пәніне арналған электронды оқу құралы

 
  
 
 
 
 

 
 

Студенттердің өзіндік жұмысы

СӨЖ  №1

Тақырыбы:  Деректер қорын жоспарлау. Инфологиялық, даталогиялық және физикалық моделдер

Жұмыс мақсаты: Деректер қорын жоспарлап үйрену. Деректер қорына моделдер құрып үйрену. Access-ті жалпы кестені мастер және конструктор арқылы құру. Құрылған кестені мәліметтерге толтыру.
Жұмыс орындалу талаптары
Қосымшадан тізімдегі нөмер бойынша варианты таңдап деректер қорын алдымен жоспарлап , моделдерін құрып, соңынан бірінші кестені мастер арқылы, ал екінші мен үшінші кестелерді конструктор арқылы құрыңыздар. Соңынан кестелерге ақпарат толтырыңдар.
Есеп беру
Жұмысты қалай орындағаныңдарыңыз  туралы қысқаша ақпарат жазыңыздар. Айталық мастерді немесе конструкторды қолданғанда істелетін іс-әрекеттер туралы. Өрістер таңдаудағы және индекстерді енгізудегі -әрекеттер туралы.  Бақылау сұрақтарына жауап жазыңыздар.
Бақылау сұрақтары

    •  MS Access деген не?
    • MS Access қалай іске қосылады және одан шығу жолдары?
    • Кесте , өріс деген не?
    • Кілттік өріс деген не және ол не үшін қажет?
    • форма, сұраныс, есеп, макрос, модуль дегендер не?

     

    СӨЖ  №2

    Тақырыбы: ДҚ-нің кестелерін  нормалдау. Нормалды формалар және олардың қасиеттері.  Access БҚ  -ның кестелерінің  арасындағы байланысты анықтау

    Жұмыс мақсаты
    ДҚ кестелерін нормалды формаға келтіруді үйрену. Access БҚ -ның кестелер нормалдап  араларындағы байланысты орнату және өзгерту жаттығуларын істеу.
    Тапсырмалары
    Қосымшадағы вариант бойынша алынған тапсырмалардағы кестелер  арасында байланыс орнатыңыздар.
    Есеп беру
    Байланыс орнатудағы және байланыс кезінде болған қателерді жөндеу іс-әрекеттеріңізді толығырақ жазыңыздар. Бақылау сұрақтарына жауап жазыңыздар
    Бақылау сұрақтары

      • Кесте аралық байланыс деген не?
      • Кесте аралық қандай қатынастарды білесіздер? Олардың айырмашылығы?
      • Кестелер арасында байланысты қалай орнатуға болады?
      • Кестелер арасында  «М:М» қатынасын қалай ажыратуға болады?

       

      СӨЖ  №3

      Тақырыбы: Кестелермен амалдар. Кестені ашу, көру және индекстеу

      Жұмыс мақсаты: Microsoft Access  ортасында кестелермен амалдарды орындап үйрену және оларға формалар құру жұмыс тәжірибесін арттыру.
       Тапсырмалар:Варианттар бойынша қосымшадағы берілген тапсырмадағы бір кестеге  автоформа құру. Екінші кестеге мастер форма режимін қолдану Форма конструктор  режимінде берілгендер қорын құрып , оған ақпарат енгізу.
      Сол енгізілген кестелермен лекция айтылған әртүрлі амалдарды қарастыру
       Есеп беру
      Форма құру жолдарын және кестелермен орындалған амалдарды толығырақ сипаттау. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
      Бақылау сұрақтары

        • Форма деген не?
        • Форма құрудың қандай әдістерін білесің?
        • Бірнеше кестелерден тұратын берілгендер қорына форма қалай құрылады?

         

        СӨЖ  №4

        Тақырыбы: Сұраныс. Сұраныстар құру тәсілдері. Сұранысты іске қосу тәсілдері. Сұраныс түймесін құру

        Жұмыс мақсаты:  Microsoft Access –те сұраныстар құрып үйрену.
        Тапсырмалар: Өз берілгендер қорыңыздағы мәліметтерді көруге әртүрлі сұраныстар құрыңыздар.
        Есеп беру
        Сұраныстар құру жолдарын толығырақ сипаттап беріңіздер. Бақылау сұрақтарына жауап беру
        Бақылау сұрақтары

          • MS Access құрылатын қандай сұраныстарды білесіз?
          • Фильтрлер не үшін қолданылады?
          • Мастера арқылы сұраныс қалай құрылады?
          • Параметрлі сұраныс деген не?

           

          СӨЖ  №5

          Тақырыбы: Microsoft Access-те  макростармен жұмыс

           Жұмыс мақсаты: Microsoft Access ортасында  макростарды қолдану.
           Тапсырма: Өз берілгендер қорларыңызға басты түймелі форманы құрыңыздар
           Есеп беру

          1. Форма құру және макросты қолдану жолдарын толық сипаттау
          2. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

          Бақылау сұрақтары

            • Макрос деген не?
            • Макрос қалай құрылады?
            • Макросты іске қосу ?
            • Макрос іске қосу түймесін қалай құрады?
            • клавишаға макрокоманданы тағайындау?
            • Түймелі форма деген не ?

             

            Қосымша 1

             

 

 
Студенттер үшін