15 лекция.

Тақырыбы:Формальді және нақты параметрлер. Параметрлер мәндер, параметрлер – айнымалылар және типтелмеген параметрлер. Көмекші программа – функциялар.

Жоспар:

1.      Формальді және нақты параметрлер.

2.      Параметрлер мәндер, параметрлер – айнымалылар және типтелмеген параметрлер.

3.      Көмекші программа – функциялар.

Функциялар. Ішкі бағдарлама өрнекті есептеу кезінде әйтеубір мәнді есептеп берген жағдайлар жиі кездеседі.

Функцияның сипатталуы:

Function функция_аты(форм_параметрлер_тізімі):тип идентификаторы;

Мысал: function sum(x,y:integer):integer;

Процедураларға қатысты барлығы функциялар үшін де ақиқат, бірақ кейбір ерекшеліктер бар.

1.      Функцияның орындалатын бөлімінде функция атына бір мән меншіктелуі қажет;

2.      Тақырыбындағы тип идентификаторы осы функция мәнінің типін анықтайды;

3.      Өрнектің ішінде функция келесідей шақырылады:функция_аты(факт_параметрлер)

   Орындалу барысында нәтижесi бiр ғана мән болатын көмекшi программа функция деп аталады. Функцияның сипатталынуы:

Function F (g1: T1; g2: T2; …):Т;

<жергiлiктi параметрлер мен көмекшi программаларды анықтау және сипаттау бөлiмi.>

  Begin

                P1;

                P2;

                 …

    End;

Мұндағы F- функцияның аты, gi- формальды параметрлер

аттары, T- функция атының типi, Ti- параметрлер типтерi, Pi-функция денесiндегi операторлар.

      Функцияның құрамындағы операторлар iшiнде сол жағында функция аты тұратын ең болмағанда бiр меншiктеу операторы болуы керек.          Бұл оператор арқылы функцияның мәнi анықталады.

    Функцияны шақыру меншiктеу операторының оң жағына жазылады, мұнда функция аты және жақшада нақты параметрлер көрсетiледi. Яғни,

          F (b1, b2,…), мұндағы bi- нақты параметрлер.

1-тапсырма. Берiлген m және k  мәндерi бойынша F=м! - к! мәнiн    есептеу керек.

Program Example28;

       Var f, m, k: integer;

   Funсtion fact (n: integer): integer;

           Var p, i: integer;

    Begin p: =1;  

  For i: =2 to n do        p: =p*i;  Fact: =p;   End;

Begin Write(‘m , k- мәндерiн енгiз: ’); 

Readln(m,k); f: =fact (m)- fact (k);

Writeln (' F=', f: 5);   End.

Бiр көмекшi программа  орындалып бiткен соң, оның өзiн қайталау не басқа көмекшi программаны шақыру жағдайлары күрделi программаларда жиi кездеседi. Мұндай құрылымды рекурсия деп атайды.

2-мысал. s,t нақты сандары берiлген. Есептеу керек

    f(t, -2s, 1.17)+f(2.2, t, s-t)

мұнда

var t,s,y:real;

function f(a,b,c:real):real;

  begin   f:=(2*a-b-sin(c))/(5+abs(c));  end;

begin

   writeln('s,t айнымалыларын енгiз');   read(s,t);

   y:=f(t,-2*s,1.17)+f(2.2,t,s-t);   writeln('y=',y:4:4);    end..

 

3-мысал. Фибоначи санының i-шi санын табыңыз.

  

Бұл есепті рекурсияны қолданып шығарамыз.

var i:integer;

function fib(i:integer):integer;

 begin  if i=0 then fib:=0;

  if (i=1)or(i=2) then fib:=1 else  fib:=fib(i-1)+fib(i-2)

  end;

  begin

   repeat

     write('Санның реттiк нөмiрiн енгiз I=');     readln(i);

   until i>0;

   writeln(i:5,'-шы Фибоначчи саны ',fib(i), ' те»');

   end.

 

Бақылау сұрақтары:

1.      Формальді және нақты параметрлер.

2.      Параметрлер мәндер, параметрлер – айнымалылар және типтелмеген параметрлер.

3.      Көмекші программа – функциялар.

 

14-лекция

13-лекция

12-лекция

11-лекция

10-лекция

9-лекция

8-лекция

7-лекция

6-лекция

5-лекция

4-лекция

3-лекция

2-лекция

Күндізгі бөлім және қашықтан білім беру жүйесіне арналған электронды оқулық

15-лекция