Web-құжаттың құрылымы мен сипаттауын бөлектеуді CSS (Cascade Style Sheets – каскадты стильдер кестесі) технологиясын қолдана отырып орындаймыз. CSS технологиясы Web-құжатты сипаттауда қосымша файлдардан, шаблондар мен стильдерден пайдалануға көмектеседі.
Стильді анықтау құжаттың түрін стиль қасиеттерін енгізу арқалы өзгертетеді. Стиль қасиеттерінің мәні ретінде кілттік сөздер алынады. Кілттік сөздер арасында кездесетін │ символы, қасиеттің осы немесе келесі мәнді қабылдайтынын білдіреді. Төменде осы технологияның негізгі қасиеттерін қарастырайық.
Font-family: [шрифттер тізімі] – Шрифттер немесе олардың типтері үтірмен бөлетеніп көрсетіледі. Браузер шрифттерді көрсетілген ретпен компьютерде кездескенше іздеп, табылған шрифтті пайдаланады. Қасиеттің шрифт типтері түрінде төмендегі мәндер алынуы мүмкін:
• serif – түртпесі бар шрифттер, мысалы: Times;
• sans-serif – түртпесі жоқ шрифттер, мысалы: Helvetica;
• cursive – курсивті шрифттер, мысалы: Zarf-Chencery;
• fantasy – декоратив шрифттер, мысалы: Western;
• monospace – моношрифттер, мысалы Courier.
Егер шрифт типі бірнеше сөзден тұрса, онда шрифт типін тырнақша ішінде жазу қажет, мысалы: “Times New Roman Cyr”.
Егер бірнеше шрифт │ белгісімен көрсетілсе, браузер олардың біреуін үндеместен алу принципі бойынша таңдайды.
Font-style: normal │italic│ oblique – шрифт стилдерін көрсетеді. Үндеместен normal алынады. Мұндағы:
• normal – қалыпты;
• italic – курсив;
• oblique – қиғаш.
Font-size: [абсолют]│[салыстырмалы]│[нақты]│[пайыз] – шрифт өлшемін анықтайды. Қасиеттің мәні ретінде абсолют, салыстырмалы, нақты өлшемдер немесе пайыз көрсетіледі. Үндеместен normal алынады.
Font-weight: normal│bold│bolder│lighter – шрифттің енін анықтайды. Үндеместен normal алынады. Мұндағы:
• normal – қалыпты;
• bold – жартылай жуан;
• bolder – жуан;
• lighter – жіңішке.
Font-variant: normal │small-caps – шрифттің бас қаріпінің өлшемін анықтайды. Үндеместен normal алынады. Мұндағы:
• normal – қалыпты;
• small-caps – кіші бас қаріп.
Font: [font-style]║[font-variant]║[font-weight]║[font-size]║[font-family] – жоғарыда сипатталған қасиеттердің жалпыламасы, яғни шрифт қасиеттерін стильдер кестесінің бір жерінде анықтау мүмкіндігін береді. Қасиеттердің қабылдайтын мәндері жоғарыдағыдай. Егер кейбір қасиеттер көрсетілмесе, онда олар үндеместен алу принципі бойынша таңдалады.
Мысалы:
h1 {
font-family: Arial;
font-size: 30 pt;
font-weight: bold;
font-style: italic
}
p {
font: bold italic large Times New Roman, serif
}
word-spacing: normal│[ұзындық] – сөздер арасындағы аралық беріледі. Үндеместен normal алынады.
Letter-spacing: normal│[длина] – қаріптер арасындағы аралық анықталады. Үндеместен normal алынады.
Text-decoration: underline │overline │line-through │blink │none – Қаріп гарнитурасы көрсетіледі. Мұндағы:
• underline – астын сызу;
• overline – төбесін сызу;
• line-through – үстін сызу;
• blink – жанып-өшу;
• none – алдынғы орнатылған мәндерді жою.
Text-transform: capitalize│uppercase│lowercase│none – мәтінді бейнелеуде регистрді түрлендіруді анықтайды. Үндеместен none алынады. Мұндағы:
• capitalize – әрбір сөздің бірінші қаріпі бас қаріпке түрленеді;
• uppercase – барлық әріптер бас қаріпке түрленеді;
• lowercase – барлық әріптер кіші қаріпке түрленеді;
• none – алдынғы орнатылған мәндерді жояды.
Text-align: left│right│center│justify – мәтінді терезе шеттеріне теңестіреді. Мұндағы:
• left – солға;
• right – оңға;
• center – ортаға;
• justify – екі шеттен.
Тext-indent: [абсолют бірліктер]│[пайыз] – мәтіннің шегінуін көрсетеді. Әдетте шегіну абзацтың бірінші қатарының сол жағына ғана тиісті. Егер бірлік мәні сол таңбалы болса, онда салыстырмалы түрде солға қарай жылжыйды. Абсолют бірліктер төмендегідей анықталады:
• px – логикалық пиксельдер;
• pt – логикалық пункттер;
• em – шрифт өлшемінің бірліктері;
• cm – сантиметрлер;
• mm – миллиметрлер.
Vertical-align: baseline │sub │super │top │text-top │middle │bottom │text-botton │[пайыз] – элементтің тік орналысуын анықтайды. Үндеместен baseline алынады. Мұндағы:
• baseline – элементті негізгі элементтен төменге орналастырады;
• middle – элементтің орта сызығын «негізгі + жартылай биіктікке» теңестіреді;
• sub – элементті қатар астына теңестіреді (әдетте font-size: smaller қасиетімен бірге беріледі);
• super – элементті қатар төбесіне теңестіреді (әдетте font-size: smaller қасиетімен бірге беріледі);
• text-top – элементің жоғарғы шетін негізгі элементтің төбесімен теңестіреді;
• text-bottom – элементтің төменгі шетін негізгі элементтің астымен теңестіреді;
• top – элементтің төбесін негізгі элементтің ең жоғарғы шетімен теңестіреді;
• bottom – элементтің астын негізгі элементтің ең төменгі шетімен теңестіреді.
line-height: normal│[сан]│[ұзындық]│[пайыз] – қатар биіктігін көрсетеді. Үндеместен normal алынады.
color:[түс] – құжат мәтінінің түсін көрсетеді. Үндеместен құжатта анықталған түсті алады. Түстің мәні бірнеше тәсілмен анықталады:
• түс аттары бойынша, мысалы: red (қызыл), blue (жасыл);
• он алтылық сан түрінде, мысалы: #000000 (қара);
• нөлдері алып тасталған он алтылық сан түрінде, мысалы: #fff (ақ);
• RGB моделі бойынша, мәндері 0-ден 255-дейін, мысалы: rgb(255,255,255) (ақ);
• RGB моделі бойынша пайызбен берілген, мысалы: rgb(100%, 0%, 0%) (қызыл).
Егер түс атымен берілсе, онда бразерлерде әр түрлі бейнеленуі мүмкін.
background-color: [түс]│transparent – құжаттың фон түсін анықтайды. Фонның түсін анықтаумен қатар, transparent арқалы фон асты түсін де көрсетуге болады. Үндеместен transparent алынады.
background-image: url ([url])│none – фон ретінде суретті файлдан алады. Мысалы: background-image: url (“foto.jpg”). none – фондық сурет берілмейді.
background-repeat: repeat│repeat-x│repeat-y│no-repeat – фондық суретті қайталайды. Үндеместен repeat алынады. Мұндағы:
• repeat-x – фондық сурет көлделеңінен қайталанады;
• repeat-y – фондық сурет тігінен қайталанады;
• no-repeat-y – фондық сурет бір-ақ рет көрсетіледі, қайталанбайды;
• гepeat – фондық сурет көнделеңінен де, тігінен де қайталанады.
background-attachment: scroll│fixed – фонды мәтінге байланыстырады. Үндеместен scroll алынады. Мұндағы:
• scroll – егер мәтін терезеге симаса, онда фон мәтінмен қоса жүреді;
• fixed – фон орнында тұрады, ал мәтін оның үстінде қозғалады.
background-position: top│center│bottom│left│center│right│[пайыз] [ұзындық] – фондық суреттің басталу координаталарын анықтайды. Фондық сурет координаталары кілттік сөздермен тігінен және көлденеңінен беріледі.
Фондық суреттің тігінен басталу координаталары төмендегіше беріледі:
• top – жоғарыдан;
• center – ортадан;
• bottom – төменнен.
Фондық суреттің көлденеңінен басталуы төмендегіше беріледі:
• left – солдан;
• center – ортадан;
• right – оңнан.
Координаталар тігінен бастап, сонан соң көлденеңінен көрсетіледі.
Мысалы: Суретті жоғарғы оң жақтағы бұрышқа орналастырайық, онда background-position: top right.
Координаталар пиксельде – (px), сантиметрде – (cm) немесе пайызда – (%) берілуі де мүмкін. Мысалы: background-position:50px 50px немесе background-position: 50%50%.
background: [background-color]║[background-image]║[background-repeat]║[background-attachment]║[background-position] – жоғарыда сипатталған қасиеттердің жалпыламасы, яғни фондық сурет қасиеттерін стильдер кестесінің бір жерінде анықтау мүмкіндігін береді. Қасиеттердің қабылдайтын мәндері жоғарыдағыдай. Егер кейбір қасиеттер көрсетілмесе, онда олар үндеместен алу принципі бойынша таңдалады.
Мысалы:
body (background-image:ur1(“suret.jpg”);
background-repeat: repeat-y; background-attachment: fixes;
background-position: 1004 1004 )
p (background: ur1(suret.gif) red 50% repeat fixed).