JavaScript тілі – динамикалық Web-құжаттарды дайындауға арналған объектті-оқиғалы тіл.
Алфавит. JavaScript тілінің алфавиті төмендегі белгілерден тұрады:
• 26 латын алфавиті әріптері: A, B, C, D, E, F, G, H, I, J, K, L, M, N, O, P, Q, R, S, T, U, V, W, X, Y, Z.
• 10 араб цифрлары: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
• арнайы белгілер:
JavaScript интерпретаторы регистрды есепке алады, яғни бас және кіші әріптерді бөлек деп қабылдайды. Сонымен қатар орыс немесе қазақ алфавиті әріптерін тек қана мәтін қатарында қолдануға болады.
Алфавит белгілерінен қызметші сөз, идентификатор, литерал, оператор т.с.с. тіл элементтері құрылады.
Қызметші сөздер деп JavaScript тілінің жұмысына қажетті нұсқауларды айтады. Әрбір сөздің өз мағынасы, атқаратын қызметі бар. Қызметші сөздерді жұмыс барысында біртіндеп мағынасы қарай түсіндіріп отырамыз.
Идентификатор деп цифр немесе _(сызықша) белгісінен басталатын әріп, цифр және _ белгілерінің тізбегін айтады. Идентификатор - литерал, оператор, функция сияқты қарапайым элементтерді атауға қажет. Идентификаторды жазуда бас және кіші әріптер әртүрлі деп есептеледі. Сонымен қатар идентификатор ретінде қызметші сөздерді қолдануға болмайды.
Мысалы:
Дұрыс жазылған идентификаторлар:
• Java_Script – сызықша орынды қолданылған;
• _a1 – сызықшадан басталады;
• X – латын әрібі қолданылған.
Қате жазылған идентификаторлар:
• Java-Script –басқа белгі қолданылған;
• For – қызметші сөз;
• 1a – цифрден басталған;
• Скрипт –орыс әріптері қолданылған.
Литерал деп әдетте JavaScript тілінде қолданылатын деректерді айтады. Литерал тұрақты және айнымалы деп екіге бөлінеді. Тұрақты литерал деп скриптте мәні өзгермейтін деректі айтамыз. Ал мәні өзгеретін деректі айнымалы литерал дейміз. Литералдың атауы идентификатормен беріледі.
Деректердің типтері. JavaScript тілінде қолданылатын деректер типтерін қарастырайық:
• бүтін;
• нақты;
• логикалық;
• қатарлық;
• null.
Бүтін типті деректерге бүтін сандар жатады. Сандар ондық, сегіздік және он алтылық санақ жүйесінде берілуі мүмкін. Сегіздік санақ жүйесіндегі сандардың алдына 0 (нөл) таңбасы, ал он алтылық сандардың алдына 0x таңбасы жазылады. Мысалы: -100, 0175, 0хА1.
Нақты типті сандар екі түрде жазылады:
• тұрақты нүктелі;
• жылжымалы нүктелі.
Тұрақты нүктелі сандар, нүктемен бөлектенген бүтін және бөлшек түрінде жазылады. Санда бөлшек бөлім болмаса да, нүкте қойылады. Мысалы: 3.1415, -100.
Жылжымалы нүктелі сандар, Е (үлкен әріп) символымен бөлектенген мантисса және дәреже түрінде жазылады. Мысалы: 1Е-5, 3.14Е3.
Логикалық типті деректер тек қана true (ақиқат, 1) false (жалған, 0) мәндерін ғана қабылдайды.
Қатарлық типке мәтін жатады. Мәтін апостроф (‘) немесе қос тырнақша (“) ішіне жазылады. Мысалы: “TurboPascal тіліне ұқсас”.
JavaScript тілінде қатарлық типке арнайы қызметші және баспаға шықпайтын символдарды енгізуге болады.
Мысалы:
my_file -идентификатор;
12345 -бүтін сан;
012345 -сегіздік бүтін сан;
0х12345 -он алтылық бүтін сан;
2.71828 -тұрақты нүктелі нақты сан;
21. -тұрақты нүктелі нақты сан (бөлшек бөлігі жоқ);
3.14Е5 -жылжымалы нүктелі нақты сан (3,14*105 );
1.2Е-4 -жылжымалы нүктелі нақты сан (1,2*10-4 );
“Web-дизайн” -қатар.
JavaScript тілінде амалдар (операторлар) төмендегі түрлерге бөлінеді:
• арифметикалық;
• логикалық;
• салыстыру;
• биттік (екілік);
• меншіктеу;
• қатарлық;
Арифметикалық амалдар. Бүтін және нақты типті деректер үстінде төмендегі арифметикалық амалдар орындалады:
Мысалы:
c = 2 * a + b; - бірнеше арифметикалық амал қолданылған;
c = c++; - инкремент амалы операндтан кейін жазылған;
с = ++с, - инкремент амалы операндтан алдын жазылған;
x = -a; - инверсия амалы;
Арифметикалық амалдағы нәтиженің типі, амалда қатысатын деректердің типімен анықталады.
Логикалық амалдар. Логикалық амалдар тек қана логикалық true және false мәндері үстінде орындалады. Логикалық теріске шығару амалы бір аргументті, ал қалған амалдар екі аргументті.
Мысалы: ( х <= 1 ) && ( x >= 7 ) амалдарын нәтижесін табайық.
х = 0 болса, нәтиже false;
х = 5 болса, нәтиже true;
х = 9 болса, нәтиже false;
Салыстыру амалдары. Деректер үстінде төмендегі салыстыру амалдары орындалады:
Салыстыру амалының нәтижесі true немесе false мәндеріне ие. Бұл амалдарда деректер кез келген типке, ал нәтиже тек қана логикалық типке тиісті.
Мысалы: a = 5; b = 3; болсын, онда
a >= b - true;
a = b - false болады.
Егер салыстырылатын деректер әр түрлі типке ие болса, онда қатаң түрде тең (тең емес) амалдарын қолданған жөн.
Биттік амалдар. JavaScript тілінде биттік амалдар төменгі деңгейлі программалауда қолданылады.
Мысалы:
c = ˜a; - инверсия амалы;
c = a & b; - конъюнкция амалы;
c = a << b; - а-ны солға b-разрядқа жылжыту;
c = a >> b; - а-ны оңға b-разрядқа жылжыту;
c = a >>> b; - а-ны оңға b-разрядқа жылжыту (үлкен разрядқа нөлдер жазылады).
Биттік амалдардың мәндері:
Меншіктеу амалы (=) литералға мән беруде қолданылады. Мән ретінде тұрақты немесе өрнек жазылады. Мысалы: a = 1; a = a++;
JavaScript тілінде меншіктеу амалының қысқартылған түрлері кездеседі. Мысалы: a = a +10; және a += 10; өрнектерінің мәні бірдей.
Қатарлық амалдар. Қатарлық амалға конкатенация (+) амалы жатады. Бұл амал қатарларды қосуда қолданылады.
Мысалы: a = ”Javа”; b = ”Script”; c = a + b;
Өрнектер - деректер үстінде амалдарды және олардың орындалу тәртібін анықтайды. JavaScript тілінде өрнек литералдар және амалдар тізбегінен тұрады. Өрнектер арифметикалық және логикалық болып екіге бөлінеді.
Арифметикалық өрнектер - арифметикалық амалдармен бөлектелген тұрақтылар, айнымалылар және стандарт функциялар тізбегінен тұрады. Өрнектің нәтижесінің типі деректердің типімен анықталады.
Мысалы: 2*а + b*x + c
Логикалық өрнектер – логикалық деректер, логикалық және салыстыру амалдары тізбегінен тұрады. Салыстыру амалдарында арифметикалық, логикалық және символдық типті деректер кездеседі. Логикалық амалдардың нәтижесі true және false мәндеріне ие.
Мысалы: ( x > 0 ) && ( x < 13 )
Typeof амалы өрнектің типін анықтауда қолданылады. Егер тип бүтін немесе нақты болса «number», қатарлық болса «string» және логикалық болса «boolean» мәндерін қабылдайды. Егер өрнектің типі анықталмаған болса «undefined» мәні шығады.
Мысалы: t = typeof (b);
Өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібі амалдар приоритетімен анықталады. Амалдар приоритетін жақшалармен өзгертуге болады. Өйткені жақша ішіндегі амалдар бірінші орындалады. Өрнектегі приоритеті бірдей амалдар солдан оңға қарай орындалады.
Өрнектерді құруда төмендегі ережелерді орындау керек:
• өрнекті бір қатарға жазу;
• тек қана қарапайым жақшалардан пайдалану;
• қатарынан екі амалды жазбау.
JavaScript тілінде бірнеше өрнекті жинақтап жазуға болады. Жинақталған өрнектер фигуралық жақшалар {} ішіне жазылады. Мысалы:
{
i = i++;
a += i;
}
JavaScript тіліндегі бағдарлама кодына түсініктеме төмендегідей жазылады:
// түсініктеме
/* түсініктеме */