12 лекция.
Тақырыбы: Екі өлшемді массивтер. Массив элементтерін енгізу/шығару. Сандық массивтермен
жұмыс.
Жоспар:
1. Екі өлшемді массивтер.
2. Массив элементтерін енгізу/шығару. Сандық массивтермен жұмыс.
3. Символдық массивтермен жұмыс.
Раsсаl программалау тілі бір өлшемді массивтермен қатар екі өлшемді және көп өлшемді массивтерді қолдануға мүмкіндік береді.
Екі өлшемді немесе көп өлшемді массивтермен жұмыс істеу үшін, олар сипаттау бөлімінде көрсетілуі тиіс.
Екі өлшемді массивті vаr бөлімінде сипаттаудың жалпы түрі;
vаг Массив атауы : аггау [а1..ап,b1..bn] of типі;
Екі өлшемді массивті
type бөлімінде сипаттаудың жалпы
түрі:
tуре Массив типінің атауы = аггау [а1..ап,b1..bn] of типі;
Мүндағы,
а1..ап,b1..bn - екі өлшемді массивтіц көлемі:
а1 және ап - массив қатарының алғашқы және соңғы
мәні;
b1 және bm -
массив бағанының алғашқы және соңғы
мәні.
А[n,m] - массивін сипатгау жолы:
a массиві
элементтерінің индексі 1 2 3
+--------------------------+
¦ +---+ | +---+ | +---+ ¦
¦ 1¦ ¦ | 1¦ ¦ | 1¦ ¦ ¦
¦ +---¦ | +---¦ | +---¦ ¦
¦ 2¦ ¦ | 2¦ ¦ | 2¦ ¦ ¦
¦ +---¦ | +---¦ | +---¦ ¦
¦ 3¦ ¦ | 3¦ X ¦ | 3¦ ¦ ¦
¦ +---¦ | +---¦ | +---¦ ¦
¦ 4¦ ¦ | 4¦ ¦ | 4¦ ¦ ¦
¦ +---+ | +---+ | +---+ ¦
+--------------------------+
1-мысал. 3x5 өлшемді нақты сандар матрицасы берілген. Матрица элементтерінің қосындысын есептеу программасын құрыңыздар.
элементов матрицы.
PROGRAM EX_1;
CONST
n=3; {қатарлар саны}
m=5; {бағандар саны}
TYPE
mas=array[1..n,1..m] of real;
VAR
b: mas; {Массив}
i: integer; {қатар индексі}
j: integer; {баған индексі}
s: real; {Қосынды}
BEGIN
{матрица элементтерінің мәнін енгізу ---------------------}
Writeln('матрица элементтерінің мәнін енгізіңіз:');
for i:=1 to n do
for j:=1 to m do
readln(b[i,j]);
{Қосынды мәнін есептеу ----------------}
s:=0;
for i:=1 to n do
for j:=1 to m do
s:=s+b[i,j];
writeln('Қосынды = ',s);
END.
2-мысал. 4x4 өлшемді матрица берілген.Матрицаның бас диагоналының элементтерінің барлығын нолге айналдыратын программа құрыңыз.
PROGRAM EX_2;
VAR
matr: array[1..4,1..4] of integer; {Матрица}
i: integer; {қатар индексі}
j: integer; {баған индексі}
BEGIN
{ матрица элементтеріің мәнін енгізіңіз:---------------------}
for i:=1 to 4 do
for j:=1 to 4 do
begin
write('элементтерді енгізіңіз ',i,' ',j,' ');
readln matr[i,j];
end;
{ матрицаның диагональдық элементтерін нөлге айналдыру-------------------------------}
Writeln('Өңделгенге дейінгі матрица элементтерін енгізу');
for i:=1 to 4 do begin
for j:=1 to 4 do
write(matr[i,j]:4);
writeln;
end;
{матрицаны өңдеу ------------------}
for i:=1 to 4 do matr[i,i]:=0;
{ матрицаның диагональдық элементтерін нөлге айналдыру-----------------------------------------}
Writeln('Өңделген матрицаны шығару ');
for i:=1 t0 4 do begin
for j:=1 to 4 do
write(matr[i,j]:4);
writeln;
end;
END.
Бақылау сұрақтары:
1.Екі өлшемді массивтер.
2.Массив элементтерін енгізу/шығару.
3.Сандық массивтермен жұмыс.
4.Символдық массивтермен жұмыс.
Әдебиеттер:
1. О.Камардинов. Информатика. II –бөлiм. – Шымкент: 2000.
2. О. Камардинов Есептеуіш техника және программалау. Алматы-1997ж.
3. Н.Культин. Turbo Pascal в задачах и примерах. – Спб.:БХВ-Петербург, 2001. – 256 с.:ил.
4. В.Г.Баула и др. Основы программирования и алгоритмические языки.-М.: Энергоатомиздат, 1991 г.
5. Н.Культин Программирование в Turbo Pascal 7.0 и Delphi БХВ-Петербург, 1997.
13 лекция.
Тақырыбы: Көп өлшемді массивтер. Массив элементтерін енгізу/шығару. Матрицалармен жұмыс. Жоспар:
- Көп өлшемді массивтер.
- Массив элементтерін енгізу/шығару.
- Матрицалармен жұмыс.
Математикада көп өлшемді массивтер, яғни массивтердің массиві жиі қолданылады. Оларды көп өлшемді массивтер немесе матрицалар деп атайды.
Матрицаларды сипаттаудың төмендегідей екі әдісі бар:
1) TYPE T=ARRAY[1:3, 1:4] of integer;
VAR A:T;
2) TYPE T=ARRAY[1..3] of ARRAY[1..4] of integer;
VAR A:T;
Мұндағы Т – типтің аты. Бірінші жағдайда индекстің әрбір типі сипатталады, онан соң массив элементтерінің негізгі қарапайым типі integer көрсетіледі. Екінші жағдайда, алдымен берілгендер индексінің [1..3] типі сипатталынған, онан соң ARRAY[1..4] of integer; негізгі типтің күрделі түрі көрсетіледі.
Егер бағдарламада матрицаның жеке жатық жолдарын айрықшалау керек болса, онда сипаттауды төмендегідей түрде ұйымдастыруға болады:
TYPE T1=ARRAY[1:4] of integer;
T=ARRAY[1..3] of Т1;
VAR A:T; В:Т1;
Мұнда алдымен Т1 жатық жолдың типі сипатталынған, онан соң Т1 типі арқылы, Т матрица сипатталынған. Айнымалылар бөлімінде А – екі өлшемді массив, ал В – бір өлшемді массив түрінде көрсетілген. Мысал:
TYPE color=(red, blue, black);
mas1=array[-5..15] of real;
mas2=array[1..10, 1..10] of integer;
mas3=array[‘A’..’C’] of array[1..5] of boolean;
mas4=array[boolean] of char;
var A:mas1; B:mas2; C:mas3; D:mas4; E:array[color] of real;
A айнымалысы – 5 – тен бастап 15 – ке дейін нөмірленген нақты компоненттерден тұратын вектор.
B – 10 жатық, 10 тік жолдардан тұратын бүтін сандардың квадрат матрицасы.
C – 3 жатық, 5 тік жолдардан тұратын логикалық символдардың тік бұрышты матрицасы.
D – екі компоненттен тұратын (false, true) символдық вектор.
E – айнымалысының типі айнымалылар бөлімінде сипатталынған. Ол үшін компонентті нақты типті вектор. Ал индексінің типі color типтес. Ол тип бағдарламаның басында типтер бөлімінде сипатталынған, компоненттері red, blue, black. Әрбір компонент – ол нақты айнымалы. Олар өрнектерде нақты айнымалы сияқты қолданылады. Массивтердің элементтеріне қатынауды қарастырайық; A[5], A[15] – A массивінің 5 – ші, 15 – ші компоненттері.
B[1,10] – B массивінің бірінші жатық жолы мен 10 – шы тік жолының қиылысуындағы компоненті.
C[‘B’,1] – C матрицасының екінші жатық жолы мен бірінші тік жолының қиылысуындағы элемент.
D[FALSE] – D символдық векторының элементі “FALSE”
D[TRUE] – D символдық векторының элементі “TRUE”
E[blue] – мәні blue болатын Е векторының екінші элементі.
Көп өлшемдi массивтер, әсiресе екi өлшемдi массивтер программаларда жиi қолданылады. Екi өлшемдi массивтерді матрицалар деп атайды. Оны сипаттау:
Array[<қатар индексi типi>] of [<Баған индексi типi>] of <Элемент типi>;
Мысалы, Array[1..4] of [1..9] of real; - 4 қатардан, 9 бағаннан тұратын нақты сандар матрицасын бiлдiредi. Iс жүзiнде көбiнесе қолданылатын сипаттау түрi: Array[1..4,1..9] of real; Көп өлшемдi массивтердің сипатталуы:
Array[<Индекстер типтерi тiзiмi>] of<компоненттерi типi>
А массивiнiң 4-шi қатары мен 8-шi бағаны қиылысында орналасқан компоненттi А[4][8] немесе А[4,8] деп, екi түрде анықтауға болады.
1-мысал. А[3,4] символдық матрица элементтерi нүктелерден тұрады. Матрицаның кездейсоқ бiр элементiн '$' символына ауыстырыңыз.
Const n=3; m=4;
Type ms=array[1..n,1..m] of char;
Var a:ms; i,j:integer;
Begin For i:=1 to n do
For j:=1 to m do A[i,j]:=’.’;
{Кездейсоқ баған мен қатар мәнiн алу}
i:=random(n-1)+1; j:=random(m-1)+1; a[i,j]:=’$’;
{Элементтердi матрица түрiнде шығару}
For i:=1 to n do
Begin For j:=1 to m do Write(a[i,j],’ ‘); Writeln; End; End.
Нәтиже:
. . . .
. . $ .
. . . .
2-мысал: N´M өлшемдi бүтiн сандардан тұратын матрица берiлген. Матрицадағы ең үлкен элементтi тауып, оның орнын анықтаңыз. Егер мұндай элементтер бiрнеше болса, онда экранға әрқайсысының орнын шығарыңыз.
const t=100; s=100;
var a: array[1..t,1..s] of integer;
n,m,im,jm,i,j,max,k: integer;
begin
write('Катарлар санын енгiз N='); readln(n);
write('Баганалар санын енгiз M='); readln(m); for i:=1 to n do begin writeln('Бос орын қалдыра отырып',m,' сан енгiз');
for j:=1 to m do read(a[i,j]); end;
max:=a[1,1]; im:=1; jm:=1; k:=0;
for i:=1 to n do for j:=1 to m do
if max<a[i,j] then begin k:=1; im:=i; jm:=j; max:=a[i,j]; end
else if max=a[i,j] then k:=k+1;
if k=1 then begin
writeln('Матрицада тек бiр ғана max эл-т бар max=',max);
writeln(im,'-шi қатардағы ',jm,'-шi бағанада'); end
else begin
writeln('Матрицада ',k,' максимум элемент бар max=',max);
for i:=im to n do
for j:=1 to m do
if max=a[i,j] then writeln(i,'-шi қатардағы ',j,'-шi бағанада');
end end.
3-мысал. Латын әрiптерiнен тұратын M´N өлшемдi матрица берiлген. Матрицадағы әр қатарды алфавит бойынша реттеңіз.
const t=100; s=100;
var a:array[1..t,1..s] of char;
n,m,i,j,k:integer;
ch:char;
begin write('Қатарлар санын енгiз N='); readln(n);
write('Бағаналар санын енгiз M='); readln(m);
writeln(n*m,' латын ёрiптерiн енгiз: ');
for i:=1 to n do
for j:=1 to m do read(a[i,j]);
for i:=1 to n do begin
for k:=1 to m-1 do
for j:=k to m do
f a[i,k]>a[i,j] then begin ch:=a[i,k]; a[i,k]:=a[i,j]; a[i,j]:=ch; end; end;
for i:=1 to n do begin
for j:=1 to m do write(a[i,j]); writeln end; end.
Бақылау сұрақтары:
1. Көп өлшемді массивтер.
2. Массив элементтерін енгізу/шығару.
3. Матрицалармен жұмыс.
Әдебиеттер:
1. О.Камардинов. Информатика. II –бөлiм. – Шымкент: 2000.
2. О. Камардинов Есептеуіш техника және программалау. Алматы-1997ж.
3. Н.Культин. Turbo Pascal в задачах и примерах. – Спб.:БХВ-Петербург, 2001. – 256 с.:ил.
4. В.Г.Баула и др. Основы программирования и алгоритмические языки.-М.: Энергоатомиздат, 1991 г.
5. Н.Культин Программирование в Turbo Pascal 7.0 и Delphi БХВ-Петербург, 1997.

