3-лекция.

  Тақырыбы: Паскаль тілінің негізгі элементтері. Алфавит. Резервтегі сөздер.    Айнымалылар.Тұрақтылар. Өрнектер. Арнайы символдар.

   Жоспар:

1.      Алфавит.

2.      Резервтегі сөздер.

3.      Айнымалылар.Тұрақтылар. Өрнектер. Арнайы символдар.

Паскаль тiлiнiң алфавитi

            Паскаль тiлiнде қолданылатын таңбалар: 1) 26 үлкен және кiшi латын әріптері;

2) 0, 1 , …, 9 - араб цифрлары; 3) арнайы таңбалар (1-кесте); 4) Қызметші сөздер (2-кесте).

                       

            Паскаль тiлiндегi программа - сипаттау және операторлар бјлiмдерiнен тұрады. Программа орындалу барысында Const қызметші сөзінен басталатын мәнi өзгермейтiн деректер - тұрақтылар. Тұрақтылар программаның сипаттау бөліміне жазылады.

Мысалы:

              Const k=100; n=50; Pi=3.141592;    Lmp=’p’;

     Программалауда айнымалы деп дерек үшiн жадтан бөлiнген орынды айтады. Айнымалылардың мәнi программа барысында өзгеруi мүмкiн. Айнымалыларға, тұрақтыларға, программаға, процедураға, функцияға, тағы басқаларға атау (идентификатор) берiледi. Идентификатор  құрамында латын әрiптерi, '_' таңбасы және цифрлар кездесуi мүмкiн.  Мысалы:     Program sum_mas1;

Идентификатор ретiнде 2-кестеде келтiрiлген қызметші сөздердi қолдануға болмайды.


 

Программа  құрылымы

Программа текстi (мәтiнi): Program <программа-аты>; - деп аталатын, мiндеттi емес элементтен, ал сипаттау бјлiмдерiнiң басы келесi кiлттiк сөздерден басталуы мүмкiн:

             Label (белгiлер)

             Сonst (тұрақтылар)

             Type (типтер)

             Var (айнымалылар)

             Function,Proсedure (функция, процедура).

 Сипаттау бөлiмiнен соң Вegin, Еnd - операторлық жақшаларына алынған программаның орындалу бөлiгi орналасады. Айнымалылар келесi схемалар түрінде сипатталады:

                     Var <айнымалы аттары тiзiмi>:<тип>;

<тип>- стандартты тип атауы не сипатталған тип арқылы берiлуi мүмкiн. Сипатталған типтер структуралық айнымалыларға (мысалы: массивтер) қолданылады. Сипатталған типтер Тype бөлiмiнде анықталады:

                    Type <тип аты>=<типтi» сипаты>;

Тұрақтылар сипатталуы : Const <тұрақты аты>=<мәнi>;

 Белгiлер сипатталуы : Label  <белгiлер тiзiмi>; Белгi -  ең көбi 4 цифрдан тұратын және программада оператор алдына қос нүкте арқылы жазылатын әрiптер не цифрлар комбинациясы. Белгiге өту Goto <белгi> ; - операторы арқылы орындалады.

Қарапайым радиусы R-ге тең шеңбердiң ауданын есептейтiн программаны қарастырайық:

Program Example1;

     Const PI=3.14;                   

     Var    R: real;                  

Begin                        

    Writeln(‘радиусты енгiз:’);  

    Readln (R);             

    Writeln (‘шеңбер ауданы:’,PI*sqr(R))

 End.

     Түсiнiктемелер фигуралық жақшаға алынып жазылады. Таңбалық (символдық) қатарлар мен мәндер дәйекшеге (апостроф)  алынады, оларды жазу үшiн орыс немесе қазақ әрiптерiн қолдануға болады.

     Оператор - белгiлi бiр iс-әрекет орындау үшiн жазылатын  нұсқау. Әр оператор соңына нүктелi үтiр (;) қойылады. Бiрнеше операторлар Begin, End түйiндi сөздерiмен шектелiп жазылса, ол құрама оператор деп есептелiнедi. Begin (басы) және  End (соңы) операторлық жақшалар деп аталады. Begin-нен кейін және End-тің алдына нүктелі үтір қойылмайды, ал операторлар арасына қойылады. Егер программада артық нүктелi үтiр қойылса, ол бос оператор деп есептеледi. Бос оператор -  ешқандай әрекет орындамайтын оператор. Программа соңында нүкте  қойылады. Begin, End-тен басқа көптеген түйiндi сөздер 2-кестеде келтiрiлген.

Паскаль тілінің операторларын жай және күрделі деп жіктеуге болады. Жай операторлар арқылы тек бiр ғана iс-әрекет сипатталады. Жай операторларға: меншіктеу, шартсыз өту,бос оператор,енгізу және шығару операторлары жатады Күрделi оператор - балама бiрнеше операторлардан тұратын iс-әрекеттердi сипаттайды. Күрделi операторлар: құрама, шартты өту, таңдау, цикл, т.б.

Меншіктеу  - Паскаль тілінің негізгі операторы.Оның жазылу түрі:   V: =a;

 мұндағы V-айнымалының аты; «:=» - меншіктеу белгісі; a - өрнек.

Мысалы:                      im: =0;      P: =1;

                                               Im: =im+2;  P: =p*im;

Компьютердiң, не адамның өңдеуiне бейiмделiп дайындалған сандық, символдық т.б. информациялар  берiлгендер не деректер делiнедi. Берiлгендер типтерге (түрлерге) сұрыпталады (1-сурет).

        

          1 -сурет. Берiлгендер типтерiнiң жiктелiну моделi.

Стандартты типтер

Паскальда анықталған стандартты типтер:

·         бүтiн типтер - Shortint, Integer, Longint, Byte, Word;

·         нақты типтер - Real, Single, Double, Extended, Comp;

·         логикалық тип - Boolean;

·         таңбалық (символдық) тип - Char;

·         жолдық  (қатарлық) тип - String;

·         ASCII-қатарлық тип - Pchar;

·         текстiк файл -Text;

·         нұсқағыш-тип - Pointer.

     Бұлардан басқа типтер Type бөлiмiнде не Var бөлiмiнде анықталуы тиiс. Жай типтердiң Паскальда анықталған стандартты типтерiнiң қабылдауы мүмкiн мәндерiн қарастырайық.

    Бѕтiн типтер :

-128-ден 127-ге дейiнгi аралықтағы бүтiн сандар - Shortint,

-32768-ден 32767-ге дейiнгi аралықтағы бүтiн сандар - Integer,

-2147483648-ден 2147483647-ге дейiнгi аралықтағы бүтiн сандар - Longint, 0-ден 255-ге дейiнгi аралықтағы бүтiн сандар - Byte,

0-ден 65535-ге дейiнгi аралықтағы бүтiн сандар - Word.

     Нақты типтер:

2.9*10-39 мен 1.7*1038 аралығындағы нақты сандар - Real,

1.5*10-45 пен 3.4*1038 аралығындағы нақты сандар -Single,

5.0*10-324 мен 1.7*10308 аралығындағы нақты сандар - Double,

3.4*10-4932 мен 1.1*104932 аралығындағы нақты сандар -Extended,

-263+1 мен 263-1 аралығындағы нақты сандар - Comp.

Boolean- логикалық тип (мәндерi: True- ақиқат, False- жалған ).

Char- таңбалық (символдық) тип (кез-келген Паскаль алфавитiндегi дәйекшеге алынған символ ‘a’, ’5’,  ‘;’ ).

       ASCII-кестесiне символдар тiзiмi: цифрлар мен әрiптер және басқа да таңбалар кiредi. ASCII-кестесiндегi әр символдың нөмiрi осы символдың коды болып есептелiнедi. Символ (таңба) мәнiнiң берiлу түрлерi төмендегiдей:

·         апострофқа алынған кез-келген ASCII-кестесiндегi таңба ; Мысалы, 'А', '3', '*', т.б.

·         #(фунт) таңбасынан кейiн ASCII кестесiндегi символ нөмiрi жазылуы; Мысалы, #65, #51;

·         Chr функциясы арқылы өрнектеледi.

Chr - функциясы коды бойынша символды анықтайды. Яғни, Chr(65), ‘A’, #65 - A символының берiлу түрлерi. Символдық айнымалының сипатталынуы: ch: char;   { ch - символ }   Компьютер жадында әр символ 1- байт орын алады. Келесi операторлар орындалуы бiр мәндi:

А) ch:=`E`;                 ch:=# 69;                    ch=chr(69);

Б) Writeln (‘ALMATY`);

    Writeln (‘ ALM’#65);

    Writeln (#65#76#77#65);

    Writeln (Chr(65),Сhr(76),Chr(77),Chr(65));

Стандартты  функциялар

   Abs(x) - x- тiң абсолют шамасы.

   Sqr(x) - x- тiң квадраты.                                                                                       

   Sqrt(x) - x- тiң квадрат түбiрi.

   Exp(x) - ех -тiң мәнi.

   Ln(x)  -x-тiң натурал логарифмi.

   Sin(x)  -x-тiң синусы.

   Cos(x) -x-тiң косинусы.

   Arctan(x) -x-тiң арктангенсi .

   Round(x) - x-тi жақын бүтiнге дөңгелектеу.

   Trunc(x) - x-тiң бүтiн бөлiгi.

   Int(x) - x - тiң бүтiн бөлiгi.

   Frac(x) - х -тiң бөлшек бөлiгi.

   Odd(x)- x- жұп болса мәнi ‘False’, тақ болса -‘True’.

   Random(x)- Randomize операторы орындалған соң, [0, x] аралығынан таңдалынатын  

                    кездейсоқ сан . Мұндағы x<65536 бүтiн сан.

   Succ(x)- бүтiн x- тен кейiнгi санды анықтайды.

   Pred(x)- бүтiн x- тiң алдындағы санды анықтайды.

Ескерту: Sqrt, Exp, Ln, Sin, Cos, Arctan функцияларының аргументтерi кез-келген сандық тип, ал нәтижелерi нақты тип болады.

Паскаль тiлiндегi арифметикалық өрнек - тұрақтылар мен айнымалылардың арифметикалық операциялар, математикалық функциялар арқылы өрнектелiп  жазылуы.     

    Таңбалық типтерге қолданылатын функциялар:

UpCase(s) - латын алфавитiнiң кiшi әрiпiн бас әрiпке түрлендiредi. Қазақ, орыс алфавитi әрiптерiн түрлендiрмейдi.

Ord(s)- реттелген таңбалар жиынындағы s-тiң рет нөмiрi. Мысалы: Ord(‘5’)=53 .

Chr(i) - керiсiнше, i- нөмiрлi таңба.

Succ(s)- s- тен кейiнгi таңба.

Pred(s)- s- тiң алдындағы таңба.

 

Тұрақтылар

Программада қолданылатын берілгендердің элементіне тұрақты немесе айнымалы жатады. Программаның басында мәні анықталған және программаның орындалу процесінде осы мәні өзгеріссіз қалатын шама тұрақты деп аталады.

ТURBO PASCAL  -да тұрақтылардың сандық, логикалық (булевтік), символдық, жолдық түрлері қолданылады. Сандық тұрақтылардың мәні нақты және бүтін сандар болады. Логикалық мазмұндағы ақиқат-жалған немесе 0-1 сигналдарын қабылдай алатын тұрақтылар логикалық (булевтік) тұрақты деп аталса, символдык және жолдық тұрақтылар жеке символдан және олардың жиынтығынан тұрады.

 

Айнымалылар

 

Программаның орындалу барысында мәні өзгере алатын шама – айнымалы деп аталады. Программадағы айнымалы ұғымы түсінікті болуы үшін оны компьютердің аты аталған (идентификатор) ұяшығы деп қарастырайық. Мысалы: с:=2 яғни, с атаулы ұяшыққа 2 саны орналастырылды дейік. С:=с+4 амалы орындалғанан кейін с ұяшығындағы 2 санына 4 қосылып, с:=6 болады. Ұяшыққа жазылған соңғы мәлімет бастапқы мәліметтерді өшіріп отырады. Мысалдан көргеніміздей, әр түрлі өңделуден кейін ұяшық ішіндегі мәлімет өзгереді. Ал ұяшық, яғни айнымалы атауы сол қалпында қалады. Айнымалының соңғы мәні ағымдағы мән деп аталса, айнымалы әр уақытта бір ағымдағы мәнге ие болады.

Бақылау сұрақтары:

1.      Алфавит.

2.      Резервтегі сөздер.

3.      Айнымалылар.

4.      Тұрақтылар.

5.      Өрнектер.

6.      Арнайы символдар.

 

 

1-лекция

 

14-лекция

13-лекция

12-лекция

11-лекция

10-лекция

9-лекция

8-лекция

7-лекция

6-лекция

5-лекция

4-лекция

3-лекция

2-лекция

Күндізгі бөлім және қашықтан білім беру жүйесіне арналған электронды оқулық