11 лекция.

   Тақырыбы: Массивтер. Бір өлшемді массивтер. Массивтермен жұмыс.

   Жоспар:

1.      Массивтер. Бір өлшемді массивтер.

2.      Массив элементтерін енгізу/шығару.

3.      Массивтермен жұмыс.

 

Бірдей типті мәліметтердің реттелген жиыны жүйеленген тип немесе массив деп аталады. Массив оның компоненттерінің типтерімен индекс типтерінің берілуімен сипатталады. Паскаль тілінде массивті сипаттау үшін оның элементтерінің санын, типін және анықтауышының атын көрсету қажет.

a=array[1…20] of real;

бұл типі нақты болатын, 1 – ден бастап 20 – ға дейін нөмірленген 20 элементтен тұратын массивті анықтайды.Анықтаушының аты а. Егер а айнымалысын бағдарламада осы t  типті айнымалы ретінде сипаттау қажет болса, онда:

                 var a:t;

t анықтауышы типтер бөлімінде төмендегідей түрде сипатталады:

type a=array[1….20] of  real;

Массивтің элементтері индекстері арқылы жазылады. Мысалы: а[1]….a[20] немесе а[i]: Массивті бағдарламада тұрақты түрінде де жазуға болады. Мысалы:

const a:array[1…5] of real = (1.1, 1.6, 5, 3, 2.5);

Массивтер бір өлшемді және көп өлшемді болады. Біз алдымен бір өлшемді массивтерді қарастырамыз. Мысал қарастырайық.

Мысал 1. Бес жыл ішінде жауған жауын – шашынның миллиметрмен алынған мөлшері берілген, a[1], a[2],….,a[5].

Жауын – шашынның орташа мөлшерін және әр жылда жауған жауын мөлшерінің оның орта мәнінен ауытқуларын анықтаңдар.

Массивті сипаттауды типтер бөлімінде ұйымдастырайық.

program osadki (input, output);

type a=array[1…5] of real;

var a:t; i:integer; S:real;

begin

         S:=0;

         for i:=1 to 5 do

                  begin read a[i]; S:=S+a[i] end;

         S:=S/5; writeln(‘S=’,S);

         for i:=1 to 5 do

         begin writeln(S-a[i]); end;

end.

Мұнда массивтің элементтерін клавиатурадан енгізу үшін және ауытқуларды экранға шығару үшін параметрлі қайталану командалары екі рет қолданылады. Жауын – шашын мөлшерін анықтау үшін қосынды жинағыш ретінде S айнымалысы алынып отыр.

Енді массивті сипаттау тұрақтылар бөлімінде ұйымдастырайық.

program osadki ((input, output);

const a:array[1…5] of real=(1.1, 1.6, 2,5,3.5);

var i:integer; S:real;

begin

        S:=0;

        for i:=1 to 5 do

               begin S:=S+a[i] end;

        S:=S/5; writeln(‘S=’,S);

        for i:=1 to 5 do

        begin writeln(S-a[i]); end;

end.

Бұл бағдарламада массивтің элементтері тұрақтылар бөлімінде бірден енгізілген, яғни массив элементтерін машина жадына енгізу үшін жоғарыдағыдай параметрлі қайталану командасын қолданудың қажеті жоқ.

Бағдарламада массивтің элементтерінің ең кішісін анықтап, оны массивтің бірінші элементі етіп жазу керек. Онан соң массивтің қалған элементтерінің ең кішісін анықтап, оны массивтің екінші элементі етіп жазу керек. Осы үрдіс массивтің элементтерін өсуі бойынша реттеу үшін әрі қарай жалғастырылады. Сондықтан бұл үрдісті ұйымдастыру үшін бағдарламада қос цикл структурасы қолданылады, яғни ішкі және сыртқы параметрлері  ретінде i, j айнымалылары алынды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Массивтер. Бірөлшемді массивтер.
  2. Массив элементтерін енгізу/шығару.
Массивтермен жұмыс.

 

 

1-лекция

 

14-лекция

13-лекция

12-лекция

11-лекция

10-лекция

9-лекция

8-лекция

7-лекция

6-лекция

5-лекция

4-лекция

3-лекция

2-лекция

Күндізгі бөлім және қашықтан білім беру жүйесіне арналған электронды оқулық