№ 1 Лабораториялық жұмыс (3 сағат)
MS Access-те деректер қорын және кесте құру. Кесте құрудың түрлерімен танысу
Жұмыстың мақсаты: Кесте құруда MS Access деректер қорын жүйелі басқару мүмкіндіктерін үйрету.
Теориялық мәлімет.
MS Access-тегі деректер қоры өзіндегі кесте, есеп, сұраныс, форма т.б. құрамдарымен тұтас объект болады және оларды тұтас дискілік файлда .mdb кеңейтілуімен сақтауға мүмкіндік береді.
Деректер қоры негізгі құрылымдық компоненті кесте болып табылады. Кесте қатарлардан (жазбалар жиынынан) тұрады. Барлық жазбалар құрылымы жиында бірдей, ал жазба саны кестеде айнымалы. Әр жазбадағы деректер элементі өріс деп аталады.
Кестенің әр өрісіне уникальді ат тағайындалады. Ол бос орындарды қосқанда 64 символға дейін сыйғыза алады. Өріс атында нүкте, леп белгісі, қатарүсті символы (апостроф) және тік жақша қолдануға болмайды. Өріс аты бос орыннан немесе басқару символынан (ASCII 00-31 кодтары) басталмау керек. Өріс аттарының ішкі функция және MS Access қасиеттері аттарымен сәйкес болмағаны дұрыс.
Кесте бағанындағы деректер бір типті болуы керек. MS Access ДҚБЖ -де деректердің 8 типі бар. (1-кесте)
MS Access- те кесте құрудың 3 тәсілі бар: кесте шебері көмегімен, кесте режимінде, конструктор режимінде.
MS Access ДҚБЖ -де деректердің типтері
1-кесте
Деректер типі |
Пайдаланушы |
өлшемі |
Мәтіндік |
Алфавитті-цифрлық деректер |
255 байт |
Memo өрісі |
Алфавитті-цифрлық деректер – сөйлемдер, жаңа жол, мәтіндер |
64 кбайт |
Сандық |
Сандық деректер |
1, 2, 8 және 16 байт |
Дата/уақыт |
Дата және уақыт |
8 байт |
Ақшалық |
Ақша суммасы туралы деректер. Үтірден кейін 4 таңбаға дейін |
8 байт |
Счетчик |
Есептегіш |
4 байт |
Логикалық |
Логикалық деректер |
1 бит |
OLE объектісі |
Диаграммалар, суреттер және Windows-тың қосымшаларының басқа да объектілері |
1 гбайт |
Жұмыстың орындалу реті:
- MS Access-ті іске қосыңыз. Бұл үшін MS Office панелінде орналасқан MS Access пиктограммасын басыңыз немесе Іске қосу (Пуск)–Программалар-MS Access командаларын орындаңыз немесе “Менің компьютерім” терезесінен MS Office папкасы ішінен MS Access пиктограммасын таңдаңыз.
- “Деректер қорын құру” терезесінен “Жаңа деректер қоры” ауыстырып-қосқышын таңдаңыз.
- “Жаңа деректер қоры файлы” терезесінде деректер қоры файлы орналасатын диск және каталогты (папканы) көрсетіп, файл аты өрісіне файлдың атын енгізіңіз. ОК батырмасын басыңыз.
- “Деректер қоры” терезесінде “Кесте” батырмасын таңдап, “Құру” батырмасын басыңыз.
- “Жаңа кесте” терезесінде жаңа кестенің құрылымын құру режимі – Конструкторды таңдаңыз.
- Кестенің Конструктор терезесінде әр өріске ат беріңіз және типін таңдаңыз.
Өрістің типін беру үшін «Деректер типі» бағанындағы сәйкес ұяшықты шертіңіз. Таңдалған ұяшықтың оң жағында пайда болатын тізім символын ашып, керекті типті таңдаңыз. Әр өріске қасиеттер беріңіз (қасиеттер тізімі деректердің таңдалған типіне тәуелді болады).
- Өріс өлшемі - өрістердің максимальді өлшемін береді. Сондықтан деректерге өріс өлшемі төмендегідей болады:
- байт – 0-ден 255-ке дейін бүтін сандар, сақтау кезінде 1 байт орын алады.
- бүтін (целое) – -32768-ден 32767-ге дейінгі бүтін сандар, 2 байт орын алады.
- Ұзын бүтін (длинное целое)- -2147483648-ден 2147483647-ге дейінгі бүтін сандар, 4 байт орын лады.
- Жылжымалы нүктелі (с плавающей точкой) (4 байта) – «-3,4*1038-ден 3,4*1038-ге» дейінгі 6 таңбалы дәлдікке дейінгі сандар
- Жылжымалы нүктелі (с плавающей точкой)(8 байта) – «-1,797*10308-ден 1,797*10308-ге» дейінгі 10 таңбалы дәлдікпен берілетін сандар
- Өріс өлшемі (Размер поля) – берілген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын анықтайды.
- Өріс форматы – өріс мазмұнын бейнелеу тәсілін береді.
- Қолтаңба – сәйкес өріс атына басқа баған тақырыбын береді.
Бұл пайдаланылатын өріс атына қарағанда ұзын және түсінікті баған тақырыбының болуы керек жағдайда пайдалы.
-Енгізу маскасы (Маска ввода) – енгізілген символдарды тексеруді автоматтандыруға мүмкіндік беретін формат береді.
Енгізу маскасы деректердің позицияда қандай мөлшерде және қандай типте енгізілетінін көрсететін тұрақты символдардан (жақша, нүкте немесе дефистер) және арнайы символдардан тұрады. Енгізу маскасы деректердің анықталған форматқа және де әр позицияға енгізілген мәннің берілген типіне сәйкестігін қамтамасыз етеді. Енгізу маскасын беру үшін пайдаланылатын символдар 2-кестеде көрсетілген.
- Үндемеген кезде қабылданатын мән (Значение по умолчанию) - өріс мәні ретінде автоматты түрде тағайындалатын мәнді береді.
- Мәнге қойылатын шарт - өріске енгізілетін деректерге қойылатын шартты анықтайды. Енгізілетін деректер көрсетілген шартқа сәйкес емес болса қате туралы хабарлама шығады.
- Қате туралы хабарлама – деректерді енгізу кезінде Мәнге қойылатын шарт қасиетінде көрсетілген шарт орындалмаған жағдайда шығатын хабарламаны анықтайды.
- Міндетті өріс –деректер қорын толтырғанда берілген өрісті міндетті түрде толтыруды қажеттігін анықтайтын қасиет. Егер бұл қасиет мәні «иә» болса, онда жаңа жазба енгізу кезінде осы өріске мән енгізу қажет. Бос (Null) мәндер бұл өрісте жіберілмейді.
- Индекстелген өріс – берілген өрістің индекстелгендігін, егер солай болса қай режимде екенін анықтайды. Егер өріс индекстелген болса, онда жүйеде ДҚБЖ құралдарымен деректерге енуді жылдамдатуды қамтамасыз ететін берілген өрістің мазмұнының реттелген тізімі құрылады. Индекстелген өрістің «Жоқ» қасиетінің: «жоқ» (мәні бастапқы келісім бойынша) – индекс құрылмайды; «иә» (сәйкестіктер жіберіледі) – индексте қайталанатын мәндер жіберіледі; «иә» (сәйкестіктер жіберілмейді) – қайталанатын мәндер индексте жіберілмейді.
Енгізу маскасын беру үшін пайдаланылатын символдар
2-кесте
символ |
қызметі |
0 |
0-ден 9-ға дейінгі сандар (енгізу міндетті; «+» және «-» символдары жіберілмейді) |
9 |
Цифр немесе бос орын (енгізу міндетті емес; «+» және «-» символдары жіберілмейді) |
# |
Цифр немесе бос орын (енгізу міндетті емес) |
L |
әріп (А-дан Z-ke немесе А-дан Я-ға дейін, енгізу міндетті ) |
? |
әріп (әріп (А-дан Z-ke немесе А-дан Я-ға дейін, енгізу міндетті емес) |
A |
әріп немесе цифр (енгізу міндетті) |
a |
әріп немесе цифр (енгізу міндетті емес) |
& |
Кез-келген символ немесе бос орын (енгізу міндетті) |
C |
Кез-келген символ немесе бос орын (енгізу міндетті емес) |
.. ; : - / |
Ондық бөлгіш және мыңдық бөлгіш, дата және уақыт мәндері |
< |
Келесі символдардың барлығын төменгі регистрге ауыстыру |
> |
Келесі символдардың барлығын жоғарғы регистрге ауыстыру |
! |
Енгізу маскасын солдан оңға қарай емес, оңнан солға қарай толтыруды көрсетеді |
\ |
Кез-келген символды мәтіндік тұрақты ретінде енгізуді көрсетеді, ол масканың арнайы символы болса да |
пароль |
Пароль енгізу үшін өріс құру. Өріске енгізілген кез-келген символ символ болып сақталады, бірақ (*) жұлдызша болып бейнеленеді |
Арнайы мәтіндік өрістер және Memo өрістер үшін форматтар төмендегі символдар көмегімен құрылады:
Бос орын – «бос орын» символы форматқа «бос орын» клавишасын басу арқылы енгізіледі және шығатын мәнде бейнеленеді.
«АВС» - тырнақшаға алынған символдар жиыны шығады.
*- «*» символынан кейінгі мүмкін бос кеңістікті символмен толтыруға мүмкіндік береді. Мысалы, «АВСD»*х форматтау қатары өрісті 8 символды өлшеммен «АВСDхххх» қатарымен толтырады.
[цвет] – мән тік жақшада көрсетілген түспен шығады.Мүмкін түстер аты: Қара - Black, Жасыл - Green , Көгілдір - Cyan, Қызыл - Red, Алқызыл - Magenta, Сары - Yellow, Ақ - White, Көк - Blue.
Мәтіндік және Memo өрістері үшін форматтар нүктелі үтірмен бөлініп тұратын екі бөлімнен тұруы мүмкін. Бірінші бөлімі – форматтың өзі болып табылады, ал екіншісі егер деректер оған енгізілмеген болса өріс мәнін анықтайды,.
- Кестеде кілттік өріс көрсетіңіз. Өрісті таңдап Аспаптар панелінде Кілт пиктограммасын таңдаңыз. Құрамдық кілт құру үшін <Ctrl> клавишасын баса отырып қажетті өрістерді таңдап, Аспаптар панелінде Кілт пиктограммасын басыңыз. Кілттік өріс деректері автоматты түрде өсу реті бойынша сұрыпталады. «Өріс қасиеті» облысында «Индекстелген өріс» өрісінде «Иә» (сәйкестіктер жіберілмейді) мәні болады, «Обьязательное поле» өрісінде «Иә» мәні болады.
- Кестенің құрылған құрылымын Файл-…деп сақтау командаларын орындап «Сақтау» терезесінде кестенің атын беріңіз.
- Кестеге деректер енгізіңіз. Ол үшін кестенің жобалау режимінен толтыру режиміне өтіңіз. Аспаптар панелінде толтыру режимі батырмаларын Кесте түрі (пиктограммалар қатарындағы сол жақтағы бірінші) немесе негізгі мәзірдегі Түр-Кесте командасын орындаңыз.
Тапсырма
4-қосымшада көрсетілген тапсырмалардан журналдағы тізімге сәйкес өз варианттарыңызды таңдап деректер қорларын құрыңыздар.
Бақылау сұрақтары
- Деректер қоры деп нені түсінесіз?
- Деректер қорын басқару жүйесі дегеніміз не?
- Деректер қорындағы информациялар қайда сақталады?
- Деректер қорын жобалау кезеңдерін атаңыз?
- Ассеss ті іске қосу және одан шығу әрекеттерін атаңыз?
- Деректер қорының информация сақталатын объектісі.
- Кесте құрылымын қандай элемент анықтайды?
- Кесте құрудың қандай тәсілдері бар?
- Өріс ұзындығы немен өлшенеді?
- Өріс типтерін атап, оларға түсініктеме беріңіз.
№2 Лабораториялық жұмыс (2сағат)
Access деректер қорындағы кестелер арасындағы байланыстарды анықтау және байланыстар түрлерімен танысу. Сыртқы мәліметтермен байланыс жұмыстары
Жұмыстың мақсаты: Кестелер арасындағы байланысты орнатуды үйрену.
Тапсырмалар
Access мүмкіншіліктерінен пайдаланып, деректер қорындағы студент, сессия және стипендия кестелері арасындағы байланысты орнатыңыз.
Студент кестесі құрылымы
3-кесте
Кілт белгісі |
өріс |
өріс типі |
өріс өлшемі |
кілт |
Нөмір |
Мәтіндік |
6 |
|
Фамилиясы |
Мәтіндік |
15 |
|
Аты |
Мәтіндік |
10 |
|
Әкесінің аты |
Мәтіндік |
15 |
|
Жынысы |
Мәтіндік |
1 |
|
Туылған күні |
Дата |
қысқа формат |
|
тобы |
Мәтіндік |
5 |
4-кесте
|
Кесте: Студент |
Нөмір |
Фамилиясы |
аты |
жынысы |
Туған күні |
Тобы |
861801 |
Алтаев |
Орынбасар |
Ұ |
9.08.79 |
13-16 |
861807 |
Аманова |
Айзада |
Қ |
18.11.78 |
13-16 |
861807 |
Ахметова |
Айгуль |
Қ |
15.05.79 |
13-76 |
861806 |
Бекетова |
Сапаркул |
Қ |
24.01.79 |
13-16 |
861809 |
Иванов |
Игорь |
Ұ |
19.08.78 |
13-76 |
861811 |
Босынов |
Әліби |
Ұ |
3.02.79 |
13-16 |
861812 |
Николаева |
Анастасия |
Қ |
17.09.79 |
13-76 |
861815 |
Умбетов |
Аскер |
Ұ |
14.03.78 |
13-76 |
|
|
|
|
|
|
Сессия кестесі құрылымы
5- кесте
Кілт белгісі |
өріс |
өріс типі |
өріс өлшемі |
Кілт |
Нөмір |
Мәтіндік |
5 |
|
Баға 1 |
сандық |
Фиксир. |
|
Баға 2 |
сандық |
Фиксир. |
|
Баға 3 |
сандық |
Фиксир. |
|
Баға 4 |
сандық |
Фиксир. |
|
Нәтижесі |
Мәтіндік |
9 |
6-кесте
|
Кесте: Сессия |
|
Нөмір |
Баға 1 |
Баға 2 |
Баға 3 |
Баға 4 |
Нәтижесі |
|
16493 |
5.00 |
4.00 |
4.00 |
3.00 |
Нхр |
|
16793 |
4.00 |
4.00 |
5.00 |
5.00 |
Хор |
|
16893 |
5.00 |
5.00 |
5.00 |
5.00 |
Отл |
|
16593 |
5.00 |
5.00 |
4.00 |
5.00 |
Хр 1 |
|
16693 |
4.00 |
4.00 |
4.00 |
4.00 |
Хор |
|
|
0.00 |
0.00 |
0.00 |
0.00 |
|
Стипендия кестесінің құрылымы
7-кесте
Кілт белгісі |
өріс |
өріс типі |
өріс өлшемі |
кілт |
Нәтижесі |
Мәтіндік |
3 |
|
Процент |
сандық |
Проценттік |
8-кесте
|
Нәтиже |
Процент |
|
Нашар |
0.00 % |
|
Жақсы |
100. 00 % |
|
Жақсы 1 |
150. 00 % |
|
Өте жақсы |
200. 00 % |
Жұмысты орындау технологиясы:
- Файл-Ашу командасын орындап, sess деректер қорын ашыңыз.
sess деректер қоры деректер қоры диалогтық терезесінде сессия, стипендия, студент кестелер тізімі шығады.
- Деректер схемасы терезесінде деректер қорының екі кестесін орналастырыңыз. Ол үшін мәзірдегі Түзету-Деректер схемасы командасын орындаңыз. Бұл әрекеттерден соң экранға Деректер схемасы терезесі екі кестемен шығады.
- Деректер схемасы терезесіне үшінші кестені қосыңыз. Ол үшін:
- мәзірдегі Байланыстар-Кесте қосу командасын орындаңыз;
- Кесте қосу терезесіндегі тізімнен керекті кестені таңдаңыз. (Курсорды кесте атына қойып, Қосу батырмасын басыңыз).
Кесте 1- суретте бейнеленгендей етіп орналасады.
- Сессия және Студент кестелері арасына байланысты орнатыңыз. Ол үшін:
- тышқан курсорын Студент кестесіндегі Нөмір өрісінен Сессия кестесіндегі Нөмір өрісіне алып барыңыз.
- экранға шыққан Байланыстар диалогтық терезедегі Деректер бүтіндігін қамтамасыздандыру-ға белгі орнатыңыз, содан соң Бірі-біріне байланысты таңдаңыз да Құру батырмасын басыңыз.
- Стипендия және Сессия кестелері арасындағы байланысты орнатыңыз. Ол үшін:
- тышқан курсорын Стипендия кестесіндегі Нәтижесі өрісінен Сессия кестесіндегі Нәтижесі өрісіне дейін алып барыңыз;
экранға шыққан Байланыстар диалогтық терезесінен Деректер бүтіндігін қамтамасыздандыру-ға белгі орнатыңыз, сонан соң Бірі-көбіне байланысын таңдаңыз да Құру батырмасын басыңыз. Нәтижеде Деректер схемасы терезесі 2 – суретте бейнеленген көрініске өтеді.
Кестелер арасындағы байланысты орындау. (2-сурет)

6) Кестелер арасындағы байланысты компьютер жадына сақтаңызда, деректер схемасы режимінен шығыңыз. Бұның үшін мәзірдегі Файл-Макетті сақтау пунктін таңдаңыз, ал сонан соң Файл-Жабу командасын орындаңыз. Экранда деректер қоры терезесі ашылған түрде қалады.
7) Файл-Жабу командасын орындап, деректер қорын жабыңыз.
Бақылау сұрақтары
- Кестелер арасындағы байланысты қалай орнату мүмкін?
- Аccess те байланыстың қандай типтерін жасау мүмкін.
- Бірі көбіне (один ко многим) байланысты орнату?
Тапсырма
4-қосымшадағы өз варианттарыңыз бойынша құрған деректер қорларыңыздың кестелері арасында байланыс орнатыңыздар
№3 Лабораториялық жұмыстар(3 сағат)
Microsoft Access ортасында форма құру және оны қолдану. Форма құрудың түрлерімен танысу. Конструктор және шебер режимдері
Жұмыстың мақсаты - енгізу формаларын құрудың, өңдеудің және берілген-дерді көрудің практикалық әдістерін алу.
Теориялық мәлімет
Форма — бұл берілгендер енгізілетін толтырылмаған облысы бар структуралық құжат болып табылады.
Access-те формалар берілгендер кестесі және сұраныстардан тұратын қолданушы интерфейсін құрастыруға қызмет етеді. Форманың құрамы және оның сыртқы көрінісі МҚ-ның нақты қосымшасына тағайындалуына байланысты. МҚ-ның қосымшасының үш типі бар:
- Транзакцияларды өңдеу қосымшасы. Бұл кестеге жаңа жазбаларды қосуға және оларды редактрлеуге арналған.
- Шешім қабылдауды қолдау қосымшасы. Мұндай қосымшаларда ақпарат график түрінде, кестелер немесе берілгендердің жеке элементтері ретінде көрсетіледі. Мұнда берілгендерді енгізу және оларды редактрлеу мүмкіндігі болмайды.
- МҚ-н қолдау қосымшасы. Бұл қосымшалар МҚ-н және МҚ кестелерін құруға, МҚ-на енуді бақылайды, мәліметтерді пароль арқылы қорғау, мәліметтерді көшіруді қамтамасыз етеді.
Access-те формалар құру үшін мыналар қолданылады:
- Кесте немесе сұраныс бойынша автоматты түрде форма құру. Құрастырушыға автоформаның үш түрі ұсынылады:
- «бағана» бойынша ұйымдастырылған форма: форма өрістері бірінен кейін бірі орналасқан.
- ленталық форма: өрістер формада кестенің бүкіл терезесіне орналасқан; форма бір уақытта бірнеше жазбаларды қарап шығуға мүмкіндік береді және сызықтық айналдырмасы болады.
- кестелік форма, түрі бойынша кестеге сәйкес келеді.
- Форма шебері. Форма шебері форма құру процесін бірнеше этапқа бөледі. Әр этапта форма шеберінің диалогты терезесіне кейбір параметрлерді енгізуге тура келеді. Форма шебері көмегімен бір кесте (сұраныс) негізінде сұраныс құруға болады сонымен қатар бірнеше кесте және сұраныс негізінде де болады.
- Форма конструкторы. Конструктор форма структурасын құруға, оның сыртқы көрінісін өзгертуге, басқару элементтерін қосуға және жоюға қолданылады.
Конструктор терезесінде форма бес бөлімнен тұрады (3-сурет ): форма тақырыбы, берілгендер облысы, жоғарғы және төменгі колонтитулдар және форма ескертулері. Форма тақырыбы форманың жоғарға бөлігін анықтайды, көп беттік форманы шығарғанда тек бірінші бетте көрінеді. Форма тақырыбына мәтін, графика және басқа басқару элементтерін орналастыруға болады.Берілгендер облысы – мәліметтер көзінен алынған берілгендерден тұратын форманың негізгі бөлімі. Форма ескертуі форманың төменгі бөлігін анықтайды, көп беттік форманы шығарғанда тек соңғы бетте көрінеді. Формада тек қана берілгендер облысы ғана маңызды болып келеді. Форма бөлімдерін қосу және жою үшін Вид менюінің пункттерін қолданыңыз.

Форма берілгендерге ену мүмкіншілігін беретін басқару элементтерінен тұрады. Басқару элементтеріне тексттік өрістер, батырмалар, жалаушалар, ауыстырып-қосқыштар, өшіргіштер, тізімдер, жазбалар, суреттер, графиканы көрсету үшін обьектілер рамкасы және OLE обьектілері жатады (Қосымша 3). Басқару элементтері меню (4-сурет ) командаларын қолдану арқылы немесе батырмасы арқылы активизациялайтын элементтер панелінде орналасқан.

Конструктор режимінде барлық форма элементтері обьектілер ретінде ұсынылған. Обьект таңдалғаннан кейін ол қара квадратты рамкамен қоршалады. Квадраттар обьектілер өлшемін өзгертуге қызмет етеді. Обьектіні орнын ауыстыруға, оның қасиетін беруге, обьектімен байланысқан оқиғаны бағдарламалауға болады. Әр обьект контексті менюмен қамтамасыз етілген.
Форманың түсін және оның элементтерін өзгертуге болады. Форма шебері арқылы құрылған формада оның бөлімдерінің фоны форма құру барысында таңдалған стильге байланысты. Конструктор режимінде түсті өзгерту үшін: форманың бөлімін немесе элементін ерекшелеңіз;тышқанның сол батырмасын
белгіленген бөлімнің бос облысына шертіңіз; (тақырып, берілгендер облысы немесе ескерту),немесе форма элементіне шерту керек; құрал-саймандар тақтасындағы Формат(форма/отчет) Цвет заливки батырмасының сол жағына шертіңіз; палитрадан керекті түсті таңдаңыз.
Форманың фоны ретінде .WMF немесе .BMP. форматындағы графикалық файлында сақталатын растрлық суреттерді қолдануға да болады. Фондық суретті қосу үшін: Конструктор режимінде форма конструкторының жоғарғы сол жақ бұрышында квадратқа тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз (қара квадрат пайда болуы тиіс); Форма конструкторы құрал-саймандар тақтасындағы Свойства батырмасын басыңыз; Макет топтамасын ашыңыз, найдите на ней свойство Рисунок қасиетін тауып алыңыз, енгізу өрісіне файл атын және жолын енгізіңіз.
Форма бір немесе бірнеше кесте негізінде құрылады. Көп кестелі формаға бірнеше кестелерді біріктіретін сұраныс негізінде құрылған формалар жатады, сонымен қатар құрамына басқа формалар енгізілген формалар жатады. Басқа формаға құрылған форма бағыныңқы форма деп аталады. Осыған байланысты бағыныңқы формадан тұратын форма - бас форма деп аталады. Әдетте мұндай кестелер байланысқан кестелерден берілгендерді көрстеу үшін қолданылады.
Access-те көп беттік форма құрылуы мүмкін. Басқаша оны түймелі форма депте айтуға болады. Ол үшін конструктор режимін қолданамыз . Формаға Кнопка компонентін орнатымыз да келесі терезе ашылады . 5-сурет

5-сурет
Енді Работа с формой Категориясын таңдап Действия терезесіне көшеміз

6-сурет
Тапсырма
- Өзіңіз құрған МҚ-н ашыңыз. МҚ терезесінде Формалар топтамасына өтіңіз.
- Кесте немесе сұраныс бойынша автоматты түрде форма құру ортасы немесе Форма шеберін өз бетіңізше оқыңыз.
- МҚ-ның бір кестесіне Форма шебері көмегімен берілгендерді енгізу және редактрлеу үшін қарапайым форманы құрыңыз.
- Конструкторрежимінде формамен жұмыс істеңіз.
- Форма терезесі арқылы берілгендерді енгізіңіз.
- Форма терезесі арқылы жазбаларды редактрлауды жүргізіңіз.
- Басқару элементтерінен: жалаушалардан, ауыстырып-қосқыштар және сөндіргіштер, тізімі бар өрістен тұратын форма құрыңыз.
- Формаға сурет қосыңыз.
- “Один-ко-многим” арқылы байланысқан кестелер үшін көп кестелік форма құрыңыз.
- Байланыспаған кестелер үшін көп кестелік форма құрыңыз.
- Қорытынды нәтижені көрсету үшін арналған есептелетін өрістерден тұратын форма құрыңыз.
- Форманың біреуіне Кнопка басқару элементін қосыңыз. Батырмалармен жазбаларды өңдеу немесе формамен жұмыс істеу, сұраныстар арасында ауысулар байланысуы тиіс.
Тапсырманың орындалуының кезектілігі
Қарапайым форма құру
- МҚ-ы терезесінде Формалар топтамасына өтіңіз, Создать батырмасын шертіңіз, Форма шеберін таңдаңыз, кесте атауын беріңіз.
- Форма шеберіндегі кезекті қадамдарды орындаңыз:
- формада көрсету үшін өрісті таңдаңыз;
- форманың ішкі түрін таңдаңыз, мысалы, бір бағана бойынша;
- ұсынылған тізімнен форма стилін таңдаңыз;
- форма атын беріңіз;
- Изменить макет формыауыстырып-қосқышын таңдаңыз;Форма проектісі Конструкторрежимінде ашылады.
- Форма терезесі өлшемін онымен жұмыс істеу ыңғайлы болатындай етіп өзгертіңіз немесе форма өлшемін максималды етіңіз.
- Барлық өрістерді сол жаққа олардың сол жақ шектері үш сантиметр болатындай етіп орналастырыңыз. Барлық өрістерді ерекшелеңіз, Форматменюінен Выровнятьопциясын таңдаңыз және ішкі менюден По левому краюопциясын таңдаңыз. Өрістерді өз қалауыңызша орналастыруыңызға болады.
- Форма өрістерінің қасиеттерін анықтаңыз:
- өрісті ерекшелеңіз;
- Вид/Свойство меню пункттерін ашыңыз;
- кестеде санағыш болып келетін өріс үшін Доступқасиетіне Нетмәнін орнатыңыз, Блокировка қасиетіне Да мәнін орнатыңыз.
- Егер қажет болса өріс жазбаларын редактрлеңіз. Жазба құрамын өзгерту үшін курсорды жазбаға апарып орнатыңыз, оны өзгертіп, [Enter]-ді басыңыз немесе жазбаны ерекшелеп Вид/Свойстваменю командаларын пайдаланыңыз. Шрифт өлшемін және стилін өзгерту үшін жазбаны ерекшелеп алып, құрал-саймандар тақтасындағы Формат мүмкіншіліктерін пайдалану қажет. Жазба өлшемін құрамындағы текст өлшемі бойынша құру үшін Формат/Размер/По размеру данных командасын орындаңыз.
- Формаға Тақырып беріңіз.Бұл үшін
- Форма тақырыбы бөліміне шертіңіз (егер ол жоқ болса, Видменю пункттерін пайдаланыңыз);
- бөлік өлшемін өзгертіңіз: курсорды бөлік шекарасына орнатыңыз, тышқан көрсеткіші горизонталь түрде немесе вертикальды екі бағытты бағыттауыш түрінде көрінеді, тышқанды шертіп, шекараны өзгертіңіз;
- элементтер панеліндегі Надписьбатырмасына шертіңіз; сосын курсорды орнату үшін Форма тақырыбы бөлімінің сол жақ шекарасына шертіңіз;
- форма атын беріңіз және [Enter] батырмасын шертіңіз;
- Құрал-саймандар тақтасынан Формат (форма/отчет) таңдаңыз; шрифт өлшемін және типін өзгертіңіз;
- Форматменюінен Размеропциясын таңдаңыз және ішкі менюден По размеру данныхопциясын таңдаңыз;
- тақырып жазбасына шертіңіз, курсорды рамканың жоғарғы сол жақ квадратына орнатыңыз және жазба жақсы көрінетіндей етіп орналастырыңыз;
- Қажет болған жағдайда Форма тақырыбы бөлімінің өлшемін өзгертіңіз, ол жазбаның ұзындығымен тура келуі тиіс.
- Форма бөліміне тышқан батырмасын екі рет шертіңіз. Форма қасиеттері терезесі пайда болады. Данныетоптамасындағы Разрешить добавление, Разрешить изменение, Разрешить удалениеқатарына ДАмәнін енгізіңіз.
- Форманы Формалар режимінде шығарыңыз (Вид/Режим формыменюі немесе Видбатырмасы). Егер де өзгертулер енгізілмейтін болса, онда форманы сақтаңыз, кері жағдайда Конструктор режиміне оралыңыз.
- Форма терезесі арқылы мәліметтерді енгізіңіз:
- Форманы ашыңыз, форма режиміне өтіңіз.Форманың тексттік өрістерінде мәліметтер көзі болып табылатын бірінші жазба немесе сұраныс өрісінің мәндері шығады.
- Форма режимі құрал-саймандар тақтасындағы Новая запись (►*) батырмасын шертіңіз немесе форма терезесінің төменгі бөлігінде орналасқан Новая запись батырмасын шертіңіз (Новая запись батырмасын шерткеннен кейін жаңа жазба құруды болдырмау үшін алдыңғы жазбаға өту батырмасын шертіңіз). Мәндері ешқандай өзгеріссіз анықталған өрістерден басқа жаңа жазбаның барлық өрістері бос болады. Егер де бұл өрістің Блокировка қасиетінің мәні Нет болатын болса оның өзгеріссіз мәндерін өзгертуге болады;
- берілгендерді енгізіңіз. Енгізілген берілгендер ағымдағы кестеде басқа жазбаға өту кезінде немесе форманың жабылуы кезінде автоматты түрде сақталады.Егер де жазбаның аралық жағдайын сақтап отыру үшін [Shift]+[Enter] пернелер комбинациясын басыңыз немесе Запись/Сохранить запись командасын орындаңыз.
Егер де Форма режимінің құрал-саймандар тақтасындағы Отменить батырмасын дер кезінде бассаңыз немесе Правка/Восстановить запись командасын бассаңыз, жазбаның соңғы сақталуын болдырмауға болады.
- Форма терезесі арқылы жазбаны редактрлеңіз:
- редактрленетін жазбаны таңдаңыз. Бұл үшін форма терезесінің төменгі бөлігінде орналасқан батырмалар навигациясын қолданыңыз немесе навигация батырмаларының арасындағы тексттік өріске жазба номерін енгізіңіз және [Enter] батырмасын басыңыз немесе Правка/Найтименю командаларын қолданыңыз.
- берілгендерді редактрлеуді орындаңыз;
- өзгерістерді сақтаңыз – басқа жазбаға өтіңіз немесе Запись/Сохранить записькомандасын орындаңыз.
Форма арқылы кестенің өрістерін редактрлеуге рұқсат бермеу үшін Форма конструкторы режимінде форма қасиеттері терезесінде Данные топтамасындағы Разрешить изменение қасиетіне Нет мәнін орнатыңыз. Жазбаның нақты өрісіне редактрлеуге рұқсат бермеу үшін Форма конструкторы режимінде форма қасиеттері терезесінде Данные топтамасындағы Блокировка қасиетіне Да мәнін енгізіңіз.
- Форма терезесі арқылы жазбаны өшіріңіз. Ағымдағы жазбаны өшіру үшін Правка/Выделить записькомандасын орындаңыз және [Delete] пернесін басыңыз немесе форма берілгендерінің сол жақ облысында орналасқан жазбаны ерекшелеу батырмасын шертіңіз және [Delete] пернесін басыңыз. Пайда болған терезеде жазбаның жойылуын растаңыз.
- Конструктор режимінде форманың соңғы нұсқасын сақтаңыз.
Элементтер панелі арқылы басқару элементтерін құру
- Конструкторрежимінде форма ашыңыз.
- Басқару элементтерінің орналасу мүмкіндігін ескере отырып форма бөліктерінің өлшемін өзгертіңіз.
- Құрал-саймандар тақтасындағы Шебер батырмасынабасыңыз.Теперь при переносе любого элемента управления с панели элементов в форму будет автоматически открываться соответствующий Мастер. Енді құрал-саймандар тақтасындағы кез келген басқару элементін формаға ауыстырған кезде автоматты түрде сәйкес Шебер ашылады.
Төменде басқару элементінің бірінің құру тәртібі көрсетілген. Басқа басқару элементтерін құру үшін анықтамалық жүйесін қолданыңыз.
Тізім басқару элементін құру (Тізімі бар өріс)
- Элементтер панеліндегі Тізім батырмасын шертіңіз.
- Тышқан көрсеткішін форманың керекті облысына апарыңыз. Тышқан көрсеткіші Тізім басқару элементінің белгісімен крест түріне айналады. Крест ортасы Тізім басқару элементінің жоғарғы сол жақ бұрышының позициясын анықтайды.
- Тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз, оны жібермей тұрып тышқан көрсеткішін тізімнің төменгі оң жақ бұрышына апарыңыз. Тізім көрсете алатын жолдар саны және ағымдағы шрифт типінің символ саны күй қатарында шығарылады. Тізім басқару элементімен керекті өлшемге жеткеннен кейін тышқан батырмасын жіберіңіз. Шебердің бірінші терезесі шығады.
- Тізім қандай мәндерден тұратынын анықтаңыз: кестедегі мән немесе мәнді таңдау кезіндегі сұраныс. Кейінгі диалог өзіңіздің таңдауыңызға байланысты.
- Шебермен ұсынылатын барлық іс-әрекеттерді орындаңыз.
Байланысқан кестелер үшін көп кестелі форма құру
- “один-ко-многим” қатынасымен байланысқан кестені таңдаңыз.
- МҚ-ы терезесіндегі Формалар топтамасына өтіп, Создатьбатырмасын басыңыз.
- Новая форма терезесінен Форма шеберін таңдаңыз, тізімі бар өрісте бас формаға кестені көрсетіңіз.
- Форма шеберінің бірінші терезе диалогындағы Доступные поля тізімінен бас формаға қосқыңыз келетін өрістерді таңдаңыз. Тура осы терезеден Таблицы/запросы тізімі бар өрістен байланысқан кестенің мәліметтерінен тұратын байланысқан кестені немесе сұранысты таңдаңыз. Доступные полятізімінен бағыныңқы формаға қосылатын өрістерді таңдаңыз.
- Шебер ұсынатын барлық қадамдарды орындаңыз.
Бағыныңқы форма басқару элементі болып табылады және бағыныңқы форма шебері көмегімен бас формаға қосуға болады:
- Конструкторрежимінде бас форманы ашыңыз, экранға Элементтер панелін шығарыңыз.
- Берілгендер облысын бағыныңқы форма сиятындай етіп өлшемін өзгертіңіз. Форманың берілгендер облысына тышқанмен Подчиненная форма/отчетбасқару элементін алып келіңіз.
- Шебер ұсынатын барлық қадамдарды орындаңыз.
Егер де бас және бағыныңқы формалар алдын-ала құрылған болса, онда МҚ-ның терезесінің қасына Конструктор режимінде ашылып қойылған форманы және Формалар топтамасын ашып қойыңыз және тышқанмен бас формаға керекті форманы сүйреп апарыңыз, формалар арсындағы формалар автоматты түрде орнатылады.
Байланыспаған кестелер үшін көп кестелік форманы қүру
Формалар байланысы Основные поля және Подчиненные поляқасиеттері арқылы орнатылады.Кестелер арасындағы байланысқа негізделіп, Форма шебері автоматты түрде осы қасиеттерді толтырады. Егер де байланыс орнатылмаған болса, онда байланысқан өрістер болып бірдей атаулардан және сәйкес типтерден тұратын кесте өрістері болып табылады.
- Конструкторрежимінде бас форманы ашыңыз.
- Подчиненная формабасқару элементін таңдаңыз және осы элемент үшін Қасиеттер терезесін ашыңыз.
- Подчиненные поля қасиеті өрісіне бағыныңқы форма базаланатын байланысушы кесте немесе сұраныс атын енгізіңіз.
- Основные поля қасиеті өрісіне бас форма базаланатын байланысушы кесте немесе сұраныс атын енгізіңіз.
Егер де сіз базалық кесте немесе сұраныстардағы өріс аттарын білмесеңіз, өрістерді байланыстыратын Построитель-ді пайдаланыңыз. Кез келген сипатталатын қасиеттің сол жағына батырманы шертіңіз, экранда диалогты терезе пайда болады. Байланысатын кестелерді таңдаңыз. Байланыс бірнеше өрістердің көмегімен орнатылуы мүмкін. Построитель ары кетсе екі өрісті беруі мүмкін, жеткіліксіз өрістерді қасиеттер қатарында үтірлі нүкте арқылы беруге болады. Байланысушы өрістер формаларда міндетті түрде болуы шарт емес, олар базалық кесте мен сұраныстарда болуы міндетті.
Есептелінетін өрістерді құру
Есептелінетін өрістерді құрудың бірінші тәсілі есептелінетін бағаналардан тұратын сұраныстар базасында форма құрылады. Формада мәліметтер көзі ретінде сұраныстың есептелінетін бағанасы көрсетілетін тексттік өріс құрылады. Өріс пайдаланушы ондағы мәліметтерді өзгерте алмауы үшін құлыптанып қалады. Данные вычисляются в процессе выполнения запроса. Құлыптау үшін Конструкторрежимінде Свойстватерезесінде Данныетоптамасындағы Блокировкақатарына ДАмәнін енгізіңіз.
Екінші жағдайда форма кесте базасында құрылады. Онда мәліметтер көзі ретінде сөйлем көрсетілетін тексттік өріс құрылады, мысалы, = [Бірлік бағасы]*Мөлшері.
Тапсырма
4-қосымшадағы өз варианттарыңыз бойынша деректер қоры кестелеріне форма құрыңыздар
№4 Лабораториялық жұмыс (3 сағат)
Microsoft Access-тесұраныстарқұру. Сұраныстарқұрудың түрлерімен танысу. Сұраныс конструкторыжәнесұраныс шеберірежимдері
Жұмыстың мақсаты - әртүрлі типті сұраныстарды құрастырудың практикалық әдістерін алу.
Теориялық мәлімет.
Сұраныс – бұл іздестіруге қойылатын талап, мәліметтер қорында берілгендерді өзгерту және өңдеу болып табылады. Сұраныстарды өрістер көзі ретінде берілгендерге ену үшін формалар, есептер және беттерге қолданылады. Сұраныс Access-те мәліметтер қоры (МҚ) файлында сақталатын және бірнеше рет орындалатын обьект болып табылады.
Access-те сұраныстардың бірнеше түрі бар:
- таңдалынатын сұраныстар;
- параметрлі сұраныстар;
- қиылысатын сұраныстар;
өзгертілетін сұраныстар (кестелерді құру үшін сұраныстар, өшіру, жаңарту, өрістерді қосу);
- SQL сұраныстары (біріктіруге сұраныстар, серверге сұраныстар, басқарылатын сұраныстар, бағыныңқы сұраныстар).
Таңдалынатын сұраныстар қолданушы қойған талап бойынша кестелерден берілгендерді таңдау үшін қолданылады. Сұраныстың нәтижесі динамикалық кесте болып табылады.
Қарапайым сұраныс – таңдау жүргізу үшін бір базалық кесте қолданылатын таңдалынатын сұраныс. Қарапайым сұраныстар берілгендерді элементарлы өңдеу үшін қолданылады.
Күрделі сұраныс –бұл берілгендерді әртүрлі кестелерден және сұраныстардан, сонымен қатар әртүрлі мәліметтер қорынан бір жүйеге біріктіруге мүмкіндік беретін сұраныс. Мұндай сұраныста кестелер ішкі, сыртқы, рекурсивті байланыстар және қатынас бойынша байланысуларды қолдану арқылы бір бірімен байланыса алады. Бұл сұраныстың көмегімен кестені құруға, жаңартуға, өшіруге болады, әртүрлі сұрақтарға жауап алуға болады.
Ішкі байланыстар көбінесе таңдалынатын сұраныстарды құру үшін қолданылады. Егер кестелер «бірден-көпке» қатынасымен байланысса онда бұл байланысу бір кестенің алғашқы кілттік өрісінің мәніне және басқа кестенің сыртқы кілтінің мәніне негізделеді. Сұраныстың нәтижесі ретінде бағыныңқы кестедегі («көп» кесте) сәйкес өрістерден тұратын бас кестенің («бір» кесте) барлық өрістері түседі. Ішкі байланысулар динамикалық жинақтамада сәйкес өрістерді кестелердің біріктірілген өрістері ретінде бір өріс сияқты көрсетеді. Мұндай түрдегі байланысулар егер де кестелерде атаулары бірдей өрістер болса және типтері сәйкес болса, сонымен қатар өрістердің біреуі кілттік болса немесе байланысу Берілгендер схемасында анық берілген болса онда кестелер арасындағы байланыс автоматты түрде жүзеге асады. «Келісімді типтер» көп жағдайда біртекті типтерді білдіреді. Бұл жерде Счетчик типінің ғана қатысы жоқ, ол ұзын бүтін өлшемінен немесе репликация кодынан тұрады және сәйкес өлшем бойынша сандық өрістермен байланыса алады. Access-те ішкі байланыстарды көрсету үшін INNER JOIN резервтелген сөзі қолданылады.
Бір кестенің барлық өрістерін және екінші кестеде байланысқан өрістер сәйкес келетін кейбір өрістерді біріктіру үшін сыртқы байланысуды қолданады. Access-те оң (RIGHT JOIN) және сол (LEFT JOIN) сыртқы байланысулар қолданылады. Кестелерде сол жақ сыртқы байланысуға негізделген сұраныстар бас кестенің («бір» кесте) уникалды кілттік өрісі бар барлық өрістерді бағыныңқы кестенің («көп» кесте) байланысқан өрістерінде сәйкес мәндердің болуына тәуелсіз көрсетеді. Кестелерде оң жақ сыртқы байланысуға негізделген сұраныстар көп кестенің барлық өрістерін бас кестеде олармен байланысқан сәйкес мәндер бар-жоғына тәуелсіз көрсетеді. Көп жағдайында кестедегі өрістер бір кестесіндегі байланысқан өрістері жоқ өрістерді әдетте тәуелді өрістерге жатады. Сондықтан да сыртқы байланысулар МҚ-ның қолдау жүйесінде кестелерден «тәуелді» өрістерді жою үшін және уникалды мәндері бар өрістерден тұратын жаңа кестелерді құру нәтижесінде берілгендерді дубльдеу үшін қолданылады.
Рекурсивті байлданысулар (өздігінен бірігу) бір кестедегі берілгендерді байланыстырады. Access-те өздігінен бірігулер көшірменің өрістерінің кезекті бірігуінен тұратын кестенің дубликатын сұранысқа қосу нәтижесінде құрылады.
Қатынас бойынша байланысу (тэта-байланысу) (=) теңдік операторынан ерекшеленетін салыстыру операторының көмегімен берілгендерді байланыстырады.
Өзгертулерге сұраныс – бұл сұраныс арқылы сұраныстар кестелерінен мәліметтер қорының жаңа кестелерін құруға және кестелерге айтарлықтай өзгертулер енгізуге болады. Мұндай сұраныстар кестелерге жаңа өрістерді қосуға және өшіруге мүмкіндік береді немесе сұраныс конструкторында құрылған қосымшалар арқылы өрістерде өзгертулер енгізуге болады.
Қиылысатын сұраныстар – бұл сұраныстың талабы бойынша бір немесе бірнеше кестелерде соңғы есептеулер орындалады және нәтижелер ағымдық кросс-кесте түрінде беріледі. Жолдар және бағаналар кросс-кесте болып аталады. Қиылысқан сұраныстар мысалы: орташа сағаттық төлемдерді анықтау; жұмыс түрі бойынша және облыс атауы бойынша топтастыру; өнімнің әр түрі бойынша ай бойынша жалпы сатылу суммасын анықтау.
Параметрлі сұраныстар. Мағынасы және құрылымы бойынша көп аналогты сұраныстарды болдырмау үшін, бірақ сұрыптау шарты бойынша әртүрлі мәндері бар сұраныстарды құру үшін параметрлі сұраныстар қолданылады. Параметрлі сұраныс жалғыз бір сұраныс құруға мүмкіндік береді, ол Access осы сұранысты іске қосқан сайын көрсететін диалогты терезе арқылы сұрыптау шартын енгізуге мүмкіндік береді. Параметрлі сұраныстар сұраныстардың жеке типі бола алмайды себебі параметрлі сұраныстар функциясын басқа параметрлі сұраныстар типіне қосуға болады.
Тапсырма
- МҚ құрудағы жеке тапсырмалар шеңберінде әртүрлі кестелерден таңдау жүргізетін қарапайым сұраныс құрыңдар, таңдау жүргізетін сұраныс және әртүрлі топтар үшін қорытынды щығаратын топтастыру сұраныстарын, қиылысқан сұраныстар, есептеу жүргізетін сұраныстар, параметрлі, өзгертулер енгізетін сұраныстармен жұмыс жасаңдар.
- Сұраныстар шебері және Сұраныстар конструкторының көмегімен жоғарыда көрсетілген сұраныстарды құрыңдар. Әр сұранысты сақтаңдар.
- Жұмыс бойынша есепті (отчет) рәсімдеңдер, онда SQL-инструкция және сұраныс бланкасының схемасы сәйкес келетін тілде құрылған сұраныстар қамтылуы керек.
Тапсырманың орындалу реті.
Сұраныстар шебері арқылы қарапайым сұраныс құру
Сұраныстар шебері сұраныс құру үшін қажетті инструкциялармен қамтамасыз етілген бірнеше қадамдар сериясынан тұрады. Сұраныстар шебері терезелерінің арасындағы ауысулар Артқа және Алға батырмаларының көмегімен жүзеге асырылады. Сұраныстар шебері Сұраныстар конструкторына қарағанда мүмкіншілігі төмендеу. Сұраныстар шеберінде құрылған сұраныстар Сұраныстар конструкторында модификациялануы мүмкін. Қарапайым сұранысты құру үшін:
- МҚ терезесіндегі Сұраныстар топтамасына шертіңіз.
- Құру батырмасына басыңыз.
- Жаңа сұраныс терезесінде Қарапайым сұраныс таңдаңыз және OKбатырмасын шертіңіз.
- Қарапайым сұраныс құру (4.1.сурет)терезесіндегі Кестелер және сұраныстар өрісінен құрылатын сұраныс үшін мәліметтер көзі болатын кесте немесе сұранысты таңдаңыз. Сұранысты құру барысында бірнеше кесте немесе сұраныс таңдалынады.
7-Сурет Сұраныстар шеберінің Қарапайым сұраныс құру терезесі
- Құрылатын сұранысқа қажетті өрістерді Доступные поля тізімінен Выбранные поля тізіміне бағыттауыштың көмегімен енгізіңіз. Сұраныстағы өрістер реті Выбранные поля тізіміндегі өрістердің ретіне сәйкес келеді. Далее батырмасын шертіңіз.
- Келесі терезеде (4.2 сурет) подробный немесе итоговый отчетті таңдаңыз. Итоговый отчетті таңдау жағдайында Sum, Avg, Min,Max,сұраныстар мөлшері қорытынды мәндерін есептеу функциясы түрін анықтау үшін Итогибатырмасын шертіңіз.
- Сұраныстар шеберінің келесі терезесінде Задайте имя запроса өрісіне құрылатын сұраныстың атын беріңіз.
8 Сурет - Сұраныс типін таңдау
- Сұранысты ашу түрін таңдаңыз: Открыть запрос для просмотра данных. Сұраныстар шебері жұмысы аяқталғаннан кейін сұраныс терезесі көу режимінде ашылады.
- Готовобатырмасын шертіңіз.
Сұраныстар конструкторы арқылы сұраныстар құру
Сұраныстар конструкторы жаңа сұраныстар құруға және алдын-ала құрылған сұраныстарды модификациялауға мүмкіндік береді. Әдетте өзгертусіз конструктор режимінде сұраныстар терезесінде таңдау жүргізілетін сұраныс құрылады. Сұраныстар конструкторы терезесі екі бөлімнен тұрады: терезенің жоғары бөлімінде кестелер және сұраныстардың графикалық бейнелері, ағымдағы сұраныста қолданылатын берілгендер орналасқан; терезенің төменгі бөлімінде бұрыңғы версияларда үлгі бойынша сұраныс бланкасы деп аталатын (Query By Example – QBE) - бланк запроса орналасқан. Бланк запроса терезесінде қолданушы сұраныс өрісін көрсете алады, берілгендерді сұрыптау критерийлерін құрады және нәтижені шығару тәсілдерін ұйымдастырады.

9-Сурет Сұраныстар конструкторы терезесі
Бір кесте бойынша таңдау жүргізетін сұраныс құру
- МҚ терезесіндегі Сұраныстар топтамасына шертіңіз.
- Құру батырмасына басыңыз.
- Жаңа сұраныс терезесінде Конструкторды таңдаңыз және OKбатырмасын шертіңіз.
- Добавление таблицы терезесінен сұраныс құрылатын кестені (немесе сұранысты) таңдаңыз, сосын Добавитьбатырмасын шертіңіз. Ағымдағы терезені жабыңыз. Ары қарай Сұраныстар конструкторы терезесі шығады (4.3 сурет).
- Сұранысқа өріс қосыңыз. Бұл үшін Запрос на выборку терезесінің жоғары бөлімінде орналасқан таблица-источника-дан керекті өрісті таңдаңыз. Ерекшеленген өрісте тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертіңіз. Осыған орай Сұраныстар терезесінің төменгі бөлімінде сұраныс бланкасында таңдалынған өріске сәйкес келетін бағана пайда болады.
Сұранысқа өріс қосу келесі түрде де болуы мүмкін: ерекшеленген өрісте тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны жібермей тұрып, өрісті сұраныс бланкасының керекті орнына апарамыз; өріс тізімін көру үшін сұраныс бланкасының ұяшығына шерту керек және одан керекті өрісті таңдаймыз; сұраныс бланкасының ұяшығына шертіп өріс атауын беру керек.
Сұранысқа кестенің барлық өрістерін қосу үшін (*) жұлдызша арқылы белгіленген өрістерді ерекшелеу керек. Жұлдызша сұранысты конструкторлау жұмысын жеңілдетеді, бірақ сұрыптауды қиындатады және өрісті сұрыптау үшін енгізу шартын қиындатады.
Әдетте сұраныс өрісінің аты кесте өрісінің атымен сәйкес келеді, бірақ оның атын өзгертуге болады. Бұл жағдайда сұраныс бланкасында сұраныс өрісінің аты қос нүкте арқылы кесте өрісінің алдында көрсетіледі.
- Ешқандай өзгертусіз барлық өрістерде сұрыптау жоқ. Қажет болған жағдайда сұраныс бланкасының Сортировка қатарында бағанның мәндерді шығару түрін көрсетуге болады: өсу немесе кему реті бойынша. Бірнеше өрістерде сұрыптау реті көрсетілген соң өрістер бірінші соңғы сол жақ баған бойынша сұрыпталады, сосын келесі әр баған бойынша солдан оңға қарай сұрыпталады.
- Вывод на экран қатарына сұраныс орындалғаннан кейін өрістер жиынында сіз көргіңіз келетін өрістерге жалаушаларды қойып шығыңыз. Ешқандай өзгертусіз сұраныс бланкасына қосылған барлық өрістер шығады.
- Сұраныс бланкасында Условие отбора қатарынан және Или қатарынан мәліметтер қорынан сұрыптау шартын көрсетіңіз. Шарт логикалық айтылуларды ұсынады.
Сұрыптау шартында бір жолда орналасқан жағдайда AND логикалық операциясы орындалады. Бір өріс бойынша сұрыптаудың бірнеше шартын екі тәсіл бойынша беруге болады: барлық шарттарды OR логикалық операторына қосып Условие отбора жолының бір ұяшығына енгізу керек немесе әр шартты Или жолының жеке ұяшығына енгізу керек. ИЛИ ұяшықтары облысының келесі қатарына өту үшін <¯> пернесін басу керек. Сұраныс бланкасының ұяшығына айтылу пернетақта арқылы жүзеге асырылады немесе оларды құру үшін Построитель выражений қолданылады, ол контекстік менюдегі Условие отбора қатарымен байланысқан Построить командасы арқылы іске қосылады (немесе Access құрал-саймандар тақтасындағы Построить батырмасын басу арқылы)
- Сұраныс нәтижесін Запуск (леп белгісі түрінде белгіленген) батырмасын басу арқылы көріңіз немесе құрал-саймандар тақтасындағы Вид батырмасы арқылы көріңіз.
Сұраныстың қасиетін өзгерту қажет болған жағдайда Сұраныстар конструкторы терзесінің жоғары облысының бос жерін екі рет шертіңіз - Свойства запроса терезесі ашылады.
Конструктор және Шебер режимінде құрылған сұраныстар SQL тілінің командаларын генерациялайды. Бұл командаларды Вид менюінен режим SQL опциясын таңдау арқылы көруге болады.
Сұраныс бланкасына топтық операцияларды қосу
Топтық операциялар өрістер тобы бойынша қорытынды жүргізу керек болған жағдайда қолданылады, мысалы, барлық клиенттер үшін сатудың жалпы суммасын шығару немесе әр ай бойынша сатудың орташа көлемі т.с.с. Сұраныста қорытынды мәндерді есептеу үшін:
- Конструктор запросов құрал-саймандар тақтасындағы S белгішесіне яғни Групповые операциибатырмасын шертіңіз. Сұраныс бланкасында Сортировкақатарында Групповые операцииқатары пайда болады.
- Групповая операцияқатарында Группировкақондырмасын қажетті топтық операцияға ауыстырыңыз, оларды келесі өріс тізімінен таңдайсыз: Sum, Avg, Count, Мin, Max, StDev, Var, First, Last(описание функций – Приложение 1), Expression (выражение), Where (условие), Groupby (группировка).
Выражениеұяшықтағы өріс атауының орнына қандай да бір сөйлемді енгізеді, мысалы кейбір бағаналар бойынша мәндердің аралығын есептеу: Х : Max([X]) – Min([X]).
Условие бұл осы өріс жазбаларды сұрыптау шарты тапсырмасы үшін қолданылатынын көрсетеді. Сұрыптау шарты Условие отбора ұяшығының қатарына жазылады.
3. Сұранысты орындаңыз.
Сұраныс бланкасына есептелетін өрістерді қосу
- Конструктор запросоврежимінде өзіңіз таңдап сұраныс құрыңыз.
- Бағананың атын енгізіңіз, сосын қос нүкте, сосын сөйлемді енгізіңіз. Енгізу үшін
Построитель выражений қолдану үшін Построитьбатырмасын шертіңіз.
- Построитель выражений жоғары бөлімінің енгізу облысында сөйлем құрыңыз.
- Есептелінетін өрістің бағанасында курсорды Групповая операцияқатарына орналастырыңыз және ашылған тізімнен Выражениетаңдаңыз (егер де Выражениеопциясы таңдалмаса онда сұраныстың орындалуы барысында Введите значение параметрадиалогты терезесі шығады немесе қате туралы хабарлама шығады).
- Сұранысты іске қосыңыз.
Көп кестелі сұраныстарды құру
Бір өріс бойынша ішкі байланысулар
- МҚ терезесінен Запросы топтамасын таңдаңыз, Создать батырмасын шертіңіз.
Новый запрос диалогты терезесі ашылады. Конструктор опциясын таңдаңыз.
- Добавление таблицы терезесінен сұраныс құрылатын кезекті екі байланысқан кестені таңдаңыз. Конструктор запросов жоғары бөлімінде байланысқан кестелер шығады.
- Сұраныс бланкасын толтырыңыз.
- Сұраныстың нәтижесін көру үшін Запуск немесе Видбатырмасын шертіңіз.
Аналогты түрде шынжыр тектес үлгіде бірнеше байланысқан кестелері бар сұраныстар құрылады. Сұраныстың нәтижесіне сұранысқа қатысушы барлық кестелерден өрістерді қосуға болады немесе осындай шынжырдың соңында орналасқан кестелерден ғана өрістерді қосуға болады.
Бірнеше өрістер бойынша ішкі байланысулар
Кестелер арасында бірнеше байланысулар берілуі мүмкін және ол кілттік өрістер арасында міндетті емес. Байланысқан өрістер біртипті берілгендерден тұруы керек.
Мұндай байланысуды орындау үшін алдыңғы бөлімдегі 1,2 пункттерді орындаңыз. Сосын Конструктор запроса терезесінде бір кестенің өрістер тізімінен сол арқылы байланыс жүргізілетін бір өрісті таңдаңыз және оны басқа кестенің байланысатын өрісіне апарыңыз. Байланысатын кестелердің арасында байланыс сызығы пайда болуы керек. Сызық соңындағы нүктелер өрістер арасындағы байланыс мәліметтер берілмеген схемасында екенін көрсетеді. Ары қарай алдыңғы бөлімнің 3,4 пункттерін орындаңыз.
Сыртқы байланысулар
- Внутреннее соединение по одному полюбөлімінің 1-3 пункттерін орындаңыз.
- Егер де МҚ схемасында байланыс көрсетілмсе онда кестелер арасында байланыс орнатыңыз. Бұл үшін байланыс жүргізілетін бірінші кестедегі өріске шертіңіз, сосын оны онымен байланысатын екінші кестенің өрісіне апарыңыз.
- Өрістер байланысы сызығына оны ерекшелеу үшін шертіңіз.Нәтижесінде сызықтың ортаңғы бөлігі қалыңырақ болады.
- Видменю командасынан Параметры объединенияопциясын таңдаңыз. Параметры объединения диалогты терезесі пайда болады(10-сурет ).
- Байланысу типін таңдаңыз, OKбатырмасын шертіңіз. Осы опрациядан кейін байланысу сызығында байланыс типін көрсететін бағыттаушы пайда болады.
- Сұранысты іске қосыңыз.

10-Сурет Параметры объединения диалогты терезесі
Қиылысатын сұраныстарды құру
- Конструкторкөмегімен жаңа сұраныс құрыңыз және оған қажетті кестелрді қосыңыз.
- Мәндері динамикалық кестенің жолдары мен бағаналарын құру үшін қолданылатын өрісті таңдаңыз жән оларды сұраныс бланкасына апарыңыз.
- Менюден Запрос Þ Перекрестныйкомандасын таңдаңыз. Конструктор тақырыбы Запрос 1: на выборку-дан Запрос 1: перекрестный запрос-қа ауысады. Сұраныс бланкасында Перекрестная таблицақатары пайда болады.
- Қиылысатын кесте қатары болып табылатын өрістер үшін ашылып жатқан Перекрестная таблица қатары тізімінен Заголовки строкопциясын таңдаңыз. Жол тақырыбы болып табылатын әр өріс Групповая операцияқатарында Группировкақондырмасына ие болуы керек.
- Сұранысқа тәуелді қиылысатын кестенің бағаналары болатын өрістер үшін келесі әрекеттер болуы мүмкін:
Перекрестная таблица тізімінен Заголовки строкопциясын таңдаңыз және Групповая операцияқатарында Группировкақондырмасын таңдаңыз немесе
Групповая операцияқатарынан Условиетаңдап, Условие отбора және ИЛИқатарына логикалық сөйлемдерді жазу керек.
- Қорытынды мән шығатын өрісті беру керек. Перекрестная таблица қатарынан Значениетаңдау қажет. Групповая операцияқатарынан қорытынды функцияны немесе Выражение таңдау қажет. Поле записать выражение.Соңғы жағдайда Полеұяшығына сөйлем жазу керек.
- Сұранысты іске қосыңыз.
Параметрлі сұраныс құру
Бірінші сұранысты қарапайым тәсілмен құрыңыз, оны тестілеу керек, сосын параметрлі сұранысты құруға көшіңіз. Бұл егер де сұраныста бірде бір параметр қолданылмаған болса онда Конструктор мен запуск запроса режимдерінің арасында тез ауысуға болатынын ескертеді. Параметрлі сұраныс сұраныс бланкасының қай қатарында параметр көрсетілуіне тәуелді бір-бірімен AND және OR логикалық операцияларымен байланысатын бірнеше параметрлерден тұрады. Келесі әрекеттерді орындаңыз:
- Конструктор запросов режимінде өзіңіз таңдау жасап сұраныс құрыңыз.
- Условие отбора қатарының бір ұяшығына мәнді емес параметрді енгізіңіз. Мысалы, егер өрісті таңдау фамилия бойынша жүргізілсе, онда параметрлі сұраныста таңдау жағдайында Фамилия өрісі бойынша квадратты жақшада [фамилияны енгізіңіз] мәтіні жазылуы мүмкін.
- Параметры запроса диалогты терезесінің сол жақ бағанасындағы квадрат жақшаға Конструктор запросов сұраныс бланкасының параметріне сәйкес келетін параметрді енгізіңіз (параметрді сұраныс бланкасынан көшіріп алуға болады). Оң жақ бағанада берілгендер типін көрсетіңіз: <F4> пернесін басыңыз, тізімнен берілгендр типін таңдаңыз.
- Сұранысты іске қосыңыз. Access сізге қажетті параметр мәнін енгізетін Введите значение параметра терезесін шығарады, сосын OK батырмасын шертіңіз.
Өзгертулер енгізілетін сұраныстарды құру
Запросы на изменение көмегімен кестені модификациялау бұрын әрқашанда кестенің көшірмесін сақтау керек, себебі бұл сұраныстар кестенің берілгендерін байқаусыз өзгертеді.
Запросы на изменениеарқылы кестеге енгізілетін қате өзгертулерді әдетте табу қиын болады.
Кесте құру сұраныстары
Байланысқан кестелердегі өрістерді таңдауға қолданылған сұраныс нәтижесінен кесте құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
- МҚ терезесінде сұраныстар тізімінен сұраныс атын белгілеп Конструктор батырмасын шертіп, Конструктор режимінде алдын ала құрылған сұранысты ашыңыз,
- Менюден Запрос Þ Создание таблицы командасын таңдаңыз. Создание таблицы диалогты терезесін ашыңыз. Жаңа кестенің атын енгізіңіз, ауыстырып қосқышты В текущей базе данных жағдайында қалдырыңыз.
- ОК батырмасын шертіңіз. Таңдау жүргізетін сұраныс кесте құру сұранысына түрленеді.
- Сұранысты жабыңыз. Оған МҚ терезесінде леп белгісі арқылы жүргізілетін белгі сәйкес келеді.
- МҚ терезесінде сұраныс атын екі рет шерту арқылы сұранысты іске қосыңыз. Сұраныстың орындалуының алдында жаңа кестеге өзертулер енгілетіні жөнінде ескертетін хабарлама шығады.
- Да батырмасын шертіңіз. Сұраныстың орындалу нәтижесінде жаңа кестеге енгізілетін өрістер саны туралы екінші хабарлама шығады.
- Да батырмасын шертіңіз.
- МҚ терезесіндегі Таблицы топтамасын ашыңыз; тізімде жаңа кесте пайда болуы тиіс.
- Құрал-саймандар тақтасының Схема данныхбатырмасын шертіңіз немесе менюден Сервис Þ Схема данных командасын таңдаңыз. Кестелер арасында байланыс орнататын Схема данных терезе пайда болады. Құрал-саймандар тақтасында Добавить таблицу батырмасын шертіңіз және жаңа кестенің атын оны Схемы данных терезесіне қосу үшін екі рет шертіңіз. Закрыть батырмасын шертіңіз.
- МҚ-на стандартты қатынас пен мәліметтердің бүтіндігін беретін жаңа кесте қосу процесін аяқтаңыз (2 лаб. жұмысты қараңыз.)
Жазбаларды жаңарту сұранысы
- Жаңа сұраныс құрыңыз және жазбалардың жаңартылуы жүргізілетін кестені қосыңыз.
- Менюден Запрос Þ Обновление командасын таңдаңыз. Сұраныс бланкасында Сортировка және Вывод на экранжолдары Обновлениежолына ауыстырылады.
- Обновление жолына ағымдағы өріс үшін жаңа мәнді беретін сөйлемді енгізіңіз.
- Егер де мәлімет кестенің барлық жазбаларында жаңартылмаса, тек оның бөлімдері ғана жаңартылса онда жазбаларды сұрыптау шартын енгізіңіз.
- Сұранысты орындаңыз.
Жазбаларды өшіру сұраныстары
Жойылатын жазбаларды көрсету үшін алдымен таңдау жүргізетін сұранысты іске қосыңыз, сосын оны жазбаларды жою сұранысына конверттеу керек, бұл проблема болдырмауға септігін тигізеді.
- Жаңа сұраныс құрыңыз және жазбалардың жойылуы жүргізілетін кестені қосыңыз.
- Өрістер тізімінен * (барлық өріс) жұлдызша белгісін сұраныс бланкасының бірінші бағанасының Поле қатарына апарыңыз.
- Сұраныс бланкасына мәндері бойынша алынатын өрістерді апарыңыз. Условия отбора жолына таңдау критерийін көрсетіңіз.
- Жойылатын жазбаларды көрсету үшін таңдау жүргізетін сұранысты іске қосыңыз.
- Мәліметтер қоры терезесін ашыңыз. Таблицы топтамасын таңдаңыз.
- Сіз жұмыс жасап отырған кестенің көшірмесін жасаңыз. Бұл үшін оның атына шертіңіз, кестені алмасу буферіне жазу үшін <Ctrl+C> пернелер комбинациясын басыңыз. Сосын <Ctrl+V> пернесін басыңыз. Вставка таблицы диалогты терезесі ашылады. Кестенің көшірмесінің атын жазып, <Enter> пернесін басыңыз.
- Құрылған сұранысты таңдауға активизациялаңыз сосын Конструктор запроса режиміне өтіңіз.
- Менюден Запрос Þ Удалениекомандасын таңдаңыз. Сұраныс бланкасында Сортировка және Вывод на экранжолдары Удалениежолына ауысады.
- Құрал-саймандар тақтасындағы Запуск батырмасына шертіңіз. Жазбаның жойылуын растайтын хабарлама терезесі шығады.
“Многие” кестесі үшін байланысқан өрістері бар, “один”кестесіндегі жазбаларды жою мәліметтердің бүтіндігі заңдылығын бұзады. Сондықтан да кестелер арасындағы байланыс үшін орнатылған мәліметтердің бүтіндігі опциясы жазбаларды жоюға кедергі келтіруі мүмкін. Каскадты жоюды қолданған жөн.
Жазбаларды қосу сұранысы
Жазбаларды қосу сұранысы көбінесе мәліметтерді бір кестеден басқа кестеге көшіру үшін қолданылады.
- МҚ терезесіндегі Запросы топтамасын ашыңыз, Создать батырмасын шертіңіз. Новый запрос диалогты терезесі ашылады. Конструкторопциясын таңдаңыз.
- Добавление таблицы терезесінен мәліметтер алынатын кестені таңдаңыз.
- Сұраныс бланкасының Поле қатарына мәндері басқа кестеге қосылатын өрістерді ауыстырыңыз.
Менюден Запрос/Добавление командасын таңдаңыз.. Мәліметтерді қосатын және қандай МҚ-на жататынын кестенің атын беретін Добавление терезесі пайда болады. Егер де МҚ ағымдық болмаса, ол басқа болса, онда МҚ-нан тұратын файлдың толық атын көрсету керек
11-Сурет . Жазбалар қосылатын кестелерді таңдау терезесі
Сұраныс бланкасында Сортировкақатарынан кейін мәліметтер қосылатын кестенің өрістерін көрсететін Добавлениеқатары қосылады. Егер де өріс аттары сәйкес келетін болса Aсcess автоматты түрде Добавление қатарына өріс аттарын қояды.
- Сұранысты іске қосыңыз. Жаңа қатарлар қосылған кестенің қалай өзгеогенін қараңыз.
Егер де сұраныста Добавление қатарында Счетчик өріс типі болса онда мұндай өрістермен жұмыс істеудің екі әдісі бар:
- қосылатын өрістерге Счетчик өріс типін қоспау керек; сонда мәліметтер қосылатын кестеде мәліметтердің кезекті нумерациясы жалғасады, 1 ден бастап 100-ге дейінгі номерден тұратын кестеге жаңа жазбалар қоссақ, олардың нумерациясы 101-ден басталады;
- егер де Счетчик өріс типін сұраныс тізіміне қосылатын жазба ретінде қоссақ, онда олардың бірінші кестедегі мәндері жазбалардың қосылатын өрісінде сақталады; егер де жазбалар қосылатын кестенің өрістерінде осындай мәндер кездессе онда бұл қате болып шығады. Қате туралы хабарлама экранда сұраныстың орындалуынан бұрын шығады. Қате болса Отменить батырмасын шертіп қатені түзеу қажет.
№5 Лабораториялық жұмыс (2сағат)
Есеп құру. Есеп құру жолданымен танысуMicrosoft Access-те макростармен жұмыс істеу
Жұмыстың мақсаты –әртүрлі типті есептерді құрудың практикалық әдістерін алу.
Теориялық мәлімдеме.
Есептер МҚ-нан қажетті мәліметтерді таңдауға және оны қарап шығуға және баспаға шығаруға болатын құжат ретінде рәсімдеуге мүмкіндік береді. Мәліметтер көзі ретінде кестелер және сұраныстар болып табылады.
Барлық есептер үш категорияға бөлінеді: кестелер және формалар режимінен МҚ-ның құрамын қарапайым түрде баспаға шығару; детальды есептер; почта жапсырмаларын және хат формаларын дайындауға мүмкіндік беретін арнайы есептер.
Access-те есептерді автоматты түрде есеп құру(«бағана бойынша», «лента бойынша» есеп типтері), Есеп щебері және Есеп конструкторы көмегімен құруға болады. Есеппен негізгі жұмыс Конструктор режимінде өтеді. Есеп конструкторы Форма конструкторы сияқты құрастыру құрылғыларын ұсынады: құрал-саймандар тақтасы, қасиеттер бланкасы, өрістер және элементтер панелі тізімі. Есеп және форма құрылымы бір-біріне ұқсас. Есептер ереже бойынша өзіне жазбаларды топтастыру және аралық нәтижені шығаруды қосады, сондықтан да оларда Заголовок группы және Примечание группы сияқты қосымша бөлімдері болады.
Access-те күрделі құрылымды есептерді құруға болады: бағыныңқы есептерден тұратын есептер, қиылысқан есептер базасында құрылған есептер, бірнеше бағана бойынша шығарылатын есептер.
Бағыныңқы есептер келесі жағдайларда қажетті немесе қолданған жөн:
бас есеп өзіне байланыспаған кестелерден бір немесе бірнеше бағыныңқы есептерді қосатын құрамнан тұрады; бұл жағдайда бас есеп кестемен немесе сұраныспен мүлде байланыспауы мүмкін және тек қана жазбалар және есептелінетін элементтерден тұруы мүмкін.
қорытынды мәліметтерді құжатта детальды мәліметтермен жеке кесте түрінде көрсету керек;
екі немесе бірнеше мәліметтер ішкі топтарынан тұратын топтарды құру керек;
екі деңгейлі құрамына енгізілетін есептерді құру керек және бас есепке бағыныңқы форманы қосу керек.
Тапсырма
- Автоматты түрде есеп құру құралы және Есеп шеберін өз бетіңізше зерттеңіз.
- Есеп бір кесте немесе сұраныс бойынша мәліметтерден тұруы қажет. Мәліметтерді топтастыру жағдайын және топ бойынша нәтижені көру жағдайын қарастырыңыз.
- Бағыныңқы есептен тұратын құрамдық есепті құрыңыз.
Тапсырманың орындалу реті
Конструктор режимінде қарапайым есеп құру
- МҚ-ы терезесінде Есептер топтамасын ашыңыз, Создать батырмасын шертіңіз, Есеп конструкторын таңдаңызжәне кестенің (сұраныстың) атын беріңіз.OKбатырмасын шертіңіз. Нәтижесінде үш бөлімнен тұратын есеп терезесі ашылады: жоғарғы колонтитул, төменгі колонтитул және берілгендер облысы.
- Есепке Есеп тақырыбы бөлімін қосыңыз (қажет болған жағдайда Ескертулер бөлімін қосыңыз): Вид/Заголовок/Примечание отчета командасын орындаңыз.
- Форма аналогиясы бойынша есеп тақырыбын жобалаңыз.
- Жоғарғы колонтитул бөлімінде есеп бағандарының тақырыбын орналастырыңыз: элементтер панелін ашыңыз, Надпись элементін таңдаңыз және оны бөлімге орналастырыңыз.
- Топ бойынша мәліметтерді шығару бөлімін рәсімдеңіз. Бұл үшін менюден Вид/Сортировка и группировкакомандасын таңдаңыз, бір атаулы терезе ашылады.
Поле/выражение бағанасына ашылып жатқан тізімнен мәліметтерді сорттау және топтастыру жүргізілетін өрісті енгізіңіз;
диалогты терезенің оң жақ бағанасында сорттау ретін көрсетіңіз;
в разделе Свойства группы строках Заголовок группы и Примечание группы, введите значение Да, Топтар қасиеті бөлімінде Топ тақырыбы және Топ ескертулері қатарына Ия мәнін енгізіңіз, ал Не разрывать қатарына – Нет мәнін енгізіңіз;
Топтастыру қатарына ашылып жатқан тізімнен таңдалынатын және өрістегі берілгендер типіне тәуелді мүмкін болатын мәндердің біреуін енгізіңіз;
Интервал қатарына берілгендер типімен және Топтастыру қатарындағы мәнмен анықталатын мәнді енгізіңіз;
топтастыру және сорттау терезесін жабыңыз.
топ тақырыбы облысының жоғарғы сол жақ бұрышына жазбаларды топтастыру жүргізілетін кестенің өрістеріне сәйкес басқару элементін орналастырыңыз.
- Өрістер тізімінен есеп үшін өрісті таңдаңыз, оларды Берілгендер облысына орналастырыңыз (егер өрістер тізімі жоқ болса Вид/Список полей меню командаларын пайдаланыңыз).
- Берілгендер облысының көлемін онда орналасқан өрістермен бірдей етіп кішірейтіңіз.
- Топ ескертулері облысында қорытынды мән есептелінетін өрісті орналастырыңыз; оны ерекшелеңіз; Өріс қасиеті терезесін ашыңыз; Данные топтамасына өтіңіз; қорытынды функцияны енгізіңіз.
- Есеп беттерін номерлеңіз. Вставка/Номера страницкомандасын орындаңыз. Пайда болған терезеде керекті параметрлерді орнатыңыз және ОКбатырмасын басыңыз.
- Предварительный просмотррежиміне өтіңіз,ол үшін Вид/Предварительный просмотркомандаларын орындаңыз. Егер есеп структурасы сізді қанағаттандырмаса Конструкторрежиміне барып өзгерістер енгізуіңізге болады.
- Есепті сақтаңыз.
Құрамды есепті құру
- Негізгі есеп үшін базалық болатын сұраныс құрыңыз. 6.1 суретінде мысал ретінде “Квартальные обороты” есебі үшін базалық сұраныс келтірілген, сұраныс бойынша көрсетілген жыл бойында тапсырыстары бар барлық клиенттер таңдалынады.

12- сурет. Негізгі есепке арналған базалық сұраныс
- 3. Қазір ғана құрылған сұраныс негізінде басты есепті құрыңыз. Есеп шеберін қолдануға болады. В данном примере для отчета можно выбрать поля Название, Город, Страна.Берілген мысалда есеп үшін Название, Город, Страна
- 4. Бағыныңқы есепті сұраныс базасында рәсімдеңіз (Қарастырылып жатқан мысал үшін “Борей” оқу базасында “Квартальные обороты по товарам” (сурет 6.2) қиылысқан сұранысы қолданылады, онда таңдау шарты және [Отчетный год:] параметрі берілген).

13- сурет. Бағынышты есепке арналған базалық сұраныс
- 4. Элементтер панелінен Подчиненная форма/отчет басқару элементін таңдаңыз және оны негізгі есептің Берілгендер облысы бөлімінде осы есеп өрісінің төменгі жағына орналастырыңыз (Шебер батырмасы басылуы керек).
- 5. Ары қарай Шебер ұсынатын барлық қадамдарды орындаңыз.
№6 Лабораториялық жұмыс (2сағат)
Сұраныс құру. Сұраныс құрудың әртүрлі әдістерін қарастыру
Жұмыстың мақсаты: Деректер қорынан қажетті деректерді (фильтрация) іріктеп алуды үйрену.
Теориялық мәлімет:
Сұрыптау, іздеу және фильтрлеу деректер қоры кестесінде қажетті ақпаратты табу үшін пайдаланылады.
Кесте режимінде ашылған кезде ол кілттік өріс мәні бойынша реттеледі. Егер кесте үшін кілттік өріс анықталмаған болса, жазбалар кестеге енгізілу реті бойынша шығады.
Сұрыптау ережелері:
- жазбаларды өсу реті бойынша сұрыптау кезінде бос өрістер тізімде бірінші болып көрсетіледі.
- Мәтіндік өрістердегі сандар символдар қатары болып сұрыпталады: егер оларды сандық рет бойынша сұрыптау керек болса, барлық мәтіндік қатарлардың символдар саны бірдей болуы керек; егер қатарда символ саны аз болса, онда қатар басына нөлдерді жазу керек.
- Сұрыптауды орындау үшін курсорды сұрыптау орындалатын өрістің кез-келген жазбасына орналастыру қажет және Жазбалар-Сұрыптау-Өсу реті бойынша сұрыптау (Кему реті бойынша сұрыптау) командаларын орындау керек немесе пиктограммаларды пайдалануға болады.
- Бірнеше өрістердің мәні бойынша сұрыптау үшін сұрыпталатын бағандарды бірінші болып шеткі сол жақтағы баған сұрыпталатынын ескере қатар орналастырып, сұрыпталатын бағандарды ерекшелеп Жазбалар-Сұрыптау-Өсу реті бойынша сұрыптау (Кему реті бойынша сұрыптау) командаларын орындау керек.
Кестені сақтаған кезде оны сұрыптау реті де сақталып қалады. Бастапқы кілттік өріс мәні бойынша сұрыптау ретіне келтіру үшін Жазбалар-Фильтрді алып тастау командасын орындау керек.
Access-тің деректерді іздеу және алмастыру мүмкіндіктері бар. Осы операцияларды орындау үшін курсорды іздеу қаажет деректер жазылған өріске қою керек. Іздеу кестенің белсенді жерінен басталады (белсенді жазба, белсенді өріс). Кестенің барлығын көру үшін бірінші жазбаға ауысып одан кейін іздеуді бастау керек. Іздеуді орындау үшін Түзету-Табу командасын орындау керек. Алмастыруды орындау үшін Түзету-Алмастыру командасын орындау керек. Өрісте іздеу (Өрісте алмастыру) сұхбаттық терезесінде Үлгі мәтіндік өрісіне ізделінді мәнді енгізіңіз. Іздеуде регистрді және өріс форматын ескермесе де болады. Үлгі мәтіндік өрісінді ізделіп жатқан мәнді бөлшектеп немесе толық алмастыратын шаблондарды пайдалануға болады. Егер іздеу өрісі индекстелген болса іздеу жылдам орындалады.
Жұмыстың орындалу реті:
Access-те фильтрдің 4 түрі бар: ерекшеленген фрагмент бойынша фильтр, қарапайым фильтр, фильтр өрісі, кеңейтілген фильтр. Фильтрді қолдану нәтижесінде кестеден берілген шартты қанағаттандыратын деректер ғана экранға шығады. Фильтрлеу процесі кезінде алынған жазбалар жиынтығы нәтижелік жиынтық деп аталады.
Ерекшеленген фрагмент бойынша фильтр:
- Кестені Кесте режимінде ашу.
- Кесте өрісінде нәтижелік жиынтық жазбасы бар мәнді табу керек.
- Осы мәнді ерекшелеп Аспаптар панелінде «Ерекшеленген фрагмент бойынша фильтр» батырмасын басыңыз немесе Жазбалар-Фильтр-Записи-Фильтр-Ерекшеленген фрагмент бойынша фильтр командасын орындаңыз.
Кесте бағанында іріктеу үлгісі жылдам табылмаса фильтр өрісі пайдаланылады:
- Кестені Кесте режимінде ашу.
- Фильтрленетін өрісте тышқанның оң батырмасын басу керек. Контексті-тәуелді мәзірдегі Фильтр үшін... өрісіне іріктеу шартын енгізу керек (өріске тек нақты мәндерді ғана енгізіп қоймай, есептеуді қажет ететін өрнектерді де енгізуге болады).
- Фильтрді қолдану үшін <Enter> пернесін басу керек.
Қарапайым фильтрді қолдану үшін:
- Кестені Кесте режимінде ашу.
- Фильтрді өзгерту батырмасын басу керек немесе Жазбалр-Фильтр-Фильтрді өзгерту командасын орындау керек. Фильтрді өзгерту терезесі пайда болады.
- Осы өрістің кез-келгеніне іріктеу шарты болып табылатын мәнді енгізуге немесе тізімнен таңдауға болады. Бірнеше өрістерге енгізілген шарттар «және» логикалық операторы көмегімен біріктіріледі. Шарттарды «немесе» операторымен біріктіру үшін форманың төменгі бөліміндегі «немесе» жарлығын шерту керек. Іріктеу шартын енгізу кезінде Access-те мүмкін болатын кез-келген өрнекті пайдалануға болады.
- Фильтрді қолдану (Применение фильтра) батырмасын басу керек немесе Фильтр-Фильтрді қолдану командасын орындау керек.
Кеңейтілген фильтрді қолдану келесі ретпен орындалады:
- Кестені Кесте режимінде ашу.
- Жазбалар-Фильтр-Кеңейтілген фильтр командасын орындау керек. Кестенің өрістер тізімі және төменгі жағында бірнеше қатарлы бос бланкісі бар кеңейтілген фильтр терезесі шығады.
- Фильтр бланкісінің өріс қатарына мәндері бойынша іріктеу жазбасы орындалатын өрісті жылжытып алып келіңіз.
- Нәтижелік жазбалар жиынтығында сұрыптау болмайды. Қажет болса фильтр бланкісінің Сұрыптау (Сортировка) қатарына баған мәндерін шығару тәсілін көрсетуге болады. Бірнеше өрістерде сұрыптау ретін көрсету кезінде шеткі сол жақтағы баған жазбалары содан кейін келесі солдан оңға қарай әр баған жазбалары сұрыпталады.
- Фильтр бланкісінде Іріктеу шарты (Условие отбора) қатарында және Немесе (Или, Or) қатарында кестеден таңдау шартын көрсету керек. Бір қатарда орналасқан іріктеу шарттарында And логикалық операциясы орындалады.
- Фильтрді қолдану батырмасын басу керек немесе Фильтр-Фильтрді қолдану командасын орындау керек. Кестеге қолданылған соңғы фильтр жүйеде сақьалып қалады. Кестені қайта ашу кезінде Аспаптар панеліндегі Фильтрді қолдану батырмасын басуға болады немесе сақталған фильтрді қолдануға арналған мәзір командаларын пайдалануға болады. Бір мезгілде бір кестемен фильтрдің тек бір түрі ғана байланысқан болуы мүмкін. Кез-келген фильтрді Жазбалар-Фильтрді алып тастау (Записи-Удалить фильтр) командасын орындап болдырмауға болады.
Тапсырмалар
№1 лабораториялық жұмыс тапсырмаларына әртүрлі фильтрді қолдану, деректерді сұрыптау.
Бақылау сұрақтары
- Фильтр не үшін керек?
- Фильтрдің неше түрі бар?
- Өрістегі жазбалар қандай ретпен сұрыпталады?
- Кеңейтілген фильтрді қалай қолдануға болады?
|