Қашықтан білім беру жүйесіне арналған электронды оқулық

 

                                                            

 

   

                                       М.Әуезов атындағы ОҚМУ

 

Презентация

Студенттің өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқау

Зертханалық жұмыстар

Тест

Лекциялар

 

“ Болашақта еңбек етіп , өмір сүретіндер –бүгінгі мектеп оқушылары , мұғалім оларды қалай тәрбиелесе  Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр “                                

                                                                            Н.Ә. Назарбаев

 Қашықтан оқыту туралы жалпы түсінік

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Білім беру жүйесін ақпа­раттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Қашықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл - тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғаргы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі.

Қашықтан оқыту технологиясы – оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін  оқып үйренушілерге жеткізуді  қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады.

Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар, күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысын құрайды.

Қашықтан оқыту білім жүйесі жоқшылыққа, географиялық немесе уақытша оқшаулануға  қатысты себептермен, әлеуметтік қорғаны жоқ және дене бітімі жетілмеуіне байланысты білім мекемелеріне бару мүмкіндігі жоқ немесе өндірістік және жеке жұмыстары болу себебінен, ешкімнің оқуға мүмкіндігін шектеуге болмайды деген гуманистік қағидаларға жауап береді.

Қашықтан білім беру жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі және сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше жетілген түрі. Қазіргі замандағы телекоммуникациялық және  электронды басылымдар дәстүрлі оқыту түрінің барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді.

Қашықтан оқытудың ерекшеліктері классикалық пен салыстыру бойынша мынадай жетістіктерге ие:

-         жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі;

-         икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша);a

-         жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;

-         оқу ақпаратына қол жеткізу, оны жедел жаңарту;

-         экономикалық (оқу алаңы, , техникалық құралдардың шығынын қысқарту есебінен);

-         жаңа технологияларды қолдану;

-         оқып үйренушілердің  әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан);

-         барлық елдегі ақпараттық оқыту ресурстарының кірісі мен шығысы;

-         материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату ыңғайлылығы;

-         Оқып  үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.

Жаңа ақпараттық технологияны пайдалануда оқытудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану барысында білім сапасын арттыруға көңіл бөлемін. Пайдаланатын әдістерімді төмендегідей сызба түрінде көрсетуге болады:

.

Подпись:         Жай кәдімгі сабақ

 

Подпись: Өзін- өзі оқыту программасы
Подпись: Биоинформация
Подпись: Электрондық оқулық
Подпись: Қосымша программалар арқылы
Подпись: Қашықтықтан оқыту тәсілі (internet)
Подпись: Мультимедиялық   оқыту программасы 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қашықтықтан оқыту тәсілі. Қашықтықтан білім беру дегеніміз- белгілі бір қашықтықта отырып, компьютерлік телекоммуникация және де басқа байланысу орталары көмегімен оқып үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара алмасу тәсіліне негізделген.

Жаңа ақпараттық коммуникативтік технологияда оқыту құралы ретінде электрондық оқулық және интернет жүйесі маңызды орын алады. Осыған сәйкес “оқушы- электронды оқулық” және “мектеп- интернет” жүйесін құруға болады. “Мектеп- интернет” жүйесі бойынша оқушы ағымдағы сабақ бойынша жаңа ақпаратты мектепте отырып, интернет жүйесіне ену арқылы іздеп табады,сондай-ақ “дүниежүзілік өрмекке” электронды саяхат жасауға мүмкіндік алады.

Ал, электрондық оқулықтың тиімділігіне тоқталатын болсақ, оны төмендегідей атап өтуге болады: (№ 2 сызба)

·        Анықтамалық оқыту элементі арқылы ағымдағы сабақ бойынша анықтамалыққа мүмкіндік алу.

·        Мультимедиялық ақпараттық технологияны пайдалану.

·        Ағымдағы сабақ бойынша ішкі және сыртқы текеруді жүзеге асыру.

·        Мемлекеттік білім беру стандартының  курстарында жаңа ақпараттар енгізілген.

·        Сабаққа деген қызығушылығын ояну негізінде білім сапасын арттыру.

Жаңа ақпараттық технологияны негізгі сабақтарда пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктерін қорытындылай келе, орта мектептерде әр түрлі пәндерді оқыту кезінде компьютерлік технологияны пайдаланудың әр жақты екендігіне көз жеткізуге болады. Сонымен,компьютерлік технологияны география сабағында пайдаланудың үш негізгі түрі бар:

·        Ақпараттық технологияны кез келген сабақтарда үздіксіз пайдалану, әсіресе сарамандық сабақтарда.

·        Ақпараттық технологияны оқушылардың сабақтан тыс уақыттарда  кез келген пәндерде өзіндік жұмыстарды орындау барысында пайдалану.

Оқыту барысында ақпараттық технологияның бір ғана бағытымен жұмыс істеу барлық бағыттарды кешенді түрде пайдаланумен саластырғанда төменгі нәтиже береді. Компьютерді пайдалану оқушының пәндер бойынша терең танып білуіне ғана емес сондай- ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру- уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Кез келген сабақтарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.