4-Лекция.
Тақырыбы: Паскаль-бағдарламасының құрылымы. Сипаттау бөлімдері. Айнымалыларды сипаттау. Тұрақтыларды сипаттау. Операторлар.
Жоспар:
1. Паскаль-бағдарламасының құрылымы. Сипаттау бөлімдері.
2. Айнымалыларды сипаттау. Тұрақтыларды сипаттау.
3. Операторлар.
Паскаль-бағдарламасының құрылымы. Сипаттау бөлімдері.
Программа - белгілі бір программалау тілінің синтаксистік ережелеріне сәйкес жазылған нұсқаулар тізбегі. ТURBO PASCAL тіліндегі программа жалпы мына түрде жазылады:
Сипаттау бөлімдері.
Program <Программа аты>;
Label <белгілер>;
Const <тұрақтылар>;
Type <типтер>;
Var <айнымалылар>
Procedure немесе function <көмекші программалар>
Bеgіn
<нұсқаулар тізбегі>
End.
Программа тақырыбы рrоgrаm қызметші сөзінен басталады.
Label. Белгі операторды немесе программаның бөлігін табу үшін қолданылады. Белгі ретінде кез келген бүтін оң сан, символ, символдар тізбегі қолданылады. Белгі оператор алдына орналасады да, оператордан қос нүте арқылы ажыратылып жазылады.
Белгілердің сипатталуы.
Label <белгілер тізімі>;
Мысалы, Label 5,12,45,SUM, AB;
Белгі ең көбі 4 цифрдан тұратын және программада оператор алдына қос нүкте арқылы жазылатын әріптер не цифрлар комбинациясы. Белгіге өту Goto <белгі>; операторы арқылы орындалады.
Сипаттау бөлімінде программада кездесетін барлық берілгендердің атауы, типі, мүмкін болатын мәндер, т.б. хабарланады. Оның жалпы түрі:
Var <айнымалылар атауының тізімі>: <типі>;
Программада кездесетін барлық айнымалы vаг бөлімінде сипатталады, яғни айнымалының атауы, типі хабарланады. Егер, программада типтері әр түрлі бірнеше айнымалы болса, онда vаг қызметші сөзін бірнеше рет жазудың қажеті жок. Яғни, vаг сөзі бірақ рет жазылып, айнымалылардың тізімдері толык көрсетіледі.
Программанын орындалатын бөлімін - операторлар бөлімі деп атаймыз. Операторлар бөлімі - программаның негізгі бөлімі. Бұл бөлімде программаның сипатгау бөлімінде хабарланған тұрақтыларға, айнымалыларға, функция мәндеріне түрлендіру операциялары қолданылып, қойылған мақсатта программа жазылуы керек.
Орындалатын бөлімде Bеgіn және еnd қызметші сөздері арасына операторлар тізбегі жазылады. Сол себепті, веgіn (ашу жақшасы) және еnd (жабу жақшасы) қызметші сөздерін операторлар жақшасы деп атаса да болады.
Оператор - нұсқаулардың машиналық тілде жазылуы. Программаның бір жолына бірнеше операторларды жазуға болады. Олардың арасына (;) нүктелі үтір таңбасы, ал программаның соңын көрсететін еnd сөзінен кейін (.) нүкте қойылады. Программаның орындалатын бөлімінде жазылған операторлар тізбегін - программа денесі деп атаймыз.
Begin
1-оператор;
2-оператор;
...
n-оператор
End.
Тұрақтыларды сипаттау. Программада қолданылатын берілгендердің элементіне тұрақты немесе айнымалы жатады. Программаның басында мәні анықталған және программаның орындалу процесінде осы мәні өзгеріссіз қалатын шама тұрақты деп аталады. Оның жалпы түрі:Const <тұрақтылардың атауы>=<мәні>;
Мысалы, Const n=15;
ТURBO PASCAL-да тұрақтылардың сандық, логикалық (булдік), символдық, жолдық түрлері қолданылады. Сандық тұрақтылардың мәні нақты және бүтін сандар болады. Логикалық мәндер ақиқат-жалған немесе 0-1 цифрларын қабылдай алатын тұрақтылар логикалық тұрақты деп аталады, символдық және жолдық тұрақтылар жеке символдан және олардың жиынтығынан тұрады.
Айнымалылар
Программаның орындалу барысында мәні өзгеретін шамалар - айнымалылар деп аталады. Программадағы айнымалы ұғымы түсінікті болуы үшін оны компьютердің аты аталған (идентификатор) ұяшығы деп қарастырайық. Мысалы: с:=2 яғни, с атаулы ұяшыққа 2 саны орналастырылды дейік. С:=с+4 амалы орындалғанан кейін с ұяшығындағы 2 санына 4 қосылып, с:=6 болады. Ұяшыққа жазылған соңғы мәлімет бастапқы мәліметтерді өшіріп отырады. Мысалдан көргеніміздей, әр түрлі өңделуден кейін ұяшық ішіндегі мәлімет өзгереді. Ал ұяшық, яғни айнымалы атауы сол қалпында қалады. Айнымалының соңғы мәні ағымдағы мән деп аталса, айнымалы әр уақытта бір ағымдағы мәнге ие болады.
Берілгендерді енгізу операторы
Программадағы орындалатын алғашқы іс-әрекет -берілгендерді енгізу. Берілгендерді енгізу - программадағы алғашқы берілгендерді компьютердің жедел жадысына өңдеуге жіберу болып табылады. ТuгЬо Раsсаl-да берілгендерді енгізуге геаd - "оқу", геаdln (геаd Ііnе) -"жаңа жолдан оқу" операторлары қолданылады. Енгізу операторының жалпы жазылуы:
Read
(х1, х2, ...,хn);
Readln
(х1,х2,...,хn);
Мұндағы х1,х2,..,хn- мәні пернетақтадан енгізілуге тиісті айнымалылар тізімі. Енгізілген айнымалылар мәні типіне сәйкес болуы қажет.
Егер, мәндерді енгізуде тип сәйкессіздігі болса экранға төмендегідей қате хабарланады: Еггог 106: Іnvalid numeric format (Қате 106: Сандық формат дұрыс берілмеген).
Мәліметтерді экранға шығару операторы
Мәліметтерді шығару - компьютердің жедел жадысындағы өңделінген мәліметтерді сыртқы қүұылғыларға (экран, принтер) беру. Тuгbо Раsсаl-да мәліметтерді экранға шығару үшін write "жазу", writeln (write Lіпе) "жаңа жолдан жазу" операторы қолданылады. Бүл. операторлардың жалпы жазылуы мына түрде: write(у1,у2,...,уn);
Writeln (у1,у2,...,уn);
Мұндағы; у1,у2,...,уn - сандық мәні экранға шығарылатын айнымалылар тізімі.
Шығару операторын қолдануда бүтін типті айнымалылардың мәніне қанша орын кажет болса, сонша орын бөлінеді. Сондықтан, бүтін сандарды экранға шығаруда қиындықтар болмайды. Ал, экранға шыкқан нақты сандар экспоненциал түрде беріледі.
а:=0.452;
а:=4.5200000000Е-01
1- кесте. Мәліметті экранға шығару мысалдары
|
Берілгендер |
Шығару операторының жазылуы |
Нәтиже |
|
а=-7.86 |
Write('а=',а:5:1) |
а= -7.9 |
|
х=25.9014 |
Writeln('х=',х:4:0) |
х= 26 |
|
х=25.014 |
Writeln(х:5:1) |
25.0 |
|
с=2; 1с=3 |
Writeln(с) Writeln(с1) |
2 3 |
|
а='СӘЛЕМ' |
Write(а) |
СӘЛЕМ |
|
|
Writeln('ИНФОРМАТИКА') Writeln ('*ТuгЬо Раsсаl*') |
ИНФОРМАТИКА *ТuгЬо Раsсаl* |
|
А=12, b=5 |
Write(а,b) |
12, 5 |
Бақылау сұрақтары:
4. Паскаль бағдарламалау тілінде программа қандай бөлімдерден тұрады?
5. Программа тақырыбы қалай жазылады?
6. Сипаттау бөлімінің мәні неде?
7. Сипаттау бөлімдерін көрсетіңіз.
8. Айнымалыларды сипаттаудың жалпы үлгісі қандай?.
9. Тұрақтыларды сипаттаудың жалпы үлгісін көрсетіңіз.
10. Операторлар дегеніміз не?
Әдебиеттер: 1. Камардинов О. Информатика: 2 бөлiм. Шымкент:2000. -246 б.
2.Гуденко Д.А., Петроченко Д.В. Сборника задач по программированию, - ООО «Питер Принт» Санкт-Петербург, -2003, 476 стр.
5-лекция. Меншіктеу операторы. Процедураларды шақыру. Енгізу және шығару. Берілгендер типтері. Стандартты функциялар және процедуралар.
1. Меншіктеу операторы. Процедураларды шақыру. Енгізу және шығару.
2. Берілгендер типтері. Стандартты функциялар және процедуралар.
3. Сызықтық алгоритмдерді бағдарламалау.
Паскаль тіліндегі жазылған бағдарлама берілгендер деп аталатын кез келген обьектілермен амалдар жасайды. Берілгендердің әрбір элементі бағдарламада константа немесе айнымалы түрінде қолданылады, олардың қабылдайтын мәндерінің типтері сипатталынады. Айнымалылардың типтері айнымалылар бөлімінде жазылады. Константалардың айнымалылардан айырмашылығы, олардың мәндері бағдарламаның орындалу барысында өзгермейтіндігінде, олар константалар бөлімінде жазылады.
Типтер бөлімінде күрделі типтерді де сипаттауға болады. Олар негізінен элементарлық типтерден құрылады:
- стандартты типтер – бүтін, нақты, символдық және буль типтес, тізбеленетін типтер.
Бүтін тип. Кез келген ЭЕМ – да бүтін сандармен жұмыс жасау диапазоны болады. Әр ЭЕМ үшін MAXINT саны анықталған және кез келген константамен айнымалының мәні – MAXINT пен + MAXINT диапазонының ішінде орналасуы қажет. Бүтін типті сандармен қосу, азайту, көбейту, бөлу, div, mod операцияларын орындауға болады. Мұнда бөлу операциясынан басқа операциялар нәтижелерінің типтері бүтін. Сонымен қатар бүтін типті сандармен =, <>, <, <=, >, >= операциялары анықталады, олардың нәтижелері буль типтес болады. Бүтін сандар үшін төмендегідей функциялар анықталған:
ODD(x) – буль типтегі нәтижені өңдейді, жұп аргумент үшін – FALSE, тақ аргумент үшін – TRUE
SUCC(x) – x санынан бір бірлікке артық бүтін санды шығарады.
PRED(x) – x санынан бір бірлікке кем бүтін санды шығарады.
Бүтін типті айнымалыларды сипаттау үшін паскаль тілінде integer қызметші сөзі қолданылады.
Нақты тип. Паскаль тілінде нақты сандар белгіленген нүкте арқылы жазылады, мысалы: 152.3476; 0.01; 21.5. Өте үлкен және өте кішкене сандарды экспоненциалды түрде жазуға болады, мысалы: 2.108Е-10; 1.1Е+07; 3.5Е+5. Нақты сандармен +, -, *, / операцтяларын орындауға болады. Нақты типті аргументтермен cos(x), sin(x), Ln(x), sqr(x), sqrt(x), exp(x), abs(x), arctan(x) стандартты функциялары анықталады және олардың нәтижелері нақты типті болады. Паскаль тілінде есептеудің нәтижесін дөңгелектейтін екі түрлі функция қолданылады, олар TRUN(x) және ROUND(x) функциялары.
TRUNC(x) – функциясы санның бүтін бөлігін көрсетеді, яғни бұл функцияның қабылдайтын мәнгі бүтін типті сан.
ROUND(x) – функциясы x санын оған жақын орналасқан бүтін санға дейін дөңгелектейді, нәтиженің мәні әрқашанда бүтін типті.
Мысалы: егер x=21.53 болса, онда TRUNC(x)=21, ROUND(x)=22, ал егер x=-2.7 болса, онда TRUNC(x)=-2, ROUND(x)=-3.
Нақты типті айнымалыларды сипаттау үшін паскаль тілінде real қызметші сөзі қолданылады.
Символдық тип. Шектелген және реттелген белгілер жиыны символдық типтің мәні болады. Символдвқ типті айнымалылар мен константалар тырнақшаға алынады. Символдық типті айнымалыларды сипаттау үшін паскаль тілінде char қызметші сөзі қолданылады. Бұл тип үшін төмендегідей екі түрлендіру функциялары анықталған:
ORD(s) – s айнымалысының реттелген символдар тізбегіндегі реттік номерін анықтайды, мысалы: ORD(‘:’)=58; ORD(‘5’)=53.
CHR(i) – реттелген символдар тізбегіндегі і – ші номерлі символды анықтайды, мысалы: CHR(66)=’B’, CHR(57)=’9’.
Символдық типті айнымалылармен қатынастар операцияларын орындауға және PRED(s), SUCC(s) функцияларын орындауға болады. Мысалы: PRED(‘B’)=’A’; SUCC(‘9’)=’:’.
Бульдік тип. Буль типтес айнымалылар екі түрлі мәннің бірін ғана қабылдайды. Олармен логикалық AND, OR, NOT операцияларын орындауға болады. Буль типті айнымалылар үшін FALSE<TRUE орынды, олай болса қатынас операцияларын (=, <>, <, >, <=, >=) қолдануға болады. FALSE, TRUE мәндерін екі элементтен тұратын реттелген жиын деп қарастыруға болады. Олар үшін төмендегідей стандартты функциялардың мәндері анықталады:
ORD(FALSE)=0 ORD(TRUE)=1
SUCC(FALSE)=TRUE PRED(TRUE)= FALSE
|
х-тің бөлшек бөлігі |
Frac(х) |
Нақты (Real) |
|
х-тің бүтін бөлігі |
Int(х) |
Нақты (Real) |
|
0 мен 1-дің арасындағы кез келген нақты сан |
Random |
Нақты (Real)
|
|
0-ден х-ке дейінгі кез-келген бүтін сан |
Random(х) |
Бүтін (Integer) |
|
|
Ғгас(х) функциясы х 'санының бөлшек бөлімін анықтайды. Мысалы, Ғгас(1.005) болса, нәтиже 0.005. Аргумент және нәтиженің типі нақты (геаl). Функцияны қолдануда аргументті өрнек түрінде жазса да болады. Мысалы, Ғгас(5*2.3), мұндағы 5*2.3=11.5 болғанда, нәтиже 0.5-ке тең.
Int(x) функциясы х нақты санының бүтін бөлігін анықтайды. Нәтиже типі де нақты (real)болады. Мысалы, Int(13.05) болғанда, нәтижесі 13.00. Х-ті өрнек түрінде жазуға мысал келтірейік :Int(5*2.3), мұндағы 5*2,3 болғанда нәтиже11.0.Сонда, х=frac(х)+іnt(х).
Тізімде жоқ функцияларды жазу үшін түрлендіру формулаларын пайдаланамыз.
Мысалы: log x=ln (x)/ ln(a); Lg x=ln(x)/ln(10); tgx=sin(x)/cos(x); ctgx=cos(x)/sin(x); csc x=1/sin(x);
arcsin x=arctan(x/sqrt(1-sqr(x));
arccos x=arctan(sqrt(1-sqr(x))/x);
chx=(exp(x)+exp(-x))/2
Арифметикалык өрнектер
Программадағы барлық есептеулер арифметикалық өрнектің көмегімен ұйымдастырылады. Өрнек - тұрақтылардан, айнымалылардан, функциялардан, амалдар таңбасынан және өрнектің орындалу ретін өзгертуге арналған жай жақшадан тұрады. Қарапайым жағдайда өрнек тек бір ғана айнымалыдан немесе тұрақтыдан тұруы мүмкін. ТuгЬо Раsсаl тіліндегі арифметикалық өрнек сызыкты түрде, яғни бөлшектің бөлімі мен алымы, дәреже көрсеткіштер мен индекстер бір қатарда жазылады. Сондай-ақ, өрнектің әдеттегі жазылуынан айырмашылығы амал таңбалары міндетті түрде қойылады. Мысалы: 4а - Ьс өрнегіндегі көбейту таңбасы ТuгЬо Раsсаl тілінде міндетті жазылады, яғни 4*а -b*с
Өрнектің нәтижесі бүтін немесе нақты сан болады. Арифметикалық өрнектегі амалдардың орындалуы жақша ішінен басталады. Өрнекте жакша болмаған жағдайда амалдар 3.2-кестедегі реттілік бойынша орындалады.
2-кесте. Амалдардың орындалу реті
|
Реті |
Амалдар |
|
1 |
поt, @ |
|
2 |
* , / , div, mod, and, shl, shr |
|
3 |
+, - , ог, хог |
|
4 |
=,<> , <, >, <=, >=, іn |
Turbo Pascal тілінде өрнектің жазылуына мысалдар:
a/(a-b)(a+b) > (a-b)*(a+b)
ә/а3х3+а2х2+а|Х+а°>a3*exp(3*ln(x))+a2*sqr(x)+al+a0
6/2a2 + 3b5 -» 2*sqr(a)+3* exp(5*ln(b))
в/sin2x+3cosx2 -> sin(2*x)+3*cos(sqr(x))
r/ X|2+x22 - sqr(xl)+sqr(x2)
Div және mod амалы
1. Div - division сөзінен қысқартылып алынған. Бұл сөздің қазақша мағынасы – бөлу. Div амалының әдеттегі бөлуден айырмашылығы: бөліндінің тек бүтін бөлігі ғана алынады, бөлшек бөлімі қарастырылмайды.
Мысалы: 40 div 8 = 5; 11div5 = 2; 10 div 3 = 3; 123 div 4 =30; 6div5 = l
Div амалы орындалғанда нәтиженің таңбасына да мән берген жөн. Мысалы:
-17div5 = -3; -17div5=-3; -17 div (-5) = 3
Eгep, div амалы бойынша жазылған
өрнекте кіші сан улкен санға 6өлінсе,
нәтиже 0 -ге тен болады.
Мысалы: 5 div 17 = 0;
4divlO
= 0
2) Бөліндінің бүтін қалдығын табу амалы - mod (modulus).
Мысалы:
10 mod 5 = 0;
10
mod 3 = 1;
14mod 5 = 4
Eгep, бөлінді немесе бөлгіштің таңбасы тepic болса, mod
амалы
орындалғанда нәтиже тңнбасы төмендегідей:
17mod-5 = 2; -17 mod 5 = -2; -17 mod ( -5 )= -2
Бөлінді бөлгіштен кiшi болған жағдайда бөліндінің өзі нәтиже болып қалады.
Мысалы: 4 mod 6 = 4 ; 7 mod 12 = 7; -5 mod 10= -5; 7 mod (— 15)=7; -6 mod ( -8)=-6
Eгep, mod амалымен жазылған өрнекте бөлгiш 0-ге тең болса, мысалы: 15 mod 0 = нәтиже анықталмаған.
Div және mod операцияларының нәтижесі үнемі бүтін сан болады.
Бақылау тапсырмалары:
1. Берілгендер типтерінің жіктелуі?
2. Бүтін типтер, олардың сипаттамасы.
3. Нақты типтер, олардың сипаттамасы.
4. Логикалық тип, оның сипаттамасы.

