Қызметтің кез келген саласында жиі деректердің үлкен көлемдерімен жұмыс жасау қажет. Бұл кездегі негізгі операциялар – бұл ақпаратты жинау, оны өңдеу (қажет деректерді іздеу, сұрыптау және т.б.), деректерді қарап шығуға және баспаға шығаруға арналған формаларды құрастыру болып табылады. Осы барлық функцияларды қамтамасыз ететін ең таңымалды программалық құрал MSAccess деректер қорын басқару жүйесі болып табылады.
Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) сақталынатын файл (құжат).
Деректер базасын басқару жүйесі – бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді.
Сіздерге ұсынылып отырған осы электронды оқу құралында деректер қорын құру және басқару тәсілдері мен амалдарын баян етпекпіз. Жоғарыда көрсетілген тақырыпқа сәйкес, пәнге байланысты жұмыстық-оқу бағдарламасын, күнтізбелік-тақырыптық жоспарды және лекциялар жинағын жеке–жеке көрсетіп өттік. Студенттерге арнап лабараториялық жұмыстарды дайындап, әр жұмыс барысын Визуальді бейнеледік. Қосымша ретінде оқу құралымыздың ішінде студенттердің өзіндік жұмысы мен SYLLABUS қа да мән бердік
Электронды оқу құралының авторлары:
физика-математика ғылымдарының докторы,
доцент Нысанов Ерназар Айдарович

магистр, оқытушы
Джолдасова Меруерт Сейлбековна |