№10 Лекция.
Тақырыбы: Шарты соңында тексерілетін цикл операторы (repeat…until). Go To шартсыз өту операторы.
Жоспар:
''Дейiн'' циклы бойынша, оның операторының жазылу форматы:
REPEAT A1; A2;…;AN
UNTIL B
мұндағы, A1, A2,…,AN – цикл денесінің операторлары; B – буль типті өрнек.
Бұл оператордың қызметі циклдың денесіндегі операторларды орындаудан басталады. Онан соң B есептелінеді, егер B=TRUE болса, басқару циклдің сыртындағы операторға беріледі. Ал егер B=FALSE болса, онда A1, A2,…,AN операторлары қайталанып орындалады. Цикл – әзір, цикл – дейін операторларының арасындағы айырмашылықтар:
а) цикл – әзір операторында циклдің денесі бір ретте орындалмауы мүмкін, ал цикл – дейін операторындацикл денесі тым болмаса бір рет орындалады.
б) цикл – әзір операторында цикл денесі орындалуын B=FALSE болғанда, ал цикл – дейін операторында B=TRUE болғанда тоқтатады.
"Дейін" цикл операторы циклдің қайталану саны белгісіз болғанда қолданылады.Оның жалпы түрі:
Repeat s until b; мұндағы s-цикл денесі, b- логикалық өрнек. Repeat операторында логикалық өрнек мәні True болғанға дейін цикл денесі қайталанады. Ал, While операторында логикалық өрнек мәні False болғанға дейін қайталанады.
1-мысал. S=1+1/2+1/3+…1/50 мәнін есептеу керек.
Var s:real; n:integer;
Begin S:=0; n:=1;
Repeat s:=s+1/n; n:=n+1;
Until n>50; Writeln ('s=',s:4:2) End.
2-мысал. Фибоначчи саны (fn) келесі формула бойынша анықталады: f0=f1=1; n=2,3,… үшiн fn=fn-1+fn-2 . Алғашєы 10 Фибоначчи санын анықтау керек.
const n=10;
var f,f1,f2:real;
i:integer;
begin f1:=1; f2:=1; i:=2; writeln;
write('Фибоначчи сандары:',f1:4:0,f2:4:0);
while i<= n do begin f:=f1+f2; write(' ',f:4:0);
i:=i+1; f1:=f2; f2:=f; end; end.
Айнымалылар:
f- Фибоначчи санының fn-шi мүшесi;
f1- Фибоначчи санының fn-2-шi мүшесi;
f2- Фибоначчи санының fn-1-шi мүшесi;
i- санағыш.
3-мысал. Sinx және cosx функцияларын [0,1] аралығындағы 0.1 қадам арқылы өзгеретiн аргументтер үшiн функциялар мәндерiнiң кестесiн келесi түрде баспаға шығару керек:
x sin(x) cos(x)
0.0 0.0000 1.0000
0.1000 0.0998 0.9950
….
1.0000 0.8415 0.5403
var x,f1,f2:real;
begin x:=0;
writeln(' x ',' sin(x)',' cos(x)');
writeln('-----------------------');
while x<=1 do begin f1:=sin(x); f2:=cos(x);
writeln(x:1:4,' ',f1:1:4,' ',f2:1:4); x:=x+0.1; end; end.
Айнымалылар:
f1- синус функциясының мәнi;
f2- косинус функциясының мәнi;
х- функцияның аргументi.
Бақылау сұрақтары:

