әсерінен адамның мүшесінде және ағза жүйесінде көзге көрінетін, сондай – ақ көзге көрінбейтін қайта құрылыстар болатыны анықталып отыр. Мұндай өзгерістер жалпы биологиялық заңдылықтар негізінде қайтадан құрылады. Адам ағзасы - өзін - өзі басқаратын үлкен жүйе, ол алуан түрлі қызмет атқаратын мың – миллиондаған жасушалардан құралады, жасушалар шоғырланып, белгілі қасиеті мен қызметіне қарай төрт топ ұлпаларға, ал ұлпалар шоғырланып, белгілі қызмет атқаруға бейімделген мүшеге, бірнеше мүшелер бірігіп, бірыңғай қызмет атқаратын жүйе түзетіні өздеріңізге мәлім. Сондай – ақ, бұлшықет ұлпасының негізгі қасиеті жиырылу болса, жүйке ұлпасы бойынан қозуды өткізеді. Ұлпалардың мұндай қасиеті сыртқы және ішкі ортаға тікелей байланысты. Бұл жалпы биологиялық заңылықтарға жатады. Спорт – адамның биологиялық және тұрмыстық тәбиғатына тікелей әсер ететін қозғаушы күш. Егер ондай күш адамның батылдығын, ептілігін, күшін, төзімділігін арттыруға орынды қолданылма са, оның ағзаға зиянкелтіруі мүмкін. Осыған орай әрбір спорт сабағының ағзаға қалай әсер ететінін алдын ала білген жөн. Бірақ осылай екен деп бір сарында, яғни жаттығудың бір түрі бұлшықетті дамытады деген оймен тек біржақты кетуге болмайды. Өйткені ағза біртұтас болғандықтан, бір жүйені дамытуға жасалған спортта үлкен көрсеткішке жетуге болады. Кез келген ағза тіршілігінің негізі оның рефлекстік жүйесіне байланысты жүзеге асады. Сыртқы орта осы рефлекстік жүйе арқылы ағзаға әсер етіп, ағза сол әсерге қарсылығы немесе бейімділігі арқылы жауап бере алады. Мысалы, қолға тікен кірсе, қолды тез тартып аламыз: бұл ағзаның жай ғана рефлекстік жауабы, ал жүгіру немесе жүкті біртіндеп ауырлату арқылы ағзада күрделі өзгерістер, яғни ағзада үдемелі әсерге бейімдеушілік болады, ал бұл оның күрделі рефлекстік жауабы болып табылады. Ағзаның сыртқы ортамен қайтарма әсері, яғни ағзаның сыртқы ортаға тигізетін әсері де болады. Сыртқы ортаның осылай өзгерген әсеріне 2 және 3 – ретте қайталануына да ағза жауап береді. Бұл жағдай орталық жүйке жүйесі арқылы басқарылып, ағзаның барлық құрылысына әсер ете бастайды. Ағза сыртқы ортаның үдемелі өзгерген  әсеріне бейімделе  бастайды ағзаның сол  ортаға (әсерге) бейімделуі оның құрылыс өзгерісіне қарай қалыптасады. Бір мүшедегі өзгеріс басқа мүшелерге  әсер  етіп қайтадан құрылу  реті күрделеніп  кете береді.

3 Спортшы ағзасының құрылым – қызметтік ерекшеліктерін зерттеу әдістері.

Кәдімгі құрылымдық әдістерменқабат ағзаның бейімделу заңдылықтары ұлпа мен жасуша дәрежесінде тексеруге оның денесінен кішкене бөлігін кесіп алу әдісі пайдаланылады. Сондай – ақ, спортшы ағзасын зорықтырмау үшін ауру белгісін морфологиялық жолмен анықтау әдістері де қолданылады. Ал, спортшыны құрылымдық зерттеуге жалпылама екі түрлі әдіс пайдаланылады, олар: дене өлшеу және рентгенге түсіру әдістері. Соңғы кездерде спортшылардың құрылым – қызметіндегі ерекшеліктерді тексергенде ағзаның қызметтік барысын сипаттау үшін дененің жалпы бетінің көлемін, бұлшықеттің даму дәрежесін көрсететін бұлшықет аумағын және омыртқа жотасы мен кеуде қуысының күшін білдіретін серпімділікті, кеуде қуысының басқа да көрсеткіштерін анықтайды. Спортшыны салмағына қарай бөлетін жағыдайда оның сүйек, май және бұлшықет құрамдарын зерттеудің маңызы зор. Тірек – қимыл жүйелі мүшесін рентгенмен тексерген кезде олардың бөліктерін, мөлтектерін көлденеңінен және қозғалыс кезінде суретке түсіреді. Мұндай тексеру тірек – қимыл жүйелі мүшесінің тек бейімделу жағыдайын ғана емес, олардың дерттік белгілерін алдын ала анықтауға жәрдемдеседі. Адам денесін өлшеу. Бұл әдіс негізінде адам денесінің құрылымдық және қызметтік нышандарын өлшейді. Адам денесін өлшеуден басқа дененің кейбір өлшеуге қолайсыз бөліктерін көзбен бақылау арқылы көрген нышандарын тіркеп отырады. Адам денесін өлшеу әдісі қолайлы, оңай болғандықтан, оны спортшының дене шынықтыруын үнемі бақылау кезінде қолданады. Бұл көрсеткіштердің өзгеруіне қарай спортшының жеке басына әлеуметтік күшті есептеп беруге жәрдем етеді. Сондықтан адам денесін өлшеу әдісін әрбір студент бес саусағындай жатқа білетін болуы қажет. Адам денесін өлшеу кезінде мынадай белгілі талаптарды сақтаған жөн:

1. Денені түске дейінгі уақытта өлшеуі керек. Өйткені түстен кейін, әсіресе кешке қарай адамның бойы аздап шөгеді.

2. Дененің өлшейтін бөлігі жалаңаш болуы шарт. Тексерілетін адам жалаңаяқ немесе жұқа аяққаппен тегіс жерде тұрады. Сондықтан әсіресе қыста бөлме температурасының 18 – 20° - тан төмен болмағаны дұрыс.

3. Өлшенетін адам денесін тік ұстап, тұлғасын түзу, екі қолын екі жағына салбырата, тізесін түзу, екі өешені бір – біріне тиістіріп, аяқ басын аздап алшақтата ұстап тұруы тиіс. Құрсағын аздап ішке тартып, басын тік ұстаған кезде көзі мен құлағы бір деңгейде, дәлірек айтқанда, оң көз шарасының төменгі жиегі құлақ бүртігімен бір деігейде болатындай қалыпта тұруы керек. Мұндай талап үш жасқа дейінгі балаға қойылады, керісінше оларды тегіс жерге жатқызып өлшеседе болады. 

4. Әрбір адамның денесін өлшегенде оны зарықтырмай, өлшеуді өте тез бітіруге тырысу керек.

5. Денені өлшеу кезінде бір көрсеткішті 2 -3 рет қайталап өлшегенде олардың бір – бірінен айырмашылығы 2 -3 мл – ден аспауы шарт. Осылай өлшенген нәтижеден шыққан санды орташа есеппен алған кезде, өлшем дұрыс болып шығады.

6. Тексерілетін адамның қандай көрсеткіштерінің өлшемін алу қажеттігін күні бұрын өлшеудің жеңіл жолын ойластыру арқылы көрсеткіш анықтамасы жасалады. Денені тез өлшеу үшін өлшем көрсеткішін сауатты және анық етіп жазу көмекшінің міндеті.

 7. Дене өлшемін алғанда дене ыңғайына арналған арнайы аспаптар қолданған жөн.

 

Дене өлшеуге арналған мынадай аспаптар бар:

1. темірден жасалған Мартиннің жылжымалы өлшеуіші;

2.  ағаштан жасалған бой өлшеуіш;

3. жуандық өлшейтін үлкен және кіші өлшеуіш;

4. темірден жасалған жылжымалы циркуль;

5. темірден, металдан немесе резина араластырылып жасалған ұзындығы 1,5 – 2 метрлік миллиметрлік таспа;

6. өлшем дәлдігі 50 грамдық медициналық таразы;

7. семіздік өлшеуіш;

8. күн өлшеуіш – динамометр;

9. буын өлшеуіш және

10. табан өлшегіш қолданады.

 

Адам тік тұрғанда және отырғанда бойының ұзындығын өте дәл өлшейтін құралдар – темірден жасалған Мартиннің жылжымалы дене өлшеуіші және ағаштан жасалған бой өлшеуіш. Осы өлшеуіштермен қол – аяқтың, тұлғаның ұзындықтарын да өлшеуге болады. Жуандық өлшеуіш және жылжымалы циркуль құралдарымен жуан және жұмыр мүшенің екі бүйір нүктелерінің арасын, қабаттасып жатқан білікті өлшеу үшін қолданылады. Мүшенің шеңберін, айнала жиегін және олардың мөлтектерн милмиллиметрлік таспамен өлшеуге болады. Тері астындағы май қабатының қатпар қалыңдығын семіздік өлшеуішпен анықтайды. Қатпарлардың қалыңдығына қарай тері астындағы майдың жиналу дәрежесі айқындалады. Күш өлшеуіштерді динамометр тек алақанға салып, саусақтармен сығу және табанға салып, тұлғаны жазу үдерістерін анықтау үшін ғана емес, дене бөліктеріндегі күшті зерттеуге де пайдалануға болады. Буын өлшеуіші арқылы буынның қозғалу мүмкіндігін градус арқылы анықтайды. Денедегі буындардың қозғалғыштығын анықтау арқылы спортшының ептілігіне, денесінің иілгіштігіне баға беріледі. Адамның дене құрлысына, дамыуына жетіліуіне баға беруде спортшыны арнайы құрлым өлшеуіші морфометия торының түсында суретке түсіру әдісіде пайдаланылады. Спорттағы дене өлшемдерін талдағанда оларды үш топқа: бойы, көлденеңы диаметірі және аумағы деп бөледі. Спорттағы дене өлшемдерінің барлығы тексеретін адамда бірдей болуы және салыстырмалы дәлдігі тура келуі үшін дене өлшем нүктелері белгіленеді. Ондай белгілер: сүйектің томпақ жерлері, өсінділер, айдаршалар, байланысқан сүйек жиектері, тері бұлшықет қатпары бөкседе айқын көрінеді, емшек емізігі, кіндік, мықын, т.б белгілерге қарай анықталады. Мұндай дене өлшемдері белгілері алғашқыда әсіресе жаттығу кезінде саусақпен сипалап, денені ауыртпай абайлап басып анықталады да бірнеше рет өлшеуішін анықталған белгіні нүктені арнайы теріге жұғатын қаламмен дермография қарындашымен сызып белгілейді.

Төмендегідей дене өлшем нүктелері өте жиі қолданылады:  

  1. Тас төбе – адам денесін тік ұстап, алға қараған кезде көзшарасы мен құлақ бір деңгейде болғандығы төбесінің ең жоғарғы нүктесі.

  2. Төс басы – төс сүйектің алқа тәрізді бөлігіндегі мойындырық ойығының терең ортасы.

  3. Төс етегі – төс сүйектің семсер тәрізді өсіндісіндегі төс денесіне жалғасқан жерінің ортасы.

  4. Топшалық – жауырын топшысы өсіндісінің төменгі жиегі топша буыны.

  5. Шыбықтың – шыбық сүйектің ең жоғарғы басындағы сыртқы – алдыңғы беті, шынтақ буынының қар – шыбық бөлігіндегі саңлаудың тұсы.

  6. Қоспалық – шыбық сүйектің төменгі басындағы біз өсіндісінің тұсы қоспа буыны.

  7. Саусақтық – алақан – саусақ буыны.

  8. Ортан саусақ үші- ортан саусақтағы тырнақ бақайшығының тырнақ асты жұмсақ бетінің төменгі ұшы.

  9. Мықынның алдыңғы жоғарғы тұйісі – мықын сүйектің алғы шығыңқы мүйізі.

  10. Қасаға – шаттағы екі сүйектің қосылған қоспасы.                                                                                                  

  11. Мықын – қалқан қыры – мықын сүйектің оң сол жағына сыртқа қарай шығынқы қыр нүктесі.

  12. Жіліншіктің жоғарғы басының ішкі жағы – тізе буынының ортаңғы бетіндегі байлам тұсы.

  13. Жіліншіктің төменгі басының ішкі жағы – тілерсек буынының ортаңғы беті, оның тобық басының асты.

  14. Өкше - өкшенің ең артқы нұктесі.

  15. Аяқ ұшы – 1 немесе 2 немесе 3 тырнақ башпайының жұмсақ бастары.

Дене өлшеуіштерін үнемі жоғары қаратып ұстау керек. Денені өлшеу нүктелерін жоғардан төмен қарай өлшейді. Жұп нүктелер симметриялы дененің оң жағынан, ал жеке нүктелер симметриясыз дененің сол жағынан қлшенеді. Дененің ұзынша өлшемінің анықтамасы.

Дененің ұзынша өлшемін анықтағанда екі дене өлшем аралығын кескінді түрде тік жазықтықта қарастырады. Кескінді өлшеудің екі жолы бар. Бірінші жолы – адам тегіс жерде тік тұрған кезде еденнен бастап өлшенетін ең жоғарғы нүкте анықталады. Одан төмен орналасқан нүкте орталықтарының ұзындығын табу үшін еденнің ең жоғарғы нүкте орталықтарының ұзындығын табу үшін еденнің ең жоғарғы нүкте аралығының көрсеткішінен төмендеу орналасқан еденнен нүктеге дейінгі кез келген көрсеткішті алып тастайды. Сонда топша буын нүктесінің көрсеткішінен шыбық шыбық – қар буыны нүктесінің көрсеткішін шегеріп тастаса, қолдың қар бөлігінің ұзындығы табылады. Екінші жолы – дене бөліктерінің қайсысын болсада өлшеу қажет болса ұзындығын, оның жоғарғы және төменгі шегаралық өлшеу нүктесінің аралығын тікелей өлшейді. Сонда шыбық нүктесімен оның біз өсіндісі қоспа буыны нүктесінің аралығы білек ұзындығын көрсетеді. Адамның бойы – еденнен тас- төбе нүктесі аралығындағы қашықтық. Тұлға ұзындығы – еденнен төс басы және қасаған нүктелерінің айырмасына немесе төс басы мен қасаға арасына тура келеді. Дене ұзындығы – аяқтан басқа дейінгі бөлік. Қолдың ұзындығы – еденнен топшы және ортан саусақтың ұшы нүктелерінің айырмасына немесе топшымен ортан саусақ арасына тең өлшем. Қардың ұзындығы – еденнен топшы және шыбықтық нүктелердің айырмасы немесе шыбықтықпен шыбықтың біз өсіндісі арасына тура келетін өлшем. Қолбасы ұзындығы – еденнен шыбықтың біз өсіндегі және ортан саусақ ұшы нүктелерінің айырмасы  немесе шыбықтың біз өсіндегі мен ортан саусақ ұшының арасына тең өлшем. Аяқмың ұзындығы – еденнен мықынның алдыңғы жоғарғы мүйісі және қасағаға дейінгі өлшемге тең. Санның ұзындығы – еденнен ұршық және жоғарғы жіліншіктің жоғарғы басының ішкі беті нүктелерінің айырмасы тең өлшем. Балтырдың ұзындығы – еденнен жіліншіктің жоғарғы басының ішкі беті және жіліншіктің төменгі тобық басының асты тілерсек буыны нүктелерінің айырмасы тең өлшем. Аяқбасының ұзындығы - өкше мен аяқ ұшы нүктелерінің арасына тең өлшем. Адам денесінің көлденең диаметр өлшемінің анықтамасы. Дененің көлденең өлшемдерін анықтаған кезде жуандық өлшегіштерін қолданып, маңдай және сагитальды жазықтықтарда циркульмен өлшейді. Көлденең өлшемді анықтағанда алдымен дене өлшем нүктелерін саусақпен сипалап тауып, өлшегіш құралдың аша ұштарын сол жерге тірейді. Дененің көлденең өлшемдері мынадай болады: Жауырын кеңдігі немесе мопша аралық диаметрі – екі қолды түсіріп, денені еркін ұстаған күйдегі оң және сол топша нүктелерінің ара қашықтығына тең өлшем. Мықынкеңдігі немесе топша аралық диаметрі – оң және сол мықын – қалқан қырының ара қашықтығына тура келетін қлшем. Кеуденің көлденең қлшемі – екі қолтық астындағы ең кеңейген қабыртқа иіндерінің ара қашықтығына тең. Кеуденің алды – арты өлшемі – төстің етегі мен осы нүктенің деңгейіндегі арқа омыртқа жоталық өсіндісінің нүкте ара қашықтығына тең. Шынтақтың көлденең өлшемі немесе қардың төменгі бөлігінің биаметрі – жілік басының сыртқы және ішкі айдаршаларының ара қашықтығы. Қоспаның көлденең өлшемі немесе білектің төменгі бөлігінің диаметрі – шыбық және шынтақ сүйектердің біз тәрізді өсінділерінің ара қашықтығы. Тілерсектің көлденең өлшемі немесе балтырдың төменгі бөлігінің диаметрі – үлкен және кіші жіліншіктердің тобық бастарының ара қашықтықтары. Тізенің көлденең өлшемі немесе санның төменгі бөлігінің диаметрі – ортан жіліктің сыртқы және ішкі айдаршаларының ара қашықтығы. Адам денесінің жуандық құшақ өлшемінің анықтамасы.  Бұл өлшемнің миллиметрлік таспа арқылы өлшенетіні жоғарыда айтылады. Өлшейтін адамға бетпе – бет тұрып, таспамен құшақтай өлшеген кезде көлденең жазықтықтағы таспаның нөлдік белгісі тұсындағы сан көрсеткіші алынады. Таспамен өлшегенде оның ізі денеге батпауын және теріні таспаның қатпарлап қыспауын қадағалау керек. Егер таспа матадан жасалса, оны пайдаланар алдында бір неше рет созып, босату арқылы реттеп алған жөн және мұндайтаспаны 30 – 50 адам өлшеу соңынан міндетті түрде ауыстыру керек. Адам денесінің жуандық өлшемдері мынадай: Тыныштық қалпындағы кеуде жуандығы – миллиметрлік таспамен өлшейтін адамның кеудесін құшақтап, арқа жағынан екі жауырынның төменгі ұшының астынан екі қолтық рақылы алдыңғы жағынан, еркекте емшек емізігін, ал әйелде емшектің жоғарғы жиегін баса таспамен орап, өлшемін алады. Осылай 2 -3 рет өлшеген кезде өлшемнің дұрыс болуы үшін тексерушіні сөзге айналдырған дұрыс. Тынысалғандағы кеуденің жуандығы - өлшеу тәсілі жоғарыдағыдай, бірақ тыныс ішке тартылған кезде ғана өлшем алу керек. Бұл кезде тексеруші екі иығын жоғары көтермей, бір қалыпты тұратын болсын. Тыныс шығарғандағы кеуденің жуандығы - өлшеу тәсілі бұрынғыдай, бірақ тыныс барынша шығарылған кезде ғана өлшеу керек. Сонда тыныс толық шығарылып, тыныс алынған кезде кеуде аумағының көрсеткіштерінің айырмасына қарай кеуде қуысының қызметі толық анықталады. Қар бұлшықетінің жуандығы, бос күйінде – қол еркін төмен салбырап тұрғанда қардың алдыңғы және артқы топ бұлшықеттерінің аумағы көлденең жазықтықта таспаны орап өлшенеді. Білектің жуандығы – қол еркін төмен салбырап тұрғанда білектің ең жуан жері жоғарғыдағыдай әдіспен өлшенеді. Санның жуандығы- өлшеу әдісі жоғарыдағыдай, таспаны екі бөксенің тқменгі жиегінен таңып, санның сыртқы бүйір жағына түйістіру арқылы өлшенеді. Балтырдың жуандығы – балтырдың үш басты бұлшықетінің күшті дамыған тұсынан бұрынғы әдіспен өлшем алынады. Тері – май қатпарының қалыңдығын анықтау.  Тері – май қатпарының қалыңдығын ранайы құрал – калипермен өлшейді. Өлшеу кезінде тері бетінің 1 мм аумағына 10 г салмақтан аспауына, сондай – ақ саусақпен қамтып ұстайтын тері аумағы 20 – 40 мм шамадан кем болмауына көңіл аудару керек. Оның үстіне тері – май қатпарының қалыңдығын тек белгіленген нүктелерден ғана анықтау керек. Мұндай нүктелердің 8 белгіленген аймақтары бар:                    

  1. арқа аймағына – жауырынның төменгі бұрышы астындағы қатпардың қалыңдығы;

  2.  көкірек аймағында – көкіректің үлкен бұлшықетінің қолтық жиегіндегі қатпардың қалыңдығы;

  3. құрсақ аймағында – кіндікке жақын оң жағындағы қатпардың қалыңдығы;

  4. қардың алдыңғы аймағы – екі басты бұлшықеттің үстіндегі қатпардың қалыңдығы;

  5. қардың артқы аймағы – үш басты бұлшықеттің үстіңгі қатпарының қалыңдығы;

  6. қолбасының сырты – үшінші алақан сүйегінің үстіндегі тері – май қабаттарының қалыңдығы;

  7. санның алдыңғы беті – шат байламынан аздап төмен, санның тік бұлшықетінің үстіндегі тері – май қатпарының қалыңдығы;

  8. балтырдың артқы беті – нағыз балтыр бұлшықетінің сыртқы басындағы аймақтың тері – май қатпары қалыңдығын атауға болады. Дене өлшемдерінің негіздеп есептеу жолымен дененің бетін, сүйке, май және дене бұлшықеттерінің салмақтарын анықтайды. Рентгенге түсіру әдісі. Рентген сәулесінің адам денесінен өту қасиетіне байланысты адам денесінің бейнесі суретке түсіріледі. Рентген сәулесі адам денесінен өткенде оның қалыңдығына, жұмсақ – қаттылығына қарай өтеді. Рентгенге түсіретін дене бөлігі неғұрлым қалың, әрі тығыз болса, оның сәулесі солғұрлым күңгіріт болады. Бұл жағыдай рентгенде керісінше түсіріледі. Кейде адамның денесі бір келкі болып, түсірілген сурет бойынша бірін – бірінен ажырата алмайтын жағыдай да болады, ондайда рентген суреті қажет болған мүшенің ішіне айқын көрінетін зат жіберу арқылы суретке түсіру қажет.  Денеге күш түсуден сүйек жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер. Бейімдеу өзгерістерін үйрену саласында спорт сабақтарының әсерінен сүйек жүйесіндегі болатын өзгерістерді білудің тек теориялық емес, оның үлкен өмірлік те маңызы бар. Қаңқадағы сүйектердің алуан түрлі болуы, яғни биологиялық және қимылдық жағынан қарағанда сүйектердің өте жеңіл, мекем және мүмкіндігі зор болуы зерттеушілер көптен бері көңіл аударуда. Осындай көп ғылыми зерттеулердің қорытындысына қарағанда сүйектердің ішкі және сыртқы орта жағыдайына байланысты қайта құрылымдық қабілеті бар екені анықталады. Белгіленген атомдық әдіс арқылы ағзада тәулігіне 10 – нан 20 - ке дейін тұзды заттар сүйектің ұлпасында алмасады екен. Осыған орай спортшылардың сүйек жүйесінің ұлпа және мүше дәрежесіндегі өзгерістерді білу жаттықтырушы мен ұстаздарға өте қажет. Өйткені олар спортшыны тек дене пішінінің қалыптасу қарқынымен бағытын байқап отырмай, оның мақсатына қарай дамуын басқарады. Жаттығушыларды спорт түрлеріне сұрыптағанда олардың денесінің үйлесімділігіне көп мән береді. Спортшы бойының ұзындығына қарай баскетболшыға, қолының ұзындығына қарап найза лақтыратын білектің ұзындығына қарап волейболшыға, қолбасының ұзындығына қарап гимнастикаға лайық деп айтады. Денеге күш түсу немесе спорттық сабақтардың әсері, адамның денесін түрлі жағынан жетілдірумен бірге дерттік өзгерістерге де ұшырауы мүмкін. Жаттығушының спорттық сабақтардан зорығуы салдарынан оның сүйек жүйесінде ерекше  өзгерістер  пайда  болады.  Мұндай жағдайды болдырмау үшін жаттықтырушы спорттық сабақтарды реттілікпен өткізеді. Денеге кұш тұсуден сұйек жұйесіндегі өзгерістерді анықтауға әртұрлі әдістер қолданылады. 0 – 102 Р формуласы бойынша сұйек ұлпасының толық салмағы анықталады. Онда: 0 – сүйек ұлпасының толық салмағы; 1 – дененің ұзындығы; 0 – қардың, білектің, санның және балтырдың төменгі бөлігінің орташа диаметрі, Р – 1,2 – ге тең коэффициенті.

Денедегі жалпы сүйек құрамдарының әртүрлі дамуына қарай ауырлық салмақтары да әр түрлі болады, сондықтан зерттелетін адамдарды бір – бірімен салыстыру үшін олардың сүйек ұлпаларының толық салмағынан басқа қатынасты салмағына да есепке алады. Сүйек ұлпаларының қатынасты салмағы әрбір жеке адамның жалпы дене салмағының белгілі проценті болып табылады. Сондықтан зерттелетін адамның сүйек ұлпаларының толық салмағын дене салмағына бөліп және 100 – ге көбейтеді. Рентген әдісінің артықшылығы сүйектегі өзгерістерді спорттық сабақ барысында адамның тірі күйінде бақылауына мүмкіндік береді. Бұл әдісті тәнтануға алғашқы енгізген 1896 ж. В.Н.Тонков. 1897ж. П.Ф.Лескаф еді. Олардың алғаш “  Тірі адамның тәнтануын зерттеуге рентген сәулесін пайдалану туралы ” деген мақаласы жарық көрді. Содан бері бұл әдіс барлық салада кеңінен пайдалануда. Сүйектің механикалық қасиетін зерттеу әдісі арқылы сүйек ұлпаларының мықтылығын, серпінділігін және солқылдақтығын анықтайды. Бұл әдіспен Г.Вертгеит 1847 сүйектің солқылдақтығының коэфциентін зерттеген, П.Ф.Лескафт 1893 жамбас сүйектің мықтылығын өлшеп, оның орташа мықтылығы 1254, 36 кг шамасына тең екенін анықтады. Сонғы кездерде ортақ жиеліктің 1,5 тоннаға, ал үлкен жиіліктің 1,8 тоннаға дейін көтеретінін дәлелдеді. Бұл сүйек жүйесінің мықтылығымен төзімділік мүмкіндігін көрсетеді. Таңбаланған атомдарды радиоактивті фосфор, Р32 қолдану әдісі қай мүшедегі сүйекте көбірек өзгерістер болуын анықтайды. М.Г.Привестің тәжірибиесіне қарағанда дененің тірек аймағына жақын орналасқан қаңқа сүйектерінде қайта түзілу көп болатынын дәлелденді. Люминесцентті әдіс арқылы бұлшықет қызметінің артуына байланысты сүйектің үстемелі өсуін анықтайды. Бұл әдіске мөлшері 300 мың бірлікті биомицинді 1 кг салмағына лайықтап жануарға егіп, оның сүйек қабығына өту мөлшеріне және ультра сия түсті жарығының көрінуі анықтығына, яғни аппараттағы сары жарықтың анық – көмескілігіне қарай сүйектің үстемелі өсу барысын біледі. Мысалы, қарды бүгетін және білекті жазатын бұлшықеттерді зақымдағанда сүйектегі сары жарықтың көмескіленіп кеткені ондағы үстемелі өсудің тоқталғаны көрсеткен. Ұлпа мен жасуша дәрежесіндегі нәзік өзгерістерді анықтайтын гистология және гистохимия әдістерінің үлкен маңызы бар. Әсіресе жасуша дәрежесіндегі қайта құрылымдарды зерттеуге жарық және электронды микрософтар да өте пайдалы. Спортшылардың сүйек жүйесінің бейімделу өзгерістері. Мұндай өзгерістер мынадай дәрежеде өтеді: молекулалық жасушаның қалыптасуы кезіндегі жасушалық, мүшелік және жүйелік түрде өтеді. Олардың молекулалық дәрежесі кезінде сүйек ұлпасында сүйектің мықтылығын қалыптастыратын ақуыздың жинақталуы, ферменттер, т.б. органикалық заттардың тездеп шоғырлануы, сондай – ақ бейорганикалық  заттардың тездеп қаталып түзілуі артады. Ұлпа дәрежесінде сүйек ұлпаларының сүйектенуі күшиеді. Ғылыми зерттеулердің қорытындысына қарағанда жаттығу кезінде сүйек ұлпасында сүйек түзетін және жетілген остеондар пайда болады. Осы кезде ескі остеондар бұзылып ыдырайды. Сондықтан сүйек ұлпасының құрамына кіретін остеобласттар, остеоциттер және остеокластар қызметі арқылы да қайта құрылым барысында біріне – бірі қатынасты болады. Мүше дәрежесінде қаңқаның барлық сүйектерінде химиялық, құрылымдық, пішіндік ішкі құрылысының және сүйектену мерзімімен өсу өзгерістері болады. Мүшеге күш артқан кезде сүйектің химиялық  құрамындағы бейорганикалық заттардың құрамы артып, кальций және фосфор көбейе бастайды. Тұздардың артуынан сүйектің тығыздығы күшиеді. Бұлшықет қызметінің артуынан қаңқа сүйектерінің пішіні өзгере бастайды. Бұлшықет сіңірінің сүйекке жабысқан жерінде белдеу, бұдыр, шорлар пайда болады. Айталық, ауыр жүк көтерушілердің, әсіресе, жауырын және бұғана сүйектерінің пішіні күшті өзгереді. Бұғана жуандайды, жауырынның қолттыққа қараған жиегінің бір тегістігі өзгереді, бірақ үш бұрыштық  пішіні сақталады. Жүзгіштерінің дельта тәрізді бұлшықеттерінің күшті дамуына байланысты тоқпан жіліктің басы үлкейіп, ондағы хирургиялық мойын білінбей кетеді. Тізерлеп қайық ескіштердің гребцов на байдарке қарындағы екі басты бұлшықет қызметінің артуынан оның шыбық сүйекке жабысқан жерінің бұдырлы шорланып, сүйектегі бойын жабылып қалады. Боксшы мен ауыр жүк көтерушілердің шыбық сүйектерніңі диафиздік иіні де өзгеретіні байқалады. Гимнасттардың білезігі сүйірленіп, әсіресе трпеция тәрізді, томпақ және қайық тәрізді сүйектері ерекше өзгереді. Сондай – ақ көркем гимнастика, қылыштасу және үзбелі шоқпар лақтырушылардың білезік сүйектеріндегі қайық тәрізді, жарты ай сүйектерінің пішіні өзгеріп, жұмырланып кетеді. Желаяқтардыңлегкоатлетов, спортигровтердің гимнасттардың шаңғышылардың мықыны күшті дамып, ұршық шұңқырының пішіні өзгереді. Тегеріш немесе жалпақ тас лақтырушылардың метателей диска ортан жілігінің төменгі басы жуандайды. Жүгіргіштердің желаяқ үлкен жіліншіктернің бұдырлы аймағы және кіші жіліншіктің басы өте күшті жуандайды. Хоккейстер мен палуандардың балтыр сүйектерінің ортан бөліндегі жоғарғы жағының ені ұлғаяды. Спортшылардың көпшілігіне омыртқаларының пішіні төртбұрышты немесе сүйір болып өзгереді. Төрт бұрышты омыртқалар көбінесе жүзгіштерде кездеседі. Ауыр жүк көтерушілер﹙ велосипедшілер мен қайық ескіштердің омыртқалары алдыңғы жағына қарай сүйірленеді де палуандардың омыртқалары арқа жағына қарай сү.йір болады. Сондықтан олар тік жүрген кезде аздап шалқақ қалпында жүреді. Спортшылардың сүйек жүйесіндегі морфологиялық өзгерістер сүйек қабығындағы сүйектің кемікті және қатты заттарындағы және жіліктің май қуысындағы құрылысына байланысты болатытынын ескерген жөн. Сүйектің қабығы дене шынықтыру сабақтарының барысында оның ішкі, камбийлі немесе сүйек түзетін қабатының қызметін күшейтуге байланысты қалыңдайды. Сүйектің тығыз  заты спортшылапрда қалыңдайды. Мұндай өзгерістер  жүзгіштердің, желаяқтардың, ауыр жүк көтерушілердің, конкишілердің, аяқдопшылардың аяқ – қолдарының сүйектерінің симметриялы болып келуі жиі кездеседі. Теннис және диск лақтырушыларда жұмыс түрі біркелкі болмауына байланысты, әсіресе қолдарындағы сүйектердің тығыз заттары да біркелкі болмай қалыптасады. Қылышшылардың жұмысына байланысты олардың қолының тоқпан жілігі мен алақанының 1 – сүйегінде, ал аяқ сүйектерінде көбінесе өкше төмпегінде күшті өзгеріс болады. Сүйектерде тығыз заттардың біркелкісіз қалыптасуы боксшыларда да  кездеседі. Олардың,  алақан сүйектерінің бастарына күштің көп түсуінен тығыз заттары қалыңдап, физиологиялық қызметі артады. Желаяқтар мен секіргіштерде көбінесе қатты тебетін жүгіріп, секіруге күш алатын аяғының сүйегіндегі тығыз затының қайта құрылымы болады. Олардың тебетін ортан жіліктерінің екі жақтарынан диафиздерінің көлденең өлшемі теппейтініне қарағанда 1 – 5 мм жалпақ болып келеді. Велосипедшілердіңаяқарбашы ортан жіліктің тығыз заты барлық жерінде бірдей қалыңдықта, балтыр сүйегінде тығыз заттардың қалыңдығы әр түрлі болып қалыптасады. Сондай – ақ үлкен жіліншіктің тығыз заттары оның ішкі және сыртқы бетінде орта шенінде – 15 -16 мм, ал кіші жіліншіктің артқы бетінде төменгі ұшында – 17 – 18мм қалыңдайды. Мергеншілердіңстрелков қолдарын рентгенге түсіргенде мылтықпен ататындарға қарағанда білек сүйектерінде шоғырланған өзгерістер бар. Шыбық сүйектің тығыз затының қалыңдауынан оның екі бас жағы диафиздері, мойыны және ортанғы бөліктері эпифизі жуандап, шынтақ сүйектің – бас жағы диафизі және денесінің жоғарғы бөлігіэпифизі жуандап өзгереді. Оның себебі мылтықты ұзақ уақыт көтеріп тұруға білек сүйектердің көбірек қызмет атқаруы қажет. Тапанша мергендерінің оң қолдарына күш түседі. Мылтықпен ататындарға қарағанда тапаншамен атушылардың қолдарындағы қар, білек, қолбасы барлық бөліктері бірдей өзгереді. Тоқпақ жіліктің жоғарғы  эпифизінде, тәнтанулық мойында және жіліктің басында әсіресе, дельта бұдырында, шынтақ сүйекте – жоғары басы мен денесінде, сондай – ақ қолбасы қаңқасында – алақанының ІІІ, ІҮ, Ү сүйектерінің басындағы тығыз заттары қалыңдайды. Тапаншаны ату үшін қолды барынша жазып көтеріп тұру қолдың тартылу күшін және иық буынының айналу білегімен буын орталығының қатынасын арттырады. Бұл дельта және жауырын қырының үстіңгі бұлшықеттерінің бұралған күйге келтіріп, тоқпақ жіліктің  басына күш түсіреді. Шынтақ сүйектегі өзгерісті шынтақ буынының алшақтауынан қолдың тартылу күші артуымен дәлелдеуге болады. Қолбасындағы өзгерісті алақан саусақтарымен тапаншаның тұтқасын қысып ұзақ ұстаудан көп күш  ІІІ, ІҮ, Ү алақан сүйектердің негізіне түсетініне қарай дәлелденеді. Соңғы кездерде сүйектің кемікті заттарын үш түрге майда, орта және ірі ұялы бөледі. Спортпен шұғылданбайтын адамдардың сүйегіндегі кемікті заттар жілік басының айнала жиегінде майда, ал ортасында – ірі ұялы болып келеді. Спорттық күшті жаттығулар жасап, мамандық дәрежеге өткен спортшылар жіліктерінің бастарындағы кеміктер біркелкі ірі ұялы болып өзгереді. Ауыр жүк көтерушілерлің қолбасы сүйектеріндегі кеміктеріндегі ұялары кекше пішінді ірі немесе дөңгелек тәрізді,  аяқ басындағы кемік арасындағы табақшалар ұзына бойына қарай орналасады, мұнда көлденең орналасқан табақшалардың жобасы ғана байқалады. Ірі ұялы кеміктер палуандардың, гимнастардың және велосипедшілердің сүйектерінде де пайда болады. Спортшылардың сүйегіндегі тығыз заттар қалыңдайтыны жоғарыда айтылады. Осыған орай жіліктердің май қуысы тарылады. Рентген суретінде жіліктің май қуысы сызық тәрізденіп көрінеді. Сүйектің өсуі эпифиздік шеміршектің сүйекке айналуына дейін жүреді. Спорттық жаттығу, жалпы денеге күштің түсуі, сүйектің өсуіне оның әсер етуі туралы жануарларға өте көп ғылыми жұмыстар жасалады. Сондай жұмыстардың қорытындысына қарағанда спорттық, әсіресе жүгіру секілді жаттығулар сүйектің өсуін тездететіні байқалды. Шындығында денеге шамадан тыс күш түсіріп жаттығу сүйекті қысқартады, бірақ ол ұзын бойы өсуін тоқтату арқылы емес, сүйекке айналуын түзеу арқылы әсер етеді. Сүйектің өсу аймағы денеге түскен күштің аз – көптігіне қарамайды, егер спорттық жаттығудың мөлшері шамадан артса, онда сүйектің өсу қарқыны артады. Кейбір ғылыми зерттеулерге қарағанда  жүгіру, секіру, лақтыру, ауыр жүк көтеру, бокс, аяқдоп, теннис, қылыштасу және конки тебу секілді спорт түрлерімен шұғылданып жүрген жас өспірім спортшылардың өсу қарқыны немесе сүйек жүйесінің қалыптасу мерзімі бұзылмағаны дәлелденсе, кейбір ғылыми зерттеулер, әсіресе өнеркәсіп училищесінде оқып жүрген оқушылардың суі оқу мерзімінде тоқталып, кешіккенін дәлелдейді. Ол спорттан ба, әлде басқа тұрмыстық жағдайдан ба – ол жағы келешекте анықталады, солай болғанымен де сыртқы және ішкі орта ағзаға, оның ішінде сүйек жүйесінде қатты әсер ететіні анық. Сүйек жүйесін ағза дәрежесінде қарайтын болсақ, ондағы бейімделу өзгерісі өте жағымды, үдемелі және жұмыстың артуы бойынша жүреді.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Спорттық морфологияның әдістері

2. Спорттық морфологияны топтастыру

3. Бейімделудің жалпы теориялық негізі