5-лекция.

Тақырыбы: Құрамдас операторлар. Шартты операторлар (if…then…else).

Жоспар:

1.Құрамдас операторлар. Құрылымдық операторлар.

2.Логикалық амалдар. Айнымалылардың логикалық типі.

3.Шартты операторлар (if…then…else).

    Сызықтық программада операторлар ретiне қарай бiрiнен соң бiрi орындалады. Мұны программаның табиғи реттiлiкпен орындалуы дейдi. Тәжiрибеде көптеген есептер мұндай сызықтық құрылымға келе бермейдi. Олар құрамдас операторлар немесе құрылымдық операторлар арқылы ұйымдастырылады. Есептердi шешуде есептеу жолдары тәуелдi болатын шарттар жиi кездеседi.

Шартты оператор екі жағдайдың біреуін таңдауға мүмкіндік береді және таңдау бағдарламаның орындалу барысында жасалынады. Шартты оператордың екі түрі қолданылады:

1)      IF B THEN S1

2)      IF B THEN S1 ELSE S2

мұндағы В – буль типті өрнек, S1, S2 – бір немесе бірнеше операторлар.

Шартты оператордың бірінші түрінде, В өрнегінің мәні TRUE болса, онда THEN сөзінен кейін жазылған S1 операторы орындалады. Егер В FALSE мәнін қабылдаса, онда бұл оператор орындалмайды.

Шартты оператордың екінші түрін қарастырсақ, егер В өрнегінің мәні TRUE қабылдаса, онда THEN сөзінен кейін жазылған S1 операторы орындалады да, S2 операторы орындалмайды. Ал егер В өрнегі FALSE мәнін қабылдаса, онда ELSE сөзінен кейін жазылған S2 операторы орындалады, S2 орындалмайды.

Шартты оператор бір ғана операторды басқаратындығын ойдан шығармау керек. Егер операторлар саны бірден артық болса құрама операторларды қолдану керек. Мысалы, бүтін типті айнымалылар X, Y сәйкес 5 және 23 мәндерін A<0 болса меншіктеп, қарсы жағдайда нөлді меншіктейтіндей бағдарлама құру керек болсын. Сәйкес бағдарламаны төмендегідей түрде жазуға болады:

IF A<0 THEN BEGIN X:=5; Y:=23 END

                          ELSE BEGIN X:=0; Y:=0 END;

Мұндай операторлар ретінде шартты операторлар да болуы мүмкін, практикада оның екі варианты қолданылады:

1)      Шартты оператордың бірінші түріндегі IF B1 THEN S1 оператор S1 өз алдына шартты оператор болуы мүмкін, онда төмендегідей конструкцияны аламыз:

IF B1 THEN IF B2 THEN S11

Бұл конструкцияға блок – сызба (сурет 1) сәйкес келеді.

Шартты оператордың бірінші түріндегі S1 операторы өз алдына екінші түрдегі шартты оператор болуы мүмкін, онда

IF B1 THEN IF B2 THEN S11 ELSE S12

түрдегі конструкцияны аламыз. Бұған сурет 2 – де көрсетілген блок - сызба сәйкес келеді.


 

1)      IF B1 THEN S1 ELSE S2 – жағдайын қарастырайық.

S1 операторы бірінші түрдегі шартты оператор, S2 – кез келген басқа оператор болсын, онда төмендегідей конструкцияны аламыз:

IF B1 THEN BEGIN IF B2 THEN S11 END ELSE S2

Бұл жағдайда сурет 3 көрсетілген блок – сызба сәйкес келеді.

S1 және S2 ретінде шартты операторлардың бірінші, екінші түрлерін қолдануға болады.

Логикалық операциялар мен өрнектер.

Буль типтес айнымалыларда FALSE, TRUE мәндерін екі элементтен тұратын реттелген жиын деп қарастыруға болады. Буль типті айнымалылар үшін FALSE<TRUE орынды, олай болса қатынас операцияларын (=, <>, <, >, <=, >=) қолдануға болады.

Логикалық типтерге қолданылатын операциялар:

AND (коньюнкция, логикалық көбейту.

OR (дизьюнкция, логикалық қосу).

NOT (терістеу)

ХОR (модулі бойынша көбейту.

Логикалық өрнекте қолданылатын операциялардың орындалу реті:

Реті

Амалдар

1

поt, @

2

* , / , div, mod, and, shl, shr

3

+, - , ог, хог

4

=,<> ,   <, >, <=, >=, іn

Тармақталу алгоритмi алгоритмдiк тiлiнде егер командасы арқылы жүзеге асырылатынды. Тармақталу командасының толық және толық емес деп аталатын түрлерi бар:

а) If <шарт> then  <оператор1>  else <оператор2>;

ё) if<шарт>then <оператор>;

ІЅрама шарттарды» жазылуы:

     Математикада

                 0<x<1, x=0 немесе x5

     Паскаль тiлiнде

                 (x>0) and (x<1), (x=0) or (x<>5)

   Программалау тiлдерiнде шартты јту операторы - IF.

Шартсыз өту операторы GOTO есептеудi одан әрi жалғастыруда прорамманың келесi кезекте орындалатын операторын көрсету үшiн, яғни программаның қандай да бiр бөлiгiн орап өту үшiн қолданылады. Оператордың жазылу үлгiсi: GOTO k. Мұнда к – қатар номерi;     GOTO (өту) –оператордың  аты; k - GOTO операторынан соң орындалатын операторлық қатардың номерi. Осылайша GOTO операторы программаның табиғи реттiлiкпен орындалуын жазады. Кейде бiр жолға номер қою керек болады. Ол GOTO операторы үшiн керек.    PASCAL тiлiнде шарттар жақшаға алынып жазылады.

1-мысал, y=      функциясының мәнiн есептеу керек.

Шешуi: Program misal1;

 Var x,y:real;

Begin                                                           

Write('x=?');readln(x);

if x>=1 then y:=x*x+4 else  y:=2*x+3;                                                                    

write('y=',y)                                                                

еnd.

7-лекция. Таңдау операторы (case…of…end).

1.      CASE…OF  құрылымы.

2.      Таңдау операторы (case…of…end).

3.      Таңдау алгоритіміне берілген есептерді бағдарламалау.

 

Берілген өрнектің мәніне байланысты бірнеше операторлардың біреуін орындау керек болса, программалада таңдау операторы қолданылады. Таңдау операторының жалпы түрі:

Case m of

Тұрақты 1:оператор 1;

Тұрақты 2:оператор 2;

........................................

Тұрақты 1:оператор 1;

END;

Мұндағы Case (жағдай), of (бойынша), end (соңы) – қызметші сөздер, m - өрнек

Өрнек - Real типiнен басқа кез келген скалярлық типте берiлген айнымалы. Оны сұрыптаушы деп атайды. Яғни, Case – m сұрыптаушысы бойынша таңдау операторы. m айнымалының мәнi жадқа осы оператордың орындалуынан бұрын енгiзiлуi тиiс. Мұндағы m - Integer не 1..3 шектеулi типтi айнымалы. END операторынан соң нүктелi үтiр қойылады.

 1-мысал. Апта күндерін экранға шығаратын программа құру керек.

Program apta_kun;                                                                 

var number : integer;                                                           

begin write('апта күндерінің номерін енгізіңіз');

 readln(number);                                         

case number of                                                                    

1: writeln ('дүйсенбі');

2:  writeln('сейсенбі');

3: writeln('сәрсенбі');

4: writeln ('бейсенбі');

5:  writeln('жұма');

6: writeln('сенбі');   

7: writeln ('жексенбі')

         end;                                                                         

end.

 

2-мысал. Бірінші қатарға екі санды енгізуді, келесі қатарға +,-,*,/ амалдарының бірін енгізуді сұрап, сұраныс бойынша амалдарды орындайтын программа құрыңыз.

Program misal_2;

var x,y,z : real; operation:char;

begin write('x,y сандарын енгізіңіз:');

 readln(x,y);

       write('операциялық амалдарды енгізіңіз:');

        readln(operation);

case operation of

'+' : z:=x+y;

 '-' : z:=x-y;

 '*' : z:=x*y;

 '/' : z:=x/y;

         end;

       writeln('natije=',z);

end.

Нәтиже: x,y сандарын енгізіңіз: 5 9

Операциялық амалды енгізіңіз:  +

natije=14

3-мысал.  функциясының мәнiн таңдау операторын пайдаланып есептеу керек.

Program man;                                                                 

var m,x,y:integer;                                                           

begin write('x=?');

 readln(x);                                          

if  x<3 then m:=1;                                                           

if  x=3 then m:=2;                                                            

if x>3 then m:=3;                                                            

case m of                                                                    

1: y:=x*x+2*x-1;                                                              

2: y:=8*x-2;                                                                  

3: y:=x*x+5;                                                                   

         end;                                                                         

writeln('y=',y)     

end.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Таңдау операторының жазылуының жалпы түрін көрсетіңіз?
  2. Таңдау операторының қызметші сөзрін атап, олардың мәніне тоқталыңыз.
  3. Таңдау операторы қандай жағдайда пайдаланылады?
Таңдау операторына мысалдар келтіріңіздер

 

 

1-лекция

 

14-лекция

13-лекция

12-лекция

11-лекция

10-лекция

9-лекция

8-лекция

7-лекция

6-лекция

5-лекция

4-лекция

3-лекция

2-лекция

Күндізгі бөлім және қашықтан білім беру жүйесіне арналған электронды оқулық