№2 Лекция

Тақырыбы: Turbo Pascal бағдарламалау жүйесі.

Жоспар:

-        Паскаль тілінің негізгі элементтері.

-        Алфавит.

-        Резервтегі сөздер.

-        Айнымалылар.

-        Өрнектер.

-        Арнайы таңбалар.

ТURВО РАSСАL - жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцария физигі Никлаус Вирт (Niklaus Wirth) ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап, тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.

Кейіннен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Солардың ішінде, 1983 жылы Вогland корпорациясының талантты кызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі - ТURВО РАSСАL программалаушылар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Оның бүл нүсқасы СР/М операциялық жүйесіне негізделген. 1984 жылдың басында МS DОS жүйесіне ауыстырылғалы бері пайдалану қарқыны бұрынғыдан да арта түсті. ТURВО РАSСАL дің жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. ТURВО РАSСАL жүйесінде қарапайым есептерді шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер корын кұрудың сан қырлы жұмыстары жүргізіледі.

 Тілдің алфавиті

Кез келген тілді үйрену оның алфавитінен басталады. ТuгЬо Раsсаl программалау тілінің де басқа тілдер сияқты өзіне тән алфавиті бар. Программаның элементтерін жазуда қолдануға болатын символдар жиынтығын тілдің алфавиті дейміз. ТuгЬо Раsсаl тілінің алфавиті мына символдардан түрады:

1. Латын алфавитінің 26 (баспа және жазба) әріптері: А,В,С,D, ...,W,Х,Ү,Z, а,Ь,с,d, ...,w,х,у,z;

2.Орыс алфавитінің 32 (баспа және жазба) әріптері программада түсіндірме мәтіндерді жазуда пайдаланылады;

3. Араб цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9;

4. Арнайы символдар. Оларды белгілі бір функцияларды атқаруына сәйкес төмендегі топтарға жіктеуге болады:

а) Ажырату (тыныс) белгілері: - (бос орын), . (нүкте), ,(үтір), ; (нүктелі үтір), : (қос нүкте), ( ) (ашылған және жабылған жай жақша), [ ] (ашылатын және жабылатын квадрат жақша), '(апостроф) , #(тор),т.б. (бұл белгілердің толық тізімін және олардың атқаратын қызметін 1-кестеден көре аласыз);

ә) Арифметикалық амалдар таңбалары: + (қосу), - (азайту), * (көбейту), / (бөлу), div (бүтін бөлу), mоd (бүтін қалдықты анықтау);                                      

б) Қатынас таңбалары: < (кіші), > (үлкен) , = (тең), := (меншіктеу), < >(тең емес), <= (кіші немесе тең), >= (үлкен немесе тең).

Әрбір символдың өзінің реттік нөміріне сәйкес белгіленген коды болады. Жоғарыдағы символдар АSСІІ (Аmегісаn Stаndагt Соdе foг Іnfогmаtіоn Іntегсһаngе) коды бойынша 0-ден 255 дейінгі сандармен кодталынады.

  1.1-кесте. Паскаль тіліндегі тыныс белгілер

 {}

Программаға түсініктеме беруде

(**)

Программаға түсініктеме беруде

[ ]

Массив өлшемін белгілеуде

(. .)

Массив   индексін,   жолдың   өлшемін белгілеуде

‘

Символдар мен жолдық тұрақтыларды белгілеуде

: =

Айнымалы мәнін меншіктеуде

;

Программаның жолдарын,    операторларды, хабарламаларды айқындауда

:

Айнымалылар   типтерін   айқындауда, (белгі мен оператордың арасына)

 =

Тұрақтымен   оның   мәнінің   арасын бөлуде

,

Тізім элементтерінің арасын айыруда айыруда

. .

Диапазон типін беруде

.

Программа соңында

^

Көрсеткіш типін анықтауда

@

Айнымалылар      адресін, қосалқы программаны белгілеуде қосалқы

#

Символды    оның    коды бойынша белгілеуде

$

Компилятор мәліметін белгілеуде

 

 Қызметші сөздер

ТURВО РАSСАL тілінде алдын ала қызметі тағайындалған сөздер тобы колданылады. Оларды ТuгЬо Раsсаl-дің қызметші сөздері деп  атайды. Бұл сөздер ағылшын тілінде берілгенімен, мағынасы атқарылатын іс -әрекетті баяндайды.

Мысалы: Ргоgгаm - сөзі программаның такырыбын, bеgіn — программаның басын, еnd - программаның соңын сипаттауға пайдаланылады.

Идентификатор (атау)

ТURВО РАSСАL тілінде атауды идентификатор деп атайды. Яғни, идентификатор программаның кез келген элементіне (айнымалылар, тұрақтылар, функциялар, файлдар, жиындар, т.б.) берілген атау. Ол стандартты және пайдаланшылар идентификаторлары болып екіге бөлінеді.  

Стандартты функциялар, қызметші сөздер, т.с.с. стандартты объектілер атаулары стандартты идентификатор тобына жатады. Олардың көпшілігі алдын ала орындалынатын операция немесе белгіленген элемент туралы мағлұмат беріп тұрады. Мысалы: Rеаl (накты сан), WгіtеLn (WгіtеLіnе-жолды шығару), Веgіn (басы), Еnd (соңы), Ргоgгаm (программа).       

Пайдаланушылар идентификаторы ретінде әріптер мен цифрлар тізбегі алынады. Программалаушы идентификатордың төмендегі жазылу ережелерін білуі кажет:

• Идентификатор міндетті түрде әріптен басталатын латын әріптері мен цифрлардан тұрады;  

• Оның құрамында орыс алфавитінің әріптері, арнайы символдар, әсіресе, бос орын болмауы қажет;

• Қызметші сөздер пайдаланушылар идентификаторы бола алмайды;

• Идентификатордың максимальды ұзындығы - 127 символ болғанымен, оның тек 63 символы ТuгЬо Раsсаl -да окылады.

Бүтін тип  Паскаль тілінің стандартында бүтін типтің Integer бір ғана түрі аныкталса, ТuгЬо Раsсаl -да стандартты бүтін типтердің бес түрі бар: shortint, integer, longint, byte, word.

 Логикалық (бульевтік) тип  Паскальда стандартты логикалық тип - Ьооlеаn (көлемі -1 байт), Логикалық типтің бұл атауы, атақты математик Джордж Буль есіміне байланысты Ьооlеаn (бульдік) деп аталады. Логикалық типтегі элемент тек екі мәнді қабылдай алады: true (ақиқат), false (жалған). ТuгЬо Раsсаl -да логикалық типтің жаңа түрлері анықталған. Олар: ВуteВооІ (көлемі - 1 байт), WогdВооІ (көлемі - 2байт), LоngВоо1 (көлемі - 4 байт). Барлық логикалық типтердің мәні tгuе (ақиқат) болғанда, 1 санына сәйкес келеді. Ал, олардың fаlse (жалған) мәні 0 санына тең болады.

Логикалық типтегі берілгендер программада шартты тексеруде қолданылады. Логикалық шарт мына қатынас таңбалары: >(үлкен), < (кіші), <= (кіші немесе тең), >=(үлкен немесе тең), < >(тең емес),= (тең) арқылы жазылады. Мысалы, 12<30 нәтиже - true (ақиат), 12=30 нәтиже false (жалған).

Нақты тип Паскальдің стандартында нақты типтің бір ғана түрі rеаl аныкталса, ТuгЬо Раsсаl -да нақты типтің 5 түрі колданылады: rеаl, sing1е, douЫе, ехtended, соmр. Бұл нақты типтердің сипаттамасы 2.3-кестеде берілген.

 Мұндағы, sing1е, douЫе, ехtended, соmр типтерін компьютердің жетілген, соңғы түрлерінде жұмыс істегенде қолданған тиімді. Себебі, бұл нақты типтің түрлерін пайдаланғанда компьютердің қосымша процессоры болғаны жөн. Сол кезде, есептеулер сапасы жоғары, әрі жылдам жүргізіледі. Қарапайым программаларда rеаl типі пайдаланылады. Ал, rеаl типі бойынша жүргізілетін есептеулерге қосымша процессордың қажеті жоқ.

Нақты   типтегі   сандарды   жазудың   екі   тәсілі   бар: әдеттегідей және экспоненциал.  Нақты сандарды ТuгЬо Раsсаl -да  әдеттегідей  жазу үшін,  санның бүтін  бөлігін ажырататын үтір (,) таңбасының орнына нүкте (.) қойылады.

 Мысалы: 125,45 —125.45, -52,1 — -52.1

Өте үлкен және өте кіші нақты сандарды жазуда 10 санының дәрежесін қолданған ыңғайлы (мысалы: 12*10-16 , 3*108). Осындай сандарды экспоненциал түрге айналдыру үшін 10-ның орнына Е символы және дәреже көрсеткіші жазылады.

Мысалы:

Математикада жазылуы: 31*1014 болса             Экспоненциал түрде жазылуы:31Е+14

5*10-21                                                                                              5Е-21      

0,001                                                             10Е-4

Стандартты функциялар

       Паскаль тілінің стандартына қарағанда ТuгЬо Раsсаl-да стандартты функциялар саны көбейген. Жолдармен, көрсеткіштермен және адрестермен жүмыс істейтін стандартты функциялар қызметі туралы кейінгі тарауларда айтылады. Ал, стандартты арифметикальщ функцияларға тоқталар болсақ олар мына ережелер бойынша жазылады:

 • Стандартты функция атауы латын алфавиті әріптерімен жазылады 

 • Функция атауы алты әрштен аспауы қажет;

• Функция аргументі жай жақшаға алынады;                     

• Функция аргументі бірнеше болса, олардың арасына үтір таңбасы қойылады;

 • Тригонометриялық функция аргументтері радиан өлше-мімен беріледі.

Градуспен берілген аргументті радианға аудару үшін төмендегі теңдікті пайдаланамыз:

Математикада жазылуы

Паскальда жазылуы

Нәтиже типі  

Аbs(х)

х-тің типіне сәйкес келеді         

х2

Sqr(x)

Нақты (Real)

Sqrt(х)

Нақты (Real)

Ln х

Ln (х)

Нақты (Real)

 (=3.14)

Рі

Нақты (Real)

Sіn х

Sіn(х)

Нақты (Real)

ех

Ехр(х)

Нақты (Real)

Агсtg х   

Агсtаn(х)

Нақты (Real)

Сos x

Соs(х)

Нақты (Real)

х-тің бөлшек бөлігі

Frac(х)

Нақты (Real)

х-тің бүтін бөлігі

Int(х)

Нақты (Кеаі)

0 мен 1-дің арасындағы     кез     келген нақты сан

Random

Нақты (Real)

 

0-ден   х-ке   дейінгі кез-келген бүтін сан

Random(х)

Бүтін (Integer)

 

         Ғгас(х) функциясы х 'санының бөлшек бөлімін анықтайды. Мысалы, Ғгас(1.005) болса, нәтиже 0.005. Аргумент және нәтиженің типі нақты (геаl). Функцияны қолдануда аргументті өрнек түрінде жазса да болады. Мысалы, Ғгас(5*2.3), мұндағы 5*2.3=11.5 болғанда, нәтиже 0.5-ке тең.

Int(x) функциясы х нақты санының бүтін бөлігін анықтайды. Нәтиже типі де нақты (real)болады. Мысалы, Int(13.05) болғанда, нәтижесі 13.00. Х-ті өрнек түрінде жазуға мысал келтірейік :Int(5*2.3), мұндағы 5*2,3 болғанда нәтиже11.0.Сонда, х=frac(х)+іnt(х).

Тізімде жоқ функцияларды жазу үшін түрлендіру формулаларын пайдаланамыз.

Мысалы:                      log x=ln (x)/ ln(a);

                                 Lg x=ln(x)/ln(10);

                                 tgx=sin(x)/cos(x);

                                 ctgx=cos(x)/sin(x);

                                 csc x=1/sin(x);

                         arcsin x=arctan(x/sqrt(1-sqr(x));

                         arccos x=arctan(sqrt(1-sqr(x))/x);

                         chx=(exp(x)+exp(-x))/2

 

Бақылау сұрақтары:

1.      Паскаль тілінің негізгі элементтері.

2.      Алфавит.

3.      Резервтегі сөздер.

4.      Айнымалылар.

5.      Өрнектер.

6.      Арнайы таңбалар.

 

 

 

1-лекция

 

14-лекция

13-лекция

12-лекция

11-лекция

10-лекция

9-лекция

8-лекция

7-лекция

6-лекция

5-лекция

4-лекция

3-лекция

2-лекция

Күндізгі бөлім және қашықтан білім беру жүйесіне арналған электронды оқулық