7- лекция.
Тақырыбы: Параметрлі цикл операторы (for…to…do… және for…downto…do).
Жоспар:
- FOR…TO (DOWNTO)…DO құрылымы.
- Параметрлі цикл операторы (for…to…do… және for…downto…do).
- Бағдарламада циклдарды ұйымдастыру.
Бірнеше рет қайталанылатын әрекеттерді ұйымдастыру үшін Паскаль тілінде арнайы қайталау немесе циклдік операторлар қолданылады. Паскаль тілінде циклдік операторлардың үш түрі қолданылады: параметрлі қайталану, цикл – әзір, цикл – дейін командалары. Егер цикл денесінің қайталану саны алдын – ала белгілі болса, параметрлі қайталану командасын қолдану тиімді.
Параметрлі қайталану командасының жазылу форматы:
FOR P:=NV TO KV DO A немесе
FOR P:=NV DOWNTO KV DO A
мұндағы, P – циклдік параметрі,
NV – цикл параметрінің алғашқы мәні,
KV – цикл параметрінің соңғы мәні,
А – қарапайым немесе құрама оператор.
Оператордың орындалуы P<=KV шартын тексеруден басталады, егер шарт орындалмаса А операторы орындалмайды, басқару қайталану командасынан кейін жазылған операторға беріледі.
Егер шарт орындалса, А операторы орындалады, Р параметріне оның қабылдайтын келесі мәні P:=SUCCC(P) (TO циклі үшін), P:=PRED(P) (DOWNTO циклі үшін) меншіктелінеді. Әрі қарай барлық әрекеттер қайтадан қайталанады. Параметр қайталану командасында қадамның мәні 1 немесе -1 екендігін естен шығармау керек.
Pascal тiлiнде “үшiн” циклінің жалпы түрде сипатталуы:
FOR <цикл параметрi>:=<бастапқы мән>TO <соңғы мән> DO S
немесе FOR <цикл параметрi>:=<бастапқы мән>
DOWNTO<соңғы мән> DO S
мұндағы FOR … DO цикл тақырыбы; FOR (үшiн), TO (дейiн), DOWNTO (төменге дейiн) - қызметшi сөздер; цикл параметрi Integer типтi айнымалы. Мұнда бастапқы және соңғы мәндер өрнек түрiнде берiлуi мүмкiн. FOR циклiнде параметр Integer типтi болса, оның қадамы 1 не –1 мәндерiнен өзгеше болуы мүмкiн емес (FOR –TO циклында қадам 1-ге, FOR-DOWNTO циклында қадам –1-ге тең). Қадамның басқа мәндерiнде WHILE не REPEAT циклын пайдалану керек. Жоғарыдағы тапсырмада программа мәтіні бұл жағдайда төмендегiше құрылады.
1-мысал. ak=(8k+1)/(19k3-3) қатардың алғашқы 6 мүшесiнiң қосындысын табу керек (n=6, Sn=?).
Программа мәтіні:
Program tizbek;
var n,k:integer; s:real;
begin write('n=?'); readln(n);
s:=0;
for k:=1 to n do
s:=s+(8*k+1)/(19*k*k*k-3);
write('s=', s:8:6);
end.
2-мысал. n! мәнiн есептеу программасын “үшiн” циклі бойынша құру керек.
Program fakt;
var r,n,k:integer;
begin
write('n=?'); readln(n);
r:=1;
for k:=1 to n do
r:=r*k;
write(n,'!=',r);
end.
Бақылау сұрақтары:
1. FOR…TO (DOWNTO)…DO құрылымы.
2. Параметрлі цикл операторы (for…to…do… және for…downto…do).
Бағдарламада циклдарды ұйымдастыру

