14 лекция.
Тақырыбы:Көмекші программа – процедуралар. Идентификаторлардың көріну аймағы.
Жоспар:
1. Көмекші программа – процедуралар.
2. Идентификаторлардың көріну аймағы.
3. Типтік есептер алгоритмдері бойынша бағдарламалау.
Ішкі бағдарлама – негізгі бағдарламаның бөлігі болып табылатын, көмекші бағдарлама. Ішкі бағдарламаны аты бойынша шақыру мүмкін.
Turbo Pascal-да ішкі бағдарламаның екі түрі бар− процедуралар мен функциялар. Олар арнайы модульдерде жинақталған. Солармен қатар, қолданушы өзі де өзіндік процедуралар мен функцияларды жазуы мүмкін.
Процедуралар.
Процедуралар – бірнеше операторлардан құралған,бірегей аты бар топ,ол осы аты бойынша шақырылады.
Процедураның сипатталуы:
Procedure процедура-аты(форм_параметрлер_тізімі);
Процедураны шақырған кезде форм_параметрлер факт_параметрлерімен ауыстырылады.
Процедуралар. Орындалу барысында нәтижесi бiр немесе бiрнеше мән болатын көмекшi программа процедура деп аталады. Процедураның жалпы жазылу түрi:
Procedure P (g1: T1; g2: T2; …var g3: T3);
<жергiлiктi параметрлер мен көмекшi программаларды анықтау және сипаттау бөлiмi.>
Begin
o1;
o2;
…
End;
Мұндағы P- процедураның аты, gi- формальды параметрлердiң аттары, Ti- параметрлер типтерi, oi- көмекшi программаның операторлары.
Алынатын нәтижелер атаулары формальды параметрлер тiзiмiндегi Var сөзiнен кейiн басталады және олардың саны шектелмейдi. Тiптi 0-ге тең болуы мүмкiн.
Формальды параметрлер мен нақты параметрлер арасында толық сәйкестiк болуы тиiс, яғни олардың саны және орналасу ретi бiрдей болуы керек. Әр нақты параметр типi оған сәйкес формальды параметр типiмен бiрдей болады.
Процедураны шақыру кезiнде мән-параметрлер мәндерi бойынша берiледi де, ал айнымалы-параметрлер нұсқау арқылы берiледi.
Процедураны шақыру мынадай түрде болады:
P (b1, b2,…);
Мұндағы P- көмекшi программаның аты, bi- нақты параметрлер аттары.
1-мысал. 1, 2, 3, …, N бүтiн сандарының қосындысын және көбейтiндiсiн процедура түрiнде есептейтiн программа қарастырылады.
Var n: integer; Sum, pr: integer;
Procedura kos(k: integer; var x, y: integer);
Var i: integer;
Begin x: =0; y: =1;
For i: =1 to k do Begin x: =x+i; y: =y*i end
end;
Begin Write (‘N мәнiн енгiз: ’); Readln(n); kos (n,sum,pr);
Writeln (‘қосынды=’, sum: 3); Write (‘көбейтiндi=’, pr: 3); End.
Нәтиже:
N мәнiн енгiз: 4
қосынды= 24
көбейтiндi= 10
2-мысал. s,t нақты сандары берiлген. Есептеу керек
f(t, -2s, 1.17)+f(2.2, t, s-t)
мұнда
![]()
var t,s,y:real;
function f(a,b,c:real):real;
begin f:=(2*a-b-sin(c))/(5+abs(c)); end;
begin
writeln('s,t айнымалыларын енгiз'); read(s,t);
y:=f(t,-2*s,1.17)+f(2.2,t,s-t); writeln('y=',y:4:4); end.
3-мысал. a,b,c нақты сандары берiлген. Есептеу керек
![]()
var a,b,c,z,max1,max2,max3:real;
procedure maxi(x,y:real;var max:real);
begin if x>=y then max:=x else max:=y; end;
begin
writeln('a,b,c айнымалыларын енгiз:'); read(a,b,c);
maxi(a,a+b,max1); maxi(a,b+c,max2);
maxi(a+b*c,1.15,max3); z:=(max1+max2)/(1+max3);
writeln('z=',z:4:4);
end.
Бақылау сұрақтары:
1. Көмекші программа – процедуралар.
2. Идентификаторлардың көріну аймағы.
3. Типтік есептер алгоритмдері бойынша бағдарламалау.
Әдебиеттер:
1.О.Камардинов. Информатика. II –бөлiм. – Шымкент: 2000.
2.О. Камардинов Есептеуіш техника және программалау. Алматы-1997ж.
3.Н.Культин. Turbo Pascal в задачах и примерах. – Спб.:БХВ-Петербург, 2001. – 256 с.:ил.
4.В.Г.Баула и др. Основы программирования и алгоритмические языки.-М.: Энергоатомиздат, 1991 г.
5.Н.Культин Программирование в Turbo Pascal 7.0 и Delphi БХВ-Петербург, 1997.
15 лекция.
Тақырыбы:Формальді және нақты параметрлер. Параметрлер мәндер, параметрлер – айнымалылар және типтелмеген параметрлер. Көмекші программа – функциялар.
Жоспар:
1. Формальді және нақты параметрлер.
2. Параметрлер мәндер, параметрлер – айнымалылар және типтелмеген параметрлер.
3. Көмекші программа – функциялар.
Функциялар. Ішкі бағдарлама өрнекті есептеу кезінде әйтеуір бір мәнді есептеп берген жағдайлар жиі кездеседі.
Функцияның сипатталуы:
Function функция_аты(форм_параметрлер_тізімі):тип идентификаторы;
Мысал: function sum(x,y:integer):integer;
Процедураларға қатысты барлығы функциялар үшін де ақиқат, бірақ кейбір ерекшеліктер бар.
1. Функцияның орындалатын бөлімінде функция атына бір мән меншіктелуі қажет;
2. Тақырыбындағы тип идентификаторы осы функция мәнінің типін анықтайды;
3. Өрнектің ішінде функция келесідей шақырылады:функция_аты(факт_параметрлер)
Орындалу барысында нәтижесi бiр ғана мән болатын көмекшi программа функция деп аталады. Функцияның сипатталынуы:
Function F (g1: T1; g2: T2; …):Т;
<жергiлiктi параметрлер мен көмекшi программаларды анықтау және сипаттау бөлiмi.>
Begin
P1;
P2;
…
End;
аттары, T- функция атының типi, Ti- параметрлер типтерi, Pi-функция денесiндегi операторлар.
Функцияның құрамындағы операторлар iшiнде сол жағында функция аты тұратын ең болмағанда бiр меншiктеу операторы болуы керек. Бұл оператор арқылы функцияның мәнi анықталады.
Функцияны шақыру меншiктеу операторының оң жағына жазылады, мұнда функция аты және жақшада нақты параметрлер көрсетiледi. Яғни,
F (b1, b2,…), мұндағы bi- нақты параметрлер.
1-тапсырма. Берiлген m және k мәндерi бойынша F=м! - к! мәнiн есептеу керек.
Program Example28;
Var f, m, k: integer;
Funсtion fact (n: integer): integer;
Var p, i: integer;
Begin p: =1;
For i: =2 to n do p: =p*i; Fact: =p; End;
Begin Write(‘m , k- мәндерiн енгiз: ’);
Readln(m,k); f: =fact (m)- fact (k);
Writeln (' F=', f: 5); End.
Бiр көмекшi программа орындалып бiткен соң, оның өзiн қайталау не басқа көмекшi программаны шақыру жағдайлары күрделi программаларда жиi кездеседi. Мұндай құрылымды рекурсия деп атайды.
2-мысал. s,t нақты сандары берiлген. Есептеу керек
f(t, -2s, 1.17)+f(2.2, t, s-t)
мұнда
![]()
var t,s,y:real;
function f(a,b,c:real):real;
begin f:=(2*a-b-sin(c))/(5+abs(c)); end;
begin
writeln('s,t айнымалыларын енгiз'); read(s,t);
y:=f(t,-2*s,1.17)+f(2.2,t,s-t); writeln('y=',y:4:4); end..
3-мысал. Фибоначи санының i-шi санын табыңыз.
![]()
Бұл есепті рекурсияны қолданып шығарамыз.
var i:integer;
function fib(i:integer):integer;
begin if i=0 then fib:=0;
if (i=1)or(i=2) then fib:=1 else fib:=fib(i-1)+fib(i-2)
end;
begin
repeat
write('Санның реттiк нөмiрiн енгiз I='); readln(i);
until i>0;
writeln(i:5,'-шы Фибоначчи саны ',fib(i), ' те»');
end.
Бақылау сұрақтары:
1. Формальді және нақты параметрлер.
2. Параметрлер мәндер, параметрлер – айнымалылар және типтелмеген параметрлер.
3. Көмекші программа – функциялар.

