ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

 

«Дене тәрбиесі спорт, ілімі мен әдістемесі» кафедрасы

 

 

студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған

«Анатомия,  спорттық морфология негіздері»

050108 «Дене тәрбиесі және спорт»

Күндізгі

 

 

Пәннің негізгі мақсаты

 

Кешенді оқыту кезінде (теориялық және практикалық) «Адам анатомиясы мен морфологиясы» ғылымдарының қазіргі кездегі дамуы мен бүкіл адамзат жануарлар әлемінің өмірі үшін маңызы туралы түсінік қалыптастыру . «Адам анатомиясы мен морфологиясы» (тән-тану) биологиялық ғылымдардың, соның ішінде морфологиялық ғылымдардың бір саласы. Адам анатомиясы болашақ биолог мамандары адам организмінің құрылысымен таныстырумен қатар олардың жалпы биологиялық заңдылықтар туралы да көзқарасын қалыптастырады. Сонымен қатар бұл ғылым адамның дене құрылысына сыртқы ортаның, еңбектің, әлеуметтік жағдайлардың тигізетін әсерлерін де қарастырады.

«Адам анатомиясы мен морфологиясы» пәнінің мақсаты:

адамның ішкі және сыртқы құрылысымен, қызметі мен ерекшеліктері жөнінеде магистрлерді таныстыру. Алған білімдерін практикалық сабақтарды пайдалана отырып икемділігі мен дағдысын қалыптастыру. Сүйек, буын, бұлшық-ет жүйесі және ішкі мүшелер жүйесі.Ас қорыту жүйесі. Тыныс алу жүйесі. Жыныс мүшелер және сезім мүшелер жүйесінің дұрыс қызметі әсер ететіндігі жөнінде студенттерге түсінік беріледі.

 

Пәннің негізгі міндеті

- Жоғарыда аталған мақсатқа сай пәнді оқытуда мынадай міндеттерді шешу қажет

- Студенттерге адам организмінің анатомиялық және морфологиялық түсініктерін қалыптастыру

- Сүйек буын жүйесі және бұлшық ет мүшелерінің іс-әрекетін анықтау;

- Ішкі мүшелер және ас қорыту жүйесінің жұмыс атқару процессін зерделеу;

- Тыныс алу және сыртқа бөліп шығару мүшелерінің қызметімен іс-әрекетін анықтау;

- Жыныс сезім мүшелер жүйесінде олардың жұмыс атқару процесіне сипаттама беру;

Сабақ барысында берілген тапсырмаларды уақытында орындай отырып, магистрант өзіндік тапсырмалар дайындауға кіріседі.

Курстың пререквизиттері

Анатомия ғылым, әрі дәрістендіру пәні ретінде адамның дене құрылысын оқып үйрену үшін биология, антропология, физика, экология, т.б. жануарлардың және тарихи даму процесіндегі атқаратын қызмет білімдерге байланысты.

Курстың постреквизиттері Спорттық ғылым саласы сондай-ақ спорттық іріктеудің морфологиялық аспектілері, адам организмі дене тәрбиесі мен спорттық жүйелі жаттығуларға бейімделудің жалпы заңдылықтарын қарастырады. Оқушыларды физиология, биохимия  сияқты  пәндерді меңгеруге даярлайды.

 

Кіріспе

Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру (оқытушылар таңдауы)

СӨЖ – тақырыптарына немесе тарауларына:

1. Тақырыпта немесе тарауларда кездесетін анықтамаларды айқындау, қысқаша 0,5 беттен аспайтын эссе жазу;

2. Тақырып бойынша әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде қысқаша түсініктеме жазу 1-2 бет.

3. Глоссарий жазу – ұғымдар мен терминдер анықтамасын түсіндіріп жазу;

4. Презинтация – таңдаған тақырыбы  бойынша студенттің өз ойын – пікірін дүниетануын білдіру және оны қорғау. Презинтация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы, қызықтыруымен бағаланады 8-10 минут;

5. Іскерлік ойын – Болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде, топта ойнау (алдын ала дайындалу керек).

6. Айқындап жағдайды үйрену – нақты жағдайларда қойылатын сұрақтарға өз бетінше жауап беру немесе жауаптарды өзінше жобалау;

7. Жазба жұмыстары – модуль бойынша рейтинг сұрақтарына жазба түрде жауап жазу;

8. Тесттер – тақырып соңында студенттердің білім деңгейін анықтау үшін 5 минутта өткізілетін тест сұрақтары;

9. Рефераттар мен баяндамалар студенттер таңдауы бойынша пән тараулары мен тақырыптарын оқып үйреніп, талдау жасап, өзінше қорытындысын шығару;

10. Пікір – стунденттер бір – бірлерінің рефераттарын талдау жасап, өз пікірлерін жазу.

 

 

Тапсырма № 1 Анатомия және спорттық морфология пәні (Реферат)

Жоспар:

1. Пәннің мақсаты мен міндеттері

2. Анатомияның зерттелу әдістері

3. Анатомия ғылымының салалары

 

Әдебиеттер тізімі:

1 Керімбеков Е.Ж. Тәнтану: оқулық/ Керімбеков Е.Ж.- Алматы: 2004.-463 б.

2 Рақышев А. Адам анатомиясы: оқулық І-том / Рақышев А.- Алматы: 2004.-418 б.

3 Гладышев А.Ч. Анатомия человека: учебник/ Гладышев А.А.-  М.:ФКиС-1984.-302 с.

 

Тапсырма №2  Организм құрылысының жасушалық  және ұлпалық деңгейі (Реферат)

Жоспар:

1.  Жасушаның негізгі бөлігі, пішіні және мөлшері

2. Ұлпалардың жалпы мінездемесі және топтастырылуы

3. Эпителиальдық,  дәнекер, бұлшық етті және жүйке ұлпаларының атқаратын қызметтері, шығу тегі құрылымдық ерекшеліктері

 Жануарлар мен өсімдіктердің негізгі жасушадан құралады. Ағзаға тіршілік белгілері де жасушадан басталады.  Жасуша «немесе клетка-cellula» өте күделі және генетикалық жағынан жоғары дәрежеде түзілген материалық тірі құрылым. Тіршіліктің негізгі әрекеттері: зат алмасу және энергия алмасу, бқлшықеттердің әрекеттері, бездердің сұйықтық бөлуі және басқалар жасушада іске асып жатады. Демек, жасуша дегеніміз- тіршілік жүйесі бар, цитоплазмадан және ядродан, органелладан және жасуша қабықшасынан құралатын, барлық жануарлар мен өсімдіктер құрылысының дамуы мен өмір тіршілігінің негізін түзетін, белгілі бір пішіні бар өте ұсақ, саңылауланған затты бар денешік. Жасуша, қозғыштық, қозуды өткізгіштік және жиырылғыштық қасиеттерге ие. Жасушалардың әрқайсысы тіршілік етуге биім келеді. Бұған бір жасушалы ағзалар (қарапайымдыларды) мысал бола алады.

   Ағзаның жасушалық құрылысы көпке дейін құпия болып келді. Тірі ағзаның жасушасының жеке тексеру тек оптикалық микроскоптың жәрдемімен және зерттеудің жаңа әдістерінің табылуымен ғана жүзеге асырылды.

   Жасушаның атқаратын қызметіне қарай пішіні мен көлемі әр үрлі болып келеді. Мысалы, аналық жыныс безі мен май жасушалары- шар, дәнекер ұлпаларының жасушалары жұлдызша, ақ жүйке жасушасы тармақтала созылып жатқан жіп тәрізді, ішек эпителийінің жасушасы призмаға ұқсас болады. Кейбір жасушалар (ақ түйіршік) пішінінтүрліше өзгерте алады.

   Әдетте жасушалар өте ұсақ (10-100 мк) болғанымен, олардың белгелі бір ұзындық өлшемдер болады.

 Ұлпа дегеніміз – тарихи қалыптасу барысында бірыңғай жасужалардан және туынды заттардан түзіліп, өзіне тән морфологиялық және биохимиялық қызмет атқаратын дене бөліктері.

Адам ағзасындағы қлпалар құрылысы және қызметіне қарай: эпителий ұлпасы, ішкі орта ұлпалары, бұлшықет ұлпалары және жұйке ұлпалары деп төрт топқа бөлінеді. Бұлар ағзаның эмбриогендік дамуы кезінде ұрықтың үш жапырақшаларынан пайда болады.

3 Эпителий ұлпасы. Бұл ұлпа эпителий жасушалардан түзіліп, дененің сыртқы және ішкі ортамен шектелетін беттерін қаптап жатады, сондықтан оны шекаралық ұлпа деп те атайды. Мысалы, денедегі іші қуыс (ішек, қарын, қан тамырлары және т.б.) астарлап, ағзаның сыртқы жағын қаптап, қорғаныш және өнім шығару қызметін атқарады. Терінің үстіңгі түлейтін қабаты тығыз болғандықтан, тереңірек орналасқан жасужаларды қорғайды. Ал ішек түтігінің ішкі кілегейлі қабырғасын астарлайтын эпителий ұлпалары тағамның қатты бөлшектерінің әсерінен ішектің жарақаттануынан, ауру қоздырғыш бактериялардың ішкі ортаға енуінен сақтайды. Демек ішек эпителийі «тамақтандыру» қызметін атқарады, яғни қортылған ас қанға эпителий арқылы сорылады. Тіршілік әрекетіне қажетті заттарды бөліп шығаратын да эпителий жасушалары бар. Олардың әсерінен бөлінген заттарды өнім (секрет), ал өнім бөлетін жасушаларды без немесе өнім жасушалары деп атайды. Сөйтіп  эпителий ұлпаларының маңызды қызметтерінің бірі - өнім бөлу.

Жазық эпителий. Мұндай эпителий кейбір мүшелердің ішкі қабатын (өкпе альвеолдарының ішкі бетін, дене қуысын) астарлайды және көп бұрышты жасушалардан құралады.

Аласа призмалы эпителий. Мұндай эпителий көптеген бездердің сыртқа шығарғыш түтіктері мен бүйректің зәр жинау түтіктерінің қуысын астарлап жатады, мұндағы жасушаларының биіктігі мен ені бірдей.

Биік призмалы эпителий. Мұндай эпителий ішек қарынның және басқа да кейбір мүшелердің қуыстарын астарлайды, бұл жасушалар басқалардан биігірек, төрт, алты қырлы призма тәрізді болып келеді.

Кейбір қабатты эпителийлер пішіні мен биіктігі әр түрлі жасушалардан түзілген көп қатарлы эпителийден құралады. Мұндай эпителийде призма тәрізді жасушалар үстіне ала орналасады да ұршық тәрізді немесе сүйірленіп сұғынып жатады. Олардың биіктігі бірдей болмағандықтан, ядролары әр түрлі деңгейден көрінеді. Көп қатарлы эпителийлер көптеген мүшелердің тыныс жолдарының, аналық жыныс мүшелерінің зәр шығару түтігіндегі қабырғасын астарлайды. Жұлынның орталық түтігін, тыныс жолдарын және жатырдың кілегейлі қабықшасыне және т.б. астарлайтын бір қабатты эпителийлер және жасушаның сыртқы бөлігінде кірпікшелері болатын эпителийлер де болады.

Көп қабатты эпителийдің екі тобы: көп қабатты шағын эпителий және көп қабатты призмалы эпителий бар. Терінің үстіңгі қабатын, ауыздың, жұтқыншақтың және қынаптың сілеймелі қабықшасын көп қабатты шағын эпителий астарлап жатады. Көп қабатты призмалы эпителийдің пішіндері алмұрт тәрізді, олар басқа қабаттарда (көздің дәнекер ұлпасының қабықшасында) болады.

Қызметіне қарай тері қорғаныш және қоректену эпителийлерге жіктеледі. Эпителий ұдлпасының өнім бөлетін жасушаларын безді эпителий дейді. Анығырақ айтқанда, құрамында белгілі бағытта жетілген жасушалары, әр түрлі заттары бар сұйықтық өндіріп, оны бөліп шығаратын эпителийлер безді эпителийлер. Егер бөлінетін зат ағза үшін пайдалы болса, оны өнім (секрет) деп, зиянды болса бөлінді (экскрет) деп атайды.

Дәнекер ұлпасы. Бұл ұлпа сыртқы ортамен тікелей байланыспай, ішкі ортаның бір қалыпты жұмыс істеуін сақтап, қоректік, қорғаныштық, тіректік және т.б. қызметтер атқарады.

Дәнекер қлпасы ішкі орта ұлпаларына жатады, өйткені олар ағзаның, ішкі бөлігінде орналасады. Олар: қан, сарысу, болбыр дәнекер, ұлпалары, торлы ұлпа, бояу (пигмент) ұлпасы, май ұлпасы, тығыз дәнекер ұлпасы, серпімді ұлпа, шеміршек және сүйек ұлпасы.

Ішкі ортада орналасқан ұлпалар эпителий ұлпалармен салыстырғанда құрылысы жағынан ерекше. Дәнекер ұлпаларының жасушаларында аралық заттар күшті дамиды.

Шеміршек ұлпасы. Ересек адамдарда шеміршек сүйек буындарының бетін қаптап, қабыртқалардың ұштарын, кеңірдекті, жұтқыншақты, ауатамырлы және құлақ қалқанын құрайды. Шеміршек ұлпасының құрамындағы негізгі зат пен аралық заттар өте тығыз болғандықтан, шеміршекке қан тамырлары өте алмайды, сондықтан ол шеміршек үсті арқылы шашыранды жолмен қоректенеді. Шеміршектер арқылы заттың құрлысына байланысты жылтыр, серпімді және талшықты шеміршек болып үшке бөлінеді.

Жылтыр немесе гиалинді шеміршек. Бұл – шеміршек ұлпаларының ең негізгі, көп тараған түрі. Жылтыр немесе гиалинді шеміршектің тығыз, серпімді және мөлдір болатыны белгілі, оны сүтқоректілердің ересек ағзасынан, буындардың бетінен көре аламыз және қабыртқалардың ұштары, кеңірдек және т.б. мүшелер сондай шеміршектен құралады.

Серпімді шеміршек – жылтыр шеміршекке қарағанда солғындау, сары түсті. Мұндағы серпімді талшықтар заттың базафильді бөліктеріне таралып, соларды торлап жатады. Құлақтың қалқаны, кеңірдектің кейбір шеміршекті сақиналары серпімді шеміршектен құралады.

Талшықты шеміршек. Шеміршектің бұл түріндегі негізгі заттың коллагенді талшықтары шоғырланып жатады. Оның жылтыр шеміршектен негізгі айырмашылығы осы. Талшықты шеміршек жылтыр шеміршекке немесе қалыптасқан дәнекер ұлпасына ауысқыш келеді, омыртқааралық байланысқа талшықты шеміршек те қатысады.

Сүйек ұлпасы. Бұл сүйек жасушасынан және жасуша аралық заттардан түзіледі. Сүйек ұлпасының негізгі заттарына әкті тұз сіңетіндіктен, ол қайтып кетеді.

Болбыр дәнекер ұлпа. Көбінесе фибробластардың, сондай-ақ гистиоциттердің және май жасушаларының құрамында болатын болбыр дәнекер ұлпаның жасушааралық заттары қоймалжың, серпімді талшықтардан және жұмсақ заттардан түзіледі.

Торлы ұлпа. Бұл ұлпа құрылысы жағынан мезенхимаға ұқсас болады. Торлы ұлпаның жасушалары жұлдыз тәрізді өсінділер арқылы бірімен-бірі жалғасып жатады. Қан жасайтын мүше – көкбауыр, сарысу түйіндері және жілік майының негізі торлы ұлпадан құралады. Торлы ұлпа кейбір тамырлардың эндотелийлі жүйе түзеді, бұл жүйенің физиологиялық, яғни ағзаны дерттен қорғауда маңызы зор.

Май ұлпа. Домалақ пішінді, ядросы жасушаның шетін ала орналасатын, болбыр дәнекер құрамындағы май жасушаларынан түзілетін ұлпа – май ұлпа. Май ұлпасы, әсіресе шелге, бүйрек маңына жиналады.

Бояу немесе пигментті ұлпа. Ұлпаның бұл түрі цитопазмасында бояуы бар жасушадан түзіледі. Олар көз алмасының тамырлы қабатында, түстіқабатта, ен қалтасы төңірегенде, бәтек аймағында, сүт бездерінің емізік ұшы төңірегінде және т.б. орналасады.

Тығыз дәнекер ұлпасы. Бұл ұлпаның ерекшеленген және ерекшеленбеген екі түрі болада, бұлардың аралығында болбыр ұлпа орналасады. Тығыз дәнекер ұлпаның ерекшеленбеген түрі болбыр ұлпа тәрізді жұмсақ та серпімді болады. Ал ерекшеленген түрі тығыз әрі қатты қос қатардан тұрады. Тығыз дәнекер ұлпадан будалар мен шандырдың қабықшалары түзіледі.

Серпімді ұлпа. Құрамында қоймалжың зат пен серпімді талшықтар көп болғандықтан, созылып, қайтадан қалпына келе алатын ұлпа. Серпімді ұлпа тығыз дәнекер ұлпасына ұқсас. Ол қан тамырларының қабырғасында және т.б. болады.

Бұлшықет ұлпасы. Жиырылып, қысқара алатын көлденең жолақты, бірыңғай саланы және жүрек бұлшықеттері болады. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы адамның еркіне қарай, ал бірыңғай салалы және жүрек бұлшықеттерінің ұлпалары өздігінен жиырылып, босаңсиды. Аталған бұлшықет ұлпаларының қызметінің нәтижесінде адам қозғалып жүре алады және ішкі мүшелер мен қан тамырлары жиырылып, созылады.

Бұлшықеттер ұлпасының қызметі өзін құрайтын жіп тәрізді миофибрилларға байланысты.

Бірыңғай саласы бұлшықет. Пішіні ұршық тәрізді сопақшаланып созылған бірыңғай салалы бұлшықет жасушаларынан бірыңғай салалы бұлшықеттер түзіледі. Бұлар тек кейбір мұшелерде, мысалы, қуықтың қабырғасында жасушалар тармақтанып, тармақшалары біріне-бірі қосылып, тұтас талшыққа айналады.

Бірыңғай салалы бұлшыұет омыртқаларда, теріде және ішкі мүшелерде болады. Ішек, өңештің ортаңғы бөлігі жатыр, несеп шығару түтікшелері, бездер мен тамыр жүйелері бірыңғай салалы бұлшықеттен құралады. Өте сирек орналасатын жасушалары бар, әр түрлі тереңдікте шоғырланған бірыңғай салалы бұлшықетттердің жасушалары бірінің кеңейген бөлігіне екіншісінің жіңішке бөлігі сәйкес келіп, біріне-бірі жалғасып жатады.

Бірыңғай салалы бұлшықет зақымданғай жағдайда бастапқы қалпына келе алады. Ондайда ерекшеленбеген дәнекер ұлпаларының есебінен мезенхималық туынды ретінде жаңа жасушалар түзіледі.

Көлденең жолақты бұлшықет. Бұлар жасушалардан емес, біріне-бірі сабақталып және тез бөлінетін бұлшықет талшықтарынан құралады. Талшықтардың ұшы доғал, жиегі тегіс, жалпы көрінісі жұмырланып келеді.

Көлденеі жолақты бұлшықет бірыңғай салалы бұлшықеттен гөрі шапшаң да кұшті жиырылады, бірақ тез шаршайды. Қаңқаның қалың бұлшықеттері, тіл, көз, жұтқыншақ, өңештің жоғарғы бөлігі, көмекей бұлшықеттері көлденең жолақты бұлшықеттен құралады.

Жүрек бұлшықеті. Мұндай бұлшықет талшықтары шоғырланбай, тармақтанып, тармақтардың ұштары бірімен-бірі жалғасу арқылы тор түзеді. Сөйтіп жүрек бұлшықеттерінің талшықтары бір жерде біріне-бірі тығыз екінші жерде сирек орналасады да аралықтарына дәнекер ұлпалар толады. Жүрек бұлшықеттерінің бір ерекшелігі – бұлшықет талшықтарында көлденең сызаттардың болуы. Ал сызаттар ми офибриллолар тобын әр түрлі деңгейде қиып өтеді, алайда олардың атқаратын қызметі әзірге беймәлім.

Жүйке ұлпасы. Жүйке жүйесінің құрылысы өте күрделі, сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдауға және оларды ағзаға өткізуге бейімделген ұлпалардан құралғандықтан, жүйке жасушасы жүйке жүйесінің негізгі құрам бөлігі болып табылады. Жүйке жасушасы тармақталады да сол тармақтары арқылы мүшелерді бірімен-бірін және орталық жүйке жүйесімен байланыстырып тұрады.

Жүйке ұлпасы жүйке жасушасы – нейреннан (грекше neuron – жүйке) және соған қосымша нейролгиядан құралады. Жүйке жасушасы жұлдыз алмұрт пішіндес болып келеді. Атқаратын қызметіне байланысты жүйке жасушасы қозғаушы немесе моторлы және өнім бөлетін жасушаларға бөлінеді.

Нейрон. Тітіркендіргіштердің әрекетін қабылдап, оны ұқсату аврқылы дененің әр түрлі мүшелеріне немесе нейрондарына өткізетін, белгілі бір бағытқа бейімделген жүйке жасушаларын нейрон деп атайды.

Нейронның денесі және тармақтары болады. Цитопазма, ядро-органоидтар және тек өзіне ғана тән арнаулы түзілістер денеде орналасады. Нейронның тармақтары – аксон немесе нейриттен және дендриттен тұрады. Нейронның ұзын талшықты жасушасы – аксон, ал тармақталған қысқа талшықтары дендрит деп аталады.

Нейронда өзінен таралатын тармақ санына байланысты әр түрлі аталады. Егер тармақтар саны көп болса, онда мультиполяры (көп ұшты), екі тармақты болса, биполярлы (екі ұшты), бір тармақты болса, униполярлы (бір ұшты) нейрондарға бөлінеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Керімбеков Е.Ж. Тәнтану: оқулық/ Керімбеков Е.Ж.- Алматы: 2004.-463 б.

2. Рақышев А. Адам анатомиясы: оқулық І-том /  Рақышев А.- Алматы: 2004.-418 б.

3. Гладышев А.Ч. Анатомия человека: учебник/ Гладышев А.А.-  М.:ФКиС-1984.-302 с.

4. Дайырбекова М. Адам анатомиясы: оқулық/ Дайырбеков М.- Алматы: Медицина баспасы.  2002.-287 б.

 

Тапсырма №3  Организмнің өсу және даму заңдылықтары (Глоссарий)

Жоспар:      

1. Жыныстық жасушалар

2. Ұрықтану

3.  Эмбриогенездің сатылары

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Керімбеков Е.Ж. Тәнтану: оқулық/ Керімбеков Е.Ж.- Алматы: 2004.-463 б.

2. Рақышев А. Адам анатомиясы: оқулық І-том / Рақышев А.-  Алматы: 2004.-418 б.

3. Гладышев А.Ч. Анатомия человека: учебник/ Гладышев А.А.-  М.:ФКиС-1984.-302 с.

4. Дайырбекова М. Адам анатомиясы: оқулық/ Дайырбеков М.- Алматы: Медицина баспасы.  2002.-287 б.

 

Тапсырма №4  Қаңқа сүйектері және олардың байланыстары (Тестер)

Жоспар:           

1. Дене қаңқа, кеуде қуысы, бас қаңқасы, қол және аяқ қаңқасы

2. Сүйектердің байланыстары топтастыруы

3. Буындар. Буынның негізгі элементтері

 

1. Остиологиялық iлiм адам қанқасының қаншадан астам сүйектен тұратынын дәлелдедi?

250

210

300

250

400

2. 1-мойын омыртқасын қалай атайды?

атлант

эпифиз

диафиз

тiрек

мойын омыртқа

3. 2-мойын омыртқасын қалай атайды?

эпистрофей

диафиз

эпифиз

тiрек

мойын омыртқа

4. Қанша омыртқа бағаны бар?

33-34

35-36

40-45

39-40

29-30

5. Қанша көкiрек омыртқасы бар?

12

9

15

18

20

6. Қанша мойын омыртқасы бар?

7

2

9

4

6

7. Қанша бел омыртқасы бар?

5

8

10

6

9

8. Бас сүйек. Адамның бас қанқасы қанша бөлiмнен тұрады?

2

4

3

6

5

9. Қол басы сүйектерiн ата:

бiлезiк, алақан және саусақ бақайшықтары

алақан және саусақ бақайшықтары

бiлезiк пен тырнақ сүйектерi

тоқпан жiлiк, шыбық сүйегi

саусақ бақайшықтары, тырнақ сүйектерi

10. Жамбас белдеуi қанша сүйектен тұрады?

3 мықын, шырт, шонданай

2 асықты жiлiк, мықын

4 асықты жiлiк, шонданай, шыбық жiлiк, шырт

2 шыбық сүйегi, шонданай

1 мықын сүйегi

11. Еркiн қозғалатын аяқ сүйектерiн ата?

аталғанның бәрi дұрыс

ортан жiлiк

асықты жiлiк

толарсақ жiлiк

ұсақ сүйектер

12. Табан сүйегiн ата:

5 саусақ сүйегi, 4 бақайшық, 5 тырнақ

6 бақайшық, 3 тырнақ

4 бақайшық, 6 саусақ

5 тырнақ, 6 саусақ, 4 бақайшық

9 саусақ, 4 тырнақ, 4 бақайшық

13. Синдесмология қандай iлiм?

сүйектердiң байланысы туралы iлiм

қимылсыз байланыстарды зерттейтiн ғылым

адам сүйегiн зерттейтiн ғылым

бұлшықеттi зертейтiн ғылым

миды зерттейтiн ғылым

14. Синхондрозды байланыс дегенiмiз не?

2 сүйек аралығын шемiршек тканы арқылы байланыс

адам денесiндегi буын

буын қуысына қатысатын күрделi буындар

адам денесiндегi күрделi қосынды

сүйектену процесi

15. Жай буынды дегенiмiз –

екi сүйек қосылысынан пайда болатын буын

сүйектердiң буын беттерi

буындасушы сүйектердiң беттерi

буын беттерi

үш оданда көп сүйектердiң қосылысынан пайда болатын буын

16. Күрделi буын дегенiмiз –

үш оданда көп сүйектердiң қосылысынан пайда болатын буын

сүйектердiң бәрiн атаймыз

екi сүйек қосылысынан пайда болатын буын

сүйектердiң буын беттерi

буындасушы сүйектердiң беттерi

17. Төс сүйегi неден тұрады?

төс тұтқасынан, төс денесiнен және найза өсiндiсiнен

иық белдеуiнен, жауырыннан

буын бетiмен тiкелей төске келiп тұрады

иық белдеуiнен тiкелей буын бетiнде тұрады

буын бетiмен иық белдеуiнен тұрады

 

Әдебиеттер тізімі:

1 Керімбеков Е.Ж. Тәнтану: оқулық/ Керімбеков Е.Ж.- Алматы – 2004.- 463 б.

2 Рақышев А. Адам анатомиясы: оқулық І-том /  Рақышев А.-  Алматы: 2004.-418 б.

3 Гладышев А.Ч. Анатомия человека: учебник/ Гладышев А.А.-  М.:ФКиС-1984.-302 с.

 

Тапсырма №5 Қаңқа бұлшық еттер (Баяндама)

Жоспар:           

1. Бұлшық еттің қызметті, пішіндері

2. Дене мен мойынның  бұлшық еттері және тыныс қозғалысына қатысатын бұлшық еттер

3. Бас. Қол және аяқ бұлшық еттері

 

Адам қаңқасы мынадай түрде бөлінеді: тұлға сүйектері – омыртқалар, қабыртқалар, төс; бассүйек қаңқасы – ми сауыты, бет сүйегі; қол-аяқ қаңқасы – қолдың қимылдайтын иық белдеуіндегі сүйектер: жауырын, бұғана және қолдың еркін қимылдайтын бөлігі: қары, білек, қол басы; аяқтың қымылдамайтын сүйектері жамбас немесе мықын белдеуі: жамбас; аяқтың еркін қимылдайтын бөлігі: сан, балтыр, аяқ басы.  

Тұлға қаңқасы. Тұлға қаңқасы негізінен омыртқа жотасы, 12 жұп қабырғалар және төс сүйегі тұлға өаңөасы немесе тұлға сүйектерін құрайды.

Омыртқа жотасы(columna vertebralis) – тұлғаның тірегі ғана емес, сонымен бірге адам қаңқасының негізі саналады. Ол 33-34 омыртқалардан құралады. Бұлардың 9-10 жалған, 24-і нағыз омыртқа болып есептеледі. Нағыз омыртқалар бірімен-бірі омыртқааралық буын бетінің шеміршегі және сіңір арқылы жарғасып, ерекше құрлысты болып келеді. Жалған омыртқалардың кейбір бөліктері жойылады да өзара бітісіп кетеді. Тұлғаның сыртқы жотасын бойлай созылған омыртқалар тізбегі омыртқа жотасы бағанасы деп аталады.

Омыртқа жотасы атқаратын қызметіне мен пішіні және орналасқан орнына байланысты мынадай бөлімдерге бөлінеді: 7-омыртқа-мойын омыртқа, 12-омыртқа-арқа (кеуде) омыртқа, 5-омыртқа-бел омыртқа, 5-омыртқа-сегізкөз және 4-5 омыртқа – құйымшақ. Ересек адамдарда сегізкөз және құйымшақ бөлігіндегі омыртқалар бірімен-бірі бірігіп, өз алдына сегізкөз және құйымшақ сүйектерін құрайды. Бұларды сондықтан жалған омыртқалар деп аталады.

Кеуде. Алдыңғы жағынан төс сүйегі, қапталынан 12 жұп қабырғалар, сырт жағынан 12 арқа омыртқалары кеудені құрайды. Кеуде құрайтын сүйектер тұлға сүйегіне жатады.кеуденің пішіні асты мен үсті тесік құмыра тәрізді болады.кеуде тесіктері кеуде жармасы деп аталады.

Қабырғалар. Қалақ тәрізді ұзын, имек сүйектер қабырғалар деп аталады, олар 12 жұптан тұрады. Қабырғалардың ортасы – дене, алдыңғы және артқы ұштары болады. Артқы ұшы жуан болғандықтан басы деп аталады. Қабырғаларда мойын және буын дөңестері болады. Әр  қабырғалардың әрқайсысы омыртқалардың екі буын беттері арқылы ұштасады: бірінші буын беті қабырғаның басында, екіншісі-қабырға мойын түбіндегі дөңесте.

Жеті өабырға ұшындағы шеміршек арқылы төс сүйекке тікелей бірігеді. Бұл қабырғалар нағыз қабырғалар деп аталады, ал VIII, IX, X жұп өабырғалар төс сүйекке тіке жалғаспай, шеміршекпен ғкана бірігетіндіктен, жалған қабырға болып табылады. XII қабырға өте қысқа, төс сүйекке жалғасуға жетпей, құрсақ бұлшық еттінің арасында қалады, сондықтан оны кейде жетім қабырға деп атайды.

Төс сүйек. Бұл қанжар тәрізді сүйек үш бөліктен құралады: төс алқасы, төс денесі және семсер тәрізді өсінді. Алқаның екі жағындағы буын ойығына бұғана жалғасады, ал екі бұғаналық буын ойысының арасында мойындырық ойысы орналасады. Төс сүйек жыныс қарай өзгереді: әйелдердің төс сүйек денесі еркектердікінен 2 сантиметрдей қысқа болады.

Қол және аяқ қаңқалары. Қол және аяқ қаңқасы сүйектері сырттай ұқсас болып көрінгенімен атқаратын қызметіне қарай, пішіні және мөлшері жағынан едәуір ерекшеленеді. Қолш адамның нағыз еңбек құралы болғандықтан да оның шеберлігі жетіліп небір нәзік істерді атқаруға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде қолдың сүйектері, аяқтың сүйектеріне қарағанда, жіңішке де жеңіл және бірімен-бірі өте қимылдағыш буындар арқылы байланысады.

Аяқ сүйектері – дененің тірегі. Адамның салмағы екі аяққа түседі. Сөйтіп оның кеңістікте еркін жүруіне мүмкіндік жасайды. Осыған орай аяқтың салмақтары қолдың сүйектерінен жуан, салмақты және буындары орнықты.

Атқаратын қызметіне қарай: қолдың қаңқасы: иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын қаңқасы деп екіге бөлінеді. Соған орай аяқ қаңқасы да екі топқа бөлінеді: жамбас белдеуі және аяқтың еркін қозғалатын қаңқасы.

Иық белдеуіне екі бұғана және екі жауырын сүйектері жатады.

Бұғана. Имектеу келген жұп сүйек бұғана кейде көжеге сүйек деп те атайды. Бұғанада дене және екі ұшы болады. Бұғананығ жуандап төс сүйек алқасына буындасатын ішкі төстік ұшы және сыртқы топшалық ұшы топша өсіндісіне буындасады., сөйтіп денеге бұғана көлденең орналасады. Бұғана сүйектің үсті тегіс те, астыңғы бетінен бұлшық еттер мен сіңірлер бекінетін сүйір бұдырлар  мен трапеция сызығы көрінеді. Бұғана иық белдеуін көтеріп, қолдың еркін қимылдауына жағдай жасайды.

Жауырын. Кеуденің сыртынан ала  II-VII қабырғалар тұсында орналасқан жалпақ, үш бұрышты жұп сүйек жауырын деп аталады. Жауырынның қабырғаларға қараған беті ойыстау, сыртқы беті дөңестеу келеді. Жауырынның үш жиегі бар: омыртқа жотасы жағында орналасатын ортаңғы жиек, сыртқы жиек және үстіңгі жиек.

Қолдың еркін қозғалатын қаңқасына тоқпан жілік, шыбық және шынтақ сүйектері, қол басы сүйектері (білезік, алақан және саусақ сүйектері) жатады.

Аяқ қаңқасы. Аяқ сүйектері мықын белдеуі мен аяқтың еркін қозғалатын сүйектерінен құралады.

Мықын белдеуінің сүйектері сақина пішінді немесе түбі тесік астау тәрізді болады. Бұл екі жамбастан, сегізкөзден және құйымшақ сүйектерден құралады.  

Жамбас сүйектері. Жамбас өзара бітісіп кеткен үш сүйектің жиынтығы, олар: мықын, шонданай және қасаға деп аталады. Мықын – жамбастың жалпақ бөлігі, қасаға – бір жамбастың екінші жамбаспен жалғасатын алдыңғы бөлігі, ал шонданай – жамбас сүйегінің отырғанда жерге тірелетін бөлігі. Сондықтан оны отырғыш сүйегі деседе болады.осы үш сүйектің қосылған жерінде ортакң жіліктің басы кіріп тұратын жамбастың ұршық ұясы болды. Ұяның түбінде жарты ай тәрізді буын беті түзіледі, ал буын бетінің дәл ортасында ортан жілік басындағы сіңір жалғасатын тағы бір ойыс бар. Ұршық ұясының бір жағы жырық болып келеді. Жамбастың төменгі жағындағы қасаға және шонданай сүйектерінің арасында үлкен тесік жамбас ұңғылы деп аталатын тесік бар, ол жарғақпен керіліп тұрады.

Аяқтың еркін қозғалатын қаңқасы.  Бұл үш бөліктен: сан, балтыр және аяқбасы сүйектерінен құралады. Санды негізгі сүйек – ортан жілік.

Аяқбасы сүйектеріне  тілерсек, табан және бақай сүйектері жатады.

Бас қаңқасы (cranium). Бұл бастағы көптеген мүшелер   мен миды қорғайтын, 23 сүйектен құралған өте күрделі сүйек. Ол атқаратын қызметіне қарай екі бөліктен тұрады: ми сауыты және бет сүйектері. Ми сауыты қуыс болады және сол қуыста  ми орналасады, ал бет бөлігінде тыныс, ас қорыту жүйелері мен сезім мүшелері орналасады.

Ми сауытының сүйектері – бұл шүйдще сүйек, маңдай сүйек, сына тәрізді сүйек, самай сүйек және тор тәрізді сүйектерден құралады.

Бет бөлігінің сүйектері. Бұлар алуан түрлі жұп және тақ сүйектерден құралады. бет бөлігінің сүйектері мыналар: үстіңгі жақ сүйек, мұрын сүйегі, көзжасы сүекшесі, әлпет сүйегі, астыңғы кеуілжір (төменгі мұрын қалқаны), таңдай сүйегі, астыңғы жақ сүйек, құрмау сүйек және кеңсірік сүйектері.

  

Әдебиеттер тізімі:

1 Керімбеков Е.Ж. Тәнтану: оқулық/ Керімбеков Е.Ж.- Алматы-: – 2004.- 463 с.

2 Рақышев А. Адам анатомиясы: оқулық І-том / Рақышев А.-  Алматы: 2004.-418 б.

3 Гладышев А.Ч. Анатомия человека: учебник/ Гладышев А.А.-  М.:ФКиС-1984.-302 с.

 

Тапсырма №6 Жалпы динамикалық морфология (Пікір)

Жоспар:

1. Динамикалық морфологияны анықтау

2. Қолдың және аяқтың морфокинезиялық талдауы

3. Дененің әртүрлі жағдайындағы ішкі мүшелердің және ішкі мүшелердің араласуы

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Керімбеков Е.Ж. Тәнтану: оқулық/ Керімбеков Е.Ж.- Алматы: 2004.-463 б.

2. Рақышев А. Адам анатомиясы: оқулық І-том /  Рақышев А.-  Алматы: 2004.-418 б.

3. Гладышев А.Ч. Анатомия человека: учебник/ Гладышев А.А.-  М.:ФКиС-1984.-302 с.

4. Дайырбекова М. Адам анатомиясы: оқулық/ Дайырбеков М.- Алматы: Медицина баспасы.  2002.-287 б.

 

Тапсырма №7 Жеке динамикалық тәнтану (Эссе)

Жоспар:

1. Дене қалыптары мен тұрмыстық тәнтанулық сипаттамасы

2. Дененің үдемелі қозғалыстардағы тәнтанулық сипаты

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Рақышев А. Адам анатомиясы: оқулық І-том /  Рақышев А.-  Алматы: 2004.-418 б.

2. Гладышев А.Ч. Анатомия человека: учебник/ Гладышев А.А.- М.:ФКиС. 1984.-302 с.

3. Дайырбекова М. Адам анатомиясы: оқулық/ Дайырбеков М.- Алматы: Медицина баспасы.  2002.-287 б.

4. Иваницкий М. Анатомия человека: учебник/ Иваницкий М.- М.: ФКиС. 1985-545

 

Тапсырма №8 Ішкі мүшелер (Жазба жұмыстары)

Жоспар:

1. Ішкі мүшелердің жалпы сипаттамасы,  олардың атқаратын қызметтері

2. Ас қорыту жүйесі мүшелерінің жалпы сипаттамасы

3. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің жалпы сипаттамасы

4. Несеп-жыныс жүйесі мүшелерінің жалпы сипаттамасы

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Рақышев А. Адам анатомиясы: оқулық ІІ-том /  Рақышев А.- Алматы:  2004.-430 б.

2. Гладышев А.Ч. Анатомия человека: учебник/ Гладышев А.А.-  М.:ФКиС-1984.-302 с.

3. Дайырбекова М. Адам анатомиясы: оқулық/ Дайырбеков М.- Алматы: Медицина баспасы.  2002.-287 б.

 

Тапсырма №9 Жүрек қан тамырлар жүйесі (Реферат)

Жоспар:

1. Тамыр жүйесінің жалпы көрінісі

2. Жүректің пішіні, орналасу жағдайы, жоғары қабаты шеттері, шекарасы

3.Үлкен қан айналымдағы тамырлар

        

Әдебиеттер тізімі:

1. Рақышев А. Адам анатомиясы: оқулық ІІ-том /  Рақышев А.-  Алматы: 2004.-430 б.

2. Гладышев А.Ч. Анатомия человека: учебник/ Гладышев А.А.-  М.:ФКиС. 1984.-302 с.

3. Дайырбекова М. Адам анатомиясы: оқулық/ Дайырбеков М.- Алматы: Медицина баспасы.  2002.-287 б.

4. Иваницкий М. Анатомия человека: учебник/ Иваницкий М.- М.: ФКиС. 1985-545

 

Тапсырма №10 Ішкі секрециялық мүшелер (Глоссарий)

Жоспар:

1. Ішкі секрециялық мүшелердің  жалпы көрінісі және жіктелуі

2. Гормондар олардың адам организміне әсері

  

Әдебиеттер тізімі:

1. Рақышев А. Адам анатомиясы: оқулық ІІ-том / Рақышев А.-  Алматы: 2004.-430 б.

2.  Гладышев А.Ч. Анатомия человека: учебник/ Гладышев А.А.:  М.:ФКиС. 1984.-302 с.

3. Дайырбекова М. Адам анатомиясы: оқулық/ Дайырбеков М.: Алматы: Медицина баспасы.  2002.-287 б.

4. Иваницкий М. Анатомия человека: учебник/ Иваницкий М.: М.: ФКиС. 1985-545

 

Тапсырма №11 Жүйке жүйесі (Эссе)

Жоспар:

1. Жүйке жүйесінің жалпы көрінісі

2. Орталық жүйке жүйесінің орналасуы, пішіні, құрылысы

3. Шеткі жүйке жүйесі

4. Вегетативтік жүйке жүйесі

 

Әдебиеттер тізімі:

1 Керімбеков Е.Ж. Тәнтану: оқулық/ Керімбеков Е.Ж.: Алматы – 2004.-463 б.

2 Рақышев А. Адам анатомиясы: оқулық І-том /   Алматы: 2004.-418 б.

3 Гладышев А.Ч. Анатомия человека: учебник/ Гладышев А.А.:  М.:ФКиС-1984.-302 с.

 

Тапсырма №12 Сезім мүшелері (Жеке жоба)

Жоспар:

1. Көз мүшесі

2. Есту мүшесі

3. Иіс сезу мүшесі

4. Дәм сезу мүшесі

5. Дененің жалпы сыртқы қабаты

         

Әдебиеттер тізімі:

1 Керімбеков Е.Ж. Тәнтану: оқулық/ Керімбеков Е.Ж.- Алматы: 2004.-463 б.

2 Рақышев А. Адам анатомиясы: оқулық І-том /   Алматы: 2004.-418 б.

3 Гладышев А.Ч. Анатомия человека: учебник/ Гладышев А.А.:  М.:ФКиС-1984.-302 с.

4 Нұрышов М. Адам анатомиясы: оқулық/ Нұрышов М.- Алматы: Қарасай. 2006-346 б.

 

Тапсырма №13 Жас шамасының морфологиясы (Реферат)

Жоспар:

 1. Жас шамасы морфологиясын анықтау

 2. Жас шамасы морфологиясының міндеттері, зерттеу әдістері

 3. Организмнің өсу мен дамуының негізгі заңдылықтары

         

Әдебиеттер тізімі:

1 Нұрышов М. Адам анатомиясы: оқулық/ Нұрышов М.- Алматы: Қарасай. 2006-346 б.

2 Керімбеков Е.Ж. Тәнтану: оқулық/ Керімбеков Е.Ж.- Алматы: 2004.-463 б.

3 Рақышев А. Адам анатомиясы: оқулық І-том /   Алматы: 2004.-418 б.

 

Тапсырма №14 Конституционалды морфология және жыныстық деформизм (Эссе)

Жоспар:

1. Адам конституциясының негізгі компоненттері

2. Дененің жалпы және жеке бітімдері

3. Жыныстық диморфизм

         

Әдебиеттер тізімі:

1 Нұрышов М. Адам анатомиясы: оқулық/ Нұрышов М. Алматы: Қарасай. 2006-346 б.

2 Керімбеков Е.Ж. Тәнтану: оқулық/ Керімбеков Е.Ж.- Алматы: 2004.-463 б.

3 Рақышев А. Адам анатомиясы: оқулық І-том / Рақышев А.- Алматы: 2004.-418 б.

 

Тапсырма №15 Спорттық морфология (Реферат)

Жоспар:

1. Спорттық морфологияның мазмұны мен әдісі, міндеті  

2. Бейімделудің жалпы теориялық негізі

3. Күшті жүктемелерге бейімделу

         

Әдебиеттер тізімі:

1. Дайырбекова М. Адам анатомиясы: оқулық/ Дайырбеков М.- Алматы: Медицина баспасы.  2002.-287 б.

2. Иваницкий М. Анатомия человека: учебник/ Иваницкий М.- М.: ФКиС. 1985-545 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе        -------------------------------------------------------------------------------- 6

Тапсырма №1 ----------------------------------------------------------------------------- 7

Тапсырма №2 ----------------------------------------------------------------------------- 7

Тапсырма №3 -----------------------------------------------------------------------------12

Тапсырма №4 -----------------------------------------------------------------------------12

Тапсырма №5 ---------------------------------------------------------------------------- 15

Тапсырма №6 ---------------------------------------------------------------------------- 18

Тапсырма №7 ---------------------------------------------------------------------------- 18

Тапсырма №8 ---------------------------------------------------------------------------- 18

Тапсырма №9 ---------------------------------------------------------------------------- 19

Тапсырма №10 --------------------------------------------------------------------------- 19

Тапсырма №11 --------------------------------------------------------------------------- 20

Тапсырма №12 --------------------------------------------------------------------------- 20

Тапсырма №13 --------------------------------------------------------------------------- 20

Тапсырма №14 --------------------------------------------------------------------------- 21

Тапсырма №15 --------------------------------------------------------------------------- 21