13 лекция.
Тақырыбы: Көп өлшемді массивтер. Массив элементтерін енгізу/шығару. Матрицалармен жұмыс. Жоспар:
- Көп өлшемді массивтер.
- Массив элементтерін енгізу/шығару.
- Матрицалармен жұмыс.
Математикада көп өлшемді массивтер, яғни массивтердің массиві жиі қолданылады. Оларды көп өлшемді массивтер немесе матрицалар деп атайды.
Матрицаларды сипаттаудың төмендегідей екі әдісі бар:
1) TYPE T=ARRAY[1:3, 1:4] of integer;
VAR A:T;
2) TYPE T=ARRAY[1..3] of ARRAY[1..4] of integer;
VAR A:T;
Мұндағы Т – типтің аты. Бірінші жағдайда индекстің әрбір типі сипатталады, онан соң массив элементтерінің негізгі қарапайым типі integer көрсетіледі. Екінші жағдайда, алдымен берілгендер индексінің [1..3] типі сипатталынған, онан соң ARRAY[1..4] of integer; негізгі типтің күрделі түрі көрсетіледі.
Егер бағдарламада матрицаның жеке жатық жолдарын айрықшалау керек болса, онда сипаттауды төмендегідей түрде ұйымдастыруға болады:
TYPE T1=ARRAY[1:4] of integer;
T=ARRAY[1..3] of Т1;
VAR A:T; В:Т1;
Мұнда алдымен Т1 жатық жолдың типі сипатталынған, онан соң Т1 типі арқылы, Т матрица сипатталынған. Айнымалылар бөлімінде А – екі өлшемді массив, ал В – бір өлшемді массив түрінде көрсетілген. Мысал:
TYPE color=(red, blue, black);
mas1=array[-5..15] of real;
mas2=array[1..10, 1..10] of integer;
mas3=array[‘A’..’C’] of array[1..5] of boolean;
mas4=array[boolean] of char;
var A:mas1; B:mas2; C:mas3; D:mas4; E:array[color] of real;
A айнымалысы – 5 – тен бастап 15 – ке дейін нөмірленген нақты компоненттерден тұратын вектор.
B – 10 жатық, 10 тік жолдардан тұратын бүтін сандардың квадрат матрицасы.
C – 3 жатық, 5 тік жолдардан тұратын логикалық символдардың тік бұрышты матрицасы.
D – екі компоненттен тұратын (false, true) символдық вектор.
E – айнымалысының типі айнымалылар бөлімінде сипатталынған. Ол үшін компонентті нақты типті вектор. Ал индексінің типі color типтес. Ол тип бағдарламаның басында типтер бөлімінде сипатталынған, компоненттері red, blue, black. Әрбір компонент – ол нақты айнымалы. Олар өрнектерде нақты айнымалы сияқты қолданылады. Массивтердің элементтеріне қатынауды қарастырайық; A[5], A[15] – A массивінің 5 – ші, 15 – ші компоненттері.
B[1,10] – B массивінің бірінші жатық жолы мен 10 – шы тік жолының қиылысуындағы компоненті.
C[‘B’,1] – C матрицасының екінші жатық жолы мен бірінші тік жолының қиылысуындағы элемент.
D[FALSE] – D символдық векторының элементі “FALSE”
D[TRUE] – D символдық векторының элементі “TRUE”
E[blue] – мәні blue болатын Е векторының екінші элементі.
Көп өлшемдi массивтер, әсiресе екi өлшемдi массивтер программаларда жиi қолданылады. Екi өлшемдi массивтерді матрицалар деп атайды. Оны сипаттау:
Array[<қатар индексi типi>] of [<Баған индексi типi>] of <Элемент типi>;
Мысалы, Array[1..4] of [1..9] of real; - 4 қатардан, 9 бағаннан тұратын нақты сандар матрицасын бiлдiредi. Iс жүзiнде көбiнесе қолданылатын сипаттау түрi: Array[1..4,1..9] of real; Көп өлшемдi массивтердің сипатталуы:
Array[<Индекстер типтерi тiзiмi>] of<компоненттерi типi>
А массивiнiң 4-шi қатары мен 8-шi бағаны қиылысында орналасқан компоненттi А[4][8] немесе А[4,8] деп, екi түрде анықтауға болады.
1-мысал. А[3,4] символдық матрица элементтерi нүктелерден тұрады. Матрицаның кездейсоқ бiр элементiн '$' символына ауыстырыңыз.
Const n=3; m=4;
Type ms=array[1..n,1..m] of char;
Var a:ms; i,j:integer;
Begin For i:=1 to n do
For j:=1 to m do A[i,j]:=’.’;
{Кездейсоқ баған мен қатар мәнiн алу}
i:=random(n-1)+1; j:=random(m-1)+1; a[i,j]:=’$’;
{Элементтердi матрица түрiнде шығару}
For i:=1 to n do
Begin For j:=1 to m do Write(a[i,j],’ ‘); Writeln; End; End.
Нәтиже:
. . . .
. . $ .
. . . .
2-мысал: NґM өлшемдi бүтiн сандардан тұратын матрица берiлген. Матрицадағы ең үлкен элементтi тауып, оның орнын анықтаңыз. Егер мұндай элементтер бiрнеше болса, онда экранға әрқайсысының орнын шығарыңыз.
const t=100; s=100;
var a: array[1..t,1..s] of integer;
n,m,im,jm,i,j,max,k: integer;
begin
write('Катарлар санын енгiз N='); readln(n);
write('Бағаналар санын енгiз M='); readln(m); for i:=1 to n do begin writeln('Бос орын қалдыра отырып',m,' сан енгiз');
for j:=1 to m do read(a[i,j]); end;
max:=a[1,1]; im:=1; jm:=1; k:=0;
for i:=1 to n do for j:=1 to m do
if max<a[i,j] then begin k:=1; im:=i; jm:=j; max:=a[i,j]; end
else if max=a[i,j] then k:=k+1;
if k=1 then begin
writeln('Матрицада тек бiр ғана max эл-т бар max=',max);
writeln(im,'-шi қатардағы ',jm,'-шi бағанада'); end
else begin
writeln('Матрицада ',k,' максимум элемент бар max=',max);
for i:=im to n do
for j:=1 to m do
if max=a[i,j] then writeln(i,'-шi қатардағы ',j,'-шi бағанада');
end end.
3-мысал. Латын әрiптерiнен тұратын MґN өлшемдi матрица берiлген. Матрицадағы әр қатарды алфавит бойынша реттеңіз.
const t=100; s=100;
var a:array[1..t,1..s] of char;
n,m,i,j,k:integer;
ch:char;
begin write('Қатарлар санын енгiз N='); readln(n);
write('Бағаналар санын енгiз M='); readln(m);
writeln(n*m,' латын ёрiптерiн енгiз: ');
for i:=1 to n do
for j:=1 to m do read(a[i,j]);
for i:=1 to n do begin
for k:=1 to m-1 do
for j:=k to m do
f a[i,k]>a[i,j] then begin ch:=a[i,k]; a[i,k]:=a[i,j]; a[i,j]:=ch; end; end;
for i:=1 to n do begin
for j:=1 to m do write(a[i,j]); writeln end; end.
Бақылау сұрақтары:
1. Көп өлшемді массивтер.
2. Массив элементтерін енгізу/шығару.
3. Матрицалармен жұмыс.

