1-лекция

Тақырыбы: Бағдарламалау жүйелері туралы жалпы мәлімет. Бағдарламалаудың типтік жүйелері. Жұмыс істеу схемасы. Бағдарлама құрылымы. Бағдарламалау жүйесінің негізгі компоненттері. Бағдарламалау парадигмалары. Бағдарламалау тілдерінің классификациясы.

Жоспары:

-        Бағдарламалау жүйелері туралы жалпы мәлімет.

-        Бағдарламалаудың типтік жүйелері. Жұмыс істеу схемасы.

-        Бағдарлама құрылымы.

-        Бағдарламалау жүйесінің негізгі компоненттері.

-        Бағдарламалау парадигмалары. Бағдарламалау тілдерінің классификациясы.

 

ЭЕМ-нің дамуымен қатар оған қажетті программалық құралдар да дамып отырды. Бірінші кезекте бұл программалау тілдеріне қатысты, олардың көмегімен адамдар есептерді ЭЕМ-де шешу үшін кодтауды үйренді. Оларды да бірнеше кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең – 50-жылдардың соңына қарай программалау құрылымы, дәл кодтау тәсілі арқылы ұзын командалар тізбегі екілік, сегіздік, оналтылық сандар қолданылды. Бұл қызметтің программалаудан айырмашылығы кодтау деп аталды да, оның алдына – алгоритмді құрастыру міндеті қойылды.

Екінші кезең – оларға Ассемблер тілдері жатады, олармен жұмыс істеу машиналық тілге қарағанда жеңілірек болды. Оларды нақтылы командаларға арнайы сақтау әдістері қолданылды. Жылдам есептеуіш машиналардың  пайда болуы, кодтау қиындықтарын соншама өсірді, олармен адамдардың жұмыс істеуі тиімсіз бола бастады. Бір машинадан екінші машинаға программаны қайта кодтау қажеттілігі кезінде алгоритмдердің көбінесе аударуға келмейтіні бақыланды, сондықтан нақтылы машиналарға аппараттық есеп жүргізуге қажеттілік туды.

Бөтен программалардың құрылу принципін түсіну жалпы тәжірибеде мүмкін болмады. Машина тілінде жазылған программаларда, қажет емес ақпараттардың есебінен құралатын қателіктер түзілетін болған. Нәтижеде программаларды түрлі техникалық жөндеуге келмейтін естен тандыратын, түрлі қателіктермен толтырады, соның салдарынан оларды ашу мүмкін болмады. Бұл қиындықтан шығудың жолы «жоғары деңгейлі» программалау тілдерінің жасалуына себепші болды.

Үшінші кезең – тілдердің ең «көлемді» кезеңі. Ол 1955 жылы Фортран (формулалар аудармашысы) тілінің пайда болуынан басталады. Бұл тілдің пайдаланылуы осы күнге дейін жалғасып келеді.  1960 жылы АЛГОЛ (алгоритмдік тіл) тілі пайда болды. Ол да ұзақ уақыт бойы программалаушылар шеңберінде белгілі танымдылықпен пайдаланылды.  1965 жылы және қазір де көпке танымал БЕЙСИК(үйренушілерге арналған көпмақсатты символдық нұсқаулар коды) программалау тілі жасалынды. 1970 жылы Никлаус Вирт PASCAL тілін жасады. Бұл тіл, әсіресе қазіргі кездегі қолданыстағы түрі, жан-жақты жетілген құралдармен жабдықталған болып саналады. 1980 жылы қазіргі тілдердің ішіндегі қуаттылырының бірі болып саналатын ADA программалау тілі жасалынды. Ол АҚШ қорғаныс министрлігінің есептеу орталықтарының негізгі тілі ретінде қабылданды.  Қазіргі кезде тағы бір қуатты тіл – С (Си) бағдарламалау тілі  кеңінен қолданылады. Тілдердің төртінші кезеңі – бұл программалық жабдықтарды басқару тілдері және оларды «программа генераторы» деп те атайды. Мысалы үшін, Cliper, dBase, SuperCalk, … тілдерін алуға болады. Барлық аталған тілдер, ресми болып табылатын «бесінші кезең» тіліне қарама-қарсы процедуралық болып табылады.  Бұл кезеңнің негізгі тілдеріне-  LISP тізімдер өңдеу тілі (ЛИСП) және PROLOG – логикалық терминдерді программалау тілдері жатады (ПРОЛОГ).

ЛИСП 1961 жылы (АҚШ-та, Массачусетский университетінде), ал ПРОЛОГ 1973 жылы (Францияда, Люмини университетінде) жасалынды. Бұл тілдерде есептер шығарғанда программалаушыға оны қалай істеу керек емес, не істеу керек екенін жазуды ғана  талап етеді.  Ал қалғанын жүйе өзі жүзеге асырады.

Барлық программалау тілдерін үш деңгейге бөлуге болады: төменгі деңгейлі программалау тілдеріне – машиналық тілдер және Ассемблер тілдері, яғни бірінші және екінші кезең тілдері; жоғары деңгейлі тілге – барлық процедуралық тілдер, яғни үшінші және төртінші кезең тілдері және өте жоғары деңгей тіліне – бесінші кезең тілдері жатады.

Кез-келген программалау тілінде жазылған программа бар болғаны қандайда бір редакторда жазылған мәтін болады. Жазылған программа мәтіні бойынша орындалатын әрекеттерді машина орындай алу үшін, ол мәтін машина түсіне алатын тіл түріне, яғни мшиналық кодқа немесе машиналық тілге ауыстыру қажет. Және бұл программалар шындығында аудармашы программа болып табылады. Сондықтан мұндай нақтылы аудармашы программаларды трансляторлар деп атайды. Ағылшынның «транслятор» сөзі «аудармашы» деген мағынаны білдіреді.  Транслятор өз кезегінде ИНТЕРПРЕТАТОР және КОМПИЛЯТОР деп аталатын түрлерге бөлінеді. Орындалу екі түрлі тәсілмен жүзеге асады. Біріншіден, программа мәтінін көре отырып тікелей орындауға жіберуге болады оны интерпретация деп атайды. Басқ жағынан айтқанда балама тілде басқа түрін алуға болады, мысалы машиналық код түрінде мұндай компиляция деп аталады. Яғни, трансляторларды шет ел тілінің аудармашыларымен салыстырсақ, онда интерпретаторларды синхрондық-аудармашыға ұқсатуға, ал копиляторларды- кітап кітап аудармашылармен салыстыруға болады.

PASCAL программалау ортасы:

-    программаның негізгі мәтінін PASCAL тілінде жазуға және оны болашақта өңдеуге мүмкіндік жасайды;

-    Берілген прорамманы жүзеге асыру (орындау);

-                     Бастапқы программа мәтінін орындалатын файл түріне, машина тіліне аударуды жүзеге асырады.

Бұлардың барлығын жүзеге асыру үшін орта өзімен бірге құрамында:

-    көп терезелі мәтіндік редактор;

-    «жүзеге асырушы» программа;

-    «компилятор» программасы, болу керек.

PASCAL программалау ортасын іске қосу үшін:

- Егер программалау ортасы Windows ортасында орнатылған болса, тапсырмалар тақтасындағы «Пуск» батырмасын басу керек;

- «Программы» қатарын таңдап оның ішінен «PASCAL» тобын таңдау керек, сонан соң «ВР» жарлығына тышқанды шертсе болғаны.

- Егер программалау ортасы  Windows жүйесінде орнатылмаған болса, онда DOS жүйесінде жұмыс істесек:

- Вр.ехе программасы орналасқан буманы тауып, оны курсордың көмегімен белгілеп «Еnter» пернесін басу керек.

-   «PASCAL» программасын іске қосқаннан кейін экранда мәтіндік редактор терезесі ашылады.

Паскаль бағдарламалау тілі XVII ғасырда өмір сүрген француз ғалым-философы Блез Паскальдің құрметіне аталған. Блез Паскаль 1623 жылы францияның клермон-ферран қаласында дүниеге келді. Оның орасан зор қабілетін, әсіресе математика саласынан, сонау бала кезінен көріне бастаған. Дүниеден қайтқан соң (1662 жылы) ол бүкіл әлем біркездері білген ұлы математик ретінде тарихта қалды. Ол математика облысының бір бөлігі ықтималдар теориясының негізін қалады.

            Математикадан басқа Паскальдің таланты физика, философия, әдебиеттану салаларынан да көрінді. Сол сияқты 1642 жылы әкесінің жұмысын жеңілдету мақсатында есептеу машинасын ойлап тапты. Оның әкесі салық жинаушы болғандықтан, бұл машина есептеу жұмыстарында өте қажет еді. Есептеу машинасы ғалымдарға белгілі болғанымен, әлемге әйгілі емес еді (1652 жылы Швеция королевасы Мария Кристина өзіне осындай машинаға тапсырыс берген болатын).

            Қазіргі кезде Паскальдің аты Бейсик тілі сияқты программалау тілдерінде қолданылады. Бұл тілді құрастырушы Швецариядағы жоғарғы политехникалық мектептің  информатикалық институтының профессоры Никлаус Вирт болып табылады (1970 жылы).

            Паскаль тілі дүние жүзіне кең тараған программалау тіліне айналды. Қазіргі кезде Паскаль тілі қолданбалы программалар жазу үшін және жүиелі программалау тілі ретінде  де кеңінен қолданылады. Сонымен бірге көптеген мини және макрокомпьютерлерді қамтамасыз ету осы тілде жазылған. Паскаль тілі бұрын құрылған (Фортран, Алгол және т.б.) программалау тілдерін маңызды ерекшелігі ол құрылымдық программалау тілдерінен маңызды ерекшелігі ал құрылымдық программалау идеясын өмірге біртіндеп енгізу-Паскаль тілінің тағы бір ерекшелігі ол деректер құрылымының концепциясының алгоритм түсінігімен қатар программалаудың негізіне жатқан фундаментальды түсініктер қатарына кіруі.

Тілдің ерекшеліктеріне тоқталып өтелік:

Паскаль тілінің ерекшеліктері. Тілдің қарапайымдылығы оны тез арада жете меңгеруге мүмкіндік береді. Деректердің құрылысына қарай сандық, белгілік және екілік информациямен жұмыс жүргізуге және күрделі алгоритмді бағдарлама жасауға қызмет етеді.

    Жүйелік бағдарламалауда кеңінен қолданылуына оның өте тиімді бағдарламалау құру мүмкіндігі септігін тигізді.

    Белгілі бір есепті шешуде, есептеу жүргізуде қажетті іс-қимылдарды  нақты түрде ретімен сипаттайтын іс-әрекеттер жоспарын бағдарлама  дейміз. Іс-әрекеттердің ақталған тізбегін беретін жазуды алгоритм дейді. Кез-келген есепті шешудің өзіндік бір алгоритмі болады. Сонымен бағдарлама тиісті алгоритмдік тілде жазылады, Паскаль  тілінде жазылған бағдарлама ағылшын сөздерінен құралған қызмет сөздері тізбегінен тұрады. Әрбір аяқталған іс-қимылдан соң нүктелі үтір қойылады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Бағдарламалау жүйелері туралы жалпы мәлімет.
  2. Бағдарламалаудың типтік жүйелері. Жұмыс істеу схемасы.
  3. Бағдарлама құрылымы.
  4. Бағдарламалау жүйесінің негізгі компоненттері.
  5. Бағдарламалау парадигмалары.
  6. Бағдарламалау тілдерінің классификациясы.
 

1-лекция

 

15-лекция

14-лекция

13-лекция

12-лекция

11-лекция

10-лекция

9-лекция

8-лекция

7-лекция

6-лекция

5-лекция

4-лекция

3-лекция

2-лекция

Күндізгі бөлім және қашықтан білім беру жүйесіне арналған электронды оқулық