Web-дизайн термині - Web (Интернеттің WWW - World Wide Web қызметінің қысқартылған сөзі) және ағылшын тілінің дизайн (design – жобалау, құрастыру, құру) сөздерінің бірігуі арқылы туындап, «Web-құжатты көркем құрастыру» деген мағынаны білдіреді.

Дизайн сөзі күнделікті өмірде - объектті жобалау, яғни жаңа құрылғыны, құрал-саймандарды көркем құрастыру деген көп мағыналы термин ретінде қолданылады. Оның негізгі мақсаты – объектті қолдануына қарай көркемдеу, пішімдеу. Классикалық дизайн көркемөнерінен Web-дизайнның айырмашылығы, мұнда қалам, бояу, мольберт сияқты құрал-саймандардың орнына, компьютерлік құрал-саймандар - бағдарламалау жүйелері, Web-редакторлар, графикалық процессорлар, аниматорлар, цифрлік фотоаппараттар, сканерлер т.с.с. пайдаланылады.

Сонымен, Web-дизайн – IT-технологиялар (компьютер және жаңа ақпараттық технологиялар), арнайы бағдарламалау тілдері (HTML, JavaScript, PHP, Java, Perl, C++) және желілік технологиялар (CSS, CGI, SSI) негізінде құрылған көркемөнердің жаңа түрі болып есептеледі.